Ақыртөбе жерасты газ сақтау қоймасы



МАЗМҰНЫ

RІРІСПЕ

1. АУДАН ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ

2. Ақыртөбе ЖГҚ қажеттілігі мен даму мүмкіндіктері

3. ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
3.1 Стратиграфиясы
3.2 Тектоникасы
3.3 Гидрогеологиялық сипаттамасы
3.4 Қабат.коллектордың геология.өндірістік сипаттамасы

4. ҰҢҒЫ КОНСТРУКЦИЯСЫ

5. ТЕХНИКАЛЫҚ БӨЛІМ
5.1 Газды айдаудың технологиялық сұлбасы
5.2 Газтарататын пунктер
5.3 Газды жинаудың технологиялық сұлбасы
5.3.1 Газды тазарту қондырғысы

6. ӨРТКЕ ҚАРСЫ ШАРАЛАР, ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІГІ, ЕҢБЕК ҚОРҒАУ, ӨНДІРІСТІК САНИТАРИЯ
6.1 Өртке қарсы шаралар
6.2 Өндірістік санитария

ҚОРЫТЫНДЫ

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ

Бұл есеп беруде Ақыртөбе жерасты газ сақтау қоймасына қатысты жалпы мәлімет және оның қызметі туралы айтылады.
Казіргі заман талабына сай газбен қамтамасыз ету жүйесі күрделі, әрі қымбат өндірістік кешендерден тұрады: 1) Газ көздерінен (газды,газоконденсатты немесе газоконденсатты-мұнайлы кен орындар); 2) Газды тазартуға, кептіруге, конденсатты өндіру мен газды тасымалдауға арналған дайындау қондырғылары; 3) қабат қысымының энергиясын пайдаланып механикалық жұмыс жасайтын,электр энергиясын өндіретін қондырғылар; 4) конденсат өңдейтін зауыттар; 5) магистралды газ желілері; 6)жерасты газ қоймалары; 7) қалалық газ тарату желілері.
Аталмыш газбен қамтамасыз етуде барлық құрылымдар пайдалану кезінде біртұтас толық жүйені елестетеді. Жүйенің кез-келген элементінің технологиялық режимінің пайдалану кезінде бұзылуы басқа да буындардың зардап шегуіне алып келеді. Әрбір элементтің рационалды жұмыс атқаруы газбен қамтамасыз ету жүйесінің барлық буындарының технико-экономикалық көрсеткіштері жоғары болғанда ғана мүмкін.
Жерасты газ қоймасы көптеген мақсаттарда қолданылады, солардың ең бастыларына тоқталайық:
1. Қысқы уақыттарда жылыту жүктемесіне байланысты мезгілдік газ тұтыну шыңын жабу.Табиғи газды пайдалану жыл мезгілдеріне, апта,тәулік, сағат бойынша әркелкі. Әсіресе мезгілдік газды тұтыну газ пештерінде, үйдегі және аудандық бу қазандарында, ЖЭО, мекемелердің өндірістік қазандарында мейлінше әркелкі.
2. Магистралды желілер мен компрессор станцияларына (КС) күрделі қаржыларды азайту.
3. Газ көздерінің ритімді жұмыс атқаруына және КС жылдық қуат коэффициенті бірге жақын болатын магистралды желілерде жағдай туғызу. Егер жерасты газ сақтау қоймасы болмаса, онда жүйенің қуаттылығы не бары 60-65 % құрайды. Жұмыс істеп тұрған газ желілері үшін соғылатын жерасты газ қоймасының жүктелу коэффициентін арттырып, магистралды газ желілері бойымен тұтынушыға газ айдау көлемін арттыру.
4. Елдің газға тапшы аудандарында мемлекеттік газ қорын жасау.
5. Мұнай газын жаңа мұнай өндіру аудандарында сақтау және көміртекті конденсатты оларды уақытша қолдана алмаған жағдайда сақтау мүмкіндігі.
6. Мұнайхимиясы комбинаттары алдында отын мен шикізат қорларын түзу және өңдеуден шыққан дайын өнім қорларын жасау.
7. Газбен қамтамасыз ету жүйесінің жұмыс сенімділігін арттыру.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Муравьев В.М. Эксплуатация нефтяных и газовых скважин – М. Недра, 1978 г.
2. Гиматудинов Ш.К., Дунюшкин И.И. и др. Разработка и эксплуатация нефтяных, газовых и газоконденсатных месторождений – М. Недра, 1988 г.
3. Справочная книга по добыче нефти. Под ред. Ш.К. Гиматудинова. – М: Недра, 1974 г.
4. А.И. Ширковский. Разработка и эксплуатация газовых и газоконденсатных месторождений. – М: недра, 1971 г.
5. А.И. Ширковский, Г.И. Задора. Добыча и подземное хранение газа. – М: Недра, 1974 г.
6. Инструкция по ТБ и ОТ службы ГПС, ПХГ «Акыр-Тобе»
7. Технические отчеты.

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

бет.
КІРІСПЕ
1. АУДАН ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ
2. Ақыртөбе ЖГҚ қажеттілігі мен даму мүмкіндіктері
3. ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
3.1 Стратиграфиясы
3.2 Тектоникасы
3.3 Гидрогеологиялық сипаттамасы
3.4 Қабат-коллектордың геология-өндірістік сипаттамасы
4. ҰҢҒЫ КОНСТРУКЦИЯСЫ
5. ТЕХНИКАЛЫҚ БӨЛІМ
5.1 Газды айдаудың технологиялық сұлбасы
5.2 Газтарататын пунктер
5.3 Газды жинаудың технологиялық сұлбасы
5.3.1 Газды тазарту қондырғысы
6. ӨРТКЕ ҚАРСЫ ШАРАЛАР, ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІГІ, ЕҢБЕК ҚОРҒАУ, ӨНДІРІСТІК
САНИТАРИЯ
6.1 Өртке қарсы шаралар
6.2 Өндірістік санитария
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


КІРІСПЕ

Бұл есеп беруде Ақыртөбе жерасты газ сақтау қоймасына қатысты жалпы
мәлімет және оның қызметі туралы айтылады.
Казіргі заман талабына сай газбен қамтамасыз ету жүйесі күрделі, әрі
қымбат өндірістік кешендерден тұрады: 1) Газ көздерінен
(газды,газоконденсатты немесе газоконденсатты-мұнайлы кен орындар);
2) Газды тазартуға, кептіруге, конденсатты өндіру мен газды тасымалдауға
арналған дайындау қондырғылары; 3) қабат қысымының энергиясын пайдаланып
механикалық жұмыс жасайтын,электр энергиясын өндіретін қондырғылар; 4)
конденсат өңдейтін зауыттар; 5) магистралды газ желілері; 6)жерасты газ
қоймалары; 7) қалалық газ тарату желілері.
Аталмыш газбен қамтамасыз етуде барлық құрылымдар пайдалану кезінде
біртұтас толық жүйені елестетеді. Жүйенің кез-келген элементінің
технологиялық режимінің пайдалану кезінде бұзылуы басқа да буындардың
зардап шегуіне алып келеді. Әрбір элементтің рационалды жұмыс атқаруы
газбен қамтамасыз ету жүйесінің барлық буындарының технико-экономикалық
көрсеткіштері жоғары болғанда ғана мүмкін.
Жерасты газ қоймасы көптеген мақсаттарда қолданылады, солардың ең
бастыларына тоқталайық:
1. Қысқы уақыттарда жылыту жүктемесіне байланысты мезгілдік газ
тұтыну шыңын жабу.Табиғи газды пайдалану жыл мезгілдеріне,
апта,тәулік, сағат бойынша әркелкі. Әсіресе мезгілдік газды
тұтыну газ пештерінде, үйдегі және аудандық бу қазандарында,
ЖЭО, мекемелердің өндірістік қазандарында мейлінше әркелкі.
2. Магистралды желілер мен компрессор станцияларына (КС) күрделі
қаржыларды азайту.
3. Газ көздерінің ритімді жұмыс атқаруына және КС жылдық қуат
коэффициенті бірге жақын болатын магистралды желілерде жағдай
туғызу. Егер жерасты газ сақтау қоймасы болмаса, онда жүйенің
қуаттылығы не бары 60-65 % құрайды. Жұмыс істеп тұрған газ
желілері үшін соғылатын жерасты газ қоймасының жүктелу
коэффициентін арттырып, магистралды газ желілері бойымен
тұтынушыға газ айдау көлемін арттыру.
4. Елдің газға тапшы аудандарында мемлекеттік газ қорын жасау.
5. Мұнай газын жаңа мұнай өндіру аудандарында сақтау және
көміртекті конденсатты оларды уақытша қолдана алмаған жағдайда
сақтау мүмкіндігі.
6. Мұнайхимиясы комбинаттары алдында отын мен шикізат қорларын түзу
және өңдеуден шыққан дайын өнім қорларын жасау.
7. Газбен қамтамасыз ету жүйесінің жұмыс сенімділігін арттыру.

1. АУДАН ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ.

Ақыртөбе ауданын пайдалануға бұрғылау жұмыстары газды,
газоконденсатты, мұнайлы кен орындарды игеруді жүргізетін жұмыс комиссияның
талаптары бойынша орындалды. Мұнда ЖГҚ пайдалануды қарастыратын Ақыртобе
ауданында ЖГҚ технологиялық сұлбасы (протокол № 1481 4 мамырдан 1982
жылы, газ министрінің орынбасары С.С. Кашировтың 19 мамырдағы 1981жылғы
ұйғарымымен жасалған).
1973 – 77 жж. Ақыртобе ауданында МОВ сейсмикалық зерттеулерін
дайындау, ЖГҚ жасауға қажетті геологиялық жағдайларды анықтау мақсатында
барлау бұрғылау жұмыстары жұргізілді. Аудан территориясында бұрғыланған 35
барлау ұңғыларының мәліметтері бойынша көтерілім анықталып, 772м тереңдікте
тұз үсті жоғары перм қабатының негізінде қабат-коллектор таңдап алынып,
оның сыйымдылық және фильтрациялық қасиеттері түбегейлі зерттелді. 1980 ж
ОртаАзНИИГАЗ жерасты газ қоймасы институтында ауданның Технологиялық
сұлбасы жасалды. Бұл сұлба жерасты қоймасының шығыс күмбезінің құрылымына
негізделіп жасалған. Осы мақсатта 16 пайдалану ұңғысы бұрғыланған, олар (№№
36-51) аралас бөлікте орналасқан. Жұмыс комиссиясының шешімі бойынша
аталмыш ұңғыларды бұрғылау және 4 пайдалану ұңғыларының қабат-
коллекторларынан керн алу ұйғарылды.
Пайдалану ұңғыларының орташа тереңдіғі – 850 м. Пайдалану ұңғыларының
орташа метражы 13600 м құрайды.

2. Ақыртөбе ЖГҚ қажеттілігі мен даму мүмкіндіктері

Географиялық орналасуы бойынша (Ақыртөбе ЖГҚ Тараз бен Бишкек
қалаларының аралығында орналасқан) Ақыртөбе ЖГҚ жоғарыда көрсетілген
қалалардың газ тұтынуына тікелей әсер етеді. Егер, бұл ЖГҚ Шымкент-Жамбыл-
Бишкек-Алматы газ құбыры бойында орналасқанын ескерсек, онда оның жұмыс
режимінің Алматыны газбен жабдықтауда үлкен әсер ететінін аңғаруға
болады. Қазіргі уақытта газ қоймасының көлемі жоспарланған көлемге жетті,
ол құрудың 1 этапында шамамен 700 млн. м 3.
Еске түсіретін нәрсе, ЖГҚ жобаланған толық қуаты 1310 млн. м 3 болу
тиіс, оның 700 млн. м 3 активті газ үлесіне тиеді. Шымкент, Жамбыл,
Бишкек және Алматы өндіріс тараптарының мерзімдік газды тұтыну көлемі
2000 жылдары 1,5-1,6 млрд. м 3 жылға жетті. Егер суық қысты және табиғи
апаттармен ірі аварияларды есепке алатын болсақ, онда Шымкент-Жамбыл-
Бишкек-Алматы участкілеріндегі қажетті газ көлемі мерзімдік газ тұтыну
көлемінен 50-60% жоғары болу керек, ол кездегі көлем шамамен 2,2-2,4
млрд. м 3 жыл болуы керек .Мерзімдік газды тұтыну көлемін газ қоймасының
көмегімен реттеу газ тасмалдау жүйесінің өндірістік көлемін пайдалануды
айтарлықтай тиімді етеді. Сол себептен еліміздің оңтүстігіндегі газ
жүйесін газ сақтау бағдарламасының дамуымен ұштастырған жөн.
Аңғаратын нәрсе, Шымкент-Алматы газ құбыр учаскісінде ЖГҚ ретінде
қолдануға болатын объектілер бар. Олар Алматы және Шымкент аудандарындағы
құрылымдардағы суға қанық горизонттар. Бірақ ЖГҚ пайда ету үшін бірнеше
жыл қажет.
Еліміздің оңтүстігінде газ сақтауды арттыруды Ақыртөбе ЖГҚ бастау
керек, себебі, аталған объектіде сақтау көлемін арттыруға мүмкіндік бар
Мұнда, біріншіден, жоғарғы және әлсіз қанығатын горизонттарға
селективті газ айдау есебінен шығыс күмбездердің кеуекті көлемін толық
қолдану; екіншіден, батыс күмбездерді пайдалану есебінен казіргі уақытпен
салыстырғанда газ сақтау көлемін 1,5-1,7 есе арттыруға болады.
Осылардан бөлек, газ сақтауға қабат-коллектордың жабыны үстінде
орналасқан бақылау горизонтын таңдап алуға болады.
Есептеулер көрсеткендей, тек шығыс күмбездің бақылау горизонтының
өзінде 450-500 млн. м 3 жалпы газ, оның 200-250 млн. м 3 актив газ
сақтауға болады.
Сонымен, Ақыртөбе ЖГҚ потенциалды мүмкіндігі: Жалпы сақтау көлемі 1500-
1700 млн. м 3, оның 800-900 млн. м 3 актив газ көлемін құрайды.

3. ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
Бұл бөлімде Ақыртөбе ЖГҚ тиімді құрылымын анықтау мақсатында
жүргізілген геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері көрсетілген.
Ақыртобе ауданы Қазақстан республикасының Жамбыл обылысының
территориясында Тараз қаласынан шығысқа қарай 60 шақырым және батысқа
қарай Бишкектен 135 шақырым жерде орналасқан. Ташкент-Бишкек-Алматы газ
құбырының магистральді трассасы ауданнан оңтүстікке қарай 5 шақырым жерде
орналасқан. Ең жақын елді мекен Ақыртөбе ауылы.
Ауданнан оңтүстікке қарай 10 шақырым жерде Ташкент-Алматы мемлекеттік
авто жолы өтеді. Аталған авто жол арқылы аудан грунт жолы арқылы
байланысқан. ( 2.1 сурет ).
Территория шөлейтте орналасқан және ептеп бархандар кездеседі.
Климаты шұғыл континентальді, құрғақ.
Ең жақын су қоймасы 30 шақырым қашықтықта орналасқан
Ақыртөбе құрлымы 1965 жылы аудандық сейсмо барлау жұмыстары
нәтижесінде анықталған, ал 1972-1973 жылдарда тұз үсті қанатының төменгі
перм қабаттары МОВ сейсмо барлау жұмыстарымен түпкілікті зерттелген. 1973
жылдың қыркүйек айынан 1977 жылдың тамызына дейін барлау мақсатындағы
бұрғылау жұмыстары жұргізілген. Жалпы 35 барлау ұңғылары жүргізілген,
оның 34 ұңғысы қабат-коллекторды ашты, тек бір ғана ұңғы саңылауланған
жабынынан өтіп бақылау қабатына жеткен.
3.1 Стратиграфия
Қиманың стратиграфиялық жіктелуі көрші Талас, Ақбақай және т.б.
аудандардың аналогтары бойынша (бұл қималар Бакиров С.Б. түпкілікті
зерттелген) және барлау бұрғылау жұмыстарының мәліметтері бойынша
жасалды.
Шөгінділердің жиналу жағдайына, метаморфиз бен дислоцирлену деңгейіне
қарай екі комплекске жіктеледі: төменгі-эпиплатформалы және жоғары-
платформалы ( бор, палеоген, неоген және төрттік ).

Ұңғылармен ашылған түзілімдер негізінен терригенді (саз, аргиллиттер,
алевролит және құмтас) және хемогенді (гипс пен ангидрит) мен карбонатты
жыныстардан тұрады.
Ақыртөбедегі барлау ұңғыларының мәліметтері бойынша ежелгі түзілімдер
жоғарғы-оңтүстік перм қабаттарынан тұрады.
Төменде ашылған ұңғылардың қысқаша сипаттамалары берілген (2.2 сурет).
Перм жүйесі (Р)

Перм жүйесінің түзілімдері Ақыртөбе ауданында таскөмірі түзілімдермен
жабылған және төменгі-жоғарғы пермнің тұз қабаттарымен жоғары пермнің тұз
үсті қабаттарынан тұрады.

Тұзды қабат ( Р1-2)

Тұз түзілімдерінің төменгі-жоғары перм қабаттары №1 ұңғымада кездеседі
және 300 метрлік монотонды аргиллит қабатынан және 3-5 см ангидриттері
мен гипсі бөліктері бар саздардан тұрады. Осыдан бөлек, қатты саздалған
құмтас пен алевролиттер кездеседі.
Құмтастар қара-қоңыр, полимиктті, ұсақ түйіршікті, тығыз, жарықшақты
болып келеді. Олар кварц сынықтары, дала шпаты, мүйіз алдамшысы, хлорит,
әлсін кальциттен тұрады. Цемент құрамы ангидриттен тұрады.
Тұз үсті қабаты Р2

Тұз үсті қабатының түзілімдері тұзды қабаттың жыныстарының шайылған
беттерінде қалыптасқан және 34 барлау ұңғыларында толлығымен жабылған.
Қима қабаттарында екі горизонт ерекшеленеді: гипс пен ангидриті бар
жоғарғы-аргиллитті және құмтас-аргиллитті төменгі қабат. Құмтастар тұз
үсті қабат негізінде дамыған және үш қабатпен көрсетілген: қалыңдығы 13м
ден (4 ұңғ.) 12м ге дейін (19 ұңғ.) болатын төменгі қабат. Қабат 19-37
метрлік тығыз саз және аргиллит жыныстарымен жабылған. Осы қабаттар
үстінде қалындықтары 7-10 метрлік екі құмтас-алевролитті қабаттар
орналасқан және олардың арасында 7-15 метрлік аргиллитті қабат бар.
Алынған керн сараптамасы көрсеткендей тұз үсті қабатындағы саз бен
алевролиттер қара-қоңыр түске ие және әктасты қатты болып келеді.
Құмтастар ұсақ және орта түйіршікті әлсіз цементтелгенкварц дала
шпатты болып келеді.
Тұз үсті қабатының жалпы қалыңдығы 380-нен 480 метрге дейін өзгереді.
Бор жүйесі (К)

Жыныстар перм түзілімдері бетінде үйлесімсіз жатыр. Жыныстар
конгломераттардан, негізінен тығыз жапырақ қабатты құмтастардан тұрады.
Конгломераттар ұсақ әртүрлі кремний жынысты шиыршық тастардан тұрады.
Олар өзара әктасты цементпен байланысқан.
Құмтастар-Қызыл түсті, әртүрлі сүр түсті, полимикротты, кварц-
полешпатты; цементі- сазды-әктасты.
Саздары қоңыр, қызыл-қоңыр, әктасты, тығыз.
Бор түзілімдерінің жабындарының каротаж диаграммасында КС 15-50 омм
дейін күрт өсуі байқалған.
Жоғары бор жыныстарының қалыңдығы 23м (21 ұңғ.) ден 31м (4 ұңғ.) дейін
өзгереді.
Бор түзілімдерінің жабындарының жату тереңдігі 15м (17 ұңғ.) ден
496м (4 ұңғ.) дейін ауытқиды.

Палеоген жүйесі (Р)

Палеоген түзілімдері ортаңғы және жоғарғы бөлімдерден тұрады және
жоғарғы бордың шайынды түзілімдерінен тұрады. Олар негізінен қызыл түсті,
әлсіз цементтелген сазды құмтастардан, алевролит пен тығыз саздардан
құралған. Олар үш бөлімнен тұрады: төменгі, орта және жоғары.
Қиманың төменгі бөлігі, негізінен, құмтастан түрады. Аталмыш қиманың
каротаж диаграммасы КС жоғарғы мәнімен ерекшеленеді, ол шамамен 30 омм.
Орта бөлігі- алевролит және саздың тығыз қабаттанумен ерекшеленеді.
Мұнда КС мәні 10-15 омм азаяды, ал жоғарғы бөлігі, негізінен кірпіш-қызыл
саздан және қоңыр-қызыл түсті жеке қабатты құмтас пен алевролиттен
тұрады. Мұндағы КС мөлшері 5 омм асады.
Палеоген түзілімдерінің қалыңдығы 57м (12м ұңғ.) ден 200м (5 ұңғ.)
дейін өзгереді.

Неоген және төрттік жүйе

Бұл жүйелердің бөлшектелмеген қабаттары палеоген түзілімдерінің
шайылған беттерінде жатыр.
Қиманың орта және төменгі бөліктері қоңыр-қызыл алевролиттер, тығыз
саздар, кварцты құм және конгломерат қабатты құмтастардан құралған.
Конгломераттар әктасты және кремнийлі жыныстардан тұрады, олар сазды-
әктасты цементпен байланысқан.
Бөлшектелмеген қабаттың қалыңдығы 23м (13 ұңғ.) ден 38,5 м (4 ұңғ.)
дейін өзгереді.

3.2 Тектоника
Тектоника тұрғысынан Ақыртәбе көтерілімдері Шу-Сарысу синеклизасының
оңтүстік-шығысында Мақпал блогына жүктеліп түрған Курагатин білігінде
соңғы локалды құрылым болып табылады. Ол оңтүстікте Талас-Қосқұдық
қабыршақ зонасымен шектелген. Осылайша 250 км, ал ені 30-40 км болатын
синиклиза оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай созылып жатыр.
Жату ерекшелігіне, литологиялық құрамына, жыныстардың метаморфталуына
байланысты В.Ф. Беспалов (1971) синиклиза дамуын төрт құрлымдық
–тектоникалық этапқа бөлген: төменгі-кембрийге дейінгі және каледон
геосинклинальдары қабатты фундамент құрайды; екі жоғарғы-герцинді және
альпі, олар платформа этажының аралығын құрайды.
Аралық құрылымдық-тектоникалық зтаж, ол эпилатформалы режим кезінде
герцин циклы процесі нәтижесінде пайда болған. Аталмыш құрлым эффузивті-
терригенді, карбонатты жыныстардан құралған және өткінші түзілім этапына
жатады.
Аталмыш этаптың құрлымдары төменгі этаждың қабат келуімен сипатталады.
Жоғарғы құрлымдық-тектоникалық этаж палеоген негізінде сатылы
қайталанады. Іс жүзінде тігінен жатыр және мезозойкаайнозой
түзілімдерінен құралған.
Ақыртөбе көтерілімдерінде жүргізілген барлау бұрғылау және
геофизикалық жұмыстары мәліметтері бойынша қабат-коллектор жабыны
брахиантиклинальді қабыршықтардан тұрып, солтүстік-батысқа қарай оңтүстік
қанаты-3, солтүстігі-1-2 бұрышпен еңістелген. Құрылымның контурланған
изогипсіндегі өлшемі “-200-“-10,5 км . Көтерілімдердің амплетудасы 58м
болады (2.3 сурет).
Жанама осьтің ундуляциясы нәтижесінде құрылым екі күмбезге жіктелген-
шығыс және батыс.
Үлкен шығыс күмбездің өлшемі жабық изогипсте “-190м” және 7*3 км,
ауданы 15,6 км 2, амплетудасы 48м.
Батыс күмбездің өлшемдері 4,5*5 км, ауданы 7,39 км 2. Изогипс бойынша
ауданы “-200м” -30,98 км 2.
Күмбездердің бөлінетін жерінде, 30 ұңғ. маңында көлемі 4*1,3 км мульда
байқалған.
Ескеретін жағдай, құрылымның шығысы мен солтүстігінде бөліну
байқалады. 25 ұңғ. Солтүстігіне қарай амплетудасы 30-40м
брахиантиклинальды қабыршақтар аңғарылады.

3.3 Гидрогеологиялық сипаттамасы
Ақыртөбе көтерілімдері гидрогеологиялық тұрғысынан Шу-Сарысу артезиан
бассейнінің территориясында орналасқан. Қималарда 10 суарынды горизонттар
көрсетілген. Олар белгілі стратиграфиялық кешендерге топтасқан: девон,
турней, визей, серпухов, орта-жоғарыкарбонды, төменгі пермді (тұз үсті
және тұзды қабаттар), жоғары пермді (тұз асты), бор, палеогенді және
неоген-төрттік.
Есеп беруде Ақыртөбе ауданының суарынды горизонттарына қысқаша
сипаттама беріледі.
Жоғары-төменгі пермнің тұзды қабатының суарынды горизонттары жекелеген
әлсіз құмтас қабаттарында топтасқан және олар аудан территориясы бойында
кеңінен таралған. Аталмыш горизонттардың суы жоғары минералданған
(минералдану дәрежесі 300 гл), депрессия 15ат. К кезінде шығымы 0,5 м
3тәу. аспайды (8 ұңғ. КСМ-Ақыртөбе ауданында).
Жоғары пермнің тұз үсті қабатының суарынды горизонты құмтаста
топтасқан. Олар хлорлы-натрийлі тұзды судан тұрады және минерализация
мөлшері 9,5-10 гл. Суы арынды, тоқтамайтын.Статистикалық деңгейі шамамен
100м белгіленген, депрессия 8-10 кгсм2 кезінде шығымы 50 м3тәу. тен 70
м3тәу. дейін өзгереді.Суы термальды, қабаттағы температурасы 50-53 С.
Жоғары бордың суарынды горизонты конгломерат пен құмтасқа топтасқан.
Осы қабат қимада бүкіл жоғарғы бор деңгейін қамтиды. Суының түрі хлорлы-
натрийлі, минерализациясы 3,5-5 гл, арынды. Статистикалық деңгейі
шамамен 30-50м белгіленген. Депрессия 5 кгссм2 болғанда судың шығымы 80-
100 м3тәу.
Неоген-төрттік кешеннің суарынды горизонты алевролит пен құмды-
шиыршықты түзілімдерге топтасады. Әлсіз сульватталған тұздылығымен
ерекшеленеді. Суы арынды, шығымы 5 тен 25 м3тәу. дейін ауытқиды.
Жерасты суларының қоректенуі шауын-шашын суларының фильтрленуі
нәтижесінде іске асады.
3.4 Қабат-коллектордың геология-өндірістік сипаттамасы
Ақыртөбе ауданының геолого-геофизикалық деректерін сараптама
нәтижесінде аңғарғанымыз, қимада көрсетілген 10 құмтасты-алевролитті
қабаттың тек екеуі ғана ЖГҚ пайда етуге жарамды болып шықты. Осылай
болуына негізгі себеп, ауданның жабындармен (саз бен аргиллиттер)
жабылуы. Бірақ, бор түзілімдерінің жапсарларының құрылымдары солтүстікте
қалыптасып болғандықтан, жерасты газ қоймасын жасау үшін жоғары пермнің
тұз үсті қабатының қабат-коллекторын пайдаланған жөн. Осымен бірге
бірінші қабаттың үстінде 18-32м биікте жатқан екінші қабат-коллекторды да
пайдалануға болады.
Қабат-коллектор жоғары пермнің тұз үсті қабатында 772м тереңдікте
көтерілімдер қосындысы (10 ұңғ.) ретінде құмтас, алевролит және саздардан
(2.4 сурет) тұрады.
Құмтастар қара-қоңыр, әлсіз цементтелген, кварцт түйіршіктерінен
құралған полимикронды, аз мөлшерде дала шпаттарынан, эффузивтер мен
карбонаттардан тұрады. Цемент 20-30%ұсақ алевролиттерден, 11-20%
карбонаттардан тұрады. Цементтің түрі кеуекті, құрлымы-псамитті.
Құмтастар арасында 1см ангидриті бар қабаттар байқалған (2.5. сурет).
Алевролиттер қоңыр, негізінен қаттыдан жұмсаққа дейінгі саздар мен
әктастардан тұрады.
Саздар қоңырдан қара-қоңырға дейін өзгереді және қатты әктасты,
темірлі болып келеді.
Каротаж диаграммасы көрсеткендей, қабат-коллекторында 2 ден 5 ке дейін
саз бен аргиллит қабатшалары кездеседі. Олардың қалыңдықтары 4м ден
(4,10,15 ұңғ.) 1м дейін (12 ұңғ.) өзгереді. Қабатшалардың бөлігі аудан
бойында анық арныққан және қабат-коллекторды үш бөлікке бөледі: жапсарлы,
орта және жастықты.
Қабат-коллектордың жалпы қалыңдығы аудан бойынша 3,4м ден (4 ұңғ.) 42м
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
“Интергаз Орталық Азия” АҚ
«Интергаз Орталық Азия» ақ компаниясы қызметіне талдау
АҚ «Интергаз Орталық Азия» компаниясы
Қазақстан Республикасының оңтүстік өңірлерінде газды пайдалану
«Алматы газ желісі»ЖШС жалпы сипаттамасы
Магистральды газ құбырлары
Газды қайта өңдеу
Газ өнеркәсібінде энергияны үнемдеу
Газ өнеркәсібінде энергияны үнемдеу жайлы ақпарат
Қазақстанның мұнай-газ потенциалы
Пәндер