Тері



Терінің маңызы. Тері – біздің денеміздің сыртқы жабыны. Ол мықты, серпімді болады. Бұл адамның жеңіл және еркін қозғалуына мүмкіндік береді. Тері адамның ішкі мүшелерін сыртқы соққыдан қорғайды және судың мөлшерін белгілі бір көлемде сақтайды. Таза және ауруға шалдықпаған тері организмге әр түрлі микробтардың енуіне жол бермейді. Тері жүйке талшықтарының ұштарымен торланған. Сондықтан біз ыстықтың, суықтың әсерін, сипау және ауру сезімдерін қабылдап, өзімізді күюден, үсуден, жарақаттанудан қорғай аламыз. Тері организмнің ысып немесе суып кетуіне және дененің қызуын сақтауға қатысады. Организмдегі зиянды заттар, мөлшерден артық тұздар тepi арқылы (термен) бөлініп отырады. Tepi газдардың алмасуына қатысады, оттекті ciңipiп, көмірқышқыл газын бөледі. Tepi — сезім мүшесі.
Терінің құрылысы. Tepi үш қабаттан: сыртқы, ішкі жене шел қабатынан тұрады Терінің сыртқы қабаты эпителий ұлпасынан құралады. Ycтiңгi қабат өлі клеткалардан тұрады. Олар теріні қатты бөлшектердің, газдардың, сұйықтықтардың әсерінен сақтайды. Ескірген, өлі клетка орнына жаңа клеткалар ауысып келіп отырады. Бұл жаңа жас клеткаларда бояғыш заттар болады. Олар терінің түсін және организмді күн сәулесінен қорғайды. Адам организміндегі бояғыш заттар күн сәулесінің әсерінен пайда болады.

Терінің құрылысы: 1 — жанасқы денешік, 2 — жүйкенің бос ұшы, 3 — тақташалы денешік, 4 — Tepi түгі, 5 — терінің үстінгі қабаты, эпидермис, 6 — нағыз тepi қабаты, 7 — май безі, 8 — түк ұясы, 9 — терідегі тамырлар, 10 — дәнекер ұлпасы, 11 — тер безі, 12 — шелдегі май ұлпасы

Терінің iшкi қабаты дәнекер ұлпасынан тұрады. Ол үстіңгі қабаттан әлдеқайда қалыңырақ болады және тepiгe серпімділік қасиет береді. Терінің бұл қабаты қан тамырларымен және жүйке талшықтарының таралған ұштарымен торланған. Мұнда май және тер шығаратын

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Тері
Терінің маңызы. Тері – біздің денеміздің сыртқы жабыны. Ол мықты, серпімді
болады. Бұл адамның жеңіл және еркін қозғалуына мүмкіндік береді. Тері
адамның ішкі мүшелерін сыртқы соққыдан қорғайды және судың мөлшерін белгілі
бір көлемде сақтайды. Таза және ауруға шалдықпаған тері организмге әр түрлі
микробтардың енуіне жол бермейді. Тері жүйке талшықтарының ұштарымен
торланған. Сондықтан біз ыстықтың, суықтың әсерін, сипау және ауру
сезімдерін қабылдап, өзімізді күюден, үсуден, жарақаттанудан қорғай аламыз.
Тері организмнің ысып немесе суып кетуіне және дененің қызуын сақтауға
қатысады. Организмдегі зиянды заттар, мөлшерден артық тұздар тepi арқылы
(термен) бөлініп отырады. Tepi газдардың алмасуына қатысады, оттекті
ciңipiп, көмірқышқыл газын бөледі. Tepi — сезім мүшесі.
Терінің құрылысы. Tepi үш қабаттан: сыртқы, ішкі жене шел қабатынан тұрады
Терінің сыртқы қабаты эпителий ұлпасынан құралады. Ycтiңгi қабат өлі
клеткалардан тұрады. Олар теріні қатты бөлшектердің, газдардың,
сұйықтықтардың әсерінен сақтайды. Ескірген, өлі клетка орнына жаңа
клеткалар ауысып келіп отырады. Бұл жаңа жас клеткаларда бояғыш заттар
болады. Олар терінің түсін және организмді күн сәулесінен қорғайды. Адам
организміндегі бояғыш заттар күн сәулесінің әсерінен пайда болады.

Терінің құрылысы: 1 — жанасқы денешік, 2 — жүйкенің бос ұшы, 3 — тақташалы
денешік, 4 — Tepi түгі, 5 — терінің үстінгі қабаты, эпидермис, 6 — нағыз
тepi қабаты, 7 — май безі, 8 — түк ұясы, 9 — терідегі тамырлар, 10 —
дәнекер ұлпасы, 11 — тер безі, 12 — шелдегі май ұлпасы
Терінің iшкi қабаты дәнекер ұлпасынан тұрады. Ол үстіңгі қабаттан әлдеқайда
қалыңырақ болады және тepiгe серпімділік қасиет береді. Терінің бұл қабаты
қан тамырларымен және жүйке талшықтарының таралған ұштарымен торланған.
Мұнда май және тер шығаратын бездер шаштың түбінде болады.
Тер бездері тер бөледі. Денеден тер бөлінгенде — адам салқынды сезеді. Бұл
денені ысып кетуден сақтайды. Терідегі май бездері май бөледі. Tepi майы
шашты және терінің үстін майлайды, теріге жұмсақтық және серпімділік қасиет
береді.
Шаш және тырнақ- бұлар терінің мүйізделген құрамы. Шаш денені жауып тұрады.
Теріде шаштың түбi болады. Оның түбіне қан тамырлары, жүйке талшықтарының
ұшы мен бұлшық ет талшықтары ұштасып жатады. Шаштың түсі ондағы бояғыш
заттарға байланысты. Бояғыш заттардың ыдырауынан шаш ағарады.
Тырнақ саусақ басын закымданудан қорғайды.
Терінің астында май торлары бар. Ол — терінің ең терең жатқан қабаты. Май
торлары iшкi мүшелерді жауып тұрады және оларды әр түрлі зақымданудан және
организмді салқындаудан сақтайды, сондай-ақ энергия қоры болып табылады.
Шаш және оның гигиенасы. Адам денесінің алақан, саусақ, ерін және табаннан
басқа жерлерін түк басып тұрады. Денеге үш түрлі түк өседі: ұзын түк — шаш
басты күннен және суықтан сақтайды, қайратты түк — мұрт, сақал және
танауда, кұлақтың сыртқы дыбыс өткізу жолында, "ал жұмсак түктер дененің
қалған жерлерінде өседі. Шаштың түбі тepi қабатындағы шаш ұясында болады.
Адамның басында шамамен 100 мыңнан (сары адамда 80 мың) астам шаш түбі
кездеседі.
Шаш — нәруызды заттан, кератиннен, күкірт және азоттан кұралады. Шаштың
түci оның түбіндегі бояғыш кератинге байланысты. Күніне 100 шашқа дейін
түсіп, оның орнына 100
шаш өceдi. Бастағы шаш 2—4 жылда, кipпiк 4—5 айда ауысып отырады.
Денсаулығы дұрыс адамның шашы орта шамамен, айына 1 см өседі. Шаштың өcyi,
сақталуы, оның түcyi организмнің күшіне, зат алмасуға, жүйке жүйесі мен
iшкi секреция бездерінің
қызметіне тікелей байланысты. Шаштың жылтырлығы мен майысқақтығы май
безінен бөлінетін химиялық құрамға сәйкес өзгереді. .
Шаштың гигиеналық жағдайы организмнің жалпы күтіміне байланысты. Ол үшін
еңбек пен демалысты дұрыс ұйымдастырып, қуатты тамақтанып, дене
шынықтырумен шұғылданудың маңызы өте зор. Шашты уақытында май және шаң-
тозаңнан, қайызғақтан тазартып, жуып-күту қажет. Судың сапасы да шашқа көп
әсер етеді. Оның кермектігінің (құрамындағы кальций, магний, тeмip тұздары)
адам терісіне және шашына қолайсыз әсер етуден құрғап, қайызғақ түседі.
Кермек су шашты жіңішкертіп, үзілгіш етеді.
Сондықтан мұндай суды жұмсарту үшін оны бip сағат қайнатады немесе 5 л
суға 2—3 шай қасық ас содасын қосады. Шашты орамалмен құрғатады. Су шашты
желмен кептіруге болмайды. Ұзын шашты ұшынан бастап, ал қысқа шашты түбінен
бастап сирек тісті тарақпен тарау керек. Шашты қатты тартып, бұрап өру оның
қанайналымын нашарлатады, түсуіне, селдіреуіне әсер етеді. Сол сияқты үнемі
тар және ауыр бас киім кию де зиян. Бас киімсіз ыстық күннің көзінде және
суықта жүруге болмайды. Шашты химиялық әдіспен бояп, бұйралау да шаштың
өсуін нашарлатады. Шашты күтпесе — кұрғап, өңі кетіп, қайызғак басады, ал
майлы шаш — ұйыса береді.
Шашты аптасына бip рет жуып, тазартады. Адам өзінің тepiciнe қарай сабын
мен сұйық сабынды таңдап қолдануы қажет. Ол үшін шаштың қандай (құрғақ,
майлы) екенін білу керек. Шаштың өcyi үшін, бастың тepiciн уқалау пайдалы.
Шашты дер кезінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дерматология. Тері жабыны мүшелер жүйесі. Тері жабыны және тері туындыларының фило - онтогенезі. Терінің морфологиясы
Терінің құрылысы, қызметі, маңызы және тері аурулары
Теріні сорттау. Мехтық теріні өңдеу
Тері шикізатын өндіру жайында
Жүннің құрылымы
Тері, оның құрлысы, қызметі, гигиенасы
Микроорганиздердің әсерінен тері және жүн өнімдерінің биозақымдануын зерттеу
Жасқа байланысты терінің ерекшеліктері
Мамандыққа кірісу, терідегі патологиялық үрдістер
Тері туберкулезі
Пәндер