Адамгершілік тәрбие



Жоспар

1. Мораль принциптері мен ережелері
2. Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері
3. Адамгершілік тәрбиесінің мазмұны мен құралдары
4. Адамгершілік тәрбиесінің әдістері
Әдебиеттер тізімі
Мақсаты: Оқушы-студенттердің мектепке дейінгі кезеңдегі адамгершілік тәрбиесі туралы теориялық түсініктерін тереңдету. Адамгершілік тәрбиесінің мақсат-міндеттерін, мазмұны мен құралдарын және әдіс-тәсілдерін меңгерту оны тәжірибеде пайдалана білуге баулу.
1. Мораль принциптері мен ережелері
Мораль - дегеніміз адамдардың мінез-құлқының тарихи қалыптасқан принциптері мен ережелерінің жиынтығы. Бұл принциптер мен ережелер жақсылық пен жамандық, әділеттілік пен әділетсіздік, абыройлық пен абыройсыздық деген ұғымдардың тұрғысынан қаралып, адамдардың мінезі мен іс-әрекеттерін бағалаудың өлшеушісі болып табылады. Бұлар адамдардың бір-біріне, қоғамға, мемлекетке, үй-іші адамдарының бір-біріне деген қарым-қатынастарын ретке келтіріп отырады. Мораль қоғамнан тысқары тұра алмайды. Қоғам моральды туғызады, сақтайды, дамуына ықпал жасайды. Қогамның дамуымен және экономикалық құрылыстың өзгеруімен бірге мораль да өзгеріп отырады. Керісінше, мораль адамның еңбекке деген көзқарасы арқылы қоғамның экономикалық дамуына әсер етеді. Моральдың қалыптасуына қоғамдық сана, саясат, құқық, коркем-өнер, дін ықпал етеді.
Барлық заман мен барлық халықтарға бірдей жарамды ереже болмаса да, жалпыға бірдей кейбір моральдық ережелер бар. Мұндай ережелерді қоғам тәртібінің ең қарапайым ережелері деп атаймыз. Мысалы, барлық заманда табиғат апаты кезінде зардап шеккендерге көмек көрсетіп отыру моральдық борыш деп есептелген. Өз балаларының алдында әкелік және аналық борышын орындамаған ата-аналарды, ата-анасы алдында өз борышын ұмытатын балаларды мораль атаулының бәрі де айыптайды, қоғамдық орындарда ең қарапайым тәртіпті сақтау, жасы кішілердің үлкендерді сыйлау ережелері барлық уақытта да болған. Адамдардың қарым-қатынас мәдениеті осы ережелер арқылы баянды етіледі.
Жас ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеу дегеніміз - оларды жоғарыда айтылған мінез-құлықтың дағдылы ережелеріне үйрету. Адамгершілік тәрбиесі дегеніміз - адамның моральдық қасиеттерін белгілі
1. А.Меңжанова. Мектепке дейінгі педагогика. – Алматы: Рауан, 1992
2. В.И.Ядэшко. Мектепке дейінгі педагогика. – Алматы: Мектеп, 1981.
3. Козлова С.А. Дошкольная педагогика. М., 2000
4. Г.Жұмалиева. Балалар бақшасындағы мереке күндерін өткізу. – Алматы: Мектеп, 1987
5. Кенеман А.В., Хухлаева Д.В. Методика физического воспитания. – Москва, 1987
6. «Отбасы және балабақша», «Мектепалды», «Өзін-өзі тану» журналдары.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Орал гуманитарлық колледж

Бақылау жұмысы

Тақырыбы: Мектепке дейінгі жастағы адамгершілік тәрбиесі

Орындаған: 3 гКДО топ студенті
Тоғаева А.К.
Тексерген: Калмурзина Р.С.

Орал – 2012

Жоспар

1. Мораль принциптері мен ережелері
2. Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері
3. Адамгершілік тәрбиесінің мазмұны мен құралдары
4. Адамгершілік тәрбиесінің әдістері
Мақсаты: Оқушы-студенттердің мектепке дейінгі кезеңдегі адамгершілік
тәрбиесі туралы теориялық түсініктерін тереңдету. Адамгершілік тәрбиесінің
мақсат-міндеттерін, мазмұны мен құралдарын және әдіс-тәсілдерін меңгерту
оны тәжірибеде пайдалана білуге баулу.
1. Мораль принциптері мен ережелері
Мораль - дегеніміз адамдардың мінез-құлқының тарихи қалыптасқан
принциптері мен ережелерінің жиынтығы. Бұл принциптер мен ережелер жақсылық
пен жамандық, әділеттілік пен әділетсіздік, абыройлық пен абыройсыздық
деген ұғымдардың тұрғысынан қаралып, адамдардың мінезі мен іс-әрекеттерін
бағалаудың өлшеушісі болып табылады. Бұлар адамдардың бір-біріне, қоғамға,
мемлекетке, үй-іші адамдарының бір-біріне деген қарым-қатынастарын ретке
келтіріп отырады. Мораль қоғамнан тысқары тұра алмайды. Қоғам моральды
туғызады, сақтайды, дамуына ықпал жасайды. Қогамның дамуымен және
экономикалық құрылыстың өзгеруімен бірге мораль да өзгеріп отырады.
Керісінше, мораль адамның еңбекке деген көзқарасы арқылы қоғамның
экономикалық дамуына әсер етеді. Моральдың қалыптасуына қоғамдық сана,
саясат, құқық, коркем-өнер, дін ықпал етеді.
Барлық заман мен барлық халықтарға бірдей жарамды ереже болмаса да,
жалпыға бірдей кейбір моральдық ережелер бар. Мұндай ережелерді қоғам
тәртібінің ең қарапайым ережелері деп атаймыз. Мысалы, барлық заманда
табиғат апаты кезінде зардап шеккендерге көмек көрсетіп отыру моральдық
борыш деп есептелген. Өз балаларының алдында әкелік және аналық борышын
орындамаған ата-аналарды, ата-анасы алдында өз борышын ұмытатын балаларды
мораль атаулының бәрі де айыптайды, қоғамдық орындарда ең қарапайым
тәртіпті сақтау, жасы кішілердің үлкендерді сыйлау ережелері барлық уақытта
да болған. Адамдардың қарым-қатынас мәдениеті осы ережелер арқылы баянды
етіледі.
Жас ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеу дегеніміз - оларды жоғарыда
айтылған мінез-құлықтың дағдылы ережелеріне үйрету. Адамгершілік тәрбиесі
дегеніміз - адамның моральдық қасиеттерін белгілі бір мақсатқа бағыттап
қалыптастыру. Адамгершілік сезімдерді тәрбиелеу арқылы моральдық
түсініктердің, әдеттердің және мінез-құлық себептерінің қалыптасуы бірлесіп
жүзеге асады және мектепке дейінгі балалардың адамгершілік тәрбиесін
қамтамасыз етеді.

2. Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері
Адамгерімілік тәрбиесінің жалпы міндеті мектеп жасына дейінгі
балалардың мінез-құлқы мен тәртібін, адамгершілік сезімі мен сана
нышандарын, адамгершілік сезімі мен мінез-құлқын қалыптастыру болып
табылады. Адамгершілік сезім адамгершілік түсініктерді меңгерудің негізінде
туып, балалардың іс-әрекеті мен мінез-құлқынан, тәртібінен көрініс табады.
Адамгершілік тәрбиесінің міндетін жүзеге асыру барысында баланың бойында
енді дами бастаған адамгершілік сезімдерін пайдалана отырып, үлкенді
сыйлауға, мәдени мінез-құлықтың қарапайым ережелерін, әдеті мен дағдыларын
моральдық саналарын, мінез-құлықтарын, өзін және өзгелерді әділ бағалай
білу қабілетін дамытып, қарапайым да күрделі сезімдер мен қарым-қатынастар
қалыптастыруға ықпал ете білуге үйрету көзделеді.
Баланың алғашқы адамгершілік түсініктерін аңғарым, мінез-құлқы мен
тәртібін қалыптастыруда мектепке дейінгі шақ - ең жауапты кезең. Балалар үй
ішіндегі жақындарымен қарым-қатынасында, оқу-тәрбие ісінде, тікелей өмір
тәжірибесінде ненің жақсы, ненің жаман екенін байқайды, жақсы мен жаманға
үлкендер тарапынан берілген бағаны меңгереді.
Психология ғылымы да баланың айналадағы болмысты дұрыс түсінуі мектеп
жасына дейін қалыптасатынын, олар өз айналасындағы адамдардың көзқарасы мен
талпынысынан, мұраттарынан жастайынан-ақ үлгі алатынын дәлелдеді. Бірақ бұл
өзгерістердің бәрі де өзінен-өзі немесе жүйкенің туа біткен заңдылық күші
арқылы емес, әдейі мақсат көздеп ұйымдастырылған оқу-тәрбие үстінде іске
асады.
Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің нақты
міндеттері:
1) балалардың үй-ішіне, жақындарына, құрбы-достарына, жалпы адамдарға,
Отанға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу;
2) адамгершілік ережелеріне сай балалардың мінез-құлқын, ұйымдасқан
тәртібін, мәдениеттілігін, жақсы әдеті мен дағдысын қалыптастыру;
3) балалардың адамгершілік түсініктері мен қасиеттерін тәрбиелеу.

3. Адамгершілік тәрбиесінің мазмұны мен құралдары
Адамгершілік тәрбиесінің мазмұнына баланың Отанға, адамдарға деген
сүйіспеншілігін тәрбиелеу жатады. Ол үшін алдымен балалардың ата-анасына,
үйіне, туған жеріне, оны табиғатына, өз ауылына, қаласына, туған-
туысқандарына, дос-құрбыларына, балабақшаға деген сүйіспеншілік сезімін
тәрбиелеу қажет.
Елге сүйіспеншілікті тәрбиелеудің пәрменді құралы – халықтың тілі,
мәдениеті мен көркем өнері. Ана тілі – халықтың тарихи шежіресі, халықтың
ең зор ақылшысы, ұстазы деп бағалаған. Осы орайда, дана Абай: "Өнер алды
қызыл тіл" деп толғаса, Ғ.Мүсірепов: "Тілден биік асқар жоқ, тілден асқан
байлық жоқ, тілден терең теңіз жоқ" деп тілдің құдіретін ерекше бағалаған.
Ал кемел жазушы М.Әуезов: "Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің
әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға
болмайды" деген. Ендеше, ерте сәбилік кезеңнен бастап баланы ана тілінде
сөйлеуге үйрету, ауыз әдебиеті үлгілерімен сусындату ең маңызды мәселе.
Бала әдеби шығармаларды: өлең, ертегі, ән, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел,
батырлар жырын тыңдау арқылы ана тілінің байлығы мен әсемдігін меңгерумен
қатар оны сүюді үйренеді. Балаларды халықтың қолөнерімен, қазіргі
композиторлардың сан түрлі азаматтың тақырыптарға арналған әндерімен
таныстыру балалардың қуанышын, көңілді сезімін дамытып, еліне, туған
жеріне, ұшқыштарға, ғарышкерлерге, теңізшілерге, Отанға, т.б. деген
сүйіспеншілік сезімін тәрбиелейді.
Адамгершілік тәрбиесінің мазмұнына балаларды интернационалдық рухта
тәрбиелеу де жатады, өйткені ол адамгершілік тәрбиесінің негіздерінің бірін
құрайды. Балабақшада көптеген ұлттың балалары бар, олардың бәрі бірдей
тәрбиеленіп, бірдей қамқорлыққа бөленеді. Осының өзі-ақ балалардың бір-
біріне жолдастық, достық сезімін тәрбиелеудің ең қолайлы жағдайы.
Тәрбиеші суреттерді, көркем әдеби шығармаларды, әр ұлттың балалар
әдебиетін пайдалана отырып, Қазақстанды мекендейтін сан ұлттың өмірі,
тұрмысы, еңбегі, өнері жөнінде әңгімелейді, соның негізінде ұлттарға,
халықтарға, жалпы адамзатқа деген сүйіспеншілік сезімін дамытуға
мүмкіндіктер туады. Балалар арасында дүрыс қарым-қатынасты тәрбиелеу, тату
балалар ұжымын құру - балабақша педагогінің негізгі міндеттерінің бірі.
Балалар ұжымын тәрбиелеуде тәрбиеші адамгершілік принциптеріне сүйенеді.
Адамгершілік тәрбиесінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АУЫЛ МЕКТЕБІ ОҚУШЫЛАРЫН РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ
Заманауи социум жағдайында балалардың адамгершілік дамуының ерекшеліктері
Адамгершілік сананы қалыптастыру әдістері
Л. Колбергтің адамгершілік туралы теориясы
Мектеп оқушыларын адамгершілік құндылықтар негізінде әлеуметтендіру факторлары
Мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі бағыттары
Адамгершілік
Адамгершілік-рухани білім беру және тәрбиелеу жөнінде халықаралық тәжірибе
Болашақ «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімін оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беруге дайындаудың ғылыми-әдістемелік негіздері
Бастауыш мектепте адамгершілік тәрбие берудегі әдіс - тәсілдеріне сипаттама
Пәндер