Авто тасымалдауды және авто жөндеу кәсіпорындарында өндірістік бағдарламалар жоспары



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І БӨЛІМ. АВТО ТАСЫМАЛДАУДЫ ЖӘНЕ АВТО ЖӨНДЕУ КӘСІПОРЫНДАРЫНДА ӨНДІРІСТІК БАҒДАРЛАМАЛАР ЖОСПАРЫ
1.1. Автокөлік құралдарын және жеке пайдаланатын заттарды жөндеу бойынша кәсіпорындардың қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2. Техникалық күту және жөндеу жөніндегі материалдар ... ... ... ... ... ... ... ..9
ІІ БӨЛІМ. ӨНЕРКӘСІПТІК КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫН, ТАСЫМАЛЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ

2.1. Өнеркәсіптік көлік қозғалысын ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.2. Автомобиль көлігінде қозғалысты басқару және тасымалдауды ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.3. Көлік қызметін пайдаланушының логистикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20

ІІІ БӨЛIМ. ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАРЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕЛЕР
3.1. Тасымалдар түрлері және ережелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
3.2. Рұқсат алудың шарты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37
Автокөлік құралдарын және жеке пайдаланатын заттарды жөндеу бойынша кәсіпорындардың қызметі осы қызмет түрлерін жүзеге асыратын кәсіпорындардың көрсеткен жұмыстарының құнын бейнелейді.
Автомобиль көлігі бойынша жүк тасымалдау, жолаушылар тасымалдау және жүк айналымы, жолаушылар айналымы көлеміне, кәсіпкерлік субъектілер (жүктер мен жолаушылардың коммерциялық тасымалымен айналысатын жеке тұлғалар), сондай-ақ көлік емес кәсіпорындар орындаған тасымалдау көлемін бағалау кіреді.
Техникалық күту және жөндеуге арналған арнайы құралдардың тізімдемелері
Оперативтік техникалық көмек жөніндегі анықтамалар.
Мопед, трактор және өз бетімен жүретін машиналардан басқа механикалық көлік құралдарын мемлекеттік техникалық тексеру (бұдан әрі - тексеру) жол полициясының тексеру пункттерінде келесі кезектілікке сәйкес жыл көлемінде жүргізіледі.
Өнеркәсіптік көліктің маңыздылығы, өнеркәсіптік көліктің даму қарқыны. Әртүрлі өнеркәсіптік көлік түрлерін тиімді пайдалану аумақтары. Өнеркәсіптік көліктің дамуының негізгі бағыттары.
Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы көлік жұмысын ұйымдастыру
Өнеркәсіптік көліктің жалпы сипаттамасы. Өнеркәсіптік теміржол көлігі жұмысын ұйымдастыру. Өнеркәсіптік автомобиль көлігінің жұмысын ұйымдастыру. Көліктің арнайы түрлері: конвейер көлігі, аспалы арқанды жолдар, құбыр көлігі. Тиеп-түсіру жұмыстарын ұйымдастыру және механизациялау. Әртүрлі жүктерді механизацияландырылған қайта өңдеу жұмыстары.
1. А.П.Анисимов, В.К.Юфин, Экономика, организация и планирование работы автомобильного транспорта, Москва «Транспорт» 1980.
2. Қ.Е. Құбаев, Ж.О.Инданов, А.Ш.Кәрібай. “Аграрлық сектор экономикасын мемлекеттік реттеу мәселелері” Оқу құралы. – Алматы: “Экономика”, 1997 ж.
3. М.Т.Оспанов, Р.Р.Аутов, Ж.Ертазин Агробизнес: теориясы мен тәжірибесі. Алматы: “Білім”, 1997 ж
4. К.Ә.Берденова, Қ.Е.Құбаев, А.Ш.Кәрібай. Қазақстанның мемлекет ретінде қалыптасуы мен экономикалық даму негіздері: Оқу құралы. Алматы: “Экономика”, 1998 ж.
5. Я.А.Аубакиров. Социально экономические преобразования в сельком хозяйстве казахстана.-Алматы “Казахстан”, 1984 ж
6. Н.А. Попов. Экономика сельского хозяйства: Учебник.-Москва, 1999 г.
7. Стерлигов Б.И. Организация, планирование и управление на предприятиях ММП, - М.: Легкая и пищевая промышленность, 1981 г.
8. А.П.Анисимов, Организация и планирование работы автотранспортных предприятий, Москва «Транспорт» 1982.
9. Сабырбаев Б. Экономикалық терминдердің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі – Алматы, 1993 ж.
10. Баймухамедова Г. Сущность, содержание и функции рынка, средств производства и услуг в условиях рыночной экономики.// Вестник с-х науки Казахстана № 8.- 2003 г.

Пән: Транспорт
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І БӨЛІМ. АВТО ТАСЫМАЛДАУДЫ ЖӘНЕ АВТО ЖӨНДЕУ КӘСІПОРЫНДАРЫНДА ӨНДІРІСТІК
БАҒДАРЛАМАЛАР ЖОСПАРЫ

1.1. Автокөлік құралдарын және жеке пайдаланатын заттарды жөндеу бойынша
кәсіпорындардың қызметі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2. Техникалық күту және жөндеу жөніндегі материалдар
... ... ... ... ... ... ... ..9

ІІ БӨЛІМ. ӨНЕРКӘСІПТІК КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫН, ТАСЫМАЛЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ
ПАЙДАЛАНУ

2.1. Өнеркәсіптік көлік қозғалысын ұйымдастыру
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.2. Автомобиль көлігінде қозғалысты басқару және тасымалдауды
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.3. Көлік қызметін пайдаланушының
логистикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20

ІІІ БӨЛIМ. ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАРЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕЛЕР
3.1. Тасымалдар түрлері және ережелері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ..30
3.2. Рұқсат алудың шарты
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 31
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .35
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ..37

КІРІСПЕ
Автокөлік құралдарын және жеке пайдаланатын заттарды жөндеу бойынша
кәсіпорындардың қызметі осы қызмет түрлерін жүзеге асыратын кәсіпорындардың
көрсеткен жұмыстарының құнын бейнелейді.
Автомобиль көлігі бойынша жүк тасымалдау, жолаушылар тасымалдау және
жүк айналымы, жолаушылар айналымы көлеміне, кәсіпкерлік субъектілер (жүктер
мен жолаушылардың коммерциялық тасымалымен айналысатын жеке тұлғалар),
сондай-ақ көлік емес кәсіпорындар орындаған тасымалдау көлемін бағалау
кіреді.
Техникалық күту және жөндеуге арналған арнайы құралдардың тізімдемелері
Оперативтік техникалық көмек жөніндегі анықтамалар.

Мопед, трактор және өз бетімен жүретін машиналардан басқа механикалық
көлік құралдарын мемлекеттік техникалық тексеру (бұдан әрі - тексеру) жол
полициясының тексеру пункттерінде келесі кезектілікке сәйкес жыл көлемінде
жүргізіледі.

Өнеркәсіптік көліктің маңыздылығы, өнеркәсіптік көліктің даму қарқыны.
Әртүрлі өнеркәсіптік көлік түрлерін тиімді пайдалану аумақтары.
Өнеркәсіптік көліктің дамуының негізгі бағыттары.
Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы көлік жұмысын ұйымдастыру
Өнеркәсіптік көліктің жалпы сипаттамасы. Өнеркәсіптік теміржол
көлігі жұмысын ұйымдастыру. Өнеркәсіптік автомобиль көлігінің жұмысын
ұйымдастыру. Көліктің арнайы түрлері: конвейер көлігі, аспалы арқанды
жолдар, құбыр көлігі. Тиеп-түсіру жұмыстарын ұйымдастыру және
механизациялау. Әртүрлі жүктерді механизацияландырылған қайта өңдеу
жұмыстары.

І БӨЛІМ. АВТО ТАСЫМАЛДАУДЫ ЖӘНЕ АВТО ЖӨНДЕУ КӘСІПОРЫНДАРЫНДА ӨНДІРІСТІК
БАҒДАРЛАМАЛАР ЖОСПАРЫ

1.1. Автокөлік құралдарын және жеке пайдаланатын заттарды жөндеу бойынша
кәсіпорындардың қызметі

Жүк тасымалдау тарифтерінің индексі әртүрлі көлік түрлері мен жүк
тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтердің көліктік тарифтерінің
өзгеруіне баға береді. Ол тасылған жүктердің әр түрлі белгілері бойынша
(жүк түpi, жөнелтім мелшері, жеткізу жылдамдығы және т.б.) құрылымдық
өзгеруін есепке алмай базалықпен салыстыра отырып, олардың ағымдағы кезең
cepпінін анықтайды. Көліктің әр түpi бойынша көрнектi қызмет көрсетуге,
яғни, көліктің нақты түрімен ең жиі тасылатын бip тонна жүк түрін
мөлшерленген қашықтыққа жеткізу (белгіленген маршрут) үшін тариф тіркеледі.
Салмақтау базасы ретінде көлік кәсіпорындарының, жүк тасымалдау бойынша
қызмет көрсетуден түсірген өткен жылғы табыстары туралы деректер
қабылданады.
Заңды тұлғаларға арналған байланыс қызметі тарифтерінің индексі
пайдаланушылардың түрлі санаттарына арналған байланыстың, почта, курьерлік
және телекоммуникация кызметтері тарифтерінің әр уақыттағы жалпы өзгерісін
сипаттайды. Тарифтерді тіркеу облыстың байланыс кәсіпорындары көрсететін
өкіл-қызмет түрлерінің белгілі тізбeci бойынша жүргізіледі. Салмақтау
базасы ретінде кәсіпорындардың осы қызметтерді көрсетуден түсірген өткен
жылғы табыстары туралы деректер пайдаланылады.
Машиналарға, жабдыққа, аспапқа, құрал-сайманға инвестиция салу – бұл
машиналар, көлік құралдарын, жабдықтар, аспап және құрал-сайман (арзан
бағалы және тез тозғыш заттардан басқа) сатып алуға және оларды күрделі
жөндеуге кеткен шығындар.
Автокөлік құралдарын және жеке пайдаланатын заттарды жөндеу бойынша
кәсіпорындардың қызметі осы қызмет түрлерін жүзеге асыратын кәсіпорындардың
көрсеткен жұмыстарының құнын бейнелейді.
Құндық көріністегі өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі есепті кезеңде
барлық өңделген дайын бұйымдар және тысқары өткізілген жартылай дайын
фабрикаттар (өзінің шикізаты мен материалдарынан, сонымен қатар тапсырыс
берушінің шикізаты мен материалдарынан), сондай-ақ басқа жақтан немесе
өнеркәсіптік емес шаруашылықтар мен өз кәсіпорын ұйымдарының тапсырысы
бойынша өнеркәсіп сипатта орындалған жұмыстар құны. Өнеркәсіп өнімінің
көлемі кәсіпорынның ағымдағы жылы қолданыста болған нақты өткізілген
бағаларда белгіленеді, мұнда қосылған құн салығы мен акциздер, экспортқа
салынған баж және кедендік алымдар қосылмайды. Өнеркәсіп кәсіпорын өніміне
осы кәсіпорын ішіндегі (ішкі зауыттық айналым) өнеркәсіп-өндірістік
қажеттіліктерге жұмсалған меншікті өндіріс өнімінің құны енгізілмейді.
Өнеркәсіп өнімі көлемінің индексі салыстырмалы кезеңдердегі өндіріс
ауқымының өзгеруін сипаттайды. Өнеркәсіп өнімі көлемінің индексін есептеу
үшін белгіленген өкіл-тауар жиынтығы бойынша, олардың салалық және жалпы
өнеркәсіптік индекстерге кейінгі біріктіруімен заттай көріністегі өндіріс
өнімдері көрсеткіштерінің серпінінде негізделген әдіс пайдаланылады.
Салыстырмалы бағалар ретінде қосылған құн салығы мен акциздерсіз өткен
жылғы орташа жылдық бағалар қолданылады.
Заттай көріністегі өнеркәсіп өнімінің өндірісі, әдеттегідей, осы
кәсіпорын ішінде өнеркәсіп-өндірістік қажеттіліктерге жұмсалған және алыс-
беріс шикізатынан өндірілген өнімдер есебімен заттай көріністегі өнімдердің
нақты түрі шығарылымын көрсетеді.
Тасымалданған жүк – көлікпен тасымалданған тоннадағы жүк саны.
Көліктің жүк айналымы – жүк тасымалдауға арналған көліктің жұмыс
көлемі, тонна-километрмен тұлғаланады (яғни 1 тонна жүктің 1 километрге
орын ауыстыруы). Тасымалданған жүктің тоннадағы массасының тасымалдың
километрдегі ара қашықтығына көбейтіндісін жиынтықтаумен есептеледі.
Тасымалданған жолаушылар – уақыттың нақты кезеңі ішінде тасымалданған
жолаушылар саны. Жолаушы-сапар жолаушыларды тасымалдау статистикасындағы
бақылау бірлігі болып табылады.
Көліктің жолаушылар айналымы – жолаушылар тасымалдауға арналған
көліктің жұмыс көлемі. Жолаушы-километр өлшем бірлігі болып табылады, яғни
жолаушының 1 километр қашықтыққа орын ауыстыруы. Әpбip тасымалдаудағы
жолаушылар санының тасымалдың километрдегі ара қашықтығына көбейтіндісін
жиынтықтаумен анықталады.
Автомобиль көлігі бойынша жүк тасымалдау, жолаушылар тасымалдау және
жүк айналымы, жолаушылар айналымы көлеміне, кәсіпкерлік субъектілер (жүктер
мен жолаушылардың коммерциялық тасымалымен айналысатын жеке тұлғалар),
сондай-ақ көлік емес кәсіпорындар орындаған тасымалдау көлемін бағалау
кіреді.
Байланыс қызметінің көлемі – ақшалай тұлғаланудағы пошта жөнелтімдері
мен электр байланыс хабарламаларын қабылдау, өңдеу, табыстау және жеткізу
бойынша жұмыстар көлемі.
Кәсіпорындар (ұйымдар) қаржысы статистикасында кәсіпорындардың
(ұйымдардың) қаржылық жағдайын көрсететін көрсеткіштер бар. Деректерді
жинау мемлекеттік статистикалық есептілік нысандары негізінде жүзеге
асырылады.
Hегізгi қызметтен түскен табыс (залал) – бұл сальдоланған қаржылық
нәтиже, ол жалпы табыс пен кезең шығыстары арасындағы айырма ретінде
анықталады. Heгізгi қызметтен түскен жалпы табыс өнім (жұмыс, қызмет)
өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік
құны арасындағы айырма болып табылады.
Кезең шығыстары – бұл өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өндірістік
өзіндік құнына қосылмайтын шығыстар.
Өнім (жұмыс, қызмет) өткізуден түскен табыс қосылған құнғa салынған
салықты, акциздерді, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құнын шегеру, сатып
алушыларға сатудан ұсынылған жеңілдіктер мен бағалардан жеңілдіктер арқылы
бейнеленеді. Табыстар бойынша деректер нақты қолданыстағы бағада
келтіріледі.
Кәсіпорындардың (ұйымдардың) пайдалылығы олардың қызметінің
тиімділігін сипаттайды, ол кезең шығыстарын есепке алғандағы, кәдуілгі
қызметтен алынған табыстың (залалдың), өндіріске және өнімді (жұмысты,
қызметті) өткізуге кеткен шығындарға қатынасы ретінде есептеледі.
Кәсіпорындардың дебиторлық берешегі – сатып алушылардың жөнелтілген
өнім үшін берешегі, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер, оның
iшіндe алынған вексельдермен және аванстармен қамтамасыз етілгендер;
материалдық зиянның орнын толтыру.
Міндеттемелер бойынша берешекке – жөнелтілген өнім үшін
жеткізушілерге берілетін берешек, орындалған жұмыстар мен көрсетілген
қызметтер, оның ішінде алынған вексельдермен және аванстармен қамтамасыз
етілгендер; материалдық зиянның орнын толтыру кіреді. Сонымен қатар,
міндеттемелер бойынша берешекке кәсіпорынның бюджетке төлейтін төлемдерінің
барлық түрлері бойынша, қызметкерлерге еңбекақы және басқа төлемақылар
қаражатын төлеу бойынша және бюджеттен тыс (зейнетақы және басқа) қорларға
төлемдер бойынша берешегі кіреді.
- жүк, жолаушы, автомобиль, қалалық электрлік, авиация көлігі және
байланыстың, жанар-жағармай құю станцияларының, автомобильдерге техникалық
қызмет көрсету және жөндеу станцияларының, жол қозғалысын ұйымдастыру
жөніндегі қызметтердің жұмысын үйлестіру
- жалпы пайдаланымдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының желісін
құру мен дамыту жөніндегі қызметті үйлестіру
- автомобиль, темір жол және әуе көлігі кәсіпорындарымен өзара қарым-
қатынасы
- жол қозғалысын ұйымдастыру
- автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу кәсіпорындарының
қызметін талдау
- Астана қаласына әкелінетін, пайдалынылатын мұнай өнімдерінің сапасы
мәселелері жөніндегі мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өзара
қарым –қатынасы
- төтенше жағдайлар кезінде Астана қаласының авто-электр көліктерінің
қорғаныс қажеттіліктері мен жұмыс сенімділіктерін қамтамасыз ету, жұмылдыру
дайындықтары мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл
жасау
- Астана қаласының өзге атқарушы органдары әзірлеген нормативті құқықтық
актілердің жол шаруашылығы, көлік және байланысқа қатысты жобаларын
келісуді іске асыру;
- Астана қаласының көше-жол желісі мен жол инфрақұрылымы нысандарын салу,
қайта жаңарту мен жөндеуді ұйымдастыру
- жолаушылар көліктерінің тиісті қозғалысы тәсімін ұйымдастыру, жаңасын
ашу, жабу және өзгерту, сондай-ақ талдау
- бағдарлардағы жолаушылар ағынын зерделеу және талдау негізінде көлік
желісін дамытудың болашағын анықтау
- автомобиль жолдарының, көпірлер мен жол өткелдердің, өту жолдарының,
алаңдар мен жаяу жолдардың және басқа да жасанды орын-жайлардың,
коммуникациялардың салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуін бақылау, сондай-
ақ жол құрылысымен, қайта жаңарумен, орташа және күрделі жөндеумен тікелей
байланысты қолданыстағы объектілердің жай-күйін бақылау
- автомобиль жолдары, көпірлер және жолөткелдер, жүру жолдары, жаяу жолдар,
алаңдар, жасанды орын-жайлар және өзге де жол инфрақұрылымының объектілерін
салу және қайта жаңартуға келешектерін анықтау
-жол инфрақұрылымы объектілерін салу және қайта жаңартуға арналған
құжаттаманы әзірлеу
- қала аумағында жолдар және жүретін жолдарды салу мен қайта жаңарту және
абаттандыру кезінде жаңа технологияларды енгізу жөніндегі іс-шараларды
жүзеге асыру
- қаланың жол қозғалысын ұйымдастырудың кешенді көліктік сызбаларын,
жобаларын әзірлеуге қатысу
- жол құрылысы объектілерінің мердігерлерімен тапсырыс мерзімдерін, сондай-
ақ орындалған жұмыстардың сапасын, олардың жобалық–сметалық құжаматтамаға,
ҚНжЕ талаптарына және басқа да нормативтік құжаттар шарттары бойынша талап
етілетін белгілермен сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру
- құрылыста пайдаланылатын барлық жол-құрылыс материалдары мен бұйымдарына
таратылатын сапасын бақылауға қатысу
- тиісті атқарушы органмен белгіленген тәртіпте оларға жету үшін тиісті
жүріс талап етілген жағдайда жол маңындағы жолақтар немесе олардан тыс
жерлердегі объектілерде жол қызметтерін көрсететін объектілерді орналастыру
үшін жер учаскелерін табыс ету туралы мәселелерді келісу
- жалпы пайдаланудағы қалалық жолдарға кіреберіс және жанама жолдар салуды
келісу
- тиісті мемлекеттік органдардың алдын ала келісімімен сауда объектілерін,
қоғамдық тамақтандыру және қызмет көрсетудің басқа объектілеріне, сондай-ақ
жалпы пайдаланудағы қалалық автомобиль жолдарына қарсы жолақтарындағы
олардың жарнамаларына арналған орындарды анықтау
• Жөндеу шаруашылығы
• Темір жолмен жүк тасымалдауда тарифті есеп
• Маршруттық тасымалдау – басты назарда
1.2. Техникалық күту және жөндеу жөніндегі материалдар

Техникалық күту және жөндеу жөніндегі нұсқамалардың жинақтары:

·  Модельдердің негізгі сипаттамалары
·  Автокөлік қораптарын жөндеу туралы нұсқамалар
·  Жөндеу туралы нұсқамалар
·  Электрсызбалар
Сервистік бюллетеньдер техникалық ескертулер
Жөндеуге жұмысалатын уақыт нормативтері
Сервистік бағдарламаларға арналған бағдарламалық құралдардың қабықтары
Қосалқы бөлшектердің тізімдемелері
Техникалық күту және жөндеуге арналған арнайы құралдардың тізімдемелері
Оперативтік техникалық көмек жөніндегі анықтамалар

Мопед, трактор және өз бетімен жүретін машиналардан басқа механикалық көлік
құралдарын мемлекеттік техникалық тексеру (бұдан әрі - тексеру) жол
полициясының тексеру пункттерінде келесі кезектілікке сәйкес жыл көлемінде
жүргізіледі:

Автобус, микроавтобус және таксилер, сондай-ақ шыққан жылына және
жекеменшіктік формасына қарамастан жүк автомобильдері, адамдарды тасу үшін
жабдықтар - әр 6 ай сайын;
шыққан жылын қосқандағы жасы 7 жылдан асқан, сондай-ақ шыққан жылына
қарамастан қауіпті жүкті тасуды жүзеге асыру – 12 ай сайын;

шыққан жылын қосқанда жасы 3-тен 7 жылға дейін болғандар – 24 ай сайын;

шыққан жылын қосқандағы жас 3 жыл болғандар – 36 ай сайын;
Көлік құралдарын тексеру олардың тұрақты немесе уақытша тіркелген жерінде
жүргізіледі.

Берілген мерзімде тексеруден өтпеген көлік құралдары бұдан әрі жол
қозғалысына қатыспайды деп белгіленеді.
Көлік құралдарын тексеру жеке тұлғалармен көлік құралының тіркелуі туралы
куәлікті, электрондық деректер қорын қалыптастыруға 245 теңге төленгені
және техникалық тексеруден өткені туралы куәлік беру үшін мемлекеттік
жуандығы АЕК 50% көлемінде куәлік берілген жағдайда, заңды тұлғалар қосымша
заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлік берген жағдайда Жол полициясының
техникалық бақылау пункттерінде жүргізілетін болады. 

Техникалық тексеруден өткізу мерзімдері кезекті мемлекеттік техникалық
тексерудің өткен мерзімінен бастап саналады. 
Қазақстан Республикасы аумағына әкелінетін (бірінші рет тіркелген
жағдайда), сондай-ақ берілген тәртіпте қайта жабдықталған көлік құралдары
сертификат немесе оның жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін
анықтайтын басқа да құжат негізінде біріншірет тіркелген жағдайда жол
полициясының тіркеу бөлімшелерінде мемлекеттік техникалық тексеруге жатады.

Берілген мерзімде көлік құралын өз күшімен техникалық тексеру өткізетін
жерге жеткізу мүмкіндігі болмаған жағдайда (бұзылған және т.б.) көлік иесі
Жол полициясына қажетті белгілеулерді жасау және есеп үшін жазбаша өтініш
ұсынуы қажет.

Балансында автомотокөліктердің 25 аса бірлігі бар заңды тұлғалар,
кәсіпорындар және мекемелерде техникалық құралдарды тексеру олардың
орналасқан жерінде жүргізіледі.

Бұдан үш жыл бұрын ірі бір автокөлік өндіруші біздің алдымызға бір тапсырма
қойды – автокөлік туралы толық ақпараты бар дисктерді аудару және шығару.
Сол ақпараттың ішінде

·  модельдердің негізгі сипаттамалары;
·  автокөлік қораптарын жөндеу туралы нұсқама;
·  жөндеу туралы нұсқамалар;
·  электрсызбалар болды.
Сондай бір дисктегі ақпараттың көлемі 1 500-3 000 бетті құрады. Осындай
мультимедиа құралдарымен жұмыс жасаудың технологиясы бұрын атқарылған
аудармалардан мүлдем басқа екендігін атап көрсету жөн.

Тапсырыс беруші берген және біз жетілдірген арнайы бір құрал арқылы бірнеше
жүз файл түрінде ұсынылған материалдың барлығы аударуға ыңғайлы форматқа
айналдырылды. Сурет астындағы жазулар арнайы түрде өңделді. Аудару және
редакциялау жұмыстары біткен соң аударылған материалды оның алғашқы түріне
сәйкес келтіру үшін кері операция басталды. Иллюстрациялар графикалық
редактор арқылы редакцияланған соң барлық иллюстрациялармен бірге дап-дайын
орыс тіліндегі мәтіннің алғашқы құжатқа толық сәйкестігі тексерілді.

Аударумен қатар, жобалық глоссарий жасау бойынша тапсырыс берушінің
талаптары мен тілектерін маңызды зерттеуді талап ететін белсенді жұмыс
атқарылды. Осы ынталы жұмыстың нәтижесінде глоссариймен бірге арнайы бір
құжат да жасалды. Сол аталмыш құжат бұл жоба жөніндегі құжаттарды аударуға
қысқармалар, аттарды аударғанда кездесетін грамматикалық тұлғалар, кейбір
өзіндік сөз тізбегінің тізіміне қатысты және тағы басқа көптеген талаптарын
жан-жақты түрде сипаттады. Алғашқы кезеңде жасалған құжаттар енді
уақытымызды едәуір үнемдеп жаңа мамандардың жобаға кіруіне елеулі мүмкіндік
береді, ол дегеніміз іске кірісе отырып олар барлық керекті ақпаратты
алады, демек ол ақпаратты Интернеттен іздеу, анықтағыштарды оқу қажеттілігі
және оны ойдан шығару мәжбүрлігі жойылады.

Алғашқы диск шығарылған соң басқа да көптеген диск шығарыла берді.
Нәтижесінде, сол тапсырыс беруші шығарылатын автокөлік моделінің әрқайсысы
бойынша механиктерге арналған барлық керекті ақпаратты алды. Сол жұмыс
қазір де әрі қарай жалғасуда.

заказ воды на дом по заказу Снегоуборочная техника: снегоуборочная
техника для дома.
Бұдан бірнеше жыл бұрын біз ең ірі әлемдік автокөлік өндірушілердің
бірімен жұмыс істей бастадық. Соған борттық құжаттама, автокөлік сату
туралы нұсқамалар, жарнама кітапшалары, аксессуар тізімдемелері, пресс-
релиз деген әртүрлі тақырыптардағы құжаттардың аудармасы керек болды. Бір
жағынан, бәрі өте кәдімгі және ап-айқын көрініп тұр. Сондықтан, автокөлік
шыққан кезде, біріншіден, жарнамалық-ақпараттық материалдарда сол автокөлік
туралы, оның жасалуының тарихы және оның артықшылықтары туралы ақпаратты
беру керек. Содан кейін, дилер орталықтарының сатушыларын автокөлік оның
бәсекелестерден артықшылықтарын көріп, сол автокөліктің өзгешеліктерін
біліп оны сатуға үйрету керек. Әрине, заңнаманың талаптарын сақтау керек:
автокөлік қазақ тіліндегі нұсқамасыз сатыла алмайды. Ал сатып алушы өзіне
ұнаған автокөлікті таңдап алған соң оған ерекшелік беруге, оның иесінің кім
екенін қалай көрсетуге болады деп ойланады. Дәл сол кезде тұтынушыға
қосымша аксессуар бар екендігі туралы мәлімет қол жетімді болуы керек.

Мүмкін, сіз осының бәрінің аудармаға қандай қатысы бар деп ойларсыз.
Тікелей қатысы бар! Аудармашының басқы парызы — бұл аударманы КІМ және
ҚАНДАЙ мақсатта оқитын болады деп ойлау. Бір жағынан, қолдану нұсқамасы
автокөлік иесі өз автокөлігін дұрыстап жүргізіп, оны ұстасын деп, басқа
жағынан, өндірушіні ықылассыз жүргізушілерден қорғауы керек! Шынында, бұл –
заңды құжат және онда жазылғанның бәрі – өндірушінің өз автокөлігін
сатқанына жауапкершілігі бар деген мәлімдемесі. Біз мынандай құжаттарды
аударғанда тек оларды анық түрде мазмұндау, терминологияның бірлігі және
түсіндірудің абсолюттік бір мағыналығы болу керек деп ойлаймыз. Сондай
құжаттармен айналысатын мамандардың міндетті түрде техникалық білімі болуы
керек.

Пресс-релиздер және жарнамалық материалдар – мүлдем басқа әңгіме. Бұнда ең
маңыздысы – сөздің әдемілігі, бейнелігі, түсініктілігі және сауаттылығы.
Тәжірибеміз көрсеткендей, құрғақ техникалық маманның тікендей тиетін,
кейде күлкілі мәтінін қайтадан жазудан жайма-қоңыр слогы және әдемі
метафорасы бар лингвистикалық жоғары оқу орнын бітірген аудармашы жасаған
техникалық дәлсіздікті түзету жеңілірек. Айтылғанның аксессуар тізімдемесін
аударуға да қатысы бар. Маркетологтар мен жұртшылықпен қарым-қатынас құру
мамандары бізге мынаны алсаңыз, өз автокөлігіңізді ең үздік автокөлікке
айналдырасыз дегенді қалай жаза аласыз? Бұл автокөліктің ең үздік екендігі
сөзсіз ғой! деп айтатын болды. Редакторлар Онда қалай жазайық? деп
абыржып сұрады. Жазғандарыңыз қандай болса да автокөлікті одан да жақсырақ
жасауға болатынын ешқандай аңғартатын нәрсе болмау керек! Біз осы жағдайда
бастапқы мәтінге қарамай өз мәтінімізді жаза бастадық. Аударатын емес,
жазатын болдық! Тек солай ғана тапсырыс берушіміз жұмысымызды жоғары
бағалады.

Автокөлікті сату жөніндегі нұсқамаларды аудару жұмыстары өте қызық. Сондай
нұсқамалардың мақсаты – дилердердің әдетте ресми импортер өткізетін сынама
айдау (тест-драй) және жаңа автокөліктер сату жөніндегі оқуда алатын
білімін пысықтау. Дилерлік жүйесінің қызметкерлері – әңгімелеу, көрсету,
сендіру – бір сөзбен айтқанда – сату қабілеті бар адамдар болуы тиіс. Демек
оларда өндірушінің бұл жолы не ойлап тапқанын, бұл модельдің қандай аңызы
бар екендігі туралы техникалық және эмоциялық-сендіретін ақпарат болу
керек... Жоғары бәсекелі автокөлік нарығы бізді көңілді болуға және күн
сайын тағы бір шақырым алға жүгіруге мәжбүр етеді

Мысалдар көрсеткендей, мақсатты топтың қандай екенін және әр құжаттың
нысанасын түсінбей бір автокөлік жөніндегі құжаттардың әртүрлі нысандарын
сауатты түрде аудару мүмкін емес. Тек солай ғана біздің аудармамыз жаңа
автокөлікті көрсету, сату, жүргізуге және онымен қанағаттануға кепіл бола
алады.

Сауда-көлік компаниясы ЖШС жүктерді өңдеу, сақтау және жеткізу бойынша
қызмет көрсетеді, сондай-ақ ресімделген лицензияларға сәйкес ТКК
кәсіпорын топтарымен және басқа ұйымдармен жасасқан келісімшарттар
негізінде  автокөлік қызметтерін көрсетеді.  
• қауіпті жүктерді тасымалдауға құқық беретін OGT № 004120 лицензия;
• жолаушыларды тасымалдауға құқық беретін AVT №000480  лицензия;
• жүктерді тасымалдауға құқық беретін AVT №000479 лицензия .
• жарылыс- өртке қауіпті өнеркәсіптік өндірістерді, көтерме
ғимараттарды, сондай –ақ, қысымда жұмыс жасайтын қазандық, ыдыс пен
өткізгіш құбырларды пайдалануға рұқсат беретін   лицензия № 000411
лицензия;
• электротехникалық  жүйелерді және шағын станцияларды пайдалануға
рұқсат беретін № 000413 лицензия;
• радиактивті материалдарды тасымалдауға рұқсат беретін ГЛА №0001339 
лицензия;
• прекурстардың айналымына байланысты қызметтерге рұқсат беретін Р № 938
лицензия;
• көтерме ғимараттарын(өзі жүретін көтерме крандарды)   пайдалануға
рұқсат беретін ГПС  № 0001345  лицензия.

Шарттың негізгі талаптары - жолаушыларды тасымалдаудың қауіпсіздігі және 
қызмет көрсету сапасы болып табылады. Жолаушылар және жүк тасымалы
ережелеріне сәйкес, автобекеттер мен автостансалар тұрақты автомобиль
көлігімен жолаушы және жүк тасымалын жүзеге асырушы тасымалдаушыларды,
белгілі бағытта жұмысы үшін рұқсат құжаттары болған жағдайда ғана қызмет
көрсетеді.

Департамент облыс ішілік жолаушы тасымалын ұйымдастыру және дамыту
мақсатында бірқатар шаралар орындалуы қажет деп санайды:
- тұрғындардың әлеуметтік қорғау қабатына  қалалық бағытта жол жүруге
жеңілдік беруден түсетін шығындардың өтемақы мәселесін қарастыру;
- шалғай елді мекендерді тұрақты көлік қатынасымен қамтамасыз ету үшін
жергілікті бюджеттен қаражат бөлу мәселесін қарасытру;
Жолаушыларды тасымалдау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жағдайын жақсарту
үшін, тасымалдаушылардың көлік және салық заңнамасын, жол жүру және
жолаушыларды тасымалдау  ережелерін орындау бойынша үнемі бақылау орнату;

ІІ БӨЛІМ. ӨНЕРКӘСІПТІК КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫН, ТАСЫМАЛЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ
ПАЙДАЛАНУ

2.1. Өнеркәсіптік көлік қозғалысын ұйымдастыру
Біртұтас көлік үрдісіндегі өнеркәсіптік көліктің алатын орыны
Өнеркәсіптік көліктің маңыздылығы, өнеркәсіптік көліктің даму қарқыны.
Әртүрлі өнеркәсіптік көлік түрлерін тиімді пайдалану аумақтары.
Өнеркәсіптік көліктің дамуының негізгі бағыттары.
Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы көлік жұмысын ұйымдастыру
Өнеркәсіптік көліктің жалпы сипаттамасы. Өнеркәсіптік теміржол
көлігі жұмысын ұйымдастыру. Өнеркәсіптік автомобиль көлігінің жұмысын
ұйымдастыру. Көліктің арнайы түрлері: конвейер көлігі, аспалы арқанды
жолдар, құбыр көлігі. Тиеп-түсіру жұмыстарын ұйымдастыру және
механизациялау. Әртүрлі жүктерді механизацияландырылған қайта өңдеу
жұмыстары.
Өнеркәсіптік көлікті жобалаудың негіздері.
Өнеркәсіптік көлікті басқаруды ұйымдастыру. Өнеркәсіптік кәсіпорын
көліктерін техникалық пайдалану ережелері. Техникалық жабдықтар мен
құрылғыларды пайдалану.
Өнеркәсіптің негізгі түрлері, өнеркәсіптік көліктің пайдалану
жұмыстарын ұйымдастырудың ерекшеліктері

Жол қозғалысын ұйымдастыру

Жол қозғалысындағы автомобильдендірудің дамуы
Қазақстан Республикасындағы автомобиль көлігінің манызы.
Елдегі автомобильдендіру үрдісі, автомобильдендірудің оң және теріс
факторлары.
Жол қозғалысы жүйелі ұғым. Жүргізуші - автомобиль - жол - орта кешені
қозғалысын ұйымдастыру (ЖҚҰ) бойынша арнайы қызметтің
қажеттілігі. Жол қозғалысын ұйымдастыру, басқару үрдісі ретінде.
Жол қозғалысын ұйымдастыру мен қауіпсіздігі саласындары халықаралық
байланыс. Жол қозғалысы туралы Конвенция және жол белгілері мен
сигналдары туралы Конвенция. Ковенцияларды Толықтыратын Еуропалық
келісімдер. Олардың маңызы мен негізгі жағдайлары.
Жол қозғалысының сипаттамалары
Көліктік ағын. Жүргіншілер ағыны. Көліктік ағынның математикалық
сипаты. Жолдың өткізу қабілеті. Жолдың өткізу қабілетін анықтау. Жол-көшелі
желі.
Жол қозғалысының сипаттамаларын зерттеу әдістері.
Зерттеулер - жол қозғалысын ұйымдастыру үшін қажетті базис. Жол
қозғалысын зерттеу әдістерінің жалпы сипаттамасы мен классификациясы.
Құжатты зерттеу, натурлык бакылаулар, модельдеу.. Көліктік - жол апаттарьш
есептеудің нормативтік құжаттары. Көліктік - жол апаттарының
сипаттамасының берілгендерін сараптау.
Көліктік - жол апаттарын сараптау әдістері. Сандык сараптау.
Топографиялык сараптау. Есептеу техникасын қолдану. Жол-көшелі желіде
апаттар ошағын айқындау тәсілдері.
Жол қозғалысының параметрлерін зерттеу
Біртекті көлік ағындарын ұйымдастыру. Қозғалыстың жылдамдықтық
режимін тиімді ету. Жол қозғалысын ұйымдастырудың тиімділігін (сапасын)
бағалау әдістері. ҚАБЖ сін ендіру. Жол қозғалысын ұйымдастыруды жобалау.
Жол аралықтары мен қиылыстарында қозғалысты ұйымдастыру
сұлбаларын өңдеу.
Спецификалық жағдайда қозғалысты ұйымдастыру. Тәуліктің қараңғы
уақытындағы қозғалыс. Жарықтандыруды есептеу. Қыс мезгіліндегі қозғалыс.
Мұз өткелдері. Паромдар. Таулы жердегі қозғалыс. Теміржолды кесіп өтетін
жерлер. Жолды жөндеу желілерінде қозғалысты ұйымдастыру. Көлік құралдарын
және қоғамдық көліктің аялдамаларын тұрағын ұйымдастыру.
Жол қозғалысын жобалауды ұйымдастыру
Жол қозғалысын ұйымдастыру бойынша жобалық құжаттарды кезеңдері.

2.2. Автомобиль көлігінде қозғалысты басқару және тасымалдауды
ұйымдастыру.
Тасымалдауды ұйымдастыру шешімдері.
Көлік үрдісі, оның жүйектері және сипаттамалары туралы негізгі
ұғымдары. Автотасымалдаудың түрлері мен классификациясы. Автомобиль
көлігін пайдалаиу бойынша инженерлерді дайындауда автотасымалдардын ролі.
Жүк және жолаушылар ағындарының сипаттамалары.
Жүктер - классификациясы мен сипаттамалары. Тара, маркировка және
қаптау. Тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу нормативтер мен технологиясы,
механикаландыру мен автоматтаныру. Қойма және қойма ішіндегі тасымалдар.
Жүк ағыны және жолаушылар ағыны, оларды зерттеу әдістері. Халықтың
көліктік қозғалысы. Қалалар мен агломерациялардың құрылуындағы
көліктік заңдылықтар.
Автокөліктік құралдардың сипаттамасы
Жүк және жолаушы автокөліктік құралдарының классификациясы. Өнімділік,
үнемдік, жол шарттарын ескере отырып, жүк және жолаушылар тасымалдары үшін
автокөліктік құралдарды тандау.
Автокөлік жұмысының көрсеткіштері.
Көлік жұмысының сандық және сапалық көрсеткіштері. Әртүрлі
жұмыс көрсеткіштерінің өзара қатынастарындағы тәуелділік пен заңдылықтар.
Бөлек тасымалдар түрлерін ұйымдастыру ерекшеліктері. Қозғалыс маршруттары,
олардың түрлері. Маршруттарда жылжымалы құрамның қозғалысын ұйымдастыру
жүйелері.
Көліктік – экспедициялық қызмет көрсетудің негіздері.
Көліктік-коммуникациялық жұмыстар мен қызмет көрсету. Кәсіпорындар мен
халыққа көліктік-экспедициялық қызмет көрсету. Тарифтерді құру және
көліктік қызмет көрсетудің даму принциптері. Көліктік қызмет көрсетудің
сапасына қойылатын талаптар.
Біртұтас технологиялық үрдістің мазмұны.
Үрдістің нұсқалық пен экстрималдығы, іске асыру шарттары. Экономикалық
ауданның көліктік желісі. Жүк және жолаушылардың орын ауыстыру үрдістері,
автокөліктік құралдардың қозғалу үрдістері.
Жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру негіздері.
Жолаушылар тасымалын ұйымдастыру ерекшеліктері, халыққа қызмет
көрсетудің кепілдік жүйе технологиясы. Таксомоторлы тасымалдар, олардың
классификациясы.
Тасымалдау үрдісін жедел-диспетчерлік басқару жүйесі. Автовокзалдар мен
стансалар. Халықаралык автомобиль тасымалдары, жүргізушілер экипажы мен
жылжымалы құрамға қойылатын талаптар.
Статистикалық ақпарат және мәлімдеме мәтіні.
Автомобиль жолдары саласы.
Аймақтың экономикалық дамуына бірден бір ықпал ететін факторлардың
бірі, ол – Көлік инфрақұрылымының даму деңгейі болып саналатын барлық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Автокөліктерді таңдау, ұтымды пайдалану әдісі
Автокөлік логистикасының техникалық сенімділігін тиімдендірілуінің жетілдіру жолдары
Транзиттік тауарларды тасымалдау тәртібі
Көкшетау автобус паркі
Жолаушы тасымалдау көліктер
Автокөлік тасымалдаудың техникалық сенімділігін қамтамасыздандыру
Көлік техникасына ТҚК және жөндеуді басқару
Автомобильді пайдалану және техникалық қызмет көрсетуді оқытудың тиімді әдістері мен формалары
Жүктерді тасымалдау техгологиясы
Халықаралық автомобиль тасымалдарын жетілдірудің негізгі шаралары
Пәндер