Қазақ тіліндегі антропонимдердің лингвомәдени жүйесі



Кіріспе
1 Қазақ антропонимдерінің әлеуметтік мәні.
1.1 Этноантропонимдердің қалыптасуының әлеуметтік.мәдени негізі
1.2 Лақап есімдері мен фамилиялар
1.3 Топонимдік жүйесіндегі антропонимдердің, эпонимдердің, генетопонимдердің әлеуметтік мәні
2 Қазақ антропонимдерінің лингвомәдени мәні
2.1 Қазақ эпосындағы кісі аттары
2.2 Прецеденттік антропонимдер
2.3 Араб.парсы тілінен енген антропонимдер
2.4 Сакральді (киелі) антропонимдер
3 Қыпшақ.половец есімдерінің этномәдени сипаты
3.1 Орыс жылнамаларындағы түркі текті есімдердің әлеуметтік мәні мен тарихи.этимологиялық сипаты
3.2 Этнонимдер мен антропонимдердің сабақтастығының түркітану мен қазақ тіл біліміндегі дәйектелуі
3.3 Түркі тектес есімдер мен орыс фамилиялары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиет тізімі
Кіріспе

Қазіргі қазақ қоғамындағы ерекше маңызды сипатқа ие болған ұлттық мүдделі мақсаттың бірі ­ халық рухын, оның өзегі - мәдениетті жаңғырту.
Көрнекті мәдениеттанушы ғалымдардың пікірінше, «мәдениет-адамның ақыл-ойы мен еңбегі жемісінің тізбектері, дәлірек айтқанда, материалдық және рухани құндылықтар жүйесі» (Э.Тэйлор); «мәдениет- дүниенің бөлшектері болып саналатын рухани көріністерді бейнелейтін тіл, миф, өнер, дін және т.б. негізде құрылатын семиотикалық жүйе» (Ю.Лотман). Осымен байланысты мәдениеттің таңбалық негізі тіл арқылы көрініп, рәміздік жүйедегі ұлттың психологиялық түрімен, сакрализация тәсілімен сипатталады. Бұл арада тіл ­ тек коммуникативтік құрал емес, сонымен бірге адам болмысының, оның мәдениетінің көрінісі. Өйткені мәдениетің этнотаңбалық белгісі тілден тыс көріне алмайды. Осыған орай мәдениетпен сабақтастықта қарастырылатын тіл тек денотативті коммуникация құралы ғана емес, сонымен бірге коннотативті (белгілі бір әлеуметтік мәдени, танымдық мәні бар) құрал.
Демек, тіл бірден бір коммуникативтік құрал ғана емес, тілдік қарым-қатынас негізінде мәдениетті де анықтайтын кешенді ұғым ретінде мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының өзекті арқауын құрайды.
Соның ішінде мәдениеттің коммуникативтік, мұрагерлік табиғатына сәйкес оның ашық жүйе ретінде сақталуы, кейінгі ұрпаққа жетуі, жаңғыруы, танымы, оның игерілуі, жетілуі тіл арқылы іске асатыны қазіргі тіл білімінің антропоөзектік бағыттағы зерттеулерінде нақты дәйектелуде.
Қазақ тіл біліміндегі тіл мен мәдениет сабақтастығына негізделген қағидаға сәйкес жүргізіліп жатқан зерттеулерде мәдениеттің өзі метатіл деп анықталып, оның коммуникативтік, кумулятивтік, әлеуметтік қызметтерін талдауға қазақ тіл білімінде ерекше назар аударылуда. Осы тұрғыдан қарағанда, мәдениет метатілін этномәдени негізде сипаттайтын өзекті арнаның бірі ­ жалқы есімдердің (антропонимдердің) лингвомәдени, әлеуметтанымдық жүйесі.
Зерттеудің өзектілігі
Тарихи дереккөздердегі, эпостық жырлар мен фольклордағы, фразеологиялық, паремиологиялық, прецеденттік жүйедегі тілдік деректердің ұлт санасындағы ізін анықтау мәселесі - қазіргі тіл біліміндегі антропоцентристік бағыттағы зерттеулердің негізгі арқауы.
Осымен байланысты ұлт пен тіл, ұлт пен мәдениет сабақтастығын қарастыратын үрдіс тіл табиғатын зерттеуде жаңа сапаға көтерілуде.
Соның ішінде тарихи этникалық үрдісті сипаттайтын, рухани - тарихи ақпарат көзінің бірі ­ антропонимдер жүйесін лингвомәдени, әлеуметтанымдық тұрғыдан анықтаудың мәні ерекше. Бұл тек лингвистикалық жаңғырту емес, этномәдени сипаттағы тарихи танымымыздың да көкжиегін кеңейтпек. Осымен байланысты қазіргі қазақ қоғамындағы ұлттық сананың жаңа деңгейде жаңғыруы, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне байланысты қызметінің жандануына қатысты ұлттық мүддеге сәйкес тілдің этномәдени және әлеуметтік қызметін айғақтайтын, деректейтін, дәйектейтін негіздері қатарынан қазақ антропонимдерінің лингвомәдени жүйесі де орын алуы тиіс.
Зерттеудің нысаны:
Қазақ антропонимдерінің тарихи-мәдени, әлеуметтік қызметін сипаттайтын лингвомәдени бірліктер.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері
Қазақ тілінде ұлттың этникалық сипатын айғақтайтын тілдік деректер аз емес. Солардың бастысының бірі - тарихи ономастика. Атап айтқанда ру, тайпа, ел тарихын зерттеуде батырлар жыры, әртүрлі сипаттағы тарихи шығармалардың мазмұнындағы этнонимдік, антропонимдік, топонимдік атаулардың ұлт болмысын тану үшін маңызы зор. Осы кезге дейін ол деректер көбіне поэтикалық жүйе шеңберінде немесе тарихи-лингвистикалық, лексикологиялық құрылымға қатысты қарастырылған. Антропонимдердің мәнін, олардың этномәдени табиғатына тереңдеу арқылы тарихи сабақтастықта анықтау бұл зерттеудің негізгі мақсатын айқындайды.
Осымен байланысты зерттеудің бағыты мынадай міндеттердің шешілуін қажет етті:
- түркітану мен қазақ тіл біліміндегі ономастика жүйесінің, антропонимия саласының зерттелуіне тарихи-лингвистикалық сипаттағы ғылыми шолу жасау;
- қазақ антропонимдерінің ұлттық табиғатын анықтаудың лингвомәдени, әлеуметтанымдық бағытына мән беру. Оның жалпы тіл білімі, түркітану мен қазақ тіл біліміндегі теориялық-әдістанымдық негізін сипаттау;
- эпостық жырлардағы, мақал-мәтелдердегі, фразеологиялық және прецеденттік жүйедегі, көркем мәтін кестесіндегі антропонимдердің тілдік қолданысын лингвомәдени сипатта түсіндіру;
- этноантропонимдердің тарихи-этникалық үрдіспен сабақтастығын нақты этнодеректерді талдау арқылы дәйектеу;
- қазақ тіліндегі антропонимдердің лингвомәдени негізінің көне түркі, қыпшақтық сабақтастығын оның орыс жылнамаларындағы деректерімен салыстыру арқылы анықтау, кей тұстарда этимологиялық талдаулар жүргізу.
Зерттеудің әдістері мен тәсілдері:
Тарихи-салыстырмалы, сипаттама, этнолингвистикалық әдістер.
Зерттеудің теориялық мәні
Кешенді сипатта қарастырылған, тіл арқылы рухани көздерден жинақталған тарихи-этникалық үрдісті қоғамдық ой, этникалық сана мен оның тілдік бейнесі аясында алып, этникалық дереккөз ретінде қарастырғанда ғана қазақ тарихы мен мәдениеті соны тілдік мәліметтермен дәлелденеді. Осы тектес нақты зерттеулер қазақ тіл білімінің тарихи ономастика, этноантропонимика, лингвомәдениеттану, әлеуметтану саласының теориялық-әдістанымдық, дәйектемелік тұғырын қалыптастыруға өз дәрежесінде үлес қоса алады.
Зерттеудің практикалық мәні.
Зерттеудің нәтижелері жоғары оқу орындарының филология факультеттерінде тарихи лексикология, ономастика салаларының ғылыми курсы бойынша дәрістерде, лингвомәдениеттану, этнолингвистика, этноантропонимика бойынша арнайы курстар жүргізуде, сөздік жасау тәжірибесінде қолданыла алады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- антропонимдер этнотаңбалы, этномазмұнды лингвомәдени жүйе ретінде қарастырылды;
- кейінгі заманда туған көркем мәтіндердің кестесіне кірігіп, белгілі бір функционалдық, әлеуметтік, этнотанымдық жүк арқалаған антропонимдердің қолданысы түсіндірілді;
- қазақ антропонимдерінің этнотаңбалық тілінің түркілік негізі көнетүркілік, ортатүркілік ескерткіштермен қатар орыс жылнамаларындағы деректермен салыстыру арқылы анықталды. Соның нәтижесінде кейбір этимологиялық талдаулар жасалынды;
- зерттеу нысанына сәйкес паремиологиялық, прецеденттік, фразеологиялық және көркем мәтін деректері талданып, жинақталып, олардың құрамындағы антропонимдердің қолданысы мен қызметіне лингвомәдени сипаттама берілді.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
- лингвомәдени жүйеде анықталатын қазақ тіліндегі антропонимдер - көне дәуірлерден этникалық ақпарат жеткізетін тарихи, мәдени және рухани әлеуметтік құбылыс;
- осы жүйеге кіретін этноантропонимдердің этномәдени және тарихи болмысында түрлі этнос және этникалық топтардың тарихи тегі мен жағырафиялық қозғалысы көрініс табады;
- антропонимдер - әртүрлі ұлттық ассоциацияларға меңзейтін ұлттық символдарға айналып, қазақтың ұлт ретіндегі біртұтастығын, бүтіндігін сипаттайтын, ұлттық арқаудың бірі;
- қазіргі қазақ тіліндегі антропонимдердің мазмұнында этномәдени сипаттың сақталуы мен жалғасуы, жаңғыруы оның ұлттық-ұжымдық сүрсананың терең қатпаларында жасырынып жатқан мәдени архетиптердің тілдік бейнеде сақталған этнотаңбасы екенін көрсетеді;
- антропонимдер, соның ішінде этноантропонимдер - тарихи-этникалық, лингвомәдени, әлеуметтанымдық тарихи этникалық дереккөз.
Жұмыстың мақұлдануы мен жариялануы
Зерттеудің негізгі мазмұны мен нәтижелері төменгі ғылыми теориялық және ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндалды: «Білімді жетілдіру мәселесі және даму үрдісі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы (Қарағанды, қараша, 2003), «Қазіргі кезеңде мамандандырылған білім беру мәселесінің дамуы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы (Қарағанды, маусым, 2004), «Қазіргі қазақ әдебиеті тарихын оқыту мен зерттеу мәселелері» атты ғылыми теориялық конференция (Алматы, ақпан, 2006). Жұмыстың мазмұны бойынша А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі Институты жанындағы «Лингвистикалық жұма» атты ғылыми әдістемелік семинар (2006 мамыр).
Диссертацияның негізгі ғылыми тұжырымдары ғылыми басылымдарда 6 мақала түрінде жарияланды.
Зерттеу жұмысының құрылымы
Диссертациялық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Пайдаланған әдебиеттер

1 Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы. –Алматы, Ана тілі, 1999. – 141 б.
2 Ахметов Ә. Түркі тілдеріндегі табу мен эвфемизмдер. Доктор. дисс.
авторефераты. –Алматы, 1995. – 8 б.
3 Хасенов Ә. Тіл білімінің теориялық және практикалық мәселелері.
– Алматы, Мектеп, 1985. –66 б.
4 Саадиев Ш.М. Основные правила выбора имен для новорожденных (по
азербайджанской антропонимии) //Личные имена в прошлом, настоящем, будущем. Проблемы антропонимики. – Москва: Наука, 1970. – С. 185-187.
5 Жанузаков Т.Дж. Лично-собсвенные имена в казахском языке.
Автореферат дисс. кан. филол. наук. –Алма-Ата, 1960. – С. 56, 45.
6 Самойлович А.Н. Заветные слова в языке казак-киргизкой замужней
женщины //Жиавя старина. –Петроград, 1915. – С. 151.
7 Самойлович А.Н. К вопросу о наречии имен у турецких племен //
Жиавя старина. От этнографии, СПБ, 1911 вып 2 – С. 29.
8 Никонов В.А. Имя и общество. –Москва: Наука, 1974 –С. 56.
9 Сепир Э. Избранные труды по языкознанию и культурологи. Москва:
Наука, 1999. – С. 98
10 Мусаев К.М. Лексикология тюрских языков. – Москва: Наука. 1984. –
С. 205.
11 Идрисов А. Кыргыз тилиндеги ысымдар. – Фрунзе, 1971. –17-37 б.
12 Джанузаков Т.Дж. Основные проблемы ономастики казахского языка:
Автореф. дисс. доктора филол. наук. – Алма-Ата, 1976. –С. 15-24.
13 Саттаров Г. Ф. Некоторые вопросы татарской антропонимии.//
Вопросы истории философии и педогогики. – Казань, 1965, –вып. 1.
14 Гордлевский В.А. К личной ономастики у османцев. – изб. соч.
Москва, 1968. Т 4, –С. 131-136.
15 Гарипов Г.М. О древних кыпчакских именах в антропонимии башкир //
Ономастика Поволжья. – Уфа, 1973, –вып 3.
16 Валиханов Ч. Избранные произведения. – Алма-Ата, Т. 1, 1958. – С.17
17 Манкеева Ж. Мәдени лексиканың ұлттық сипаты. – Алматы, Ғылым,
1997. –282б.
18 Фон Гумбольдт В. Язык и философия культуры. – Москва: 1985. С.349
19 Воробьев В. Лингвокультурология. Теория и методы. – Москва:РУДН,
1997. – С. 37.
20 Маслова В. Введение в лингвокультурологию. – Москва: Наследие,
1997. С. 8.
21 Смағұлова Г. Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық мәдени
аспектілері. – Алматы, Ғылым, 1998. –196 б.
22 Cалқынбай А. Тарихи сөзжасам. – Алматы, Қазақ университеті, 1999.
– 309 б.
23 Алдашева А. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени
мәселелері. – Алматы, Арыс, 1998. –215б.
24 Сейсенова А. Лингвистикалық мәдениеттану: этикет формаларына
салстырмалы талдау. Филол. ғылым. дисс. Авторефераты. – Алматы, 1998. –22 б.
25 Снасапова Г. Ғ.Мүсіреповтың «Ұлпан» повесіндегі лингвомәдени
бірліктер. Филол. ғылым. канд. дисс. – Алматы, 2003. –22 б.
26 Қайдаров Ә. Қазақ тілінің тарихи лексикологиясы: проблемалары мен
міндеттері. // Қазақ тілінің тарихи лексикологиясының мәселелері. – Алматы, Ғылым, 1988. –34б.
27 Фон Гумбольдт В. Избранные труды по языкознанию (перевод с немец.
языка). – Москва: 1984. –С. 10.
28 Азадовский М. История русской фольклористики 2-х томах – Москва:
Учпедгиз, 1963. Т 2 . –С.60.
29 Г.Б.Мадиева Теория и практика ономастики. – Алматы: Қазақ
университеті, 2003, – С. 28-29.
30 Энгельс Ф. Семьяның, жекеменшіктің және мемлекеттің шығуы.
– Алматы, 1967. 47-49 б.
31 Мұхаммедова З.Б. Исследование по истории туркменского языка XI-
XIV вв. – Ашхабад, 1973. – С. 45
32 Бегметов Э. Антропонимика узбекского языка. – Ташкент, 1965 –С. 18.
33 Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Алматы, 1977 82 б.
34 Аманжолов С. Қазақ тілі теориясының негіздері. –Алматы, 2002, 368 б.
35 Мұсабаев Ғ. Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан. Алматы, – 1966.
36 Панзарбекова Р.Қазақ тіліндегі жануарлар төлінің атауы. Филол.
ғылым. дисс. Авторефераты. –Алматы, 1998. –18 б.
37 Жанпеисов Е. Этнокультурная лексика казахского языка (на
материалах произведений М.Әуезова). – Алма-Ата: Наука, 1989. – 175 б.
38 Жанұзақов Т.Ж. Қазақ есімдерінің тарихы. – Алматы: Ғылым, 1988.
–140б.
39 Жубанов К. Исследования по казахскому языку. - Алма-Ата, 1966. 98 б
40 Жұбанов Е. Қазақтың ауызекі көркем тілі. –Алматы: Ғылым, 1996.
–126 б.
41 Олшанский И.Г., Кириллина А.В. Гендер: лингвистические аспекты.//
Филологические науки. 2000, №3. – С. 133
42 Абдрахманова Т.М. Қазақ, орыс, неміс тілдеріндегі лақап есімдерінің
ерекшелігі // Тілтаным, 2004, № 4, –129 б.
43 Митрошкина А.Э. Бурятская антропонимия. –Новосибирск. 1987, –С. 3.
44 Махпиров В.У. Имена далеких предков. – Алматы, 1997, – С. 302.
45 Т.Жанұзақ, Қ.Рысберген. Қазақ ономастикасы. Жетістіктері мен
болашағы. –Алматы, 2004. –43–44бб.
46 Толковый словарь русского языка //под ред. Д.И.Ушакова. Москва.,
ОГИЗ, 1935. т.1, С. 83, 164.
47 Жанұзақов Т.Ж. Қазақ есімдерінің тарихы. – Алматы: Ғылым, 1988.
–140б.
48 Кенжебаев Б. Бүркеншік аттар сыры. – Алматы, 1965. – 75 б.
49 Мурзаев Э.М. Тюрские географические названия. –Москва, 1996.С. 153
50 Рысбергенова К. Историко-лингвистический анализ топонимов.
Южного Казахстана. – Алматы:Гылым, 2000. – С. 58
51 Лотте Д.С. Изменение значений слов как средство образования научно
техничских терминов. //Известия АН ССР. Отдел технических наук. Москва, 1941. т.6 – С. 27
52 Шубов Л.И. Практическая транскрипция и эпонимические термины.
//Топонимика и транскрипция. – Москва, 1964. – С. 16
53 Жартыбаев А.Е. Орталық Қазақстан топонимиясының тарихи–
лингвистикалық, этимологиялық және этномәдени негіздері. Док. дисс. Алматы, 2006. 63 б.
54 Маслова В.А. Лингвокультурология. Учебное пособие. Москва:
Искусство, 2001, С. 76.
55 Воробьев В.В. Лингвокультурология (теория и методы). Москва,
РУДН, 1997. – С. 251
56 Снасапова Г. Ғ.Мүсіреповтың «Ұлпан» повесіндегі лингвомәдени
бірліктер. Филол. ғылым. канд. дисс. –Алматы, 2003. –8-18 бб.
57 Е.А. Керімбаев Казахская ономастика в этнокультурном номинативном
и функциональном аспектах. – Алматы:Санат, 1995. – С. 28.
58 Махмұтова А. Эпиграфиялық мұраларды зерттеу тарихынан. Алматы,
1971. –34 б.
59 Суперанская А.В. Имя собственное – в языке или обществе. – Москва:
Наука., 1988. – С. 26-32.
60 Колшанский Г.В. Некоторые вопросы семантики языка в
гносеологическом аспекте. //Принципы и методы семантических исследований. – Москва:Наука, 1976. – С.81.
61 Юркенас Ю.К. Онимизация апеллятивов и развитие индоевропейских
антронимических систем. Автореф. дисс... д-ра филол. Наук. Москва, 1979. – С. 48
62 Жанузаков Т. Очерки казахской ономастики. –Алматы: Наука, 1987.
63 Тілеубердиев Б. Қазақ ономастикасының лингвокогнитивтік
аспектілері. – Алматы:Арыс, 2006. – 81 б.
64 Досжанов Б.Ә. Қазақ тіліндегі көне түлғалы антропонимдер: филол.
ғыл. канд. дис. автореф. – Астана., 2001. – 24б.
65 Жанұзақов Т.Ж. Қазақ тіліндегі жалқы есімдер. –Алматы, 1965.
66 Досмұхамедұлы Х. Аламан. –Алматы: Ана тілі, 1991. –176 б.
67 Бөкейханов Ә. Қара қыпшақ Қобланды .// Қазақ 1915. –126-129 б.
68 Әуезов М. Әдебиет тарихы. –Алматы: Ана тілі, 1991. –240 б.
69 Қоңыратбай Т. Эпос пен этнос. Алматы:Ғылым, 2000. 43,45б,596 106
70 Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. –Алматы: Жазушы 1985, –368 б
71 М.Қашқари Түрік сөздігі 2-т –Алматы: Ханат 1997. –75 б
72 Қоңыратбаев Ә. Қазақтың лиро-эпосы Қазақ әдебиетінің тарихы.
Фольклор 1-т. Алматы: Қазақ ССР ҒА , 1948. –45 б
73 Жұбанов Е. Эпос тілінің өрнегі. –Алматы: Ғылым, 1978, –175 б
74 Қоңыратбаев Ә. Құба сөзі-тарих көзі. –Ана тілі. 1992, 23сәуір (№16)
75 Ыбраев Ш. Қорқыт және шаманизм //Қорқыт Ата. Энциклопедиялық
жинақ. –Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1999. –595 б
76 Иманбердиева С. Прецедентті атаулардың менсонимдерде қолданылуы
//Тілтаным, 2002. №2, – 90-94 б.
77 Әуезов М. Тарихи өлеңдер //Абылай хан. – Алматы, 1993. – 150 б.
78 Нұрмұханов А.Түркі фразеологиясы. –Алматы, Ғылым, 1998. –149- 151
79 Батырлар жыры. –Алматы: Жазушы, 1986. 1-т. –264 б
80 Қортабаева Г.Қ. Соматикаға қатысты сатиралық юморлық
поэтноимдердің тілдік табиғаты. Академик Ә.Т Қайдар және тіл білімінің мәселелері. – Алматы: Дайк Пресс 2004. –36 б.
81 Мұсабаев Ғ. Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан. І бөлім.
Алматы,1968. – 79 б.
82 Курышжанов А. Исследование по лексике «Тюрско-арабско
словаря» Алма-Ата: Наука, 1970. С. 76-223
83 Ағабекова Ж. Қазақ тілінде қалыптасқан араб текті кісі аттарының
этнолингвистикалық сипаты. Филол. ғылым. дисс. Авторефераты. –Алматы, 2005. –10-25 бб
84 Абду Салам Мухаммад Бадауи. Асмаул Хусна. Каир, 1998. 51 б.
85 Халифа Алтай. «Құран-Кәрім» қазақша баламасы. 59-сүре, 22-24
аяттар.
86 Мустафина Р.М. Представленя культуры, обряды у казахов. Алма-Ата:
Қазақ университеті, 1992. 176
87 Сманов Ұлыбек. Әуелі құдай, әруақ. Шымкент, 1997. 187 б.
88 Кармышева Ж. Земледельческая обрядность у казахов //Древние
обряды, верования и культы народов Средней Азии. –Москва:Наука, 1986. –С.47
89 Керімбаев А. Қазақ тіліндегі сакральді атаулардың
этнолингвистикалық сипаты. Филол. ғылым. канд. дисс. –Алматы, 2007. –34
90 Ыбраев Ш. Қорқыт және шаманизм //Қорқыт Ата. Энциклопедиялық
жинақ. –Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1999. –595 б
91 Ғабитхан Қ. Наным-сенімге байланысты қазақ тілінде тұрақты
тіркестер. Алматы, 1995
92 Қазақ әдебиетінің тарихы. – Алматы, 1998. – 276 б.
93 Сулеменов О. Тюрки до истории (о происхождении
древнетюрских языков и писменностей) Алматы: Атамұра, 2002. –С. 24-31.
94 Тлепин Б. Мал шаруашылығына қатысты лексиканың
этнолингвистикалық табиғаты (қой-ешкі атаулары негізінде) Филол. ғылым. канд. дисс. –Алматы, 1997. –91-94бб.
95 Қобланды батыр. Қазақ халқының батырлық эпосы. –Алматы: Рауан.,
1958. –205
96 Бес ғасыр жырлайды. №1 т. Алматы:Жазушы, 1984. –254
97 Копыленко М.М. Основы этнолингвистики. Алматы. 1997. С.45
98 М.Қашқари Түрік сөздігі 2-т –Алматы: Ханат 1997. –75 б
99 Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. Алматы:Ана тілі, 1998. –196
100 Тюркская ономастика. Алма-Ата:Наука, 1984. Баскаков Н.А.
«Имена половцев и названия половецких племен в русских летописях» –С. 75
101 Плетнева С.А. Половцы. –Москва:Наука, 1990 – С. 60
102 Арғынбаев Х., Мұқанов М., Востров В. Қазақ шежересі хақында.
– Алматы:Атамұра, 2000. – 372 б.
103 Баскаков Н.А. Тюркизмы-энонимы в «Слове о полку Игореве».
Сов.тюркология. 1982 №5
104 А.Әбдірахманов Қазақстан этнотопонимикасы. –Алматы: Ғылым,
1979. 67-93 б.
105 Гумилев Л.Н. Древние тюрки. – Москва:Наука 1967. – С.123
106 Панзарбеков Ө., Алтаев Б. Түрк және көк түрк. – Алматы:
Қазақпарат, 2000. 108 б.
107 Конов А.Н. Родословная туркмен. – Москва, 1958. – С.84
108 Қашқари М. Диван лугат түрк. Т.1 – Ташкент, 1960. – С. 456.
109 Бартольд В. Киргизы. 1934. – С.36
110 Востров В. Муканов М. Родо-племенной состав и расселение казахов.
Алма-Ата, 1968
111 Рашид-ад-дин. Сборник летописей, т-1, кн.1 С.126
112 Бичурин Н.Я. Собрание сведений о народах обитавших в
Средней Азии в древние времена. Алматы, 1998. т-1. С. 30.
113 Ахинжанов С.М. Кыпчаки в истории средневекового Казахстана.
Алматы:Ғылым, 1995.
114 Северотян Э.В. Этимологический словарь тюрских языков.
Москва: Наука, 1974. – С.364
115 Антропонимика. Сборник статей. – Москва., 1970. – С. 178
116 Кляшторный С.Г. Древнетюрские рунические памятники.
Москва, 1964. –С. 105.
117 Добродомов И.Г. О Половецких этнонимах в древнерусской
литературе. – В кн. тюркологический сборник. Москва, 1975.
118 Қашқари М. Диван лугат түрк. Т.1 – Ташкент, 1960. – С. 456.
119 Древнетюрский словарь. Лененград:Наука, 1969. С. 469
120 Гуейнзаде Ч.М Об этимологии некоторых древнетюрских
антропонимов, зафиксированных в арабских писменных памятниках среднивековья. – Алма-Ата:Ғылым, 1990 – 291 б.
121 Конкашпаев Г.К. Географические название монгольского
просхождения на территории Казахстана. //Изв.АН Каз ССр. Серия филология и искусствоведение. – Вып. №1. Алматы, 1959. – 304.
122 Қашқари М. Түбі бір түркі тілі («Диуани луғат ит түрк»). Алматы: Ана
тілі, 1993. 25-29б.
123 Қазақ Совет Энциклопедиясы. –Алматы, 1975. Т VI
124 Сыздыкова Р. Язык Жами-ат Тауарих Жалари. – Алма-Ата, 1989.
73 б.
125 Қазақстан тарихы том–1. Алматы:Атамұра, 1996. – 425–427 б.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 108 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ тіліндегі антропонимдердің лингвомәдени жүйесі

Кіріспе 3
1 Қазақ антропонимдерінің әлеуметтік мәні. 7
1.1 Этноантропонимдердің қалыптасуының әлеуметтік-мәдени
негізі 18
1.2 Лақап есімдері мен фамилиялар 29
1.3 Топонимдік жүйесіндегі антропонимдердің,
эпонимдердің, генетопонимдердің әлеуметтік мәні 33
2 Қазақ антропонимдерінің лингвомәдени мәні 39
2.1 Қазақ эпосындағы кісі аттары 51
2.2 Прецеденттік антропонимдер 55
2.3 Араб-парсы тілінен енген антропонимдер 63
2.4 Сакральді (киелі) антропонимдер 65
3 Қыпшақ-половец есімдерінің этномәдени сипаты 70
3.1 Орыс жылнамаларындағы түркі текті есімдердің 70
әлеуметтік мәні мен тарихи-этимологиялық сипаты
3.2 Этнонимдер мен антропонимдердің сабақтастығының 74
түркітану мен қазақ тіл біліміндегі дәйектелуі
3.3 Түркі тектес есімдер мен орыс фамилиялары
Қорытынды 95
105
Пайдаланылған әдебиет тізімі 107


Мазмұны

Кіріспе

Қазіргі қазақ қоғамындағы ерекше маңызды сипатқа ие болған ұлттық
мүдделі мақсаттың бірі ­ халық рухын, оның өзегі - мәдениетті жаңғырту.
Көрнекті мәдениеттанушы ғалымдардың пікірінше, мәдениет-адамның ақыл-
ойы мен еңбегі жемісінің тізбектері, дәлірек айтқанда, материалдық және
рухани құндылықтар жүйесі (Э.Тэйлор); мәдениет- дүниенің бөлшектері болып
саналатын рухани көріністерді бейнелейтін тіл, миф, өнер, дін және т.б.
негізде құрылатын семиотикалық жүйе (Ю.Лотман). Осымен байланысты
мәдениеттің таңбалық негізі тіл арқылы көрініп, рәміздік жүйедегі ұлттың
психологиялық түрімен, сакрализация тәсілімен сипатталады. Бұл арада тіл ­
тек коммуникативтік құрал емес, сонымен бірге адам болмысының, оның
мәдениетінің көрінісі. Өйткені мәдениетің этнотаңбалық белгісі тілден тыс
көріне алмайды. Осыған орай мәдениетпен сабақтастықта қарастырылатын тіл
тек денотативті коммуникация құралы ғана емес, сонымен бірге коннотативті
(белгілі бір әлеуметтік мәдени, танымдық мәні бар) құрал.
Демек, тіл бірден бір коммуникативтік құрал ғана емес, тілдік қарым-
қатынас негізінде мәдениетті де анықтайтын кешенді ұғым ретінде мемлекеттік
Мәдени мұра бағдарламасының өзекті арқауын құрайды.
Соның ішінде мәдениеттің коммуникативтік, мұрагерлік табиғатына сәйкес
оның ашық жүйе ретінде сақталуы, кейінгі ұрпаққа жетуі, жаңғыруы, танымы,
оның игерілуі, жетілуі тіл арқылы іске асатыны қазіргі тіл білімінің
антропоөзектік бағыттағы зерттеулерінде нақты дәйектелуде.
Қазақ тіл біліміндегі тіл мен мәдениет сабақтастығына негізделген
қағидаға сәйкес жүргізіліп жатқан зерттеулерде мәдениеттің өзі метатіл деп
анықталып, оның коммуникативтік, кумулятивтік, әлеуметтік қызметтерін
талдауға қазақ тіл білімінде ерекше назар аударылуда. Осы тұрғыдан
қарағанда, мәдениет метатілін этномәдени негізде сипаттайтын өзекті арнаның
бірі ­ жалқы есімдердің (антропонимдердің) лингвомәдени, әлеуметтанымдық
жүйесі.
Зерттеудің өзектілігі
Тарихи дереккөздердегі, эпостық жырлар мен фольклордағы,
фразеологиялық, паремиологиялық, прецеденттік жүйедегі тілдік деректердің
ұлт санасындағы ізін анықтау мәселесі - қазіргі тіл біліміндегі
антропоцентристік бағыттағы зерттеулердің негізгі арқауы.
Осымен байланысты ұлт пен тіл, ұлт пен мәдениет сабақтастығын
қарастыратын үрдіс тіл табиғатын зерттеуде жаңа сапаға көтерілуде.
Соның ішінде тарихи этникалық үрдісті сипаттайтын, рухани - тарихи
ақпарат көзінің бірі ­ антропонимдер жүйесін лингвомәдени, әлеуметтанымдық
тұрғыдан анықтаудың мәні ерекше. Бұл тек лингвистикалық жаңғырту емес,
этномәдени сипаттағы тарихи танымымыздың да көкжиегін кеңейтпек. Осымен
байланысты қазіргі қазақ қоғамындағы ұлттық сананың жаңа деңгейде жаңғыруы,
қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне байланысты қызметінің жандануына
қатысты ұлттық мүддеге сәйкес тілдің этномәдени және әлеуметтік қызметін
айғақтайтын, деректейтін, дәйектейтін негіздері қатарынан қазақ
антропонимдерінің лингвомәдени жүйесі де орын алуы тиіс.
Зерттеудің нысаны:
Қазақ антропонимдерінің тарихи-мәдени, әлеуметтік қызметін сипаттайтын
лингвомәдени бірліктер.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері
Қазақ тілінде ұлттың этникалық сипатын айғақтайтын тілдік деректер аз
емес. Солардың бастысының бірі - тарихи ономастика. Атап айтқанда ру,
тайпа, ел тарихын зерттеуде батырлар жыры, әртүрлі сипаттағы тарихи
шығармалардың мазмұнындағы этнонимдік, антропонимдік, топонимдік атаулардың
ұлт болмысын тану үшін маңызы зор. Осы кезге дейін ол деректер көбіне
поэтикалық жүйе шеңберінде немесе тарихи-лингвистикалық, лексикологиялық
құрылымға қатысты қарастырылған. Антропонимдердің мәнін, олардың
этномәдени табиғатына тереңдеу арқылы тарихи сабақтастықта анықтау бұл
зерттеудің негізгі мақсатын айқындайды.
Осымен байланысты зерттеудің бағыты мынадай міндеттердің шешілуін
қажет етті:
- түркітану мен қазақ тіл біліміндегі ономастика жүйесінің,
антропонимия саласының зерттелуіне тарихи-лингвистикалық сипаттағы ғылыми
шолу жасау;
- қазақ антропонимдерінің ұлттық табиғатын анықтаудың лингвомәдени,
әлеуметтанымдық бағытына мән беру. Оның жалпы тіл білімі, түркітану мен
қазақ тіл біліміндегі теориялық-әдістанымдық негізін сипаттау;
- эпостық жырлардағы, мақал-мәтелдердегі, фразеологиялық және
прецеденттік жүйедегі, көркем мәтін кестесіндегі антропонимдердің тілдік
қолданысын лингвомәдени сипатта түсіндіру;
- этноантропонимдердің тарихи-этникалық үрдіспен сабақтастығын нақты
этнодеректерді талдау арқылы дәйектеу;
- қазақ тіліндегі антропонимдердің лингвомәдени негізінің көне түркі,
қыпшақтық сабақтастығын оның орыс жылнамаларындағы деректерімен салыстыру
арқылы анықтау, кей тұстарда этимологиялық талдаулар жүргізу.
Зерттеудің әдістері мен тәсілдері:
Тарихи-салыстырмалы, сипаттама, этнолингвистикалық әдістер.
Зерттеудің теориялық мәні
Кешенді сипатта қарастырылған, тіл арқылы рухани көздерден жинақталған
тарихи-этникалық үрдісті қоғамдық ой, этникалық сана мен оның тілдік
бейнесі аясында алып, этникалық дереккөз ретінде қарастырғанда ғана қазақ
тарихы мен мәдениеті соны тілдік мәліметтермен дәлелденеді. Осы тектес
нақты зерттеулер қазақ тіл білімінің тарихи ономастика, этноантропонимика,
лингвомәдениеттану, әлеуметтану саласының теориялық-әдістанымдық,
дәйектемелік тұғырын қалыптастыруға өз дәрежесінде үлес қоса алады.
Зерттеудің практикалық мәні.
Зерттеудің нәтижелері жоғары оқу орындарының филология
факультеттерінде тарихи лексикология, ономастика салаларының ғылыми курсы
бойынша дәрістерде, лингвомәдениеттану, этнолингвистика, этноантропонимика
бойынша арнайы курстар жүргізуде, сөздік жасау тәжірибесінде қолданыла
алады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- антропонимдер этнотаңбалы, этномазмұнды лингвомәдени жүйе ретінде
қарастырылды;
- кейінгі заманда туған көркем мәтіндердің кестесіне кірігіп, белгілі
бір функционалдық, әлеуметтік, этнотанымдық жүк арқалаған антропонимдердің
қолданысы түсіндірілді;
- қазақ антропонимдерінің этнотаңбалық тілінің түркілік негізі
көнетүркілік, ортатүркілік ескерткіштермен қатар орыс жылнамаларындағы
деректермен салыстыру арқылы анықталды. Соның нәтижесінде кейбір
этимологиялық талдаулар жасалынды;
- зерттеу нысанына сәйкес паремиологиялық, прецеденттік,
фразеологиялық және көркем мәтін деректері талданып, жинақталып, олардың
құрамындағы антропонимдердің қолданысы мен қызметіне лингвомәдени сипаттама
берілді.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
- лингвомәдени жүйеде анықталатын қазақ тіліндегі антропонимдер -
көне дәуірлерден этникалық ақпарат жеткізетін тарихи, мәдени және рухани
әлеуметтік құбылыс;
- осы жүйеге кіретін этноантропонимдердің этномәдени және тарихи
болмысында түрлі этнос және этникалық топтардың тарихи тегі мен
жағырафиялық қозғалысы көрініс табады;
- антропонимдер - әртүрлі ұлттық ассоциацияларға меңзейтін ұлттық
символдарға айналып, қазақтың ұлт ретіндегі біртұтастығын, бүтіндігін
сипаттайтын, ұлттық арқаудың бірі;
- қазіргі қазақ тіліндегі антропонимдердің мазмұнында этномәдени
сипаттың сақталуы мен жалғасуы, жаңғыруы оның ұлттық-ұжымдық сүрсананың
терең қатпаларында жасырынып жатқан мәдени архетиптердің тілдік бейнеде
сақталған этнотаңбасы екенін көрсетеді;
- антропонимдер, соның ішінде этноантропонимдер - тарихи-этникалық,
лингвомәдени, әлеуметтанымдық тарихи этникалық дереккөз.
Жұмыстың мақұлдануы мен жариялануы
Зерттеудің негізгі мазмұны мен нәтижелері төменгі ғылыми теориялық
және ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндалды: Білімді жетілдіру
мәселесі және даму үрдісі атты халықаралық ғылыми-практикалық
конференциясы (Қарағанды, қараша, 2003), Қазіргі кезеңде мамандандырылған
білім беру мәселесінің дамуы атты халықаралық ғылыми-практикалық
конференциясы (Қарағанды, маусым, 2004), Қазіргі қазақ әдебиеті тарихын
оқыту мен зерттеу мәселелері атты ғылыми теориялық конференция (Алматы,
ақпан, 2006). Жұмыстың мазмұны бойынша А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі
Институты жанындағы Лингвистикалық жұма атты ғылыми әдістемелік семинар
(2006 мамыр).
Диссертацияның негізгі ғылыми тұжырымдары ғылыми басылымдарда 6 мақала
түрінде жарияланды.
Зерттеу жұмысының құрылымы
Диссертациялық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ҚАЗАҚ АНТРОПОНИМДНРІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘНІ

Қазақ тіл білімінде социолингвистика ғылымы тілді зерттеудің бір
саласы ретінде кейінгі кезде қалыптасқаны белгілі, бірақ бұл бағыттың қазақ
тілінде негізі бар екеніне Ахмет Байтұрсынұлының, Қ.Жұбановтың еңбектерінде
назар аударылды. Бүгінгі таңда социолингвистика – (қазақша-әлеуметтік
лингвистика) – тіл білімі, әлеуметтану (социология), әлеуметтік психология
және этнография ғылымдарының қиылысқан жерінде дамитын, тілдің әлеуметтік
табиғаты мен қоғамдық қызметін, әлеуметтік фактордың тілге әсер ету тетігін
және қоғам өміріндегі тілдің қарым-қатынас құралы ретіндегі коммуникативтік
қызметін зерттейтін тіл ғылымының бір саласы ретінде қалыптасты. Осы
тұрғыдан А.Байтұрсыновтың осыдан 85 жыл бұрын тілге берген анықтамасы
социолингвистикалық сипатты деп бағалауға болады: Тіл – адамның адамдық
белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі, - деді [1, 141 б.].
Себебі қоғамдағы тілдің мәні мен қызметін күнделікті өмірден өзінің
ерекше тілдік тұлғалық зердесімен байқаған, сезе білген Ахмет
Байтұрсынұлының тілдің әлеуметтік қызметін айрықша қабылдауы, түйсінуі –
заңды құбылыс. Ал, социолингвистика болса, тіл мен қоғамның өзара
байланысын динамикада, қызмет барысында зерттейді.
Сондықтан да әлемдік социолингвистика ғылымы тілдің даму сипатын үш
бағытта анықтаса, (тілдің таңбалануы (графизация), тілдің жаңаруы
(модернизация) және тілдің қалыпқа түсуі, нормалануы (стандартизация) Ахмет
Байтұрсынұлы тіл дамытарлық осы үш бағытта бірдей қалам тартты.
Осымен байланысты кез келген тілдің лексикалық қорының мәнді бір
қабатын жалқы есімдер құрайды. Оларсыз адамзат қоғамының қарым-қатынас
қызметі іске аса алмайды.
Тіл қызметінің ерекше бір саласы - ономастика. Жалқы есімдердің
жинақтық атауын лингвистикада ономастика дейді де, оны зерттейтін ғылым
ономасиология деп аталады. Ономастика – кез келген жанды және жансыз
заттарды не құбылыстардың есімін зерттейді. Ономастика грек сөзі ономия
(грек тілінде оnomа есім, ат) onomastika - ат қою өнері, яғни атауларды
зерттейтін ғылыми сала. Ономастиканы (кісі аттарын, жер, су, ру, тайпа
аттары т.б.) зерттеудің теориялық-әдістанымдық негіздері мен тілмен
сабақтастықта қарастырылатын ұлттық этномәдени, әлеуметтік сипатын
анықтаудың қажеттілігін В.В.Радлов, В.В.Бартольд, Н.Катанов,
А.Н.Самойлович, С.Е.Малов, Н.К.Дмитриев, А.Н.Кононов, Н.А.Баскаков,
Қ.Жұбанов, І.К.Кеңесбаев, С.Аманжолов, Ә.Қайдар, Т.Жанұзақов,
Ә.Абдрахманов, Е.Жанпейісов, Қ.Рысбергенова, Г.Мадиева, А.Жартыбаев т.б.
ғалымдар өздерінің еңбектерінде жан-жақты көрсетті. Ономастика өз ішінде
бірнеше салаға бөлінеді: топонимика (жер, су, қала атауларын зерттейтін
ғылым), антропонимика (адам аттарын зерттейтін ғылым), этнонимика (ру, ел,
халық аттарын зерттейтін ғылым), зоонимика (хайуандар аттары), гидронимия
(теңіз,өзен, су, көл атауларын зерттейді) т.б.
Түркі тіл білімінде жан-жақты зерттеліп, ғылыми негізі қаланған
ономастиканың күрделі бір саласы – антропонимика. Антропонимика кісі
аттары, әке аты patronim (отчество), фамилиялар, лақап аттар (прозвища),
бүркеншік аттарды (псевдонимы) зерттейтін ономастиканың бір саласы.
Қазақ ономастикасының зерттелу тарихына аналитикалық шолу жасалған
еңбекте бұл саладағы зерттеулер 4 кезеңге бөлінген. Соның ішінде жалқы
есімдерге қатыстылары мыналар:
1 кезең: 1950 – 1970ж.ж. (Т.Жанұзақов Лично-собственные имена в
казахском языке 1961ж; Қазақ тіліндегі жалқы есімдер 1965ж; Қазақ
есімдерінің тарихы 1971ж.)
2 кезең: 1970 – 1990ж.ж. (Т.Жанұзақов Очерк казахской
ономастики 1982ж; Е.Керімбаев Атаулар сыры 1986; Қазақ емісдері 1988;
В.Махпиров Собственые имена в памятнике Х в. Дивану лугат ат-турк Махмуда
Кашгарского 1980ж канд. дисс. )
3 кезең: 1990-2000ж.ж. (В.Махпиров Имена далеких предков 1997;
М.Мұсабаева Қазақ тіліндегі антропонимиялық аталымдардың
этнолингвистикалық сипаты 1995ж канд. дисс.; У.Мусабекова Мотивационный
аспект антропонимов казахского и русского языков 1996 канд. дисс.
Е.Керімбаев Этнокультурные основы номинации и функционирования казахских
собственных имен 1992ж. док. дисс.; К.Головина Сопоставительный анализ
идиоэтнических топонимов и антропонимов русского и казахского языков;
К.Жаппар Эстетические функции имен собственных в поэзии О.Сулейменова
2000ж; ).
4 кезең: ХХІ ғасырдың басы, жаңа кезең (Б.Көшімова Қазақ
лексикасындағы бейонимдену үрдісі 2001ж; Б.Досжанов Қазақ тіліндегі көне
антропонимдер 2003ж; Д.Керімбаев Қазақ фольклорындағы жалқы есімдердің
құрамы мен этнолингвистикалық сипаты, 2004ж; Г.Аубакирова Идиоэтническая
семантика и лингвостилистические функции собственных имен в художественном
тексте 2004; А.Бахамова Уйгурские прозвища и их этнолингвистическая
характеристика 2004; ).
Сонымен бірге ономастикалық лингвокультуремалардың ұлттық мәдени
ерекшеліктерді танытуда атқаратын қызметі ерекше. Себебі ономастика өзінің
бойына лингвистикалық, тарихи, өркениеттік және мәдени деректерді жинаған
ерекше лингвомәдени бірліктер жүйесі болып табылады. Олар халықтың бітім
болмысы мен өмірге қөзқарасынан хабар береді. Айтылған мәселе Т.Жанұзақов,
Қ.Рысбергенова т.б. ономаст-ғалымдардың еңбектерінде арнайы зерттелген.
Қазақтың кең даласы - мәдениет пен тіл бірлігі, әдет-ғұрып, салт-сана
тұтастығының негізі. Мысалы, бұл қөзқарас қазақтардың балаға ат қоюында
өзіндік ерекшеліктерінің бар болмысымен көрінеді. Себебі олар бұл рәсімде
ұлт болмысының барлық этномәдени, әлеуметтік сипатын басшылыққа алып
отырған.
Мысалы, тіл мен сөздің магиялық күшіне сенген олар әдетте қарғыстан,
балаларын мақтаудан қорыққан. Соның нәтижесінде Kүшікбай, Жаманбала,
Салбыр, Қасым, Сағал, Kенесары сынды жалқы есімдер дүниеге келген. Олар
көз тимесін, балам аман болсын деген ырымнан туған болуы керек. Немесе
дүниеге келген балаға Артықбай, Несібелі, Бекенбай Мырзагелді сияқты ат қою
арқылы оған белгілі бір қасиеттерді дарытуды көздеген мақсат қойылған. Ал,
Тілеміс, Тұрлыбек, Сағындық, Есенгелді лингвокультуремалары ұл куту, бала
тілеу, балалары тұрақталмаған себебінен туған антропонимдер.
Антропонимика (кісі аттары) - тіл тарихын, ұлт мәдениетін зерттеуде
құнды да бағалы мұра. Антропонимдер жүйесі адамдардың өткендегі тұрмысын,
қоғамдық-әлеуметтік құрылысын және материалдық әрі мәдени өмірдің
құбылыстарын да көрсете алады. Олардың кейбір топтары қазақ ауылының
ертедегі тіршілік, іс-әрекетінен және шаруашылық күйінен мағлұмат береді.
Мәселен, төрт түлік малға, шаруашылық, тұрмыстық сөздерге байланысты
есімдер. Немесе қазақ халқының ұлттық әдеті бойынша жас келіндер күйеуінің
жақын туыстарының, ата-енесінің аттарын атамайтын. Сөйтіп жас келін
күйеуінің ағасын, інісін я қарындасын тура атымен атай алмай, жанама ат
қойып алатын. Атап айтқанда, қайынсіңлілерін – шырайлым, бикеш, бойжеткен,
әке қыз, еркем, ержеткен, ерке қыз, ал ер адамдарды төрем, шырақ, мырза
жігіт, молда жігіт т.б. деп атайды. Тіпті күйеуінің құрдастарының аттарын
атауды да ұят санап құрдас, замандас немесе аттас деп атау дәстүр ұстаған.
Осымен байланысты эвфемизм мен табу ерекше назар аударады да,
антропонимдердің лингвомәдени, әлеуметтік т.б. аспектілерінің архетиптік
сипатын көрсетеді. Яғни, эвфемизм - бір затты немесе құбылысты тікелей өз
атымен емес басқа сөзбен атау. Айтуға дөрекі, қолайсыз сөзді сыпайы сөзбен
ауыстырып айтудың негізінде шыққан. Оның тілдік көріністері қазіргі қазақ
тілінде көптеп кездеседі. Мысалы өтірік айту - қосып айту, ұрланыпты -
қолды болыпты, өлді - қайтыс болды, үзілді т.б.
Ал, табу ерте замандардағы адамдардың мифтік танымына сәйкес кейбір
заттардың аттарын тікелей айтуға қорқып, тыйым салынуынан қалыптасқан. Бұл
құбылыс әдетте табу деп аталады. Бұл проблеманың қазақ және түркі тілдегі
табиғаты, тілдік көрінісі Ә.Ахметовтің еңбегінде арнайы зерттелген [2, 8
б.]. Солардың нәтижесінде оның дәстүрлі мәдениетпен сабақтастығы, оның
генезисі анықталады.
Тілші-ғалым Ә.Хасенов эвфемизм мен табу құбылысын лексиканың
қалыптасып баю барысындағы тарихи тұрғыдан семантикалық тәсіл қатарында
қарастырып, нақты антропонимдерге қатысты былай деп көрсетеді: - кісі
аттарына байланысты эвфемизм мына сықылды болып келеді: ауылдағы үлкен
кісінің аты Жаман болса - Соқпақ жол, Сүттібай болса - Желінді уыз, Бұқабай
- Сүзербай, Өгізбай, Қарабас - Боран шеке, Сарыбас - Шикіл шеке, Сары -
Шикіл, Бейсембі - Күн жұма аттас, Көжекбай - Қоян ата, Үзікбай - Дөдеге,
Жамантай - Жайсыз тай, Ақбай - Қылаң ата, Түңлікбай - Қайырма, Қозыбақ -
Кене, Жусанбай - Сыбақ, Қойлыбай - Жандық ата, Қамшыбек - Ат жүргіш,
Бүйенбай - Жуан ішек, Еламан - Халық есен, Асубай - Тарпаң, Асыл - Бекзат
ата, Ақылбай - Ой ата, Мергенбай - Атқышыл, Жылқыбай - Туар т.б. [3, 66
б.].
Әлем халықтарының көпшілігінде, оның ішінде қазақ тілінде де жалқы
есімдердің көбі табуға айналған. Ш.Саадиевтің мәліметі бойынша,
әзірбайжанда күні бүгінге дейін шын аттар жасырын болған. Түркіменстанда
әр баланың чын ады - шын аты және ямен ады - жасырын аты бар. Сібірдің
солтүстігінде ер адамдарда екі ат болды, оның бірі - шын ат, ол сирек
қолданылса, ал екіншісі күнделікті қолданыстағы ат болып саналған [4, 185
б.]. Қазақ жалқы есімдерін - антропонимдерді зерттеуші Т.Жанұзақ былай
дейді: Запрет некоторых слов (табу) имел свое влияние и в сфере лично-
собственных имен. Казахские замужние женщины давали свои имена Төрем,
Шырақ, Жарқын, Тетелес, Мырзажігіт, Шырайлым, Бикеш и др. [5, 56 б.].
Оңтүстік Сібірдегі түркілердің дәстүрлі дүниетанымын А.Самойловичтен
кейінгі зерттеушілер күйеуі мен оның туыстарының атын айтуға тыйым салыну
некелік қарым-қатынастың сипатына байланысты деп есептейді. Әйел басқа
тектен (әлемнен) болғандықтан күйеуінің жағында оған бірқатар сөздік
тыйымдар салынады: Большинство запретов, которыми было окружено ее
поведение во время сватовства и свадьбы, постепенно снимались, но оставался
минимум символов, который на протяжении всей ее жизни на земле мужа
подчеркивал особый статус женщины - пришелицы, единственного существа со
стороны, находившегося в роде. Она не имела права произносить в слух имена
своих старших родственников. Для нее их имен словно бы не существовало,
равно как имена мужа [6, 151 б.].
Антропонимдер мен жалқы есімдерді қолданған кезде мұндай сөздік
тыйымдар (табу), жоғарыда атап өткендей, қазақ әйелінің де сөздік ғұрпында
болған. Қазақ әйелінің сөзіндегі табуға айналған жалқы есімдер
эвфемизмдермен алмастырылған. Профессор Т. Жанұзақ былай деп жазады:
Личные имена заменялись нарицательными по определенной системе. Мужчин
старше мужа женщины называли қайынаға (деверь). При запрете личное имя
определенного человека употреблялось в искаженной форме, например вместо
Али-Сали, Турсын-Мурсын. Для замужней женщины являлись запретными и
нарицательные имена [5, 45 б.].
Акад. А.Н.Самойлович ХХ ғасырдың бас кезінде-ақ бұл проблеманың
әлеуметтік, этномәдени аспектісіне мән беріп, түркітанудың болашағы өзекті
мәселелерінің бірі ретінде мән берген: чтобы исследователи разных тюркских
народов обратили особое внимание на личные имена, о том, что следовало бы
составлять полные алфавитные списки личных имен, как мужских, так и
женских, по отдельным народам и племенам с подробными указаниями, в каких
случаях, в какую историческую эпоху, кому и почему давалось то или иное
имя, что в последствии позволило бы произвести весьма интересные в
культурно-историческом отношении сравнительное исследование личных имен
всех тюркоязычных народов [7, 299 б.].
Қазіргі қазақ тіліндегі антропонимдерді тарихи-этномәдени, әлеуметтік
тұрғыдан анықтап, зерттеу олардың тамырының көне түркі (қыпшақ) кезеңімен
сабақтасып қана қоймай, түркі тілдерінің басқа халықтарымен мәдени-тарихи
байланысын, қарым-қатынасын да деректейді. Сондықтан белгілі ономаст-ғалым
В.А.Никонов антропонимика саласының негізгі міндеттерін кезінде былай деп
анықтаған: Антропонимия может служит драгоценным источником, помогая
выяснить былой этннический состав и миграции населения в прошлом,
датировать, локализовать письменные памятники и т. д... Антропонимика
образует в языке особую подсистему, разобраться в которой бессильны методы
только лингвистики без неразрывного единства с этнографией, историей,
социологией, правом. [8, 56 б.].
Осымен байланысты екінші тарауды біз орыс жылнамаларындағы түркизм
антропонимдерді, олардың қазіргі түркі тілдеріндегі антропоним жүйесімен
лингвомәдени сабақтастығын анықтауға арнадық.
В.Гумбольдттың концепцияларын басшылыққа ала отырып, оны одан әрі
дамытқан американдық ғалым Э.Сепирдың мына пікірі: тіл әлеуметтік шындықты
түсіндірудің құралы адамдар белгілі мөлшерде, өз тілінің ықпалында болады,
тіл мінез-құлық нормасына да әсер етеді, халықтың мәдени дәрежесін, оның
тілін зерттемей тұрып түсіні мүмкін емес, тіл әлеуметтік шындықты
түсіндірудің жетекші құралы дегенге саяды. [9, 29 б.]. Бұл мәселе өткен
ғасырдың ІІ жартысында орыс ғалымдары Н.Буслаев, А.Н.Афанасьевтердің
еңбектерінде алғашқы рет сөз болды. Олар тіл ерекшеліктерін пайдалана
отырып, орыс халқындағы табиғи құбылыстарға байланысты пайда болған әртүрлі
наным-сенімдерді зерттеу негізінде көптеген мифтеріне талдау жасады.
Атап айтқанда, антропонимдік зерттеулердің басы ертеден басталып, даму
барысында әртүрлі сипатта қарастырылған. Мысалы, Қазанда 1905 жылы жарық
көрген В.К.Магницкийдің Чувашские языческие имена кітабында, акад.
К.Мусаевтың көрсетуінше, 10587 ер адамның аты (фонетикалық варианттармен
қоса) берілген [10, 205 б.].
Қырғыз есімдерін зерттеген А.Идрисовтың (кыргыз тилиндеги ысымдар.
Фрунзе, 1971) еңбегінде антропонимдердің қалыптасу кезеңдері қоғамның
тарихи-экономикалық даму кезеңдеріне сәйкес анықталды: 1) Алтай
дәуіріне дейінгі ежелгі кезең. Оған жануарлармен, құстармен, географиялық
атаулармен байланысты антропонимдер жатады. 2) Хун дәуірінде қалыптасқан
антропонимдер (б.э.д. ІІ, ІІІ-VІ б.ғ.) Оған мал жануар, құс, өсімдік,
жәндік, аспан денелері т.б. байланысты аттар жатады. 3) Көне түркі кезең (V-
Хғ.) Алдындағы кезеңдердегі антропонимдермен қоса, мысал ретінде ескі түркі
ескерткіштеріндегі антропонимдер – Чур, Барс, Шумкар, Арстан т.б.
келтіреді. 4) Ортағасырлық кезеңдегі (Х-XVғғ.) аттарға араб есімдері
қосылады. 5) Жаңатүркі кезеңде (ХV-ХХғғ.) бұрынғы есімдерге ескіеврей
(библиялық) араб, парсы аттары қосылады. 6) Октябрьден кейінгі кезең
аттарының қатарында революционерлер, әдеби кейіпкерлер, мемлекеттік ресми
тұлғалар атауларымен сипатталған [11, 17 б.].
Қазақ тіл біліміндегі ономастика, антропонимика саласын қалыптастырушы
ғалым Т.Жанұзақовтың антропонимдердің қалыптасуын, даму кезеңдерін басқаша
жіктегенін байқаймыз. Атап айтқанда: 1) Ескі түркі кезеңі (V-Хғғ.) пұтқа
табынуға байланысты жалқы есімдер. 2) Ортағасырлық кезең (Х-ХVІІғғ.) -
туыстық атаулар, тайпа, ру атауларымен, жануар мен өсімдіктер,
астрономиялық атаулар, қымбат тастар мен материалдық мәдениет пен тұрмыс,
әлеуметтік-саяси терминдермен байланысты. 3) ХVІІ-ХІХғғ. кезең - негізінен
аппелятивтік лексикамен байланысты қалыптасқан жаңа атаулар: Жібек, Баршын,
Қамқа, Шекер, Алуа т.б. 4) Совет кезеңі - жаңа дәуірге сәйкес жаңа
ұғымдармен байланысты есімдер көріп отырғанымыздай, бұл зерттеудің
нәтижесі, тілдік деректердің мазмұны нақтылығымен дәйектелген [12, 15 б.].
Сонымен бірге Г.Ф. Саттаровтың мақаласында татар тілінің
антропонимиясының ежелгі қабаты көне түркі және ежелгі бұлғар кезеңіне
қатысты анықталып, ежелгі түркілердің наным-сенімдеріне сәйкес - аспанға
табиғатқа табынуды сипаттайтын есімдерімен көрсетіледі: Таштемир, Бикташ,
Тәңгеребирде, Кугәй, (Кук+ай), Айсылу, Чулпан т.б. [13, 69 б.].
Cол сияқты түрікмен тілінде де ежелгі антропонимдер ретінде
атмосфералық ылғал, күн, ай, флора мен фаунаға байланысты қалыптасқан
есімдер көрсетіледі. Мысалы, Ягмур, (жаңбыр) ХІғ. түркіменің қолбасшысының
аты.
Академик В.А.Гордлевскийдің түркі антропонимдер жүйесінің түркі
қабатын мұсылмандыққа дейінгі деп анықтауы көптеген түркі тілдері бойынша
антропонимист ғалымдардың пікірлерінде қолдау тауып жалғасты. Нақты
айтқанда, осы зерттеулердің нәтижесінде танымдық, мифотанымдық сипаттама
космонимдік лақап аттардың т.б. негізі осы қабатқа тән [14, 131 б.].
Башқұрт антропонимиясындағы қыпшақ қабатын зерттеуші Г.М.Гариповтың
пікірінше, барлық түркі тілдеріне ортақ, байырғы, түсінікті этностың терең
қайнарларынан деректер беретін тарихи көздер [15, 52 б.].
Түркі тілдерінің лексикологиясын салыстырмалы түрде зерттеуші
К.Мусаевтың еңбегін антропонимияға қатысты топтастырудың 7 принципін
береді. Өз дәуірінде ардақталып, ата-бабадан әулетке мұра болып ауысып,
рудан-руға, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен дәстүрдің бірі осы ат қоюмен
байланысты. Бұл қазіргі тіл біліміндегі, соның ішінде қазақ тіл біліміндегі
тілді сол тілде сөйлеушінің мәдениетімен, тарихымен т.б. тығыз байланысты
зерттейтін антропоцентристік бағытқа, оның ішіндегі лингвомәдениеттануға,
этнолингвистикаға сай келеді.
Халықтың әдет-ғұрып, тарихи, дәстүрлері мен кісі аттарының арасында
байланысы бар екені ономастикада дәлелденген. Ал оның этномәдени мәні
ерекше екенін жоғарыда атап өтілген. Мұны қазақ тіл біліміндегі
антропоцентристік бағыттағы лингвомәдениеттанымдық, этнолингвистикалық,
әлеуметтанымдық зерттеулер дәлелдеп отыр. Мысалы, балаға ат қоюда ерте
кездің өзінен-ақ ырым мен әдет-ғұрыпты сақтаушылық болған. Ал, ырым мен
әдет-ғұрып Ш.Уәлиханов атап көрсеткендей, салт-санаға тән [16, 17 6.].
Мысалы: ұлы жоқ үйлерде қыз туатын болса, онда ол қызға Ұлтуған немесе
Ұлбосын деп ат қояды. Ондағысы кейінгі бала ұл болса” деген ырым-сенім.
Демек, қазақ халқында ат қою ұлттық тарихымен, рухани мәдени өмірімен,
әдет-ғұрпы, салт-дәстүрімен тығыз байланысты. Ал, ұлттық тарих, әдет-ғұрып,
салт-дәстүр деген ұғымдар мәдениетпен байланысты. Мәдениет дегеніміз
адамдардың өмірі мен іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілінен, сондай-ақ олардың
материалдық және рухани байлықты жасауынан көрінетін қоғам мен адамның
белгілі тарихи даму дәрежесі.
Тіл мен мәдениеті сабақтас зерттейтін ғалымдар соның ішінде қазақ
ғалымдары Ә.Қайдаров, Е.Жанпейісов, Ж.Манкеева, Г.Смағұлова т.б. мәдениетті
тілден бөліп алып қарамай, тіл - мәдениеттің бір көрінісі, ол екеуінің
арақатынасы ерекше де маңызды деп санайды [17, 282 б.]. Себебі, кез келген
мәдениеттің түрлері, атаулары тіл арқылы бейнелеп көрінетіні, ұрпақтан-
ұрпаққа жеткізілетіні белгілі. В.Гумбольдт айтқандай: Ұлттың өзіне тән,
іштей дамитын рухы бар, сол рухтың ерекшелігін сыртқа шығарып, сақтап,
ұрпақтан-ұрпаққа беруші күш – тіл [18, 349 б.].
Осы тектес тұжырымдардың қалыптасуында, тілді зерттеудің барысында
ұлттық мәдениеттің, дәстүрлердің ерекшеліктері ескеріледі. Әсіресе, ұлттық
рухымыз жаңғырып, салт-дәстүрлеріміз қайта жанданып жатқан қазіргі қазақ
қоғамындағы рухани-әлеуметтік құбылысты дұрыс бағалап, негізін түсіну үшін
осындай тілдің дамуының ішкі формасынан туындайтын жалпы заңдылықтарды адам
рухымен байланысты түсіне білудің маңызы зор. Себебі, дәстүр әркімнің жеке
басының жағдайына байланысты емес, ол халықтың әлеуметтік-психологиялық,
мәдени, тұрмыстық, дүниетанымдық жағдайына байланысты қалыптасқан –
жалпыхалықтық құбылыс. Екіншіден, дәстүрдің тағы бір сипаты – оның
тұрақтылығы. Ол оңайлықпен өзгере салмайды, тіл арқылы ол ұрпақтан-ұрпаққа
беріледі. Сол арқылы ұлт өмірінің желісі үзілмей, ұрпақтан-ұрпаққа
жеткізіледі. Сол себепті әртүрлі ұрпақ болғанмен, бірін-бірі түсініп бір
ұлтқа жатады. Осы жайт түркі соның ішінде қазақ антропонимдерінің тілдік
табиғатына да тікелей қатысты.
Осымен байланысты тіл мен мәдениетті біріктіріп қарастыратын сала -
лингвомәдениеттану (лингвокультурология). В.Воробьев лингвомәдениеттануға
мынандай ғылыми анықтама береді: Лингвокультурология – это комплексная
научная дисциплина синтизирующего типа, изучающая взаимосвязь и
взаимодействие культуры и языка в его функционировании и отражающая этот
процесс как целостную структуру единицу в единстве их языкового и
внеязыкового (культурного) содержания при помощи системных методов с
ориентацией на современные приоритеты и культурные установления (система
норм и общечеловеческих ценностей) [19, 37 б.]. Ғалым В.А.Масловa бұл
пәнді халық мәдениетін танытушы ғылым деп санап, былайша анықтайды:
Лингвокультурология – это наука, возникшая на стыке лингвистики и
культурологии и исследующая проявления культуры народа, которые отразились
и закрепились в языке [20, 8 б.].
Тіл ғылымында лингвомәдениеттану – лингвистика мен мәдениеттанудың,
соның ішінде антропонимдерге қатысты жағын ортақтастыратын жаңа ғылым.
Сонымен, лингвомәдениеттану – ұлттық сипаты бар деп танылатын әлеуметтік,
танымдық, этникалық, эстетикалық, саяси, адамгершілік, руханилық, тұрмыстық
қағидалармен заңдылықтарды тілдік құралдар арқылы жеткізуді зерттейтін тіл
білімнің бағыты. Лингвомәдениеттанудың ең негізгі мақсаты – ұлттық
болмыстың тілдегі көріністерін, тіл фактілері мен халықтық танымдық, этика-
эстетикалық категориялары арқылы рухани мәдениетін танытып, олардың қызметі
мен орнын анықтау деп түйіндеуге болады. Лингвомәдениеттану пәнінің зерттеу
деректері мен дәйектері ұлттық мәдениеттің және рухани құндылықтардың
тілдегі көрінісі әдебиет, фольклорда т.б. Қазақ тіл білімінде
лингвомәдениеттану ғылымы пәніне қатысты деректер Ш.Уәлиханов, М.Әуезов
еңбектерінен бастап, Ә.Марғұлан, І.Кеңесбаев, Ә.Қайдар, Р.Сыздық,
Е.Жұбанов, Е.Жанпейісов, Т.Жанұзақов, Н.Уәлиев, Ж.Манкеева, А.Жылқыбаева,
Қ.Рысбергенова, Р.Шойбеков т.б. ғалымдар еңбектерінде көрсетіледі.
Бүгінде лингвомәдениеттану ұлттық тілді танудың да негізі екені соңғы
кездегі біраз зерттеулерде (Г.Смағұлова, А.Алдашева, А.Сейсенова,
Г.Қажығалиева, А.Сейілхан, Қ.Қайырбаева т.б.) анықталып, лингвомәдениеттану
ғылымының пән ретінде қалыптасуынан қазақ тіл білімінде жеке сала ретінде
қарастырылуынан көрінеді.
Г.Смағұлова өз еңбегінде лингвомәдениеттану пәнінің ерекшелігін
былайша көрсетеді: Лингвомәдениеттану бұл тіл – ұлт – мәдениет дейтін үштік
(триада лингвомәдениеттану пәнін зерттеу нысаны болмақ) [21, 196 б.]
А.Салқынбайдың пікірі бойынша, тілдік деректерді лингвомәдени
аспектіде зерттеу – ең әуелі тілдер арасындағы жалпыадами, гуманитарлық,
мәдени, өркениеттік қырларды айқындау болып табылады. Табиғаттағы әлемдегі
құбылыстар, қоғамдағы сана мен салт, әрі де тілде өз көрінісін
табатындықтан, атау мен оның жасалу сипаты лингвомәдени аспектіде
қарастырылады [22, 309 б.].
А.Алдашева бұл пәннің зерттеу қөздерін ғылыми тұрғыдан анықтап әрі
лингвистика ғылымымен ортақтығын лингвомәдениеттанудың ауқымы өте кең, ол
әрбір тілдік единицаның белгілі бір халықтың төл элементі, халық тілімен
бірге жасасып келе жатқан ұлттық бет-пішіні бар деп есептелген сөз ұлттық
әлеуметтік, этникалық, адамгершілік, мәдени, тұрмыстық нормаларға сай деп
тұжырымдайды [23, 15 б.].
А.Сейсенова лингвомәдениеттану мәдениеттің тілдік жүйеге қалай әсер
ететінін, яғни фактор мен адам бойындағы тілдік факторлардың байланысын
қарастырады [24, 22 б.].
Сол сияқты тіл мен мәдениеттің сабақтастығының көркем мәтіндегі
көріністері Г.Снасапова, Ш.Елемесова, Г.Абдрахманова, Ф.Қожахметова, А
Әмірбекова, т.б. зерттеулеріне арқау болған.
Мысалы, Г.Ж.Снасапова Ғ.Мүсіреповтің Ұлпан повесіндегі лингвомәдени
бірліктер ретінде ономастикалық лингвокультуремаларды қарастырады. Солардың
қатарында антропонимдердің лингвомәдени коннотацияларын талдайды. Осы
тұрғыдан қазақтардың балаға ат қоюында белгілі бір ырымдардың негіз болуы
сөздің құдіретті күшіне сенуді көрсетеді: Жаманбала, Күшікбай, Салбыр,
Сүйір, Сағал т.б. есімдер көз тимесін, балам аман болсын деген мәнді
аңғартса, Тілеуімбет, Тілеміс, Тұрлыбек, Сағындық, Ұлпан т.б.
лингвокультуремалардың прототипі ұл күту, бала тілеу тәрізді тілек мәнді
семантиканы білдіретін антропонимдер. Артықбай, Бақберді, Байдалы,
Қайыргелді, Несібелі т.б. жалқы есімдердің прототипі дүниеге келген балаға
ат қою арқылы оған белгілі бір қасиеттерді дарыту дегенге меңзейді.
Лингвомәдениеттану пәні басқа халықтардың өмірінен де мәдени ақпарат
береді яғни бір ұлттың көршілес ұлтпен туыстығын немесе дәстүр ұқсастығын
салыстыруды да мақсат етеді. Басқаны айтпағанда, мұның мәдениаралық
коммуникация, оның тіларалық коммуникацияның көріністері ретіндегі
антропонимдердің тілдік табиғатын тануға тікелей қатысы бар.
Тіл мен мәдениетті зерттейтін пәндердің қатарына лингвоелтану,
лингвоөлкетану, лингвогмәдениеттану, этнолингвистика,
этномәдениеттану т.б. жатады. Аталған пәндердің зерттеу нысаны ортақ
болып қоймай, кей жағдайда олардың зерттеу әдіс-тәсілдері , кейбір
теориялық принциптері мен негіздері ұқсас болып келеді. Жалпы тіл арқылы
мәдениеттанудың ғылыми үлгілері: этнолингвистиканың, этномәдениеттанудың,
елтанудың, лингвомәдениеттанудың пән ретіндегі жалпы және ұқсас мақсаттары
мен міндеттері – ұлт тілі арқылы ұлтты тану, ойлау жүйесінің ерекшеліктерін
анықтау, қысқаша айтқанда, ұлттық менталитетті айқындау, басқалардың
айырмашылығын көрсету [25, 22 б.].
Осымен байланысты қазақ ақын, жазушыларының шығармалары бойынша қазақ
тілінің рухани мәдениет лексикасына талдау жасаған С.Жанпейісованың,
Қ.Қайырбаеваның, Ш.Елемесованың, Ф.Қожахметованың т.б. рухани мәдениет
лексикасының негізгі тақырыптық топтарын және олардың қалыптасу көздерін
анықтау, лексиканың бұл аталмыш қабатын, этнолингвистикалық аспектілерін
халқымыздың этномәдени өміріне қатысы тұрғысынан алып қарастырып, рухани
мәдениетпен байланысты түрлі тілдік номинациялардың жасау тәсілдерімен даму
жолдарын айқындап көрсетуіне арналған зерттеу жұмыстарында жан-жақты
ашылған, дәйектелген.
Қазақ тіліндегі антропонимдердің лингвомәдени сипатын ашуға арналған
жұмысымызда тіл мен мәдениет мәселесі төңірегінде қазақ тіл біліміндегі
А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, Ә.Қайдаров, Е.Жанпейісов, Р.Сыздық, Т.Жанұзақов,
Н.Уәлиев, Ж.Манкеева, Қ.Рысбергенова, Б.Тілеубердиев т.б. жалпы тіл білімі
мен орыс тіл біліміндегі В.фон Гумбольдт, А.Потебня, Э.Сепир, Б.Уорф,
К.Леви-Стросс, Е.Верещагин, В.Воробьев, В.Маслова, И.Толстой, С.Толстая
т.б. ғалымдардың теориялық ой-пікірлерін басшылыққа алып, сүйенеміз.
Жер бетінде 3 мыңнан астам тіл бар. Әрбір халықтың тілі арқылы сол
халықтың өмірінің рухани қазынасын, мәдениетін білуге болады. Бұл жөнінде
академик Ә.Қайдаров: Әрбір халықтың тілі-тек қатынас құралы ғана емес
сонымен қатар рухани болмысы мен мәдени байлығының күзгері барлық болмысы
мен өмір тіршілігін, дүниетанымы мен әдет-ғұрпын бойына сіңіріп, ата
мұрасын, асыл қазынасы ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, отыратын қасиеті
бар деп тілге анықтама береді [26, 34 б.]. Сондықтан да халықтың тілі
рухани болмысы және мәдени байлығы бірімен-бірі тығыз байланысты. Бұл
жөнінде көптеген зерттеуші ғалымдардың пікірлері бір ізділік табады.
Лингвистика тарихында тіл мәселелерін, сол тілді қолданушы қауымның
мәдени өмірімен, салт-сана, әдет-ғұрыпымен байланыстыра зерттеу жөнінде
алғашқы пікір ХVII ғасырдың соңғы жартысында өмір сүрген неміс жазушысы
және әдебиетшісі Иоганн Гердердің поэзияға байланысты зерттеулерінде, одан
кейінгі кезде В.Гумбольдт еңбегінде кездеседі. Бірақ тіл мәселесін
мәдениет, әдет-ғұрып, салт-санамен байланыстыра зерттеуге ерекше көңіл
бөлу, оған тіл білімінің күрделі проблемасы ретінде қарау ХХ ғасырдың 20-30
жылдарда белең алды. В.Гумбольдт дүниені тану, білу процесінде тілдің
атқаратын рөлін түсіндіре келе, тілге мынандай түсініктеме береді: Язык и
духовная сила народа развиваются не отдельно друг от друга и не
последовательно одни за другим, а составляют исключительно не раздельно
одно и тоже действие интеллектуальной способности. Хотя мы разграничиваем
интеллектуальную деятельность и язык, в действительности такого разделения
не существует [27, 10 б.].
Орыс ғалымы М.К.Азадовский өзінің еңбектерінде фольклорлық,
этнографиялық және тарихи-мәдени мәліметтерді пайдалану тіл үшін нәтижелер
беретінін дәлелдеп береді. Ол бір еңбегінде тіл мен мифологияның байланысы
мен өзіндік ерекшеліктеріне мынадай анықтама береді: ... язык это основной
слой народности, мифология народная словестность в которой и выражена вся
совокупность верований, преданий нравов и обычаев народа [28, 60 б.].
Сонымен коммуникативтік қызметімен ерекшеленетін антропонимдердің
әлеуметтік мәнін ашу қазіргі тіл біліміндегі антропоөзектік бағытпен
сабақтасады.
Ономастиканың теориясы мен практикасын осы бағытпен бір байланыста
қарастырған ғалым Г.Мадиеваның еңбегінде осы сабақтастық былайша
көрсетілген:
- тіл қызметін іске асыратын нақты тілдік социум мүшелерінің жалқы
есімдерді қабылдауы;
- тілдік тұлғаның санасындағы жалқы есімнің қызметі;
- ұжымдық санадағы жалқы есімдердің қызметі;
- жалқы есімдердегі ұлттық танымда бекітілуінің әдісін сипаттау;
- жалқы есімдердің инварианттары мен варианттылығын анықтау;
- тілдік санада ұлттық когнитивтік қорды құрайтын өзекті жалқы есімдерді
анықтау;
- жалқы есімдер жүйесінің ұлттық қорының негізгі элементтері мен
стереотиптерін жіктеу;
- жалқы есімдер мен мифтік танымның байланысы, т.б. [29, 28 б.].
1.1 Этноантропонимдердің қалыптасуының әлеуметтік - мәдени негізі

Антропонимдер адамдардың өткендегі тұрмысын, қоғамдық, әлеуметтік
құрлысын және материалдық әрі мәдени өмірдің құбылыстарын да көрсете алды.
Біз зерттеу нысанымызда тікелей қатысы бар профессор Т.Жанұзақов
зерттеулеріне ерекше назар аудардық. Профессор Т.Жанұзаков зерттеулерінен
бастап, кейінгі Қ.Рысбергенова, С.Оңайбаева, Ұ.Ержанова, М.Мұсабаева,
Б.Бияров, З.Жанғабылова, А.Арысбаев, Г.Мадиева, А.Жартыбаев, Б.Тілеубердиев
т.с.с. ғалымдардың зерттеулері қазақ антропонимиясына тән бір ерекшелік
ретінде оның тақырыптық шеңберінің өте кең екенің көрсетті.
Қазақ есімдерінің де өзіне тән тарихы, шығу пайда болу жолы бар. Кісі
есімдерінің шығу, қойылу тарихы өте көне замандарға, алғашқы рулық қоғамға
барып тіреледі. Әуелде ру, тайпа аттарының, содан кейін кісі атттарын
шыққаны күні бүгінде ғылымда белгілі болып отыр.
К.Маркс, Ф.Энгельс неке мен отбасы қалыптасуы туралы еңбегінде алғашқы
қоғамдағы рулардың шығуын, олардың есімдерінің койылу тарихын ғылыми түрде
кеңінен сипаттайды:
Әрбір рудың белгілі бір есімдері немесе бірнеше ұқсас есімдері
болады, ол есімдермен бүкіл тайпа ішінде сол рудың өзі ғана пайдалана
алады, ендеше әрбір мүшесінің есімі де оның қай рудың адамы екенін
көрсетеді - дейді Ф.Энгельс [30, 47 б.]. Осымен бірге, ертедегі рулар
аттарының хайуандар аттарымен байланысты болғанын көреміз. Ол туралы
Ф.Энгельс: Кейбір рулардың аттары хайуандар аттарымен де аталатын болған.
Сенеке тайпасында қасқыр, аю, тасбақа, құндыз, бұғы, балықшы, көкқұтан,
бүркіт деген сегіз ру бар екен. Халық аузындағы аңыз бойынша, басқа рулар
аю мен бұғы атты рулардан тараған көрінеді [30, 49 б.]. Бұл хайуандар
аттары әрі сол ру басының есімдері ретінде жұмсалған. Кейінгі этаптарда осы
ру аттары адам аттарына ауысып отырған.
Кейіннен адамдарды бір-бірінен ажырату үшін арнайы ат беріледі. Ол ат
бала туғаннан соң жеті күннен кейін қойылатын. Бастапқы кездегі аттардың
ана тіліміздің төл сөздерінен қойылғандығы байқалады. Мысалы: Бөрібай,
Қойлыбай, Жетібай, Алтын, Kүміс, Kүмісбек, Бектай, Барыс, Құтжан, Темірбек,
Kүнбек т.б. Байқап отырғанымыздай, бұл есімдердің қойылуынан этномәдени уәж
анықталады. Атап айтқанда, ай мен күнге, тау мен өзен, көлге табынып
сыйынуға сәйкес мифтік таным негізінде қалыптасқан есімдер мыналар еді:
Айсұлу, Айхан, Айдай, Kүнай, Күнбек, Айкүн, Таутай, Таубай, Kөлбай, Kөлтай,
Бөрібай т.б.
Бұл жай туралы түрікмен ономастикасын зерттеуші З.Б.Мұхаммедова:
древнейшими, на наш взгляд, следует считать имена, восходящие к названиям
атмосферных осадков, солнце, луны, растений, и животных деп жазса, [31, 45
б.] өзбек антропонимикасы туралы Э.Бегметов: Имена, Тангриберген,
Тангриберди, Тангриқүл, Қуанышбек, Ойзада, Ойкон связаны с культом неба,
солнца, и луны, являются ярким свидетельством поклонения и почитания людьми
этих небесных и наземных божеств, - дейді [32, 18 б.].
Қазақ ономастикасының негізін салушы ғалым-маман Т.Жанұзақовтың
зерттеуінде қазақ есімдері туралы мақалалар ХІХ ғасырдың екінші жартысынан
шыға бастағаны, ондай алғашқы мақалаларға А.Е.Алекторовтың, А.Диваевтың
көлемі жағынан тым шағын мақалалары жататыны көрсетілген.
Кісі аттары мен фамилиялары туралы алғашқы мақалалардың бірі академик
І.Кеңесбаев қаламынан туған. Бірақ бұл мақалада қазақ есімдерінің таза
лингвистикалық сипаты, атап айтқанда, дара, біріккен тұлғалары, араб-иран
тілдерінен енгендер, фамилиялардың қосымшалары және олардың жазылуы,
орфографиясы сөз болады. Ал, қазақ антропонимдерінің этномәдени әлеуметтік
мәнін ашатын тілдік деректер академик І.Кенесбаевтың Фразеологиялық
сөздігінде молынан кездесетіні белгілі. Ол жұмыс зерттеу барысында дәйек
ретінде пайдаланылды [33, 82 б.].
Профессор С.Аманжоловтың мақаласы кісі аттарының сөздік қорға тәндігі,
жеке зерттеу объектісі болатыны және оларды шығу, қойылу ретіне қарай
топтастыру, жіктеу мәселелеріне арналған.
Бұл мәселенің нақты дәйектелген тұжырымын ғалым мақаласында былайша
түйеді: ... жер мен су аттарын алсақ та, кісі аттарын алсақ та, олардың
жасалуында белгілі бір заңдылықтың барын байқаймыз. Мұндағы кісі атының өзі
тоғыз жол яки тоғыз мақсатқа тірелетіні көрінеді. Тоғыз жол дегендеріміздің
бірі – адамзаттың жақсы өмір сүргісі келуіне байланысты. Бұл мақсатқа жету
үшін ата-анаға өз баласына ең жақсы, ең белгілі, атақты адам сол діннің
бастықтары, я сол дін үшін күрескендер болып көрінеді.
Мысалы, ислам дінін қабылдаған жұрт үшін қадірлі, атақты адам сол дін үшін
күрескендер болып көрінеді. Сондықтан мұсылман діндегілердің аты бірде таза
Мұхамед, Ғали, Омар, Оспан, Ахмет, Садық болып келеді (Мұхамедсадық,
Сапарғали, Қожахмет, т.б.).
Халықтық танымның ең асқан көрінісі шын мәнінде, адамдардың есімдері,
олардың қойылу тарихы. Сондықтан да сәбиге атты сол әулеттегі үлкен не
болмаса аса беделді адамдарға қойдырудың себебі де этникалық салт-
дәстүрдің, әдет-ғұрыптың айғағы. Тоғыз жолдың үшіншісі – баланың мінез-
құлқы жақсы болуын тілеуден туатын аттар. Мысалы, жібектей болсын десе,
қыздың атын Жібек қояды. Жомарт болсын десе, баласына Жомарт я Мырза деген
ат қояды... [34, 368 б.].
Профессор Ғ. Мұсабаев, Ғ. Айдаров еңбектерінде көне түркі есімдері,
тілдегі сөздер мен кісі аттарының жасалу заңдылықтарындағы ұқсастық, ондағы
кішірейткіш, еркелеткіш, ұлғайтқыш жұрнақтардың қызметі, өзіндік ерекшелік
сипаттары берілген. Тілдегі осы өзекті мәселеге проф. Ғ.Мұсабаевтың Қазақ
тіліндегі кейбір кішірейткіш жұрнақтар атты мақаласы арналған [35, 112
б.]. Автор кісі аттарындағы еркелеткіш -ш, -қан, -жан, -тай тәрізді
жұрнақтардың семантикасы мен функциясын саралайды.
Бұдан әрі антропонимика саласының қазақ тіл білімінде дамуы оның
табиғатын анықтауды тереңдете түсті. Қазақстан картасындағы көптеген елді
мекендер, оронимия (тау, шың, шоқы, төбе атаулары), гидронимия (өзен, су,
көл, құдық, бастау атаулары), микротопонимия (сай-сала, жайлау, шабындық,
қыстау атаулары) кісі аттары мен фамилиялардан қойылған атаулар. Бұл екі
ғылым арасындағы ұқсастық пен тығыз байланыс (антропонимика+топонимика)
А.Әбдірахманов, Ғ.Қоңқашбаев, Е.Қойшыбаев, В.Н.Попова, О.Султаньяев
еңбектерінен анық көрінетіні қазақ ономастикасында атап көрсетілген.
Мысалы, А.Әбдірахмановтың еңбегінде көптеген ортақ есімдердің этимологиясы
талданып, тарихи мағынасы ашылады. Бүкілодақтық конференцияларда жасаған
баяндамалары арқылы ғалым еңбегі кеңінен қолдау тапты, мәні анықталды.
Профессор Т.Жанұзақовтың қазақ антропонимдер құрылысының жаңарып,
көбейе түсуіне әсер еткен деп көрсеткен әлеуметтік мәдени факторының бірі
ислам дінінің тарауымен байланысты. Ғалымның атап көрсеткеніндей, Х
ғасырдан бастап ислам діні қазақ даласының түкпір-түкпіріне тарап,
мүмкіндігінше сіңісе бастайды. Сөйтіп, мұсылман дінінің ықпалы күшті болып,
тұрмыстық, қоғамдық жағдаяттың барлық саласына әсерін тигізді.
Антропонимдердің этномәдени, әлеуметтік мәнін, мазмұнын сипаттайтын
құжаттық қызметін анықтаудың қазіргі антропоөзектік бағыттағы зерттеулерде
мәні ерекше.
Мысалы, қолданудан әлдеқашан шығып қалған, бірақ тілімізге тән, жалқы
есім сөздер антропонимияда сақталып отыр. Мәселен, Ардақ, Байсал, Ораз,
Жора, Жекен т.б. Демек, антропонимдер арқылы берілетін ақпаратта өзіндік
ерекшелік болады. Балаға ат қою әр халықтың өзіндік дүниетанымымен, салт-
дәстүрі мен наным-сенімдерімен тығыз байланысты. Мысалы қазақ халқында:
Абзал, Мақсат, Нұрлан, Айгүл, Азамат, Айбек, Дәулет, Дархан, Бексұлтан,
Айнұр, Күнсұлу, Гүлім, Сұлушаш, Гүлнар, Назгүл, Айдана т.б. көптеген
атаулар игі мақсатымен қойылған. Бұл атаулардың астарында ата-анасының, ат
қойған адамның баланың бойында осы сөздердің мағынасында бар жақсы
қасиеттері мол азамат болсын деген арман-тілегі, ниеті жатыр.
Кейбір есімдер баланың туған уақытымен нақты жағдайымен байланысты
қойылады. Мәселен: Наурызбай, Майгүл, Маусымжан, Маусымбай, Қазанбек,
Қаңтарбай сияқты есімдер баланың туған (уақтысымен) тікелей байланыстырып
қойылған. Наурыз мейрамы, Жеңіс күні мерекесі күндері туылған балаларға
да Наурызбай, Жеңіс, Жеңісхан, Жеңісбек сияқты ат қойлады. Ал Меңгүл,
Меңсұлу, Қалдыгүл, Қалдыбек сияқты есімдерінің меңі, қалы бар нышанды
балаларға қойылатыны белгілі.
Проф. Т.Жанұзақов қазақ есімдерін табиғат құбылыстармен байланысты
есімдер, мал шаруашылығына байланысты есімдер, асыл металдарға байланысты
атаулар, жеміс-жидек атаулары байланысты есімдер, туыстық атаулармен
байланысты есімдер, жер-су аттарына қойылған есімдер, түрлі тағам аттарына
байланысты есімдер, тағы аңдар мен үй хайуандары және құстарға байланысты
есімдер деп, он лексика-семантикалық топқа жіктейді [12, 40 б.]. Осы
еңбектің және содан бастау алған осы тектес зерттеулердің (Ж.Смағұлова,
Д.Керімбаева, Ж.Ағабекова, З.Жанғабылова т.б.) нәтижесінде қазақ
антропонимдерінің лексика- семантикалық топтарына негіз болған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ және түрік тілдеріндегі антропонимдердің ерекшеліктері
Қазақ антропонимдерінің зерттелуі
Қадыр Мырза әлі шығармаларындағы жалқы есімдер
Қазақ антропонимдерін зерттеудегі тіл мен мәдениет сабақтастығы
Қазақ тіліндегі антропонимдердің тарихи-этномәдени тұрғыдан қарастырылуы
Адам есімдері концептісінің ассоциативтік–гендерлік құрамы
Әлемнің тілдік бейнесі – ағылшын және қазақ антропонимдерінде
Қазақ тіліндегі антропонимдер
Қазақ антропонимдерінің лингвомәдени және әлеуметтік мәні
Қазақ антропонимдерінің лингвомәдени және әлеуметтік мәні туралы
Пәндер