Ұлы Отан соғысы



Кіріспе

1. Ұлы Отан соғысының басталуы

2. Қазақстан Экономиканы соғысқа бейімдеп қайта құру.

3. Майдандағы қазақстандықтар.

4. Қазақстан Ұлы Отан соғысының аяқталу кезеңінде
(1944.1945 жж.)

Пайдаланылған әдебиеттер
Шабуыл жасаспау туралы (23 тамыз 1939 ж) Совет Одағымен жасаған келісімді бұзып, фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан КСРО аумағына басып кірді. Ұлы Оотан соғысы осылай басталды.
Соғыстың сипаты - Германия тарапынан бұл соғыс агрессиялық, жаулап алушы, әділетсіз соғыс болды, ал Совет Одағы тарапынан әділетті өз жерін қорғаған, азаттық Отан соғысы болды.
1940 жылдың орта кезеңінде – ақ (18 желтоқсан) Гитлер командованиесі СССР – ге басып кірудің «Барборосса жоспары» деп аталатын стратегиялық жоспарын жасауға кіріскен болатын. Бұл жоспар бойынша фашистік Германия мен оның қол шоқпарларының құрғақтағы, әуедегі және соғыс теңіз күштері КСРО-ға бір мезгілде шабуыл жасайтын болды. Бұл жоспардың басты мақсаты (идеясы) қысқа мерзім ішінде (3–4 ай), «қауырт соғыс» идеясы бойынша соғысты 1941 жылдың күзінде (қараша) аяқтау тиіс еді.
«Барбаросса» жоспарын жасаған кезде фашистік Германияның басшылары КСРО – ны «сансыз» көп ұлттың жасанды және «тұрақсыз бірлестігі», өзінше бір «ішкі бірліктен жұрдай этникалық конгломерат» деп қарастырды. «Россияның кең – байтақ жерін мекендеген халықтар жөніндегі біздің саясатымыз, - деді Гитлер өз сыбайластарына, - алауыздық пен жікке бөлінудің кез келген түріне қолдау көрсету болуға тиіс.
Фашистік Германияның негізгі мақсатының саяси және экономикалық астары болды. Германия империясы шикізат үшін, азық – түлік базасы ретінде қуыршақ мемлекет құруды көздеді.
Қуыршақ мемлекет жобасы фашистер жасап «Барбаросса» жоспарында көрсетілді. Жоспар бойынша фашистер КСРО жерінде Остланд, Украина, Московия, Еділ – Орал, Түркістан сияқты рейх комиссарияттарын құруды көздеді. Жоспарда көрсетілген «Үлкен Түркістан» отарының құрамына Қазақстан, Татарстан, Башқұртстан, Орта Азия, Әзірбайжан, Кавказ, Қырым, Ауғанстан, Шыңжан кіргізілді. Фашистер Кеңес адамдарын қырып – жою жолына осылай түсті.
Кеңес адамдарының патриоттық сезімі, әрине, бұл жоспарға қарсы тұра білді. Қазақстан халқы Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жаппай жазыла бастады. Мысалы, Алматы медицина институтының студенті Маншүк Мәметова: «Отбасымыздан майданға жіберетін ешкім жоқ, ағам да, апам да жоқ, сондықтан өзімді жіберуді өтінемін», - деп әскери комитетке өтініш берді. Республикада 2 млн. – нан астам адам әскери даярлықтан өтті.
Соғыстың алғашқы кезеңінде 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылып, майданға жіберілді. Қазақстандық 36 – жеке атқыштар бригадасы 30 – дан астам ұлттан құрылды. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден 316 – атқыштар дивизиясы құрылып, оның командирі генерал М. В. Панфилов болды. Армия қатарына 1 млн. 196164 (1 млн. 196300) қазақстандық қосылып, әрбір бесінші адам майданға аттанды.
Қазақстанда еңбек армиясы құрылып, Қазақ КСР – нен 700 мыңнан астам адам шақырылды. Соғыс жылдары 27 әскери оқу орны 16 мың офицер даярлап шығарды. 1941 – 1945 жылдары әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам қазақстандық жіберілді. Соғыс жылдарында Шымкентте орналасқан
. Қазақстанның қазіргі заман тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған окулық. 2-басылымы, өңделген. Жалпы редакциясын басқарған тарих ғылымының докторы, профессор Б. Ғ. Аяған. Алматы: Атамұра, 2009.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Ұлы Отан соғысы

Кіріспе

1. Ұлы Отан соғысының басталуы

2. Қазақстан Экономиканы соғысқа бейімдеп қайта құру.

3. Майдандағы қазақстандықтар.

4. Қазақстан Ұлы Отан соғысының аяқталу кезеңінде
(1944-1945 жж.)

Пайдаланылған әдебиеттер

Шабуыл жасаспау туралы (23 тамыз 1939 ж) Совет Одағымен жасаған
келісімді бұзып, фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс
жарияламастан КСРО аумағына басып кірді. Ұлы Оотан соғысы осылай басталды.
Соғыстың сипаты - Германия тарапынан бұл соғыс агрессиялық, жаулап
алушы, әділетсіз соғыс болды, ал Совет Одағы тарапынан әділетті өз жерін
қорғаған, азаттық Отан соғысы болды.
1940 жылдың орта кезеңінде – ақ (18 желтоқсан) Гитлер командованиесі
СССР – ге басып кірудің Барборосса жоспары деп аталатын стратегиялық
жоспарын жасауға кіріскен болатын. Бұл жоспар бойынша фашистік Германия мен
оның қол шоқпарларының құрғақтағы, әуедегі және соғыс теңіз күштері КСРО-ға
бір мезгілде шабуыл жасайтын болды. Бұл жоспардың басты мақсаты (идеясы)
қысқа мерзім ішінде (3–4 ай), қауырт соғыс идеясы бойынша соғысты 1941
жылдың күзінде (қараша) аяқтау тиіс еді.
Барбаросса жоспарын жасаған кезде фашистік Германияның басшылары
КСРО – ны сансыз көп ұлттың жасанды және тұрақсыз бірлестігі, өзінше
бір ішкі бірліктен жұрдай этникалық конгломерат деп қарастырды.
Россияның кең – байтақ жерін мекендеген халықтар жөніндегі біздің
саясатымыз, - деді Гитлер өз сыбайластарына, - алауыздық пен жікке
бөлінудің кез келген түріне қолдау көрсету болуға тиіс.
Фашистік Германияның негізгі мақсатының саяси және экономикалық астары
болды. Германия империясы шикізат үшін, азық – түлік базасы ретінде қуыршақ
мемлекет құруды көздеді.
Қуыршақ мемлекет жобасы фашистер жасап Барбаросса жоспарында
көрсетілді. Жоспар бойынша фашистер КСРО жерінде Остланд, Украина,
Московия, Еділ – Орал, Түркістан сияқты рейх комиссарияттарын құруды
көздеді. Жоспарда көрсетілген Үлкен Түркістан отарының құрамына
Қазақстан, Татарстан, Башқұртстан, Орта Азия, Әзірбайжан, Кавказ, Қырым,
Ауғанстан, Шыңжан кіргізілді. Фашистер Кеңес адамдарын қырып – жою жолына
осылай түсті.
Кеңес адамдарының патриоттық сезімі, әрине, бұл жоспарға қарсы тұра
білді. Қазақстан халқы Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жаппай жазыла
бастады. Мысалы, Алматы медицина институтының студенті Маншүк Мәметова:
Отбасымыздан майданға жіберетін ешкім жоқ, ағам да, апам да жоқ, сондықтан
өзімді жіберуді өтінемін, - деп әскери комитетке өтініш берді.
Республикада 2 млн. – нан астам адам әскери даярлықтан өтті.
Соғыстың алғашқы кезеңінде 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6
бригада құрылып, майданға жіберілді. Қазақстандық 36 – жеке атқыштар
бригадасы 30 – дан астам ұлттан құрылды. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік
Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден 316 – атқыштар дивизиясы
құрылып, оның командирі генерал М. В. Панфилов болды. Армия қатарына 1 млн.
196164 (1 млн. 196300) қазақстандық қосылып, әрбір бесінші адам майданға
аттанды.
Қазақстанда еңбек армиясы құрылып, Қазақ КСР – нен 700 мыңнан астам
адам шақырылды. Соғыс жылдары 27 әскери оқу орны 16 мың офицер даярлап
шығарды. 1941 – 1945 жылдары әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам
қазақстандық жіберілді. Соғыс жылдарында Шымкентте орналасқан Чугуев әскери
авиация училищесі түлектерінің бірі И. Н. Кожедуб үш мәртебе Кеңес Одағының
Батыры атағын алды.
2. Қазақстан Экономиканы соғысқа бейімдеп қайта құру.
Соғыстың басталуына байланысты ел экономикасын соғыс жағдайына
бейімдеу басталды. Республика экономикасы әскери бағытқа көшірілді
(милитарландырылды).
Бейбіт мақсаттарға жұмсалатын қаржы мейлінше қысқартылды.
Көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады.
Өскемен қорғасын – мырыш комбинаты, Қарағанды көмір шахталары сияқты
соғысқа қажетті өнімдер шығаратын өнеркісіп құрылыстарын салып аяқтады.
Соғыс жүріп жатқан жерлерден және майданға жақын аймақтардан 220 завод пен
фабриканы, кәсіпорындары Қазақстанға көшіру жүргізілді.
Өнеркәсіптерді Қазақстанға көшіру екі рет жүргізілді:
1. 1941 жылдың аяғы мен 1942 жылдың басы;
2. 1942 жылдың күзінде өнеркәсіп орындары, кәсіпорындар, негізінен, Москва,
Ленинград облыстарынан, Украина, Белорусь жерлерінен әкелінді.
Көшіріліп әкелінген 54 завод пен фабрика тамақ өнеркәсібі халық
комиссариатының қарамағында болды. Жеңіл және тоқыма өнеркәсібінің 53
кәсіпорны көшіріліп әкелінді. Республикада аяқ киім саласының қуаты 12 есе,
былғары саласының қуаты 10 есе өсті.
Москва қаласы және Москва облысынан көшірілген кәсіпорындар: Москва
авициация жасау заводы, Урюпа етконсерв заводы, Дзержинский атындағы
электротехника заводы, Москва рентген заводы, № 3 Александр радио заводы,
С. Орджоникидзе атындағы механика заводы т. б. Жалпы Қазақстанда Москва
қаласы мен облысынан көшірілген 40 завод орналастырылды.
Украинадан Қазақстанға көшіріліп әкелінген кәсіпорындар: Харьков
электротехника заводы, Подольск механика заводы, Запорожье ферроқорытпа
заводы, Днепропетровск вагон жасау заводы т. б. Украина ККС – інен
Қазақстанға 70 өнеркәсіп орны мен жабдығы әкелінді.
Қазақ КСР – не әкелінген өнеркәсіптер мен фабрикалар, кәсіпорындар,
Алматы, Қарағанды, Шымкент, Петропавл, Семей, Ақтөбе, Орал қалаларында
орналастырылды.
Әрине, Қазақстанға әкелінген кәсіпорындар өте қиын жағдайда жұмыс
істеді. Өнеркісіп орындарымен бірге Қазақстанға майдан өңірінен көптеген
мамандар да көшірілді. Мысалы, тек қана Домбасстан 3200– ге жуық шахтер,
2000– дай құрылысшы келді. Майдан өңірлерінен келген инженер– техниктер
саны 700 – дай болды.
Қазақстан КСРО – ның негізгі әскери - өнеркәсіп базасына айналды. 1942
жылы Одақта өндірілген қорғасынның 85 % - ын, көмірден 18 % -ын,
молибденнің 60 % - ын, оқтанды мұнайдың 1 млн тоннаға жуығын берді.
1942 жылы 21 тамызда кеншілер еңбегіне үдемі – кесімді ақы төлеудің
жаңа жүйесі енгізілді.
1942 жылы 24 тамызда Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің Қарағанды көмір
алабында көмір өндіруді арттыру жөніндегі шұғыл шаралар туралы қаулысы
шықты. Облыстың және ауданның еңбеккерлері Қарағанды шахталарын қамқорлыққа
алу жөнінде патриоттық қозғалыс бастады. Шахтерлерді азық – түлікпен
қамтамасыз ету, шахталарда тұрақты жұмыс істеу үшін адамдар жіберу,
Қарағанды облысындағы 30 желісі 3 есе, оқушылар саны 5 есе көбейді. 1943
жылы забойлар желісі көбейіп, жер астында екінші Қарағанды пайда болды.
Мұнайлы аудандарға көмек көрсетілді. Атырау мұнай өңдеу заводын, Каспий –
Орск мұнай құбырын салу үшін қуатты құрылыс ұжымы ұйымдастырылды. Ембіге
Әзірбайжаннан 400 маман мен жұмысшылар келді.
Соғыс жылдыры салынған құрылыстар:
Мақат – Қосшағыл темір жолы, Петровский машина жасау заводының екінші
кезегі, Пешной аралы – Шарин құбыр жолы, Атырауда теңіз порты мен мұнай
өңдеу заводы, Комсомол кәсіпшілігі т. б.
1944 – 1945 жылдары салынған жаңа өнеркәсіп обьектілері:
Текелі қорғасын – мырыш комбинатының алғашқы кезегі. Белоусов байыту
фабрикасы. Ақмола ауылшаруашылық машина заводы. Алматы вагон жасау заводы,
Атырау мұнай өңдеу заводы. 1941 – 1945 жылдары барлығы 460 завод, фабрика,
шахта салынды. Өнеркәсіп өндірісі соғыс жылдарында 37 % - ке өсті.
3. Майдандағы қазақстандықтар.
Соғыстың алғашқы күндерінен бастап қазақстандықтар барлық майданда
шайқасты. Олар Отан үшін фашистерге қарсы бағытталған ұрысқа аянбай
кірісті. Қазақстанда ұйымдастырылған көптеген әскери бөлімдер майданға
жіберілді. Даңқты Брест қамалын қорғаушылардың қатарында мыңдаған
қазақстандықтар болды. Олардың арасында Ғ. Жұматов, В. Фурсов, К. Тұрдиев,
Ш. Шолтырев, К. Иманқұлов, Е. А. Качань т. б. жаумен жан аямай шайқасып,
ерліктің үлгісін көрсетті. 1941 жылы 24 маусымда 219 атқыштар полкі
Литваның Шяуляй қаласында алғаш рет ұрысқа кірісті. Қазақстандықтар жау
әскерлерімен Перемышев, Мурманск, Одесса, Севостополь, Сталинград
түбіндегі, Украина, Белоруссия жеріндегі жанқиярлық қарсылығына қарамастан
немістер соғыстың бастапқы кезінде үлкен басымдылыққа ие болды. Оның
бірнеше себебі бар еді. Біріншіден, басынан бақайшағына дейін қаруланған,
Европаның көптеген елдерін бағындырған жау әскерінің соғыс жүргізу
тәжірибесі мол болды. Екіншіден, тұтқиылдан жасалған шабуылға Кеңес
әскерлері әзір емес еді. Үшіншіден, Кеңес әскерін қайта құру, қаруландыру
тиісті дәрежеде болмады. Төртіншіден, 1939 – 1940 жылдардағы Қызыл Армияны
тазалау кезінде әскердің көптеген қолбасшылары, жоғары, орта буындағы
офицерлері ұсталып атылып кетті. Осының бәрі Қызыл Армия бөлімдерінің
соғыстың бастапқы кезінде үлкен сәтсіздікке ұшырап, мыңдаған жауынгерлерден
айырылуына соқтырды.
Москва шайқасы (1941 жыл 30 қыркүйек – 1941 жыл 6 желтоқсан).
Қазақстандықтардың жауынгерлік даңқы, әсіресе, Москва түбіндегі
шайқаста шықты. Республикада жасақталған 316 – атқыштар дивизиясына
Маскваға апаратын негізгі өзекті жолдың бірі – Волокаламск тас жолын қорғау
тапсырылды. Мұнда Бауыржан Момышұлы басқарған 1075 ұлан атқыштар полкі жау
шабуылына ерлікпен тойтарыс берді. 28 танк жоюшылар (28 панфиловшы) тобы
Дубосеково разъезінде жаудың 18 танкісін жойып жіберді. Ротаның саяси
жетекшісі В. Г. Клочков Россия кең – байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ,
артымызда Москва ұранын көтерді. Оның бұл сөзі бүкіл майданға тарады.
Кейіннен 28 панфиловшы ерлігі аңызға айналды. Олар қасық қаны қалғанша
шайқасты. Бәрі дерлік қаза тапты, бірақ жауды өткізбеді. Сондай – ақ Москва
қорғау тарихына панфиловшылар дивизиясы бөлімдерінің саяси жетекшілері П.
В. Вихров, М. Габдуллин, автоматшылар Т. Тоқтаров, Р. Амангелдиев мәңгі
өшпес із қалдырды.
316 – дивизия жауынгерлерінің ерлігі мен қаһармандығы жоғары
бағаланды. 1941 жылы 17 қарашада оған 8-ші гвардиялық дивизия атағы
беріліп, Қызыл Ту орденімен марапатталды. Москва облысының Бородино
селосының түбінде неміс штабына басып кіріп, немістердің көзін жойған
Төлеген Тоқтаровқа Кеңестер Одағының батыры атағы берілді. М. Ғабдуллин
басқарған автоматшылар тобы да ерекше ерлік көрсетіп, жау танкілерінің
бірнешеуін жойды. М. Ғабдуллинге Кеңестер Одағы батыры атағы берілді.
1942 жылы 3 мамырда 238 атқыштар дивизиясы ұйымшылдығы және ерлігі
үшін Қызыл Ту орденімен марапатталды, ал 1942 жылы бұл дивизия 30 –
гвардиялық дивизия болып қайта құрылды.
Москва шайқасының тарихи маңызы:
- Гитлершіл басқыншылардың Москва түбінде талқандалуы жау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихының тарихнамасы (1941-2010 жылдар)
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ әдебиетіндегі жанрлар жүйесі: проза және поэзия
Отан соғысы майдандарында
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың ерен ерлігі
Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ әдебиетінің даму ерекшелігі
Ұлы отан соғысын қайта қарастыру-кейінгі ұрпақтың борышы
9 мамыр
Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш
Оқушы жастарға патриоттық тәрбие берудегі алғышарттар
ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ҚАЗАҚ ӘЙЕЛДЕРІ
Пәндер