Ғылыми проблема – зерттеудің бастамасы



Жоспар
1. Проблема — бақылау мен теорияның байланыстырушысы
2. Ғылыми білімнің дамуында проблеманың тууы
3. Ғылыми проблемаларды қою және шешу

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҒЫЛЫМИ ПРОБЛЕМА – ЗЕРТТЕУДІҢ БАСТАМАСЫ

Жоспар
1. Проблема — бақылау мен теорияның байланыстырушысы
2. Ғылыми білімнің дамуында проблеманың тууы
3. Ғылыми проблемаларды қою және шешу

Проблема — бақылау мен теорияның байланыстырушысы
"Проблема" терминін грекшеден қазақшаға аударсақ, әлі шешімін таппаған
қиын мәселе дегенді білдіреді екен. Проблема шешілгеннен кейін "проблема"
болудан қалып, жай мәселеге айналады. Проблеманы шешу үшін практикалық не
теориялық күш-қуат жұмсалады. Осыған байланысты проблемалар практикалық
және теориялық болып екі топқа бөлінеді. Адамзаттың бұкіл дуниетану тарихын
сансыз көп проблемалардың бірінен соң бірінің қойылып, шешілу тізбегі
түрінде көз алдына келтіруге болады. Ғылыми зерттеу ісіндегі проблемалар
ғылыми таным процесіңде туып, шешімін тауып отыратын эмпириялық және
теориялық проблемаларға бөлінеді.
Ғылыми зерттеулерге жасалған талдаулардың мәліметтері белгілі бір
мақсатсыз күнделікгі жай таным да, ғылыми таным да болмайтынын көрсетеді.
Ғылыми зерттеуде бақылау жүргізгенде біз ең алдымен: бақылаудың
нәтижелерінің зерттеу үшін қандай маңызы бар және олар қандай проблеманы
шешуге көмектесуі тиіс деген сұраққа жауап іздейміз. Ал бұл үшін белгілі
бір теориялық білімдеріміз: идеяларымыз бен тұжырымдарымыз, өсіресе
гипотезаларымыз (ғылыми жорамалымыз) болуы қажет. Осы тұрғыдан алғанда,
рационалистер айтқандай, теориялық ой бақылаудан бұрын жүруі тиіс, ал
эмпиристер білімнің шын қайнар көзі бақылаулар мен төжірибе болып табылады
деп, керісінше есептейді.
Проблеманың бақылаулар мен теориялық білімдер арасын байланыстырушы
түйін екендігі туралы айтқанда, сөз жаңа бақылау нәтижелері мен теориялық
түсіндірменің бұрыннан бар әдістері арасындағы сәйкестік не сәйкессіздік
туралы болуы тиіс. Мұнда екі түрлі жағдай болуы мүмкін: біріншіден,
бұрыннан бар теориялық әдістер жаңа бақылау нәтижелерін түсіндіруге жарамды
(сәйкес) болуы мүмкін; екіншіден, дамушы ғылымда бақылаулар мен
эксперименттердің жаңа нәтижелері ескі теориялық түсіндіру әдістеріне
сәйкес келмеуі жиі кездеседі. Проблемалар дәл осындай сәйкессіздікті шешуі
тиіс, яғни қабылдаулар мен эксперименттердің жаңа нәтижелеріне сәйкес
теориялық әдістерді жаңартады.
Эмпириялық және теориялық проблемалардың бір-бірінен жалпылық ауқымы,
дөрежесі мен мазмұны жағынан айырмашылығы қаншалықты үлкен болмасын,
олардың атқаратъш міндеттері бірдей: танымньщ белгілі бір деңгейіңце туған
қиындықты дөл және анық көрсету; оның шешімін зертгеуді бастап, оның
шешіміне мақсатқа сай зертгеуші сипат беру. Бірақ бұл үшін, біріншіден,
зерттеуді одан әрі жүргізе беру үшін, бұрынғы парадигманы пайдалану
мақсатында ескі теорияны жаңарту жолымен қандай қиындықтарды жеңуге
болатынын ашып көрсету керек; екіншіден, жаңа проблеманы шешу үшін қандай
бұрынғы білімдерді, зерттеу логикасы мен тілін пайдалануға болатынын және,
үшіншіден, шешілуге тиісті жаңа проблеманың жаңалығы неде екенін дәл
анықтау қажет. Бұл сұрақтардың бәріне нақты ғылымның белгілі бір даму
кезеңінде туған қиындықтарға жасалған талдау айқын жауап беруі тиіс.
Жаңа проблема тумас бұрын ғылымда әдетте проблемалық ахуал (ситуация)
пайда болады. Сол ахуалдың тууы ғылымның қайсы бір саласында қиын жағдай
қалыптасқанын көрсетеді. Бұл қиындықтың сипатына қоғамдағы интеллектуальдық
жағдайдан бастап, методологиялық және логикалық факторлар мен дәстүрлердің
бәрі әсерін тигізе алады. Алайда нақты ғылыми зерттеуде проблемалық ахуалды
әдетте жаңа фактілер мен оларды түсіңдірудің ескі әдістері арасында пайда
болған сәйкессіздікпен түсіндіреді. Бұл жағдайда алғышарт ретінде кейбір
бұрыннан бар білімдерге сүйенеді. Мұндай білімдерге ғылымның сол даму
кезеңіндегі ғылыми тіл, іргелі ұғымдар мен теориялар, пайымдау ережелері,
дәл тексерілген эмпириялық мәліметтер мен фактілер жатады. Проблемалық
ахуалдың қалыптасуы тек қабылдаулар мен экспериментерде жинақталған жаңа
фактілерді түсіндірудегі қиындықтарды ғана көрсетпейді, сондай-ақ
проблеманы ұсынғанда ескерілуі тиіс түрлі теориялық пайымдаулар мен
ережелерді есепке алу қиыңдықтарын да көрсетеді. Демек, проблемалық ахуалды
анықтағанда эмпириялық фактілерден бастап, қабыл алынған теориялық схемалар
мен модельдерге, жорамалдар мен логикалық пайымдау үлгілеріне дейінгі оның
барлық алғышарттарына ерекше назар аударылады.
Тәжірибелік ғылымдарда проблемалық ахуалдың пайда болғанын алдымен
көрсететін жағдай — түсіндірудің ескі әдістерінің эксперименттер мен
бақылаулардың нәтижесінде ашылған жаңа фактілерге сәйкес келмеуіне
байланысты қиындықтар. Ал абстракциялық ғылымдарда ол ахуал теориялық
білімді негіздеудің жаңа тәсілі мен ескі тәсілінің арасындағы
сәйкессіздіктен көрінеді. Бірақ мұндай сәйкессіздік қандай формада
көрінбесін, оны пайымдауда кететін формальды-логикалық қайшылықпен
шатыстыруға болмайды. Формальды-логикалық қайшылықты жіберуге мүлдем
болмайды.
Ғылым дамуында туатын қайшылықтың сипаты мүлдем басқаша болады. Ол
даму барысында тәжірибе мен теорияның арасында, фактілерді түсіндірудің
ескі және жаңа әдістері арасында туатын сәйкессіздікті көрсетеді.
Ал логикалық қайшылықтар пайымдаудың логикалық зандары мен ережелерін
бұзудың нәтижесінде туады. Ғылым дамуының барысындағы сәйкессіздік пен
қайшылық оқтын-оқтын ұдайы туып және шешіліп отырады. Түрлі ғылымдардың
ерекшеліктеріне байланысты олардағы қайшылықтардың сипаты түрліше болады,
демек, олардың зерттеу әдіс-тәсілдерінде де ерекшеліктер болады.
Ғылыми білімнің дамуында проблеманың тууы
Эксперименттік және эмпириялық ғылымдарда проблемаларды тудыратын
негізгі себеп түсіндірудің бұрынғы теориялық әдістері мен жаңадан ашылған
эмпириялық фактілер арасында қайшылықтың немесе сәйкессіздіктің ашылуы
болып табылады. Ескі парадигмалар, әдістер мен теориялар жаңа фактілерді
түсіндіруге жарамай қалады. Ондай жаңа фактілердің саны көбейген сайын ескі
парадигманың жарамсыздығы барған сайын дәлелденіп, ескі парадигмадан
бастартуға тура келеді, ал бұл бұрынғы теориялық системаны өзгертуге алып
келеді.
Ғылымдағы жасампаздық творчестволық қызмет әрине іргелі проблемаларды
шешумен ғана шектелмейді. Солармен қатар, жекеше теориялық және қолданбалы
проблемалар да ұдайы туып отырады. Проблемалар қандай болмасын, олардың
табиғаты өзгеріссіз бірдей: олардың бәрі ғылыми танымның дамуының барысында
туып отыратын қиындықтарды білдіреді. Нақты ғылыми зерттеулерде көбінесе
жалпылығы әлдеқайда төмеңдеу, жекешелеу проблемалар мен мәселелерді
қарастыруға тура келеді — бұл бұған дейін бар теорияларды жаңартып, өзгерту
қажет болғанда немесе жаңа ашылған фактілерді түсіндіру үшін жекеше
теориялар жасау қажет болғанда қолданылады. Американдық ғылым зерттеуші
Т.Кун өзінің "Структура научных революций" деген кітабында зерттеудің
мұндай деңгейін "қалыпты гылым" деп атайды.
Сөйтіп, егер біз дүниені толығырақ және теңірек танып білуге
бағытталған ғылыми қызметтің айрықша сипатын ескермесек, ғылымда
проблемалардьщ қалай туатынын дұрыс түсіне алмас едік. Адамның басқа қызмет
формаларына қарағанда, ғылымның дамуы айқын прогрессивтік (әрлемелі)
сипатта болады, өйткені ол орын алған қателіктерді дер кезінде байқап,
түзеп отыру арқылы өзінің таным теориялары мен әдіс-тәсілдерін үздіксіз
жетілдіруге тырысады. Осылайша өз қызметін өзі қадағгтелікг, өйткені ол
орьшалап отыру процесі ғылыми зерттеу не себепті фактілерді жай жинақтаудан
және жаңа эксперименттер жүргізуден басталмай, алдымен проблема ұсынудан
басталатынын айқындап береді, себебі фактілер түсінік беруді талап етеді
ғой, ал ескі теориялар мен әдіс-тәсілдер ондай түсінік бере алмағандықтан
жаңа проблемалар туады. Олай болса, жаңа проблемалардың тууы ғылыми
білімдердің күйіне және деңгейіне байланысты десек, қателеспейміз. "Біз
өткен тарихқа көз жіберсек, — деп атап көрсетеді физик В.Гейзенберг, — біз
өзіміздің проблемаларды таңдау мүмкіндігіміздің аса мардымсыз екенін
көреміз"[1].
Бұрынғы ұғымдар мен түсініктерді көрер-көзге теріске шығаратын
фактілерге талдау жасауға тура келгенде, әрине, проблемадан бұрын
бақылаулар мен эксперименттер жасалуы мүмкін. Осы тұрғыдан алғанда, бақылау
және эксперимент жүргізу жолымен жиналған ақиқат фактілер ғылымның сенімді
тәжірибелік негізін құрады деген пікірдің әділеттілігін мойындау керек.
Бірақ фактілер түсіндіруді, ұғынуды қажет етеді. Демек, фактілердің өзін
мақсатқа сай іздеу үшін білім мен түсіндірмелер қажет. Бұл пікірді Ч.Дарвин
мынадай сөздермен тамаша білдірді: "Қандай да болмасын бақылау белгілі бір
пікірді қуаттау не терістеу үшін жүргізілетінін ешкімнің көрмейтініне қалай
таңданбассың!"[2]
Бірдеңені бақылау үшін, нақты нені бақылау керек екенін білу қажет, ал
бұл үшін белгілі бір идея, жорамал болуы тиіс. Міне сондықтан да кейде
"фактінің тасасында теория" түр дейді, ал бұл фактілер мен теорияның
арасында тығыз байланыс, өзара қатынас бар дегенді білдіреді. Екінші
жағынан алғанда, жеке-дара болжамды, гапотезалар мен теориялық жүйені
тексеру үшін фактілердің белгілі бір жиыны мен жүйесі болуы қажет. Осыған
байланысты осы күнге дейін талас тудырып келе жатқан бір-біріне тікелей
қарама-қарсы екі методологиялық көзқарас бар. Көбінше эмпириялық
зерттеулермен айналысушы ғалымдардың арасында ғылыми зерттеу бақылаудан
және фактілер жинақтаудан, оларды мұқият талдап түсіндірме беруден
басталады деген пікір жиі кездеседі. Батыстың белгілі ғылым философы
К.Поппер "біз ешқашан бақылаудан бастамаймыз, әрдайым проблемалардан - не
практикалық проблемалардан, немесе қиындықтарға тап болған теориялық
проблемалардан бастаймыз"[3] деп кесіп айтқан болатын.
Ақиқатқа қарай даму деген мақсатқа сай диалектикалық процесс, бірақ
Поппер, біріншіден, фактілер мен теориялардың арасындағы, екіншіден,
фактілер мен бақылаулардың арасындағы диалектикалық қарым-қатынасты атап
көрсетпейді. Ол фактілерге қарағанда теорияны және осыған сәйкес тәжірибеге
қарағанда проблеманы маңыздыпақ деп санайды. Оның ілімінің мықты жағы сол,
ол XX ғасырдың 30 жылдарынан бастап "ғылым проблемалардан басталып, олардан
бәсекелесуші теорияларға қарай дамитынын" үздіксіз қайталады. Шынында да
нағыз ғылым проблемаларсыз өмір де сүре алмайды және дамымайды да, ал
дамусыз ол ешқашан өзгермейтін, қатып-семіп қалған догмаға айналар еді.
Ғылымның шын прогресі дегеніміз — қайшылықтардың үздіксіз пайда болып,
шешіліп отыруы, жаңа фактілер мен оларды түсіндірудің ескі теориялық әдіс-
тәсілдері арасындағы үйлесімсіздікті реттеп отыру.
Ғылыми проблемаларды қою және шешу
Танымның жаңа фактілері мен нәтижелерін ескі теориялар мен әдіс-
тәсілдердің көмегімен түсіндіру мүмкіндігінің жоқ екенін көрсеткен
проблемалық ахуалды талдағаннан кейін проблеманы дәл тұжырымдау және қою
қажеттігі туады. Бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эксперименттік зерттеулердің теориясы мен методологиясы. Теория және парадигмма
Тілдің табиғаты мен мәні
Тілдің табиғаты мен мәні жайлы мәлімет
Әдістеме - таным әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы
Ежелгі және орта ғасыр лингвистикасының қалыптасуы
Статистикалық әдіс
Педагогика пәнінен дәріс сабақтарының тақырыптары және қысқаша мазмұны
Ежелгі дәуір тіл білімі және араб тіл білімі
Адам экологиясы
Үндістандағы дипломатиялық қызмет
Пәндер