Греция ғалымдары Платон мен Аристотель



ЖОСПАР
Кіріспе 2
Греция ғалымдары Платон мен Аристотель 3
Марк Туллий Цицеронның мемлекет және құқық туралы iлiмi 7
Қорытынды 11
Қолданылған әдебиеттер тізімі 12
Кіріспе

Адамзат қоғамы сияқты, ғылым мен білім, мәдениет пен әдебиет біркелкі дами қоймайды. Олардың шарықтап шалқитын, құлдырап түсетін де кезеңдері болады. Тарихта белгілі ең алғаш өрелі өркениеттіліктің ошағы болып, құлпырып гүлдену Ежелгі Шығыс — Мысыр (Египет), Вавилон (Ирак), Үндістан, Қытай, Парсы (Иран) елдеріне келеді, XV ғасырға дейін Шығыс мәдениеті Батыс мәдениетінен шоқтығы көш жоғары болып, өркениеттіліктің үлгісін көрсетті. Мұнда ең алдымен математика, геометрия, астрономия, медицина сияқты нақты ғылымдар басым дамыды.
Батыс елдерінің ішінде саяси идеялар Ежелгі гректерде қатты дамыды. Греция ол кезде саяси бытыраңқы күн кешкен ел еді. Саяси ұйым түрін жеке мемлекет болып саналған қалалар (полистер) құрды. Патшалық өкіметтің орнына аристократиялық және құл иеленушілік демократия орын алды. Билеу түрі сан алуан болатын және жиі ауысып отырды. Саяси өмір қызу өрбіді, ол саяси сана теориясының терең дамуына әкелді. Сондықтан олардың саяси санасы мифтан теорияға тез ауысты.
Көне гректерде саяси ғылымға мол мұра қалдырған ойшылдар көп. Бірақ біз солардың ішінде ең көрнекті екі өкіліне — Платон мен Аристотельге тоқталамыз.
Саяси ойдың даму тарихында айтарлықтай із қалдырған Ежелгі Рим болды. Онда әсіресе атақты шешен, мемлекет қайраткері және ойшыл Марк Туллий Цицерон (б. з. б. 106-43 жж.) өмір сүрді Оның "Мемлекет туралы", "Заңдар туралы", "Міндеттер туралы" деген еңбектері көпке әйгілі.
Міне осы үш тарихи тұлға туралы кішкентай ғана көлемі бар жұмысымызда қарастырамыз.
Қолданылған әдебиеттер тізімі


1. Шынтемірова.Б.Ғ, Шайхиев Т.Т. Құқық теориясының негіздері.Алматы.1999 ж.
2. Жамбылов. Д Саясаттану негіздері. Алматы 1998 ж.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе 2
Греция ғалымдары Платон мен Аристотель 3
Марк Туллий Цицеронның мемлекет және құқық туралы iлiмi 7
Қорытынды 11
Қолданылған әдебиеттер тізімі 12

Кіріспе

Адамзат қоғамы сияқты, ғылым мен білім, мәдениет пен әдебиет біркелкі
дами қоймайды. Олардың шарықтап шалқитын, құлдырап түсетін де кезеңдері
болады. Тарихта белгілі ең алғаш өрелі өркениеттіліктің ошағы болып,
құлпырып гүлдену Ежелгі Шығыс — Мысыр (Египет), Вавилон (Ирак), Үндістан,
Қытай, Парсы (Иран) елдеріне келеді, XV ғасырға дейін Шығыс мәдениеті Батыс
мәдениетінен шоқтығы көш жоғары болып, өркениеттіліктің үлгісін көрсетті.
Мұнда ең алдымен математика, геометрия, астрономия, медицина сияқты нақты
ғылымдар басым дамыды.
Батыс елдерінің ішінде саяси идеялар Ежелгі гректерде қатты дамыды.
Греция ол кезде саяси бытыраңқы күн кешкен ел еді. Саяси ұйым түрін жеке
мемлекет болып саналған қалалар (полистер) құрды. Патшалық өкіметтің орнына
аристократиялық және құл иеленушілік демократия орын алды. Билеу түрі сан
алуан болатын және жиі ауысып отырды. Саяси өмір қызу өрбіді, ол саяси сана
теориясының терең дамуына әкелді. Сондықтан олардың саяси санасы мифтан
теорияға тез ауысты.
Көне гректерде саяси ғылымға мол мұра қалдырған ойшылдар көп. Бірақ
біз солардың ішінде ең көрнекті екі өкіліне — Платон мен Аристотельге
тоқталамыз.
Саяси ойдың даму тарихында айтарлықтай із қалдырған Ежелгі Рим болды.
Онда әсіресе атақты шешен, мемлекет қайраткері және ойшыл Марк Туллий
Цицерон (б. з. б. 106-43 жж.) өмір сүрді Оның "Мемлекет туралы", "Заңдар
туралы", "Міндеттер туралы" деген еңбектері көпке әйгілі.
Міне осы үш тарихи тұлға туралы кішкентай ғана көлемі бар жұмысымызда
қарастырамыз.

Греция ғалымдары Платон мен Аристотель

Б.з.д. мыңжылдықтың басында Ежелгi Грецияда жеке және тәуелсiз
полистер формасы түрiнде бiрнеше қала-мемлекеттер пайда болды. Алғашқы
қауымдық құрылыстан қоғамдық өмiрдiң ерте таптық және қоғамдық формасына
көшу халықтың әлеуметтiк жiктелу процесiн одан әрi күшейтiп ру ақсүйектерi
мен қайыршыланған қауым мүшелерiнiң байлар мен кедейлердiң, ерiктiлер мен
құлдардың арасындағы күрестi шиеленiстiре түстi. Осындай жағдайда ежелгi
грек полистерiнде басқару формасының өздерi жақтаған түрiн орнату жолында
әртүрлi әлеуметтiк топтар арасында аяусыз күрес жүрдi. Ол кездегi басқару
формасының негiзгi түрлерi мынадай едi: аристократия (ескi немесе жаңа
ақсүйектер тобы), олигархия (байлар мен дәулеттiлер тобы) және демократия
(халық билiгi). Осындай күрес нәтижесiнде б.з.д. VI-V ғғ. әртүрлi
полистерде басқарудың өзiндiк формалары пайда болып, одан әрi дамыды.
Афиныда демократия, Фивыда олиграхия, Спарта мемлекетiнде аристократия
пайда болды. Осы процесс Ежелгi Грецияның саяси және құқықтық iлiмiнде
көрiнiс тапты.
Ежелгi грек полистерiнде саяси-құқықтық көзқарастың пайда болуы мен
дамуында үш кезең айқын байқалады. Ерте кезең- (б.з.д. IX-VI ғғ.) ежелгi
грек мемлекеттiлiгiнiң пайда болуына сәйкес келедi. Бұл кезеңде саяси-
құқықтық көзқараста рационациялау (Гомер, Гесиод, атақты жетi данышпан)
байқалады және мемлекет пен құқық проблемаларына философиялық тұрғыдан
қарау (Пифагор, Гераклит) қалыптасады. Екiншi кезең - (б.з.д. V және IV
ғасырдың бiрiншi жартысы) ежелгi грек философиясы мен саяси-құқықтық
ойларының гүлденген кезеңi (Демокрит, софистер, Сократ, Платон, Аристотель
және т.б.) Үшiншi кезең - (б.з.д. IV ғасырдың екiншi жартысы мен II
ғасырлары) эллинизм кезеңi, ежелгi грек мемлекеттiгiнiң құлдырауы, грек
полистерiнiң алғашқыда Македония, кейiннен Рим билiгiне көшуi (Эпикур,
стоиктер, Полибий және т.б.)
Сократтың даналық туралы философиялық iлiмдерiмен қатар саясат,
мемлекет, қоғам, заңдылық пен әдiлеттiлiк туралы ойлары Платонның,
Аристотельдiң және тағы басқалардың көзқарастарына едәуiр ықпал етiп, саяси-
құқықтық iлiмнiң дамуына зор мұра болып қосылды.
Платон б.з.б. 427—347 жылдарда өмір сүрді. Шын аты Аристокл. Жасында
спортпен көп шұғылданды, жоғары көрсеткіштерге де жетті. Жауырыны кең
болды. Сондықтан оны Платон (кең жауырынды) деп атап кетті. Сол атпен ол
адамзат тарихында мәңгілік қалды.
Платон - антикалық заманның ғана емес, бүкiл философия, саяси және
құқықтық iлiмдер тарихындағы ұлы ойшылдардың бiрi. Ол iрi ақсүйек отбасында
дүниеге келдi. Жас кезiнде ол (б.з.д. 407-399 жж.) Сократтың шәкiртi және
тыңдаушысы болды. Сократтың қазасынан кейiн, Платон басқа шәкiрттермен
бiрге Афиныдан кетедi. Алдымен Мегораға келген жас ойшыл кейiн талай ел мен
жерге, Египетке, Парсы елдерiне, Ассирияға, Финикияға, Италия мен Сицилияға
барады. Б.з.д. 387 жылы грек батыры Академның атымен аталған Академиядан
өзiнiң философиялық мектебiн ашады. Бұл мектептiң өмiрi ұзақ болып, өзiнiң
өмiр сүрген мың жылдай тарихында философтар мен математиктердiң ғылыми
ордасы ретiнде жұмыс iстедi.
Платонның екі жүздей еңбектері бар. Олардың ішінде біздің ғылымымызға
тікелей қатысы бар шығармалары "Мемлекет", "Саясатшы", "Заңдар", "Софист",
"Парменид" және т. б.
Платонның ойынша, адамдар қажеттіліктерін жеке-дара өтей алмайды. Олар
өмір сүру үшін тамақ, киім өндірулері, үй салулары және т.т. жасаулары
керек. Біреулері егіншілікпен, екіншілері тігіншілікпен, үшіншілері
құрылысшылықпен, төртіншілері етікшілікпен және т.с.с. айналысады. Сөйтіп,
олардың бәрі бірігіп қана қажеттіліктерін өтейді. Осы бірігудің арқасында
қоғам, мемлекет пайда болады. Мемлекет адамдарды алаламай, байына да,
кедейіне де, азына да, көбіне де қарамай — бәріне бірдей әділ қызмет етуі
керек. Бірақ бұдан Платон адамдардың бәрін теңдестірген екен деген ой
тумауы керек. Керісінше, ол адамдарды үш үлкен әлеуметтік топқа
(сословиеге): 1) әкімдер; 2) қорғаушылар; 3) өндірушілер етіп бөлді.
Әкімдерге фәлсафашыларды жатқызды. Олар табиғатынан шындықты, ақиқатты,
игілік идеясын саралап, танып-білуге қабілетті, икемді болуы керек.
Қорғаушылар әкімдердің ой, ниеттерін іске асырады, мемлекетті қорғайды.
Өндірушілер (егіншілер мен қолөнер) өмірге керекті қаржыларды тауып,
мемлекетті материалдық жағынан қамтамасыз етеді. Олар билеу ісіне
араласпайды. Әр топ өзіне тиісті қызметті атқаруы керек. Сонда ғана әділдік
орнайды. Бір таптан екінші тапқа (әсіресе, төменгі таптан жоғарғы таптарға)
өтуге болмайды. Қай сословиеде тусаң, соның өкілі боласың. Адамдарды осылай
жіктей келе, Платон оларды тым бай немесе өте кедейлікке жібергісі келмеді.
Себебі, мұндайда қоғамда ортақ мүдде орнамайды. Сондықтан орта деңгейді
ұнатты.
Платон қоғамдық меншікті қолдап, жеке меншікке қарсы тұрды. Өйткені
қоғамдағы кикілжіңдерді, дау-жанжал, қайшылықтарды тудыратын жеке меншік
деп санады. Соған орай әкімдер мен жауынгерлерде жеке меншік пен отбасы
болмауын қалады. Олар ортақ игілік үшін еңбек етулері керек. Сондықтан
оларды адамды қызықтыратын әзәзіл жеке мүдде, баю жолынан құтқарғысы келді.
Сол себепті олардың әйелдері мен балалары ортақ болғанын жөн көрді. Оларды
мемлекет өз қамқорлығына алуға тиіс. Платон мемлекеттік құрылысты 5 түрге
бөлді: аристократия, тимократия, олигархия, демократия және тирания.
Бұлардың ішінде ең жақсысына аристократиялық мемлекетті жатқызды. Онда ақыл-
естілік, парасаттылық билейді, оның принциптері — адамгершілік, абырой, ар-
намыс деп санады.
Платон идеалды мемлекет туралы еңбегiнде әдiлдiктi әркiмнiң өз iсiмен
айналысуынан және басқаның iсiне араласпауынан көредi. Адамдардың
әлеуметтiк топқа бөлiнуi мен олардың арасындағы мүлiк теңсiздiгiн қалыпты
жағдай ретiнде қарастырады және олардың бiр топтан екiншi топқа өту
мүмкiндiгiн жоққа шығармайды.
Платон идеалды мемлекет құру туралы жобасында аристократиялық
мемлекеттiк құрылымды жақтайды және өз жобасының қиындықпен болса да жүзеге
асатынына сенедi. Идеалды мемлекеттiң өзi де, Платонның ойынша, мәңгi өмiр
сүре алмайды. Өйткенi, билiк басына келгендердiң бәрi де қайырымды бола
бермейдi, адамдық қасиетке зорлық-зомбылық қасиеттерi де қосылады.
Сондықтан да басқа мемлекеттiк құрылым түрi келедi.
Платон адамдардың жан дүниесiне мемлекеттiк құрылымның бес түрiнiң
сәйкес келетiндiгi туралы (аристократия, тимократия, олигархия, демократия
және тирания) айтады. Олардың әрқайсысы билiктерiн өз мүдделерiне қарай
iске асырады. Тимократияда әскери адамдар билiкте болады, олар жиi
соғысады, соғыс мемлекеттiң басты байлығы болып есептелiнедi. Олигархияда
байлар билiкке ие болғандықтан, өздерiне дұшпандық ниеттегi кедейлермен
үнемi қақтығыста болады. Бұл мемлекетте кедейлердiң наразылығы нәтижесiнде
кез-келген уақытта мемлекеттiк төңкерiс болуы мүмкiн. Тирания – мемлекеттiк
құрылымның заңсыздық пен зорлық-зомбылық үстемдiк еткен ең нашар түрi.
Заң деген шығармасында Платон мемлекеттiк құрылымның екiншi жобасын
ұсынады. Екiншi мемлекеттiң бiрiншi мемлекеттен басты айырмашылығы оның
5040 азаматы жеребе бойынша жер учаскелерiн алады. Бұл жер оларға жеке
меншiк түрiнде емес, пайдалану құқығы түрiнде ғана берiледi де, мемлекеттiң
жалпы меншiгi болып саналады. Мүлiк санына қарай барлық азаматтар төрт
топқа бөлiнедi. Қайыршылық пен байлықтың заң шеңберiндегi шегi анықталады.
Жеке меншiк иелерiнiң ешқайсы да алтынға немесе күмiске ие бола алмайды.
Азаматтар қатарына (5040) құлдар мен шет елдiктер жатқызылмайды.
Тұтыну теңдiгiн жақтаған Платон құлдар мен шет жерлiктерден
басқаларында мүлiк артықшылығы болмауы тиiс деп санайды. Жеке отбасылар
мойындалғанымен, тәрбие iсi түгелдей заңдастырылған арнайы лауазымды
адамдар қолына берiлдi. Әйелдер ерлермен тең құқылы болғанымен, олар жоғары
билiк қатарына ене алмады.
Платон мемлекетiнiң басында көп сатылы сайлау жолымен сайланған 37
билеушi тұрды. Билеушiлер жасы 50-ден 70-ке дейiн шектелдi. Билiк басында
бiр билеушiнiң 20 жыл тұруға мүмкiндiгi болды. 360 мүшеден тұратын (әр
топтан 90 адамнан) сайланбалы кеңес едәуiр билiкке ие бола алды. Халық
жиналысына бiрiншi және екiншi топ азаматтарының қатысуы мiндеттi едi, ал
үшiншi және төртiншi топ азаматтарының халық жиналысына қатысуы мiндеттi
болмады. Заңдылықтың сақталуына әдiл сот жауап бердi, жекелеген және қатал
заңдар азаматтардың бұқаралық және жеке өмiрiн реттеп отырды. Сотта
қаралған iстердi қорғау мүмкiндiгi қарастырылды.
Антикалық саяси-құқықтық ойдың одан әрi дамуы және тереңдеуi Платонның
шәкiртi және сыншысы Аристотельдiң (б.з.д. 384-322жж.) есiмiмен тiкелей
байланысты. Ол 17 жасында аты шыққан Платон академиясын іздеп келіп оқуға
түседі. Оны үздік бітірген соң 20 жыл бойы сонда ұстаздық етті. Платон
дүние салған соң біраз елдерді аралады. Б. з. б. 342—340 жылдары Македония
патшасы II Филиптің шақыруымен оның баласы, болашақ император Ескендірді
(Александр Македонскийді) оқытып, тәрбиеледі. Кейін Афиныға оралып, өз
мектебін (лицейді) ашты. Осында ол бірінші рет саяси ғылымды пән ретінде
кіргізіп, өзі сабақ берді. Аристотельді саясаттанудың әкесі дейтіні содан.
Кейбiр деректер бойынша, ол саны 400-ден 1000-ға дейiн жететiн ғылыми
еңбектердiң авторы болып табылады. Оның Саясат, Афины политиясы,
Никомах этикасы және т.б. еңбектерi әлi күнге дейiн құндылығын жоймаған
ғылыми шығармалар болып саналады. Ол өзi өмiр сүрген замандағы құл иеленушi
мемлекеттiң әртүрлi формаларын зерттеп, оның үш түрiн көрсеттi.
Аристотель тұңғыш рет саясат ғылымы туралы талдау жасауға талпыныс
жасады. Аритотельде саясат ғылым ретiнде этикамен тығыз байланысты. Оның
көзқарасы, бойынша саясатты ғылыми тұрғыдан түсiну адамгершiлiк пен
этиканың дамыған ұғымы болып табылады. Этика саясаттың бастауы, оның
кiрiспесi ретiнде көрiнедi. Аристотель әдiлдiктiң екi түрiн - теңестiретiн
және үлестiретiн түрлерiн анықтайды. Теңестiретiн әдiлдiктiң өлшемi ретiнде
арифметикалық теңдiк қарастырылады. Бұл принциптiң қолданылу аясы –
азаматтық-құқықтық мәмiлелер, шығынды қалпына келтiру, жаза және т.б., ал
үлестiру әдiлдiгi геометриялық теңдiк принципi түрiнде ұсынылады және бұл
принцип ортақ игiлiктердi еңбегi мен қоғамдағы орнына қарай бөлуге
негiзделедi.
Мемлекет формасын Аристотель мемлекеттегi жоғары билiктi бiлдiретiн
саяси жүйе ретiнде сипаттайды. Бұл жерде мемлекет формасы билеушiлердiң
санымен (бiреу, аз ғана топ, көпшiлiк) анықталады. Бұдан басқа мемлекеттiң
дұрыс және бұрыс формалары туралы да айтылады. Дұрыс формадағы билеушiлер
көпшiлiктiң мүддесiн қорғаса, бұрыс формадағы билеушiлер тек қана өздерiнiң
жеке басының мүдделерiн көздейдi. Аристотель пiкiрiнше, дұрыс формадағы
мемлекеттерге монархиялық, аристократиялық және полития, ал екiншi формаға
тирания, олигархия және демократия жатады. Мемлекеттiң ең дұрыс формасы
ретiнде Аристотель политияны айтады. Политияда жалпының мүддесi үшiн
көпшiлiк билiк құрады. Мемлекеттiң басқа формалары политиядан әрi немесе
керi ауытқуы ретiнде айтылады. Екiншi жағынан қарастырғанда, Аристотельдiң
түсiнiгiнше, полития демократия мен олигархияның аралас түрi ретiнде
қарастырылады.
Жоғарғы билiк заңның емес, демостың қолында деп есептеген Аристотель
демократияны сынға алады. Ол мүлiктiк демократияны ғана мақұлдайды және
демократияның екi түрiн - заңға негiзделген және жоғарғы үкiметке билiк
жүргiзетiн демократияны анықтайды.
Аристотельдiң саясат жөнiндегi ойлары да көңiл қоярлық. Оның айтуынша,
саясаттың мәнi оның алдына қойған мақсатына қарай анықталады. Дұрыс
саясаттың негiзi – адамдардың тәрбиелiгiнде болып табылады. Адамдар дұрыс
тәрбиенiң нәтижесiнде ғана жақсы қасиеттердi бойларына сiңiрiп, саяси
мақсаттарын игiлiкке қарай бұрады, осының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі және орта ғасыр лингвистикасының қалыптасуы
Ертедегі Грецияда педагогикалық теорияның пайда болуы
Көне дүниедегі мектеп және тәрбие
Ежелгі дәуір тіл білімі мен араб тіл білімі
Ежелгі дүниедегі мектеп және тәрбие
Ежелгі мектеп пен тәрбие
Көне дүниедегі мектеп және тәрбие, оқыту
Ежелгі тіл білімі
Көне Грек философиясының ерекшеліктері
Алғашқы қауымдағы тәрбие
Пәндер