ХХІ-ХХ ғасырлардың атақты әнші-ақындары



Қазақтың ән өнері – сонау көне заманнан бері қалыптасқан халқымыздың асыл қазынасы, фольклордың музыкалық саласының бір тармағын құрайды.Фольклор деген сөз ағылшын тілінен алынған. Ол «халық даналығы, халық білімі, халықтың ауызша шығарған туындылары» деген мағынаны білдіреді. Фольклор шығармалары халықтың әр дәуірдегі тұрмыс – салтымен, наным – сенімімен, күнделікті тіршілігімен тығыз байланыста туады. Оларда өмірде болып өткеннің ғана емес, халықтың «осылай болса екен» деген арман, үміттері де бейнеленіп, табиғат, өмір құбылыстарына баға беріледі.
Ән – халықтың сүйіп айтатын, тыңдайтын, сан ғасырлық тарихы бар халық музыкасының ең бір бай арнасы болып табылыды. Көне заманнан келе жатқан ән – күй туралы халықтың аузында қалыптасқан көптеген мақал – мәтелдер, аңыздар, жырлар осының айғағы. Халықтың: «Сөз күміс - ән алтын», «Ел көркі – қыз, той көркі - ән», немесе «Ән өмір ұзартады» деген асыл сөздері осы өнерге арналған.
Қазақтың ұлы ақыны Абай да ән мен күйдің құдіретін жырлап:
Құлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең, менше сүй – деген.
Ән мен күй шыққан күн, туған айдай дала жұртының тал бесіктен жер бесікке түскенге дейінгі жан серігі болды. Ауылдан ауылға ән айтып, күй тартып жүрген диуаналар, бақсылар, жыршылар, сал – серілер өз өнерін көрсетіп, халықтың көңілін көтерді, айт пен той – томалақ, түрлі ойын – сауық, отырыстардың көркі болды. Ақын - әншілердің өнері халық арасында өте жоғары бағаланып, ақынның келген ауылы оған зор сый – құрмет көрсеткен. Олардың аты аңыз - әңгімеге айналып, ауыздан – ауызға, ұрпақтан – ұрпаққа жетті.
Өз мазмұны бойынша, тұрмыстағы орнына сай қазақтың халық әндері бірнеше түрге бөлінеді:
1.Халықтың ескілікті наным – сенімінентуған әндер.
2 .Еңбек пен шаруашылық кәсібіне байланысты туған әндер.
3.Тұрмыс – салт әндері.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ХХІ-ХХ ғасырлардың атақты әнші-ақындары.

Қазақтың ән өнері – сонау көне заманнан бері қалыптасқан
халқымыздың асыл қазынасы, фольклордың музыкалық саласының бір тармағын
құрайды.Фольклор деген сөз ағылшын тілінен алынған. Ол халық даналығы,
халық білімі, халықтың ауызша шығарған туындылары деген мағынаны
білдіреді. Фольклор шығармалары халықтың әр дәуірдегі тұрмыс – салтымен,
наным – сенімімен, күнделікті тіршілігімен тығыз байланыста туады. Оларда
өмірде болып өткеннің ғана емес, халықтың осылай болса екен деген арман,
үміттері де бейнеленіп, табиғат, өмір құбылыстарына баға беріледі.
Ән – халықтың сүйіп айтатын, тыңдайтын, сан ғасырлық тарихы бар
халық музыкасының ең бір бай арнасы болып табылыды. Көне заманнан келе
жатқан ән – күй туралы халықтың аузында қалыптасқан көптеген мақал –
мәтелдер, аңыздар, жырлар осының айғағы. Халықтың: Сөз күміс - ән алтын,
Ел көркі – қыз, той көркі - ән, немесе Ән өмір ұзартады деген асыл
сөздері осы өнерге арналған.
Қазақтың ұлы ақыны Абай да ән мен күйдің құдіретін жырлап:
Құлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең, менше сүй – деген.
Ән мен күй шыққан күн, туған айдай дала жұртының тал бесіктен жер
бесікке түскенге дейінгі жан серігі болды. Ауылдан ауылға ән айтып, күй
тартып жүрген диуаналар, бақсылар, жыршылар, сал – серілер өз өнерін
көрсетіп, халықтың көңілін көтерді, айт пен той – томалақ, түрлі ойын –
сауық, отырыстардың көркі болды. Ақын - әншілердің өнері халық арасында өте
жоғары бағаланып, ақынның келген ауылы оған зор сый – құрмет көрсеткен.
Олардың аты аңыз - әңгімеге айналып, ауыздан – ауызға, ұрпақтан – ұрпаққа
жетті.
Өз мазмұны бойынша, тұрмыстағы орнына сай қазақтың халық әндері
бірнеше түрге бөлінеді:
1.Халықтың ескілікті наным – сенімінентуған әндер.
2 .Еңбек пен шаруашылық кәсібіне байланысты туған әндер.
3.Тұрмыс – салт әндері.
4.Эпикалық жырлар.
5.Тарихи әндер.
6.Лирикалық әндер.
7.Айтыс.

Халықтың ескілікті
наным – сенімінен туған әндер

Жаратылыс дүниесінің толып жатқан құпия сырларына табыну, табиғат
құбылыстарының дүлей күшінен қорқып, соған еріксіз сыйынып, жалбарынудан
туған әндер тобына Бақсылар сарыны, Бәдік, Арбау әндері жатады. Адам баласы
табиғаттың қорқыныш тудыратын үрейлі құбылыстарының бәрін тәңірге санап,
күнге, бұлтқа, желге табынып келген.
Ескілікті наным – сенімнен туған әндердің бір алуаны – бақсылар
сарыны. Бақсылар сарынының негізгі мақсаты – түрлі ауруларды емдеу. Бақсы
жын, пері, албасты басты делінетін ауруларды қобыз арқылы сарнап, көшіреді.

Қазақтың емшілік кәсібінен туған бәдік әндерінің өз заманы үшін
өмірлік мәні болған. Өйткені, ол адам баласына қас күштер мен әртүрлі ауру,
індет иелерін әсерлі, сырлы сазбен көшіріп, көндіруге болады деген
сенімнен шыққан еді. Сондықтан бәдік тек мал ауырып, адам сырқаттанған
кезде ғана айтылған.

Еңбек және шаруашылық әндері

Халықтың ән шығармаларының ең көне жанрының бірі – еңбек жырлары –
ел тұрмысының шындық суреттемесін, қарапайым шаруалардың күнделікті өмірін
бейнелейді. Еңбек және шаруашылыққа байланысты туған өлең – жырларға төрт
түлік туралы, аңшылық және наурыз әндері жатады. Еңбек және шаруашылық өлең
– жырларының ішіндегі ең көп тарағаны – төрт түлік мал туралысы.
Қазақ халқының негізгі тіршілік күн көрісі мал шаруашылығы болды.
Төрт түлікке жылқы, қой, сиыр және түйе жатады. Шаруаның малды жоғары
багалағаны сонша, тіпті ең асыл, ең қымбатты адамдарын солармен теңейтін.
Мысалы, сұлу, келбетті, үлкен көзді қызды Ботагөз, мықты, сымбатты
жігітті, Жігіттің нары деп атады. Анасы баланы еркелетіп қозым,
ботам, құлыным дейді. Кездескен кісілердің Мал – жан аман ба? деп
сұрауы дамалдың ел тұрмысында келелі орын алатындығының белгісі. Сондықтан
да мал жайында көптеген мақал – мәтелдердің қалуы да тегін емес.
Халық ертеден әрбір малдың өзінше әулие иесі, бабалары бар деп
сенді. Сол себепті мал туралы тілек тілесе де, малға өз бағасын берсе де
әуелі малдың иелеріне сөз арнады:
Шаруаның бір түлік пірі – Шопан,
Келтірмей қу, пір ата, қойға топан.
Ай мүйізді шоқпақтай
Шүйделері тоқпақтай,
Тегене құйрық қошқарлы,
Малды берсең, қойдан бер. . .

Шаруаның бір пірі – Жылқышы ата,
Тілегенде, өзің бер ақтан бата. . .
Өңкей ала шұбардан,
Жал, құйрығы шұбалған
Айғыр берсең байсалды,
Үйірі толған байталды,
Өңкей мама бие бер
Сауған сайын иіген. . .

Шаруаның бір пірі – Ойсыл қара,
Түйе өсіріп, жарылқап, болып пана.
Көзі жарық жұлдыздай,
Мойыны піл қозыдай,
Құйрығы бар қамшыдай,
Шудасы бар жамшыдай,
Маң – маң басқан, маң басқан,
Шудаларын шаң басқан,
Төрт аяғын тең басқан,
Екі өркешін қом басқан. . .
Шөк дегенде бық деген,
Шешіп үйін жүктеген,
Ойсыл қара баласы –
Түйе бассын үйіңді.
Түйе басса үйіңді,
Кие бассын үйіңді. . .

Шаруаның бір пірі – Зеңгі баба,
Сиыр берсең, сүтті бер, өңкей мама,
Қос жегуге жарамды,
Ылғи бойшаң өгіз бер,
Жұп – жұбымен егіз бер.
Бұқаларды әукелі,
Шүйделері білеудей,
Аяқтары тіреудей,
Әр түсін ыңғай сегіз бер. . .
- деп, қой иесін – Шопан ата, жылқы иесін – Жылқышы ата, түйенің пірін –
Ойсыл қара, сиыр пірін – Зеңгі баба атаған. Оларға бас иіп, әндер шығарған.
Еңбек, шаруашылық жайындағы әндердің таза күйінде сақталмағанына
қарамастан, еңбек әуенінің тақырыбы қазақ әндерінің көбіде кездеседі десек
артық болмас. Соған айқын мысал ретінде халық ақыны әрі әнші Кенен
Әзірбаевтың Бозторғай әнін келтіруге болады.
Еңбек және шаруашылық кәсібіне байланысты туған әндер тобының
ішіндегі көне түрі – наурыз әндері. Жаңа жылға арналған осы наурыз әндері
қазақ даласына кең таралған, халықтың күнделікті күнкөріс кәсібінен, өмір
тіршілігінен туған ауызекі шығармаларының бірі. Ертеден – ақ қыс кетіп,
жаздың шығуын мерекелеу қазақ баласы үшін үлкен оқиға болатын.
Қыстың зәрінің сынуы құт айынан басталады. Қазақ бұл айды Түске
шейін мүйіз, түстен кейін киіз, Жақсы болса – құт, жаман болса - жұт деп
атайды. Кейбір жылдар болмаса, жаздың жылылығының басталуы қамал
(наурыз)айының бір жаңасынан басталады. Қыстай боранмен, суықпен алысып,
көкке көз тігіп, қалт – құлт етіп отырған елге күн шырай беріп, бір күнде
қардың тас – талқан боп еруі қандай қуаныш екендігі айтпаса да мәлім.
Сүйтіп, наурыз күн – қазақ елінің үлкен айты саналуы кездейсоқ нәрсе емес,
халықтың шаруашылық тілегімен нық байланысты туған. Наурызсөзі
парсытілінде жаңа күн деген мағынаны білдіреді. Ежелден қазақ халқы жаңа
жыл күнін Ұлыс деп атаған. Ұлыстың ұлы күнінде халық өзара құшақтасып,
бірін – бірі қүттықтап, мал – жаннаң амандығын сұрап, бата – тілек айтып,
көрісетін болған:
Ұлыс күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар.
Ұлы кісіден бата алсаң,
Сонда олжалы жол болар. . .
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Қайда барсаң, жол болсын!
Ұлыс баққытты болсын,
Төрт түлік ақты болсын.
Ұлыс береке берсін,
Пәле, жәле жерге енсін!
Қазақ даласында ислам діні орнағаннан кейін, Наурызды исламның
рамазан мейрамымен бірге өткізетін болған. Жастар сол мейрам күндері әр
үйді аралап, жарапазан айтып, отау иелерін мадақтаған. Оларға молшылық,
тоқшылық тілеген. Сол мадақтағаны үшін жарапазаншыларға не түрлі сыйлықтар
беретін. Осындай жарапазан үлгісі ретінде Айтамын жарпазан әнін
келтіреміз:
Айтамын жарапазан еліңізге,
Байлаңдар бір орамал белімізге.
Байласаң бір орамал белімізге.
Барамыз мақтап, мақтап еліңізге.

Қайырмасы:

Оразаң қабыл болсын, ұстаған жан,
Әсіре мазан, сайра мазан,
Оразаң қабыл болсын, ұстаған жан.

Тұрмыс – салт әндері

Бұл түрдің әндері халық өмірінің айнымас серіктері болып келеді.
Олар адам өмірінде кездесетін әртүрлі салт, әдет – ғұрыптармен байланысты.
Мысалға, үйлену тойында айтылатын әндер немесе нәрестенің шілдеханасында
орындалатын әндер. Сондай – ақ адамды ақырғы жолға аттандыратын жоқтау
әндері.

Үйлену тойының әндері

Үйлену той әдетте бірнеше күнге созылып, оған барлық ауыл мен
көршілес жұрттың адамдары шақырылатын.
Той – думан аяқталғанға дейін ауылды ән мен күй кернейтін. Тойға
атақты әншілер мен күйшілер арнайы шақырылатын. Ән тойда жай ғана айтылып
қоймай, оған салтанаттың ең бір маңызды жерлерінен орын берілетін. Мысалы,
салтанатты жиын Той бастар әнімен ашылады.
Бұл әнде қалыңдықтың әдемілігі мен сұлулығы, жігіттің байлығы,
жігіт пен қыздың туыстарын мақтау, қыз бен жігітке болашақтағы өмірлерінде
бақытты өмір сүрулеріне бата беріледі:

Той дегенде біз келдік,
Ат мініп, тон кигелі.
Қайырлы сапар, қарағым,
Жатырмысың жүргелі.
Тойыңды бастап тон алсақ,
Іс болмай маүлгілі.
Әкем – ай деп жылама,
Әке орнына қайын атаң
Онда болар, қарындас,
Суықты өмір, сәнді өмір
Жыр болғандай кейінгіге, қарындас,
Айдай тастап бір кетші, айдай, үлгіні – ай.

Үйлену тойының ең бір қызықты кезеңі – жар – жар айту. Бұл әндер
кейбір өзіндік ерекшелігімен айтысқа жақын келеді. Жар – жар жігіттер мен
қыздар арасында сайыс ретінде орындалатын. Бұрынғы заманда қыздар өз
еркімен сүйген жарына қосыла алмай, әке – шешесінің ұйғаруымен тұрмысқа
шыққан кезде, жар – жар қыздың қайғы, шер, мұңын белгілеген.
Жігіттер жар – жар арқылы қайғылы қызды жұбатып, оның туған жері,
елімен қоштасу мұңын жұмсартуға тырысты. Бұл әнде жігіттер қалыңдықтың жат
жерге барғанымен, онда жаңадан әке, шеше, туған – туыс табатынын айтты.
Оларға жауап ретінде айтылған қыздар жар – дарында өз құрбылырымен қоштасу,
күйінішті сезіммен қатар, ұзатылғалы тұрған қыздың туған әке – шеше мен аға
– сіңілілілеріндей туыс табылмайтыны айтылады:

Жігіттер жар - жары
Қара насар, замандас, қара насар, жар – жар!
Қара мақпал сәукелең шашың басар, жар – жар!
Мұнда әкем қалды деп, қам жемегін, жар – жар!
Жақсы болса қайын атаң, орын басар, жар – жар!

Қыздар жар - жары
Есік алды су майдан болсын, жар – жар!
Ақ жүзімді көргендей айнам болсын, жар – жар!
Қайын атасы бар дейді көп жігіттер, жар – жар!
Айналайын әкемдей қайдан болсын, жар – жар!

Сөйтіп, жар – жардың бір тобында қазақ әйелінің еріксіздігінен
туған қасірет, мұңы бейнеленсе, енді бір қатарынан қыз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қыздар жар - жары
Қазақ поэзиясы мен музыка өнері
ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫНДАҒЫ ШИЕЛЕНІС
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің даму ерекшелігі
ПОЭЗИЯ - СӨЗ ӨНЕРІНІҢ АЛТЫН ТӘЖІ
Әлем кереметтері
Иса Байзақов
Жайықта мен қазақпын
Әлеуметтік құбылыстағы музыкалық өнер. Дәріс және тәжірбиелік сабақтар
Абайдың әдеби ортасы және ақындық мектебі
Пәндер