Шетелдік өзін-өзі басқару тәжірибелері



Жоспар

Кіріспе.

1.Шетелдік өзін.өзі басқару тәжірибелері.

2. Басқаруға жұмсшылардың қатысу түрлері.

3.АҚШ, Жапония және батыс европа елдерінде басқару ұйымдастыру тәжрибесінің ерекшеліктері.

Қорытынды.
Кіріспе.
XX ғасырдың 20-жылдары жұмысшылардың кәсіпорындарды басқаруға қатысуының түрлі формалары пайда болып, кең өріс ала бастады. Бұл формалар нарықтық жүйе дамыған елдерде жұмысшылардың әлеуметтік-экономикалық жағ-дайындағы өзгерістерге байланысты пайда болып, өз дамуын тапты. Оның басты себебі, ғасырдың басында қоғамдағы меншік иелері, әсіресе дамыған Батыс Еуропа елдері мен АҚШ-та, жұмысшылардың талаптарына көңіл аударудың қажеттілігінен туындады. Жұмысшылардың кәсіпорындарды басқаруға белсенді қатысуының белгілі бір түрлерін жүзеге асыру үшін кәсіпорын қызметкерлері жұмысшылар қозғалысындағы реформистік ағымдарды пайдаланды. Соның салдарынан ал-дыңғы қатардағы капиталистік елдердің кәсіпорындарын жұмысшылардың басқаруға қатысуы мазмұны жағынан айырмашылықтары бар көптеген түрлері пайда болды.
Кәсіпорындарды басқару формалары әр елде қалыптасу тәсілі бойынша жұмысшылардың талқылайтын және шешетін мәселелер шеңбері бойынша ерекшеленеді.Жұмысшылардың басқаруға қатысуының теориялық көзқарастар жағында әркайсысының өзіндік тарихы бар. Ол өз бастамасын әлеуметтік-утопиялық кезеңде пайда болған кооперативтік қозғалыстан алады. Кашан болса да, калай болса да басқаруға жұмысшылардың қатысуы ғылыми-зерттеу мен мәдени мүдде пәніне айналды. Бұл мәселелердің төңірегінде ғалымдар арасында дискуссиялар етек алды. Сөйтіп, барлық өркениетті елдерде қоғамдық ғылымдарға арналған журналдарда, әсіресе соңғы жылдары жұмысшылардың өзін өзі басқаруына катысты пікір біддірмегендер кем де кем. Әрине, бұдан "өзін-өзі басқару", "жұмысшы бақылауы" ұлттық және глобальдық шеңберден қарағанда күрделі әлеуметтік өзгерістерден жоғары тұрады деуге болмайды. Сонымен қоса жұмысшылардың басқаруға қатысуының рыноктық экономикадағы , және ортақықтан басқарылатын әкімшілік жүйелер үстемдік ететін кезеңде алатын орындарына теңдік белгісін қоюға болмайды.

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе.
1.Шетелдік өзін-өзі басқару тәжірибелері.
2. Басқаруға жұмсшылардың қатысу түрлері.
3.АҚШ, Жапония және батыс европа елдерінде басқару ұйымдастыру тәжрибесінің
ерекшеліктері.
Қорытынды.

Кіріспе.

XX ғасырдың 20-жылдары жұмысшылардың кәсіпорындарды басқаруға қатысуының
түрлі формалары пайда болып, кең өріс ала бастады. Бұл формалар нарықтық
жүйе дамыған елдерде жұмысшылардың әлеуметтік-экономикалық жағ-дайындағы
өзгерістерге байланысты пайда болып, өз дамуын тапты. Оның басты себебі,
ғасырдың басында қоғамдағы меншік иелері, әсіресе дамыған Батыс Еуропа
елдері мен АҚШ-та, жұмысшылардың талаптарына көңіл аударудың қажеттілігінен
туындады. Жұмысшылардың кәсіпорындарды басқаруға белсенді қатысуының
белгілі бір түрлерін жүзеге асыру үшін кәсіпорын қызметкерлері жұмысшылар
қозғалысындағы реформистік ағымдарды пайдаланды. Соның салдарынан ал-дыңғы
қатардағы капиталистік елдердің кәсіпорындарын жұмысшылардың басқаруға
қатысуы мазмұны жағынан айырмашылықтары бар көптеген түрлері пайда болды.
Кәсіпорындарды басқару формалары әр елде қалыптасу тәсілі бойынша
жұмысшылардың талқылайтын және шешетін мәселелер шеңбері бойынша
ерекшеленеді.Жұмысшылардың басқаруға қатысуының теориялық көзқарастар
жағында әркайсысының өзіндік тарихы бар. Ол өз бастамасын әлеуметтік-
утопиялық кезеңде пайда болған кооперативтік қозғалыстан алады. Кашан болса
да, калай болса да басқаруға жұмысшылардың қатысуы ғылыми-зерттеу мен
мәдени мүдде пәніне айналды. Бұл мәселелердің төңірегінде ғалымдар арасында
дискуссиялар етек алды. Сөйтіп, барлық өркениетті елдерде қоғамдық
ғылымдарға арналған журналдарда, әсіресе соңғы жылдары жұмысшылардың өзін
өзі басқаруына катысты пікір біддірмегендер кем де кем. Әрине, бұдан "өзін-
өзі басқару", "жұмысшы бақылауы" ұлттық және глобальдық шеңберден қарағанда
күрделі әлеуметтік өзгерістерден жоғары тұрады деуге болмайды. Сонымен қоса
жұмысшылардың басқаруға қатысуының рыноктық экономикадағы , және ортақықтан
басқарылатын әкімшілік жүйелер үстемдік ететін кезеңде алатын орындарына
теңдік белгісін қоюға болмайды.

1.Шетелдік өзін-өзі басқару тәжірибелері.
Жұмысшылардың басқаруға катысуының көптеген формаларының пайда болуы
мемлекеттер арасындағы халыкдралық байланыстардың дамуына, олардың өзара
әрекеттестікгерінен терендеуіне, еларалық жұмысшылар ұйымдарының жетілуіне
байланысты өз өрісін кеңейтті. Әсіресе, бұл өзара бірлескен әрекеттің
дамуы үшін, тәжірибе алмастыру үшін, жүмысшылардың басқаруға қатысуын
реттеп отыру үшін Женевадағы Халықаралық еңбек бюросының еңбегі зор. Бұл
бюро 1969 жылы Белградта, 1974 жылы Осакада жұмысшылардың өз еңбек
ұйымында шешімдер қабылдауға қатысты, халыкаралық мәжілістер өткізілді.
Мұндай мәжілістер Халықаралық еңбек бюросының шешіміне сай, жұмысшылар
қозғалысында пайда болған жаңа проблемаларды қарап, мәжілістер өткізіп
тұрады. Одан баска, жұмысшылардың басқаруға қатысуын мақсат етіп қойған
зерттеу жобаларын халыкаралық сараптау арқылы салыстырудың бастамасын
қолдады.
Енді жұмысшылардың басқаруға қатысуы құқықтық, саяси, әсіресе
экономикалық және ұйымдастырушылық сияқты қоғамдық ғылымдардың зерттеу
тақырыптарына айналды.
Жұмысшылардың басқаруға қатысуын түрлі қоғамдық мүдделерді
канағаттандыру мақсатындағы теориялық тәсілдерді зерттеуді экономикалық
ғылымдар соңғы жылдары өз қолына алды.
Экономикалық ғылымда еңбек қатынастарын зерттейтін сала жұмысшылардың
баскаруға катысуына жалпы теориялық негіз жасады және оған қажетті
жобалардың негізгі-негізгі бағыттарын анықтады. Сондықтан еңбек
экономикасымен шұғылданатын ғылым саласы жұмысшылардың басқаруға қаты-
суының нәтижесін бақылап, зерттеу нәтижесінде жетілдіріп отыруға
мүмкіншілік берді.
Рыноктық экономика дамыған елдерде жұмысшылардың кәсіпорындарды
баскаруға қатысуының әр түрлі формалары бар. Олардың барлығын
біріктіргенде, "Экономикалық демократия" деген атаққа ие болды. Кейде
"Экономикалық демок-ратия" мен "Индустриалдық демократия" деген ұғымдар
қатар пайдаланылады. Бірақ олардың арасын ажыраткдн жөн. Мысалы,
"экономикалық демократия" қоғамның жеке кәсіпорындарға, жеке салаларға,
тіпті бүтіндей экономикаға бақылау жасайтын шаралар кешенін қамтыса, ал
"индустриалды демократия" деп бірігіп кеңес беретін, тікелей шешімдер
қабылдау үшін пайдаланатын өндірістік кәсіпорындарындағы катынастарды
демократиялауды айтады. Скандинав елдеріндегі кәсілорындарды
демократиялауға тікелей кдтысы бар "тікелей шешім кабылдау", "шешімдер
қабылдауға араласу", "бірігіп кеңес беру" деп аталатын түрлерін атауға
болады.
Жұмысшылардың шешімдер қабылдауға қатысуы деп олардың кәсіби
баскарушылары — менеджерлермен бірлесіп басқаруын айтады. Батыс Еуропада 60-
жылдардағы шешімдер кабылдауға қатысты тұрлі формаларының
институтционалданды сол уақыттағы кәсіпорындардағы ерекше басқарушылық
немесе кеңес берушілік органдардың пайда болуымен тығыз байланысты. Бұл,
кең мағынада алғанда, кәсіпорын органдары иелерінен, мемлекеттік өкілдерден
және басқарушылық құрылымдардан басқа, кәсіпорындар өкілдері сайланады. Ше-
шімдер қабылдауға жұмысшылардың бірлесіп қатысуы кадрлар және экономикалық
мәселелер бойынша қабылданатын шешімдердің жүзеге асуына көмектеседі және
бұл органдар завды түрде жүзеге асатын жүйе. Тар мағынада: жұмысшылар
өкілдерінің ерекше маңызды шешімдер кабылдайтын бақылау және басқару
органдарына катысуының формалары. "Жұмысшы бақылауы" әр түрлі
түсіндіріледі. Оны кейде жұмысшы қозғалысының даму кезендеріндегі формалары
деп те атайды. Соның салдарынан экономиканы идеологияландырылғаннан пайда
болған бұл термин басқаруға жұмысшылардың тікедей қатысу формасын көрсетеді
десе, баскд жағдайда оны кәсіпорын әрекетіне байланысты белгілі бір
шешімдер қабылдауға тыйым салу деп те түсіндіреді. Әрине, "жұмысшы
бақылауын" рыноктық экономикада біржақгы түсінуге болмайды. "Өндірістік
комитеттер" жұмысшылар өкілдерінің тікелей баскаруға қатысу органдары болып
есептеледі. Жұмысшылардың кәсіпорындарын баскаруға катысу формалары
рыноктық эконо-микасы дамыған елдерде XIX ғасырдың аяғында пайда бола
бастады. Мысалы, 1891 жылы Германияда жұмысшылар комитеттерін құру
мүмкіншілігі қаралғаннан кейін, жұмысшылар комитеттері кәсіпорындар
қызметіңе байланысты белгілі бір шешімдер қабылдау белгіленді. Бес жылдан
соң Австрияда шахтер бригадалары туралы Заң қабылданды. Ол Заң бойынша
жұмысшылар санитарлық-гигиеналық мәселелерді, еңбек қорғау, жұмысшылардың
тәртібі, әлеуметтік саясат проблема-ларын шешуге белсенді араласуға
мүмкіншілік туды. XX ғасырдың басында Ресейде жөне Германияда жұмысшылардың
баскаруға қатысу формаларының жаңаша дамуы басталды. Атап айтсақ, 1905 жылы
Ресейде фабрика-зауыт комитеттері құрылды. Олар, ең алдымен, кейбір
фабрикаларды, оның ішінде металлургия өндірістерін баскаруды өз қолдарына
алады. 1916 жылы жұмысшылардың саны елуден асатын кәсіпорындарда жұмысшылар
комитеттерін құру туралы Заң қабылданды. Мұндай комитеттер Италияда,
Францияда, Англияда да кұрылған болатын. Жұмысшылар комитеттерінің
қалыптасу процесі екі дүниежүзілік соғыс арасында және одан кейін де
жалғасты. Мысалы, Италия фабрикаларында (1919) жүмысшылар кеңестері туралы
Заң қабылданды. Осы кеңестерде кәсіпорын ұжымдық шарттардың орындалуын
бақылап отыру жүктелген. Осыған ұқсас органдар Францияда да қалыптаскдн
болатын. Олар, ең алдымен, еңбектің құқықтық мәселелерін шешуге қатысты.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін рынокгық экономикасы дамыған елдердің
көпшілігінде жұмысшылардың басқаруға қатысуының түрлі формалары енгізілді.
Өндіріс кұралдарының иелері бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгідей емес,
жұмысшылардың өндірісті басқаруға қатысуына карсылық жасалады. Бұл жағдайда
олар алдарына екі мақсат қойған болатын: біріншіден, жұмысшьшардың қоғамдық
жүйеде белгілі бір орын алуына талпыну болса, екіншіден, бұл ең бастысы,
ұлттық экономика шеңберінде кәсіпорынның тиімді қызмет атқаруын қамтамасыз
ету.
Дегенмен, түрлі қоғамдық топтар мүдделері мен қолданылатын теориялық
тәсілдеріне қарамастан, еңбек экономикасы басқаруға жұмысшылардың катысуын
өз зерттеуінде осы басқаруға катысудың қоғамдық салдарына мән беріп, аркд
сүйейді. Осы зерттеу бағыттары үш топкд бөлінеді. Бірінші топта
жұмысшылардың баскаруға катысу процесінде қол жеткен нәтижелер өте
қарапайым. Онда, ең алдымен, кеңес беру қызметіне ғана көңіл аударылады.
Екінші топта жұмысшылардың баскаруға катысуындағы қолдары жеткен
нәтижелерді кайта баға-лаудың (немесе сын көзбен қайта қараудың) маңызды
бағыттары белгіленеді. Үшінші топта жұмысшылардың басқаруға кдтысуының
түрлі құрамдарын дамыту арқылы рыноктық экономиканы нығайту жолдары
ұсынылады. Бірақта осы ұсыныс-тарға карамастан, еңбек экономикасы
жұмысшылардьщ басқаруға катысуының түрлі формаларын зерттейтін пәнге
айналуы тиіс. Еңбек экономикасының пәні адамдардың еңбегін, қоғамдық
топтардың аракатынастарын және адамдардың осы топтардағы жағдайларын, сол
сияқгы еңбекті ұйымдастыру формаларындағы жұмысшылардың қатысу түрлерін
зерттейді. Зерттеу барысында еңбек ұжымдарын ерекше қоғамдық топ-тар деп
қараған жөн.

2. Басқаруға жұмсешылардың қатысу түрлері.

Қазіргі рыноктық экономикасы дамыған елдерде кәсіпорындарға
жұмысшылардың катысуының көптеген түрлері бар. Олардың ішінде ең жиісі
фабрика-зауыттық органдар, комитеттер немесе кеңестер. Бірақта олар өз
құрылымы, сайлану тәсілі, шешетін мәселелерінің шеңберлері бойынша әр елде,
тіпті бір елдің ішінде, біріне бірі сытртқы факторы болмаса, ішкі
мазмұндары жағынан түрліше. Осы айырмашылықтарымен қоса, олардың екі
сметасы бар. Біріншіден, жұмысшылардың басқаруға қатысуының осы формасының
мазмұнын өндіріс құралы және өндіріс құралдарына деген меншік түрлері
анықгайды. Екіншіден, осы басқару формалары меншік иелеріне кәсіпкерліктің
мақсаты болып табылатын пайда табуға кедергі жасамаулары керек.
Өндірісті басқаруға жұмысшылардың катысуы, ең алдымен, өзіне мақсат етіп
белгілі бір еңбек түрін ұйымдастыруды, өндірісте экономикалық тиімділікті
жүзеге асыруды, еңбек тәртібін қолдауды, жұмысшылардың денсаулығын қорғау
үшін еңбек жағдайын жақсартуды, еңбек қауіпсіздігін мұқият сақтауды, ұйым
жұмысшылары мен басқарушылары арасыңцағы карым-қатынасты екі жаққа бірдей
қолайлы жағдайда ұстап тұруды қояды. Бұл жағдайда жұмысшылар өндіріс
саясатының қатсптасуына, инвестициялық бағдарламаларды қабылдауға,
өндірілетін тауарлар ассортименттерін анықтауға сирек араласады. Олардың
бұл мәселелер жөніндегі ұсыныстарының кеңес берушілік қана сипаты бар.
Жекелеген елдерде жұмысшылардың басқаруға қатысуының мазмұнында, осы
басқару түрі қабылдағанда, меншік иесі мен жалдамалы жұмысшылардың арасында
шешілетін проблемалардың басым бағытына ерекше көңіл аударылады. Рыноктық
экономикасы дамыған ГФР мен АҚШ-тағы формаларына тоқталайық.
Германияда жұмысшылардың баскаруға қатысуының үш формасы бар: фабрикалық
кеңестер, өндіріс комитетінің жұмысына кдтысу және "еңбек бойынша
директорды" тағайывдау. Фабрикалық кеңестің мүшелерін жұмысшылар мен
қызметкерлердің арақатысына байланысты жұмысшылар сайлайды. Фабрикалық
кеңестер кәсіпорын әрекетіне байланысты проблемаларды қарайды және бұған
байланысты шешімдер меншік иесі немесе дирекциямен бірлесіп қабылданады.
Фабрикалық кеңестер меншік иесі немесе оның өкілімен бірлесіп мьша
төменгідей мәселелерді шешеді: жұмыс күнінің басталуы мен аяқталуы;
жалақыны төлеудің уақыты мен орны; жылдық демалысты пайдалану кестесі;
кәсіпорындағы жекелеген қызметкерлердің жұмысы; еңбекақының мөлшері және
көтерме жұмыска қосьшша төлем; өндірістегі қауіпсіздік шаралары;
кәсіпорындарда қоғамдық қызметтерді ұйымдастыру.
70-жылдардың екінші жартысынан бастап, екі мыңнан астам қызметкерлері
бар барлық кәсіпорында өндірістік кеңес жұмысына жұмысшылардың өкілдері
қатысады. Мысалы, 1974 жылы қабылданған заң бойынша, 650-ден астам ірі
компанияларда паритеттік жағдайда бұл кеңеске 10 адам капитал иелерінен, 10
адам жұмысшылар өкілдерінсн сайланады. Көмір, темір, болат өндірумен
байланысты; салалардағы шағын тор шеңберлі басқармаларда (олардың көпшілігі
үш мүшеден тұрады) жұмысшылардың бір өкілі болады, оларды еңбек бойынша
директор деп атайды. Оларды дауыс беру жолымен сайлайды, ал кандидаттардың
тізіміне кәсіпорын қызметкерлерінен толық қолдау тапқан адамдар ғана
кіреді.
АҚШ-та, Канадада басқада рыноктық экономикасы дамыған елдерге қарағанда
жұмысшылардың кәсіпорындарын баскдруға қатысуы баяу дамыған. Екінші
дүниежүзілік соғыс уақытында кейбір кәсіпорындарында фабрикалық комитеттер
кұрылған болатын. Бірақ олар соғыстан кейін жойылса да, кейінірек
фабрикалық комитеттер туралы идеялар жандана бастағандай болды.
АҚШ-та фабрикалық комитеттер шағын және орташа кәсіпорьшдарда құрылған.
Бұл комитеттердің саны көп емес. Олардьщ мүшелерінің саны кәсіпорындарының
көлеміне байланысты 4-тен 24-ке шейін ауытқып отырады, орташа он адамнан
тұрады. Олар паритеттік негізде құрылады: жартысын жұмысшылар мен
кәсіподақтар өкілдері кұраса, екінші жартысында кәсіпорын өкілдері болуға
тиіс. Одан басқа, ірі кәсіпорындарда жеке цехтар деңгейінде комитеттер
сайланады, көбіне олар кейбір проблемаларды шешу үшін сайланатын өкілдер
болуға тиіс. Комитеттер жұмысшыларды кәсіпорынның барлық жұмысына
ынталандыру, олардың еңбек өнімділігін арттыру және кәсіпорынның
бәсекелестік кабілеттілігін күшейту мақсатында қалыптасады.
Бірақ та ірі кәсіпорындарда мұндай комитеттер жоқ. Жұмысшылар мен
кәсіпорын басқармасының өзара қатынас мәселелері жұмыс беруші мен ұйым
кәсіподағының арасында жасалған ұжымдық шарттың негізінде реттеледі. Бұл
шарттар арқылы экономикалық жөне кадр мәселелерінің реттелуімен қоса,
жұмысшылардың кұқықтық және кәсіпорындағы міндеттері сияқгы көптеген
белгілі бір жағдайлары анықталады.
Бұрынғы Совет Одағында көсіпорындарын басқаруға жұмысшылар қатысуының
алғашқы формалары Казан төңкерісі кезінде пайда болып, одан соңғы жылдары
өз дамуын тапты. Оларды уақытында өндірістік ячейкалар, өндірістік
кружоктар, жұмысшышаруа инспекциясы жөне өндірістік мәжіліс деп атаған. Осы
аталған формалардың ішінде мемлекепік апатараның әрекетін бақылау
мақсатында 1920 жылы жұмысшы шаруалар инспекциялары қалыптасты. Солармен
катар қызмет-керлерінің саны 20-дан аспайтын көсіпорындары мен мекемелерде
ықпалдас ячейкалар құрыла бастады. Олардың саны 3-тен 5-ке шейінгі
жұмысшылардан кұралатын. Бұл ячейкалар аядына кәсіпорын басшыларының
кабылдаған шешімдерінің заңдылығын бақылау міндетін қойды және еңбек
өнімділігін арттыруға ықпал жасау міндетін мойындарына алды. Олардың
өкілдері кеңесші дауыс құқығымен кәсіпорын басқармаларының отырыстарына
катыса алатын еді. 1923-1924 жылдары өндірістік мәжілістер пайда болды. Бұл
мәжілістерде жұмысшылардың өкілдері, барлық ұжыммен бірлесе отырып,
өндірістік мәселелерді қарады, оньщ ішінде, ең алдымен, еңбек өнімділігін
арттыру және өндірістік жоспарларды орындауға баса көңіл аударылды.
Жұмысшылардың басқаруға қатысуының басқа да формалары бұдан кейінгі
жылдары, әсіресе 30-жылдары дамыған болатын. 1956 жылдан бастап
жұмысшылардың кәсіпорындарды басқару органы есебінде, енді тұрақты әрекет
жасайтын, жаңа мазмұнмен байытылған өндірістік мәжілістер деп аталатын
органдар кұрылды. Басқаруға жұмысшылардың қатысуы (әрине, оларда тек
кеңесші дауыс болды) алдарына кәсіпорын әрекетін жақсартуды, жоспарлық
тапсырмаларды уақытында орындауды, социалистік жарыстың дамуын, еңбек
өнімділігін арттыруды, жаңашылдық пен рационализаторлық қозғалысты
өркендетуді мақсат етіп қойды.
Жұмысшылардың басқаруға қатысуына айтарлықтай өзгерістер 1987 жылы
қабылданған "КСРО мемлекеттік кәсіпорындары (бірлестіктер) туралы заңында"
енгізілді. Заң еңбек ұжымына директорларды және цех қызметінің басшыларын
сайлау немесе кайта шақырып алу (әрине, Заңның бұл бабы өндірістің дамуына
көп нұқсан келтіреді. Жұмысшы ұйымдары тек өздеріне қолайлы, айтқандарына
көніп, айдағандарына жүретін, принципсіз басшылардың пайда болуына жағдай
туғызды), өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру жағдайын жақсарту нәтижесінде
алынған пайданы жұмсау, өндірістің технологиясы мен техникасын жаңартудың
бағдарламасын өз қаржысы немесе несие алу арқылы жүзеге асыру, әлеуметтік
даму және үй кұрылысын жүргізу, кадрлар даярлауға және кдйтадан даярлауға
және басқа да кадр мәселелерін шешуді жүзеге асыруға кұқық берді.
Мемлекеттік кәсіпорын (бірлестік) туралы заң еңбек ұжымының еңбектің
өнімділігіне және оның мүшелерінің әлеуметтік қамтамасыздығына одан әрі
жауапкершілігін күшейтті. Аталған Заң айтарлықтай өзгеріссіз КСРО-ның
барлық Одақтас республикаларында қабылданған болатын.
Жұмысшылардың басқаруға қатысу формалары барлық елдерде тұрақты дамуда.
Формаларының ерекшеліктеріне карамай-ақ, бұл процестің түпкі негізі
бірыңғай. Қалай болған да, рыноктық экономикаға көшуге байланысты
жұмысшылардың баскаруға қатысу тәжірибесін зерттей отырып, оның рационалды
дәнін кәсіпорындарда пайдалана білген жөн.
Жұмысшылардың өзін өзі баскаруы еңбек ұжымын өзін өзі баскарудың негізгі
түрі болып табылады. Еңбек ұжымдарын өзін өзі баскару процестері адамдардың
ұйымдаскан қоғамдастығы деп аталады. Еңбек ұжымын бұлай түсіну, экономи-
калык жүйенің түріне қарамай-ақ, осы ұйымның барлық деңгейіне лайықты
анықтама беруге көмектеседі. Еңбек ұжымдарында басқарудың тікелей
формалары: еңбекшілердің жиналысы (бұл жиналыс бүкіл ұжымдық немесе жеке
бөлім-шелерінікі болуы мүмкін), еңбек ұжымыньщ мүшелерімен жеке мәселелерді
талқылайтын референдумдар, еңбек ұжьтмының нақты мәселелеріне тікелей баға
беретін анкеталар. Қызметкерлері аз еңбек ұжымьшда өзін өзі басқару осы
үйымның кәсіподақтары кеңесінің сайлауымен шектеледі. Көп қызметкерлері бар
еңбек ұжымдарында олардың нормативтік актларында каралған еңбек ұжымының
кеңесі, басқармалар және тағы да сол сияқты баскдру органдары сайланады.
Еңбек ұжымына қарағанда еңбек ұйымы деген ұғымның аясы тар. Еңбек ұйымы
— занды нұсқа. Барлық экономикалық жүйелерде еңбек ұйымдарының үш түрі бар.
Олар: көсіпорын (шаруашылық әрекеттермен шұғылданады), мекемелер (ғылым,
мәдениет, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, тағы басқа қоғамдық қызмет
көрсететін ұйымдар) және кооперативтер. Қоғамдық саяси одақтар, ұйымдар
жөне бірлестіктер де еңбек ұйымы болып саналады. Бірақ осы аталған еңбек
ұйым-дарындағы жұмысшылардың еңбек ұжымын баскаруға және өзін-өзі баскару
процестеріне катысу формаларының арасында әрқайсысының өзіне тән
ерекшеліктері болады.

3.АҚШ, Жапония және батыс европа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жергілікті өзін-өзі басқарудың шетелдік тәжірибесі
Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару: қалыптасу жобалары
Тіршілік қауіпсіздігінің теориялық негіздері
Жекеменшік экономикалық категория ретінде
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту
Қазақстандағы жергілікті басқару механизмі
Кәсіпорынды маркетинг басқару жүйесінің отандық тәжірибелері
Экономиканы мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибелері
ҚР-ның зейнетақы жүйесі
Басқарудың жапондық типі
Пәндер