Мақта өнімдерінің химия саласында қолдануы және алынуы



Жоспар:

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім
2.1. Биологиялық ерекшеліктері
2.2. Химия саласында шикізат көр
2.3. Салыстырмалы майлы дақылдар
2.3.1. Күнбағыс
2.3.2. Майлы зығыр
2.3.3. Қыша

ІІІ Зерттеу бөлімі
3.1. Мақтаны өнеркәсіпте қолдану жолдары
3.2. Мақта майын адсорбциялық әдісімен ағарту
3.2.2. Оңтүстік қазақстан бөлігіндегі балшықтарды мақта майын
ағартуда пайдалану туралы
3.3. Адсорбциялау процесінің механизімі

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе

Мақта техникалық мәдени өсімдік, талшық алу үшін өсіріледі. Мақта өсіру - тоқыма өнеркәсібі мен басқа өндіріс салалары үшін құнды техникалық шикізат беретін өсімдік шаруашылығының бір саласы. Заводтарда шитті мақтаны өңдегенде шитті мақтаның жалпы салмағынан 29 - 40 % (кейде бұдан да көп) таза мақта, 24 - 26 % май болатын тұқым және бұдан басқа мақта мамығы алынады.
Бір тонна мақта тұқымынан 170 кг мақта майы, 400 кг күнжара, 300 кг қауыз, ондаған килограмм мақта мамығы, олифа, стеарин, глицерин және тағы басқа құнды заттар алынады. Соның барлығын санап есептегенде мақтадан 1200 аса әр - түрлі зат алынады.
Мақта осы кездегі Орта Азия республикаларында, Үндістан, Иран, Қытай, Мексика, Перу територияларында біздің ғасырға дейін өсірілген. Закавказья мен Балқанда мақта б.з. 10-11 ғасырларында егіле бастаған.
Қазақстанның мақтасына келсек, Қазақстанның оңтүстігінде, Оңтүстік Қазақстан облысының Бөген, Келес, Киров, Мақтарал, Сайрам, Сарыағаш, Түркістан аудандарында өсіріледі.
Бұл аудандарда 29 колхоз, 24 совхоз мақта өсіруге маманданған.
Қазақстанда 1919 жылы мақта егісінің көлемі 15 мың га болды, әр гектардан 6,6 ц өнім алып, мемлекетке 9,9 мың тонна ғана шитті мақта өткізілсе, 1973 жылы егіс көлемі 114,3 мың гектарға жетті. Әр гектардан 27,3 центнер өнім алынып, 313 мың тонна мақта өткізілді.
Қазіргі таңда 1 тонна шитті мақтаның құны Ливерпульдік баға бойынша 1273 АҚШ долларына тең келеді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.Ауыл шаруашылығын өркендету жүйесі жөнінде ұсыныстар.
Асанов К.Ә. Шымкент 1978 ж.
2.Агрономның анықтамалығы. Алматы. «Қайнар» баспасы, 1966 ж.
3.Органикалық химия. Қайырғалиева А.Қ. Журхабаева Л.А.
Шымкент 2000 ж.
4. Романков П.Г., Атахов В.А. Современные проблемы промышленных
Адсорбционных процессов.
5. Везиров P.P., Ларинов С.Л. и др.Использование катализаторной пыли в качестве адсорбента для очистки нефтепродуктов.
6.Соколов В.Н.Формирование микроструктуры глинистых грунтов в ходе прогрессивного литогенеза. Инженерная геология: теория, практика, проблемы.
7.Сергеева Н.Е.Введение в электронную микроскопию минералов. 1977-144с.
8.Кельцев А.В.Основы адсорбционный техники. Химия, 1984-592с.
9.Киселев А.В.Межмоликулярные взаимодействия в адсорбции и хромотографии. М.:Высш.шк.1986.360с.
10.Рекшинская Л.Г.Атлас электронных микрофотографии глинистых пород.
М.:НедраД 966.230с.
11.В.Осипов В.И.,Соколов В.Н. Румянцева Н.А. Микроструктура глистиных пород. М.:Недра, 1986.211с.
12. Грунтоведения / Под.ред.акад.Е.М.Сергеева. М.:Изд-во МГУ, 1983.389с.
13.Грабовска-Ольшевска Б.,Осипов В.И., Атлас микроструктур глинистых пород. Варшава:Наука, 1984.411с.
14.Рощина Т.М.Адсорбционные явления и поверхность //Сороковскии Образрвательный Журнал.1998.№2.С.89-94.
15.Арипов Э.А., Агзамходжаев А.А.//Активные центры монморилонита и хемосорбция. Ташкент:ФАН, 1983.164 с.
16.Запрометов Б.Г.,Ахмедов К.С.//Колоидн.журн. 1941.T.7.N.6.C.563-571. 17.3апрометов Б.Г. Ахмедов К.С.//ДАНУзССР.1949. N5.C.24-28.
18. Физико-химическая механика почв, грунтов, глин и строительных материалов./Под.ред.Ребиндера П.А.и Ахмедова К.С.Ташкент:ФАН,
1966-476с.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Мақта өнімдерінің химия саласында қолдануы және алынуы

Жоспар:

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім
2.1. Биологиялық ерекшеліктері
2.2. Химия саласында шикізат көр
2.3. Салыстырмалы майлы дақылдар
2.3.1. Күнбағыс
2.3.2. Майлы зығыр
2.3.3. Қыша

ІІІ Зерттеу бөлімі
3.1. Мақтаны өнеркәсіпте қолдану жолдары
3.2. Мақта майын адсорбциялық әдісімен ағарту
3.2.2. Оңтүстік қазақстан бөлігіндегі балшықтарды мақта майын
ағартуда пайдалану туралы
3.3. Адсорбциялау процесінің механизімі

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Мақта техникалық мәдени өсімдік, талшық алу үшін өсіріледі. Мақта өсіру
- тоқыма өнеркәсібі мен басқа өндіріс салалары үшін құнды техникалық
шикізат беретін өсімдік шаруашылығының бір саласы. Заводтарда шитті мақтаны
өңдегенде шитті мақтаның жалпы салмағынан 29 - 40 % (кейде бұдан да көп)
таза мақта, 24 - 26 % май болатын тұқым және бұдан басқа мақта мамығы
алынады.
Бір тонна мақта тұқымынан 170 кг мақта майы, 400 кг күнжара, 300 кг
қауыз, ондаған килограмм мақта мамығы, олифа, стеарин, глицерин және тағы
басқа құнды заттар алынады. Соның барлығын санап есептегенде мақтадан 1200
аса әр - түрлі зат алынады.
Мақта осы кездегі Орта Азия республикаларында, Үндістан, Иран, Қытай,
Мексика, Перу територияларында біздің ғасырға дейін өсірілген. Закавказья
мен Балқанда мақта б.з. 10-11 ғасырларында егіле бастаған.
Қазақстанның мақтасына келсек, Қазақстанның оңтүстігінде, Оңтүстік
Қазақстан облысының Бөген, Келес, Киров, Мақтарал, Сайрам, Сарыағаш,
Түркістан аудандарында өсіріледі.
Бұл аудандарда 29 колхоз, 24 совхоз мақта өсіруге маманданған.
Қазақстанда 1919 жылы мақта егісінің көлемі 15 мың га болды, әр
гектардан 6,6 ц өнім алып, мемлекетке 9,9 мың тонна ғана шитті мақта
өткізілсе, 1973 жылы егіс көлемі 114,3 мың гектарға жетті. Әр гектардан
27,3 центнер өнім алынып, 313 мың тонна мақта өткізілді.
Қазіргі таңда 1 тонна шитті мақтаның құны Ливерпульдік баға бойынша
1273 АҚШ долларына тең келеді.

2.1.Биологиялық ерекшеліктері

Мақта көп жылдық өсімдік болып саналады, алайда СССР-де ол бір жылдық
дақыл ретінде егіледі. Гүл түйінінен ұрық-қауашақ өсіп шығады, Оның
ішіндегі дәнді талшық жауып тұрады.
Мақтаның советтік орташа талшықты сортының пісіп жетілген
қауашақтарынан алынатын таза талшықтың мөлшері шитті мақтаның
кептірілгендегі салмағының 34—39 проценті шамасында ауытқып отырады.
Мақтаның білеу тамыры топыраққа 1,5—2 м тереңдікке дейін бойлап кетеді.
Оның жан-жағындағы тамырлары топырақтың жоғары 40—50 см қабатына орналасады
да бүйірге қарай 1,5—2 метрге дейін жайылып кетеді.
Өсімдік сабағының ұзындығы сортына және өсу жағдайына қарай 70—80,
тіпті 120—140 сантиметрге дейін жетеді. Сабақтарда әуелі жапырақ бүршіктері
өседі, олардан бірінші нағыз жапырақ, оның соңынан сабақты айнала екінші
жапырақ тағы басқа жапырақтар пайда бола береді.
Алғашқы тармақтары үшінші және төртінші жапырақтарының қойнындағы
бүршіктерден пайда болады. Ал өнім беретін алғашқы тармақтары негізгі
сабақтағы бесінші немесе алтыншы жапырақтың қойнына орналасқан бүршіктерден
өсіп шығады.
Мақта өсімдігі тармақ-тармақ болып өседі, бұл оның биологиялық
ерекшелігі, яғни екінші тармақ біріншісінен кейін іле-шала, бірінші шанақ
пен өнім беретін тертінші тармақтың бірінші гүлі шыққан кезде пайда болады.
Мақта — жылылықты қалайтын дақыл. Оның тұқымы топырақтың жылылығы
кемінде 12 градусқа жеткенде өне бастайды, ал бой тартып өсуі үшін жылылық
16 градустан төмен болмауы керек.
Түйін тастай бастаған кездегі неғұрлым қолайлы жылылық 30—36 градус.
Мақта шамалы суықтың өзіне төзе алмайды.

1-таблица
Мақтаның өсіп-жетілуі үшін қажетті тиімді жылылықтың мөлшері
Пісіп жетілу мерзімі Тиімді жылылықтың мелшері: тұқым Өсімдік
себілгеннен бастап гүлде-геннен
бастап 50
проценті
піскенге
дейін-гі
тиімді
жы-лылықтың
мөлшері
көктеп шанақтан-ғанғгулдегенге
шыкканға а дейін дейін
дейін
Тез піседі ... . 84 485 900 660
Орташа мерзімде 84 500 950 675-685
пі-седі ... . 84 500 1050-1200 720-800
Кеш піседі ... .

Мақта — күн сәулесін ұнататын, қысқа мерзімде өсіп-жетілетін өсімдік.
Сәуле шашырап түссе, ол тым баяу өседі және дәні тегіліп түседі.
Мақта өсімдігі сумен жеткілікті қамтамасыз етілсе, өнім беретін
қауашықты тармақтар көп пайда болады, яғни шитті мақтаның өнімі молаяды.
Мақтаның ылғалды буландыру коэффициенті - 600-700. Өсімдіктің өсіп-жетілу
кезеңінде жалпы алғанда 1 гектарға 6 000-8 000 текше метр суды мейлінше көп
керек етеді. Егер мақта нағыз қос жапырақ пайда болу кезеңінде бір тәулікте
гектарына 11-12 текше метр су тұтынатын болса, гүлдену кезеңінде 90—120
текше метр су тұтынады.
Мақта өсімдігінің өсіп-жетілу кезеңінің ұзақтығы сыртқы жағдайға,
қолданылатын агротехникаға, сортына және басқа факторларға байланысты.
Әдеттегі мерзімде себілген мақта тұқымы 10—12 күннен кейін көктеп шыға
бастайды. Көктеуінен бастап бірінші нағыз жапырақ пайда болғанға дейін
12—15 күн өтеді. Бірінші жапырақ есіп шыққан соң, жылылық 24—30 градус
болған жағдайда, алғашқы шанақ әдетте 20—24 күннен кейін пайда болады.
Бірінші шанақ пайда болған кезден бастап ол әбден қалыптасып, гүлі
ашылғанға дейін 25—28 күн өтеді. Түйір тастаған кезден бастап қауашақ
ашылғанға дейін кезең — 50—65 күн.

2.2.Мақта – химия саласындағы шикізат көзі

Мақта химия саласы үшін таптырмас шикізат болып табылады. Мақтадан және
оның өнімдерінен 1200 - ден аса әр-түрлі зат алынады. Бір тонна мақта
шикізатынан 340-350 кг талшық, 620 кг тұқым алынады. 340 кг талшықтан 3500
кв.метр мата немесе 140.000 каток жіп өндіріледі. 620 кг тұқымнан 110 кг
мақта майы, 10 кг сабын, 270 кг жмыха, 170 кг шұлқа (щелуха) және 8 кг шыт
алынады.
Шыт - бұл қысқа талшықша мақта тұқымынан шикізат алынып болғаннан
кейінгі өнім.
Мақта талшығы 90 % таза табиғи целлюлозадан тұрады. Мақта талшығын
өңдегенде азот қышқылы мен қатар целлюлозаның нитроэфирі целлюлоза нитрлеуі
арқылы өнім қоспасы 13% азот болатын пироксилин жарылғыш зат
ретінде қолданылады.
Химиялық әсер ету арқылы мақта қалдығынан ацетатты, масамшақты талшық
алынады.
Нитроцеллюлоза 11 % азоттан тұратын коллоксилин деп аталады.
Коллоксилин ерітіндісі - спирт пен эфир қоспасы медицинада қолданылады.
Органикалық еріткіштердегі колликсилин ерітіндісінің арнайы қоспасын -
нитролак деп атайды.
Нитролактың құрамына минералды және органикалық пигменттерді қосу
арқылы нитрокраскі және эмаль алынады.
Мақта құрамынан 40-тан аса химиялық элемент табылған. Целлюлозадан
басқа мақта құрамында макро және микро элементтер; темір, фосфор, азот,
күкірт, көміртегі, магний, калий, кальций, т.б.
Одан басқа мақта құрамынан көмірсутектер, спирттер және органикалық
қышқылдар (барлығы 17: оның ішінде лимон, алма, янтарь, фумарь, пирожүзім,
валериан, сірке, сомщил т.б. қышқылдар).

2.3. Салыстырмалы майлы дақылдар

Қазақстанда майлы дақылдардан күнбағыс, бұйра зығыр, қыша, рыжик
(саңырауқұлақтың бір түрі), сафлор және оның басқа кейбір түрі егіледі. Бұл
өсімдіктердің барлығының тұқымында, өздерінің түріне және сортына қарай,
32—51 процент май болады.
Майлы дақылдардың басым көпшілігін өсіру үшін солтүстік шығыс
облыстарда барлық жағдай бар; сондықтан бұл облыстардың жеріне майлы
дақылдардың 85 проценті егіледі де, техникалық мақсатқа да кеңінен
пайдаланылады. Майдың құрамы мен сапасының қандай болатыны дақылына және
оның сортына, ауа райы және топырақ жағдайы мен агротехникалық тәсілдерге
байланысты. Күнбағыстың майлылығы оңтүстікке және шығысқа жақындаған сайын
арта түседі. Қуаң аудандарда жерді суландыру өсімдіктің тұқымында майдың
жиналуына жағдай жасайды. Ал өсімдік тұқымында майдың жиналуына құрғақшылық
кедергі жасайды, бірақ оның белогын молайтады.
Егіс егу мерзімі де майдың сапасы өзгеруіне ықпалын тигізеді.
Күнбағысты ерте еккенде тұқымдағы майдың мөлшері де арта түседі. Фосфор
және калий тыңайтқыштары енгізілсе, көптеген майлы дақылдардың тұқымында
май көбірек жиналады. Мұның керісінше топырақта азоттың шамадан тыс көп
болуы майдың жиналуына кедергі жасайды.
1-таблица
Майлы дақылдардың жылылық режимі мен өсіп-жетілу кезеңінің
ұзақтығы
Дақылдар Тұқымның енуіне Көк өркенді Өсіп-жетілу
керекті ең төменгі зақымдайтын кезеңінің
жылылық температура ұзақтығы
градус есебімен күн есебімен
Күнбағыс + 2-5 - 5 - 6 80-130
Бұйра зығыр + 2-5 - 5 - 7 90-100
Қара құмық + 1-2 - 6 - 7 70-100
Рыжик + 1-2 - 8 -10 65-80
Сафлор + 2-3 - 6 - 7 70-105

Бұл майлы дақылдар биологиялық жағынан әр алуан болып келеді. Олардың
жылылықты керексінуі мен өсіп-жетілу кезеңінің ұзақтығы 1-таблицада
келтірілген.
Бұл айтылған дақылдардың көпшілігі ылғалды онша керек ете қоймайды.
Олардың кейбіреулері, мысалы, сафлор, күнбағыс және қара құмық
құрғақшылыққа мейлінше төзімді келеді.
Майлы дақылдар топырақ талғайды, өйткені қоректік заттарды өте көп
керек етеді. Олар үшін кірігуі орташа қара және қызыл топырақты органикалық
заттары мол жерлер неғұрлым құнды деп саналады. Майлы дақылдар органикалық
және минерал тыңайтқыштар енгізілсе, өте жақсы өседі. Майлы дақылдардың
тұқымында маймен бірге белоктар да көп болады. Сондықтан бұл дақылдар
фосфор мен калийді ғана емес, сонымен бірге азотты да мейлінше көп керек
етеді. Алайда азоттың бірыңғай көп берілуінен аулақ болу керек.
Майлы дақылдардың көпшілігі аралық топырақта жақсы өседі, сонымен қатар
олар әсіресе сафлор мен қыша, күнбағыс аз мөлшердегі сілтінің әсеріне де
тым төзімді келеді.

2.3.1. Күнбағыс
Күнбағыс —тоғыса тозаңданатын күрделі гүлділердің тұқымына жатады.
Ұрығы, тұқымы сопақша болып келеді. Морфологиялық белгілері бойынша тұқымы
үш топқа бөлінеді: шағатын, май тартатын және екі аралық жалпақ дәнді. Май
тартатын топқа дәнінің ұзындығы 1,4 сантиметрге дейін жететін, шағылатын
топқа дәнінің ұзындығы 1,4 см келетін және одан да ұзынырақ күнбағыс тұқымы
жатады. Оның аралық тобына, әдетте шағатын, дәні жалпақ, майда күнбағыс
жатады.
Майлы күнбағыстың биіктігі 2-2,5 м сабағы жапырақты, күнқағарының
диаметрі 15—20 см болады.
Майлы күнбағыстың дәні түрі жөнінен қара қоңыр және сұрғылт қоңыр
(көбінесе ақшыл жолағы бар) болып екіге бөлінеді.
Күнбағыстың көптеген сорттарының дәнінде жұқа қатты қабыршақ пайда
болады.
Қатты қабыршақты күнбағыс дәні қара күйеге шалдықпайды.
Күнбағыс майы шамалы ғана құрғайды, негізінен тамаққа сол күйінде және
де өңделген маргарин күйінде пайдаланылады. Күнбағыс күнжарасы мал мен құс
үшін тамаша жем. Онда 30—36 процент белок, 8—11 процент май, 19—20 процент
углевод бар. Дәнде 32 проценттен 54 процентке дейін, ал ядроға есептегенде
— 50 проценттен 65 процентке дейін май болады.
Күнбағыс сабағының күлінде 4 проценттей фосфор қышқылы (Н3РО4) және 15
процентке дейін калий тотығы (К2О) болады, сондықтан ол сақар (поташ)
әзірлеу үшін қолданылады.
Күнбағыс құрғақшылыққа тезімді өсімдік болып есептелгенімен ылғалды
едәуір көп керек етеді, оның ылғалды буға айналдыру коэффициенті — 470-570.
Күнқағары пайда болған кезден бастап гүлдену кезеңі аяқталғанға дейін,
күнбағыс ылғалды барынша көп тұтынады. Бұл кезде ылғал және қоректік заттар
жетіспесе, күнқағары жетілмей қалады. Топырақ пен ауада ылғал жеткілікті
болған жағдайда күнбағыстың өнімі молаяды, сонымен қатар оның дәніндегі
майдың мөлшері көбейеді. Өнімді мол берген жылы күнбағыс топырақты қатты
құрғатып жібереді, басқа дақылдар үшін оны алғы дақыл ретінде пайдаланғанда
бұл жайды ескерген жөн.
Күнбағыстың өсіп-жетілу кезеңі сортына қарай 80— 130 күнге созылады.
Бұл кезеңнің ішінде ол жалпы алғанда 2 000 градусқа дейін жылылық болуын
керек етеді. Қүнбағыс күн сәулесінің мол түсуін ұнатады. Жаңа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндірістік қалдықтар
Экономикалық жүйелердегі кластерлерді құрудың теориялық негіздері
Ауыл шаруашылық географиясы пәнінен дәрістер
Қазақстанның халық шаруашылығының ең негізгі маңызды саласы ауыл шаруашылығы болып табылады
Өнеркәсіп құрылымын ұйымдастыру және жетілдіру проблемалары мен шешу жолыгдағы тиімді ұсыныстар даярлап теориялық негіздеу
Қазақстан экономикасындағы кластерлік жүйе
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНЫҢ ДАМУЫ
Қазақстанның инвестициялық саясатын талдау
Оңтүстік Қазақстан облысының мақта кластері
9 сынып химия пәні бойынша аймақтық компоненттердің мазмұнын анықтау
Пәндер