Отбасы және балаларға әлеуметтік көмек



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.
1.1 Отбасы және балалармен әлеуметтік . педагогикалық жұмыс жүргізудің ғылыми негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Әлеуметтік.педагогикалық жұмыс жүргізудің әдістері мен технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3 Отбасындағы қарым.қатынастың баланың жеке тұлғасына әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2. Отбасы және балаларға әлеуметтік көмек көрсетудің барысын талдау

2.1 Отбасының қызметі және оның әлеуметтік қызметті қажет етуінің негізгі факторларын талдау ... ... ... ... ..
2.2 Мектеп . бала дамуындағы негізгі әлеуметтік кеңістік ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Тәрбиесі қиын балалармен әлеуметтік.педагогикалық жұмыс жүргізудің маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

3. Отбасы және балалармен жүргізілетін әлеуметтік . педагогикалық жұмыс қоғамдық мәселе ретінде

3.1 Проблемалы отбасылармен әлеуметтік . педагогикалық жұмыс жүргізуді жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

3.2 Отбасы және балаларға әлеуметтік . педагогикалық көмек көрсету мақсатында мемлекет жүргізіп отырған іс шаралар жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ...
Тақырыптың көкейтестілігі. Бала тәрбиесiнiң өзектi проблемаларын шешуге тәрбиенiң уақыты өткен әдiстерiн ауыстыратын тәрбиенiң жаңа технологияларын қолданудың қажеттiгi, ел ертеңi, ұлт болашағы үшiн этнопедагогика ғылымының жетiстiгiн әр отбасының тәрбие құралына айналдыру – бүгiнгi күннiң сұранысы. Алайда, соңғы уақытта елiмiздегi нарықтық экономиканың қарқынына iлесу қиыншылығынан, көптеген отбасыларында бала тәрбиесi әлсiреп, тiптi ерiксiз қолдан шығып, орны толмас олқылықтар пайда болды. Ата-ана өз мiндетiн орындау барысында жiберiлген кемшiлiгiн қоғамға, бiлiм беру мекемелерiне арта бастады. Оған қоса, шартты түрде дамыған бiлiм беру жүйесi мен бұқаралық ақпарат құралдарының дамуы, “мәдени орын” деген атаудың астарына тығылған керектi, керексiз сауық үйлерiнiң ашылуы отбасының тәрбие беру және әлеуметтендiру қызметiн әлсiреткенiн жасыра алмаймыз.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Әлеуметтік педагогтың отбасымен жұмысының негізгі бағыттарын жетілдіруді қарастыру:
- Ата-аналарды ағарту және кеңес беру;
- жайсыз отбасыларын диагностикалау және патронажга алу;
- түрлі бағыттағы мәнді клубтар мен ұйымдарды құру;
- жеке бейәлеуметтік топтарға басқа бағдар беру және оларды «бұзу» жөніндегі жұмыс;
- жаңа рольдерге бейімделуге көмектесу;
- қызметтің қанағаттанарлық салаларын табуға көмектесу;
- жас отбасыларына кецес беру;
- кәсіби бағдар алуға көмектесу;
- топтық, отбасылық сауықты ұйымдастыру;
- жалғыз басты адамдарға көмек беруді ұйымдастыру;
- үйінде және арнайы мекемелерде әлеуметтік назарды талап ететін адамдарды анықтау;
- микросоциумде қария адамдардың белсенділік көрсетуі және олардың мүдделерін қанағаттандыру үшін жағдай жасау;
Дипломдық жұмыстың міндеті. Қарапайым педагогқа қарағанда әлеуметтік педагогтың ролі ең алдымен білім беру емес, тәрбиелеуде, оның әлеуметтік көмек беру және қорғау функциясында. Әлеуметтік көмектің бағыты белсенді болуы керек және әлеуметтік жұмыстың субъектілері ретінде клиенттерді тартуы қажет. Әлеуметтік педагогтың отбасымен байланысы әрбір нақты отбасы (жалпы отбасы туралы емес) туралы мәлімет пен оның ерекшеліктерін, адамдардың тіршіліктің осы саласында қарым-катынас жасау процесінің заңдылықтары ескеру негізінде жасалатынын ескеру қажет.
Шоғырланған механизмдер әлі нашар дамыған жас отбасының өмір сүре білу қабілеті қоғамның, оның проблемаларына назар аударына байланысты болмақ: алғашқы бала туғанда қосымша жеңілдіктер мен
1. С. Ғаббасов «Халық педагогикасы» Алматы, 1995
2. І. Халитова «Әлеуметтік педагогика» Алматы, 2007
3. Қазақстан Республикасының Бiлiм туралы заңы
4. Бала құқықтары Декларациясы
5. Мудрость воспитания; Книга для родителей /Сост. Б.М.Бим-бад, Э.Д. Днепров, Г.Б. Корнетов. – 2-изд., доп. – М.: Педагогика, 1989. – 304 с.
6. Популярная психология для родителей /Под ред. А.А. Бодалева – М.: Педагогика, 1989. – 256 с.
7. А.Г. Хрипкова, Д.В. Колесов. Ұл есейсе, қыз өссе. – А. «Мектеп». 1988. – 224 б.
8. К.Қожахметова. Мектептiң ұлттық тәрбие жүйесi: теория және практика. –А.,1997.
9. Практикум по гендерной психологии/ Под. Ред. И.С. Клециной. –СПб: Питер, 2003г. С. 56
10. М. Хиглинг. Как беседовать с ребенком о сексе. – СПб: Питер Пресс, 1997. – 208 с.
11. К.Кожахметова, Ш.Таубаева, Ш.Джанзакова. Методология общей и этнической педагогики в логико-структурных схемах. – А.,2005. –174с.
12. Ә.Сәдуақасұлы. Халықтық педагогика дәстүрлерi арқылы қазақ мектептерiнiң оқу-тәрбие процесiн ұйымдастырудың педагогикалық шарттары. – А., 2003. 195 б.
13. К.А. Оразбекова. Педагогикалық психология практикумы. – А.,Комплекс, 2002. –180б.
14. К.Оразбекова.Ұлттық психодогия мен халық тәрбиесi болашақтың бастауы хақында. А., “Дәуiр”. 2000 ж. 127-б.
15. Н.В. Гришина. Психология конфликта. – СПб: Питер, 2002. –464с.
16. Қайқаус. Қабуснама/ Өзб. Ауд. Т. Айнабеков. – А, 1992. 45-48 бб.
17. Наркомания – трагедия личности. Астана.
18. Қ.Т. Атемова. Отбасында баланың iс-әрекетiн ұйымдастыру жолдары. – А, 2002. 58 б.
19. Л.А. Дорожкина, М.Е. Демеуова ж.т.б. Мектеп жағдайындағы ЖҚТБ/АҚТҚ-ның алдын алу бойынша оқытушыларға арналған басшылық. – А, 2004. 106 б.
20. С. Әбдешова. Жаманнан жирен. – А, 2004. 12 б.
21. Сейiт Кенжеахметұлы. Жетi қазына. 1-кiтап. – А. “Ана тiлi” ЖШС., 2003. 14-20 бб.
22. Қ. Жанарыс пен К. Тышханның аударма қолжазбалары.
23. Л. Шентүрк. Ислам дiнiндегi арамдар және үлкен күнәлар. Анкара.,1998.63б.
24. Дiн iстерi Жоғары Кеңесi. Ислам қағидалары. Анкара., 2000.
25. Садық Дана. Жанұя бақыты. А. 2003 ж.105 б.
26. Ә.Өмешұлы. Шаңырақ шаттығы мен ләззаты. – А. Ғылым.,1994. –88б.
27. Зорлық-зомбылықтардың алдын алу және өмiр сүру дағдыларына үйрету: Тренингтер ұйымдастыру мен өткiзу жөнiндегi көмекшi құрал. –А.,2004. –160б.
28. Бiлiм беру жүйесiндегi Этнопедагогика журналы 2005ж. N 4, N 5 саны
29. Мұсылман журналы 2004ж. N 1.
30. Бала тәрбиесi журналы 2004ж. N 1, N 2 саны
31. Қазақстан мектебi. 2006ж. N 1.
32. Қазақ әдебиетi газетi. 2002ж. 5.07. N 27
33. Ричард Гарднер « Психотерапия детских проблем» С-П,2002
34. Э.Г. Эйдемиллер, В.В. Юстицкий «Семейная психотерапия» , Л.,1989
35. Ю.Е. Алешина « Семейное и индивидуальное психологическое консультирования» М.,1994
36. В.А.Сысенко « Супрежеские конфликты, С-П, 1989
37. Бодалева А.А, Столина В.В. « Семья в психологической консультации» М,1989
38. Василюк Ф. Е. « Психология переживания» Москва,1984
39. Абулханова- Словская К.А. « Стратегия жизни» Мысль,1991
40. И.М. Никольская, Р.М. Грановская « Психологическая защита у детей» С-П,2001
41. И.Б. Дерманова «Диагностика эмоционально-нравственного развития, С-П,2002

М А З М Ұ Н Ы

беттер

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .

1.
Отбасы және балалармен әлеуметтік – педагогикалық жұмыс
1.1 жүргізудің ғылыми негіздері 5
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...
Әлеуметтік-педагогикалық жұмыс жүргізудің әдістері мен
1.2 технологиясы 10
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
Отбасындағы қарым-қатынастың баланың жеке тұлғасына әсері
1.3 ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 17
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
Отбасы және балаларға әлеуметтік көмек көрсетудің барысын
2. талдау
Отбасының қызметі және оның әлеуметтік қызметті қажет
2.1 етуінің негізгі факторларын талдау ... ... ... ... .. 22
Мектеп - бала дамуындағы негізгі әлеуметтік кеңістік
2.2 ретінде 29
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .
Тәрбиесі қиын балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс
2.3 жүргізудің маңызы 36
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...
3. Отбасы және балалармен жүргізілетін әлеуметтік –
педагогикалық жұмыс қоғамдық мәселе ретінде
Проблемалы отбасылармен әлеуметтік – педагогикалық жұмыс
3.1 жүргізуді жетілдіру 43
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..
Отбасы және балаларға әлеуметтік – педагогикалық көмек
3.2 көрсету мақсатында мемлекет жүргізіп отырған іс шаралар
жүйесі 55
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .
ҚОРЫТЫНДЫ 65
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... .
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ...67

Кіріспе
Тақырыптың көкейтестілігі. Бала тәрбиесiнiң өзектi проблемаларын
шешуге тәрбиенiң уақыты өткен әдiстерiн ауыстыратын тәрбиенiң жаңа
технологияларын қолданудың қажеттiгi, ел ертеңi, ұлт болашағы үшiн
этнопедагогика ғылымының жетiстiгiн әр отбасының тәрбие құралына айналдыру
– бүгiнгi күннiң сұранысы. Алайда, соңғы уақытта елiмiздегi нарықтық
экономиканың қарқынына iлесу қиыншылығынан, көптеген отбасыларында бала
тәрбиесi әлсiреп, тiптi ерiксiз қолдан шығып, орны толмас олқылықтар пайда
болды. Ата-ана өз мiндетiн орындау барысында жiберiлген кемшiлiгiн қоғамға,
бiлiм беру мекемелерiне арта бастады. Оған қоса, шартты түрде дамыған бiлiм
беру жүйесi мен бұқаралық ақпарат құралдарының дамуы, “мәдени орын” деген
атаудың астарына тығылған керектi, керексiз сауық үйлерiнiң ашылуы
отбасының тәрбие беру және әлеуметтендiру қызметiн әлсiреткенiн жасыра
алмаймыз.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Әлеуметтік педагогтың отбасымен жұмысының
негізгі бағыттарын жетілдіруді қарастыру:
- Ата-аналарды ағарту және кеңес беру;
- жайсыз отбасыларын диагностикалау және патронажга алу;
- түрлі бағыттағы мәнді клубтар мен ұйымдарды құру;
- жеке бейәлеуметтік топтарға басқа бағдар беру және оларды бұзу
жөніндегі жұмыс;
- жаңа рольдерге бейімделуге көмектесу;
- қызметтің қанағаттанарлық салаларын табуға көмектесу;
- жас отбасыларына кецес беру;
- кәсіби бағдар алуға көмектесу;
- топтық, отбасылық сауықты ұйымдастыру;
- жалғыз басты адамдарға көмек беруді ұйымдастыру;
- үйінде және арнайы мекемелерде әлеуметтік назарды талап ететін адамдарды
анықтау;
- микросоциумде қария адамдардың белсенділік көрсетуі және олардың
мүдделерін қанағаттандыру үшін жағдай жасау;
Дипломдық жұмыстың міндеті. Қарапайым педагогқа қарағанда әлеуметтік
педагогтың ролі ең алдымен білім беру емес, тәрбиелеуде, оның әлеуметтік
көмек беру және қорғау функциясында. Әлеуметтік көмектің бағыты белсенді
болуы керек және әлеуметтік жұмыстың субъектілері ретінде клиенттерді
тартуы қажет. Әлеуметтік педагогтың отбасымен байланысы әрбір нақты отбасы
(жалпы отбасы туралы емес) туралы мәлімет пен оның ерекшеліктерін,
адамдардың тіршіліктің осы саласында қарым-катынас жасау процесінің
заңдылықтары ескеру негізінде жасалатынын ескеру қажет.
Шоғырланған механизмдер әлі нашар дамыған жас отбасының өмір сүре
білу қабілеті қоғамның, оның проблемаларына назар аударына байланысты
болмақ: алғашқы бала туғанда қосымша жеңілдіктер мен көмек беру, жас
отбасын ата-ананың отбасынан тез арада бөлек көшуіне мүмкіндіктер жасау
және т.б. мұндай шаралар жас отбасының қалыптасып келе жатқан кезеңінде
отбасылық жайсыздықтың қалыптасуының басты себептерін жоюға көмектесер еді.
Қиындықтары көп жағдайда өмір сүретін жас отбасылар арасында қосарланған
ауыртпалық түсетін белгілі бір топ болады. Бұл - некеге тұрған сәтте
өздерінің кәсіби даярлығын аяқтамаған және отбасты бола тұрып, оқуын
жалғастыратын ерлі-зайыптылар тобы. Отбасылардың осы тобындағылар санынын
көптігі мен олардың нарықтық қарым-қатынастардың дамуы жағдайында
әлсіздігін ескере отырып, әлеуметтік көмектің белгілі бір шараларын тікелей
студенттердің отбасына (колледждердегі, техникумдардағы, жоғары оқу
орындарындағы) бағыттау дұрыс демекпін.

І. ОТБАСЫ ЖӘНЕ БАЛАЛАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК- ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДІҢ
НЕГІЗДЕРІ

1.1 Отбасы және балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс жүргізудің
ғылыми негіздері
Отбасы - бұл әлеуметтік институт пен шағын әлеуметтік топ белгілерін
иеленетін әлеуметтік жүйе.Отбасы әлеуметтік институт пен шагын әлеуметтік
институт ретінде жұбайлардың, ата-аналардың,балалар мен басқа туыстардың
өзара қарым-қатынастарын реттейтін әлеуметтік нормалардың, санкциялардың
және мінез-құлық үлгілерінің жиынтығымен сипатталады. Отбасы - некеге
немесе қандас туыстыққа негізделген шағын топ, оның мүшелері тұрмысының
ортақтығымен, өзара моральдық жауапкершілікпен және өзара көмекпен
байланысады.
Отбасының әлеуметтік функциялары оның әлеуметтік институт ретіндегі
қоғамдық қажеттіліктернің сипатын көрсетеді. Қоғамда болп жатқан әлеуметтік
- экономикалық өзгерістердің әсерімен отбасының әлеуметтік функциялары мен
иерерхиясының сипаты өзгереді. Алайда барлық уақытта да бала өсіру,
тәрбиелеу отбасының маңызды функциясы болып қалады, басқа жекеленген
функцияларының маңыздылығы өзгеріп отырады.
Түрлі мамандық иелерінінің отбасы тақырыбына деген қызығушылығы
ғалымдардың зерттеулері көрсеткендей, әлеументтік ортада отбасының өмір
сүруініңікөп функциялы сипатына байланысты.
Жалпы алғанда, отбасын зерттеу бірнеше бағытта жүргізіледі:
- Отбасы мен некенің туындауын және қоғамда дамуын зерттеу;
- Отбасы мен некенің типтері мен түрлерінің дамуын зерттеу;
- Отбасы мүшелерінің өзара қарым – қатынасы психологиясының мәселелері;
- Отбасының тәрбиелік мүмкіндіктерін анықтау, отбасылық тәрбиенің әдіс –
тәсілін жасау;
Отбасы теориясының дамуының қазіргі кезеңінде бірнеше тұжырымдамалар
қалыптасты, алайда олардың ішінен келесі екеуі басымырақ болып отыр:
• Шағын әлеуметтік топ түріндегі отбасы туралы тұжырымдама;
• әмбебап бастауыш топ тұйық әлеуметтік жүйе түріндегі отбасы
туралы тұжырымдама;
Екінші тұжырымдаманы толық талдамай-ақ, отбасын ашық әлеуметтік жүйе
ретінде қарастыратын ғалымдардың тұжырымдамасына тоқталайық, себебі, біздің
ойымызша, осы тұжырыдаманың келешегі бар. Осы тұрғыдан алғанда отбасының
қалыптасуы мен өмір сүруінде әлеуметтік қызмет үлкен роль атқаратын
әлеуметтік ортаның факторы ретінде зерттеуге болады.
Ғылымда отбасы институтына деген басым көзкарастардың негізінде
диалектикалық материализм классиктерінің, атап айтқанда отбасының туындауы
мен дамуын ғылыми тұрғыда негіздеп берген Ф.Энгельстің ой-пікірлері мен
қорытындылары жатыр. Автор Отбасы бізге қоғамдағы қарама-қарсылық пен
қайшылықтардың, өркениет кезеңі басталған уақыттан бастап қоғамның таптарға
бөлінуінің кішірейтілген көрінісін береді - деп атап өтуімен бірге,
отбасын әлеуметтік институт ретінде әрі қарай зерттеудің әдістемелік
негізін анықтап берді.
Қазіргі философтар отбасы институтын жеке тұлғаның қалыптасуына
қатысатын факторлардың бірі деп зерттейді. Отбасы адамның ойлауының,
әрекеттерінің, бағалауының қалыптасуына, өмір бойына елеулі әсерін
тигізеді - деп М.С. Шепелева дұрыс атап өтті. Ю.В. Сычев шағын ортаның
(мектеп, достар және т.б.) түрлі факторын қарастыра келе, ең маңызды рольді
отбасына береді, себебі, оның ойынша отбасы жеке тұлғаның әлеуметтік бағдар
алуында басты роль атқарады: ...отбасы жағдайында мақсатты педагогикалық
жұмыстың ғана орасан зор мәні болып қоймай, ішкі психологиялық климат, ата-
аналар мен олардың әлеуметтік нұсқамалары арасындағы қатынастар сипаты,
жалпы өмір сүру салты да үлкен мәнге ие болады.
Социологтар фактологиялық және логикалық сәттерді ескере отырып,
отбасына анықтама береді:
фактологиялық сәт адамдардың негізінде ерлі-зайыптылар байланысы жатқан
топтарға бөлінуін ескереді;
2. логикалық сәт отбасының ерекше әлеуметтік феномен ретіндегі,
қоғамның әлеуметті мәдени дамуының факторы ретіндегі мәнін анықтайды;
Қоғамдық өмірде болып жатқан өзгерістерді осынша сезгіш,
қоғамдық-тарихи прогрестің табыстарын, қиындықтарын, қарама-қайшылықтарын
айқын көрсететін мұңдай басқа әлеуметтік институт жоқ. Институт ұғымының
негізіне американдық соқиологтар Ф. Бейте мен Р. Харлидің анықтамалары
алынды: институт дегеніміз - белгілі бір функцияларды атқаратын әрекеттер
мен қатынастардың күрделі жүйесі.
Жаңа қоғамдық-саяси қарым-қатынастар бекіп жатқан кезеңде қазіргі
заманның отбасына әлеуметтік талдау жасайтын, отбасын нығайтудың және оның
тұрақтылығын сақтаудың жолын белгілеген қазақстандық соқиологтардың
зерттеулерін атап өту керек.
Тәжірибелік алаңдарда (Ресейде, Қазақстанда) халыкқа әлеуметтік көмек
берудің түрлері мен нысандары байқалды. Отбасына социумда жан-жақты көмек
беруге маманданған әлеуметтік педагог типі кең тараған болып шықты
(отбасылық педагог гипі). Әлеуметтік педагогтың осындай типі әр жастағы
отрядтар мен тұратын мекендегі бірлестіктердің көп жылдық және түрлі
жоспарлық жұмыс тәжірибесі нсгізінде пайда болды. Әр жастағы отрядтың
тәрбиешісі әлеуметтік педагогтың прототипі болып табылады. Бастапкыда
әлеуметтік педагогтың әсері негізінен балалары бар отбасына тисе, кейін
отбасылық-көршілік қарым-қатынастар саласын, қауымдардың түрлі аумақтық
бірлестіктерін де қамтыды.
Отбасы, үй, қауым, отбасылық-көршілік қауым әлеуметті саясат,
әлеуметтік көмек жүзеге асырылатын сала ретінде қарастырылады. Түрлі
ведомстволық мекемелер, қоғамдық ұйымдар отбасына, социумга қарай бұрылып,
ашық жүйе ретінде жұмыс істейді.
Жеке тұлғаның, отбасының, қоғамның әрекетінің жүйесінде делдал бола
отырып, әлеуметтік педагогтардың институты социумда, отбасы саласында,
отбасылық-көршілік ортада, балалар мен ересектер арасында ізгіліктілік,
дұрыс қатынастардың калыптасуына әсер етеді. [1]
Әлеуметтік педагогтың қызметі тәрбие- сауықтыру міндеттерін басым
қойып, халықтың барлық санатымен, отбасымен (проблемасы болу, болмауына
байланысты емес) жұмыс жүргізуге бағытталған. Ол клиент қашан өзі келеді
деп отырмайды. Әлеуметтік педагог этикалық тұрғыдан мүмкін болатын түрде
отбасымен, жеке тұлғамен өзі байланысқа шығады. Ол әлеуметтік диагноз
қоятын тәрізді, дене бітімі, жас ерекшеліктерін, қабілеттерін зерттейді,
олардың микросоциумына, қызығу әлеміне, қарым-қатынас жасайтын ортасына
енеді, оң және теріс әсерлерді, кейін әлеуметтік педагог өзі шешуге
тырысатын медициалық, құқықтық, экологиялық проблемаларды анықтайды,
клиенті тұратын мекендегі мамандықтар бойынша кәсіптенеді.
Әлеумегтік педагогтар - балалармен, олардың ата-аналарымен,
ересектермен, тұрғындармен отбасы-тұрмыстық микроортада және көршілер
ортасыңда, жасөспірімдермен, жастардың топтарымен және бірлестіктерімен
тәрбие жұмысын жүргізетін, мәдени-сауық, дене шынықтыру-сауықтыру, еңбек,
ойын және басқа жұмыстарды, топпен қарым-катынас жасауды, балалар мен
ересектердің социумда техникалық, көркем шығармашылық және шығармашылықтың
басқа да түрлерін ұйымдастыратын мамандар.
Әлеуметтік педагогтың қызметі барлық жастағы балалар мен
ересектермен мен жүргізіледі; олардың өмірінің барлық саласында жүргізіледі
және әлеуметтендірудің барлық институттарының өзара әрекетін, қоғамның,
отбасының, жеке тұлғаның тәрбиелік функциясын белсендіруді көздейді.
Әлеуметтік педагог оқу- тәрбие, мәдени-ағарту, спорт-сауықтыру және
басқа да мемлекеттік мекемелердің, кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың,
сондай-ақ жергілікті халық депутаттары кеңесінің, басқару органдарының,
аумақтық өзін-өзі басқару органдарының штат бірлігі ретінде микросоциумда
жұмыс істеуі керек.
Әлеуметтік педагог балаларды, жасөспірімдер мен жастарды
әлеуметтендіру процесіне мүмкін болатын және мақсатты араласуды
қамтамасыз етеді, отбасы мен басқа да тәрбиелеу институтарына көмек береді,
балалар мен ересектер арасындағы байланыстырушы жік, делдал үшінші тұлға
ролін атқарады, жеке тұлғамен және қоғаммен жұмыс жасайды. Ол
жасөспірімдердің әлеуметтік және кәсіби бағдар алу кезеңінде көмектеседі,
балалардың қоғамдағы құкықтарын қорғайды.
Әлеуметтік педагог аниматор болып табылады. Ол үйретпейді,
басқармайды, билік жүргізбейді, бұйырмайды және тыйым салмайды. Ол
кызықты, тартымды қызмет жасауға жағдай жасайды; балаларға шабыт береді,
шығармашылыққа, білімге, мәдениетті меңгеруге тартады, топта жайдары, ізгі
қарым-қатынастардың қалыптастуына көмектеседі. Ол үшін балалармен бірге
болудың, оларды сезіну және жақсы білудің маңызы зор. Ол әлеуметтік
диагноз қояды, жеке тұлғаның мүмкіндігін, микроортаның әсерінін бағытын,
отбасының, көршілер ортасының, құрбыларының ерекшеліктерін, ересектердің
қарым-қатынасын зерттейді және накты бағалайды. Әлеуметтік педагог
бейресми қарым-қатынас жағдайында жұмыс істеп, бейресми лидер тұғырына қол
жеткізеді. Ол бірлескен қызмет қатысушысы,сонымен қатар басшы, балалармен,
жасөспірімдермен және жастармен қарым-қатынасты өзара тең деңгейде, диалог
жасау негізінде құрады.
Әлеуметтік педагогтың қызметінің түрлі мамандану саласы болады:
1) білім беру - тәрбие міндеттерін шешуде отбасына көмек бер
жөніндегі сала (отбасылык педагог типі). Бұл тәжірибені алғаш болып
Подмосковье мектептері бастады, XX ғасырдың 80 жылдарының аяғында РКФСР-дің
еңбек сіңірген мұғалімі Г.В. Гасилов дәстүрлі ұзартылған күннің орнына
үйге, аулаға, соцумға ену идеясын ұсынды. Сөйтіп, ұзартылған күннің түрлі
жастағы мектептен тыс топтары пайда болды, енді Г.В. Гасилов Донбасста,
Коми, Башқұртстан, Татарстанның қала және ауылдық шағын аудандарында өз
жұмысының қайталанбас үлгілерін ұсынуда.
2) балалардың, жасөспірімдердің, жастардың, сонымен қатар
ересектердің бос уақытта өз қызығушылықтарына сай түрлі
жұмысын ұйымдастыру жөніндегі сала (бос уақытты ұйым-
дастырушы типі).
3) Жасөспірімдердің мінез-кұлқын түзету және әлеуметтік
сауықтандыру, жедел көмек көрсету жөніндегі сала (әлеуметтік
педагог типі). Бұл әлеуметтік педагог қызметінің едәуір күрделі
түрі, ол тыңғылықты дайындықты, педагогикалық және заңгерлік құзырлықты
талап етеді, сонымен қатар шағын аудандағы барлық тәрбиелеу мекемелерімен
және ұйымдармен бірлесіп жұмыс істейді, яғни әлеуметтік тәрбиенің жалпы
ведомство аралық жүйесінде жұмыс істейді.
Отбасын әлеуметтік корғау шаралары. Жас отбасына әлеуметтік
қорғау шараларын жүргізудің басты бағьптарын анықтайық. Бұл шаралардың
барлығын қызметтің үш негізгі бағытына топғауға болады: 1)экономикалық
шаралар (жеңілдіктер, жәрдемақы, түрлі төлемдер), 2) әкімшілік-заңгерлік
шаралар (заңнама және оны орындаушылардың тікелей жүзеге асыруы), 3)
моральдық-психологиялық шаралар (насихаттық, қоғамдық пікірдің қалыптасуы).
Біздің қоғамымыздың көп жылдық практикасында отбасына мемлекеттік
көмектің негізгі түрі материалдық жәрдемақы мен жеңілдіктер беру деген
пікір қалыптасты. Еліміздің қазіргі нақты экономиқалық жағдайына баға бере
келгенде, бұл салаға ірі материалдық салымдардың түсуін күту дұрыс еместігі
айқын. Отбасы шын мәніндегі көмекке зәру, ең алдымен отбасы материалдық
базасын (тұрғын үй жағдайын, табысын) нығайтуды қажет етеді, мұнда
материалдық жайсыздық отбасының тұрақсыздығымен тығыз байланыстыру
қажеттігі даусыз. Тұрғын үйі бар және тұрғын үйге зәру отбасылар арасында
табыс деңгейі бойынша бөлгендегідей жайсыз некелер саны өзгермейтінін
бақылау нәтижесі көрсетті. Отбасы тіршілігінің осы маңызды факторларын ерлі-
зайыптылар ажырасудың басты себебі ретінде көрсетсе де, тұрақсыздық
жағдайында олар қосымша ролі атқаратын тәрізді. Мемлекет тарапынан жас
отбасына тікелей ақшалай көмек беру отбасының материалдық мәселелерін
шешуге көмектеспейтіні анық. Сонымен қатар, қазіргі күні отбасының құқықтық
базасы біршама алға жылжыған, бұл ерлі-зайыптыларға материалдық
проблемаларды өз күштерімен шешуге мүмкіндік береді. Отбасының өндірістік
функциясы ролінің артуы отбасы мүшелерінің жеке еңбек қызметінің түрлерімен
айналысуына байланысты, сондай-ақ бұл отбасының материалдық тұрғыдан
нығаюына нақты мүмкіндіктер береді.
Қазіргі күні жүзеге асырылатын әкімшілік-заңгерлік шаралар жөніндегі
мәселені қарастыра отырып, олардың негізгі мәні отбасын экономикалық
қолдауда ғана емес, отбасының бастамаларын жүзеге асыру үшін оның алдынан
жаңа құқықтық мүмкіндіктер ашуда болып отыр. Бұл мүмкіндіктердің біраз
бөлігін қоғам әлі толық сезінген жоқ және дамуын таппай отыр, олар
келешекте дамуы мумкін. Олардың қатарына республика егемендігінің дамуына
байланысты республикалық үкіметтік органдардың кұқықтарын кеңейту жатады:
өз бюджетінің негізінде отбасына көмек беру шараларына қосымша аймақтық
ерекшеліктерді ескере отырын отбасылық саясаттың өзіндік жүйесін жасау.
Республикада, оның облыстарында бұл құқықтық норма іс жүзінде колданылуда
және жергілікті билік күшін аймақтың бірінші кезектегі проблемаларын шешуге
бағыттауға мумкіндік бсреді.
Біздің еліміздегі экономикалық, әлеуметтік тұраксыздык осы уақытқа
дсйін беймәлім болып келген жаңа функцияны алдыңғы катарға шығарды, ол -
отбасының өмір сүру мақсатымен шоғырлануы. Әдетте отбасы мүшелері қатерлі
жағдайлар туындағанда іштей бірігеді және ол бірігу белсенді сипатта
болады. Бұл функция отбасы кауымының біртіндеп дамуыныц нәтижесі емес, оның
мәні әлеуметтік аяның тәртіпке келуіне қарай төмендей береді.сАлайда пайда
қазіргі күнгі жағдайда отбасының өміршеңдігі осы аталған функциясын табысты
орындауына байланысты болады.Бұл тұрақтылықты тексерудің өзіндік емтиханы.
Неке-отбасы қарым-катытастарының тұрақтылығын көтеру мақсатында
моральдық-психологиялық әсер етудің мүмкіндіктері қазір мүлдем қолданбайды
деуге болады. Біздің ойымызша, қазір бұл саланың қоғамдық практикада аз
қолданылып жүрген үлгісі күш-қуаты бар. Жас жұбайлардың оннан бір бөлігі
ажырасу туралы коп ойлағандықтан қауіпті топты құрайды. Жалпы санының бір
бөлігі жұбын дұрыс таңдағанына сенімсіздікпен қарайды ажырасу туралы ой
оларға кейде келеді. Өз некесін бағалауда тұрақсыздық байқататын жас
отбасылардың бұл топтары, әрине, әлеуметтік көмек пен қолдауды қажет етеді.
Мұндай көмек түрлері түрліше болмақ: ажырасудың аз-ақ алдында тұрған
бірінші топ үшін мамандандырылған неке бұзу жөніндегі еш құрылып, бұл
соттардың жұмысының тиімділігі ажырасқандар саны бойынша емес, татуласқан
жұптар саны бойынша бағаланса. Ажырасу санының осыншама биік деңгейін
көрсетіп отырған біздің қоғамымыз осындай қызметті ұйымдастыру үшін
мүмкіндіктер іздеп табуы қажет. Оларды қамтамасыз етуді жартылай қазіргі
күні кең тараған қайырымдылық қорларынан түсетін каражаттан жүргізуге
болады. Жұбын дұрыс таңдағанына сенімсіздікпен қарайтын отбасы тобы үшін
кең тараған және жоғары білікті отбасылық кеңес беру қызметін құру нақты
шара болар еді, оның қызметі отбасылық жайсыздықтың барлық мәселелерін
қамтыса: сексологтың, урологтың, гинекологтың, психологтың, социологтың,
экономисттің, әлеуметтік жұмыскердің, әлеуметтік педагогтың қызметімен
қамтамасыз етілсе. Мұндай кеңес беру орындарын кұрудағы негізгі проблема
-мамандармен қамтамасыз ету және осындай күрделі жұмысты атқаратын
мамандарды даярлау орталығының жоқтығы.
Отбасылық жайсыздықтың алдын алудың аса маңызды шарасы жастарды
некеге тиімді даярлау болып табылады. Қазіргі күні мұндай дайындық курстары
жалпы білім беретін және орта арнайы оқу орындарының бағдарламаларына
енгізілген. Алайда олар да сапалы оқу құралдарымен қамтамасыз етілмеген:
бұл курс бойынша оқу кұралдарындағы материалдардың жазылу саласы төмен,
кәсіби біліктілік төмен, риторика төмен.
Мектеп окушыларын отбасылық өмірге дайындау курсының
ішімділігіне баға бере келе, бұл курстың бағдарламасы ондағы қойылған
талаптарға сай еместігін, неке-отбасы қарым-қатынастар практикасына аз
бағытталғандығын, міндетті түрде толықтыруды қажет ететінін атап өткен жөн.
Бұл бағдарламаны Отбасы шарты бөлімімен және отбасылық келіспеушіліктер
бақыланатын және неке жұбының дұрыс мінез-құлкын қалыптастыратын ойын
теориясы принципімен кұрылған семинар сабақтармен толықтыру қажет.
Отбасын әлеуметтік қорғау шараларын жүзеге асыру жағынан біздің еліміз
дамыған елдерге ілесе де алмайтыны белгілі. Сондықтан, біздің ойымызша,
биліктің жергілікті орандарына кең құқықтар берген жөн, олар өз тарапынан
отбасына бағытталған әкімшілік-заңгерлік шараларды дамытуда шығармашылық
бастама көтеруі керек. Елімізде қолданылып жүрген заңнама ережелеріне
негізделген отбасына көмек берудің нақты әрекеттерін кеңейтуге мүмкіндік
беретін кеңістік осында жатыр. [2]

1.2 Әлеуметтік-педагогикалық жұмыс жүргізудің әдістері мен
технологиясы
Әлеуметтік педагогтың іс-әрекеті де тәлім-тәрбиелік жұмыстар болғанымен
шұғылданатын нысанасының ерекшеліктеріне байланысты кейбір өзгешеліктері
бар және ол кәдімгі оқушы (адам) емес, күйзеліске дұшар болғандарға
қатысты. Сол себепті, әлеуметтік-педагогикалық жұмыстар маңызы жағынан
жалпы педагогикалық іс-әрекетке жақын болғанымен, дәл сондай емес. Оның
ерекшелігі жұмыс нысаны және соған сәйкес мақсаты, міңдеттері, қолданатын
әдістерінің езгешелігіне байланысты. Енді осы ерекшеліктерді ашып көрсету
үшін бұл екі ғылым саласын және оның практикалық іс-әрекеттегі сипатын
салыстырып қарастырамыз.
Жалпы, педагогикалық іс-әрекет кәсіби іс-әрекеттің бірі ретіндс өсіп
келе жатқан жас буынға білім беру, оларды тәрбиелесу және дамыту болып
табылады. Ол педагогтардың көмегімен балабақшаларда, мектептерде, білім
беру мекемелерінде жүргізіледі. Әдеттегі білім беру мекемелері және ондағы
педагогтардьщ іс-әрекеті мемлекетгік стаңдартта көрсетіліп, оқу жоспарлары,
бағдарламалар, оқу құралдары, оқыту түрлері және басқа да кешеңді жүйе
арқылы іске асырылады. Жалпы педагогика қальпты жағдайда тәлім-тәрбие
істерін ұйымдастыру, бақылау, бағалау және басқаларға бағытталған.
Ал әлеуметтік педагогтың іс-әрекетінің ерекшелігі оның нысанына
(объектісіне) байланысты бірқатар белгілерімен сипатталады. Олар жалпы
алғанда әр түрлі жағдайлардың салдарынан күйзеліске ұшыраған жекелеген
адамдар мен топтар, кейде бүкіл бір ұлт, не халық болуы мүмкін. Күйзеліс
түрлеріне қарай оларды жіктеу немесе топтастыру өте күрделі. Әйтсе де,
әлеуметтік-педагогиканың мынадай ерекшеліктерін атауға болады:
Күйзеліс сипатына қарай әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың бірінші
ерекшелігі, оны туындатып отырған ахуал себептерінің өзгешелігі немесе
қалыпты жағдайдан тысқарылығы, кейде тіпті ұшқырлығы;
Айқындалған себептерді талдау арқылы оған душар болған жеке адам, не
адамдар тобымен жүргізілетін жұмыс мазмұнының, әдіс-тәсілдерінің,
құралдарының өзгешелігі;
3. Әлеуметтіқ-педагогикалық зерттеудің әдістері мен тәсілдерінің жалпы
педагогиканың ғылыми-зерттеу әдістерінен өзгешелігі, олардың әлеуметтік
психология. әлеуметтану, психиатрия, медицина, физиологиямен тығыз
байланысы;
4. Әлеуметтік педагогтардың жұмыс мазмұны мен әдіс-тәсілдері
(технологиясы), жұмыс нысанына байланысты құралдарының әр түрлі болуы;
5. Әлеуметтік-педагогикалық мекемелердің жұмыс мазмұны мен түрлерінің
сан алуан болуы; .
Сонымен, жалпы әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеті отбасында, не
әлеуметтік тәлім-тәрбие мекемелеріндегі көмекке мұқтаж адамдармен жұмыс
істеуге бағытталган. Бұл жұмысты жалпы педагогикалық білімі бар адамдар
емес, арнайы әлеуметтік-педагогикалык білімі бар адамдар ғана сауатты
жүргізе алады. Әлеуметтік ауыр жағдайлардың құрбандығы болған, не болмаса
әр түрлі техногенді, табиғи ахуалдардың салдарынан, тосын оқиғалардан
мүгедек болып қалған не болмаса ақыл-есіне закым келген, денесі зардап
шеккен жеке тұлғаларға, не бүкіл бір адамдар қауымына көмек беру, оларды
оқыту тәрбиелеу жұмыстары әлеуметтік-педагогиканың құзырында. Ондай
адамдар қиын тағдырға дұшар болып, тосын жағдайға ұшырағандықтан елеусіз
қалмауы, мүмкіндігінше адамша өмір сүруге жағдай туғызу - адамгершіліктің
басты көрінісі. Сол себебпен мемлекет тарапынан да оларға ерекше мән
беріліп келеді. Егер әлеуметтік-педагогикалық жұмыстар білгірлікпен, сауаты
шешілмесе, ондай балалардың болашағы қандай болмақ? Міне сондықтан қазіргі
кезде әлеуметтік-педагогикалық жұмыстарды ұйымдастыру негізгі
басымдықтардың (приоритет) бірі болып отыр.
Бұл жұмыстың ең ұрымтал тұсы — осындай жағдайға ұшыраған баланы оқыту
және тәрбиелеу жұмыстары қаншалыкты ерте қолға алынса, оның қалыптасуы,
дамып-жетілуі де соншалықты тез іске асады.
Әдеттегі мектепте оқып, тәрбиеленіп жүрген бала академиялық білім
алады, ал күйзеліске ұшыраған баламен әлеуметтік жұмыстар стихиялы түрде
бола бередідеген ұғым қалыптаспауы керек және ондай балаларға
немқұрайлықпен қарауға болмайтынын қаперде ұстау керек. Әлеуметтік-
педагогикалық білім, білік және әдіс, төсілдер, әлеуметтік нормалар,
құндылықты бағалау, мақсат айқындылығы, өмір сүру керектігі осындай
күйзеліске душар болған балаларға дер кезінде түсіндіріліп, оларда өзіне
және әмірге, адамдарға деген сенім қалыптастыру керек. Осы және басқа да
себептерге байланысты әлеуметтік-педагогикалық білім беру ісінін арнайы
ұйымдастырылуы осы жұмыстардың сауатты және тиімді болып, жақсы нәтиже
береді.
Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің негізгі бағыттары мыналар:
* әлеуметтік бейімделуге жылдам көмектесу жөне бейімделмей
қалудың алдан алу;
* қоғамдық нормалардан ауытқығандарды қалпына келтіріп қатарға
қосу, түзету;
* баламен ересектермен не жастармен тікелей немесе жеке жұмыс
істеу;
* күйзеліске ұшыраған балалар мен-жастарға, не ересек адамдарга көмек
беретін тиісті мекемелерге өз уақытында кайырылу, оларды
орналастыру,
жәрдем беруін өтіну, көмек сұрау т.б;
- мектеп мұғалімі ондағы балалармен үздіксіз (мектептегі тәмамдағанша)
білім беру, тәрбиелеу жұмыстарын жүргізеді,ал әлеуметтік педагог бір не
бірнеше рет, бір ай не одан көп мерзімде, баланың. (жас не ересек
адамның) мәселесін шешіп бергенше ғана жұмыс істейді.
Жұмыс сипаты мен объектісіне қарай әлеуметтік-педагогикалық қызметті
жалпы білім беру мекемелеріндегі жұмыс және арнайы мекемелер мен жеке
адамдармен жұмыс деп шартты түрде бөліп қарастырып, нормадан тыс іс-
әрекетке барған балалар, жастар не ересек адамдармен жұмыс нақтылауға
болады. Әлеуметтік-педагогикалық жұмыс деп отбасында бала бақшада,
мектептерде, әр түрлі ұйымдар мен қоғамдарда, демалыс орындарында,
шығармашылық ұйымдарда, жазғы демалыс кезінде балалар лагерінде,
ауьлшаруашылық жұмыстары жүріп жатқан жерлерде, қартгар үйі, сауықтыру
орындарында (санатория), діни ұйымдарда т.б. жүргізіледі. Осы орындардың
ерекшслігі және ондағы әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың объектісіне
байланысты жұмыс түрлері мен тәсілдері де әр түрлі.
Атап айтсақ, тәртіп бұзған (нормадан тыс әрекетке барған) балалармен
жұмыс істеу әр түрлі, өйткені олардың проблемалары да сан алуан:
* дамуы артта қалған балалармен жұмыс;
* тәрбиесінде кемшілігі бар балалармен жүмыс;
* жетім, багып-қағуы жеткіліксіз балалармен жұмыс;
- девиантты балалармен (нормадан тыс), жүріс-тұрысы күмәнді, әлеуметке
мінез-құлқы қайшы балалармен жүмыс;
- проблемалы отбасылармен жұмыс т.б.
Әлеуметтік педагог жұмысының түрлері де, объектісі де, жолдары да
өте көп болғандықтан, ол осындай контингенттің қай-қайсысымен болса да
жұмыс істеудің барлық түрін, әдістерін тәсілдерін (технологиясын) меңгеруі
тиіс. Әлеуметтік-педагог үнемі бір ғана адаммен, не болмаса бір
контингетпен жұмыс істемейді. Оньң жұмыс нысаны ауысып тұрады, мысалы, бір
маман аз мерзімде мүгедек баласы бар отбасымен шүғылданса, тағы бір мезгіл
қарттар үйіне барып, сондағы әлеуметтік мәселелерді шешуге араласады не
болмаса, пенитенциар мекемесіне көмектесуге тура келеді.
Әрбір жеке адамның дара психикалық үрдістері - түйсіну, сезіну,
қабылдау, ақыл-ес, ойлау, елестетуі, дамуы жас ерекшеліктеріне қарай әр
түрлі болатыны белгілі. Олардың дамуы бала кезде қарқынды да, күшті және
икемді болатыны әлсуметтеңдіру үрдісін жеңілдетеді. Олар әлеуметтендіру
мақсатында оқыту, түсіндіру, дағдыландыру, жаттықтыру секілді т.б. меңгеру
жолында кездесетін қиыншылықтарды жеңуте, төзімділік пен сабырлыққа
үйретеді.
Әлеуметтік-педагогакалық іс-әрекет әлеуметтік-педагогикалық іс-
әрекеттің мазмұнымен, формаларымен және ерекшеліктерімен танысқан соң,
болашақ тәрбиеші назар аударатын басты мәселе - "күйзеліске душар болған
балаларға қалай көмектесу керек" деген заңды сұрақ. Бұған жауапты ол
әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің әдіс-тәсілдерімен, жаңа
технологиясымен танысқан соң алады.
Әдіс - ойға алған бір істі жүзеге асырудың тәсілдер жиынтығы. Бұны
"метод" немесе "методика" деп те атайды. " Метод" грек тілінен аударғанда,
белгілі бір іс-әрекеттің тәсілі дегенді білдіреді. Ал тәсіл дегеніміз -
әдістің құрамдас бөлігі ретінде белгілі бір іс-шараны жүзеге асырудың реті,
қимьш-карекет немесе іскерлік.
Әдіс, іс-әрекетті жүзеге асырудың жолдары. Бұлардың барлығы - жастар мен
балаларды, ересек адамдарды әлеуметтендіруде, оларға жекелеген, арнайы
көмек беруде қолданылатын әлеуметтік педагогтың басты жәрдемшісі.
Әлеуметтік педагогика енді ғана дамып келе жатқан ғылым болғандықтан, оның
әдістері, көбінесе, жалпы педагогика, әлеуметтік психология, әлеуметтану
ілімдерінен алынып, тоғыстыра қолданылатын сипатқа ие. Іс-шараларды жүзеге
асыруда әдістерді қолдану әр түрлі тәсілдерді пайдалану арқылы шешіледі.
Зерттеуші Э.Ш.Натанзон әдістерді екі сипатта талдайды: жалғастыратын және
кедергі болатын.
Жалғастырушы әдістер: сыйлау, көңіл бөлу, кеңесу, өтіну, сенім білдіру,
өз күшіне сүйену т.б; ал кедергі болатын әдістер: бұйрық беру, жазалау, ым-
ишарамен басқару, зекіп айту, ұрысу, сенімсіздік білдіру, ескерту, қысастық
қылу, ызалану, ашулану, басқа да баланы (адамды) ашындыратын әдістер. Бұл
әдістерді әлеуметтік ахуалға, әлеуметтендіру сипатына, тұлғалық
ерекшеліктерге, өмір тәжірибесіне байланысты қолданады.
Әлеуметтік тәрбиенің құралдары - алға койған мақсатты тәжірибеде жузеге
асыруда қолданатын материалдық, эмоциялық, зерделік (интеллектуал)
нәрселер. Мысалы, ойын — демалыстың бір түрі, бірақ, ойын әдіс те болып
есептеледі. Ол баланың дамуына ықлал ететін ең басты кұрал ретінде де
қарастырылады. Әлеуметтік-педагогикалық құралдарына көркем табиғат, кітап,
көркем өнер туындылары, бұқаралық ақпарат құралдары т.б, кіреді. Бұл үш
ұғым өзара тығыз байланыста. Оның үлгісі төмеңде келтірілген (1-сызба).

1-сызба. Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекет кұрамы

Әдіс-тәсілдері Құралдары Түрлері (формалары)
Зерттеу,зерделеу Оқу Диагоностика,
әдістері; Танып-білу;
Сөз түріндегі әдістер; Еңбек Әлеуметтендіру
Іс-әрекетін Ойын немесе
ұйымдастыру; қатарға қосу;
Жаттықтыру; Өзіне қызмет ет Түзету;
Әдет калыптастыру; Реттеу;
Дағдыландыру; Қарым-қатынас Қалыбына
Үйрету; келтіру;
Бақылау; Бос уақыт Дәнекерлік;
Байқау; Орналастыру;
Бағалау; (жұмысқа,
Өзін-өзі интернатка.
тәрбиелеу; паналау орнына
Белсенді әдістср; т.б.)
Ынталандыру әдістері; Демалысын ұйымдастыру;
Алдын алу;

Сызбада көрсетілгендей, тәсілдер әдістерді толықтырып тұрады, ал олар өз
кезегінде құралдар арқылы жүзеге асады, да кейбір кездерде құрал ретінде
пайдалануға болады.
Әлеуметтік-педагогакалық іс-әрекетте көбінесе сендіру және жаттықтыру
әдістері қолданылады.
Сендіру әдісі - дамуында кемшіліктері бар мүгедек балаларды қоғамда
әділдік, адалдық, шындық бар екеніне сендіру, жалпыға бірдей адамгершілік
ережелерін түсіндіру, жүріс-тұрыс мәдениетін сақтауға үйрету болып
саналады. Бұл әдіс көп жағдайда балалардың ой-санасына, бейімділігі мен
сезім-эмоциясына әсер етеді, баланың ішкі жан дүниесін тыныштандырып,
үмітін оятып, көңілін көтеріп, өз күшіне сенімін тудырады. Әлеуметтік
педагог баланың негізгі кемшілігі неде, жапа шегу сипаты қаңдай, мысалы,
денесінің мүгедек, кемтарлық сипаты, ақыл-есінің кемдігі, не жеткіліксіз
дамығаны, есту, көру, сөйлеу органдарының дұрыс қызмет атқармауы, тәрбие
кемшілігі, отбасынан қашқан, тәртіпсіз т.б. екендігін білуі жөне болашақта
қандай адаммен жұмыс істейтінін анықтап алуы жұмыстың тиімділігін, педагог
іс-әрекетінің жүйелігін қамсыздандырады. Әйтпесе істелген іс, жүзеге
асырған шаралар текке кетеді. Айталық, мүгедек балаға материалдық көмек
беру маңызды, мысалы, жүретін кұрал (арба) не аппарат жасатып беру керек
болса, тәрбиесі нашар балалармен сөйлесу, әңгімелесу, жауапты жұмыстар
жүктеу, тағы басқа іс-әрекеттерді ұйымдастыру тиімді болуы мүмкін.
Сендірудің құрамдас бөлігі - талап қою. Олар әр түрлі, мысалы, сөзсіз
орындау талабын қою; ұрлық істеме, жаман жолға барма, өтірік айтпа,
гигиеналық тазалықты сақта т.б.
Сендіру әдісі - әңгімелесу, айтып беру, лекциялар, диспуттар өткізу,
талқылау ұйымдастыру және жақсы үлгі-өнеге көрсету сұхбат арқылы жүзеге
асады, Балаларға үлгі-өнеге ретінде қайратты, ырықты, төзімді де шыдамды,
ержүрек адамдардың өмірінен мысалдар келтіру, егер ондай адамдар бар болса
солардың өздерімен тікелей кездесулер ұйымдастыру секілді т.б. жұмыстар
нәтижелі болмақ. Айталық, соғыс кезінде немесе тыныштық заманда, күнделікті
өмірде болып жатқан ерлік көріністерді, еңбек майданындағы алдынғы қатарлы
адамдарды, кино қаһармандарын, жәрдем беру міндетін алған ұйымдар мен жеке
адамдарды, бай тұлғаларды т.б. мысал ретінде көрсетуге болады.
Егер де сендіру баланың ой-санасына әсерін тигізсе, жаттығу және
қайталау баланың бойына, жүріс-тұрысына жаксы әдеттерді дарытуға елеулі
ықпал етеді. Мұндай жүріс-тұрыс көріністері баланың іс-әрекетінен, қарым-
қатынасынан байқалса, мінез-құлық ережелерін қалыптастыру, жаттығу, үйрету,
іс-қимыл арқылы іске асады. Мінез-құлық, адамгершілік ережелері сендіру
әдісі арқылы жүзеге асырылса, (берілген үлгіні қараңыз), жүріс-тұрыс, мінез-
құлық жаттығу, үйрету арқылы қалыптасады.
Жаттығу, нақтылап айтқанда, балалардың мінез-құлық, жүріс-тұрыс
ережелерін меңгеруін, оларды үсті-үстіне қайталау арқылы (санның сапаға
айналуы) әдетке айналып, ол өз кезегінде тұлғаның жеке қасиеті ретінде
көрініс береді. Бұған мынадай қарапайым мысал келтіруге болады. Бала ас ішу
ережелерін білмесе, төгіп-шашып, үсті басын былғап, үстелде өзін ұстай
алмаса оны ұрысу арқылы реттеу қиын. Сондықтан үйрету, жаттықтыру, көп рет
қайталау арқылы, әдетке айналдырса, ол уақыт өте келе өзінен-өзі
қалыптасқан кимыл ретінде қалыптаеады. Кейбір балаларда жаман әдеттердің
қалыптасып калғаны байқалады. Өзіне-өзі қызмет ете алмайды, не оның жөнін
білмейді, бейімделмеген, мысалы, жуыну, таза жүру, өмір сүрген ортаны таза
ұстау секілді басқа да іс-әрекеттерді айтуға болады. Шылым шегу,
маскүнемдік, нашақорлық, насыбай ату, былапыт сөздергс жақын болуы,
қоғамдық ортада өзін ұстай алмауы, вандализмді көңіл көтерудің бір түрі, не
күш-қуатын тексеру тәсілі ретінде пайдалану көрінеу жерлерге балыпыт сөздер
жазу, басқа да жаман нәрселерге әуестік, әлеуметтік-педагогикалық жұмыс
әдістері мен тәсілдерін ұрымтал қолдануды талап етеді.
Әлеуметтік-педагогакалық әдістердің ерекше тобын түзету, қатарға қосу,
қалыбына келтіру, жолдары құрайды. Бұған мадақтау және жазалау жатады. Бұл
әдістер көбінесе баланың жүріс-тұрысын, мінез-құлық қасиеттерін
қалыптастыруға арналған. Мадақтау адамның жүріс-тұрысын, іс-қимылын қолдау,
қол жеткізген игіліктерін бағалау, демек қуаттау, нығайту мақсатында
қолданылады. Ал жазалау — теріс көріністерге жол бермеу, тыйым салу
қайтадан тәрбиелеу, түзету жұмыс-тарында қолданылады. Бұл әдістер негізінен
тұлғаның жеке басына ар-намысына нұқсан келтірмей, іс-әрекетіне қарай
қолданып, жекс адамның ерекшеліктеріне қарай бағытталса, педагогикалық
талаптарға сай болмақ.
Тұлғаны мадақтау не жазалаудан басқа да ескерту, сөгіс беру, түсіндіру,
тәртіпке шақыру секілді әдістер бар.Мысалы, ескерту қылмыс, тәртіп бұзу
секілді жаман қылықтардың алдын алып, осындай істерден сақтандырады, кейде
болдырмауы мүмкін. Осы және басқа да әдістерді өзара тығыз байланыста
педагогикалық жан-жақты негіздеп қолданса тиімділігі арта түспек. [3]
Әлеуметтік-педагогикалық технология. Қазіргі кезде оқу-тәрбие үрдісінде
қолданатын әдіс-тәсілдер, формалар, тәрбиешінің іс-әрекеті мен жеке басының
ұстаздық қасиеттері, рефлексия секілді тұстарының барлығын қамтитын
технология ұғымы кең таралуда. Әлеуметтік жұмыстарда "әлеуметтік-
педагогикалық технология" деген ұғым өз төңірегінде "әлеуметтік педагогика"
және "технология" деген екі түсінікті біріктіреді. Бұл ұғым өткен ғасырдың
40-жылдары АҚШ-тың мектептерінде техникалық құралдар, магнитафон,
проигрыватель, кадоскоп, кино аппараттары, диапроектор, жазу машиналары,
есеп машиналарын қолдануға байланысты туындаған. Ал 50 жылдардан бастап
жеңіл өнеркәсіп технологиясына қатысты бұл ұғым педагогика саласына
енгізіліп, онда қолданатын әдістер мен тәсілдер сипатын нақтылау көзделген
болатын. Осы кезде бағдарламалы оқыту идеясы ауқымында аудиовизуалды
құралдар қолдануға байланысты "педагогикалық технология" деген жалпы бағыт
анықталған.
Қазіргі кезде "педагогикалық технология" ұғымына берілген анықтамалар әр
түрлі болуына қарамастан жалпы мәні мен маңызы бір мағынаны береді.
Педагогикалық технология кең мағынада — оқу-тәрбие жұмыстарын жүйелі түрде
жоспарлау үрдісін дамыту және оның нәтижесін арттыру, жұмыс барысын талдау,
басқару, техникалық ресурстарды ұтымды пайдалану дегенді білдіреді. Ал осы
ұғымның тар мағынасына келетін болсақ, ол оқу-тәрбие үрдісінің методикасын
және оның таңдау ұстанымдарын білдіреді.
Әлеуметтік-педагогикалық жұмыста қолданатын әдіс-тәсіл, құрал, мақсат,
міндет, форма, ұстаз. Іс-әрекетінің барлығы толығымен әлеуметтік-
педагогикалық технологияны білдіреді. Бірақ әлеуметтік-педагогикалық
технологияның мазмұны жалпы педагогиқалық технологиядан алдеқайда кең.
Себебі, ол әлеуметтік объектінің ерекшелігін және онымен жұмыс істегенде
қолданылатын психологиялық, медициналық, педагогикалық, әлеуметтік жұмыс
әдіс-тәсілдері, формасы, іс-әрекет бағыты сияқты басқа да көптеген тұстарын
қамтиды. Бұдан басқа әлеуметтік теxнология, деген ұғымға келетін болсақ, ол
әлеуметтану ілімінің негізінде пайда болып, әлеуметтік үрдістердің барысын
таддау, басқару, бақылау жұмыстарына байланысты және оны жүзеге асыратын
қызметкер мен әлеуметтік педагогтың іс-әрекетін қамтиды. Жоғарыда айтыл-
ғандай әлеуметтік жұмыстар педагогика және психология ғылымына сүйеніп,
балалардың, жастар мен ересек адамдардың жас және жеке ерекшеліктерін,
күйзеліс түрін ескере отырып көмек беру технологиясын анықтауға
бағьтталған.
Әлеуметтік технология дегеніміз - әлеуметтік қызмет ұйымдастыру
технологиясы және әлеуметтік педагогтың іс-әрекет технологиясын
сабақтастыра қарастыруды талап етеді. Өйткені, әлеуметтік қызметкер мен
әлеуметтік педагогтың жұмыс нысаны бір, әрі көп тұстарын бірлесіп шешуге
болады. Сол себепті мұны "әлеуметтік-педагогика технологиясы" десе де
болады.
Алғашқы кезеңде, баланың әр түрлі мәселелерін шешу, диагноздау (себебін
табу, белгілеу) арқылы күйзеліске душар болу себебі мен оның салдарын
анықтап, талдап, нақтылаудан басталады. Мәселенің себебін анықтаған соң,
одан кейінгі кезең - анықталған мәселені шешу жолдарын іздестіру. Бұл
кезеңді шартты түрде мынадан екі жолмен іске асыруға болады: біріншісі,
жалпыға белгілі әлеуметтік-педагогикалық технологияны, әдіс-тәсілдерді,
құралдарды қолданып баланың мәселесін шешіл беруге ұмтылу; екіншісі,
әдеттегі технологиямен шешу мүмкін болмаған жағдайда, әлеуметтік педагог
мәселені қайта қарастырып оны шешудің жаңаша бағдарламасын түзіп, әдістер-
тәсілдер мен құралдардың сәйкестерін қарастырады. Одан нәтиже болмаса,
баланың темпераменті, мінезі, ырық-эмоциясы, тұрмыстық ортаға бейімделу
секілді ерекшеліктерін тереңінен танып-білу аркылы тағы да басқа жолдарын
қарастырады. Бұлардың барлығы қойылған мәселе шешілмейінше жалғаса береді.
Егер әлеуметтік педагог бұл мәселелерді шешуде психологтың, не медицина
қызметкерінің, әлеуметтік қызметкердің және басқалардың көмегіне мұқтаж
болса, оны да өзі ұйымдастырады. Ең соңғы кезең, мәселені шешу үшін
істелген әрекеттердің нәтижесін талдап бағалау, қорытындысын шығару болып
табылады. Бұл да мынадай екі тараптан қарастыруды қажет етеді. Біріншісі,
әлеуметтік педагог жәрдем берген соң, ол мәселеге қайтадан қайрылмайды;
екіншісі, әлеуметтік педагог көмек бере алмаса немесе оны соңына жеткізе
алмай қалса, онда оған қайтадан қайрылып, мәселені шешудің басқа жолдарын
іздестіреді. [4]

1.3. Отбасындағы қарым-қатынастың баланың жеке тұлғасына әсері

Отандық зерттеуші Р.М. Капралова сипаттаған отбасы қарым-
қатынастарының негізгі типтерін қарастырып өтейік.
Бірінші тип - отбасында үйлесімді, келісімді, жоғары әлеуметтік
бағьптағы қарым-қатынас.Отбасындағы қарым-катынас қоғамымыздың принципіне
сәйкес, тәрбиелеу саласының мақсаттары мен міндеттеріне жауап береді (жеке
тұлғаны құрметтеу, махаббат пен достық, жылылык пен өзара қамқорлык,адал
еңбек, өзара сыйластык және т.б.). Баланы тәрбиелеуде қоғамдық саяси
себеп,мақсатты бағыт,жүйелілік, накты міндеттерді және балаға әсер етудің
мәнін түсіну бар. Отбасының барлық мүшелері бір-біріне жоғары эмпатия (бір-
біріне жаны ашу қабілеті)білдіреді.
Екінші тип- отбасында жоғары әлеуметтік бағыттағы,келісілген,
реттелген қарым-қатынас.Олар жеке тұлғаның дұрыс әлеуметтік
тәжірибесін,оның қоғамдық мәні бар бағытын қалыптастыруға қажетті
жағдайдын болуымен сипатталады. Қарым-катынастар реттеледі,алайда кейде
олардың атмосферасы отбасының жекелеген мүшелері үшін жайсыз болады.
Баланы тәрбиелеуде,ата-ананың бірінің шыдамдылығының, сыпайылылығының
жетіспеушілігі екінші ата-ананың жұмсақтығымен тенеседі. Мұндай жағдай
балалармен қарым-қатынаста, оларға қойылатын талаптарда қайшылықты
көрсетеді. Мұңдай отбасында, әдетте, келешек жоспарланған,ал күнделікті
мәселелерді шешуде біршама қобалжу, жүйесіздік байкалады, бірақ түбінде
олар да жойылады.
Үшінші тип - қарым-катынастар тұрақсыз, ал жалпы алғанда қарым-
қатынастар оң сипатта. Бұл оң және теріс отбасылык қарым-қатынастар
арасындағы отбасылардың аралық тобы шағын уақыттық келіспеушіліктерді
атайды.Бұл отбасында келіспеушілік болмаған кездерде өзара қадірлеу, сенім
білдіру, бірінші және екінші типті отбасыларына таяу атмосфера орын алады.
Төртінші тип - отбасындағы қарым-қатынас реттелген, алайда
әлеуметтік бағыты төмен. Қарым-катынастардың бұл типіне әрекеттер мен іс-
кимылдардың мещандық бағыты, тұтынушылық себептердің болуы, адамдарға
деген қарым-катынас нормаларының екі түрлілігі тән (отбасы мүшелеріне
қамқорлықпен, жылылыкпен қарау, ал бөтендерге суық қабак көрсету,есеппен
ғана карау). Мұндай отбасындағы балаларда кұнды-лықтар бағдарының
қарапайым өлшемі калыптасады.
Бесінші тип — сырттай қарағанда қарым-катынастар жағымды,
реттелген, алайда отбасы мүшелерінің әлеуметтік бағытымен төмен немесе
карама-қайшы болғандықтан, ішкі жағынан карағанда жағымсыз. Сырттай
жағымды болып көріну жұбайды болып көріну жұбайдың балалар үшін отбасын
сақтау керек деген келісімі мен пікірінің әсерінен, кейде қатал тәртіп,
ұрьп-соғу, қорқыту аркылы колдау табады. Ата-аналар бала тәрбиесінен
өздері алшақтайды,бір-бірімен дауласумен, балағаттаумен бір-бірінің
беделін түсіреді.Балаларға қарау,оларды тәрбиелеуге байланысты басты
камқорлыкты ана-әйел атқарады. Отбасын сенімсіздік көңіл-күйі жайлайды.
Алтыншы тип - отбасында келіспеушілік қарым-катынастар, әлеуметтік
бағыт төмен немесе карама-кайшылыкты. Жағымсыздық жиі болатын
келіспеушіліктерге, психологиялық келіспеушіліктерге, ерлі-зайыптының
бірінің, ал өте сирек жағдайда екеуінің де ішімдікке салынуына байланысты
болады. Отбасында бір-бірін сыйламау, сенімсіздік,өрескелдік орын алады.
Отбасындағы ауыр жағдай бала тәрбиесіне теріс әсер етеді. Бақытсыз некеде
(жұбайлардың пікірінше, болмайтын неке) олар эмоционалдық жағынан
тұрақсыз, қызба болады, бір-біріне шектен тыс сын айтқыш, бір-бірінен
басымырақ түсуге тырысады, тұйық болады, адамдарға,өз жұбайына суық
қарайды, сезікпен, сенімсіздікпен карайды,өз сезімдерін, ойын, жоспарларын
білдіргенде, тұйықтау келеді. Қазіргі қоғам отбасының берік болғанын
қалайды, отбасын да өсіп келе жатқан ұрпакты тәрбиелеу үшін оңтайлы жағдай
жасауға мүмкіңдік беретін ұжымдық бастаманың болуын қалай-ды. Алайда екі
нақты жас жұбайдың отбасы қандай болатыны тек олардың жеке қасиеттеріне,
пікірлеріне, құндылыктар бағдарына байланысты болмақ. Жас жұбайлардың
шағын ұжым ретінде отбасының даму келешегін түсінуі көп жағдайда олардың
отбасы ұжымының тиісті критерийлерін, психологиялык параметрлерін білуіне
байланысты.
Сөйтіп, отбасы-бала тәрбиелеудің әлеуметтік-педагогикалық жүйесі
ретінде баланың қоршаған ортада табысты әлеуметтенуін қамтамасыз ететін
қажетті қасиеттер жиынтығын қалыптастырады.
Әлеуметтік- педагогикалық отбасылық кеңес беру әдістемесі. Отбасылық
кеңес беру отбасындағы ересектер мен баланың арасындағы әлеуметтік
проблемалар, шиеленістік жагдайлар кезінде әлеуметтік-педагогикалық ақыл-
кеңестік көмекті қамтиды. Әлеуметтік-психологиялық кеңес беруге карағанда
бұл жағдайдағы ерлі-зайыптылар мәселесі мен отбасылық қарым-қатынастарының
психологиясы талдау нәрсесі болып табылмайды.
Әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру нәрсесі мыналар болып табылады:
• өмірлік қамту саласында: еңбекпен қамтылуы, жеңілдіктерді
белгілеу, жәрдемақы, мүгедектік, дағдарыс жағдайындағы
материалдық көмек, т.б.;
• тұрмыс жағдайы саласында: кажетті жиһаздармен және тұрмыстық
техникамен қамтамасыз ету, пәтерін жөндеу, дезинфекциялау, гигиеналық
дағдыларға үйрету, пәтерде бала бұрышын ұйымдастыру, бос уақытты
ұйымдастыру, балаларды кадағалау, т.б.;
* отбасы денсаулығы саласында: балалар мен ересектердің созылмалы, қатты
ауруларын тексеріп-аныктау және емдеу, салауатты салтпен өмір сүруге
дағдыландыру, аурулардың алдын алу, балаларға нашақорлықтан аулақ болуға
көмектесу;
* рухани және моральдық хал-ахуал саласында: ішімдікке бой ұрудан кұтылу,
отбасының дәстүрлері мен тұрақтылығын сақтау, отбасы мүшелерінің кұнды
бағдарларын қолдау т.б.;
* бала тәрбиесі саласында: мектепке үйрену мәселесін шешу; мінез-кұлық
ауытқушылығын анықтау және оны түзеу; психологиялық, тіл дамыту,
психотерапиялық,заңгерлік көмек көрсету, педагогикалық хабарсыздықты,
санасыздықты, дәрменсіздікті болдырмау және т.б.;
* отбасының ішкі және сыртқы қатынастары саласыңда: бұрынғы немесе жаңа
жақсы әлеуметтік байланыстарды қалпына келтіру, араздыкты жоюға көмектесу,
бала -ата-ана және ерлі-зайыпты қарым-қатынастарын реттеу және т.б. [5]
Отбасылық кеңес берудің айырмашылығы - әлеуметтік кызметкеркер кеңес беру
барысында не жаппай отбасымен, не отбасы мүшелерімен жеке-жеке кезең-
кезеңмен жұмыс жүргізеді де,соңынан олардың бәрін кездестіреді.
Отбасылық кеңес беру мәселелердің кең шеңберін камтитын акьл-кеңес
беру бағыттарының бірі ретінде ерлі-зайыптылардың, бала мен ата-аналар,
ерлі-зйыптылар мен олардың ата-аналары арасындағы өзара қарым-қатынастарды
қарастырады. Кобінесе мұнымен қазіргі кезде белсенді түрде бастау алып,
қаркынды дамып келе жатқан психологиялық-педагогикалық кеңес беру қызметі
айналысады. Әдетте 14-15 жасқа дейінгі балалармен ата-аналарының қатысуында
кеңес беру жүргізіледі, өйткені олардың мәселелерін отбасының
қатысуынсыз шешу қиындыққа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Толық емес отбасында балаларға тәрбие беру мәселелерінің зерттелу жайы
Дамуында ауытқулары бар балалары бар отбасылардың негізгі проблемалары
Мүгедек баласы бар отбасы
Жұмыспен қамту бөлімі
ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢ ЖЕТІМ БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІCТEМECІ
Білім саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты
Қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасылар мен балаларға мекенжайлық әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру бойынша ұсыныстар
Мүмкіндігі шектеулі балалардың отбасымен жүргізілетін педагогикалық жұмыстар
Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық педагогикалық түзеу арқылы қолдау
Әлеуметтік жұмыстың мектептегі негізгі мәселелері және оны шешу жолдары
Пәндер