Мехотрониканың және робототехниканың қазіргі заманғы дамуы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Мехатроника ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
Мехатроника және робототехника ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
Мехотрониканың қазіргі заманғы даму тенденциялары ... ... ... ... ... ... .8
Жасанды интеллектінің қолданылу салалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
ГЛОССАРИЙ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
Қазіргі заман техниканың дамуымен ерекшелінгендіктен, біз неше түрлі техникаға байланысты терминдер, ұғымдар, ғылым салаларымен күнделікті кездесіп отырамыз. Күнделікті естіп жүрсек те , ол ұғымдардың қандай салада, қандай процесстерде қолданылатынан біз беймәлімбіз. Мысалға алатын болсақ робототехника саласында қолданылатын манипулятор, буын және тағы да басқа қолданылатын ұғымдарды біз біле бермейміз. Сондықтан, осы жоғарыда айтылған мәселелерді біліп үйренгіміз келсе, біз осы терминдердің не болмаса процесстердің шығу тегімен, орындалу принціпімен, құрылымымен таныс болғанымыз дұрыс болады. Соған байланысты, осы өзіндік жұмыста қарастырылатын «мехатроника» деген ұғыммен таныса кетсек. Біз мехатроника жайлы жалпы естігеніміз бар, бірақта ол қандай мәселелерді қамтиды, қандай мәселелерді шешеді және не үшін қолданылады деген сауалға осы өзіндік жұмыста жауап іздеп көрейік.
1. Қ.И Сатпаев атындағы 050717 мамaндығы студенттерге ,,Мехатроника” пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені
Құрастырушылар: Шоланов Қ.С,Байтурганова В.К, Тумабаева А.К
2. Алтынов Ж.І. Өнекәсіптік роботтардың механикасы: Оқу құралы. – Алматы: КазҰТУ,2002.
3. www.robotics.com

Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Мехатроника ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
Мехатроника және
робототехника ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...5
Мехотрониканың қазіргі заманғы даму тенденциялары ... ... ... ... ... ... .8
Жасанды интеллектінің қолданылу
салалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
ГЛОССАРИЙ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15

КІРІСПЕ

Қазіргі заман техниканың дамуымен ерекшелінгендіктен, біз неше түрлі
техникаға байланысты терминдер, ұғымдар, ғылым салаларымен күнделікті
кездесіп отырамыз. Күнделікті естіп жүрсек те , ол ұғымдардың қандай
салада, қандай процесстерде қолданылатынан біз беймәлімбіз. Мысалға алатын
болсақ робототехника саласында қолданылатын манипулятор, буын және тағы да
басқа қолданылатын ұғымдарды біз біле бермейміз. Сондықтан, осы жоғарыда
айтылған мәселелерді біліп үйренгіміз келсе, біз осы терминдердің не
болмаса процесстердің шығу тегімен, орындалу принціпімен, құрылымымен таныс
болғанымыз дұрыс болады. Соған байланысты, осы өзіндік жұмыста
қарастырылатын мехатроника деген ұғыммен таныса кетсек. Біз мехатроника
жайлы жалпы естігеніміз бар, бірақта ол қандай мәселелерді қамтиды, қандай
мәселелерді шешеді және не үшін қолданылады деген сауалға осы өзіндік
жұмыста жауап іздеп көрейік.

Мехатроника

Қазіргі заманғы Мехатроника (Mechatronics) термині, жапон ақпарат
беру көздеріне сенетін болсақ, 1969 жылы Yaskawa Electric фирмасымен
енгізілген және 1972 жылы сатылым маркасы ретінде орныққан болатын. Бұл сөз
МЕХАника және ЭлекТРОНИКА сөздерінің бірігуінен пайда болған. Осы екі
ұғымның бір сөз тіркесіне бірігуі жаңа заман техникасын жасаудағы және
жүйлер мен қондырғылардың жаңа түрлерін шығарудағы сапалы қадам жасауға
мүмкіндік тудырған ғылым мен техника саласында интеграцияны білдіреді.
Тура осылай электромеханика, кең қолданысты приводты орындаушы
жүйелерді жасауда, электротехника мен механиканың жетістіктерін қолданатын
ғылым ретінде дамуы байқалған. Электромеханика мен микроэлектрониканың
интеграциясы жиынтықты интеграцияланған жұмыс мүшелерінің мехатрондық
қозғалыс модулін және соның негізінде жасалынатын құрылғылардың пайда
болуына әкеп соқты.
Алайда 1980 жылдардың басында Мехатроника термині, әлемдік техникалық
әдебиеттерде, кәдімгідей қозғалысы компьютермен басқарылатын машиналар
атауы ретінде қалыптасты.
Мехатроника жаңадан қалыптасуда, осыған байланысты оның анықтамасы мен
базалық терминологиясы әлі толық қалыптаспағандықтан оның анықтамасын кең
және тар (арнайы) көлемде қарастырған дұрыс.
Мехатрониканың кең көлемде қарастырылған анықтамасы мынау:
Мехатроника – машиналар мен қозғалысы компьютермен басқарылатын
жүйелерді жасап шығару мен қолдануға арналған ғылым мен техниканың жаңа
саласы. Оның негізі механика, электроника, информатика,
микропроцессорлық техника және машиналар мен агрегаттар қозғалысын
компьютер көмегімен басқару саласындағы жиналған білімде қаланған.

Мехатроника және робототехника

Қазақстанның технологиялық дамуы өзіне байланысты болып келеді. Робот
жасаушылардың Қазақстанға қызығуы үшін Қазақстанда жыл сайын 5 мыңнан астам
робот сатып алынып және орнатылуы қажет (Ресейде қолданылатын жалпы
роботтар санымен салыстырғанда). Сондай–ақ Қазақстан аз көңіл бөлінетін
стандартты емес роботтарға сұраныс жасай алады. Мысалы; бұл роботтар
автоматтандырылған жай құрылыс кешені бола алады, яғни бұлар адамның
қатысуынсыз құрылыс жұмыстарының барлық түрлерін жасай алатын болады.
Роботтарды жасаудағы мақсат – адамға ауыр, қажытатын, денсаулығына
зиян, қызмет түрлерін солардың міндетіне беру болып табылады.
Қазақстанға пайдалы қазбалар өндіретін өндірістік роботтар қажет. Тағы бір
мәселе ол ластанған және реактивті қалдықпен жұмыс істейтін роботтар қажет
Оқу жағдайындағы мехатрондық жүйелер: оқу роботы SCORBOT-ER 4u ЧПУ- ы
бар үстел үсті станоктарға қызмет көрсетеді.
Мехатрондық жүйелер үлгілеріне алыс бармай-ақ қоюға болады. Оларға
біздің күнделікті қолданып жүрген автоматты кір жуу машиналары,
шаңсорғыштар, автомобильдер және тағы басқалары жатады. Мехатрондық
жүйелерге тағы машинаның тежеу жүйесіндегі АБС (антитежегіш жүйе) жүйесін
де қарастырып кетуімізге болады. Нақ қазір біз мехатрондық жүйені қолданып
отырмыз, өйткені электр өлшегіш машиналарында (ЭӨМ) мехатрондық құраушылар
өте көп: қатқыл диск, CD- привод, жаңа заман магнитті лентада жинағыштар.
Өндірісте, жоғарыда айтылған электромеханикалық құрылғылардан басқа,
мехатрондық жүйе болып барлық жаңа шығып жатқан роботтар, станоктар,
роботтар-станоктар, өлшеуіш комплекстер (сонымен қатар гексаподтар да
осылар қатарына жатады). Бұндай жүйелер бірнеше приводтан тұрады. Бұл
приводтар жеке өзі тұрып мехатрондық жүйе болады.
Жекелеп айтқанда, күмәнсіз мотор-шпиндель типті мехатрондық жүйе
мехатрондық станоктың бір бөлшегі болады. Осы берілген жүйе жүйенің
сенімділігін кәдімгідей көтере отырып, оның салмақ-габаритті көрсеткіштерін
төмендетуде өз ықпалын тигізеді. Өйткені ол төмендеткіш передачаларды мен
қосқыш муфталарды конструкцияда болдырмайды (қозғалтқыштың керекті
моментінің көбеюіне байланысты , оның массасы мен габариттері осуі мүмкін,
бірақ бұл жүйелердің жетістіктері оның кем жерлерін толықтай жауып отырады
деуге болады).
Мехатроника саласы робототехника саласымен өте тығыз байланысты
болғандықтан, бұрынғы совет өкіметі кезінде мехатрониканың мүмкіндіктерін
пайдалана отырып неше түрлі роботтар құрастырылған болатын. Сол жасалынған
роботтар әр түрлі апатты жағдайларда қолданылған болатын. Мысалы: Чернобыль
апатына арнап жасалынған

роботтар да болды. Ол роботтар сол апат болған аймақты толық зерртеп,
мүмкін болатын деректерді жинап, сол жердің қаншалықты зақымданғандығын
және адам тұруға келу келместігіне дейін анықтаған.
Егерде алдындағы роботтар өздерінің құрылымы жағынан қарапайым болса,
келесі қарастырылатын робот олардан кішкене күрделірек болып келеді. Бұл
робот көбіне космоста жұмыс істейтін болғандықтан оның құраушылары өте
сапалы материалдардан жасалынған.

Мехотрониканың қазіргі заманғы даму тенденциялары

Мехатрондық құрылғылардың әлемдегі шығарылу көлемі жыл санап өсіп бара
жатыр. Жаңа мехатрондық модульдер мен жүйелер мынадай аумақтарда кең
қолданыс тауып жатыр:
• станокжасау мен технологиялық процесстерді автоматтандыруға арналған
құрылғылар;
• робототехника (өндірістік және арнайы)
• авиациялық, космостық және әскери техника;
• автомобильжасау (мысалы, тежеуіштің антиблокировкалық жүйелері, машина
қозғалысын тұрақтандырушы жүйелер);
• дәстүрлі емес транспортты құралдар (электровелосипедтер, жүк таситын
арбалар, электророллерлер, мүгедектерге арналған каляскалар);
• офисқа арналған техника (мысалы, көшірме және факсимильді аппараттар);
• есептеуіш техника элементтері (мысалы, принтерлер,плоттерлер,
дисководтар);
• медициналық құрал – жабдықтар (реабилитациялық, клиникалық, сервистік);
• тұрмыстық техника (кір жуғыш машиналар, киім тігуге арналған мащиналар,
ыдыс-аяқ жууға арналған машиналар және тағы да басқалары);
• микромашиналар ( медицина үшін, биотехнология үшін, телекомуникация
құралдары үшін);
• қадағалап-өлшегіш аспаптар мен машиналар;
• фото және видеотехника
• операторлар мен ұшқыштарды дайындауға арналған арнайы тренажерлар;
• шоу-индустрия ( жарық пен дыбыстық әшекейлеу жүйелері);

Мехатрониканың 1990 жылдардағы жаңа ғылыми-техникалық бағыт ретінде
қарқынды дамуы бірталай жағдайларға байланысты. Солардың арасындағы ең
негігілері мыналар: әлемдік индустриалдық дамудың жаңа тенденциялары;
мехатрониканың фундаменталдық түпнегізі мен методологиясының дамуы
(бастапқы ғылыми ойлар, жаңа техникалық және технологиялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Робототехникадағы жасанды интеллект
Адам баласы жасанды интеллект дамуының қай кезеңінде
ОРТА МЕКТЕПТЕ РОБОТОТЕХНИКАНЫ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Бастауыш сынып оқушыларына робототехника курсын оқыту әдістері
Робототехника тарихы
Ауыл шаруашылық экономикасындағы ақпараттық технологиялар
ТӘЖІРИБЕ КҮНДЕЛІГІ
Роботты техниканың тарихы
Гексапод роботтар
LEGO Mindstorms бағдарламалық құралы
Пәндер