Паскаль программалау тілі. Массивтер



Жоспары

1. Мәтiндердi шығару тәсiлдерi
2. Бiр өлшемдi массив
3. Массив элементтерiн iздеу және реттеу
Кез келген мәтiндi экранға шығару үшiн төмендегi процедуралар пайдаланылады.
OutTextXY(x, y, ‘Text’) – процедурасы, мұндағы (x, y) - текстiң орналасу нүктесi, Text- кез келген мәтiн.
Мәтiннiң шрифтiсi мен өлшемiн өзгертуге болады, ол келесi процедура арқылы жүзеге асырылады.
SetTextStyle(F, D, CS)
мұндағы, F - текстiң шрифтi, D - бағыты, CS - өлшемi. D бағыты 0-ден 3-ке дейiн, ал CS бағыты 0-ден 10-ға дейiн өзгередi. Экранға жазылатын мәтiнге де процедурасы арқылы қалауымыз бойынша кез келген түс беруiмiзге болады.

Мысал. Эллипс пен шеңбер салып, олардың iшiне сәйкесiнше ”эллипс”, ”ШЕҢБЕР”сөздерiн жазып шығару программасын жаз.

Program Сурет-3;
Uses Graph, Crt;
Var GraphDriver,
Graphmode: integer;
Begin
Clrscr;
GraphDriver := 0;
InitGraph (GraphDriver,GraphMode,‘‘);
If GraphResult <> 0 then
Begin Writeln; Writeln; Halt;
End;
SetBkColor(9); Setcolor(4); Fillellipse(300, 150,100,50);
Setfillstyle(1, 11); Floodfill(300,150,4);
Setcolor(1); Settextstyle(9,0,3); OuttextXY(280,130, ‘эллипс’);
Setcolor(2); Circle(300, 350,70); Setfillstyle(1, 7); Floodfill(300,350,2);
Setcolor(9); Settextstyle(9,0,3); OuttextXY(280,350, ‘ШЕҢБЕР’);
Readln; Closegraph; end.

3.21. Массив

Бiр өлшемдi массив

Массив дегенiмiз бiрыңғай шамалар тiзбегiнiң бiр атаумен аталып реттелген жиыны. Математикадағы вектор, матрица осы массивке мысал бола алады. Тiзбектiң айнымалылары массив элементтерi деп аталады. Оның элементтерi индекстерi бойынша ажыратылады. Егер айнымалы бiр индекстi элементтерден тұрса, онда бiр өлшемдi массив болады. Олардың

Паскаль программалау тілі(5)

Жоспары

1. Мәтiндердi шығару тәсiлдерi
2. Бiр өлшемдi массив
3. Массив элементтерiн iздеу және реттеу

Мәтiндердi шығару тәсiлдерi

Кез келген мәтiндi экранға шығару үшiн төмендегi процедуралар
пайдаланылады.
OutTextXY(x, y, ‘Text’) – процедурасы, мұндағы (x, y) - текстiң
орналасу нүктесi, Text- кез келген мәтiн.
Мәтiннiң шрифтiсi мен өлшемiн өзгертуге болады, ол келесi процедура
арқылы жүзеге асырылады.
SetTextStyle(F, D, CS)
мұндағы, F - текстiң шрифтi, D - бағыты, CS - өлшемi. D бағыты 0-ден 3-ке
дейiн, ал CS бағыты 0-ден 10-ға дейiн өзгередi. Экранға жазылатын мәтiнге
де процедурасы арқылы қалауымыз бойынша кез келген түс беруiмiзге болады.

Мысал. Эллипс пен шеңбер салып, олардың iшiне сәйкесiнше ”эллипс”,
”ШЕҢБЕР”сөздерiн жазып шығару программасын жаз.

Program
Сурет-3;
Uses Graph,
Crt;
Var
GraphDriver,
Graphmode:
integer;
Begin
Clrscr;
GraphDriver
:= 0;
InitGraph
(GraphDriver,GraphMode,‘‘);
If GraphResult 0 then
Begin Writeln; Writeln;
Halt;
End;
SetBkColor(9); Setcolor(4); Fillellipse(300, 150,100,50);
Setfillstyle(1, 11); Floodfill(300,150,4);
Setcolor(1); Settextstyle(9,0,3); OuttextXY(280,130, ‘эллипс’);
Setcolor(2); Circle(300, 350,70); Setfillstyle(1, 7); Floodfill(300,350,2);
Setcolor(9); Settextstyle(9,0,3); OuttextXY(280,350, ‘ШЕҢБЕР’);
Readln; Closegraph; end.

21. Массив

Бiр өлшемдi массив

Массив дегенiмiз бiрыңғай шамалар тiзбегiнiң бiр атаумен аталып
реттелген жиыны. Математикадағы вектор, матрица осы массивке мысал бола
алады. Тiзбектiң айнымалылары массив элементтерi деп аталады. Оның
элементтерi индекстерi бойынша ажыратылады. Егер айнымалы бiр индекстi
элементтерден тұрса, онда бiр өлшемдi массив болады. Олардың индекстерi
сандармен немесе белгiлi бiр әрiптермен жақша iшiнде жазылады, мысалы
А(I), С(12), К(100)
Паскаль тiлiнде массивтiң нөмерi индексi тiк жақшаға алынып,
жазылады, мысалы

1,6; 4,9; 5; 8,9; 0,47 –мәндерiнен тұратын А массивiн былай
жазамыз:

A[1]=1,6; A[2]=4,9; A[3]=5; A[4]=8,9; A[5]=0,47
Егер есептеу барысында А1, А2, А3, ... , А25 немесе {Ai}, мұндағы
i=1, 2, 3, ... 25 тәрiздi массив кездессе, онда оны программа барысында А[25]
түрiнде жазамыз.
Мұндағы А-массив аты болады да, 25-оның индексiнiң қабылдайтын ең үлкен
мәнi болып есептеледi.
Паскаль тiлiнде массивтi программада қолдану үшiн алдымен оларды
мiндеттi түрде арнаулы ARRAY ағылшын тiлiнен аударғанда – массив
-операторы арқылы сипаттап жазу керек.
Ол айнымалы - VAR немесе TYPE –тип бөлiгiнде көрсетiледi, VAR арқылы
жазылуы:
VAR массив аты : ARRAY [бастапқы нөмерi .. соңғы нөмерi] OF типi;
Мәселен алдыңғы мысалдағы А массивi үшiн:
VAR А : ARRAY [1 .. 5] OF REAL;
мұндағы, А – массив аты, элементтерi нақты шама - REAL қабылдайды. Нөмерi
индексi 1-ден 5-ке дейiн.
Массивтiң бүтiн, не нақты сандардан тұратын сандық типтерiн
алдыңғы мысалдардан көрiп отырсыңдар. Сондай-ақ массив символдық типтен де
тұрады. Символдық жол – STRING үшiн массив келесi түрде өрнектеледi:
TYPE
STRING : АRRAY [0 .. 255] OF CHAR ;
Массивтiң нөмерiнiң санына қарай қанша элементтi массив екенiн
байқауға болады. Алдыңғы мысалда STRING –массивi 255 элементтi болады.
Келесi мысалдарды қарастыратын болсақ массив нөмерi тек сол мәндердi
ғана емес, басқа мәндердi де қабылдайтынын төмендегi келтiрiлген
мысалдардан да көре аласыздар.
1. Мәтіндегі латын әрiптерiн шығару:

VAR әрiп : ARRAY [‘A’ .. ‘Z’] OF INTEGER;

2. Құрылықтағы бiр жылдағы ауаның орташа температурасы:

TYPE құрылық =(Гаити, Таймыр, Ява, Тасмания Сицилия, Фемарн);
VAR T : ARRAY [құрылық] OF REAL;

3. Келесi адамдардың қайсысының бойы ең ұзын:

TYPE aты =( Қарлығаш, Имаш, Ақын, Сара, Бақыт );
VAR Ж : ARRAY[ аты ] OF (ұл, қыз);
Б : ARRAY [ аты ] OF 140 .. 240;

Осы мысалдарға қарай отырып, массивтiң дұрыс қатесiз жазылуын келесi
түрде көрсетуге болады:

VAR M : ARRAY [1 .. N] OF REAL;
Жыл : ARRAY [қаңтар .. желтоқсан ] OF INTEGER;
L : ARRAY [Жол] OF BOOLEAN;
M1: ARRAY [CHAR] OF Шеңбер;

Егер бiрнеше массивтер бiр ыңғай типтi және элементтер саны тең
болса, онда оларды программада бiр жолда сипаттауға болады, мысалы

VAR A, B, C : ARRAY [1 .. 25] OF REAL;

Мұнда, А, В, С – массивтерiнiң мәндерi 25 элементтен тұратын нақты сандар.

A[1], A[2], A[3], ... , A[25],
B[1], B[2], B[3], ... , B[25],
C[1, C[2]], C[3], ..., C[25]

Паскаль тiлiнде масивтер арасында “тең”, ”тең емес” немесе “
меншiктеу операторы ” амалдарын қолдануға болады. Мысалы: ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Спортлото ойыны
Turbo Pascal жүйесінде массивтерді ұйымдастыру технологиясы
«Турбо паскаль жүйесінде бір өлшемді массивтерді ұйымдастыру технологиясы»
Құрыдымдық типтер.жиындар
Турбо Паскальда тест дайындау
Турбо паскальда екі өлшемді массивтерді ұйымдастыру технологиясы
Бір өлшемді массивтер
Турбо Паскаль тілінде программалау
Turbo Рascal программалау жүйесі
Турбо Паскаль тіліндегі мәліметтер типі
Пәндер