Қазақстанның экономикасы



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
І. ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
І. 1. 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
І. 2. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы экономикасы ... ... ... ... ...
І. 3. Қазақстан Республикасы экономикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ІІ. МАКРОЭКОНОМИКА ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ІІІ. ҰЛТТЫҚ ЕСЕПТЕУ ЖҮЙЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Экономика туралы ғылым табиғат пен қоғам туралы адам білімнің жүйесі ретінде дамыған құлдық қоғамда пайда болды. Экономика туралы алғашқы түсініктер Ксенофонт, Платон, Аристотель және басқа да ойшылдардың еңбектерінде берілген. «Экономия» терминін алғаш ұсынған Ксенофонт бойынша термин мағынасы үй шаруашылығы (ойкос – үй, шаруашылық; номос – заң) деген ұғымды білдіреді.
Көп ғасырлар бойы «экономия» сөзі үй шаруашылығын ұйымдастырып, жүргізу ережелерін қамтыған. Бірақ феодалдық бытыраңқылықты жеңу, орталықтандырылған мемлекеттердің бірлесуі үй шаруашылығын жүргізу ережелерін ғана емес, жалпы ұлттық мемлекеттік шаруашылықты жүргізу ережелерінің анықталуын қажет етті. Осыған байланысты «экономия» ұғымы жаңа мәнге ие болып, «саяси экономияға» айналды, ол грек тілінде «полис – мемлекет; ойкос – үй шаруашылығы; номос – заң» дегенді білдіреді. «Саяси экономика» ұғымын ғылымға енгізген А. Монкретьян болатын. 1615 жылы оның «Саяси экономия трактаты» деген еңбегі жарық көрді, мұнда мемлекеттік шаруашылықты жүргізу кеңестері баяндалған. Экономика – қоғамдық шаруашылықтың даму заңдары жөніндегі ғылым. Мәселен, экономиканың көрнекті өкілі, ағылшын экономисі Уильям Петтидің «Еңбек – байлықтың атасы, жер – оның анасы» деген әйгілі қағидасы мәлім. [...] [1, 6 – 7 беттер]
Қысқа мерзім ішінде Қазақстанды егеменді тәуелсіз мемлекет ретінде дүниежүзінің 120-дан астам елі мойындады. Минералды ресурстарға бай Қазақстан шетел капиталын өзіне тартып, 150-дей біріккен кәсіпорын құрылды. [...]
Қазақстан экономиканы реформалауда шетел капиталын бәсекелестік негізде тартуды алға қоюда. Ол экономикалық күрделі мәселесін шешіп қана қоймайды, жаңа технологияны әкелуді, экспорттық өнімнің бәсекелік қабілетін
1. Жолдасова Г.А. Экономика негіздері: оқу құралы. – Астана: Фолиант, 2008. – 222 б.
2. Жұманазар С.А., Джуманазарова Ж.С., Байдилдина С.Ж. Экономикалық теория: оқу-әдістемелік нұсқау. – Өскемен: ШҚМТУ, 2008. – 142 б.
3. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия, 5-том/Бас ред. Б.Аяған. – Алматы: “Қазақ энциклопедиясының” Бас редакциясы, 2003. – 720 бет.
4. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия, 9-том. – Алматы: “Қазақ энциклопедиясының” Бас редакциясы, 2007. – 688 бет.
5. Мұханбетова С.М., Нұрзақова А.Н. Ұлттық есептер жүйесі. – Алматы: Заң әдебиеті, 2007. – 130 б.
6. Сапарбаев Ә.Ж., Мақұлова А.Т. Экономикалық-математикалық сөздік. – Алматы: Бастау, 2008. – 352 б.
7. Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика. – Алматы: Экономика, 2008. – 512 б.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Экономика туралы ғылым табиғат пен қоғам туралы адам білімнің жүйесі
ретінде дамыған құлдық қоғамда пайда болды. Экономика туралы алғашқы
түсініктер Ксенофонт, Платон, Аристотель және басқа да ойшылдардың
еңбектерінде берілген. Экономия терминін алғаш ұсынған Ксенофонт бойынша
термин мағынасы үй шаруашылығы (ойкос – үй, шаруашылық; номос – заң) деген
ұғымды білдіреді.
Көп ғасырлар бойы экономия сөзі үй шаруашылығын ұйымдастырып,
жүргізу ережелерін қамтыған. Бірақ феодалдық бытыраңқылықты жеңу,
орталықтандырылған мемлекеттердің бірлесуі үй шаруашылығын жүргізу
ережелерін ғана емес, жалпы ұлттық мемлекеттік шаруашылықты жүргізу
ережелерінің анықталуын қажет етті. Осыған байланысты экономия ұғымы жаңа
мәнге ие болып, саяси экономияға айналды, ол грек тілінде полис –
мемлекет; ойкос – үй шаруашылығы; номос – заң дегенді білдіреді. Саяси
экономика ұғымын ғылымға енгізген А. Монкретьян болатын. 1615 жылы оның
Саяси экономия трактаты деген еңбегі жарық көрді, мұнда мемлекеттік
шаруашылықты жүргізу кеңестері баяндалған. Экономика – қоғамдық
шаруашылықтың даму заңдары жөніндегі ғылым. Мәселен, экономиканың көрнекті
өкілі, ағылшын экономисі Уильям Петтидің Еңбек – байлықтың атасы, жер –
оның анасы деген әйгілі қағидасы мәлім. [...] [1, 6 – 7 беттер]
Қысқа мерзім ішінде Қазақстанды егеменді тәуелсіз мемлекет ретінде
дүниежүзінің 120-дан астам елі мойындады. Минералды ресурстарға бай
Қазақстан шетел капиталын өзіне тартып, 150-дей біріккен кәсіпорын құрылды.
[...]
Қазақстан экономиканы реформалауда шетел капиталын бәсекелестік
негізде тартуды алға қоюда. Ол экономикалық күрделі мәселесін шешіп қана
қоймайды, жаңа технологияны әкелуді, экспорттық өнімнің бәсекелік қабілетін
арттыруды көздеп, ішкі нарықты өзімізді шығарылған тауар мен толтыруды
мақсат етеді. [...] [1, 203 бет]
Тарихтан белгілі, Қазақстан экономикасы көне заманнан бастап Қазан
төңкерісіне дейінгі кезеңде көшпелі мал шаруашылығына негізделді. Бірақ
Ресей патшалығының отаршылдық қанау саясаты нәтижесінде қазақ даласында
көптеген өзгерістер орын алды. Қазақтар сол кездің өзінде экономикалық
тұрғыдан сауатты болған, бүгінгі күні қалыптасқан экономикалық
түсініктердің көбі болған. Курстық жұмыс жазу барысында Қазақстан
экономикасының қалыптасуынан бастап қазіргі заман экономикасына дейінгі
тарихына жалпы сипаттама берілді. Экономика, макроэкономика, ұлттық есептеу
жүйесі туралы сөз қозғалды.

І. ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫ

І. 1. 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басы

Қазақстан экономикасы көне заманнан бастап Қазан төңкерісіне дейінгі
кезеңде көшпелі мал шаруашылығына негізделді. Мал жыл бойы өрісте бағылады.
Жер көшпелі қауымның ортақ меншігі болып саналып, қазақ шаруалары оны
қауымдасып пайдаланды. Мал жеке меншікте болды. Шын мәнінде малдың иесі
жайылымға да иелік етті. Қазақстан Ресейге қосылған, одан мемлекеттілігі
жойылған кезеңнен бастап, әсіресе, 1891 жылы Дала ережесі өмірге келгеннен
кейін, көшпелі шаруашылықтың сипаты өзгерді. Тауар-ақша қатынастарының
дамуы көшпелілердің едәуір бөлігін жерсіз қалдырды, ал шұрайлы жайылымдық
алқаптар ауқаттылардың қолына шоғырланды. Көшу ұзақтығы едәуір қысқарып,
табынның құрылымы және малды бағып-күту жағдайлары өзгерді. Тұрақты тұрғын
үйлер мен мал қоралары пайда болды. Болыстар мен ауылдарға бөлінген
жерлердің шекарасы айқындала бастады. 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың
басында көшпелі шаруашылықты дағдарыс шарпыды. Бұқараның кедей топтары
қайыршылыққа ұшырап, мал басы кеміп кетті. Көшпелілердің кедейленген бөлігі
отырықшыға айналды. Дағдарыстың тереңдей түсуіне патша өкіметінің ең
шұрайлы жерлерді тартып алып, қоныс аударушыларға берген отаршылдық саясаты
қатты әсерін тигізді. Шын мәнінде бұл байырғы халықты ата мекендерінен
күшпен ығыстырып, құнарсыз жерлерге қуу болды. 1917 жылға дейін патша
үкіметі қазақтардан 45 миллион гектардан астам жерді тартып алып, ішкі
Ресейден келген жаңа қоныс тебушілерге алып берді. Патша үкіметінің қоныс
аудару саясаты жергілікті халықтың экономикалық мүдделеріне нұқсан
келтірді. Ол қазақтардың ата-бабаларының құнарлы қоныстарын қоныс аудару
қорына күшпен алып қосу арқылы жартылай отырықшы мал шаруашылығына және
егіншілікке бейімделмеген қазақ көшпелілерінің табиғи дамуын тежеді.
Көшпелі шаруашылық дағдарысы құнары аз аймақтарға ығысқан жұрттан мал
шаруашылығын анағұрлым тиімді жүргізуді, сондай-ақ, егіншілік пен
отырықшылыққа көшу мәселесін шұғыл күн тәртібіне шығарды. Қазақ халқының
жерге қоныстану, оны пайдалану жолындағы күресі, тап айтқанда, жерді әділ
бөлу, орталықтан көшіріп келген шаруаларға кепілді жер телімдерін
қазақтардан тартып алып беруді доғартуға ұмтылу аса маңызды мәселелердің
біріне айналды. Қазақтардың Мемлекеттік Думаға, басқа да мекемелерге жазған
көптеген арыздарында жер иелену құқықтарының нақты еместігі салдарынан
көшпелі шаруашылықтар жағдайының тиянақсыз болып отырғандығы атап
көрсетілді. Мұның өзі олардың еңсесін түсірді, ертеден орныққан үй-жай,
қора-қопсыларынан айрылып, шөл және шөлейт, басқа да қолайсыз аймаққа қайта
орнығуға, шаруашылықты жетілдіруге деген ықыласын кемітті. Отырықшылыққа
көшу қазақ шаруалары үшін қиын үдеріс болды. Жер иелену құқығымен қоса
бұған белгілі бір мөлшерде қаржы-қаражат та қажет еді. Ал патша үкіметі
қандай да бір көмек көрсетуден бас тартты. Осындай себептерге байланысты
қазақ жерінде отырықшылыққа көшу кең таралмады. Бұл үдеріс егіншілікті
дамытуға анағұрлым қолайлы жағдайлары бар солтүстік-шығыс облыстарда, қоныс
аударған орыс шаруаларымен тығыз араласқан жерлерде өріс алды. Сөйтіп,
Қазақстанда әрқилы табиғи-географиялық және тарихи жағдайларға байланысты
шаруашылықтың көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшы сияқты үш түрі
қалыптасты. Соңғы екеуінде шөп шабу мен егіншілікті дамыту нәтижесінде ауыл
шаруашылығы машиналары пайдаланыла бастады. Қазақ ауылдарында бұл
машиналарды алдымен бірлесіп, кейінірек жекелеген адамдар несиеге сатып
алды. 1908 жылы тек Ақмола облысының қазақтарында 6160 шөп шабатын машина
болды.
Тауар-ақша қатынастары қазақ ауылына дендеп еніп, бір жағынан,
шаруалардың шаруашылық қызметінің ауқымын кеңейтті, екінші жағынан,
өсімқорлық сауда-саттықтың дамуына жол ашты. Дәулеттілер бүкіл малды,
қауымдық жерлерді өз қолдарына шоғырландырып, барлық су көздерін, қыстақтар
мен жайлауларды иемденіп алды. Қазақ қоғамының көпшілігі іс жүзінде өндіріс
құрал-жабдығы жоқ кедейлер еді. Сауда-саттықты кәсіп етушілер мен өз
шаруашылығында жалдама еңбекті пайдаланушылардың қатары молайып,
саудагерлік-кәсіпкерлік өріс алды. Сөйтіп, қазақ жеріндегі нарықтық
қатынастардың алғашқы нышандарының шаруашылыққа, шаруаның жеке тұтыну
қажетіне ықпалы күшейді.
Тауар-ақша қатынастарының дамуына, қазақ ауылындағы экономикасындағы
басқа да өзгерістерге байланысты, жер жекелеген адамдардың жеке меншігіне
айнала бастады. 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында Қазақстан
экономикасында әр түрлі экономикалық ұстындардың астасуы байқалды.
Столыпиннің аграрлық реформасы Қазақстанға қоныс аударушылардың
шаруашылығында жеке меншікті қалыптастыруға негізделді. Қоныс аударушылар
жаңа қоныстарда жерді қауымдасып пайдаланды, көптеген жұмыстарды бірлесіп
атқарды. Орыс кулактары хуторлық шаруашылық жүргізді. Шұрайлы жерлерді
кесіп алып, тағылықпен пайдаланды. Қоныс аударғандардың анағұрлым жетілген
еңбек құралдары және егіншілік мәдениетінде жинақтаған едәуір тәжірибесі
болды.
Халықтан жиналатын түрлі алым-салықтар жылдан-жылға өсе түсіп,
еңбекшілерге ауыртпалық әкелді. Сол кезеңдегі елге салынған негізгі салық
түрлері: мемлекеттік төлемдер (түндік басы алымы, земство жарнасы),
болыстық жараналар (шығын, қарашығын, т.б.), натуралды міндеткерлік. Түндік
басы алымы (түтін салық) мемлекеттік жерді пайдаланғаны үшін төленетін
салық-рента болатын. Ресми түрде ол халықтың әл-ауқатына қарай салынуға
тиіс болса, іс жүзінде билеп-төстеушілер оны түндік иелерінің бәрінен
бірдей мөлшерде алып отырды. Шығын салығы болыстың және болыс кеңсесінің
мұқтаждарына жарату үшін жиналды. Оның көлемін алдын ала білу мүмкін емес
еді, өйткені оны кез келген сылтаумен, тіпті сылтаусыз да жинай беретін.
Ақшасы жоқтығынан кедейлер өсімқорларға жүгінуге мәжбүр болды, мұның өзі
алым-салық ауыртпалығын бұрынғыдан әрі күшейтті.
Қазақстанда қолөнері кәсібі ғасырлар бойы көшпелі шаруашылықпен
байланысты дамыды. Өздері тұтынатын қажетті өнімнің көбісін әр отбасы
өздері немесе ағайын-туыс, көрші-қолаң көмегімен өндірді. 19 ғасырдың 2-
жартысында қолөнерді (киіз үй, ер-тұрман, зергерлік бұйымдар, т.б. жасау)
негізгі кәсібі еткен шеберлер мен ісмерлер пайда бола бастады. Олар ауыл-
ауылды аралап жүріп жұмыс істеді. 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында
өндірушілер тауарды тұтынушылардың тапсырысы бойынша ғана емес, базарға
сату үшін де өндіретін майдагерлік дами бастады.
Қазақ еліне орыс капиталының енуі өлкеде өнеркәсіптің дамуына түрткі
болды. Қарағанды көмір кеніші, Успен мыс өндірісі, Спасск мыс қорыту
зауыты, Қалба алтын кен орындары, т.б. ірге көтерді. Кәсіпкерлер өлкенің
аса бай табиғи қорларын рәсуа етіп, бей-берекет пайдаланды. Ауыл
шаруашылығы өнімдерін өңдейтін: тері илеу, былғары жасау, май шайқау, май
айыру, сабын қайнату, т.б. өнеркәсіп орындары дами бастады. Әдетте, мұндай
кәсіпорындар қарапайым ғана техникасы және 3 – 5 жұмысшысы бар жартылай
қодөнерлік шағын майдагерлік сипатта болды. Бұл кезеңде ауыл шаруашылығы
шикізатын өңдейтін қарапайым қолөнер шеберханалары мен ұстаханалары
сипатындағы алғашқы ұлттық өнеркәсіп орындары қалыптасты. 1900 жылы
Қазақстанда 2668 өнеркәсіп болса, 1913 жылы олардың саны 6000-ға жетті.
Орыс капиталынан кейін іле-шала Қазақстанға (әсіресе 19 ғасырдың аяғында),
негізінен кен өнеркәсібіне, шет ел капиталы да ене бастады. Орыс және шет
ел монополияларының Қазақстандағы акционерлік капиталы 71 миллион сомға
жетті. Ол негізінен кен және мұнай өнеркәсіптерін қамтыды. Зауыттарды,
кеніштер мен бай кен орындарын иемденіп алған шетелдіктер Қазақстанда
өндіріс салаларын дамытуды мақсат етпеді. Олар мүмкіндігінше мол пайдаға
кеңелуді ғана көздеді. Осы кезеңде Қазақстанның едәуір жерінде темір жол
тартылды, Сібір және Орынбор – Ташкент темір жолы салынды. 1917 жылы оның
жалпы ұзындығы 2793 километрге жетті. Мұның өзі Қазақстанның түрлі
аудандарының арасындағы экономикалық байланыстарды күшейтуге мүмкіндік
ашты. Солтүстік аймақтарда саудалық егіншілік аудандары және бүкіл
Қазақстан аумағы бойынша тауарлы мал шаруашылығы аудандары пайда болып,
Қазақстан ауыл шаруашылығының тауар-ақша қатынастарына тартылуына күшейе
түсті. Темір жол стансалары мен аймақтардан ішкі аудандарға жүк таситын
және жүк алып қайтатын жергілікті көлік, пошта байланысы кәсіпкерлік қызмет
аясына айнала бастады. Кәсіпқой жүк тасушылар пайда болды, ал қазақ
кәсіпкерлері ұстап отырған пошта бекеттерінде 8 – 10 ат айдаушыға дейін
жұмыс істеді. Алайда, өнеркәсіп пен көліктің дамуы өте төмен деңгейде
қалды. Өлкенің жалпы ұлттық табысындағы өнеркәсіп өнімінің өзіндік үлес
салмағы 10%-дан аспады. Капитал, маман жұмыс күші, байланыс және көлік
құралдары жетіспеді. Оның үстіне патша өкіметі қазақ өлкесін өзінің шикізат
көзі, тауар өткізетін рыногі, отарлық шылауы ретінде ұстауына мүдделі
болды.
Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда байланыстары әуелгі кезде тек
орыс бекіністері мен қалаларындағы айырбас орындарында ауыс-түйіс жасау
жолымен ғана жүзеге асырылды және мұнда тауарлардың құнын көрсететін балам
ретінде тек қой ғана пайдаланылды. Тауар-ақша қатынастарының дамуына орай
жергілікті сауда жедел өркендеп, Қазақстан бүкілресейлік, сонан соң
дүниежүзілік рынокқа қосылды. Көліктің нашар дамуына, халықтың басым
көпшілігінің көшпелі тұрмыс кешуіне байланысты сауда-саттық көбіне-көп
жәрмеңкелер арқылы жүргізілді. Жәрмеңке көшпелілер көбірек шоғырланған
аймақтарда, әдетте, жылына екі рет – көктемде және күзде өткізіліп отырды.
Олардың ең ірілері – Қоянды, Троицк, Шар, Қарқара, т.б. жәрмеңкелері.
Қалалардың рөлі күшейіп, тұрақты сауда орталықтарына айнала бастады. Қазақ
саудагерлері бірнеше санатқа бөлінді. Алып-сатарлар орыс көпестерінің
тауарларын сатып алып, ел ішінде қымбатқа өткізумен шұғылданды. Сондай-ақ,
мал шаруашылығы шикізатын – тері, жүн, т.б., кейде қолөнер бұйымдарын да
сатып алу-сатумен шұғылданатын қазақ саудагерлері де пайда бола бастады.
Қазақстанда сауданың өсімқорлық қарыз түрі етек алды. Мұның өзі несие-банк
жүйесінің пайда болуына жол ашты. Қазақстанның несие жүйесі Ресей
империямының бір бөлшегі ретінде Мемлекеттік банк бөлімшелерінен,
акционерлік сауда банкісінің бөлімшелерінен, несие беретін қоғамдар мен
қалалық қоғамдық банктерден, сондай-ақ, несие корпорациялары мен басқа да
ұсақ несие мекемелерінен құралды. 1871 жылы Петропавлда қалалық қоғамдық
банк ашылды. Қазақстан аумағында Мемлекеттік банктің бөлімшелері құрыла
бастады. Олар алдымен өлкенің ірі сауда-өнеркәсіптік орталықтарында – Орал
(1876), Верный (1912) қалаларында ашылды. Мал және мал шаруашылығы
шикізатын сату көлемінің елеулі түрде ұлғая түсуіне байланысты 1894 жылдан
бастап жыл сайын несие операцияларын қамтамасыз ету үшін ең ірі
жәрмеңкелкрдің бірі – Қоянды қыстағында (Семей облысы) мемлекеттік банктің
уақытша бөлімшесі жұмыс істеді. Бұл кезеңдерде жергілікті халықтың несиеге
тек қарыз кассалары мен ұсақ несие қоғамдары арқылы ғана қолы жетті.
Қазақстанда темір жолдың салынып, пайдаланылуы, өнеркәсіптің дамуы
жұмысшылар қауымының қалыптасуына ықпал етті. Олар негізінен жұмыс іздеген
қазақ кедейлері есебінен толықты. Жұмысшылардың, әсіресе, қазақ
жұмысшыларының жағдайы өте ауыр болды. Шектен тыс ұзақ жұмыс күні (12 – 16
сағат), аз жалақы, отаршылдық қанау тәсілдері (мардымсыз ақы, айып төлеу,
саудагерлерге кіріптарлық) оларды әбден титықтатты.

І. 2. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы экономикасы

Кеңес өкіметі орнағаннан кейін қоғамдық-саяси және экономикалық-
әлеуметтік қатынастарда түбірлі өзгерістер жүзеге асырылды. Барлық жерді
мемлекет меншігіне алу, помещиктер жерлерін тәркілеу, жерді шаруаларға
тегін беру туралы декрет жарияланды. Кеңестік дәуірдің алғашқы кезеңдерінде
өндіріс құрал-жабдықтарын мемлекет меншігіне айналдыру, қоғамдастыру ісіне
басшылық жасау мақсатымен социалистік мемлекеттік органдар, оның ішінде
халық шаруашылығы органдары құрылды. Банктер, ірі өнеркәсіп орындары,
көлік, т.б. шаруашылықтың шешуші салалары мемлекет меншігіне көшті. Сөйтіп,
өндіріс құрал-жабдығына социалистік меншікті орнату, халық шаруашылығын
жоспарлы дамыту, аймақтардың экономикасын КСРО халық шаруашылығы кешенінің
бір бөлігі ретінде өркендету, т.б. негіздерінде социалистік экономикалық
жүйесі қалыптаса бастады. Қазақ өлкесінде өндіріс құрал-жабдықтарын
мемлекет меншігіне алу, жерді тәркілеу үдерісі саяси, экономикалық,
әлеуметтік өзіндік ерекшеліктерге байланысты 20-жылдардың бас кезіне дейін
созылды. Бұл кезеңде өлкеде халық шаруашылығының барлық салалары бойынша
мемлекет меншігіне алынған кәсіпорындар саны 1 мыңға жуықтады. Олардың
ішінде ірілері: Қазақ (қырғыз) кен өнеркәсібі акционерлік қоғамы, Кенді
Алтай кәсіпорындары, Екібастұз көмір кендері, Спасск мыс қорыту зауыты,
Атбасар мыс кенінің зауыттар мен кеніштері, Қарағанды мен Байқоңыр кендері,
Орал – Жем өңірінің мұнай кәсіпшіліктері.
Қазақ халқы Азамат соғысына (1918 – 20) жаппай қатыспағанымен,
еріксіз араласуға мәжбүр болды. Қазақ жері ақтар мен қызылдардың майдан
шебіне айналды. Бұған қоса қазақтарға қарсы азық түлік майданы, “Азық-түлік
армиясының” және “Соғыс коммунизм саясатының” шабуылы салдарынан халық
үркіншілік кезеңді бастан кешірді. Шаруашылығы күйреп, шаңырағы шайқалған
қазақтар 20-жылдардың басында ашаршылыққа ұшырады. Азамат соғысынан кейінгі
кезеңде Қазақстанда күйзелегн халық шаруашылығын Жаңа экономикалық саясат
(НЭП) негізінде шаруашылықтарды қалпына келтіру жұмыстары өрістетілді. Ең
алдымен, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өнімдерінің маңызды түрлерін
өндіруді Қазан төңкерісіне дейінгі деңгейге жеткізу көзделді. Жер-су, т.б.
реформалар жүргізілді. Орта Азия республикалары мен Қазақстанның
мемлекеттік-аумақтық жігі межеленді. Қазақстанның аумағы 2,7 миллион
километр2 болып белгіленді, халқы 5,4 миллион адамға жетті. 1926 – 28 жылы
қазақ ауылдарында 1370 мың гектар шабындық, 1250 гектар егіндік жер қайта
бөлінді. 1927 – 28 жылы республикада халық шаруашылығын қалпына келтіру
аяқталып, өнеркәсіпті индустрияландыру, ауыл шарушылығын ұжымдастыру
кезеңіне аяқ басты. Экономиканың аграрлы бөлімі Кеңес мемлекетінің
экономикалық дамуындағы ең басты мақсат – индустрияландырудың
жылдамдатылуын демеуге тиіс болды. 20-жылдардың аяғында басталған
ұжымдастыру шаруаларды өнеркәсіптен мүлдем алшақтатты. Ірі социалистік егін
шаруашылығын құруға ұмтылу “тәрбиелік маңызға” ие болды. Қазақстанда
ұжымдастыру 1932 жылдың көктемінде аяқталады деп ұйғарылды. Жосықсыз
жылдамдатылған үдеріс 1925 – 32 жылы ел басқарған Ф.И. Голощекиннің
арандатушылық тәжірибесіне айналды. Ұжымдастырудың ең ауыр зардаптарының
бірі байларды тәркілеу болды. “Аша тұяқ қалмасын, асыра сілтеу болмасын”
деген ұранмен басталған ұжымдастыру кезінде қазақтардың малы тігерге тұяқ
қалдырылмай сыпырып алынды. 1930 жылғы 15 наурызға дейін Қазақстанда 3113
адам сотталып, қамауға алынды, 2450 шаруа қоныс аударды. Қазақстан аумағы
Кеңес мемлекетінің басқа аймақтарындағы “кулактардың жер аударылатын”
мекеніне айналды. Шаруалардың басына түскен жазалаудың алдында астық
дайындау науқаны жүргізіліп, астық қоры, тұқымдық қоры тәркіленді. Мұның
арты күнкөрістік ішіп-жемінен айрылған қазақ халқын жоңғар шапқыншылығы
кезіндегі “ақтабан шұбырындымен” салыстыруға болатын алапат ашаршылыққа
соқтырды. Ашаршылық пен оның ауыр зардабы құрбандарының саны 1 миллион 750
мың адамға, яки бүкіл қазақ халқының 40%-на жетті. 1010 мың қазақ тарихи
отанын тастап үдере көшуге мәжбүр болды. Үкіметтің солақай белсенділікпен
малды қырғынға ұшыратуы салдарынан қазақ қоғамының негізгі азық-түлік қоры
болып табылатын дәстүрлі мал шаруашылығы қатты күйзеліске ұшырады. Малшы
көшпенділерді сәтсіз отырықшыландыру ұжымшарларға соққы болып тиді.
1-бесжылдық (1929 – 32) тұсында Қазақстанда 40 өнеркәсіп іске
қосылды, өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 3,2 есе артты. Оның жеке салалары:
түсті металлургия өнімі 6,1 есе, құрылыс материалдары – 6,9, химия – 5,3,
металл өңдеу – 4, отын – 3,1 есе өсті. 2-бесжылдық (1933 – 37) кезінде
Қазақстанның табиғи қорларын қарқынды игеру ісі жалғастырылды. Шымкент
қорғасын зауыты, Балқаш мыс қорыту, Ащысай полиметалл, ақтөбе химия
комбинаттары, Қарағанды көмір алабының шахталары, Ембі мұнай
кәсіпшіліктері, т.б. барлығы 120 өнеркәсіп пайдалануға берілді. Олардың
арасында алдымен ұзындығы 1500 километр Түркістан – Сібір темір жолы
(Түрксіб) өлке экономикасының өсуіне зор ықпал етті. Республикада тамақ
өнеркәсібі де даму жолына түсті. Семейде ет-консерві, Гурьев (қазіргі
Атырау) пен Арал қалаларында балық, Алматыда жеміс-жидек, Петропавл,
Ақтөбе, Шымкент, Қарағандыда ет комбинаттары салынды. жеңіл және жергілікті
өнеркәсіп салаларында да ондаған кәсіпорындар бой көтерді. 1938 – 40 жылы
700 кәсіпорын іске қосылды. 1940 жылы Қарағанды көмір алабының өндірісі
1913 жылмен салыстырғанда 77,5 есе көбейіп, 6460 мың тоннаға жетті. Ембі
мұнай кәсіпшіліктерінің өндірістік қорлары жаңартылды. 1940 жылы
республикада 700 мың тонна мұнай өндірілді. Қарағанды, Алматы, Балқаш,
Шымкент электр стансалары, Үлбі су электр стансасы пайдалануға берілді.
Өскемен электр стансасы, бірнеше жылу электр стансалары салына бастады.
1940 жылы 632,4 миллион кВт сағат, яғни 1928 жылғы деңгейден 85 есе артық
электр қуаты өндірілді. Жалпы алғанда республиканың өнеркәсіп өнімі Қазан
төңкерісіне дейінгі деңгейден 13 есе, ал ауыр өнеркәсіп бойынша 20 есеге
жуық артты. Халық шаруашылығының жалпы өнімінде өнеркәсіптің үлес салмағы
60% болды (1940). 2-дүниежүзілік соғыс жылдары (1941–45) республика алдына
айрықша қиын, кезек күттірмейтін және бір-бірімен байланысты міндеттер
қойылды. Бұл КСРО-ның батыс аудандарынан көшірілген өнеркәсіп орындарын
қабылдау, оларды тиісті жерлерге тездетіп орналастыру, өнім өндіруді
кідіріссіз жолға қою болатын. Экономиканы түгелдей соғыс жағдайына
бейімдеу, өндіріс қуаттарын үнемі арттыру, майданды барлық керекті
заттармен қамтамасыз ету қажет болды. Республика бұл мәселелерді ойдағыдай
шешті. 1941 жылдың 4-тоқсанында және 1942 жылдың басында Орта Азия мен
Қазақстанға көшірілген 250 кәсіпорынның жартысынан астамы (142) Қазақстанға
орналастырылды. Көшірілген және жаңадан салынған зауыттар мен фабрикаларды
іске қосу нәтижесінде жұмыс істеп тұрған негізгі қорлардың өндірістік қуаты
біршама артты. Жаңа өнеркәсіп салалары пайда болды, олар: қара металлургия,
мұнай өндіру, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, станок жасау, кен және
шахта жабдықтарын өндіру, сығымдағыш-автомат шығару, шағын литражды
моторлар, прокат, құбырлар, сымдар, жасанды талшық жасау, т.б. Мата, жүн
иіру, тоқыма заттар, шұлық, метиз-фурнитура, айна, кондитер, жеміс-
консерві, темекі және шай өлшейтін өндірістер жұмыс істеді. Соғыс
жылдарында Ақтөбе ферроқорытпа зауыты, Қазақ металлургия зауыты, Текелі
полиметалл комбинаты, Қарағанды көмір шахталары, Ембі мұнай кәсіпшіліктері,
Гурьев (қазіргі Атырау) мұнай айыру зауыты, кен байыту фабрикалары,
кеніштер, Қаратау кен-химия комбинаты, электр стансалары, жеңіл және тамақ
өнеркәсібі орындары, жүздеген километр темір жол желілері іске қосылды.
Түсті металлургия өнімдерінің маңызы артты, мыс өнімдерін өндіру 1,5 есе
өсті. Қазақстан ел қорғанысына аса қажетті қорғасын беретін негізгі базаға
айналды. Қысқа мерзім ішінде мыс пен қорғасын қақтамаларын өндіру игерілді.
Балқаш жұмысшылары мыс өндіруді 10 есе, молибденді 20 есе, түсті металл
қақтамасын 2 есе арттырды. Ақтөбе ферроқорытпа зауыты мен Жезді марганец
кеніші ел қара металлургиясының қажеттерін едәуір дәрежеде қанағаттандырып
отырды. Қазақ металлургия зауыты 1944 жылы желтоқсанда тұңғыш рет болат
берді. Республика майдан мен тылды көмірмен, мұнаймен, түсті және қара
металдармен жабдықтау жөніндегі жетекші базалардың біріне айналды. Елді
көмірмен жабдықтайтын кен орнының бірі ретінде Қарағанды көмір алабын
дамытуға баса назар аударылды. Соғыс кезінде Қарағанды кеншілері 34 миллион
тоннадан астам көмір өндірді, Оңтүстік Оралға берілетін кокстелетін көмір
көлемі 90% өсті. Қазақстанның мұнай өндірісі бүкіл соғыс жылдары майданды
мұнай өнімдерімен қамтамасызетті. Гурьев мұнай айыру зауыты іске қосылуына
байланысты әскери техника жоғары октанды бензинмен және сапалы жағар маймен
қамтамасыз етіле бастады. Қазақстанның отын және металлургия өнеркәсіптері
жоғары қарқынмен дамыды. Соғыс жылдарында Қаратау кен-химия зауыты (1944),
Қарағанды синтетикалық каучук зауыты (1943), Қостанай жасанды талшық
зауыты, Гурьев (Атырау) мұнай айыру зауыты (1945) салынды. Алматы ауыр
машина жасау зауыты, Шымкент пресс-автоматтар зауыты, Целиноград (Астана)
“Қазақ ауыл шаруашылық машинасы”, Орал арматура зауыттары жалпы одақтық
маңызға ие болды. Армияны киім-кешекпен және соғыс жабдықтарымен, ал
халықты күнделікті тұтыну заттарымен жабдықтаған жеңіл және тамақ
өнеркәсібінің маңызы ерекше. Маман жұмысшылар мен қызметкерлердің соғысқа
кетуіне байланысты кәсіпорындарды жұмыс күшімен қамтамасыз ету қиындай
түсті. Әйелдерді, жас жеткіншектерді, қарт кісілерді жұмысқа тартуға тура
келді. Қазақстанда соғыс жылдары 102 мың жас жұмысшы тәрбиеленді. 1945 жылы
өнеркәсіп өндірісінде істейтіндердің саны 255,4 мың адамға жетті. Соғыстың
алғашқы жылында қорғаныс қорына республика халқынан түскен ақша мөлшері 700
миллион сомнан асты. Соғыс кезіндегі қиындықтарға қарамастан 1945 жылы
мұнай өндіру 1940 жылмен салыстырғанда 1,3 есе, көмір – 1,7, электр
энергиясын өндіру 1,8 есе артты. Соғыс жылдарында республикада ауыл
шаруашылығы салалары тез дамыды. 1942–43 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының
егіс көлемі 1 миллион гектардан астам ұлғайды. Қазақстан ауылдары мен
деревнялары зор жігермен еңбек етті. Республика шаруашылықтары мемлекетке
5839 мың тонна астық, оның ішінде 3568 мың тонна бидай, 241 мың тонна
картоп, 174 мың тонна көкөніс, 1389 мың тонна қант қызылшасы, 323 мың тонна
мақта, 738 мың тонна мал мен құс етін, 1146 мың тонна сүт, 64 мың тонна жүн
өткізді.
Көлік пен байланыс жүйесін дамыту жөнінде қыруар жұмыстар жүргізілді.
Республика аумағында темір жолдың пайдалану ұзындығы 1631 километрге, жүк
тасымалы 5,7 миллион тоннаға жетті. Уралды көмірмен қамтамасыз етуде
маңызды рөл атқарған Қарталы – Ақмола (Астана) темір жол желісі қатарға
қосылды. Гурьев (Атырау) – Қандағаш, Жамбыл (Тараз) – Шолақтау темір дол
желілері пайдалануға берілді. Күрделі құрылыс көлемі ұлғайды. 2-бесжылдықта
барлық салалар бойынша 721 миллион сом күрделі қаржы игерілсе, 4 жарым жыл
ішінде (1941 – 46) 981 миллион сом игерілді.
Соғыстан кейінгі бесжылдықтарда (1946 – 60) Қазақстан экономикасы
бейбіт жағдайға көшіріліп, қандай да болсын халық шаруашылығы мәселелерін
шеше алатын, одақтың негізгі ауыл шаруашылығы базаларының біріне айналды.
Жаудың басып алуынан (оккупациядан) зардап шеккен және өнеркәсіптің соғысқа
дейінгі дәрежесіне 1949 жылдың аяғында ғана жеткен аудандардан Қазақстан
халық шаруашылығының өзгешелігі сонда, ол қалпына келтіру кезеңіне соқпай,
бұрынғысынша ұдайы өндіріс негізінде дамыды. Қазақстан бұл аудандарға
металл, отын, шикізат қорларын, құрылыс материалдарын, жабдық, азық-түлік,
асыл тұқымды мал, т.б. жөнелтіп тұрды. 4-бесжылдықта (1946 – 50)
өнеркәсіптің “А” тобы салаларын және ауыл шаруашылығын өркендету үшін
республикада барлық күрделі қаржының тиісінше 40,2%-ы және 14,2%-ы
пайдаланылды. Одақтық өнеркәсіптің жалпы өнімінің 1940 – 50 жылы өсу
қарқыны 173% болса, Қазақстан өнеркәсібінің өсу қарқыны 232%-ға жетті.
Кәсіпорындардың саны 4 мыңға жетті. Осы жылдары Қазақ металлургия, Балқаш
мыс қорыту, Балқаш кен-металлургия зауыттары, Лениногор (Риддер) қорғасын
комбинаты, Шымкент қорғасын, Өскемен қорғасын-мырыш, Ақтөбе ферроқорытпа
зауыттары мен Ақтөбе химия комбинаты, Жамбыл (Тараз) суперфосфат зауыты,
мұнай өндіретін Қаратон және Мұнайлы кәсіпшіліктері, т.б. кәсіпорындар
салынып, өндірістік қуаттары кеңейтілді. Машина жасау және метал өңдеу
өнеркәсібі негізінен қайта құрылды. Темір жолдың пайдаланылатын бөлігінің
ұзындығы Қазақстан аумағында 1940 жылы 6,6 мың километр болса, 1945 жылы
8,2 мың километрге, 1950 жылы 8,4 мың километрге, 1960 жылы 11,5 мың
километрге жетті. Өзен және автомобиль көлігі жедел дамыды. Жүк тасымалы
1950 жылы 1945 жылмен салыстырғанда 1,9 есе артты. Республиканың 21
қаласында автомобиль қатынасы орнады. 1950 жылы мемлекет және кооперативтік
бөлшек сауда тауар айналымы 1940 жылы деңгейінен 48% өсті. Тұрғын үй
құрылысының қарқыны жеделдетілді. Қала мен жұмысшы қыстақтарының тұрғын үй
қоры 5 миллион м2-ден астам өсті, ауылдық жерлерде 100 мың м2 үй салынды.
1946 жылы оқу-ағарту, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыруға бөлінген
қаржы 1013,2 миллион сом болса, 1950 жылы 1734,9 миллион сомға жетті, яки
70%-дай көбейді.
Ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық базасы нығайды. Мысалы,
кеңшарлар саны 1940 жылғы 194-тің орнына, 1950 жылы 269-ға жетті.
Ұжымшарлардағы ауыл шаруашылығы жұмыстарын техника жағынан жарақтандыру 70%-
ға (1940 жылы 57,2%) жетті. Кеңшарлардағы трактор парктерінің қуаты 2 есе,
комбайндар – 2,7 есе, негізгі қорлар 3,9 есе өсті. Осының негізінде
кеңшарлардың егіс көлемін ұлғайтуға мүмкіндік туды (1945 жылы – 630 гектар,
1950 жылы – 1150,6 мың гектар). 1950 жылы ұжымшарларды ірілендіру негізінде
ауыл шаруашылығын шоғырландыру басталды. Әр ұжымшарға келетін егіс көлемі 2
есе ұлғайып, 2000 гектарға жетті. Орта есеппен бір ұжымшарға келетін мал
саны 3 есе өсті. 1946 – 60 жылы ірі қара саны 26,6%, қой мен ешкі – 75,9%
өсті. Дәнді дақылдардың жалпы түсімі 1950 жылы 4,8 миллион центнер, астық
шығымдылығы әр гектарда 4,3-тен, 7,9 центнерге артты. Мемлекетке астық сату
2 есе, ірі қара саны 1,3, қой мен ешкі саны 2,2 есе көбейді. 1954 жылдың
көктемінен бастап тың және тыңайған жерлерді игеру жұмыстары басталды. 1954
– 55 жылы 34 астық кеңшары құрылды. Тыңды игеру үшін (1954 – 56)
республикаға сырттан барлығы 640 мыңнан астам адам келді. 1954 – 58 жылы
ауыл шаруашылығын механикаландыруға, өндірістік үйлер мен құрылыстар салуға
9,7 миллиард сом қаржы бөлінді, бұл өткен бесжылдықтарға қарағанда 2,5 есе
артық. 1960 жылдың аяғына қарай Қазақстанда 25 миллион гектар тың және
тыңайған жерлер игерілді. Сол жылдың басында Қазақстанда 333 кеңшар болды.
Қазақстанда ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 1950 жылғы деңгейден 2,8 есе,
оның ішінде егіншілікте 3,3 есе, мал шаруашылығында 1,9 есе артты. Дәнді
дақылдардың егіс көлемі 1950 жылы 6 миллион гектардан 1960 жылы 21,9
миллион гектарға жетті. Мемлекетке астық сату 1960 жылы 10,5 миллион
тоннадан асты (1950 жылы 2,1 миллион тонна). Алайда тың игерудің пайдалы
жақтарымен қатар экологиялық, экономикалық және әлеуметтік салдарлары да
болды. Тың көтеру әлеуметтік тұрғыдан бірқатар кері әсерлерге ұшыратты. Тың
және тыңайған жерлерді игеру одақтың басқа аймақтарындағы еңбек қорларын
тарту арқылы атқарылғандықтан іс жүзінде бақылаусыз көші-қон қозғалысы
туды. Тың игерген аймақтың жергілікті тұрғындарына балалары оқитын
мектептердің, өздері істейтін ұжымшарлардың жабылып қалуына байланысты
туған жерлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Соның салдарынан республиканың
жергілікті тұрғындарының үлес салмағы 30%-ға дейін азайды. Қазақ тілінің
дамуы мен қазақ этносының әлеуметтік-мәдени институттарына қатер туды.
5-бесжылдықта республикада 200-ге жуық ірі кәсіпорын қатарға қосылды.
Қарағанды металлургия зауыты, Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты салына
бастады. Жаңа көмірлі аудандар (Саран, Шерубай – Нұра, Шахан) игерілді.
Екібастұз кенінде алғашқы ірі көмір қимасы пайдалануға берілді. Өскемен су
электр стансасы іске қосылды, Бұқтырма су электр стансасының құрылысы
басталды. Мұнай және газ өнеркәсіптері жоғары қарқынмен дамыды. Химия
өнеркәсібі Қазақстанның ауыл шаруашылығын және Орта Азия республикаларын
фосфор тыңайтқыштарымен қамтамасыз етуге негізделді. Қарағанды синтетикалық
каучук зауыты ауыр өнеркәсіпті органикалық синтез өнімдерімен, құрылыс
индустриясын кальций карбидімен қамтамасыз етті. Республикада құрылыс
жұмыстары кең өріс алды. 1960 жылдың қаңтарына қарай Қазақстанда 398
кірпіш, 119 әк зауыттары, 221 қабырға блоктарын өндіретін кәсіпорындар, 895
бейруда құрылыс материалдарын өндіретін өңдеуші кәсіпорындар жұмыс істеді.
1958 жылы Алматы, Өскемен, Қарағанды қалаларында алғашқы телеқондырғылардан
бейнехабар беріле бастады.
1960 – 85 жылы Жалпы КСРО-да халық шаруашылығын біртұтас кешенге
айналдыру бағдарламасы жасалып, одақтас республикалардың экономикасын жалпы
одақтық көлемде орталықтандырылған басқарумен ұштастыру, республикалар
арсындағы еңбек бөлінісін тереңдету көзделді. Осыған орай республикада
өнеркәсіптік өндірісті аумақтық жағынан ұйымдастырып, аймақтардағы өндіргіш
күштерді кешенді түрде дамытуға ден қойылды. Сан алуан табиғи байлықтарды
қарқынды түрде халық шаруашылығы айналымына қосу, өндіріс құрал-жабдықтары
өндірісін басымырақ дамыту, республиканың жергілікті жағдайлары мен
ерекшеліктерін ескере отырып жалпы одақтық және аймақтық мүдделерге сай
келетін өнімдер өндіруге мамандандыру міндеті алға қойылды. 1985 жылы
республиканың қоғамдық, жалпы өнімі 1960 жылмен салыстырғанда 3,9 есе
артты. Материалдық өндірістің басқа салаларының да даму деңгейі жоғары
болды. Өнім өндірудің жалпы көлемі өнеркәсіпте 5 есе, ауыл шаруашылығында
1,7 есе, материалдық-техникалық жабдықтауда – 2,9, құрылыста – 3,4, көлік
пен байланыста – 4,6, сауда мен қоғамдық тамақтандыруда – 4,5, өнім
дайындауда – 2,4 есе өсті. Аса бай табиғат қорлары негізінде өнеркәсіп
халық шаруашылығы кешенінде жетекші орынға ие болды. Ірі кәсіпорындар, жаңа
шахталар пайда болды. Мұнай, болат, минералды тыңайтқыштар, көмір, т.б.
табиғат қорларын шудың көлемі көбейді. Халық шаруашылығының
мамандандырылған салалары (түсті және қара металлургия, отын-энергетика
кешені, т.б.) басымырақ дамыды. Павлодар, Екібастұз, Қаратау, Жамбыл,
Маңғышлақ аумақтық-өндірістік кешендері (АӨК) қалыптасты, Қарағанды –
Теміртау, Шығыс Қазақстан, Торғай және Шымкент – Кентау аумақтық өндірістік
кешен дамытылды. 70-жылдардан бастап өндіріс жоспарлы түрде
шоғырландырылып, негізгі өнім түрлерін неғұрлым ірі кәсіпорындар мен
өндірістік бірлестіктер өндірді. 1986 жылдың басына қарай республикада 610
кәсіпорынды біріктірген, бүкіл өнеркәсіп өнімінің жартысынан астамын
шығаратын 162 бірлестік болды. 1984 жылдың аяғында республикада 2139
кеңшар, 412 ұжымшар, 203 шаруашылықаралық кәсіпорындар мен ұйымдар, 40
өндірістік ауыл шаруашылығы бірлестігі жұмыс істеді. Тамақ өнеркәсібі 30
сала мен өндірісті қамтыды. Халықтың жан басына шаққанда ұлттық табыс 1960
жылмен салыстырғанда 1985 жылы 2 есе, нақты табыс 2,2 есе, төлемдер мен
жеңілдіктер 3,9 есе өсті. Бейөгдірістік аянын барлық салаларының негізгі
қорлары 1975 жылмен салыстырғанда 1985 жылы 3,1 есе өсті, оның ішінде
денсаулық сақтау, дене шынықтыру, әлеуметтік қамсыздандыру салаларының
қорлары 5,7 есе, ағарту ісінде 5,8, мәдениет пен өнерде 4,8 есе өсті.
Республика қара және түсті металлургия, химия өнеркәсібінің ірі орталығына
айналды. Одақтағы мыс, қорғасын, қалайы секілді металдарды өндірудің 30%-
дан 70%-ға дейінгісі Қазақстан үлесіне тиді. Қазақстан бірден-бір ауыл
шаруашылығы аймағына айналды. Мемлекет қорына Қазақстаннан жүннің әрбір
төртінші тоннасы, еттің әрбір он екінші тоннасы, астықтың әрбір бесінші
тоннасы түсіп отырды. Өкінішке қарай осындай аса зор халық шаруашылығы
әлуеті, басқару жүйесінің қолайсыздығынан, Қазақстан халқының жағдайын
түпкілікті жақсарта алмады. 20 ғасырдың 70-жылдары және 80-жылдарының
бірінші жартысында Қазақстан экономикасы экстенсивті негізде, экономикалық
ынталандыруға мән берілмей, жаңа технологиялық үрдістерді елеместен,
бұрынғы сарынмен дами берді. Бұл кезең елде тоқырау жылдары деп
есептелгенімен, жалпы Қазақстанда экономикалық қуат біршама өсті. Бұл
жылдары қара металлургияның одан әрі дамуымен бірге Соколов-Сарыбай және
Лисаков кен байыту комбинаттары іске қосылды. Одақтағы ақ қаңылтыр
шығаратын ең күшті цехы бар Қарағанды металлургия комбинатының құрылысы
аяқталды. Ермак (қазіргі Ақсу) және Ақтөбе ферроқорытпа зауыттары жұмыс
істей бастады. Ақтөбеде хром кенін шығару арта түсті. Целиноградтың
(Астананың) ауыл шаруашылық машина-құрылыс зауыты, т.б. кәсіпорындар
өздерінің өнімдерін шығара бастады. Қарағанды және Екібастұз көмір
алаптарында көмір шығару үлкен қарқынмен жүрді.
Ауыл шаруашылығы 1979 жылы жоғары көрсеткішке жетті. Тың жерлерді
игерген 25 жыл ішіндегі ең мол астық өнімі алынды. Республика мемлекетке 1
миллиард 262 миллион пұт, яки 20 миллион тонна астық берді.
Өнеркәсіптің шикізатқа бағдарланған бір жақты құрылымы, 20 ғасырдың
60 – 70-жылдары орталық министрліктер мен мекемелердің өктемдігімен
орнықты. Қазақстандағы кен қазу салаларының өнімі 80-жылдардың басында
Одақтағы орташа деңгейден 1,7 есе артық болды. Республиканың экономикалық
қуатының жартысынан көбі одақ министрліктерінің бақылауында еді.
Республиканың шикізат қорларын сорудан қыруар кіріс тапқанымен одақтық
мекемелер республика бюджетіне ешқандай қаражат түсірмеді. Табиғи ортаны
қорғау мен адам денсаулығы және әлеуметтік инфрақұрылымдардың дамуы жөнінде
де ешқандай қамқорлық көрсетілмеді. Көп жылдар бойы шикізат салаларының
үлкен кәсіпорындар түрінде дамуы өнеркәсіптің ғылыми жолмен дамымауына,
өндіруші және қайта өңдеу өнеркәсібі деңгейінің төмен болуына, халық
тұтынатын тауарлардың өте баяу шығарылуына әкеліп соқтырды. Азық-түліктен
өзге тұтынылатын тауарлардың 60%-ына жуығы сырттан әкелінді. Бүкіл халық
шаруашылығына тән тежелудің бәрі де республика экономикасында көрініс
тапты. Сөйтіп, өнеркәсіп өнімдері өсуінің орташа шапшаңдығы 9-бесжылдықтағы
8,4%-дан 11-бесжылдықта 3,8%-ға дейін қысқарды, ұлттық табыс 4,4%-дан 1,4%-
ға төмендеді. 9-бесжылдық жоспары 12,6%, 10-бесжылдық 2,5%, 11-
бесжылдықтікі 3,6% кем орындалды. Қазақстанның ауыл шаруашылығында қайта
өңдеу, сақтау, іске асыру ең артта қалған салалар болды. Бұл кезеңдегі
экономикалық дағдарыс әлеуметтік саланы да қамтыды. 1970 – 85 жылы
республика тұрғындарының көпшілігінің тұрмыс деңгейі, жалпы алғанда,
көтерілгендігі байқалады. Отбасының көбінде теледидар, тоңазытқыш, кір жуу
машиналары пайда болды, азаматтардың жеке меншік автокөліктері мен ұзақ
мерзімді сұраныс тауарларының саны көбейді. Алайда әлеуметтік салада, жалпы
алғанда, жағымсыз процестер тез шешілудің орнына үдей түсті.
Қаржыландырудағы қалдықтық қағиданың салдарынан медициналық көмек көрсету,
білім беру, мектепке дейінгі тәрбие беру істері артта қалды. Ауылдар мен
селолардың жартысынан көбінде денсаулық сақтау мекемелері болмады. Үй,
мәдени-тұрмыс нысандарының құрылысы, қызмет ету түрлерінің дамуы
тұрғындардың қажеттілігінен көп төмендеді. Бұл жылдары ірі өнеркәсіптік
және энергетикалық кешендерді салатын мекемелердің үлкен ауқымды
индустриялы экспансиясы өрістеді. Мұның бәрі қоршаған орта мен адамдардың
денсаулығына үлкен зиян келтіреді.
90-жылдардың басында экономиканың тежелуі экономикалық дағдарыстың
ушығуы, соның салдарынан тұрмыс деңгейінің төмендеп кетуі одақтас
республикаларды тәуелсіздік жолындағы белсенді қимылға бастады. Саяси
саланы демократияландыру күшейген сайын экономикалық жағдай күрделілене
түсті. Қоғамды демократияландыру социалистік теңгермешілікпен жарасым таба
алмады. Экономиканы түбірімен реформалау – мемлекеттік меншікке негізделегн
социалистік жоспарлы экономикадан нарықтық көп меншікті экономикаға көшу
қажеттігі туды. Мұның өзі бір сәттік іс емес және қиындықсыз болмайтын
үдеріс еді. Одақтас республикалардың егемендігін кеңейтуге байланысты
бірнеше экономикалық маңызды заңдар қабылданды. “Қазақ КСР-індегі меншік
туралы” Заң социалистік экономикадан нарықтық экономикаға көшудің негізін
салды. Осы заңға сәйкес өндіріс құрал-жабдықтарын меншіктенудің мемлекеттік
меншіктен басқа түрлерінің де болуына рұқсат етілді. Сөйтіп, әлемдік
экономикалық кеңістіктің 13-іне жарты ғасырдан артық уақыт бойы үстемдік
еткен социалистік өндіріс тәсілі біржола күйреді.

І. 3. Қазақстан Республикасы экономикасы

Қазақстан экономикасында, басқа одақтас республикалардағы сияқты,
нарықтық қатынастар орнай бастады, әр түрлі кооперативтер, жеке меншік
фирмалар мен шағын кәсіпорындар пайда болды. 80-жылдардың аяғына қарай
орталықтың республиканы бақылауының әлсіреуі салдарынан, шет елдермен
тікелей экономика және сауда байланыстарын орнатуға мүмкіндік туды.
Қазақстан бұрын да өз өнімдерін шетке шығарып отырған, оның 97%-ы
шикізаттар, материалдар мен жартылай шикізаттар болатын.
Экономикаға түбірлі реформа жасау және меншіктің көп түрлілігі
негізінде нарықтық қатынастар орнату үшін бірқатар заңдар қабылдау керек
болды. Орталыққа бағынған кезінде Қазақстанда “Қазақ КСР-індегі еркін
экономикалық аймақтар туралы”, “Қазақ КСР-індегі шет ел инвестициялары
туралы”, т.б. заңдар қабылданды. Республикада Сыртқы экономика министрлігі
құрылды, Сыртқы экономика банкі ашылды. Әр түрлі экономикалық
қауымдастықтардың, корпорациялардың дүниеге келуі өзара әріптестік сауданың
дамуына жағдай туғызды, оның көлемі 1990 жылы 1,5 есе өсті. Жаңа
құрылымдардың пайда болуымен бірге адамдардың іскерлік белсенділігі артты.
Бірлескен кәсіпорындар мен банктер ашыла бастады. 1990 жылы қарашада Сауд
Арабиясымен біріккен “Әл-Барака банк Қазақстан” банкі құрылды, Оңтүстік
Кореяның “Самсунг” корпорациясымен іскерлік байланыс орнатылды. Сеулдік
кәсіпкерлер Алматыдан мейрамхана ашты. Қазақстан – Қытай әуе жолы мен
Жаркент – Құлжа (Инин) автожолы жұмыс істеді. 1991 жылы Қазақстанда әлемнің
25 елінің қатысуымен құрылған 35 біріккен кәсіпорын ресми түрде тіркелді.
Республикадағы тоқраған экономиканы шет мемлекеттердің экономикалық және
технологиялық көмегінсіз қалпына келтіру қиын еді. Шет ел капиталын тарту
үшін республика жаңа заңдар қабылдап, инвесторларды 5 жыл бойы табыс
салығын төлеуден босатты.
Қайта құру идеяларын өмірге енгізу жеңіл болған жоқ. Басқарудың
орталықтанған жүйесінен бас тартпай, әкімшіл-әміршіл пиғылдан арылмай,
түбегейлі құрылымдық өзгерістер жасамай тұрып, реформаны одан әрі дамыту
мүмкін болмады. Қоғамды демократияландыру ісі орталық пен республикалар
арасындағы, одақтас республикалардың өз арасындағы қалыптасқан экономикалық
қарым-қатынасты, сондай-ақ, бұл қарым-қатынастың мемлекеттік-құқықтық
негіздерін қайта қарауды қажет етті. Қазақстанда Президенттік басқарудың
енгізілуі мемлекеттік билік әлсіреп, экономикадағы дағдарыс тереңдей түскен
жағдайда елдегі экономикалық және саяси ахуалды тұрақтандыруға бағытталған
заңды құбылыс еді. Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның
қабылдануы (25.10.1990) нәтижесінде материалдық-техникалық, сыртқы
экономикалық қатынастар, қаржы салаларында жаңа мүмкіндіктер туды. Орталық
органдарды жанай өтіп, бұрынғы кеңістіктегі республикалармен тікелей
экономикалық байланыстар орнай бастады. Шет мемлекеттермен байланыстарды
жолға қоюға мүмкіндік туды. ҚР Президенті одақтық бағыныстағы мемлекеттік
кәсіпорындарды Қазақстан Үкіметінің құзырына алу, Қазақ КСР-інің алтын және
күміс қорын жасау туралы жарлықтар, сыртқы экономикалық қызмет пен
мекемелердің тәуелсіздігін қамтамасыз ететін басқа да жарлықтар шығарды.
Енді бұрынғы одақтас республикалар өзара тікелей дипломатиялық және
экономикалық қарым-қатынас орната бастады. Қазақстан да 1990 – 91 жылы
Беларусьпен, Әзербайжанмен, Қырғызиямен, Өзбекстанмен, Ресей Федерациясымен
және Украинамен экономикалық шарт жасасып, достық пен ынтымақтастық туралы
әр түрлі келісімдерге қол қойды. Қазақстан мен Ресей Федерациясының
арасында да бірсыпыра келісімдер жасалып, өзара міндеттемелер қабылданды.
Қазастанның тәуелсіз мемлекет болып жариялануы (16.12.1991) нәтижесінде осы
уақытқа дейін шикізат аймағы және арзан жұмыс күшінің көзі саналып келген
республика экономикаға меншіктің көп түрлілігіне негізделген нарықтық
қатынастарды енгізе отырып, дербес экономикалық өрлеу жолына түсті.
Тәуелсіздік алғаннан кейін (1991) Қазақстанда экономиканы
реформалаудың бірнеше тәсілі қолданылды. Мемлекет экономикалық саясаттың
базалық бағыттары мыналар болды: 1) социалистік экономикадан кейінгі қайта
құру; 2) дағдарысқа қарсы бағдарлама; 3) макроэкономикалық тұрақтандыру; 4)
дүниежүзілік экономикалық дағдарысты еңсеру; 5) экономикалық өрлеуді
қамтамасыз ету.
Бірінші кезең (1991 – 92) Қазақстанда социалистік экономикадан
кейінгі экономикалық жағдайдың шиеленісіп, құлдырауымен сипатталады. Бұл 70-
жылдардың аяғында КСРО экономикасы нақты секторының жаппай үдере қожырауы
салдарынан туған еді, оның үстіне өзгеріске ұшыраған сыртқы және ішкі
әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси бағытта жүргізілген экономикалық
саясат өрістеп кете алмады.
90-жылдардың басында ҚР-ның экономикалық саясаты социалистік
экономикалық жүйені өзгертуге және ұлттық нарықтық экономиканы құруға
бағытталды. Негізгі бағыттар мыналар болды: экономиканы ырықтандыру: сыртқы
реттеуіштерді енгізу, әлеуметтік-экономикалық аяға мемлекеттің қатысуын
шектеп, қамқорлығын азайту, сыртқы экономикалық қызмет нысандарын кеңейту,
сырттан инвестициялар тарту, валюталық тәртіпті тұрақтандыру; көп ұстынды
экономиканың негіздерін қалыптастыру: экономикада жекеше сектордың жұмыс
істеуі үшін жағдай жасау, шаруашылық жүргізуші субъектілерге нарықтық
нышандар үлгілерін енгізу, кәсіпкерлікті, шағын және орташа бизнесті
дамыту, толымды нарықтық бәсекені өрістету үшін жағдай жасау.
Республиканың жалпы ішкі өнімі 1991 жылы ағымдағы бағамен – 85863,1
миллион сом, 1992 жылы – 1217689,2 сом болды. Бағаны ырықтандыру салдарынан
үдей түскен инфляцияға байланысты жалпы ішкі өнім ағымдағы бағамен 15 есе
көбейді. Тұтыну бағасының индексі 1992 жылы 3060,8%-ды құрады, мұның өзі
1991 жылмен салыстырғанда 12,4 есе (247,1%) көп. Нақты бағамен жалпы ішкі
өнім деңгейі 5,3%-ға төмендеді. 1991 жылмен салыстырғанда 1992 жылы
экономиканың барлық саласы бойынша өндіріс көлемі күрт азайды. Өнеркәсіптік
өнімнің құлдырау қарқыны құрылыста 40,5%-ды, саудада 17,4%-ды, көлікте
19,4%-ды құрады. Өндірістің өсуі тек ауыл шаруашылығында ғана тіркелді.
Сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі бойынша орта есеппен жан басына
шаққандағы жалпы ішкі өнім 1991 жылы 5756 АҚШ доллар, 1992 жылы 5561 АҚШ
доллар болды. Қазақстанның стратегиялық дамуының алғашқы бағдарламасы –
“Қазақстанның егеменді және тәуелсіз мемлекет ретінде дамуының қалыптасу
стратегиясы” қабылданды, мұнда мемлекет дамуының басым бағыттары айқындалды
және экономика аясында стратегиялық максаттар белгіленді, олар: бәсекеге
негізделген, экономикалық және әлеуметтік өзара байланыстардың жалпы
жүйесінде әрқайсысы өз міндеттерін орындайтын негізгі меншік нысандары
(жекеше және мемлекеттік) ұштасатын және өзара байланыста болатын
әлеуметтік нарықтық экономика құру; адамның экономикалық өзін-өзі билеуі
қағидатын іске асыру үшін құқықтық және басқа жағдай жасау.
Екінші кезең (1993 – 94) экономикалық дағдарыстың түйінді кезеңіне
айналды, бұл дағдарыс мыналардан көрінді: Ресей Федерациясымен шаруашылық
байланыстардың үзілуі және осының салдары ретінде төлем төленбеу дағдарысы:
кәсіпорындардың өзара борыштары 1993 – 94 жылы және 1995 жылдың басында
634913 миллион теңге болды; инфляция (гиперинфляция) өрши түсті: 1993 жылы
тұтыну бағасының индексі 2265% деңгейіне жетті (Ресей Федерациясының жаңа
рублінің инфляциясы); өнеркәсіптің шегіне жете құлдырауы: өндірілген ұлттық
табыс 1991 – 93 жылы 1976 жылғы деңгейге дейін төмендеп, жалпы құлдырау
38,2% болды. 90 жылдардың басындағы жалпы экономикалық дағдарыс халық
тұрмысының күрт нашарлауына әсерін тигізді: 1990 жылдан 1994 жылға дейін
тұтыну қабілетінің тепе-теңдігі бойынша жан басына шаққанда орта есеппен
жалпы ішкі өнім ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жобаның негізгі мақсаты - Қазақстанның экономикасына ықпал ететін факторларын анықтап, олардың әсер ету дәрежесін бағалау
ЭКОНОМИКА БАҒДАРЛАМАЛАРЫ МЕН РЕФОРМАЛАРЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ
Орталық азия елдеріне жалпы сипаттама
Қазақ индустриясы дамуының негізгі факторы - экономиканы әртараптандыру және мамандану
Глобализация және интеграция үрдістеріндегі бүкіл әлемдік экономика және Қазақстан
Нарықтық экономика модельдері
Сыртқы сауда саясатының мақсаттары
Индустриялық-инновациялық дамуда «Ұлттық инновациялық жүйенің» маңыздылығы
Қазақстан Республикасындағы мұнай және газ саласының даму жолдары
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасының қалыптасуы туралы
Пәндер