Махатма Ганди



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
I. тарау. Махатма Гандидің өмірі мен қызметі
1.1. М.Гандидің жастық шағы мен өмір жолы
1.2. М.Гандидің саяси қызметі

II. тарау. Махатма Гандидің пацифизмі.
2.1. М.Ганди пацифизмінің мәні
2.2. Ұлт.азаттық қозғалыс және ондағы пацифизмнің ролі
2.3 Гандидің жеңісі мен трагедиясы

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
XX ғасырдың алғашқы жартысы Үндістан мемлекетінің аласапыраны мол, асау ағыстарға толы кезеңі болатын. Араға ұзақ уақыт салып, әлем тарихының сахнасында ерекше орын алған Үнді топырағынан нәр алып, сол мемлекеттің азаттығы мен бостандығы жолында жанкештілікпен күрескен саяси қайраткер, аса ұлы пәлсафашы – Мохандас Карамчанд Гандидің тарихтағы алатын орны мен оның ұстанған пацифистік көзқарастары туралы маңызды еңбекті ақтауға қол жеткізе бастадық.
Үндістан тарихында зерттелу деңгейі мардымды, алайда, толық шешімін таппаған Махатма Гандидің пацифистік көзқарастары туралы тақырыптар өте көп. Сондай зерттелуі мол, әйтсе де өте аз зерттелген тақырыптардың бірі – Махатма Гандидің пацифизмі. Махатма Ганди туралы өте мол деректер, еңбектер,ғылыми жұмыстар шаш етектен жетерлік. Мәселен,осы күнге дейін тарихшы ғалымдар М.Гандидің бейбіт түрдегі наразылығы, оның өмірі мен саяси қызметтері туралы көптеген ғылыми еңбектер мен құнды деректерді өмірге әкелді. Алайда, М.Гандидің пацифизмі жөнінде аракідік ғалымдар арасында көрініс тауып жүрсе де, толық, әр оқырманға тұтастай жеткізудің сәті түсе бермейді. Сондықтан да, қарастырып отырған жұмыстың ең өзекті аспектілері – М.Гандидің пацифистік көзқарастары болып табылады.
Адамзат тарихында ізгілік жолды насихаттап, соғыс атаулыға табанды түрде қарусыз наразылық танытқан тарихи тұлғалар саусақпен санарлықтай. Мысал ретінде айтар болсақ, тарихта соғыс пен зұлымдыққа, қантөгіске пацифистік көңіл-күйді алғаш рет танытқан Будда (Сидһартһа Гаутама), Конфуций, Мұхаммед пайғамбар (с.а.с.) т.с.с. қайраткерлер Гандиге дейін-ақ, осы бағытқа негіз салған болатын. Сондықтан, Махатма Ганди де сол тарихи тұлғалардың ізгі жолдарын жалғастырған адамзат баласының таңдаулы бір келесі өкілі болатын. Сөз қылып отырған қайраткерлердің мұндай салмақты да, салиқалы көзқарастары зерттеу жұмысының өзекті аспектісі болып табылады. М.Гандидің пацифизмі хақында үнді ақын жазушылары (әсіресе, Рабиндранд,Тагор) өте құнды әрі субъективті түрдегі ойларын білдірген. Тиісінше, осы кезеңде Үндістанды жасыл тозаққа айналдырған Англияның саяси қайраткерлері үнді халқының ұлы көсемі туралы Үндістандық жазушылардың ойларына мүлде сәйкес келмейтін пікірлерімен ой бөліскен. Соның ішінде, Англияның лейбористік партиясының жетекшісі – Ллойд Джордж, кейінгі кезеңде Англияның ең озық примьер-министрі болған Уинстон Черчиль т.с.с. ағылшын қайраткері М.Ганди туралы өздерінің үнді көсемінің ұлылығы мен харизматикалық қасиеттерін теріске шығарушылық ой- пікірлерімен бөліседі. Сондықтан да, сөз қылып отырған екі жақты пікірлерді ортақ тұжырымға келтіру ең өзекті нысандарының бірі болып табылады.
Зерттеу жұмысының хронологиялық шегі
Зерттеу жұмысы өресі биік азаматы Махатма Гандидің 1869 жылғы дүниге келген кезеңнен бастап 1948 жылы 30 қаңтардағы үнді фанатигінен қолынан қаза тапқан мерзіміне дейінгі аралықты қамтиды.
Жуков Е. Махатма Гандидің тарихи рөлі туралы. - Жаңа заман, М.,1956г. №6
2. Ульяновский Р.А. Мохандас Карамчанд Ганди. М., 1986г
3. Литман А.Д. Современная индийская философия. Москва, «Мысль», 1985г.
4. Дж. Неру. Открытие Индий. М., 1956г.
5. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. 2 том. А.,1999ж
6. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. 2 том. А., 2005г.
7. Ганди М.К. Менің өмірім. М.,1959г.
8. Намбудирипад Е.М. Махатма Ганди және гандизм. М., 1960г
9. Ганди М.К. Статьи, речи, интервью. М., 1975г.
10. Синха Н.К. Банерджи А.Ч. История Индий. М., 1954г.
11. Азад А. Индия добивается свободы. М., 1961г.
12. Неру Дж. Взгляд на всемирную истрию. М., «Прогресс», 1975г.
13. Ковальев И.М. Судьбы Индийских племен. М., «Наука», 1982г.
14. Бэшем А. Чудо которым была Индия. М. «Наука» 1987г.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
I- тарау. Махатма Гандидің өмірі мен қызметі
1.1. М.Гандидің жастық шағы мен өмір жолы
1.2. М.Гандидің саяси қызметі

II- тарау. Махатма Гандидің пацифизмі.
2.1. М.Ганди пацифизмінің мәні
2.2. Ұлт-азаттық қозғалыс және ондағы пацифизмнің ролі
2.3 Гандидің жеңісі мен трагедиясы

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

XX ғасырдың алғашқы жартысы Үндістан мемлекетінің аласапыраны мол,
асау ағыстарға толы кезеңі болатын. Араға ұзақ уақыт салып, әлем тарихының
сахнасында ерекше орын алған Үнді топырағынан нәр алып, сол мемлекеттің
азаттығы мен бостандығы жолында жанкештілікпен күрескен саяси қайраткер,
аса ұлы пәлсафашы – Мохандас Карамчанд Гандидің тарихтағы алатын орны мен
оның ұстанған пацифистік көзқарастары туралы маңызды еңбекті ақтауға қол
жеткізе бастадық.
Үндістан тарихында зерттелу деңгейі мардымды, алайда, толық шешімін
таппаған Махатма Гандидің пацифистік көзқарастары туралы тақырыптар өте
көп. Сондай зерттелуі мол, әйтсе де өте аз зерттелген тақырыптардың бірі –
Махатма Гандидің пацифизмі. Махатма Ганди туралы өте мол деректер,
еңбектер,ғылыми жұмыстар шаш етектен жетерлік. Мәселен,осы күнге дейін
тарихшы ғалымдар М.Гандидің бейбіт түрдегі наразылығы, оның өмірі мен саяси
қызметтері туралы көптеген ғылыми еңбектер мен құнды деректерді өмірге
әкелді. Алайда, М.Гандидің пацифизмі жөнінде аракідік ғалымдар арасында
көрініс тауып жүрсе де, толық, әр оқырманға тұтастай жеткізудің сәті түсе
бермейді. Сондықтан да, қарастырып отырған жұмыстың ең өзекті аспектілері –
М.Гандидің пацифистік көзқарастары болып табылады.
Адамзат тарихында ізгілік жолды насихаттап, соғыс атаулыға табанды
түрде қарусыз наразылық танытқан тарихи тұлғалар саусақпен санарлықтай.
Мысал ретінде айтар болсақ, тарихта соғыс пен зұлымдыққа, қантөгіске
пацифистік көңіл-күйді алғаш рет танытқан Будда (Сидһартһа Гаутама),
Конфуций, Мұхаммед пайғамбар (с.а.с.) т.с.с. қайраткерлер Гандиге дейін-ақ,
осы бағытқа негіз салған болатын. Сондықтан, Махатма Ганди де сол тарихи
тұлғалардың ізгі жолдарын жалғастырған адамзат баласының таңдаулы бір
келесі өкілі болатын. Сөз қылып отырған қайраткерлердің мұндай салмақты да,
салиқалы көзқарастары зерттеу жұмысының өзекті аспектісі болып табылады.
М.Гандидің пацифизмі хақында үнді ақын жазушылары (әсіресе,
Рабиндранд,Тагор) өте құнды әрі субъективті түрдегі ойларын білдірген.
Тиісінше, осы кезеңде Үндістанды жасыл тозаққа айналдырған Англияның саяси
қайраткерлері үнді халқының ұлы көсемі туралы Үндістандық жазушылардың
ойларына мүлде сәйкес келмейтін пікірлерімен ой бөліскен. Соның ішінде,
Англияның лейбористік партиясының жетекшісі – Ллойд Джордж, кейінгі кезеңде
Англияның ең озық примьер-министрі болған Уинстон Черчиль т.с.с. ағылшын
қайраткері М.Ганди туралы өздерінің үнді көсемінің ұлылығы мен
харизматикалық қасиеттерін теріске шығарушылық ой- пікірлерімен бөліседі.
Сондықтан да, сөз қылып отырған екі жақты пікірлерді ортақ тұжырымға
келтіру ең өзекті нысандарының бірі болып табылады.
Зерттеу жұмысының хронологиялық шегі
Зерттеу жұмысы өресі биік азаматы Махатма Гандидің 1869 жылғы дүниге
келген кезеңнен бастап 1948 жылы 30 қаңтардағы үнді фанатигінен қолынан
қаза тапқан мерзіміне дейінгі аралықты қамтиды.

I - тарау. Махатма Гандидің өмірі мен
қызметі

1.1. М.Гандидің жастық шағы мен өмір жолы

Мохандас Карамчанд Ганди 1869 жылы 2 қазанда Батыс Үндістан
князьдығындағы Порбандар деген кішігірім ауылда дүниеге келді.
Гандидің ежелгі ата-бабалары саудалықпен айналысып,жоғарғы кастаға
жатқан.Алайда, оның атасы мен әкесі кішігірім князьдықтың бас министрлері
қызметін атқарған.Гандидің отбасында діни салт-дәстүрлер қатаң сақталды,
шешесі діни дәстүрге әсіресе сенгіш еді.Ал әкесі әділдігі мен табандылығы
үшін және жоғарғы қызметінде отырғанына қарамастан онша дәулетті адамдар
қатарына жатпады.Ол діни қауымдар мен догматиктердің қас жауы болып,
керісінше дінге және кастаға жатпайтын адамдарды қатты құрметтеді.
Мохандас өз отбасында ең кенже ұл болып өсті.Ол өзінің балалық шағы
туралы былай еске алады: Мен өте тұйық болып өстім, сондықтан да, үнемі
өзге балалардан тысқары немесе алшақтау жүретінмін, менің жалғыз достарым
бұл – кітаптар мен сабақтар болды, мен мектептен кітаптарымды оқуға асығып
үйге қашып кететінмін,ешкіммен сөйлесуді ұнатпайтынмын, сондай-ақ, мен
қорқақ болдым, мен ұрылардан,елестер мен жыландардан қатты
қорқатынмын,қараңғылық мені үрей мен қорқынышқа жетелейтін, мен кейде,
марапаттар мен стипендиялар алғанда да өз-өзіме таң қалатынмын
Ұяң,әрі тұйық бола өзгеше ойлау қасиеттерімен басқалардан ерекшелене
бастады.Ол 11 жасқа толғанда-ақ,үндінің қасаң қағидаға негізделген салт-
дәстүрімен келісе алмады.Бұл тұста Үндістанда ең лас жұмыстарды атқаратын,
өзге касталарға жататын сословие мүшелерімен араласа алмайтын, олармен
бірге үнді храмында бірлесіп құлшылық ете алмайтын, бұлақ-өзеннен су іше
алмайтын кемсітілген тап өкілдері өмір сүріп жатты.Олар мойындарына
өздерінің келе жатқанын сездіретін дыбыс беретін қоңырау іліп алуы шарт
болды.Өзге жоғарғы таптарға жақындай алмау салты ата-анадан балаға беріліп
отырды және бұл сословиені тастау мүмкін болмады.Барлық үнді балалары
секілді,Мохандасқа да жақындауға болмайтын таптармен қатынасуға ата-
анасы тиым салды. Мен шын мәнінде ата-анама бағындым, алайда,оларға мұндай
салт дінде жоқ деп күліп қана қарсылық таныттым, осылайша мен ата-анаммен
осы тақырыпта үлкен таласқа түсе бастадым деп еске алады, М.Ганди
үнділіктерді дәл мұндай сорақы дәстүрден бас тартуға көндірді.
Мохандастың жастық шағындағы ең айтулы оқиғалардың бірі, ата-анасы
оны ежелгі үнді дәстүрі бойынша он үш жасында өзімен тетелес қыз-
Кастурбайға үйлендірді.Балалар бірін-бірі сүйіп қосылды, сондықтан да
Кастурбай өмірінің соңына дейін Гандидің сенімді серігі,көмекші жары болып
қала берді.
1888 жылы Ганди отбасының достары және ата-анасының кеңесі бойынша
Англияға барып, адвокаттық кәсібіне байланысты білім алып келуге шешім
қабылдады.Бұл шешім оның кастасындағы ақсақалдар мен үлкендердің қарсылығын
туғызды.Үндістан діні үнді жерін тастап кетуге тиым салды, ақсақалдардың
ойы бойынша Европада діни қағидаларды бұзбай өмір сүру мен тұру мүмкін емес
болатын.Ганди олардың талаптарына бағынудан бас тартты.Осы үшін ол өз
кастасынан ажырап, олардың көмегінен, қолдауынан айрылуына тура келді.
Англияда ол өзін өте бөтен есебінде сезінді, айналасындағылардың бәрі
оған бейтаныс болды.Бірақ, оның европалық мәдениетпен қарым-қатынасы оның
білім кеңістігімен түсінігін одан әрі кеңейте түсті.Ол буддизммен
танысып, жаңа өсиет (Новый Завет) кітабын оқып таң-тамаша болды.Ганди
индуизм ілімін Будда және Христос жолымен ұштастырып біріктіруді армандады.
1891 жылы жоғарғы адвокат атағын алып, Ганди Үндістанға қайтып
оралды.алайда, ата-анасының оған артқан үміті, оның жоғарғы білімі мен атақ-
даңқы көп пайда әкеледі деген сенімдері ақталмады.Гандидің адалдығы мен
жауапкершілігі оның саяси карьерасының өсуіне кедергі жасады.
Көп өтпей, жас адвокат үнді сауда фирмасының Оңтүстік Африкадағы
жұмыстарын жүргізуге шақырылады.Ол жаңа мемлекет көре жүріп, мол
тәжірибе жинауды мақсат етті.1893 жылы Оңтүстік Африкаға аттанған Ганди
алдындағы қатал тағдырдың қиын салмақтарына тап болды.
Оңтүстік Африкаға келген алғашқы күннен бастап-ақ ол ашық
түрдегі нәсілдік кемсітушілікке тап болды, оны ақнәсілдер отырған
дилижансқа отыруға рұқсат бермей, вагондағы бірінші сорттағы адамдар
отырған вагоннан күштеп түсірді.Ганди бұл елдегі үнділіктердің (барлық
түрлі-түстілердің) білімімен мәртебесіне қарамастан нәсілдік
кемсітушіліктің құрбандары бола беретіндігіне әбден көзі жетті.
Ганди осы жерден бастап нәсілшілділікпен күресудің түрлі жлдарын
құрастыра келіп, кемсітушілікке сыпайы түрде қарап, бірақ күш қолданбау
тактикасын қалыптастырды.Күн өткен сайын Ганди Оңтүстік Африкадағы
үнділердің жағдайы тығырықтан шығар жол жоқтығына қарай бағытталып бара
жатқандығын айқын сезіне түсті.Отанына қайтадан оралу мүмкін болмады,
өйткені Үндістанда да дәл осындай жері жоқ шаруалар жыл сайын аштан өліп
жатты.Мұнда оларды кедейлік өмірмен лас резервацияларға, құлдық жұмыстарға
таңып қойды;оларды күн сайын кемсітті, жұмыс істеуден бас тартқандары үшін
абақтыға жапты, кейде өлгенше дүре соқты.Гандидің өміріндегі ең басты
мақсаттардың біріне айналады.1894 жылы Ганди преторийде бүкіл үнділерді
жиналысқа шақырады.Ол өз өмірінде тұңғыш рет бұқара алдында сөз
сөйлеп,Трансвальдағы үнділердің тағдырлары туралы әңгімеледі.Ол
үнділіктерді араларындағы қарама-қайшылықтармен касталық бөлінушіліктерді
жойып, құқық үшін бірлесіп күресуге шақырды.
Оңтүстік Африканың Наталь провинциясында құрылған үнді конгресі
алдына үнділіктердің құқықтарын европалықтардікімен теңестіру мақсаттарын
қойды.
Ганди Оңтүстік Африкада ұзақ қалу мақсатында Үндістанға барып, өз
отбасын – Кастурбай мен екі баласын әкелуді жөн деп табады.
Үндістанға келіп,Ганди Оңтүстік Африкадағы үнділердің жағдай туралы
жасыл брошюра еңбегін жариялады.Оны Индияда,Англияда, Оңтүстік
Африкада билік басындағылар талқылап, Оңтүстік Африка билігіндегілер Ганди
европалықтарды қорлайтын мақсат қойыпты,европалықтарды кемсітуді
жоспарлауда екен деген қауесет таратып жібереді.
Үнді қоныстанушыларды мінген екі параход (оның біреуінде Ганди
отбасымен болды) Дурбан портына келгенде, ақ нәсілділер тек бір идеямен:
Түрлі-түстілерді теңізге тастаймыз деп жүгіре шықты.Билік жолаушыларға
өмірлерің қымбат болса кері қайтыңдар деген талап қойды.Үнділер Гандидің
айналасына топтанды, қақтығыс 23 күнге созылып, ақыры ақнәсілділер шегінуге
мәжбүр болды.Өз отбасының және жолаушылардың қауіпсіз жерге қоныстанғанына
әбден көзі жеткен.М.Ганди теңіз жағалауына жалғыз өзі тұрғанда, оны ашынған
ақнәсілділердің тобыры қоршап алды.Ол полицияның араласуына дейін
ақнәсілділер тарапынан айуандық түрде соққыға жығылып, бір өлімнен аман
қалды.
Іс одан әрі күтпегендей әсер беріп, Лондон соққыға жығушыларды
жазалауды бұйырды.Наталь үкіметінің мүшесі, нәсілшілдік митингілер мен
қауесеттерді таратушы өкіл енді Гандиді өзіне шақырып егер де оларды тани
алса жазаға тартатындығынмәлімдеді.Ганди:кеші ріңіз мені,соққыға
жығушыларды емес, олардың басшылары мен дем берушілерін жазалағаныңыз дұрыс
болар еді деп жауап берді.
Гандидің өзін соққыға жығушыларға рақымшылық жасау арқылы жазадан
алып қалуы ақнәсілділер мен үнділердің арасында жағымды әсерлер
қалыптастыра түсті.Ол жергілікті халық арасында үлкен құрметке ие бола
бастады.
Ганди адамдар үшін тындырымды тірліктер атқарғанына қарамастан сол
қызметтері оны қанағаттандырып қоймады.Ол әр күні екі сағат ауруханада
бауырластық, мейірбандықпен ауру-науқастарға жәрдемдесті.Оба эпидемиясы кең
тараған тұста ол көптеген еріктілер мен жақтастар жинап өзімен бірге
ауруханада науқастарға жәрдемдесуге алып барды.Осы жылдары Ганди әлемдік
дін мен философияны жаңаша сипатта оқи отырып, өзіне Лев Толстойды
табады.Толстой бейнесіндегі Ресей маған өзімнің күш қолданбай қарсыласу
бағытыма нұсқау берген ұстазды берді деп жазды кейін Ганди.
1906 жылы 22 тамызда Трансваль үкіметі үнділіктер Қара заң деп атап
кеткен заңдар жүйесін жариялады.Бұл заң бойынша барлық үнді еркектерімен
әйелдері және сегіз жасқа толған барлық үнді балалары полиция тіркеуіне
тұрып, саусақ іздерін қалдырып және ерекше куәлік алуы тиіс болды.Бұл заңға
бағынғысы келмегендер сотталды немесе жер аударылды.
Мұндай тіркеулер үнділіктерді қылмыс жасайтындармен бір деңгейге
қойды.Мұнымен шектеліп қоймай, полицейлер үнділіктердің тұрағына баса
көктеп кіруге және үнді салты бойынша әйелдің денесіне қол тигізуге
болмайтын дәстүрлерін аяққа басты.Бұл заңды оқыған Ганди: Мұндай заңмен
келіскенше, өлген артық деп тұжырым жасады.Үнділіктердің көпшілігі ашу-
ызаға булығып, тіпті кейбіреулері үйіне баса-көктеп кірген ақнәсілдерді
атып тастайтындарын мәлімдеді.Оларға үндеу арнаған Ганди бұл жолдың арты
жамандыққа апаратынын айтып, қарсыласудың жаңаша формасын ұсынды.
Ганди алғаш рет күш қолданбай қарсыласу идеясын жариялап, оған
беретін атау мен анықтама іздеді.Ақыры, ол өзінің ең кенжн ұлы Сатьграханың
атын өз идеясына атау етіп бекітеді. Бұл сөз адамгершілік жолмен
қарсыласуды білдірді, қанға-қан ұрандарына мүлдем қарама-қайшы бағытта
болатын.
Ганди үкіметке үнділіктерді кемсітетін заңдарды қабылдайтын болса,
сатьяграханы жариялайтындығын мәлім етті.Алайда, мұндай талапқа құлақ
аспаған жергілікті үкімет заңды қабылдады.
1908 жылы 1 қаңтарда сатьяграха Иоханнесбургте митингті бастап,
тіркеуге шақырылатын қағаздарын мыңдаған үнділіктер отқа өртеп
жіберді.Ганди тұтқындалып, абақтыға жабылды, алайда қозғалыс одан әрі ушыға
түсті. Түрлі түстілер заңды айыптады, абақтылар адамдарға толып кетті,
бірақ, репрессия ешқандай нәтиже бере қоймады.Билік өте сұрқия әдіс ойлап
тапты:Гандиді түрмеден босатып, тіке генерал Смитске алып
барды.Генерал егер үнділіктер сатьяграханы доғарса, қара заң қайтадан
алынып тасталатындығын айтады, алайда, үнділіктер бір рет өздері туралы
үкіметке толық мәлімет береді, өйткені, бұл үнділіктердің санын есептеп
отыру үшін қажет деп мәлімдейді.Ганди бұл ұсынысқа келісіп, сатьяграханы
тоқтады.Бұл барлық үміттің тас-талқан болғаны сияқты болды.Үнділер
жеңіліспен шектелді.Көптеген үнділер Гандиді сатқын деп ойлады.Ганди
бәрін қайтадан бастауды ойластырды.
Ганди азаматтық бағынбау тактикасын жариялайды да ұзақ мерзімге
абақтыға жабылады.Түрмеден шыққан Ганди сатьяграханы бүкіл Оңтүстік Африка
аумағында жүргізуді мақсат етіп,күрестің масштабын кеңейтуді
ойластырды.1913 жылы Натальдағы тау кеншілерінің наразылығын Ганди
ұйымдастырды.Наразылық шерулері бүкіл елге тарай түсті.Кеншілердің шеруіне
қарсы үкімет қару қолданып, көптеген жұмысшылар жұмыстарын атқарудан бас
тартқандары үшін нақақтан-нақақ атылды.
Түрмелер мыңдаған адамдарға, соның ішінде әйелдер мен жастарға да
толып кетті.Антисанитарияның болмауы мен адами құндылықтарға жат түрде
қараудың салдарынан мыңдаған адамдар көз жұмды.Гандидің өзі де абақтыға
жабылып, сол жердегі адамдардың ертеңгі күнге деген сенімдері мен қайғы-
уайымдарын жеңілдету жолында жұмыстар атқарды.
Қозғалыс бәсеңдеген тұста билік Гандиді бостандыққа қоя берді, алайда
ол қапастан шыға сала, қайтадан наразылық шерулерін ұйымдастыруға бел шеше
кіріседі.
1913 жылы 6 қарашада ол Наталь мен Трансваль арасындағы әйгілі бейбіт
шеруге басшылық жасайды. Бұл заңды бұзушылыққа жатты, өйткені,рұқсатсыз
демонстрация ұйымдастыртыру былай тұрсын,үнділерге бір провинциядан
екіншісіне көшуіне,баруына қатаң түрде тиым салынған.
Ганди күн санап артып келе жатқан мыңдаған топтың басында келе
жатты.Үкімет шақырған жауынгерлер шерушілерге қарсы оқ шығындауды артық
санап, атпен басып өтуді ойластырды.Алайда, дәл осындай тәсілмен
тапберген жауынгерлер алдына көтерілісшілер жерге жата қалды да, аттар
жердегі адамдарды жаныштауға бір адым баспай қойды.
Оңтүстік Африкадағы оқиғалар мен жаңалықтар мұхиттың арғы жағындағы
Америка мен Европа елдерін бей-жай қалдырмады.Үнділіктерді қолдау
мақсатында көзі ашық, көкірегі ояу көптеген қоғам қайраткерлері Альберт
Эйнштейн,Бернард Шоу,Бертран Рассел т.с.с. ағылшын басқыншылығын ашық түрде
айыптады.
Билік өз райынан қайтуды жөн деп тауып, ақыры ұзаққа созылған
келіссөздер нәтижесінде 1914 жылы 30 маусымда келісімге қол
қойылды.Үнділіктерді кемсітетін және масқаралайтын барлық нәсілдік типтегі
заңдар күшін жойды.Гандидің Оңтүстік Африкада жиырма жылға созылған күресі
жеңіспен аяқталып, ол өз отанына қайтып оралады.

1.2. Махатма Гандидің саяси қызметі

Үндістан – ежелден өзінің ертегіге тән байлықтарымен талай
жаулаушыларды қызықтырған мемлекет.Бірақ,олардың ішінде дәл ағылшындар
секілді отарлаудың жойқын күшін ешкім жасай қоймады.Британия империясы
Үндістанды тонап қана қоймай Үндістан жеріндегі барлық байлықты соратын
жүйе құрды.Пайдалы қазбалар, миллиондаған үнділердің тегін жұмыс күші
ағылшындардың судай аққан алтынына айналып шыға келді.Жоғарғы деңгейдегі
салықтар мен ағылшындардың арзан тауарларының судай ағуы жергілікті
қолөнерді жойды.Отаршылар Үндістанды игере отырып біз оларды жаңа заманғы
мәдениетке жеткіздік деп ойлады.Шын мәнінде, олар үнділіктерді
қайыршылыққа ешқандай тындырымды тірліктер атқарған жоқ.
Индия әрқашанда елде орнаған ауыр күйзеліспен қиыншылықтардан шығудың
жолдарын қарастырумен болды.1885 жылы үнді интеллегенциясы мен ұлттық
буржуазиясының өкілдері тәуелсіздікке жету мақсатын алдарына қойған Үнді
Ұлттық Конгресін құрді.Конгрестіктер азаттық алудың екі-ақ жолы бар екенін
жақсы аңғарды.Бірі, бүкіл халықты қарулы күреске шығарып, (1857-1859ж.ж)
ұлы сипайлар көтерілісімен қоғамын құруды жақтаса, екінші біреулері
үндістан европалық өркениетпен араласа отырып, реформалар, петициялар,
келіссөздер арқылы азаттығын жеңіп алады деген тұжырымдарды жақтады. Іс
жүзінде екі позиция да утопиялы сипатта болатын:Біріншіден, отаршылармен
қарулы күреске шығатын бұқара халық әлі дайын емес, екіншіден,
колонизаторлармен келіссөзге келу мүмкін емес еді.
Дәл осы тұста Ганди келіп, тәуелсіздік, бостандық атаулының жылы
лебін алып келді, халқымыздың көзін ашып, көкірегін оятты, Ганди жоғарғы
шенге қызықпады, ол миллиондаған үнділер арасынан шығып, солардың тілінде
сөйледі деп еске алады айнымас досы, қызу жақтауышсы Джавахарлал Неру.

Ганди мүлдем жаңаша ойлауды әкелді, адамдардың да дәл осыны күткендігі
аңғарылып тұрды: Мәселе Үндістанның саяси тәуелсіздігінде емес, үнді
халқының рухани ойлау тәуелсіздігінде.Үнді мәдениетінде жасырынып жатқан
үлкен рухани күш бізді тарихымызда өз жолымызды табуға және өзге
халықтармен тең әрі тұтас болуға жетелейді.Үндістан халқы алдымен өз
жүрегіндегі тәуелсіздігін ұғынсын, сонда ғана сыртқы күштер мен теріс
әрекеттер белсенсіз болып қалады.Қарудың күшімен уақытша азаттық алуға
болады, бірақ, мылтыққа сеніп өзіңе тәуелсіз бола алмайсың, өзгелерді азат
ете алмайсың.Ағылшындар Үндістанды өздерінің күштеріне сенгендіктен тұрған
жоқ, біз ұстап тұрғандықтан тұр деп мәлімдеді.
Ганди үшінші жолды ұсынды, яғни ахимса-күшқолданбау.Ахимса – бұл
адамның өзгелерді сүйе отырып, өмір құндылықтарын мойындау.
Ганди үнділіктерге отаршылармен ынтымақтаспау бағдарламасын ұсынды.
1915 жылы қаңтарда Ганди 54 жасында Үнді топырағына Оңтүстік Африкадан
оралды.Ол өзін құпия полицияның агенттері аңдып жүргеніне қарамастан,
бүкіл елді аралап көріп алды.
Екі жылдан соң Ганди Үндістанда алғашқы сатьяграхасын өткізді. Бір
жылдан соң, Англия тарапында соғысып қаза тапқан, мыңдаған үнді
жауынгерлері көз жұмған Бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталды.Әскери шығындар
Үндістан халқының ашу-ызасын туғызды.Соғыс жылдарында аштықпен эпидемиядан
– 13 млн. жуық адам көз жұмды.Үнділіктердің ағылшындарға соғыста көрсеткен
орасан зор көмегінің өтемақысы ретінде азаттық береді деген сенімдері
жоққа шыға бастады.Сонымен, еліне оралған Махатма Үндістан Ұлттық
Конгресінің ең озық жетекшісіне айналды.
1919-1947 жылдар аралығында М.Ганди басқыншылығындағы Үнді Ұлттық
Конгресі бүкіл халықтың қолдауына ие болған зор күшке айналды.Ұлт-азаттық
қозғалыстың басында жұтып жүрген Мохандас Карамчанд Ганди

бұқара-халық тарапынан Махатма (Ұлы рух иесі) деген атақ алуы да тегін
емес еді.
1922 жылы ақпанда Чаури-Чаура қыстағындағы үнді халықтарының наразылық
шеруіне қатысқандарды ағылшын үкіметінің оқ жаудырып қырып тастауы,
Гандидің де Үнді Ұлттық Конгресі аясында күшқолданбай күресу тактикасының
уақытша тоқтатылуына алып келді.1923-1928 жылдары Ганди өзінің саяси
бағытын қолөнер мен тоқыма өндірісін дамытуды насихаттау барысында
пайдаланды.Антиағылшындық қозғалыстың жаңа кезеңінде (1929-1933ж.ж.) Ганди
тұз монополиясы үкіметіне (Тұз жорығы) қарсы бағытталған азаматтық
бағынбау қозғалысына басшылық жасады.1931 жылы М.Ганди вице-король Ирвинмен
ымыраға келіп, келіссөз жасауға барды, ол бойынша Ганди Ұлттық Конгресті
Дөңгелек үстел конференциясында ұсынуға келісті.Өз кезегінде вице-король
абақтыға жабылған конгресс мүшелерін босатып, үнді ұлттық буржуазиясының
бірнеше талаптарын орындауға міндеттеме алды.1934 жылы Ганди Ұлттық
Конгрестің қатарынан шығатындығын мәлімдеді.Алайда, іс жүзінде М.Ганди Үнді
Ұлттық Конгресінің жетекшісі болып өмірінің соңғы уақытына дейін қала
берді.
1919-20 жылдары Үндістанды басқару туралы жаңа заңдар да өз кезегінде
үнділіктердің азаматтық құқықтарын ескермеді.1919 жылы Роулет заңы өз
күшіне енді, ол заң бойынша билік барлық үкіметке қарсы қайраткерлерді
тұтқындап, оларды ұзақ ұстап, жабық есік аясында сот процестерін жүргізуге
ерік берді.Саяси тұтқындаудың мерзімі тым ұзартылды.Ганди Үндістанның вице-
короліне бұл заң жобасын қабылдауға келісім бермеуге өтініш жасайды.Вице-
король тарапынан берілген бас тарту Гандиді Сатьяграхтар одағын құруға
алғышарт жасады.Сатьяграхтар Роулет заңына бағынбауға ант беріседі.Ганди
үлкен көлемдегі компантяны әзірлеп, 1919 жылы 6 сәуірде заң күшіне енген
күннен бастап жалпы үнділік қаралы күн – харталды жариялайды.Осы күні
естілген Гандидің үндеуіне бүкіл күштерін сезініп, таң қылысты.Елде ірі
көлемдегі демонстрациялар лебі сезіле бастады.
Үкімет басындағылар қорқыныш пен үрейге беріліп, демонстранттарға
қарсы қару қолдануға бұйрық берді, адамдарды аттармен таптап өтті, найзамен
түйреді, тіпті өлгенше соққыға жықты.Ең қайғылы оқиға – Амритсар қаласында
орын алды.Қақтығыс барысында бірнеше солдаттар мен демонстанттар қаза
болды.Қалаға көтерілісті тұншықтыру үшін генерал Дайер басшылығындағы
мұздай қаруланған әскер кірді.Аздаған күн өткеннен кейін 20 мың адам
қаланың орталық алаңына бейбіт түрдегі Митинг ұйымдастыру үшін
жиналды.Лозунгтарындағы ең негізгі тақырып – Үндістанды азат ету идеясы
болатын.Күтпеген жерден орталық алаң бақайшағына дейін қаруланған ағылшын
әскерлерімен қоршалып,қарусыз, бейбіт халыққа оқ жаудырылды.Алаңда мыңдаған
өліктер мен жаралылар жан ұшырып жатты.Оқ-дәрісі таусылған шаш ал десе, бас
алатын жазалаушы әскерилер жаралыларды мылтық найзасымен түйреп өлтіре
бастады.Ағылшын солдаттары оқу-жаттығу немесе әскери сынақта жргендей, үнді
халқын еш аяусыз қынадай қырып, қатігездіктің ең сорақы үлгісін
көрсетті.Дайердің жаналғыштық әрекеттерінен кейін жергілікті тұрғындарға
үйінен бір қадам аттап басуға тиым салынды.Адамдар алаңдағы бауырлары мен
туыстарының жаралы үндерін естісе де оларға көмектесе алмады.Жазалау
операциялары мұнымен шектеліп қоймай, тағы он күнге созылды, әр жерлерде
жария түрде демонстрациядан аман қалғандар ұсталып,халық алдында дарға
асылды, атылды.
Ганди болған іске өте қатты күйзелді.Билік басындағылардың қатігездігі
оны таң қалдырмады.Ол үнділіктерге бағынбаудың әр сатысында іштей өлімге
дайын болу керек деді.Ганди өзі ұйымдастырған кең көлемдегі бағынбау
компаниясы уақытынан бұрын болғанын сезіп, оған халықтың әзір еместігін
ұғынды.ганди жария түрде Гималай сияқты кешірілмес қателік жібергенін
мойындады.Ганди вице-корольге бұрын ағылшын-бур соғысы тұсында санитарлық
қызметтер атқарып, ағылшындардың жаралы жауынгерлерін өлім аузынан аман
алып қалғанда, ағылшын үкіметінен алған наградаларын қайтарып берді.Егер ол
бірнеше жыл бұрын британдық билік системасы әлі
жетілмеген деп есептесе, бұл оқиғадан кейін ол билік жүйесін шыдамды
тауысқан билік деп тұжырымдады.
1920 жылы қыркүйекте Ганди Үндістан Ұлттық Конгресін отаршыл
әкімшілікпен ынтымақтаспау және мүлде қарым-қатынас жасамай бойкот жариялау
туралы бағдарламаны қабылдауға көндірді.Конгресс үнділіктерді бүкіл ағылшын
тауарларына бойкот жариялауға, ағылшын соттарына қатысу мен сайлауға
бармауға, армияға жазылмауға, барлық мемлекеттік қызметтерден бас тартуға
шақырды.
Мұның бәрі жаңа бүкіл үнділік сатьяграхаға бастама болды, 1922 жылы
кішігірім қалашықта қанды оқиға орын алды.Полиция демонстрацияға
қатысушыларға оқ жаудырып, алайда, шерушілердің қарсылығына тап болып,
казармаға бекінді.Казармаға ашу-ызаға ерік берген демонстанттар өрт қойып,
полицейлер тірідей өртеніп кетті.
Бұл үлкен апат болды.Ганди азаматтық бағынбау науқанын тоқтатып,
оқиғаға өзін кіналап, барлық кінаны өз мойнына алады.Өкінгендігінің белгісі
ретінде бірнеше күндік аштық жариялайды.Осылайша Ганди бірнеше жылға
абақтыға жабылады.
1930 жылы көктемде Ганди түрмеден босап шыққаннан кейін тағы да
азаматтық бағынбау тактикасын жоспарлады.1932 жылы Ганди үнді халқының
арасындағы қасаң дәстүр – өзгеге жақындай алмау салтын біржола жойып,
үнділіктерге теңдік әпере отырып, тәуелсіздік жолындағы күресте бас
біріктіруді мақсат етті.
1932 жылы Махатма Ганди сайлау заңының үнділіктердің арасына жік
салып, өзгеге жақындай алмау туралы дәстүрді қайта қоздыруына наразылық
білдіреді.Ол өзінің өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрғандығына
қарамастан, көп уақытқа дейінгі аштық жариялады.Адам сенбестей тарихи оқиға
орын алып, Үндістандағы үш мың жыл бойы сақталып келген өзгеге жақындай
алмау салты біржола жоғалды.Ендігі жерде үнділер өзгеге жақындай
алмайтындардың үйлеріне барып, қолдарынан астық пен тағам
алды. Өзгеге жақындай алмайтындарды құшақтау-тазарудың символы, рухтың
азат етілуі ретінде түсіндіріле бастады.
Барлық елдерден келген хаттар мен телеграммалардың қолдауына арқа
сүйеген М.Ганди сайлау заңының өзгеруін күтті.Ақыры,Лондон алған бетінен
қайтып, Гандидің талаптары орындалды.Елдің қуанышына орай, ол аштық
жариялауын тоқтатты.
1922 жылы наурызда алғашқы жалпы үнділік сатьяграха нәтижесіндегі
қанды оқиғалардан кейін ағылшын үкіметі Гандидің үстінен көрсеткішті сот
ұйымдастыруды астыртын жасады.Олар сол кездердегі мыңдаған үнділердің қаны
мен өлімі үшін Гандиді кінәлі деп дәлелдегілері келді.Ағылшындар Үндістанды
азат ету үшін күрескен азаматтық бағынбау тактикасының жеңуі мүмкін
еместігін, Гандидің ісі мен идеясының әу бастан-ақ, жүйесіз екенін бүкіл
Үндістанға көрсеткісі келді.
Бірақ, Гандидің мінез-құлқының сырын олар аша алмады.(Ол кейбір
политикандар (саясаткерсымақтар үшін сырын алдармас қамал тәрізді болатын)
арампиғылды ойлар оның толық тазалығы мен өзіне деген сенімділігінің
алдында тізе бүкті.
Сот алдында М.Ганди өзін қорғаудан үзілді-кесілді түрде бас тартып,
мыңдаған адамның өліміне себепші болған демонстрацияны өзі ұйымдастырғанын
мәлімдеп, өзінен басқа ешкімнің қатысы жоқ екенін баяндайды.Ол өзінің үндеу
алдында мұның арты не боларын ойластырып алмағанына күйзелетінін
айтты.Бірақ, Гандиде тек бір ғана жол тұрды емес пе: шыдамды тауысқан
билікке бағыну, әлде тәуекелге бару.
Сот барысындағы Гандидің айтқан сөздерінен көптеген сот мүшелерінің
өзі жүректеріне бір сәт болса да, шынайы түрде құлақ түруіне тура
келді.Ганди айтты:Мен өз отанымыздың ең ардақты ұлдары осы статьямен
сотталғандарын білемін.Сондықтан да, осы статьямен айыпталуды мен өзіме
мақтаныш санаймын.Бұл жаза маған заң ережелері бойынша қасақана қылмыс
ұйымдастырды деген айдармен тағылмақ.Судья және қатысушылар сіздерге
қылған жалғыз жол мыналар: жамандықтың бұйрығын орындамай, өз
еріктеріңізбен абыройлы түрде отставкаға кету, әлде, менің мойныма ең қатал
жазаны таңу, сіздер қызмет етіп отырған билік біле білсеңіздер, осы елдің
халқы үшін зұлмат ұйымдастырып отыр М.Гандидің турашылдығы мен алған
беттен қайтпайтын позициясы сот процесін ағылшындықтар ойлағандай нәтижемен
қорытындыламады.
Сондай-ақ, Ганди индус-мұсылмандық діни сенімдерге де ерекше назар
аударып, әр дінге үлкен құрметпен, ізгілікпен қарады.Ол барлық діндер
ақиқатты, ал олардың арасындағы қарама-қайшылықтардың шығуы олардың шыққан
ортасы мен мезгіліне байланысты екендігін айтады.
Үнді-мұсылман мәселесі Махатма Гандидің назарын Оңтүстік Африкадан
Үндістанға оралған кезінде аударды.Ол сол кездің өзінде-ақ, келешек
мұсылман ұлттарының әкесі болған М.А.Джинмен алғашқы келіссөздерін
жүргізді.
Алғаш рет Ганди Джинмен 1914 жылы Лондонда жүздескен болатын.1915 жылы
ол тағы да осындай Үнді Ұлттық Конгресінің мүшелерімен, мәселен Анни
Безантпен, Сароджани Найдумен мұсылмандардың жетекшісі М.А.Джиннің
бастамасымен ұйымдастырылған Мұсылман Лигасы мен Үнді Ұлттық Конгресінің
арақатынасын нығайту, 1916 жылы Лакнаудағы пакт бойынша сварадж үшін үнді-
мұсылман бірлігін жақындастыру аясындағы келіссөздеріне қатысты.
Ганди үнді мұсылмандарының халифаттық қозғалысына белсенді түрде
қатысты.Ол ешқашан мұсылман халифатистері ұйымдастырған митингілерде сөз
сөйлемеді, бірақ 1918 жылы Делиде Мұсылман Лигасының сол қанатының
жетекшісі Мұхаммед Алимен, мұсылман конгресшілерінің басшысы Абул Калам
Азадпен бірлесіп, ағылшын отарлау саясатына қарсы бірнеше мәрте үндеу
тастады.
Гандидің ұсынысымен мұсылман конгресшілері жалпы азаматтық
ынтымақтаспау тактикасын қабылдады.
1922 жылы бірінші азаматтық мойынұсынбау компаниясы тоқтатылғаннан
кейін Гандиден Халифатшылар мен радикалды мұсылман жетекшісі – Мұхаммед Али
бастаған топтар кетіп қалды.Ендігі жерде Гандидің сатьяграхтарына тек
мұсылман конгресшілерінің бір бөлігі қатысты, олар 30 жылдары Үндістан
мұсылмандарының едәуір бөлігін құрады.
Ганди үнді-мұсылман бірлігі үшін күресін тоқтатпады.Бұл мақсат оның
конструктивті программасының негізгі бөлімі болып қала берді.Ол талай рет
осы бірліктің өмір сүруі үшін аштық жариялап, денсаулығының нашар
деңгейдегі ахуалына қарамады.Ол әрқашанда өзінің исламға деген құрметін
мәлімдеп, мұсылмандар өміріне де ерекше көзқараспен қарады.Бірақ, Ганди бір
нәрсені түсіне алмады және ең бастысын қабылдай алмады: мұсылмандарға оның
ойлары мен философиясын түсіну қиын болды,олар тығырықтан шығу мен дамудың
өзіндік жолдарын іздестірді.Осылайша екі қарама-қайшылық бағыт орнап оның
соңы- Пакистан мемлекетінің құрылуымен аяқталды.
Ганди өзінің соңғы өміріне дейін Пакистан мемлекетін құру қателік деп
ал Джинді жалпы үнділік свараджға қатысуға бас тартқаннан кейін – қанішер
деп есептеді.Сондай-ақ, ол сол кезде Пакистанды құру идеясының астарында
қандай мүдделер жасырынып жатқанын түсінуге тырысты.Ол 1944 жылғы Джинмен
хат жазысқан мәлімдемесінде Үндістан мемлекетінің құрамындағы Пакистанның
үй ішінен тігуін заңсыз деп мәлім етті.Ганди 40 жылдары мұсылмандардың
үлкен бөлігі Джиннің соңынан еріп кеткенін де мойындамасына амалы
қалмады.Бірақ, М.Ганди олардың даму циклынан кенже қалғандары мен саяси
мәдениеттерінің төмендегі себепті Джиннің соңынан ілесіп кетті деп
есептеді.Гандидің конструктивті бағдарламасы оның қызметінің органикалық
бөлімі болды.Ал оның барлық қызметі Үндістанның азаттығы меен бостандығына
бағытталды.Ахимса идеясы (тірі жандарға зиян келтірмеу) оның өмірінің
алғашқы кезеңінде, яғни Махатма атанғаннан басталған болатын, ендігі жерде
ахимса, Гандидің негізгі саяси және әлеуметтік ұранына айналып, оның
Үндістан халқының көсемі болуына алғышарт жасады.
Ахимса мен үшін жай ғана теория емес.Бұл үлкен тәжірибеге негізделген
шындық пен ақиқат деп мәлімдеді М.Ганди.
1930 жылы сварадж үшін сатьяграхасын бастар тұста Ганди былай деп
жазды: Британ империясы аморалды кейіпке ене түсті, ол үнді ресурстарын
эксплуатациялауды күшейту үшін ғана келді.
1931 жылы М.Ганди Лондонға сапар шегіп, дөңгелек үстел
конференциясына қатысып,Үндістанның саяси тағдыры туралы жиынның құрметті
қонағы болды.Мұнда ол көптеген достарымен, соның ішінде ағылшын публицисті
– К.Ф.Эндрюспен, француз жазушысы- Р.Ролланмен т.с.с. қайраткерлермен
жүздесті.1932 жылы Ганди түрмеге түсіп,1933 жылы 21 күн аштық жариялаған
тұста оның саяси қызметін уақытша әйелі – Кастурбай жалғастырды.Ол да екі
жыл ішінде алты мәрте тұтқындалды.Ганди 1936 жылы өзінің ашрамын Орталық
Үндістандағы Севаграм қаласына көшіріп, сол жерде апталық газетті басып
шығарып отырды.
1942 жылы Үндістан Ұлттық Конгресінің партиясы Үндістаннан кетіңдер
деген резолюция қабылдап, Ганди соңғы жалпыүнділік сатьяграха Компаниясының
жетекшісі болып қала берді.
Ганди әйелімен бірге тағы да тұтқындалып, Пун қаласындағы абақтыға
жабылды.1943 жылы ақпанда 21 күндік аштықты тағы қайталады, келесі жылы
оның әйелі түрмеде қайтыс болды.Гандидің де денсаулығы сыр беріп, күрт
нашарлап кетті.1944 жылы мамыр айында Ганди абақтыдан босатылды.
1946 жылы Джавахарлал Неру ағылшын үкіметінен үкімет жасақтау ұсынысын
алған тұста, Мұсылман Лигасының жетекшісі – М.А.Джинмен де дәл осындай
әрекетке барды.Бұл өз кезегінде үнділер мен мұсылмандар арасында үлкен
қақтығыстарды туғызды.Қараша айында Ганди Шығыс Бенгалия мен Бихарды жаяу
кезіп өтіп, жергілікті жерлердегі тәртіпсіздіктерді тоқтатуға
шақырды.Бірақ, Үндістанның бөлінуіне үзілді-кесілді түрде қарсылық
білдірді.

1947 жылы 15 тамызда Индиядан ресми түрде Пакистан бөлініп, екі
мемлекет те өз тәуелсіздіктерін жариялаған тұста, Ганди үнділер,
мұсылмандар және сикхтар арасындағы қақтығыстарды тоқтату мақсатында талай
мәрте аштық жариялады. 1948 жылы 12 қаңтарда 78 жасқа келген Ганди өзінің
бес күнге созылған аштық науқанын бастады.Күн сайын Ганди Нью-Дели
қаласындағы Бирла Хаус дуалының жанындағы бақшада ұжымдармен бірге құлшылық
ету рәсіміне қатысатын.1948 жылы 30 қаңтарда құлшылық етіп отырған Ганди
үнді фанатигінің қолынан мерт болды.

II - тарау.Махатма Гандидің пацифизмі

2.1. Махатма Гандидің пацифизмінің мәні
Менің ең басты сенімім мен ұраным күш
қолданбай күресуде
М.К.Ганди
Махатма (Гандиді отандастары осылай атады; Ұлы рух иесі деген мағына
білдірді) өзінің өркениеттік жобасында күшқолданбау және пацифистік
принциптер ұстанды.Ганди пацифизімінің көрінісі әсіресе, Үндістан жерінде
1946 жылы үнді мемлекетімен қосарланып құрылған Пакистан елі құрылған кезде
айрықша сипатқа ие болды.
Ағылшын импералистері өздерінің Үндістандағы отарлық бұғауын сақтап
қалудың соңғы мүмкіндігі ретінде екі дербес мемлекетті құруға
келісті.Пакистан құрылғаннан бастап Үндістан мен арадағы дінаралық, жер
үшін даулы-мәселелер шыға бастады.Мұсылмандар үнділерді өлтіре бастады, өз
кезегінде үнділер де мұсылман қыстақтары мен ауылдарын тұтастай құртып
жіберіп отырды.Сондықтан да Махатма Ганди бейбіт тұрғындар арасындағы қанды
қақтығыстар мен тәртіпсіздіктерді тоқтату үшін үлкен, маңызды еңбектер
атқарды.Ол тәуелсіздік пен жарқын келешекке қарулы күрес арқылы жету мүмкін
емес, керісінше, адамдар бірін-бірі өз бауырындай көріп, түсіністікпен
қарап, келіссөздерге ерік берсе ғана сол халықтың, сол мемлекеттің келешегі
зор деп мәлімдеді.
Мен үшін күш қолданбау бұл жай ғана философиялық категория емес, бұл
менің өмірімнің заңы.Ахимса ақылмен емес рухпен тарайды.Өмірде ахимсаға ие
болу үшін жоғарғы деңгейдегі батылдық пен өжеттік міндетті түрде керек.Мен
өз мүмкіндіктерімнің шекарасын сеземін.Бірақ мендегі сәуле сөнбейді және ол
жап-жарық.Біздің барлығымызды тек ақиқат пен күшқолданбаушылық қағидалары
ғана құтқармақ.
Адам және оның іс-әрекеттері- әртүрлі.Ахимса – ақиқатты іздеудің
негізі болып табылады дейді Ұлы рух иесіМахатма ганди кез-келген ушыққан
мәселені дипломатиялық жолмен шешу нұсқаларын алдыңғы орынға
қойды.Нацизммен күшқолданбай күресу мүмкін бе? Барлық нәрсені жоқ қылуға
даяр осындай күшке күшқолданбаушылықтың қарсы қоярлықтай қандай аспектілері
бар?
Гандидің өзі бұл сұраққа жауап беруден бас тартқан.Бірақ, Екінші
дүниежүзілік соғыс жылдарында, көптеген елдерде күш қолданбай күресу
халықтың рухын көтеріп қана қоймай, адамдардың өмірлерін де сақтап
қалды.Сондықтан да Мохандас Карамчанд Ганди ойлап тапқан зұлымдықпен
күресуде күш қолданбай қарсыласу тактикасы әлі күнге дейін адамзат
тарихында өз маңызын жоғалтар емес.
Гандидің адамзат тарихындағы тамаша рөліне көпшілік қауым қазіргі
таңда зор баға беруде.Кезінде Үндістанның халық жазушысы) Нобель сыйлығының
лауреаты – Рабиндранд тагор Гандиді Буддамен (Сидһартһа Гаутама) салыстыра
келіп былай деген еді: Ол өзі орташа отбасыдан шықса да, мыңдаған
адамдардың жыртық баспаналарының қасында тұрды, дәл солар секілді киінді,
ол сол тұрмысы ауыр бұқараға солардың тілінде, көптен күткендей,
кітаптардағы цитаталар емес, ащы шындықты айтып сөйледі.Гандидің сөздерінен
желпінген Үндістан ежелдегі тұрпайы халық арасынан шығып, шынайы ақиқатты
еш тайсалмастан айтқан Буддадан кем түспеді
Сатьяграха – бұл Ганди айтқандай, бейбіт қарсыласу, атыс-шабыссыз
ымыраға келмейтін соғыс.Яғни бұл соғыста адамдарда өз өмірлерінен басқа
қарулары жоқ.
Ганди әрқашанда күшқолданбай қарсыласу тактикасы әлсіздік пен
қорқақтықты білдірмейтіндігін айтып, дәлелдеумен болды: Қауіп-қатермен
бетпе-бет жолыққан адам өзін тура тышқан сияқты кейіпте ұстайды,яғни,қорқақ
болуы да заңдылық сияқты көрінеді, бірақ та, ол күш қолданбаушылыққа мүлде
жат нәрсе дейді Ганди.Ганди адами әлсіздіктерге

шыдамдылықпен,түсіністікпен қарады,бірақ,қорқақтық ол үшін жасырынып жатқан
күш секілді жиіркенішті болып көрінді.
Күшқолданбаушылық- тек күштілердің позициясы емес, сондай-ақ, күшті
позиция.Оңтүстік Африкада жүрген уақытысында бір ағылшын шенеунігі Гандиге
келіп былай деген болатын: Мен сіздердің күш қолдану әдісіне
көшкендеріңізді қалаймын.Сонда ғана біз сіздердің шаруаларыңызбен қалай
айналысатындығымызды көретін едіңіздер.
Гандидің жақтастарының көпшілігі де дәл осы күшқолданбау тактикасы
тәуелсіздікке апаратын бірден-бір жол екендігіне нық сенімді болғанын айта
кеткен жөн.Ганди үшін де күшқолданбаушылық- ең алдымен адамзат үшін күрес
болып табылды.
Гандидің адамдарды өзіне сендіре білуімен оларды келешектегі жарқын
өмірге иландыру қабілеттері жоғарыдан берілген сый тәрізді болып та
көрінеді.Көптеген үнділіктер үшін ол құдай болды, яғни, үнділер оны
жоғарыдан түсіп, Үндістанды азат ету үшін келген тәңір деп те
санады.Кішкене ғана, арық денелі балаша күлкісі бар нақ осындай тұлға
өзінің ішкі күшімен, ақылымен және мәңгілік қайырымдылығымен адамгершілік,
ізгілік жолдарын насихаттады.Ол әрқашан да адамдарға нық сенді, өзі
абсолютті түрде адал адам болды.Ол адами әлсіздіктерге – шыдамдылықпен
қарады, бірақ осыған өзін жауапты, кіналы санайды.Ол әрқашан өзінің терең
сеніміне бір сәт үңіледі, сол сенімі оған әр уақытта дұрыс, әрі адал
шешімдер шығаруына көмектеседі.Ганди адамдармен сөйлескенде оларды қорқыныш
пен үрей, жалғыздықпен қараңғылық тастап кеткендей әсер қалдыратын.Ганди
туралы ол саз-балшықтан батырлап жасайды деген әңгімелер де тарады.
Сондай-ақ, үнділердің өз ішінде Гандиге қаскөйлік ойлайтын жаулары
жетерлік еді.Олар ең алдымен темірдей тәртіпке бағынған діни үнді және
мұсылман фанатиктері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тақуалыққа толы ғұмыр немесе “өзі өзгеріп, әлемді өзгерткен адам”
Мохандас Карамчанд Ганди
Гандидің махатма ретінде қалыптасуы
Үнді Ұлттық Конгрессі 1930 жылдардан кейін
Үндістандағы дипломатиялық қызмет
Үндістандағы тәуелсіздік үшін күрестердің негізгі бағыттары мен идеологиясы
Үндістанның Ұлы моғолдар империясынан тәуелсіздік алғанға дейінгі тарихы
Дұрыс әрекет жалпы адамзаттық құндылық ретінде
Индуизм
IT БАҒЫТЫНДАҒЫ МЕКТЕПТЕРДЕ ИНФОРМАТИКА КУРСЫН ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Пәндер