Алматы қаласының Есентай өзені суының химиялық құрамын анықтау



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
І. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1.Су қоймаларындағы судың санитарлық . гигиеналық сапасы ... ... ...
1.2 Қазақстанның су ресурстарын рационалды қолдану ... ... ... ... ... ... ..
Су тазалау құрылғыларындағы эксплуатация немесе конструкция ... .
2. ЗЕРТТЕЛЕТІН АУДАННЫҢ ТАБИҒИ.КЛИМАТТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
2. 1 Алматы қаласының физикалық.географиялық сипаты ... ... ... ... ... ...
Алматы қаласының табиғи.климаттық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.3 Алматы қаласының гидрографиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.4 Алматы қаласының жер бедері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.5 Қала мен оның төңірегінің өсімідік жамылғысы ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.6. Алматы қаласының топырақтарының таралуы және оның сипаты ...
3. МАТЕРИАЛДАР ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕМЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ...
4. ЗЕРТТЕУДІҢ НӘТИЖЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Агрономия, агрохимия және өсімдік қорғау факультеті

ЭКОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ЕСЕНТАЙ ӨЗЕНІ СУЫНЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫН АНЫҚТАУ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Мамандығы 050608 - экология
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Агрономия, агрохимия және өсімдік қорғау факультеті
ЭКОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ЕСЕНТАЙ ӨЗЕНІ СУЫНЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫН АНЫҚТАУ

Беттер саны- _______________
Сызбалар мен көрнекі
материалдар саны - ______________

Қосымшалар - ______________

2010 жылы __________________ қорғауға жіберілді

Экология кафедрасының меңгерушісі
А.ш.ғ.д., профессор _______________
Н.Ш.Сүлейменова

Ғылыми жетекшісі п.ғ.к., доцент ______________ Б.Я.Махамедова

Арнайы тараулар кеңесшілері:
_______________________ ______________ _____________________
(тарау) (қолы)
(аты-жөні)
_______________________ ______________ _____________________
(тарау) (қолы)
(аты-жөні)
Норма бақылау ______________ _____________________
(қолы)
(аты-жөні)
Сарапшы ______________ _____________________
(қолы)
(аты-жөні)

Алматы, 2010ж.
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
АГРОНОМИЯ, АГРОХИМИЯ ЖӘНЕ ӨСІМДІК ҚОРҒАУ ФАКУЛЬТЕТІ
МАМАНДЫҒЫ 050608 - ЭКОЛОГИЯ
ЭКОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ
Т А П С Ы Р М А С Ы

Жұмыстың тақырыбы: АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ЕСЕНТАЙ ӨЗЕНІ СУЫНЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫН
АНЫҚТАУ

Университет бойынша 2010 ж. ____ ______________№ ____ бұйрығымен
бекітілген.

Дайын жұмысты тапсыру мерзімі 2010 ж. ____ ______________

Жұмыстың бастапқы деректері
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ _____________________________

Дипломдық жұмыста қарастырылатын сұрақтардың тізімі
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ________________________________________

Графикалық материалдар тізімі (қажетті жағдайда)
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ _____________________________

Ұсынылатын негізгі әдебиеттер тізімі
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ________________________________________

Жұмыстың арнайы тараулары бойынша кеңесшілері

Тарау Кеңесші Мерзімі Қолы




Кафедра меңгерушісі а.ш.ғ.д., профессор ___________ Н.Ш.Сүлейменова
Ғылыми жетекшісі п.ғ.к., доцент ______________ Б.Я.Махамедова

Тапсырманы орындауға қабылдадым, студент _______ А.Саматова
___ ______2010 ж.

Дипломдық жұмысты орындау графигі

№ Тараулар мен қарастырылатын сұрақтар Жетекшіге Ескертулер
рс тізімі ұсыну мерзімі


















Кафедра меңгерушісі а.ш.ғ.д., профессор ___________ Н.Ш.Сүлейменова
Ғылыми жетекшісі п.ғ.к., доцент ______________ Б.Я.Махамедова

Тапсырманы орындауға қабылдадым, студент _______ А.Саматова

___ ______2010 ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

І. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ
ШОЛУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
...
1.1.Су қоймаларындағы судың санитарлық – гигиеналық сапасы ... ... ...
1.2 Қазақстанның су ресурстарын рационалды
қолдану ... ... ... ... ... ... ..
Су тазалау құрылғыларындағы эксплуатация немесе конструкция ... .
2. ЗЕРТТЕЛЕТІН АУДАННЫҢ ТАБИҒИ-КЛИМАТТЫҚ ЖАҒДАЙЫ

2. 1 Алматы қаласының физикалық-географиялық сипаты ... ... ... ... ... ...
Алматы қаласының табиғи-климаттық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.3 Алматы қаласының
гидрографиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

2.4 Алматы қаласының жер
бедері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2.5 Қала мен оның төңірегінің өсімідік
жамылғысы ... ... ... ... ... ... .. ... ...

2.6. Алматы қаласының топырақтарының таралуы және оның сипаты ...

3. МАТЕРИАЛДАР ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕМЕСІ ... ... ... ... ... ... . ... ...

4. ЗЕРТТЕУДІҢ
НӘТИЖЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ...

ЕҢБЕКТІ
ҚОРҒАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ...

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ

Есентай – Весновка – Алматы қаласы арқылы ағып өтетін өзен. Кіші
Алматы өзенінің сол тармағы. Ұзындығы 43 км. Қала ішінде өзен арнасы
бетондалған. Орташа су шығыны 0,06 м3с. Әрқайсысының ұзындығы 10 км-дей
8 саласы бар. Бойында 7 бөген салынған. Суы мауысымның бас кезінде
тасиды. Жауын-шашын суымен қоректенеді. Суымен негізінен Алматы қаласындағы
және онымен іргелес бау-бақша суарылады.
Есентай (Весновка) каналдар жүйесі, жер суарылады. Негізінен Горный
Гигант созындысының иелігінде. Жалпы ұзындығы – 80,6 км, оның ішінде
бірнеше шаруашылықтарға ортақ каналдар – 13,7 км. Бойында ондаған су
бөлгіш қондырғылар тұрғызылған, арнасының кей жерлері бетондалған. Жүйе
суымен Горый Гигант созындысының 373 га жері (жеміс бағы), Алматы қаласы
ішіндегі 3096 га жер суарылады. Жоғарғы бөлігі бойында Түркісіб
санаторийі, пионер лагерлері орналасқан, төменгі жағы қала ішінен өтеді.
Канал суымен гүлзарлар мен бульварлар, жеміс бақтары т.б. суарылады [1].
Жұмысымыздың мақсаты: Алматы қаласының Есентай өзені суының химиялық
құрамын анықтау. Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді белгіледік:
- Судың құрамын анықтап, оның санитарлық-гигиеналық ШМК сақтау
мақсатында суды тазартудың ғылыми-теориялық мазмұныныа шолу жасау,
яғни суды әртүрлі химиялық қоспалардан тазартудың яғни, су тазалау
құрылғыларындағы эксплуатация немесе конструкция әдістеріне
сипаттама беру
- Зерттелетін ауданның табиғи климаттық жағдайына (географиясына,
климаттық жағдайына, жер бедеріне, өсімдік жамылғысына т.б.)
сипаттама беру;
- Судың химиялық құрамын анықтау әдістерін іріктеп алып, эксперимент
жасау;
- Зерттеудің нәтижесін шығару үшін зерттеу нысаны Алматы қаласындағы
Есентай өзенінің үш нүктесінен үлгі алып химиялық талдау жасалады
және қорытындысы жасалып, ұсыныстар беру.
Зерттеу нысаны:
Аль-Фараби –Есентай өзенінен зерттеуге алынған су үлгісі, Рысқұлов
–Есентай өзеніне қарағанда әлдеқайда таза.
1.ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
1.1 Су қоймаларындағы судың санитарлық – гигиеналық сапасы

Су экожүйелеріне ластаушы заттардың әсері әр түрлі болады, сондықтан
санитарлы-гигиеналық ШМК су қоймаларындағы суларға ұйымдастырылған принципі
әртүрлі:
- біріншіден, көптеген химиялық заттар тазарту кезінде тежелеуі
мүмкін. Органикалық заттардың биохимиялық ыдырауында су қоймаларының
нашарлауына алып келеді (шіріуіне, ауаның жетіспеушілігі, метанның пайда
болуы және тағы басқа). Бұл кезде қойылған ШМК ортақ санитарлық-гигиеналық
түрі пайдаланылады;
- екіншіден, өндірістік және оның құрамындағы заттар органолептикалық
құрамын өзгертуі мүмкін (лайлануы, иісі, дәмі температурасы) – мұндай су
қолдануға жарамсыз. Мұндай жағдайда шекті концентрация, адам сезім мүшесі
қабылдамайтын – ШМК, органолептикалық зиянды түрі қолданылады.
- үшіншіден, зиянды заттар әсер етеді. Зиянды заттарға ШМК
қолданылады. Санитарлық – гигиеналық ШМК әр түрлі ластануына байланысты
ұйымдастырылған:
- ортақ санитарлық
- органептикалық
- токсикологиялық [2].
Мысалы: концентрациясы 5 мгл болса, онда су қоймасындағы өзін-өзі
тазалау процесі бұзылады, концентрациясы 1,0 мгл онда суға дәмі беріледі.
Су қоймаларындағы судың нормалау сапасын ШМК байланысты
Су – ол ресурс қана емес, адам қолдануына, сондай-ақ ол
планетамыздағы тіршілікті сақтап тұрған – тіршілік көзі. Су сапасы адам
қажеттілігі үшін қолдануына байланысты төмендегідей түрлерге бөлінеді:
• Өндірістік;
• Тұрмыстық;
• Ауылшаруашылық;
• Мәдени-тұрмыстық.
Мәдени-тұрмыстық су объектілеріне - шомылу үшін (монша, сауна),
демалыс (аквопарк) және спортпен (бассейин) шұғылдану жатады.
Суға талап сапасы қолдануға байланысты, ең бірінші объектілері немесе
олардың учаскелерін анықтап алу керек.

1.2 Қазақстанның су ресурстарын рационалды қолдану
Сумен аз қамтамасыз етілген аудандарға ҚР-да кіреді. Су қоры: өзен,
көл, су қоймалары, мұздықтар, ішкі теңіздер мен каналдар және территория-
лық сулардан құралған.
Қазақстанда 11 мыңдай өзендер құралған. Жалпы ұзындығы 200 мың км, 48
мың көл (Каспий, Арал, Балхаш, Алакөл - өткен дәуірдің ұсақталған
теңіздері; Зайсан көлі–көп өзендер оған құйылып, бір ғана Ертіс өзені
ағады; Орталық Қазақстанда – Теңіз және Қорғалжын көлдер). Көптеген су
қоймалар, жер асты суларының ареалы, 2724 мұздықтар жалпы алаңы 2033 км2.
Қазақстанда 7 су қоймалары бар. Ең үлкені Шығыс Қазақстан облысындағы
Ертістегі Бұқтырма: тереңдігі 11 м, ені 35 км, ұзындығы 600 км. Қапшағай су
қоймасы (тереңдігі 15-45 м, ені 22 км, ұзындығы 180 км) Балқаштың суының
деңгейін төмендетті, Шардара, Тобылдағы Қаратомар; Нұра өзеніндегі
Теміртау; Есіл өзеніндегі Сергеевка; Бөген өзеніндегі Бөген су қоймалары
бар.
Каспий теңізі – Қазақстан Республикасындағы және бүкіл әлемдегі ең
үлкен тұзды көл. Жалпы көлемі 400 мың км2 құрайды. Теңіздің аты осы
жерлерде мекендеген тайпа каспий атауынан шыққан.
Теңіз суының деңгейі дүниежүзілік мұхиттан 28 м төмен. Қазіргі кезде
оның оның деңгейі 1 м көтеріліп, су тасқынына алып келді. Ең терең бөлігі –
оңтүстік бөлігі 1025м, Қазақстанға қарасты бөлігі 200-300 м.
Арал теңізі – қазіргі алып жатқан көлемі 44,5 мың км2, ал 1950 жылы –
64,5 мың км2 болған. Осылайша 26 мың км2 теңіз бөлігі құрғап қалды. Соңғы
30 жыл ішінде Аралдың деңгейі 14,7 м жағалаудан 100-120 км төмендеп кетті.
Балқаш көлі – көлемі 18,2 мың км2, тереңдігі 27 м. Балқаш көліне:
Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аякөз, Тоқырауын, Мойынты өзендері келіп құяды.
Балқаш ағысы – Алакөль, Қарақамыс, Кентүбек. Балқаш аралдары –
Басарал, Тасарал.
Қазір Балқаш тау-металлургия комбинаты 59 млн м3, Балқаштың суын
қолданып, көлдің негізгі ластағыштарының бірі болып табылады. Басқа елдер
территориясынан өтетін өзендерге айтарлықтай зиянды ластаушы заттарды
тасымалдайды[3].
Су ресурстарының ластануы мен шайылу көздері
Қазіргі заманның негізгі мәселелерінің біріне су ресурстарының
ластануы мен шайылуы жатады. Қазіргі уақытта әлемді таза су жетіспеуі қатты
сезілуде. Негізгі суды қолданатындар - өндірістер мен ауыл шаруашылығы.
Өндірісте қолданыстан шыққан суларды төгу де негізгі проблема болып
отыр. Белгілі, қаншама жақсы тазаланған су құрамында кемінде 10-20%
неғұрлым шыдамды ластағыш-заттар табылады, соғұрлым жылумен ластанған
суларда зиянды. Сонымен қатар өзен – көлдер көбінесе (негізінен кішірек
және су алмасуы өте әлсіздер), оларда удың әсерінен өлмейді, ал химиялық
заттардың көп түсуінен, дәлірек айтсақ тыңайтқыштардан, алқап
шайындыларынан, өндірістің органикалық қалдықтары немесе қала
канализацияларынан ластанады.
Өндіріс, ауыл шаруашылықтың және басқа да кәсіп орындарының табиғи су
орындары мен өзендерге кері әсер соңғы 10 жылдықта бір мезетте көтеріліп,
содан олар катастрофалық жағдайда тұр. Олардың экожүйелері өте үлкен әсер,
яғни қайта қалпына келмейтін өзгерістерді өткізуде. Оған өкінішті дәлел
болып, Арал теңізі болып табылады.
Бірінші деңгейлі мағына су ресурстарының экономдық және рационалдық
мәселесі алады. Көптеген сулар эффектісіз алқаптардың суғарылуына
шығындалуда.
Инженерлік білімсіздікпен құралдардың, объектілердің тазалануы
жеткіліксіз болса, алқаптардағы фильтрация барлық тірі организмдер үшін
зиянды.
Экологиялық жағдайға байланысты салынбаған су қоймалары, платиналар
экожүйенің нашар бағытта өзгеруіне алып келеді. ҚР өзендерінің сапалық
жағдайы кестеде көрсетілген (1-кесте).
Кесте-1 ҚР өзендерінің сапалық жағдайы.
Су объектілері Негізгі ластаушы заттар СЛИ
2005 2007 2009
1 2 3 4 5
Орал Фенол, мұнай өнімдері, ауыр2,6 7,2 11,5
металдар
Ертіс Ауыр металдар, мұнай 8,1 6,6 6,0
өнімдері,
Сарысу Мұнай өнімдері, фенолдар 3,8 3,6 5,4
Нұра Мұнай өнімдері, азот 2,9 2,1 2,8
нитриті, азот амонийі
Іле БПК5 азот нитриті, азот 1,7 1,3 1,4
амонийі
Сырдария БПК5 азот нитриті, мыс, 0,8 1,6 1,7
сульфаттар, мұнай өнімдері
Есіл БПК5, сульфаттар, СПАВ, 1,6 1,2 0,8
азот нитриті

Қазақстанда жер асты суларын ластаушы орындардың сипаттамасы 2-кестеде
көрсетілген.
Кесте-2 Қазақстанда жер асты суларын ластаушы орындардың сипаттамасы
Администрациялық Ластану көзі - Ластаушы Судың
орталықтар кәсіпорынның атауы заттар құрамындағы
ластаушы
заттар-ң
ШМК-сы
1 2 3 4
Ақмола Атбасарлық ет комбинаты Хлоридтер 2-3
және шикізат қайнату Сүльфаттар 1,5-2,0
зауыты Аммоний 20 дейін
Ақтөбе Ақтөбе хром қосылыстары Хлоридтер 1,4
зауыты Сүльфаттар 1,1
Аммоний 180 дейін
Ақтөбелік химзауыт Хлоридтер 32
Сүльфаттар 7,2
Бор 2 дейін
Ақтөбе Хром 40
Алматы Алматы учасккесі Алматы Фенол 4
СЭС Мұнай өнім. 4,9
Селен 1,2
Марганец 1,9
Қорғасын 40-100
Талдықорған Талдықорған (қорғасын Қорғасын 2,7
қышқылды аккумулятор
зауыты)
Текелі СЦК биокенішінің Қорғасын 7,4
ауданы
Атырау Атырау МӨЗ Мұнай өнім. 11,6
Фенол 10
Шығыс Қазақстан Титан-магнийкомбинаты Темір 6,3
Марганец 7
Қорғасын– мырыш комбинаты Нитраттар 5,3
Сүльфаттар 1,3
Марганец 18
Кадмий 25
Химиялық мыс комбинатының Селен 9
қалдықтарын сақтайтын Кадмий 12
контейнерлер
Семей Тазалау құрылғылары тері Фенол 2
жүн біріктіру және Мұнай өнім. 6,2
тұрмыстық химия зауыты Мышьяк 4
Жамбыл Пром алаңшасы тазалау Мұнай өнім. 14
құрылғылары АО ХимПром Фосфор 10
Фосфариттер 8,6
Фосфаттар 5,5
АО Суперфосфат зауыты Мұнай өнім. 20
Фосфор 10
Фосфариттер 5,6
АО НОДФОС Фосфаттар 5,5
Мұнай өнім. 30,6
Фосфор 10
Фосфариттер 2
Батыс Қазақстан Орал МПВ Марганец 50 дейін
Фенол 2,5
Алюминий 2,5
Амоний 4
Серебряков МПВ Марганец 18
Алюминий 6,5
Темір 20
Жезқазған Жезқазған ТОҚ сақтағыштарыҚорғасын 3,6
Қарағанды Шахта суларының құйылатын Хлор 2,8
аудандары Нитриттер 2,2
АО Испаткармет Нитриттер 2,4
сақтағыштары
Қызылорда ТЭЦ-6 Сүльфаттар 6,1
Хлориттер 4,1
Фенолдар 12
Маңғыстау Ақтау қал. пластика Фторидтер 3,1
жасайтын орындары Амоний 4,2
Мұнай өнім. 19,6
Маңғыстау АЭС комбинаты Амоний 1,4
Мұнай өнім. 23,3
Павлодар Павлодарлық мұнай өңдеу Мұнай өнім. 14,3
зауыты Фтор 5,3
Фенолдар 250 дейін
Павлодар алюминий зауыты Фтор 10
Мышьяк 60 дейін

Сулардың барлығы ластағыштан, ластанудан және шайылудан қорғалады.
Заңмен су объектілеріне, кәсіпорын, тұрмыс және басқа да қалдықтар мен
қоқыстарды тастауға тиым салынады. Зат құрамы су объектісінің құрамының
белгіленген нормадан аспағанда ғана тастандыларды төгуге рұқсат беріледі.
Су қорғау орындарында тастанды сумен және т.б. заттармен режимді
бұзу, зиянды заттардың лимиттен асуына қарсы администрациялық және
қылмыстық жазалау заңмен белгіленген [3].
Су қолдану. Су объектілері: ішуге, тұрмысқы және басқа да адам
қажеттіліктеріне, емдік, курорттық және сауықтыру мақсатында, ауыл
шаруашылық қажеттіліктеріне, өндірістерде (оның ішінде су энергетикасы), су
және ауа транспорттары қажеттілігіне, балық аулау қажеттіліктеріне қолдану
үшін беріледі.
Су қолданушылар міндеті: су объектілерін рационалды қолдануға, суды
үнемді пайдалану жолын қарастыру, оның көлемін қалпына келтіріп, сапасын
жақсартуға, суға тастанды ластағыштары бар заттарды ҚО-ға әсер етпеуі үшін
түбегейлі тоқтанымға және сондай-ақ басқа табиғи және шаруашылық
объектілеріне залал келтірмеуге (жер, орман, жануарлар дүниесі, пайдалы
қазбаларға және т.б.); судың қалпына әсер ететін тазалау құрылғыларын,
техникалық жабдықтарды қалпына келтіретіндей жағдайда ұстап, олардың
эксплутациондық жағдайын жақсартуға, әр түрлі жағдайлрдың қолданылған судың
мөлшерін білуге және т.б. Су ресурс-тарын қорғаудың қорытынды функциясы
осы бағыттағы Мемлекеттік басқару органына жүктелген. Барлық сулар
ластанудан, қоқыстардан, бұзылудан қорғалады.

1.3 Су тазалау құрылғыларындағы эксплуатация немесе конструкция
Торлар. Тазалау құрылғыларында торлар орналастыру қарастырылуда,
пруттар аралығында 16 мм-дей орнату.
Ағын сулардың жылдамдығы 10 мс аспауы керек, ұсталған заттар
контейнерлерге немесе қақпақты заттарға салып арнайы жерлерге алып
тасталынады. Жылдың жылы мезгілінде қоқыстар хлорлы әкпен өнделеді. Тор
орналасу орнында сорғыш вентиляциямен жабдықталуы қажет.
Құмұстағыш. Құм және минералды ерімеген ластаушы заттарды ағын
сулардан тазарту үшін құм ұстағыштар қолданылады.
Аэротенк өзенмен резервуарларда ұсынады немесе ашық бассейін онда
ерітінді жай қозғалыста активті тұнбамен ағынды суды тазалайды.
Биофильтрге қарағанда аэротенктің басымдылығы оның тазалау процестегі
керекті деңгейге дейін бақылауға болады. Неғұрлым аэрациядағы процесс
созылса, соғұрлым ауа және активті тұнба көп, ағын су одан да жақсырақ
тазаланады[4].
Ағын суларды аэротенкте тазалауда келесі процестерден құралады:
активті тұнбаның көтеріңкі және коллоидты бөлшектерінде коагуляция және
адсорбция, қышқылданған микроорганизмдермен ұсақталған, адсорбцияланған
тұнба органикалық қосылыстары, активті тұнбаның нитрификациясы мен
регенерациясы. Бұзылған активті тұнба құрылғыдан алыстатылады.
Активті тұнбаға бактериялар жиналады. Бұл аэротенкте жоғары дәрежеде
ұсталып тұру керек. Бактерияларға қолайлы орта жасау үшін активті тұнбада
жоғары дәрежеде аэротенкке үздіксіз ауа кіріп отыруы керек. Ауаның берілуі
пневматикалық, механикалық және аралас типте болуы мүмкін.
Судың бұзылу көлемі 200 м3тәулік болса, ол үшін биологиялық тазалау,
толық қышқылдандыру рационды белгілеу оның құрамына аэротенк отстойник
кіреді. Пневматикалық аэрациялы аэротенкті ұсынады, ол екінші реттік
құрылғылармен жабдықталған.
Аэротенкте эксплуатацияны активті тұнбаны дайындап болған соң бастаған
жөн. Активті тұнбаны бірнеше жолдармен орындауға болады. Жолдардың бірі
мынандай болып келеді. Аэротенк арқылы жобалы ағын судың бір бөлігін ғана
орналастыру қажет (3-кесте).
Кест – 3. Аэротенктің негізгі жұмыс режимінің істен шығуы және оларды
шеттету жолдары
Істен шығу Себебі Шеттету шаралары
1. Активті тұнбаның Тазаланып жатқан судың Ағын судағы
атқылауының құрамында көмірсутектің ластағыштар-дың
көп мөлшерде болуы. Ауаныңконцентрациясын азайту,
жеткіліксіз мөлшерде егер олай болмаса, онда:
болуы. Аэротенктегі ағын а) берілетін ауаны
судың рН-ның төмендігі. көбейту; б) аэротенкке
түсетін ағын су
реакциясын арттыру,
регенератордағы активті
тұнба бөлу уақытын
арттыру рН=8,5-9,5-ке
дейін.
2. Қышқылдану Фильтраттардың қоқыстануы Пористілік пластикаларды
процесінің бұзылуы: салдарынан ауаның тазалау (фильтростар)
активті тұнба бөлінуінің кемуі
аэротенк түбінде
қалып қояды.
3. Аэротенкте және Ластану концентрациясы Жұмыстан аэротенктің бір
қышқылдандыру және ағын сулардың түсу немесе бірнеше секциясын
қуатында тұнбаның көлемінің созылмалы уақыт шеттету
мөлшерінің азаюы. периодында азайюы.
4. Тазарылған судың Ағын су шығынын арттыру Аэротенкке берілетін ауа
сапасының нашарлауы немесе активті тұнбаны
регенератор көлемдерін
арттыру

Активті тұнба мұнаймен ластанбаған бұлақтар мен көлшіктерден де
алынуы мүмкін. Активті тұнбаның топтасуымен қатар ағын су адаптациясы
жүреді.
Аэротенк ұзындығына байланысты ауаны бөлу керек. Ол үшін ағын судың
берілу жолын есептеу арқылы:
а) тұйықталған кезде бастапқыда аэротенкте зиянды заттардың жоғары
концентрациясы зонасы құралады. Бұл зонаға басқа учаскілерге қарағанда көп
мөлшерде ауа жіберу керек [5].
Оптималды ауа қатынастары, аэротенк ұзындығында жүйелі нүктелерге
берілуін тәжірибелі жолдармен орнатады.
б) тұйықсыздынған кезде аэротенк ұзындығында тазалау ағын суында ауа бір
қалыпты болуы керек.
Мұнай қақпаны. Құрамында ағынды қосылысты (мұнай, жеңіл смола, май
және т.б.) өндіріс ағын суларын тазалау жолы ол мұнай қақапаны деп аталатын
жабдықтар арқылы сондай-ақ смола және май ұстағыштар арқылы жүзеге асады.
Мұнай қақапаны В типте жобаланады: көлденең рационалды және жұқа
қабаттық. Мұнай қақапасын шығаруға кеңес береді, отстойниктердің
аналитикалық есептері бойынша мұнай бөлшектерінің қарқып шығуы кенетикасын
есептегенде шығады.
Эмулитрленген мұнай ағындарын ағын сулардан тазартуды мұнай
қақапандарымен жүргізген жөн.
Мұнай қақапалары – бұл отстойниктер (негізінен көлденең типті) бұнда
мұнай судан бөлініп, жоғарғы қабатқа қалқып резина арқылы уделдік
салмағымен сіңіріп алады. Үздіксіз жұмыс және эксплуатацияда қолайлы бөлу,
үшін мұнай қақапалары 2-ден аса секцияларымен жабдықталуы керек:
- мұнай жинағыш труба немесе басқа құралдармен ағынды қалқыма мұнайды
алушы және ұстаушы;
- мұнай қақапасына қалдықты бағыттаушы, скребкалық транспорттар немесе
гидрошайғыш;
- гидроэлеватормен, құм сорғышпен немесе дондық клапандармен бұлардың
көмегімен қабылдағыштар қалдықтарды алып тастайды.
Арнайы трубопроводтар арқылы дондық клапанмен немесе пасадоктың
көмегімен мұнай қақапасында қалған қалған қалдықтар гидроэлеватор, шлам
сорғыш, гидравликалық әдіспен шеттетіледі.
Проэктілік суды ұстауда мұнай қақпасына ағы судың келу уақыты – 2
сағат, ағынды сулардағы мұнай концентрациясы – 300-15000 мгл, оның
қозғалыс жылдамдығы – 5-10 ммс. Мұнай қақпасымен ағын су тазалағанда оның
құрамында мұнайдың құрамы 40-80 мгл-дан аспауы керек[6].
Қолданылған ерітінділер мен шайынды суларды тазалау мәселелері
Өндіріс нәтижесінде пайдаланылған сулар және олардың бойына әр түрлі
заттардың қосылуы су сапасын төмендетіп, оны сарқынды суларға айналдырады.
Қолданылған суды тазалағаннан кейін, ол мынадай негізгі талаптарға
сәйкес болуы қажет:
1) Судың құрамында ұнтақталған қатты заттардың мөлшері 0,25-0,75 мгл-
ден аспауы қажет;
2) Судың бетінде қалқып жүрген қабықшалар, майдың дақтары және де басқа
заттар болмауы қажет;
3) Судың және суда жүрген балықтардың басқаша иісі немесе түсі түрлі-
түсті болмауы қажет;
4) Судағы еріген оттегі мөлшері 4мгл-ден кем болмауы тиіс;
5) Қолданылған суда улы заттар болмауы тиіс, олардың концентрациясы өте
аз болуы қажет;
6) Судың рН-ы 6,5 төмен және 8,5 жоғары болмауы тиіс.
Қолданылған суды алдынала тазаламай сол күйінде тастауға өте қатаң
талап қойылады.
Суды тазалаудың бірнеше әдістері бар: механикалық, биологиялық және
химиялық.
Судағы сұйық емес, суда ерімейтін заттарды механикалық әдіспен бөледі:
ол тұндыру және фильтрация әдістері. Тым ұнтақ емес қатты заттар өз
салмағымен біртіндеп су түбіне шөгеді. Фильтрлеу қысым күшімен немесе
центрден тепкіш күш арқылы іске асырылады.
Қолданылған судың биологиялық тазалануы, әдетте табиғатта су
қоймаларында немесе топырақта жүріп жатады. Су топырақ қабаттарынан өткенде
олар топырақтағы микроорганизмдер арқылы тотығу реакцияларына түседі.
Қазіргі көп тонналық өндірістерде өте көп мөлшерде қолданылған су
қоршаған ортаға шығарылып тасталады. Мұндай көп мөлшердегі суды тазалауға
табиғаттың шамасы келмейді. Бұл – судағы оттегінің мөлшерінің азаюына
әкеліп соғады, ал ол судағы барлық тіршіліктің жойылуына мүмкіндік жасайды.
Құрамында оңай тотығатын органикалық заттары бар қолданылған сударды
тазалауда жасанды биологиялық жолмен тазалау батпақ құрамындағы активті
бактериялар комплексінің органикалық заттарды ыдыратуына негізделген[6].
Тотығу негізінде – СО2, NO3-, SO42-, PO43- пайда болады. Тазаланған
суды өндірісте қолдануға немесе оны су көздеріне қосылатын канализацияға
жіберуге болады.
Қолданылған суды тазалауға биологиялық әдістің шамасы келмеген
жағдайда, химиялық және физика-химиялық тазалау әдістері қолданылады [7].
Олар әдетте мынадай: нейтралдау, коагуляция, тотықтыру, хлорлау, озондау,
флотациялау, экстракциялау, адсорбциялау, ионды алмасу және т.б. әдістер.
Егер қолданылған суда минералды қышқылдар және сілтілер көп мөлшерде
болса, онда нейтрализациялау әдісі қолданылады. Нейтрализациялауды,
мүмкіндігіне байланысты, қолданылған қышқыл және сілтілі суларды араластыру
арқылы іске асырады.
Қолданылған сілтілі суларды нейтрализациялау үшін өндірістің түтінді
газдары қолданылады. Олар: көміртек диоксиді, күкірт, азот диоксидтері және
т.б. қышқылды газдар. Бұл жағдайда судың нейтрализациялануы жүре отырып,
өндірістен шыққан газдардың да тазалануы іске асырылады.
Қолданылған суларды тазалау кезінде, коагулянт ретінде алюминий, темір
тұздары қолданылады. Бұлар судағы коллоидты-дисперсті өте майда
бөлшектердің тұнбаға түсуін тездетеді.
Коагулянт қосылған кезде, судағы майда бөлшектердің беттерінің
зарядтары нейтралданып, олардың бір-біріне жабысу мүмкіндігінің атруына
байланысты олар тұнбаға түседі. Әдетте, коагуляция нейтралды ортада жақсы
жүреді.
Тотықтыру әдісі. Бұл әдіс құрамында улы заттары бар ластанған суды
зиянсыздандыру және олардан қажетті заттарды бөліп алу үшін қолданылады[8].
Тотықтырғыш ретінде: хлор, натрий гипохлориті, озон, ауадағы оттегі,
сутектің асқын тотығы т.б. заттар қолданылады. Мысалы, хлорлау – судағы
фенол сияқты органикалық заттарды, цианидтерді, күкіртсутектерді
залалсыздандыру үшін қолданылады. Тотықтырғыш ретінде озонды қолданудың
тиімділігі жоғары, өйткені ол хлордан да күшті тотықтырғыш ретінде белгілі.
Флотация – судағы әр түрлі майларды, смоларды, полимерлерді және т.б.
заттарды бөліп алу үшін қолданылады. Флотация – судағы қоспалардың өте
майда ауа көбіктеріне жабысып, судың бетіне көтерілу қасиетіне негізделген.
Суды тазалаудың ең жақсы түрлерінің бірі – электродиализ (1-сурет). Бұл
әдіс ионды мембраналады (анионитті, катионитті – МА, МК) қолдану арқылы
иондардың судан бөлінуі нәтижесінде іске асады. Судағы қажетті иондар
камераларға жиналып, заттардың бөлінуі және судың тазаруы іске асады.
Кейбір жағдайларда – электрофлотация, электрокоагуляция және электролиз
әдістері іске асырылады[9].

1-сурет. Электродиализ әдісімен су тазалау: 1- қажетті суды алатын
орын; 2- насос станциясы; 3- су тазалайтын станция; 4- таза су қоймасы; 5-
суды қалаға жеткізетін насос; 6- судың тұтынушыларға таралуы.
Суды тазалаудың ұтымды тәсілдерін таба білу – өте күрделі және қиын
проблемалардың бірі. Суды тазалауда дұрыс емес технологияны қолану, әдетте
күткендей нәтиже бермейді. 2-суретте сумен қамтамасыз ету жүйесінің
принципиальды схемасы көрсетілген.

2-сурет. Сумен қамтамасыз ету жүйесінің схемасы:
Бірінші топқа жататын гетерофазалы қоспаларды тазарту үшін: тұндыру,
сүзу процестері, ал кейбір жағдайларға байланысты, ерітіндідегі тұнбаларда
бөліп алу мақсатында центнерден тепкіш күш және флотация тәсілдері де
қолданылуда. Сүзу процесетін іске асыру үшін майда тесіктері бар торлар,
жоғары дисперсті алюминий немесе темір гидроксидтері пайдаланылып жүр[9].
Екінші топқа жататын микрогетерофазалы қоспаларға – коллоидты
органикалық және жоғарғы молекулалық қосылыстар жатады. Оларды бөліп алу
үшін алюминий және темір гидроксидтері қолданылады.
Ал, үшінші топқа енетін электролиттерден тазалауды иондарға тән
қасиеттерге сүйене отырып шешуге болады: нейтрализациялау немесе комплекс
түзілу негізінде аз диссоцияцияланатын немесе аз еритін қосылыс түріне
өткізу; катионитті немесе анионитті қатты фазалардың бетіне сорбциялау,
жинақтау, фазалық күйін өзгертіп, газ немесе қатты түріндегі қосылыстарға
өткізу, сұйық фазаның бір бөлігіне жинақтау; иондардың электр өрісіндегі
қозғалысын қолдану және т.б.
Әр түрлі топтарға жататын қоспалардан тазартуды арнаулы қондырғыларда
бөлек-бөлек немесе бір уақытта параллель жүргізуге болады. Тазаланған судың
сапасы таңдалып алынған тазалау технологиясына тәуелді.
Суды тазалаудың технологиялық схемасы әр түрлі жағдайларға тәуелді.
Біріншіден, ол судың физика-химиялық және бактериологиялық көрсеткіштеріне
байланысты және тазаланған судың қай жерде қолданылатындығы ескеру керек.
Судың қай жерден алынып жатқандығын, оның өндірістік немесе тұрмыстық
қалдықтармен ластанғандығын ескеру қажет. Сол себептен, судың иісі, дәмі,
түсі, мөлдірлігі, кермектілігі және су қоаймасында жүріп жатқан химиялық,
биологиялық процестердің қалай жүріп жатқандығы анықталады.
Тұндыру, түссіздендіру және залалсыздандыру әдістерін іске асыратын су
тазалау станциясының қарапайым схемасы 3-суретте көрсетілген. Кейбір
жағдайда суды екі рет хлорлайды. Ал злордың артық мөлшерін активтелген
көмір түйіршіктерден өткізу арқылы қалыпқа келтіреді[10].
Суды дайындау кезінде негізгі шешетін мәселенің бірі, ол – судың иісін,
түсін және дәмін бүлдіріп тұратын органикалық қосылыстардан құрылу. Оларды
оттегімен, озонмен тотықтырып, онан соң активтелген көмір, металл
гидроксидтері және ионалмасу смолаларында адсорбциялайды.
Адамдарды ауруға ұшырататын көптеген парази вирустар, суда ұзақ уақыт
өмір сүріп және көбейіп отырады. Патогенді су арқылы ауру тарататын
микроорганизмдер адамдарға өте қатерлі аурулар жұқтырады, олар: тырысқақ,
қан тышқақ, іш сүзгі, туляремия, полиомиелит және т.б.

3-сурет. Су тазалайтын станцияның қарапайым схемасы: 1- насос
станциясы; 2- араластырғыш; 3- реагент цехы; 4- коагуляциялау; 5-
горизонтальды тұндырғыш; 6- фильтрлеу; 7- хлорлау; 8- таза су резервуары; 9-
таза су насос станциясы.
Патогенді бактериялар өлген жануарлар немесе әр түрлі жаман қалдықтар,
үйінді қоқыстар тасталған аумақтардан ағып өткен жаңбыр және ағынды сулар
арқылы су қоймаларына енеді. Бұл микроорганизмдер адамдар өміріне өте үлкен
қауіп тудыратын болғандықтан, шаруашылық және ішуге қажетті суды
залалсыздандыру міндетті түрде іске асырылуы керек.
Көрсетілген вирустар мен бактериялардың мөлшері – 10-6 см және одан
жоғары. Сол себептен, Кульский классификациясы бойынша, олар бірнші немесе
екінші топтарға жатады, сондықтан оларды судан бөліп алу, осы топтарға
қолданылатын әдістер арқылы іске асырылады. Бұл топтарға жататын қоспаларды
ерімейтін заттардың майда бөлшектерінің бетіне адсорбциялап, онан соң
коагуляциялайды. Сөйтіп, бактерия және вирустардан суды тазалаудың негізгі
технологиясының бірі – олардың жүзіп жүрген пайда бөлшектерінің бетіне
сорбциялануына негізделген. Сондықтан, суды тазалаудың бірінші кезеңінде
оны лайлап, онан соң коагулянт және флокуляция қатысуымен түссіздендіріп,
соңында сүзеді.
Электродтардың пассивациялануын болдырмау және оларды үнемді пайдалану
үшін, электродтардың полярлығын ауыстырып отырады. Соңғы кездері, тиімді
жұмыс істеу мүмкіндігі жоғары биполярлы электродтар қойылған
электролизерлер қолданылып жүр (4-сурет).

4-сурет. Биполярлы электродтары бар электрокоагуляторлар
Техникалық суларды – тұндыру, түссіздендіру және жұмсарту үшін
электрокоагуляция әдісін қолдануға болады[11]. Электрокогауляция әдісінің
суды ластайтын – минералды, органикалық және биологиялық табиғаты бар
жүзінділерден, коллоидтардан және молекула, ион түрінде болатын
қосындылардан суды тазалаудағы эффективтілігі өте жоғары.
Реагентті әдістермен салыстырғанда, электрокоагуяцияның артықшылықтары
жоғары. Оның үстіне, электрокоагуляция процесін басқару оңай. Сондықтан
суды тазалаудағы электрохимиялық әдістердің болашағы мол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кіші Алматы өзенінің шаруашылықта қолданылуы
Алматы қаласын қалыптастырудағы географиялық және экологиялық мәселелер3і
Геожүйенің ластауындағы техногендік факторлар анализі
Оңтүстік Қазақстан өңірінің ірі қалаларының геоэкологиялық жағдайы
Алматы қаласының агломерациясын қалыптастырудың экологиялық ерекшеліктері
Алматы қаласына физикалық-географиялық сипаттама
Алматы қаласының ластанған суларын тазартудың тиімділігі
Өнеркәсіптің қоршаған ортаға әсері
Алматы қаласының атмосфералық ауасының ластануы
Ағынды - өзен ағып шығатын көлдер
Пәндер