Мемлекеттің табиғатты басқару қызметтері



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

1 МЕМЛЕКЕТТІҢ ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.1 Табиғатты қорғаудың экономикалық және құқықтық мәні ... ... ... ... ... ... ..7
1.2 Табиғатты қорғау принциптері, түрлері және әдіс.тәсілдері ... ... ... ... ... ..16
1.3 Қазақстан Республикасындағы табиғатты қорғаудың заңдық негіздері ... 23

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСТАРЫН ТАЛДАУ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ МЫСАЛЫНДА ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
2.1 Табиғатты қорғау органдарының ұйымдастырушылық экономикалық мінездемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
2.2 Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатының жүзеге асырылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
2.3 Республика аймақтары бойынша қоршаған ортаның экологиялық жағдайын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43

3 ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..62
3.1 Мемлекеттік қорғау органдарының қызметінің заңдылық негіздеріндегі проблемалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...62
3.2 Мемлекеттің табиғатты қорғау жұмысының тиімділігін арттыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..69
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...78
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...82
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...85
Қоршаған ортаны қорғау мәселесі адамзат алдында айтарлықтай кеш тұрған жоқ. Біздің уақытымызда атмосфера мен мұхитқа улы заттардың үлкен көлемі лақтырылып, ормандар жойылуда. Осының барлығы әлемді өзін-өзі жоюға алып келіп отыр. Озон тесіктері, климаттың жылынуы, жануарлардың көптеген түрлерінің қырылуы біздің өмір сүрген ортамыз аяғына дейін зорыққандығын көрсетеді. Адамдардың одан әрі белсендігінен ғаламшар және оның тұрғындарының өмірі байланысты болады. Қазіргі уақытта бұл экологиялық мәселемен әлемнің барлық мемлекеттері соқтығысты. Қоршаған ортаны ластау мәселесімен ең жиі Американың және Еуропаның индустриалды елдері кездеседі деп саналады, алайда біраз уақыт өткеннен кейін осы мәселе барлық дамушы елдерді де қамтиды, сол себептен қазірдін өзінен бастап нақты қадамдар қабылдауымыз керек: себебі апаттың зардатарын жойғаннан оның алдын алған жеңілірек болып келеді. «Қоршаған ортаны қорғау» термині деп қоршаған ортаны «тұрақтылық шегіне» алып келетін барлық экономикалық, құқықтық, әлеуметтік – саяси және ұйымдастырушылық – шаруашылық механизмдердің жиынтығын айтамыз. Бірақта ластану жоғарғы шегіне қашан жетеді екен деп тосып отырмау қажет. Әлемнің жойылу қаупінің алдын – алу керек. Бұл қазіргі уақытта әлем елдерінің алдында тұрған басты, әрі негізгі мәселе болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында, ұзақ мерзімді стратегияда осы мәселені көтеріп, оны жою үшін әлем біріншілігі елдеріне біршама ұсыныстар енгізді. Республикалық деңгейде маңыздылыққа айналған мәселе әрдайым қарапайым тұрғындарды мазаламай қоймайды. Сол себептен дипломдық жұмыстың тақырыбы «Мемлекеттің табиғатты қорғау қызметтері» таңдап алынды.
Қазақстан Республикасының экономикасының дамуының маңызды көрсеткіштерінің бірі ретінде экология қарастырылатындықтан, Дипломдық жұмыстың өзектілігін осы басты фактор анықтап отыр. Мұнда табиғаттың
1. Абралиев О. «Табиғатты пайдалану экономикасы» // Оқу құралы, Тараз, 2002;
2. Лестер Р., Браун Д. «Экоэкономика. Как создать экономику, оберегающую планету» // «Весь Мир», Москва, 2004;
3. Сапаров Е. «Охрана природы: проблемы и задачи» // Экология и устойчивое развитие, №8, 2001;
4. Турлыханов Д., Кемел М. «Актуальные вопросы охраны окружающей среды в Казахстане: состояние, правовые аспекты» // Ук. соч., Астана, «Азамат», 2000;
5. «Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған Орнықты даму тұжырымдамасы» // Астана, 2006;
6. «Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі» // Егемен Қазақстан, 23 қаңтар, 2007;
7. Қазақстан Республикасының 2010 жылға шейін арналған Стратегиялық даму жоспары // Астана, 2003;
8. «Қазақстан – 2030» Барлық қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы арналған Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы // Алматы, 2006;
9. «Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы // www.nature.kz;
10. «Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы» // Астана, 2002;
11. Алехова А. «Экологией по экономии» // Литер-Неделя, 9 ноября, 2006;
12. «Қазақстан Республикасының 2005-2015 жылдарға арналған Топырақтың құнсыздануымен күрес бағдарламасы» // Астана, 2004;
13. Есенжолова Р. «Заставим работать ставки платы» // Экологический курьер, №6, 2005;
14. Келль Л.С. «Принципы структурной организации экосистем» // Экология и жизнь, №5, 2006;
15. Жүнісов Т. «Орнықты даму сұрақтарын енгізу қажеттілігі» // Ақиқат, №2, 2007;
16. Разумова Е.Р. «Экологическое воспитание и образование молодежи» // Экологический вестник, 10 декабря, 2006;
17. Оналбай Д. «Қазақстанның жаңа қадамы» // Егемен Қазақстан, 17 наурыз, 2007;
18. «Министр охраны окружающей среды в Парламенте» // Экология и устойчивое развитие, №3, 2003;
19. Шукпутов А. «Экологическая ситуация в Республики Казахстан и меры по ее улучшению» // Экология и устойчивое развитие, 2002, №4;
20. Демелов И. «Загрязнение вод и воздуха Каазахстана» // Экология и устойчивое развитие, №12, 2006;
21. Информационный бюллетень о состоянии окружающей среды Республики Казахстан // Центр экологического мониторинга окружающей среды Республики Казахстан, Выпуск 1185, ноябрь 2006;
22. «Экология и промышленность: помирить и улучшить» // www.rambler.ru;
23. Бекниязов Б.К. «Пути реализации экологической политики Республики Казахстан» // Экологический курьер, №3, 2004;
24. «Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы» // Алматы, «Жеті жарғы», 2004;
25. Коптюг В.А. «Устойчивое развитие цивилизации и место в ней Казахстана» // Экология и жизнь, № 3, 2007;
26. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы // Астана, 28 ақпан 2007;
27. Байбосынов Н. «Международные стандарты системы управления состоянием охраной окружающей среды и применение на практике» // Экология и жизнь, №2, 2007;
28. Каббасова Л., Шукаева А. «Экологический менеджмент на практике: проблемы и пути решения» // Казахстанская правда, 26 сентября, 2006;
29. «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясы» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы // Астана, 1 наурыз, 2006;
30. Қазақстан Республикасының Конституциясы // Алматы, «Жеті жарғы», 1999.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 85 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ

ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

Менеджмент кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Мемлекеттің табиғатты қорғау қызметтері

Мамандығы: 522630 – Мемлекеттік және жергілікті басқару

АСТАНА – 2007 ж.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ

ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

Менеджмент кафедрасы

Қорғауға жіберіледі

_____________2007 ж.

Кафедра меңгерушісі

э.ғ.д., Анафияева Ж.А.
_________________

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Мемлекеттің табиғатты қорғау қызметтері

Мамандығы: 522630 – Мемлекеттік және жергілікті басқару

Орындаған: ГМУ-41к

тобының студенті
Досымбетова Б.С.

Ғылыми жетекші,
аға оқытушы
Набиева М.Т.

АСТАНА – 2007 ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

1 МЕМЛЕКЕТТІҢ ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.1 Табиғатты қорғаудың экономикалық және құқықтық
мәні ... ... ... ... ... ... ..7
1.2 Табиғатты қорғау принциптері, түрлері және әдіс-
тәсілдері ... ... ... ... ... ..16
1.3 Қазақстан Республикасындағы табиғатты қорғаудың заңдық негіздері ... 23

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРЫНЫҢ
ЖҰМЫСТАРЫН ТАЛДАУ (ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
МИНИСТРЛІГІ
МЫСАЛЫНДА( ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..29
2.1 Табиғатты қорғау органдарының ұйымдастырушылық экономикалық
мінездемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
2.2 Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатының жүзеге
асырылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35
2.3 Республика аймақтары бойынша қоршаған ортаның экологиялық жағдайын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..43

3 ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІН ЖЕТІЛДІРУ
ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .62
3.1 Мемлекеттік қорғау органдарының қызметінің заңдылық негіздеріндегі
проблемалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...62
3.2 Мемлекеттің табиғатты қорғау жұмысының тиімділігін арттыру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..69
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .78
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..82
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .85

КІРІСПЕ

Қоршаған ортаны қорғау мәселесі адамзат алдында айтарлықтай кеш тұрған
жоқ. Біздің уақытымызда атмосфера мен мұхитқа улы заттардың үлкен көлемі
лақтырылып, ормандар жойылуда. Осының барлығы әлемді өзін-өзі жоюға алып
келіп отыр. Озон тесіктері, климаттың жылынуы, жануарлардың көптеген
түрлерінің қырылуы біздің өмір сүрген ортамыз аяғына дейін зорыққандығын
көрсетеді. Адамдардың одан әрі белсендігінен ғаламшар және оның
тұрғындарының өмірі байланысты болады. Қазіргі уақытта бұл экологиялық
мәселемен әлемнің барлық мемлекеттері соқтығысты. Қоршаған ортаны ластау
мәселесімен ең жиі Американың және Еуропаның индустриалды елдері кездеседі
деп саналады, алайда біраз уақыт өткеннен кейін осы мәселе барлық дамушы
елдерді де қамтиды, сол себептен қазірдін өзінен бастап нақты қадамдар
қабылдауымыз керек: себебі апаттың зардатарын жойғаннан оның алдын алған
жеңілірек болып келеді. Қоршаған ортаны қорғау термині деп қоршаған
ортаны тұрақтылық шегіне алып келетін барлық экономикалық, құқықтық,
әлеуметтік – саяси және ұйымдастырушылық – шаруашылық механизмдердің
жиынтығын айтамыз. Бірақта ластану жоғарғы шегіне қашан жетеді екен деп
тосып отырмау қажет. Әлемнің жойылу қаупінің алдын – алу керек. Бұл қазіргі
уақытта әлем елдерінің алдында тұрған басты, әрі негізгі мәселе болып
табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан
халқына жолдауында, ұзақ мерзімді стратегияда осы мәселені көтеріп, оны жою
үшін әлем біріншілігі елдеріне біршама ұсыныстар енгізді. Республикалық
деңгейде маңыздылыққа айналған мәселе әрдайым қарапайым тұрғындарды
мазаламай қоймайды. Сол себептен дипломдық жұмыстың тақырыбы Мемлекеттің
табиғатты қорғау қызметтері таңдап алынды.
Қазақстан Республикасының экономикасының дамуының маңызды
көрсеткіштерінің бірі ретінде экология қарастырылатындықтан, Дипломдық
жұмыстың өзектілігін осы басты фактор анықтап отыр. Мұнда табиғаттың
қазіргі уақытта ластану деңгейлері қарастырыла отырып, мемлекет тарапынан
қолданылатын нақты шаралар туралы айтылады.
Зерттеушілік жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасында мемлекет
тарапынан қоршаған ортаны қорғауға қатысты жүргізіліп жатқан жұмыстарды
анықтау, талдау және сараптау негізінде нақты ұсыныстар енгізу.
Осыны жүзеге асыру үшін келесі міндеттер қарастырылды:
• Табиғатты қорғау түсінігіне анықтама беру және оның принциптері мен
әдістерін талдау;
• Қазақстан Республикасында қазіргі уақыттағы экологиялық жағдайды нақты
статистикалық көрсеткіштер арқылы сараптау;
• Табиғатты қорғау шараларының халықаралық тәжірибесін зерттеу және
республикаға қолдану мүмкіншілігін қарастыру.
Республика Президенті қоршаған ортаны зерттеу сұрағына үлкен назар
аударып отыр. Бұл тұрғыдан Қазақстан халқының алдында тұрған басты міндет
республикалық деңгейде қабылданып отырған бағдарламаларды іске асыруға
жәрдемдесумен қатар, қарапайым күнделікті табиғатты аялау шараларын
жүргізу. Ол әркімнің қолынан келетін нәрсе болып отыр. Ертеңгі ұрпағымыздың
жарқын болашағы үшін қазірден бастап табиғатты қорғайық та, қолға алайық.

1 МЕМЛЕКЕТТІҢ ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1.1 Табиғатты қорғаудың экономикалық және құқықтық мәні
Экономикалық дамудың қазіргі табиғи ресурстардың шектеулі проблемасын
асқындырды, экономикаға экологиялық талаптың қажеттілігн туындатады. Ең
басты көңіл бөлерлік нәрсе, экономикалық дамудың өзі ішкі қарама –
қайшылықтан тұрады: бір жағынан одан бірқатар өткір экологиялық проблемалар
туындайды, ал екінші жағынан экономикалық дамудың өзінде бұл қайшылықтарды
жоюға бағытталған негіз қаланған. Бұл қарама – қайшылықтың табиғаты, екі
жүйенің байланысын түсіну: қоғамдық өндіріс пен айнала қоршаған ортаның.
Бұл жерде экономика – айнала орта жүйесінде біздің санамызға қалыптасуы
керек ешқайсысына басымдылық беруге болмайтындығы. Бұнда біте қайнасып
біртұтас болып, ұдайы өндіріс жоғары деңгейде өсіп, халықтың әл – ауқаты
жоғарылап табиғаттың жекелеген компоненттері үздіксіз жақсара отырып,
қоршаған орта тепе – теңдігін сақтауға мүмкіндік туады.
Қазіргі экономикалық жағдай шаруашылық проблемаларын кешенді табиғи орта
көзқарасымен, сол мезгілде табиғи ортаны қоғамның экономикалық даму талабы
көзқарасымен қарастыруды қажетсінеді.
Айнала табиғи ортаны қорғау проблемасы тығыз байланыста саясатпен,
идеялогиямен, әлеуметтік сферамен және бірінші кезекте экономикамен.
Экономика мен экология мүдделерінің қарама – қарсы тұруы табиғи ортаны
қорғаудың өзекті проблемасы. Бұрындары бұл проблеманы әкімшілік -
әміршілдік әдіспен тыйым салу, шектеу, қылмыстық - әкімшілдік жазалау
негізінде шешуге тырысқан.
Егер әкімшілік әдісі атқарушы өкімет пен оның бағыныштыларының қарым –
қатынасынан туындайтын болса, онда экономикалық механизм орындаушының
мүддесіне жету үшін материалдық қызығушылыққа сүйенеді. Экологиялық
экономика негізіне кіретіндер: тұрақты жұмыс жасап тұрған институттар,
сонымен қатар нарықтық қатынастарға өту кезеңінде пайда болған жаңа
белгілер жиынтығы.
Қазақстандағы экологиялық қауіпсіздікті сақтау ұлттық қауіпсіздікті
қамтамасыз етудің және еліміздің халықаралық интеграциялық процестеріндегі
мүдделері мен басымдылықтарының басты негіздерінің бастауы болуы тиіс.
Еліміздегі табиғи ресурстарды көптеп пайдалану, оның азайып сапасының
төмендеуіне әкеледі, сондай – ақ экологиялық тоқырау жағдайына ұшырауы
мүмкін. Экологиялық дағдарыс бір аймақта немесе экономиканыңбір саласында
басталып, аймақтық, мемлекеттік, халықаралық экология – экономикалық
қиындықтарға ұшыратады. Мысалы, Оңтүстік аймақта суды көп қажет ететін
мақтаның көп өсіруінің экологиялық зиян – зардабының нәтижесінде Арал
теңізі тартылып, одан желмен көтерілген тұздар Америка континентіне
жаңбырмен жауып, әлемдік экологиялық проблемаға айналып отыр.
ХХІ ғасыр басында жер бетіндегі табиғи, ресурстық және биосфералық жүйе
бір – біріне ғана емес, олардың тағдыры да бір – біріне тәуелді, яғни
біртұтас жүйе екенін естен шығармауымыз қажет. Бұл жүйелердің экологиялық
қауіпсіздігінің деңгейін қалыпты жағдайда сақтау және планеталық
ресурстарды кешенді зерттеуге барлық экономикасы дамыған елдердің өзара
ынтымақтастығы өте қажет.
Егеменді елімізде табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны қорғау мен сақтау
жөнінде келесі заңдар қабылданған:
- Орман кодексі 23 қаңтар 1993ж.;
- Су кодексі 31 наурыз 1993ж.;
- Қару – жарақтың кейбір түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау
туралы 27 қазан 1993ж.;
- Тұрғындардың санитарлық – эпидемиологиялық жағдайын жақсарту
туралы 8 шілде 1994ж.;
- Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 27 қаңтар 1996ж.;
- Табиғи және техногендік төиенше жағдайлар туралы 5 шілде 1996ж.;
- Өрт қауіпсіздігі туралы 22 қараша 1996ж.;
- Экологиялық сараптама туралы 18 наурыз 1997ж.;
- Атом қуатын пайдалану туралы 14 сәуір 1997ж.;
- Қоршаған ортаны қорғау туралы 15 шілде 1997ж.;
- Ерекше қорғалатын табиғат аумқтары туралы 15 тамыз 1997ж.;
- Радиациялық қауіпсіздік туралы 23 сәуір 1998ж.;
- Ауа атмосферасын қорғау туралы 16 наурыз 2002ж.;
- Қазақстан Республикасының Экология жөніндегі Кодексі 9 қаңтар
2007ж [1, 36 б].
Келтірілген экологиялық заңдар егеменді еліміздің айнала қоршаған орта
тепе – теңдігін сақтаудың құқықтық негіздері. Экологиялық шараларының іс
жүзіне жүзеге асырылуын осы заңдар арқылы қадағалайды және халықаралық
нормаларға сай болуын бақылайды.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдеде Қоршаған ортаны қорғау
туралы, Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарына сәйкес айнала
қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық механизмдерінің негізгі мақсаттары
мыналар:
- табиғат қорғау шараларын қаржыландыру және жоспарлау;
- табиғат ресурстарын пайдаланудың, төгінді сулардың, ауаға
тасталатын зиянды заттардың лимитін бекіту;
- қоршаған ортаға ластайтын заттарды шығарғаны және тастағаны,
өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін төлемақылар
нормативтерін және табиғи ресурстарды пайдаланғандағы төлемақыларды
белгілеу;
- аз қалдықты ресурстарды үнемдейтін технологияларды және дәстүрлі
емес энергия түрлерін және басқа да қоршаған табиғи ортаны қорғау
шараларын жүзеге асыру кезінде салық, несие жеңілдіктерін беру;
- табиғи ортаға, адам денсаулығына келтірілген зиянды өтеу.
Жоғарыдағы келтірілген экономикалық механизм өндіріс – қоршаған ортаны
қорғауды кәсіптік қызметтің бөлінбес бір бөлігі ету, сөйтіп кәсіпкер немесе
шаруашылық иесі табиғи ортаны қорғауға деген ынтасы, бәсекеге төтеп бере
алатын өнім шығаруға деген экономикалық мүддесінен кем болмауы тиіс.
Айнала табиғи ортаны қорғаудың экономикалық механизмдері қосымша А-да
келтірілген [2, 56 б]. Бұған енетіндер:
- табиғи ресурстарды пайдаланғандағы төлемақы;
- экологиялық қорықтар;
- табиғи ресурстар кадастры;
- экологиялық жеңілдіктер;
- экологиялық сақтандыру.
Еліміз нарықтық экономикаға көшіп жатқан кезде табиғат пайдалану
экономикасының механизмі қалыптасуының келесі элементтерін бөліп көрсетуге
болады:
- табиғат пайдалануға төлемақы төлеу міндеттілігі;
- табиғат қорғау қызметін экономикалық ынталандыру жүйесі;
- қоршаған табиғи ортаны ластауға төлемақы төлеу;
- табиғи ресурстар рыногын жасау;
- баға қалыптасмтыруды жетілдіру экологиялық факторларды ескере
отырып, соның ішінде ерекше табиғат пайдаланушы салаларды;
- экологиялық қорлар;
- экологиялық бағдарламалар;
- ластау құқығын сату;
- экологиялық сақтандыру.
Табиғи ресурстарды экономикалық бағалау және бағасы негізінде табиғатты
пайдалануда төлемақы төлеу енгізілген. Табиғатты пайдалануға төлемақы төлеу
өз кезегінде экономикада, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануда экологиялық
факторларды есепке алуда мейлінше көмегін тигізеді. Белгілі бір деңгейде
табиғи ресурстарға төлемақы төлеу экологиялық салықтың аналогы болады.
Табиғи ресурстарға төлемақылардың ішінде келесілерін бөліп көрсетуге
тиіспіз:
- табиғи ресурстарды пайдалану құқығы үшін;
- табиғи ресурстарды қорғау және олардың ұдайы өндірісі.
Табиғи ресурстарды пайдалану құқығы үшін төлемақы төлеу, олар сол
ресурстардың иелері үшін, ол мемлекет немесе жеке кәсіпкер болуы мүмкін.
бұл абсолюттік рента алумен байланысты. Табиғи ресурстарға төлемақы төлеу
ісі Қазақстанда 1997 жылдары Жерге төлем төлеу туралы, Жер қойнауы
туралы заңдары қабылданған соң іске аса бастады. Табиғи ресурстарды қорғау
және олардың ұдайы өндірісі табиғи ресурстарды өндіріс процесіндегі
компенсациялық шығын. Табиғат пайдаланудағы төлемақы төлеу жүйесінде
ысыраппен және айнала ортаны ластауға төленетін айыппұл және әр түрлі
санкцияларға елеулі мән беріп қарау қажет.
Ысыраппен пайдалану нәтижесінде жерлер істен шықса (қалдықтарды
санкциясыз жерлерге үйіп – жинау; ауыр металдармен радиоактивтік
элементтермен ластау, тапырақты бүлдіріп өңдеуге жол бермеу т.б.), су мен
ауаны шектік рұқсат етілген мөлшерден асып ластауға қатаң түрдегі
санкциялар, оның ішінде экономикалық, құқықтық жауапкершілікті қолданылуы
тиіс. Табиғат пайдаланудағы төлемақы төлеу қоршаған ортаны қорғау
қызметінің экономикалық ынталандыру жүйесінің айнала ортаны ластауды
төмендету шараларының сипатын көпшілік жағдайда анықтайды. Бұл жүйе
өндіруші мен тұтынушы арасындағы экологиялық баланс тәртібі қалыптасуына
мүмкіндік туғызады, осы мақсатта ұсыныс пен сұрау механизмін қолдауға
мүмкіндік береді.
Экономикалық ынталандыру жүйесіне келесі бағыттарды енгізуге болады:
- салық салымдары;
- табиғат қорғау қызметіндегі несие жеңілдігі;
- табиғат қорғау қорларының жылдамдатылған амортизациясы т.б.
Тұрақты жұмыс жасап тұрған институттар: табиғи кадастрлар, материалдық –
техникалық және қаржы шаралары, табиғи ресурстарды пайдаланудағы төлемақы,
табиғи орта ластануының төлемдері, несие беру жеңілдіктері, салық, салық
төлемдерінен босату.
Жаңа экономикалық ынталандыруға жататындар: экологиялық сақтандыру,
табиғат қорғаудың негізгі өндірістік қорларына жоғары амортизациялық
нормаларын тағайындау, экологиялық таза өнімдерге ынталандыру бағаларын
енгізу және экологиялық қолайсыздықты төмендету, экологиялық банк қызметін
қалыптастыру, келісім – шарт қатынасын жетілдіру. Реттеудің экономикалық
механизмінде ең көрнекті орын алады – табиғатты пайдаланудың кешенді
келісімі, жалға беру, объектілерді тұрақты пайдалануға беру, табиғи
ескерткіштерді қорғау т.б.
Зиян ұғымының мәнісі нақты немесе болуы мүмкін шығын, ол бір жағымсыз
жағдай немесе құбылыс нәтижесінде пайда болады, сондай – ақ антропогендік
әсердің залалын тигізуінен жағымсыз өзгерістердің табиғи ортада пайда
болуы.
Негізгі сипатының көрінуіне байланысты зиянның келесі түрлерін бір –
бірінен ажыратады:
- экономикалық (мысалы, өнімнің мардымсыз кем алынуына байланысты
шығын);
- әлеуметтік – экономикалық (мысалы, негізгі жұмыс жасындағы
тұрғындар арасындағы аурулар санының өсуі);
- әлеуметтік (мысалы, адамдар өмір сүру жасының қысқаруы);
- экологиялық (мысалы, биологиялық түрлердің жойылуы).
Зиянның пайда болу ерекшелігіне байланысты тікелей және жанама сипатта
болады. Зиянды сандық бағалау натуралдық (заттай) баллмен және құн
көрсеткіші ретінде болуы мүмкін.
Қоршаған орта ластануының экономикалық зияны дегеніміз – бұл ластанудың
тигізетін әсерінен туындайтын нақты және мүмкін болатын шығынды ақшалай
бағалау [3, 12-14 б].
Қоршаған орта ластануы шығындарының қалыптасуы қосымша Ә-де көрсетілген.
Олар екіге бөлінеді:
- қоршаған орта ластануын болдырмаудың шығындары;
- қоршаған орта ластануының экономикалық зияны.
Аталған шығындардың экономикалық зияны:
- адамдардың шаруашылық жасау барысында зиянды қалдықтар пайда болуы;
- қоршаған ортада ластаушы қалдықтардың пайда болуы,
- қоршаған табиғи орта қасиеттерінің кейбірінің өзгеріске ұшырауы
(нашарлауы);
- қоршаған орта қасиеттерінің өзгеруі салдарының әсер етуінен өмір
сүру жағдайларының өзгеріске ұшырауы (нашарлауы):
- өндіріс жағдайының материалдық, адамдар өмірінің сапалық
көрсеткіштерінің нашарлауы;
- адамдар өмірінің сапалық деңгейінің нашарлануы салдарынан еңбек
өнімділігі көрсеткішінің төмендеуі.
Экономикалық зиянды бағалау тікелей есептеу әдісімен орындалуы мүмкін,
ол зиянды улы қалдықтардың барлық объектілерге әсер етуі нәтижесінде
келтірілген бүкіл шығынның қосындысымен анықталады. Бұл жағдайдағы есептеу
негізі мынандай есептеудің тізбегінен құралады (қосымша Б):
- зиянды улы қалдықтардың пайда болу көздерінен қоршаған ортаға
тасталуы;
- улы қоспалардың ауада (суда) шоғырлануы;
- нақты зиян;
- экология – экономикалық зиян.
Есептеудің бірінші кезеңінде тасталатын қалдықтардың құрылымы мен көлемі
талдау көзделінеді.
Екінші кезеңде тасталатын қоспалардың шоғырлану шамасын білу үшін
олардың ауада жайылуын есептеу жүргізіледі. Атмосферадағы тасталатын
қоспалар үшін мыналар ескерілуі қажет: тастайтын көздер орналасу
ерекшелігі, мұржаның ұзындығы, жел бағыты, ауа райы жағдайы, рельеф т.б.
Үшінші кезеңде улы қоспалардың шоғырлану ерекшелігін ескере отырып,
қоршаған орта ластануының натуралдық зиянын бағалауға болады. Бұл жерде
келесі әсер ету түрлерін сөз етуге болады:
- өмір сүру сапасының нашарлауы (аурулар, өлімнің өсуін қоса
есептегенде);
- мүліктің қызмет жасау мерзімінің қысқаруы (негізгі қорлар т.б.):
- өндірістік процестер көрсеткіштерінің төмендеуі (ауда, суда) зиянды
улы қалдықтар шоғырлану көлемінің өсуі, ауыл шаруашылығында
өнімдердің тиімділігінің кемуі, орман шаруашылығында биожиынтық
массасының өсуінің баяулануы.
Бұл жоғарыда келтірілген әсер ету қарастырылған жүйедегі өте күрделі
түрі. Зертелетін объектіге ластаушы заттардың басқа да факторлары әсер
етеді, сондықтан ластаушының үлесін бөліп жарып көрсету қиын да күрделі.
Төртінші кезеңде натуралдық өзгерістің ақшалай көрінісін бағалау үшін
есептеудің тікелей әдісі жүзеге асырылады. Есептеудің тікелей әдісі
экономикалық зиянынан ең анық дәл шамасын алуға мүмкіндік береді, бұнда
өзінің процесі кезінде табиғи ортаны қомақты өзгеріске ұшырататын
экономикалық зиянның пайда болуына себепші болатын шаруашылық субъектілерін
анықтауға қол жеткізуге болады. Қарастырылып орытған әдістің тәжірибе
жүзінде іске асырылуының қиындықтары бар, өйткені орта өзгерістерін
сипаттайтын әрбір көрсеткіштерінің толық, жете мәліметтері керек. Бұл жерде
міндетті түрде білу қажет қоршаған ортаның бастапқы жағдайын өзгеріске
ұшырағанға дейінгі, яғни есептеу нүктесін тепе – теңдік бұзылмай тұрғанға
дейінгі мәліметтермен салыстырғанда ғана нақты жағдай анықталмақ.
Тікелей есептеу әдісін тәжірибе жүзінде қолдану күрделілігіне байланысты
келесі моноластаушы есептеу әдісі лайықты көңіл аударуы тұрарлық.
Моноластаушыны есептеу жүйесі тізбегі төмендегідей:
- біріншіден, ауаға, суға тасталатын барлық улы қоспаларды, олардың
зиянды деңгейін салыстыру негізінде, біркелкі моноластаушыға
келтіру, жеке ластаушы заттардың улы әсерін салыстырып таңдау
негізінде есептейді және әдістемелік кестеде келтіріледі;
- екіншіден, қоршаған ортаның жалпы ластау деңгейін сипаттайтын,
қоспаның шартты массасын есептеу. Тасталатын көлем шамасы әрбір
ластаушы бойынша салмақтың келтірілген коэффициент көбейту
нәтижелері қосындысы;
- үшіншіден, нақтылы территорияның ерекшеліктерін ескеру, мұнда
белгілі аймақтың ластауға көзқарасын ескеруге болады (қоршаған
ортаның солтүстік аймақта улы қоспаларды сіңіру мүмкіндігі көп
емес);
- төртіншіден, бірдей келтірілген тасталатын зиянды ақшалай бағалау
есептеу (ауа мен ауаға тасталатын қалдықтарға мәні беріледі) оның
шамасын жиі – жиі өзгертуге тура келеді, бұнда инфляцияны ескеру
қажет.
Қоршаған ортаны ластауы зиянын бағалаудың осы әдісінің артықшылығы
есептеудің жеңілдетілгендігі, бірақ бағалаудың нәтижесінің дәлдігінің
туралығы жеткілікті емес.
Тәжірибе мынаны көрсетеді, экономиканың зиянды табиғи ортаның негізгі
элементтері бойынша жеке – жеке есептеу, мақсатқа сәйкес екендігін
көрсетеді (ауа бассейнінің, су объектілерін, жер ресурстарын, жер
қойнауын), яғни бұлардың табиғи компоненттерінің ерекшеліктерін ескере
отырып.
Шығынды анықтаудың уақытша типтік әдістемесіне сәйкес тікелей есептеу
әдісімен қоса эмпиризмдік, яғни іріленген әдіс те ұсынылады. Есептеудің
түрлері таңдалынып алынады.
Қалдықтарды қоршаған ортаға бөліп шығаратын дербес ошақ көздеріндегі
жылдық экономикалық зияның есептеулер мынаны көрсетеді: экономика
салаларына көлемін экономикалық зиян ауа бассейнін ластағаны үшін – 60%, су
ресурстарын - 30% және қайта қалдықтармен ластағанда - 10% жалпы шығынның.
Іріленген әдіс бойынша жүргізілетін есептеулер мынаны көрсетеді:
қоршаған ортаны ластағаны үшін төленетін төлемнің қазіргі жүйесінің
негізінде экономикалық зиянды есептеудің жалпылама жанама бағалау әдісі
алынған. Осы жеңілдетілген әдіске сәйкес қоршаған ортаға келтірілген
техногендік ластаудың жалпы қосындысы экономикалық зияны анықталады.
Қазіргі кезеңде дамыған елдердегі қоршаған ортаның ластануынан болатын
экономикалық зиян жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) 2-7% құрайды. Осында тек
табиғат қорғау шараларына жұмсалатын қаржы ЖҰӨ 4-6%. Экологиялық шығынның
құрылымына көз жүгіртсек, оларда алдын – ала шығын жұмсауға көбірек көңіл
бөлуде. Бізде Қазақстанда тек егемендік алғалы бері төл табиғатымызды
қорғауға терең, күрделі экология – экономикалық қадмдар жасалды: заңдар
қабылданды, төлем төлеу енгізілді т.б. [4, 89 б].

1.2 Табиғатты қорғау принциптері, түрлері және әдіс-тәсілдері
Қазақстан Республикасында табиғатты қорғаудың экономика-экологиялық
негіздері 2007-2024 жылдарға арналған Орнықты даму стратегиясына көшу
тұжырымдамасымен, үстіміздегі жылдың 9 қаңтарындағы қабылданған Экологиялық
кодекспен анықталады. Осыған орай қазіргі уақытта Президентіміз өзінің
Қазақстан халқына жолдауында атап көрсеткендей (2006 жыл, 1 наурыз),
Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық кодексті әзірлеп, онда нақты
табиғатты қорғаудың экономикалық және экологиялық құралдарын көрсетті.
Солардың кейбіреулеріне тоқталып келсек.
Қазақстан Республикасы орнықты дамуының экологиялық негіздері:
1) адам өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ету
жөніндегі мақсатқа мемлекеттің қол жеткізуі;
2) қоршаған ортаны қорғау және биоәртүрлілікті сақтау;
3) Қазақстан Республикасының өз табиғи ресурстарын өндіруге құқықтарын
қамтамасыз ету мен іске асыру және табиғи ресурстарды пайдалану мен
қоршаған ортаға әсер ету мәселелерінде ұлттық мүдделерді қорғау;
4) қазіргі және болашақ ұрпақтардың сұранысын әділ қанағаттандыру;
5) өндіріс пен тұтынудың орнықты үлгілерін дамыту;
6) қоршаған ортаның жай-күйін есепке ала отырып, экологиялық нормалаудың
әлеуметтік және экономикалық даму талаптарына сай келуі;
7) әрбір адамның экологиялық ақпаратқа қол жеткізу құқығын сақтау және
жұртшылықтың қоршаған ортаны қорғау мен орнықты даму мәселелерін шешуге жан-
жақты қатысуы;
8) қоршаған ортаны қорғау саласында қабылданатын шаралардың жариялылығын
қамтамасыз ету;
9) Жердің экожүйесінің салауатты жай-күйі мен тұтастығын сақтау, қорғау
мен қалпына келтіру мақсатындағы жаhандық әріптестік;
10) қоршаған ортаға залал келтіргені үшін жауаптылыққа қатысты
халықаралық құқықтың дамуына жәрдемдесу;
11) қоршаған ортаға елеулі залал келтіретін немесе адам денсаулығы үшін
зиянды деп есептелетін қызмет пен заттардың кез келген түрлерін басқа
мемлекеттерге көшіру мен ауыстыруды тежеу, болдырмау, сондай-ақ қоршаған
ортаға елеулі немесе орны толмайтын залал қатері төнген жағдайларда
сақтандыру шараларын қолдану болып табылады [5, 12 б].
Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының негізгі принциптері:
1) Қазақстан Республикасының орнықты дамуын қамтамасыз ету;
2) экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
3) экологиялық қатынастарды реттеу кезіндегі экожүйелі көзқарас;
4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу және табиғи
ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару;
5) қоршаған ортаны ластаудың және оған кез келген басқа түрде залал
келтіруді болдырмау жөнінде алдын алу шараларының міндеттілігі;
6) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзғаны үшін
жауаптылықтан бұлтартпау;
7) қоршаған ортаға келтірілген залалды өтеу міндеттілігі;
8) қоршаған ортаға әсер етудің ақылы болу және оған рұқсат алу тәртібі;
9) табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер ету кезінде
неғұрлым экологиялық таза және ресурс үнемдеуші технологияларды қолдану;
10) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік органдар қызметінің
өзара әрекеттестігі, үйлесімділігі мен жариялылығы;
11) табиғат пайдаланушыларды қоршаған ортаны ластауды болдырмауға,
азайтуға және оны жоюға, қалдықтарды кемітуге ынталандыру;
12) экологиялық ақпараттың қолжетімділігі;
13) табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер ету кезінде
ұлттық мүдделерді қамтамасыз ету;
14) Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының халықаралық құқық
принциптерімен және нормаларымен үйлесуі;
15) жоспарланып отырған шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық
қауіптілігі презумпциясы және оны жүзеге асыру туралы шешімдер қабылдаған
кезде қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсерін бағалау
міндеттілігі болып табылады [6, 21 б].
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік реттеудің және табиғи
ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік басқарудың негізгi ережелерi.
1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу:
1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметті лицензиялауды;
2) экологиялық нормалауды;
3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық реттеуді;
4) мемлекеттік экологиялық сараптаманы;
5) экологиялық рұқсаттар беруді;
6) мемлекеттік экологиялық бақылауды;
7) қоршаған ортаны қорғауды экономикалық реттеу жүйесін, неғұрлым
экологиялық таза технологияларды енгізуді ынталандыруды, табиғат қорғау іс-
шараларын қаржыландыру жүйесін;
8) мемлекеттік экологиялық мониторингті;
9) табиғат пайдаланушыларды, қоршаған ортаны ластау көздері мен
учаскелерін мемлекеттік есепке алуды;
10) экологиялық білім беру мен ағарту ісін қамтиды.
2. Табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару:
1) табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік жоспарлауды;
2) табиғи ресурстарды қорғауға, пайдалануға және молықтыруға мемлекеттік
бақылау жасауды;
3) табиғи ресурстарды пайдалану құқығына лицензиялар, рұқсаттар беруді
және шарттар (келісімшарттар) жасасуды;
4) табиғи ресурстарды қалпына келтіру мен молықтыруды, ресурс үнемдейтін
технологияларды енгізуді ұйымдастыруды;
5) табиғи ресурстардың мониторингі мен кадастрларын жүргізуді;
6) табиғи ресурстарды пайдалануға лимиттер белгілеу мен квоталар бөлуді;
7) табиғи ресурстарды пайдалануды, қалпына келтіру мен молықтыруды
жүзеге асыратын мемлекеттік заңды тұлғаларды басқаруды;
8) табиғи ресурстарды қорғауды ұйымдастыруды қамтиды.
Қоршаған ортаны қорғауды және табиғат пайдалануды экономикалық реттеу
тетіктерінің түрлерi.
Мыналар:
1) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды жоспарлау мен
қаржыландыру;
2) қоршаған ортаға эмиссиялар үшін ақы төлеу;
3) табиғи ресурстардың жекелеген түрлерін пайдаланғаны үшін ақы төлеу;
4) қоршаған ортаны қорғауды экономикалық ынталандыру;
5) нарықтық тетіктер және қоршаған ортаға эмиссиялар үшін квоталарды
сату;
6) экологиялық сақтандыру;
7) қоршаған ортаға келтірілген залалды экономикалық бағалау қоршаған
ортаны қорғауды және табиғат пайдалануды экономикалық реттеу тетіктерінің
түрлері болып табылады.
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар:
1. Қоршаған ортаны қорғауға және оның сапасын жақсартуға бағытталған
технологиялық, техникалық, ұйымдық, әлеуметтік және экономикалық шаралар
кешені қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар болып табылады.
2. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға:
1) экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған;
2) қоршаған ортаның сапалық сипаттамаларын арттыру арқылы қоршаған орта
құрауыштарының жай-күйін жақсартатын;
3) экологиялық жүйелердің жай-күйін тұрақтандыру мен жақсартуға,
биологиялық әртүрлілікті сақтауға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен
молықтыруға ықпал ететін;
4) қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына залал келтірудің алдын
алатын және оларды болғызбайтын;
5) қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты ұтымды пайдалануға және қоршаған
ортаны басқарудың халықаралық стандарттарын енгізуге бағытталған әдістер
мен технологияларды жетілдіретін;
6) өндірістік экологиялық бақылауды дамытатын;
7) қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпараттық жүйелерді
қалыптастыратын және экологиялық ақпарат беруге ықпал ететін;
8) экологиялық білімді насихаттауға, тұрақты даму үшін экологиялық білім
мен ағарту ісіне ықпал ететін іс-шаралар жатқызылады.
3. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға инвестициялық
экологиялық жобалар жатқызылуы мүмкін.
4. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралардың үлгілік тізбесін
қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру:
1) бюджет қаражаты;
2) табиғат пайдаланушылардың өз қаражаттары;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де
көздер есебінен жүзеге асырылады.
Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау
жөніндегі іс-шараларды жоспарлау
1. Әртүрлі деңгейдегі бюджеттерден қаржыландырылатын қоршаған ортаны
қорғау жөніндегі іс-шаралар мемлекеттік, салалық (секторлық) және өңірлік
бағдарламаларда белгіленетін бағыттарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы
Президентінің, Қазақстан Республикасы Yкіметінің және жергілікті өкілді
органдардың шешімдеріне сәйкес айқындалады.
2. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын экологиялық
бағдарламаларды, жоспарларды әзірлеу тәртібі Қазақстан Республикасының
бюджет заңнамасымен белгіленеді.
3. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар Қазақстан
Республикасының, әкімшілік-аумақтық бірліктердің әлеуметтік-экономикалық
даму бағдарламаларына, жоспарларына, белгілі бір аумақтың экологиялық
бағдарламаларына, жоспарларына енгізіледі.
4. Өңірлік экологиялық бағдарламалар, жоспарлар және тиісті аумақтың
әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламалары, жоспарлары олар бекітілгенге
дейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілуге
жатады.
5. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті
атқарушы органдары инвестициялық экологиялық жобаларды (бағдарламаларды)
Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес әзірлеп, қоршаған
ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға табыс етеді.
6. Экологиялық бағдарламаларды әзірлеу үшін қоршаған ортаны қорғау
саласындағы жобалардың ашық конкурстары жүргізілуі мүмкін, оларды өткізу
тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы:
1. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы Қазақстан Республикасының
салық заңнамасында белгіленеді.
2. Табиғат пайдаланушылар экологиялық рұқсатта айқындалған нормативтер
шегінде жүзеге асыратын қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы Қазақстан
Республикасының Үкіметі бекітетін ластаушы заттардың және қалдықтар
түрлерінің тізбесіне сәйкес алынады.
3. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақыны есептеу әдістемесін
қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
4. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын облыстардың
(республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді органдары
Қазақстан Республикасының Yкіметі бекіткен базалық ставкалардан төмен
болмайтындай және шекті ставкалардан жоғары болмайтындай етіп белгілейді.
5. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы бойынша салықтық
міндеттемелерді атқару табиғат пайдаланушыны қоршаған ортаға келтірген
залалды өтеуден босатпайды.
Қоршаған ортаға келтірілген залалды экономикалық бағалау тәртібi
1. Қоршаған ортаға келтірілген залалды экономикалық бағалау - қоршаған
ортаны және табиғи ресурстардың тұтыну қасиеттерін қалпына келтіру үшін
қажетті шығындардың құндық көрінісі.
2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның лауазымды
адамдары қоршаған ортаға залал келтіру фактісі анықталған күннен бастап бір
ай мерзім ішінде қажетті материалдарды жинау мен талдауды жүргізеді және
келтірілген залалға экономикалық бағалауды белгілейді.
3. Атмосфералық ауаны және су ресурстарын белгіленген нормативтерден тыс
ластаудан, сондай-ақ өндіріс пен тұтыну қалдықтарын, оның ішінде
радиоактивті қалдықтарды белгіленген нормативтерден тыс орналастырудан
келтірілген залалды экономикалық бағалау Қазақстан Республикасының Үкіметі
бекітетін ережелерге сәйкес тура немесе жанама әдістермен айқындалады [7,
18 б].
Жалпы Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғаудың негізгі
қағидалары, түрлері және тәсілдеріне жоғарыда атап өткен экономикалық,
экологиялық және әлеуеметтік тәсілдердің жиынтығы ретінде қарастырылып
отырады. Кез – келген фактор сияқты экология да әрдайым экономикамен
тікелей байланыста болады. Оған мысал ретінде, қоршаған ортаны ластағаны
үшін төлемақылар жүйесінің енгізілуі, айнала ортаға келтірілген залалдарды
экономикалық тұрғыдан бағалау және т.б. Осының барлығы экологияның тікелей
экономикамен байланысын көрсетеді.

1.3 Қазақстан Республикасындағы табиғатты қорғаудың заңдық негіздері
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына
Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында (Астана, 2006
жылғы 1 наурыз( жолдауына сәйкес елбасымыз қоршаған ортаны қорғау саласына
маңызды өзгерістер енгізу қажеттілігі туралы атап өтті. Халықаралық
стандарттарға сәйкес қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету мақсатында 2006 жылы біздің экологиялық заңнамаларымызды
халықаралық озық актілермен үйлестіруге, жаңа стандарттарға көшуге,
мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіруге бағытталған Экология кодексі
қабылдануға тиіс. Тұтас алғанда, біз 2010 жылы қоғамның тұрлаулы дамуының
негізгі экологиялық стандарттарын жасауға тиіспіз - деп елбасымыз
Н.Ә.Назарбаев негізгі экологиялық заңдылықты, яғни экология жайында
Кодекстің қалыптасу қажеттілігін айқындады. Сонымен қоса, табиғатты
қорғаудың заңдылығы 1997 жылы қабылданған Қазақстан – 2030 ұзақ мерзімді
даму стратегиясымен де анықталады. Дәлірек айтқанда, төртінші ұзақ мерзімді
басымдылықта Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты
көрсетілгендей, Тамақтануды, қоршаған орта мен экологияның тазалығын
жақсарту. Экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің 20 пайызына себеп
болып отыр, ал кейбір аймақтарда жағдай мұнан да қиын [8, 40 б]. Сол
себептен экологиялық жағдайды жақсарту арқылы республикамызда ең әуелі
демографиялық жағдайдың жақсаруына алып келеді, ал бұл өз кезегінде табиғи
өсімнің жоғарлауына және адами фактордың сапалы, әрі нәтижелі дамуына алып
келеді. Осылайша Қазақстан Республикасының табиғатын қорғауының негізгі
заңдық белгілері жоғарыда аталған шаралармен түсіндіріледі. Сонымен қоса
жалпы тұрғыда қоршаған ортаны пайдаланғаны және бұзғаны үшін келесі
әлеуметтік топтардың Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде (2007
жылғы 9 қаңтар( құқықтары мен міндеттері атап өтіледі [6, 152 б].
Жеке тұлғалардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтары мен
міндеттерi
1. Жеке тұлғалардың:
1) өздерінің өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаға;
2) қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыру жөніндегі шараларды жүзеге
асыруға;
3) қоршаған ортаны қорғау қоғамдық бірлестіктері мен қорларын құруға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен
мемлекеттік органдардың қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша шешімдер
қабылдау процесіне қатысуға;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қоршаған ортаны қорғау
саласындағы жиналыстарға, митингілерге, пикеттерге, шерулер мен
демонстрацияларға, референдумдарға қатысуға;
6) мемлекеттік органдар мен ұйымдарға қоршаған ортаны қорғау мәселелері
бойынша хаттар, шағымдар, арыздар мен ұсыныстар беруге және оларды қарауды
талап етуге;
7) мемлекеттік органдар мен ұйымдардан уақтылы, толық және дұрыс
экологиялық ақпарат алуға;
8) қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық
актілер жобаларын әзірлеу кезеңінде оларды талқылауға қатысуға және
әзірлеушілерге өз ескертпелерін ұсынуға;
9) қоршаған ортаға байланысты жоспарлар мен бағдарламаларды дайындау
процесіне қатысуға;
10) қоғамдық экологиялық сараптама өткізу туралы ұсыныс жасап, оған
қатысуға;
11) кәсіпорындарды, құрылыстар мен экологиялық жағынан қауіпті өзге де
объектілерді орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру
туралы, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың қоршаған орта мен адам
денсаулығына теріс әсер ететін шаруашылық және өзге де қызметін шектеу мен
тоқтату туралы шешімдердің әкімшілік немесе сот тәртібімен күшін жоюды
талап етуге;
12) Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының бұзылуы салдарынан
өздерінің денсаулығы мен мүлкіне келтірілген зиянның өтелуі туралы сотқа
талап-арыз беруге құқығы бар.
2. Жеке тұлғалар:
1) қоршаған ортаны сақтауға, табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға;
2) табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға, қоршаған ортаны қорғауға және
экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шараларды іске
асыруға жәрдемдесуге;
3) өз кінәсінен экологиялық қауіпсіздікке төнуі мүмкін қатерді
болдырмауға;
4) өз қызметін Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес
жүзеге асыруға міндетті.
3. Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген
өзге де құқықтары мен міндеттері болады.
Қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтары
мен міндеттерi
1. Қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғау саласында өз қызметін
жүзеге асыру кезінде:
1) экологиялық бағдарламаларды әзірлеуге және насихаттауға, азаматтардың
құқықтары мен мүдделерін қорғауға, оларды қоршаған ортаны қорғау
саласындағы белсенді қызметке ерікті негізде тартуға;
2) қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыру, табиғи ресурстарды ұтымды
пайдалану мен молықтыру жөніндегі жұмыстарды орындауға, экологиялық,
ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық жағынан ерекше құнды қоршаған орта
объектілерін қорғауға, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қызметіне
қатысуға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен
мемлекеттік органдардың қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша шешімдер
қабылдау процесіне қатысуға;
4) экологиялық білім беру мен ағарту жұмыстарын орындауға, қоршаған
ортаны қорғау саласында ғылыми зерттеулер жүргізуге;
5) қоғамдық экологиялық сараптамаға және қоғамдық тыңдаулар өткізуге
бастамашылық жасауға және оларды ұйымдастыруға;
6) қоғамдық экологиялық бақылауды жүзеге асыруға;
7) мемлекеттік органдар мен ұйымдардан уақтылы, толық және дұрыс
экологиялық ақпарат алуға;
8) қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік органдармен және
халықаралық ұйымдармен ынтымақтасуға және өзара іс-қимыл жасауға, олармен
келісімдер жасауға, олар үшін шарттар бойынша Қазақстан Республикасы
заңнамасында көзделген белгілі бір жұмыстарды орындауға;
9) қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық
актілер жобаларын әзірлеу кезеңінде оларды талқылауға қатысуға және
әзірлеушілерге өз ескертпелерін ұсынуға;
10) қоршаған ортаға байланысты жоспарлар мен бағдарламаларды дайындау
процесіне қатысуға;
11) жеке және (немесе) заңды тұлғаларды жауапқа тарту туралы мәселелер
қоюға, Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының бұзылуы салдарынан
азаматтардың денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянның өтелуі
туралы сотқа талап-арыз беруге;
12) кәсіпорындарды, құрылыстар мен экологиялық жағынан қауіпті өзге де
объектілерді орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру
туралы шешімдердің әкімшілік немесе сот тәртібімен күшін жоюды, сондай-ақ
жеке және заңды тұлғалардың қоршаған орта мен адам денсаулығына теріс әсер
ететін шаруашылық және өзге де қызметін шектеу, тоқтата тұру және тоқтату
туралы шешім шығаруды талап етуге;
13) қоршаған ортаны қорғау қорларын құруға құқығы бар.
2. Қоғамдық бірлестіктер қоршаған ортаны қорғау саласындағы өз қызметін
жүзеге асыру кезінде:
1) табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға, қоршаған ортаны қорғауға және
экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шараларды іске
асыруға жәрдемдесуге;
2) өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге
асыруға міндетті.
3. Қоғамдық бірлестіктердің Қазақстан Республикасының заңдарында
белгіленген өзге де құқықтары мен міндеттері болады.
Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау және
табиғат пайдалану саласындағы өкілеттіктерi
Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау мен
табиғат пайдалану саласындағы өкілеттіктеріне:
1) елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру жөніндегі жұмыстарды
ұйымдастыру;
2) елді мекендерді санитарлық тазартуды қамтамасыз ету жөніндегі
жұмыстарды ұйымдастыру;
3) өндіріс және тұтыну қалдықтарын сақтау мен көму орындарын күтіп
ұстау;
4) жергілікті атқарушы органдарға, тарихи-мәдени мұраны қорғау мен
пайдалану жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға экологиялық, ғылыми,
тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар табиғи және басқа да
объектілерді тарих немесе мәдениет ескерткіштері деп жариялау туралы
ұсыныстар енгізу жатады.
Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау жөнінде негізгі
заңнамалық актілерге, ондағы әлеуметтік топтардың, мемлекеттік органдардың
құқықтарына, міндеттеріне тоқтала отырып, сонымен қоса, қоршаған ортаны
қорғауда республикамызда үсіміздегі жылы қабылданған Экологиялық кодекспен
қатар, төмендегі бағдарламалар жүзеге асырылуда:
1. Қазақстан Республикасындағы 2005-2007 жылдарға арналған Қоршаған
ортаны қорғау;
2. Қазақстан Республикасындағы 2005-2015 жылдарға арналған Топырақтың
құнсыздануымен күрес;
3. 2004-2015 жылдарға арналған Экологиялық қауіпсіздік Тұжырымдамасы.
Осылардың барлығы қазіргі уақытта табиғатты қорғаудың қажетті деңгейін
қамтамасыз етуімен қатар, экологиялық заңдылықтың негізін анықтайды.
Қортындылай келгенде, республикада экология мәселесін жетілдіру үшін,
Үкімет тарапынан барлық шаралар жасалды. Оларды іске асыру үшін ендігі
кезекте азаматтардың бақылауынан бастап, жоғарғы мемлекет органдарының
бақылауы талап етілуде.

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРЫНЫҢ
ЖҰМЫСТАРЫН ТАЛДАУ (ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
МИНИСТРЛІГІ МЫСАЛЫНДА(

2.1 Табиғатты қорғау органдарының ұйымдастырушылық экономикалық
мінездемесі
Қазақстан Республикасында табиғатты қорғауды мемлекеттік негізде
Қазақстан РеспубликасыҮкіметімен бекітілген 2004 жылғы 28 қазаннан №1113
қаулысына сай Қазақстан Республикасында айнала қоршаған ортаны Қазақстан
Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі жүзеге асырады [9]. Бұл
қаулыда министрліктің негізгі құқықтары мен міндеттері, құрылымы және оған
қатысты бөлімшелері туралы толықтай сипатталады. Осыған тоқталып өтсек.
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі (одан әрі –
Министрлік) – қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты
әзірлеу және жүзеге асыру мәселелері жөніндегі басшылықты және салааралық
реттеуді мен табиғатты пайдалануды басқаруды жүргізетін орталық атқарушы
орган болып табылады
Министрліктің негізгі міндеті:
қоршаған ортаның сапасын жақсарту және қоғамның экологиялық орнықты
дамудың қолайлы деңгейіне қол жеткізу.
Министрлік өзінің қызметін Конституция және Қазақстан Республикасының
заңдарына, Қазақстан Республикасы Президент, Үкімет актілеріне,басқа
нормативті құқықты актілерге сәйкес жүзеге асырады.
Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды
тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар, мөрі мен мөртабаны,
белгіленген үлгідегі бланкілері, және сондай-ақ заңнамаға сәйкес ҚР Қаржы
министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары бар.
Министрлікте Табиғатты пайдалануды бақылау комитеті, сондай-ақ
мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы қоршаған ортаны
қорғаудың облыстық және Астана мен Алматы қалаларындағы аумақтық
басқармалары бар.
Министрліктің толық атауы – Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
қорғау министрлігі мемлекеттік мекемесі. Министрліктің заңды мекен-жайы:
010000, Астана қаласы, 35-А көшесі, 8 үй, Министрліктер үйі.
Министрліктің атқаратын негізгі функциялары:
Министрліктің заңдылықпен анықталған келесі негізгі функцияларды жүзеге
асырады:
1) Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың
қалыптастыруын қамтамасыз ететін стратегиялық функциялар:
Орнықты даму үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы бірегей мемлекеттік
саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстарды енгізу;
Қоршаған ортаны қорғау, мемлекеттік экологиялық экспертиза, рұқсат
етушілік, лицензиялық және эколого-эксперттік әрекет салаларындағы
мемлекеттік басқару жүйесін ұйымдастыру және жетілдіру, өзінің құзыреті
шегінде нормалар мен стандарттарды, және сондай-ақ тиімді табиғатты
пайдалану және қоршаған ортаны қорғау экономикалық әдістер мен ынталандыру
механизмдер жүйесін әзірлеу;
Қоршаған орта, климат және табиғи ресурстар мониторингінің бірегей
мемлекеттік жүйесін, сол сияқты гидрометеорологиялық байқаулар мен
метеорологиялық қамтамасыз ету жүйелерін ұйымдастыру және жетілдіру;
Қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму салаларындағы халықаралық
ынтымақтастықты ұйымдастыру және заңнаманы жетілдіру;
Қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми негіздерін қалыптастыру мен дамыту,
қоғамның экологиялық мәдениетін арттыру;
Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалануды басқару функцияларын
жүзеге асыратын орталық және жергілікті атқарушы органдардың әрекетін
реттеу;
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы бюджетті болжау және индикативті
жоспарлауды әзірлеуге қатысу.
2) Мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін функциялар:
Орнықты даму үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы бірегей
мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды салааралық реттеу;
Орнықты даму және қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық
конвенциялар мен келісімдерді жүзеге асыру;
Халықаралық ынтымақтастықты жүргізу және мемлекеттік емес қоғамдық
ұйымдармен өзара әрекет етуді қолдау;
Қоршаған орта саласындағы лицензияларды беру және тауарлардың, басқа
әрекеттер экспорты мен импортына лицензияларын беруге шешімге келісімді
беру;
Табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрлерінің қамтамасыз ету
жұмыстарын жүргізу және бақылап отыру;
Мемлекеттік және салалық (секторлық) экологиялық бағдарламаларының
орындалуын ұйымдастыру.
Министрлік құқықтары:
Заңдылықта белгіленген тәртіпте қойылған міндеттерді орындау үшін
Министрлік өзінің мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру мақсатында
мынаған құқылы:
Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану сұрақтары жөніндегі
келісімдерді (меморандумдар, декларация) қабылдау;
Өзінің құзыреті шегінде табиғи ресурстарды пайдалануға келісім-шарттарды
(контрактілер) келістіруге;
Қоршаған орта сапа нормативтерін және шаруашылық мен басқа да
әрекеттердің экологиялық талаптарын өзінің құзыреті шегінде келістіруге
немесе бекітуге;
Өндірістік мониторинг және бақылау бағдарламаларының типтік ережелерін
келістіру және бекіту;
Өзінің құзыреті шегінде ғылыми зерттеулер бағдарламаларын бекіту, сондай-
ақ экологиялық білім беру бағдарламаларын құрастыруға қатысу;
Қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөнінде эксперттік комиссиялардың жеке
тұлғалық құрамын анықтау;
Өзінің құзыреті шегінде қызметін жүргізу үшін мемлекеттік органдардан,
басқа ұйымдар мен жеке тұлғалардан ақпаратты талап ету және алу;
Құрылымасты бөлімшелер және кәсіпорындардың ішкі бақылауын жүргізу.
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің құрылымы
Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау минисрлігінің орталық
аппаратында жұмыс істейтін қызметкерлерінің жалпы саны – 111 адам. Оның
ішінде басшылықта барлығы 9 адам: министр – 1, министрдің көмекшісі – 1,
министрдің кеңесшісі – 2, вице-министр – 2, аппарат басшысы – 1, министрдің
режим жөніндегі көмекшісі – 1, баспасөз хатшысы – 1, жиынтық – талдау
бөлімі – 4. Министрліктің құрылымы 4 департаменттен және 1 комитеттен
құрылады. Оларға тоқтала кетсек, Әкімшілік қаржылық қамтамасыз ету
департаменті – 25 адам, Құқықтық саясат ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет туралы ұғым
МЕМЛЕКЕТ ҰҒЫМЫ, МӘНІ БЕЛГІЛЕРІ
«Табиғатты пайдалану құқығы»
МЕМЛЕКЕТ ФУНКЦИЯЛАРЫ ТҮСІНІГІ
Мемлекет - қоғамның сясатын жүзеге асыратын саяси ұйым
Мемлекеттің қызметтері
Мемлекет түсігіні және мәні
Нарық қатынастары жағдайындағы мемлекетіміздегі табиғат пайдалану құқығының пайда болу негізі болып табылатын қоршаған ортаға экологиялық бақылауды құқықтық қамтамасыз ету мǝселелерін ашып көрсету жǝне кешенді зерттеу
Табиғатты пайдалану құқығы түсінігі
Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық әдістері
Пәндер