Сөздің морфемалық құрамы



Жоспар:

Кіріспе

II . Негізгі бөлім
а) Сөздің морфемалық құрамы
ә) « Сіңісу» сөздің морфологиялық құрамы
б) « Жылысу» сөзінің морфологиялық құрамы
в) Сөздің грамматикалық мағынасы мен формалары

Пайдаланған әдебиеттер
Әр түрлі тілдегі сөздердің морфологиялық құрылымы әр түрлі болады.Тіл-тілде бір морфемадан құралған сөздер (өн, су), екі морфемадан (өн-ім,су-лы) немесе одан көп морфемадан (өн-ім-ді-лік, су-ла-н-дыр-у-ымыз-ға) құралған сөздер де кездесе береді.Демек сөз морфологиялық тұрғыдан бірнеше морфемаға жіктеледі. Мысалы: үйшікке деген сөздің құрамында үш морфема бар: 1) үй, 2) –шік, 3) – ке . бірінші морфема (үй) заттық мағынаны білдірсе, екінші морфема (шік) кішірейткіш мағынаны білдірсе, үшінші морфема (ке) бағытты (үйшікке барды) білдіреді.морфемалар мағыналық тұрғыдан алып қарағанда, ары қарай бөлшектенуге келмейтін тілдік единицаларболып табылыды. Әрбір морфеманың мағынасы және формасы болады.
Сонымен, мағына мен форманың бірлігінен тұратын, бөлшектенуге келмейтін тілдік единица м о р ф е м а деп аталады.
Морфемалар мағынасы мен қызөметі жағынан әр түрлі. Морфемалардың бірі негізгі лексикалық мағынаға ие болса, басқалары грамматикалық мағынаны бідіреді.
Мысалы, үйшікке деген сөздің құрамындағы үй морфемасы заттық мағынаны білдірді де, басқалары (-шік және –ке) грамматикеалық мағыналарды білдіреді.
Жалпы лексикалық мағынаны білдіретін морфема н е г і з г і м о р ф е м а деп аталады. Аталған сөздің құрамындағы негіәзгі морфема-- үй.
Грамматикалық мағыналарды білдіретін морфемалар к ө м е к ш і м о р ф е м а л а р деп аталады. Аталған сөздің құрамиындағы көмекші морфемалар –шік пен –ке.
Көмекші морфемалар өздігінен жеке тұрып еш нәрсені аңғарта алмайды. Олар, әдетте , сөздің құрмында қолданылғанда ғана белгілі бір грамматикалық мағынаны білдіре алады. Көмекші морфемалар грамматикалық мағынасымен қызметі жағынан түрлі-түрлі болып келеді. Олардың бірі негізгі морфеманың ұғымы мен мағынасын нақтылап айқындай түседі. Мысалы, жоғарыда аталған үйшік деген сөздің
Пайдаланған әдебиеттер.

1) К. Аханов « Тіл біліміне кіріспе» Алматы 1972 жылы
2) Қалыбаева А., Оралбаева Н. « Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі» Алматы 1986 ж

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Сөздің морфемалық құрамы

Жоспар:

Кіріспе
II . Негізгі бөлім
а) Сөздің морфемалық құрамы
ә) Сіңісу сөздің морфологиялық құрамы
б) Жылысу сөзінің морфологиялық құрамы
в) Сөздің грамматикалық мағынасы мен формалары

Пайдаланған әдебиеттер

Әр түрлі тілдегі сөздердің морфологиялық құрылымы әр түрлі болады.Тіл-
тілде бір морфемадан құралған сөздер (өн, су), екі морфемадан (өн-ім,су-лы)
немесе одан көп морфемадан (өн-ім-ді-лік, су-ла-н-дыр-у-ымыз-ға) құралған
сөздер де кездесе береді.Демек сөз морфологиялық тұрғыдан бірнеше морфемаға
жіктеледі. Мысалы: үйшікке деген сөздің құрамында үш морфема бар: 1) үй, 2)
–шік, 3) – ке . бірінші морфема (үй) заттық мағынаны білдірсе, екінші
морфема (шік) кішірейткіш мағынаны білдірсе, үшінші морфема (ке) бағытты
(үйшікке барды) білдіреді.морфемалар мағыналық тұрғыдан алып қарағанда, ары
қарай бөлшектенуге келмейтін тілдік единицаларболып табылыды. Әрбір
морфеманың мағынасы және формасы болады.
Сонымен, мағына мен форманың бірлігінен тұратын, бөлшектенуге
келмейтін тілдік единица м о р ф е м а деп аталады.
Морфемалар мағынасы мен қызөметі жағынан әр түрлі. Морфемалардың
бірі негізгі лексикалық мағынаға ие болса, басқалары грамматикалық мағынаны
бідіреді.
Мысалы, үйшікке деген сөздің құрамындағы үй морфемасы заттық
мағынаны білдірді де, басқалары (-шік және –ке) грамматикеалық мағыналарды
білдіреді.
Жалпы лексикалық мағынаны білдіретін морфема н е г і з г і м о р ф
е м а деп аталады. Аталған сөздің құрамындағы негіәзгі морфема-- үй.
Грамматикалық мағыналарды білдіретін морфемалар к ө м е к ш і м о р
ф е м а л а р деп аталады. Аталған сөздің құрамиындағы көмекші морфемалар
–шік пен –ке.
Көмекші морфемалар өздігінен жеке тұрып еш нәрсені аңғарта алмайды.
Олар, әдетте , сөздің құрмында қолданылғанда ғана белгілі бір
грамматикалық мағынаны білдіре алады. Көмекші морфемалар грамматикалық
мағынасымен қызметі жағынан түрлі-түрлі болып келеді. Олардың бірі негізгі
морфеманың ұғымы мен мағынасын нақтылап айқындай түседі. Мысалы, жоғарыда
аталған үйшік деген сөздің құрамындағы –шік морфемасы жалпы ұғымды
білдіретін үй деген сөзге жалғанып, оның (үй) мағынасын нақтылай түседі.
Көмекші морфемалардың кейбіреулері сөз бен сөзді байланыстырып,
олардың өзара қарым-қатынасын білдіреді. Мысалы,сөздің көркі--- мақал
дегендегі –дің және і морфемалары жаңа сөз тудырып тұрған жоқ, сөз бен
көрік деген сөзді байланытырып , сөйлемдегі сөздердің бір-біріне қатысын
білдіріп тұр.
Сөз бен сөзді байланыстырып, олардың бір-біріне қатысын
білдіретін к ө м е к ш і м о р ф е м а л а р с ө з т ү р л е н д і р у
ш і м о р ф е м а л а р немесе с ө з т ү р л е н д і р у ш і а ф ф и
к с т е р деп алалады. Ал сөз түрлендіруші аффикстердің грамматикалық
мағынасы р е л я ц и я л ы қ м а ғ ы н а деп атайды.
Дүние жүзіндегі тілдер грамматикалық құрылысы жағынан алуан
түрлі болып келеді. Соған сай әр түрлі тілдердегі сөздердің морфологиялық
құрамы да түрлі-түрлі болады. Мұның негізгі мрофемаға да, көмекші морфемаға
да қатысы бар. Ең алдымен негізгі морфема жайында: орыс тіліндегі письмо,
писать, письменный, писание деген сөздердің бәріне ортақ түбір – пис. Бұл
морфема н е г і з г і м о р ф е м а деп аталады. Негізгі морфема заттар
мен құбылыстарды немесе сапа- белгілерді жіктеп нақтыламай, олардың жалпы
ұғымын белгілейді.- белгілерді жіктеп нақтыламай, олардың жалпы ұғымын
белгілейді.
Түркі тілдерінің грамматикаларында лексикалық мағыналары бар, өз
алдына дербес қолданыла алатын негізгі морфемалар ғана (мысалы, күн, ай,
жер,жұмыс, ентік, айқас) түбір деп саналып жүр.
Ал қазір өз алдына дербестігі жоқ, тек сөз құрамында қолданылатын
негізгі морфемалардың алғашында нақтылы лексикалық мағынасы бар дербес
сөздер болғандығын ескерсек, оларды тарихи тұрғыдан алып қарағанда, түбір
деп есептеуге болады.
Түркі тілдерінде негіз (основа) түбір мен сөз тудырушы аффикстің
қосындысынан жасалады. (мысалы, етік-ші, тау-лы). Негіз екі түбірдің
бірігуінен де (шек-ара, бас-пана), оған аффикстың жалғануынан да жасала
береді (шек-ара-шы, бас-пана-лық).
Көмекші морфемалар да тіл-тілде алуан түрлі. Орыс тіліндегі
аффикстерн деп аталатын морфемалардың өзі суффикс және прификс болып екіге
бөлінеді. Орыс тілінде бұлардан басқа, флекция деп аталатын немесе жалғау
морфемалары да бар.
Жұрнақтар өз ішінде бірнеше топқа бөлінеді. Мысалы, тіл-тілде
жұрнақтардың сөз тудырушы жұрнақтар және форма тудырушы жұрнақтар деп
аталатын екі түрі бар. Сөз тудырушы жұрнақтар арқылы жасалған туынды
сөздердің әрқайсысы дербес лексикалық единицаға айналып, тілдің лексикалық
жүйесіне енеді де, оның әр түрлі сөздіктерінде бөлшек-бөлек реестр сөз
ретінде беріледі. Мысалы: өн, қақ, өт деген түбірлерге сөз тудырушы әр
түрлі жұрнақтардың жалғануы арқылы мынадай туынды сөздер жасалған: 1) өнім,
өнімді, өнімділік, өнімсіз, өндіріс, өндірістік, өндіргіш; 2) қақпа,
қақпақыл, қақтығыс, қаққы, қаққыш, қаққылыу,қақпай, қақпайлау; 3) өтімді
өтімділік, өтімсіз, өткіз, өткізгіш, өткел, өткір, өткірлік, өткінші,
өткеру т. б.
Сөздің әр түрлі морфемаларға бөлшектеніп мүшеленуге икемділігі оның
морфологиялық құрылымына талдау жасауға мүмкіндік береді. Сөздің
морфемаларға бөлшектеніп мүшелене алуының сыры мынада : Сөз құрамындағы
морфемалар тек белгілі сөздің құрамында ғана емес, сол тәріздес көптеген
сөздердің құрамында ұшыраса береді. Мысалы, Жұмысшы жұмысқа кетті деген
сөйлемдегі сөздердің құрамын бөлшектеп мүшелесек, сөз құрамындағы
морфемаларға тән мынадай қасиеттерді байқаймыз: жұмысшы деген сөздегі –шы
морфемасы тек осы сөздің құрамында ғана емес, сонымен бірге осы тектес
малшы, жылқышы, қойшы, аңшы, етікші жазушы суретші және т.б.
Сіңісу морфологиялық құрамы күрделі сөздің жеке бөлшектерінің
дербес мағыналары жойылады да, соның нәтижесінде ол бөліп ажыратылмайтын
сөз ретінде ұғынылады. Сөз құрамындағы бөлшектердің бір-біріне осылайша
кірігіп кетуіне әкелетін грамматикалық процесс с і ң і с у деп аталады.
Құрамы әр түрлі морфологиялық бөлшектерден құралған сөздің ішіндегі жеке
морфемалар өзінің алғашқы дербес мағыналарынан айырылып, бір-біріне сіңісіп
кетеді. Осының нәтижесінде сөз қүрамындағы морфемалардың жігі жойылады да,
ол сөздің морфологиялық қандай бөлшектерден құралғаны бірден аңғарылмай,
күңгірт тартып кетеді.
Мысалы, забыть деген етістіктің құрамындағ за қазіргі тілде префикс
ретінде ұғынылмайды, бұл көмекші морфема сөздің түбіріне сіңісіп кеткен.
Осының нәтижесінде забыть деген етістік бөлшектенбейтін бір бүтін единица
ретінде ұғынылады да қажет болған жағдайда оған жаңа префикс жалғана алады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөзжасамды оқыту тәсілдері
Сөз жасау тәсілі
Сөздің құрылымы
Тудырушы негіз
Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағында сөз құрамын оқытудың ерекшеліктері
Сөзжасамдық тәсілдер
Қытай тіліндегі сөз жасам жүйесі
СӨЗДІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ пәнінен ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ
Күрделі сөздер
Орфография және орфоэпия
Пәндер