Маталарды алу технологиясы



Кіріспе
I Маталарды алу технологиясы
1.1 Жіп иіру жайында жалпы мағлұматтар
1.2 Иірілген жіптер мен жіптердің топтасуы
1.3 Иірілген жіптер мен жіптердің ақаулары
II Маталарды ондiру технологиясы
2.1 Тоқыма өндірісі
2.2 Маталарды өңдеу
2.3 Маталарды маркілеу және буып . түю
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Халық шаруашылығының басты міндеті ғылыми техникалық прогресті жеделдету және экономиканы өркендетудің, еліміздің өндірістік потенциалын анағұрлым тиімдірек пайдаланудың, ресурстардың барлық түрлерін жан-жақты үнемдеу мен жұмыс сапасын жақсартудың қарқынды жолына кешіру негізінде адамдардың әл-ауқатын одан әрі жақсартуды қамтамасыз ету болып табылады.
Тігін өнеркәсібі халықты сәнді де ұнамды киіммен қамтамасыз етуге мүдделі. Киім адамға ең қажетті зат болып табылады, сондықтан да оған қойылатын талап күнделікті өсіп отырады. Киімге қойылатын талаптар гигиеналық, техникалық, эстетикалық және экономикалық тұрғыдан бөлініп қаралады.
Гигиеналық талаптардың өзі — адам денсаулығын сақтауға бағытталған ауа мен ылғал өткізгіштігі, жылу сақтау қасиеті, кір жұқтырмаушылық, киіске ыңғайлылығы, су сіңірмеушілігі және басқалары, киімнің негізгі гигиеналық көрсеткіштері болып табылады. Гигиеналық талаптар бұйымның мақсатына байланысты. Көйлек пен жазғы киімдердің ауаны жақсы өткізіп, ылғал өткізбейтін қасиеттері болады, киюге ыңғайлы, жууға женіл болуы тиіс. Қысқы киім жылы, плащтар су өткізбейтін болуы керек.
Киімге қойылатын техникалық талаптардың өзі — тігін материалдарының сапасы мен киімді дайындауға қойылатын талаптар. Тігін материалдары мен тігілген дайын бұйым мемлекеттік жалпы одақтық стандартқа (МЕСТ) немесе техникалық жағдайларға сәйкес келуі тиіс. Киім мейлінше тозбайтын, жыртылмайтын жууға және химиялық тазалауға төзімді болуы шарт.
Киімге қойылатын эстетикалық талаптары сәнділікке байланысты. Қандай мақсатка тігілген киім болса да ыңғайлы және әдемі болуға тиіс.
Экономикалық талап киімнің бағасымен сипатталады. Киім тиісті техникалық, гигиеналык, эстетикалық талаптарға жауап берумен қатар қымбат та болмауы керек.
Тігін бұйымдарының өнімінің ұлғаюы мен ассортиментінің кеңеюі мақта, жүн, жібек және зығыр мата шығаратын тоқыма өнеркәсібінің дамуына байланысты. Жасанды және синтетикалық талшықтар өндірудің жедел дамуына байланысты тоқыма өнеркәсібінің шикізат базасы үнемі кеңеюде.
Қазіргі таңда барлық матаның бестен бірі және барлық тоқыма бұйымдардың, үштен бірі химиялық талшықтардан немесе олардың қоспаларынан жасалады. Жібек мата өнеркәсібінің жалпы пайдаланылатын шикізаттың 92%-і химиялық талшықтың үлесіне тиеді. Жүн мата өнеркәсібінде лавсан және нитрон косқан маталардың көлемі артуда.
1 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «2003-2015 жылғы өнеркәсіпті-инновациялық даму стратегиясы туралы» жарлығы № 1096 17 мамыр 2003ж.
2 Муканов Д. Индустриально-инновационное развитие Казахстана: потенциал и механизмы реализации. –Алматы: Дайк-Пресс, 2004.-274 б.
3 2005 - 2015 жылғы Қазақстан Республикасының ұлттық инновациялық жүйесінің құруы және дамуының мемлекеттік бағдарламасы.
4 2010 жылғы Қ.Р. дамуының стратегиялық жоспары.
5 Основные направления развития и размещения производительных сил Казахстан на период до 2015 г.// Под ред. А. Е. Есентегулова и Ж. А. Кулекева – Алматы: РГП «Институт экономическиих исследований», 2002-656с.
6 Формирование технопарков и технологических бизнес-инкубаторов // Промышленность Казахстана. 2003, №11.
7 Давильбекова Ж.К. Особенности реформирования промышленности Казахстана в переходный период (теоия, методика, практика). – Алматы: РГП «Институт экономических исследований», 2000.
8 Ермаков В.А. Казахстан в современном мире. Алматы: Каржы-Қаражат, 1998.
9 Глушко А.П. Сиситемы технологий: Учебное пособие. Харков 2003.
10 Явойский В.И. Научные основы современных процессов произвоства стали. - .: Металлургия, 1983.
11 Бушмич А.Г. Экономика и организация промышленного роизводства. – М.: Просвещение, 1982.
12 Исин Д.К., Шарая О.А. Машиностроительные материалы. Караганда, КарГТУ, 2003.
13 Абрамов В.Я., Стельмакова Г.Д., Николаев И.В. Физико-химические основы комлексной переработка алюминиевого сырья (щелочные способы). – М.: Металлургия, 1985. -287с.
14 Харлашин П.С. Теоретические основы сталеплаввильных процессов. Учебное пособие, М., МИСИ, 2003
15 Сихимбаев М.Р. Технология машиностроитроителного производства. Караганда, КарГТУ, 2003

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
I Маталарды алу технологиясы 4
Жіп иіру жайында жалпы мағлұматтар 4
Иірілген жіптер мен жіптердің топтасуы 7
Иірілген жіптер мен жіптердің ақаулары 9
II Маталарды ондiру технологиясы 1
2.1 Тоқыма өндірісі 1
2.2 Маталарды өңдеу 1
2.3 Маталарды маркілеу және буып – түю 2
Қорытынды 2
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 3





Кіріспе

Халық шаруашылығының басты міндеті ғылыми техникалық прогресті жеделдету
және экономиканы өркендетудің, еліміздің өндірістік потенциалын анағұрлым
тиімдірек пайдаланудың, ресурстардың барлық түрлерін жан-жақты үнемдеу мен
жұмыс сапасын жақсартудың қарқынды жолына кешіру негізінде адамдардың әл-
ауқатын одан әрі жақсартуды қамтамасыз ету болып табылады.
Тігін өнеркәсібі халықты сәнді де ұнамды киіммен қамтамасыз етуге
мүдделі. Киім адамға ең қажетті зат болып табылады, сондықтан да оған
қойылатын талап күнделікті өсіп отырады. Киімге қойылатын талаптар
гигиеналық, техникалық, эстетикалық және экономикалық тұрғыдан бөлініп
қаралады.
Гигиеналық талаптардың өзі — адам денсаулығын сақтауға бағытталған ауа
мен ылғал өткізгіштігі, жылу сақтау қасиеті, кір жұқтырмаушылық, киіске
ыңғайлылығы, су сіңірмеушілігі және басқалары, киімнің негізгі гигиеналық
көрсеткіштері болып табылады. Гигиеналық талаптар бұйымның мақсатына
байланысты. Көйлек пен жазғы киімдердің ауаны жақсы өткізіп, ылғал
өткізбейтін қасиеттері болады, киюге ыңғайлы, жууға женіл болуы тиіс. Қысқы
киім жылы, плащтар су өткізбейтін болуы керек.
Киімге қойылатын техникалық талаптардың өзі — тігін материалдарының
сапасы мен киімді дайындауға қойылатын талаптар. Тігін материалдары мен
тігілген дайын бұйым мемлекеттік жалпы одақтық стандартқа (МЕСТ) немесе
техникалық жағдайларға сәйкес келуі тиіс. Киім мейлінше тозбайтын,
жыртылмайтын жууға және химиялық тазалауға төзімді болуы шарт.
Киімге қойылатын эстетикалық талаптары сәнділікке байланысты. Қандай
мақсатка тігілген киім болса да ыңғайлы және әдемі болуға тиіс.
Экономикалық талап киімнің бағасымен сипатталады. Киім тиісті
техникалық, гигиеналык, эстетикалық талаптарға жауап берумен қатар қымбат
та болмауы керек.
Тігін бұйымдарының өнімінің ұлғаюы мен ассортиментінің кеңеюі мақта,
жүн, жібек және зығыр мата шығаратын тоқыма өнеркәсібінің дамуына
байланысты. Жасанды және синтетикалық талшықтар өндірудің жедел дамуына
байланысты тоқыма өнеркәсібінің шикізат базасы үнемі кеңеюде.
Қазіргі таңда барлық матаның бестен бірі және барлық тоқыма бұйымдардың,
үштен бірі химиялық талшықтардан немесе олардың қоспаларынан жасалады.
Жібек мата өнеркәсібінің жалпы пайдаланылатын шикізаттың 92%-і химиялық
талшықтың үлесіне тиеді. Жүн мата өнеркәсібінде лавсан және нитрон косқан
маталардың көлемі артуда.
Он екінші бесжылдықта жеңіл өнеркәсібі кәсіпорындарын техникалық қайта
жарақтандыру мақсатымен пневмомеханикалық, роторлы және өздігінен айналатын
тоқыма машиналарын, шөлмексіз тігін станоктарын, матаны үзбей шығаратын көп
өңешті машиналарды өнеркәсіптің мақта, жүн, тоқыма және тігін салаларына
комплексті, механикаландырылған және автоматтандырылған жүйелерді, матамен
трикотажды өндеу және тоқыма емес материалдарды дайындау процестерінің
үзіліссіз технологиясы кеңінен енгізу көзделіп отыр.
Тоқыма енеркәсібі тігін кәсіпорындарына әртүрлі мақсатқа тігілетін
киімдер мен ассортименттер үшін әртүрлі маталар, жасанды және синтетикалық
талшықтардан жасалған материалдар, тігетін жіптер, жылытатын және өңдейтін
материалдарды дайындап береді.

Зерттеу тақырыбының мақсаты –
Зерттеу тақырыбының нысаны –
Зерттеу тақырыбының міндеттері:

Құрылымы: жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және
пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Маталарды алу технологиясы

1. Жіп иіру жайында жалпы мағлұматтар

Иірілген жіп деп шектеулі ұзындығы бар талшықтарды иіргеннен пайда
болған жіпті айтады. Талшықты массадан иірілген жіп алу операциясыньң
жиынтығын иіру деп атайды. Иіруге пайдаланатын талшықтарды иірілетін дейді.
Оған жататындар: жүн, мақта, зығыр, таза жібектің қалдықтары, әр түрлі
штапель талшықтары.
Иіру әдісі мен иірілген жіптің түрі талшықтьң ұзындығы мен жуандығына
байланысты. Мақта мен штапель талшықтарын иіргенде темір тісті шөткені
(карда) пайдаланады. Ұзындығы орташа талшықтар осы әдіспен өңделеді.
Мақтаның, жүннің, таза жібектің ұзын талшықтарына тарау (гребень)
әдісімен өңдеу ьңғайлы. Бұл — жіңішке, біртекті, тығыз және тегіс иірілген
жіп алуға мүмкіндік береді. Мақта жүннің қысқа талшықтарын аппаратты
әдісімен өңдеп, жуан, болбыр, жуандығы әртүрлі үлпілдеген жіп алынады.
Иіру процесінің негізгі операциялары талшықтарды қопсыту және түту,
тарау, тегістеп созу, иіруге дайындау және иіру. Жіп иіру фабрикаларына
талшықтар престеліп, 170—250 кг-дық бума болып келеді.
Талшықты қопсыту және түту иірудің барлық үш әдісінде де жүргізіледі.
Талшықтың престелген массасын шүйке-шүйке қылып қопсытады да,
қосындыларынан біршама тазартады. Металл пластинкалардың соғылуы салдарынан
қопсытатын және түтетін машиналардың әрекетінен престелген талшықтардың
шүйкелері босап, болбыр массаға айналады. Тарағанда ішіндегі қоспалардан
түгелдей тазарады да, шүйкелер бөлек талшықтарға жіктеледі. Шөткелі және
аппаратты әдістерінде, яғни шөткемен тарағанда талшықтар өткір, жіңішке
металл инелері бар екі тақта (кардолента) ортасынан өткізіліп, шөткемен
тарау әдісінде талшықтың таралған жұқа қабаты (ватка), воронка арқылы өтіп
лента есілген талшықтарға айналады
Аппаратты әдісте таралған ватка (кенеп) белдікті бөлгішпен өте көп
жолақтарға ажыратылып, аздап ширатылған, тегіс бұрым тәрізді есілген
талшықтарға айналады.
Тарақты әдісте талшықтар тарау машиналарында тағы да таралады да,
қысқаларынан ажыратылылып, тек ұзын талшықтардан ғана лента түзіледі.
Бөлінген қысқа талшықтар аппаратты әдіспен иіріледі. Бұл жіп жуан әрі
бірқалыпты болмай шығады.
Лентаны тегістеу және созу лентаның жуандығын бірқалыпты ету мақсатымен
оның бірнешеуін біріктіріп, ленталық машиналардан өткізу арқылы
жүргізіледі. Ленталық машина айналу жылдамдығы біртіндеп жоғарылайтын
бірнеше біліктермен жабдықталған, лента солардың арасынан өткенде біртіндеп
жіңішкеріп, ал талшықтар бірнеше қатарға бөлінеді.
Иіру алдындағы дайындықты жүргізетін машина (ровничная) лентаны созып,
ширатып тегіс бұрым тәрізді талшықтар жасайды. Ровницалық машина арқылы
өтіп (зығыр біреуінен, мақта біреу-екеуінен, қылшықты жүн төрт бесеуінен,
биязы жетеуінен) бұрым жіпкіп кереді, ал талшық бойын түзеп жазылады.
Иіру—иіру машиналарында іске асады. Ровницаны соңғы рет созып, жіп қылып
иіреді де орап шығарады. Сақиналы иіру машиналарынан иірілген жіпті собық
түрінде болады. Талшықтарды иірудің құрғақ және дымқыл әдістері бар. Мақта,
жүн, таза жібектін қалдықтарын, штапель талшықтарын құрғақ күйінде иіреді
(құрғақ иіру). Зығыр талшығын құрғақ та, ылғалдап та иіреді. Ылғалды
әдіспен иіргенде тығыз әрі тегіс жіп алу үшін ровңицаны ыстық су құйылған
ыдыста ұстап, пектинді заттарды жұмсартады.
Соңғы жылдары ұршықсыз иіру әдісі кең дамуда, бұл жағдайда
аэромеханикалық, әсіресе пневмомеханикалық иіру машиналары қолданылуда.
Пневмомеханикалык, әдісте иіру машинасына талшық лента түрінде беріледі де,
ауа
ағынымен шашыранды күйінде воронкаға сорылып, тығыздалады. Иіру
камерасында талшықтар жіп болып иіріледі.
Ең қарапайым әдіс — аппараттық, себебі оған лентаны және ровницаны өңдеу
процестері кірмейді: тараудан соң тікелей иіру басталады. Ең күрделі әдіс -
тарақтық, себебі оған тарақпен түту және тарақты машинамен түту алдындағы
қосымша дайындық операциялары кіреді.
Ұзын және қылшықты жүн талшықтары ірі тарақты иіру әдісімен өңделеді —
иірілген жіп тығыз және қатты болады. Ұзындығы орташа биязы жүн майда
тарақты әдіспен иіріліп аздап мамығы шығып тұрған жіңішке жіп алынады.
Ұзьндығы орташа қылшықты және жартылай қылшықты жүн жартылай тарақты
жүйемен өңделеді, яғни түтілмейді. Соның нәтижесінде сырттай тарақты
әдіспен алынған жіпке ұқсас жартылай тарақты жіп алынады.
Ең қысқа жүндер аппараттық иіруге кетеді. Бұл жағдайда талшықтың
нәзіктігіне байланысты өте жіңішке, мамықты әрі жұмсақ жұқа шұғалық жіп,
немесе, жуан әрі қатты шұғалық жіп алынады. Аппаратты жіп иіруде
талшықтарды тегістеу мен түзету процестері болмағандықтан жұмсақ әрі
қальңдығы әрқалай жіп алынады.
Жүнді иірген кезде әр түрлі талшықтарды араластыру кең тараған.
Аппаратты иіруде жүнге қосатын қоспалардың құрамына қойды қырқып алған жүн
талшықтарынан басқа заводтық жүн, қалпына келтірілген жүн, мақта, штапельді
талшық кіреді. Аппаратты иіруде талшықтарды араластыру тараудың алдында
жүргізіледі.
Тарақты иіруде жүнге жасанды және синтетикалық штапельді талшықтар
қосады. Араластыру әр түрлі талшықтардьң таралған ленталарын біріктіру
арқылы жүргізіледі.
Иіру процесінде штапельдік талшықтар таза күйінде де, таза натуральді
талшықтармен аралас күйінде де пайдаланылады. Штапельдік талшықтарды таза
күйінде иіру шөткелі әдіспен жүргізіледі. Таза штапельді иірілген жіп алу
үшін 0,4 текстен (№ 2500) 0,16 текске (№ 6000) дейінгі вискоза талшықтары
пайдаланылады. Штапельді талшықтарды иірудің ерекшелігі — иіру
процестерінің барлық кезеңдеріндегі электрленуін азайту үшін міндетті түрде
эмульсиялау болып табылады. Талшықтарының және тонинасының ұзына бойы
бірқалыпты болуына байланысты штапель жіптер тегіс және біртекті болып
шығады.

2. Иірілген жіптер мен жіптердің топтасуы

Иіру әдістеріне қарай мақтадан иірілген жіптер – шөткелік, тарақтық және
аппараттық жүннен иірілген жіптер – аппараттық, тарақтық және жартылай-
тарақтық, жібектен иірілген жіптер – тарақтық және аппараттық; зығырдан
иірілген жіптер – құрғақтай иірілген зығыр жіптерге, ылғалды иірілген зығыр
жіптерге, құрғақ және жіп, ылғалды әдіспен қалдықтан иірілген жіп болып
бөлінеді.
Талшықтардың, құрамына қарай иірілген жіп біратты талшықтардан тұрса
біртекті деп және әратты талшықтардан тұрса әртекті (аралас) деп бөлінеді.
Өңделуі мен бояуына қарай иірілген жіп шикі түсті (өңделмеген), ағартылған,
боялған, зерленген, меланжды (түрлі-түсті талшықтардан құрылған) болып
бөлінеді.
Құрамы (конструкциясы) жағынан жалаң қабат ширатылған, қосарланған,
үлгілі, сымаралас және үлкен көлемді болып бөлінеді. Жалаң қабат иірілген
жіп - иіру нәтижесінде ширатылған жеке талшықтардан тұрады. Жалаң қабат
иірілген жіпті тарқатсақ белек-бөлек талшықтарға ажырайды.
Ширатылып иірілген жіп екі және одан да көп жіптерден тұрады. Егер
тарқататын болсақ, ол жіптерге ажырайды. Қосарланып есілген өзара жіптер
(капрон жіптер) төсемдік маталар дайындауға жұмсалады. Кескінделген дара
жіптер жылтыр болады, сондықтан тоқыма бұйымға сәндік береді.
Флирет — көлденен қимасы жалпақ капронды дара-жіп. Пластилекс— ауасыз
кеністікте металл тозанын бү-ріккен полиэтилен пленкаларынан жасалған
ленталар.
Иірілген жіп пен жіптердің қасиеті. Стандартта көрсетілген иірілген жіп
пен жіптердің қасиетіне олардың сызықтық тығыздығы, ширатылуы, мықтылығы,
созылғыштығы, тегістігі жатады. Талшықтардікі сияқты иірілген жіп пен
жіптердің сызықтық тығыздығы текспен сипатталады.
Иірілген жіптің жуандығы текс жүйесінде 1000 м жіпке келетін грамм
өлшеміндегі массаньң шамасымен анықталады. Текстің сандық мазмұны неғұрлым
жоғары болса, жіп те солғұрлым жуан. Штапельді мақта және шеткелі иірілген
аралас жіптің сызықтық тығыздығы 12 - 85 текс, биязы жүннен иірілген
тарақты жіптің (бір қабаты да, араласы да) сызықтық тығыздығы 16 - 41 текс,
қылшық және жартылай қылшық жүннен иірілген тарақты жіптін, сызықтық
тығыздығы 28— 85 текс, зығырдан иірілген жіптін, сызықтық тығыздығы – 18 -
300 текс.
Аппаратты иірілген жіптің сызыктық тығыздығы – мақтанікі – 85 - 250
текс, биязы жүндікі – 125 - 670 текс. Текс пен метрикалық номерді анықтау
үшін иірілген жіпті таразыда немесе квадрант деп аталатын арнайы аспапта
өлшейміз.
Квадранттар салмақтық және номерлік болып бөлінеді. Рычагтің ілгегіне
жүз метрлік пасманы ілгенімізде рычагтың екінші басындағы стрелка тиісті
массаны не номерді көрсетеді.
Жіптердің диаметрін жуандық өлшегіш немесе сызықтық тығыздық бойынша
есептеу арқылы анықтауға болады. Иірілген жіптің ширатпасы оның 1 м
ұзьндығына келетін сұралу санымен сипатталады. Ширатпаның өсуіне байланысты
иірілген жіп тегіс, мықты, серпімді болады. Ары қарай жіптің мықтылығы
артпай кемісе, оны ширатудың шегі дейді.
Ширатылған мөлшерді анықтау үшін иірілген жіптің үлгісін арнайы аспапта
ширатпа өлшеуіште тарқатады. Ширатпа өлшеуіште иірілген жіптің үлгісін
бекітуге арналған екі қысқаш, тарқатқан кезде жіптің ұзаруын көрсететін
тартылу күшін өлшегіш , жіптің тарқатылуын қарауға арналған лупа және
айналу санын есептегіш бар. Қысқаштың біреуі қозғалмайды, екіншісі,
айналатыны, есептегішпен жалған-ған. Мақта штапель жіптерінің басқа
талшықтардың барлық түрінен жасалған құрама, бұралған иірме, сонымен бірге
жалаң иірілген жіптердің ширатпасын анықтау үшін талшықтардың параллель
түсуіне дейін тарқату әдісі қолданылады.
Жіптерді оң және сол ширату бар. Егер тарқату оң қолмен өзіңнен сыртқа
қарай жүргізілсе оң ширату дейді. Оң ширату Z латынның әрпімен, ал сол
ширату S латынның әрпімен белгіленеді.
Иірілген жіп пен жіптерді, талшықтарды көргендегі мықтылық мөлшері
оларды үзуге жеткілікті ең аз салмақпен сипатталады. Үзу салмағы жіп
улгісін үзу машинасында көру арқылы анықталады. Бұл жағдайда үзу салмағын
ұзындығы 100 м бір тал жіп үшін де, бүкіл ширатылған жіп үшін де анықтауға
иірілген жіптің созылғыштығы динамометрде жіптің үзілердегі мықтылығымен
қоса анықталады.
Созылғыштық жіптің үзілер кездегі ұзаруымен сипатталады және талшықтың
құрамына, жуандығына және иірілген жіптің – ширатылымына байланысты. Тегіс
еместік – иірілген жіп пен жіптердің жуандығыньң, ширатылуының,
мықтылығының және ұзаруының бірдей еместігі. Иірілген жіптің тегіс
еместігін лабораториядағы эталондармен (үлгілермен) қатар қойып салыстыру
арқылы немесе олардың тиісті аспаптардағы бірнеше керсеткішін өлшеп сонан
соң формула бойынша тегіс еместік процентін есептеу арқылы анықталды. Таза
талшықтан иірілген жіп пен құрама жібек жіптерге қарағанда химиялық және
штапельдік талшықтардан жасалған жіптер қасиеті жағынан біркелкі.

3. Иірілген жіптер мен жіптердің ақаулары

Иірілген жіптер мен жіптердің ақауыньң негізгі себебі төменгі сапалы
және қоқым шикізаттан, механизмдердің бұзылуы мен машиналардың күтімінің
жоқтығынан. Қоқым жіп – шала тазаланған шикізаттан дайындалған жіп. Қоқым
мақтадан иірілген жіпте тұқымньң қабы, жапырақтардың немесе қауыздың
қалдығы, қоқым жүннен иірілген жіп те – ошаған қалдығы, ал зығыр жіпте
оталшықтың қоқымдары болады.
Майлы және кір жіптер талшықтарға машина майыньң тамуынан және түрлі
былғаныш заттардың қосылуынан болады. Иірілген жіптер мен маталарды
қайнатқанда кірі кетеді, бірақ майлы дақтар қалып қояды.
Басылған және кедір-бұдыр жіптер – иірілген жіптерде жуан немесе
жіңішке жерлердің кездесуінен болады. Мұндай ақау – лента мен ровницаны
бірқалыпты тартпаудың салдарынан болады. Кентектер – талшықтарды жеткілікті
ширатпаудан жіпте пайда болған жуан жерлер.
Сызықтық тығыздығы жағынан бірқалыпты емес жіптің шығуы – бір немесе әр
түрлі собықтардың жіптерінде қалындықтың әжептәуір ауытқуынан болады.
Түйін – иірілген жіпке түбіттін оралып кетуінен пайда болатын жуан
жерлер. Жуан жіп – ровница үзіліп, ұшы жанындағымен бірігіп кеткенде пайда
болады. Жібек шикізатының негізгі ақаулары мынандай: Түйін жіптің қысқа
кесіндісінде кездесетін жуанданған жері; Қатпарлар жіптің ұзын кесіндісінде
кездесетін жуан, тығыз жерлері, қылкан – желімі ұстамай ұшы сыртқа шығып
тұрған жібек жіп.
Шатасу – кокон жіптерін бірқалыпта тартпаудын салдарынан бір немесе
бірнеше жіп ортадағы жіпке оралып қалады. Жасанды жіптердің негізгі
ақаулары мынадай: вискоза жіптерінің біртегіс жақсы жылтырамауы. Ол – жіп
түзілген тұндырма ваннада бос қышқыл мөлшерінің артықшылығынан болады; Жіп
ерітіндісінің лас және біртектілігінен туатын әр түстілік; Түктілік –
үзіліп, жіптің сыртына шығып тұрған жәй жіптердің ұшы ол – жіп ерітіндісін
ауа түйіршіктерінен жақсы тазартпағандықтан және оның жөнді тұтқыр
болмауынан; бұйралылық – жіптің қысқа кесіндісіндегі толқынды иілу.
Иірілген жіп пен жіптердің ақауы маталар мен тігін бұйымдарының сапасын
төмендетіп, сырт көрінісін бұзады. Ақау жіптен жасалған мата да ақаулы
болып шы-ғады. Қоқым жіптен жасалған мата теңбілді болады. Жуандығы түрлі
жіптерден жасалған мата жолақты болады. Жіптің ақауы матаны бояғанда анық
байқалады. Майлы жіптер бояу алмайды.

2 Маталарды ондiру технологиясы
2.1 Тоқыма өндірісі

Мата – жіптер жүйесін өзара көлденең – тік айқастырудан туған тоқыма
бұйым.
Матаның бойымен кететін жіптерді негізгі жүйе немесе негіз дейді. Матаға
көлденең түсетін жіптерді арқаулық жүйе немесе арқау дейді. Негіз бен
арқаудың тоқылуы тоқыма станогында жүргізіледі.
Негізгі тоқыма өндірісіне дайындау үшін мынандай операциялар
жүргізіледі: жіпті қайта түсіру (орау), арқау шыбыққа орау, шлихта жасау,
ремиз бен бердоға теру. Собықтан немесе орамадан бобинаға жіпті қайта
түсіру жіп түсіретін машинада істеледі, ол иірілген жіптің ақауын түзетін,
ұзындығын арттыру үшін жасалады.
Сновка – иірілген жіпті көптеген бобиналардан бір арқау шыбық білтікке
немесе тоқыма ұршыққа қайта түсіру. Жіптердің керекті саны алынады да,
олардың ұшы тоқыма ұршыққа бекітіліп, бір-біріне қатарласа оралады. Бұдан
негіз шығады. Жұқа жібек маталарды жасау үшін негізге 9000-ға дейін және
одан да көп қатарланған жіптер кетеді.
Шлихталау – яғни негізге желім жургізу – негіз жібінің мықтылығын,
иілгіштігін, тегістігін арттыру үшін негізді белгілі бір құраммен (шлихта)
сіңіреді, себебі негіз тоқыма станогында қатты керіледі, ремизге, бердоға
және өзі де өзіне үйкеледі.
Шлихтаның құрамына ұн, крахмал, глицерин т. б. кіреді. Қазіргі кезде
шлихтадағы тағам өнімдерін полиакриламид, натрий силикозы сияқты химиялық
заттармен алмастырады.
Негізді ремиз бен бердоға теру қолмен жүргізіледі. Ремизка дегеніміз екі
таяқша ортасында негіздің жіптерін өткізетін тесіктері бар галевтер
орналасқан. Мата шығарғанда ремизкалар саны әрқалай болады, ол тоқыма
өрнегіне байланысты. Тиісті тоқыма өрнегіне сәйкес алдымен ремизге содан
соң бердоға өтеді.
Бердо – екі жағы тұйық жалпақ пластинкалардан жасалған металл тарақ.
Сонымен қатар негізді әр жібі ламельдің тесігіне киіледі. Ламель жіп
үзілген жағдайда станокты автоматты түрде тоқтатады. Арқауды дайындау –
иірілген жіп пен жіптерді собықтан, орамадан немесе бобинадан арнайы
арқаулық ағаш шпульге түсіру.
Тоқыма станогының құрылысы мен жұмысы. Ұршықтан келетін негіз скалоны
айналып етіп ламель, ремизкалардың галевтерінің тесіктері, батанға
бекітілген бердо тістерінің арасымен өтеді. Дайын мата станоктың алдыңғы
бел темірін (грудиица) айналып өтіп товар реттеуіштін көмегімен товар
білігіне оралады. Негіз үнемі керілген күйде тұрады. Шыт, бөз, полотно
сияқты маталарға керек қарапайым тоқыма өрнектерін жасау үшін екі ремизка
жеткілікті: біреуіне негіздің барлық жұп, екіншісіне барлық тақ жіптері
өткізіледі. Егер тоқыма станогында бір ремизка көтеріліп, екіншісі бір
ремизка төмен түссе, негіздің барлық жіптері жылжиды да шөлнек өтетін
тоқығыш саңылау тудырады.
Тоқыма өрнектерін жасаған кезде ремизкалар саңылау тудыратын
эксцентрикті механизмнің көмегімен көтеріліп – түседі. Механизмге басқыш
және эксцентрик кіреді. Иінді білік бастаушы арқылы батан мен оған
бекітілген бердті қозғалысқа келтіреді. Ортасында арқаулық шпулі бар шелнек
қуғыштың ұрғанынан саңылауға сүңгіп кетіп арқау жіпті өткізеді. Батанның
тербелмелі қозғалысы бердтің көмегімен арқау жіпті матаның жиегіне қарай
нықтайды. Сонан соң ремиз өз жағдайын өзгертеді де, саңылау қайта пайда
болады. Шөлнек қайтадан жүріп тағы бір жаңа арқау жіпті өткізіп, батанның
тербелмелі қозғалысы осылай қайталана береді. Негіз жәйлап тарқатылады да,
тоқылған мата береді. Негіз жәйлап тарқатылады да, тоқылған мата товар
білігіне орала береді.
Товарлы реттеуіш жылжытып тұратын матаның қозғалу жылдамдығына оның
тығыздығы байланысты: жылдамдық ұлғайған сайын матаның тығыздығы кемиді.
Эксцентрикті станоктарда тек полотнолық маталар шығарылады.
Майда тоқыма өрнектерді алу үшін ремиз көтеретін кареталары бар
станоктар пайдаланылады. Үлкен өрнекті тоқыма маталар беттік (жаккардты)
машиналары бар станоктарда шығарылады. Түкті маталарды шығару үшін арнайы
түкті тоқыма станоктары пайдаланылады.
Тоқыма құрал-саймандардың негізгі дені автоматты тоқыма станоктары, олар
шөлнектегі шпульді арқау жібі біткенде немесе үзілгенде автоматты түрде
ауыстыратын механизммен жабдықталған.
Соңғы жылдары арқауыньң шағын габаритті металл төсемі бар СТБ станоктары
мен шөлнексіз станоктар көп шығарылып, кең пайдалануда: пневматикалық,
гидравликалық, рапирлі және пневморапирлі. Шөлнекті тоқыма станоктарына
қарағанда шөлнексіз станоктардың шуы аз, жіпті аз үзеді, өнімділігі жоғары.
Біздің елде шығарылатын шөлнексіз тоқыма станоктарының негізгі типтері –
шөлнексіз пневморапирлі станоктар. Пневморапирлі станоктің тоқыма
саңылауына оң жақтан, сол жақтан бір мезглде екі қатты түтік – рапирлер
кіргізіледі. Олар батанның ортасында кездесіп саңылау жасайды, ал одан
арнайы механизммен дәл өлшенген арқау жібі өткізіледі. Содан кейін рапирлер
саңылаудан шығып кетеді, арқау жіп оң жақ жиекте кесіледі де бердпен
матаның шетіне нықталады.
Шөлнексіз станоктардан шыққан маталардың екі жағында жалпақтығы 1 см-
дей шашағы болады. Чехословакияда шығарылатын шөлнексіз гидравликалық
тоқыма станоктарында арқау жіптері тамшы сумен еткізіледі.
Тоқыма өндірісінің ақауы. Тоқыма өндірісінің ақауы жіп үзілгенде және
станок механизмдері бұзылғанда болады. Мұндай ақаулар матаның және тігін
бұйымдарының сортына әсерін тигізеді. Тігін бұйымдарының көзге көрінетін
детальдарында тоқыма ақауларьньң болуы олардың сортының төмендеуіне немесе
жарамсыз болуына әкеп соғады, сондықтан бұйымды пішкенде ақаусыз матаны
пайдалануға тырысады.
Ақаулы маталарға төмендегілер жатады: жуықтама – негіздің бір немесе
қатарынан екі жібінің жетіспеуі; өткінші аралық – арқаудың бір немесе
қатарына екі жібінің жетіспеуі; негіздің шала өңделгені – негіз кейбір
жерлерде матанын бетінде жатыр, арқаумен айқаспаған; сүңгіме – арқау жіп
кейбір жерлерде матанын бетінде жатыр, негізбен айқаспаған; кем тоқылғаны –
арқау жағынан сирек жерлер; жаншыма арқау жағынан тығыз жерлер; бірқалыпты
ұрылмаған – недосека мен забоинаның алмасуы; қосарлы жұп – негізгі екі жіп
бір жіптей айқаскан; арқаудың ыдырауы – арқаудағы қысқа жуан жерлер, ол –
арқау жібі бумасымен собықтан түсіп кетіп, сол бетімен тоқылған жағдайда
болады, арқаулық ілмектер, ілмек ширатылмалар – арқау жіп әлсіз
тартылғанда болады; жіптің түйіні – арқаумен дұрыс айқаспағандықтан
негізгі жіптің кемінде үшеуінің үзіліп кеткендігінен бо-лады; жыртығы,
ойығы, тіліндісі – тоқыма станоктың бөлшектерінің кінәсінен болған көлемі
әрқалай тесіктер; былғану мен май дақтары – матаға немқурайды қарағандықтан
және тоқыма станогін шылқылдата майлағандықтан болады; түрлі арқау –
ширатуы мен жуандығы басқа жіп салынған шпульді тоқыма станогына арқау
орнына пайдаланғанда шығатын жолақ; тоқыма өрнегінің ауытқуы (бурмалануы) –
суреттің кейбір жерлерде тағайындалған суретке сәйкес келмеуі.
Тігін бұйымдарының сортын анықтағанда тоқыма ақауын есептеу матаның
талшықтың құрамы мен бұйымның қандай мақсатқа жұмсалатындығына байланысты
жүргізіледі.

2.2 Маталарды өңдеу

Станоктың алынған, өңделмеген матадан (шуда жіп) дайын мата алу үшін
жүргізілген физико-химиялық және механикалық процестердің жиынтығын матаны
өңдеу деп атайды.
Матаны өңдеудің мақсаты – олардың қасиетін жақсарту, адам қызығатындай
товарлық түр беру. Өндеу жүргізгенде мата жасалған талшықтардың химиялық
құрамын ескереді. Мысалы, есімдік талшықтарынан жасалған маталарға өндеу
жүргізгенде кышқыл қолдану керек болса ерітінді концентрациясы мен өңдеу
уақытын мұқият қадағалау қажет, себебі матаның мықтылығы кеміп немесе
бүлініп кетуі мүмкін.
Өңдеу операцияларының жүйелілігі әр матаға тағайындалған технологиялық
желіге байланысты. Өңдеу процесінде кейбір операциялардың қайталануы да
мүмкін. Мысалы, кейбір калың барқыт түкті драп артикульдерін алу үшін
түктеу мен қырқу бірнеше рет қайталанады. Таза аппақ зығыр матасын алу үшін
қайнату мен ағарту кезекпен 4 рет қайталанады.
Жұмсау максатына байланысты маталар арнайы өңдеуден өтеді. Мысалы,
плащтық және шинельдік маталар су сіндірмейтін заттармен өңделеді, шатырлық
маталар – шірітпейтін заттармен өңделеді, ал сәндік маталар металданудан
өтеді, және т. б.
Химиялық талшықтардың кең қолданылуына байланысты талшықтар мен
жіптердің әрқалай отыруына негізделген өңдеудің бірнеше процестері бар.
Соңғы жылдары өңдеу өндірісінде пайдаланылатын тамақ өнімдерін (крахмал, ұн
және т. б.) химиялық заттармен алмастыру жүріп жатыр. Жоғарғы өнімді
толассыз жүйелер орнатылуда: маталарды бұраулы күйінде ағартатын толассыз
жүйелер, бояйтын бес аспап жүйелер, жазылып-жайылған маталарды үздіксіз
ағартып отыратын агрегаттар, қыртыстанбайтын, отырғызбайтын өңдеу жүйелері
және т. б.
Құрал-жабдықтарды жетілдіру, ағынды жүйелерді орнату, механикаландыру
мен автоматтандыруды кен түрде енгізу, химиялық өнеркәсіптің соңғы
жетістіктерін пайдалану – өңдеу өндірісінде еңбек өнімділігін арттырып,
өнімнің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Мақта маталарын өңдеу. Өңдеу өндірісіне түскен өңделмеген мақта маталары
жарамдылығына қарай бөлініп, тазалығына және ақау санына карай ағартуға,
бояуға немесе сурет басуға жіберіледі.
Өндірістің жоспарына сәйкес және жабдықтардың өнімділігіне қарай бір
артикулдегі маталарды бірнеше жүздеген бумамен партияларға топтастырады.
Іріктелген бума маталарға жуғанға кетпейтін таңба (клеймо) салады да
өңдеудің барлық операциясынан өткізу үшін үзіліссіз лента қылып тігеді.
Мақта маталарды өңдеудің негізгі операциялары мыналар: отпен шарпу,
шликтовканы кетіру, пісіру, ағарту, мерсерлеу, түктендіру, бояу, баспа
сурет салу және соңғы өңдеу (аппреттеу, керу, каландрлеу).
Отпен шарпу — іш киімдік маталардың кірлеуін тездететін және баспа сурет
салғанда ақаулар жіберетін сыртқы көрінісін бұзатын талшықтың ұштарын
өңделмеген мата бетінен кетіру. Дәке мен тукті маталардан басқаларының
барлығын отпен шарпиды. Ол үшін газбен шарпитын машиналар мен науалы
шарпығыш агрегаттар пайдаланылады. Газбен шарпитын машиналарда мата газ
жанарғысында күйдіріледі, жалынның үстімен талшықтардың ұшы етеді. Науалы
шарпығыш агрегаттарда талшықтардың катты қыздырылған металл науанын бетіне
жанасады да күйіп кетеді.
Үнемділігіне байланысты газбен шарпитын машиналар ендірісте кең
қолданылады. Әдетте матаның бет жағы үйтіледі. Іш киімдік және көйлектік
маталар екі жағынан үйтіледі. Жанарғы жалынының үстінен беттік тығыздығы
төмен жұқа матаны өткізгенде матаның бетіндегі және жіптердің арасындағы
талшықтың үштері де күйеді. Отпен шарпылғаннан соң мата бу ұшқын өшіргішіне
немесе су құйылған ваннаға салынады.
Күйдіру процесінде мынандай ақаулар болуы мүмкін: толық шарпылмау
(матаның қозғалу жылдамдығы жоғары болса), тегіс шарпылмау (машинаның
бұзылғандығынан), ұшқынды өшірмегендіктен немесе қозғалу жылдамдығының
аздығынан матаның күйіп кетуі (жалпы немесе кейбір жері).
Шлихтамен кетіру – шлихталау кезінде жағылған крахмалды кетіру үшін
жасалатын өңдеу операциясы. Маталарды 4 - 24 сағат су құйылған жәшікте
ұстап, дымқылдап, артынан шаяды.
Жібіту процесін жеделдету үшін крахмалдың ашуына жағдай туғызатын күкірт
қышқылы, ащы натр, натрий гетохлориді және бактерия тектес басқа да
препараттарды (биолаз, т.б.) суға қосады. Ашу процесінде крахмал қантты
затқа айналады, ал бұрап жуғыш машинасы матаны жуғанда ол тез кетеді.
Шлихтамен кетіру кезінде мынандай ақаулар болуы мүмкін: шлихтамен жөнді
кетпейді, шлихта тегіс кетпейді, бүктетіліп не кептеліп қалу, ұзақ
жатқандықтан немесе қышқылдың әсерінен матаның босауы. Қайнатып пісіру
целлюлоза қоспаларынан (балауыз тектес, пектинді, азотты және минералды
заттардан) және де кірден, шлихта қалдықтарынан тазарту мақсатымен
маталарды сілті ертіндісімен өңдеу.
Қайнату үшін кальцийленген сода, бисульфит және натрий силикаты және т.
б. қосылған күйдіргіш натр ерітіндісі пайдаланылады.
Маталарды кысыммен 4 - 8 сағат қақпағы тығыз жабылған пісіру
қазандарында, немесе 98 - 100°С температурада 1- 2 сағат уақыттай үздіксіз
әсер ететін аппаратында қайнатады. Қайнатқан соң маталарды алдымен ыстық,
сонан соң суық сумен шаяды. Қайнату нәтижесінде матанын массасы 4 - 8%-ке
кемиді. Қайнап – піскен маталардың гигроскопиялық қасиеті жоғары, суда және
бояу ерітінділерінде жақсы жібиді әрі ағарады.
Қайнатып пісіру ережесін бұзу төмендегідей ақаулар туғызады: матаны
қазанда дұрыс жайғастырып салмасақ, күйдіргіш натрдьң концентрациясы дұрыс
болмаса, кайнатқыш сұйықтықтың айналымын жасамаса толық қайнап піспейді;
суда магний мен кальцийдің тұздары болса матаның бетінде әк дақтары пайда
болады, темірдің гидрототығы мата бетіне тұрса да дақ пайда болады;
қазандағы ауа оттегінің артықтығы матаны босатады.
Ағарту – мата үнемі аппақ шаңқаң болып тұру үшін тотықтырғыш ерітіндімен
жасалатын өңдеу. Ағарту барысында мақтаға сарғыш түс беріп тұратын табиғи
бояғыш пигменттер тотығады. Ағарту үшін натрий гипо хлоритін, сутегі
пероксиді тотығын, натрий хлоритін, асқын оксидті сірке қышқылын қолданады.
Ағартуды ескі, химиялық әдіс пен жүргізуге де болады, бұл жағдайда мата
үздіксіз, ұзақ уақыт жатады.
Ағартуды классикалық тәсілмен іске асырады, мұның өзі матаның үзақ уақыт
жатуы және үзіліссіз ағынды әдіспен жүргізіледі. Үзіліссіз ағынды әдісте
шлихтовканы кетіру, қайнатып пісіру және ағарту бірінен соң бірі үзіліссіз
жүргізіледі. Маталарды толассыз ағартуда жоғарғы өнімді құрал-жабдықтары
пайдалану өңдеу уақытын қысқартады және де шыққан өнімнің сапасын
арттырады.
Ағартудан болатын ақауға мыналар жатады: мактаның босауы, ағарту
сапасыньң төмендігі, қоспадан нашар тазартудың салдарынан матаның
сақтағанға шыдамай сарғайып кетуі.
Мерсерлеу – керілген матаны 16 - 20°С-де күйдіргіш натрдың
концентрацияланған ерітіндісімен өңдеп, ыстық сумен, одан кейін суық сумен
шаю. Мерсерлеу матанын мықтылығын 20%-ке көтереді, оған жылтыр, жібек
сияқты түр береді, гигроскопиялық қасиетін арттырады және боялу қабілетін
жаксартады.
Түктеу – мата жұмсақ үлпілдек және жылу сақтағыш болу үшін оның бетіне
түк салу. Матаға түктеу – инелі лентамен каптаған түксалғыш машиналарда
жүргізіледі. Түктеу кезінде түкті біліктермен қапталған жіңішке металл
инелері арқау жіптен талшықтарды суырып шығарады, соның нәтижесінде матаның
бетінде түк пайда болады. Бәйке, фланель, помази, мақтадан тоқылған шұға,
шибарқыт және тағы да басқа қыстық киімге арналған маталарға түк салынады.
Түк салғанда туатын ақаулар: матаның босауы, нашар таралуы.
Бояу – матаға түгелдей бір түр беру үшін бояғышқа қолдану. Бояғыштар
табиғи көбіне өсімдік текті және синтетикалык болуы мүмкін. Маталарды бояу
үшін, негізінен, тас көмірден алынатын синтетикалық бояғыштар қолданылады.
Бояғыштар майдаланған құрғақ ұнтақ немесе паста түрінде шығарылады.
Бояғыштың түсі, ашықтығы, күнге, терге, ылғалға жууға және үйкеліске
төзімділігі бояғыштардың химиялық құрамы мен молекулаларының құрылымына
байланысты. Матаны бояудан бұрын бояғышты суға ерітеді. Бояу процесінің
сатылары мынандай: судағы бояғыштың матаның бетіне сіңуі; бояғыштың
талшыққа өтуі; бояғыштың талшыққа бекуі. Бояудың кейбір әдістерінде бояғыш
зат тікелей талшықта пайда болады.
Бояғыштың түрлері мен бояу әдістері әртүрлі. Бояғыштың түрі мен бояу
әдісін таңдау матаның талшықтық құрамына, бояғыштың қасиетіне және матаны
бояуда қойылатын талаптарға байланысты. Астарлық маталарды үйкеліске, терге
шыдамды бояғыштармен бояу керек. Сырт киімдік маталар күннің, ылғалдың,
құрғақ және дымқыл үйкелістің әсеріне төзімді бояғыштармен боялады. Бояу
үшін – жазылып керілген немесе бұралған мата бояғыш ерітіндісі арқылы өтуге
тиіс. Үздіксіз істейтін бояғыш аппараттар кен қолданылады.
Целлюлоза талшықтарын бояу үшін мынандай бояғыштар қолданылады: тікелей,
басытқылы (протравные) күкіртті, кубты, азобояғыштар, қара анилин және
пигменттер. Тікелей бояғыштар суда жаксы еріп есімдік талшықтарын бейтарап
немесе әлсіз сілтілі ортада бояйды. Матаның бояуы ашық, үйкеліске төзімді,
бірақ жарықтың әсеріне шыдамсыз. Сондықтан тікелей бояғыштарды астарлық
маталарды бояуға жұмсаған жөн. Тікелей бояғыштардың кемістігі – олар дымқыл
үйкеліске шыдамайды. Бояудың дымқыл үйкеліске және жарықка төзімділігін
арттыру үшін маталарды ДЦМ бекіткішімен (күрделі органикалық қосынды)
өңдейді. Жарыққа шыдамды тікелей бояғыштардың соңғы маркалары әр мақсатқа
пайдаланатын маталарды бояуға пайдаланылады.
Басытқылы (протравные) бояғыштар суда ерігіш, бірақ матаны алдын-ала
ауыр металдардын (темір, алюминий, хром) тұздарымен өңдеуді керек етеді,
сонын нәтижесінде суда нашар еритін лактар қосындысы түзіледі. Негізғі
бояғыштар суда ерігіш, бірақ матаны алдын-ала танинно-сурьмалы басытқымен
өңдеуді қажет етеді, олар да суда нашар еритін лактар түзеді.
Кубты бояғыштар суда ерімейді. Гидросульфит тотықсыздандырғышының
әсерімен бояғыш еритін күйге өтеді де, лейкоқосынды түрінде матаға сіңеді.
Бояу кубтарда, сілтілі ортада жүргізіледі. Ауадағы оттегімен тотыққаннан
соң лейкоқосынды бастапқы қалпына қайта өтіп, матада мықтап ұсталып қалады.
Кубтық бояғыштар матаға ашық бояу, дымқыл үйкеліске өте төзімді мықтылық
береді.
Қүкіртті бояғыштар суда ерімейді. Күкіртті натрий тотықсыздандырғышының
әсерімен бояғыш еритін күйге өтіп матаға сіңеді. Ауадағы оттегімен
тотыққанда бояғыш бастапқы күйіне қайта келеді де, матада мықтап ұсталып
қалады. Күкіртті бояғыштар онша көп түрге боямайды (қара, сұр, қоңыр,
жасыл). Оларды астарлық және киімдік маталарды бояуға жұмсайды, себебі олар
күннің сәулесіне төзімсіз.
Азобояғыштар талшықта түзіліп матаны кетпейтін ашық, жылы түске бояйды
(күрең қызыл, қызыл, қызғылт, қызғылт сары т. б.). Бояу екі ерітіндіден
тұратын бояғышқа матаны малып алған соң пайда болады. Бояу процесі төменгі
температурада жүргізілетіндіктен азобояғыштарды суық бояғыштар деп, ал бояу
әдісін суық (мұзды) деп атайды.
Қара анилин маталарды шымқыл қара түске бояйды. Матаны бояғанда анилин
мен тұз қышқылының қосындысына салып, ыстық бу толтырылған зрельник деп
аталатын арнайы аппарат арқылы өткізеді. Ауадағы оттегінін әсерінен
матадағы анилин тотығып, бояу алдымен жасыл, күлгін көк сонан соң қараға
айналады. Қара анилинді бояу жарықтың әсеріне, жуғанға, үйкеліске төзімді
бояу береді. Қара анилинді бояудың кемшілігі – тұз қышқылының өсімдік
талшықтарына әсерінің салдарынан матаның мықтылығы 10 - 12%-ке кемиді. Қара
анилиндік бояудан кейін қышқылдың қалдықтарын түгел кетіру үшін матаны
жақсылап шаю керек.
Пигменттер – суда ерімейтін органикалық бояғыштар мен минералды заттар.
Бояу процесі арнайы байланыстырушы, синтетикалық шайырдың көмегімен мата
талшықтарын пигменттермен қосу арқылы жүргізіледі. 100°С температурада
шайыр ерімейтін күйге ауысады да пигменттерді мата бетінде мықтап ұстап
қалады. Пигменттер жарықтың әсеріне шыдамды неше түрлі бояулар береді. Бояу
кезіндегі акаудың себебі – мата құрылымының біртекті болмауынан, қайнату
мен ағартудың дұрыс жүргізілмеуінен, бояудың рецепті мен режимін
бұзғандықтан, құрал жабдықтардың бузықтығынан.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шлихталау
Мақта маталарын өңдеу
Аэрографиямен матаны бояу
Текстиль материалдарын өңдеудің технологиялық процестерінің теориялық негіздері
Талшықтардан пайда болған бояғыштар
Мерсерлеу
Аяқ киім гигиенасы жайында
Тігін машиналарының инелері
Маталарды дайындау технологиясы
Жылу сақтайтын киімдерге пакет қалыңдығының әсері
Пәндер