Жібек жолының қалыптасуы



1. Жібек жолының қалыптасуы.
a. "Жібек жолы" деген не? Ол қашан пайда болды және қай жерлермен өтті?
b. Қазақстанның оңтүстігіндегі Жібек жолы.
c. Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісу өлкесі Жібек жолы аймағына енбей тұрғанда қандай еді?
2. Ұлы Жібек жолының бағыттары.
a. Жібек жолының Қазақстан жеріндегі бөлігі батыстан шығысқа бағытталған.
b. Іледегі Жібек жолы.
c. Қазақстанның оңтүстігі — Еуропа бағыты.
d. Орталық және Шығыс Қазақстан бағыты.
3. Сауда және тауар.
a. Жібек жолы тауарлары.
b. Жібек жолы тауары Қазақстанда.
4. Елдер мәдениетінің өзара әсері және бірін.бірі байытуы.
a. "Дүниежүзілік патшалық".
b. Әдебиет, бейнелеу жөне театр өнері мөдениетінің бір.біріне әсері.
5. Діннің таралуы.
a. Будда діні.
b. Христиандықтың таралуы.
c. Манихейлік пен зороастра діндері.
d. Мұсылмандықтың таралуы.
6. Қолданылған әдебиеттер.
"Жібек жолы" деген не? Ол қашан пайда болды және қай жерлермен өтті? 629 ж. будда діндары Сюань-Цзян "Будданың қасиетті мүрдесіне тәуап етіп, дін сөздерін үйрену үшін" Қытайдан Үндістанға сапар шекті. Ол Қытайды Батыспен жалғастыратын, техниқалық жаңалықтар мен діни тағылымдар, мәдениет жетістіктері таралуына ықпал ететін халықаралық жолмен жүрді. Чань-ан көпестерінін кос өркешті түйелерден тұратын керуеніне ілесіп Ұлы Гоби шөлінің шетімен Дуньхуаннан, "Ұлы Айдаңар шағылы" деп аталатын тұзды шөлмен, Хами және Тұрпан жазираларынан, Тянь-Шаньнің солтүстік беткейін бойлай Музур-Ола жотасындағы мұзтауларды басып өтіп, Сюань-Цзян мен оның серікгері "Тұп-тұнық Көгілдір көлге" жетеді. Олардың көлді сипаттауынан оның Ыстықкөл екенін білу оп-оңай. Діндар көлді айнала жүріп, Суяб қаласына келеді, мұнда ол батыс шеқарасы Қара теңізге дейін созылып жатқан аса үлкен империяның билеушісі түрік қағанымен кездеседі. Сюань-Цзян қаған мен оның айналасындағыларды былай сипаттайды: "Бұл жатжерліктердің аттары керемет. Қаған жасыл жібек шапан киген, жалаңбас, маңдайын ұзындығы бір чжандай (3,2 м) жібек шүберекпен таңып алған, оның екі ұшы желкесіне түсіп түр. Оның қасында зерлі матадан шапан киіп, шаштарын өріп қойған екі жүздей тархандары бар. Иленген теріден киім киген, жұмсақ бас киімдері бар жауынгерлері айбалтамен және садақпен қаруланған, тулары бар. Түйе мен жылқыға мінген адамдардың көптігі сонша, бәрін көзбен шолып шығу мүмкін емес".
Қағанға мейман болған Сюань-Цзян түрік ақсүйектерінің салтанатты жібек киімдерін бірнеше қайтара сөз қылады және өзіне берілген сыйлықтарды: "Қызыл күрең сәтеннен тігілген киімдер жиынтығын және елу орам жібек мата" алғандығын айтады.
Осы үзіндіде Шығыс пен Батыс арасындағы негізгі сауда тауа-ры, ежелгі және орта ғасырлардағы континентаралық қатынас жолына аты берілген — жібек бірнеше рет аталады.
Жібек жолымен ең алғашқы қатынас, байланыс б.з.-дан бұрынғы III—II ғасырларда жасалған. Бұл қатынас Бадахшан тауларында лазурит және Жәркентдәрияның жоғарғы ағысындағы Хотан ауданыңан нефрит тасының кен орындары табылып, өңделе бастаған кезде пайда болды. Бадахшанда өндірілген лазурит Иран, Месопотамия, Апатол, Мысыр мен Сирияға тасылды. 1 мыңжылдықтың ортасында Бадахшан лазуриті Қытайға жетті. "Лазурит жолы" Орта Шығысты Жерорта теңізімен және Үндістанмен байланыстырды. Сол сияқты Шығыс Түркістан мен Қытайды байланыстырған "Нефрит жолы" болды.
Б.з.-дан бұрынғы 1 мыңжылдықтың ортасында "Дала жолы" болған. Геродоттың сипаттауы бойынша ол Қара теңіз жағалауынан Донға дейін, Оңтүстік Орал маңындағы сарматтар жеріне, Ертіс пен Алтайға, Жоғарғы Ертіс пен Зайсан көлін мекендеген аргиппейлер еліне дейін барған. Осы
1. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы. Байпақов К.И., Көмеков Б.Е., Пищулина К.А. Алматы қ., «Рауан» баспасы. 56-84 беттер.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Механика-математика факультеті

СӨЖ
Тақырыбы: Ұлы Жібек жолы

Орындаған: Қашқымбай І.Ж.
Тексерген: Саржанова С.С.

Алматы – 2011 ж.
Мазмұны
1. Жібек жолының қалыптасуы.
a. "Жібек жолы" деген не? Ол қашан пайда болды және қай жерлермен өтті?
b. Қазақстанның оңтүстігіндегі Жібек жолы.
c. Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісу өлкесі Жібек жолы аймағына енбей
тұрғанда қандай еді?
2. Ұлы Жібек жолының бағыттары.

a. Жібек жолының Қазақстан жеріндегі бөлігі батыстан шығысқа
бағытталған.

b. Іледегі Жібек жолы.

c. Қазақстанның оңтүстігі — Еуропа бағыты.

d. Орталық және Шығыс Қазақстан бағыты.

3. Сауда және тауар.
a. Жібек жолы тауарлары.
b. Жібек жолы тауары Қазақстанда.
4. Елдер мәдениетінің өзара әсері және бірін-бірі байытуы.

a. "Дүниежүзілік патшалық".

b. Әдебиет, бейнелеу жөне театр өнері мөдениетінің бір-біріне әсері.

5. Діннің таралуы.
a. Будда діні.
b. Христиандықтың таралуы.
c. Манихейлік пен зороастра діндері.
d. Мұсылмандықтың таралуы.
6. Қолданылған әдебиеттер.

Жібек жолының қалыптасуы
"Жібек жолы" деген не? Ол қашан пайда болды және қай жерлермен өтті?
629 ж. будда діндары Сюань-Цзян "Будданың қасиетті мүрдесіне тәуап етіп,
дін сөздерін үйрену үшін" Қытайдан Үндістанға сапар шекті. Ол Қытайды
Батыспен жалғастыратын, техниқалық жаңалықтар мен діни тағылымдар, мәдениет
жетістіктері таралуына ықпал ететін халықаралық жолмен жүрді. Чань-ан
көпестерінін кос өркешті түйелерден тұратын керуеніне ілесіп Ұлы Гоби
шөлінің шетімен Дуньхуаннан, "Ұлы Айдаңар шағылы" деп аталатын тұзды
шөлмен, Хами және Тұрпан жазираларынан, Тянь-Шаньнің солтүстік беткейін
бойлай Музур-Ола жотасындағы мұзтауларды басып өтіп, Сюань-Цзян мен оның
серікгері "Тұп-тұнық Көгілдір көлге" жетеді. Олардың көлді сипаттауынан
оның Ыстықкөл екенін білу оп-оңай. Діндар көлді айнала жүріп, Суяб қаласына
келеді, мұнда ол батыс шеқарасы Қара теңізге дейін созылып жатқан аса үлкен
империяның билеушісі түрік қағанымен кездеседі. Сюань-Цзян қаған мен оның
айналасындағыларды былай сипаттайды: "Бұл жатжерліктердің аттары керемет.
Қаған жасыл жібек шапан киген, жалаңбас, маңдайын ұзындығы бір чжандай (3,2
м) жібек шүберекпен таңып алған, оның екі ұшы желкесіне түсіп түр. Оның
қасында зерлі матадан шапан киіп, шаштарын өріп қойған екі жүздей
тархандары бар. Иленген теріден киім киген, жұмсақ бас киімдері бар
жауынгерлері айбалтамен және садақпен қаруланған, тулары бар. Түйе мен
жылқыға мінген адамдардың көптігі сонша, бәрін көзбен шолып шығу мүмкін
емес".
Қағанға мейман болған Сюань-Цзян түрік ақсүйектерінің салтанатты
жібек киімдерін бірнеше қайтара сөз қылады және өзіне берілген сыйлықтарды:
"Қызыл күрең сәтеннен тігілген киімдер жиынтығын және елу орам жібек мата"
алғандығын айтады.
Осы үзіндіде Шығыс пен Батыс арасындағы негізгі сауда тауа-ры, ежелгі
және орта ғасырлардағы континентаралық қатынас жолына аты берілген — жібек
бірнеше рет аталады.
Жібек жолымен ең алғашқы қатынас, байланыс б.з.-дан бұрынғы III—II
ғасырларда жасалған. Бұл қатынас Бадахшан тауларында лазурит және
Жәркентдәрияның жоғарғы ағысындағы Хотан ауданыңан нефрит тасының кен
орындары табылып, өңделе бастаған кезде пайда болды. Бадахшанда өндірілген
лазурит Иран, Месопотамия, Апатол, Мысыр мен Сирияға тасылды. 1
мыңжылдықтың ортасында Бадахшан лазуриті Қытайға жетті. "Лазурит жолы" Орта
Шығысты Жерорта теңізімен және Үндістанмен байланыстырды. Сол сияқты Шығыс
Түркістан мен Қытайды байланыстырған "Нефрит жолы" болды.
Б.з.-дан бұрынғы 1 мыңжылдықтың ортасында "Дала жолы" болған.
Геродоттың сипаттауы бойынша ол Қара теңіз жағалауынан Донға дейін,
Оңтүстік Орал маңындағы сарматтар жеріне, Ертіс пен Алтайға, Жоғарғы Ертіс
пен Зайсан көлін мекендеген аргиппейлер еліне дейін барған. Осы жолмен
былғары, аң терілері, иран кілемдері, бағалы металдан жасалған бұйымдар
тасымалданды.
Кейінгі уақытқа дейін жібекті ойлап тауып, онымен сауда жасау б.з.-
дан бұрынғы 1 ғ.-да басталған деп есептеліп келді. Алайда, қытай
археологтары Чжецзян провинциясында, Тайху көліне жақын жердегі қазба
жұмысы кезінде неолит дәуіріне жататын жібек мата, белбеу мен жіптер
тапқан. Матаның жасы б.з.-дан бұрынғы 2750 (± 100) жылға кетеді. Оны
зерттеу жібек өндіру бұдан бес мың жыл бұрын дамығандығын айғақтайды. Б.з.-
дан бұрынғы VI—V ғасырларда қытай жібегі басқа елдерге, батысқа да шығарыла
бастаған. Алтайдағы Пазырық "патша" қорғандарын қазу кезінде феникс құсы
кестеленіп тігілген ат жабу табылады.
Оңтүстік және Батыс Еуропадағы қорғандарды қазғанда б.з.-дан бұрынғы
VI—V ғасырларға жататын жібек маталар шыққан.
Жібектің кеңінен таралуына көшпелі скиф және сақ тайпалары да
көмектескен, олардың сол дәуірдегі ең бағалы тауар Орталық Азия мен Жерорта
теңізі аймағына да жеткен.
Дәл осы кезеңде жібек Үндістанға да таралған, бұған б.з.-дан бұрынғы
IV ғ. жазылған "Артхашастра" ("Саясат ғылымы") трактатында "синаратто"
-"қытай жібегі" деген сөз кездесуі дәлел.
Б.з.-дан бұрынғы II ғ.-дың ортасында ғана Жібек жолы тұрақты
дипломатиялық жөне сауда күретамыры болып қалыптасады. 138 ж. Хань елінің
астанасынан император У-ди батыстағы белгісіз елдерге аттандырған князъ
Чжан-Цзян бастаған елшілік керуен жолға шықты. Чжан-Цзян еліне 13 жылдан
кейін қайтып оралады.Ол Қытайдың ішкі аудандарынан Орта Азияға тура жолмен
жүріп, бүгінгі Ауғанстан жеріне дейін жеткен.Олардың ізінше Батысқа жібек
тиеген керуендер, ал Қытайға Жерорта теңізінен, Таяу және Орта Шығыстан,
Орат Азиядан заттар тасыла бастады.
Қазақстанның оңтүстігіндегі Жібек жолы. Ұзамай халықаралық саудаға
Орта Азиядағы Зеравшан және Қашқадария аңғарында орналасқан соғдылық
саудагерлер араласты. Соғдылықтардың Шығыс Түркістан мен Қытайдағы Ланчжоу,
Дуньхуан, Чаньан сияқты қалаларда сауда орталықтары болды. Мысалы,
Дуньхуанда бір мыңдай соғдылықтар өмір сүрді. Соғдылықтар Жібек жолымен
Жапонияға, ежелгі жапон астанасы Нара қаласына да жетті. Мұндағы храмдардың
бірінде соғды тілінде жазылған қолжазба сақтаулы тұр.
II—V ғасырларда Жібек жолы шығыстағы Чаньаннан басталып, Хуанхе
өткелі арқылы Ланчжоу ауданыңа, одан әрі Тянь-Шаньның солтүстік сілемдерін
бойлай Такла-Мақан шөлін солтүстігі мен оңтүстігінен айналып өтіп, Ұлы
қытай қорғаныңың батыс шегіне жеткен. Солтүстік тармағы Хами, Тұрпан,
Бесбалық, Шихо жазиралары арқылы Іле өзеніне; орталық тармағы Чаочаннан
Қарашар, Ақсуға және Бедел асуы арқылы Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауына;
оңтүстік тармағы Дуньхуан, Қотан, Жаркент арқылы Бактрияға, Үндістан мен
Жерорта теңізі жағалауына жеткен — бұл "Оңтүстік жолы" деп аталады. Ал
"Солтүстік жолы" Қашғардан Ферғанаға, одан әрі Самарқан, Бұхар, Мерв арқылы
Хамадан мен Сирияға барады.
VI—VII ғасырларда Қытайдан Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы
Батысқа апаратын жол жиі пайдаланылады. Бұрынғы Ферғана арқылы өтетін жол
бұдан гөрі әрі қысқа, әрі қолайлы болатын. Мұндай өзгерісті былайша
түсіндіруге болады. Біріншіден, Орта Азиядан өтетін сауда жолдарын
қарамағында ұстаған түрік қағаныңың ордасы Жетісуда болды. Екіншіден,
Ферғана арқылы өтетін жол жергілікті билеушілердің жиі қақтығыстары
салдарынан қауіпті бола бастады. Үшіншіден, түрік қағандары мен оның
төңірегіндегі бай адамдар теңіз асып келген тауарларды ірі сатып алушылар
болды.
Осылайша бұл басты жолға айналды да, елшілік адамдары мен сауда
керуендері негізінен осы жолмен жүрді. Жүздеген жылдар ішінде жаңадан
бірнеше тармақтар қосылып, кейбір қалалар қирап, сауда орындарының
жойылуына байланысты енді бір соқпақтары жоғалып кетіп жатты. Алайда Жібек
жолының бұл бағыты ешқашан тоқтап қалған емес. Сөйтіп, VI—VIII ғасырлардағы
негізгі жол Сирия — Иран — Орта Азия — Оңтүстік Қазақстан — Талас аңғары —
Шу аңғары — Ыстықкөл қазан-шұңқыры — Шығыс Түркістан бағытында өтті. Тағы
бір бағыты жоғарыда айтылған жолға Византиядан шығып Дербент, Қаспий маңы
далалары — Маңғыстау — Арал маңы — Оңтүстік Қазақстаннан келіп қосылды.
Сасандық Иранға қарсы Батыс Түрік қағанаты мен Византия сауда-елшілік одақ
құрған кезде жол Иранды айналып өтті. Кейінірек, IX — XII ғасырларда бұл
бағыттағы жолмен Орта Азия, Орта жөне Таяу Шығыс, Кіші Азия арқылы Сирия,
Египет, Византияға баратын жолдан гөрі азырақ жүре бастады. Бірақ
континенттегі саяси жағдайдың өзгеруіне байланысты елшіліктер, көпестер мен
басқа да жолаушылар бұл жолды XIII — XIV ғасырларда қайта жандандырды.
Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісу өлкесі Жібек жолы аймағына енбей
тұрғанда қандай еді? Мұнда ежелден көшпелі тайпалар мен отырықшы халықтар
қатысуымен жасалған өзіндік мәдениет болды. Этниқалык жағынан көшпелілер
де, отырықшы халықтар да біртекті немесе бірыңғай этносаясат астына
біріккен. Отырықшылар мен көшпелілер мәдениетінің бірін-бірі толыктыруы,
бір-біріне әсері дүниежүзілік дамудағы басты желі болып табылады. Мұндай
жинақтау негізінде Қазақстан мен Орта Азия халықтарының қол жеткен
табыстарының нәтижелері жатыр. Осы аумақты мекендеген халықтардың шығу тегі
туралы деректер де осында жатыр. Б.з.-дан бұрынғы VI—III ғасырларда бұл
жерді көшпелі және жартылай көшпелі сақ тайпалары мекендеген, олардың
жоғары мәдениеті болғандығына біз Бесшатыр, Есік, Тегіскен, Ұйғарақ сияқты
көптеген бейіт-қорғандарды қазу кезінде көз жеткіздік. Сақтар сол кезде-ақ
Қытаймен, Үндістанмен, Таяу және Орта Шығыс елдерімен қарым-қатынаста
болған. Бұған сақ ақсүйектерінің қабірінен табылған айналар, шетжерлік
жоғары көркемөнер туындылары дәлел. Б.з.-дан бұрынғы II—I ғасырлардағы
үйсіндер мен қаңлылар мемлекеті өмір сүрген. Жібек жолы жаңадан салына
бастаған кезде мұнда рим әйнегі мен теңгелері, қытай жібегі, айналар мен
лак жалатылған ыдыстар, Сасандық Иранның мөр тасты жүзіктері келе бастаған.
Осы кезде Шу, Талас, Сырдария аңғарларында мұнаралы қабырғалармен
қоршалған бұрынғы егінші қоныстарының орныңда қала орталықтары пайда
болады. Бұл қалалардың көпшілігін археологтар Тянь-Шань тау алды аймағынан,
Арыс өзенінің аңғары мен Сырдарияның орта және төменгі ағыстарынан тауып
зерттеді. Әсіресе Арал маңындағы құрғақ шөлді аймақтары, Жетіасар
шатқалындағы қалалар жақсы сақталған. Әлі күнге дейін күн қақтаған сары
қабырғалары қаңқиып, садақ атуға арнайы жасалған тесіктері үңірейіп, шексіз
жазық даланы бағып тұр.
VI ғасырдың екінші жартысында Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан Кореядан
Қара теңізге дейінгі кең-байтақ жерде құрылған ірі көшпелі мемлекет — Түрік
қағанатының құрамына енді.
VI ғасырдың аяғында қағанат екі — Шығыс Түрік және Батыс Түрік
қағанаттарына бөлінеді. Батыс Түрік қағанатының орталығы Жетісу, ал
астанасы Суяб қаласы болды. Нақ осы кезде Жібек жолы тармағы жанданып,
Жетісу мен Оңтүстік Қазақстандағы қалалық феодалдық мәдениеттің дамуына
үлкен үлес қосады. Жетісуда жаңадан бірқатар қалалар бой көтеріп, Оңтүстік
Қазақстандағы жол бойында орналасқан қалалар тез дами бастады.
Деректер б.з.-дан бұрынғы I ғасырда тек екі-ақ қала — Жетісудағы үйсіндер
астанасы Үигу және Оңтүстік Қазақстандағы қаңлылардың астанасы Битянь ғана
болғандығын мәлімдесе, VII ғасырда Сюань-Цзян бірнеше ондаған қалаларды
атайды. Олардың ең ірілері Суяб, Тараз және Ақ өзендегі қала, кейіннен
Испиджаб аталған қала болған. Жібек жолы Орта Азия, Оңтүстік Қазақстан мен
Жетісуда XIV ғасырға дейін өмір сүріп келді, кейіннен жиі болып тұрған
қақтығыстар мен соғыстар зардабынан бұл жердегі қалалардың күйреуі және
Қытайда теңіз жолының ашылуына байланысты біртіндеп маңызы кеміп, ақырында
мүлде ұмытылып кетті.

Ұлы Жібек жолының бағыттары
Жібек жолының Қазақстан жеріндегі бөлігі батыстан шығысқа бағытталған.
Шаштан (Ташкент) шыққан жол Тұрбат асуынан асып Испиджабқа барады. Испиджаб
Қытай жолжазбаларында "Ақ өзендегі қала" деп аталғаны белгілі, ал XI
ғасырда Махмұд Қашғари "Сайрам — Испиджаб деп аталған Ақ қаланың (Ал-
мединат-ал Байда) аты" деп түсіндіреді.

Манакелдідегі керуен-сарай (XI—ХП ғғ.) Жаңғыртпа

Шымкенттің қасында ежелгі қаланың атымен аталатын Сайрам атты қалашық
бар. Бұл қалашықтың орталығында бір кезде Жібек жолының бойындағы ірі
қалалардың бірі болған ортағасырлық қаланың қалдығы сақталған. Қалаға әр
түрлі елдерден келген көпестер аялдаған, Бұхар мен Самарқанның саудагерлері
мұнда сауда орындарын, керуен сарайларын тұрғызған. Ал Испиджабтың сауда
адамдары Бағдат қаласында Мерв, Бұхар, Балх және Хорезм көпестерімен

Күмбезді ғимарат қабырғасының бір кесегі. Құлан
қатар өз сауда орындарын ашқан. Испиджабтан шыққан керуендер шығысқа қарай
Шараб, Будухкет, Керуен-Сарай, Тамтадж, Абардадж қалалары арқылы Таразға
беттеген. Олар құлдарды, боялмаған мата, қару-жарақ, мыс пен темір тасыды.
Талас жазығында кездесетін ең алғашқы ірі қала Жамукет, содан кейін
барып керуен Таразға жетеді. Тараз VI ғасырдан белгілі ежелгі қала. Нақ осы
қалада 568 ж. түрік қағаны Дизабұл Византиядағы II Юстиннің Земарх бастаған
елшілігін қабылдап, Иранға қарсы әскери одақ құру және жібек саудасына
байланысты мәселелерді қараған. Деректерде Тараз "саудагерлер қаласы" деп
аталады. Әрі ол әуелі түркештердің, кейін қарлұқтар мен қарахандықтардың
астанасы болған.
Тараздың қасында іргетасын бұхарлықтар қалаған Жамукет қаласы бар.
Оның аты VI ғ. деректерінде кездеседі. Бұхардан шыққан соғдылықтарды Жамук
деген адам басқарған екен, қала соның атымен аталыпты. Археологтар
Жамукеттың жұртын Талас аңғарынан, Жамбылдан қашық емес, Талас өзенінің оң
жағындағы Михайловқа селосының төңірегінен тапты. Қираған қала жұртын қазір
Қостөбе деп атайды.
Талас аңғарының таулы бөлігіндегі ірі күміс кен орындары бар жерлерден
Шелжа, Күл және Теқабкей сияқты белгілі қалалар табылды. Аңғардың жазық
бөлігінде Атлах қаласы болған, бұл қалада 751 ж. арабтар мен қытайлар ықпал
ету аймағы үшін шайқасқа түскен. Тараздың маңында, Талас өзенінен төмен
қарай солтүстікке жүретін сауда жолында Адахкет пен Дех, Нуджикес қалалары
болған, ал монғол шапқыншылығы кезіндегі деректерде Янчи, Янчи-Балық және
Кенжақ қалаларының аты аталады.
Талас аңғары мен Таразға керуендер Ферғана аңғарынан Шайтал жотасындағы
Шапаш асуы және Талас Алатауындағы Қарабура асулары аркылы да келіп тұрды.
Бұл жол тармақтарын Жібек жолының "ферғаналық" және "жетісулық" бағыттары
байланыстырды.
Тараздан әрі жол шығысқа қарай шөл даламен Құлан қаласына жеткізеді.
Тараз бен Құланның арасындағы жер қарлұқтар иелігінде болды. Бұл екі арада
жол Қасрибас, Кулшуб және Жүлшуб қалаларын басып өтеді. Қасрибас жұрты
Қырғыз жотасындағы ежелгі соқпақк бойында жатыр, қазір ол Ақыртас үйінді
деген атпен белгілі. Ол тастан қаланған, жобасына қарағанда замок сияқты
құрылысты еске салады. Кулшуб Өрнек қаласының орныңда тұрған, қазба кезінде
бұл мешіті, әскерлерге арналған жатақ үйі бар, айналасын көсіпкерлер
тұрақтары қоршаған күшейтілген бекініс екені анықталды.
Құлан қаласын қытайлар Цзюйлень деп атаған, ол түрік елдерінің
Мәуереннахрмен шеқарасында тұрған әсем қала ретінде белгілі болды.
Жолжазбаларға қарағанда ол Тараздан шығысқа қарай (17 фарсах (6-7км)
орналасқан, қазіргі Луговой селосының орныңда тұрған. Құланның шығысында
бір-бірінен бірдей қашықтықта (4 фарсах) Мерке және Аспара қалалары
орналасқан.
Жұлдан шыққан жол Сарытқа, одан кейін "түрік қағаныңың қаласы"
Кирмирауға апарады.
Кирмираудан кейін жол Жетісудағы ірі қалалардың бірі Науакетке
жеткізеді. Бұл атау жаңа қала дегенді білдіреді. Науакет түрік қағандарының
резиденциясы және соғдылықтар қаласы ретінде белгілі. Қазіргі Қызылөзен
жөне Новоивановқа селоларының арасындағы Қызылөзен жұрты осы Науакет қаласы
деп есептеледі.
Науакеттен кейін жол Жетісудағы ірі қала Суябқа әкеледі. Ол батыс
түріктердің, кейін түркештер мен қарлұқтардың астанасы болған. Бұл қала
туралы қытай жөне араб саяхатшылары X ғасырға дейін қала шежіре жолдарында
аталмай кетті. Астана міндеті әуелі қарахандықтардың, кейін қарақытайлардың
астанасы болған Баласағүн қаласына көшеді де, XIII ғ. бас кезінде оны
қарақытайлар қиратады. Кейін қала жөнделіп бой көтереді, бірақ XIV ғасырда
қайта қиратылады, тек қана жартылай құлаған сарайлар, мешіттер мен
мұнаралар, құлпытастағы жазулары бар бейіттер ғана бір кезде мұнда қайнаған
тіршілік болғандығын білдіріп жатты. Археологтар бұл қалалардың орның
анықтады: олар қазіргі Тоқмақ қаласының төңірегінде, бір-бірінен 5 шақырым
қашықтықта орналасқан Ақбешім және Боран қала жұрттары.
Суябтан кейін Жібек жолы Ыстықкөлдің бірде солтүстік, бірде оңтүстік
жағалауын бойлай жүрді. Оңтүстік жолда керуендер ірі қала Жоғарғы
Барысханды басып өтті, ал солтүстік жол аты бізге белгісіз бірнеше керуен-
сарайлар қалдырған. Бұл екі тармақ жол Бедел асуында қосылады да, одан асып
барып Жібек жолы Қашғар мен Аксуға жетеді.
Ыстықкөл қазаншұңқырында Санташ асуынан және Қарқара өзені аңғарынан
өткен жол Іле аңғарына келеді, Іленің оң жағалауымен Өсек және Қорғас
өзендері аңғарынан өтіп Алмалыкқа, одан Такла-Мақан шөлінің солтүстік
жиегімен, Хами және Түрпан жазиралары арқылы Дуньхуан мен Қытайға жетеді.
Іледегі Жібек жолы. X — XII ғасырларда Жібек жолының бір тармағы Іле
аңғарын оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай кесіп өтті. Тармақ
Науакетте бөлініп шығып Пенджикентке барады, одан кейін Қастек асуынан
өтіп, Іле Алатауының солтүстік баурайына жеткізді. Асуға Баласағұннан
шыққан екінші жол да келеді. Бұл жол Шу және Іле өзендерінің аралығында
суайырық құрайтын қасиетті Ұрұн-Ардж тауына бағыт ұстаған. Бұл тауды VII —
VIII ғасырлардағы қытай қолжазбаларында "Цзедань" деп атаған.
"Бұл тауда, — деп жазады деректер, — он рудың қағандары билеушілер
мен ақсақалдарды ел билеу ісіне бекіту жүмысын жүргізген". Ұрұн-Ардж атауы
қазіргі Ұзынағаш селосының атында сақталып қалған. Жібек жолы қазіргі
Қастек, Қаскелең, Алматының орныңда тұрған шағын елді мекендерді басып
өтіп, қазіргі Талғар қаласының солтүстік шетінде орналасқан Талхиз қаласына
жеткен. Мұнда таудың етегінде, Талғар өзенінің оң жағалауында ортағасырлық
ірі қаланың қираған жұрты жатыр. Талхиз сауда жолындағы ірі орталық болған.
Іле аңғарына Құланнан шығып, Аспара немесе Түзкен арқылы Шудың
ортаңғы және төменгі ағысында орналасқан қалаларға баратын жол болды.
Тасөткелден өткен жол Шу-Іле тауларының солтүстік беткейімен жүріп, Балхаш
маңына аялдайды. Шу өзенінің ағысын бойлай жүріп, Қаратаудың солтүстік
сілемдеріндегі қалаларға апарады.
Талхизде Жібек жолы тармақтанады. Оңтүстік жолы Есік, Түрген, Шелек
арқылы Борохудзир ауданыңдағы Іле өзенінің өткелінен өтеді, содан кейін
Іленің оң жағалауымен осы жаққа Ыстықкөл аңғарынан келетін жолға қосылып,
Қорғас арқылы Алмалыкқа жетеді. Осы жол тармағы бойынан археологтар Есік,
Түрген, Лавар, Шаған, Шелек ірі қалаларының жұртын тапты. Іленің оң
жағалауында жол, қазіргі Көктал және Панфилов поселкелерінің жерін басып
өткен. Көкталдың орныңда Ілебалық деген қала тұрған.
Талхизден шыққан солтүстік жол тармағы Талғар өзенін бойлай Қапшағай
шатқалы төңірегіндегі Іле өзенінің өткеліне дейін барды. Өткелден өткен соң
жол Шеңгелдіге, одан өрі Алтынемел асуынан асып Көксу аңғарына түскен де,
қазіргі Дунгановқа селосының орныңдағы Екіоғыз қаласына барып жеткен. Ол
Іле аңғарындағы үлкен қала болған. 1253 ж. сапар шегіп келген монах
Вилгельм Рубруктың айтуы бойынша, бұл қалада ирандық көпестердің сауда
орындары болған. Рубрук қаланы Эквиус деп атайды. Екіоғыздан шыққан жол
Қаялыққа (Қойлық) — қарлұқ жабғуының астанасына апарады. Қаланың
базарларымен атағы шыққан және онда мұсылмандармен қатар христандардың да
шіркеуі болған. Бұл жайлы француз королі IX Людовиктің монғол ханы Мөңкеге
барған елшісі жөне жоғарыда аталған Вильгельм Рубрук жазбалары хабарлайды.
Қаялық IX—XIII ғғ. басында Іле аңғарының солтүстік-шығыс бөлігін
жайлаған қарлұқтардың астанасы болды. Рубруктің жазбасына қарағанда,
Қаялықтан онша алыс емес жерде христиандық елді мекен болған, Жібек жолы
оның да үстінен өткен. Одан әрі жол Тентек өзенінің аңғарына қарай жүреді,
Алакөлді айналып өтіп, Жоңғар қақпалары арқылы Шихо аңғарына шығады, одан
кейін Бесбалықты, Дуньхуанды басып Қытайға ішкерілеп кетеді.
Алакөлдің оңтүстік-батысында XIII ғ. саяхатшылары "аймақ астанасы"
деп атаған қала түрды. Ол қазіргі Көктұма селосының маңы. Кейін бұл жерді
көл суы басып кеткен.
Қазақстанның оңтүстігі — Еуропа бағыты. Жібек жолының қазақстандық
бөлігіндегі тірек нүктелерінің бірі, Еуропаға Земархтың жүрген ізімен
баруға болатын жолдың бастауы — Испиджаб қаласы.
Испиджабтан шыққан керуен Арыс өзеніндегі Арсубаникетке, Отырарға
тоқтап, одан әрі Сырдарияны бойлап Арал маңына беттейді. Сырдарияны бойлай
жүретін керуен жолындағы ең ірі қалалар – Отырар мен Шауғар. Отырар аты
Арыстың Сырдарияға құяр жерінде орналасқан ірі қала жұртының атауы ретінде
әлі күнге дейін сақталған.
Отырар көптеген керуен жолдары түйісетін қала болған. Одан шыққан бір
жол Шауғарға, екіншісі Сырдариядан өтіп, Весидж қаласына барады. Одан кейін
жол екі айырылып, жоғарғысы Сырдарияны өрлеп, оғыз қалалары Сүткент арқылы
Шашқа, төменгісі Жентке кетеді. Осы жерден Қызылқұм арқылы Хорезм мен
Үргенішке, одан Еділ бойы мен Қавқазға жол салынған. Жібек жолының бұл
тармағы XIII ғ-да Еділдің сағасында алтынордалық Сарайшық қаласы салынған
кезде өте қызу қозғалысқа толы болды.
Отырардың қаласында X ғ.-да Отырар жазирасындағы басты қала болған
Кедер қаласы өмір сүрді. Ол "барлық елдердің саудагерлері бас косатын орын"
ретінде аталады.
Шауғар VIII ғ. деректерінен белгілі, қазіргі Түркістанның қасындағы
Шүйтөбе сол қаланың орны деп есептеледі. Шауғар қара тау деген мағына
береді. Қаратаудың баурайында орналасқан қала бұл атына толық сай келеді.
Қазіргі Түркістанның орнында, Шауғармен қатар, X—XII ғасырларда атақты
ақын, сопы Ахмет Йассауи өмір сүріп, мұсылман дінін уағыздаған Йасы қаласы
болды.
Шауғардан шыққан жол оғыздардың астанасы Жаңакент қаласына, одан әрі
Қызылқұм арқылы Хорезмге барды.
Жент пен одан оңтүстік-батысқа қарай орналасқан Сығанақ қалалары XII
ғ.-да Қыпшақ мемлекетінің астанасы болды.
Шауғардан кейінірек Йасыда Тұрпан асуы арқылы жол Қаратаудың
солтүстік баурайына шығып, Сырдарияны бойлай созылып жатқан екінші жолмен
түзу параллель жасай жүріп отырды. Бұл жол XIII—XIV ғасырларда кызу
қозғалысқа толы болды. Нақ сол жолмен Солтүстік Арал маңынан Монғолияға
қарай армян патшасы Гетум мен монах Рубрук жүріп өткен. Бұл жол бойында
Созақ, Уростан, Құмкент, Сұғылкент қалалары тұрған.
Орталық және Шығыс Қазақстан бағыты. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу
арқылы өткен негізгі Жібек жолынан солтүстік пен шығыс Қазақстанға да
тармақтар шығады. Олар Орталық және Шығыс Қазақстандағы Дешті-Қыпшақ,
кейіннен Сарыарқа аталған далаға, Ертіс жағалауына, Алтай мен Монғолияға
апарды. Бұл жерде атты көшпелілер салған Дала жолы болатын. Алтайда
Қазақстанның далалы аудандарын көшпелілер ғана мекендеген жоқ. Мұндағы
егіншілікке қолайлы — Сарысу, Кеңгір, Жезді өзендерінің аңғарларында,
Ұлытау бөктерінде, Ертіс жағалауында орта ғасырларда егіншілік және қалалық
өмір салты пайда болып дамыған. Мыстың, қалайы, қорғасын, күмістің бай кен
орындары мұнда қола дәуірінде игеріле бастаған, кейінірек кен қазушылар,
металл қорытушылар, мыс және күміс бұйым жасаушы шеберлер қалашықтары пайда
болды. Мал, жүн, тері, металл шикізат қорына бай. Орталық Қазақстан
аудандары сауда байланыстары жүйесіне, оның ішінде халықаралық саудаға
тартылып, көптеген керуен соқпактары арқылы Жібек жолына жалғастырылды.

Сарай ішіндегі ғимарат (VI-VII ғғ.)
Баба ата қаласы
Су құбыры (XI ХП ғғ.). Баба ата қаласы

Отырардан шыққан жол Арсубаникет қаласын, Арыстанды, Шаян өзендері
аңғарын, Қаратаудан аласа жоталарын басып өтіп, Шауғар мен Йасыдан шыққан
жол Тұрпан асуы аркылы, Сауран мен Сығанақтан, Янгикенттен шыққан жолдар
Орталық Қазақстан далаларына жетіп, Сарысу мен Кеңгір, Торғай мен Есіл
жағалауларын жалғастырған. Мұнда археологтар құлаған қабырғаларының сарқыны
сақталған төртбұрышты болып келген: Болған ана, Жаманкорған, Нөгербек
дарасы, Домғауыл, Милыкүдык, Ормамбет елді мекендерінің орның тапты.
Олардың айналасынан көптеген молалар ашылды, тіпті Жошы хан және Алаша хан
кесенелері сияқты сәулет өнерінің ескерткіштері де бар.
Янгикенттен шыққан жол солтүстік-шығысқа беттеп, Білеуті өзенін
жағалай Қоңырат пен Қарсақпайға әкелді. Орталық Қазақстанға әкелетін сондай-
ақ Отырардан шығып Шауғар мен Ақсүмедегі Торғай асуы арқылы Сарысу
сағасына, одан әрі Ұлытау өзенін өрлей барып Есіл мен Ертіс өзендеріне
кететін Сарысу жолы болды. Ең қысқа жол Созақ арқылы Шу сағасына, одан
Бетпақдаланы басып Жезқазған ауданыңа жеткізді. Тараз қаласынан шығып Талас
өзенін құлдилай, Мойынқұм, Бетпақдала арқылы Атасу өзені жағалауына
жеткізген "Хан жолы" деп аталатын соқпақ кейінгі кезге дейін пайдаланылған.
Ибн Бахр мен әл-Идрисидің мәліметтеріне қарағанда Тараздан шығып
Адахкес және Дех-Нуджикес қалаларын басып өтетін сауда жолы Ертістегі
қимақтар хақаны ордасына соғып, одан әрі Енисейдегі қырғыздар еліне кеткен.
Әрбір үш жыл сайын қырғыздарға жібек артқан керуен жөнелтіліп отырған.

Сарай (VI — VIII ғғ.). Баба ата қаласы. Жаңғыртпа
Іле аңғары Орталық Қазақстанмен Шу-Іле тауларының солтүстік беткейін,
Шу өзенінің сағасын басып Сарысу жағалауына жеткен жол арқылы байланыс
жасаған. Тағы бір маңызды қатынас жолы Шеңгелді ауданыңан шығып, Қоңқал
және Бодула керуен жолы арқылы Балқаш маңына, одан әрі Ортасу өзенін, Ақпақ
және Ағашада қала жұрттары бар Іле өзенінің жанама тармағын бойлай Балқаш
жағасына, содан кейін ені 8 шақырымдай бұғаз жасап көлдің оңтүстік және
солтүстік жағалауларын қосып жатқан Ұзынарал түбегін кесіп өтеді. Осындағы
мүйістен көп бөлігін су басқан қала жұрты табылды. Бұған қарап керуендер
бұғазды кешіп өтіп Тоқырау өзенінің сағасына шыққан да, оның жағалауымен
Ұлытау бөктеріне барған деп топшылауға болады.
Жоңғар қақпасына беттеген солтүстік іле жолы Алакөлді батысынан
айналып өтіп, Тарбағатай жотасы арқылы Ертіс өзеніне, қимақтар мемлекетінің
жеріне жеткен. Тарбағатай мен Ертіс жағалауында Банджар, Ханауш, Астур,
Сисан сияқты қимақ қалалары және темір қақпалы мықты бекініспен қоршалған
ірі қала — "хақанның астанасы" орналасқан. Қимақ қалалары сауда жолдары
арқылы Енисейдегі қырғыздармен, Монғолиядағы ұйғырлармен және Шығыс
Түркістан жазираларымен байланыс жасап тұрған.

Сауда және тауар
Жібек жолы тауарлары. Жібек жолы әуелде Қытай жібегін батыс елдеріне
тасу үшін салынған. Ал шығысқа Римнен, Византиядан, Үндістан, Иран, Араб
халифаттарынан, кейінірек Еуропа мен Русьтен осы елдерде өндірілген
тауарлар тасылды. Осынау таңғажайып, жат жерлік тауарлардың тізімі шексіз
мол. Бұлар — хош иісті дәрілік шөптер — мирра мен ладан, жасмин суы мен хош
иісті амбра, қардомон (өсімдік түрлері) мен мусқат жаңғағы, женьшень мен
питонның өті, кілемдер мен маталар, бояғыш заттар мен минералдық
шикізаттар, алмаздар мен яшма, янтар мен маржандар, піл сүйегі, алтын мен
күміс құймалары, аң терілері мен теңгелер, садақ пен жебелер, семсер мен
найзалар, т.б. көптеген заттар.
Жібек жолымен сатуға таза қанды Ферғана, араб сәйгүліктері, түйелер,
пілдер, мүйізтүмсық пен арыстандар, сілеусін мен қарақұйрықтар, қаршыға мен
бүркіттер, тауыстар мен тотықұстар және түйеқұстар әкелінді.
Жібек жолы арқылы екпе өсімдіктер: жүзім, шабдалы мен қауын, дәм-
татымдық шөптер мен қант, көкөністер мен жемістер таралды.
Алайда саудадағы басты тауар жібек болды. Жібек алтын сияқты
халықаралық валютаға айналды, оны патшалар мен елшілерге сыйлық ретінде
үсынды, жалдамалы әскер ақысына және мемлекеттік борышты өтеуге пайдаланды.
Иранның шахиншахы I Ануширван Қытай императорынан басқа да сыйлықтармен
бірге қытай жібегінен тігілген, көкшіл жиегінде тәж киіп, әшекейлер
тағынған патша бейнеленген көйлек алған.
Қытай, Орта Азия, Шығыс Түркістан билеушілерінің сарай қабырғаларына
жібек киім киіп, соған лайық бағалы әшекей бұйымдар мен заттар тағынған
ақсүйектер бейнеленген.
Жібек жолы тауары Қазақстанда. Жібек жолымен тасылған тауарлардың,
жібектің де біразын оның казақстандык бөлігінде орналасқан қалалар сатып
алғандағы түсінікті жәйт. Оған археологиялық олжалар толық айғақ.

Қола құмыра (ХІ ғ). Отырар жазирасы
Отырар жазирасындағы Мардан обасын қазған кезде бейіттердің бірінен
б.э.-дан бұрынғы IV—I ғасырларға жататын қытайлық "ушу" теңгелері табылды.
Теңге Батысқа, оның бер жағында қаңлылар мемлекетінің орталығы болған
Сырдарияға баратын сауда керуеңдерімен байланысты болды. Ол кез жайлы кытай
деректері былай деп хабарлайды: ...Осыған дейін шет ел билеушілерімен
байланыс жасауды аңсаған және алыстағы елдерге даңқы жетуіне барынша
мүдделі болған қытай сарайы қаңлылармен де қатынасын үзген жок.
Сауда тауары ретінде Батысқа жол шеккен бағалы бұйымдардың арасында
византиялық үлгімен жасалған Жетісудың күміс құмыралары да болды. Таразды
қазғанда табылған I Юстинианның византиялық алтын солидінің (теңге) бір
бетінде шлем киіп, найза мен қалқан ұстаған императордың, екінші бетінде
қолына крест ұстаған Жеңіс құдайының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолының тарихы
Қоныстар арасындағы жолдар мен шоқпақ жолдар
ҰЛЫ Ж БЕК. I ЖОЛЫНЫҢ ТУРИСТ КI ПОТЕНЦИАЛЫ
Ұлы Жiбек Жолы жайлы
Ұлы жібек жолы. Орта ғасырлық Қазақстан қаласы
Ұлы Жібек жолы мәдениеті
Жібек жолы бойындағы Қазақстан қалалары
Ұлы Жібек жолының тарихына шолу
Ұлы Жібек жолының тәуелсіздік жылдарында тарихнамалық тұрғыда зерттелуі
Таскескен таңбаларындағы петроглифтік жәдігерлер
Пәндер