Бухгалтерлік есеп қағидалары



ЖОСПАРЫ

КІРІСПЕ

I ТАРАУ.
1.1. Бухгалтерлік есептің міндеті және оған қойылатын талаптар.
1.2. Бухгалтерлік есеп ғылым ретінде дамуы.
1.3. Қазіргі кездегі бухгалтерлік есептің мәні мен қағидаттары.

II ТАРАУ.
2.1. Бухгалтерлік есеп стандарттары және қаржылық есеп беру.
2.2. Бухгалтерлік есеп принциптері.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Нарық экономикасы жағдайында, бухгалтерлік есептің басқару жүйесінде алатын орны ерекше. Ол өндіріс процесін, айналым, бөлу мен тұтыну және кәсіпорын қаржы жағдайын айқын көрсетіп, басқарушылық шешім қабылдаудың негізі болып табылады.
Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп, бухгалтерлік есеп стандарты, кәсіпорын қаржы-шаруашылық қызметі бухгалтерлік есеп Бас шот жоспары мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің бұйрығы бойынша бекітілген. Бухгалтерлік есеп Типтік шот жоспарында белгіленген жалпы принциптер мен ережелер және Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп жөніндегі» Заңына, сонымен қатар Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі өкілетті ұйымдары қабылдаған қаулылар мен ұсыныс, талаптарға сай жүргізіледі.
Меншік иелері мен экономиканың барлық салаларындағы кәсіпорын еңбек коллективтері шикізаттар мен материалдарды тиімді жұмсап, өндіріс қалдықтарын азайтып, өнімнің сапасын жоғарылатып, оның өзіндік құнын кемітуді көздейді. Осыған орай, бухгалтерлік есеп тек шаруашылық қызметті көрсетіп қана қомай, оған ықпалын да тигізіп отыруына байланысты, оның мыңызы мен рөлі артпақ.
Бухгалтерлік есеп басқару процесінің бөлігіретінде, кәсіпорынның ағымдағы қызметін бақылау, оның стратегиясы мен тактикасын, жоспарлау, ресурстарын тиімді пайданалып, нәтижесін бағалауға, сонымен қатар дұрыс басқарушы шешім қабылдауға қажетті ақпараттармен қантамасыз етеді. Бухгалтерия қызметкерлері нарық жағдайында тез әрі дұрыс бағыт алу үшін, бухгалтерлік есеп және есеп беру жүйесін жақсы меңгеруі қажет. Сондықтан бухгалтерлік есептің теориялық негіздері мен әдістемелік қағидаларын жас мамандарың жақсы менгеруі олардың кәсіби дайындығы мен іскерлік қабілеттерін қалыптастыруда маңызы зор болмақ.
Екінші рет қайта өңделіп баспаға ұсынылып отырған «Бухгалтерлік есеп» атты оқулық «Бухгалтерлік есеп» пәнінің жұмыс бағдарламасына сәйкес мемлекеттік тілде дайындалған оқулық. Оқулық автордың әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Маркетинг және жалып экономикалық пәндер», «Қаржы және аудит» кафедраларында қызмет істеп жүрген кездегі жинақтаған бірнеше жылдық дәрістік материалдары негізінде дайындалып, отандық және шетелдік әдебиеттерде жарияланған, теориялық және практикалық жағынан өте бай материалдарды пайдаланған.
Оқулықта «Бухгалтерлік есептің» теориялық негіздері: бухгалтерлік баланс құрылымы, шоттар мен екі жақты жазу жүйесі, құжаттама, бағалау мен калькуляциялау, сонымен қатар бухгалтерлік есеппен есеп бегуде қолданылып жүрген нысандар тереңдетіліп көрсетілген. Сонымен қатар оқу қуралында жаңа Типтіқ шот жоспарына сәйкес негізгі құралдар, материалды емес активтер, тауарлы материалды запастар, ақша қаражаттары есебі, есеп беретін адамдармен есеп айырысу есебі, есеп айырысу операцияларының есебі, еңбекақы бойынша есеп айырысу есептері корреспонденциялары келтірілген.
Материалдарды мұндай мазмұндау процесінде Қазақстан Республикасының кәсіпорындарындағы бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттармен жақындасуындағы негізгі бағыттарды қарауға қолайлы мумкіндіктер жасалады.
Ұсынылып отырған оқулық, бухгалтерлік есепті жаңадан бастап үйреніп жатқан, бухгалтерлік есеп курстарындағы тыңдармандарға, жоғары оқу орындарындағы студенттер мен колледж оқушыларына, сонымен қатар кәсіпорындарда жаңадан үйреніп жүрген бухгалтерлерге арналған.
Қолданылған әдебиеттер:

1. ҚР-ның “Бухгалтерлік есеп және қаржы есебі” туралы заңы. 24. 06. 2002.
2. ҚР-ның Қаржы министрлігінің 18. 09. 2002 жылғы №438 бұйрығымен (ҚР Қаржы министрлігінің өзгертулер енгізілген 21.10.2003 жылғы № 372 бұйрығымен) бекітілген Бухгалтерлік есеп типтік шот жоспары.
3. Ержанов М.С., Ержанова А.М. Основы бухгалтерского учета и новая корреспонденция счетов (с 1 января 2003г.). – А. : Ержанов и К, 2003.
4. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Бухгалтерский учет на предприятии.- А. : Центраудит- Казахстан 2002.
5. Международные стандарты финансовой отчетности КМСФО/Пер. В.И. Тарусина/Ред. коллегия: А.С. Бакаев, Л.В. Горбатова, Т.Б. Крылов и др. – М., 1998.
6. Баймұханова С. Б., Балапанова Ә. Ж. Бухгалтерлік есеп.-
А. : Қазақ университеті, 2002.
7. Баймұханова С.Б. Бухгалтерский учет хозяйствующих
субьектов. – А. : Ценные бумаги, 2002.
8. ҚР-ның “Бухгалтерлік есеп және қаржы есебі” туралы заңы. 24. 06. 2002.
9. ҚР-ның Қаржы министрлігінің 18. 09. 2002 жылғы №438 бұйрығымен (ҚР Қаржы министрлігінің өзгертулер енгізілген 21.10.2003 жылғы № 372 бұйрығымен) бекітілген Бухгалтерлік есеп типтік шот жоспары.
10. Ержанов М.С., Ержанова А.М. Основы бухгалтерского учета и новая корреспонденция счетов (с 1 января 2003г.). – А. : Ержанов и К, 2003.
11. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Бухгалтерский учет на предприятии.- А. : Центраудит- Казахстан 2002.
12 .Международные стандарты финансовой отчетности КМСФО/Пер. В.И. Тарусина/Ред. коллегия: А.С. Бакаев, Л.В. Горбатова, Т.Б. Крылов и др. – М., 1998.
13. Баймұханова С. Б., Балапанова Ә. Ж. Бухгалтерлік есеп.-
А. : Қазақ университеті, 2002.
14. Баймұханова С.Б. Бухгалтерский учет хозяйствующих
субьектов. – А. : Ценные бумаги, 2002.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Бухгалтерлік есеп қағидалары
ЖОСПАРЫ

КІРІСПЕ
I ТАРАУ.
1.1. Бухгалтерлік есептің міндеті және оған қойылатын талаптар.
1.2. Бухгалтерлік есеп ғылым ретінде дамуы.
1.3. Қазіргі кездегі бухгалтерлік есептің мәні мен қағидаттары.

II ТАРАУ.
2.1. Бухгалтерлік есеп стандарттары және қаржылық есеп беру.
2.2. Бухгалтерлік есеп принциптері.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер:
КІРІСПЕ
Нарық экономикасы жағдайында, бухгалтерлік есептің басқару жүйесінде
алатын орны ерекше. Ол өндіріс процесін, айналым, бөлу мен тұтыну және
кәсіпорын қаржы жағдайын айқын көрсетіп, басқарушылық шешім қабылдаудың
негізі болып табылады.
Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп, бухгалтерлік есеп
стандарты, кәсіпорын қаржы-шаруашылық қызметі бухгалтерлік есеп Бас шот
жоспары мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің бұйрығы бойынша
бекітілген. Бухгалтерлік есеп Типтік шот жоспарында белгіленген жалпы
принциптер мен ережелер және Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп
жөніндегі Заңына, сонымен қатар Қазақстан Республикасының бухгалтерлік
есеп жөніндегі өкілетті ұйымдары қабылдаған қаулылар мен ұсыныс, талаптарға
сай жүргізіледі.
Меншік иелері мен экономиканың барлық салаларындағы кәсіпорын еңбек
коллективтері шикізаттар мен материалдарды тиімді жұмсап, өндіріс
қалдықтарын азайтып, өнімнің сапасын жоғарылатып, оның өзіндік құнын
кемітуді көздейді. Осыған орай, бухгалтерлік есеп тек шаруашылық қызметті
көрсетіп қана қомай, оған ықпалын да тигізіп отыруына байланысты, оның
мыңызы мен рөлі артпақ.
Бухгалтерлік есеп басқару процесінің бөлігіретінде, кәсіпорынның
ағымдағы қызметін бақылау, оның стратегиясы мен тактикасын, жоспарлау,
ресурстарын тиімді пайданалып, нәтижесін бағалауға, сонымен қатар дұрыс
басқарушы шешім қабылдауға қажетті ақпараттармен қантамасыз етеді.
Бухгалтерия қызметкерлері нарық
жағдайында тез әрі дұрыс бағыт алу үшін, бухгалтерлік есеп және есеп беру
жүйесін жақсы меңгеруі қажет. Сондықтан бухгалтерлік есептің теориялық
негіздері мен әдістемелік қағидаларын жас мамандарың жақсы менгеруі олардың
кәсіби дайындығы мен іскерлік қабілеттерін қалыптастыруда маңызы зор
болмақ.
Екінші рет қайта өңделіп баспаға ұсынылып отырған Бухгалтерлік есеп
атты оқулық Бухгалтерлік есеп пәнінің жұмыс бағдарламасына сәйкес
мемлекеттік тілде дайындалған оқулық. Оқулық автордың әл-Фараби атындағы
Қазақ ұлттық университетінің Маркетинг және жалып экономикалық пәндер,
Қаржы және аудит кафедраларында қызмет істеп жүрген кездегі жинақтаған
бірнеше жылдық дәрістік материалдары негізінде дайындалып, отандық және
шетелдік әдебиеттерде жарияланған, теориялық және практикалық жағынан өте
бай материалдарды пайдаланған.
Оқулықта Бухгалтерлік есептің теориялық негіздері: бухгалтерлік
баланс құрылымы, шоттар мен екі жақты жазу жүйесі, құжаттама, бағалау мен
калькуляциялау, сонымен қатар бухгалтерлік есеппен есеп бегуде қолданылып
жүрген нысандар тереңдетіліп көрсетілген. Сонымен қатар оқу қуралында жаңа
Типтіқ шот жоспарына сәйкес негізгі құралдар, материалды емес активтер,
тауарлы материалды запастар, ақша қаражаттары есебі, есеп беретін
адамдармен есеп айырысу есебі, есеп айырысу операцияларының есебі, еңбекақы
бойынша есеп айырысу есептері корреспонденциялары келтірілген.
Материалдарды мұндай мазмұндау процесінде Қазақстан Республикасының
кәсіпорындарындағы бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттармен
жақындасуындағы негізгі бағыттарды қарауға қолайлы мумкіндіктер жасалады.
Ұсынылып отырған оқулық, бухгалтерлік есепті жаңадан бастап үйреніп
жатқан, бухгалтерлік есеп курстарындағы тыңдармандарға, жоғары оқу
орындарындағы студенттер мен колледж оқушыларына, сонымен қатар
кәсіпорындарда жаңадан үйреніп жүрген бухгалтерлерге арналған.

I ТАРАУ.
1.1. Бухгалтерлік есептің міндеті және оған қойылатын талаптар.
Бухгалтерлік есеп - басқарудың аса маңызды функцияларының бірі. Нарықтық
экономикасы дамыған елдерде оны бизнестің, кәсіпкерліктің тілі деп санайды.
Бухгалтерлік есеп оның алдына қойған міндеттерді орындай алатындай болып
ұйымдастырылуы керек.
Қазақстан Республикасының 24.06.2002ж. №329-11Бухгалтерлік есеп және
қаржылық есеп беру (өзгерістері енгізіліп және толықтырылу) заңына сәйкес:

- жедел басшылық ету мен басқаруға, сондай-ақ инвесторлардың,
жеткізушілдердің, сатып алушылардың кредиторлардың, салық және банк
органдарының пайдалануына қажетті шаруашылық процестері мен
кәсіпорындардың, мекемелердің қызмет нәтижелері туралы толық және
ақпараттарды қалыптастыру;
- мүліктердің қолда бары мен қозғалысына, материалдық, еңбектік және
қаржылық ресурстардың бекітілген нормаларға, нормативтерге, сметаларға
сәйкес жұмсалуына бақылауды қамтамасыз ету;
- қаржы-шаруашылық қызметіндегі жағымсыз құбылыстар жайында мерзімді
ескертурлер жасау;
- ішкі шаруашылық резервтерді анықтау және жұмылдыру;
- ішкі ресурстарды пайдалануды нақтылы бағалау бухгалтерлік есептің
басты міндеттерді болып табылады.
Бухгалтерлік есептің алдына қойылған міндеттері орындау үшін ол мынадай
талаптарға сай болуы тиіс:
1. Ақпаратты берудің мерзімділігі шаруашылық қызметіне жедел басшылық
етуге, міндеттерді орындауға, ағымдағы жұмыстың кемшіліктерін, ресурстар
шығынының нормадан ауытқуын анықтауға, бақылауды жузеге асыруға және
т.б. үшін қәжет. Бұл талапты жузеге асырған кезде есептік ақпаратты
өңдеу және алу үшін есептегіш техниканы пайданалудың манызы зор.
2. Есептік (нақты) көрсеткіштердің жоспар (тапсырма) көрсеткіштерімен
салыстырымдылығы белгілген көрсеткіштердің есеп байланысын қамтамасыз
етеді және осы көрсеткіштердің мерзімді бақылау жасауды қатамасыз етеді.
3. Дәлдік, объективтілік және қатаң негізді болу ескерілген барлық деректер
дұрыс, дәл есептелген, тиісті құжаттармен негізделген болу керектігін
аңғартады. Олар жұмыстағы жетістіктерді ғана емес, сондай-ақ
кемшіліктерді де дұрыс көрсетіп беруге тиіс.
4. Толықтық. Есеп кәсіпорынның шаруашылық қызметіне толық сипат беруге
тиісті. Сонда ғана шаруашылықты басқару кезінде оның деректерін
қолданудан пайда болмақ.
5. Үнемділік. Бухгалтерлік есеп басқару мен басшылық етуге қажетті барлық
көрсеткіштерді аз шығын жұмсау жолымен алуды қамтамасыз етуі тиіс. Бұған
есептің қарапайымдылығы, оның үнемі жетілуі, қол еңбегін машиналыққа
ауыстыру және есеп қызметкерлерінің іскерлік арттыруға мумкіндік
жасайды. Мұның барлығы басқару аппаратын қысқартуға бағытталған.
6. Есептің қарапайымдылығы мен қолайлы болуы алынған ақпараттың мәнін
ұжымның әрбір мүшесінің түсінуне, баскару үшін есептің деректерін
пайдалану мүмкіндігіне, резервтерді іздеуге, қаржы жағдайын нығайту
жөніндегі ұсыныстар әзірлеуге себепкер болады.
Басқарушылық-
қаржы-шаруашылық-
бұйрығы бойынша бекітілген-
Типтік шот жоспарында-
сай жүргізіледі-
отыруына байланысты-
Бухгалтерия қызметкерлері-
жаңадан бастап-
әдебиеттерде жарияланған-
қойылатын талаптар-
дәл есептелген-
әзірлеуге себепкер-
пайдалану мүмкіндігіне-
қолданудан пай-
көрсеткіштердің-
қамтамасыз ету-
ескертурлер жасау-
Осыған орай-

1.2. Бухгалтерлік есеп ғылым ретінде дамуы.
Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып,
қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе
жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып
табылады. Белгілі ғалым Б. Де Солозано осы ғылым туралы “Бухгалтерлік есеп
барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре
алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес” – деген болса,
оның әріптесі Р. А. Фаулки “Есеп – бұл барлық бизнестің тілі, яғни
философиясы” – деп атаған. Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпаттарын
өлшейтін, есептейтін және оны пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болып
табылады. Бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды орындардың бірін
иеленеді. Бұған дәлел ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының 1992 жылы өткізген
конференциясында “Есептей алмаған, басқара алмайды” – деген сөздің бекер
айтылмағандығын атап өтуге болады. Жалпы, бухгалтерлік есеп ұйымға оның
қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілді
функцияларды орындауы үшін қажет. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп
кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы және өндірілген
өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді.
Тек қана бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның табыстары мен шығындарын және
шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесін анықтауға болады.
Бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесі қаржылық (сыртқы) және басқарушы
(ішкі) есеп болып екіге бөлінеді. Басқарушы есеп кәсіпорынның қаржылық
ақпараттарын ішкі пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болса, ал
қаржылық есеп жоғарыда айтылған қаржылық ақпараттарды ішкі
пайдаланушылармен қатар сыртқы пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе.
Яғни, басқарушы есептің мәліметін кәсіпорын басшылары қандай да бір шешім
қабылдау үшін пайдаланса, қаржылық есептің мәліметін бұлармен қоса
жабдықтаушы (мердігер) кәсіпорындар, банк мекемелері, салық органдары және
тағы да басқалар пайдаланады. Кез келген ұйым үшін қаржылық есеп міндетті
түрде жүргізілетін болса, басқарушы есептің жүргізілуі және оның тәртібі
әрбір кәсіпорынның экономикалық саясатына байланысты.

1.3. Қазіргі кездегі бухгалтерлік есептің мәні мен қағидаттары.
Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты
жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік
есептің маңызы мен рөлі арта түсуде. Осыған орай бухгалтерлік есептің
мазмұны мен құрылымына өзгерістер енгізілді. Елімізде жүргізіліп отырған
бухгалтерлік есеп толығымен халықаралық қаржылық есеп беру талаптарына сай
орындалады. Міне осыларды ескере отырып бұрын есепші деп саналып келген
бухгалтер маманы кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтап, бағалап, есептеп
отырумен қатар кәсіпорынның алдағы уақыттағы экономикалық әл-ауқатын дамыту
жолдарын жоспарлай білуі қажет. Сондықтан да кез келген елде бухгалтер
мамандарын барынша білімді етіп даярлау сол елдегі ұйымдардың экономикалық
жағынан тұрақты дамуына кепілдік береді.
Стандарт сөзі ағылшын тілінен аударғанда үлгі, норма деген мағынаны
білдіреді. Ал бухгалтерлік есеп стандарттары дегеніміз кәсіпорындағы есеп
жұмысын дұрыс жүргізудің және құжаттарды дұрыс толтырудың ережесі болып
табылады. Әрбір осындай ереже бухгалтерлік есептің әдістері мен тәсілдерін,
мәні мен мағынасын және терминалогиясын анықтайды. Бухгалтерлік есеп пен
қаржылық есеп беру стандарттарының қай-қайсысының болмасын өз мақсаты,
қолданылу аясы (орны), анықтамасы, қолданысқа (күшіне) енген уақыты және
мазмұны болады.
Мақсаты. Бұл бапта стандарттың қандай мақсатқа арналып шығарылғандығы
және есеп мәселелері қысқаша баяндалады.
Қолданылу аясы (орны). Стандарттың пайдаланылатын жерлері мен қандай
жағдайда (жерлерде) қолданылмайтындығы осы бапта жазылады.
Анықтамасы. Стандарттағы келтірілген негізгі терминдерге түсініктеме
берілетін бап болып табылады.
Қолданысқа (күшіне) енген уақыты. Стандарттың қай уақыттан бастап
күшіне енетіндігі осы бапта кәсіпорынның есеп саясатына түсінік беріледі.
II ТАРАУ.
2.1. Бухгалтерлік есеп стандарттары және қаржылық есеп беру.
Кей кездерде стандарттың қосымшалары да жарыққа шығуы мүмкін. Бұл
қосымшада жаңа стандарттың басқа қай елдерде қолданылғандығы жазылып және
оған қоса мысалдар берілуі мүмкін. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру
стандарттары халықаралық және ішкі болып екі түрге бөлінеді. Халықаралық
стандартты қаржылық есеп беру стандартын дайындаудың (жасаудың) халықаралық
комитеті жасап шығарады. Ал ішкі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру
стандарттары әр елде бухгалтерлік есепті жүргізу үшін, сол елдің ішінде
жасалынады. Бұл жоғарыда аталған халықаралық бухгалтерлік есеп стандарты
мен ішкі бухгалтерлік есеп стандартының арасында тікелей байланыс болуы
қажет. Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартын дайындау (құру) барысында
әрбір елдердегі тәжірибеде кездескен мәселелер жан-жақты талданып, оны шешу
жолдары іздестірілетін болса, әрбір ел өзінің ішкі бухгалтерлік есеп
стандартын жасауы (құруы) барысында халықаралық бухгалтерлік есеп
стандарттарын негізге алады. Бүкіл әлемдегі елдерде қаржылық есеп беруде
қолданылатын бухгалтерлік есеп принциптерін бір ізге салуға
(унификациялауға) қол жеткізу үшін 1973 жылғы 29 маусымда Қаржылық есеп
беру стандартының халықаралық комитеті құрылды. Жалпы бұл ұйымның құрылуы
АҚШ, Австралия, Германия, Голландия, Жапония, Ирлания, Канада, Мексика,
Ұлыбритания және Франция сынды елдердің бухгалтерлерінің келесімге келуімен
іске асырылды. Алғашқы уақытта, яғни қаржылық есеп беру стандартының
халықаралық комитеті құрылған кезде оның құрамына жоғарыда аталған елдерден
жеті білікті маман алынған болатын. Ал бүгінгі күні оның құрамында бұл
аталған елдерден басқа Үндістан, Малайзия, Оңтүстік Африка Республикасы,
Швейцария, Зимбабве және тағы да басқа елдердің өкілдері бар. Қаржылық есеп
беру стандартының халықаралық комитеті өздерінің жарыққа шыққан жаңа
стандарттары мен басқадай нұсқаулары, ережелері және түсініктері үшін табыс
алып отырады. Сонымен қатар комитетке бухгалтерлердің халықаралық
федерациясы, қаржылық институттар, бухгалтерлік фирмалар және басқадай
ұйымдар қаржылық көмек көрсетіп отырады. Халықаралық қаржылық есеп беру
стандартының негізгі мақсаты-мына төмендегілерді орындай отырып қаржылық
есеп беруге қол жеткізу:
- қаржылық ақпаратты құру барысында қажетті міндеттер;
- ақпараттық жүйені құру принциптері;
- осы ақпараттардың сапалық сипаттамалары;
- қаржылық есеп берудің элементтері;
- өлшеу және мойындау критериялары.
Қаржылық есептің мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы және
қаржылық жағдайының өзгеруі туралы ақпараттар беру. Сондай-ақ ұйымның
қаржылық есебінде мыналарға қажетті ақпараттық мәліметтердің болуы қажет:
- қаржы салымын жасау және несие беру туралы шешім
қабылдауға қажетті мәлімет;
- ұйымның алдағы кезеңдегі ақшалай айналымын бақылауға қажетті мәлімет;
- ұйымға берілген ресурстармен байланысты міндеттерін бағалауға қажетті
мәлімет;
- басқару органдарының жұмысын бағалауға қажетті мәлімет.
Қаржылық есеп ұйымның бухгалтерлік ақпараттарының алғашқы таратылым
құралы болып есептеледі. Ал бұл қаржылық есеп бухгалтерлік есептің жеті
элементінен құралады. Элементтердің алғашқы үштігінің қатарына ұйымның
балансында көрсетілетін активтері, меншікті капиталы және міндеттемесі
жатқызылады. Қалған төрт элементі кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі
туралы есебінде көрсетілетін табыс, шығын, пайда және зиян деп аталатын
топтардан тұрады. Қаржылық есеп беру тұжырымдамалары (концепциялары) шешім
қабылдау үдерісінде көрсетілетін бухгалтерлік ақпараттардың қажеттілігін
анықтайды және оны бекітеді. Есеп тұжырымдамасын (концепциясын) жалпы және
жеке – деп аталатын екі түрге бөлуге болады.
- Жалпы тұжырымдама (концепция) бұл бірнеше елдің бухгалтерлік есеп
туралы көзқарасын білдіреді.
- Жеке тұжырымдама (концепция) тек қана бір елдің өз ішінде
жүргізілетін бухгалтерлік есеп туралы көзқарасын білдіреді.
Тұжырымдамалар (концепциялар) халықаралық бухгалтерлік есеп және
қаржылық есеп беру стандартына қарастырылған бухгалтерлік есеп принциптері,
есеп саясаттары, есеп берулер негізінде құрастырылады. Бұған дейін айтылып
жүргендей қазіргі таңда бухгалтерлік есептің әлемдік теориясында, сондай-ақ
тәжірибесінде екі негізгі, жалы деп аталатын континенттік (еуропалық) және
америкалық тұжырымдама (концепция) қатар жүргізіліп келеді.
Бухгалтерлік есептің континенттік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық есептілік туралы
Бухгалтерлік есептің мәні және түрлері
Шағын кәсіпорындардың бухгалтерлік есеп беруі
ҚР Салық кодексі, оның құрылымы және мазмұны
Бухгалтерлік есептің концепциялары мен қағидалары
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру туралы
Бухгалтерлік есеп шоттары
Есептілік кезең қағидасы
Аудит жайлы
Автокөлік салалары бойынша қаржылық есеп және оны талдаудың теориялық негіздері
Пәндер