Сабақ процесінде оқушының саналығы мен белсенділігін дамыту процесін пайдалану



МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.САБАҚ ПРОЦЕСІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ САНАЛЫҒЫН ДАМЫТУ
1.1Саналылық принципі бойынша оқытуды ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Оқушыларды саналы тәртіпке тәрбиелеудің әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
2.САБАҚ ПРОЦЕСІНДЕ ОҚУШЫНЫҢ САНАЛЫҒЫ МЕН БЕЛСЕНДІЛІГІН ДАМЫТУ ПРОЦЕСІН ПАЙДАЛАНУ
2.1 Сабақ процесінде оқытудың белсенділігін дамыту процесін пайдалану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.2Оқыту прцесінде оқушылардың іс.әрекетін белсенділігін жетілдіру
шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі:Балаларды ғылым негіздерін оқып үйренумен тығыз байланысты сан алуан еңбек қызметіне тартудың да маңызы зор. Оқушылар атқарған еңбек бойынша тапсырмалар ғылыми , білімдермен байланысты болған жағдайларда теорияның практикамең байланысын жүзеге асыруда еңбеқ сабақтарының ролі зор. Теорияның практиқамең тығыз байланысына біздің қоғамымыздың өміріне балалардың белсене қатысуына бағытталған сан алуан қызмет процесінде қол жетеді. Оқу процесінде мұғалім жетекшілік роль атқарғанда оқушылардың саналылығы мен белсенділігі.
Саналылық пен белсенділік оқушылардың танымдық және практикалық іс-әрекетіне, педагогикалық басшылықтың белсенділігін арттыру процесіне байланысты.
Сабақ процесінде оқушының саналылығы мен белсенділігінің дәрежесі көбіне оқушылардың оқытуы мен тәрбиесінің санасына байланысты.
Алдағы жұмыстың мақсатын оқушылар неғұрлым айқынырақ қойып, ой елегінен өткізген, мақсатқа жету жолын белгілеген болса, оқыту соғұрлым тиімдірек болады. Оны мұғалім түсінікті, бірақ оңайлатып жібермей айтып берген жағдайда оқу материалын саналы игеру мүмкін бола түседі, мұғалім пайымдауының айқын сенімді және дәлелді болуының үлкен маңызы бар.
Оқытудағы формализм дегеніміз оны жеткілікті түсінбей және практикада колданбай, оқу материалын қалай болса, солай жаттап алу.
Оқушылар, мәселен, сан алуан ұғымның, заңның сөзді анықтамаларын біледі, бірақ оны түсіндіре, өмірден мысал келтіріп, жатталған анықтама негізінде қайсыбір фактіні таңдай алмайды. Басқа сөзбен айтқанда, оқушы олардың мазмұнын емес, білімнің антылу формасын ғана игереді. Формалды білімдер таным қабілеттерінің дамуына көмектеспейді, коммунистік көзқарастар мен нанымдардың қалыптасуы үшін қолайлы негіз бола алмайды, демек, іс-әрекет жасауға жетекшілік ету.
Білімдегі формализм көбіне оқытудың алғашқы жылдарында көрінеді. Бұл кездегі формализмнің құнарлы көзі балалардың ой өрісінің шектеулілігі, сабақты қалай оқу керектігінен түгелдей бей-хабарлығы болып табылады.
Зертеу пәні: Сабақ процесінде оқушының саналылық танымдық белсенділігін көтермелейу және оқу процесінің дамытушылық және тәрбиелегіштік ролін арттырады.
Зерттеу мақсаты:Саналылық пен белсенділік оқытудың бүкіл барысында қалыптасады.
Зерттеу міндеті: Саналылық оқытудағы формализмді жоюдың маңызды жолы болып табылады.
Оқу еңбегінде білімі және тәжірибесі болмаған оқушы өзі неғұрлым жеңіл де түсіпікті жолға - оқу материалын қалай болса, солай жаттап алуға ұмтылады. Жас мектеп балаларының бұл ерекшелігін мұгалімнің ұмытуына болмайды және алғашқы сабақтан бастап-ақ оқушыларды оқу еңбегінің іскерліктерімен және дағдылармен қаруландыра беру керек.
Зерттеу әдісі:Сондай-ақ оқу материалын саналы игеру үшін оқушылардың өз білімдеріне саналы сын көзімен әдебиеттерді талдау,біріктіру,қорытындылу,салыстыру.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Айтмамбетова Б.Р., Керимов Л.К., Төлеубекова Р.К. Тәрбие
процесінің мәні мен мазмұны. Тәрбие принциптері. 5-лекция.Алматы, 1991.
2. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазак; тәлім-тәрбиесі – Алматы 1995.
3. Караев Ж.А. Активизация позновательной деятельности учащихся в условиях применения компьютерной технологии обучения. Алматы, Автореф. Д.п.н., 1994.
4. Караев Ж.А., Кобдикова Ж.У. Оценка деятельности учащихся в условиях применения педагогической технологии обучения //ВВШ Казахстана. Алматы, 1998. №5,
5. Қазақ Совет энциклопедиясы. І2 томдық. -Алматы, 1993.
6. Қоянбаев Ж.Б. Педагогика. -Алматы, 1992.
7. Мұсаева СА., Зейдалиева Ж. Қысқаша педагогика-психологиялқ сөздік-Тараз, 2001.
8. Оконь В. Введение в общую дидактику. М., Высшая школа. 1990.
9. Педагогика. Лекциялар курсы. - Алматы, 2003.
10. Подласый И.П. Педагогика началъной школы. - М., 2002.
11. Скаткин М.Н.. Краевский В.В. Качество знаний учащихся и пути ее совершенствования. М.. 1998.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.САБАҚ ПРОЦЕСІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ САНАЛЫҒЫН ДАМЫТУ
1.1Саналылық принципі бойынша оқытуды
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Оқушыларды саналы тәртіпке тәрбиелеудің
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
2.САБАҚ ПРОЦЕСІНДЕ ОҚУШЫНЫҢ САНАЛЫҒЫ МЕН БЕЛСЕНДІЛІГІН ДАМЫТУ ПРОЦЕСІН
ПАЙДАЛАНУ
2.1 Сабақ процесінде оқытудың белсенділігін дамыту процесін
пайдалану ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.2Оқыту прцесінде оқушылардың іс-әрекетін белсенділігін жетілдіру
шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...25

КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі:Балаларды ғылым негіздерін оқып
үйренумен тығыз байланысты сан алуан еңбек қызметіне тартудың да маңызы
зор. Оқушылар атқарған еңбек бойынша тапсырмалар ғылыми , білімдермен
байланысты болған жағдайларда теорияның практикамең байланысын жүзеге
асыруда еңбеқ сабақтарының ролі зор. Теорияның практиқамең тығыз
байланысына біздің қоғамымыздың өміріне балалардың белсене қатысуына
бағытталған сан алуан қызмет процесінде қол жетеді. Оқу процесінде мұғалім
жетекшілік роль атқарғанда оқушылардың саналылығы мен белсенділігі.
Саналылық пен белсенділік оқушылардың танымдық және практикалық іс-
әрекетіне, педагогикалық басшылықтың белсенділігін арттыру процесіне
байланысты.
Сабақ процесінде оқушының саналылығы мен белсенділігінің дәрежесі
көбіне оқушылардың оқытуы мен тәрбиесінің санасына байланысты.
Алдағы жұмыстың мақсатын оқушылар неғұрлым айқынырақ қойып, ой
елегінен өткізген, мақсатқа жету жолын белгілеген болса, оқыту соғұрлым
тиімдірек болады. Оны мұғалім түсінікті, бірақ оңайлатып жібермей айтып
берген жағдайда оқу материалын саналы игеру мүмкін бола түседі, мұғалім
пайымдауының айқын сенімді және дәлелді болуының үлкен маңызы бар.
Оқытудағы формализм дегеніміз оны жеткілікті түсінбей және
практикада колданбай, оқу материалын қалай болса, солай жаттап алу.
Оқушылар, мәселен, сан алуан ұғымның, заңның сөзді анықтамаларын
біледі, бірақ оны түсіндіре, өмірден мысал келтіріп, жатталған анықтама
негізінде қайсыбір фактіні таңдай алмайды. Басқа сөзбен айтқанда, оқушы
олардың мазмұнын емес, білімнің антылу формасын ғана игереді. Формалды
білімдер таным қабілеттерінің дамуына көмектеспейді, коммунистік
көзқарастар мен нанымдардың қалыптасуы үшін қолайлы негіз бола алмайды,
демек, іс-әрекет жасауға жетекшілік ету.
Білімдегі формализм көбіне оқытудың алғашқы жылдарында көрінеді.
Бұл кездегі формализмнің құнарлы көзі балалардың ой өрісінің шектеулілігі,
сабақты қалай оқу керектігінен түгелдей бей-хабарлығы болып табылады.
Зертеу пәні: Сабақ процесінде оқушының саналылық танымдық
белсенділігін көтермелейу және оқу процесінің дамытушылық және
тәрбиелегіштік ролін арттырады.
Зерттеу мақсаты:Саналылық пен белсенділік оқытудың бүкіл барысында
қалыптасады.
Зерттеу міндеті: Саналылық оқытудағы формализмді жоюдың маңызды
жолы болып табылады.
Оқу еңбегінде білімі және тәжірибесі болмаған оқушы өзі неғұрлым
жеңіл де түсіпікті жолға - оқу материалын қалай болса, солай жаттап алуға
ұмтылады. Жас мектеп балаларының бұл ерекшелігін мұгалімнің ұмытуына
болмайды және алғашқы сабақтан бастап-ақ оқушыларды оқу еңбегінің
іскерліктерімен және дағдылармен қаруландыра беру керек.
Зерттеу әдісі:Сондай-ақ оқу материалын саналы игеру үшін
оқушылардың өз білімдеріне саналы сын көзімен әдебиеттерді
талдау,біріктіру,қорытындылу,салыст ыру.

1.САБАҚ ПРОЦЕСІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ САНАЛЫҒЫН ДАМЫТУ
1.1Саналылық принципі бойынша оқытуды ұйымдастыру
Егер балаларды жаңа бейтаныс сөздердің мән-жайының түсінігін
өздігінен табуға итермелесе, материалды саналы игеру мүмкін болады.
Оқытудың өмірмен байланысы - білімді саналы игерудің маңызды алғы
шарты.
Мысалы, оқушы есеп ойлап шығарған, мұнда колхоз құс фермасын
ұйымдастыру үшін 12 тауық сатып алғандығы айтылған. Мұғалім балаларға
бірден: Осындай құс фермалары бола ма? Біздің колхозымызда қанша тауық
бар? - деген сұрақтарды қояды.
Оқытуды саналылық принципін ескеріп ұйымдастыру балалардың оқуға
саналы қарауын тәрбиелеудің маңызды шарты болып табылады. Бұл міндеттерді
шешуде оқу мотивтерін есепке алудың үлкен маңызы бар. Балалар түрлі
мотивтердің ықпалымен: баға алу үшін және сауатты, білімді болу үшін оқиды.
Жас мектеп балалары, әдетте, тікелей қозғау салатын мотивтердің ықпалымен
оқиды.
I класс мұғалімі қызыл жұлдызы бар арнаулы мұқаба енгізді. Бұл
көтермелеу өзінің жұмысы үшін өте жақсы баға алғандар үшін. Бұл мұқаба
өздеріне тиюі үшін балалар жақсы жазуға тырысады және бұған қолы жетсе, өте
дандайсып қалады. Балалармен күнделікті жұмыс істегенде осындай мотивтерге
кеңшен арқа сүйеу керек, бірақ перспективті қоғамдық маңызды мотивтер
қалыптастыруды - Отанға пайда келтіру үшін оқуды - естен шығармау керек.
Оқыту саналылығының барлық осы шарттары мұғалімнің жетекші ролімен
жүзеге асырылатындығын байқау қиын емес. Саналы оқу оқушылардың танымдық
міндеттерді танып білуінен басталады. Мектеп балаларының міндеттерді танып
білуі және қабылдауы мұғалімнің оны қоя білу өнеріне байланысты.
Мектеп балаларында ұғымдардың қалыптасу процесіне басшылық етудің
аса зор маңызы бар. Бұл оқушылардың оилауының түрлі тәсілдері мен
операцияларын, ұғымдарды дербес қалыптастыру амалдарын бірте-бірте игеруіне
қарай бағытталады.
Мектеп балаларының оқу еңбегіне мұғалімнің басшылық етуінің ең
маңызды саласы оқушыларды оқу еңбегін ұйымдастыруды тиімді тәсілдерімен
қаруландыру болып табылады.
Адамдардың қоғамдық мінез-құлқы белгілі бір ережелерге
бағындырылады. Қоғам мүшелерінің орнатылған ережелерге бағынуы тәртіп деп
аталады.
Мектеп тәртібі осы қоғам адамдары арасындағы қарым-қатынасты
көрсетеді. Билеп-төстеуші таптар өсіп келе жатқан ұрпақты өмірге даярлай
отырып, оларды өздеріне қажетті тәртіп рухында тәрбиелейді.
Өкіметтің жұмысшы табының қолына көшуі, адамды-адамның қанауының
жойылуы адамдар арасындағы қарым-қатынас пен тәртіп сипатын түбегейлі
өзгертті.
Жаңа, тәртіптің мәні кейінгі бірқатар сөздері мен статьяларында
ашылып, көрсетілді. Тәртіп мүлдем жаңа негізде жасалуға тиіс, бұл -
жұмысшылар мен кедей шаруалардың ұйымшылдығына сену тәртібі, жолдастық
тәртіп, бірін-бірі барынша құрметтеу тәртібі, күресте өздігінен қимыл және
инициатива көрсету тәртібі, - деді.
- барлық қоғам мүшелерінің қоғамдық тәртіпке бағыну міндеттілігі;
тәртіптің саналы сипаттары;
- еріктілігі, дербестілігі және инициативалығы (өзінен күштінің тілін
ала беруі емес);
- барлық қоғам мүшелерінің еркі мен іс-әрекетінің бірлігі.
Ол қандай да, болсын салғырттық пен бассыздыққа табандылықпеп
қарсы тұрды, партия мен мемлекеттің жұмыстың барлық буындарында темірдей
тәртіп орнауын талап етті, жұмысшылар мен шаруалар ынтымағынсыз темірдей
тәртіп пен ұйымшылар болмайынша біздің ісімізден ештеңе де шықпайтынын,
бізге жаңа қоғам орнату мүмкіншілігін былай қойғанда, тіпті оның іргесін
қалаудың да сәті түспейтінін түсіндірді. Бұл талаптар коммунизм
құрылысшыларының моральдық кодексінен де өз көрінісін тапты, советтік
қоғамның өмір заңы болып алды. Коммунистік партия барлық совет адамдарының
моральдық норманы сақтауын қатаң талап етеді.
Көрсетілген: ...жеке адамды, азаматтардың праволарын барынша
жетілдіруге қамқорлық жасай отырып, біз сонымен бірге қоғамдық тәртіпті
нығайту проблемаларына, барлық азаматтардың қоғам алдындағы өз міндеттерін
орындауына да тиісінше көңіл бөлеміз, өйткені, тәртіптілік және берік
қоғамдық тәртіп болмайынша; демократия жүзеге асырылмақ емес.
Мектеп тәртібі біздің қоғамымыздың жағдайында қоғамда қалыптасып
отырған карым-қатынастардан ешбір ерекшеленбейді. Тәртіптің негізгі
белгілері: адамгершілік және саяси сипат, саналылық мектеп тәрбие жұмысының
бағытын, мазмұны мен әдістерін анықтап береді. Осы қағидаларды ескере
отырып, мұғалім тек қана оқушылардың тіл алғыштығы емес, олардың
белсенділігі мен дербестігін тәрбиелеуге де тырысады. Ол оқушылардың
тәртіптілігі кейбір ережелерді сақтаудың тек сыртқы көрінісі ғана болмай,
оның мінез-құлқыиың құрамдас бөлігі болуына жетуді көздейді.
Мектеп оқушылардың совет қоғамындағы тәртіптілік талаптарының мәнін
терең түсінуіне, тәртіптің мәні, оның еңбекшілердің құру жолындағы
күресімен байланысы жайлы түсінік беруде жүйелі жұмыс жүргізеді.
Тәрбие жұмысын бағдарлау үшін, мұғалім мектеп тәртібінің
ерекшеліктерін біліп қана қоймай, біздің қоғамымызда қандай адамды толық
мәнінде тәртіпті адам деп атауға болатындығы жайлы да жақсы түсінуі тиіс.
Бұндай түсінікті А.С.Макаренко тұжырымдап берді. Кімде-кім әрқашан қоғамға
пайдалы мінез-құлық көрсете білсе, сол" адам ғана біздің қоғамымызда
тәртіпті адам саналады деп жазды, ол.
Тәрбие жүйесі нәтижелерін бағалауда өмірдің өзі қатал да әділетті
төреші болды.Жақсы даярланған және қаруланған фашистік армиямен бетпе-бет
келгенде, жоғары тәртіптілік пен ұйымшылдық көрсетті. Олар ең бір қысалаң
жағдайларда (жаудың алыс тылында, қапалы гитлершіл концентрациялы лагерьде)
мінез-құлықтың, табандылықтың қоғамға барынша пайдалы жолын таңдап ала
білді.
Тәртіптілік жеке адамның басындағы күрделі ерекшелік болып
табылады. Оның қалыптасу процесі комплексті болып келеді, ол тәрбиеші
тарапынан ұзақ уақыт жұмыс істеуді, ерік пен табандылықты, ал
тәрбиеленушіден тиісті күш-жігер жұмсауды талап етеді. Балалық шақта
тәртіптілік өзінің қалыптасуында әр түрлі деңгейлі жеке адам қасиеттерінің
уақытша пайда болуынан тұрақтылыққа айналуына дейін болуы мүмкін. Мектеп
балалары уақытша мотивтер ықпалымен тәртіптілік көрсетуі мүмкін: іс-
әрекетке, үлкендер беделіне қызығу, жаза алудан қорқу. Берілген және ұқсас
жағдайларда бала қандай да бір мотив іске асып тұрғанға дейіи тәртіптілік
көрсетеді. Тұрақты тәртіп мінез-құлық еріктің ықпалымен реттеліп отырады.
Жеке адамның тұрақты бейнесі ретінде тәртіптілігін қалыптасуы оның
табандылығына, инициативтілігіне және өзін-өзі билеуіне ұстамдылығы мен
ұйымшылдығына күшті ықпалын көрсетеді. Керісінше, жалқаулық, суайтшылық,
табансыздық пен сенімсіздік, нашар ерікті дамудың көрсеткіші ретінде
тәртіптіліктің қалыптасуына кедергі болады.Педагогикада адамды
тәртіптілікке тәрбиелеу мен еріктік дамуды тәртіпті адам болудың бірден-бір
процесі ретінде қарайды.

1.2 Оқушыларды саналы тәртіпке тәрбиелеудің әдістері

Өзінің дербес жұмыс атқаруының басында жас мұғалім журек-сініп,
едәуір қобалжиды. Оны бәрінен де бұрын, жақсы оқыту үшін аса қажетті нәрсе
- оқушылар тәртіптілігіне жете алам ба деген ой мазалайтын болды. Бұл
қобалжулар тегін емес, себебі оқушылар училищедегі педагогикалық практика
кезеңінде, әдетте, мұғалімдер мен практика жетекшілерінің қатысуымен
өткізеді.
Оқытудың алғашқы күнінен бастап-ақ класта тиісті тәртіптің орнауына
қалай жетуге болады?
Балалармен күнделікті ұзақ мерзім жұмыс істеу процесінде әр-бір
мұғалім саналы тәртіпке тәрбиелеудің өз жүйесін жасап, оны бірте-бірте
жетілдіре түседі. Бірақ өз ерекшеліктері бола тұра, тәртіпке тәрбиелеу
жүйесі социалистік тәртіп мәнінен шығатын бірқатар жалпы қағидаларға
негізделеді. Өзінің алғашқы дербес сабағына кірмес бұрын жас мұғалім бұл
негіздерді жақсы ұғынып, игеріп алуы тиіс.
Алдымен, совет педагогикасы тәртіпті арнайы өткізген кейбір іс-
шаралар ғана емес, мектептің барлық тәрбие жұмысы жүйесінің нәтижесі деп
қарайтынын ұғынған жөн.
Тәртіпті азаматы жақсы ұйымдастырылған барлық ықпалдардың
қосындысымен ғана тәрбиелене алады, олардың ішіндегі ең бастылары: кең
көлемді саяси тәрбие, жалпы білім беру, кітап, газет, еңбек, қоғамдық жұмыс
және тіпті ойын, көңіл көтеру, демалыс сияқты жай көзге елеусіз болып
көрінетін нәрселер. Тек осы ықпалдар бірігіп әрекет еткенде ғана және тек
соның нәтижесінде ғана социалистік қоғамның нағыз тәртіпті азаматы
тәрбиеленіп шыға алады.
Балалардың өмірін ұйымдастыруды, өзінің жеке басының мінез-құлқын,
оқушылармен өзінің өзара қатынасын егжей-тегжейлі ойластырған мұғалім ғана
оқушыларды саналы тәртіпке тәрбиелеуде табысқа жете алады.
Адамы қоғамының мүддесі үшін күресте тәрбиеленеді. Сондықтан барлық
тәрбие, оның ішінде тәртіптілікке тәрбиелеу де коллективтің белсенді де жан-
жақты іс-әрекеті барысында, оның мақсаттарын орындау үшін күресте жүзеге
асырылуы тиісті.
Балалар жігерлі еңбек ететің іскерлік, жоғары іскер белсенділік
қанат жайған, салғырттық пен тәртіпсіздікке жол берілмеген мектептерде ғана
олар тәртіпті, белсенді, жоғары саналы болып тәрбиеленеді. Тәртіпсіздік
коллектив өмірінің ритмін бұзатын болғандықтан, ондай мектептерде
оқушылардың өздері, алдымен, актив оқушылар жекелеген тәртіпсіз балаларға
ықпал ететін болады.
Ондай мектептердің педагогикалық коллективтері әрбір класты жалпы
мектеп коллективінің бір бұрышына айналдыруға тырысады, ол үшін ересек
балалардың кішкентайларды қамқорлыққа алуын, оқу және еңбек істерін
бірлесіп істеуін, бірге демалуын мерекелерге даярлануын, спортпен
айналысуын ұйымдастырады. Сонымен қатар мұғалім саналы тәртіпке
тәрбиелеудегі өзінің ролі мен дәрежесін жақсы ұғынуының маңызы зор.
Егер мұғалімнің жұмыс жүйесі өзінің ғана белсенділігінде және
оқушылардың үнсіз тіл алуына негізделсе, ондай жүйенің көмегімен саналы
тәртіпке тәрбиелеу мүмкін емес. Оқушылар арасында тәртіпті орнатушы дәнекер
болғандықтан, педагог коллектив белсенділігін дамытуға тырысады және
тәртіпке тәрбиелеу жөніндегі барлық жұмыста коллективке арқа сүйейді.
Саналы тәртіпке тәрбиелеу жөніндегі жұмыста мұғалімге өз еңбегінің
нәтижесін көріп те есепке алып отыруының маңызы бар. Ол мұны оқушылар
коллективіндегі тәртіп көрсеткіштерін білгенде ғана жасай алады. Ондай
көрсеткіш деп педагогика: балаларда тәртіптің қажеттігіи, мектеп
балаларының тәртіп талаптарын орындауын, өзінің мінез-құлқын өзі бақылауды,
тәртіпсіздік мінез-құлық фактілерімен белсенді күрес жүргізу туралы дұрыс
ұғымы мен түсінігі болғандығын есептейді.
Саналы тәртіпке тәрбиелеуде оқушылардың әр түрлі іс-әрекетін
ұйымдастырудың аса зор маңызы бар. Сабақта оқу жұмысы едәуір дәрежеде
коллективтік жұмыс түрінде өтеді, сондықтан саналылыққа, ұйымшылдық пен
тәртіптілікке дәл сол сабақта тәрбиеленеді.
Оқушылардың кластан тыс жұмысқа қатысуы тәртіптілікке тәрбиелеуге
игілікті ықпалын тигізеді. Үйірмелер, секциялар жұмысына қатыса отырып,
бала өзіне белгілі міндеттемелер алады, өз уақытын жоспарлауды үйренеді,
сүйікті іс үшін ойын мен көңіл көтерулерден бас тартады. Сүйікті іспен
айналысу барысында өзін-өзі тәртіптеу оқушының жеке басына игі әсер етуі
мүмкін.
Тәртіптілікке тәрбиелеуде оқушылардың қоғамдық пайдалы еңбегі
маңызды орын алады. Еңбек іс-әрекеті барлық балалар үшін ортақ мақсат
қояды, бірлестікті, әркімнің өз міндеттерін дәл орындауын, жоғары
ұйымшылдықты талап етеді. Еңбек әрекетінің бұл сипаты оны оқу еңбегімен
жақындастырады, сөйтіп, оқу және еңбек әрекеттерінде қалыптасқан қасиеттер
өзара бір-бірін толықтырып тереңдейді, жетіле түседі.
Коллективті саналы тәртіп ұйымдастыруға тарту совет мектебінде
табысты қолданылады. Балалардың класта және мектептс кезекші болуын
ұйымдастыру сондай жұмыстың бір түрі болып табылады. Егер коллективтің
белсенділері, мектептегі бірыңгай талаптарды орындауда коллектив өкілі
ретінде болса, оларға тиісті праволар беріліп қойылса, сондай-ақ
міндеттерін орындауда оларға айқын дербестік берілсе, бұл жағдайларда
кезекшіліктің тәрбиелік ықпалы зор болатындығын А.С.Макаренко тәжірибесі
және озат мектептердің жұмыс практикасы көрсетті.
Еңбек, қоғамдық пайдалы іс-әрекет тек қана дағды мен әдетті емес,
сонымен бірге окушы өзін тәртіп талаптарына сай ұстауға бағыттайтын
ізгілікті мотивтерді қалыптастыруда маңызды роль атқарады.
Режимнің тәрбиелік мәні. Балалардың сан қилы іс-әрекеті белгілі
жүйемен ұйымдастырылуы тиіс. Оқушылардың өмірі мен іс-әрекетін
ұйымдастыруда режим үлкен маңызды орын алады. Режим – көптеген адамгершілік
қасиеттерді қалыптастырудың маңызды әдісі. Әсіресе мектеп балаларын саналы
тәртіпке тәрбиелеудегі ролі ерекше. Көптеген бұрынғы педагогтар режимінің
зор тәрбиелік маңызын атап көрсетті.
Организмге белгілі тітіркендіргіштердің ұзақ уақыт қайталанып әсер
етуі мидың үлкен жарты шарының қыртысында И.П.Павлов динамикалық стереотип
деп атаған шартты рефлекторлық байланыстардың тұрақты жүйесін жасайды.
Сондай тұрақты байланыстар жүйесінің қалыптасуы үшін де адамның қандай
болмасын қимылды орындауда жүйелі жаттығулар жасауы қажет. Ондай мүмкіндік
режимнен туады. Педагогикалық ұғымда режимге гигиеналық, сондай-ақ
тәртіптік және моральдық талаптар жүйесі енеді, олар тәрбие жұмысының
мақсатына қарай белгіленеді. Уақтылы тұру, уақтылы ұйықтауға жату, белгілі
уақытта үйге берілген тапсырманы орындау әдеті - осының бәрі тәртіптіліктің
негізі болып табылатын маңызды әдеттер. Алайда міндет әдеттердің біртұтас
жүйесін, мысалы, сабақтағы, қолы бостағы, қоғамдық орындардағы т.б. әдеттер
жиынтығын жасауда. Бұл үшін мектепте бірдей педагогикалық талаптар сақталуы
тиіс.
Әсіресе кіші мектеп оқушыларын тәрбиелеудегі режимнің ролі ерекше.
Олар режим талаптарын сөзсіз қабылдайды және оны қалтқысыз орындауға
тырысады. Мұғалім мен ата-аналар тарапынан ұқыпты да бірлескен бақылау
болса, режим баланың өміріне еніп, берік қалыптасады және тәртіптілікке
тәрбиелеудің маңызды құралына айналады.
Тәртіпке тәрбиелеудегі талап қоюдың және түсіндірудің ролі.
Мұғалімнің сабақтағы, кластан тыс сабақтағы балалармен күнделікті қарым-
қатынасындағы жұмысына назар аударып қарасақ педагогикалық талаптың бала
тәрбиесінде қандай маңызының барлығын жақсы аңғарамыз. Бала өмірінің
алғашқы жылдарында ол оның әр түрлі әрекеттерін бағыттайды, ал жүйелі оқыту
басталысымен әр қилы талаптар қою ролі онан сайын арта түседі. Педагогтың
жүйелі де әбден ойластырылған талаптарынсыз балалардың оқу, еңбек және
қоғамдық пайдалы іс-әрекеттерін ұйымдастыруды елестетудің езі қиын. Әсіресе
балалар коллективімен жұмыстың бастапқы кезеңінде талап қоюдың ролі ерекше.
Бұл кезде педагог талаптарының басым салмағы тәртіпті мінез-құлықты
қалыптастыруға бағытталады. Олардың айқындылығы және класпен жұмыс істеген
алғашқы күндердегі педагогтың бірізділігіне оқушының бұдан кейінгі барлық
мінез-құлқына ықпал етеді. Мұғалім класпен одан арғы жұмысында оқушылардың
алғаш қалыптасқан мінез-құлықтарын нығайта түседі немесе оған ішінара ғана
өзгерістер енгізеді.
Талап қоюды әр мұғалім қалай болса солай өзінше белгілемейді. Олар
бәріне бірдей ортақ болуы тиіс және оны әр мұғалім класпен жұмыс істегенде
басшылыққа алады. Талаптар сипаты оқушыларға арналған Ережелермен
келісіледі. Талаптар мектеп коллективінің және жекелеген оқушының тәртіп
бастамасын белгілеп береді. Жұмыста бір мақсатты көздеген және бірізділік
болған жағдайда мектептің педагогикалық коллективі алғашқы тоқсанның ішінде-
ақ оқушылардың бірыңғай талаптарды орындауына жетеді. Бірақ бұл жұмыс
белгілі жүйемен жүргізіледі. Ұйымшылдығы нашар коллективте талаптар бірте-
бірте енгізілгені жөн.
Талап қою сәтін дұрыс таңдай білудің де белгілі бір маңызы бар.
Егер тәрбиеші оқушыға белгілі бір талаптар қою әлі ертерек деп күдіктенсе,
кідіре тұрғанының өзі жақсы. Тәрбиешінің өзі қоятын талаптың орынды екеніне
сенсе, активтен одан соң тұтас коллективтен қолдау таба отырып, оқушыға
үзілді-кесілді талап қоюына болады.
Талаптар қоюмен қатар оқушыларға тәртіп негіздері жайлы түсінік
берудің, мінез-құлықтың белгіленген нормалары мен ережелер қажеттігіне
сендірудің де зор маңызы бар. Мінез-құлықтын негізгі нормалары оқушыларға
арналған Ережеде көрсетілген. Ереже оқуға жауапкершілікпен зейін қою,
ыждаһаттылық қоғамдық пайдалы істерге белсенді қатысу, белгіленген режимді
мұкият орындау т.б. шоғырландырады.
Ережелер мәнін түсіндіру - мұғалім жұмысының маңызды саласы. Озат
мұғалімдер ережелерді түсіндіруде нені істеуге болмайды деген сөзді
сирегірек қолданып, нені қалай істеу керек, қандай жағдайда мінез қандай
болуы керек деген мәселелерге балалардың назарын аударады.
Түсіндіру барысында мұғалім балаларда тәртіпті мінез-құлықтың
ұнамды мотивтерін қалыптастыруға, оқушылардың сан-қилы іс-әрекетін
ұйымдастыруға жағдайлар жасап, күш-жігерін жұмсайды.
Педагогиканың саналы тәрбиелеуде окушылардың мінез-құлқын
бағалаудың қажеттілігі жайлы қорытындыға келгеніне салыстырып қарағанда көп
уақыт өтті. Оның мәнін мектеп Уставы атап көрсетті. Баланың оқушыларға
арналған Ережеде көрсетілген негізгі міндеттерді орындауы мінез-құлықты
бағалаудың басты анықтамасы болып табылады. Оқушылардың мінез-құлқын I-III
кластарда мұғалімнің өзі, ІҮ—Х(ІХ) кластарда класс жетекшілері бағалайды
және олар бұл ретте басқа мұғалімдер мен мектеп қоғамдық ұйымдарының
пікірлерінде ескереді. Оқушының мінез-құлқына баға қою мұғалімнен дұрыс
әдіс қолданып, педагогикалық әдептілікті сақтауды талап етеді. Баға
әділетті болуы тиіс және ол окушынның мінез-құлқындағы, оның социалистік
тұрмыс нормалары мен ережелерін орындаудағы шын мәніндегі кескінін
бейнелеуі тиіс.
Жалпы орта білім беретін мектеп уставы бойынша мінез-кұқұлық
бағасының үш: үлгілі, қанағаттанарлық және қанағаттанғысыз түрі
енгізілді. Бұлардың алғашқы екеуі ұнамды бағалар. Қанағаттанарлық бағасы
Ережелерде көрсетілген негізгі талаптарды орындайтын, мектептің қоғамдық
өміріне және қоғамдық пайдалы еңбекке қатысатын оқушыларға қойылады.
Үлгілі баға тырысып оқитын, класс пен мектепте қоғамдық пайдалы еңбекке
белсене қатысатын, мектепте де, үйде де, өзін өнегелі ұстайтын, оқушыларға
арналған Ережелерді мүлтіксіз орындайтын, басқа оқушыларға үлгі болатын
окушыларға қойылады.
Қанағаттанғысыз деген баға Ережелерде қаралған өзініқ негізгі
міндеттерін үнемі орындамайтын, мектептің, мұғалімдердің талаптарына
бағынбайтын, мектепте, үйде және қоғамдық орындарда тәртіпсіздік көрсететін
оқушыларға қойылады. Қей жағдайда бір рет қоғамға жат қылық көрсеткен
оқушыларға да қанағаттанғысыз бағасы қойылуы мүмкін.
Мінез-құлық бағасы әр тоқсанның және оқу жылының қорытындысында
шығарылады. Ол баланың күнделігіне қойылып, ата-аналарының есіне салынады.
Жылдық қанағаттанғысыз баға мектеп педагогикалық советінің тиісті
шешімінен кейін қойылады.
Тәртібі бойынша қанағаттанғысыз баға алған мектеп бітіретін X класс
оқушылары бітіру емтихандарына жіберілмейді, қолдарына орта мектеп курсын
тыңдағаны жайлы анықтама алады. Мінез-құлқына жылдық қанағаттанғысыз баға
алған мектепті бітірмейтін басқа кластардың оқушылары келесі кластарға
шартты түрде көшіріледі. Егер бала мінез-құлқы үшін тағы да қанағаттанғысыз
баға алса және тәртіп бұзса, педагогикалық совет оны мектептен шығару
туралы мәселе қарайды.
Жылдық тәртібі үшін қанағаттанғысыз баға алған VIII класс
оқушыларына бұл жайында тиісті жазу жазылып сегіз жылдық білім куәлігі
беріледі және оның IX класқа қабылдануы жайлы мәселені тек қана мектептің
педагогикалық советі шешеді.
Оқушылардың мінез-құлқын осылайша бағалау - мұғалімдердің қолындағы
оқушылардың тәртібін нығайтудың маңызды құралы.

2.САБАҚ ПРОЦЕСІНДЕ ОҚУШЫНЫҢ САНАЛЫҒЫ МЕН БЕЛСЕНДІЛІГІН ДАМЫТУ ПРОЦЕСІН
ПАЙДАЛАНУ
2.1 Сабақ процесінде оқытудың белсенділігін дымыту процесін
пайдалану
Төменгі класс оқушыларын саналы тәртіпке тәрбиелегенде мұғалімге
олардың қандай жас ерекшеліктерін ескеруге тура келеді?
Кіші мектеп балаларының жоғары нерв әрекетінде қозу процесі тежелу
процесінен әлдеқайда басым болады. Сондықтан олар белгілі бір іс-әрекетке
талпынтатын тәрбиешілер тапсырмаларын жеңілірек орындайды. Балалардың
бастауыш кластарда оқыған кезеңі олардың мінез-құлықының ұнамды дағдылары
мен әдеттерін тәрбиелеуге неғұрлым қолайлы. Мінез-құлық дағдыларын
қалыптастыру және бекіту әдістерінің жүйесін анықтау үшін мұғалім олардың
сипаты мен көлемін егжей-тегжейлі ойластырады.
Кіші мектеп окушыларының ерікті зейінінің тұрақсыздығын, олардың
импульсивтігін ескере отырып, мұғалім баланың мінез-құлқына талапты шамалап
және анық та дәл қоюы және оны әлсін-әлсін баланың есіне салып отыруы,
түсіндіруі, көрсетіп беруі, мақұлдайтынын немесе пікірлесетінін білдіріп
отыруы қажет.
Кіші мектеп балалары тым ширақ, жігерлі. Бірақ олар бір текті
сабақтардан тез-ақ шаршайды. Олардың бұл ерекшеліктері мұғалімнен іс-
әрекеттің түрлері мен әдістерін өзгертіп отыруды, оқыту мен тәрбиенің
түрліше әдістерін алмастыра қолдануды талап етеді. Бастауыш класс
оқушылары, әсіресе оқудың бірінші жылы әңгімені ойымен құруға, жаттығуды
үнсіз орындауға әлі төселмеген. Сол себепті олар көбінесе күбірлеп сөйлеп,
кейбір ойын козғалысымен, қолымен көрсетіп отырады. Балаларды коллективтік
еңбекке баулығанда мұнымен есептесуге тура келеді. Кіші мектеп балаларының
ойлау бейнелілігін ескере отырып, тәрбиеде балаларға жанды да нақтылы
мысалдарды, көрнекілікті және басқа құралдарды қолдануға тура келеді.
Кіші мектеп балаларының әсерлі еліктегіштігін ескеріп, мұғалім
оларға талапты ұлғайтумен бірге мадақтау тәсілдерін де жиі қолданып
отырғаны жөн. Алайда кіші мектеп шағының өзінде де оқушыларға қолданылатын
тәрбие әдістері елеулі өзгереді. I және II класс оқушыларын тәрбиелеу
әдіетерінің III класс балаларына қолданылатын әдістерден айырмашылығы бар.
Балалардың мінез-құлқына бақылау жүргізе жүріп, мұғалім
кейбіреулерінің шырт мінезді, қайсар, ал басқа біреулерінің ұяңдау,
аңқаулау, бостау екенін аңғарады. Бұл кемшіліктер баланың негізгі мінезіне
айналып кетпес үшін, мұғалім осы мінездердің қалай қалыптасқанын жақсы
білуі және оларды болдырмау үшін күш-жігер жұмсауы тиіс. Алайда мұны бірден
орындаудың орайы келе қоймайды. Иә, оның үстіне тек сол жағдайларды
болдырмау ғана балалардың мінезіндегі кемшіліктерді түзеуді қамтамасыз
етпейді. Мінездегі кемшіліктің біртіндеп қалыптасатыны және біршама орнықты
болып табылатыны естен шығарылмауы тиіс. Сондықтан қандай да болсын
мінездегі ауытқушылықты жоюмен қатар, мүғалім өз күш-жігерін мінездегі
кемшілікті түзетуге жұмсайды. Әрбір кемшілік белгілі бір шаралар жүйесімен
түзетілуі мүмкім.
Шолжаң да қыңыржақ, қиқар мінезді балалармен жүргізілетім жұмыста
мұғалім өзін бір қалыпта, бірақ табандылық пен талап қойғыштық дәрежеде
ұстау керек. Мұғалімнің мұндай көзқарасына балалар біркелкі тез үйреніп
кетеді, шолжаңдық пен қыңырлықтан ештеңе шықпайтынына түсініп кетеді,
сөйтіп, педагогтардың талабына бағынады.
Ұялшақ балаларды коллектив өміріне бірте-бірте араластыруға тура
келеді. Жай басар, аңғал оқушылармен жұмыс жүргізгенде дағдыландыру,
жаттықтыру сияқты неғұрлым тиімді әдістерді қолданған жөн.
Тәртіптілік мінездің маңызды сипаты болып табылады, ол адамның жеке
басының басқа да қасиеттерімен тығыз байланысты. Әсіресе, балаларды
ұстамдылыққа тәрбиелеудің үлкен маңызы бар.
Тәртіптілікке баулуда мектеп балаларының ынтасын есепке алудың,
оларды пайдалы да қызықты жұмысқа қатыстыру үшін пайдаланудың, сондай-ақ
олардың денсаулығының, нерв жүйесінің жағдайына назар аударып отырудың да
атқарар ролі орасан зор. Тәрбие жұмысы оқушылардың мінезі мен тәртібіндегі
барлық өзгерістерді есепке ала отырып, мұғалімдер тарапынан оларға үлкен
көңіл бөлуді талап етеді. Тек сонда ғана мұғалім өзінің тәрбиеленушілеріне
деген жұмыс жоспарын қатесіз белгілеп алады.
Саналы тәртіпке тәрбиелеу балаларды мәдениетті мінез-құлыққа
баулумен тығыз байланысты. Мәдениетті мінез-қылық дегеніміз орасан аумақты
түсінік. Мәдениет деген ұғымға беті-қолын жуғаннан бастап, адамзат ақыл-
ойының қазіргі жеткен ең соңғы биігіне дейінгі барлық ұғым енеді, деп
М.И.Калинин атап көрсетті.
Мінез-құлық мәдениеті адамның жаппай белгіленген қоғамдық тәртіп
нормасын, жеке басының гигиенасын, өз еңбегін ұйымдастыруды, қоршаған
адамдарға қарым-қатынасын, сондай-ақ эстетикалық мәдени дәрежесін, өз мінез-
құлқында сезім шамасын сақтай білуге (сөйлеуі, ымдауы, мимикасы, сыртқы
түрі және басқа) көмектесетін эстетикалық мәдени дәрежесінде бола білгенде
ғана көрінеді.
Мінез-құлық мәдениеті қандай да бір бөлінген арнаулы құралдың
көмегімен тәрбиеленбейді, оның тәрбиесі мектептің бүкіл іс-әрекетінің бір
бөлігі болып табылады. Оқушыларды тәртіптілікке тәрбиелеу жөніндегі жұмысты
жүргізе отырып, мұғалім өзінің күш-жігерін балалардың өздерін мәдениетті
ұстай білуге деген ұмтылысына дем беруге, олардың мінез-құлық мәдениетін,
дағдысы мен әдетін бойына сіңіруге бағыттап отыруға жұмсауы тиіс.
Мектеп балаларына тұрақты сенімділік пен мінез-құлықтың жақсы өнеге-
үлгісі қажет. Сондықтан қазіргі заманғы педагогика сенімділікті
қалыптастыруды, өзін мәдениетті қылыққа дағдыландыру және әдеттендіру
жөніндегі жұмысты біртұтас мақсат көздей отырып жүргізуді ұсынады. Мұнда
мектептің бүкіл өмірі: оқу тәртібінің айкындылығы, үйдің тазалығы мен
реттілігі, балалар мен мектеп қызметкерлерінің мәдениетті қылықтары мен
сыртқы көріністері, өзара қарым-қатынас мәдениеті қалай ұйымдастырылып,
жүзеге асырылгандығы маңызды орын алады. Осылардың барлығы жүйелі
жүргізіліп отырған түсінік жұмыстарымен, балаларды мәдениетті кылыққа
тәрбиелеу ісіне семьяны қатыстырумен толықтырылып отырылады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру мен танымдық қабілеттерін дамыту
Бастауыш класс математика сабағында ойын технологиясын қолдану
Құқықтық негіздер
Дене тәрбиесі жүйесінің негіздері
Сабақты құру негізі - оқушылардың жұмысын ұйымдастыру
Эксперименталды оқыту жүйесіндегі оқушының өздік жұмысы
МАТЕМАТИКАДАН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ
Оқыту процесінде оқушылардың білімін тексеру және бағалау
Ойын арқылы мектепке дейінгі балалардың танымдық белсенділігін арттыру
Оқушылар бойында шығармашылық әрекет тәжірибесін қалыптастыру қажеттігі туралы
Пәндер