Қазақстанның Шығыс Еуропамен қарым-қатынасы



Мазмұны


Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

1 тарау Қазақстан . Венгрия: тарихи байланыс және қазіргі ынтымақтастық

1.1 Қазақстан Венгриямен ынтымақтастығы серпінді ырғақпен дамуда ... ... .

1.2 Барыс қоры ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1.3 Венгриядағы Қазақстандық қауым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2 тарау Қазақстан . Польша қатынастарының қалыптасуы: мемлекетаралық саяси және экономикалық ынтымақтастық

2.1 Қазақстан мен Польша арасындағы экономикадағы жаңа салалардың инновациялары саласындағы ынтымақтастық және қазіргі заманға сай «қатынас жолдарын» жасау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

2.2 Мемлекеттер арасындағы мәдени саладағы байланыстар және поляк диаспорасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

3 тарау Қазақстанның Шығыс Еуропа елдерімен өзара қарым.қатынастары

3.1 Қазақстан Республикасы мен Словакия Республикасы арасындағы экономика және ғылыми.техникалық даму саласындағы ынтымақтастықтың перспективалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

3.2 Румыния . Қазақстанды өзінің Орталық Азиядағы ең маңызды серіктесі деп есептейді ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Кеңес одағының қол астында болған елдердің көпшілігі тәуелсіздік алғаннан бері әлеуметтік экономикалық проблемаларды шешудің жаңа қадамдарын іздеумен және ендірумен айналысуда.
Қазақстанның сыртқы саяси және экономикалық байланыстарында Шығыс Еуропаға көрнекті орын беріледі. Өтпелі кезеңдегі аймақтың елдері қайта құрылу жолына түсіп, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық мәселелерді шешуде айтарлықтай тәжірибе жинақтады. 1989 жылы басталған осы аймақта демократиялық мемлекеттер қалыптастыру процессі қазірде түбегейлі аяқталған.
Халықаралық қатынастар саласында Шығыс Еуропа елдері де, Қазақстанға да басты міндет – әлемдік қауымдастыққа бірте-бірте бейімделу. Қазақстанның осы мемлекеттермен екі жақты және көп жақты байланыстарының дамуы біздің еліміздің халықаралық сахнадағы ұстанымын нығайтатын бірден-бір фактор. Қазақстан үшін аймақтағы елдерді демократизациялау процессі, атап айтқанда, әлеуметтік және ұлттық мәселелерді шешу тәжірибесі, жаңа демократиялық институттарды құру және тоталитарлық-бюрократтық реттеу тәжірибесі маңызды. Өз кезегінде Қазақстандағы демократиялық құрылымдардың табысты жылжуы Шығыс Еуропа елдері тарапынан ел басшылығының саясатына сенім тудырады. Бұл фактор геостратегиялық орнымен, саяси тұрақтылығымен және табиғи ресурстарымен біріге келе Қазақстанды Шығыс Еуропа елдері үшін олардың Орталық Азия аймағындағы саяси және экономикалық мүдделерге көзқарасы тұрғысынан тамаша әріптесі. Технологиялар алмасуда, нарық іздеуде, серіктестікті дамытуда көңіл аудара отырып Шығыс Еуропа елдері Қазақстанның сыртқы экономикалық қызметінде маңызды орын алады.
Қазақстан мен Шығыс Еуропа елдері арасындағы ортақ мүдделердің бір көрінісі – Қазақстанның Орталық Азия мемлекеттерінің ішінен территориясы, географиялық жағдайы және пайдалы қазбаларының мол қоры жағынан ерекше орын алатындығы. Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттерге қарағанда аймақтық беделінің ерекше екендігінің негізділігі. Табиғи мол байлығы және еліміздің Еуразиядағы геосаяси жағдайы, Қазақстан үкіметінің халықаралық қатынастардағы белсенді саясаты БҰҰ-ның құрамында, аймақтық ұйымдар шеңберіндегі нақты қадамдары көңілге сенім тудырады.
Шығыс Еуропа елдерінің нарығы, олардың әлеуметтік-экономикалық реформаларының тәжірибесі, Еуропадағы өскелең экономикалық және саяси салмағы, ішкі аймақтық мәселелерді шеше білуі Қазақстан үшін қызығушылық тудырады. Әңгіме экономикалық процесстердің түрлері мен әдістерін көзсіз көшіру туралы емес. Олардың тәжірибесі Қазақстанның халықаралық қатынастардағы жаңа тәсілдерді және әлемдегі геоэкономикалық ауысымдарды түсінуіне мүмкіндік береді.
Қазақстанның Еуропадағы аталған аймақтардың елдерімен байланысу қажеттігін байқай отырып, Қазақстан Еуразиялық геосаяси кеңістікті нығайтып, Азия мен Еуропа арасын байланыстыруда. Бұл жұмыста ішкі саяси қызметке, өзара пайдалы қатынастарды дамытуға жағдай жасауға басымдылық беріледі.
XXI ғасырға Шығыс Еуропа елдері нарықтық экономиканың мықты қорымен және жүйелі реформалармен кірді.Табысты реформаларға ықпал ететін ішкі саяси тұрақтылық, шетел капиталын аймақтағы елдерге тарту жағдайы мен кепілділігі, инвестициялар, технологиялар, туристер тарту жөніндегі ашық есіктер саясаты; кез-келген жобаға қызмет көрсетуге және несие ресурстары арқылы кең қызметті іске асыруға мүмкіндік беретін дамыған қаржылық инфрақұрылым; түрлі механизмдер арқылы экономикалық дамуды реттеу сияқты жүйелерге ерекше орын беріледі. Мұның барлығы Шығыс Еуропа елдерінің реформалық тәжірибесін зерттеу үшін талпынуға мүмкіндік береді.
Әрине, Орталық Азияның маңызды мемлекеттерінің бірі Қазақстан мен Шығыс Еуропа аймағының елдері бір-біріне қажет: Шығыс Еуропа-жаңа технологияларды экспорттау, Орталық Азияның ішкі нарығын меңгеру үшін трамплин жасау үшін; Қазақстан-экономиканың аса мұқтаж салаларына қажетті инвестиция, заманауй технологиялар тарту, өзінің сыртқы саудасын осы елдермен теңестіру үшін. Сондай-ақ, экономикалық даму үлгілерінің тәжірибесін зерттеу және Азия мен Еуропа арасындағы көпір болу қажеттілігі тұр.
Әрине, аймақтағы елдердің экономикалық даму үлгісін әспеттеудің қажеті жоқ. Олардың түрлі мәселелерге көзқарастарында айырмашылық болған және бола береді. Шығыс Еуропа үшін капитализмнің түрлі формасы тән. Венгрияда экономикалық шетел капиталы басты рол ойнайтын болғандықтан либералды капитализм. Польша капитализм дамуының итальяндық жолымен келе жатыр: концерндердің көпшілігі мемлекет билігінде, бірақ үлкен сектор шағын және орта фирмаларда. Чехия мен Словакияда француз жүйесі басым. Румыния мен Болгарияда латынамерикандық жүйеге ұқсас капитализм іске асырылуда.
Шетел инвесторларының иелігіне өнеркәсіпті үлкен және орта мекемелерді бере отырып, шағын және орта бизнестің өсуін реттей отырып Шығыс Еуропа елдері жаңа жоғары технологияларды меңгерді және меңгере бермек.
Жоғарыда айтылғандар елшіліктің аймақтағы елдердің тәжірибесін зерттеу, түрлі механизмдерді пайдалана отырып, екі жақты ынтымақтастықты дамыту арқылы реформалардың қозғалуына ықпал етуді қамтамасыз ету жұмыстарының бағытын анықтады.
Теміржол жүктерінің өтуіне жағдай жасаса, онда біздің еліміз өзінің көне қызметі- Ұлы Жібек жолын қайта қалпына келтіріп, көбейтеді. Орталық және Шығыс Еуропа Астанада өткен тасымалдау жөніндегі ТрансЕвразия конференциясына қатысуы осының тікелей айғағы.
Қазақстан мен Шығыс Еуропа елдері кең мағынадағы еуразиялық қауіпсіздіктің нығаюына ықпал ете отырып, жан-жақты, өзара пайдалы ынтымақтастықты құруға мүмкіндіктері мол. Бұл мүмкіндіктер тәжірибеде қаншалықты кең қолданылса, қызыққан тараптар соншалықты пайда алады.
Қазақстанның Еуропа елдерімен өзара түсінісу шеңбері қанша кең болса, Қазақстанның әлемдік жүйеден мүмкіндіктерін пайдалана отырып және XXI ғасырдың шындықтарын пайдалана отырып алатын орны соншалықты жоғары болмақ.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстан мен Шығыс Еуорпа елдері арасындағы саяси, экономикалық және мәдени салаларды арнайы зерттеген жұмыстар жоқтың қасы. Бұл тұрғыда осы мәселелер бойынша қысқаша мағлұмат беретін еңбектерді айтуымызға болады.
Қазақстан мен Венгрия арасындағы тарихи, саяси және экономикалық байланыстар жөнінде ҚР Төтенше және Өкілетті елшісі С. Түрсыновтың кітабы жарық көрді.
Қазақстандағы қыпшақтар жайлы С. М. Ахинжановтің «Кыпчаки в истории средневекого Казахстана» еңбегін айтуымызға болады.
Қазақстан мен Шығыс Еуропа елдерінің арасындағы қарым-қатынастар жөнінде мемлекет және қоғам қайраткерлерінің еңбектері бар. Бұл жөнінде ең алдымен Қ. Тоқаевтің «Под стягом независимости» және «Қазақстан Республикасының Дипломатиясы» «Внешняя политика Казахстана в условиях глобализации» деген еңбектерінде жарық көрді.
Қазақстандағы поляк диаспорасының тарихын зерттеу шеңберінде Познаньдағы А. Мицкевич атындағы университеттің профессоры М. Гавенцкийдің еңбегін ерекше атап өткен жөн. Онда автор Қазақстандағы поляктардың тарихы мен бүгінгі жағдайы, Польшадағы қоғамдық ұйымдардың Қазақстандық поляктарға көрсеткен гуманитарлық, ғылым, білім саласындағы көмектері М. Гавенцкийдің тікелей біздің республикамызда жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде жазылған.
Польшадағы экономикалық реформалардың тікелей ұйымдастырушысы, оның пионері аталған Л. Бальцеровичтің еңбегінің деректік маңызы өте зор. Автор XX ғ. 80-жж. Соңындағы саяси дағдарыс, оның экономикаға тигізген әсері, экономикалық реформаның алғышарттары, себептері, осы реформаның іске асырылуына елдегі саяси себептердің кері әсеріне, рефоманың нәтижесі, системалық өзгерістерге ғылыми түрде талдау берген.
Қазақстандағы поляк диаспорасының тарихы мен өзіндік орны мәселесі зерттеуші Л. Исованың кандидаттық диссертациясында баяндалды. Қазақстан мен Словакия және Румыния арасындағы саяси-экономикалық қатынастары «Приоритеты Казахстанской дипломатии на рубеже веков» «Актуальные проблемы внешней политики Казахстана» мақалалар жинағында басылды.
Тақырыптың мақсаты мен міндеті. Тақырыптың зерттелу деңгейін саралай отырып және ондағы фактілерді жүйелей келе, дипломдық жұмысты жазуда төмендегідей мақсат алға қойылды: Қазақстан – Шығыс Еуропа елдері қарым-қатынастарының тарихи алғы шарттарының қалыптасуы мен барысын зерттеу және қамтып отырған салаларды анықтау. Жұмыстың міндеттері: Халықаралық аренада мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың дәйекті қалыптасуына тараптардың да мүдделер үндестігі негіз болатындығын анықтау. Елдердің саяси сферадағы өзара түсінушілік пен ынтымақтастығының қалыптасуының қадамдары мен мемлекеттер қарым-қатынастарының принциптік, келісімдік құқықтық негізінің жасалу процесін саралау.
Венгрияның әлеуметтік салалардағы жүргізген реформасынан кейінгі қол жеткізген жетістіктерін саралай отырып, елімізге реформалар барысында тигізер үлесін көрсету.
Польша мен Қазақстан арасындағы қатынастардың қамтылмай жатқан сфераларын анықтау.
Методологиялық негізі. Жұмысты жүргізуде қазіргі кездегі сыртқы саясатта қолданып жүрген мемлекеттердің сыртқы саясаттағы ұлттық және мемлекеттік мүдделері принципі методологиялық негізге алынды. Методологиялық тұрғыда алға қойған міндетті терең ұғынуда ҚР Президентінің, республиканың басқа да басшы қайраткерлерінің ғылыми еңбектерімен көптеген мақалаларын әртүрлі деректермен салыстыра қарау және талдау әдісінің де үлкен маңызы болды.
Хронологиялық шеңбері. 1992-2007 жж. аралығын қамтиды. Қос тарапты жүйе ыдырағаннан кейінгі мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық осы аралықта нақты нәтижелерге ие болды.
Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Шығыс Еуропа елдері мен Қазақстанның қазіргі қарым-қатынастары

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6

1 тарау Қазақстан – Венгрия: тарихи байланыс және қазіргі ынтымақтастық

2 тарау Қазақстан – Польша қатынастарының қалыптасуы: мемлекетаралық саяси
және экономикалық ынтымақтастық

3 тарау Қазақстанның Шығыс Еуропа елдерімен өзара қарым-қатынастары

3.1 Қазақстан Республикасы мен Словакия Республикасы арасындағы экономика
және ғылыми-техникалық даму саласындағы ынтымақтастықтың
перспективалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...38

3.2 Румыния – Қазақстанды өзінің Орталық Азиядағы ең маңызды серіктесі деп
есептейді ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...47

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ..56

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...58

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Кеңес одағының қол астында болған елдердің көпшілігі
тәуелсіздік алғаннан бері әлеуметтік экономикалық проблемаларды шешудің
жаңа қадамдарын іздеумен және ендірумен айналысуда.
Қазақстанның сыртқы саяси және экономикалық байланыстарында Шығыс Еуропаға
көрнекті орын беріледі. Өтпелі кезеңдегі аймақтың елдері қайта құрылу
жолына түсіп, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық мәселелерді шешуде
айтарлықтай тәжірибе жинақтады. 1989 жылы басталған осы аймақта
демократиялық мемлекеттер қалыптастыру процессі қазірде түбегейлі
аяқталған.
Халықаралық қатынастар саласында Шығыс Еуропа елдері де, Қазақстанға да
басты міндет – әлемдік қауымдастыққа бірте-бірте бейімделу. Қазақстанның
осы мемлекеттермен екі жақты және көп жақты байланыстарының дамуы біздің
еліміздің халықаралық сахнадағы ұстанымын нығайтатын бірден-бір фактор.
Қазақстан үшін аймақтағы елдерді демократизациялау процессі, атап айтқанда,
әлеуметтік және ұлттық мәселелерді шешу тәжірибесі, жаңа демократиялық
институттарды құру және тоталитарлық-бюрократтық реттеу тәжірибесі маңызды.
Өз кезегінде Қазақстандағы демократиялық құрылымдардың табысты жылжуы Шығыс
Еуропа елдері тарапынан ел басшылығының саясатына сенім тудырады. Бұл
фактор геостратегиялық орнымен, саяси тұрақтылығымен және табиғи
ресурстарымен біріге келе Қазақстанды Шығыс Еуропа елдері үшін олардың
Орталық Азия аймағындағы саяси және экономикалық мүдделерге көзқарасы
тұрғысынан тамаша әріптесі. Технологиялар алмасуда, нарық іздеуде,
серіктестікті дамытуда көңіл аудара отырып Шығыс Еуропа елдері Қазақстанның
сыртқы экономикалық қызметінде маңызды орын алады.
Қазақстан мен Шығыс Еуропа елдері арасындағы ортақ мүдделердің бір көрінісі
– Қазақстанның Орталық Азия мемлекеттерінің ішінен территориясы,
географиялық жағдайы және пайдалы қазбаларының мол қоры жағынан ерекше орын
алатындығы. Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттерге қарағанда
аймақтық беделінің ерекше екендігінің негізділігі. Табиғи мол байлығы және
еліміздің Еуразиядағы геосаяси жағдайы, Қазақстан үкіметінің халықаралық
қатынастардағы белсенді саясаты БҰҰ-ның құрамында, аймақтық ұйымдар
шеңберіндегі нақты қадамдары көңілге сенім тудырады.
Шығыс Еуропа елдерінің нарығы, олардың әлеуметтік-экономикалық
реформаларының тәжірибесі, Еуропадағы өскелең экономикалық және саяси
салмағы, ішкі аймақтық мәселелерді шеше білуі Қазақстан үшін қызығушылық
тудырады. Әңгіме экономикалық процесстердің түрлері мен әдістерін көзсіз
көшіру туралы емес. Олардың тәжірибесі Қазақстанның халықаралық
қатынастардағы жаңа тәсілдерді және әлемдегі геоэкономикалық ауысымдарды
түсінуіне мүмкіндік береді.
Қазақстанның Еуропадағы аталған аймақтардың елдерімен байланысу қажеттігін
байқай отырып, Қазақстан Еуразиялық геосаяси кеңістікті нығайтып, Азия мен
Еуропа арасын байланыстыруда. Бұл жұмыста ішкі саяси қызметке, өзара
пайдалы қатынастарды дамытуға жағдай жасауға басымдылық беріледі.
XXI ғасырға Шығыс Еуропа елдері нарықтық экономиканың мықты қорымен және
жүйелі реформалармен кірді.Табысты реформаларға ықпал ететін ішкі саяси
тұрақтылық, шетел капиталын аймақтағы елдерге тарту жағдайы мен
кепілділігі, инвестициялар, технологиялар, туристер тарту жөніндегі ашық
есіктер саясаты; кез-келген жобаға қызмет көрсетуге және несие ресурстары
арқылы кең қызметті іске асыруға мүмкіндік беретін дамыған қаржылық
инфрақұрылым; түрлі механизмдер арқылы экономикалық дамуды реттеу сияқты
жүйелерге ерекше орын беріледі. Мұның барлығы Шығыс Еуропа елдерінің
реформалық тәжірибесін зерттеу үшін талпынуға мүмкіндік береді.
Әрине, Орталық Азияның маңызды мемлекеттерінің бірі Қазақстан мен Шығыс
Еуропа аймағының елдері бір-біріне қажет: Шығыс Еуропа-жаңа технологияларды
экспорттау, Орталық Азияның ішкі нарығын меңгеру үшін трамплин жасау үшін;
Қазақстан-экономиканың аса мұқтаж салаларына қажетті инвестиция, заманауй
технологиялар тарту, өзінің сыртқы саудасын осы елдермен теңестіру үшін.
Сондай-ақ, экономикалық даму үлгілерінің тәжірибесін зерттеу және Азия мен
Еуропа арасындағы көпір болу қажеттілігі тұр.
Әрине, аймақтағы елдердің экономикалық даму үлгісін әспеттеудің қажеті жоқ.
Олардың түрлі мәселелерге көзқарастарында айырмашылық болған және бола
береді. Шығыс Еуропа үшін капитализмнің түрлі формасы тән. Венгрияда
экономикалық шетел капиталы басты рол ойнайтын болғандықтан либералды
капитализм. Польша капитализм дамуының итальяндық жолымен келе жатыр:
концерндердің көпшілігі мемлекет билігінде, бірақ үлкен сектор шағын және
орта фирмаларда. Чехия мен Словакияда француз жүйесі басым. Румыния мен
Болгарияда латынамерикандық жүйеге ұқсас капитализм іске асырылуда.
Шетел инвесторларының иелігіне өнеркәсіпті үлкен және орта мекемелерді бере
отырып, шағын және орта бизнестің өсуін реттей отырып Шығыс Еуропа елдері
жаңа жоғары технологияларды меңгерді және меңгере бермек.
Жоғарыда айтылғандар елшіліктің аймақтағы елдердің тәжірибесін зерттеу,
түрлі механизмдерді пайдалана отырып, екі жақты ынтымақтастықты дамыту
арқылы реформалардың қозғалуына ықпал етуді қамтамасыз ету жұмыстарының
бағытын анықтады.
Теміржол жүктерінің өтуіне жағдай жасаса, онда біздің еліміз өзінің көне
қызметі- Ұлы Жібек жолын қайта қалпына келтіріп, көбейтеді. Орталық және
Шығыс Еуропа Астанада өткен тасымалдау жөніндегі ТрансЕвразия
конференциясына қатысуы осының тікелей айғағы.
Қазақстан мен Шығыс Еуропа елдері кең мағынадағы еуразиялық қауіпсіздіктің
нығаюына ықпал ете отырып, жан-жақты, өзара пайдалы ынтымақтастықты құруға
мүмкіндіктері мол. Бұл мүмкіндіктер тәжірибеде қаншалықты кең қолданылса,
қызыққан тараптар соншалықты пайда алады.
Қазақстанның Еуропа елдерімен өзара түсінісу шеңбері қанша кең болса,
Қазақстанның әлемдік жүйеден мүмкіндіктерін пайдалана отырып және XXI
ғасырдың шындықтарын пайдалана отырып алатын орны соншалықты жоғары болмақ.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстан мен Шығыс Еуорпа елдері арасындағы
саяси, экономикалық және мәдени салаларды арнайы зерттеген жұмыстар жоқтың
қасы. Бұл тұрғыда осы мәселелер бойынша қысқаша мағлұмат беретін еңбектерді
айтуымызға болады.
Қазақстан мен Венгрия арасындағы тарихи, саяси және экономикалық
байланыстар жөнінде ҚР Төтенше және Өкілетті елшісі С. Түрсыновтың кітабы
жарық көрді.
Қазақстандағы қыпшақтар жайлы С. М. Ахинжановтің Кыпчаки в истории
средневекого Казахстана еңбегін айтуымызға болады.
Қазақстан мен Шығыс Еуропа елдерінің арасындағы қарым-қатынастар жөнінде
мемлекет және қоғам қайраткерлерінің еңбектері бар. Бұл жөнінде ең алдымен
Қ. Тоқаевтің Под стягом независимости және Қазақстан Республикасының
Дипломатиясы Внешняя политика Казахстана в условиях глобализации деген
еңбектерінде жарық көрді.
Қазақстандағы поляк диаспорасының тарихын зерттеу шеңберінде Познаньдағы А.
Мицкевич атындағы университеттің профессоры М. Гавенцкийдің еңбегін ерекше
атап өткен жөн. Онда автор Қазақстандағы поляктардың тарихы мен бүгінгі
жағдайы, Польшадағы қоғамдық ұйымдардың Қазақстандық поляктарға көрсеткен
гуманитарлық, ғылым, білім саласындағы көмектері М. Гавенцкийдің тікелей
біздің республикамызда жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде жазылған.
Польшадағы экономикалық реформалардың тікелей ұйымдастырушысы, оның пионері
аталған Л. Бальцеровичтің еңбегінің деректік маңызы өте зор. Автор XX ғ. 80-
жж. Соңындағы саяси дағдарыс, оның экономикаға тигізген әсері, экономикалық
реформаның алғышарттары, себептері, осы реформаның іске асырылуына елдегі
саяси себептердің кері әсеріне, рефоманың нәтижесі, системалық өзгерістерге
ғылыми түрде талдау берген.
Қазақстандағы поляк диаспорасының тарихы мен өзіндік орны мәселесі
зерттеуші Л. Исованың кандидаттық диссертациясында баяндалды. Қазақстан мен
Словакия және Румыния арасындағы саяси-экономикалық қатынастары Приоритеты
Казахстанской дипломатии на рубеже веков Актуальные проблемы внешней
политики Казахстана мақалалар жинағында басылды.
Тақырыптың мақсаты мен міндеті. Тақырыптың зерттелу деңгейін саралай отырып
және ондағы фактілерді жүйелей келе, дипломдық жұмысты жазуда төмендегідей
мақсат алға қойылды: Қазақстан – Шығыс Еуропа елдері қарым-қатынастарының
тарихи алғы шарттарының қалыптасуы мен барысын зерттеу және қамтып отырған
салаларды анықтау. Жұмыстың міндеттері: Халықаралық аренада мемлекеттер
арасындағы ынтымақтастықтың дәйекті қалыптасуына тараптардың да мүдделер
үндестігі негіз болатындығын анықтау. Елдердің саяси сферадағы өзара
түсінушілік пен ынтымақтастығының қалыптасуының қадамдары мен мемлекеттер
қарым-қатынастарының принциптік, келісімдік құқықтық негізінің жасалу
процесін саралау.
Венгрияның әлеуметтік салалардағы жүргізген реформасынан кейінгі қол
жеткізген жетістіктерін саралай отырып, елімізге реформалар барысында
тигізер үлесін көрсету.
Польша мен Қазақстан арасындағы қатынастардың қамтылмай жатқан сфераларын
анықтау.
Методологиялық негізі. Жұмысты жүргізуде қазіргі кездегі сыртқы саясатта
қолданып жүрген мемлекеттердің сыртқы саясаттағы ұлттық және мемлекеттік
мүдделері принципі методологиялық негізге алынды. Методологиялық тұрғыда
алға қойған міндетті терең ұғынуда ҚР Президентінің, республиканың басқа да
басшы қайраткерлерінің ғылыми еңбектерімен көптеген мақалаларын әртүрлі
деректермен салыстыра қарау және талдау әдісінің де үлкен маңызы болды.
Хронологиялық шеңбері. 1992-2007 жж. аралығын қамтиды. Қос тарапты жүйе
ыдырағаннан кейінгі мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-
гуманитарлық ынтымақтастық осы аралықта нақты нәтижелерге ие болды.
Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Қазақстан – Венгрия: тарихи байланыс және қазіргі ынтымақтастық
Жалпы мәліметтер
1992 ж. 23 наурызда - Қазақстан Республикасы мен Венгрия Республикасы
арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.
1993 ж. наурыз айында – Венгрия Республикасының Қазақстанда Елшілігі
ашылды.
1993 ж. қыркүйек айында – Қазақстан Республикасының Венгрияда Елшілігі
ашылды.
2006 ж. мамыр айынан бастап - Қазақстан Республикасының Венгрия
Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Р.Ыбыраев болып табылады.
2008 ж. қазан айынан бастап - Венгрия Республикасының Қазақстан
Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Я.Балла болып табылады.
Саяси қатынастар
Қазақстан мен Венгрия арасындағы саяси салада шешілмеген мәселе жоқ және
елдер жүйелі саяси сұхбат жүргізіп келеді. Халықаралық саясат мәселелерінің
көбінде ұстанымдары ұқсас. Венгрия Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығын
қолдаған мемлекеттердің алдынғы қатарында болған.
Екі жақты қатынастардың дамуындағы маңызды қадамы ретінде 1994 жылғы
желтоқсан айындағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың
Венгрияға жасаған ресми сапарын атап көрсеткен жөн. Оның нәтижесінде
Қазақстан Республикасы мен Венгрия Республикасы арасындағы Достық қарым-
қатынастар негіздері туралы шартқа қол қойылды.
Сондай-ақ жоғары деңгейдегі диалог 1997 жылғы 3-5 қарашада Венгрия
Республикасының Президенті А.Генцтің Қазақстанға жасаған ресми сапары
барысында өз жалғасын тапты.
Екі жақты қатынастарға жаңа серпін берген 2007 жылғы 22-23 қарашада ҚР
Президенті Н.Назарбаевтың Венгрияға мемлекеттік сапары болды. Сапар,
тараптардың халықаралық саясаттың көптеген өзекті мәселелеріндегі
ұстанымдарын белгілеуге және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жаңа
бағыттарын айқындауға жол ашты.
Екі Мемлекет басшыларының бірлескен мәлімдемесі венгр басшылығының
Қазақстанмен экономикалық серіктестікті және жоспарлы саяси сұхбатты
үдерітуге мүдделі екендіктерін көрсетеді.
Қазіргі таңда тараптар өз күштерін аталмыш Мемлекеттік сапардың
қорытындыларын іске асыруға жұмсауда. Осы контекстте, ҚР Парламенті
Мәжілісінің төрағасы О.Мұхамеджановтың, Көлік және коммуникация министрі
С.Ахметовтың, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Б.Сұлтановтың
Венгрияға өткен жемісті сапарлары мен ВР Ауылшаруашылық министрі Й.Граф пен
Қаржы министрі Я.Верештің Астанаға сапарлары, сондай-ақ 2008 жылы Астанада
және 2010 жылы Будапештте өткен экономикалық ынтымақтастық жөніндегі
қазақстан-венгр үкіметаралық комиссиясының отырыстарын атап өткен
жөн.Парламентаралық қатынастар. Қазақстан мен Венгрия арасында тығыз
парламентаралық байланыстар орнатылған. 2006 жылғы қараша айында ВР
Мемлекеттік жиналысында 14 депутаттан тұратын Венгрия-Қазақстан
ынтымақтастық тобы құрылып, 2009 жылғы наурыз айында ынтымақтастық
жөніндегі Қазақстан-Венгрия парламентаралық тобы құрылды, оған Мәжілістің 7
депутаты мүше болды.
2007 жылғы 16-19 мамырда Қазақстанға ВР Мемлекеттік жиналыс төрайымы
К.Силидің ресми сапары өтті. Сапар барысында К.Сили ҚР Президенті
Н.Назарбаев, Парламент Сенатының төрағасы Қ.Тоқаев, Парламент Мәжілісінің
төрағасы О.Мұхамеджанов және Алматы мәслихатының хатшысы Т.Мұқашевпен
кездесті. Кездесулер барысында парламентаралық ынтымақтастық жөнінде
көптеген мәселелері бойынша пікір алмасылды. Сонымен қатар, экономика,
туризм, білім, жоғарғы технологиялар мен энергетика, атап айтқанда
Қазақстаннан Еуропаға энерготасмылдардың транзиті салаларындағы екі жақты
өзара іс-қимыл жөніндегі мәселелері талқыланды. Астана мен Будапешт
арасындағы авиақатынасты қайта орнату мәселесі де көтерілді.
ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы О.Мұхамеджановтың 2008 жылғы 2-4
желтоқсандағы Венгрияға өткен жауап сапары да, екі жақты байланыстардың
жандануының айғағы болды. Сапар барысында, Мәжіліс төрағасының ВР
Президенті Л.Шойом, Мемлекеттік жиналыс төрайымы К.Сили және Премьер-
министр Ф.Дюрчаньмен келіссөздері болды.
Сауда-экономикалық ынтымақтастық
Қазақстан-венгр сауда-экономикалық байланыстары соммалық тұрғыдан аз
болғанына қарамастан, қалыпты түрде өсу үстінде. Еліміздің жағрапиялық
тұрғыдан алыстығына қарамастан, Қазақстан Венгрияның ТМД-дағы Ресей мен
Украинадан кейінгі тауарайналым барысынан үшінші серіктесі.
Әсересе еуропа елдері экономикасын әлсіретіп өткен, әлемдік қаржы
дағдарысының салдарынан ағымдағы жылы екі жақты сауда айналымының көлемінің
азайғаны байқалуда.
2009 жылы Қазақстан мен Венгрия арасындағы тауарайналым көлемі 138,7 млн.
АҚШ долл. құрады (экспорт – 40,3 млн. долл., импорт – 100,4 млн. долл.),
2008 жылмен (277 млн. долл.) салыстырғанда екі есе азайды.
Екі жақты тауарайналым құрылымының қомақты бөлігін қуат көздері, машиналар
мен көлік құралдары, азық-түлік пен шикізат өнімдері алып жатыр.
Венгриядан Қазақстанға ет және ет өнімдері, көкөніс және жеміс-жидек, азық-
түлік, ішімдіктер, органикалық тыңайтқыштар, жануар және өсімдік майлары,
астық пен дәнді-дақылдар, қоспажем, химия өндірісінің өнімдері, емдік дәрі-
дәрмектер, резеңке бұйымдары, ағаш, қағаз, темір, болат, жиһаз, медициналық
құралдар, киім-кешек, фотоаппараттар мен фотобұйымдар, машина және көлік
құралдары, арнайы өндіріс пен электр жабдықтары, кеңсе техникасы және т.б.
заттар импортталады.
Қазақстаннан келетін экспорт көбінесе минералды отын, ЖЖМ, көмір, кокс,
брикет, табиғи газ. Соңғы кездері оның құрамы біраз шығындалып, шикізат пен
минералдарға қарағанда өңделген өнімдердің көлемі артып келеді.
Үкіметаралық комиссия. 2008 жылғы шілдеде, Қазақстан-венгр экономикалық
ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның жұмыс істеуіне құқықтық
негіз болып табылатын, ҚР мен ВР үкіметтері арасында экономикалық
ынтымақтастық жөніндегі жаңа келісімге қол қойылды. Оның бірінші отырысы
2008 жылғы 26-27 қарашада Астанада, ал екіншісі – 2010 жылғы 10 наурызда
Будапештте өтті.
Қазақстан тарапынан Комиссияның тең төрағасы ретінде ҚР Экономика және
бюджеттік жоспарлау министрі Б.Сұлтанов, ал венгр тарапынан – ВР Премьер-
министрінің шығыс елдермен экономикалық қатынастарды дамытуға жауапты
өкілі, бұрынғы Қаржы министрі Я.Вереш болып табылады.
Мұнайгаз саласы. Қазақстанның шикізат нарығында Федоров блогын (Батыс
Қазақстан облысы) игеру жөніндегі жобаға қатысатын MOL ВР мұнайгаз ұлттық
компаниясы жемісті жұмыс істеуде.
Қазіргі таңда ҚР-да өнеркәсіп, құрылыс, көпшілік тұтынантын тауарларын
өндіруге, өндірістік ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру мен өңдеу, сондай-ақ
делдалдық және маркетингтік қызметтерді көрсетуге бағытталған 58
қазақстандық-венгр серіктес кәсіпорындары жұмыс істейді.
Оның ең танымалдары Хемимонтаж, MMG AM NOVA, АТКС, Харкон,
Глобус, Гедеон Рихтер, Эгис, Венпрод және т.б. компаниялар.
Мәдениет, білім және спорт салаларындағы ынтымақтастық
Екі ел арасында тығыз тарихи байланыстар орнатылған, Венгрияда қыпшақтардың
ұрпақтары тұрады. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Венгрияға сапары барысында
Венгр қыпшақтары одағының өкілдерімен кездесуі, мәдени қатынастардың әрі
қарай дамуына жаңа серпін берді. Мемлекет басшысына венгр қыпшақтарының
Құрметті Көсемі болып сайланғаны жөнінде диплом берілді. Бүгінгі күні екі
елдің өнер адамдары, ғалымдары мен спортшылары Қазақстан мен Венгрияда
өтетін әртүрлі мәдени және спорттық шараларға белсенді атсалысып
келеді.Секешвехервар қаласындағы Я.Кодолани атындағы университет, Геделе
ғылыми-аграрлық унверситеті мен Сегед ғылым университеттері қазақстандық
жоғарғы оқу орындарымен ынтымақтастық орнатқан. Қазақстандық студенттер
Венгрияның Экономикалық және Орталық Еуропалық университеттерінде,
Халықаралық бизнес мектебінде оқуларын жалғастыруда. Венгр жастары Э.Лоранд
және Сегед ғылым университеттерінде қазақ тілін оқып-үйренуде.
Венгр тарапы, елдің жоғарғы оқу орындарында қазақстандық студенттерді,
әсіресе Болашақ бағдарлама түлектерін оқытуға қызығушылық танытуда.

Қазақстан – Польша қатынастарының қалыптасуы: мемлекетаралық саяси және
экономикалық ынтымақтастық
Жалпы мәліметтер
Еуропа мен Азия ежелден бері Ұлы Жібек Жолы арқылы байланысқан болып
келетін, ал бірінші еуропалықтардың арасында жеті ғасырдан артық уақыт
бұрын қазақ даласын алғаш ашқан поляк францискан тақуасы Бенедикт Поляк
болатын. Оның 1245-1247 жылдардағы Қасиетті Тақтың елшілік миссиясының
құрамында қазіргі Қазақстанның даласы арқылы Азияның ішіне қарай саяхаты
аймақтарымыздың арасындағы елшілік қатынастардың орнауының алғашқы дәйегіне
айналды. Саяхаттаушы монах Бенедикт Поляк Ұлы Дала жайлы ақпаратты
жинақтауда басты рөл атқарды, соның арқасында еуропалықтар оның халқының
өмірі мен тұрмысы жайлы тұңғыш рет естіп білген болатын.
Кейінгі заман тарихында Қазақстан Республикасы мен Польша Республикасының
арасындағы елшілік қатынастар 1992 жылдың 6 сәуірінде орнаған.
1994 жылдың 20 наурызында Алматыда Польша елшілігі ашылды. 2007 жылдан бері
ПР-ның Қазақстандағы Төтенше және Уәкілетті елшісінің қызметін Павел Чепляк
атқаруда.
1999 жылдың мамырында Варшавада ҚР-ның Елшілік миссиясы ашылды. 2000 жылдың
қазанында Польша Республикасындағы ҚР Елшілігі құрылды (ресми ашылу рәсімі
2002 жылдың мамыр айында бөлып өтті). 2005 жылдың қазан айынан бері ҚР-ның
Польшадағы Төтенше және Уәкілетті елшісі Алексей Волков болып табылады.
Саяси қатынастар
Орталық Азия мен Орталық-Шығыс Еуропа аймақтарының жетекші мемлекеттері
болып табылатын Қазақстан мен Польшаның арасында екіжақты қатынастардың
бүкіл спектрі бойынша әріптестікті дамытуға өзара қызығушылық орын алуда.
Екі ел үшін аймақтық және ғаламдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қазіргі
заманның ланкестік, есірткі трафигі, заңсыз миграция және т.б. тәрізді
індеттерімен күресу мәселелеріне деген ортақ көзқарас тән болуда.
Қазіргі кезеңде сыртқы саяси салада Қазақстанның Польшамен әріптестігінің
басымдылыққа ие бағытына ҚР-ның Еуропаға жол мемлекеттік бағдарламасын
бірлесіп іске асыру болып отыр.
Польша Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-да төрағалық етуге ұсынысын
алғашқылардың бірі болып қолдаған ел болып табылады. Польшаның жоғары
өкілдері Қазақстанның толеранттықты, мәдени аралық және діни аралық
диалогты нығайту жөніндегі халықаралық бастамаларына – Әлемдік және
дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездеріне, Ортақ әлем: сан-алуандық
арқылы прогреске қадам мұсылмандық әлем мен Батыс өкілдерінің
конференциясына үнемі түрде қатысып отырады.
Польша Қазақстанның халықаралық бастамаларын қолдап отырады. Мысалы, 2009
жылы Варшава ҚР мен Еуропалық одақ арасындағы Әріптестік пен ынтымақтастық
туралы жаңа келісімге (ӘЫК) қол қою мәселесіне қатысты принципиалды келісім
мен поляк тарапының қолдауын білдірді.
Еуропаға жол сыртқы саяси бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде жоғары
білім, шағын және орта бизнеске қолдау көрсету, заң, құқық қорғау жүйесі,
пенитенциарлық жүйені жетілдіру саласында бірқатар шаралар мен бірлескен
жобалар ұсынылып және жүзеге асырылды.
Екі елді өзара тығыз байланыстырып тұрған көпір Полония - Қазақстанды
мекендейтін поляк диаспорасы (шамамен алған 50 мың поляк).
Қазақстан мен Польшаның арасында халықаралық бітімгерлік күштердің
құрамында табысты өзара әрекеттесу тәжірибесі бар. Мысалы, Иракқа
еркіндік операциясының шеңберінде Ирактағы Польшаның жетекшілік етуімен
көпұлттық дивизияның құрамында 2003 және 2008 жылдар аралығындағы кезеңде
Қазақстанның инженерлік-саперлік взводы жайғастырылған болатын, ол Ирактағы
ланкестікпен күрес жүргізу және ондағы тұрақтылықты нығайту ісіне үлкен
үлес қосты.
2001 жылдың қыркүйегіндегі Римдік Папа ІІ Павел Иоанның Қазақстанның
егемендігінің онжылдығын атап өту қарсаңында Қазақстанға жасаған сапары
тарихи оқиғаға айналды. Сапардың басты оқиғасы Астана алаңында ашық аспан
астында 50 000 адамның қатысуымен болып өткен католиктік месса.
Парламентаралық диалог біртіндеп дамып келеді – ҚР Парламентінің Мәжілісі
мен Сеймде (парламенттің төменгі палатасы) парламентаралық ынтымақтастық
топтары құрылған. Польша парламентінде Қазақстан-Польша параламентаралық
ынтымақтастық тобы жұмыс істейді, оған Сейм мен Сенаттың 14 депутаты
кіреді.
2009 жылы Қазақстан халқы ассамблеясы Төрағасының Орынбасары ҚР-дағы
Поляктар одағының жетекшісі етіп Виталий Свинцицкийді тағайындаған болатын.
Екіжақты парламентаралық ынтымақтастықтың дамуына поляк делегацияның
Астанадағы 2008 жылдың 28 маусымы мен 3 шілдесі аралығында болып өткен ЕҚЫҰ-
ның Парламенттік Ассамблеясының 17-ші сессиясына қатысуы ықпалын тигізді.
Қазақстандық депутаттар 2008-2009жж. Варшавадағы жыл сайынғы ДИАҚБЕҚЫҰ
Мәжілістерінің пікірталастарына белсенді түрде ат салысып отырды.
Ең жоғарғы және жоғары деңгейдегі сапарлар
Кейінгі ондаған жылдар ішінде Қазақстан Республикасы мен Польша
Республикасының арасындағы ең жоғарғы деңгейдегі сапарлардың серпіні өте
жылдам – саяси, экономикалық, инвестициялық және мәдени-білім салаларындағы
екіжақты ынтымақтастықтың көлемі мен ауқымдарына сәйкес түрде дамып отырды.
1997 жылдың 27-28 қарашасында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Польшаға
тұңғыш ресми сапары болып өтті, оның барысында Қазақстан Республикасы мен
Польша Республикасының арасындағы достастық қатынастар мен ынтымақтастықты
дамыту туралы декларацияға қол қойылды.
Польша Республикасының Президенті Александр Квасьневскийдің ҚР-ға ресми
сапары 1999 жылдың 29-31 қазанында болып өтті.
2002 жылдың 23-26 мамырында Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Польшаға екінші ресми сапары болып өтті. Қазақстан
мемлекеті басшысының екіжақты қарым-қатынастарды нығайту ісіндегі ерекше
еңбегін мойындаумен А.Квасьневский ҚР Президентіне Польшаның ең жоғары
наградасы — Ақ бүркіт орденін тапсырды (мемлекетіміздің басшысы Президент
А.Квасьневскийді бірінші дәрежелі Достық орденімен марапаттады).
2007 жылдың 28-30 наурызында Президент Лех Качыньскийдің Қазақстанға
бірінші ресми сапары болып өтті.
Келіссөздердің қорытындылары бойынша екі мемлекет басшыларының Бірлескен
мәлімдемесі қабылданды. Сапар шеңберінде Қазақстан - Польша ІІ
экономикалық форумы өткізілді және ҚР Президентінің Қазақстан жолы
кітабының поляк тіліндегі нұсқасының тұсаукесері болып өтті.
Сапар барысында екіжақты 8 құжатқа, оның ішінде Қазақстан Республикасы
азаматтары мен Польша Республикасы азаматтарының, елшілік төлқұжат
иегерлерінің бір-біріне визасыз сапарлары туралы келісімдер; Қорғаныс
өнеркәсібі саласы мен туризм саласындағы ынтымақтастық туралы; ҚР мен ПР
Ұлттық банкілерінің өзара ынтымақтастығы туралы келісімшартқа қол қойылды.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық
Польша Орталық Азия мен Шығыс Еуропа елдерінің арасында Қазақстанның
жетекші сыртқы экономикалық серіктестерінің бірі болып қалуда. ҚР мен ПР
арасындағы тауар айналымы кейінгі онжылдықта 10 есе артумен өсу беталысына
ие болуда. ҚР статистикалық мәліметтері бойынша 2009 жылы елдеріміздің
арасындағы сауда көлемі тарихта тұңғыш рет 1,25 миллиард доллар деген
белгіге жетті, мұнысы 2008 жылдағымен салыстырғанда 35% жоғары (888 млн.
долл.). Бұл ретте ПР-ға қазақстандық экспорт 835,8 млн. долл., Польшадан
импорт – 421,6 млн.долл. құрады.
Екі елдің арасындағы тауар айналымының құрылымы бірнеше жылдар бойы өте
тұрақты болып қалуда, тек тауарлық позициялардың меншікті салмағы өзгеруде.
Польшаға қазақстандық экспорттың құрылымында көмірсутегі шикізаты, химия
өнеркәсібінің, қара металлургия, ауыл шаруашылығы өнімдері, соның ішінде
астық пен ұн басым болуда.
Польшадан Қазақстанға импорттаудың негізгі баптары ретінде химия
өнеркәсібінің өнімдері, машиналар мен жабдықтар, электр аспаптары, асыл
емес металдар және солардан жасалған бұйымдар, целлюлоза, қағаз,
синтетикалық материалдар және резеңкеден жасалған бұйымдар, көлік
құралдары, мал шаруашылығы және өсімдік тектес өнімдер, жиһаздар және
солардың қосалқы бөлшектері, азық-түлік тауарлары қалуда.
Дағдарысқа қарамастан поляк фирмалары Астана мен Алматыда өткізілген барлық
ірі сауда-көрме шараларына қатысып отырды. Іскерлік байланыстардың
жандануына сондай-ақ 2008 жылы Варшавада құрылған Польша-Қазақстан сауда-
өнеркәсіптік палатасының қызметі ықпал етуде.
ҚР-мен ПР-ның арасында мерзімді негізде Экономикалық ынтымақтастық
жөніндегі үкіметаралық комиссиялар өткізіліп отырады, олардың төрағалары:
ҚР-нан – СІМ Жауапты хатшысы Р.Жошыбаев, ал ПР-ның жағынан – Вице-премьер-
Экономика министрі Вальдемар Павляк болып табылады.
Поляк компанияларының Қазақстан нарығындағы қызмет ету саласында келесі
түрдегі жұмыстар басымдылыққа ие болуда: қосалқы мердігерлік мұнай-газ
жұмыстары, жеке құрылыс, фармацевтикалық, жиһаз және телекоммуникациялық
өнімдерді сату, түрлі жабдықтарды, өндіріс желілерін, құрылыс
материалдарын, әйнек өнімдерін жеткізу, халықаралық көліктік тасымалдау
қызметтерін ұсыну, жарнамалық қызметтер және т.б.
Стратегиялық маңызы бар аса ірі инвестициялық жобаларға Петролинвест
поляк жекеменшік компаниясының солтүстік-батыс Қазақстандағы мұнай
кеніштеріндегі геологиялық-барлау қызметі жатады. “Эмбаюгнефть”
қазақстандық кәсіпорны “Петролинвест” компаниясының негізгі еншілес
кәсіпорындарының бірі болып табылады, оның көлемі шамамен алғанда 3 млн.
баррельді құрайтын расталған шикі мұнай қорына ие 4 кеніші болған.
“Эмбаюгнефть” компаниясының ҚР-дағы негізгі активі “Жұбантам” мұнай кенішін
пайдалануға қатысты перспективалық концессияны иелену болып табылады.
Мәдениет және білім саласындағы ынтымақтастық
Қазақстан мен Польшаның арасында мәдениет пен білім саласында белсенді
диалог пен ынтымақтастық орнаған, мұнысы ҚР-дағы үлкен поляк диаспорасының
болуымен, өткен тарихының ортақтығымен негізделуде.
2008 жылдың 20-25 мамырында Таразда Ұлы Жібек жолы І-ші Халықаралық
фольклорлық музыка фестиваліне ПР жетекші экономикалық жоғары оқу орны –
Варшаваның Жоғары экономикалық мектебінің шығармашылық ұжымы қатысты.
2008 жылдың тамызында Махамбет Өтемісов атындағы Батыс-Қазақстан
мемлекеттік университетінің Бапас Сазы музыкалық ансамблі мен Арна би
тобы (Орал қ.) Кычер түбіндегі дүние XI Халықаралық музыкалық фестиваліне
қатысты.
Қазақстан режиссерлері Дәрежан Өмірбаев және Айдын Сахаманов ОФФЕЛИАДА
2008 (2008 жылдың 24-26 қазаны, Гнезно қ., Ұлы поляк воеводствосы) ІІ
халықаралық тәуелсіз және әуесқой киносының фестивалінде қонақ ретінде
болып қайтты, соның шеңберінде Қазақстан киносының І-ші субъективті
көрсетілімі ұйымдастырылды.
Қазіргі уақытта Қазақстанның 500 астам студенті Польшаның жоғары оқу
орындарында оқып жатыр, соның ішінде Польшаға “Болашақ” мемлекеттік
бағдарламасы бойынша да студенттер жіберілуде.
2009 жылдың ақпан айында Елшіліктің жәрдемдесуімен Мектеп-ЖОО:
ынтымақтастықты дамыту перспективалары халықаралық ғылыми-практикалық
телекөпір өткізілді, ол тікелей қосу (online) режимінде бір мезгілде
Қазақстанның Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Тараз қалалары мен поляктық Краков
қаласын бір-бірімен жалғады. Қазақстан-Польша білім беру телекөпірінің
басты ұйымдастырушылары ретінде Краков қаласындағы Станислав Сташиц
атындағы Таукен-металлургия академиясы мен Алматыдағы экономика және
статистика академиясы шықты.
2009 жылдың 6-8 сәуірінде Алматы мен Астанада ҚР-ның Польшадағы елшілігі
мен Перспективалар Поляк Білім беру Қоры ұйымдастырған Поляк
университеттерінің күндері болып өтті, солардың шеңберінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының еуропа векторының халықаралық құқық қырлары
“Шинжяң тәжірибесінің” маңызы
Қазақстанның еуропа мемлекеттерімен байланысы
Сахара маңайы аймағындағы елдерге экономикалық-географиялық тұрғысыдан толық сипаттама
ТМД елінің көлік жүйесі
Қазақстан - Түркия қарым - қатынасы
Дүниежүзілік экономикалық байланыстағы Қазақстанның орны
Қазақстанның сыртқы саясат саласындағы стратегиясы
ТРАСЕКА бағыты арқылы жүзеге асқан Қазақстан - Әзірбайжан арасындағы халықаралық тасымал көлемі
Экономикалық ынтымақтастықтың бағдарламасы
Пәндер