Отбасы және неке ұғымы



Жоспар:

1. Отбасы және неке ұғымы

2. Неке және отбасын құқықтық реттеу

3. Некеге тұру шарттары

4. Некеге тұру тәртібі

5.Отбасындағы ерлі . зайыптылардың құқығы
1.Отбасы және неке ұғымы. Отбасы – табиғи, биологиялық, рухани және материалдық қатынастардың жиынтығы. Дүние жүзінің қай елінде болмасын мемлекет отбасын қорғайды, Қазақстан Республикасында да мемлекет отбасын өз қамқорлығына алады және отбасындағы қатынастарды арнайы қабылданған заңдар арқылы реттейді. Біздің еліміздегі отбасы қатынастарын реттейтін құқықтың дербес саласы отбасы құқығы болып есептеледі.
Отбасы – заңнамада жиі қолданылатын әлеуметтік ұғым. Бұл ұғымға әр түрлі ғылым салалары өзінше жауап береді.
1998 жылы Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» заңына сәйкес: отбасы дегеніміз – некеден, туыстықтан, дүниеге бала келіп оны тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын өзара жәрдемдесуге тиісті адамдардың тобы. Отбасы мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтармен міндеттерді туындатады. Туыстық қатынастар, некенің болуы, бала, бала асырап алу, т.б. негіздер отбасының ең басты белгілері. Ешкімде күштеу арқылы отбасына біріктірілмейді, оның негізі туыстық, сүйіспеншілік сезімдерінен басталады. Әлеуметтік институт ретінде отбасы қоғамда бірқатар қызметтер атқарады. Олар:
1) отбасы мүшелерінің өзара көмек көрсету қызметі;
2) өмірге ұрпақ әкелу қызметі.
Неке және некенің түрлері. Қоғамда жаңа отбасының пайда болуы неке ұғымымен тікелей байланысты. Неке дегеніміз – ерлі – зайыптылардың арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатында жасалған ер мен әйелдің тең құқықты одағы. Неке одағын құру негізінде ер мен әйелдің рухани және тәндік жақындығы, бірге өмір сүру, бала тәрбиелеуге, өзара қамқор болуға деген ортақ ниеті болу керек. Махаббат, сүйіспеншілік, өзара түсіністік – отбасы бақытының қайнар бұлағы. Ешбір заң екі адамды бірін – бірі жақсы көруге күштей алмайды.
Сендер неке құру негізінде әйел мен ер адамның бірігіп өмір сүруге деген ортақ ниеті сезімдері, т. б. мақсат – мүдделерінің болуы тиіс екендігін түсінген боларсыңдар. Алайда өмірде әр түрлі жағдайлар кездесіп жатады. Заңдық негізде некелері тіркелген, бірақ жеке бастарының мүліктік , материалдық, әлеуметтік мәселелерін шешіп алу мақсатында құрылатын некенің түрі болады. Мұндай некені заңда жалған неке деп атайды. Жалған неке ерлі-зайыптылардың арасында өзара құқықтар мен міндеттер туындатпайтын отбасын құру ниетінсіз, заңда белгіленген тәртіпте жасалған неке.
Мұндай неке сот тәртібімен жарамсыз деп танылады. Алайда мұндай некені тіркеткен адамдар істі сот тәртібімен қарағанға дейін шынайы отбасын құратын болса, сот «Неке және отбасы туралы» Заңның 26-бабына сәйкес , некені жарамсыз деп тани алмайды, яғни мұндай отбасында заңда көрсетілген барлық құқықтық негіздер пайда болады.
Неке және отбасы қағидасы. Біздің елімізде неке ер мен әйелдің арасында пайда болады.
Қолданылған әдебиеттер:
1.Құқық негіздері Ө.Қопабаев, Қ.Айтхожин, Н.Қыдырқожаева, Ғ.Жайлин, А.Жұмағали

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
1. Отбасы және неке ұғымы
2. Неке және отбасын құқықтық реттеу
3. Некеге тұру шарттары
4. Некеге тұру тәртібі
5.Отбасындағы ерлі – зайыптылардың құқығы

1.Отбасы және неке ұғымы. Отбасы – табиғи, биологиялық, рухани және
материалдық қатынастардың жиынтығы. Дүние жүзінің қай елінде болмасын
мемлекет отбасын қорғайды, Қазақстан Республикасында да мемлекет отбасын өз
қамқорлығына алады және отбасындағы қатынастарды арнайы қабылданған заңдар
арқылы реттейді. Біздің еліміздегі отбасы қатынастарын реттейтін құқықтың
дербес саласы отбасы құқығы болып есептеледі.
Отбасы – заңнамада жиі қолданылатын әлеуметтік ұғым. Бұл ұғымға әр
түрлі ғылым салалары өзінше жауап береді.
1998 жылы Қазақстан Республикасының Неке және отбасы туралы заңына
сәйкес: отбасы дегеніміз – некеден, туыстықтан, дүниеге бала келіп оны
тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын өзара жәрдемдесуге тиісті
адамдардың тобы. Отбасы мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтармен
міндеттерді туындатады. Туыстық қатынастар, некенің болуы, бала, бала
асырап алу, т.б. негіздер отбасының ең басты белгілері. Ешкімде күштеу
арқылы отбасына біріктірілмейді, оның негізі туыстық, сүйіспеншілік
сезімдерінен басталады. Әлеуметтік институт ретінде отбасы қоғамда бірқатар
қызметтер атқарады. Олар:
1) отбасы мүшелерінің өзара көмек көрсету қызметі;
2) өмірге ұрпақ әкелу қызметі.
Неке және некенің түрлері. Қоғамда жаңа отбасының пайда болуы неке
ұғымымен тікелей байланысты. Неке дегеніміз – ерлі – зайыптылардың
арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын
құру мақсатында жасалған ер мен әйелдің тең құқықты одағы. Неке одағын құру
негізінде ер мен әйелдің рухани және тәндік жақындығы, бірге өмір сүру,
бала тәрбиелеуге, өзара қамқор болуға деген ортақ ниеті болу керек.
Махаббат, сүйіспеншілік, өзара түсіністік – отбасы бақытының қайнар бұлағы.
Ешбір заң екі адамды бірін – бірі жақсы көруге күштей алмайды.
Сендер неке құру негізінде әйел мен ер адамның бірігіп өмір сүруге
деген ортақ ниеті сезімдері, т. б. мақсат – мүдделерінің болуы тиіс
екендігін түсінген боларсыңдар. Алайда өмірде әр түрлі жағдайлар кездесіп
жатады. Заңдық негізде некелері тіркелген, бірақ жеке бастарының мүліктік ,
материалдық, әлеуметтік мәселелерін шешіп алу мақсатында құрылатын некенің
түрі болады. Мұндай некені заңда жалған неке деп атайды. Жалған неке ерлі-
зайыптылардың арасында өзара құқықтар мен міндеттер туындатпайтын отбасын
құру ниетінсіз, заңда белгіленген тәртіпте жасалған неке.
Мұндай неке сот тәртібімен жарамсыз деп танылады. Алайда мұндай
некені тіркеткен адамдар істі сот тәртібімен қарағанға дейін шынайы отбасын
құратын болса, сот Неке және отбасы туралы Заңның 26-бабына сәйкес ,
некені жарамсыз деп тани алмайды, яғни мұндай отбасында заңда көрсетілген
барлық құқықтық негіздер пайда болады.
Неке және отбасы қағидасы. Біздің елімізде неке ер мен әйелдің
арасында пайда болады.
1991 жылы Францияда, Ирландияда бір жынысты адамдардың арасында
некеге рұқсат етуді талап етушілер болса, 1991 жылы Нидерландыда бір
жыныстылардың некесін тіркеуге заңды түрде рұқсат етілген. ҚР
конституциясына сай: неке және отбасы қатынастары – ата – ана және бала
мемлекетттік қорғауында болады. Мемлекеттің қорғау қызметі төмендегі
қағидалар негізінде жүзеге асады:
- ер адам мен әйелдің некелік одағының еріктілігі;
- ерлі – зайыптылардың отбасында, құқықтық жағынан тең болуы;
- отбасы өміріне ешкімнің де өз бетінше араласуына жол бермеу;
- отбасындағы мәселелерді өзара келісіммен шешу;
- балалардың отбасында тәрбиеленуіне, жағдайына көмектесу;
- кәмелетке толмаған, еңбекке жарамсыз отбасы мүшелерінің
құқықтарын, мүдделерін қорғау;
- отбасы мүшелерінің қорғану, соның ішінде сот арқылы қорғану
құқығының болуы, т.б.
2.Неке және отбасын құқықтық реттеу. Неке және отбасын құқықтық
реттеу дегеніміз – мемлекет арқылы қабылданған отбасындағы қарым –
қатынастарды реттеуге бағытталған құқық нормалардың жиынтығы. Қазақстан
Республикасының Конституциясы неке және отбасы қатынастарын реттейтін ең
негізгі құжат болып табылады. Мысалы, Конституцияның баптарында отбасы
мүшесінің ғана емес, жалпы адам құқығының нормалары берілген.
Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және
әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам
және оның өмірі мен бостандығы.
Қазақстан Республикасында конституцияға сәйкес адам құқықтары мен
бостандықтары танылады және оған кепілдік берілген (12 бап).
Заң мен соттың алдында жұрттың бәрі тең (14 бап).
Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, нәсіліне,
ұлтына тіліне, дінге қатысты көзқарастарына, нанымына, тұрғылықты жеріне
байланысты немесе кез келген өзге де жағдаяттар бойынша кемсітуге жол
берілмейді (14-бап, 2).
Отбасы қатынастарына қатысты Конституцияда қамтылған адам құқығының
жалпы нормалары: өмір сүру құқығы (15-бап), әркімнің жеке басының
бостандығы (16-бап), адамның қадір-қасиетіне (17-бап), жеке өміріне және
отбасы құпияларына қол сұғылмау (18-бап), ар –ұждан бостандығы (21-бап),
сенім бостандығы (19-бап), т.б.
Аталған нормалар отбасының кез келген мүшесінің конституциялық
құқығы болып танылады.
Отбасы қатынастарын реттейтін нормалардың қатарына ҚР Азаматтық
Кодексін де жатқызуға болады. Құқық қабілеттілігі, оның мазмұны, әрекет
қабілеттілігі, жұбайлардың арасындағы мүліктік қатынастар, кәмелетке
толмаған балалардың мүліктік құқығы, т.б. Азаматтық заңның нормалары арқылы
реттелінеді.
Еліміздегі неке және отбасы қатынастарын мемлекеттік қорғау және
қолдау мақсатында 1998 жылы 17 желтоқсанда Неке және отбасы туралы Заң
қабылданды. Бұл заң отбасын, некені қорғауды немесе оны жүзеге асырудың
мемлекеттік кепілдіктерін анықтайды. Заң Жалпы ережелер, Неке,
Отбасы, Қорғаншылық және қамқоршылық, Отбасы мүшелерінің алименттік
қатынастары, Азаматтық хал актілерін тіркеу, Неке және отбасы заңдары
нормаларының шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылуы деп
аталған 7 бөлімнен, 213 баптан тұрады.
ҚР Қылмыстық Кодексінің, отбасы қатынастарының жекелеген салаларын
реттейтін заңдардың, Қазақстан Республикасы Үкіметінің отбасын құқықтық
реттеуге бағытталған нормативті қаулыларының қайнар көзі ретінде күші
болады.
3. Некеге тұру шарттары. Неке сарайларында салтанатты жағдайда
тағдырларын біріктірген екі азамат жаңа отбасының дүниеге келгенін
жариялайды. Бұл екі адам үшін және оның туыстары үшін ғана емес, бүкіл
қоғам өмірі үшін өте маңызды оқиға.
Осы сәттен бастап мемлекеттің отбасы алдындағы, отбасының мемлекет
алдындағы құқықтық кезеңі басталады. Қазақстан Республикасында Азаматтық
хал актілерін тіркеу органдарында қиылған неке ғана заңды деп танылады.
Әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, тілдік және діни белгілері бойынша
азаматтардың құқықтарын шектеудің кез келген нысандарына тыйым салынған.
Бұл тыйым салу неке заңында да көзделген. Неке, тілек білдірушілер
адамдардың қатысуымен азаматтық хал актілері тіркеу органдарында қиылады.
Осы кезден бастап неке мемлекеттік түрде тіркелді деп саналады. Некені ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасы ұғымы, ата-ана құқығынан айыру жолдары
Отбасы құқығы жайлы
Отбасылық қатынастар ұғымы
ҚАЗАҚСТАН - 2050 СТРАТЕГИЯСЫ НЕКЕ ЖӘНЕ ОТБАСЫ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ КЕЙБІР ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Неке және отбасы. Некені тоқтату
Отбасы құқығы, ұғымы негіздері мен принциптері жайлы ақпарат
Азаматтық іс жүргізу құқығы жайлы
ҚР отбасылық құқық ұғымы
Неке шартының жарамсыздығы
Неке және отбасы ұғымы туралы
Пәндер