Адастырушы діни ағымдар



Бүгінгі археология, антропология ғылымдары діни сенім-наным жолдары мен жүйелерінің тым ерте дәуірлерден бері адамзаттың даму, өркендеу және кемелдену барысымен біте қайнаса жалғасып келе жатқанын дәлелдейді. Кейбір биохимия және генетика саласы ғалымдары (Rebecca Cann, Mark Stoneking, Douglas Wallace) дүниежүзінің көптеген аймақтарындағы адам нәсілдерінің генетикалық ерекшеліктерін салыстыра отырып, бүгінгі адамзаттың түр-тұқиянында бір атадан тарағаны туралы қорытынды жасаған. АҚШ-тағы Станфорд университеті профессорларынан Луиги Лука Кавалли-Сфорза (Luigi Luca Cavalli-Sforza) және әріптестері 40 жыл бойы дүниежүзіндегі 5 мыңдай тілді зерттей келе, оларды ірілі-ұсақты 17 топқа бөліп, түп негізінде барлық тілдер бір көне тілден тараған деген тұжырымға келген. АҚШ Коломбия университетінен Ральф Солеки (Ralph Solecki) Солтүстік Ирақтағы Шанидар (Shanidar) үңгірінде 1957 жылы жүргізген қазба жұмыстарында табылған заттар осыдан 60 мың жыл бұрын өмір сүрген неандерталь адамдарының діни нанымының болғандығын дәлелдеген (көбірек мәлімет үшін мына еңбекті оқыңыз: Roger Lewin, The Origin of Modern Humans, W.H. Freeman and Co., New York, 1993).
Адамзаттың ойлау деңгейі биіктеген сайын, ғылым-білім саласындағы табыстар көбейіп, өркениет сатысы өрлеген сайын, діннің қоғам өміріндегі рөлі мен маңыздылығы да күшейе берген. Адам баласының дамуы мен діни сана-сезім және қатынастардың да дамуы бірге жүрген десек қате болмас. Көне Мысырдағы перғауындардың ел мен дінді қатар билеуі, Рим императорларының ең биік діни мәнсапқа ие болуы, Үндістанды билеген Ашоканың (м.б. ІІІ ғ.) буддизмді тарату жолындағы қанды жорықтары, христиандардың шармық (крест) жорықтары, пайғамбарлардың ғибратты өмірі зерттелгенде тарихтағы ең елеулі уақиғалардың басы қасында діннің жүргендігі байқалады. Алып мемлекеттердің күйреуі яки пайда болуы, төңкерістер, соғыстар, көштер көбінде не белгілі бір дінді жою үшін немесе белгілі бір дінді орнату яки тарату үшін жасалған. Осы соқтықпалы-соқпақты жолды бастан кешкен адам баласы діннің ең кәміл формасы ретінде исламға қол жеткізді. Миладтан кейінгі VII-ғасырда әз елші Мұхаммед Абдұллаһұлы (569-632) арқылы күллі адамзатқа жіберілген ислам діні Жаратушының жаратылғандарға жіберген ең соңғы һәм ең кәміл өмір сүру, ойлау, сезіну, ұйымдасу және даму жолын ұсынды...
Адам баласы жаратылысындағы оң және теріс қабілеттері, күшті һәм әлсіз жақтары бойынша Жаратушының саф дініне қол сұға отырып, көпшілік жағдайларда дінді бұрмалап, дінге өзгерістер енгізіп, діннің бақилық сипатын фәнилендіріп, ізгілік пен бақытқа жеткізуші арнасын ауыстыруға талпынумен болды. Тарихта болған күрделі уақиғаларды терең зерттегенімізде есі сау адамға қорқынышты яки жиіркенішті көрінуге

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
АДАСТЫРУШЫ ДІНИ АҒЫМДАР

Бүгінгі археология, антропология ғылымдары діни сенім-наным жолдары мен
жүйелерінің тым ерте дәуірлерден бері адамзаттың даму, өркендеу және
кемелдену барысымен біте қайнаса жалғасып келе жатқанын дәлелдейді. Кейбір
биохимия және генетика саласы ғалымдары (Rebecca Cann, Mark Stoneking,
Douglas Wallace) дүниежүзінің көптеген аймақтарындағы адам нәсілдерінің
генетикалық ерекшеліктерін салыстыра отырып, бүгінгі адамзаттың түр-
тұқиянында бір атадан тарағаны туралы қорытынды жасаған. АҚШ-тағы Станфорд
университеті профессорларынан Луиги Лука Кавалли-Сфорза (Luigi Luca Cavalli-
Sforza) және әріптестері 40 жыл бойы дүниежүзіндегі 5 мыңдай тілді зерттей
келе, оларды ірілі-ұсақты 17 топқа бөліп, түп негізінде барлық тілдер бір
көне тілден тараған деген тұжырымға келген. АҚШ Коломбия университетінен
Ральф Солеки (Ralph Solecki) Солтүстік Ирақтағы Шанидар (Shanidar)
үңгірінде 1957 жылы жүргізген қазба жұмыстарында табылған заттар осыдан 60
мың жыл бұрын өмір сүрген неандерталь адамдарының діни нанымының
болғандығын дәлелдеген (көбірек мәлімет үшін мына еңбекті оқыңыз: Roger
Lewin, The Origin of Modern Humans, W.H. Freeman and Co., New York, 1993).
Адамзаттың ойлау деңгейі биіктеген сайын, ғылым-білім саласындағы табыстар
көбейіп, өркениет сатысы өрлеген сайын, діннің қоғам өміріндегі рөлі мен
маңыздылығы да күшейе берген. Адам баласының дамуы мен діни сана-сезім және
қатынастардың да дамуы бірге жүрген десек қате болмас. Көне Мысырдағы
перғауындардың ел мен дінді қатар билеуі, Рим императорларының ең биік діни
мәнсапқа ие болуы, Үндістанды билеген Ашоканың (м.б. ІІІ ғ.) буддизмді
тарату жолындағы қанды жорықтары, христиандардың шармық (крест) жорықтары,
пайғамбарлардың ғибратты өмірі зерттелгенде тарихтағы ең елеулі
уақиғалардың басы қасында діннің жүргендігі байқалады. Алып мемлекеттердің
күйреуі яки пайда болуы, төңкерістер, соғыстар, көштер көбінде не белгілі
бір дінді жою үшін немесе белгілі бір дінді орнату яки тарату үшін
жасалған. Осы соқтықпалы-соқпақты жолды бастан кешкен адам баласы діннің ең
кәміл формасы ретінде исламға қол жеткізді. Миладтан кейінгі VII-ғасырда әз
елші Мұхаммед Абдұллаһұлы (569-632) арқылы күллі адамзатқа жіберілген ислам
діні Жаратушының жаратылғандарға жіберген ең соңғы һәм ең кәміл өмір сүру,
ойлау, сезіну, ұйымдасу және даму жолын ұсынды...
Адам баласы жаратылысындағы оң және теріс қабілеттері, күшті һәм әлсіз
жақтары бойынша Жаратушының саф дініне қол сұға отырып, көпшілік
жағдайларда дінді бұрмалап, дінге өзгерістер енгізіп, діннің бақилық
сипатын фәнилендіріп, ізгілік пен бақытқа жеткізуші арнасын ауыстыруға
талпынумен болды. Тарихта болған күрделі уақиғаларды терең зерттегенімізде
есі сау адамға қорқынышты яки жиіркенішті көрінуге тиісті көптеген іс-
амалдардың дін үшін немесе діншіл атанған топтың бастамасымен
болғандығын көреміз. Еуропадағы инквизация жылдарында (1184-1834) шіркеудің
бұйрығымен өлтірілген он мыңдаған ғалымдар, кінәсіз өртелген жүз мыңдаған
әйелдер, Америкада еш жазықсыз қырылған миллиондаған үндістер, Африкада
құлдыққа әкетілген миллиондаған бейкүнә адамдар т.т. осы пікіріміздің
айғағы. Әлемдегі барлық діндер өзінің негізгі формасынан ауытқып, басты
мақсатынан ажыратылған тұста діндердің ішінен діндер бөлініп шығып, олардың
өзі қырқысып, ондаған, тіпті, жүздеген бағыттарға бөлініп, бүгінгі аса
күрделі һәм бақылануы неғайбыл діни ахуал пайда болды. Мұсылмандар да осы
фәнилендіру зобалаңының, дінге іріткі салу фитнәсінің қиянатшыл уә жойқын
тепкісіне душар болды. Пайғамбарымыздың кезінде бөлінбеген және Құранда
ешқашанда жіктерге бөлінбеңдер! (Құран, Әли Имран сүресі, 3103)
бұйрығының болғанына қарамастан мұсылмандар бастапқыда саяси топтарға
бөлінді, оның арты сенім және құқық қағидалары бойынша жіктелуге ұласты.
Осы бөлінудің мұсылмандарға еш жақсылық әкелмегені, әлбетте, белгілі.
Алайда, бүгінгі діндер және мәзһәб уә тариқаттардың (конфессиялар уә
секталар) пайда болу және қалыптасу тарихын аса мұқияттылықпен зерттеп,
талдап, ғибрат алған жөн. Тек қана Аллаһ Тағаланың меншігіндегі діни
алаңға фәнилердің қол сұғуы жалғасқан сайын, дін ішіндегі бөлінушілік
болған сайын, ізгілік пен бақытқа кенелтетін діннің, өкінішке қарай, азап
пен адасушылыққа апаратын сипатқа ие болатынына куә боламыз. Осындайда,
белгілі философ һәм идеолог Карл Маркстың (1818-1883) дін – халықтың
апиыны деген мәшһүр сөзі еріксіз еске түседі. Карл Маркстың йаһұди (еврей)
жанұяда дүниеге келіп, христиан қоғамда өскендігін ескергенде, оның
түсінігіндегі діннің қандай дін екені өздігінен белгілі. Дегенмен,
ізгілікке баулитын сипатынан айырылған және фәни пенделерге яки пұттарға
құлдық ұруға үгіттейтін діннің шын мәнінде апиын болатыны да даусыз...
Фәнилердің қол сұғуы мен бұрмалауына ұшыраған өзге діндерден исламның басты
ерекшелігі һәм артықшылығы – оның негізгі бұлағы Құранның қол сұғушылық пен
бұрмалаушылықтан ада болғандығында. Фәнилер қанша тырысқанымен Аллаһ
Тағаланың кітабы пайғамбарымызға түсірілген күйінде ғасырлар бойы сафтығын,
хақтығын сақтап келеді. Исламға қол сұғушылық Құран аяттарын өзгерту арқылы
емес, аяттардың мағыналарын бұрмалау және Құранға жанама бұлақтарды ойлап
шығарып, солар арқылы тұрмыстағы дінге жаңалықтар мен өзгерістер енгізу
арқылы болған. Бүгін ислам атын жамылып жүрген көптеген ағымдардың өзара
тіл табыса алмай жүргені де сондықтан. Оның ішінде, бастапқыда болғанындай,
саяси мақсатты көздейтіндер, дінді билікке келудің құралы етіп пайдаланғысы
келетіндер, дінді табыс көзіне айналдырғандар мен исламды жойғысы келетін
сыртқы күштердің әрекеттері бар екені белгілі. Демек, Аллаһ Тағаланың саф
дінін түсіну және мұсылман үмметі ішінде Құранның айқын бұйрықтарына қайшы
пайда болған алауыздықты жою үшін жасалатын бір ғана нәрсе бар – Құранға
жүгіну және оны басшылыққа алу. Сонда ғана мұсылмандар арасында келісім мен
түсіністік пайда болады.
Құранның мына бұйрықтарын мүлтіксіз түсініп, орындаған жөн:
Үкім тек Аллаһтікі ғана! Ол тек Өзіне ғана құлшылық етулеріңді әмір етті.
Міне, көнермейтін ең нағыз хақ дін осы! Алайда, адамдардың көбі білмейді!
(Құран, Йұсұф сүресі, 1240)
Көздеріңді ашыңдар! Әбден жақсылап біліңдер-кім, тек Аллаһтың діні ғана
нағыз шынайы дін! Аллаһты тастап, басқаларды өздеріне әулие етіп алғандар:
Біз оларға тек бізді Аллаһқа жақындатулары үшін ғана құлшылық етудеміз!,
дейді. Күдіксіз, Аллаһ олар өз араларында пікір таласқа түскен мәселе
бойынша үкім бермек. Расында, Аллаһ өтірікші және опасыз, шүкірсіз адамды
тура жолға салмайды! (Құран, Зұмер сүресі, 393)
Күдіксіз, мұминдер бауырлар-дүр! Ондай болса, бауырларыңның арасын
татуластырыңдар! (Құран, Хұжұрат сүресі, 4910)
Аллаһтың желісінен бәрің бірге жабыса ұстаңдар және ешқашанда жіктерге
бөлінбеңдер! (Құран, Әли Имран сүресі, 3103)
Жоғарыдағы аяттардың талаптары көрініп тұр. Енді, бұрмаланған діннің,
фәнилердің қол сұғуына ұшырап, рухани қанау қолшоқпарына айналған нахақ
жолдардың адамзатқа қаншалықты зиянды бола алатынын нақты мысалдармен
келтірейік:
Африканың кіндігінде орналасқан Уганда еліндегі Канунгу қалашығында 18
наурыз 2000 жылы Құдайдың 10 бұйрығын жаңғырту (Restoration of the Ten
Commandments of God) христиан сектасына мүше 500-ден астам адам өздерін
өртеп өлтірген. Секта көсемі Жозеф Кибветере (Joseph Kibweteere) секта
мүшелерінің бәрін бір салтанатты мұрасымға шақырып, дастарқан дайындаған
екен. Жас балалар мен көпшілігі әйелдерден құралған өзін-өзі өлтіру
жамағаты шіркеудің есік-терезелерін жауып, алдымен діни әндер айтып, билеп,
сонсоң өздерін өртеп жіберген. Өрт өшіру қызметі анықтағандай, суицид амалы
барысында мүшелер арасында жанжал болмаған. Жозеф Кибветере 31 желтоқсан
1999 жылы қиямет қайым болады, барлық мүліктеріңді сатыңдар, деп
үгіттеген. Айтылған уақытта еш нәрсе болмаған соң ол болжамын 31 желтоқсан
2000 жыл деп өзгертеді. Бұл да болмаған соң араға бірнеше ай уақыт салып,
пенделерімен массалық суицидті уйымдастырады. Уганда Сыртқы істер министрі
Амама Мбабази (Amama Mbabazi) баспасөзге берген сұхбатында үкіметтің осы
секта жөнінде мағлұматы болмағанын, егер болғанда тиісті шараларды алдын
ала қолдануға болатындығын айтқан. Ол, сонымен қатар, діни жамағаттарды
бақылауды күшейтудің қажет екенін білдірген. Уганданың солтүстігінде 1980-
ші жылдары қалыптасқан Киелі Рух қозғалысы (The Holy Spirit Movement) деп
аталатын христиан сектасы да жүздеген адамдарды өзін-өзі өлтіруге
итермелеген-ді...
Адастырушы діни ағымдар мен секталардың қаншалықты қауіпті һәм кесапатты
екенін көрсететін жуық тарихта болған тағы бір мысалды айталық: АҚШ азаматы
христиан көсемі Жим Жонс (Jim Jones) 1957 жылы Халықтың ғибадатханасы
(The People’s Temple) деп аталатын сектаны бастайды. Ол өзін Иса Мәсіх пен
Лениннің тірілген формасы санайтын, ядролық қырғын ұйымдастыруды көздейтін.
Өзіне бағынған адамдармен бірге Оңтүстік Америкадағы Гуянаға көшіп барып,
өз атындағы Жонстаун (Jonestown) деген қалашықты салады. Осы жерді екі жыл
мекендеген ол 1978 жылы 638 ересек және 294 жас өспірім, жиыны 932 мүридіне
цианид ішіп өлуді бұйырады. Бұйрықты орындамағандарды атып өлтірген. Сонда,
Жонсты және оның мүридтерін өз өздерін өлтіруге итермелеген қандай күш,
қандай сенім еді? Осыншама жүздеген адамның ішінен ақыл-есі сау бір кісінің
де табылмағанын қалай түсіндіреміз? Әрине, бұл дін психологтары мен дін
социологтарының зерттеу тақырыбы. Біздің айтпағымыз, қандай теріс дін болса
да, көр-соқыр сенімнің дүлей күшінің орасандығы...
АҚШ-тың Техас штатындағы Вако елді мекенінде 1993 жылғы көкекте болған
қанды қырғын күллі әлем жұртшылығының назарын аударған-ды. Бұл жерде
христиан секта көсемі Дейвид Корештің (David Koresh) фермасы орналасқан.
Кореш мұнда 80 мүридімен тұратын. Ол өзін дүниенің соңғы кезеңінде жер
бетіне келіп Құдай патшалығын орнататын Иса Мәсіх деп жариялаған. АҚШ құқық
қорғау органдары фермаға кіруге әрекет қылғанда секта мүшелерінің табанды
қарсылығына тап болады. 51 күнге ұласқан қоршаудың ең соңғы күні Кореш
мүридтеріне өз-өздерін өлтіруді бұйырады. Сақшылармен болған қақтығыс және
өрт салдарынан сектаға мүше 86 адам көз жұмады.
Әлемнің ең бай елдерінен Швейцарияда 1987 жылы Лук Журет (Luc Jouret, 1947-
1994) және Жозеф ди Мамбро (Joseph di Mambro, 1926-1995) негізін қалаған
Күн ғибадатханасы низамы (The Order of The Solar Temple) атты адамдарды
зомбиге айналдыратын сектаны айтпасқа болмайды. Оның негізінде күнге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы діни бірлестіктер
Діни бостандықтың қоғамдық өмірге әсері
Сопылық - исламның рухы
Ұлтымыздың болашағы - діни бірлігімізде
Діни бірлестіктердің құқықтық жағдайы
Христиан діні әлемдік дін
Діни ұйымдар мен топтар
Ұлт мәдениетінің, ауыз әдебиеті үлгілерімен діни көзқарастар
Діннің мемлекет пен ұлт қалыптастырудағы рөлі
Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер
Пәндер