Алакөл



Алакөл туралы деректер сонау ерте ғасырдың тарихи жылнамаларында кездеседі. Х ғасырға дейінгі жылнамалар мен тарихи деректерде көл Итішпес деп аталған екен.
Алакөл Іле Алатауының Тарбағатай тауымен сілемдесетін тұсында Жер-Ананың жанарындай төңкеріліп жатыр. Ұзындығы – 120, ені 45-50 шақырымға созылған осынау көлге Еміл, Қатынсу, Үржар сияқты ірі өзендермен қатар, Алатау сілемдерінен ұсақ онға тарта өзен құйылады екен. Ал, көлден сыртқа шығатын өзен жоқ. Сондықтан да болар, көктемде қар еріген уақытта Алакөлге екі таудың, бүкіл Үржар өңірінің қар суы келіп тоғысады. Соның салдарынан Алакөл көлемі жыл сайын ұлғайып келеді. Бұл, әсіресе, көлдің Жарбұлақ тұсы жағынан анық байқалады. Көл соңғы 10 жылда көлемі жағынан екі есеге дейін артқан.
Алакөл өзінің серіктері Жалаңашкөл және Сасықкөлмен жер асты сулары арқылы сабақтасып, аралары ну қамыспен тұтасып кеткен. Енді бір 10-15 жылда бұл үш көл тұтаса келіп, Алакөл көлемі жағынан Балқашпен иық тіресіп кетуі де мүмкін. Кеңес Одағы тұсында көл жағасының құрағы мен қамысын отау салдарынан көл зардап шегіп, суы жаз айларында қатты буланып, тартыла бастайтын. Қазір көлдің жан-жағын жарты шақырымға дейін ну қамыс қоршаған. Ол өз кезегінде судың көп булануына жол бермейді.
Іле Алатауының Тарбағатаймен түйіскен тұсында Жаназарұлы Уанас қақпасы (Жоңғар) бар. Уанас батыр есімін картаға түсіріп, ел есіне салған ғалым, картограф Молдияр Серікбаев. Уанас батыр жүз жылдық жоңғар-қазақ соғысында ерлікпен қаза тапқан асыл азамат. Жаназар, Оспан, Түгелбай ұлы жүздің шанышқылы руының белгілі адамдары. Сонау бір алмағайып заманда ұрпақтары тағдыр айдауымен орта жүздегі апаларының қолдарында тәрбиеленген. Кейін Қабанбай жасақ құрғанда осы үш кісінің ұлдары мен немерелерінің алды мыңбасы, жүзбасы болған. Қондығұл, Ордабай, Жаулыбай, Уанас сияқты батырлар ерлікпен қан майданда тәуелсіздігіміз үшін қаза тапқан.
Осы Уанас қақпасынан қазақ елінің маңдайына жау тарапынан қанша рет

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Алакөл
Алакөл туралы деректер сонау ерте ғасырдың тарихи жылнамаларында
кездеседі. Х ғасырға дейінгі жылнамалар мен тарихи деректерде көл Итішпес
деп аталған екен.
Алакөл Іле Алатауының Тарбағатай тауымен сілемдесетін тұсында Жер-Ананың
жанарындай төңкеріліп жатыр. Ұзындығы – 120, ені 45-50 шақырымға созылған
осынау көлге Еміл, Қатынсу, Үржар сияқты ірі өзендермен қатар, Алатау
сілемдерінен ұсақ онға тарта өзен құйылады екен. Ал, көлден сыртқа шығатын
өзен жоқ. Сондықтан да болар, көктемде қар еріген уақытта Алакөлге екі
таудың, бүкіл Үржар өңірінің қар суы келіп тоғысады. Соның салдарынан
Алакөл көлемі жыл сайын ұлғайып келеді. Бұл, әсіресе, көлдің Жарбұлақ тұсы
жағынан анық байқалады. Көл соңғы 10 жылда көлемі жағынан екі есеге дейін
артқан.
Алакөл өзінің серіктері Жалаңашкөл және Сасықкөлмен жер асты сулары арқылы
сабақтасып, аралары ну қамыспен тұтасып кеткен. Енді бір 10-15 жылда бұл үш
көл тұтаса келіп, Алакөл көлемі жағынан Балқашпен иық тіресіп кетуі де
мүмкін. Кеңес Одағы тұсында көл жағасының құрағы мен қамысын отау
салдарынан көл зардап шегіп, суы жаз айларында қатты буланып, тартыла
бастайтын. Қазір көлдің жан-жағын жарты шақырымға дейін ну қамыс қоршаған.
Ол өз кезегінде судың көп булануына жол бермейді.
Іле Алатауының Тарбағатаймен түйіскен тұсында Жаназарұлы Уанас қақпасы
(Жоңғар) бар. Уанас батыр есімін картаға түсіріп, ел есіне салған ғалым,
картограф Молдияр Серікбаев. Уанас батыр жүз жылдық жоңғар-қазақ соғысында
ерлікпен қаза тапқан асыл азамат. Жаназар, Оспан, Түгелбай ұлы жүздің
шанышқылы руының белгілі адамдары. Сонау бір алмағайып заманда ұрпақтары
тағдыр айдауымен орта жүздегі апаларының қолдарында тәрбиеленген. Кейін
Қабанбай жасақ құрғанда осы үш кісінің ұлдары мен немерелерінің алды
мыңбасы, жүзбасы болған. Қондығұл, Ордабай, Жаулыбай, Уанас сияқты батырлар
ерлікпен қан майданда тәуелсіздігіміз үшін қаза тапқан.
Осы Уанас қақпасынан қазақ елінің маңдайына жау тарапынан қанша рет шоқпар
тиіп, қайғы-қасірет әкелді десеңізші! Қабанбай батырдың оң қолы мен сол
қанаты болған Баян батыр, Қондығұл батырлар 20 мың жасағымен жаудың 80 мың
қолы бар қоршауына түсіп, ерлікпен шайқасып, түгелі дерлік опат болған. Дес
бермей, артындағы ну қамысқа жасырынып соғысқан жауынгерлерді жау ала
алмай, қамысқа өрт қойып, көзін жойған. Өлімші болып жараланған Баян батыр
мен Қондығұл сол кезде жаңа шыққан қару — мылтықпен атып өлтірілген. Кейін,
екі батыр сүйегін Абылай мен Қабанбай қалмақ батырларының мәйітімен
айырбастап алыпты да, бірін Арқаға, Қондығұлды Аягөздің Айқыз өңірі тұсына,
найман мен керейдің шекарасына қойыпты деседі. Жау шапқыншылығынан Қабанбай
батыр да көп зардап шеккен. Әкесі Қожағұл, ағасы Есенбай, т.б. бірге туған
аға-бауырларының көпшілігі жау қолынан опат болған. Қабанбайдың шешесі
Нарбике ұлы жүздің шанышқылы руынан Тұрсын хан мен Құдайбазар бидің Ташкент
хандығын талқандаған шапқыншылығынан аман қалған 11 қызымен орта жүзге олжа
ретінде таратылған. Олардың арасында Қоңырбике (арғыннан анасы), Қызданбике
(уақ анасы) Жанбике (Тоғастың анасы) Ханбике (шапырашты анасы), т.б.
қыздары болған. Бұл кісілерден исі қазаққа мәлім біртуар азаматтар дүниеге
келіп, еліміз тәуелсіздігі үшін бар өмірлерін арнаған.
Осылардың арасында біреуіне бөле, біреуіне жиен ретінде саналған Қабанбай
батыр найзаның ұшы, білектің күшімен күн-түн демей жортып жүріп, туған
елімізді жаудан азат еткен.
Алакөл ресейлік, қытайлық тарихшыларға, ғалымдарға ежелден таныс. Алакөл
деген атаудың өзі айтып тұрғандай, көл суы кейде мөп-мөлдір, кейде
қарақошқылданып жатады, судың жартысы тұщы, жартысы теңіз суындай ащы.
Емдік қасиеті бар тұсы Үржар ауданының Жарбұлақ өңірі маңайында ғана екен.
ХІ ғасырда атақты итальян саяхатшысы – Марко Поло Ұлы Жібек жолымен келіп,
Алакөл жанынан бірнеше рет өткен. Хан ордасы – Қарақұрымға бара жатқан
жолда Іле Алатауы мен Тарбағатай жоталарында арқар, тау ешкісін аулаған
қансонарларға да қатысқан. Итішпес көлі туралы қалдырған пікірлері де бар.
Алакөл серіктері Жалаңашкөл, Сасықкөлмен жалғасып жатса, Балқашпен кезінде
біртұтас болған деп пікір білдірген де Марко Поло.
Ұйғыр, найман жасақтарымен қақтығысқан қанды шайқастардан кейін Шыңғыс хан
осы Жалаңашкөл мен Тоқта-Барлық арасындағы тау алқабындағы Алакөл жазығында
бір-екі ай дамылдап, жараларын балшықпен емдеп сауығып кеткен дейді. Содан
болар, Шыңғыс хан әлемдік жорығы аяқталғаннан кейін “Жер кіндігі осы, демек
туымды осында тігемін!” депті-міс.
Алакөлдегі барлық флора мен фауна Балқашта да кездеседі. Кездеспейтіні
қаратұмсық шағала мен қызыл күрең түсті қоқиқаз (пеликан). Бұлар еліміздің
қызыл кітабына енгізілген.

Флора мен фауна

Алакөлге Сасықкөл, Тарбағатайдан бірнеше тұщы суы мол өзендер құяды. Тау
өзендерінің көлге құятын арналары терең иірімді келеді, онда ақбалық,
жайын, шортан, шабақ, алабұға, т.б. балықтар көптеп кездеседі. Бірақ,
кейінгі кезде Балқаштан мұнда әкелген ақбалық (судак) басқа балықтарды
азайтып жіберген. Бұл мәселені балықшылармен қатар көл жағалауы тұрғындары
айтып та жүр.
Алакөл көлінің тағы бір байлығы – құс әлемі. Көлемі ұлғайған сайын құс саны
көбейе түсуде. Көлдің тереңдігі 40-50 метрге дейін болса, Жалаңашкөл,
Сасықкөл тереңдіктері 25-30 метрден аспайды. Ғалымдардың зерттеуі бойынша,
бұл өңірді 300-ден аса құс түрі мекен етеді. Оның 38-і Қызыл кітапқа енген.
Ал, қызылтым қоқиқаз (пеликан), қара тұмсық шағала (реликтовая) тек дүние
жүзінде осы Алакөл мен Үнді мұхитындағы бір аралда ғана кездеседі екен.
Кезінде бұл мәселені терең зерттеп, ғылымға жаңалық қосқан Мұхтар Әуезовтің
ұлы Ернар болатын. Ал, осы Алакөлдегі Аралтөбе деген аралды құс базары десе
де болады. Мұнда қалай келгені белгісіз, улы жыландардың үш түрі
мекендейді. Бір кездері ат сауырынан келетін көл мен арал арасындағы
өткелге көршілес Көктал, Арқалды округінің жылқылары да қыстап шығаруға
айдап апарылып жүрген. Бірақ, кейін онда ұялы қасқыр пайда болған соң ол
шаруа тоқтатылған көрінеді.
Алакөлдің бүгінгі бай флорасы мен фаунасын болашақ ұрпаққа сақтау үшін оны
мемлекеттік қорық етіп жариялау керек деп білеміз. Сонда ғана келешектің
игілігіне жарай беретін болады.

Ауасы да, суы да емге дауа

Таңертең ертемен күн сәулесі көл бетіне төгілгенде киіз үйдің алдына
шықсаңыз, Іле Алатауы жақтан соққан самалдан көл беті бұйраланып, алыстан
самырсын мен жусан иісі, ал тымық күндері Тарбағатай алқабынан иен мен
қалампыр, жалбыз иісі аңқып тұрады. Сайраған құстар, жарыса ұшқан
қарлығаштар көл қасиетін айтпай-ақ жеткізеді. Ал суы емге дауа, Алакөл
самал желмен тербетіліп жағаға соғылып жатады.
Көлдің суы шындығында да шипалы. Сонау Кеңес одағы дәуірінің кезінде-ақ,
мәскеулік ғалымдар оның емдік қасиеттерін зерттеп, ғарышкерлер демалатын
жабық жағажайлы демалыс орнын ашып қойған. Мұнда сол кезде 30-ға тарта
ғарышкерлер денсаулықтарын түзеп қайтты. Көл суы минералдық қоспаларға бай,
адам ағзасындағы иммунитетін арттыратын, жұқпалы тері ауруларын жазатын
қасиетке ие. Көлдің бір литр суында 9-10 грамға дейін минералды қоспалар,
родон сияқты химиялық элементтер бар. Кей уақыттарда буынынан баса алмаған
жандар, әсіресе, Ресейдің Сібір өңірлерінің тұрғындары мұнда көл жағасына
тігілген киіз үйді 1 айға жалдап алып, балшығына, суына емделіп, құлан таза
сауығып, еліне оралып жатады. Ал, қазақстандықтар Алакөлдің бағасын енді-
енді бағамдай бастаған сыңайлы. Алайда, әліге дейін кәсіпкерлер Алакөл
емес, Ыстықкөл жағасына инвестиция салғанды жөн көреді. 2005 жылы
Талдықорғанға келген сапарында Елбасымыз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алакөл ойысының геотектоникалық құрылысы
Алакөл ойысына физикалық-географиялық сипаттама және экологиялық мәселелері
Алакөл көлінің суының химиялық құрамын зерттеу
Алакөл көліне қысқаша сипаттама
Алакөлдің көпжылдық су деңгейі режимі
Алакөлдің рекреациялық зонасының табиғи туристік-рекреациялық ресурстарын, табиғи ландшафтарын зерттеу және бағалау
Алакөл ауданының туристік кешенінің дамуының SWOT-анализі
Қапшағай су қоймасы мен Алакөл көліне
Алакөл ойпатының географиялық орналасуы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒИ РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ
Пәндер