Қазақстандық жаңашыл ұстаздардың іс-тәжірибесін насихаттаудың маңызы



Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I тарау. Қазақстандық жаңашыл ұстаздардың іс.тәжірибесін насихаттаудың маңызы
1.1 Педагогикалық озат тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату ... ... ... ... ..5
Қазақстандық жаңашылдардың іс.тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.2 Инновациялық процестерді басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
Кіріспе.
Тақырыптың өзектілігі
Күрделі педагогикалық жүйе ретінде танылған осы заман мектебін басқару әрбір басшыдан біртұтас басқару жүйесін түзіп, оны даму жолына бағыттауда жоғары ғылыми дайындықты талап етеді . Бұл үшін түрлі деңгейдегі мектеп жетекшілері төмендегілерді білуі міндетті:
 Мектеп түрі мен мақсаты;
 Ақпараттық жабдықталуы (оқушылар қызығулары мен мүмкіндіктері, ата-аналар тапсырыстары);
 Мамандар, материалдық-техникалық, психологиялық жағдайлар (анықталған қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін);
 Оқу жоспарының мектептік баламасы;
 Оқу жүйесі жеке дара, сынып сабақтың, дәрісбаян-тәжірибелік, мектептің әр қилы сатылары мен оқушы топтарына арналған циклды-ағымдық және т.б.);
 Оқу тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың мерзімдік тәртібі (бес-алты күндік, апта, түске дейінгі не күненің екінші жартысында);
 Мектептің белгіленген мақсаттар ға жетудегі басты шарттары (мамандар, материалды-техникалық, қаржылық, ғылыми-әдістемелік, әлеуметтік-психологиялық).
Педагогикалық жүйе ретінде мектепті басқару барысында, бір жағынан, оның тұтастығын сақтауға, екінші жағынан – ондағы жүйе бірліктерінің әрекеттеріне ықпал жасаумен оларды өзгертіп, реттеуге

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

I тарау. Қазақстандық жаңашыл ұстаздардың іс-тәжірибесін насихаттаудың
маңызы

1. Педагогикалық озат тәжірибені зерттеу, жинақтау және
тарату ... ... ... ... ..5

Қазақстандық жаңашылдардың іс-
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .8

2. Инновациялық процестерді
басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 3

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Педагогика. Қоянбаев. Алматы 2004 ж.

2. Педагогика. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
(дәріс құралы) Алматы 2003ж.

3. Педагогика. Ж.Әбиев, С.Бабаев, А. Құдиярова.

4. Педагогика пәнінің негіздері. Дайрабаев, Дайрабаева. Алматы 2005ж

5. Жалпы педагогика. С. Б. Бабаев. Алматы 2011ж.

6. Педагогика. Ш. Х. Құрманалина, Б. Ж. Мұқанова, Ә.У. Ғалымова, Р.К.
Ильясова. Фоллиант баспасы. Астана 2007ж.

I тарау. Қазақстандық жаңашыл ұстаздардың іс-тәжірибесін насихаттаудың
маңызы

Кіріспе.

Тақырыптың өзектілігі

Күрделі педагогикалық жүйе ретінде танылған осы заман мектебін басқару
әрбір басшыдан біртұтас басқару жүйесін түзіп, оны даму жолына бағыттауда
жоғары ғылыми дайындықты талап етеді . Бұл үшін түрлі деңгейдегі мектеп
жетекшілері төмендегілерді білуі міндетті:

▪ Мектеп түрі мен мақсаты;

▪ Ақпараттық жабдықталуы (оқушылар қызығулары мен мүмкіндіктері, ата-
аналар тапсырыстары);

▪ Мамандар, материалдық-техникалық, психологиялық жағдайлар
(анықталған қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін);

▪ Оқу жоспарының мектептік баламасы;

▪ Оқу жүйесі жеке дара, сынып сабақтың, дәрісбаян-тәжірибелік,
мектептің әр қилы сатылары мен оқушы топтарына арналған циклды-ағымдық
және т.б.);

▪ Оқу тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың мерзімдік тәртібі (бес-алты
күндік, апта, түске дейінгі не күненің екінші жартысында);

▪ Мектептің белгіленген мақсаттар ға жетудегі басты шарттары
(мамандар, материалды-техникалық, қаржылық, ғылыми-әдістемелік,
әлеуметтік-психологиялық).

Педагогикалық жүйе ретінде мектепті басқару барысында, бір жағынан,
оның тұтастығын сақтауға, екінші жағынан – ондағы жүйе бірліктерінің
әрекеттеріне ықпал жасаумен оларды өзгертіп, реттеуге мүмкіндік беру
қажет. Педагогикалық жүйенің өзіндік қызметтері қоғам қажетінен туындаған
мақсаттардың дәл мезетінде орындалып баруына бағытталуы қажет. Мақсаттар
мектептің педагогмикалық жүйесіңінің мазмұнын айқындайды, ал сол
мазмұнының іске асырылуы, өз кезегінде көптеген әр қилы әдістер мен
формаларды ойластыруды керек етеді.

Мектептегі педагогикалық жүйенің негізгі құрылдымдық бірліктерін
анықтайтын жағдаяттар – педагогикалық ұжым және оның басшыларының
қызметтік іс-әркеттер (В.А. Сластенин). Мектептердің көбі төрт деңгейлі
басқару құрылымы қолдануда:

1) мемлекеттік орган бекіткен не ұжым сайлаған мектеп директоры; мектеп
кеңесі, оқушылар комитеті, қоғамдық бірлестіктер басшылары. Бұл
деңгейде мектептің стратегиялық даму бағыты анықталады.

2) Мектеп директорының орынбасары, мектеп психологы; Әлеуметтік педагог,
қоғамдық пайдалы еңбек ұйымдастыруға жауапкер, әкімшілік-шаруашылық
бойынша директор көмекшісі; Өзіндік басқаруға қатысты органдар мен
бірлестіктер басшылары.

3) Оқу барысында және оқудан тыс білім-тәрбие жұмыстарына байланысты
оқушыларға басшылық қызметкерлерді атқарушы мұға лімдер, тәрбиешілер,
сынып жетекшілері. Бұл деңгейге қоғамдық басқару органдары мен өзіндік
басқару, қосымша білім беру мекемелерімен байланыс жүргізуші
педагогтарды да енгізуге болады.

4) Сыныптық және жалпы мектептік өзіндік басқару қызметтері тапсырылған
оқушылар. Бұл деңгейдің назарға алынуы мұғалімдер мен

оқушылар арасындағы қатынастың субъект-субъектты сипатын баса
танытады.

1.1 Педагогикалық озат тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату

Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау ісі күрделі
және шығармашылық мәселелердің бірі болып табылады. Педагогикалық тәжірибе
– оқыту, білім беру және тәрбие тәжірибесі, дәлірек айтсақ нәтижесі
оқушының жеке тұлғалық сапаларынан көрінетін, белгілі бір мақсатпен
ұйымдастырылатын педагогикалық процесс.

Көпшілік мұғалімнің педагогикалық тәжірибесі – бұл педагогика
ғылымының жетістіктерін қолданып жұмыс істеп жатқан білім беру ұйымдарының
тәжірибесі.

Озат педагогикалық тәжірибе сөзін түрліше түсінеміз.Кең мағынада озат
педагогикалық тәжірибе – мұғалімнің шеберлігінің жоғары деңгейі, тұрақты
педагогикалық нәтиже беретін оқыту және тәрбие тәжірибесі. Мұғалімнің
тәжірибесінде жаңалық болмауы мүмкін, бірақ ол ғылымда белгілі
принциптерді, әдістерді табысты түрде қолданып , басқа мұғалімдерге үлгі
болып, озат тәжірибесі басқа мектептерге таратылады.

Педагогикалық озат тәжірибенің тар мағынасы: шығармашылық ізденіс,
жаңалығы бар тәжірибе, жаңашылдардың тәжірибесі. Мұндай педагогикалық
тәжірибе өте құнды, себебі ол мектеп тәжірибесіне жаңалық енгізеді.
Сондықтан, бірінші кезекте осы тәжірибені талдап, баға беріп, тарату керек.
Жай шеберлік пен жаңашылдық арасындағы айырмашылықты көру қиын, себебі
мұғалім ғылымда белгілі принциптер мен әдістерді қолданып, қол жеткен
жетістермен шектелмейді, жаңа әдістерді қолданып, немесе ескі әдіс-
тәсілдерді тиімді етіп ұштастырып, бірте-бірте жаңашыл болады, олай болса
кез келген жақсы тәжірибені мектептің тәжірибесіне енгізуге болады, бірақ
жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесін жан-жақты талдап, қорытындылап тарату
керек.

Озат педагогикалық тәжірибенің белгілері:

1) Қоғам дамуының бағытына, әлеуметтік сұранысқа сәйкестігі. Озат
мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері өмір талаптарына
сай жұмыс істеп, педагогикалық процесті жетілдірудің тиімді жолдарын
табады.

2) Педагогикалық қызметтің тұрақты, жақсы нәтижелері. Педагогикалық
өнім - оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларының, жалпы дамуының,
тәрбиелілігінің деңгейі.

Мұғалім сабақтарын дұрыс бағалап, оқушылардың білім сапасын тексеріп,
жауап беріп алынатын сұрақтар:

• Оқушылардың бағдарламадағы оқу материалын меңгеруі;

• Өз беттерімен білім ала білуі;

• Білімдерін шығармашылықпен тәжірибеде қолдануы;

• Оқушылардың жалпы дамуы

Білім сапасы оқушылардың байқампаздығынан, талдау, жинақтау,
абстракциялау іскерлігінен, оқу материалымен жұмыс істеу жолдарын
анықтаудан, іс-әрекеттің жүйесін белгілеуден, өз іс-әрекетін бақылап,
оған керек жағдайда түзетулер енгізуінен көрінеді. Оқушылардың
тәрбиелігі олардың пікірлерінен, мінез-құлқынан, жүріс-тұрысынан
байқалады.

3) Оқыту, тәрбие, дамуда тұрақты, жақсы нәтижелерге жету үшін мұғалімдер
мен оқушылардың өз күштері және құралдарын орнымен жұмсауы. Оқушыларға
шамадан тыс қосымша тапсырмалар беріп, басқа пәндерді меңгеруге зиян
келтіріп, білім сапасын көтеретін тәжірибе озат тәжірибе деп
есептелмейді.

4) Жаңалық – педагогикалық озат тәжірибе оқу-тәрбие жұмысын үнемі дамытып
және жетілдіріп отырады. Сондықтан, әрбір мұғалім еліміздегі жаңашыл
ұстаздардың бай тәжірибесін, белгілі педагогтар мен психологтардың
ғылыми еңбектерін терең зерттеп, олардың ұсынбаларын өз ісінде
шеберлікпен пайдаланғаны жөн.

Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеудің кейбір жолдары бар. Олар:
мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп жинақтауы, педагогикалық еңбек
шеберлерінің жұмыс жүйесін жинақтау және зерттеу;бір педагогикалық тақырып
бойынша бірнеше мұғалімдердің іс-тәжірибелерін зерттеу және
жинақтау;жаңашыл мұғалімдердің озат тәжірибесін тарату және оны оқу-тәрбие
процесіне енгізу;педагогикалық ғылыми-зерттеу институттарының басшылығымен
оқу және тәрбие салаларында орын алып отырған мәселелерді тауып, оны шешуге
ат салысу.

Оқыту мен тәрбиенің тиімді тәсілдері мен әдістерін табуда мұғалімнің
өз тәжірибесін өзі зерттеп, жинақтау ісі – әрі қиын, әрі күрделі
мәселелердің бірі.Мұғалім оқыту мен тәрбие саласындағы орын алып отырған
бір мәселені шешу үшін әдіс-тәсілдерді таңдап алып, олардың оқушыларға
ықпалын сабақ және тәрбиелік іс-шаралар арқылы бақылайды. Мұғалім зерттеу
арқылы түскен материалдарды талдап, қорытындысын үнемі дәптерге жазып,
оқушылардың ынтасы мен таным қабілетін дамыту жолдарын іздестіріп, өз
жұмысындағы жетістіктер мен кемшіліктерді көріп, оларды жоюдың тиімді
жолдарын табу үшін педагогикалық әдебиеттермен танысады.

Мұғалім өз мектебіндегі немесе көршілес мектептердегі тәжірибелі
мұғалімдердің тәрбие жұмыстарымен танысып, сабақтарына қатысып, олардың
оқыту мен тәрбие әдістерін өзінің әдістерімен салыстырып, тиісті
қорытындылар жасап, зерттеу жұмысының құжаттарын, атап айтсақ, сабақ
жоспарын, күнтізбелік-тақырыптық жоспар, оқушылыардың жазба жұмыстары,
дәптерлері, сынып жетекшісінің оқу-тәрбие жұмысының жоспары, оқушылардың
баяндамаларын жинақтайды.

2. Қазақстандық жаңашылдардың іс-тәжірибе

Жаңашыл мұғалімдер өз мектептерінде 25 жыл бойы идеяларын сынақтан
өткізіп, ескі әдіспен жастарды оқытуға болмайтынын дәлелдеп,
мұғалімдерге жақсы жұмыс істеу жолдарын көрсетті. Олар:

- Балалар мен мұғалімдер, ата-аналар арсындағы ынтымақ;

- Ұжым мүшеле рінің шығармашылық жұмысы;

- Оқушыға атқарушылық жә не шығармашылық қабілетін дамытатын жұмыстар
беру;

- Баланы өзін-өзі және ұжымды талдауға үйрету;

- Тұлғаның дамуы;

- Тірек идеясы;

- Жаңарту идеясы;

- Озу идеясы;

- Жаңа мектеп;

- Тұлғаны дамыту идеясы.

Қ.М.Нұрғалиевтың негізгі идеялары мен педагогикалық тәжірибесі.

Идеясы: Боран мектебін білімдар әрі бала жүрегіне сезімтал ұстаздар ордасы
на айналдыру, жаңалыққа ұмтылуды мақсаит ету, жаңалық үшін ғана емес,
жалпының и гілігі үшін жұмыс істеу. Жаңашыл ұстаздың басына тән басты
қасиеттер: ерен ерлігі, жауапкешілігі, еңбекқорлығы, турашылдығы,
біліктілігі, талап қойғыштығы, ұйымдастырушылық қабі леті, адамгершілігің,
педагогтың іздемпаздығы, шығармашылығы. Еліміздің таңдаулы мектептері нің
бірі Боран мектебі мыңға жуық оқушы оқыған ауылдық жердегі аралас мектеп
болдған . Мектеп жанындағы оқу өндірістік кешенінде 9-10 сыныптағылар екі
жыл ішінде жүргізуші, тракторшы, электрик мамандықтарын алып шыққан.
Мектептің бүкіл оқу тәрбие жұмысы техникалық құралдарды қолдануға
негізделіп, барлық 40 кабинеттің техникалық орталығы республикамызда тұңғыш
рет осы мектепте жасалып, мыңдаған дыбыстық фонограммалардың, диафильмдер,
диопозитивтер дің, кинофильмдер мен кино-фрагменттердің, магнитафон
жазбаларының үлкен қоры жинақталған орталық телестудиясы болған. Студиядағы
операторлар да режиссерлар да 7-сыныптан жоғары оқитындар болды.

Мектеп жанында зәулім спорт залы, екі дене шынықтыру залы, ән-күй, саз
кабинеті мен бөлмелері 200орындық жиын залы, 200оырындық кинотеатр,
медициналық кабинет, 240 орындық асхана жас буынның игі лігіне айналған.
Сол кездегі совхоз малшыларының баларына арналған 60 орындық интнрнат үйі
толық жабдықталған өнер бөлмесі (көрмесі), екі оқу залы жұмыс
істеген.Қазақтың ұлы ағартушыларына, көрнекті педагогтарға арналған
стенділер, мәңгі от алаулары тұрған жауынгерлік даңқ залы тәрбие орталығына
айналған.Ұжым барлық пәндер бойынша толық үлгерімге жетіп, құқық тәртібін
бұзу оқиғасы кездеспеген.Жыл сайын мектеп бітірушілердің көбі совхоз
өндірісінде қалып, жөндеу, көгалдандыру, т.б. мектеп жұмыстарын оқушылар
атқарған.Мектеп директоры – Қ. Н. Нұрғалиев:Мектепті алға бастыруды толық
ойласақ, істі кадрдан бастауымыз қажет. Келешектің адамын қалыптастыру,
еңбекке баулу, адамгершілікті дамыту, мұның бәрі сегіз қырлы бір сырлы
дейтін мұғалімдердің қолдарынан келетін үнемі ескеріп отырғанда ғана жақсы
ұстаз бен жас шәкірт арасында мәңгі үзілмес алтын желі тартылады. Ол
мұғалімнің оқушыға сенуі,оқушының мұғалімді сүюі - деп оқу-тәрбие
процесін,ізгілендіру идеясын қолдаған.

Архимед Мыңбайұлы Ысқақовтың негізгі идеялары мен тәжірибелері:

Көпшілік Архимед мектебін Болашақ мектебі дейді. Оқу-тәрбие
жұмысында бетбұрыс жасау идеясын ұсынып, әр оқушының еркін дамуына, азамат
ретінде белсенді әрекет етуін, мүмкіндік туғызатын мектептің жаңа моделін
құру идеясын ұсынды.Педагогикалық процесті еркін демократиялық негізде
жүргізу де Мыңбаевтың идеясы.Архимед мектебінің басым көпшілігі ерекше
тәрбиені қажет ететін әдеттегі қиын балалар деп аталып жүрген 9-10 сынып
оқушылары. Алайда, педагогикалық ұжым өз еріктерімен келген
жасөспірімдердің ешқайсысын қиын оқушы деп есептемейді. 200 жасөспірімнің
барлығын да, өздерінің бейімділігі мен ынта-ықыласына қарай іске тартып,
сенім артып, адал еңбектің пайдасына көздерін жеткізеді.

Архимед мектебінің міндеті – балаларға сапаалы білім, саналы тәрбие
беріп, олардың өмірдегі өз жолын табуына көмектесу. Бұл мектеп сол кезде
жартылай шаруашылық негізінде жұмыс істеп, оқушылар түске дейін қаланың 100-
ден астам өндіріс орындарындарында міндетті төрт сағат еңбек еткен. Тапқан
табыстарының 50 сомын мектеп қорына өткізіп, оны бос уақытттары мен
каникулдарын мазмұнды ұйымдастыру үшін жұмсаған. Оқуға деген ынтасына қарай
оқушыларға 10 сомнан 50 сомға дейін шәкіртақы төленген. Бағдарламаның
ерекшелігі – жалпы білім беретін пәндерден басқа әр оқушының қалауына сай 1-
2 пәнді тереңдетіп оқытуында, бейнелеу өнері, кино, театр, саз, дін тарихы
пәндерін енгізілуде, биология курсының экология негіздері деген қосымша
сабақтармен толықтырылуында. Оқушылардың денсаулығын нығайту мақсатымен
дене шынықтыру сабағы аптасына 5 рет өткізіліп, бір сабағы міндетті түрде
бассейінде өткізілген.

Сондай-ақ ағылшын тілінде аптасына 4 сағат бөлініп, компьютер
сыныбымен қатар, журналистика негіздері, социология және психология
негіздері, т.б. курстар оқылып, балалардың толықтай орта білім алуына,
өздігінен білім алуына деген құштарлығы мен дағдыларын қалыптастыруға ықпал
жасады. Оқушылар отандық және мәдениет байлығымен танысып, адамгершілік
және ерік-жігерлерін қоғамдық дәрежеде шындықтар алады. Мектепте барлығы 25
мұғалім және ЖОО мен мекемелерден шақырылған мамандар тобы еңбек етіп, 8
оқушы, 8 мұғалімнен тұратын мектеп кеңесі болды. Мектеп бітіруші түлек
мемлекеттік аттестат паспорт екі жыл еңбек стажы бар еңбек кітапшасын,
жұмысшы мамандығын алып шығады. Сол кездегі бір оқушының Сіздің
мектебіңізде оқығым келеді. Мені мектебіңізге алыңыз, өтінемін. Мен ешкімге
де керек емеспін, - деген хатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектептің педагогикалық кеңесі
Инновация туралы ұғым, маңызы, топтастырылуы, шығармашылық әрекет
«Мұғалімнің озық педагогикалық тәжірибелерін зерттеу мен қорыту педагогикалық проблема»
Педагогикалық ізденіс
Тіл туралы заң
Озат педагогикалық тәжірибе және инновация
Ы.Алтынсариннің білім жүйесіне қосқан үлесі
Бастауыш мектепте мұғалімдердің беделін анықтау жолдары
XXI ғасыр мұғалімі
Қазіргі жағдай Қазақстан мектептеріндегі білім беру мазмұнының проблемалары
Пәндер