Арамшөптердің биологиялық ерекшеліктері



Жоспар

І. Кіріспе.
Арамшөптердің биологиялық ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... .1

ІІ. Негізгі бөлім.
а) Арамшөптердің тұқымдық өсімталдығы және таралу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2

ә) Тұқымның биологиялық қасиеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

б) Арамшөптердің вегетативтік көбеюі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6

в) Арамшөптер . тіршілік ортасының индикаторы ... ... ... ... ..8

ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
Арамшөптердің биологиялық ерекшеліктері

Дақылдарды өсірудің ғылыми негізделген технологиясына қарамастан, өсімдіктердің танаптық қауымдастықтарында арамшөптердің сақталынуы, олардың көптеген биологиялық қасиеттері мен экологиялық орнықтылығына байланысты. Бұл ерекшеліктерді жан – жақты және терең білу арамшөптер қандай сәттерде түрлі агрономиялық тәсілдерге шыдамды және сыртқы факторларға неғұрлым сезімтал екендігін ажыратуға мүмкіндік береді.
Арамшөптердің биологиялық және экологиялық ерекшеліктерін салыстыра отырып, олардың өсіп тұрған, сондай – ақ топырақтағы жаңару органдарын тиімді жоюды қамтамасыз ететін алдын – ала отау шараларының ұтымды және аз шығынды жүйесін жобалауға болады. Әрине, биоэкологиялық қасиеттердің және арамшөптер жеке түрлерінің, алуан түрлі құрамының ерекшеліктерінің айқындылығы мен мәнділігі бірдей емес, бұл оларды жан – жақты қарау қажеттігін туғызады.
Арамшөптердің ең басты биологиялық және экологиялық ерекшеліктері: оладың тұқымдық жоғары өсімталдығы; тұқы –мдары мен жемістерінің таралу жолдары; ұрықтың қасиеттері; тұқымдармен жемістердің әруақытылы пісуі; арамшөптер тұқымдары мен жемістерінің көктеуі; көпжылдық арамшөптердің вегетативтік көбеюі; тіршілік ортаның индикаторлығы; арамшөптердің экологиялық орнықтылығы.






Арамшоптердің тұқымдық өсімталдығы және таралу жолдары

Арамшөптердің кең әрі тез таралуына олардың жоғары тұқымдық өнімділігі мүмкіндік туғызады. Оның бір түбінің беретін тұқым саны ондаған мыңнан милионға жетеді. Егер егістікке күздің қарабидайдың бір талы 120 – 200 дән беретін болса, онда қарабидай арпабасының бір өсімдігі – 1420, көк қазошаған – 6820, егістік қалуен – 19 мың, шырмауық тарн – 11,2 мың, алабота – 100 мың, кәдімгі гүлтәжі, қызыл құйрық – тар 2 млн. тұқым шашады.
А.И. Носатовскийдің деректеріне қарағанда, астық тұқымдас дақылдардың бір өсімдігі 2 мыңға дейін дән беретінін еске алсақ, арамшөптер олармен салыстырғанда, 5 тен 37 есеге дейін жоғарғы өнімділікпен тұқым береді.
Тұқымдық өсімталдығы бойынша аз жылдық арамшөптер шартты үш топқа бөлінеді: бірінші топқа жататын қарасұлы, қарамықша, итқонақ, тауық тары т.б он – жүздеген дәннен 20 мыңға дейін береді. Екінші топқа егістік ярутка, дала қышасы, жүмыршақ т.б 20-100 мың, үшінші топқа – ақ алабұта, гүлтәжі, сармала т.б 100 мыңнан миллионға дейін дән береді.
Арамшөптер жемістерінің топыраққа түскендерінің көпшілігі қолайсыз жағдайларға тап болып, жойылып кетеді. Алған жемістерінің елеулі бөлігі топырақта ұзақ уақыт бойы өміршеңдігін сақтайды және сонысымен келесі дақылдар егістігін бірнеше жыл бойы ластайды.
Көптеген арамшөп тұқымдарының әртүрлі икемшілігі арқасында олар кеңістікке жеңіл және тез тарайды. Мысалы: күрделі гүлдер тұқымдастарына жататын арамшөптердің ұшпа ұрықтары болса, кәдімгі кәріқыз бен тікенді сарысояудың тіркестері мен ілгіштері бар.
Арамшөптердің тұқымдары мен жемістерінің таралуы өсімдіктердегі арнаулы құрылғылардың көмегімен – автохорно немесе түрлі агенттердің көмегімен – аллахорно жүзеге асырылады.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе.
Арамшөптердің биологиялық ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ...1

ІІ. Негізгі бөлім.
а) Арамшөптердің тұқымдық өсімталдығы және таралу

жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .2

ә) Тұқымның биологиялық
қасиеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...4

б) Арамшөптердің вегетативтік
көбеюі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 6

в) Арамшөптер – тіршілік ортасының индикаторы ... ... ... ... ..8

ІІІ.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..9

Арамшөптердің биологиялық ерекшеліктері

Дақылдарды өсірудің ғылыми негізделген технологиясына қарамастан,
өсімдіктердің танаптық қауымдастықтарында арамшөптердің сақталынуы,
олардың көптеген биологиялық қасиеттері мен экологиялық орнықтылығына
байланысты. Бұл ерекшеліктерді жан – жақты және терең білу
арамшөптер қандай сәттерде түрлі агрономиялық тәсілдерге шыдамды
және сыртқы факторларға неғұрлым сезімтал екендігін ажыратуға
мүмкіндік береді.
Арамшөптердің биологиялық және экологиялық ерекшеліктерін салыстыра
отырып, олардың өсіп тұрған, сондай – ақ топырақтағы жаңару
органдарын тиімді жоюды қамтамасыз ететін алдын – ала отау
шараларының ұтымды және аз шығынды жүйесін жобалауға болады. Әрине,
биоэкологиялық қасиеттердің және арамшөптер жеке түрлерінің, алуан
түрлі құрамының ерекшеліктерінің айқындылығы мен мәнділігі бірдей
емес, бұл оларды жан – жақты қарау қажеттігін туғызады.
Арамшөптердің ең басты биологиялық және экологиялық ерекшеліктері:
оладың тұқымдық жоғары өсімталдығы; тұқы –мдары мен жемістерінің
таралу жолдары; ұрықтың қасиеттері; тұқымдармен жемістердің
әруақытылы пісуі; арамшөптер тұқымдары мен жемістерінің көктеуі;
көпжылдық арамшөптердің вегетативтік көбеюі; тіршілік ортаның
индикаторлығы; арамшөптердің экологиялық орнықтылығы.

Арамшоптердің тұқымдық өсімталдығы және таралу жолдары

Арамшөптердің кең әрі тез таралуына олардың жоғары тұқымдық
өнімділігі мүмкіндік туғызады. Оның бір түбінің беретін тұқым саны
ондаған мыңнан милионға жетеді. Егер егістікке күздің қарабидайдың
бір талы 120 – 200 дән беретін болса, онда қарабидай арпабасының
бір өсімдігі – 1420, көк қазошаған – 6820, егістік қалуен – 19 мың,
шырмауық тарн – 11,2 мың, алабота – 100 мың, кәдімгі гүлтәжі, қызыл
құйрық – тар 2 млн. тұқым шашады.
А.И. Носатовскийдің деректеріне қарағанда, астық тұқымдас
дақылдардың бір өсімдігі 2 мыңға дейін дән беретінін еске алсақ,
арамшөптер олармен салыстырғанда, 5 тен 37 есеге дейін жоғарғы
өнімділікпен тұқым береді.
Тұқымдық өсімталдығы бойынша аз жылдық арамшөптер шартты үш топқа
бөлінеді: бірінші топқа жататын қарасұлы, қарамықша, итқонақ, тауық
тары т.б он – жүздеген дәннен 20 мыңға дейін береді. Екінші топқа
егістік ярутка, дала қышасы, жүмыршақ т.б 20-100 мың, үшінші топқа
– ақ алабұта, гүлтәжі, сармала т.б 100 мыңнан миллионға дейін дән
береді.
Арамшөптер жемістерінің топыраққа түскендерінің көпшілігі қолайсыз
жағдайларға тап болып, жойылып кетеді. Алған жемістерінің елеулі
бөлігі топырақта ұзақ уақыт бойы өміршеңдігін сақтайды және сонысымен
келесі дақылдар егістігін бірнеше жыл бойы ластайды.
Көптеген арамшөп тұқымдарының әртүрлі икемшілігі арқасында олар
кеңістікке жеңіл және тез тарайды. Мысалы: күрделі гүлдер
тұқымдастарына жататын арамшөптердің ұшпа ұрықтары болса, кәдімгі
кәріқыз бен тікенді сарысояудың тіркестері мен ілгіштері бар.
Арамшөптердің тұқымдары мен жемістерінің таралуы өсімдіктердегі
арнаулы құрылғылардың көмегімен – автохорно немесе түрлі агенттердің
көмегімен – аллахорно жүзеге асырылады.
Автохорнолық өсімдіктердің тұқымдық ұрықтарының таралуы ортада
болатын механикалық күштердің және түрлі құрылғылардың көмегімен
жүзеге асады. Мысалы: егістік қышанының, егістік қырыққабаттың,
дәрілік ақбас қурайдың, иіссіз қаз табанның тұқымдары мен жемістері
ауырлық күшінің әсерімен аналық өсімдіктер төңірегінде шашылады
авто барохорно деп аталады.
Көптеген күрделі гүлділер тұқымдас арамшөптерінің тұқымдары және
дәрілік бақбақ, тікен қурай, кәдімгі зиягүл, канадалық
күлтежапырақша тұқымдары желдің көмегімен тарайды, оларды анемохорно
деп атайды. Олар қауырсынды үлпілдектермен жабдықталған, солардың
арқасында төңірегіндегі егістіктерге және әлсіз желдің өзінде алыс
аумақтарға тарайды.
Көптеген арамшөп өсімдіктердің тұқымдары мен жидектері малдың,
құстың, жәндіктердің және с.с. көмегімен, яғни зоохорно тарайды.
Кірпі тәрізді жабысқақ, кәдімгі сасық мендуана, жабысқақ
қызылбояу, үштармақ итошаған, ірі шоңайына жемістер мен гүлдерінің
зәкірлер, ілгектер, тістеуіктер, қалқаншалар түріндегі арнаулы
өскіндері болады, солардың көмегімен әлгілер малдың жүніне, Адам
киімдеріне, құс қауырсындарына жабысып, көрші алқаптарға жіәне жаңа
тіршілік орнына жеткізіледі.
Біраз арамшөптердің жемістері мен тұқымдары сумен – гидрохорно
ойдағыдай тасымалданады. Тұқым суға неғұрлым жай шыланып, бататын
болса, солғұрлым олардың сумен таралуына мүмкіндіктер мол. Көктемгі
және жаңбыр суларының тасқындары жер бедерінің төменгі беткейлеріне
егістік арпабасының, көк гүлкекіренің, алаботаның және басқа
арамшөптердің тұқымдарын алып келеді, бұл жерде олар қаптап өседі.
Күнделікті ауыл шаруашылығы жұмыстарының барысында адам көптеген
арамшөптер түрлерінің таралуына себепкер болады. Көпеген
арамшөптердің тұқымдары мен жемістері жеткілікті мұқиат тазартылмаған
тұқымдық астықпен бірге кең тарайды. Түрлі арамшөптердің көптеген
тұқымдары мен жемістері картоп түйнектері мен қызылшаның тамыр
жемістеріне, көкөніс және жеміс ағаштарының көшеттеріне жабысқан
топырақтар мен таратылады.

Тұқымның биологиялық қасиеттері
Тұқым тыныштығы. Арамшөптердің топыраққа жаңа түскен тұқымдары
бәрі бірден ешқашан өспейді, бұл олардың тыныштық мерзімінің
барлығына байланысты. С.А. Воробьев және А.М. Туликов арамшөптер
тұқымдарының табиғи және мәжбүр тыныштығын белгілеген.
Түскен тұқымдар мен жемістердің табиғи тыныштығы оларда
физиологиялық – биохимиялық процестердің аяқталмауымен; су мен ауа
өткізбейтін қабықтарының болуымен; олардың қабықтарында өсуін
кешеуілдететін тежегіштердің болуымен айқындала алады.
Тұқымдар мен жемістердің амалсыз тыныштығы әдетте олардың өсуіне
ықпал ететін сыртқы экологиялық факторлардың жағымды үйлесімділігінің
жоқтығынан туады.
Тұқымдары қаптап өсуіне қабілетті мәдени өсімдіктерге қарағанда,
арамшөп тұқымдарының өсу кезеңі өте созылыңқы болып келеді.
Жабысқақ қызылбояу, егістік қалуен тұқымдарының жер бетіне өсіп
шығуы екі жылға созылады, егіс майдашөбі тұқымдарының өнуі 5 – 6
жылға, шырмауық таран, кәдімгі пикульник, алабота, егістік ярутка
тұқымдары 10 жылдан астам уақыт бұғып жатады.
Тіршілік қабілетін ұзақ сақтауы. Көпшілік мәдени өсімдіктерінің
тұқымы оңтайлы жағдай жасалған күйде сақталғанның өзінде олардың
тіршілікке қабілеті 4 – 7 жылға ғана сақталады. Ал көптеген
арамшөптердің тұқымдары топыраққа ұзақ жылдар бойы жатса да
өміршеңдігін жоғалтпай, өсіп - өну қабілетін сақтайды. Дала
қалуенінің тұқымы өміршеңдігін топырақта 20 жыл бойы сақтайды, ал
қызылша гүлтәжінің тұқымы 40 жыл, дала шырмауығы 50 жыл жатса да
өлмейді.
Ал, арамшөптер тұқымдары топырақтың жоғарғы жыртыла – тын қабатында
болған жағдайда ол жылудың, суықтың, ылғалдың және күн сәулесінің
әсерінен өміршеңдігін тез жоғалтады. Мысалы: В.П.Томилов
тәжірибесінде қарасұлы тұқымын топырақта жылдар бойы ұстағанда 3 –
ші жылы өміршеңдігін толық жоғалтқан (1 – кесте).
Түрлі жемістілік. Кейбір арамшөп түрлерінің бір гүл шоғырында
қалыптасқан тұқымдары немесе жемістері морфологиялық және
физиологиялық белгілері бойынша әр түрлі болады. Бұндай ерекшеліктер
арамшөптердің түскен ортада орнығуының немесе агрофитоценоздарға
енуінің мүмкіндіктерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арамшөптер және олардың жіктелуі
Арамшөптерді биологиялық әдіспен жою
Арамшөптердің аттары
Арамшөптердің жіктелуі
Арамшөптер туралы түсінік және олардың ауылшаруашылығына келтіретін зияндылығы
Арамшөптермен алдын ала күресу шаралары
Арамшөптердің биологиялық ереекшеліктері, таралу және олардың тіршілік жағдайларына бейімделуі
Арамшөптер және күресу шаралары
Көшеттіктерде гербицидтерді қолдану
Арамшөптердің зиянды шегі
Пәндер