Шығармашылық үйдің визуалды имиджі



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі
1. Диплом алды зерттеу
1.1 Аналогтарды сараптау.
1.2 Фирмалық стиль өңдеуінің міндеттерін айқындау
1.3 Тарихи анықтама
1.4 Фирмалық стильдің түсініктемесі мен мазмұны
1.5 Жобалық ұсыныс
2 Дизайн жоба
2.1 Концепциясы
2.2 Қызметі
2.3 Архитиптерді талдау
2.3.1 Дизайн жобаның ауызша емес белгілері мен символдары
2.3.2 Дизайн жобаның ауызша емес қалпы
2.3.3 Дизайн жобаның түсі
2.4 Негізгі образ
2.5 Көзмөлшері имиджінің фирмалық стиль компоненттерінің жобалық шешімі
2.5.1 Көзмөлшері имиджінің әдеби.графикалық тұрақтыларының өңделуі
2.5.2 Көзмөлшері имиджінің жәдігерлік өнімі
2.5.3 Көзмөлшері имиджінің фирмалық киімі
2.5.4 Көзмөлшері имиджінің жарнамалық құрылымдары
2.5.5 Көзмөлшері имиджінің көліктегі жарнамасы
2.5.6 Көзмөлшері имиджінің фирмалық безендіруі
2.5.7 Көзмөлшері имиджінің пиктограммалары
3 Құрылымдық.экономикалық бөлім және экология
3.1 Экономикалық негіздеу
3.2 Қоршаған ортаны қорғау
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР
Егемендi елiмiздiң болашағы жас жеткiншектердiң бiлiм дәрежесiнiң тереңдiгiмен өлшенедi. ХХ ғасырдың басындағы қазақ қаламгерлері энциклопедиялық білімге ие кемелді тұлғалар еді. Ғылым мен өнер саласындағы жаңа қадамдар, кәсіби маманның жетіспеушілігі зиялылардың барлық салада қызмет істеуіне жол ашып, жан-жақты жетілу орайын берді. Сонымен бірге бар мүмкіндіктерін жұмсап қызмет істеу міндетін де жүктеді. Қазіргі заман мәдениеті философиялық, мәдениеттанулық парадигма аясында қарастырылады.Қазіргі заман мәдениетінің теориялық мәселелері оқу құралында жан-жақты қамтыған пәнаралық өрісте жалпы философиялық, мәдениеттанулық, лингвомәдениеттанулық идеялар негізінде түсіндірілген.
Тақырыптың мақсаты: шығармашылық үйлер туралы түсінік беру, оның ерекшеліктерін анықтау және қазіргі кездегі шығармашылық үйлердің орныққан құндылықтары туралы ой қозғау.
Тақырыптың міндеттері:
-шығармашылық үйлердің қазіргі кезеңдегі заман талабы екенін ашып көрсету;
-шығармашылық үйлердің негізгі үрдістеріне сипаттама беру;
-жаңа технологияларға негізделген жедел өзгерістер кезеңіндегі шығармашылық үйдің дағдарыс-тоқырауларының түп негізін анықтау;
-шығармашылық үйлердің болашақтағы даму бағдарларын көрсету.
осы заман мәдениетінің көркемдік-эстетикалық жүйелерінің және мәдени практикасының ерекшелігін көрсету тұрғысынан да маңызды.
Тақырыптың өзектілігі: Адамзат уақыт ағымына байланысты қашанда өзіне қатысты әлемді ең кем дегенде үш кезеңге бөліп қарастырады: өткені, осы қазіргісі және болашағы. Адамзат мәдениетінің өткені мен оның салдары ретіндегі бүгінгісін тарихта орын алған немесе орын алып отырған шындық ретінде сараптауға болады.
Шығармашылық үйлердің соның алдындағы мәдени дәстүрлерді өз бойына жинақтайтындығы рас, бірақ, сөйте тұра тек өзіне ғана тән ерекшеліктерге ие болатындығы тағы да бар. Ендеше, қазіргі шығармашылық үйлерді кешенді түрде жан-жақты қарастыру қажет. Шығармашылық үйлердің осы заманда, дәл осы шақта осы кеңістікте орын алып отырған барлық әлеуметтік-тарихи үрдістердің барлығымен тығыз байланысты. Ол адамзат қоғамы өмірінің маңызды-маңызды деген жақтарымен: технологияның, экономиканың даму деңгейінен бастап, құқық, мораль, өнер жүйесіне дейінгі келелі де күрделі құбылыстармен ішкі ажырамас бірлікте болады.
Қазіргі заман мәдениетінде батыстық мәдениет стандарттарының көптігіне орай, оның үстіне, мәдениеттің қазіргі өркениеттік сатысына алып келген ғылыми-техникалық прогресс феноменінің өзі батыстық жаратылыстану ғылымдарының жетістігі екендігін ескере отырып, көбінде қазіргі заман мәдениетінің алғышарттары мен қазіргі даму деңгейінің батысеуропалық
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.Богоявленская Д.Б. Пути к творчеству. – М., 1981.
2.Матюшкин А.М. Проблемные ситуации в мышлении и обучении. – М., 1972.
3. Юнг К.Г. Психологические типы. Психология индивидуальных различий. – М., 1952.
4. Кочетов А.И. Культура педагогического исследования. – М., 1996.
5. Фромм Э. Человек для себя. – М., 1992.
6. Дубина И.Н. Изменчивость творчества в сознании исследователей //
(Сборник научных статей). Барнаул, 1997. С. 61-78

7. В.А.Бобахо, С.И.Левикова Современные тенденции молодёжной культуры
// Общественные науки и современность. – 1996.-№3.- С.56-66.

8. Искусство в школе ( Журнал основан в мае 1927г)

9. Кириенко И.В. ( К вопросу о взаимодействии музыки и живописи: методологические принципы анализа) стр 134-138

10. Изотова М.Х. ( Особенности передачи эмоционального переживания под воздействием музыки через рисунок ) стр 86-92

11. Раевский Н. А. Портреты заговорили // Избранное — М.: Художественная литература, 1978. — С. 232, 236. — 492 с.
12. Бердяев Н. А. // Творчество и объективация / сост. А. Г. Шиманский, Ю. О. Шиманская. — Мн.: Экономпресс, 2000.
13. Бердяев Н. А. Смысл творчества// Философия творчества, культуры и искусства. — М.: Искусство, 1994.
14. Мэй Р. Мужество творить: Очерк психологии творчества. — Львов: Инициатива; М.: Институт общегуманитарных исследований, 2001.

15. Сабанеев Л. Л. Психология музыкально-творческого процесса // Искусство, 1923. - № 1. - С.195-212.

16. Яковлев В. Философия творчества в диалогах Платона // Вопросы философии. — 2003. — № 6. — С. 142-154.

17. О психологии изобретательского творчества // Вопросы психологии, № 6, 1956. — С. 37-49 © Альтшуллер Г. С., Шапиро Р. Б., 1956
18. Богоявленская Д.Б. Пути к творчеству. - М: Знание,1981.-96с.-(Новое в жизни, науке, технике. Сер.»Педагогика и психология»;№10)
19. Альтшуллер Г.С., Вёрткин И.М., Как стать гением. Жизненная стратегия творческой личности, Минск, «Беларусь», 1994 г., с. 469-471.
20. Богоявленская, Д.Б. Психология творческих способностей: Учеб. пособие для студ. высш. учеб. заведений [Текст] / Д.Б. Богоявленская. - М.: Академия, 2002. - 320с.
21. Грибовская, А.А. Народное искусство и детское творчество [Текст] / А.А. Грибовская. - М.: Просвещение, 2004.
22. Дубровская, А.В. Приглашение к творчеству [Текст] / А.В. Дубровская. - СПб.: Детство-Пресс, 2002.
23. Кожохина, С.К. Путешествие в мир искусства [Текст] / С.К. Кожохина. - СПб., 2003.
24. Лук, А.Н. Психология творчества [Текст] / А.Н. Лук. - М., Наука, 1978. - 125 с.
25. Межиева, М.В. Развиваем творческие способности у детей 5-9 лет [Текст] / М.В. Межиева. - Ярославль,
26. Симановский, А.Э. Развитие творческого мышления детей [Текст] / А.Э. Симановский. - Ярославль: Академия развития, 2002.
27. Тюфанова, И.В. Мастерская юных художников [Текст] / И.В. Тюфанова. - СПб.: Детство-Пресс, 2002.
28. Шадриков, В.Д. Способности человека [Текст] / В.Д. Шадриков. - М., Институт практической психологии, 1997. - 288с.
29. Аакер Дж. Индивидуальность бренда и ее характеристики. Бренд-менеджмент, 2001. № 2. С. 12-25
30. Герман. Д. Рождение брэнда: практическое руководство (перевод Крикушенко Е.) .М.2004
31. Джонс Д. К. Методы проектирования
32. Минеева И. А. "Брэнд-лидерство: цель и результат эффективности коммуникационной политики фирмы" на Всероссийской конференции "Управление брэндом", доклад, (Москва, 05.10.2000).
33. Почепцов. Г.Г. Имиджелогия. Рефл-бук Ваклер. 2001
34. Траут Д. Свойства успешного брэнда. www.marketingmix.com.ua.
35. Устюгова Е.Н. Стиль как явление культуры. СПб., 1994
36. Чармэссон Г. Торговая марка: как создать имя, которое принесет миллионы. СПб.: Питер, 1999. С. 18.
37. Беклешев В., Воронов С. Реклама в торговле. – М.: 1991.
38. Фарбей Э. Эффективная рекламная компания - Днепропетровск: Баланс-Клуб. 2003.
39. Голядкин Н. Творческая телереклама. М.: 1998.5-б.
40. Фостер Н. Найди свой путь в реальном деле. М.: 1998. 4-б.
41. Голядкин Н. Творческая телерекламы. М.: 1998. 36- б.
42. Дели Д, Линда Т. Учебник по рекламе: как стать известным не тратья денег на рекламу. М.: 1997 ж. 7-б.
43. Картер М. Эффективная реклама. М.: 2000.
44. Гольман Н.А. рекламное планирование, рекламные технологии. Организация рекламной деятельности. М.: 1996.
45. Исаенко Е.В., Васильев А.Г. Организация и планирование рекламной деятельности. М.: 2004.
46. Катернюк А.В. Рекламные технологии. Коммерческая реклама. М.: 2001.
47. Жарнама туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 508 Заңы.
Сайттар:
48. www.adme.ru
49. www.brandmanager.ru
50. www.fom.ru/reports/frames
51. www.advertology.ru
52. www.pilotfm.ru
53. www.maхimum.ru
54. www.radiosi.ru
55. www.europaplus.ru
56. www.business-magazine.ru/
57. www.computerra.ru/
58. www.sana.gov.kz/showarticle.php, www.parlam.kz.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі
1. Диплом алды зерттеу
1.1 Аналогтарды сараптау.
1.2 Фирмалық стиль өңдеуінің міндеттерін айқындау
1.3 Тарихи анықтама
1.4 Фирмалық стильдің түсініктемесі мен мазмұны
1.5 Жобалық ұсыныс
2 Дизайн жоба
2.1 Концепциясы
2.2 Қызметі
2.3 Архитиптерді талдау
2.3.1 Дизайн жобаның ауызша емес белгілері мен символдары
2.3.2 Дизайн жобаның ауызша емес қалпы
2.3.3 Дизайн жобаның түсі
2.4 Негізгі образ
2.5 Көзмөлшері имиджінің фирмалық стиль компоненттерінің жобалық
шешімі
2.5.1 Көзмөлшері имиджінің әдеби-графикалық тұрақтыларының
өңделуі
2.5.2 Көзмөлшері имиджінің жәдігерлік өнімі
2.5.3 Көзмөлшері имиджінің фирмалық киімі
2.5.4 Көзмөлшері имиджінің жарнамалық құрылымдары
2.5.5 Көзмөлшері имиджінің көліктегі жарнамасы
2.5.6 Көзмөлшері имиджінің фирмалық безендіруі
2.5.7 Көзмөлшері имиджінің пиктограммалары
3 Құрылымдық-экономикалық бөлім және экология
3.1 Экономикалық негіздеу
3.2 Қоршаған ортаны қорғау
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ
Егемендi елiмiздiң болашағы жас жеткiншектердiң бiлiм дәрежесiнiң
тереңдiгiмен өлшенедi. ХХ ғасырдың басындағы қазақ қаламгерлері
энциклопедиялық білімге ие кемелді тұлғалар еді. Ғылым мен өнер саласындағы
жаңа қадамдар, кәсіби маманның жетіспеушілігі зиялылардың барлық салада
қызмет істеуіне жол ашып, жан-жақты жетілу орайын берді. Сонымен бірге бар
мүмкіндіктерін жұмсап қызмет істеу міндетін де жүктеді. Қазіргі заман
мәдениеті философиялық, мәдениеттанулық парадигма аясында
қарастырылады.Қазіргі заман мәдениетінің теориялық мәселелері оқу құралында
жан-жақты қамтыған пәнаралық өрісте жалпы философиялық, мәдениеттанулық,
лингвомәдениеттанулық идеялар негізінде түсіндірілген.
Тақырыптың мақсаты: шығармашылық үйлер туралы түсінік беру, оның
ерекшеліктерін анықтау және қазіргі кездегі шығармашылық үйлердің орныққан
құндылықтары туралы ой қозғау.
Тақырыптың міндеттері:
-шығармашылық үйлердің қазіргі кезеңдегі заман талабы екенін ашып көрсету;
-шығармашылық үйлердің негізгі үрдістеріне сипаттама беру;
-жаңа технологияларға негізделген жедел өзгерістер кезеңіндегі шығармашылық
үйдің дағдарыс-тоқырауларының түп негізін анықтау;
-шығармашылық үйлердің болашақтағы даму бағдарларын көрсету.
осы заман мәдениетінің көркемдік-эстетикалық жүйелерінің және мәдени
практикасының ерекшелігін көрсету тұрғысынан да маңызды.
Тақырыптың өзектілігі: Адамзат уақыт ағымына байланысты қашанда өзіне
қатысты әлемді ең кем дегенде үш кезеңге бөліп қарастырады: өткені, осы
қазіргісі және болашағы. Адамзат мәдениетінің өткені мен оның салдары
ретіндегі бүгінгісін тарихта орын алған немесе орын алып отырған шындық
ретінде сараптауға болады.
Шығармашылық үйлердің соның алдындағы мәдени дәстүрлерді өз бойына
жинақтайтындығы рас, бірақ, сөйте тұра тек өзіне ғана тән ерекшеліктерге ие
болатындығы тағы да бар. Ендеше, қазіргі шығармашылық үйлерді кешенді түрде
жан-жақты қарастыру қажет. Шығармашылық үйлердің осы заманда, дәл осы шақта
осы кеңістікте орын алып отырған барлық әлеуметтік-тарихи үрдістердің
барлығымен тығыз байланысты. Ол адамзат қоғамы өмірінің маңызды-маңызды
деген жақтарымен: технологияның, экономиканың даму деңгейінен бастап,
құқық, мораль, өнер жүйесіне дейінгі келелі де күрделі құбылыстармен ішкі
ажырамас бірлікте болады.
Қазіргі заман мәдениетінде батыстық мәдениет стандарттарының көптігіне
орай, оның үстіне, мәдениеттің қазіргі өркениеттік сатысына алып келген
ғылыми-техникалық прогресс феноменінің өзі батыстық жаратылыстану
ғылымдарының жетістігі екендігін ескере отырып, көбінде қазіргі заман
мәдениетінің алғышарттары мен қазіргі даму деңгейінің батысеуропалық
адамзат мәдениетінің өлшемдерімен сәйкестігін атап айтуға болады.
Жергілікті мәдениеттің өзіндік исі оның әрбір саласынан аңқып
тұрғанымен де, қазіргі адамзат мәдениеті, шындығында, батыстандыру ықпалын
ғаламдық деңгейде сезініп отырған мәдениет деу негізсіз емес.
Қазіргі мәдениетте өзін ерен көрсететін құбылыстардың бірі – бұқаралық
мәдениет, ал ол болса техника жетістігі мен коммуникация технологиясына
сүйенеді. Мәдениеттің дамуына сыртқы факторлар, сонымен қатар әлемдік
экономиканың жағдайы, құқықтық реттеу, елдің экономикалық және саяси
жағдайы және т.б әсер етеді. Дағдарыс жағдайында инфляция болмау үшін
бөлшекті және тарифты өсуді ұстап тұру, жалақының өсуін ұстап тұрумен
байланысты болады, соның салдарынан тұрғындардың нақты кірістері
төмендейді. Бұның барлығы салаға өзінің теріс негативін тигізеді – мәдениет
қызметін пайдаланушылардың төлемдік қасиетін төмендетеді, соның салдарынан
басты қызметтің дамуына бөлінетін қаражат ақылы қызмет
көрсету,жоспары,орындалмайды.
Сонымен қатар, мәдениет саласының дамуына ішкі факторлар да әсер етеді,
оған кадрлық саясат, кадрларды дайындау және қайта дайындау, кадрлардың
біліктілігін арттыруды жатқызуға болады. Бүгінгі таңда сала үшін кадрларды
дайындау жоғары, орта арнаулы оқу орындарында жүзеге асуда.

1.Диплом алды зерттеу
Шығармашылық (латын. Cultura - өңдеу, егу деген сөзінен шыққан) – табиғат
объектісіндегі адамның әрекеті арқылы жасалатын өзгерістер. Бұл сөзде адам
еңбегінің ерекшелігі, оның адамның іс-әрекетімен байланыстылығы, адамның
және оның қызметінің бірлігі негізделген. Кейіннен мәдениет деген сөз
жалпылық маңыз алды, адам жасағанның бәрін де мәдениет деп атады. Осы
ұғымда мәдениеттің мазмұнды белгілері, түсінігі көрсетілді.
Мәдениет–адам,жасағанекінші-табиға т.
Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір
сүрген ортамен қарым-қатынасы. Ол - өзара қарым-қатынас нәтижесінде
қалыптасатын,ерекше,құбылыс.
Адамдар өздерін қоршаған ортаға, оның әлеуметтік және мәдени қатынасына
әсер етеді, өзгертеді. Олар оны өз мақсатына пайдаланады. Болашақ қоғамға,
ұрпаққа мұра етіп қалдырады, ал ол мұра белгілі жағдайда үнемі дамуда
болады.
Мәдениет әр түрлі әлеуметтік құрылымдардың, топтардың, таптардың,
жіктердің, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүру жағдайына, талабына сәйкес
пайда болып, қалыптасады. Мысалы: аң аулау, еңбек құралдарын жасау, от
жағу, тамақ пісіру, киіну, жарасымды өмір сүру, екінші біреуге
ұнау,ортамен,қатынаста,болу,т.б.
Бұл талап-тілектер қоғамдық прогреске, өрлеуге тікелей байланысты. Әр
қоғамдық кезеңде жаңа талап, тілектер пайда болады, өндіріс құралдары
дамиды. Мәселен, бір кездерде жазба әдебиеті болмады соның нәтижесінде
фольклор қалыптасты, кейініректе білім қалыптасып, жазудың шығуына жаңа
талап қойды. Бүкіл құндылықты, мифті жазып қалдыру талабы пайда болды.
Информатика дамыды, оларды микрофон, магнитофон, компьютерге түсіру арқылы
мәңгі ету қажеттігі туды. Сөйтіп, мәдениет әлеуметтік құрылымдардың, жеке
адамның тілегіне, талабына сәкес қалыптасты. Қоғамда адам тілегінен тыс
мәдениет,қалыптаспайды.
Мәдениет - әлеуметтік фактор, қоғамның қозғаушы күші. Мәдениеттің дамуы
қоғамды ілгері жылжытады. Жеке адам мәдениеті мен қоғам талабы тікелей
байланысты. Шығармашылық кәсіби әрекетке дайындықты қалыптастыру идеясы
В.И. Загвязинский, В.А. Кан-Калик, А.И. Кочетов, Н.В. Кузьмина, З.С.
Левчук, М.Р. Львова, Н.Д. Никандров, А.И. Пискунов, А.А. Толмачев, В.И.
Щербина тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде кеңінен қарастырылған. Олар
маманның шығармашылық еңбекке, оның даму шартына дайындық мазмұнын
анықтайтын қасиеттердің кең көлемді спектрін ашты. Кәсіби шығармашылыққа
дайындық мәселесін талдай отырып, барлық авторлар тек шығармашылық еңбек
қана кәсіби шеберліктің жоғарғы өлшемі екені деген ұйғарымға келді. Кейбір
авторлар (А.А. Деркач, Н.В. Кузьмина) тұлғаның кәсібилігі деген ұғым
енгізді. Оның көмегімен тұлғаның қарым-қатынасы адам қасиеттерінің
кіріктірілуі және кәсіби әрекеттің жүзеге асырылуы қарастырылады. Жоғарыда
айтылғандай, шығармашылық тұлғаның қалыптасуы тек ішкі ғана емес, сыртқы
(объективті) шарттарға да байланысты. Қазіргі заман зерттеушілері оларға
әлеуметтік жағдайлар мен олардың болашағын; қазіргі заман ғылымының даму
деңгейін; жалпылама білім беру тәжірибесінің жағдайы; бағдарлама, оқулық,
ұсыныстарда көрсетілген әдістемелік сілтемелер; бір педагогтің немесе
педагогикалық ұжымның шығармашылық әлеуеті мен ұстанымын жатқызады.
Сөйтіп, шығармашылыққа деген жаңа тұжырымдамалық бағдарлар,
шығармашылыққа дайындық түрлерін, факторларын, өлшемдерін ажырату бұл
категорияның көп қырлы сипат алғанын көрсетеді. Шығармашылық қазіргі заман
адамының өмірдегі әрекетінің маңызы бола бастады. Шығармашылық қабілеттерді
дамыту, бұрын да білім берудің мақсатты қондырғысы ретінде қарастырылған.
Бірақ, бұның өз мақсатына жетпеу себебі, білім беру жүйесінің тұлғаның
шығармашылық әлеуетін басып тастауында болды. Бүгінгі таңда өткен кездің
қатесін біліп қана қою аз. Ең маңыздысы, қай бағыт бойынша қозғалудың
дұрыс, тиімді болатыны. Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін -
өзі тануға ұмтылуы, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге
үйренуі.Шығармашылық адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне
жол бермей оның рухани күшінің нығайуына, өмірден өз орнын табуға
көмектеседі. Шығармашылық психологиялық тұрғыдан алғанда, нәтижесінде жаңа
материалдық рухани құнды дүние тудыратын әрекет. Ал педагогикалық тұрғыдан
алсақ, шығармашылық дегеніміз – адамның белсенділігі мен өз бетінше жұмыс
істеуінің жоғары түрі және ол әлеуметтік қажеттілік.Американдық психолог
Фромм анықтамасы бойынша шығармашылық дегеніміз – бұл, тани білу, жаңа бір
нәрсені анықтауға ұмтылу және өз тәжірибесін терең түйсіне білу қабілетінің
ерекшелігімен бағаланады. Тұлғаның өзіне деген сенімін арттырып, іс -
әрекетін демеп, қабілетін дамытып, шығармашылық жұмысының бастамасын
дамытады. Шығармашылық ойлау қабілетін арттыратын факторлар болып табылады.
Көптеген авторлар шығармашыл дарындылық мәселесін зерттеуде шығар-машылық
адамды функциялағанда тұлғалық фактор жоғары ролді ойнайды деген.
Креативтілік нормативті процесс ретінде танылады, яғни барлық адамдарға
тән,креативті жаттықтыруға болады. Психологиялық диагностикалау
лабораториясымен қатысушылардың шығармашылық ойлауы зерттелінген.
Шығармашылық – пайда болған міндеттерді үрдісінен белгілі,бір тәсілдермен
шешу, талап етілетіндердің үрдісінен шығатын жоғары түрдегі ойлау. Ойлау
процесі үстемдік еткенде, шығармашылық, елес ретінде көрінеді. Мақсат пен
іс - әрекет тәсілінің құрамды бөлігі бола тұра, ол шеберлік пен бастаманың
міндетті шарты ретінде шығармашылық іс – әрекет деңгейіне, дейін көтереді.
Шығармашылық әрекетті
жүзеге асыратын субъект – тұлға. Қандай типтегі тұлға шығармашылықта
мұратына жетеді десек, ойы ұшқыр, ақылы алғыр болуы керек екендігі ғылымда
дәлелденген. Ең бастысы, шығармашыл тұлғада шығармашылыққа деген тұрақты
қажеттілік, тұрақты сұраныс болып, өз ісіне қанағат табу сезімі болуы
қажет. Осыған байланысты адам идея, жаңалық аштым деп ойлайды, ал шын
мәнінде олар адамды ашады - деген К.Г. Юнгтің сөзін келтіруге болады. Бұл
шығармашылық – адамды дамытады, шебер етіп шыңға көтеретін факторлардың
бірі екеніне – дәлел бола алады. Білімнің ізгілік парадигмасы тұрғысынан
қарасақ, тұлғадағы шы-ғармашылық басқа адамдарда жоқ немесе аз мөлшердегі
жекеліктерді дамытады. Шығармашылық өнерінің қалыптасып дамуы үшін негізгі
бағыт беріп, Қазақстан Суретшілері одағының атқарған рөлі, әсіресе бастапқы
кезеңде, баға жетпес. Талай қиындықтарға қарамастан, Суретшілер одағы
айналасына суретшілер қатарын біріктіріп, республикамыздағы көркемөнер
саласының дамуына жағдай жасап, оның қоғамдағы мәртебесі мен беделін
көтерді. Еліміздегі барлық шығармашылық одақтар 1932 жылы 23 сәуірде
шығарған Көркем-әдебиет мекемелерінің қайта құру қаулысының негізінде әр
жылдары құрылды. Қазақстанның Суретшілер одағы суретшілер мен
өнертанушыларын біріктіретін қоғамдық мекеме ретінде республикамызда ең
алғашқылардың бірі болып құрылды. 1930-шы жылдардың басында Қазақстанда
суретшілердің шығармашылық ұйымдарының қалыптаса бастауына жағдайлар
туындады. 1929 жылы Алматыда тұратын бір топ суретші, ынтымақтастықтың
қажет екенін түсініп, ұйымдасу формасы ретінде көркемдік қызмет көрсету
мен қалың бұқара еңбекшілерін тәрбиелеу мақсатында Қазақстанда Ресей
суретшілері Ассоциациясының филиалын құруды ұсынды. Қазақстан Кеңес
суретшілер одағының құрылған жылы деп 1933 жыл есептеледі. 1933 жылдың
қыркүйек айында, баспасөз беттеріне өз айналасының шығармашылық күштерін
біріктіруге тырысқан ынталы топтың барын дәлелдейтін, ұйымдастыру
мақсатындағы бірқатар хабарламалар шықты.. Кәсіпқой суретшілер, бейнелеу
өнері мұғалімдері, өздігінен үйренушілер мен бейнелеу өнері үйірмелерінің
мүшелері шақырылады. Бұл хабарландыру астында Қазақстан кеңес
шығармашылық одағының ұйымдастыру бюросы деп тұңғыш рет жазылған еді.

Қазақстанның бірінші республикалық
көркемөнер көрмесі, Алматы қаласындағы Қазақ Ұлттық Көркемсурет
галереясында 1937 жылы 5 желтоқсанда ашылды. Бұл күн ҚСО үшін ғана емес,
басқалар үшін де айрықша күн болды. Көрме галереяның көрермендер үшін ресми
ашылуы орайластырылды. 22 суретші қатысып, 63 шығарма қойылды. Бұл көрме
жылсайынғы есеп беру көрмелердің ұйымдастырылуының бастамасы болды. Тарихи
тәжірибеге сүйене отырып, орыс және кеңес өнерінің қалыптасып қалған
дәстүрлерін пайдаланып, шығармашылық одақтың жұмысының негізгі түрі –
плакаттар шығару мен басқа да саяси үгіт-насихаттың көркемдік формаларын
іздеп табу, шығармашылық одақтың барлық мүшелері мен кандидаттарының күшін
жоғарыда аталған міндеттерді орындауға жұмылдыру, шығармашылық іс-
сапарларының қаржысын түгелімен қорғаныс мәні бар шығармалар жасауға жұмсау
болып табылды. Жаңа саяси, әлеуметтік, экономикалық ахуал жылдам шешім
қабылдауды қажет ететін жаңа сұрақтар туғызды: Шығармашылық одағында
басқару институтының болашағы бар ма жоқ па, Шығармашылық одағы мен
Көркемдік Қордың құрылымы жайында, Шығармашылық одағының жаңа Жарғысы,
Шығармашылық одағы мен Көркемдік Қордың мүлкін инвентаризациялау сияқты
т.б. сондай мәселелер. Осы алға қойылған міндеттерді Шығармашылық одағы
жаңа дәуір – Қазақстанның Тәуелсізідігі дәуірі кезеңінде орындауға тиіс
болды. Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекетке айналған жағдайда,
Қазақстан Шығармашылық одағы, қоғамдық ұйым ретінде өз миссиясын жалғастыра
отырып, алдына басты мақсат және міндет қылып Қазақстанның мәдениеті мен
өнерін әрі қарай дамытуға, шығармашылық еңбек адамдарының мүддесін қорғауға
және халықтың рухани-материалдық құндылықтарын сақтауға ден қойды.
Қазақстан шығармашылық одағы ТМД елдері Суретшілер
одақтарының Халықаралық Конфедерациясының және ЮНЕСКО жанындағы Халықаралық
шығармашылық Ассоциациясының құрамына енді.

1.1 Аналогтарды сараптау
Эвололюциялық дамудың ең жоғарғы сатысына көтерілген, қоршаған ортаға
белсенді ықпал етіп, тіршілік сырын танып білу иесіне айналған тұлға
мәселесі, оның даму ерекшеліктері қазіргі ғылымда көкейтесті мәселелердің
бірі болып табылады. Тұлға ұғымы әр түрлі ғылыми салаларында зерттелініп
жатқанымен, дамып келе жатқан әлеуметтік орта, мұны жеткіліксіз,- деп
бағалайды. Қазіргі таңда әлеуметтік және психологиялық ғылым аймақтарының
негізгі зерттеу мәселелерінің бірі – тұлғаның әлеуметтік – психологиялық
ерекшеліктері. Профессор Е. С. Кузыминнің тұжырымдамасына сүйенсек, адамның
енуі, тұлғаның әлеуметтік – психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуындағы,
оның негізгі қатынастарының көтеріліс беруіндегі, дамуындағы, негізгі
бастау көзі болып келеді. Бұл қатынастар іс - әрекеттің мінез – құлықтық,
танымдық, эмоционалды және ерік – жігерлік қортындыларды қамтиды. Осындай
қатынастар адамның жалпы қоғамға, ақын топтарға және өзіне деген мінез –
құлқының стратегиялық, тактикалық және жағдайлық бағдарламасының негізін
құрайды. Ғалымдардың пайымдауларына сүйенсек, адамдардың әлеуметтік –
психологиялық мінездемелеріне байланысты тұлғаның ең негізгі құрылымдық
компоненттері ретінде мыналар есептелінеді: сана; мінез; қабілет,
интеллект, темперамент, тәжірибе, өзін - өзі бақылау.
Қазіргі заман мәдениетінің теориялық мәселелері, оқу құралында жан-жақты
қамтыған, пәнаралық өрісте жалпыфилософиялық, мәдениеттанулық,
лингвомәдениеттанулық идеялар негізінде түсіндірілген:
-қазіргі заман мәдениетінің динамикасын ашып көрсету;
-қазіргі заман мәдениетінің негізгі үрдістеріне сипаттама беру;
-жаңа технологияларға негізделген жедел өзгерістер кезеңіндегі қазіргі
заман мәдениетінің дағдарыс-тоқырауларының түпнегізін анықтау;
-қазіргі заман мәдениетінің болашақтағы даму бағдарларын көрсету.
Қазіргі заман мәдениеті соның алдындағы мәдени дәстүрлерді өз бойына
жинақтайтындығы рас, бірақ, сөйте тұра тек өзіне ғана тән ерекшеліктерге ие
болатындығы тағы да бар. Ендеше, қазіргі заман мәдениетін кешенді түрде жан-
жақты қарастыру қажет. Қазіргі заман мәдениеті осы заманда дәл осы шақта
осы кеңістікте орын алып отырған барлық әлеуметтік-тарихи үрдістердің
барлығымен тығыз байланысты. Ол адамзат қоғамы өмірінің маңызды-маңызды
деген жақтарымен: технологияның, экономиканың даму деңгейінен бастап,
құқық, мораль, өнер жүйесіне дейінгі келелі де күрделі құбылыстармен ішкі
ажырамас бірлікте болады.
Қазіргі заман мәдениетінде батыстық мәдениет стандарттарының көптігіне
орай, оның үстіне, мәдениеттің қазіргі өркениеттік сатысына алып келген
ғылыми-техникалық прогресс феноменінің өзі батыстық жаратылыстану
ғылымдарының жетістігі екендігін ескере отырып, көбінде қазіргі заман
мәдениетінің алғышарттары мен қазіргі даму деңгейінің батысеуропалық
адамзат мәдениетінің өлшемдерімен сәйкестігін атап айтуға болады. Қазіргі
мәдениетте өзін ерен көрсететін құбылыстардың бірі – бұқаралық мәдениет, ал
ол болса техника жетістігі мен коммуникация технологиясына сүйенеді. Демек,
қазіргі заман мәдениетін таныстыруда осы мәселелерді терең зерттеген жөн.
Сондықтан, осы оқу құралында техника-технологиялық үдерісті дамудың
мәдениетке тигізетін әсері көп. Қазіргі заман дегеніміз нені білдіреді? Ең
алдымен осы сұрақтың жауабын тауып, осы мәселенің бетін ашып алған жөн.
Қазіргі шақтың, өткен шақ пен болар шақтың ортасында тұрғандығы кім-кімге
де болса мәлім. Ал сол грамматикалық құрылымда анық нәрсе, мәдениет
тарихына келгенде дәп сондай анықтық таныта ма? Әрине, олай деп айту қиын.
Өйткені адамзат мәдениеті тарихына қатысты тек мерзімдік, шақтық тұрғыдан
сөйлеу дұрыс болмас.
Адамзат мәдениетінің өткені қазіргісінде, қазіргісі болашағында тыныс
табары да мәлім. Дей тұрғанмен, осы ортада уақыттық-мерзімдік тұрғыдан
болсын, мағыналық-мәндік тұрғыдан болсын қойылған сұрақты қанағаттандырар
жауап іздеген жөн. Ендеше, біздің өзіміз қатынасушысы да, тұтынушысы да,
жасалуына куәгері де болып отырған қазіргі мәдениеттің парадигмалары күні
бүгін ғана пайда бола қалмағаны белгілі. Оның мазмұндық желісі,
құндылықтарының сұрыпталуы, қазіргі даму деңгейіне жеткізген техника-
технологиялық, ақпараттық, әлеуметтік алғышарттары үстіміздегі ғасырдан
әріде даярланғаны мәлім. Сондықтан да біз уақыт жебесінде тым алыстамасақ
та, ХХ ғасырды осы қазіргі заман мәдениеті ұғымына сыйғызғанымыз жөн.
Сонымен, ХХ ғасыр мен осы табалдырықты енді аттап үлгерген ХХІ ғасырдың
бірінші онжылдығы, мерзімдік тұрғыдан қазіргі заман мәдениетінің
хронологиялық шектері болмақ. Қазіргі заман мәдениетін біз көбінде
медиамәдениетпен байланыстыратынымыз заңды. Өйткені бұқаралық ақпарат
құралдары қазіргі заман адамын да, оның мәдениетін де құрастырады.
Концепциялар туралы айтпас бұрын, жалпы бұқаралық мәдениет ұғымының ғылыми
айналымда болсын, БАҚ-та болсын орнығып үлгергеніне қарамастан, кейбір
таласты тұстары бар екендігі жайлы мамандардың барлықтары бірдей көзқараста
еместігін де айта кетуіміз керек. Мысалы, еліміздегі танымал
мәдениеттанушылардың бірі, профессор С. Темірбеков бұқаралық мәдениет пен
сауықтық мәдениет деген ұғымдар арқылы, аражікті ашып көрсету керектігі
туралы ойларын өз басым қолдаймын.
Расында, біздің тілімізде бұқара ұғымын жағымсыз коннотациямен, жоғарыдан
төмен қараған пысқырмаушылық эмоциясымен байланыстыра қарауға болмайды.
Бұқара – көпшілік, халық. Қалайша аузымыз барып көпшілікке күл шашпақпыз?!
Халықтық мәдениет, бұқара мәдениеті қашанда болған,әрі,бола,береді де,емес-
пе?!
Осы халықтық мәдениет пен тобырлық немесе мазмұны жағынан алғандағы
сауықтық мәдениеттің айырмашылығына көз тастар болсақ, онда, біріншіден,
халықтық мәдениетті халықтың өзі, әрі өзіне арнап жасайтындығын байқаймыз.
Демек, жасаушы да пайдаланушы да, әрекеттің субъекті де, объекті де біреу –
халықтың өзі. Ал тобырлық сауықтық мәдениет үлгілерін біреулер көпшілік
халықтың тек қана бір бөлігі үшін – қарабайыр тобыр үшін арнайы даярлайды,
сөйтіп, тобырды өзінің тәжірибе объектісіне айналдырады.
Бұқаралық мәдениет деп атап жүргеніміздің орнын әлеуметі тұрғысынан
тобырлық, ал мазмұны тұрғысынан сауықтық мәдениет алады деп түсінгенмен,
ғылыми қолданыстағы терминді пайдаланбасқа тағы да болмайды. Тобыр
мәдениеті, біле-білгенге, американдық саясаттың ақпараттық, экономикалық
бөлігі емес пе?! Олай демей не дерсің, егер Бзежинскийдің айтуы бойынша,
американдық теледидар бағдарламалары мен киноөнімдері әлемдік нарықтың
төрттен үш бөлігін алып тұрған болса? Осыдан тобырлық сауық мәдениетін бет-
бейнесіз дегеніміз жөнсіз бе деп күманданасың. Тобыр мәдениетінің бетін
“тырнап” қалсаң астынан ақсиған ақ тістерге толы жиылмас езу иелерін
көргендей боласың.
Сонымен, халықтық өнер – халықтың өзін-өзі танытуының табиғи жолы, ал
тобырлық немесе сауықтық мәдениет деп қазіргі БАҚ-тың кеңейе күрделенуіне
сай туындаған тұлғасыз, бет-бейнесіз қарабайыр көпшілікті, БАҚ арқылы
сананы жаулап алуды, сөйтіп онымен манипуляциялауды, яғни өз дегеніне
көндіруді көздеген мәдени құбылысты атауға болады. Сондықтан жөні –
бұқаралық мәдениет деп атап жүргеніміздің орнын әлеуметі тұрғысынан
тобырлық, ал мазмұны тұрғысынан сауықтық мәдениет алады деп айтуға
болғанымен де, ғылыми қолданыстағы терминді пайдаланбасқа тағы да,болмайды.
Халықтық өнер халықтың өзін-өзі танытуының табиғи жолы болғандықтан, ол
өзін өндіру барысында индустриалды техникаға тәуелсіздік танытпайды. Ал
тобыр үшін даярланған “өнер” үлгілері сол қоғамды басқарушы элитаның
билеуші стратегиясына, түп мақсатына сай неғұрлым көпшілікті қамтуы тиіс
болғандықтан ертелі-кеш “ызыңдайтын” БАҚ-ты, жарнаманы, “промоушн”, “пиар”-
ды және тағы да сол секілді адам санасын жаулау жолдарының көрнекі
түрлерін қажет етеді. Қорытындылай келе, шығармашылық үйлердің кәзіргі
кездегі ерекшеліктері жиырма бірінші ғасырға сай болуда ари құрамы аркез
өзгерісте болу керек. Жалпы, шығармашылық үйді қарастыратын болсақ, өз
өнерінің көкке самғауына көмегін шексіз тигізуде.

1.2 Фирмалық стиль өңдеуінің міндеттерін айқындау
Коммуникация процесі басқару процесінің маңызды, мәнді бөлігі болып
табылады. Маркетингте коммуникация процесі тұтынушыларға бағытталған, демек
ол барынша тиімді болуы үшін әбден ойластырылып, жүйелі сипатта болуы
керек. Коммуникациялық процесс тұтынушы секілді санаттың барлық
ерекшеліктерін, оның жас мөлшерін, білімін,қызушылығын, нені ұнататынын
ескеру қажет. Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарын тиімділігін,
басылымның көпшілікке жетуін, хабардың эфирге шығу уақытының қолайлығын
және т.б. назарға алу тиіс. Тиімді маркетингтік коммуникация процесі
мынадай кезеңдерге бөлінеді. Бірінші екі элементі – коммуникацияның негізгі
қатысушылары, яғни, жіберуші мен алушы. Содан кейінгі екеуі-
коммуникацияның негізгі қарулары, яғни ақпарат тарату құралдары. Төрт
элемент негізгі атқарушылық құрамдас бөліктер болып табылады: кодтау, шешу,
жауап әрекеті , кері байланыс. Ең соңғы элемент-жүйедегі кездейсоқ
кедергілер. Жіберуші-басқа жаққа жолдау жіберуші тарап. Кодтау- ойды
бейнелеп беру процесі.Ақпарат тарату құралдарымен-жолдау, жіберушіден
алушыға жеткізетін коммуникацияға арналған. Шешу- алушының жіберушіге
таратқан символдарға мән беру процесі. Алушы- басқалар таратқан жолдауды
қабылдаушы тарап. Жауап әрекеті- алушының жолдауды назарына ұстап қабылдау
әрекеті Кері байланыс-алушының жіберуші назарына ұсынған жауап әрекеті.
Кедергілер- коммуникация процесі барысында орын алатын тосыннан араласу
немесе бұрмалау салдарынан, жіберуші таратқан жолдаудан өзгеше жолдау келіп
түсуі. Олар жолдауды мақсатты аудиторияға жететіндей етіп, тиімді бұқаралық
ақпарат құралдары арқылы жіберуі керек. Олар өздерінің жолдауына
аудиторияның жауап әрекетін біліп отыру үшін, кері байланыс арналарын
жасауы керек. Үлгі тиімді коммуникация процесі барысында басты факторларын
тауып береді.Жіберуші қандай аудиторияның жауабын алғысы келетінін білу
керек.
Маркетингтік коммуникация процесі.

Мақсатты аудиторияның анықтауы қажет мәселені айту, қалай айту, қашан айту,
кімнің атынан айту керектігі туралы мәселе, шешімге әсер етеді. Қалаулы
жауап-әрекетті анықтау, мақсатты аудиторияның сан алуан дайындығының 6
түрлі жағдайында өтеді; Хабардарлық- тауар не ұйым туралы, мақсатты
аудиторияның қаншалықты дәрежеде хабардар екенін анықтау қажет.
Аудиторияның мүлдем хабарсыз болуы,тек атауын ғана білуі не атауынан басқа
да нәрселерді білуі мүмкін. Егер аудиторияның басым бөлігі хабарсыз болып
шықса,коммуникатордың міндеті – қажетті хабарды жеткізу, ең болмаса атауын
білетіндей,танитындай жағдай туғызу. Білім – мақсатты аудитория, фирма
оның тауары жайында хабардар болуы, немесе мағұламаттардан хабарсыз болуы
мүмкін. Егер мақсатты аудитория тауарды білсе, ол жайында қандай пікірде
болмақ? Алдымен кемшіліктерін ашып алып, содан соң барып артықшылықтарын
әңгімелеу керек. Мақсатты аудитория тауарға ізгі ниетпен қарауы және оны
басқаларға қарағанда жоғары бағалауы мүмкін. Мұндай жағдайда коммуникатор
тұтынушының жоғары пікірін қалыптастыруға тырысып бағады– ол тауардың
сапасын, оның құндылығын, жұмыс сипаттамасын, басқа да қасиеттерін мақтай
бастайды. Коммуникатор өзінің осы науқанының табысты болғаны жайында, ол
аяқталғаннан кейін тұтынушының жоғары пікірін, қайта салмақтау нәтижесі
бойынша айта алады. Сенім – мақсатты аудитория нақты тауарды жоғары
бағалауы мүмкін, бірақ оны сатып алу қажеттігіне сенімі болмайды. Сатып
алуды іске асыру – мақсатты аудиторияның кейбір мүшелері қажетті сенімге ие
болғанымен,сатып алуды іске асыруға дайын болмайды Бәлкім, олар сатып алуды
іске асыруды кейінірекке жоспарлап, қосымша ақпарат алуды тосатын болар.
Коммуникатор осы тұтынушыларды, олардан талап етілетін соңғы қадамды
жасауға жетектеуге тиіс. Сатып алуды іске асыруға жетелейтін тәсілдер
ішінде, тауарды төмен бағамен ұсыну, сатып алғаны үшін сыйлық беру,
шектеулі мерзім ішінде тауарды сынап көруге ұсыну немесе таяу арада бұл
тауарға қолы жетпей қалуы мүмкін екендігін тұспалдап жеткізу тәсілдері
болуы керек. Жолдауды таңдау, жолдауға назар аударту, қызығушылығын
жоғалтпай, талап – тілегін күшейту, іс- әрекет жасауға түрткі болу керек.
Жолдау жасау, жолдаудың мазмұны үш себепке негізделеді. Орынды себеп,
әсерге сүйену себебі, көңіл – күйге сүйену себебі; жолдауды жүйелі айту,
оның құрылымын әзірлеу, және, тұжырымды пайдалану;мазмұнын мәнді беру,
символдар түрлерінтиімді беру – теледидар, радио, баспасөзді, т.б пайдалану
барынша жөн болмақ. Ақпарат тарату құралдарын таңдау, коммуникация
арналарын анықтау жеке коммуникация арнасы (түсіндіру, насихат,
сараптамалық баға, қоғамдық – тұрмыстық арна, қауесет пікірлер) ; -жеке
меншік емес коммуникация арнасын пайдалану керек.

1.3 Тарихи анықтама
Адамзат уақыт ағымына байланысты қашанда өзіне қатысты әлемді, ең кем
дегенде үш кезеңге бөліп қарастырады: өткені, осы қазіргісі және болашағы.
Адамзат мәдениетінің өткені мен оның салдары ретіндегі бүгінгісін, тарихта
орын алған немесе орын алып отырған шындық ретінде сараптауға болады.
Қазіргі заман мәдениеті, соның алдындағы мәдени дәстүрлерді өз бойына
жинақтайтындығы рас, бірақ, сөйте тұра тек, өзіне ғана тән ерекшеліктерге
ие болатындығы тағы да бар. Ендеше, қазіргі заман мәдениетін кешенді түрде
жан-жақты қарастыру қажет. Қазіргі заман мәдениеті осы заманда, дәл осы
шақта, осы кеңістікте орын алып отырған барлық әлеуметтік-тарихи
үрдістердің барлығымен тығыз байланысты. Ол адамзат қоғамы өмірінің маңызды-
маңызды деген жақтарымен: технологияның, экономиканың даму деңгейінен
бастап, құқық, мораль, өнер жүйесіне дейінгі келелі де күрделі
құбылыстармен ішкі ажырамас бірлікте болады.
Қазіргі заман мәдениетінде батыстық мәдениет стандарттарының көптігіне
орай, оның үстіне, мәдениеттің қазіргі өркениеттік сатысына алып келген
ғылыми-техникалық прогресс феноменінің өзі, батыстық жаратылыстану
ғылымдарының жетістігі екендігін ескере отырып, көбінде қазіргі заман
мәдениетінің алғышарттары мен қазіргі даму деңгейінің батысеуропалық
адамзат мәдениетінің өлшемдерімен сәйкестігін атап айтуға болады.
Жергілікті мәдениеттің өзіндік исі оның әрбір саласынан аңқып
тұрғанымен де, қазіргі адамзат мәдениеті, шындығында, батыстандыру ықпалын
ғаламдық деңгейде сезініп отырған мәдениет деу негізсіз емес.
Адам әлемінде болсын, адамзат мәдениетінде болсын жоқтан ештеңе пайда
болмайды. Тағы бір айта кететін жай – қазіргі заман мәдениетінің маңызды-
маңызды деген сипаттамаларының қайткен күнде де еуропалық мәдениетпен,
сонда қалыптасқан құндылықтар жүйесі мен техника-технологиялық
жетістіктермен тығыз байланысты екендігі. Адамзат тарихында еуропалық
мәдени өнімдер өтімді болып тұрған қазіргі заман, сол мәдениеттен туындаған
ақпарат алмасу құралдарының әлеуеттілігіне байланысты екендігінде айта кету
керек.
Ұлтымыздың бай салт-дәстүрлерін мәдени шараларды пайдалану, оның озық
дәстүрлерін бүгінгі қоғам дамуына сай жаңа бояумен көрсету, сол арқылы ұлт
тарихын, өткен өмірін, ерлік, бірлік дәстүрін насихаттау, жас ұрпақтың
оларға деген қызығушылығын арттыру арқылы үлгі тұтуын қамтамасыз ету
кеңінен сөз болды.
Қазіргі әлемнің қарқынының
жеделдеуі – тарихи үдемелі прогрестің заңдылығы. Алдыңғысымен
салыстырғанда, әрбір келесі келетін дәуірдің өмір кезеңі қысқарақ
болатындығы туралы, мәдени зерттеулер саласында біраз теориялар барлығы да
белгілі. Алғаш рет терең тарихи толқындардың өмір жасының ұзақтылығының
қысқаруы туралы идеяны Фернан Бродель айтқан,болатын.
Соңғы онжылдықтарда адамзат өзінің бүкіл тарихында жасаған жаңалықтары мен
өнертапқыштықтарының 70-90 пайызын жасап қойғандығын мамандар есептеп берсе
керек. Мәдениеттің дамуының жылдамдауының өлшемінің бірі ретінде, мәдени
жаңашылдықтың “өміршеңдігінің”, сұрыпталуының өлшемі ретінде ақпараттық
үдеру принципі алға тартылады.

1.4 Фирмалық стильдің түсініктемесі мен мазмұны
Фирмалық стиль – көркемдік-графикалық, қаріптік, түстік және басқа да
константалардың жүйелі ұйымдастырылған жиынтығы, олар KMF бейнесінің,
сондай-ақ оның өнімдері мен қызметтерінің тұтастығын және даралығын
қамтамасыз етеді.
Фирмалық стиль KMF компаниясын көптеген басқа да ұйымдар арасынан өзгешелеп
алуға, оның есте сақталымдығын арттыруға бағытталған.
Фирмалық стиль KMF қызметтерінің барлық ерекшеліктерін, сондай-ақ оның
алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерді ескере отырып әзірленген.
Фирмалық стиль компания беделін қалыптастырудағы негізгі құралдардың бірі
болып табылады, компанияға, сондай-ақ өнімдер мен қызметтерге деген сенімді
қалыптастырады.Маркетингтің эволюциялық даму кезеңі ғасырдан астам уақыт
созылып келеді. Ірі ауқымды өндіріс қалыптасып, бәсекелестіктің күрт
шиеленіскен жағдайларында өндірісті басқару және өнімді өткізу әдісі
ретінде ол, ең алғаш АҚШ–та, содан кейін Европа елдерінде де пайдалана
бастады. ХХ ғасырдың 60-жылдары маркетинг ғылымы негізделді және толысқан
нарық жағдайында өнімді сатудың тиімді әдісі ретінде кең қолданылды, ал 80-
жылдары қызмет көрсету саласына және коммерциялық емес іс-әрекетке де
енгізіле бастады.
Маркетинг ұғымы ағылшынның market (нарық) сөзінен шыққан, ал инг
жалғауы нарық жасаушы немесе нарық аумағындағы қызмет дегенді сипаттайды.
Маркетинг ірі ауқымды өндірістің қалыптасуы және бәсекелестіктің күрт
шиеленіскен жағдайында өнімді өндіру мен өткізуді басқарудың әдісі ретінде
бөлініп шықты.

Маркетинг дамуының бірінші кезеңі ХХ ғасырдың басынан бастап 40-жылдардың
соңына дейін созылды. Бұл кезеңдегі маркетингтің мақсаты – тауарларды
ұтымды өткізу, тездетіп сату және коммерциялық іс-әрекеттің тиімділігін
арттыру болды.
Маркетинг дамуының екінші кезеңі 1960 – 1970 жылдарды қамтиды, осы кезеңде
маркетинг тұтынушылардың сұранысына бейімделген басқару теориясы мен
тұжырымдамасының құрамдас бөлігі ретінде қарастырыла бастады. Бұл
компаниялардың қызметін басқаруды маркетинг қағидалары негізінде жүзеге
асыру ғылымының негізін қалады, ол басқарудың нарықтық теориясы деп
атала бастады.
70-жылдардың екінші жартысында маркетинг эволюциялық дамуының үшінші
кезеңіне аяқ басып, бизнестің философиясына айналады. Нарық құрылымындағы
орасан зор өзгерістердің болуы, оның қызмет түрлері мен тауарларға толуы,
бәсекелестіктің өршуі, ғылыми-техникалық прогрестің өсуі, маркетинг мәнінің
түрленуіне әкелді – оны бәрінен бұрын сыртқы ортаны зерттеу мен оған
бейімделудің жолын іздейтін және фирманың барлық қызметін біріктіретін
корпоративтік стратегияның элементі ретінде қарастыра бастады.
Маркетинг теориясы экономикалық ғылым жүйесінің қалыптасуымен тығыз
байланысты. Маркетингті тереңдетіп зерттеу тек нарық, айырбас, тауар,
сұраныс, қажеттілік сияқты экономикалық категорияларының мәнін түсіну
негізінде ғана болуы мүмкін. Бұл түсініктер маркетингтің прагматикалық
теориясының даму негізі болып табылды.
Нарық түсінігі экономикалық категориялардың кең тараған түрінің бірі
екеніне қарамастан, оның біріңғай түсініктемесі жоқ. Алғашқы кездерде
нарық базар, сату орны ретінде қарастырылды. Маркетинг жүйесіндегі нарық
– нақты және әлуетті тұтынушылардың жиынтығы. Нарықты өзінің тауарды сатып
алу мүмкіндігі және қажеттіліктері бар тұтынушылар құрайды. Сондықтан
маркетингтің басты міндеті тұтынушылардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін
айқындау және қанағаттандыру болып табылады.
Тауар маркетингтік бүкіл іс-әрекеттің қозғаушы күші, оның төңірегінде
маркетингтің саясаты мен стратегиясы жасалады. Тауарға маркетингтік
тұрғыдан келу үшін, ең алдымен оны тұтыну ерекшелігінің маңызы мен нақты
бір қажеттілікті қанағаттандыратын мүмкіндігін ескеру керек.
Тауар – бұл адамдардың нақты қажеттіліктерін қанағаттандыратын және
айырбасқа түсетін өнім. Тауарлар материалды және материалды емес сипатта
болады. Тауардың пайдалылығы және оны жасаушылардың барлық жұмсалған күш-
жігері маркетинг теориясында маңызды орын алатын айырбас барысында
айқындалады.
Айырбас - өндірушілер мен тұтынушылардың баламалы негізде жүзеге асырылатын
қоғамдық байланыс түрі. Айырбас жүргізу үшін екі немесе одан да көп
жақтардың қатысуы керек, олардың әрқайсысында құндылығы бар тауар және
сонымен қатар айырбастауға деген ниет болуы тиіс. Екі немесе одан да көп
жақтың құндылықты айырбасқа салуы трансакция немесе мәміле деп аталады.
Мәміле – белгіленген шартқа байланысты тауар мен қызметті іске асыру үшін
екі немесе бірнеше жақтардың өзара келісімі.
Маркетинг жүйесінде сұранысты зерттеу – нарықты кешенді зерттеудің басты
кезеңі, ол нарықтық жалпылама сипаттамаларын анықтауға мүмкіндік береді.
Сұраныс – сатып алу қабілеті бар қажеттілік. Сұраныс адамның қажеттілігін
ғана емес, ең басты оның қажетті тауар сатып алуға қаржылық мүмкіндіктерін
де білдіреді. Сұраныстың екі деңгейі бар: жалпы нарықтағы сұраныс және
фирма өніміне сұраныс.
Нарықтағы сқраныс – бұл фирма және тауар маркаларының жиынтығына арналған
нақты кезең мен нақты мекендегі тауар нарығында қолданылатын жалпы сату
көлемі.
Өнімге сұраныс – фирманың нарықтағы үлесіне сәйкес келетін, тауар
нарығындағы сұраныс бөлігі.
Сұраныс пен қажеттілік түсініктері арасында тығыз байланыс, айырмашылық
және қарама – қайшылық бар екенін атап өтуіміз қажет.
Қажеттілік – мағынасы кең ұғым. Сұраныс қажеттіліктің бір бөлігі және ол
тұтынушының сатып алу қабілетін сипаттап қоймайды, сонымен бірге олардың
тауарға талғамы мен талабын да білдіре алады.
Өзінің эволюциясы кезінде маркетинг тұжырымдамасы көптеген өзгерістерге
ұшырады, соған сәйкес маркетинг мәніне деген көзқарастар өзгерді, оның
көптеген анықтамалары туындады. ФРГ-ның Маркетинг институтының мәліметтері
бойынша, бүгінгі күні маркетингтің 2000-нан астам анықтамасы бар. Ресейлік
ғалым М.Валоваяның пікірінше, маркетинг сөзі құбылмалы, не айтқысы келсе,
соны білдіре алады, сондықтан бір ғасырдан астам уақытта ғалымдар оған әр
түрлі сипаттағы анықтамалар беруде.
Маркетинг теориясында анықтамалардың екі тобын бөліп көрсетеміз, ол:
классикалық және осы заманғы. Классикалық түсініктемеде тауарлар мен
қызметтерді жылжыту процесіне баса назар аударылады.
Маркетингтің дамуына қарай, ғалымдар мен мамандардың көзқарастары өзгеріп
отырады. Ф.Котлер алғашында маркетингті Фирмаға ұзақ мерзімді ең үлкен
шамадағы пайданы қамтамасыз ететін, тұтынушыға бейімделген өндірістік-
өткізу әрекеті деп сипаттаған болса, соңғы еңбектерінде оны тауарды
өндіру, оны тұтынушыға ұсыну және айырбас жолдарымен жеке және топталған
тұтынушылардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға
бағытталған әлеуметтік және басқару процесі деп көрсетті.
Маркетингтің шетелдік және отандық ғалымдар ұсынған неғұрлым жиі кездесетін
анықтамаларын талдай келе, олардың мазмұнына қарай былай топтастыруға
болады.
1. Маркетингті тауарлар мен қызметтерді өткізу және сату ретінде
қарастыратын анықтамалар.
2. Маркетинг менеджменттің маңызды міндеті ретінде қарастырылады, мұнда ол
фирманаң өндірістік-өткізу әрекетінің басқару жүйесі деп беріледі.
3. Маркетинг – қазіргі бизнес философиясы, ойлау стилі және тұтынушылардың
мұқтаждықтары мен тілектерін қанағаттандыруға бағытталған мақсат.
4. Маркетингті адамдардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін зерттеуге және
қанағаттандыруға бағытталған әлеуметтік үрдіс ретінде қарастырылатын
анықтамалар.
Маркетингтің қағидалары мен әдістері тек өндіріс пен коммерциялық қызметте
ғана емес адамзаттық қызметтің барлық өрістерінде қолданылады. Сондықтан
маркетинг объектілері тек қана тауарлар мен қызметтер ғана емес,
коммерциялық емес ұйымдар ( Қызыл Ай және Қызыл Крест қоғамы ), жеке
аймақтар ( Ыстық көл ), идеялар ( қоршаған ортаны қорғау ) және адамдарда(
әртістер, саяси лидерлер ) бола алады.
Маркетингтің қызметтік және тұжырымдамалық екі жағы бар:
Қызметтік тұрғыдағы маркетинг - ол бұл кәсіпорынның қазіргі нарық
жағдайында фирманың маркетингтік қызметін ұйымдастыру және оның бәсекеге
қабілеттілігін жоғарылату үшін жүзеге асырылатын қызметтер жүйесі.
Маркетингтің классикалық теориясының негізгі маркетинг – микс тұжырымдамасы
болып табылыды, оны алғаш рет американ ғалымы Н.Борден ұсынған, кейіннен
Дж.Ховард, Б.Фрей, Е.Маккарти, Ф.Котлер дамытқан. Оның негізінде қазіргі
кездегі маркетинг тұжырымдамалары қалыптасқан,сондықтан ол классикалық деп
аталады.
Мичеган университетінің профессоры Е.Маккарти маркетинг – микс
тұжырымдамасын дамыта отырып, 1960 жылы төрт элементтен тұратын 4 Р
моделін ұсынды, ол ағылшынша р әрпінен басталатын өнім, баға, орын және
жылжыту деген ұғымдардан тұрады. Бұл модельдің ықшамдылығы және
сыйымдылығы, оны қабылдаудың қарапайымдылығы, құрылуының логикасы оны
теорияда және тәжірибеде маркетингтік өзгермелілерді анықтаудың әйгілі түрі
ретінде қолдануға мүмкіндік берді.

1.5 Жобалық ұсыныстар
Егемендi елiмiздiң болашағы жас жеткiншектердiң бiлiм дәрежесiнiң
тереңдiгiмен өлшенедi. ХХ ғасырдың басындағы қазақ қаламгерлері
энциклопедиялық білімге ие кемелді тұлғалар еді. Ғылым мен өнер саласындағы
жаңа қадамдар, кәсіби маманның жетіспеушілігі зиялылардың барлық салада
қызмет істеуіне жол ашып, жан-жақты жетілу орайын берді. Сонымен бірге бар
мүмкіндіктерін жұмсап қызмет істеу міндетін де жүктеді. Қазіргі заман
мәдениеті философиялық, мәдениеттанулық парадигма аясында
қарастырылады.Қазіргі заман мәдениетінің теориялық мәселелері, оқу
құралында жан-жақты қамтыған пәнаралық өрісте жалпы философиялық,
мәдениеттанулық, лингвомәдениеттанулық идеялар негізінде түсіндірілген.
Тақырыптың мақсаты: шығармашылық үйлер туралы түсінік беру, оның
ерекшеліктерін анықтау және қазіргі кездегі шығармашылық үйлердің орныққан
құндылықтары туралы ой қозғау.
Тақырыптың міндеттері:
-шығармашылық үйлердің қазіргі кезеңдегі заман талабы екенін ашып көрсету;
-шығармашылық үйлердің негізгі үрдістеріне сипаттама беру;
-жаңа технологияларға негізделген жедел өзгерістер кезеңіндегі шығармашылық
үйдің дағдарыс-тоқырауларының түп негізін анықтау;
-шығармашылық үйлердің болашақтағы даму бағдарларын көрсету,
осы заман мәдениетінің көркемдік-эстетикалық жүйелерінің және мәдени
практикасының ерекшелігін көрсету тұрғысынан да маңызды.
Тақырыптың өзектілігі: Адамзат уақыт ағымына байланысты қашанда өзіне
қатысты әлемді, ең кем дегенде үш кезеңге бөліп қарастырады: өткені, осы
қазіргісі және болашағы. Адамзат мәдениетінің өткені мен оның салдары
ретіндегі бүгінгісін тарихта орын алған немесе орын алып отырған шындық
ретінде сараптауға болады.
Шығармашылық үйлердің соның алдындағы мәдени дәстүрлерді өз бойына
жинақтайтындығы рас, бірақ, сөйте тұра тек өзіне ғана тән ерекшеліктерге ие
болатындығы тағы да бар. Ендеше, қазіргі шығармашылық үйлерді кешенді түрде
жан-жақты қарастыру қажет. Шығармашылық үйлердің осы заманда, дәл осы шақта
осы кеңістікте орын алып отырған барлық әлеуметтік-тарихи үрдістердің
барлығымен тығыз байланысты. Ол адамзат қоғамы өмірінің маңызды-маңызды
деген жақтарымен: технологияның, экономиканың даму деңгейінен бастап,
құқық, мораль, өнер жүйесіне дейінгі келелі де күрделі құбылыстармен ішкі
ажырамас бірлікте болады.
Қазіргі заман мәдениетінде батыстық мәдениет стандарттарының көптігіне
орай, оның үстіне, мәдениеттің қазіргі өркениеттік сатысына алып келген
ғылыми-техникалық прогресс феноменінің өзі батыстық жаратылыстану
ғылымдарының жетістігі екендігін ескере отырып, көбінде қазіргі заман
мәдениетінің алғышарттары мен қазіргі даму деңгейінің батысеуропалық
адамзат мәдениетінің өлшемдерімен сәйкестігін атап айтуға болады.
Жергілікті мәдениеттің өзіндік исі оның әрбір саласынан аңқып
тұрғанымен де, қазіргі адамзат мәдениеті, шындығында, батыстандыру ықпалын
ғаламдық деңгейде сезініп отырған мәдениет деу негізсіз емес.
Қазіргі мәдениетте өзін ерен көрсететін құбылыстардың бірі – бұқаралық
мәдениет, ал ол болса техника жетістігі мен коммуникация технологиясына
сүйенеді. Мәдениеттің дамуына сыртқы факторлар, сонымен қатар әлемдік
экономиканың жағдайы, құқықтық реттеу, елдің экономикалық және саяси
жағдайы және т.б әсер етеді. Дағдарыс жағдайында инфляция болмау үшін
бөлшекті және тарифты өсуді ұстап тұру, жалақының өсуін ұстап тұрумен
байланысты болады, соның салдарынан тұрғындардың нақты кірістері
төмендейді. Бұның барлығы салаға өзінің теріс негативін тигізеді – мәдениет
қызметін пайдаланушылардың төлемдік қасиетін төмендетеді, соның салдарынан
басты қызметтің дамуына бөлінетін қаражат ақылы қызмет
көрсету,жоспары,орындалмайды.
Сонымен қатар, мәдениет саласының дамуына ішкі факторлар да әсер етеді,
оған кадрлық саясат, кадрларды дайындау және қайта дайындау, кадрлардың
біліктілігін арттыруды жатқызуға болады. Бүгінгі таңда сала үшін кадрларды
дайындау жоғары, орта арнаулы оқу орындарында жүзеге асуда.
Тақырыптың жаңалығы: шығармашылық үйлерде 4 жастан 23 жас аралығындағы
балалар әртүрлі ұжымдарда, студияларда, клубтарда, ансамблдерде,үйірмелерде
шұғылданады.
Білім беру қызметі келесі негізгі бағыттар бойынша жұмыс жасайды:
• Көркемөнер – эстетикалық
• Денешынықтыру
• Ғылыми-техникалық
• әлеуметті-педагогикалық
• мәдениеттік
• спорттық техникалық
2.5.4 Көзмөлшері имиджінің фирмалық киімі
Киім және Сән бұл біздің санамыздағы ажыратылмас түсінік. Әлдеде
арнайы киім терминін еске түсіре отырып, жанымызда сенімсіздік пайда
болады. Әрине, бұл киім ыңғайлы, тәжірибелі және кауіпсіз болуы қажет.
Бірақ, бұл киім сәнді болуы қажет па? Ия, әрине. Бұған көз жеткізу үшін,
арнайы киімнің шығу тарихына көз жүгіртейік.

Арнайы киімнің бірінші үлгісі Ежелгі Римде пайда болған, яғни бірінші
әмбебеап форма содан соң, арнайы киім. Жерлерді жаулау нәтижесінде бірінші
болып пайда болған, әскерлерге арналған әмбебеп форма немесе
жауынгерлердің киімі. Сәтті жүргізілген әскери қимылдар нәтижесінде
жаулап алған жерлерден басқа жұмысшылар, дәлірек айтқанда құлдар да пайда
болды. Құлдар ауыр қара жұмыс істейтін болғандықтан оларға арнап, арнайы
киімдер дайындады. Міне осыдан арнайы киімнің бірінші үлгісі пайда болды.
Уақыт өтіп адамдар өзгерсе де, арнайы киімдер сол күйінде қала берді. Айта
кетсек, ең алғашқы шыққан жұмысшыларға арналған өте қарапайым арнайы киім
барлық адамдарға біркелкі түрде болды. Яғни, әйелдерге, ерлерге, балдарға
арналған деп бөлінбеген болатын. Бәрін біркелкі түрде пайдаланған.
Жұмысшыларға арналған арнайы киімді тігін өндірісінде кедей адамдар
тікті. Олар тіккен киімдерін дүкендерге бірнеше түрлерін апарып сатты.
19 ғасырдың соңында Леви Страустың алтын іздейтін жұмысшыларына
арнап тіккен киімі сол ғасырдың сәніне айналды. Ірі тігіспен қатты
матадан тігілген комбинизон бүкіл әлемге таралды. Дәл солай, бейсболка да
пайда болды. Ол бірінші спорттық киімнің эмблемасы ретінде-әмбебап форма
болды. Шынырақ айтқанда, қазіргі заманға сай сәнді бейсболканың сырт
пішініне бірнеше өзгерістер енді. Ал, джинсы шалбардың мыңдаған түрлері
шыға бастады. Қазіргі заманға сай құрал-жабдықтар шыққаннан кейін,
жұмысшылардың киімі мен әмбебап форманы артық шығынсыз аздаған мөлшерде
үнемдеп, сапасын жақсартып шығара бастады.
Арнайы киім – қазіргі өнеркәсіптегі көркем көрсеткіш. Бірінші
ерекшелігі – эстетика, тәртіп, тәрбие, яғни жұмыс істеу барысында жұмыста
бір киім, ал жұмыстан үйге қайтқанда басқа киім болуы қажет. Екіншісі –
бұл әрине тәжіриебелігі, арнайы киім үлгілерін жасағанда, функционалдық
қатарының ерекшеліктері көрсетіледі: нақты ажыратылған қалталар түрлері,
көркемдік түрлері немесе нақты ыңғайлылығы. Айта кетсек, жұмыс барысында
комфортты, мыжылмайтын, кір жұқтырмайтын, жұмысшыларды қоршаған ортадағы
қауіпті заттардан, шаңнан қорғайды. Үшіншісі - ер адамдар дәлірек айтқанда
арнайы киімді келгенді ұнатады. Әмбебап форманы қолдану барысында,
фирманың таңбасы мықты психологиялық күш береді және жұмысқа деген өзіндік
сезіммен жауапкершілігі жоғарлайды.
Бүгінгі күнде әртүрлі ұйымдардың бастықтары жұмысшыларының әмбебап
формада болғанын қалайды. Киім адамдарды тәртіпке үйретеді, олардың
сапасын көбірек жоғары дәрежеде қалыптастырады. Сондай-ақ, киім адамға
ыңғайлы, құнтты, жоғары дәрежелі тігілген және де жарасымды болуы керек.
Сол себептен әмбебап форманы дайындап тігетін дизайнерлер, оның сапасына
көбірек көңіл бөледі. Уақыт өте келе арнайы киімге де назар аудара
бастады. Арнайы киімге маңызды өзгертулер енгізілді. Жұмысшыларға арналған
костюм сырт көзден қарағанда жағымды әсер туғызады. Өз жұмысшыларына
арнайы киім тігіп беру – кәсіпорын бастықтарының бірден-бір міндеті деп
есептеледі, өйткені әр фирманың өзінің табысының көрсеткіші, эмблемасы
болуы керек. Қазіргі кезде арнайы киімнің костюмдері тек қана
жұмысшыларға емес, сондай-ақ бірлескен киім сияқты бірнеше түрлерге
бөлінеді. Өндіріспен щұғылданатын парасатты компаниялардың дизайнерлері
мен сәнгерлері киімнің көптеген түрлерін шығарды.
Ертеден-ақ жұмыс істеп келе жатқан жұмысшылар арнайы киімді
қажетті деп санайды. Негізгі көрсетушілер мен талаптар алғашқыда күрделі
болды. Сондықтан киім өрескел жұмыс үшін арналды. Оған берік болуға,
қозғалыста ыңғайлы және де өте қымбат емес болуы керек. Былайша
айтқанда, арнайы киім сол заманнан біздің күнге дейін сақталған. Уақыт
өте келе өнеркәсіп дами бастады, онымен қоса арнайы киімнің дәлірек
айтқанда – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Molte Denaro ресторанының имиджін бағалау
Ұйымдарда өзара қарым - қатынас арқылы жағымды имидж қалыптастыру
Қонақ үй кәсіпорындарда жарнама қызметінің жетілдіру жолдары
Қазақ этикасының зерттелуі
Қонақ үй кәсібіндегі маркетингтік зерттеу
Қонақ үй жүйесіндегі персоналды басқару және жетілдіру
Саяси лидер имиджін қалыптастырудағы саяси технологиялардың ролі: Қазақстандық тәжірибе
МЕЙРАМХАНА ФИРМАЛЫҚ СТИЛІН ЖОБАЛАУ мен БЕЗЕНДІРУ
Жарнамалық жариялаудың түр
МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ИМИДЖІ
Пәндер