Қазақстан Республикасындағы салықтардың түрлері



МАЗМҰНЫ

1. Қазақстан Республикасындағы салықтардың түрлері ... ... ... ... ... ... ...3
2. Шағын кәсіпкерліктің субъектілеріне арналған арнаулы салық режимдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
3. Бiржолғы талон негiзiндегi арнаулы салық режимi ... ... ... ... ... ... ... ...10
4. Патент негiзiндегі арнаулы салық режимi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
5. Оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимi ... ... ... .13
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасындағы салықтардың түрлері

МАЗМҰНЫ

1. Қазақстан Республикасындағы салықтардың
түрлері ... ... ... ... ... ... ...3
2. Шағын кәсіпкерліктің субъектілеріне арналған арнаулы салық
режимдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
3. Бiржолғы талон негiзiндегi арнаулы салық
режимi ... ... ... ... ... ... ... . ..10
4. Патент негiзiндегі арнаулы салық
режимi ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .11
5. Оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық
режимi ... ... ... .13
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..17

1. Қазақстан Республикасындағы салықтардың түрлері

Салықтар - мемлекет бiржақты тәртiппен заң жүзiнде белгiлеген, белгiлi
бiр мөлшерде жүргiзетiн, қайтарымсыз және өтеусiз сипатта болатын бюджетке
төленетiн мiндеттi ақшалай төлемдер. Басқа мiндеттi төлемдер (алымдар,
баждар, ақылар мен төлемдер) – бюджетке белгілі бір мөлшерлерде
жүргізілетін ақша аударулар. ҚР № 209-2 2001 ж. 12-маусымдағы Салық және
бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Кодексіне (Салық
кодексіне) сәйкес Қазақстан Республикасында қолданылатын салықтар тiкелей
және жанама болып бөлiнедi. Жанама салықтарға қосылған құн салығы мен акциз
жатады. Басқа салықтар тікелей салықтарға жатады. Салық кодексінің 60-
бабына сәйкес салықтардың төмендегідей түрлері белгіленген:
1. Корпорациялық табыс салығы.
2. Жеке табыс салығы.
3. Қосылған құн салығы.
4. Акциздер.
5. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдерi.
6. Әлеуметтiк салық.
7. Жер салығы.
8. Көлiк құралдары салығы.
9. Мүлiк салығы.
Бұдан басқа Салық кодексінің 61-бабына сәйкес алымдардың төмендегідей
түрлері белгіленген:
1. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым.
2. Жеке кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым.
3. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және олармен жасалған мәмiлелердi
мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым.
3-1. Жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым.
4. Радиоэлектрондық құралдарды және жиiлiгi жоғары құрылғыларды
мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым.
5. Механикалық көлiк құралдары мен тiркемелердi мемлекеттiк тiркегенi
үшiн алым.
6. Теңiз, өзен кемелерi мен шағын көлемдi кемелердi мемлекеттiк
тiркегенi үшiн алым.
6-1. Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік
тіркеу үшiн алым.
7. Азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым.
8. Дәрi-дәрмек құралдарын мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым.
9. Автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру
алымы.
10. Аукциондардан алынатын алым.
11. Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым.
12. Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк
спектрiн пайдалануға рұқсат беру үшiн алым.
Салық кодексінің 62-бабында мемлекеттік бюджетке төменде келтірілген
тізбе бойынша міндетті төлемақылар көрсетілген:
1. Жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемақы.
2. Жер бетiндегi көздердiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы.
3. Қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемақы.
4. Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы.
5. Орманды пайдаланғаны үшiн төлемақы.
6. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлемақы.
7. Радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төлемақы.
7-1. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын бергені
үшін төлемақы.
8. Кеме жүретiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы.
9. Сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастырғаны үшiн төлемақы.
Мемлекеттік баж.
Кеден төлемдерi
1. Кеден бажы.
2. Кеден алымдары.
3. Төлемақы.
4. Алымдар.
ҚР заңнамалық актілер және ҚР Үкіметінің уәкілеттік берген құзырлы
органы жасаған жер қойнауын пайдалануға келісім-шарттардың ережелерімен
төлеудің заттай нысаны көзделген, сондай-ақ уплата салықтарды төлеу шетел
валютасында жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда Салықтар мен алымдар
ҚР заңнамалық актілерге сәйкес теңгемен есептеледі және төленеді. Қандай да
болмасын салықтан босату немесе Салық кодексінде көзделген салық ставкасын
азайту оған өзгертулер мен толықтырулар енгізу тәртібімен жүргізіледі.
Басқа актілермен салық жеңілдіктерін, оның ішінде жеке сипаттағы
жеңілдіктерді беруге тыйым салынады.

2. Шағын кәсіпкерліктің субъектілеріне арналған арнаулы салық режимдері

Салық кодексіне сәйкес арнаулы салық режимдерін шағын кәсіпкерліктің
субъектілері, шаруа (фермер) қожалықтары, заңды тұлғалар - ауыл
шаруашылығы өнімдерін өндірушілер, кәсіпкерлік қызметтің кейбір түрлерімен
айналысатын заңды тұлғалар қолдана алады.
Шағын кәсіпкерліктің субъектілері арнаулы салық режимін, егер ол
белгілі бір талаптарды қанағаттандыратын жағдайда қолдана алады.
(ҚР Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы заңына сәйкес)
жалпы тәртіппен жеке адамдар – жеке кәсіпкерлер, кәсiпкерлiк қызметпен
айналысатын заңды тұлғалар шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылады.
Қызметкерлерiнiң орташа жылдық саны 50 адамнан аспайды және активтерiнiң
жалпы құны орта есеппен бiр жыл iшiнде алпыс мың еселенген (2005 жылы –
58,2 млн. теңге) айлық есептiк көрсеткiштен аспайды.
Тек салық мақсаттарында, яғни шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшін
арнаулы салық режимін қолдану үшін Салық кодексінде шағын кәсiпкерлiк
субъектiсi термині қолданылады, оған сәйкес табыс, саны мен қызметтің
түрлері бойынша басқа шектеулер белгіленген.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiсi ұғымына мыналар түседі:
заңды тұлға құрмайтын, қызметкерлерінің саны жеке кәсіпкердің өзін
қосқанда 15 адамнан аспайтын, тоқсандық табысы 4,5 млн. теңгеден аспайтын
жеке кәсіпкерлер (кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғалар);
қызметкерлерінің саны бір тоқсанда 25 адамнан аспайтын, тоқсандық
табысы 9 млн. теңгеден аспайтын заңды тұлғалар);
Бұдан басқа қызметтің төмендегідей түрлерін жүзеге асыратын заңды
тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер арнаулы салық режимін қолдана алмайды.
1) акцизделетiн өнiмдi өндiретiн;
2) консультациялық, қаржы, бухгалтерлiк қызмет көрсететiн;
3) мұнай өнiмдерiн өткiзетiн;
4) шыны ыдыстарды жинайтын және қабылдайтын;
5) жер қойнауын пайдаланатын;
6) лицензияланатын қызметтер (Қазақстан Республикасының Лицен-зиялау
туралы заңының 9-11-1 бабын қараңыз), оларға мыналар кірмейді:
6.1 медициналық, дәрiгерлiк  қызметтi, мал дәрiгерлiк саласындағы
қызметтердi: мал дәрiгерлiк мақсаттағы препараттарды өндiру және өткiзудi;
мал дәрiгерлiк мақсаттарға арналған дәрi-дәрмек құралдарды, биологиялық
препараттарды өткiзудi; жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарға мал
дәрiгерлiк-санитарлық сараптама жүргiзудi; мал дәрiгерлiк емдеу-
профилактикалық қызметтерi;
6.2 тұрғын үй коммуналдық-тұрмыстық объектiлердi газбен жабдықтау
жөнiндегi өндiру, жөндеу және құрылыс жұмыстары;
6.3 күзет, өрт сигналы мен өрт сөндіру автоматикасы құралдарын
жобалауды, монтаждауды, жөнге келтiрудi және оларға техникалық қызмет
көрсетудi;
6.4 өртке қарсы қолданылатын техниканы, жабдықтарды және өрттен қорғау
құралдарын өндiрудi;
6.5 жолаушылар лифтiлерiн монтаждауды, жөндеудi және оларға қызмет
көрсетудi;
6.6 автомобиль көлiгiмен халықаралық жолаушылар және жүк тасымалы
6.7 емдiк препараттар дайындау мен сату;
6.8 жобалау-iздестiру, сараптау, құрылыс-монтаждау жұмыстары, құрылыс
материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндiру жөнiндегi жұмыстар;
6.9 алкоголь өнiмдерiн бөлшек саудада сату;
6.10. пошта байланысы және телекоммуникациялар саласындағы қызметті,
теледидарлық және дыбыстық (радио-хабарларын тарату) бағдарламаларды тарату
жөніндегі қызметті жасау мен көрсетуді, жалпыреспубликалық магистральды,
халықаралық байланыс желілерін жобалауды, салуды, іске қосуды және
радиожиілік спектрін пайдалануды;
6.11. жолаушылар мен жүкті өзен көлігімен тасымалдауды;
6.12. жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картогра-фиялық
жұмыстарды жүргiзудi;
6.13. өлшеу құралдарын  жасауды және жөндеуді;
6.14. тарих және мәдениет ескерткіштерін археологиялық және жаңғырту
жұмыстарын;
6.15. жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етумен байланысты
қызметтердi: жол жүрiсiн реттеудiң техникалық құралдарын орнатуды,
монтаждауды, жөндеудi, пайдалануды;
6.16. іздестіру-құтқару, тау-кен құтқару, газдан құтқару, фонтан
атқылауға қарсы жұмыстарды;
6.17. пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі қызметті;
6.18. жалпы бастауыш, негізгі жалпы немесе жалпы орта; бастауыш
кәсіптік білім, оның ішінде кәсіптер бойынша; орта кәсіптік, жоғары
кәсіптік, жоғары оқу орындарынан кейінгі кәсіптік, оның ішінде мамандықтар
бойынша білім беретін заңды тұлғалардың білім беру қызметін, сондай-ақ
мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдардың қызметін;
6.19. жеке және заңды тұлғалардың күзет қызметін жүзеге асыруын;
6.20. электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді және таратуды;
6.21. өнеркәсіптік жарылыс-өрт қаупі бар және тау-кен өндірістерін,
электр станцияларын, электр желілері мен қосалқы станцияларды,
гидротехникалық құрылыстарды, магистральды газ-мұнай өнімдері құбырларын,
көтергіш құралдарды, сондай-ақ қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар, ыдыстар
мен құбырларды жобалауды және пайдалануды;
6.22. химиялық, бұрғылау, мұнай-газ кәсіпшілігі, геологиялық барлау,
кен-шахта, металлургия, энергетика жабдықтарын, жарылыстан қорғалған
электротехникалық жабдықтарды, көтергіш құрылғыларды, сондай-ақ қысыммен
жұмыс істейтін қазандықтарды, ыдыстар мен құбырларды бақылау, аварияға
қарсы және дабыл беру аппаратуралары мен жүйелерін жобалауды, жасауды,
монтаждауды және жөндеуді;
6.23. астық қабылдауды, өлшеуді, кептіруді, тазалауды, сақтауды және
тиеуді;
6.24. темiр жолдың жылжымалы құрамын жасау мен жөндеудi; қауiптi
жүктерді тасымалдау үшiн қолданылатын арнаулы контейнерлерді жасау мен
жөндеудi;
6.25. шетелдік валютамен қолма-қол бөлшек сауда жасауды және қызмет
көрсетуді жүзеге асыруды;
6.26. ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарын, ақпаратты өңдеудің
қорғалған техникалық құралдарын әзірлеуді, дайындауды, монтаждауды,
реттеуді, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және оларға сервистік қызмет
көрсетуді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын
техникалық қорғау жөніндегі қызметтің барлық түрiн;
6.27. экологиялық сараптама саласындағы табиғат қорғауды жобалауды,
нормалауды және табиғат қорғау жұмыстарын қоспағанда, лицензияланатын
қызмет түрлерiне қолданылмайды
Басқаша айтқанда қызметтің 6.1-6.27–тармақшаларында аталған
лицензияланатын түрлерін жүзеге асыратын адамдар шағын кәсіпкерлік
субъектілеріне арналған арнаулы салық режимін қолдана алады.
МЫСАЛ. Кәсіпкердің кіші дүкені және дәмханасы бар май құю станциясы
бар. Бұл жағдайда кәсіпкер осы режим мұнай өнімдерін өткеруге
қолданылмайтындықтан арнаулы салық режимін қолдана алмайды.
Бұдан басқа арнаулы салық режимін төмендегілердің қолдануға құқы жоқ:
филиалдары, өкiлдiктерi бар заңды тұлғалар, филиалдардың, өкiлдiктердiң
өздері, заңды тұлғалардың еншiлес ұйымдары және тәуелдi акционерлiк
қоғамдар, әртүрлi елдi мекендерде өзге де оқшауланған құрылымдық
бөлiмшелерi бар салық төлеушiлер.
Төлем көзiнен салық ұсталғанын растайтын құжаттар және (немесе)
бiржолғы талон болған кезде, бұрын салық салынған табыстарды қоспағанда,
Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегiнен тыс жерлерде алынған
(алынуға тиiс) табыстардың барлық түрлерiнен тұратын салық кезеңi iшiндегi
табыс салық салу объектiсi болып табылады.
Шағын бизнес субъектiлерi жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпті және
арнаулы салық режимiн дербес таңдауға құқылы. Шағын бизнес субъектiлерi
бiржолғы талон негiзіндегi арнаулы салық режимiн, патент негiзiндегi
арнаулы салық режимiн, оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық
режимiн шаруашылық қызметін жүзеге асыру тәртібіне қарай қолдануға құқылы.
Шағын бизнес субъектiлерi үшін арнаулы салық режимi төлем көзінен ұсталатын
жеке табыс салығын қоспағанда әлеуметтiк, корпорациялық салық немесе жеке
табыс салығын есептеу мен төлеудің оңайлатылған тәртібін белгілейді.
Салықтар мен төлемдердің басқа түрлері бойынша есептеу мен төлеу,
есептiлiктi тапсыру жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

3. Бiржолғы талон негiзiндегi арнаулы салық режимi

Салық кодексінің 372-бабына сәйкес бiржолғы талон негiзiндегi арнаулы
салық режимiн (бәрiн жинақтағанда жылына тоқсан күннен аспайтын кезеңде
жүзеге асырылатын) қызметi ара-тұра сипатта болатын жеке тұлғалар
қолданады. Рыноктарда өткізу бойынша бюджетпен есеп айырысу дәп бiржолғы
талондар негiзiнде жүзеге асырылады (жалдау шарттары бойынша рыноктардың
аумағындағы стационарлық үй-жайларда өткізуді қоспағанда). Жалдамалы
еңбектi қолданбай бiржолғы талон негiзiнде ара-тұра сипаттағы қызметтi
жүзеге асыратын жеке тұлғалар әлеуметтiк салық төлеушiлер болып табылмайды
және жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеуден босатылады
МЫСАЛ. Жеке тұлға бiржолғы талон негiзiнде газет және журналдарды
сатумен айналысады. Бұл ретте жыл ішінде ол жалпы жиынтығында 80 күнге
(мамырда 25 күнге, маусымда 30 күнге, шілдеде 15 күнге және тамызда 10
күнге) бiржолғы талондарды сатып алды. Осылайша оның бiржолғы талон бойынша
жыл соңына дейіг әлі 10 күн бiржолғы талон бойынша жұмыс істеуге мүмкіндігі
бар.
Егер жеке тұлға кәсіпкерлік қызметін жалғастырғысы келсе, және
біржолғы талон бойынша 90 күн жұмыс істесе, онда ол жеке кәсiпкер ретінде
салық органында мемлекеттік тіркеуден өтуі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы жанама салықтар: мәні мен,мазмұны
Салық жүйесінің экономикалық мәні
Қазақстанның салық жүйесі: қалыптасу кезеңдері және қызмет ету мәселелері
Салық салудың әділдік қағидаты
Салық салу туралы
Қазақстан Республикасындағы салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру
Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі және оны жетілдіру жолдары
Салық мәні, салық салу принціптерінің қызметтері
Салық және салық жүйесі. Қазақстан Республикасының салық жүйесі
Жанама салықтардың қазіргі кездегі жағдайы мен олардың жаһандану жағдайындағы даму перспективалары
Пәндер