Көксерек



І. Кіріспе
“Көксерек әңгімесінің тақырыбы мен жазушының шығармаға келу жолы”.
ІІ. Негізгі бөлім.
а) Көксерек әңгімесінің құрылысы.
ә) Жазушы шеберлігі, шығарма тілі.
б) “Көксерек” әңгімесінің әлем әдебиеті мен типологиялық салыстырулар, зерттеушілер пікірі.
ІІІ. Қорытынды.
Шығарманың тақырыбын оның идеясынан бөліп қарауға болмайды. Жазушының шындық болмыстан таңдап, толғап алып, өзінің көркем шығармасына негіз, арқау еткен өмір құбылыстарының түйінін тақырып дер едік.
Жазушы шығармашылық процестің алғашқы кезеңінде өмірдің әр алуан құбылыстарын зерттейді, тексереді. Әрине, бұл құбылыстардың ішінде ірісі де, ұсағы да, маңыздысы да, маңызсызы да, күрделісі де, кездейсоғы да – бәрі де бар. Осының бәрі -болашақ шығарманың материалы. Бірақ жазушыны өмірде болатын кез - келген құбылыс жаппай қызықтыра бермейді. Ол өз мақсатына керек құбылысқа ғана қызығады. Болашақ көркем шығармаға негіз болатын да сол - суреткер қызыққан құбылыс. Мысалы, М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінің такырыбын таңдап алуының бір себебін жазушының жұбайы Валентина Әуезова былай деп еске алады: «Бірде мен қабырға күнтізбесін (1929 жылдың) сатып алдым. Сол күнтізбе Мұхтардың жазу үстелінің тұсында ілулі тұратын еді. Сонда белгілі суретшінің салған суреті бар болатын - қысқы түн, қар жамылған меңіреу дала, сонау алыста көз ұшында қар басқан кішкентай деревняның оттары көрінеді. Ең алдыңғы қатарда түнде жортқан қасқыр тұр. Міне, сол сурет Мұхтар Әуезовтің сонау жас бала кезінде кәнігі аңшылардан естіген әңгімелерін есіне түсірген болу керек, енді міне, күн сайын көз алдынан осы суреттегі көрініс кетпеген Мұхтар өзінің «Көксерек» әңгімесін жазған болатын». Бұл - жазушының таңдаған тақырыбы.
Қандай шығарма болсын, белгілі пікірді - идеяны үндейді. Идеясыз көркем шығарма болмайды. Тақырып, оқиға және оның құрылысы, шығармада катысушылардың араларындағы тартыс, оларды суреттеу әдістері - түптеп келгенде, жазушының сол шығармадағы айтайын деген идеясына бағынады. «Көксерек» әңгімесінде жазушы қасқырдың мінез-құлқы, өзіне тән табиғи. қасиеттерін тақырып етіп алып, айналаны қоршаған табиғаттың өз заңы, өзіндік ерекшелігі бар, оны адамдардың түсіне білуі қажет деген ойды білдіреді. Сөйтіп бұл шығармада Мұхтар Әуезов табиғат пен адам арасындағы байланысты, түсіністікті негізгі идея етіп көрсетеді.
Қандай шығарма болмасын, идеяны таныту үшін жазушы шығармадағы суреттелетін өмір құбылысын, күрес-тартыстарды образ арқылы оқушылардың көз алдына елестете, ой сезіміне әсер ете отырып, оларды (оқушыларды) өзі меңзеген бағытқа жетектейді. Айталык, көзін де ашып үлгермеген шақта қолға түскен Көксеректі жетіле келе адамдарды жақтырмай, ауылдан қаша бастауын, оның

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе

“Көксерек әңгімесінің тақырыбы мен жазушының шығармаға келу жолы”.
ІІ. Негізгі бөлім.
а) Көксерек әңгімесінің құрылысы.
ә) Жазушы шеберлігі, шығарма тілі.
б) “Көксерек” әңгімесінің әлем әдебиеті мен типологиялық
салыстырулар, зерттеушілер пікірі.
ІІІ. Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Әуезов М. “Көксерек”
2. Бектемір М. “Фокнер мен қасқыр жайында” 2004 ж.
3. Нұрғалиев Р. “Ақтау” ІІ том Алматы “Жазушы” 1991.
4. Кемелбаева А. “Әуезов және шығармасы” (Эссе)
Рысбаева Г. “Ежелгі наным-сенім, фразеологизмдердің этнолингвистикасы”

Көксерек әңгімесінің тақырыбы мен
жазушының ой түйіні

Шығарманың тақырыбын оның идеясынан бөліп қарауға болмайды. Жазушының
шындық болмыстан таңдап, толғап алып, өзінің көркем шығармасына негіз,
арқау еткен өмір құбылыстарының түйінін тақырып дер едік.
Жазушы шығармашылық процестің алғашқы кезеңінде өмірдің әр алуан
құбылыстарын зерттейді, тексереді. Әрине, бұл құбылыстардың ішінде ірісі
де, ұсағы да, маңыздысы да, маңызсызы да, күрделісі де, кездейсоғы да –
бәрі де бар. Осының бәрі -болашақ шығарманың материалы. Бірақ жазушыны
өмірде болатын кез - келген құбылыс жаппай қызықтыра бермейді. Ол өз
мақсатына керек құбылысқа ғана қызығады. Болашақ көркем шығармаға негіз
болатын да сол - суреткер қызыққан құбылыс. Мысалы, М.Әуезовтің Көксерек
әңгімесінің такырыбын таңдап алуының бір себебін жазушының жұбайы Валентина
Әуезова былай деп еске алады: Бірде мен қабырға күнтізбесін (1929 жылдың)
сатып алдым. Сол күнтізбе Мұхтардың жазу үстелінің тұсында ілулі тұратын
еді. Сонда белгілі суретшінің салған суреті бар болатын - қысқы түн, қар
жамылған меңіреу дала, сонау алыста көз ұшында қар басқан кішкентай
деревняның оттары көрінеді. Ең алдыңғы қатарда түнде жортқан қасқыр тұр.
Міне, сол сурет Мұхтар Әуезовтің сонау жас бала кезінде кәнігі аңшылардан
естіген әңгімелерін есіне түсірген болу керек, енді міне, күн сайын көз
алдынан осы суреттегі көрініс кетпеген Мұхтар өзінің Көксерек әңгімесін
жазған болатын. Бұл - жазушының таңдаған тақырыбы.
Қандай шығарма болсын, белгілі пікірді - идеяны үндейді. Идеясыз
көркем шығарма болмайды. Тақырып, оқиға және оның құрылысы, шығармада
катысушылардың араларындағы тартыс, оларды суреттеу әдістері - түптеп
келгенде, жазушының сол шығармадағы айтайын деген идеясына бағынады.
Көксерек әңгімесінде жазушы қасқырдың мінез-құлқы, өзіне тән табиғи.
қасиеттерін тақырып етіп алып, айналаны қоршаған табиғаттың өз заңы,
өзіндік ерекшелігі бар, оны адамдардың түсіне білуі қажет деген ойды
білдіреді. Сөйтіп бұл шығармада Мұхтар Әуезов табиғат пен адам арасындағы
байланысты, түсіністікті негізгі идея етіп көрсетеді.
Қандай шығарма болмасын, идеяны таныту үшін жазушы шығармадағы
суреттелетін өмір құбылысын, күрес-тартыстарды образ арқылы оқушылардың көз
алдына елестете, ой сезіміне әсер ете отырып, оларды (оқушыларды) өзі
меңзеген бағытқа жетектейді. Айталык, көзін де ашып үлгермеген шақта қолға
түскен Көксеректі жетіле келе адамдарды жақтырмай, ауылдан қаша бастауын,
оның себептерін соншама білгірлікпен суреттеуі Көксеректің түбінде өз
ортасына қосылуына оқушының көзін жеткізеді. Сол арқылы жазушының айтайын
деген ойын да байқауға болады. Сөйтіп тақырып жазушы суреттеп отырған өмір
құбылысы болса, идея - жазушының сол өзі суреттеп отырған өмір құбылысы
туралы айтқысы келген ойы, сол өмір қүбылысына берген бағасы.
Әңгіме - оқиғаны баяндап айтуға негізделетін, қара сөзбен жазылған
шағын көркем шығарма. Әңгімеде әдетте бас-аяғы жинақы, тиянақты бір оқиға
айтылады. Онда алдымен адам, оның өмірі мен тағдыры көрінуі тиіс. Аса
маңызды деген оқиға суреттелуі керек. Сөйтіп әңгіме көлемі шағын шығарма
болғанымен, қаламгер үшін нағыз Шеберлік мектебі. Кейіпкерлер көп
болмайды. Сюжет желісі бір арналы ширақ келіп, тақырыбы мен идеясы айқын
болады. Ол аз сурет арқылы көп жайды аңғартады.
Сюжет (французша, зат) - өзара жалғасқан оқиғалардың тізбегі, біртұтас
желісі. Оқиға дегеніміз адамдардың басынан кешкен жағдайы. Бірнеше
адамдардын қарым-қатынасының көрінісі. Сюжеттің негізі - өмірлік тартыс,
кейіпкерлердің қарым-қатынасындағы қақтығыс. Сюжет пен кейіпкерлер іс-
әрекетінде тығыз байланыс, сабақтастық бар.
Эпизод (грекше, кірістіру) - әдеби шығарма сюжетіндегі өз мәні бар
жеке оқиға немесе шығарманың бас-аяғы тиянақты бір бөлшегі.
Мына мәселелерге көңіл бөліңдер; олардың шығарманың композициясын
құрайтынына назар аударыңдар.
- Қасқырлар мекені, Қараадыр сайының суреттелінуі. Тағылар тірлігі.

- Адамдар шабуылы. Бөлтіріктер тағдыры. Қаталдық.
- Дала тағылары мен адамдар іс-әрекетіндегі ұқсастық.
- Көксерек ауылда. Оның адамдардан көрген жәбірі, жазасы.
- Көксерек және Құрмаш. Сәбидің таза көңілі, мейірімі.
- Көксеректің ауылдан кетуі. Ұяластарымен тез табысуы. Тағылардың
тағылық істері.
- Көксеректің жойқын, дүлей күшке айналуы. Қараадыр еліндегі мазасыздык.
- Құрмаштың қазасы. Көксеректің жазасын тартуы. Әже зары.

Аңшылық тақырыбы дүниежүзілік әдебиеттің ең бір көне, күрделі бөлігін
құрайды. Аң аулау - адамзаттың балалық шағына оралу, жабайы қауымына
инстинкті сағыныш іспетті, өркениеттің тас қапасынан босануға әрекет;
аңшылық - мәңгілік робинзонада, ол тіршілік үшін күрес, қан төгу, бір
мақұлықтың екінші бір хайуанды қудалауы.
Аристотель мен Платонда аңшы және философ мағынасы бірдей ұғымдар.
Қан төгілу - әрі қылмыс, әрі мистика. Қанда құдірет пен құпия бар.
Американ әдебиетінде моби Дик болмаса Фолкнердің "Аю" повесі мен
Хеменгуэйдің "Шал мен теңіз" повесі тумас еді деп кесіп айтады әдебиет
сыншылары.
Мұхтар Әуезов "Көксерегі" қазақ әдебиетіндегі кіші проза жанрында
"сегіз қызым бір төбе Кенжекейім бір төбе" дегенге саяды. Мелвилл Әуезов,
Фолкнер, Шолохов сынды ұлы жазушылардың шығармасында әр бұтасы мен жас
шөптерінің иісі аңқып тұратыны ғажап.
"Көксерек" - қыз иісі ерен туынды. Астарлы түрде бұл цивилизацияның
темір етігі таптамаған, жат пиғылдардың әрі салқыны тимеген, бірақ батуға
таяу көшпенділр мәдениетінің ерен бұла сүт аңқыған уыз иісі болатын.
Бұл біздің күн түбіне жорытқан, қоғалы көлдер, қом сулар жайлаған,
жарлысы мен байы тең кең байтақ өлкенің текті ұрпағы көшпелі бабаларымыздың
жұртында қалған жұрнағы тәрізді...
"Көксерек" әңгімесінің көк тәңірісіне қарап ұлитын символикасы да,
оның тілмен айтып жеткізгісіз трагедиясы да сонда еді.
Фолкнердің "Аю" повесіндегі аңның өлімі өркениеттің басы - көктеп,
орман - тоғайды жойып, өзендерді ластап, табиғаттың тозуын бейнелейтін
қарғыс тәрізді болса, М.Әуезовте жыртқыштың күйреуі ұлттық тағдырды
кестелейді. Бұл сейілмейтін мұң, қара көзден ақ қан қанды жас,
тексізденуге, тобырландыруға, глобализацияға үкім етілген аз ғана ұлттық
қайғы - қасіреті мен бейнетін азалайтыны хақ.
Көксеректің аталы ана тілге, ата-баба поэзиясына төнген рухани апат
болатын, атсы - қазақша, баласы - орысша, немересі - ағылшынша сөйлеуге
жазған құлдық психологияның зіл-батпан салмағын ауырсынудан туған зарға
ұқайтын.
Үмітсіз шайтан. Абайы, Мұхтары бар ұлт өз болмысын, рухани қазынасын
сақтап қалмаққа ұлтымыздағы қазақ қанымызға үміт отын жандырарына шүбә жоқ.
"Көксеректегі" жазушының сүйіп жазған сөзі - көк. Көк күшіктер
өмірдегі құштарлықтың тұспалына айналды. Көк сөзі қазақта тәңір, аспан,
табиғат, шөп, от, кие, қасиет деген ұғымдардың да синонимі екені белгілі.
Әңгімедегі итмұрынды қалық ... , қасқыр деген сөздерге метафора ретінде
қарасақ, ол көшпенділер әулеті, қыр жайлаған қазақ, патриархальды тұрмыс,
түз тазыларындай емін-еркін өскен халықтардың бейнесі, азаттық идеясы
елестейді.
Жас Мұхтардың көксерекке сонша елжіреп, жанының бар мейірін, жылуын
төгуі, іші-бауыры жабыса мейірілденіп, сүйіп жазған себебі де сол бас бір
параметрлермен келетін астарлы мағынасынан еді. Өйткені, адам алдымен өзін
таниды. Сөйтіп дүниеге қарайды. Сөйтіп құдайын мойындайды.
"Жақсылықты өзіңе қыл, өзіңнен асса ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұхтар әуезов "Көксерек"
Касқыр ұлыған түнде туындысымен сабақтастыра оқытудың тиімді жолдарын көрсетіп, тақырыптас шығармаларды оқытудың әдістемесін жасау
М.Әуезовтың «Көксерек» повесінің танымдылық сипаты
Менің осы уақытқа дейін оқыған - кітаптарыма мазмұндама
Қасқыр бейнесінің поэтикасы
Мұхтар Әуезов шығармаларының ерекшелігі мен орта мектепте оқытылу мәселелері
Көксерек-адам мен табиғат арасындағы юайланысты көрсететін шығарма
Қазақ ертегілеріндегі қасқыр бейнесі
М.О.Әуезов шығармаларындағы адам мен табиғат тақырыбы
М. Әуезовтың өмірі мен шығармаларын орта мектепте оқытудың өзіндік ерекшелігі
Пәндер