Ауыл шаруашылығын несиелеудің экономикалық мәні және оның теориялары



Ауыл шаруашылығы кез-келегн мемлекеттің экономикалық өркендеуіне себеп болатын буындарының бірі. Ауыл шаруашылығына жалпы сипаттама төңірегінде туындаған негізгі сауалдар мен міндеттер қазіргі кезде республикалық кеңесте тереңірек талқылануда. Ауылдық нарықтық құрылымдардың аяғынан тұруы, мол шаруашылығы мен егіншілікті дамыту, бюджет қаражатын тиімді пайдалану, несиелендіру, техника және технологиямен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер ауыл шаруашылығында бірден-бір мақсаттары болып отыр.
Ауыл шаруашылық кәсіпорындары халық үшін азық-түлік өнімдерін, өнеркәсіптің бір қатар салалары үшін шикізат өндіреді. Ауыл шаруашылығының өнеркәсіптен, құрылыстан және халық шаруашылығының басқа салаларынан оны ажыратын өзіне тән ерекшеліктері бар.
1. Ауыл шаруашылғы ең басты және ешнәрсемен ауыстыруға болмайтын, табиғаттың өзі берген өндіріс құралы жер болып табылады.
2. Аграрлық сектордағы реформаларды жедел аяқтау және ауыл тұрғындарының әлеуметтік қорғалуын аңықтау.
3. Үкіметтің іс-қимылы, үкіметтің үш жылға арналған іс-қимылының негізгі бағыттары нақты және тиімді меншік иесін қалыптастыру, аграрлық, аграрлық секторды қамтамасыз етудің инфрақұрылымын дамыту тиімді фермерлік және жеке шаруашылықтарды мемлекеттік қолдау, шағын несиелендіру және кедейлікке қарсы күрес жүргізу болмақ.
Үкімет ауылда ең алдымен жаңа жұмыс орындарын ұйымдастыруды, жұмысынан айырылған азаматтарды жұмыспен қамтуды, жеке кәсіпкерліктің дамуына жәрдемдесуді, үкіметтік емес негізді шағын несиелеу жүйесін жасауды және халықтың тұрмысы төмен жіктерін қолдайтын қор құруды қалыптастыруға арналған азаматтарды жұмыспен қамтуды, жеке кәсіпкерліктің дамуына жәрдемдесуді, үкіметтік емес негізінде шағын несиелеу жүйесін жасауды және халықтың тұрмысы төмен жіктерін қолдайтын қор құруды

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:   
Ауыл шаруашылығын несиелеудің экономикалық мәні және оның теориялары

Ауыл шаруашылығы кез-келегн мемлекеттің экономикалық өркендеуіне себеп
болатын буындарының бірі. Ауыл шаруашылығына жалпы сипаттама төңірегінде
туындаған негізгі сауалдар мен міндеттер қазіргі кезде республикалық
кеңесте тереңірек талқылануда. Ауылдық нарықтық құрылымдардың аяғынан
тұруы, мол шаруашылығы мен егіншілікті дамыту, бюджет қаражатын тиімді
пайдалану, несиелендіру, техника және технологиямен қамтамасыз ету
жөніндегі міндеттер ауыл шаруашылығында бірден-бір мақсаттары болып отыр.
Ауыл шаруашылық кәсіпорындары халық үшін азық-түлік өнімдерін,
өнеркәсіптің бір қатар салалары үшін шикізат өндіреді. Ауыл шаруашылығының
өнеркәсіптен, құрылыстан және халық шаруашылығының басқа салаларынан оны
ажыратын өзіне тән ерекшеліктері бар.
1. Ауыл шаруашылғы ең басты және ешнәрсемен ауыстыруға болмайтын,
табиғаттың өзі берген өндіріс құралы жер болып табылады.
2. Аграрлық сектордағы реформаларды жедел аяқтау және ауыл
тұрғындарының әлеуметтік қорғалуын аңықтау.
3. Үкіметтің іс-қимылы, үкіметтің үш жылға арналған іс-қимылының
негізгі бағыттары нақты және тиімді меншік иесін қалыптастыру,
аграрлық, аграрлық секторды қамтамасыз етудің инфрақұрылымын
дамыту тиімді фермерлік және жеке шаруашылықтарды мемлекеттік
қолдау, шағын несиелендіру және кедейлікке қарсы күрес жүргізу
болмақ.
Үкімет ауылда ең алдымен жаңа жұмыс орындарын ұйымдастыруды, жұмысынан
айырылған азаматтарды жұмыспен қамтуды, жеке кәсіпкерліктің дамуына
жәрдемдесуді, үкіметтік емес негізді шағын несиелеу жүйесін жасауды және
халықтың тұрмысы төмен жіктерін қолдайтын қор құруды қалыптастыруға
арналған азаматтарды жұмыспен қамтуды, жеке кәсіпкерліктің дамуына
жәрдемдесуді, үкіметтік емес негізінде шағын несиелеу жүйесін жасауды және
халықтың тұрмысы төмен жіктерін қолдайтын қор құруды қалыптастыруға
арналаған әлеуметтік саясатты жандандырады. Бұл Қазақстан Рсепубликасы
үкіметінің 1998-2000 жылдарға арналған іс қимыл бағдарламасында
қарастырылған.
Республика агроөнеркәсіп кешенін реформалаудың концептуальдық
бағдарламасы кешенді сипатта болып, оның барлық салаларын және республика
аймақтарын түгел қамтуы керек. Қазақстан экономикасында негізгі көніл
бөлініп отырған саланың бірі – ауыл шаруашылығы. Қазақстан агроөнеркәсіптік
кешені және оның реформалау мен нарықтық қатынастарға көшу кезеңіндегі
дамуының негізгі бағыттары.
Қазақстан – 16,5 млн адам тұратын Орталық Азиядағы ірі ел, ол өзінің
көлемі жағынан дүние жүзінде сегізінші орын (жер аумағы 2 млн 717,3 мың
шаршы км) алады.
Көмір, қара және түсті металл, мұнай, газ өндіру жөніндегі дамыған
өнеркәсібі, металлургия және металл өңдеу, машина жасау, химия және жеңіл
өнеркәсібімен қатар республиканың мықты агроөнеркәсіптік потенциалы да бар.
Ауыл шаруашылқ жерінің көлемі 222,3 млн гектар, оның ішінде егістік
жер 36 млн гектар, жайылымдық жер 5 млн-ға жуық гектар құрайды. Әрбір жан
басына шаққанда шамамен 2,2 гектар жерден келеді. Бұл дүние жүзіндегі ауыл
шаруашылығы жағынан дамыған көптеген елдердегіден әлдақайда көп. Соңғы
жиырма жылдың ішінде жыл сайын орташа есеппен 24 млн тоннаға жуық астық,
1,5 млн тоннаға жетеғабыл ет, 3,5 млн тоннадан астам сүт және 100 мың
тоннаға жуық жүн өндірілді.
Қазақстанда ауыл шаруашылық дақылдарының 60-қа жуық түрі өсіріледі,
сүтті және етті ірі қара, жүнді, етті-майлы және қаракөл қойлар, жылқы,
түйе, шошқа, құстың бірнеше түрлері, марал, сондай-ақ ара мен балық, мамық
жүнді аң шаруашылығы бар. Республиканың агроөнеркәсіп кешенінің бірінші
сферасы (I – қор шығаратын) машина жасау, микробиологиялық және химиялық
өнеркәсіппен айналысуда.
Агроөнеркәсіп үшін машина жасаумен Павлодар трактор зауыты, Ақмола
эрозияға қарсы техника шығару өндірістік бірлестігі және “Манкентживмаш”,
“Актюбсельмаш” пен Мамлют машина жасау зауыттары мал шаруашылығы үшін
машина жасаумен айналысады.
Республика ароөнеркәсіп кешенінің екінші сферасында (II-ауыл
шаруашылығы) экономикалық реформалардың басында 2 200 кеңшар және басқа
мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен 406 ұжымшар жұмыс істеді.
Қазақстан өнеркәсіп кешенінің үшінші сферасы (III – дайындау, сақтау
және т.б.) тамақ, ет-сүт және ұн – жарма өнеркәсібі кәсіпорындарынан,
дайындау, сақтау, сондай – ақ ауыл шаруашылғын өндірістік техникалық,
транспорттық, агрохимиялық, мал дәрігерлік-санитарлық және суландыру
жөнінен қызмет ететін кәсіпорындар мен ұйымдардың жүйесінен және
агроөнеркәсіп кешенінің басқа да саларынан тұрады.
Қазақстан агроөнеркәсіп өндірісі дамуының маңызды ерекшелігі алабөтен
– топырақтық-климаттық жағдайы мен өсімдік өсіретін топырақ бетінің әр
түрлілігі, олардың көлденеңнен және тігінен аймақтануын анықтайтын кең
байтақ жер аумағы алып жатқандығы болып табылады. Температураның (100 град)
тиімді жиынтығы солтүстіктегі 25 000-нан оңтүстік-шығыста 45 000-ға дейін
аралықта құбылып отырады. Соның өзінде ауыл шаруашылығының жалпы өнім
көлемі қысқарып отыруда. Атап айтсақ, астық егіндіктері 25 млн гектардан 12-
14 млн тоннаға түсті. Бұрын бір гектардан 10-12 центнер алынатын болса,
соңғы жылдары 6,0-6,5 центнер жиналатын болған. Дәл осы қарқынмен төмендей
берсек, Қазақстан бұрынғы сыртқа астық шығарушы елден, сырттан астық сатып
алушы елге айналады.
Сондай-ақ мал шаруашылығы да құлдырау сипатына тән болып отыр. Әртүрлі
дақылдар мен жем шөптік өсімдіктерді егіп, жинаудың төмендеуіне орай мал
азығының жетіспеушілігі туындады. Айталық, мал басы 1991-ші жылмен
салыстырғанда 2-есеге азайса, сүт өндіру 40%- ке түсіп кеткен. Ауыл
шаруашылық экономикасының басқа салалардан айырмашылығы, ерекшелігі осында
– яғни ауыл шаруашылық тауарларын өндіретін шаруа қожалықтарының өзара бір-
бірімен тығыз байланысты, тәуелді болуы. Біз ауыл шаруашылығын көтеруде
осындай ерекшеліктерді ескеруіміз қажет. Яғни ауыл шаруашылығын көтеруде
тұтастай қамтуымыз керек.
Ауыл шаруашылығы салаларын реформолау процестері кезінде, төлем
қаражаттарының жетіспеуіне байланысты ауыл шаруашылығында натуралды айырбас
қалыптасты. Айырбастың негізгі құралдарының бірі тек - мал болды. Осының
нәтижесінде 1993, 1998 – ші жылдар аралығында ауыл шаруашылығында мал басы
күрт қысқарды.
Жалпы, қазіргі ауыл шаруашылығы экономикасы жағдайына әсер етуші
факторлар бар, оның ішінде негізгілері мыналар:
1. Табиғи факторлар (ауа-райы, жер құнарлығы, су эрозиялары,
стихиялық апаттар және тағы басқа);
2. Өндіріске қажетті негізгі қорлар және айналыс құралдары
факторлары. (трактор, машина, тұқымды дәндер, минеральды және
органикалық тыңайтқыштар);
3. Мемлекеттік органдар, жергілікті әкімшіліктер және шаруашылық
субъектілері арасында құқықтық қатынастар факторлары.
(мемлекеттік органдар, әкімшіліктер, салық ұйымдары және
т.б.);
Бұл аталған факторлардың әр қайсысы өз дәрежесінде ауыл шаруашылығы
өндірісін дамытуға оң немесе теріс ықпалын тигізіп отырады.
Мәселен, 1997-жылдың ауыл шаруашылығы өндірісінің қорытындысы
бойынша, әр гектардан орта есеппен 15,8 центнерден өнім алынды, бұл 1996
жылмен салыстырғанда 7,8 центнерден артық. Барлығы 300 мың тонна.
Ал, 1998 жылы егін шаруашылығында егістік көлемі 669,9 мың гектар.
Бұл 1997 –жылдағыдан 23 мың гектар көп. Мұның ішінде, 219,5 мың гектар
астық, 197,8 мың гектар дәнді дақыл, 117,2 мың гектар техникалық дақыл,
117,4 мың гектар мақта, 44 мың гектар картоп және бау-бақша, 215,1 мың
гектар жемді дақыл егілді. Бар болғаны 6,4 млн тонна астық өндірілді.
Ал, мал шаруашылығына келсек, бұл сала тоқтаусыз кему үстінде, 1997
жылдың 1-желтоқсанға дейін облыстың барлық шаруашылық түрі бойынша 358391
ірі қара ғана болды. Бұл 1996 жылмен салыстырғанда 2252 ірі қараға
кемігенін көретеді. 1998 жылдың өткен он бір айында барлығы 221612 сиыр
болды.
Ал, 1997 жылы 222984 сиыр бар еді. Қой шаруашылығы 1997 жылы 1653,8
мың ғана болатын. Соңғы жылда ғана түліктің бұл түрі 347,6 мыңға шегерілді.

Ауыл шаруашылығының негізгі бағыттары астық шаруашылығы мен мал
шаруашылығы болса, қазір екеуіде өз бағытынан адасып отыр. Астық
шаруашылғының құлдырауы 1995 жылдада-ақ басталған. Егер сол уақытта 9,5 млн
тонна астық алатын болсақ, жоғарыда айтып өткендей, 1998 жылы бар болғаны
6,4 млн тонна астық өндірілді. Ал, астыққа ішкі сұраныстың өзі жылына 6млн
тоннадан артық. Шамамен 1,7 млн тонна астық келесі жылдың тұқымы үшін
қажет, жем үшін 2 млн тонна, таза тұтыну астығы 1,7 млн тонна, басқа
қажеттіліктер үшін 0,6 млн тонна қажет.Қорытындылай келе, ауыл
шаруашылығының қазіргі жағдайы толық қанағаттаннарлық деуге болмайды.
Себебі, ауыл шаруашылығында машина, құрал жабдықтардың тозып, құрып кетуі,
табиғаттың әр түрлі әсері және тағы басқа да жағдайлар. Сондықтан да, ауыл
шаруашылығын жаңа техникамен және технологиямен қамтамасыз ету үшін қаржы
қажет.

Ауыл шаруашылығын несиелеудің түрлері.
Несиенің түрі --- бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі
қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерітер барысында толық
сақталатын көрінісі.
Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай
өзгерменіменде, несиенің түрі сол күйінде сақталады. Бірақ реформалауға
дейінгі кезеңдегі отандық банктік тәжірибеде несиелеудің екі әдісі
қолданылған:
- қалдық бойынша:
- айналым бойынша.
Қалдық бойынша несиелеу барысында несие қозғалысы (яғни, несиені беру және
қайтару) несиеленетін құндылықтар қалдықтарымен тығыз байланысты болды.
Ондай құндылықтарға: әр түрлі тауарлы-материальды құндылықтар (шикізат,
негізгі және қосымша материалдар, қосалқы бөлшектер, тауарлар және т.б.),
аяқталмаған өндіріс, алдағы кезеңдегі шығыстар, дайын өнімдер және
жөнелтілген тауарлар жатады. Қорлардың нормативтен жоғары өсуі несиеге сол
мөлшерде қайтарылуын талап етті. Мұндай несиелеу әдісінде несие
компенсациялық сипатта болды, өйткені, несие шаруашылық органдардың
құндылықтары мен шығындар қорларының нормативтен жоғары бөлігіне жұмсалған
меншікті қаражаттарының орнын жабуға бағытталды. Компенсациялық несиелер
жай несиелік шоттар бойынша берілді. Сондай-ақ бұл несиенің қайтарылуы
есеп айырысу шотынан шегеру жолымен жүзеге асырылды.
Айналым бойынша несиелеу (тауар айналымы) әдісінің ерекшелігі ондағы
несие қозғалысы материальдық құндылықтар айналымымен, яғни олардың түсу
және жұмсалуына байланысты анықталады. Бұл несиелеу әдісінде жаңа несиенің
берілуі мен бұрын берілген несие бойынша қарыздың қайтарылуы уақыт бойынша
ұштасып қалып отырды. Мұнда несие төлемдік сипатқа ие болды, себебі
несиенің берілуі тікелей төлемге қатысты және ең бастысы, заемдық
қаражаттарға деген қажеттілік туындаған кезде жүзеге асырылды. Сөйтіп,
айналым бойынша несиелеу әдісі төлемдік сипаттағы несиелердің көмегімен
жүргізіліп, арнайы несиелік шоттар бойынша беріліп отырылған. Бұл жерде
несиенің қайтарылуы өнімді сатудан түскен ақшалай түсімдер есебінен банктік
несиелік шотқа түсу арқылы жүзеге асқан.
Демек, бірінші әдіс бір-ақ рет пайдалануға жараса, ал екінші әдіс,
банктік несиелерді үнемі беріп отыру үшін қызмет теумен қатар, банктік
несиелерді үнемі беріп отыру үшін қызмет етумен қатар, халық
шаруашылығының қорларының айналым шеңберін және төлем айналымын
ұйымдастыруда оның рөлі арта түсті.
Қалдық бойынша несиелеу әдісі нарықтық жағдайға өтуімен байланысты
өзінің тәжірибелік маңызын жоғалтты, өйткені 80-ші жылдардағы банкті
реформалаудың бірінші кезеңінің жүрісінде саны көп ауқымды объектілерді
Несиелеуден (қалдық бойынша, сол сияқты айналым бойынша да) біртұтас
несиелеу механизмі бойынша ірі объектілерді тек айналым бойынша несиелеуге
өтудің объективті процесі аяқталды. Мұнда айналым бойынша неиелеу жиынтық
қорлар мен өндіріс шығындары бойынша несиелеу формасын қабылдады, сондай-ақ
мұндай формаға іс жүзінде шаруашылықтың барлық салалары өткізілді. Қазіргі
жағдайда мұндай тәртіпте өнеркәсіптік, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылық,
сауда және жабдықтау сату ұйымдары несиеленеді.
Сонымен, қазіргі банктік тәжірибеде несиелеу әдісінің үш түрі
қарастырылады:
- айналым бойынша несиелеу әдістері;
- қалдық бойынша несиееу әдістері;
- айналым-қалдықтық.
Айналым бойынша несиелеу барысында несие несиелеу объектісінің
айналымындағы қозғалысын жалғастырып отырады. Несие қарыз алушының
шығындарын оның ресурсы босағанға дейін аванстайды. Несиеге деген
объективті қажеттілікті ұлғайту шараларына байланысты несие мөлшері өсіп,
бұл қажеттілікті ұлғайту шараларына байланысты несие мөлшері өсіп, бұл
қажеттіліктің азаюына байланысты несие қайтарылады. Бұл әдіс негізінен
несиенің қозғалысымен қажетілікті төмендету немесе ұлғайту шараларына
байланысты үздіксіз қамтамасыз ететін, яғни үздіксіз жаңартып отыратын
процесс болып табылады.
Қалдық бойынша несиелеу барысында несие несиеге деген қажеттілік
тауарлы-материальды құндылықтар және шығындар қалдықтарымен өзара
байланысты. Мысалы, кәсіпорын өзіне қажетті құндылықтарды өзінің қаржылай
көздері есебінен сатып алуы мүмкін және содан соң оларды қамтамасыз ете
отырып, банктен несие алуға өтініш жасайды, сондай-ақ шығарылған
шығындарын өтейді. Несие бұл жағдайда тауарлы-материалды құндылықтардың
қалдықтарын есепке ала отырып, компенсациялау тәжірибесінде беріледі, ал
қажетті материалдарды сатып алу шығындары аванслау үшін берілмейді. Қалдық
бойынша несиелеуде несиелеу объектісінің кішкене бөлігі қамтылса, ал
айналым бойынша несиелеуде объектісі толығымен қамтылады.
Айналым және қалдық бойынша несиелеудің іс жүзінде ұштасуының
нәтижесінде айналым-қалдықтық әдісі түзіледі. Мұндағы бірінші кезеңде,
несиеге деген қажеттіліктің туындауына байланысты несие берілсе, ал екінші
кезеңде, берілген несие қатаң түрде өтеледі. Бірінші кезеңде несие тауарлы-
материальды құндылықтарды кепілге алып, шығындар айналымының бастапқы
кезеңінде берілсе, ал екінші кезеңде, несие клиенттің банк алдындағы
мерзімдіміндеттемелері негізінде өтеледі.
Шетелдік банктік тәжірибеде несиелеудің мынадай екі әдісі белгілі:
бірінші әдіс бойынша несиені беру туралы мәселе әр алған сайын қарапайым
тәртіппен шешіледі. Несие қаражатқа деген белгілі бір мақсатты
қажеттілікті қанағаттандыруға беріледі. Бұл әдіс несиелерді нақты бір
мерзімге, яғни мерзімді несиелерді беру барысында қолданылады.
Екінші әдіс барысында несиелер қарыз алушы үшін банктің алдын ала
белгіленген несиелеу шегі көлемінде беріледі. Бұл несиелеу шегі оларға
белгілі бір мерзім аралығында төлем құжаттарын банкке төлеуге көрсету
жолымен қажеттілік шараларына байланысты пайдаланылады.
Несие берудің мұндай формасын несиелік желіні ашу деп атайды.
Несиелік желі --- келісілген лимит негізінде белгілі бір мерзім ішінде
қарыз алушыға несие беріп отыратындығы заңдастырылған, яғни банктің қарыз
алушы алдындағы міндеттемесі.
Ашылған несиелік желі арқылы несиенің есебінен банк пен қарыз
алушының арасында жасалынған несиелік келісімшартқа сәйкес, кез-келген есеп
айырысу құжатарын төлеуге болады.
Несиелік желі көбіне бір жылға ғана ашылады, бірақ кейде одан да қысқа
мерзімге ашылуы мүмкін. Клиент банктен несиелік желі көбіне бір жылға
ашылады, бірақ кейде одан да қысқа мерзімге ашылуы мүмкін. Клиент банктен
несиелік желі мерзімінің кез келген уақытында қосымша келіссөздер жүргізбей-
ақ және ешқандай бланк толтырусыз несие ала алады. Бірақ банк қарыз
алушының қаржылық жағдайының нашарлағанын байқап қойса, бекітілген шек
көлемінде несие беруге келіспеу құқығы сақталады. Белгіленген тәртіп
бойынша, несиелік желі тұрақты қаржылық жағдайы және жақсы ресурстары бар
клиентерге ашылады. Клиенттің өтініші бойынша несиелеу шегі қайта қаралуы
да мүмкін.
Несиелеу процесі мынадай кезеңдерді қамтиды:
- несиеге деген өтінішті қарау;
- несиелік қабілетін талдау;
- несиелік келісімшарт жасасу;
- несие беру;
- несиелік мәміленің орындалуына бақылау жасау.
I кезең. Банкке келіп түскен несиеге деген өтінішті қарау. Кез келген
несиелік операциялар осыдан басталады. Мұндай құжаттарда қарыз алушы мен
сұралатын несие туралы негізгі мәліметтер: мақсаты, мөлшері, түрлері,
мерзімі, мүмкін болар қамтамасыз ету мүлкі көрсетіледі. Банктің қоятын
талаптарына байланысты өтінішке қосымша, яғни несиелік операциялар сипатына
байланысты құжаттар беріледі. Клиенттердің әр түрлі топтары үшін әр түрлі
құжаттар пакеті әзірленуі мүмкін. Құжаттар пакетінің құрамына жататындар:
1) құрылтайшылық құжаттардың, жарғының, жалға алу шарттарының, тіркелген
куәліктерінің немесе патенттерінің; нотариальдық түрде куәландырған
жерді пайдалану құқығын куәландыратын құжаттар; азаматтардың төл
құжаттары және клиенттің несие алуға құқығын растайтын басқа да
құжаттардың көшірмелері;
2) соңғы екі жылдық қарыз алушының балансы және оған қосымша беттер;
3) несиеленетін шаралардың рентабельділік деңгейін және оның қайтарылу
мерзімін сипаттайтын техникалық-экономикалық есебі;
4) несиеленетін мәмілелерді растайтын келісімшарттар көшірмелері
(материальдық құндылықтарды жабдықтауғажәне сатуға арналған шарттар;
тауарлы-матьериальдық құндылықтар шолтының көшірмелері және т.с.с.)
5) басқа банктерден алған несиелер туралы мәліметтер (шоттар бойынша
көшірме);
6) қамтамасыз ету мақсатында кепілге берілген мүлікке қарыз алушының
меншік құқығын растайтын құжаттар;
7) несиені қайтаруға байланысты міндеттемені куәландыратын құжаттар;
8) қызметін жанадан бастаған, яғни қаржылық есептер және басқа да
құжаттары жоқ кәсіпорынның бизнес жоспары.
Қажет жағдайларда несие беруші қарыз алушыдан несиені қайтаруын қамтамасыз
ететін басқа да құжаттар мен мәліметтерді талап ете алады. Сонымен қатар,
банкпен тұрақты несиелік қатынаста болатын қарыз алушылар үшін кейбір
құжаттар тізімі қысқаруы мүмкін. Қарыз алушы банкке несие алуға өтініш
жасаған уақытта, банк несиелеудегі оның мүмкіндігін алдын ала бағалау үшін
есеп карточкасін толтыруы мүмкін. Онда: фирманың жетекшісі мен қарыз
алушының аты-жөні; қызметі және меншік түрі; клиеннттің заңды мекен-жайы;
ағымдық және валюталық шот ашқан банктің аты және реквизиттері; негізгі
құрылтайшылары; ол сұрайтын несиенің мақсаты, сомасы және мерзімі; соңғы
есептік күнге берілген баланс құрылымы және басқа да көрсеткіштер.
Тапсырылған құжаттарды оқып үйрену барысында банк қарыз алушының
алған несиесін қайтару қабілетін бағалаудың шешім қабылдау үшін аса маңызы
бар. Бағ,алау техникалық-экономикалық есеп негізінде жасалады.

II-кезең. Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау кезеңі.
Қарыз алушының несиелік қабілеті --- қарыз алушының алған несиесі
бойынша қарызды уақытылы және толық көлемде қайтару қабілетін бағалаумен
сипатталады. Несиені қайтара алмау тәуекелі көптеген факторлардың әсерінен
болуы мүмкін, сондықтан да банк клиентке несие беруге шешім қабылдаудан
бұрын оның несиелік қабілетін талдайды. Бұл көрсеткіш банктің өтімділігіне
ықпал етеді.
III-кезең. Несиелік және кепіл туралы келісімшарт жасасу. Қазіргі
несиелеудің басты ерекшілігі бойынша банк қарыз алушының несиелік қабілетін
тексеріп болғаннан кейін, несиелік шарт жасасу үшін несиелеу субъектісімен
қатынасқа түседі. Несиелеуге байланысты барлық сұрақтарда банк пен қарыз
алушы келісімшарт негізінде шешеді.
Несиелік келісімшарт екі жақтың өзара міндеттемелерін және
жауапкершілігін анықтайды. Онда мыналар көрсетіледі:
- несиелеу мақсаты және объектісі;
- несиенің мөлшері;
- несиені беру мерзімі және қайтару шарттары;
- несиені қамтамасыз ету формасы;
- несие үшін төленетін сыйақы мөлшерлемесі;
- несиенің қозғалысын және клиенттің қаржылық жағдайын бақылау үшін
қарыз алушының беретін құжатарының тізімі;
- несиелеу процесіндегі банктің бақылау қызметі. Несиелік
келісімшартынтың мазмұнын жақтардың өздері анықтайды.
Несиелік қатынастарды ұйымдастыру тәжірибесінде кепіл туралы келісімшарттың
орны ерекше.
IV-кезең. Несие беру кезеңі. Бұл кезең ағымдық шот ашу, несиені беруді
құжаттау тәртібін (қосымша құжаттар толтырылуы мүмкін), несиені беру
тәсілін анықтайтын несиелеуді ұйымдастыру және техникалық шарттарын
қамтиды.
Несиенің көлеміне байланысты әр түрлі берілу тәсілдері болады.
Біріншісі --- несие клиенттің шотына толығымен аударылып, қажет болған
жағдайларда жұмсалынады. Екіншісі --- несие алу құқығы қосымша қаражаттарға
деген қажеттіліктің туындауына байланысты біртіндеп іске қосады. Үшінші ---
белгілі бір соманы алуға клиенттің құқығы бола отырып, ол оны алудан бас
тартады (мысалға, артық сыйақы төлегісі келмейді).
V-кезең. Несиені қайтару және оған сыйақы төлеуіне бақылау жасау ---
несиелік операцияның маңызды кезеңі. Несиелер бойынша қарызды қайтару
тәсілі банк қаражаттарының пайдалану ұзақтығына және олардың төлем
айналымын құрудағы рөліне байланысты.
Несиенің берілу сияқты несиені қайтарудың бірегей жасалған үлгісі жоқ.

1) Іс жүзінде несиені қайтарудың төмендегідей эпизодтық қайтару;
2) меншікті қаражаттардың жинақталуының және несиеге деген есеп айырысу
шотына қажеттіліктің азаю шамасына қарай қайтару;
3) алдын ала белгіленген сома негізінде жүйелі түрде қайтару;
4) түскен түсімді бірден несиелік қарызды жабуға есептеу;
5) несиенің қайтарылу мерзісін созу;
6) мерзімі өткен қарызды “Мерзімі өткен несиелер” шотына аудару;
7) банк резеві есебінен мерзімі өткен несиелерді шегеру.
Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер береді.
Олар мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
1. Қарыз алушылар категорияларына қарай:
1. Қаржылық институттарға берілетін несиелер:
- мақсатты қорларға;
- банктерге;
- қаржы-несие мекемелеріне.
2. Қаржылық емес агентіктерге берілетін несиелер:
- өнеркәсіп саларына;
- саудаға;
- дайындау ұйымдарына;
- жабдықтау-сату ұйымдарына;
- кооперативтерге;
- жеке кәсіпкерлерге.
3. Тұтыну мақсатына берілетін несиелер.
II. Мерзіміне қарай:
- қысқа мерзімді (1 жылға дейін);
- орта мерзімді (1 жылдан 3-5 жылға дейін);
- ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары).
III. Тағайындалуы және пайдалану сипатына қарай:
- негізгі қорларға жұмсалатын;
- айналым қаражатына жұмсалатын.
IV. Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай:
1. Қамтамасыз етілген:
- кепілхатпен;
- кепілдемемен;
- кепілдікпен.
2. Сақтандырылған.
3. Қамтамасыз етлімеген:
- сенім (бланктік) несиесі.
V.Қайтарылу дәрежесіне байланысты:
1) Стандартты несие --- қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында
ешқандай күмән жоқ несиелер;
2) Күмәнді несиелер --- қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған
және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер. Соңғы қабылданған активтердің
жіктеу ережесіне сәйкес, күмәнді несиелер ішінара бөлінеді; 1-санаттағы
күмәнді, 2-санаттағы күмәнді, 3-санаттағы күмәнді, 4-санаттағы күмәнді, 5-
санаттағы күмәнді.
3) Үмітсіз несиелер --- қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі өткен
несиелер шотына жазылған несиелер.
VI. Валютамен берілуіне қарай:
- ұлттық валютамен;
- шетел валютасымен.
VII. Берілу шартына қарай:
1. Тұтыну несиесі --- бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып
алу үшін және тұрмыстыққызметтеррді өтеуге берілетін несие.
2. Ипотекалық несие --- бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді,
өндіріс ғимараттарын, жерді және т.с.с.)
3. Овердравт несиесі --- клиенттің шотынан қаражатты шегеру,
дебеттік қалдық бойынша берілетін қысқа мерзімді несиенің
формасы.
4. Овернайт несиесі --- өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге
берілетін банкаралық несиенің түрі.
5. Онкольдік несие --- кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін
қысқа мерзімді несие.
6. Банкаралық несие --- банктердің бір-біріне беретін несиесі.
7. Ломбардық несиесің --- тез іске асатын бағалы заттарды немесе
бағалы қағаздарды кепілге алып, берілетін несие.
8. Лизингтік несие --- құрал-жабдықтарды жалға алумен байланысты
берілетін несие.
9. Рамбурстық несие --- шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай
фабрикаттар мен дайын өнімдерді сыртқа шығару тәжірибесінде
пайдаланылатын несие.
10. Сенім несиесі --- банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары
клиенттерге берілетін несие.
11. Маусымдық несие --- жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен
түсімді алу мерзімі арасындағы несие.
12. Концорциальдық несие --- ірі жобаларды несиелеу мақсатына
банктердің өзара қосылып берілетін несиелері.

Ауыл шаруашылығын дамытудағы шет мемлекеттердің тәжірибелері
Ауыл шаруашылығын дамытуда шет мемлекеттердің тәжірибелері маңызды. Сол
мемлекеттердің тәжірибелерінен артықшылықтарын тиімді пайдалана отырып
күйзелістер мен тоқырауларды алдын аламыз.
Үнді мемлекеті – ауыл шаруашылығы өркендеген ел. Оны дүние жүзі мойындаған.
Ауыл шаруашылығы - өсімдік шаруашылығына бағытталған. Егін шаруашылығында
астық дақылдарының үлесі басым. Бұл дақылдар өсімдік өсімдік шаруашылығы
өнімдерінің 60 пайыздан артық құай отырып, жалпы егістік жерлерінің 70
пайызға жуығын иеленеді. Күріш басым өсіретін ел бола отырып бидай, жүгері
өндірітерін ұлғайтуда.
Үнді мемлекеті - дүние жүзіндегі ірі күріш өндіруші ел. Онда бүкіл
әлемдегі жалпы өнімнің 13 бөлігі жиналады.
Бидай қысқы маусымды (раби) суландыратын ердерде (Уттар –Прадеш,
Пенджаб және Харьян) егіледі. Мол түсімді сорттар енгізілуі жолымен жүгері
де жақсы өсіріледі (солтүстік, солтүстік батыс әне орталықта).
Шай Үндінін басты плантациялық және сыртқа шығаратын негізгі дақылы.
Бұл ел шай өндіруден дүние жүзінде 1-орын алады. Шай плантациялары
Брахмапутра өзенінің жоғары бөлігінде және Шығыс Гималайда (Дарджилинга
аймағында) орналасқан. Бұл экономиканың табысты дамуына негіз болып, 1 млрд
жуық халқы бар елдің азық – түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Халықтың
осынша көптігіне қарамастан сонғы жылдар аралығында астықпен қамтамасыз
етудің жылдық мөлшері 144 килограмнан 211 килограмға (1997-1998 жж.
мәліметі), сүт – 45 килограмнан 70 – килограмға, өсімдік майы 2,5
килограмнан 7,6 килограмға дейін, қант 5 килограмнан 14,5 килограмға, шай
362 – грамнан 636 грамға дейін өсті.
Ауыл шаруашылығындағы прогресс жеке меншік ауыл шаруашылығынын даму
жағдайына нақты бейімделген. Оны қаражаттпен, ғылыммен мамандармен
қамтамасыз ету, суландыру, химияландыру, механикаландыру, жер қатынастарын
еформалау, кооперативтер ұйымдастыру және рынокты реттеу тұрақты
мемлекеттік саясаттын арқасында қамтамасыз етілген. Әсіресе, мемлекеттік
ауыл шаруашылық бағдарламалары үлкен роль атқарады, сонымен бірге
халықараық ұйымдардың көмегімен, бағдарланған баға саясаты және
жеңілдетілген жәрдем ақылармен іске асырылады.
Үнді мемлекеті үшін ауыл шаруашылығының өмірлік маңызы мәні бар
екенің оның тұңғыш Премьер-министрі Дж. Неру көрсетті. Ол оны шапшан көтеру
керек екендігін ерекше көніл бөліп, “Барлығы да күте алады, бірақ ауыл
шаруашылығы күте алмайды” деген. Бірінші бесжылдық жоспардың өзінде ауыл
шаруашылығының дамуына 2,9 млрд рупий (барлық күрделі қаржы жұмсаудың 14,8
пайызы), ал екінші және үшінші бесжылдықта – 5,5 және 10,1 млд. Рупий
(тиісінше 11,7 және 12,7%) жұмсалған.
1917 -1946 жылдар аралығында Үнді үкіметі жер реформасын
жүргізуге мемлекеттік несие беру, қауымдық ауылдық жобаларды ұйымдастыру
және ауыл шаруашылығының қарқынды бағдарламасымен қамтылған фермерлік
шаруашылықтардың дамуы үшін қажетті құрал-жабдықтар және қаражатпен
қамтамасыз етуге зор көніл бөлді. Бұл шаралар 1950-1951 жылдардағы 97,3
млн. га дәнін егілуі, өнделу ауданын 1965-1966 жылдары 115,1 млн. гектарға,
ал астық өндіруді 50,8 млн. тоннадан 72,4 млн. тоннаға дейін көбейтуге
мүмкіндік берді.
1966 жылы үкімет басына Индира ганди келіп, ауыл шаруашылығы дамуынын жаңа
кезеңі басталды. Индира Ганди халыққа: “Ауыл шаруашылығы өнімдерін көп
өндірмейінше және сол арқылы таяу жылдарда өзімізді-өзіміз қамтамасыз
етуге қол жеткізбейінше, біз өзімізді тәуелсіз ел, сондай-ақ ұлы ел деп
айтуға құқымыз жоқ” – деп арнау жолдады. Ол – астықтың өтпелі жылдық қорын
10 млн тоннаға кем түспейтін мөлшерге жеткізу міндетін қойды. 1984 жылы
Үндінің мемлекеттік қорында 22 млн т. астық болды.
Шаруалар мен фермерлерді ғылыммен қамтамасыз етуді негізгі мақсат
етіп қойған Индира Ганди үкіметі ғылым үшін ен прогрессивті
технологоиялардың пакетін әірлеу мен еңгізуге бағыттады. Сонымен қатар,
барлық ғылыми мекемелерге ғылыми-зерттеу жұмыстарында ауыл шаруашылығының
практикалық мүдделерін есепке алуға ұсыныс жасаған.
Ауыл шаруашылығындағы жаңа саясаттың екінші маңызды көзі егіншілікке
ен қолайлы өңірлерде өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдерін
өндірудің мемлекеттік бағдарламаларының көбейтілуі болып табылды. Қордың
шектеулігіне байланысты жоғары төлемді бағыттағы салымдарды шоғырландыру
дағдарыс жағдайында Үнді мемлекетінің дұрыс шешімдерінің бірі болды. 1984
жылға қарай кешенді шаралардың қабылдауына орай 1966 жылмен салыстырғанда
астық өндіру екі есе ұлғайтылып, 152 млн тоннаға жетті.
Ауыл шаруашылығы дамуының үшінші кезеңі Үндідегі 1991 жылғы жаңа
экономикалық реформалар жүргізудің басталуына келіп тіреледі. Тоқсаныншы
жылдары ауыл шаруаылығын коммерциялау белсенді түрде жүзеге асырыла
бастады. Көптеген мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыруды жүзеге асыру
жалғасын тауып жатса да, басты назар тағам және өндеу өндірісін дамытуға
аударылды. Үкімет ауыл шаруашылығы өнімдерінің 24 түрінің бағасын
бақылауды ұсиайды. Жыл сайын Құн және баға жылы қысқа мерзімді несие бөлуге
46 690 ауылдық және жартылай қалалық коммерциялық банк, 196 аймақтық,
ауылдық банктерден 14496 бөлімше және 94 млн. жарнашыларды біріктіретін
1720 ауыл шаруашылығы кооперативтік комитеті Ауыл шаруашылығы, Сауда
министрліктерімен бірлесіп көтерме сатып алу бағасын қолдаушыға ен аз
денгейді белгілейді.
Өнім өндіруде өсіруде және тиімділікті арттыруда несиенің маңызы зор.
Үндіде несие жүйесі өте жақсы реттелген және ол қолайлы жолға қойылған.
Мұнда ауыл шаруашылығы үшін резервтік (орталық) банк бірнеше қор құрған. Ол
ауыл шаруашылығының дамуы үшін Мемлекетік банк пен Ауыл шаруашылығы және
ауылды өркендету банктеріне несие саласына байланысын ашады (НАБАРД). Соңғы
банк бас және 17 штаттағы, 10 одақтық территориядағы банктерге сүйеніп іс
жасайды және 213 аудандық бөлімшесі бар. Банк жыл сайын әр аудан үшін
несие жоспарын әзірлейді, штат деңгейіндегі блокты бағдарламаларды
әзірлеуге қатысады (шаруашылық топтары үшін), несие мониторингін өткізеді,
өндірісті қаржыландыру, маркетинг пен инвестиция туралы әдістемелік
нұсқаулар береді, коммерциялық банк жүйесі аймақтық, ауылдық банктер,
кооперативтік несиелік ұйымдар және кооперативтер арқылы жүзеге асатын
қаржыландыруды жүзеге асырады. 1998 жылы қысқа мерзімді несие бөлуге 46690
ауылдық және жартылай қалалық коммерцялық банк, 196 аймақтық, ауылдық
банктерден 14496 бөлімше және 94 млн жарнашыларды біріктіретін 1720 ауыл
шаруашылығы кооперативтік несиелік ұйым, сондай-ақ 364 аудандық орталық
кооперативтік банк және 28 басты кооперативтік банк (28 штаттағы) қатысты.
Ұзақ мерімді несие бөлу 2337 бөлімшесі бар 12 жер кооперативтік банкке
тапсырылды. Банктік жүйемен 99,7% ауыл ша қамтылған. Ауыл ға берілетін
несие көлемі тұрақты өсуде және 1992-1993 жылдары 151 млрд рупийге дейін
көбейген.
Үндіде ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын, ауыл шаруашылығы
кадрларын дайындайтын және ғылыми әзірлемелерді енгізетін әлемдегі ен ірі
ғылыми жүйе құрылған.
Үндіде Ұлттық ауыл шаруашылығы ғылым академиясы бар. Бұл академияға
мүше болу құрметті, бірақ төлеу керек.Оның жұмыс істеу аппараты бюджет
есебінен қаржыландырылады. Академияның басты мақсаты – ауыл шаруашылығының
және ауыл шаруашылығы ғылымының даму болашағындағы мақсаттары мен
міндеттерін әзірлеу, УАШЗК және басқа мекемелермен бірге семинарлар мен
конференциялар өткізу.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің трактор мен ауыл шаруашылығы
машиналарынсыз табысты дамуы мүмкін емес. Индира Ганди үкіметі оларды ауыл
шаруашылығына жеткізіп жабдықтауды мемлекеттік және жеке кәсіпорындар
құрып, меншікті өндірістің есебінен қатмасыз ету мақсатын қойды. Сонымен
бірге тракторлар мен ауыл шаруашылығы машиналарын экспортқа шығаруға шек
қойылған. Соның нәтижесінде 1971 жылдың өзінде өз тракторларын шығару 20
мыңды құрады және 1972 жылы үкімет оларды экспортқа шығаруға тыйым салды,
тек екі жақты ынтымақтастық шегінен шықпау үшін экспортқа кейбір құрылғылар
ғана шығарылды. 1997-1998 жылдары Үндіде 257449 трактор шығарылып, 12200
мини- тракторлар өткізілді. Сонымен бірге басқа да ауыл шаруашылығы
техникасы өндірісі ұйымдастырылды. Қазір елдің егістік даласында 1,5
миллион аса трактор және 20 миллионға жуық ауыл шаруашылығы машиналары
жұмыс жасайды.
9-бесжылдықта (1998-2002 жж.) 1,5 млрд рупий бөлінген “Ауыл
шаруашылығын механикаландырудың жолы бойынша модернизациялау” деп аталатын
жаңа мемлекеттік бағдарлама енгізу жүзеге асырыла бастады. Осы бағдарлама
арқылы шаруаларға ауыл шаруашылығы машиналарын алуға орталықтан 1992 жылдан
бастап құнының 30% көлеміне дейін (30мың рупий) жеңілдетілге жәрдемақы
беріледі.
Соңғы 30 жыл ішінде ауыл шаруашылығы техникасына сұраныс едәуір өсіп
300 млрд рупийге жетті (200 млрд рупий-энергетикалық машиналар мен ауыл
шаруашылығы техникасын, ал 100 млрд рупий ауыл шаруашылығы өнімдерін өндеу
машиналары үшін алынды).
Үндіде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде мемлекет құрған
кооперативтер үлкен роль атқарады. Кооперативтер несие бөлуге, айналым
қаржыларын жабдықтауға (тұқым, тыңайтқыш, пестицидтер, ауыл шаруашылығы
өнімдерін сақтау, өндеу және өткізу) қатысады. Сондай-ақ кооперативтер
шаруаларға қосымша құн есебінен қосымша пайда алуға мүмкіншілік береді. Бұл
кооперативтерді ен негізгі басты мүмкіншілігі --- несиемен қамтамасыз ету
мүмкіншілігі.
Үндідегі кооперативтер желісі жер шарындағы ең үлкен кооператив
желілерінің бірі. Ол жұмыс капиталының көлемі 1547 млрд рупий 276 млн
жарнашылары бар 448 мын кооперативтік қоғамды құрайды. Кооператив мүшелері
--- 100% ауылдарды, 67 пайызға жуық ауылдық шаруашылықтарды қамтиды.
Сонымен, Үнді мемлекетінің тәжірибесі ауыл шаруашылығын дамыту және
азық-түлік тәуелсіздігін қамтамасыз етудегі мемлекеттік басқарудың ролі
зор екенін көрсетеді.

ҚР ауыл шаруашылығын несиелендірудің түрлері мен әдістерін талдау.
Ауыл шаруашылығын бюджеттік несиелендіру тәжірибесі.

Қазақстан республикасының 2003 ж-ң 15 қантарындағы №38 “2004-жылғы
көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті атқару
органдарын несиелендіру сұрақтары жөнінде”
2004 жылғы көктемгі егіс және жинау жұмыстарын жүргізу үшін ауыл
шаруашылық техникаларын сатып алу үшін және жалдау және ауыл шаруашылық
машиналарының қосымша бөлшектерін, ұрықтарды, гербицидтерді, жанар-
жағармайларды сатып алу үшін Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылық
тауар өндірушілерді несиелендірудің ішкі ережесін бектілсін.
2004 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін және
жалдау, ауыл шаруашылық машиналарының қосымша бөлшектерін, ұрықтарды,
гербицидтерді, жанар-жағармайларды сатып алу үшін Оңтүстік Қазақстан
облысының ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді несиелендірудің ішкі ережесі.
1 жалпы бөлім
Бул ережеде келесі түсініктемелер бар:
Кредтор – облыс қаласының және аудандарының әкімі:
Бағдарламаның администрациясы – облыстың су және ауыл департаменті.
Қаржылық орган – облыстың коммуналдық меншік және қаржы департаменті.
Несие – несиенің барлық принциптерін орындайтын, облыстық бюджеттен қалалық
бюджетке немесе аудандарға берілетін қаржы.
Бюджеттік несиелеуді облыстық коммуналдық меншік және қаржы
департаменті жүзеге асырады, өз кезегінде облыстық коммуналдық меншік және
қаржы департаменті қаржыны қалалық және аудандық әкімдерге қайта аударады.
Бюджеттік несиені ұсыну тиісті несиеліккелісімдермен Қазақстан
Республикасының несие беруші және несие алушы арасындағы келісім
заңдылықтарынасәйкес жүзеге асырылады.
Несиені беру немесе берілмеу туралы соңғы шешімді (қорытынды) әкім немесе
оның орынбасары жүзеге асырады.
Су және ауыл шаруашылық Департаменті облыс,аудан және қала әкімдерімен
несиелік қаражаттарды қайта аудару жөнінде және оның белгіленген мерзімде
қайтарылуы жөнінде келісімге отырады.
Несие нольдік пайызбен соңғы несие алушыға беріледі. Бюджеттік несиелеудің
міндетті талабы несие берушіні қорғау, кепілдік мүлікпен несиелік тәуекелді
барынша төмендету.
2 Бюджеттік несиелеудің бағыттары.
Бюджеттік несиелер ағымдағы жылға шектеулі сомада ұсынылады. Қазақстан
республикасының ауыл шаруашылық Министрлігі ирригацияны қалпына келтіруде
халықаралық қайта құру және Даму банкінің және Азиялық Даму Банкінің
қаржыларын пайдаланады. Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге жанар-жағар
майлар, ұрық, минеральды тыңайтқыштар, гербицид, дәрілер, ауыл шаруашылық
машиналары үшін бөлшек заттар алады.
Бюджеттік несиелеудің түрлері мен формалары.
Формасы бойынша бюджеттік несиелеу мерзімді несие болып табылады.
270 000 000 (екі жүз жетпіс миллион) тенге аудандық және қалалық әкімдерге
қайтарымдылық, мерзімділік және қамтамасыздандырулық принциптеріне сәйкес
2004 ж. 15 – қарашаға дейінгі мерзімге беріледі.
Бюджеттік несиелеу ұлттық валюта күйінде беріледі.
Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді бюджеттік несиелеудегі негізгі
талаптар:
Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді бюджет есебінен көктемгі егіс және
егін жинау жұмыстарына жанар-жағар май, ұрық, минеральды тыңайтқыштар, ауыл
шаруашылық машиналарына бөлшек заттар, гербицидтер т.б. алуға құрылған
бағдарламаның нақтылығы,
Соңғы несие алушының банктік немесе банктік емес мекмелер алдында
қарыздарының болмауы, ҚР заңдылығына сәйкес салық және басқа да міндетті
төлемдер бойынша салық ко митетінің алдында т.б. қарыздарының болмауы.
Соңғы несие алушы бағдарламаны (бюджеттік несиелеу) жүзеге асырушыларға
және қала, аудан әкімдеріне құжаттардың пакетін ұсынуы тиіс:
Құрылтайшылық құжаттар (жарғы, куәлік, стат. картасы, патент, құқық
беруші құжаттар), кепілдік келісімі, сумманың шегі берілген өткізілген
құжаттардың көлеміне сәйкес, оны қала және аудан әкімдері аңықтайды.
Бюджеттік несиелеу нгесие алушыларға (ауыл шаруашылығын тауарларын
өндірушілерге) несиені ұсынуда елесі принциптерді ұстанады.
жергілікті деңгейде Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы бағдарламаны және
оның тәртібін жариялайды;
соңғы несие алушыға берілуі;
несиелік келісімдердің түзілуі (сонымен бірге кепілдік келісімі).
конкурстық комиссия соңғы несие алушыны таңдауда конкурс жариялайды.
ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі және Халықаралық Қайта Құру Және Даму
банктерімен және Азиялық Даму банктері есебінен несие алған ауыл
шаруашылық тауар өндірушілер беделді, кәсіби шаруашылықтар болуы тиіс.
соңғы несие алушы бюджеттік несиені жанар-жағар майға (кем дегенде 80%
жалпы несие ресурстар көлемінің) ұрық, минеральды тыңайтқыштар, гербицид,
ауыл шаруашылық машиналарын қосалқы бөлшектер, жалдау ақы немесе ауыл
шаруашылық машиналарын сатып алуға болады.
бюджет және банк алдында берешегі болмауы керек.
кепілдік (жылжитын немесе жылжымайтын мүлік) қамтамасыз ету керек,
сонымен кепілдіктің өтімділігін қамтамасыз ету керек.

Бюджеттік несиелердің берілуін ұйымдастыру.
Аудан және қала әкімдері ведомствааралық комиссияда несие алушылардың
тізімін бекітеді;
2004 жылғы көктемгі егіс және жинау жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылық
техникаларын сатып алу үшін және жалдау және ауыл шаруашылық машиналарының
қосымша бөлшектерін, ұрықтарды, гербицидтерді, жанар-жағармайларды сатып
алу үшін бюджеттік несиелердің сомасын аңықтайды.
Бюджеттік несиелердің мақсатты қолдануын қадағалау мақсатында несие алушыны
қадағалайды, тексереді.
Бюджеттік несиелердің мерзімінде қайтарылуын қамтамасыз етеді.
Несие алушымен бағдарламаны жүзеге асырушы несиелік келісім құрады.
Құжатқа тиесілі келісімдерді (кепілдік келісімі, кепіл, бюджеттік несиенің
төлем графигі) заңға сәйкестігін бақылайды. Келісілген несиелік келісімдер
қол қойылғаннан кейінгі үш күн мерзімінде қаржы органдарында тіркелуі
керек.
Несиелік келісімде міндетті түрде несие формасы, сомасы, мерзімі, несиені
қайтару жөнінде, оны өтеудегі міндеттер, несиені қайтару көздері,
жақтардың міндеттері мен құқықтары, келісімнің баптарын орындамауда
қойылатын санкциялар, дауларды шешу тәртібі, келісімнің жұмыс істеу
мерзімі болуы тиіс.
Бюджеттік несиелеудегі түрлі даулар несиелік келісім шеңберінде ҚР
заңдылықтарына сәйкес шешіледі.
Несиені төлеу тәртібі.
Негізгі қарызды төлеу несиелік келісім негізінде жүзеге асады.
Бюджеттік несиелеуде келесі төлемдер қарастырылған:
Пеня және айыппұлдарды аудару, негізгі қарызды өтеу.
Несиелік келісімдерде мерзімінен бұрын қарызды өтеу қарастырылған мүмкін.
Барлық бюджеттік несиелер облыстың су және ауыл шаруашылық департаментінде
орталығында есепке алынады (қала, аудан әкімдерінің несиелік келісім құру
негізінде).
Несиенің мақсатты пайдалануын, өз уақытында және толық өтелуін, оның тиімді
пайдалануына баға беруге құқық облыстың су және ауыл шаруашылық
департаменті жүзеге асырады.
Облыстың су және ауыл шаруашылық департаменті аудан, қала әкімдерінен
бюджеттік несиеге қатысты ақпараттарды талап етуге құқылы.
Несиені қайтару тәртібі мына коды бойынша 501603 “ауыл шаруашылық тауар
өндірушілерге берілген несиені қайтару” қайта аударылады.
2004 жылға арналған Оңтүстік Қазқстан облысының облыстық бюджетінде 5-ші
санатында, 01 – сыныбында, 6 –ішкі сыныбында түсімдерге III-кредиттерді
қайтару бөлімінде 706 270 000 теңге болжанған. Оның ауыл шаруашылық тауар
өндірушілеріне берілген несиелерді қайтару – 270 000 000 тг . Аталмыш
бюджеттің шығыстар бөлігінде 10- санатта, 1- сыныпта, 257 –ішкі сыныбының
V – бөлімінде 370 000 000 теңге көлемінде несиелер бөлінген. Оның ішінде:
ауыл шаруашылық, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғауға
–270 000 000 теңге бөлінген.
Облыс әкімінің 2004 жылғы 18 ақпандағы №107 қаулысына №1қосымша
2004 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін жанарма-
жағармай материалдарын, тұқымдар, тыңайтқыштар, гербицидтер, тұқымды
улағыштар, ауыл шаруашылығы машиналары үшін қосалқы бөлшектер сатып алуға,
ауыл шаруашылығы техникасын жалдауға және сатып алуға бөлінетін бюджеттік
кредиттің көлемі.

№ Аудандар мен қалалардың аты Сомасы млн. тг.
1 Бәйдібек 20
2 Қазығұрт 35
3 Ордабасы 12
4 Отырар 12
5 Сайрам 20
6 Сарыағаш 24
7 Созақ 8
8 Төлеби 40
9 Мақтаарал 25
10 Түлкібас 40
11 Шардара 14
12 Арыс қаласы 10
13 Кентау қаласы 2
14 Түркістан қаласы 6
15 Шымкент қаласы 2
Облыс бойынша 270

Ауыл шаруашылығын несиелендірудегі бантердің ролі
Банктік несиелендіру экномикалық өсімді қаржыландырудың ең маңызды
факторы. Экономиканың нақты секторпларын банктік несиелендірудің 1995
жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін екі негізгі этапқа бөлуге болады.
Бірінші этап: (1995-1996 ж.ж.) банктік несиелердің ЖҰӨ-ге шаққанда
көлемінің азаюы 5,7 пайыздан 3,8 пайызға. Несиелендірудің өсу темпі теріс
болды, 1996 жылы (-) 6,2% немесе (-)164 млн. долл. (1табл)
Екінші этап: (1997 жылдан қазірге дейін), керісінше банктік
несиелендірудің қарқынды өсуі, ЖҰӨ-ге қатысты 3,8 ден 16,5%-ға көтерілуі.
Несиелендіру темпінің жоғары шегі 2000 жылы байқалды, оның көрсеткіші 85,6%
жеткен. Бірақ 2001 жылы оның көлемі азайды 77,3%, 2002 жылы – ол 38,3%-ға
жетті. Нәтижеде экономикадағы барлық несиелердің көлемі 2002 ж 588,7 млрд.
тенге немесе 3,8 млрд. долл.
Бірінші этаптағы банктік несиелердің ЖҰӨ-ге қатысты түсуі еліміздегі
макроэкономикалық тұрақсыздықтың және экономиканың нақты секторларының
қаржылық әлсіздігімен түсіндіріледі, нәтижеде жоғары тәуекелге және
несиелендіру шығындарына алып келді.
Екінші этаптағы банктік несиелендірудің ЖҰӨ-ге қатысты өсуі негізінен
келесі себептермен түсіндіріледі:
- макроэкономикалық жағдайлардың жақсаруы, әлемдік коньюктураның ұтымды
жақтары, шикізат ресурстар бағасы;
- нарық жағдайына бейімделген кәсіпорындардың тұрақтануы;
- банктік капиталдың өсуінің нәтижесінде банктік жүйенің
тұрақтануы, еліміздің төлем жүйесінің және бантік реттеудің
артуына алып келді.
Қарастырып отырған кезең ішінде экономиканы банктік несиелендірудің
құрылымында айтарлықтай өзгерістер болды. Банктердің несиелік портфелінде
кәсіпорындарды неиелендіру үлесі 98 ден 92%-ға төмендеді және сәйкесінше
тұрғындардың несиелендіру үлесі 2 ден 8%-ға ұлғайған, бұл өз кезегінде
тұрғылықты құрылыстың және шағын кәсіпкерліктің дамуы деп бағалауға
болады.
Сонымен бірге орта және ұзақ мерзімді несиелендірудің өсімі байқалуда,
бұл банктердің ресурстық базасын ұзартады. 1995 жылдан 2002 жылға дейін
қысқа мерзімді несиелердің көлемі 66,5 –тен 43,4%-ға қысқарды. 2001 жылдан
бастап банктік несиелердің негізгі көлемі орта және ұзақ мерзімді
несиелендіруге келді, ол өз кезегінде экономиканы несиелендірудің артуына
мүмкіншілік береді.
1999 жылдан желтоқсан айынан 2003 жылға дейін негізгі қорды иелену
үшін тартылған несиелердің үлесі 10,6 дан 9,7%-ға түсті, жаңа құрылыс пен
қайта құрулар –5,7 ден 1,2 % -ға төмендеді (таб-2). Бұндай тенденция
экономикалық коньюктураның нашарлануына алып келді, және өндірістің дамуына
кері әскрін тигізді.
Қарастырып отырған мерзім аралығында банктік несиелердің өсімі 10,2
есеге ұлғайған (1995 жылы 57,6 млрд теңгеден 2002 жылы 588,7 млрд теңгеге),
ал ЖҰӨ-ге қатысты пайыздық қатынаста өзгерімі 2,8 есе болып отыр. Бұл өз
кезегінде несиелердің экономиканың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
НЕСИЕ ТЕОРИЯЛАРЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ
Несие және несие жүйесі; несиенің нарық жағдайындағы мәні мен маңызы және несиенің қоғамдағы атқаратын қызметтері
Несие, оның мәні мен қызметі
Қазақстандық коммерциялық банктерінің банктік несилерінің ел экономикасының негізігі салаларын несиелеу
Кәсіпкерлік түрлері, формалары
Несие және несие жүйесінің ұғымы, маңызы туралы ақпарат
ҚР-ның экономикасының қазіргі жағдайындағы несиенің теориялық аспектілері және Қазақстандағы несиенің даму тенденциясы
БСҰ-ға кіру жағдайындағы ауыл шаруашылығының бүгінгі жағдайын ғылыми-теориялық тұрғыда талдап, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Экономиканы дамыту шығындары
Агробизнестегі кластер - бәсекеге қабілеттілікті арттыру тәсілі
Пәндер