Қазіргі қазақ аулының мәдени өмірі



КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

І. МӘДЕНИ ОРТАНЫҢ ӨЗГЕРУI
1.1. Ауыл мәдениетiнiң материалдық базасы
1.2. Оңтүстiк Қазақстанның ауылды жерiнде бiлiм беру жүйесiнiң дамуы
1.3. Ауыл тұрғындарының бiлiм деңгейiнiң өсуi және әлеуметтiк.кәсiби құрамының өзгеруi

ІІ. АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ РУХАНИ МӘДЕНИЕТI
2.1. Көркем әдебиетке әуестiгi
2.2. Ауыл тұрғындарының мәдени өмiрiнде театр, кино менмұражайдың орны
2.3. Музыкалық талғамы
2.4. Ауыл тұрғындарының рухани өмiрiнде бұқаралық ақпарат құралдарының орны

ЌОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ЄДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Ќазаќстан Республикасыныњ Білім жєне ѓылым министрлігі

Ќазақстан халықтар Достығы университеті

Түркістан филиалы

“Тарих және география” кафедрасы

Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі, т.ғ.к.
____________
“___” ___________ 2006 жыл

Д И П Л О М Ж ¦ М Ы С Ы

Таќырыбы: Қ а з і р г і қ а з а қ а у л ы н ы ң м ә д е н и ө м і р і
(Оңтүстік Қазақстан бойынша)

Ѓылыми жетекшісі: т.ѓ.к., аѓа оќытушы
Орындаѓан: КТГ-201 тобының студенті М.Қосдаулетова

Т‰ркістан – 2006

М А З М ¦ Н Ы

КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

І. МӘДЕНИ ОРТАНЫҢ ӨЗГЕРУI. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . .

1.1. Ауыл мәдениетiнiң материалдық базасы. . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . .

1.2. Оңтүстiк Қазақстанның ауылды жерiнде бiлiм беру
жүйесiнiң дамуы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . .

1.3. Ауыл тұрғындарының бiлiм деңгейiнiң өсуi және әлеуметтiк-
кәсiби құрамының өзгеруi . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . .

ІІ. АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ РУХАНИ МӘДЕНИЕТI. . . . . . . . . . . . . . . . .

2.1. Көркем әдебиетке әуестiгi . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . .

2.2. Ауыл тұрғындарының мәдени өмiрiнде театр, кино мен
мұражайдың орны . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . .

2.3. Музыкалық талғамы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . .

2.4. Ауыл тұрғындарының рухани өмiрiнде бұқаралық ақпарат құралдарының
орны . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . .

ЌОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . .

ПАЙДАЛАНҒАН ЄДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . .
КIРIСПЕ

Тақырыптың өзектiлiгi. Тәуелсiздiктiң алғашқы онжылдығын артта
қалдырған елiмiз үшiн, өтпелi нарықтық қатынастардың ауыр кезеңiн бастан
кешiрген халқының әлеуметтiк-мәдени жағдайын қарастыруды алдына мақсат етiп
қойған тарихи-этнографиялық және этносоциологиялық зерттеулерге мұқтаждығы
арта түстi. Қазақстанның ХХI ғасырдағы болашағы, көп жағдайда, оның
құрамдас бөлшектерiнiң дұрыс тепе-теңдiктi ұстап, тұрақты iлгерi дамып
отыруына байланысты болады. Ал, бұл болса өз кезегiнде этномәдени дамудың
өзiндiк тұстарын жан-жақты талдап, жалпы мен жекенi анықтауды талап етедi.
Этномәдени процестер қоғамдық өмiрдiң барлық саласын қамтып, ұлттық
мәдениеттiң негiзгi өзегiне айналды. Бұл процестер ең алдымен дәстүрлi-
тұрмыстық мәдениетте болып жатқан сан алуан өзгерiстерде кең көрiнiс тауып
отыр. Осы орайда, көп ұлтты елiмiздегi халықтардың мәдениетiн қоғамдық-
саяси және ғылыми-теориялық мәселе тұрғысында өзектi деп қарастыруға толық
негiз бар.
Соңғы жылдары ауыл тұрғындарының рухани өмiрiн зерттеуге де ерекше
ден қойыла бастады, себебi оның тiршiлiк ету ортасында мәдени кескiндердiң
сан алуан белгiлерi мен дәстүршiлдiк пен жаңашылдықтың өзара әсерiнен туған
жаңа дүниелердi кездестiруге болады. Қоғамдық сана-сезiм мен қоғамдық
тәртiпте үнемi қайта туып, жалғасын тауып отыратын мәдениеттiң осы бiр
бөлiгiн дәстүр деп түсiнемiз, ал жаңашылдық деп мәдениеттiң жаңа түрлерi
мен әлемдiк мәдениет қорынан алынған жеке әлде дайын кешендi дәстүрлердi
айтамыз [1].
Өтпелi кезеңнiң алғашқы жылдары мәдениет саласы мемлекеттiк ұйымдардың
назарынан тыс қалып, бiраз күйзелiс пен тоқырауға ұшырайды. Ендiгi кезекте,
ауыл тұрғындарының рухани сұранысын қанағаттандыру үшiн қолайлы жағдай
туғызу қажет, ал ауылдың мәдени-тұрмыстық жағдайын қаланың көрсеткiштерiне
жақындату әлеуметтiк-мәдени дамудың бiрден-бiр шарты болмақ. Елiмiздiң
әлеуметтiк-мәдени саласын қайта құру, тек бүкiл қоғам болып, оның
экономикалық мүмкiншiлiгi, материалдық-техникалық, қаржы және адам қорының
күш бiрiктiруiнiң арқасында ғана iске аса алады. Сонымен қатар, бұл мақсат-
мұраттар бiлiм беру, тәрбие, мәдени-ағарту мекемелерi, бұқаралық ақпарат
құралдары, тұрмыстық және т.б. мекемелердiң бiрлесе отырып еңбек етуiнiң
нәтижесiнде және адамдар арасындағы тiкелей байланыстың өзара көмегi арқылы
ғана жүзеге асады.
Оңтүстiк Қазақстан ауыл тұрғындарының мәдени өмiрiнде болып жатқан сан
алуан түбегейлi өзгерiстер мен қоғамдағы жаңа құбылыстар, этникалық
процестер, мәдениет пен тұрмыс саласындағы дәстүрлi және жаңа үрдiстердi
этнографиялық тұрғыда зерттеу мен талдаудың нәтижесiнде өзгерiстердiң бағыт-
бағдарын анықтауға мүмкiндiк бередi. Бұл аймақтың өзiне тән ерекшелiгiн
ескеретiн әдiстеменi жасау үшiн ғылыми негiз қалыптастырады, сан-қилы
тұжырымдамалардың артықшылығы мен кемшiлiктерi, этномәдени саясаттың
болашағы шынайы түрде талқыға түседi.
Тақырыпты зерттеудiң өзектiлiгi мен ғылыми мәнi, ең алдымен рухани
мәдениет саласындағы этникалық кескiндердi, этномәдени байланысты, оның
iшiнде тiл, әдебиет, өнер, тұрмыс және т.б. бiрқатар арналарды жан-жақты
зерттеу мен танудың қажеттiлiгiмен анықталады. Ауыл тұрғындарының мәдени-
тұрмыстық жағдайы мен әл-ауқатын жақсарту мәселесiн шешу үшiн, бiрiншiден,
республика көлемiнде, оның iшiнде әрбiр аймақ шеңберiнде ауылда орын алып
отырған жағдайды терең талдау қажет [2], екiншiден, бұл мәселенi ұлттық
және нақты этникалық кескiнде шешу керек.
Қазақ халқының ұлттық сана-сезiмiнiң оянуы, олардың отаншылдық рухты
жете сезiнуi, саны жағынан өсiп, өз елiнде басым ұлтқа айналуының
нәтижесiнде этникалық мәдениет пен ұлттық құндылықтардың маңызы арта түстi.
Осыған орай, қазақ халқы, оның iшiнде зиялы қауым өкiлдерi арасында ата-
бабалардың салт-дәстүрлерi мен әдет-ғұрыптарының жақсы үрдiстерiн оятуға,
ұлттық рухани мәдениеттiң таңдаулы кескiндерi мен ана тiлiн қайта
жаңғыртуға, сондай-ақ адамзаттың қол жеткiзген табыстарын тиiмдi игеруге
бағытталған талпыныстарын байқауға болады.
Тақырыптың зерттелу деңгейi. Қазақстан ҒА қарасты Ш.Ш.Уәлиханов
атындағы Тарих, археология және этнология институтының этнограф ғалымдары
тарапынан, бiздiң елiмiздегi қала және ауыл тұрғындарының мәдениетi мен
тұрмысын этносоциологиялық материалдар негiзiнде жаппай зерттеудi қолға ала
бастағанына біраз жылдың басы болды. 1982 жылы Қазақстан материалдары
бойынша жарыққа шыққан Х.А.Қауанованың “Жұмысшы отбасының өмiрi мен
тұрмысының бейнесi” атты монографиясын дәстүрлi этнографиялық әдiстер мен
нақтылы социологиялық материалдарды шебер ұштастыра бiлген ғылыми
деңгейдегi еңбектердiң санатына жатқызуға болады. Бұл жұмыста, автор
Алматы, Қарағанды, Темiртау, Жезқазған және Сәтпаев қалаларында тұратын, әр
түрлi ұлттың өкiлдерiне жататын жұмысшы отбасыларының күнделiктi өмiр
салтының этномәдени аспектiлерiне тоқталып, рухани мәдениетiнiң жеке және
жалпы тұстарының өзара әсерлерiне көңiл аударады [3]. Алайда, бұл
монографияның жазылуына, тоталитарлық жүйенiң идеологиялық ықпалы қатты
әсер етедi, социалистiк өмiр сүрудiң артықшылығы бастан-аяқ насихатталып,
тоқырау заманның кемшiлiктерi жасырылады, жұмысшы таптың кеңестiк қоғамдағы
қызметi мен орыс ұлтының прогрессивтiк ролi шектен тыс мадақтауға ұшырайды.

1984-1985 жылдары жоғарыда аталған ғылыми институттың этнограф
ғалымдары ел арасында жиналатын этнографиялық деректердiң дәстүрлi әдiстерi
мен пәнаралық этносоциологияны зерттеу кезiнде қатар қолдануды тұңғыш рет
“Қазiргi кезеңдегi ауыл отбасының тұрмысында жаңашылдық және дәстүршiлдiк”
атты жоспардағы тақырыпты Алматы облысының Шелек және Кеген аудандары мен
Талдықорған облысының Киров ауданында тұратын ауыл тұрғындарының арасында
орындау барысында тәжiрибеден өткiздi. Сауалнамаға қазақ, орыс және ұйғыр
ұлтының өкiлдерi арасынан ұзын саны 1000-нан аса респондент қатысты.
Сауалнама сұрақтары арасында рухани мәдениет тақырыбы да кең қамтылды. Осы
iспеттi зерттеулер сол жылдары Қырғызстан, Өзбекстан, Түрiкменстан және
Тәжiкстан республикаларында да өтедi [4]. Кең көлемдi деректердi жинау мен
өңдеу барысында Т.А.Жданко мен Г.П.Васильеваның құрастырған арнайы
бағдарламасы басшылыққа алынды [5]. Осы ел арасынан жиналған этнографиялық
және антропологиялық зерттеулердiң нәтижелерi Махачкала, Йошкар-Ола және
Сухумиде өткен Бүкiлодақтық ғылыми сессияларда баяндалды [6].
1988-1989 жылдары Қазақстан ҒА жанындағы Тарих, археология және
этнология институтының этнографтары Алматы және Жамбыл облыстары мен Алматы
қаласында “Қазақстан халықтарының мәдениетiндегi этникалық аспектiлер” атты
тақырыпта 3 мыңнан астам респонденттi қамтыған кешендi этносоциологиялық
сауалнама жүргiзедi [7]. Бұл зерттеулердiң барлығы Ресей ҒА қарасты
Этнология және антропология институтының нақтылы социологиялық зерттеулер
секторының (бағдарлама жетекшiлерi Ю.В.Арутюнян мен В.С.Кондратьев) “КСРО
халықтарының әлеуметтiк-мәдени жағдайын дамытуды оңтайландыру”
бағдарламасына сәйкес үйлестiрiледi. Осы этносоциологиялық деректердiң
негiзiнде жасалған талдаулар 1990 жылдың жаз айларында Алматы қаласында
Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнология институтының
қабырғасында ел арасында жиналатын этнографиялық және антропологиялық
деректердiң қорытындысы бойынша өткен Бүкiлодақтық ғылыми сессияда [8] және
Мәскеу қаласында жарыққа шыққан екi монографияда көрiнiс тауып [9],
Е.К.Нояновтың Оңтүстiк Қазақстан және А.Т.Абдулинаның Жетiсу өңiрi бойынша
жүргiзген ғылыми iзденiстерiнiң арқауы болады [10].
Қарастырып отырған мәселе бойынша 1989 жылы Ресейдiң ҒА қарасты
Этнология және антропология институтында А.Б.Қалыштың Павлодар облысындағы
ауыл тұрғындарының рухани өмiрiндегi этномәдени үрдiстер тақырыбы бойынша
қорғаған кандидаттық диссертациясы жете танысуды қажет етедi [11]. Бұл
жұмыс көрсетiлген облыстағы бiрнеше моно және полиэтникалық аудандардың 50-
ден астам елдi мекенiн қамтыған этносоциологиялық сұрау қағаздары мен
этнографиялық материалдардың және деректiк көзiнiң мол болуымен
ерекшеленедi. Мәселен, 1980 және 1988 жылдары онымен әр түрлi этникалық
топқа жататын 2 мыңға жуық респонденттердiң арасында сауалнама жүргiзiледi,
статистикалық материалдардың анағұрлым бөлiгi өңделедi. Бұл оған 1950-1980
жылдары Павлодар облысының көп ұлтты тұрғындарының заттай және рухани
мәдениетiндегi, қоғамдық және отбасылық тұрмысындағы, этнодемографиялық
және тiлдiк үрдiстерiндегi өзгерiстердi жаңаша және жүйелi түрде көрсетуге
мүмкiндiк бердi. Сондай-ақ, бұл жұмыста ауыл тұрғындарының мәдени даму
болашағына бiлiм беру жүйесiнiң, мәдени-ағарту мекемелерi мен бұқаралық
ақпарат құралдарының тигiзетiн ықпалы да қаралады. Республика халқының,
оның iшiнде Оңтүстiк Қазақстан өңiрiнiң қала және ауыл тұрғындарының
күнделiктi өмiрiндегi мәдени тұстарды пәнаралық әдiстеменi негiзге ала
отырып зерттеу А.Б.Қалыштың кейiнгi еңбектерiне де тән [12].
1991 жылы осы iспеттi диссертациялық жұмысты, республиканың бiрқатар
солтүстiк-шығыс (Көкшетау, Павлодар, Целиноград, Семей) және оңтүстiк
(Шымкент, Алматы) облыстарының 13 ауылдық кеңесiнiң материалдары бойынша
О.Б.Наумова орындайды. Бұл еңбекте, қазақ халқының көпұлтты ортадағы заттай
және рухани мәдениетiнiң этникалық тұстарына, отбасылық тұрмысы мен
этникалық сана-сезiмiне ерекше көңiл бөлiнедi [13]. Сонымен бiрге, автордың
бұл еңбегiнде қазақ халқының дәстүрлi ұлттық мәдениетiнiң негiзi бiрте-
бiрте жоғалып, оның жаңа әлеуметтiк қағидалы мәдениетке көшiп бара
жатқандығы туралы ой айтылады. Алайда, автордың мұндай қисынға келмейтiн
дәйексiз байламдарымен келiсу қиын. Себебi, бiрiншiден, жергiлiктi қазақ
халқы басым көпшiлiктi құрайтын моноэтникалық елдi мекендердегi үрдiстерге
назар аудармастан, тек полиэтникалық ортада болып жатқан процестердi ғана
қарастырып, одан шыққан нәтиженi бүкiл Қазақстанның атымен сөйлетуге
болмайды. Екiншiден, өткен ғасырдың 80-жылдарынан бастап қазақ халқының
ұлттық сана-сезiмiнiң оянуы басталып, қалың бұқара халық өзiнiң төл
мәдениетiмен қайта қауышады, сондай-ақ мұндай үрдiстердiң көп ұлтты ортада
да орын алғаны баршаға мәлiм.
1996 жылы А.А.Асанқановтың арнайы бағдарламасы бойынша Тараз қаласында
жүргiзiлген этносоциологиялық зерттеулер ұзын саны 1000 респонденттi
қамтып, И.М.Ақылбаеваның “Тараз қаласындағы қазақтардың қазiргi кезеңдегi
тұрмысы мен мәдениетi” атты диссертациялық жұмысының негiзгi дерек көзiне
айналады. Бұл жұмыста мәдени-бұқаралық ақпараттың негiзгi тетiгi болып
табылатын мәдениет базасы мен бiлiм беру жүйесiнiң қазiргi жағдайы, ұлттық
мәдениеттiң қайта жаңғыру кезеңi баяндалады. Әсiресе, автордың қала
тұрғындарының мәдени өмiрiнде болып жатқан оң өзгерiстермен қатар, олардың
рухани құндылықтарды игеруiне терiс әсер етiп отырған факторларды анықтауға
тырысуы қатты қуантады [14].
Сондай-ақ, бұл ғылыми бағыт Алматы мен Тараз қалаларының тұрғындары
арасында жүргiзiлген этносоциологиялық сауалнаманың материалдарын өз
еңбектерiнiң арқауы еткен С.Х.Шалғынбаеваның зерттеулерiне де тән. Автор,
дәстүрлi отбасылық рәсiмдердi қарастыру барысында басты назарды тек
дәстүршiлдiк пен жаңашылдыққа ғана аударып қоймай, сонымен бiрге қалада
тұратын қазақ тұрғындарының этномәдени ерекшелiктерi мен әлеуметтiк-мәдени
келбетiне де ерекше тоқталып кетедi [15].
Өткен ғасырдың соңғы онжылдығында республика аймақтарының мәдени
өмiрiне байланысты бiрқатар кандидаттық диссертациялар қорғалды. Мәселен,
М.К.Тiлеужанованың зерттеуi Орталық Қазақстанды, Г.Б.Сүлейменованың
iзденiсi Батыс Қазақстанды, ал Г.Ө.Оспанованың жұмысында Қазақстанның бiраз
облыстары қамтылады [16]. Зерттеулердiң хронологиялық шеңберi ХХ ғасырдың
70-90 жылдарын қамтиды және бұл жұмыстардың барлығына ортақ нәрсе, олар
таза тарихи-мұрағаттық және статистикалық материалдарға сүйене отырып
жазылған. Онда, қарастырып отырған өлкенiң мәдени ортасы, мәдени-ағарту
мекемелерiнiң материалдық-техникалық базасы, ағарту жұмыстары-ның әдiстерi
мен түрлерi баяндалады. Сондай-ақ, орта және бастауыш кәсiби бiлiмдi
ұйымдастыру тәжiрибесi сарапталып, көркем шығармашылықтың қоғамның рухани
өмiрiндегi орны мен маңыздылығына тоқталады, осы бағыт төңiрегiнде қол
жеткiзiлген жетiстiктерге және керiсiнше кемшiлiктерге талдау жасалады.
Қарастырып отырған мәселе, сондай-ақ белгiлi дәрежеде тарихшы-
демограф, әлеуметтанушы, фәлсафашы, саясаттанушы ғалымдардан бастап
журналистерге дейiнгi гуманитарлық саланың әр түрлi ғылыми бағытындағы
зерттеушiлердi де қызықтырып отыр. Елiмiз егемендiгiн жариялағалы берi
отандық қоғамтанушы ғалымдар республика тұрғындарының рухани өмiрiн
зерттеудi бастап кеттi. Бүгiнде, тоталитарлық жүйе кезiнде орын алған
“жабық” немесе “тыйым” салынған тақырып пен сiресiп қалған немесе таңдаулы
бiр нақты ғылыми бағыт жоқ. Қазiргi қоғамдық санаға ескiнi қайта бағалау
мен идеологиялық ойлардан арылу тән.
Республика халқының, оның iшiнде Оңтүстiк Қазақстандағы қала және ауыл
тұрғындарының ұлттық құрамы мен әлеуметтiк дамуындағы әр түрлi мәселелердi
жете түсiну үшiн отандық тарихшы-демографтардың нақтылы зерттеулерiне
түпкiлiктi зер салу қажет. Қазiргi кезеңдегi әлеуметтiк және
этнодемографиялық процестердi зерттеумен айналысып жүрген ғалымдардың
арасынан Ф.Н.Базанова, М.Б.Тәтiмов, М.Х.Асылбеков, В.В.Козина, Ә.Б.Галиев,
А.Н.Алексеенко және т.б. ғылыми iзденiстерiн ерекше атап кеткен жөн [17].
Алайда, бұл жұмыстардың арасында, мәселен А.Н.Алексеенконың iзденiсiнен
бiзге мәлiм болған мәлiметтердi қайталаумен болған Н.З.Такижбаеваның
монографиясы сияқты бiрқатар зерттеулер бар. Бұл жұмыста автор республика
мен оның жекелеген аймақтарының этнодемографиялық дамуын баяндау барысында
сандық мәлiметтер мен статистикалық көрсеткiштерге шамадан артық тоқталып,
даму тенденцияларына сараптама мен талдау жасауды мақсат тұтпайды [18].
Бiрiншi бөлiмдi қарастыру барысында көп ұлтты бiлiм беру жүйесiн
арқау еткен Р.Ж.Кадысованың жұмысы, оқытушы кадрларды дайындау туралы
Г.К.Ахметованың зерттеуi, 1970-1990 жылдары республика мен оның
облыстарында қазақ бала-бақшаларының жағдайы бойынша С.Г.Батибаеваның
iзденiсi белгiлi дәрежеде қызығушылық туғызады [19]. Бұл жұмыстарда
республика-дағы қазақ, орыс және аралас мектептер мен мектепке дейiнгi
мекемелердiң тарихи, әлеуметтiк және педагогикалық дамуы тарихи-
педагогикалық тұрғыда қарастырылады, сонымен қатар елiмiзде педагогикалық
кадрлардың қалыптасуы мен оларды дайындаудың ерекшелiгi көрсетiлiп, ұлттық
мектептердiң дамуы, олардың құрылымы, материалдық-техникалық жабдықталуы,
оқу-тәрбие процесiндегi жетiстiктер мен кемшiлiктер жан-жақты қаралады.
Сондай-ақ, бiлiм беру саласында мемлекеттiң қызметi мен жүргiзiлiп отырған
реформалардың концепциялары баяндалады.
Сонымен қатар, бұл мәселе бойынша Қазақстан Республикасының Мәдениет,
ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң Мәдениет жөнiндегi
Республикалық ғылыми орталығының ғалымдары мен мамандары тарапынан бiрқатар
еңбектер жарияланды, атап айтқанда: қазiргi замандағы көркем мәдениет
бойынша М.Х.Балтабаевтың монографиясы және Д.Исабеков пен Е.Б.Имамбектiң
редакциялық басшылығымен екi ғылыми жинақ жарық көрдi [20]. Онда, бiртұтас
әдiстемелiк нұсқауды негiзге ала отырып тарихи-мәдени дәстүрдi қазiргi
заманның нақты кедергiлерiмен байланыстыруға және республиканың мәдени
кеңiстiгiндегi жағдайды ғылыми болжауға әрекет жасалады. Нақты мәлiметтерге
сүйене отырып жергiлiктi жерлерде, оның iшiнде әсiресе ауылды аймақтарда
әлеуметтiк-мәдени инфрақұрылымды дамыту бойынша алуан түрлi мекемелер мен
ғылыми кеңселердiң жұмысы көрсетiледi.
Қазақстандағы Иран Ислам Республикасының Мәдениет жөнiндегi
өкiлдiлiгiнiң басшысы, иран дипломаты Мехди Санаи, өзiнiң естелiк кiтабын
қазақ халқының қазiргi замандағы мәдениетiне, оның iшiнде бiз зерттеп
отырған оңтүстiк өңiрге арнайды [21]. Бұл кiтапта ұлттық рухтың қайта
жаңғыруы мен дәстүрлi ақындар сайысы айтыс туралы, сондай-ақ басқа да
қызықты этнографиялық мағлұматтарды кездестiруге болады. Ол, қарастырып
отырған қазақ халқының қоғамдық және мәдени өмiрiнде телевизия мен басқа да
бұқаралық коммуникация құралдарының айрықша рөлiне арнайы тоқталады. Сондай-
ақ, автор бiздiң елiмiздiң мәдениет саласында өтпелi кезеңде орын алған
кемшiлiктерге түсiнiстiкпен қарайды. Парсылық саяхат күнделiктерiнiң
жанрында жазылған бұл кiтапқа автордың жоғары кәсiби шеберлiгi, әдептiлiктi
сақтауы, қазақ халқына деген құрмет пен достық сезiмi тән.
Республикамызда отандық баспасөз, телевизия мен радиохабар секiлдi
бұқаралық коммуникация құралдары тақырыбы бойынша бiрқатар көкейтестi
еңбектер жарияланды. Отандық БАҚ ел тұрғындарын әлемде, республикада және
оның жекелеген аймақтарында болып жатқан соңғы жаңалықтармен жедел
ақпараттандырып отыратын негiзгi құрал болып табылады. Бұл мәселе бойынша
республика өңiрлерiн, оның iшiнде Оңтүстiк Қазақстан аймағын қамтыған
зерттеулерде, кiтап авторлары қол жеткiзiлген табыстармен қатар, елiмiздiң
бұқаралық ақпарат құралдары саласында орын алып отырған қазiргi жағдайды
шынайы түрде оқырманға жеткiзуге талпыныс жасайды.
Мұндай жұмыстардың санатына Н.О.Омашев, Т.М.Көпбаев, Р.Сағымбековтiң
- радиохабар [22], М.Барманкулов, Г.Ж.Ибраева, К.Ж.Тұрсын,
Ә.Ә.Молдабековтiң - телевизия [23], Р.А.Нұртазина, А.Т.Байдәулетов,
Ә.Ғ.Игенсартовтың - баспасөз [24], А.Сәрсенбаев, Д.Н.Назарбаева,
Б.О.Исабаевтың - бұқаралық ақпарат құралдарына арналған жұмыстарын [25],
сондай-ақ Е.Летягина, К.С.Смаилов пен Е.Салимбаевтың басылымдық еңбектерiн
жатқызуға болады [26]. Осы зерттеулерде Қазақстанның мемлекеттiк ресми
ақпарат құралдарымен қатар, олармен ашық бәсекеге түсiп отырған тәуелсiз
жекеменшiк БАҚ-тың қызметi де сөз болады. Сондай-ақ, қазақ тiлдi
баспасөздiң нарық жағдайындағы даму мәселесi де назардан тыс қалмайды. Бұл
тұрғыда елiмiзде мемлекеттiк тiлде жұмыс iстейтiн бұқаралық ақпарат
құралдарының отандық бұқаралық коммуникация нарығында тек екiншi сатыда
тұруының келеңсiз себебiн анықтауға әрекет жасаған С.Исмаилованың iзденiсi
ерекше тоқталуды қажет етедi. Ол қоғамда айтылып жүрген пiкiрлердi сараптай
келе, қазақ тiлiнде жарыққа шығатын мерзiмдi басылымдардың беделiн көтеру
жолдарын iздестiруге тырысады [27].
Егер, нақты қарастырып отырған аймаққа келетiн болсақ, Оңтүстiк
Қазақстан мен Жамбыл облысындағы мәдени құрылыстың даму тарихы
Ж.Д.Дәдебаев, А.Б.Әлмаханова, Г.А.Бибатырова, Ж.Боданов, Ж.А.Аралбаев [28]
сынды ғалымдардың еңбектерiнде де кең көрiнiс тапқан. Қарастырып отырған
аймақтың мәдени құрылысы мен даму тарихын зерттеуде бұл авторлар қыруар
жұмыс атқарды. Аталмыш зерттеулердiң арасынан осы аймақтағы алғашқы мәдени-
ағарту мекемелерiнiң даму тарихы жайында тың деректер кездестiруге болады.
Түркiстан қаласының 1500-жылдығы мен Тараз қаласының 2000-жылдығына
арналған салтанатты мерейтойлар, қарастырып отырған тақырыптың
тарихнамасында елеулi iз қалдырды. Мәселен, Түркiстанның мерейтойына арнап
кiтаптар, жинақтар, мерзiмдi басылымдарда сан алуан мақалалар, сондай-ақ
қарастырып отырған мәселе бойынша аймақтық тұрғыда жаңа құнды мәлiметтердi
қамтыған “Түркiстан” атты халықаралық энциклопедия жарыққа шықты [29].
ЮНЕСКО-ның шеңберiнде Тараз қаласының 2000-жылдық мерейтойының
өткiзiлуiне орай 2002 жылдың сәуiр айында М.Х.Дулати атындағы Тараз
мемлекеттiк университетiнде “Көне және қазiргi Тараз: тарихы және
әлеуметтiк-экономикалық дамуының болашағы” атты тақырыпта ұйымдастырылған
Республикалық ғылыми-практикалық конференция болып өттi. Онда мiнбеден сөз
сөйлеген М.Қ.Қойгельдиев, Т.О.Омарбеков, К.М.Байпақов және басқа да
ғалымдардың баяндамалары, қарастырып отырған мәселе бойынша үлкен
қызығушылық тудырды [30].
Сонымен, жоғарыда қарастырып өткен тарихнамалық шолу төмендегiдей
қорытынды жасауға мүмкiндiк бердi. Бiрiншiден, республика аймақтарындағы
этномәдени процестер кешендi түрде зерттелмеген. Екiншiден, мәдени ортаның
өзгеруi, мәдениеттiң материалдық базасы, бiлiм беру жүйесiнiң дамуы секiлдi
күрделi мәселелер арнайы зерттеулердiң нысанасы болмаған. Зерттеу тақырыбы
бойынша отандық тарихнаманы қарастыру барысында, елiмiзде этносоциологиялық
тұрғыда республика тұрғындарының рухани сұранысы мен этномәдени бағдарын
қарастырып өткен жұмыстардың саны некен-саяқ екенi анықталды. Сондықтан,
бұл мәселе, бүгiнгi таңда өзектi және оны зерттеу ғылыми iзденiстiң маңызды
бағыты болып табылады.
Жұмыстың мақсаты мен мiндеттерi. Нақты тарихи-этнологиялық, оның iшiнде
этносоциологиялық материалдар мен ел арасынан жиналған деректерге сүйене
отырып Оңтүстiк Қазақстан мен Жамбыл облысының ауылды жерiнде тұратын
қазақ және салыстырмалы түрде басқа ұлт өкiлдерiнiң (өзбек, түрiк, орыс
және т.б.) мәдени бағдары мен рухани құндылықтарды игеру ауқымын анықтау
және олардың арасында мәдениеттiң таралу деңгейiн көрсету диссертациялық
жұмыстың басты мақсаты болып табылады. Сондай-ақ, салыстырмалы материал
ретiнде жұмыстың кейбiр бөлiмдерiнде Түркiстан қаласында жүргiзiлген
этносоциологиялық зерттеулердiң мәлiметтерiн ұсынуды жөн көрдiк.
Көзделген мақсатты жүзеге асыру үшiн, iзденушiнiң алдына мынадай
мiндеттер қойылды:
-ауылдың мәдени ортасында болып жатқан елеулi өзгерiстерге талдау
жасау;
-ауыл тұрғындарының мәдени құндылықтарды игеру ауқымын бақылау;
-ауыл мәдениетiнiң бүгiнгi материалдықi-iтехникалық базасын қарастыру;
-бiлiм беру жүйесiнiң даму деңгейiн көрсету;
-мәдени дамудың негiзгi тетiгi ретiнде ауыл тұрғындарының бiлiм
деңгейiнiң өсуi мен әлеуметтiк-кәсiби құрамының өзгеруiн талдау;
-ауыл тұрғындарының көркем әдебиетке әуестiгiн, музыкалық талғамын,
театр, кино мен мұражай салалары бойынша мәдени бағдарын айқындау;
-ауыл тұрғындарының мәдени дамуында бұқаралық ақпарат құралдарының
орнын анықтау;
-қазақтың дәстүрлi отбасылық рәсiмдерiне тоқталып, оның оңтүстiк
өңiрге тән ерекше қасиеттерiн ашып көрсету;
-ауыл тұрғындарының арасында қоғамдық және дiни рәсiмдердiң қайта
жандануына тоқталып, оның мән-мағынасын ашу.
Диплом жұмысының құрылымы кiрiспе, екі бөлiм, қорытынды, пайдаланған
әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.
І. МӘДЕНИ ОРТАНЫҢ ӨЗГЕРУI

1.1 Ауыл мәдениетiнiң материалдық базасы

Елiмiзде алғаш рет бой көтере бастаған мәдени нысандардың қалыптасып
даму жолы сан қилы қарама-қайшылықтарға толы тарихи кезеңдерден тұрады.
Өткен тарихымызға қысқаша көз жүгiртетiн болсақ, алып Еуразия жерiн билеп-
төстеген Патшалық Ресей қарамағындағы бодан халықтардың мәдениетi мен
өнерiнiң емiн-еркiн өмiр сүрiп дамуына тосқауыл жасап отырған. Қазан
төңкерiсiнiң нәтижесiнде ел тiзгiнiн қолына алған Кеңес өкiметi халықтар
мен таптар арасында қордаланған сан түрлi олқылықтардың орнын толтыру мен
теңсiздiктердi жою iсiнде талай маңызды iстер атқарды. Атап айтсақ, қысқа
мерзiм iшiнде сауатсыздық жойылды, бiлiм беру жүйесiнiң негiзi қаланды,
мәдени-ағарту мекемелерi мен бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысы
жанданды.
Алайда, Кеңес үкiметiнiң бiржақты саясаты, одақтас республика
халықтарының дәстүрлi мәдениетiн, тiлi мен өнерiн дамытуды жоспарламады.
Партияның тiкелей нұсқауымен, қазақ халқының елдiкке, теңдiкке үндейтiн
талай мәдени мұрасы тарих сахнасынан бiржолата ысырылып тасталды. Әсiресе,
қазақ халқының ана тiлi, дiнi, дәстүрi мен салты ауыр жапа шектi, ұлттық
рухтың тамырына балта шабу саясаты партияның негiзгi ұстанымы болды.
Халықтың кәсiби мәдениетi мен дәстүрлi өнерi бiрдей қысымға ұшырады.
ХХ ғ. 80-жылдарының соңына қарай Кеңес Одағы ыдырай бастады.
Демократиялық қайта жаңарулардың нәтижесiнде одақтас республика
халықтарының ұлттық сана-сезiмi оянды. Тұралап қалған дәстүрлi ұлттық
мәдениетi мен ұмытыла бастаған ана тiлiн қайта түлету қалың бұқара халықтың
мүддесiне айналды. Ендi, туған елiнiң тарихын, әдебиетi мен өнерiн жаңаша
ұғыну қажеттiлiгi туды. Қоғамдағы қайта құрулар ауылдағы мәдени ортаның
мазмұнын өзгерттi.
Дегенмен, қала мен ауылдың мәдени өмiрi бiр-бiрiмен салыстыруға
келмейдi. Қалалар көпшiлiгiнде алуан ұлтты болып келсе, ал ауылдар әдетте
бiр ұлтты болып келедi. Егер, ауылды жерде дәстүрлi ұлттық мәдениеттiң
белгiлерi басым болса, ал қалада сан алуан халықтардың сан қырлы
мәдениетiнiң нышандарын кездестiруге болады. Қалада жоғары оқу орындары,
ғылыми мекемелер, театр, филармония, көрмелер және т.б. сол сияқты сан қилы
мәдениеттi құру және тарату құралдарының бай қоймасы шоғырланған болса, ал
ауылды жерде бұл мүмкiншiлiктер шектеулi [31].
Бүгiнде, ауылды жерге мәдениеттi тасымалдаушылардың iшiнде мерзiмдi
баспасөз, радио мен телевизия секiлдi бұқаралық ақпарат құралдарының
мәртебесi өсiп отыр. Бiрақ олардың хабарлары ауыл тұрғындарының барлық
сұранысы мен мұқтаждығын толық өтеп отыр деп айту артық болар едi. Әдетте,
олар ауыл тұрғындарының ақпараттық сұранысын қанағаттан-дырады, ал мәдени
бағдары түпкiлiктi қалыптасып болған адамдарға, одан да жоғары рухани
азықтың қажет екенi анық. Болашақта, тек бұқаралық ақпарат құралдары
тарататын хабарларды меңгеруде ғана ауылдың қаламен теңесуге мүмкiндiгi
бар, ал қалған түрлi мәдени-танымдық ақпараттарды тарататын құралдарға
келер болсақ, ауыл қаланың жайқалған мәдени ортасына жауап ретiнде, тек
тозығы жеткен мектебi мен оңтайландырудан аман қалған клубы мен
кiтапханасын ғана қарсы қоя алады [32].
Зерттеу барысы, ауылдағы мәдени ортаның даму деңгейi тiкелей сол елдi
мекеннiң алып жатқан жер көлемiне де байланысты екенiн көрсеттi. Ауылды
жерде мәдениет мекемелерiнiң бiртектi шоғырланбауы мәселенiң басты түйiнi
бола алмайды. Көп жағдайда, қоныстың алып жатқан аумағына қарап, оның
мәдени ортасының деңгейiн аңғаруға болады. Әдетте, елдi мекеннiң көлемi
артқан сайын, ондағы мәдени ортаның (мектеп, кiтапхана, клуб және т.б.)
ауқымы мен жабдықталу дәрежесi жоғары болады [33].
Байланыс құралдарының, оның iшiнде көлiк пен жол саласының бiр қадым
iлгерi дамуы ауыл тұрғындарының қалаға келiп, осындағы мәдени ортамен
тiкелей байланыс жасап тұруына мүмкiндiк жасады, әрi бұл болашақта қала мен
ауыл тұрғындарының мәдени деңгейiн теңестiрудiң бiрден-бiр жолы болмақ.
Әдетте, қоғамда болып жататын осындай құбылыстар рухани өмiрдiң мазмұнын
анықтауға көмектеседi [34].
Бүгiнде, әр түрлi мақсатта ауылдан қалаға қарай сапар шегiп отыру
күнделiктi құбылысқа айналған. Әдетте, қалаға жақын орналасқан ауыл
тұрғындарының орталыққа жиi барып тұруын, олардың әлеуметтiк-кәсiби
дәрежесi мен жас-шамасы анықтайды. Сонымен қатар, барлық ауылдардың
мүмкiндiгi бiрдей болмайды. Мәдени қызмет көрсететiн негiзгi орталықтардан
шалғай жерде орналасқан ауыл тұрғындары жергiлiктi жерiнде көрсетiлетiн
қарапайым қызмет түрлерiмен ғана шектелуге мәжбүр.
Ерте балалық шақтан бастап балаларды күрделi есептердi шешуге
машықтандыру мен оларға тiл үйрету сияқты шәкiрттердi дайындаудың жаңа
жүйесiне көшу, мектепке дейiнгi мекемелердiң маңызын арттырады. Себебi,
балалық шақ, баланың бойында жалпы адамдық және жеке қасиеттердi
қалыптастыратын адам өмiрiндегi ең тиiмдi кезең болып табылады. Ал,
мектепке дейiнгi мекемелер баланың жан-жақты үйлесiмдi дамуына жағдай
жасайтын ең қолайлы орын.
Өткен ғасырдың 70-80-жылдары елiмiздiң ауылды жерiнде мектепке дейiнгi
мекемелердiң өсiмi қарқынды жүрдi. Ауылдағы бала-бақшалардың үлес салмағы
артты. Алайда, елiмiздiң саяси-экономикалық бағытының елеулi өзгерiстерге
ұшырауы салдарынан, кейiнгi жылдары бұл мекемелердiң саны күрт азайып
кеттi.
Республика экономикасындағы өзгерiстер, мектепке дейiнгi мекемелердiң
ахуалына керi әсер еткенi белгiлi. Ел экономикасының нарық жағдайына көшуi,
көптеген кәсiпорындар мен мекемелердiң дәрменсiздiгiн көрсеттi, нәтижесiнде
олар өз қамқорлығындағы бала-бақшаларды ұстап тұру мүмкiндiгiнен айрылып
қалды. Республиканың ауылды жерiнде тек 1997-1999 жылдар аралығында 143
бала-бақша жабылды, ондағы тұрақты балалар саны 6,6 мың бүлдiршiнге
қысқарды. Өкiнiшке орай, республика бойынша 1,5 миллион баланың мектепке
дейiнгi мекемелерге баруға жағдайы жоқ, олардың 70% мектепке дайын болмай
келедi [34]. Жергiлiктi органдардың қаржылай мүмкiндiктерiнiң шектеулi
болуына байланысты, мектепке дейiнгi мекемелердi олардың құзырына беру
шаралары жеткiлiктi дәрежеде жүзеге аспады.
Жабылып қалған мектепке дейiнгi мекемелердiң ғимаратын сауда
ошақтарына беру жағдайы жиiлеп кеттi. Сонымен қатар, бала-бақшалардың
қысқаруына елдегi экономикалық жағдайдың өзге де керi құбылыстары әсер етiп
отыр, олар: бала-бақша қызметi үшiн алынатын төлемақының өсуi, жұмыс
орындарының қысқаруы, әсiресе ауылды жерде тұратын жұмысшылардың еңбек
ақысы кешiктiрiлiп берiледi, соның салдарынан бала-бақшаның қызмет ақысы да
кешiктiрiлiп төленедi.
Қалаға қарағанда ауылды жерде ұйымшылдық жақсы дамыған, бiрнеше
ұрпақты жанұялар көп, сондай-ақ тұрғындар арасында туыстық қарым-
қатынастардың бауы берiк болғандықтан, бұл келеңсiздiктер оларды қатты
толғандырмайды. Халық дәстүрi бойынша, тiптi кеңестiк дәуiрдiң өзiнде де
бұл жерде нәрестелер мен мектеп жасына дейiнгi балалар өздерiнiң үлкен
бауырлары мен ата-әжелерiнiң қарауында болды. Ал, көп балалы-шағалы отбасы-
ның балалары, әдетте туған анасының бақылауында болды. Бұл ой-
түйiндерiмiздiң шынайылығын ауылда жүргiзiлген этносоциологиялық
зерттеулердiң материалдары да растап отыр. Мәселен, қарастырып отырған
аймақтағы мектепке дейiнгi балалардың 80,0% өзiнiң этникалық тәндiлiгiне
қарамастан өз шаңырағында тәрбиеленедi екен.
Бұл жерде ауылдық және қалалық жерлерде тұратын ата-аналар мен
балалардың мүдделерiн ескеретiн бiрқатар жағдайлармен санасу қажет. Егер
қалада, екеуiде жұмыс iстейтiн ата-аналардың үйiнде зейнеткерлiк жастағы
әке-шешелерi болмаса, онда олар өзiнiң мектеп жасына дейiнгi балаларын бала-
бақшаға орналастырады, әлде бала бағушы жалдауға немесе оларды белгiлi бiр
жасқа жеткенге дейiн аулындағы ата-аналарының қамқорлығына беруге мәжбүр
болады. Ал, ауылды жерде мұндай қиындық жоқ, баланың әлеуметтену барысы
қалыпты жағдайда өтедi. Бала өмiрiнiң алғашқы сатысы (сәбилiк және алғашқы
балалық шағы), яғни туылған күнiнен бастап 3 жасқа дейiнгi аралықта, олар
қаладағы нәрестелер секiлдi өз үйiнде тәрбиеленедi. Бұл жерде осы жас
аралығындағы балаға қатысты орындалуға тиiстi барлық әдет-ғұрыптар мен салт-
дәстүрлер жасалады (шiлдехана, бесiкке салу, қырқынан шығару, тұсау кесу
және т.б.). Мұндай ұлттық рәсiмдер Қазақстанның өзге де аудандарында,
сондай-ақ Орта Азия, Кавказ, Сiбiр және Едiл бойындағы басқа да түркi
тiлдес және мұсылман халықтарында орындалады, бұл жайында бiрқатар арнайы
зерттеулерде жақсы баяндалған [35].
Балалықтың алғашқы кезеңi деген шартты атаумен белгiлi балалық
өмiрдiң екiншi сатысында (3 жастан 7 жасқа дейiнгi аралық) үлкендер
балаларын дәстүрлi әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерге, ұлттық мәдениетке
жақындастырады, яғни арнайы бағытталған әлеуметтендiру iс-шараларын
жүргiзедi. Жас баланың ұлттық мәдениетке енуi, кейiнгiнiң оған әсерi,
баланың өзiн-өзi мәдени тұрғыда анықтауы секiлдi сан алуан мәселелер
көптеген шетелдiк авторлардың зерттеулерiнде кең көрiнiс тапты [36]. Бұл
жас аралығында баланы сүндетке отырғызады, тiптi тоталитарлық тәртiп
жылдары ресми өкiмет тарапынан бұл мұсылмандық дәстүрге қанша тыйым
салынғанымен, ол өзiнiң тiршiлiк етуiн тоқтатқан емес. Бiздiң
материалдарымыз бойынша, баланы сүндеттеу, оның өмiрiндегi ең шешушi
сәттердiң бiрi, исламның бұл қағидасы орындалғаннан кейiн, баланы ер
азаматтардың қатарына жатқызатын болған. Баланың құрметiне арнап жасалатын
сүндет той, мәндiлiгi жағынан жас-жұбайлардың үйлену тойынан кейiнгi барлық
отбасылық мерекелердiң iшiндегi ең iрiсi болып табылады, мұндай жағдай Орта
Азияның өзге де республикаларына тән [37]. Елiмiздiң басқа аймақтарымен
салыстырғанда Оңтүстiк Қазақстан облысында сүндет той кең көлемде атап
өтiледi. Кешкi тойға шақырылатын қонақтардың саны бiрнеше жүз адамды
құрайды, олардың әрқайсысы тойға заттай және ақшалай сыйлықтар алып келедi.
Осы жас аралық сатының шеңберiнде, сүндет тойдан кейiн жасалатын соңғы
рәсiм “ашамайға мiнгiзу” немесе бүгiнде “ұл тойы” деген атпен белгiлi
баланы алғаш рет аттың үстiне мiнгiзу рәсiмi орындалады. Бұл тойға да
келетiн қонақтардың саны көп болады, алып келiнетiн сыйлықтардың көлемi де
алғашқысынан кем түспейдi. Сәл ертеректе, Оңтүстiк Қазақстан облысының
құрамында болған, қазiргi Тәшкен облысы Бостандық ауданының қазақтары
арасында “ұл тойының” кең таралғандығы жөнiнде Н.Ж.Шаханованың еңбегiнде
кездестiруге болады [38].
Мектепке дейiнгi балалардың әлеуметтену мәселесiне тағы бiр рет
тоқтала кеткенде мына нәрсенi айта кеткен жөн. Халық дәстүрi бойынша, әйел
тек үй шаруашылығымен және бала тәрбиесiмен айналысуы керек деген әбден
қалыптасып қалған пiкiр бар. Бiрақ, қазiргi әйелдердiң көпшiлiгi қоғамдық
өмiрге белсене араласып, отбасылық тұрмыстың шеңберiнде шектелгiсi
келмейдi. Түркiстан ауданында тұратын респонденттерге: “Егер отбасыңыздың
әл-ауқаты жақсы болған жағдайда және әйелiңiз тапқан табыстың еш қажетi жоқ
болған жағдайда, әйелдiң жұмыс iстегенi қажет па, әлде тек бала тәрбиесiмен
айналысып, үйiнде отырғаны жөн ба ?”-деп қойған сұрағымыз, осы үрдiстiң
бiрден-бiр көрiнiсi болып табылады.
Түрлi жыныстық және жас-аралық топтағы респонденттердiң бұл мәселеге
байланысты берген жауаптары да әр алуандығымен ерекшеленедi. Мәселен, орта
жастағы қазақтардың арасында екiншi жауапты қалайтындарының саны басым
(51,2-66,7%), ал ерлер мен әйелдердiң жасы ұлғайған сайын олардың арасында
бiрiншi жауапты қалайтындарының, яғни еркек-асыраушы, ал әйел-үй ошағының
қамқоршысы деген пiкiрдi ұстанатындарының қатары арта түседi. Меркi
ауданының ауыл қазақтары арасында жүргiзiлген этносоциологиялық
зерттеулердiң материалдары да осыны көрсеттi, ал осы аудандағы түрiк
ұлтының өкiлдерi арасында кейiнгi жауапты ұстанушы респонденттердiң қатары
65,9% дейiн жеттi.
Бүгiнде, елiмiздiң барлық өңiрлерiнде тығырықтан шығудың жолы
iздестiрiлiп жатыр. Жекелеген мектепке дейiнгi мекемелердi ата-аналарының
қалауы бойынша бiр немесе бiрнеше, әлде ешқандай тамақсыз жартылай жұмыс
күндiк етiп ұйымдастыруға болады. Сондай-ақ, қосымша ақылы қызмет
көрсететiн коммерциялық топтардың санын көбейтiп, жұмысын жандандыру тиiмдi
болып отыр. Жаңадан ашылып келе жатқан жекеменшiк мектепке дейiнгi
мекемелерге қолдау көрсету қажет, ол үшiн қаңырап бос тұрған бала-
бақшалардың ғимаратын пайдалануда жеңiлдiктер қарастырып, коммуналдық төлем
ақының көлемiн мемлекеттiк мекемелердiң төлем ақысымен теңестiру қажет.
Дегенмен, Жамбыл облыстық бiлiм беру департаментi жақын арада мемлекеттiк
мектепке дейiнгi мекемелердiң санын бiршама өсiрудi жоспарлап отыр [39].
Егер, ауыл отбасы көп бала-шағалы болатындығын ескерсек, онда ауылды
жерде мектепке дейiнгi мекемелердiң жүйесiн кеңейтiп, ондағы жағдайды
жақсарту ауыл тұрғындарының өмiр сүру салтын жетiлдiру жолындағы ең маңызды
iстердiң бiрi болатыны анық. Баланы тәрбиелеу кезiндегi барлық машақатты өз
мойнына алатын мектепке дейiнгi мекемелер, әйел затын үй шаруашылығынан
босатады, олардың қоғамның мәдени өмiрiне белсене араласуына түрткi болады,
нәтижесiнде әйелдердiң қоғамдық сана-сезiмi мен рухани мәдениетiнiң өсуiне
жағдай тудырады.
Халықтың мәдени өмiрiнде мектептiң жетекшi орын алатыны баршаға мәлiм.
Қазақстанның 50-жылдары жалпы жетi жылдық бiлiм алуға көшуi, 60-жылдары
сегiз жылдыққа, ал 80-жылдардың басында жалпы орта бiлiмге өтуi, бұл салада
қол жеткiзген басты табыстардың бiрi болып табылады. Бiлiм алуды мiндеттi
ету КСРО халықтарының мәдени өмiрiндегi маңызды жетiстiктердiң бiрi болды.
1980-81 оқу жылының басында Оңтүстiк Қазақстан облысының 902
мектебiнде 395,3 мың оқушы оқыды, ал ондағы мұғалiмдер саны 23,6 мыңды
құрады. 1986-87 оқу жылында бұл көрсеткiш 915-412,8-30,1 мыңға дейiн өстi.
1994-95 оқу жылы облыстағы мектеп саны - 996-ға, оқушылар саны - 437,9
мыңға және мұғалiмдер саны - 42,4 мыңға жеттi, оның iшiнде ауыл мектептерi
813-тi немесе облыстағы барлық мектептердiң 81,6% қамтыды, оқушылар саны -
284,0 мыңды (64,9%) және мұғалiмдер саны 30,3 мыңды (71,5%) құрады. Демек,
олардың негiзгi бөлiгi облыста тұратын 1 млн. 85 мың адамды немесе барлық
халқының 59,3% құрайтын ауыл тұрғындарына тиедi [40].
2001-2002 оқу жылында Оңтүстiк Қазақстан облысының 952 мектебiнде
506079 оқушы оқыса, оның iшiнде 774 ауыл мектебiнде 322415 оқушы оқыды,
яғни ауыл оқушылары облыстағы барлық оқушылардың 63,7% құрап отыр, ал облыс
көлемiнде ауыл мектептерiнiң үлес салмағы 81,3% тең болып отыр. Осы 774
ауыл мектебiнiң 503-i орта, 145-i негiзгi және 126-сы бастауыш мектеп екен.
1995-1996 оқу жылымен салыстырғанда облыс мектептерi 1,8% кемiдi, ал Жамбыл
облысының күндiзгi мектептерi нақ осы уақыт аралығында керiсiнше 2,4% өседi
[41].
Қазақстанда тұратын әрбiр ұлт өкiлiне, қалаған тiлiнде бiлiм алуға
құқық берiлген. Бұл - мемлекеттiң бiлiм саласында ұстанған басты
бағыттарының бiрi. Нәтижесiнде, республикамызда ұлттық мектептер санының
анағұрлым артқанын аңғаруға болады. Ұлттық мектептерде дәрiс алатын әрбiр
бала өзiнiң ана тiлiн еркiн меңгерумен қатар, халқының асыл мәдени мұрасын
терең игеруге мүмкiндiк алады. Елiмiздегi тұрғындардың этникалық сұранысын
ескере отырып, балаларды оқыту 7 тiлде жүргiзiледi [42]. Егер 1980-81 оқу
жылы Жамбыл облысындағы барлық 415 мектептердiң 46,9% - қазақ, 18,5% -
орыс, 0,5% - өзбек және 34,1% - аралас тiлдi мектептер болған болса, ал
1999-2000 оқу жылы олардың пайыздық көрсеткiшi осы облыста 61,0%-6,5%-0,5%-
32,0%-ға тең болды. Демек, кейiнгi жылдары қазақ мектептерi мен ондағы
оқушылардың тұрақты өсiмi байқалып отыр. Мәселен, Жамбыл облысындағы ұлты
қазақ балаларының 91,4% өз ана тiлiнде дәрiс алады [43].
Жалпы бiлiм беретiн мектептердiң жоғары өсiмiне қарамастан, әсiресе
нарық заманының алғашқы жылдары мектепке бөлiнетiн қаржы көлемi едәуiр
қысқарып, олардың материалдық-техникалық базасына қатты нұқсан келтiрiлдi.
Өкiнiшке орай, қаржы тапшылығына байланысты ауыл мектептерiнiң пәндiк
кабинеттерi дұрыс жабдықталмай отыр, жаңа заман талабына сай оқу-көрнекi
құралдары жетiспейдi.
Бiлiм беру ошақтарын оқу және оқу-әдiстемелiк құралдарымен қамтамасыз
ету шаралары маңызды мiндеттердiң бiрi болып табылады. Алайда, осы мақсатқа
жұмсалатын қаржы көлемiнiң жетiспеуi, министрлiк пен баспа арасындағы
келiсiм шарттың бұзылуына алып келiп жатады, нәтижесiнде екi жақтың өз
мойнына алған мiндеттемелерi орындалмай басылымның мүлдем тоқтап қалуына
әкеп соғуда. Мұндай жағдай ТМД-ның өзге де мемлекеттерiнде кездеседi [44].
Бүгiнде, республика әлемдiк стандарттарға сәйкестендiрiп жаңа сапалы
оқулықтар әзiрлеп жатыр. Әсiресе, оқу барысы қазақ тiлiнде жүретiн
мектептерге арнап даярланған оқулықтар мен әдiстемелiк құралдар жоғары
сараптаудан өтедi. Әлi күнге дейiн, Жамбыл облысының түрлi сынып
оқушыларының “Атамұра” баспасының жаңа буын оқулықтарымен қамтамасыз етiлуi
бiркелкi емес. Бастауыш сынып оқушыларының 85,5-116,0%, 5-9 сынып
оқушыларының 65,0-82,2%, сондай-ақ 10-11 сынып оқушыларының 40,9-77,9% ғана
осындай оқулықтармен қамтылған [45].
Ауылдағы зиялы қауым өкiлдерiнiң негiзгi бөлiгiн қарапайым мектеп
мұғалiмдерi құрайды. µстаз болу - ауылдағы ең беделдi жұмыстардың бiрi.
Кейiнгi жылдары ауыл мұғалiмдерiнiң жалақысы бiршама өсiп, уақтылы
берiлетiн болды. Ауыл мектептерiн бiтiрушiлер арасында, әсiресе
педагогикалық мамандықтарға сұраныс жоғары болып тұр. Себебi, 90-жылдардың
басында ауылдағы әлеуметтiк жағдайдың құлдырап кетуiнiң салдарынан,
көптеген жоғары бiлiмдi ұстаздар ауылды тастап, қалаға көшкен болатын.
Егер, 1988-1989 оқу жылы Оңтүстiк Қазақстан облысының ауылды жерiнде жоғары
бiлiмдi ұстаздар қатары барлық ұстаз санының 70,6% құраған болса, ал 2000-
2001 оқу жылы жоғары оқу орнын бiтiрген мұғалiмдердiң қатары 66,6% дейiн
қысқарған. Әсiресе, шет тiлiнен сабақ беретiн ұстаздар қауымы ауылды жерде
жетiспейдi. Мәселен, Жамбыл ауданында 3 және Жуалы ауданында 5 мектепте шет
тiлi пәнi жүрмейдi. Қордай ауданына қарасты 8 мектепте 6 пәннен сабақ
өтiлмей отыр.
Қазiргi кезде, ауылдың бiлiм беру мекемелерi балаларды мектепке толық
қамту мәселесiне айрықша көңiл бөлiп отыр. Жамбыл облысының 19 елдi
мекенiнде бiлiм беретiн мектептер мүлдем жоқ, 53 елдi мекен орта және
негiзгi мектеппен қамтамасыз етiлмеген. Сондықтан да облыста ара қашықтығы
3 шақырымнан астам жерде орналасқан 45 елдi мекеннiң 2070 баласын, орта
мектебi бар 29 елдi мекеннiң мектептерiнде оқуын жалғастыруы үшiн көлiк
ұйымдастырған. Оңтүстiк Қазақстан облысында түрлi жағдайға байланысты 21
бала оқуға тартылмай отыр. Мектебi жоқ 46 елдi мекеннiң 2275 баласын басқа
ауылдың мектептерiне тасымалдап оқыту мәселесi толық шешiлмеген. Мектепке
бармайтын балалардың көпшiлiгi, ол әлеуметтiк жағдайы төмен отбасының
балалары [46].
Өкiнiшке орай, бүгiнгi ауыл мектебiнiң жағдайы 1962 жылғы деңгейге
дейiн төмендеген. Ауылдық 75 мектепте 5-8 сыныптар бiрiктiрiлiп оқытылса,
52 мектепте 10-11 сыныптардың оқушылары бiрiгiп дәрiс алады. Қазiргi ауыл
мектебiнiң қажеттi құрал-саймандармен жабдықталу дәрежесi сын көтермейдi.
Ауылдық мектептерге бюджеттен бөлiнетiн қаржының 77% жалақы мен әлеуметтiк
салыққа, 10% коммуналдық қызмет көрсетуге жұмсалса, шаруашылық қажетiне,
ғимарат пен жабдықтарды ағымдық жөндеуден өткiзуге небәрi 2%-дай ғана ақша
бөлiнедi [47].
Қарастырып отырған қос облыстың жалпы бiлiм беретiн орта мектептерiнде
әлi де шешiлмеген мәселелер жеткiлiктi, дегенмен мұндай келеңсiздiктермен
тек елiмiздiң оңтүстiгi ғана емес, сондай-ақ бүкiл республика, тiптi
бұрынғы КСРО-ның басқа да мемлекеттерi ұшарасып отыр. Қазiргi бiлiм берудiң
керi тұстарына мыналар жатады: мектеп оқушыларының шынайы өмiрден
хабарсыздығы мен бейiмсiздiгi; мектеп бiтiрушiлерiнiң бiлiм деңгейi мен
дайындығының төмен болуы, сондай-ақ келешекте ақылы оқуды төлей алмау
қаупi, оларды орта кәсiптiк немесе жоғары оқу орындарына түсу мүмкiндiгiнен
айырады, нәтижесiнде олар әлеуметтiк-психологиялық күйзелiске ұшырап
жатады. Тiптi, арнайы бiлiм алған күннiң өзiнде, олардың көпшiлiгi жұмысқа
орналасу кезiнде бiраз қиындық көрiп, өмiр шындығымен бетпе-бет келуге
мәжбүр болады. Бүгiнгi нарық заманы, бiлiм берудiң озық тәжiрибесiне
сүйенген бiлiм алу жүйесiн құруды талап етедi, ендiгi жерде бiлiм беру
жүйесiнде басқарудың авторитарлық-бюрократтық әдiстерiнен арылып,
демократиялық бастауларды iске асыру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лирикалық проза
Қазақ халқының ұлы ақыны
Шығарманың мазмұны мен пішіні жайлы
Бір сөзінде
Шығарманың мазмұны мен пішіні жайлы мәлімет
Абай дана Абай дара
Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931)
Сөз байлығының толығу арнасы - сол тілдің сөзжасау жүйесі
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес
Жүсіпбек Аймауытов қазақ әдебиеті мен мәдениетінде ақын, прозаик, драматург, әнші, журналист-публицист, сазгер, ғалым, психолог ретінде танылады
Пәндер