Мәшһүр Жүсіп Көпеев



Өмірі мен шығармашылығы. Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі — акын, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы Мәшһүр Жүсіп Көпеев 1858 жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданы өңірінде Найзатас деген жерде туған. Ол жасында ауыл молдасынан дәріс алады. 1870 жыддары Хамаретдин хазіреттің медресесінде, одан кейін Бұхарадағы Мирараб медресесінде білім алған. Акын ауыз әдебиеті нұсқаларымен жас кезінен бастап танысып, хальқтық жыр-дастандарды жаттап өскен.
Болашақ ақын өзінің алғырлығын, сөз өнеріне бейімділігін жастайынан-ақ танытады. Ақындық жолға бой ұруы, алғашқы шығармашылық қадамы 15 жасында басталғанын Мөшһүр шайыр былай баяндайды:
Айрылдым дәл он бесте ақыл-естен,
Жабысып бір дауасыз ауру төстен...
1875 жылдан бастап ол оқытушы бола жүріп "Дала уәлаяты" газетіне хат-хабар, мақала жіберіп тұрады. Сөйтіп ел арасына кеңінен
таралған әрі акын, әрі газет тілшісі мөшһүр атанады.
Мәшһүр Жүсіп 1887—1890 жылдары Орта Азияның Самарқан, Тәшкен, Бұхара, Түркістан секілді калаларында болып, білімін жетілдіреді. Араб, парсы тілдерін үйреніп, Шығыстың классикалық әдебиетімен жете танысады. Ол осы кезеңдерде белгілі шығыс зерттеушісі, фольклоршы В. Радловпен танысып, ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап бастыру жұмысымен айналысады.
Мәшһүр Жүсіп 1907 жылы Қазан каласындағы Хұсайыновтар баспасында "Хал-ахуал", "Сарыарқаның кімдікі екендігі", "Тірлікте кеп жасағандықтан көрген бір тамашамыз" атты кітаптарын бастырып шығарады.
Ақын бұл кітаптарға енген шығармаларында қазақ халқының

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЕВ
(1858—1931)
Өмірі мен шығармашылығы. Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі —
акын, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы Мәшһүр Жүсіп Көпеев 1858 жылы қазіргі
Павлодар облысының Баянауыл ауданы өңірінде Найзатас деген жерде туған. Ол
жасында ауыл молдасынан дәріс алады. 1870 жыддары Хамаретдин хазіреттің
медресесінде, одан кейін Бұхарадағы Мирараб медресесінде білім алған. Акын
ауыз әдебиеті нұсқаларымен жас кезінен бастап танысып, хальқтық жыр-
дастандарды жаттап өскен.
Болашақ ақын өзінің алғырлығын, сөз өнеріне бейімділігін жастайынан-ақ
танытады. Ақындық жолға бой ұруы, алғашқы шығармашылық қадамы 15 жасында
басталғанын Мөшһүр шайыр былай баяндайды:
Айрылдым дәл он бесте ақыл-естен,
Жабысып бір дауасыз ауру төстен...
1875 жылдан бастап ол оқытушы бола жүріп "Дала уәлаяты" газетіне хат-
хабар, мақала жіберіп тұрады. Сөйтіп ел арасына кеңінен
таралған әрі акын, әрі газет тілшісі мөшһүр атанады.
Мәшһүр Жүсіп 1887—1890 жылдары Орта Азияның Самарқан, Тәшкен, Бұхара,
Түркістан секілді калаларында болып, білімін жетілдіреді. Араб, парсы
тілдерін үйреніп, Шығыстың классикалық әдебиетімен жете танысады. Ол осы
кезеңдерде белгілі шығыс зерттеушісі, фольклоршы В. Радловпен танысып, ауыз
әдебиетінің үлгілерін жинап бастыру жұмысымен айналысады.
Мәшһүр Жүсіп 1907 жылы Қазан каласындағы Хұсайыновтар баспасында "Хал-
ахуал", "Сарыарқаның кімдікі екендігі", "Тірлікте кеп жасағандықтан көрген
бір тамашамыз" атты кітаптарын бастырып шығарады.
Ақын бұл кітаптарға енген шығармаларында қазақ халқының бостандық алуы,
тәуелсіздікке ие болуы, ел ішінде мектеп, медреселер ашу, жер мәселесі, сөз
бостандығы сияқты өзекті мәселелерді көтерді. Халық арасына өнер-білімді
тарату, халықты алдыңғы қатарлы озық елдер қатарына көтеруді көксеп, ел
ішіндегі паракорлық пен пайда-күнемдік секілді келеңсіз жариалады өткір
сынға алды.
Биге — пара, байларға — өсім болды,
Бой тартқан, адамдықтан бар ма қашқан?
"Сен кімнен қорқасың?" деп жел береді,
Кісі жоқ қой дейтұғын, жұртты басқан,—
дейді ақын "Хал-ахуал" атты өлеңінде.
Мәшһүр Жүсіп "Сарыарқаның кімдікі екендігі" дейтін еңбегінде казақ өз
жерсуынан айырылып, патшаның отаршылдық талауына түскенін жазады. Мұнда ол
қазақтың кең жері, ата қонысы жайында айта келіп, бұдан 500— 600 жыл
бұрынғы қазақ тарихынан әңгіме қозғайды. Сарыарқа казақтың ноғайлы
заманынан бері қарай мекен-деп, өсіп-өніп келе жатқан құт мекені екендігін,
Арқадағы жер атауларының шығу тарихын "Қозы Көрпеш — Баян сұлу" жырымен
байланыстырады. Бұл жерді Қытайдың, Жоңғар қалмақтарының, Орта Азия
хандықтарының сан рет жасалған шабуылынан корғап қалу, осы жер үшін қазақ
халқы, оның көптеген батырлары қан төккенін айтады: "Бұл қазақ иесіз жатқан
жерге текке ие болған жоқ. Ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен" кешегі
Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Қаз дауысты Қазыбек, Шақшақұлы
Жәнібек замандарында жаннан кешіп, жаудай алысып, күні-түні атысып, кара
қанға батысып, шыбын жанын нысанаға байлап, не маңғаз жау жолында оққа ұшып
өліп, сөйтіп алған жері еді.
Ата бабамыз не үшін қырылды? Кейінгі үрім-бұтағына жер-су алып беремін
деп қырылды. Жалғыз менің ата бабам емес, жер-суға таласып көп қазақ қырғын
тапты. Сол себепті бұл Сарыарқа біздің қазаққа атасының құны болып, олжа
болып еді", — дейді Мәшһүр Жүсіп. "Сөйтіп, ата-бабамыз қан төгіп алған
Сарыарқа таланып жатыр, патша оны таратып алып, переселендерге беріп
жатыр", — деп ақын қатты күйінеді. Бұдан соң ол қазақ халқының Ресей
патшасының қол астына қарау тарихына тоқталады. Қазақ жері Ресей
патшалығына қараған кездегі халықтың Сарыарқа үшін қалай күрескенін айтады.
Патшаның қол астына бағынбай, туған жерді, ата-баба қонысын аман сактау
жолындағы күресте басшылық еткен Кенесары, Наурызбай сынды ерлердің қимыл-
әрекетін баяндайды.
Ақын қазақ даласындағы жер мәселесін, жергілікті халықтың қоныстан
қысым көру жайын кең әлеуметтік-саяси мәні бар мәселе ретінде көтереді.
Мұны халықтың азаттық, Отан үшін, ел үшін күресімен, күнделікті тұрмыс-
тіршілігімен, саяси-әлеуметтік теңсіздігімен байланысты мәселе тұрғысында
түсіндіреді.
"Сарыарқаның кімдікі екендігі" кітабына енген "Қазақ жұртының осы күнгі
әңгімесі" атты еңбегі сол кез үшін мәні зор ерекше мәселелерді сөз етуімен
құнды. Олар мыналар: қазақ мүддесін қорғау үшін мемлекеттік думаға депутат
сайлау мәселесі, саяси көзқарасына байланысты түрмеге жабуды сынау, патша
әкімдерінің зорлық-зомбылықтарын әшкерелеу, қысымға қарсы бірігіп күреспей,
жоғарыда-ғыларға бас ұрып көне берушілікті, жікке бөлінуді анықтау, ел
мұқтажына жан ауыртпай кара басының қамын көздей-тіндерді сөзбен түйреу,
әділдік жолына бас тіккен ерлерді үлгі ету, т. б.
"Үлгілі сөз",- "Ғибратнама", "Шайтанның саудасы" атты шығармаларында да
акыш халық көкейіндегі толғағы жеткен әлеуметтік мәселелерді сөз етеді.
Мәшһүр Жүсіп өзге қаламдастары сияқты халықты мұндай жағдайдан арашалап
қалудың бірден-бір жолы оқу-білім екенін, өнерлі де сауатты елдің болашағы
әрқашан жарқын болатынын ашып айтты:
Өнерге, ғылым-білім болсаң жерік,
Берілер ақыр бір күн басыңа ерік.
Көп жұртты көз жасына кылсаң куә,
Табылар мұнлы-зарлы саған серік.
Ақын ез заманының барлық болмыс-бітімін, бүкіл қазақ халқының тұрмыс-
тіршілігін, рухани-мәдени өсу деңгейін, кем-кетік тұстарын кеңінен
толғаған. Оның қараңғы халықты оятпақ болып, жұртына жақсылық пен
жамандықты түсіндіріп, өркениетті ел катарына косылудың жолы көрсетуге
тырысқан туындылары осы айтылғандардың дәлеліндей. Мәселен, ол "Қалмады
ойлай-ойлай басымда ми" атты өлеңінде:
Егерде ісі жақсы, болса ұнамды,
Талап қыл іждағатпен бас кадамды.
Айна қыл өзіңді-өзің түзетуге,
Бұл жүрген жақсы-жаман көп адамды, — дейді.
Бұл — халқының қамын ойлаған, оның болашағын болжаған, сол үшін жан
аямай еңбек еткен, оған бар талант дарынын арнаған асыл азаматтың сөзі. Ол
туған елінің жайсыз жағдайға жабырқап кана қоймай, оған дауа іздеп, калың
бұқараны ғасырлар бойғы әдетке айналған бойкүйез-діктен, қараңғылықтан
арылып, өнер-білімге ұмтылуын әз шығармаларына арқау етеді.
Ақының шығармаларындағы ағартушылық сарьш оның поэзиялық туындыларында
айрыкша байқалады. Мүнда ол өз заманындағы елдің түрмыс-тіршілігіне назар
аудара отырып, адам бойында кездесетін теріс қасиеттерді айтып, сын тезіне
салады. Мысалы, "Адам екі түрлі" атты өлеңі:
Бір адам бар өрік, мейіз ағашы сықылды,
Жемісінен дүние жүзі баһра алады.
Бір адам бар терек ағаш сыкылды,
Отка отын болғаннан басқаға жарамайды, —
деп басталып, жақсылық пен жамандык жайында адамның мінез құлқындағы
касиеттер туралы сөз қозғайды. Адамгершілік мөселесі "Жалқаулар туралы
айтқаны", "Кедей болады кері кеткен, үйқысы мол", "Жеткізер, Құдай, пенде
қылса талап" және басқа өлеңдерінен де айкын аңғарылады. Онда ақын:
Балалар, жалкау болмай окы сабак,
Ашылмас оқымасаң көз бен кабақ.
Айырылса оку окып білгенінен,
Біз оны деп айтамыз "арамтамак" , —
деп жастарды ерінбей еңбектенуге, сабак оқып, білім алуға үгіттейді.
Мөшһүр Жүсіп өзінен бүрын өмір сүрген қазақ халқы-ның үлы ағартушылары
Шоқан Уөлиханов, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин сияқты демократиялық
үрдіске, өркениетке жетуді насихаттайды.
Мәшһүр Жүсіптің өмір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МӘШҺҮР-ЖҮСІП МҰРАСЫ
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының педогогикалық мұрасындағы отбасы және әйел тәрбиесі мәселелері
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің публицистикалық еңбектерінің ерекшеліктері
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы қазақ шежіресін зерттеуі туралы
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің әлеуметтік көзқарастары
М. Ж. Көпейұлының өмір мен отты жырлары
Мәшһүр Жүсіп Көпеев поэзиясындағы шығыс тақырыбы
М.Ж. Көпеев және қазақ тарихы
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы – қазақ фольклортану ғылымының негізін салушы, ұлы гуманист тұлға
Мәшһүр-Жүсіп шығармаларының көркемдік ерекшелігі
Пәндер