Бюджеттеу



Жоспары:
1. Бюджет түсінігі. Бюджеттендіру мақсаттары
2 Бюджеттердің негізі түрлері және оларды құру процесстері
3 Операциондық бюджеттерді жасау
4 Қаржылық бюджеттерді жасау
5. Өзін.өзі өтеу әдісі

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Бюджеттеу
Жоспары:
1. Бюджет түсінігі. Бюджеттендіру мақсаттары
2 Бюджеттердің негізі түрлері және оларды құру процесстері
3 Операциондық бюджеттерді жасау
4 Қаржылық бюджеттерді жасау
5. Өзін-өзі өтеу әдісі

1. Бюджет түсінігі. Бюджеттендіру мақсаттары

Бюджет - бұл жоспар, негізінен қысқа немесе орташа мерзімді болып келіп, соның мәліметтерін ағымдық және шұғыл басқарушылық шешімдерді қабылдау барысында қолданылады. Сол себепті бюджеттеу сметасы, жоспарлау жүйесі деген бюджеттеу түсінігі қолданылады. Белгілі бір іс-шараларды болжамдау - бұл жоспарлау, ал бюджеттеу - бұл осы жоспарлаудың қаржылық сипаттамасы, жоспарланған іс әрекеттерді қаржылық көрсеткіштерге ауысуы деп есептеуге болады.
Бюджет - жоспардың сандық сипаты, координациялануы мен орындалуын бақылау құралы.
Бюджеттер мекеме бойынша жалпылай да, оның бөлімшелері бойынша да жасалуы мүмкін. Негізгі бюджет (master budget) өндірісті, сатуды, тарату мен қаржыландыруды қамтиды. Бұнда болашақ түсімдер, ақша ағымдары мен жоспарлар сандық сипатта қарастырылады. Бюджеттер менеджерлердің қызметінде басты рөл атқарады.
Бюджеттеудің мақсаттары:
* Ұйымнын мақсаттарынын орындалуын қамтамасыз ету.
* Әрбір жылдың операцияларын жоспарлау.
* Ойлары мен жоспарлары жөніндегі ақпарат.
* Бөлімшелердің іс-әрекетін үйлестіру.
* Жұмысшылардың мативациясы.
* Басқару.
Жоспарлау деп қызмет мақсаттарын белгілі-бір кезең ішінде қол жеткізуге қажет сандық және сапалық көрсеткіштер ретінде көрсетуді айтады.
Жоспарлау кезеңі бойынша келесі түрлерге бөлінеді:
Оперативті (ағымдағы) жоспарлау - біржылға дейінгі мерзім;
Тактикалық (орта мерзімді) жоспарлау - 1-3 жылға дейінгі мерзім;
Стратегиялық (ұзық мерзімді) жоспарлау - 3 жылдан артық мерзімге. Кәсіпорында жоспарлау жүйесін енгізу келесі міндеттерді жүзеге асыруға көмектеседі:
Кәсіпорындағы ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыруға;
Қызмет кооржинациясын қамтамасыз етеді және жеке бөлімщелер мен жалпы кәсіпорынның мүдделерінің өзара байланысын орнатады;
Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нысандарын талдауға, жоспарлауға, бағалауға мүмкіндік жасайды және қабылданған басқарушылық шешімдердің негіздемесін дамытуға;
Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етіп, қаржылық жағдайды көтереді.
Бюджеттендіру - ресурстарды ұтымды пайдаланудың маңызды басқарушылық кезеңі.
Бюджеттендіру жүйесінің оперативті басқарудың технологиясы екені сөзсіз. Сонымен бірге ол кәсіпорын міндеттеріне және стратегиялық мақсаттарына сәйкес құрылуы тиіс. Демек, бюджеттендіру шегінде есептік кезеңде қызметті бағалау үшін есептілік жасауға керекті ақпарат жинақталуы қажет. Тоқсан немесе ай бойынша нәтижелердің стратегиялық мақсаттарға сәйкестігін басқару үшін бюджеттік баптар мен бюджеттік модельдің аналитикалық бөлімін мақсатқа қол жеткізуге әсерін тигізетін факторлармен сабақтастыру керек.
Бұл мақсаттар үшін көрсеткіштердің үйлестірілген жүйесін немесе тиімділікті көрсеткіштерінің басты жүйесін (key performance indicator - KPI) қолдануға болады.
Солардың көмегімен бюджеттендіру жүйесі мөлдір, нәтижелердің тек оларды алуға қажетті факторлармен ғана емес, сонымен қатар кәсіпорын мақсаттарымен де өзара байланысын қамтамасыз етеді. Кәсіпорын басшылары бюджеттік процесстің нәтижелерінің талдауын ала отырып, стратегияны жүзеге асыру мақсаттарына байланысты шешімдерді қабылдай алатын болады.
Ол үшін:
Бюджет моделіне тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін енгізу және оперативті басқару жүйесін стратегиялық менеджментпен байланыстыру арқылы бюджеттендіру әдістемесін жетілдіру;
Бағдарламалық қамтамасыз етуді түзеу немесе сатып алу мүмкіндігін есере отырып, бюджеттендіру жүйесін қолдаумен байланысты еңбек шығыстарын оңтайландыру;
Кәсіпорын мақсатында қызметкерлердің жеке мүдделерін интеграциялау арқылы бюджеттендіру негізінде мотивация жүйесін дамыту қажет.
Кәсіпорындарда бюджеттік модель басқару жүйесіне тәуелді. Бюджеттендіру жүйесін құру өте күрделі процесс.
Алдымен, бюджеттендіру мақсаттары мен міндеттері анықталуы қажет. Олар келесілерге негізделеді:
кәсіпорынның стратегиялық және тактикалық жоспарларды жасау мен бақылау;
шығындарды басқару мен бақылау;
кәсіпорын бөлімшелерінің қызметін координациялау;
коммуникациялар, яғни жоспарларды әр түрлі деңгейдегі басшыларға жеткізу;
кәсіпорын өтімділігінің жаңдайын бақылау;
жоспарланған және алынған нәтижелердің салыстырмалы анализі;
табыс нормасы бойынша өнімдердің жеке түрлерінің тиімділігін талдау;
дебиторлық жіне кредиторлы міндеттемелерді бақылау;
ақша ресурстарындағы қажеттіліктер мен қаржылық ағымдарды оңтайландыруды анықтау;
өндіріс циклдегі процесстердің ұзақтылығын бақылау;
жалпы активтердің табыстылығын бақылау;
инвестициялардың табыстылығын бақылау;
бизнестің өркендеуін бақылау.
Жеке менеджерлдер менбөлімшелердің қызметін жоспарлау мен бақылануы оңай болуы, басқарудағы шындыққа қол жеткізу үшін көптеген кәсіпорындар шешімдерді қабылдауды қаржылық құрылымды жасау арқылы орталықсыздандырады.
Бюджеттеу - компанияның барлық деңгейінде бизнесті басқару технологиясы,оның стратегиялық мақсаттарына жетуі әрбір жылға бюджеттерді (смета) құру жолымен қамтамасыз етіледі.
Сметалық кезең - уақытша кезең, уақыт кезеңіне дайындалатын бюджет және де бақылау пәні болып табылады.
Сметалык кезең мыналарға тәуелді:
* Бизнестің табиғатына.
* Бөлімшелерді дайындауға арналған бюджет.
* Негізгі бақылау - әдетте жыл айға, квартлға бөлінеді.
Бюджеттің нысандары:
* Негізгі (MASTER) бюджет (қатты)
* Икемді бюджет
* Дүркінді және сырғымалы бюджет
* Өсу бюджеті (incremental budget)
* Үстеме бюджет (add-on budget)
* Скобтты бюджет (bracket budget)
* Модифицировандық бюджет (stretch budget)
* Мақсатты бюджет (target budget)
* Стратегиялық бюджет (strategic budget)
* Нөлдік нүктесіндегі бюджет

2 Бюджеттердің негізі түрлері және оларды құру процесстері

Бекітілген бюджет кәсіпорын бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастыру мен бағыттауға мүмкіндік береді. Бюджетті жасаудағы қолданылатын қапараттың сапасынан, оның тиімділігі емн құрылымдық бөлімшелері мен жалпы кәсіпорынның қызметінің сапалығы мен тиімділігі тәуелді.
Бюджет төменнен жоғарыға қарай немесе жоғарыдан төмен қарай құрылуы мүмкін. Төменнен жоғарыға қарай құрылған бюджет ақпараттың төменгі сатыдағы қызметкерлердің жоғарғы сатыдағы басшыларға өңделуі мен таратылуын қарастырады. Бұндағы негізгі мәселе - төменгі сатыдағы басшылардың жоғарғы сатыдағы басшылардың қойған мақсат пен міндеттерін толық білмейтіндігінде, сонымен қатар әр басшының өзінің ғана міндеттерін орындау талпынысында. Бюджетті жоғарыдан төменге қарай құрған кезде басшы жалпы мақсатты анықтап, стратегияны жасайды, басқарудың келесі сатыларында жалпыға бірдей мақсатқа қол жеткізу үшін шаруашылық операциялардың өзіне дейін жоспар құрайды.
Бюджет негізгі алты функцияны орындайды:
1) негізгі операцияларды жоспарлау. Бюджет - қойылған мақсаттарға қол жеткізудің жұмысын ұйымдастыруға мүмкіндік беретін шаруашылық субъектілер қызметінің бөлігі.
2) құрылымдық бөлімшелердің әр түрлі жұмыс түрлерін координациялау;
3) қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін басшыларды ынталандыру.
4) ағымдағы қызметті бақылау - бюджет кейбір жағдайларды стандарт болып табылады, онымен нақты нәтижелерді салыстыру арқылы ауытқуларды табады.
5) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басқарушылық есеп жүйесіндегі бюджеттеуді жетілдіру
Корпорация бюджетін құру ролі және үдерісі
«ҚарағандыЭлектроМонтаж» ЖШС бюджетін құру
Қазақстан Республикасында бюджеттік жоспарлау жүйесін қарастыру
Кәсіпорынды жабдықтау нысандарын қалыптастыруда жеткізушілерді таңдау
Шығыстар есебінің шоттары
Бюджеттік жоспарлау мен болжау
Бюджеттеу, бюджет түрлері және бюджеттік бақылау
Бюджеттік жоспарлау, қаржылық жоспарлаудың басым бөлігі
Жергілікті бюджеттің шығыс көрсеткіштері
Пәндер