Мемлекеттің акциз салығы



Кіріспе
І Тарау. Акциз салығының түсінігі және оның маңыздылығы
1.1. Акциз салығының түрлері және акцизделетін тауарлардың түрлері
1.2. Акциз салығының ставкалары
1.3. Акциз сомасын есептеу мен төлеу тәртібі
ІІ Тарау. ҚР.да өндірілетін, өткізілетін тауарларға және акцизделетін қызмет түрлеріне салық салу негізі
2.1. ҚР.ң бюджет кірісіндегі акциз салығының үлесін талдау
2.2. Тұтынуға салынатын акциздер және оларды жетілдірудегі түйінді мәселелер
ІІІ Тарау. Қазақстан экономикасында акциздің алатын орны мен маңызы
3.1. Қазақстан экономикасында акциз салығын дамыту маңыздылығы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы «Мемлекеттің акциз салығы». Курстық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім және қорытындыдан тұрады. Негізгі бөлімде мынадай сұрақтар қарастырылады: бірінші тарауда жалпы алғанда акциз салығының түсініг, маңыздылығы, акциз салығының түрлері мен акцизделетін тауарлардың түрлері, акциз салығының ставкалары және де акциз сомасын есептеу мен төлеу тәртібі; екінші тарауда Қазақстан Республикасында өндірілетін, өткізілетін тауарларға және акцизделетін қызмет түрлеріне салық салу негізі, Қазақстан Республикасының бюджет кірістеріндегі акциз салығының үлесін талдау, тұтынуға салынатын акциздер және оларды жетілдірудегі түйінді мәселелер қарастырылады. Үшінші тарауда Қазақстан экономикасында акциздің алатын орны, мәселелері және де акциз салығын дамыту маңыздылығы мен проблемалары қарастырылады.
Қазақстан Республикасының қазіргі мақсаттардың бірі болып табылатын бюджет кірістерінің өнеркәсіп салалары арқылы қалыптасатын бөлігін ұлғайту мәселесі. Мұндағы кіріс бөлікті ұлғайтудағы негізгі көздерінің бірі Қазақстан Республикасының акцизделетін тұтыну тауарлар нарығы болып табылады. Салықтар қатарындағы акциздердің қазіргі кездегі жағдайы мен төлену динамикасы экономикалық жағдайлардың туындауында үлкен рольді орындауға қабілетті. Олардың түрлері ставкаларын реттей отырып, экономиканың тұрақты дамуына мүмкіндік туғызуға болады.
Акциздік салықтар Қазақстан Республикасының бюджет кірісіне маңызды әсер ете отырып, олар бюджеттің тұрақты түсімі болып табылады.
Бюджет түсімдерінің өсуінің бір себебі өндіріс немесе тауарды, қызмет пен жұмысты өткізу көлемінің артуы. Кейбір экономистердің айтуы бойынша акциздік салықтар өтпелі экономикалы мемлекеттің дамуына экономикалық түрткі болады.
Акциздік салық экономикалық мәні жағынан салық салу жүйесіне кіреді. Ал салық ставкасының төмендеуі салық төлеушілердің салықтық ауыртпалығын төмендетеді, сонымен қатар кәсіпорынның айналым
1. Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына жолдауы Астана 2008 ж.
2. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Салық кодексі. Алматы – Юрист, 2002. 230б
3. ІІІ Халықаралық жас ғалымдар мен студенттердің ғылыми – теориялық конференцияның материалдары Ақтөбе Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Мемлекеттік Университетінің Экономика факультеті, 2006-341бет
4. Ақтөбе газеті 2008жыл
5. Ақтөбе газеті 11 мамыр 2007 жыл
6. Ақтөбе газеті 9 қыркүйек, 2006 жыл
7. Вестник налоговой службы Республики Казахстан №4 (92), апрель 2007г. Куанышбек Кулгарин
8. Вестник налоговой службы Республики Казахстан №8 (96), август 2007г Р.Омарова
9. Вестник налоговой службы Республики Казахстан №10 (74), октябрь 2005г. Рустем Мамбеткулов
10. Вестник налоговой службы Республики Казахстан №4 (68), апрель 2005г. Светлана Наумова
11. Қаржы қаражат №4, сәуір 2006ж. Қ.Кененова
12. Бисенғазиев М.Б, Хамитов А.Ш. Кәсіпкерлік негіздері Оқулық. Лекциялық курс. Орал Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті баспасы 2001-242бет
13. Дуканич Л.В. Налог и наолгоблажение. Учебники и учебные пособие. Феникс 2000-416стр
14. Кельбетова С.Ж. «Салық және салық салу» пәнінен кредиттік технология бойынша оқытылатын студенттерге арналған дәріс жинағы. Оқу әдістемелік нұсқау. Қ.Жұбанов атындағы АМУ, 2008-248бет
15. Мельников В.Д. Финансы. Алматы 2001-512стр
16. Найманбаев С.М. «Салықтық құқық» Алматы Жеті жарғы, 2006-408 бет
17. Романский М.В Налог и налогооблажение Санк Петербург 2003-576стр
18. Үмбеталиев А.Д «Салық және салық салу» Алматы Экономика 2006-864 бет
19. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы оқулық. Алматы 2005-552бет
20. «Салықтық бақылау» пәні бойынша қысқаша дәріс жинағы. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Мемлекеттік Университетінің редакциясының баспа бөлімі 2006-27бет

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
І Тарау. Акциз салығының түсінігі және оның маңыздылығы
1.1. Акциз салығының түрлері және акцизделетін тауарлардың түрлері
1.2. Акциз салығының ставкалары
1.3. Акциз сомасын есептеу мен төлеу тәртібі
ІІ Тарау. ҚР-да өндірілетін, өткізілетін тауарларға және акцизделетін
қызмет түрлеріне салық салу негізі
2.1. ҚР-ң бюджет кірісіндегі акциз салығының үлесін талдау
2.2. Тұтынуға салынатын акциздер және оларды жетілдірудегі түйінді
мәселелер
ІІІ Тарау. Қазақстан экономикасында акциздің алатын орны мен маңызы
3.1. Қазақстан экономикасында акциз салығын дамыту маңыздылығы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Кіріспе
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы Мемлекеттің акциз салығы. Курстық
жұмыс кіріспе, негізгі бөлім және қорытындыдан тұрады. Негізгі бөлімде
мынадай сұрақтар қарастырылады: бірінші тарауда жалпы алғанда акциз
салығының түсініг, маңыздылығы, акциз салығының түрлері мен акцизделетін
тауарлардың түрлері, акциз салығының ставкалары және де акциз сомасын
есептеу мен төлеу тәртібі; екінші тарауда Қазақстан Республикасында
өндірілетін, өткізілетін тауарларға және акцизделетін қызмет түрлеріне
салық салу негізі, Қазақстан Республикасының бюджет кірістеріндегі акциз
салығының үлесін талдау, тұтынуға салынатын акциздер және оларды
жетілдірудегі түйінді мәселелер қарастырылады. Үшінші тарауда Қазақстан
экономикасында акциздің алатын орны, мәселелері және де акциз салығын
дамыту маңыздылығы мен проблемалары қарастырылады.
Қазақстан Республикасының қазіргі мақсаттардың бірі болып табылатын
бюджет кірістерінің өнеркәсіп салалары арқылы қалыптасатын бөлігін ұлғайту
мәселесі. Мұндағы кіріс бөлікті ұлғайтудағы негізгі көздерінің бірі
Қазақстан Республикасының акцизделетін тұтыну тауарлар нарығы болып
табылады. Салықтар қатарындағы акциздердің қазіргі кездегі жағдайы мен
төлену динамикасы экономикалық жағдайлардың туындауында үлкен рольді
орындауға қабілетті. Олардың түрлері ставкаларын реттей отырып,
экономиканың тұрақты дамуына мүмкіндік туғызуға болады.
Акциздік салықтар Қазақстан Республикасының бюджет кірісіне маңызды
әсер ете отырып, олар бюджеттің тұрақты түсімі болып табылады.
Бюджет түсімдерінің өсуінің бір себебі өндіріс немесе тауарды, қызмет пен
жұмысты өткізу көлемінің артуы. Кейбір экономистердің айтуы бойынша
акциздік салықтар өтпелі экономикалы мемлекеттің дамуына экономикалық
түрткі болады.
Акциздік салық экономикалық мәні жағынан салық салу жүйесіне кіреді.
Ал салық ставкасының төмендеуі салық төлеушілердің салықтық ауыртпалығын
төмендетеді, сонымен қатар кәсіпорынның айналым құралдарын үнемдеуге және
бейресми экономиканың бір бөлігінің ресми экономикаға өтуіне алғы шарт
болып табылады. Сондықтан акциздік салықтың әрекет етуін жетілдіру салық
төлеушілер үшінде, бюджеттің кіріс бөлігіне де оң жағынан әсер етеді.
Курстық жұмыстың мақсаты: Мемлекеттің акциз салығы тақырыбын толық
зерттеп, мән-мазмұнын ашу.
Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер орындалады.
- біріншіден, жанама салықтардың бірі – акциз салығының ҚР-ның аумағында
өндірілген және ҚР-ның аумағына импортталатын тауарларға және де
қызмет түрлеріне салынатындығын сонымен қатар бүгінгі таңдағы
акцизделетін тауарлардың тізбесі, қызметтің акцизделетін түрлерінің
мәнін, мақсатын ашу;
- екіншіден, акциз сомасын есептеу белгіленген акциз ставкасын салық
базасын қолдану арқылы жүргізіледі. Құрылымдыық бөлімше үшін төленуге
тиіс акциз саласы әр құрылымдық бөлімше бойынша жасалған құрылымдық
бөлімше жөніндегі акциз есебі негізінде жүргізілуін сипаттау;
- үшіншіден, ҚР-ның бюджет кірістеріндегі акциз салығының үлесін талдау.
Яғни, жалпы кірістер қаншалықты екендігі, соның ішінде салық түсімдері
мен акциздің қандай түрлерінен мол кіріс түскендігін сипаттау.
Нарыққа өту жағдайында экономикалық реформалардың негізгі мақсаты әр
түрлі деңгейлі бюджетердің ресурстарын ұлғайту мәселесін шешу, жалпы
экономиканың дамуы және жеке шаруашылық субьектілердің тиімді салық
механизмін қалыптастыру болып табылады. Акциз салығының фискалдық құрал
ретінде өтпелі экономикада атқаратын функцияларын анықтау.

І. Акциз салығының түсінігі және оның маңыздылығы
1.1. Акциз салығының түрлері және акцизделетін тауарлардың түрлері
Мемлекеттік бюджеттің қалыптасуының негізгі көзі болып салық табылады.
Қазіргі таңда салық мемлекеттік бюджеттің басты кірісі және де мемлекеттік
саясатты жүргізудің құралы болып саналады. Салықтың тікелей және жанама
түрлерін айыра білу қажет. Тікелей салықтар салық төлеушінің кірісітері мен
мүліктері арқылы төленеді. Ал жанама салықтар – бұл салық төлеушінің
кірістері мен мүлкіне байланысты емес, тауарлар мен қызмет түрлеріне
белгіленген баға қосылған үстемелер мен тарифтер.[8;96]
Жанама салықтың бірі болып акциз саналады, ол халық қолданысындағы
тауарлар мен қызметтерге төленетін салық, сонымен қатар оның құрамына азық-
түлік қосылып соңғы сатып алушы төлейтін салықтың түрі.
Акциз ерте заманда пайда болған. Ерте кезде бұндай төлемді алым салық
деп атаған. Ол әртүрлі азық-түлік түрлеріне және әр елде енгізіледі. Акциз
термині латын тілінің assidex сөзінен аударғанда қиып алу, бөлу деген
мағынаны білдірсе, бұдан басқа тағы бір көзқарас бойынша акциз термині
голланд тілінің exijs салық салудың бағасы мағынасын білдіреді.
Ертеде акциз қаржылық құрал ретінде қолданылады. Мысалы, Ежелгі Римде
құлдары сатуда және босатуда салық алынды. Б.э.д. ІІ мың жылдықтың басында
Ежелгі Египетте ХІІ-ХІІІ ғасырларда пивоға салық салынды. Ал Ежелгі Қытайды
акциз шайға, сусындарға, балықтарға және т.б салынды.
XVII – XX ғасырлар басында акциз қаржылық қызмет ретінде болды. Олар
көпшіліктің сұранысқа болатын тауарларға қолданды. Олар көпшіліктің
сұранысында болатын тауарларға қолданды. Олар: темекі, алкоголь, тұз, қант,
шырпы, шай, кофе және т.б. Бұл тауарларға деген қажеттілік жоғары
болғандықтан, ол салық жинауда өте үлкен кірістер әкелетін болды. [7;92]
Уақыт өзгерсе де акциздің мағынасы өзгеріссіз қалды, ол тауарға баға
қосылатын жанама салық. Акциз салығының ерекшелігі мұнда, ол зиянды деп
есептелетін заттарға салынады. Сонымен қатар акциз бірінші қажеттіліктегі
емес заттарға салынады, себебі сатып алушы бұған көп ақша төлейді. Акциз
төленетін тауарлар тізімі мемлекеттің экономикалық жағдайына қарай өзгеріп
отыруы мүмкін. [9;74]
Акциз қызметінің тәуелділігі бойынша олар 3 негізгі топқа бөлінеді.
Бірінші топ – бұл акциз салығы алкоголь өнімдеріне және темекі
түрлеріне салынады. Оның негізгі мақсаты денсаулыққа зиянды өнімдерді
пайдалануды шектеу.
Екінші топқа фискалдық қызмет пен авто жолдарды пайдалану төлемдерінен
басқа жанар жағармай материалдары жатады.
Үшінші топ – люкстік тауарларға акциз. Бұл топта фискалдық қызметтің
мақсатты түрі жоқ. Ереже бойынша люкстік тауардың негізгі тұтынушылары
болып жағдайы жоғары азаматтар болғандықтан, бұл топ қайта бөлу ролін
атқарады.
Акциз салығын төлеушілер, акцизделетін тауарлар және қызмет түрлері.
Жанама салықтардың бірі-акциз салығы.
Акциздер – бағаға қосылатын және сатып алушы төлейтін тауарларға
салынатын салық.
Акциз бюджет кірістерінің 2,7 пайызын құрайды.
Акциздерді өзінің айырмашылықты ерекшеліктеріне қарай монопольды түрде
жоғары бағалары мен тұрақты сұранымы болатын тауарларды өндірушілер
төлейді.
Акциз әмбебаптық және жеке-дара акциздер деп бөлінеді. Әмбебаптық
акциздер тауарлар мен қызметтердің құнына пайызбен жалпы айналымнан
өндіріледі. Оларға сатудан алынатын, айналымдардан алынатын салықтарды
жатқызуға болады. Ал жеке – дара акциздер айтарлықтай көп болуы мүмкін.
Мысалы, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін және Қазақстан
Республикасының аумағына импортталатын тауарлардың тізбесі және
акцизделетін қызмет түрлері. [19;226]
Акциз салығы:
● Біріншіден, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және
Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға;
● Екіншіден, қызмет түрлеріне салынады.
Акциз салығын төлеушілер:
1) Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетін тауарлар
шығаратын жеке және заңды тұлғалар;
2) Акцизделген тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағына
импорттайтын жеке және заңды тұлғалар;
3) Қазақстан Республикасының аумағында бензиннің және дизель отынын
көтерме, бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын жеке және заңды
тұлғалар;
4) Егер Қақақстан Республикасының заңдарына сәйкес бұрын Қазақстан
Республикасының аумағында аталған тауарлар бойынша акциз
төленбесе, тәркіленген, иесі жоқ акцизделетін тауарларды, сондай –
ақ мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен және Қазақстан
Республикасының аумағында мемлекет меншігіне өтеусіз берілген
акцизделетін тауарларды өткізуді жүзеге асыратын жеке және заңды
тұлғалар;
5) Қазақстан Республикасының аумағында қызметтің акцизделетін
түрлерін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар.
6) Резидент емес заңды тұлғалар және олардың құрылымдық бөлімшелері.
Акцизделетін тауарлардың саны мен көлемі жыл өткен сайын
ықшамдалып келеді. [18;252]
1995 жылы 24 сәуірдегі Салыққа және бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығына сәйкес акцизделетін тауарлардың тізбесі:
● тағамдық шикізаттан жасалған ішуге арналған этильді спирт пен
тазартылған этильді спирт;
● арақ;
● ликер-арақ өнімдері;
● күшейтілген сусындар, күшейтілген шырындар мен бальзамдар;
● шарап;
● коньяк;
● шампан шарабы;
● сыра;
● шарап өнімдері;
● темекі өнімдері;
● құрамында темекі бар басқа да өнімдер;
● бекіре және қызыл балық, бекіре және қызыл балық уылдырығы, бекіре
және қызыл балық және уылдырықтан дайындалған жеңсік тағамдар ;
● алтыннан, платинадан немесе күмістен жасалған зергерлік бұйымдар;
● таза мехтан тігілген бұйымдар, оның ішінде пальто, келте пальто,
жакет, жамылғылар, палантиндер, бөкебай, мойынорағыштар, бас киімдер
мен жағалар, тондар, пластиндер;
● мехпен жұрындалған пальто келте пальто, жакеттер, жамылғылар;
● таза былғарыдан тігілген киімдер;
● хрусталь бұйымдар;
● жеңіл автомобильдер;
● атыс және газ қарулары.
Қазақстан Республикасының 1999 жылы 16 шілдедегі ғ440-1 заңына сәйкес
акцизделетін тауарлардың тізбесі:
1) спирттің барлық түрлері;
2) арақ;
3) ликерь-арақ өнімдері;
4) кушейтілген сусындар кушейтілген шырындар мен бальзамдар;
5) шарап ;
6) коньяк;
7) шампан шарабы;
8) сыра;
9) шарап материалдары;
10) темекі өнімдері;
11) құрамында темекі бар баскада өнімдер;
12) бекіре және қызыл балық бекіре және қызыл балық уылдырығы бекіре
және қызыл балық және уылдырыктан дайыннндалған жеңсік тағамдар;
13) алтыннан платинадан немесе күмістен жасалған зергерлік бұйымдар;
14) хрусталь бұйымдар жарық беретін хрусталь приборлар;
15) бензин және дизель отыны;
16) жеңіл автомобильдер;
17) атыс және газ қарулары;
18) өңделмеген мұнай газ конденсатын қоса алғанда;
19) электр қуаты. [18;254]
Салық кодексі қабылданғалы бері акцизделетін тауарлардың саны
біршама қысқарады, Атап айтқанда:
● алтыннан платиндан немесе күмістен жасалған зергерлік
бұйымдар;
● бекіре және қызыл балық уылдырығы;
● атыс және газ қарулары
Сонымен бугінгі таңдағы акцизделетін тауарлардың тізбесі
мынадай:
1. спирттің барлық түрлері ;
2. алкоголь - өнімі;
3. темекі бұйымдары ;
4. құрамында темекі бар басқа бұйымдар ;
5. бензин және дизель отыны ;
6. жеңіл автомобильдер;
7. ішкі мұнай конденсаты.
Қызметтің акцизделетін түрлеріне :
1) ойын бизнесін;
2) лотерияны ұйымастыру мен өткізуді жатқызуға болады.
1.2. Акциз салығының ставкалары
Акциздің ставкасын орнықтыру тәсілі бойынша 2 түрге бөлінеді: ерекшелі
және тауар құнына пайызбен. Пайыздық мөлшер деп салық сомасы тауардың
пайыздық бағасынан көрінетін акцизді айтамыз. Ал ерекшелі мөлшер – тауардың
бір бірлігіне енгізілген салық саласы.
Қазіргі кезде барлық дерлік мемлекеттің рыноктық экономикасында акциз
қолданылады. Ол ең маңызды бюджет кірістерінің көзі, сонымен қатар
акцизделетін тауарларды қолдануды шектеу әдіс-тәсілдері болып саналады.
Акциздер елдің экономикалық және әлеуметтік қозғалысын реттеп отыру үшін
қызмет етеді. [15;237]
Көп елдерде шектеулі тауарларға акциз салынады. Бірақ кейбір елдерде
ауциз жүйесі салық салудың негізгі тізбесін құрайды. Мысалы, Үндістан мен
Пәкістанда көп мөлшерде акцизді қолданады, және ол мемлекеттің
орталықтандырылған бюджетіне беріліп мемлекеттің негізгі кірістерінің көзі
болып саналады. Сонымен қатар Дания мен Жапонияда акцизделетін тауардың
үлкен көлемін қолданады. [18;143]
Қ Р-да да көп елдердегідей акцизделетін тауарлардың қатарына шектеулі
тауарлар тізімі кіреді. Акциз мөлшерін анықтау салық саясаты арқылы
мемлекеттің көлеңкелі өндіріспен және рәсімдейтін күресін реттейтін
акцизделетін тауарлардың шешуші құралы.
ҚР-ның салық кодексінің 257 бабында акцизделетін тауарларға көрсетілген
акциз ставкаларын ҚР-ң Үкіметі белгілейді. Мысалы, темекі өнімдерін алайық,
жалпы темекі өнімдері ҚР нарығында 10% алып отыр. Оның көп бөлігінің
сапасының төмен болуына байланысты, көтерме сауда базарларда заңсыз
сатылуына байланысты Республикалық бюджетке акциз салығы толық түспейді.
Бірақ 2004-2005 дылдың көрсеткіштеріне қарасақ, фильтрлі темекінің
өндірілуі 2004 жылға қарағанда 2005 жылы айтарлықтай жоғарылады. 2004
жылдың 6 маусымында ҚР-ның Үкіметі темекі өнімдерінің айналымын және
өндіруін мемелекеттік реттеу туралы заң қабылдады. №618 қаулысына сәйкес
темекі өнімдерін өндіретін мекемелер лицензиясын алды. Лицензия темекі
өнімін өндірушілерге берілді, атап айтсақ, ОАО Филип Моррис Қазақстан,
ТООГаллахер Қазақстан. 2005 жылы Республикада темекі өнімдерінің
көлемі11798,4 млн-ға жетті. Маңызды бөлігін ОАО Филлип Моррис Қазақстан
алады яғни оның өндірген өндіріс көлемі 6519,1 млн және ТОО Галлахер
Қазақстан -4796,6 млн. Темекі өнімдерінің жалпы көлемінде фильтрлі
темекінің өсу қарқыны жоғарылады. Мысалы, 01.06.2004ж фильтрлі темекілер
темекі өнімдерінің ортақ көлемі 87,6% құраса, 01.06.2004ж ол 91,2 пайызға
өсті. Сонымен қатар фильтрсіз темекі папиростардың өсу қарқыны төмендеді.
01.06.2004 ж олардың үлесі 8,8 пайызға дейін төмендеді. Темекі өнімдерінің
атап айтсақ, фильтрсіз темекілердің бағасының төмендеуінің басты себебі
оған деген сұраныстың болмауынан, яғни сатып алушылардың көп бөлігі
фильтрлі темекіні қалағандығынан. Темекі өнімдерінің өндіру көлемінің өсуі
негізінде бюджетке төленетін акциз салығының сомасы да өседі. 2005 жылдың
қаңтар мен маусым айлары аралығында бюджетке 2114,90 млн. теңге акциз
салыға түсті, ол өткен жылмен салыстырғанда 0,588 млн теңгеге артты.
Акциз салығы ерекше қасиетіне қарай бағасы жоғары және сұранымы тұрақты
тауарға салынады. Демек, мемлекет акциз салығына ерекше көңіл аударады.
өйткені, қазіргі уақытта саны жағынан көбейіп кеткен акциздік тауарларды
реттеу мемлекеттің еншісінде.
Нарықтық экономикадағы негізгі субьект болып табылатын мемлекет акциз
салығы арқылы экономиканы да реттеп отырады. Бұл өз кезегінде шектен тыс
көлемді акциздік тауарлардың кең етек алуына тосқауыл болады. Осының бәрін
негізге ала отырып, әліде болса елімізде акциздік салық саясатының дамуына
үлес қосуымыз керек.
Салық базасы.
Тұрлаулы акциз ставкасы белгіленген акцизделетін тауарлар бойынша салық
базасы өндірілген, өткізілген заттай нысандағы акцизделетін тауарлар көлемі
ретінде белгіленеді. Адвалорлық акциз ставкалары белгіленген акцизделетін
тауарлар бойынша салық базасы өндіруші осы тауарды акциздер мен қосылған
құн салығын енгізбей беретін бағалар бойынша анықталатын өндірілген,
өткізілген акцизделетін тауарлар құны ретінде белгіленеді. Лотереяларды
ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезіндегі салық
базасы лотереяны ұйымдастырушы салық органында лотерея билеттерін сатуға
шығаруды тіркеген кезде жүлде қорына жатқызылатын сома алып тасталған,
оған акциз сомасы қосылмай мәлімделген түсім сомасы ретінде анықталады және
шығарылым тіркелгеннен кейін ол өзгертілмеуге тиіс. [18;149]
Спирттің барлық түріне әр түрлі акциз ставкалары белгіленген жағдайда,
салық базасы сол бір ставкамен салық салынатын операциялар бойынша жеке-
жеке анықталады.
Алкоголь өнімін өндірушілер базалық ставкадан төмен акцизбен сатып алған
спиртті алкоголь өнімін өндіруден басқа мақсатқа пайдаланған кезде осы
спирт бойынша акциз сомасы алкоголь өнімін өндірушісі болып табылмайтын
тұлғаларға салынатын спирттің барлық түрлері үшін белгіленген акциздің
базалық ставкасы бойынша қайта есептеліп, бюджетке төленуі тиіс. Қайта
есептеу мен салық төлеуді спиртті алушы жүргізеді. Осы ережелер емдік және
фермацевтік дәрі-дәрмек өндірушілер мен спиртті акцизсіз алған мемлекеттік
медициналық мекемелер акциз төлеушілер болып табылады.
Төтенше оқиғалар салдарынан болған жағдайларды қоспағанда, өндірілген
акцизделетін тауарлар бүлінген, жоғалған кезде акциз толық мөлшерде
төленеді.
Осы ереже одан әрі өткізу үшін сатып алған бензин дизель отыны бүлінген,
жоғалған жағдайда да қолданылады.
Акцизделетін тауарлардың бүлінуі дегеніміз – тауарлардың барлық немесе
жекелеген сапасының нашарлауы, соның салдарынан пайдалануға жарамай қалуы.
Салдары тауарлардың жойылуына немесе ысырап болуына әкеп соққан оқиға
акцизделетін тауарлардың жоғалуы деп айтылады.
Акциздік маркалардың бүлінуі, жоғалуы.
Акциздік маркалар жоғалған, бүлінген кезде акциз мәлімделген ассортимент
мөлшерінде төленеді. Алкоголь өнімін таңбалауға арналған бүлінген немесе
жоғалған акциздік маркалар бойынша акцизді есептеу маркада көрсетілген
сауыттың көлемінде қолданылатын белгіленген ставка негізге алынап
жүргізіледі. Маркада сауыттың көлемі белгіленбеген жағдайда бүлінген немесе
жоғалған акциздік маркалар бойынша акцизді есептеу акциздік маркалар
бүлінген, жоғалған кезеңнің алдындағы салық кезеңі ішінде өнім құю
жүргізілген сауыттың неғұрлым үлкен көлемі негізге алынып жүргізіледі.
[2;109]
Акциздік маркалар бүлінген, жоғалған кезде мынадай жағдайларда акциз
төленбейді:
1) акциздік маркалар төтенше жағдайлар салдарынан бүлінсе, жоғалса;
2) бүлінген акциздік маркаларды салық органдары жоюға жасалған есептен
шығару актісі негізінде қабылдаса.
Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын бинзин мен
дизель отынын көтерме және бөлшек саудада өткізуге жатқызу өлшемдері.
Егер сатып алу-сату шарты бойынша сатып алушы аталған акцизделетін
тауарларды қабылдауға және оларды одан әрі өткізу үшін пайдалануға
міндеттенсе, осы сатып алу-сату шарты бойынша:
1) бензин мен дизель отынын өндіруші;
2) бензин мен дизель отынын одан әрі өткізу мақсатында сатып алуды не
олардың импортын жүзеге асырған салық төлеуші өнім берушілер болып
табылған жағдайда, бензинді және дизель отынын өткізу көтерме саудада
өткізу саласына жатқызылады.
Көтере өткізу саласына одан әрі өткізу үшін құрылымыдық бөлімшелерге
бензин мен дизель отынын тиеп жөнелту де жатқызылады.
Бензин мен дизель отынын бөлшек саудада өткізу счаласына жоғарыда аталған
берушілер жүзеге асыратын мынадай операциялары жатады:
1) бензин мен дизель отынын занды тұлғаларға және жеке
кәсіпкерлерге олардың өндірістік қажеттері үшін өткізу
2 бензин мен дизель отын жеке тулғалаларға өткізу
3 өндірілген немесе одан әрі өткізу ушін сатып алынған
бензин мен отын дизельін өзінің өндірістік қажеттеріне
пайдалану. [2;110]
Акцизделетін тауарлардың импортына салық салу.
Импортталған акцизделетін тауарлардың салық базасы
Тұрлаулы акциз ставкалары белгіленген акцизделетін тауарларды
Қазақстан Республикасының кеден аумағына импорттау кезінде салық
базасы импортталатын акцизделетін тауарлардың заттай түрдегі
көлемі белгіленеді Адволорлық акциз ставкалары белгілентін
акцизделетін тауарларды импорттау кезінде салық салынатын
база импортталатын акцизделетін тауарлардың Қазақстан
Республикасының кеден заңдарына сәйкес айқындалатын кедендік
құны ретінде анықталады. [18;151]
Импортталатын акцизделетін тауарларға акциз төлеу мерзімдері
Импортталатын тауарларға акциздер төмен көзделген
жағдайларды қоспағанда Қазақстан Республикасының кеден
заңдарына кеден төлемдерін төлеу үшін белгілеген күні
төленеді Таңбалануға тиісті импортталатын акцизделетін
тауарларға акциздік маркаларды алған күнге дейін немнсн
алған куні акциз төленеді Акцизделетін тауарларды іс жүзінде
импорттауды жүзеге асыру акциз сомасы нақтылануға тиісті.
Акцизден босатылған акцизделетін тауарлардың импорты
Жеке тулғалалардың Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен
нормалар бойынша импорттайтын акцизделетін тауарларына акциз
төленбейді.
Төмендегі тізіп көрсетілген импортталатын тауарлар акциз
төлеуден босатылады:
1) жол бойы бағытында аялдама пункттерінде халқаралық
тасымалдарды жүзеге асыратын көлік құралдарын пайдалану үшін
қажетті сондай-ақ аварияны жою үшін шет елден сатып
алынған акцизделетін тауарлар;
2) Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы
өткізгенге дейін бүлінуі салдарынан бұйым және материал
ретінде пайдалануға жарамсыз болып қалған тауарлар;
3) шетелдік дипломатикалық және оларға теңестірілген
өкілдіктердің ресми пайдалануы үшін сондай-ақ осы
өкілдіктердің дипломатикалық және әккімшілік-техникалық қызметкерлерінің,
олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, жеке пайдалануы үшін
әкелінген және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын
халықаралық шарттарға сәйкес акцизден босатылатын тауарлар;
4) Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетін, Еркін
айналыс үшін тауарлар шығару режимін қоспағанда, Қазақстан Республикасының
кеден заңдарымен белгіленген кеден режимі шеңберінде акцизден босатылатын
тауарлар;
5) сыйымдылығы 0,1 литрден аспайтын тұтынушы ыдысына құйылған және
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тіркелген, құрамында спирті бар
медициналық мақсаттағы өнім.
Акциздердің сомасын есептеп шығару белгіленген акциз ставкасын салық
базасына қолдану арқылы жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген газ конденсатын қоса
алғанда шикі мұнайға белгіленген акциздер оларды өнеркәсіптік ұқсатуға
берген күні төленіледі. Осы акциздерді төлеу акциз төлеушінің тіркелген
жері бойынша жүзеге асырылады. [2;108]
Тұрлаулы акциз ставкалары белгіленген акцизделетін тауарларды
Қазақстан Республикасының кедендік аумағына импорттау кезінде салық базасы
импортталынатын тауарлардың заттай күйіндегі көлемі ретінде айқындалынады.
Сонымен қатар, адвалорлық акциз ставкалары белгіленген акцизделетін
тауарларды импорттау кезіндегі салық базасы импортталынатын тауарлардың
Қазақстар Республикасының кедендік заңнамаға сәйкес анықталатын кедендік
құны ретінде айқындалады.
Қазақстан Республикасының кедендік заңнамаға сәйкес жеке тұлғалар
оңайлатылған тәртіппен өткізетін акцизделетін тауарларға акциз ставкалары
осы баптың 1-тармағына сәйкес белгіленеді және Салық кодексінің 516-бабының
2-тармағына сәйкес жиынтық кедендік төлем құрамына қосылуы ықтимал.
Ал оның мөлшері Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасына сәйкес
анықталады.
Импортталынатын тауарларға салынатын акциздер Қазақстан
Республикасының кедендік заңнамасында тиісті төлемдерді төлеу үшін
белгіленген күні төленіледі.
Акциздік алым маркалармен және есептік – бақылау маркалары мен
таңбалануға тиісті импортталынатын тауарларға акциздік маркаларды алатын
күнге дейін немесе алған күні акциз сомасы төленеді.
Акцизге қатысты күнтізбелік ай салық кезеңі болып табылады. Салық
төлеуші әрбір салық кезеңі аяқталған бойы, сол салық кезеңінен кейінгі
айдың 15-інен кешіктірмей өзі тіркелген жері бойынша салық органдарына
акциз жөніндегі декларацияны табыс етуге міндетті.
Бұл ретте ескеретін тағы бір жәйт, салық кодексінің тиісті 278-бабының
2-тармағында Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нормалар бойынша
жеке тұлғалар импорттайтын кейбір тауарлардың түрлерін акциз салудан босату
көзделінген.
1.3.Акциз сомасын есептеу және төлеу тәртібі
Акциз сомасын есептеу белгіленген акциз ставкасын салық базасына
қолдану арқылы жүргізіледі. Ойын бизнесі бойынша акциз сомасын есептеу
салық кезеңіне белгіленген акциз ставкасын салық салынатын обьектілердің
санына қолдану арқылы анықталады.
Салық кезеңінде салық салынатын обьектілердің саны өзгерсе,
енгізілген обьектіге акциз сомасы толық көлемде төленеді.
Салық төлеушінің белгіленген салық сомасын осында белгіленген
шегерімдерге кемітуге құқы бар.
Акцизделетін тауарларды сатып алған немесе оны Қазақстан
Республикасының кеден аумағына импортталған кезде, егер аталған тауарлар
бұдан әрі акцизделетін тауарлар өндіру үшін негізгі шикізат ретінде
пайдаланылған болса, Қазақстан аумағында төленген акциз сомалары шегерілуге
тиіс.
Салық кезеңінде акцизделетін таурлар дайындауға нақты пайдаланылған
акцизделетін шикізат көлемі негізге алынып анықталған акциз сомасына
шегерім жасалады.
Осы ережелер акцизделетін алыс-беріс шикізаты мен материалдарын
дайындалған акцизделетін таурларды беру кезінде де, акцизделетін алыс-
беріс шикізаты мен материалдарының меншік иесі акциздің төленгенін растаған
жағдайда қолданылады.
Егер осында өзгеше көзделмесе, акцизделетін тауарларға акциз:
1)салық кезеңінің алғашқы он күн ішінде жасалған операциялар бойынша
айдың он үшінші күнінен;
2) салық кезеңінің екінші он күн ішінде жасалған операциялар бойынша
айдың жиырма үшінші күнінен;
3) салық кезеңінің қалған күндерінде жасалған операциялар бойынша
есепті айдан кейінгі айдың үшінші күнінен кешіктірілмей бюджетке аударылуға
тиіс.
Алыс – беріс шикізаты мен материалдарынан өндірілген акцизделетін
тауарлар бойынша акциз тапсырыс берушіге немесе тапсырыс беругі көрсеткен
тұлғаға өнім берілген күні төленеді.
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген газ конденсатын қоса
алғанда шикі мұнайды өнеркәсіптік ұқсатуға берген кезде акциз ол берілген
күні төленеді.
Өз өндірісінің акциз салынуға тиісті шикізатының акцизделетін
тауарлар өндірген кезде осы шикізатқа акцизделетін дайын тауарлар бойынша
акциз төлеуге белгіленген мерзімде акциз төленеді.
Ойын бизнесі бойынша акциз осында белгіленген тәртіппен және
мерзімдерге төленеді.
Лотерея ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асырудан
түскен акциз жүзеге асырылатын лотерея билеттерін сатуға шығару тіркелген
күнге дейін немесе тіркелген күні төленеді.
Акциз төлеу акциз төлеушінің тіркелген жері бойынша жүргізіледі.
Құрылымдық бөлімшелері бар акциз төлеушілер, егер олар:
1) спирт және алкоголь өнімдері бойынша акцизделетін тауарларды
өндіруді және оларды құюды;
2) бензинді және дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткізуді жүзеге
асыратын болса, көзделген тәртіппен құрылымдық бөлімшелердің орналасқан
жері бойынша акциз төлейді.
Құрылымдық бөлімшелері бар акциз төлеушілер құрылымдық бөлімшелерді
олардың орналасқан жері бойынша салық органдарына тіркеу есебіне қоюға және
өзінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жанама салықтардың қазіргі кездегі жағдайы мен олардың жаһандану жағдайындағы даму перспективалары
Жанама салықтардың дамуы
Акцизделетін қызмет түрлерін есептеу және рәсімдеу тәртібі
Салық мекемелерінің акциз салығының төленуін қадағалауы
Акциз салығының экономикалық мәні
Қосылған құн салығының сипаттамасы
Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі жанама салық
Жанама салықтардың топталуы
Жанама салық салуды жетілдіру
Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі жанама салықтар
Пәндер