Арал өңірінің тұзды батпақты шалғынды топырағында өсірілген күріш өніміне отандық препараттардың әсері



МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1.1 Тақырыптың жаңышылдығы және көкейкестілігі
1.2 Проблеманың зерттелгендік жағдайы
1.3 Алдыңғы жылдарда орындалған ҒЗЖ негізгі нәтижелері
1.4 Зерттеудің мақсаты мен міндеттері

2. Тәжірибелер схемалары. Зерттеу әдістемелері
2.1 Зерттеудің бағыттарын таңдау
2.2 Күрішті сабан және шелухадан биокомпосттарды алу технологиясы
2.3 Зерттеу материалдары және егістіктік және вегатационды тәжірибелерді алға қою техникасы
2.4 Тіркеулер, бақылаулар және талдаулар
2.5 Тәжірибелер схемалары және оларды жүргізу технологиясы
2.5.1 Вегатационды тәжірибелер схемалары
2.5.2 Ұсақуақыттық егістіктік тәжірибелер 1.10

3. Зерттеулер нәтижелері
3.1 Сорбентпен және гидрогльмен жүргізілген тәжірибелер нәтижелері
3.2 Күріш сабаны және шелухасынан жасалған компосттармен жүргізілген тәжірибелер нәтижелері

4. Жасалған жаңалықтың эколого . экономикалық талдамасы
Түйіні
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кейбір компоненттер бойынша зерттеулер Солтүстік Қазақстандағы нольдік технологиялар бойынша орындалған ФАО жобасының жасамаларын және нәтижелерін пайдалануға негізделген.
Қызылорда облысының зерттеулерінің негізгі тәсілдері болып келесілер саналады:
- күрішті қырғыш бойынша тікелей себу (топырақты өңдеудің минимальды – нольдік технологиясы);
- күрішті себуден кейін тікелей себу технологиясын пайдалана отырып қалақшалық – шашырату технологиясын пайдаланып басқа дәндерді егу;
- аймақ үшін дәстүрлі емес диверсификациялық дәндерде қалақшалы – шашыратып егу технологиясын сынау.
Тұтас алғанда 2006-2008 жылдар арасында жүргізілген барлық зерттеулер жалпы алғанда 6 негізгі компоненттерден тұрады:
1. Тікелей егу жүйесі және топырақты өңдеудің нольдік/минимальды технологиясы;
2. Өсімдіктер өсіруді диверсиикациялаудағы жаңа технологияларды жасау;
3. Зәктетіп суландыру және дәндерді қалақшалы егу технологиясы;
4. Жаңа және перспективті сорттардың сорттық агротехникасын жасау;
5. Қазақстандық Аралмаңы тұздалған деградациялық жерлерін қалпына келтіру технологиясын жасап шығару;
6. Технологияға экономикалық талдау жүргізу.

Зерттеудің жаңашылдығы - өсімдіктік табиғаттағы мелиорант – күріш сабаны және шелухасынан жасалған, анаэробты микроорганизмдермен (штамдар 1 және 2) өңделген биотыңайытқыштарды қолдана отырп және

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Арал өңірінің тұзды батпақты шалғынды топырағында өсірілген күріш өніміне
отандық препараттардың әсері

МАЗМҰНЫ

Кіріспе
1. Тақырыптың жаңышылдығы және көкейкестілігі
2. Проблеманың зерттелгендік жағдайы
3. Алдыңғы жылдарда орындалған ҒЗЖ негізгі нәтижелері
4. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері
2. Тәжірибелер схемалары. Зерттеу әдістемелері
2.1 Зерттеудің бағыттарын таңдау
2.2 Күрішті сабан және шелухадан биокомпосттарды алу технологиясы
2.3 Зерттеу материалдары және егістіктік және вегатационды
тәжірибелерді алға қою техникасы
2.4 Тіркеулер, бақылаулар және талдаулар
2.5 Тәжірибелер схемалары және оларды жүргізу технологиясы
2.5.1 Вегатационды тәжірибелер схемалары
2.5.2 Ұсақуақыттық егістіктік тәжірибелер 1-10
3. Зерттеулер нәтижелері
3.1 Сорбентпен және гидрогльмен жүргізілген тәжірибелер нәтижелері
3.2 Күріш сабаны және шелухасынан жасалған компосттармен жүргізілген
тәжірибелер нәтижелері
4. Жасалған жаңалықтың эколого – экономикалық талдамасы
Түйіні
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Белгіленулер мен қысқартулар

Күрішті шелуха – КШ
Күрішті сабан – С
Күріш сабанынан жасалған компост – КС
Шелухадан жасалған компост – КШ
Құс тыңайытқышы – ПП
ИОМСа – сорбенті – Сб
Жер Нұры 1 – ЖН (топырақ аулауыш)
Мэрс – М (өсіру стимуляторы)
Натрий гуматы – ГмNа немесе Гм
Орташа ерігіш полиэлектролит, ВП-2 (гидрогель) – Г
Nа – аммоний сульфаты
Рс – жай суперфосфат
Кх – хлорлы калий
NPK – азот, фосфор және калий
N120 Р120 – фон 1
N120 Р120 + 1000 кгга натрий гуматы + 3 лга Жер Нұры + 80 млга Мэрс
– фон 2

Кейбір компоненттер бойынша зерттеулер Солтүстік Қазақстандағы нольдік
технологиялар бойынша орындалған ФАО жобасының жасамаларын және нәтижелерін
пайдалануға негізделген.
Қызылорда облысының зерттеулерінің негізгі тәсілдері болып келесілер
саналады:
- күрішті қырғыш бойынша тікелей себу (топырақты өңдеудің
минимальды – нольдік технологиясы);
- күрішті себуден кейін тікелей себу технологиясын пайдалана
отырып қалақшалық – шашырату технологиясын пайдаланып басқа
дәндерді егу;
- аймақ үшін дәстүрлі емес диверсификациялық дәндерде қалақшалы
– шашыратып егу технологиясын сынау.
Тұтас алғанда 2006-2008 жылдар арасында жүргізілген барлық зерттеулер
жалпы алғанда 6 негізгі компоненттерден тұрады:
1. Тікелей егу жүйесі және топырақты өңдеудің нольдікминимальды
технологиясы;
2. Өсімдіктер өсіруді диверсиикациялаудағы жаңа технологияларды
жасау;
3. Зәктетіп суландыру және дәндерді қалақшалы егу технологиясы;
4. Жаңа және перспективті сорттардың сорттық агротехникасын
жасау;
5. Қазақстандық Аралмаңы тұздалған деградациялық жерлерін қалпына
келтіру технологиясын жасап шығару;
6. Технологияға экономикалық талдау жүргізу.

Зерттеудің жаңашылдығы - өсімдіктік табиғаттағы мелиорант – күріш
сабаны және шелухасынан жасалған, анаэробты микроорганизмдермен (штамдар 1
және 2) өңделген биотыңайытқыштарды қолдана отырп және мелиорацияның жаңа
тәсілдерімен тұздалған топырақта бірінші рет зерттеулер жүргізілетін
болады. Зак шаю суларын тұзсыздандыру үшін қалдықты көмірлерден жасалған
ИОМСа, өсімдіктердің түбірлері жүйесінің даму аймағында қоректендіргіш
элементтерді ұстап қалатын гидрогель пайдаланылады. Жаңа ресурссақтаушы
препараттар күріштің әртүрлі сорттары үшін ертеректе зерттелген
топырақаулауыштармен: балансты көмірлерден жасалған натрий гуматы және Жер
Нұры 1 бірге пайдаланылады. Күріш дәні өсіргіш стимулятормен – Мэрс
өңделеді, ол стимулятор перспективті маңызға ие. Мелиорациялау объектілері
болып бір (2006) және бірнеше (2006-2008) жыл бойы дайындалатын күріш және
дәндері нитрагиннің жаңа түрімен өңделетін донник саналады.
Алғаш рет күріш және басқа да дақылдар егілетін орындарда топырақты
өңдеудің нөльдікминимальды технологиялар және тікелей егу, тығыздалған
горизонтты жүйелерді құру негізінде суландырылатын егіс орындарында
ауылшаруашылығы егіндерін жетілдірудің ресурссақтаушы технологиясы,
зәктетіп суғару және дәндерді қалақшалы шашып егу технологиясы жасалады.

1.2 Проблеманың зерттелгендік жағдайы
Күріш және соған ұқсас дақылдардың астына органикалық тыңайытқыштар
ретінде навоз және сидераттар пайдаланылуы мүмкін. Бірақ осы уақыттарға
дейін күріш астына органикалық тыңайытқыштарды қолдану айқын жеткіліксіз
жағдайда жүзеге асырылуда. Жасылды тыңайытқыштарды шектелген мөлшерлерде
пайдалану күрішті егіс алқабында сидерациялау үшін арналған аралық
дақылдарды бөліп алудың қиындығымен байланысты, ал навоздарды пайдаланудың
жеткіліксіздігі күріш егетін аймақтарда жануарлар өсірудің салыстырмалы
әлсіз дамығандығымен түсіндіріледі. Олай болса, Қызылорда облысының күрішті
егістерінің топырақтарын тыңайытқыштандыру үшін органикалық заттардың басқа
көздерін іздеу қажеттігі туындайды. Бірақ зерттеулер төменқөұнарлылықтағы
жерлерде биогенді элементтерге деген тапшылық мәселесін бастапқы шешіп
алмастан Қызылорда облысындағы егістерде биологиялық жер егудің кең
тарайтындығы туралы сұрақтарды алға қою қиын. Ал ол үшін топырақтарды және
суларды тұзсыздандыру жолын табу, арзан пролонгирлі формадағы өсімдіктер
түбірлері жүйесі аймағында қоректендіруші заттарды бекіту қажет болады.
Осыған байланысты ресурссақтаушы бағытқа және Аралмаңы күріш өсіретін
аудандарда туындаған проблемаларды шешуге кешенді қадам жасауға негізделген
зерттеу ерекше көкейкестілікке ие болып отыр. Мұндай қадам дұрыс және
қолдануға жарамды және азық – түлік проблмеларын қиындатпайды.
Ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыру және олардың
ассортиментін кеңейту бірінші кезекте өсімдікті өсіруді
диверсификациялаумен байланысты, ол Қызылорда облысының дақылдары үшін
дәстүрлі болып саналмайтын егістерді (қант қызылшасы, сафлора, соя, мақта
және т.б.) егуді кеңейту мүмкіндігіне алып келеді. Бұл туралы күрішті егіс
айналымдарының жаңа экологиялық дұрыс тұрғызылған схемаларын жасау бойынша
көпжылдық (1981-2005 жж) стационарлы зерттеулер мәліметтері куә болып
табылады, мұнда барлық дақылдар үшін егісайналымында меншікті үлесі
қарастырылған, бірақ көп жағынан алғанда олар топырақтардың құнарлылығын
арттыруға және суландырылатын жерлердің өнімділігін арттыруға әрекет ететін
күрішті жүйелер шарттарында пайдалануға жарамды болып саналатын
тхнологиялар бойынша ғылыми ұсыныстармен қамтамасыз етілмеген.
Жер егіс айналымының жаңа схемасына дәнді, жармалық, шөптік және
техникалық дақылдарды қосу аймақтың егіс істері дақылдарының жалпы
көтерілуіне әрекет етеді: егістердің ластығы және тұздылығы төмендейді,
техникалық және су ресурстарының шығыны да төмендейді, топырақтың физикалық
қабілеттері жоғарылайды және байытылатын жерлердің құнарлылығы артады.
Осымен қатар, нарықтық қатынастар шарттарында нарықтың сұранысына
байланысты тек жеке дақылдар роліне ғана емес, сонымен бірге олардың
сорттарына деген көзқарастардың өзгеріп отыратындығын ескере өткен жөн.
Осыдан шаруашылық нарықтың талаптарына әрекет ете отырып егіс алқаптары
аудандарының құрылымына тұрақты өзгерістер енгізіп отыр. Ұсақ тауар
өндірушілер (олардың саны облысымызда 1500 астам) шаруашылыққа тар
мамандануды, басқаша айтқанда белгілі бір дақылдың тек бір түрін, жиі
жағдайда күрішті ауыстырмай егуге бағытталуға бейім. Фермерлерде жылына екі
жиым терім жасауға мүмкіндік беретін суландырылатын және байытылатын
жерлердің тиімділігін арттыру үшін ұмтылысы пайда болуда.
Қызылорда облысының халқының әлеуметтік – экономикалық әлауқатты болуы
(қазіргі уақытта облыстың ауылдарында халықтың 55 пайызы тұрады) суландыру
суын максималды тиімді пайдалануымен, ауылшаруашылығы өнімінің бірлігіне
жұмсалатын су шығынын үнемдеумен анықталады. Күріш, өзінің едәуір
өнімділіктілігіне қарамастан осы талаптарға жауап бермейді және эколого –
мелиоративтік шарттарды нашарлатушы себеп тудыратын дақыл болып отыр.
Сондықтан осы дақылды люцерна және соя сияқты суды аз талап ететін
дақылдарға баяу алмастыратын уақыт келді. Люцерна егісінің алқабының ауданы
қазіргі күндегімен салыстырғанда 40-45 мың га, сояның алқабының ауданы 15-
20 мың га шамасына артуы мүмкін.
Күріш егу алқаптары қазіргі уақытта экологиялық оптимальды және
экономикалық ақталған деңгейде – 65,0 мың га тұрақтады. Осы алқап
ауданындағы күріш егісі бір жағынан Қазақстан Республикасының күрішке деген
қажеттілігін қанағаттандырса – яғни күріш егу ауылшаруашылық өндірісінің
көп саласының бірі болып табылады және Қазақстанның азық түлік базасындағы
қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, екінші жағынан – күріш мелиорациялаушы
дақыл ретінде пайдаланылады, себебі күріш егіс алқаптарын одан ары қысқарту
инженерлі – дайындалушы жерлердің тұздылығының катастрофалық өсуіне алып
келуі мүмкін.
Алмастырылып егілетін дақылдардың, жеке алып қарағанда күріштің
егістіктерінің тиімді тәсілдерін пайдалану қажет. Көшетпен егіп өсіру
тәсілі суландыру суын үнемдеуге алып келгеніне қарамастан, көшеттерді
отырғызудың тиімді мерзімі салқын кезең мамыр айы болып табылады, сондықтан
да қол құралдары және қол еңбегін пайдаланудың проблематикалы болуына алып
келеді. Шаруашылықтағы бар техникалар бұл егу тәсіліне сай келмейді, осы
тәсілге қажетті жабдықтар мен техникаларды толық сатып алу арқылы өту өте
қымбатқа түседі және қазіргі күн үшін мүмкін емес жағдай.
Аудан үшін маңыздылығы жөнінен екінші проблема болып егіс істеріндегі
қолданылып жүрген технология техникалық және сонымен қатар қаржылық
көзқарастан алғанда да рационалды емес. Себебі алып қарайтын болсақ,
қазіргі қолданылып отырған күріш егу технолгиясы бойынша егуді жүргізгенге
дейін 13 технологиялық операцияны жүргізу қажет, ол ең кемінде 7
технологиялық операция жүргізу қажет, осыған ұқсас жағдайлар бидай және
басқа да дақылдарды егуде де кездеседі. Мұнда ластауыштармен күресу деңгейі
өті төмен, топырақтық ылғалдың жоғалуы өте жоғары, одан басқа, ГСМ және
ауылшаруашылығы техникалары үшін қор бөлшектердің бағасы өте қымбат. Осы
технологияның негізгі элементі – егісті теріп алғаннан соңғы терең айдау –
ластауыштармен күресу үшін арналады, сонымен қатар топырақта алғал жинауды
арттыр, температуралық және қоректендіру режимдерін арттыру үшін жасалатын
болған. Бірақ мұндай жүйе қалағандай нәтижелерді алып келмейді.
Экономикалық себептер салдарынан фермерлер ауылшаруашылығына
жұмсалатын тыңайтқыштар, химикаттар, жанғыш – жағар материалдар және
қымбаттығынан оларды жұмсауды күрт шектеді. Техниткаларды, жабдықтарды және
қор бөлшектерін сатып алу мөлшері де күрт қысқарды. Жаңа техникаларға деген
қымбат баға, қолда бар ескі техникалардың сапасының нашарлығы салдарынан
егіс мерзімдері дұрыс сақталмай, егістердің ластығы күшейіп және терімдерді
жинау сапасы да нашарлады. Жақын уақыттарда ауыл тауар өндірушілерімен ауыл
шаруашылығы өндірісіне деген салынатын инвестициялар көлемі жоғары емес
қарқында жүргізілетін болады және жоғары емес шығындарды қажет ететін
технологиялар және жаңашылдықтар есепке алынатын болады.
Фактілі түрде қазіргі күндері Қазақстанның оңтүстік аймақтарында егін
өсіру үшін жүйеге келтірілген, иғылыми – негізделгеннольдік және минимальды
технологияларды пайдалану әлі жоқ. Күріш және басқа да дақылдарды тікелей
егу үшін техника қажет және гербицидтер қажет. Зәктету бойынша егу
технологиясымен бірге нольдікминимальды технологияларды ендіру аймақтың
егістілігін біршама жақсартқан болар еді.
Маңыздылығы жөнінен үшінші басты проблема болып аудан үшін нарықта
сұраныспен пайдаланылатын егілетін дақылдардың әртүрлілігін арттыру
саналады, ол ауданның тұрақты дамуы үшін суландыруға пайдаланылатын суды
рационалды пайдалануға, сонымен қатар жергілікті тұрғындардың әлеуметтік
жағдайларын жақсартуға мүмкіндік берген болар еді. Қызылорда облысы
пайданың деңгейі төмен болып келетін аудандар тобына жатқызылады, әсіресе
ауылды жерлері, және фермерлер, сонымен қатар ауданның тұтас алғанда
экономикалық жағдайын көтеру өндіріске жоғары өнімділіктегі дақылдарды,
яғни рентабельділігі жоғары өнімдерді (егілетін дақылдардың түрлерін
жақсарту және ұлғайту) енгізумен байланысты. Егін өсіруді
диверсификациялаудың негізгі бағыттары болып – дәндік әртүрлілікті кеңейту
және техникалық дақылдар түрін кеңейту, бірінші кезекте, майлы дақылдар
көлемін арттыру болып табылады. Олай болса, ауданның халқының экономикалық
жағдайын жақсарту негізінен өндіріске шөлге төзімді (егілетін егіннің
қатарын жақсарту) жоғары рентабельділіктегі дақылдарды егуді ендірумен
тікелей байланысты.
Аудан үшін маңыздылығы жағынан төртінші проблема болып суландыру
суының минералдылығының жоғары болу шартында және минералданған жер асты
суы жер бетіне жақын болған жағдайында дақылдарды диверсификациялау үшін су
– сақтаушы суғару техникасының қымбат емес және тиімді түрлерінің жоқтығы
саналады. Аудан үшін тиімді және қымбат емес су сақтайтын суғару
технологиясы және суландыру суының минералдылығының жоғары болу шартында
және минералданған жер асты суы жер бетіне жақын болған жағдайында
диверсификацияланған дақылдар үшін тиімді техника өте қажет болып саналады.
Қазіргі уақытта көптеген құрғаққа төзімді дақылдарды күріштік жүйелерде
өсіреді, ол инженерлі – дайындау жерлерін тиімді пайдалану проблемасын
шешуге мүмкіндік береді. Негізінен, егін дақылдарын күріштен соң ағызу
арқылы суландырады, нәтижесінде егіндер минералданған жер асты суларының
жоғары көтерілуі салдарынан және топырақтарда сорлардың түзілуінен өлуге
ұшырайды. Тиімді қадамдардың бірі болып шашырату арқылы (bed – planting
texnology) егу технологиясын пайдалану есептеледі.
Жақын арада СИММИТ пен басталған Қазақстандағы дақылдарды егудің үлкен
емес технологиялық эксперименттері тек қана өнімділікті жоғарылатуға ғана
емес, сонымен бірге едәуір дәрежеде (40%) суландыру үшін жұмсалатын су
мөлшерін үнемдеуге, дәндерді егу нормасын азайтуға, топырақтарды өңдеу үшін
жұмсалатын шығынды азайтуға және сонымен бірге жанғыш материалдар шығыын
және т.б. азайтуға мүмкіндік туындайтынын көрсетті. Мұнда топырақтың
жағдайы жақсарады. Борозда бойынша дақылдарды егу топырақты өңдеудің
минимальдынольдік технологиямен бірге алғанда егін егудің рентабельділігін
жоғарылатуды қамтамасыз етуге, жақсартылған диверсификациялық айналымды
жүргізуге, терім және егу арасындағы мерзімдерді минимумға дейін жеткізуге,
жылына кемінде екі рет терім жүргізуге мүмкіндік береді. Егін айналымында
әртүрлі дақылдарды күрішпен осы технологиялар көмегімен бөлісу
республикамыздың оң жақ жерлерінде егін егу рентабельділігін жақсартуға
мүмкіндік береді. Жылына екі рет терім жүргізу көккейкесті проблема болып
саналады және Оңтүстік Қазақстан облысы үшін нақты жүзеге асырылатын
жағдай. Атап айтқан нөлдік технология және тұрақты бороздалар бойынша егу
технологиясы осы маңызды экономикалық мәселені шешудің тиімді жолы болуы
мүмкін.
Аудан үшін маңыздылығы жөнінен бесінші проблема болып жаңа
технологиялардың ретке келтірілген жүйесін енгізу саналады. Ресурс- және
сусақтаушы технологияны және егін егудің рентабельді диверсификацияланған
жүйесін сәтті енгізудің негізгі элементі болып фермерлерді жаңа
технологияларға үйрету, фермерлердің осы технологияларды шаруашылықта
зерттеушілік жергілікті ұйымдар мамандарымен біргелікте бағалауы саналады,
ол өндірістің тұрақтылығын және рентабельділігін арттыру үшін өте маңызды.
Жаңа технологиялармен танысу және жергілікті тұрғындардың кең қабатының бет
алысымен, әкімшіліктік жұмысшылар, мамандармен массалы ақпараттар
құралдары, конференциялар, егін күндері және т.б. мәжілістер арқылы танысуы
аграрлық сектордың жалпы деңгейін жоғарылату үшін өте маңызды.
Олай болса, ауданның аграрлық сектордың жағдайын талдай отырып,
Қазақстанның оңтүстігі суғарылатын жерлері үшін ресурс- және сусақтаушы
технологияларды және егін егу ісінің рентабельді диверсификацияланған
жүйелерін енгіу көкйкесті мәселе, ол орта және жағдайлары төмен
фермерлердің экономикалық жағдайларын едәуір жақсартуға мүмкіндік береді.
Күрішті егудің нольдікминимальды технологиясын енгізу бойынша негізгі
жетістіктер Бразилия және Мексикамен және басқа да оңтүстік америкалық
елдермен – күріш өндірушілермен, сонымен қатар АҚШ – пен байланысты. Егер
күріштің әлемдік көлемі 2005 жылы 412,3 млн тонна болса, онда Бразилияға
осы жалпы көлемнің 7 млн тонна үлесі тиесілі, ал АҚШ – 6,74 млн тоннаға ие.
Елдерде – күріштің негізгі өндірушілерінде нольдік минимальды
технологияның әлсіз таралуы, ондағы қолданылатын әдіс үшін сол жерлердің
жеткілікті су- және ресурссақтауға ие екендігімен, одан басқа, бұл
технологияларды Қазақстанда қолданылатын нольдікминимальды технологияларға
транформациялау күрделі және ресурсшығындарына ие екендігіне байланысты. Өз
кезегінде қазіргі уақытта нольдікминимальды технологияларды пайдалынып
жүрген күріш өндіру елдеріндегі ертеде қолданылған технологиялар жалпы
алғанда қазіргі уақытта Қазақстанда қолданылып жатқан технологияларға ұқсас
болып келеді.
Бірақ соңғы жылдары Үндістанда, Бангладеште және Пакистанда, фермерлер
бидай өсіріп бастап және бидайды жинаудан соң тұрақты пал және атыздарды
пайдалана отырып күріш өсіреді, себебі Пакистанда аталған әдіс тұздалған
топырақтарда, яғни Қызылорда облысының жерлеріне ұқсас жерлерде кең
таралған. Үндістанда тұрақты атыздар мен палдарда күрішті бидайдан кейін
егудің технологияларын жасау басталуда. Үндістанның солтүстік – батысында
және Орталық Пакистанда күріштен соң тұрақты атыздарда бидай өсірумен
айналысатын екі милиондай гектар жер қарастырылған. Соңғы уақыттарда
Бангладеште жүгеріден кейін тұрақты атыздарда күрішті отырғызып егін егу
бойынша технологиялар жасалуда, Үндістанда – бидайдан кейін егу таралған.
БҰҰ Ұйымының азық түлік және шаруашылығы (ФАО) және Қазақстанның
Республикасының Үкіметі арасындағы 2002 жылы түзілген келісім шарты бойынша
ғылыми – техникалық жоба ТСРКАZ2801 (Т) Солтүстік Қазақстанда
ауылшаруашылық дақылдарының тұрақты өндірісін дамыту үшін топырақтарды
сақтау бойынша технологияларды пайдалану 2002-2004жж арасында сәтті
жүргізіліп келеді. Аталған жобаның мақсаты болып Солтүстік Қазақстан
фермерлік шаруашылықтарында бидай егу үшін топырақты сақтау технологияларын
сынау есептеледі. Агрономиялық және экономикалық зерттеулердің нәтижелері
Солтүстік Қазақстанда дақылдарды бөліп егу бойынша нольдік технологияның
тиімді екендігін көрсетті. Жобаның арқасында Қазақстанда сериялы
өндірілетін сеялкалар модификациясы негізінде тікелей жергілікті сеялка
(егу) жасалды. Тікелей егу үшін жергілікті арзан меншікті еккіштерді өндіру
мүмкіндігі, сонымен қатар Қазақстанда гербецидтер және тыңайтқыштардың
өндірісінің жақсы ретке келтірілгендігі фактісі (басқаша айтқанда, нольдік
технологияның барлық компоненттері бар) тек бидайды ғана емес, сонымен
бірге басқа да шаруашылықтық дақылдарды богарда бөліп егу үшін тікелей егу
жүйесін кең масштабты пайдаланудың нақты жүзеге асатындығы туралы мәселені
нақтылайды, бірақ күріш егу үшін қолданылатын технологияны модификациялау
қажет.
Бірақ Қызылорда облысының айрықша шарттары тікелей жасалған
технологияларды тікелей экстрааридты климат және тұздалған топырақ
шарттарына адаптациялаусыз импорттауға мүмкіндік бермейді. Соған сай, ҒЗЖ
сәтті тарату интеграциялауды талап етеді және басқа елдердің
оқымыстыларымен кооперациялауды жүргізуді қажет етеді.

1.3 Алдыңғы жылдарда орындалған ҒЗЖ негізгі нәтижелері
Тұздалған топырақтың құнарлылығын арттыру бағытында Қарағанды
бассейнінен алынған көмірден жасалған натрий гуматы, Жер Нұры 1 – топырақты
азотпен байытушы; препарат – стимуляторлар: Нұр 3 және Мэрс; активтелген
көмір Нургум және отандық өндірістің күрделі араласқан тыңайытқыштарынан
тұратын топырақжақсартушыларды қолдану тиімділігі анықталған. Олар
минералды тыңайытқыштармен оптимальды дозаларда немесе олармен салыстырыла
отырып зерттелген. Топырақтары тұздалған орындардағы күріштерге мырыштың
тиімділігі анықталды.
Жергілікті қалдықты шикізаттардан биотыңайытқыштар өндірісі
технологиясын жасау бағытында күріш шелухасынан компоста дайындау үшін
әрекеттер жасалды. Компосттың тәжірибелік өндірісі шелуханы аэробты және
анаэробты микроорганизмдер көмегімен ашыту жолымен ашыту арқылы жүргізілді.
Дайын өнім күріште зерттелді және нәтижелері сенімді және екіншілік өндіріс
технологиясын іздеу және одан ары зерттеулер жүргізу үшін жаңа жарқын
жолдарды ашты.

1.4 Зерттеулер мақсаты және міндеттері
Зерттеулер мақсаты – топырақты өңдеудің минимальды шамасында күрішті
бөліп егудің ресурссақтау технологиясын жасау, егудің атыздық – палдық
тәсілін пайдалану, аудандалған және күріштің перспективті сорттарына
арналған агротехникаларды жасау, күріштік айналымды дақылдарды
диверсификациялау, сонымен қатар биотыңайытқыштардың жаңа түрлерін, жаңа
ресурссақтаушы құралдары көмір өнеркәсібі қалдықтары және арзан
синтетикалық көпзарядты полимерлі қосылыстарды пайдалана отырып алып
пайдалану жолымен топырақтар құнарлылығын қалпына келтіру болып табылады.
Зерттеудің міндеттері 2006 ж.;
1. Топырақ қорғауш ресурс- және сусақтаушы күріш егу
технологиясын тығыздатылған қадамдық горизонт негізінде,
тікелей егу, нольдік және атыз – палдық технологиялар
негізінде жасап және суландырылатын егін шаруашылығы
жергілікті шарттарына адаптациялауды жүргізу.
2. Қызылша, люцерна және сояны күріш айналымында атыздық –
палдық технология негізінде суландырудың сусақтаушы
режимдерін жасау, жалып сутұтыну мөлшерін анықтау және
люцернаның 1 жылдық өміріндегі әртүрлі суландыру режиміндегі
сутұтыну коэффициентін анықтау және соя үшін анықтау,
сонымен бірге суландырудың ең тиімді режимдерін анықтау.
3. Жергілікті селекцияда ауданға үйренген және перспективті
сорттары үшін сорттық агротехниканы (минералды тыңайытқыштар
оптимальды дозаларын) жасау.
4. Стимулятор Мэрс, топырақжақсартқыштар Жер Нуры және
Қарағанды бассейнінің балансты көмірлерінен жасалған натрий
гуматымен бірлестіре отырып минералды тыңайытқыштардың
оптимальды дозсы, отандық өндірістің сорбенттерінің
топырақтың тұздылығына және суландыру суына әсерін зерттеу,
егіннің суландырылу шарттарын жақсарту, Аралмаңы тұздалған
топырақтарында дәннің сапасын кіші тәжірбелер жүргізе отырып
жоғарылату.
5. Биотыңайытқыштардың және ашыту жозаларының (штамм №1 және 2)
оптимальды компоненттерін, солома және күріш шелухасының
толық ыдырауы үшін оптимальды дозаларды анықтау, анаэробты
микроорганизмдермен ыдырайтын күріш соломасы және
шелухасынан жасалған биотыңайытқыштардың әртүрінің (штамм №1
және №2) вегетациялық және лабораториялық тәжірибелерде
әсерлерін зерттеу, ауыр металдарға және NPK мөлшеріне
компоста сапасына анықтау жүргізу, компостсақтаушының
жетілдірілген типін тұрғызу бойынша ұсыныстарды беру.

2. Тәжірибелер схемалары. Зерттеулер әдістемелері
2.1 Зерттеулер бағытын таңдау
Қазақстандық Аралмаңында топырақтағы қоректену элементтерінің
мөлшеріне және ондағы егілетін дақылдардың түріне байланысты минералды
тыңайытқыштарды қолданудың технологиясы жасалуда. Өндіріске енгізу үшін
жылжымалы фосформен топырақта лугово – батпақтылықты қамтамасыз ету
индексінің жетілдірілген градациясы ұсынылуда, мұнда күріш егіні
айналымында күріш дәнінің ең жоғары терімі (55-60 цга) құрылымданады, бұл
негізінен топырақ құрамында жылжымалы фосфордың мөлшері 21-25 мгкг
болғанда байқалады; жармалы бидайда – (25-30 цга), жылжымалы фосфор
мөлшері 22-28 мгкг болғанда байқалған; ал люцерна (70-85 цга) және донник
(75-90 цга) жылжымалы фосфор мөлшері 30-35 мгкг болғанда байқалады.
Топырақтың жылжымалы фосформен қамтамасыз етілгендігі индексінің жаңа
градациясы Мачиган бойынша Р2О5 мөлшерін 5-6 мгкг кему жағына қарай
ығыстыруда, ол 45-54 кгга фосфорлы тыңайытқышты үнемдеуге мүмкіндік
береді, ал ол өз кезегінде күріштің және басқа да дақыл айналымы үшін егін
ауданына шаққанда өте жоғары болып табылады. Топырақтағы жылжымалы
фосфордың мөлшеріне байланысты жоспарланып отырған терімділік деңгейі 60-
120 кгга, азот мөлшері 60-150 кгга және калий мөлшері 45-90 кгга болып
табылады.
Бірақ жасалған технологиялар келесі проблемаларды толықтай шешуге
мүмкіндік бермеді:
- суландыру үшін қолданылатын судың тұздылығын және топырақтың
сор тұзын;
- топырақта гумустың мөлшерінің және биогенді элементтердің
мөлшерінің экологиялық қауіпсіз деңгейге дейін жеткізуді;
- топырақ құрамынан токсикалық (уытты) заттардың ауылшаруашылық
дақылдарының теріміне түсуін төмендетуді;
- тыңайытқыштардың тиімділігін жоғарылатуды.
Осы проблемаларды шешудің ең перспективті жолы болып минералды
тыңайытқыштарды топырақтағы қоректендіру элементтерінің мөлшеріне
байланысты дұрыс қатынаста өнеркәсіп қалдықтарынан алынған мелиоранттармен
және өсіру стимуляторларымен бірге пайдалану технологиясын жасау саналады.
Одан басқа, көптеген шаруашылықтар минералды тыңайытқыштардың
бағасының қымбат болуы салдарынан оларды экономикалық ақталған немесе
бекітілген дозаларда пайдаланбайды. Алынған элементтерді топырақ құрамына
қайтаруды берілген мөлшерде жүргізбеу автоматты түрде топырақтың
деградациялануына алып келеді. Қызылорда облысы үшін осы аталған жағдайдан
шығудың бір жолы жергілікті мақсаттағы кен орны фосфориттері және
ауылшаруашылығы өнімдері қалдықтары негізінде, әсіресе күріш сабаны және
шелухасы негізінде меншікті агрохимиялық өндірісті ұйымдастыру болып
табылады.
Күріш шелухасы (КШ) күрішті тазалау кезінде түзіледі, оның жыл сайынғы
жаңартылып отырылатын көлемі 6,0 мың тонна құрайды. Шелуханың құрамында
бағалы компонент – кремнийдің үлесі 15 пайыз, органикалық заттар көлемі –
80 пайыз, микроэлементтердің мөлшері (К, Мg, Р) – 5 пайыз. Шелуха күріш
тазалаушы зауыттар маңын шашыла отырып зауыт территориясының ауа
атмосферасына өзінің теріс әсерін тигізеді.

2.4 Тіркеулер, бақылаулар және талдаулар
Топырақтың құнарлылығн қалпына келтіру бойынша жүргізілген тәжірибелік
жұмыстарда күріш өсімдігінің өсуі және дамуын фенологиялық бақылау
вегетациялық период негізгі фазалары бойынша жүргізіледі, сонымен қатар
өсімдіктер тұруының қалыңдығын санау және жиым терімнің құрылымын талдау -
өсімдіктердің толық піскендігі фазасында орын алады.
Зерттеу әдістері: далалық және лабораториялық болып келеді.
Топырақтың, өсімдіктердің және судың, сонымен қатар суландыру суының
тұздық құрамына агрохимиялық талдаулар жүргізу үшін химиялық талдаулардың
заманға сай тәсілдері таңдалып алынған.
Өсімдіктерге талдаулар жүргізу:
1. Бір сынамада азоттың, фосфордың, калийдің, магнийдің,
натрийдің, кальцийдің мөлшерін анықтау
2. Барнштейн әдісі бойынша ақуыздық және ақуыздық емес азоттың
мөлшерін анықтау
3. Инверсиялық вольтамперометрия әдісімен қорғасынның, мыстың,
кадмийдің мөлшерін анықтау
4. Бертран бойынша крахмалды анықтау
5. Рушковский бойынша май мөлшерін анықтау
6. Аминқышқылды құрамдағы анализатор приборында ақуыздар
аминқышқылдық құрамын анықтау
7. Өсімдіктегі нитраттарды анықтау

Топырақты талдау
1. Лоренц әдісі бойынша фосфор қышқылын анықтау
2. Кьельдаль әдісімен жалпы азотты анықтау
3. Тюрин И.В. әдісімен Симаков В.И. модификациясында гумусты анықтау
4. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арал өңіріндегі топырағы тұзданған суармалы егіншілік жағдайында жаздық бидай өсіру технологиясын биологизациялау
Күріш дақылының ботаникалық сипаттамасы және агробиологиялық ерекшеліктері
Күрішті сабан және шелухадан биокомпосттарды алу технологиясы
Жаздық бидайдың биологиялық ерекшеліктері. Жаздық бидайды өсіріп зерттеу орны
Қызылорда облысының жер қорын ауыл шаруашылығында тиімді пайдаланудың экономикалық-географиялық мәселелері
Минералды тыңайтқыштармен және өсімдік қорғау құралдарымен қамтамасыз ету
Күріш тамырының жүйесі - шашақ тамыр
Мақтада фотосинтез процесінің қарқындылығын зертттеу
Сырдария өзені алабының төменгі бөлігін ГАЖ технологиясымен зерттеу
Күріш дақыл сорттарына ауыр металлмен тұздың кешенді әсері
Пәндер