Экономика сабақтарында компьютерлік технологияны пайдалану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың дидактикалық мүмкіндіктері



Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 . тарау
Экономика сабақтарында технологияны пайдалану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың теориялық негіздері.


1.1. Танымдық белсенділікті арттыру . жеке тұлға . қызметтік парадигманы жүзеге асырудың басты шарты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8.25



1.2. Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастырудың дидактикалық шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26.41



Тарау 2.

Компьютерлік технологияны пайдалану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастырудың әдістемелік аспектісі.


2.1. Танымдық белсенділікті қалыптастыруға бағытталған компьютерлік бағдарламаға сипаттама және оларды қолдану жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .42.57



2.2. Тәжірибелік . эксперименттік жұмыстың нәтижелері және оларды жинақтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 58 . 66


Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 67


Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 68 . 69


Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..70 . 74
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында жалпы білім берудің мақсаты – қазіргі қоғам талабына сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен құзырлықтардың негізінде еркін бағдарлай білетін, қойылған мақсатқа танымдылық қызмет жасау арқылы жете алатын, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру екендігі көрсетілген. Оны жүзеге асыру – мектептерде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға септігін тигізетін оқу үрдісін ұйымдастырудың тісілдерін, әдістері мен нысандарын іздестіруге өзекті сипат береді.
Жалпы орта білім беру жүйесіндегі рефеормалау, оқу мерзімі 12 жылдық, «нәтижеге бағытталған» жаңа мектеп моделін енгізу оқытудың мақсатын, мазмұнын, әдістері мен формасын, сондай-ақ сәйкес құралдар жүйесін, яғни оқытудың жаңа әдістемелік жүйесін жасап, практикаға енгізуді талап етеді. Басты мақсат – қоғамның ақпараттану, жаһандану кезеңінде қажет ақпаратты алып, шапшаң өңдеп, пайдалана білетін, бәсекеге қабілетті, өтіндік танымдық әрекет ете алатын жан – жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Ғылымның әр саласында білім мазмұны мен көлемі қауырт өсіп отырған қазіргі ғылыми – техникалық прогресс кезеңінде бұл міндеттердің жүзеге асуы оқушылардың танымдық белсенділігінің артуына тікелей байланысты. Демек, оқыту барысындағы оқушылардың іс - әрекетінде танымдық белсенділікті арттыру көкейкесті мәселе.
Танымдық іс - әрекет – шәкірттің ізденіп, білім алуына бағытталған белсенді ақыл – ой қызметі.
Мемлекеттік бағдарламада, сондай – ақ, оқу үрдісіне педагогикалық және ақпаратты технологияларды кеңінен пайдалану – жалпы орта білім беруді дамытудың басты бағыттарының бірі екендігі атап көрсетілген.
Ақпарат ағымның ұдайы молаюы мен жаңаруына байланысты қоғамды ақпараттандыру кезеңінде оқу – тәрбие үрдісінде. Оның мазмұны, әдістері, ұйымдастыру формалары мен басқару түрлеріне сапалық тұрғыдан жаңа талаптар қойылуда. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында орта білім беруді ақпараттандырудың екінші кезеңіне оқу үрдісі жүруде, ол мазмұндық тұрғыда болады және тұлғаның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға көшумен сипатталады. Мұнда әрбір оқушының қазіргі ақпараттық техника мен технологиялар негізін меңгеріп қана қоймай, оны тиімді қолдана білуі, интернет, яғни ғаламдық ақпарат желісін өзінің белсенді танымдылық ізденістеріне пайдалана білуі көзделген. Алайда, бұл іргелі ғылыми зерттеулерді қажет ететін күрделі мәселе.
Оқушылардың сапалы білім алуындағы танымдық белсенділікті қалыптастырудың аса маңызды орын алатындығын іргелі психологиялық – педагогикалық зерттеулерде талдау жасау арқылы көз жеткізуге болады.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
С. Сейфуллина атындағы
Қазақ мемлекеттік агротехникалық университеті

Педагогика кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:
Экономика сабақтарында компьютерлік технологияны пайдалану арқылы
оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың дидактикалық мүмкіндіктері

Орындаған: КЖ және КО51тобының студенті

Ғылыми жетекшісі: П Е К.
Омарова Е. Т.
аға оқытушы: Есекешова М.
Д.

Астана – 2008

Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 – тарау
Экономика сабақтарында технологияны пайдалану арқылы оқушылардың
танымдық белсенділігін арттырудың теориялық негіздері.

1.1. Танымдық белсенділікті арттыру – жеке тұлға – қызметтік
парадигманы жүзеге асырудың басты шарты
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8-25

1.2. Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастырудың
дидактикалық шарттары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..26-41

Тарау 2.
Компьютерлік технологияны пайдалану арқылы оқушылардың танымдық
белсенділігін қалыптастырудың әдістемелік аспектісі.

2.1. Танымдық белсенділікті қалыптастыруға бағытталған компьютерлік
бағдарламаға сипаттама және оларды қолдану
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .42-57

2.2. Тәжірибелік - эксперименттік жұмыстың нәтижелері және оларды
жинақтау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .. 58 - 66

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... .. 67

Қолданылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 68 - 69

Қосымша
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ...70 - 74

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасындағы білім беруді
дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында жалпы
білім берудің мақсаты – қазіргі қоғам талабына сай алынған терең білім,
білік, дағдылар мен құзырлықтардың негізінде еркін бағдарлай білетін,
қойылған мақсатқа танымдылық қызмет жасау арқылы жете алатын, өз бетінше
дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру
екендігі көрсетілген. Оны жүзеге асыру – мектептерде оқушылардың танымдық
белсенділігін арттыруға септігін тигізетін оқу үрдісін ұйымдастырудың
тісілдерін, әдістері мен нысандарын іздестіруге өзекті сипат береді.
Жалпы орта білім беру жүйесіндегі рефеормалау, оқу мерзімі 12 жылдық,
нәтижеге бағытталған жаңа мектеп моделін енгізу оқытудың мақсатын,
мазмұнын, әдістері мен формасын, сондай-ақ сәйкес құралдар жүйесін, яғни
оқытудың жаңа әдістемелік жүйесін жасап, практикаға енгізуді талап етеді.
Басты мақсат – қоғамның ақпараттану, жаһандану кезеңінде қажет ақпаратты
алып, шапшаң өңдеп, пайдалана білетін, бәсекеге қабілетті, өтіндік танымдық
әрекет ете алатын жан – жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Ғылымның әр саласында білім мазмұны мен көлемі қауырт өсіп отырған
қазіргі ғылыми – техникалық прогресс кезеңінде бұл міндеттердің жүзеге асуы
оқушылардың танымдық белсенділігінің артуына тікелей байланысты. Демек,
оқыту барысындағы оқушылардың іс - әрекетінде танымдық белсенділікті
арттыру көкейкесті мәселе.
Танымдық іс - әрекет – шәкірттің ізденіп, білім алуына бағытталған
белсенді ақыл – ой қызметі.
Мемлекеттік бағдарламада, сондай – ақ, оқу үрдісіне педагогикалық және
ақпаратты технологияларды кеңінен пайдалану – жалпы орта білім беруді
дамытудың басты бағыттарының бірі екендігі атап көрсетілген.
Ақпарат ағымның ұдайы молаюы мен жаңаруына байланысты қоғамды
ақпараттандыру кезеңінде оқу – тәрбие үрдісінде. Оның мазмұны, әдістері,
ұйымдастыру формалары мен басқару түрлеріне сапалық тұрғыдан жаңа талаптар
қойылуда. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында орта білім беруді
ақпараттандырудың екінші кезеңіне оқу үрдісі жүруде, ол мазмұндық тұрғыда
болады және тұлғаның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға көшумен
сипатталады. Мұнда әрбір оқушының қазіргі ақпараттық техника мен
технологиялар негізін меңгеріп қана қоймай, оны тиімді қолдана білуі,
интернет, яғни ғаламдық ақпарат желісін өзінің белсенді танымдылық
ізденістеріне пайдалана білуі көзделген. Алайда, бұл іргелі ғылыми
зерттеулерді қажет ететін күрделі мәселе.
Оқушылардың сапалы білім алуындағы танымдық белсенділікті
қалыптастырудың аса маңызды орын алатындығын іргелі психологиялық –
педагогикалық зерттеулерде талдау жасау арқылы көз жеткізуге болады.
Белгілі психологтар Е. И. Машбиц, С.Л. Рубинштейн, П.Я.Гальперин, Л.
С. Выготский, В. В. Давыдов, Д. Б. Эльконин, Қ. Б. Жарықбаев, С. Бал –
Бабаның зерттеулерінде танымдық белсенділіктің психологиялық ерекшеліктері
ашылып, оның білім беру ісін дамытуда басты рөл атқаратыны дәлелденген.
Педагогикада проблемалық оқытуды ұйымдастырудың оқушылардың танымдық
белсенділігін дамытудағы маңызы И. Я. Лернер, Л. П. Аристова, М. А.
Данилов, М. И. Махмутов, Т. И. Шамова, оқушылардың танымдық белсенділігін
жетілдірудің жеткілікті шартын оқу үрдісіне пайдалану Я. А. Коменский, П.
И. Пидкасистый, Н. А. Половникова, Б. П. Есилов, Ю. К. Бабанский, М. Н.
Скаткиннің еңбектерінде зерттелген.
Г. И. Шукина, Н. Г. Морозова және т. б. ғалымдардың еңбектерінде
танымдық белсенділікті оқу үрдісінде қалыптастыру механизмдерінің
ерекшеліктері анықталған.
Отандық ғалымдар Ж. А. Қараев, Т. С. Сабыров, Н. Д. Хмель, М. Ә.
Құдайқұлов, А. Е. Әбілқасымова, Р. Садықова, С. С. Смаилов, Р. С. Омарова,
А. С. Мустояпова, Ғ. Ө. Кариева, т.б. ғылыми еңбектерінде оқушының танымдық
белсенділігін арттыру, жеке дамуы, өзіндік жұмысы, өз бетімен білім алуы,
білік, дағдыларын қалыптастырудың тиімді жолдары қарастырылған.
Ғылыми әдебиеттерге жасалған талдау ақпараттық технологиялар талабы
тұрғысында оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың психологиялық –
педагогикалық негізгі әлі де болса зерттеуді қажет ететіні белгілі.
Ел президентінің Қазақстан халқына Жолдауында өткен ғасырдың отызыншы
жылдарында сауатсыздықпен күрес жүргізілгендей, компьютерлік сауаттану
жөніндегі ауқымды іске азаматтарды, әсіресе, жастарды тарту қажеттігі
айтылған және мемлекеттік қызметке жаңа қызметкерлерді қабылдау кезінде
компьютерді, интернетті қолдана білу дағдысы міндетті талап болуға тиіс
екендігі атап көрсетілген. Осыған байланысты XXI ғасырда ақпараттанған
қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей
міндеттерді шешу көзделіп отыр. Олар: компьютерлік техниканы, интернет,
компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды,
электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы оқушылардың
танымдық белсенділігін арттыру және білім сапасын көрсету.
Жеткіншектерге қазіргі қоғам талабына сай сапалы білім беру және
оларды бәсекеге қабілетті етіп оқыту мен тәрбиелеу педогогика ғылымы
саласында және әдіснамалық негізгі ғылыми зерттеулерді талап етіп отыр.
Өйткені, дәстүрлі оқыту мазмұны мен әдістері мұндай нәтижеге жетуге
кепілдік бермейтінін күнделікті іс – тәжірибе көрсетіп отыр. Мәселенің
шешімі – оқу үрдісіне жаңа педагогикалық және ақпараттық технологияларды
ендіруде жатыр. Педагогикалық технология оқу үрдісінің қойылған мақсатқа
жетуіне кепілдік береді.
Оқытудың педагогикалық технологиясының мәні, педагогикалық
технологиясының жеке аспектілері мен түрлері В. П. Беспалько, В. М.
Монахов, М. В. Кларин, П. И. Третьяков және т.б. жұмыстаында зерттелген.
Біздің республикада оқытудың педагогикалық технологиясы Ж. А. Қараев, Қ.
Қабдықайырұлы, Т. Т. Ғалиев, Ж. У. Кобдикова, Б. О. Қуанбаева және т. б.
жұмыстарында қарастырылған.
Оқытудың компьютерлік технологиясы педагогикалық оқыту технологиясының
құрамды бөлігі болып табылады. Компьютерлік технология белгілі бір
педагогикалық технологияның оқу үрдісіне енгізілуде қолайлы жағдай жасайды,
оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыруға, оқу үрдісін тиімді басқаруға
мүмкіндік береді. Сол себепті, қазіргі кезде компьютерлік технологияны
пайдалану арқылы танымдық белсенділікті арттыру педагогика ғылымы мен
практикасының жаңа, болашағы мол бағыты болып табылады. Оқытуда
компьютерлік технологияны қолдану өз бетімен ізлдену негізінде шығармашылық
типтегі іскерлікті қалыптастырады. Болашақта әр оқушыға компьютерлік
технология негізінде интернет, қашықтықтан оқыту, электрондық почта арқылы
дүниежүзілік білім әлеміне еніп, онда өзінің қажетін өтейтін білімді
толығымен алуға, қажетті ақпараттық мәліметтерді, ғылым саласында
байланысты озық тәжірибелерді, ізделіп отырған мәселенің шет елдегі
жағдайымен танысуына толық мүмкіндік туады. Оқыту үрдісінде компьютерлік
технологияны пайдаланудың негізгі мәселелері С. Пейперт, В. Я. Ляудис, Г.
И. Дацюк, И. В. Роберт, Ж. А. Қараев, Ғ. Ө.Кариева, т. б. ғалымдардың
зерттеулерінде қарастырылған.
Ғылыми жұмысымызда компьютерлік технологияны пайдаланып оқушылардың
танымдық белсенділігін арттырудың дидактикалық талаптарын анықтау орта
мектептегі физика пәнін оқыту мысалында қарастырылған. Алайда, физика
сабағында компьютерді пайдалану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін
арттыру көкейкесті мәселе болса да қазіргі педагогикалық ғылыми – зерттеу
жұмыстарының нысаны ретінде аз қамтылған. Физика сабағында компьютерлік
техниканы пайдалану мәселелері В.А. Извозчиков, А.С. Кондратьев, В.В.
Лаптев, И.М. Низамов, А.Н. Верник, Е.Е. Минина, А.К. Немцев, Э.В. Бурсиан,
В.Е. Ильин, Л.В. Гурьева, А. Атабаев, Н.Н. Керімбаев және т.б. ғылыми
зерттеулерінде қарастырылған. Компьютерлік технологияны оқу – тәрбие
үрдісінде пайдалану барысында оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың
ғылыми – теориялық негіздемесін Ж.А. Қараев ұсынған. Алайда, біріншіден, он
жылдан астам уақыт бұрынғы компьютерлік технологияның педагогикалық,
бағдарламалық – ақпараттық мүмкіндіктері мүлдем өзгеше (төмен)
болғандықтан; екіншіден, бұл жұмыста интернет желісі, электрондық оқулықтар
мен виртуальды лабораториялар мүмкіндіктері қарастырылмағандықтан;
үшіншіден, танымдық белсенділікті компьютерлік технологияны пайдалану
арқылы арттырудың тұтастай дидактикалық шарттары жиыны анықталмағандықтан,
біз өз дипломдық жұмысымызды осы аталған мәселелерді зерттеу жұмысының
басты міндеттері етіп алдық.
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі мен практикалық мәнділігі және бұл
мәселенің ғылыми - әдістемелік тұрғыдан әлі де жеткіліксіз зерттелуі
компьютерлік технологияны пайдалану арқылы оқушылардың танымдық
белсенділігін арттырудың мүмкіндіктері атты тақырыпты таңдауға мүмкіндік
берді.
Зерттеудің мақсаты: Компьютерлік технология көмегімен оқушылардың
танымдық белсенділігін арттырудың педагогикалық мүмкіндіктерін анықтау.
Зерттеу нысаны: Жалпы білім беретін мектептердегі оқу үрдісі.
Зерттеу пәні: оқушылардың танымдық белсенділігін компьютерлік
технологияны пайдалану негізінде арттырудың педагогикалық мүмкіндіктері.
Зерттеудің міндеттері:
• оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудағы компьютерлік
технологияның педагогикалық мүмкіндіктерін анықтау;
• оқушылардың танымдық белсенділігін компьютерлік технологияны пайдалану
арқылы қалыптастырудың деңгейлерін, көрсеткіштерін негіздеу;
• оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың дидактикалық шарттарын
айқындау;
• оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруда физикадан түрлі сабақтар
үшін компьютерлік бағдарламалық құралдар пакетін жасауға қажетті
талаптарды анықтау және оны мектепте оқу үрдісіне енгізудің жолдарын
белгілеу, нәтижесін айқындау.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер оқушылардың танымдық іс - әрекетіне
компьютерлік технологияны педагогикалық мүмкіндіктері тиімді пайдаланылса,
онда оқушылардың оқу мотивациясы мен танымдық белсенділігі артып,
шығармашылықпен әрекет жасау дағдылары дамиды, сөйтіп білім сапасы артады.
Зерттеу әдістері: мемлекеттік деректік құжаттарды, заңдарды зерделеу;
зерттеу бағыты бойынша ғылыми - әдістемелік, психологиялық, педагогикалық
әдебиеттерді талдау; оқушылармен, мұғалімдермен, мектеп басшыларымен, ата –
аналармен әңгімелесу, олардың арасында сауалнамалар жүргізу; оқушылардың
жазбаша жұмыстарын тексеру, берілген әдістеменің тиімділігін анықтау
мақсатында оқу тапсырмаларын дайындау; педагогикалық экспериментті
ұйымдастыру және алынған қорытынды нәтижелерді өңдеу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
• оқушылардың танымдық белсенділігін технологиялық, жеке тұлға –
қызметтік жаңа парадигма талаптарына сай жетілдірудің ғылыми теориялық
негізі анықталды.
• Компьютерлік технология көмегімен оқушылардың танымдық белсенділігін
қалыптастырудың деңгейлері және көрсеткіштері негізделді;
• Танымдық белсенділікті арттырудағы компьютерлік технологияның
педагогикалық мүмкіндіктері анықталды;
• Компьютерлік технологияны пайдаланып оқушыларды танымдық белсенділікті
арттырудың дидактикалық шарттары анықталды;
• Оқушылардың танымдық белсенділігін компьютерлік технология көмегімен
арттыруға арналған бағдарламалық құралдар пакеті физика пәнінің
негізінде жасалып, оқу үрдісінде тиімділігі дәлелденді.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытынды,
пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.

Тарау 1. Экономика сабақтарында компьютерлік технологияны пайдалану
арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың теориялық негіздері.
1.1. Танымдық белсенділікті арттыру – жеке тұлға – қызметтік
парадигманы жүзеге асырудың басты шарты.

Қазақстан Республикасының Білім беру туралы заңына ұлттық және жалпы
адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке
адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу
және адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, жеке
басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектуалдық дамыту міндеті
көзделген. Демек, жастарды еңбектің барлық саласында білім алуда тек
мәлімет жиынтығын меңгерумен шектелмейтін, терең білімді, белсенді
ізденімпаз, барлық іс - әрекеттерінде шығармашылық, белсенділік бағыт
ұстанып, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын маман етіп тәрбиелеу қажет
болып отыр. Қазіргі таңда білім беру ісін реформалау ізгілендіру
парадигмасы негізінде білім берудің мазмұны - әдістемелік негізгі жүйені
өзгертуін ғана емес, сонымен бірге логикалық - әдістемелік жаңартуды
анықтауды, педагогикалық жүйенің жаңа парадигмасын жетілдіруді қажет етеді.
Жалпы білім беретін мектептегі қайта құру, оның мақсатын, мазмұнын,
оқыту тәсілін және құрал жабдықпен оқу үрдісін ұйымдастыру шараларын
түбегейлі өзгертуді талап етеді. Басты мақсаты - өзіндік танымдық әрекет
ете алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Ғылымның әр саласында білім мазмұны мен көлемі қауырт өсіп отырған
қазіргі ғылыми – техникалық прогресс кезеңінде бұл міндеттердің жүзеге
асуы оқушылардың танымдық белсенділігінің қалыптасуына тікелей байланысты.
Демек, оқушы ақпаратты, іс - әрекет тәсілдері мен бағалау өлшемдерін
қамтитын қоғамдық және жеке адам игерген ұжымдық тәжірибенің фрагменті
жөнінде оқытушының беретін білімімен шектеліп қана қоймай, оны ары қарай өз
бетінше белсенді, нысаналы танымдық іс - әрекеті нәтижесінде игеруі тиіс.
Осыдан келіп, оқу барысында оқушылардың іс - әрекетінде танымдық
белсенділікті қалыптастыру талабы туындайды.
Танымдық іс- әрекет ұғымы және танымдық белсенділікті қалыптастыру
мәселесіне педагогтардың, психологтардың, әдіскерлердің көптеген еңбектері
арналған. Танымдық іс- әрекет – шәкірттің білім алуға деген ақыл – ой
қызметі. Ол танымдық қажеттілік, мақсат, танымдық мотив және орындаудың
тәсіл – амалдарынан тұрады.
Танымдық іс - әрекеттің, оқушылардың білімге деген ынтасының
негізінде, олардың танымдық белсенділігі мен ізденімпаздығы қалыптасады.
Бұл мәселенің кейбір қырлары тамыры тереңге бойлайтын көне замандардан
бастау алады.
Ежелгі Грецияда мен Римде, Антикалық дәуір мемлекеттерінде өскелең
ұрпаққа тәрбие беру ісіне көп көңіл бөлінді. Нәтижесінде ежелгі грек тәрбие
теориясы пайда болып, бұл идеялар Платон, Аристотель, сондай – ақ Рим
философтары Плутарх, Тацит, Квинтилиан еңбектерінде одан әрі дами түсті.
Бұл теорияда ақыл –ой тәрбиесіне көп көңіл бөлінді, әсіресе, шәкірттің
өз ой тұжырымын дамтыуға ерекше мән берілді.
Сократ оқыту барысында шәкірттердің танымдық белсенділігі мен іс -
әрекетін арнайы басқаруға көп көңіл бөлді. Ол оқушылардың танымдық
белсенділігін арттыратын арнайы оқыту әдісін эвристикалық әңгімелесуді
алғаш болып қолданды. Сократ білімді жай ғана бере салмай, шәкірттеріне
сұрақ қоя отырып, олардың ойлау қабілетін, қызығушылығын арттырып, өз ой
тұжырымын жасай білуге үйретті. Эвристикалық сұрақтарды алдын – ала
дайындай отырып, танымдық белсенділігін оқыту құралы ретінде қарастырылды.
Демек, антикалық дәуірдің өзінде – ақ педагогтар оқушылардың өзіндік
ой тұжырымын жасау, оны дамыту үшін репродиктивті және эвристикалық
әдістерді дұрыс қолдану мәселесіне көңіл бөлгені байқалады. Оқушылардың
танымдық іс - әрекеті мен белсенділігін оқытуды жетілдіру құралы ретінде
қарастырып, құнды пікірлер Ф. Бэкон, Ф. Рабле, Д. Локк, Я.А. Коменский,
Ж.Ж. Руссо. К. Гельвеций, Д. Дидро, А. Лавуазье, И.Г. Песталоцци, И. Кант
және т.б. еңбектерінде айтылды.
Танымдық белсенділікті дамытудағы оқыту әдістемесінің негізін Я.А.
Коменский қалады. Ол дидактикалық ұстанымдарды ұсына келіп, танымдық
белсенділікті дамытуда мұғалімнің рөлі туралы жазған болатын. Ол: Таным
бастамасы – сезімнен, бала сезіне білмесе, оның ой - өрісінде ешқандай
өзгеріс болмайды. Оқытуды зат туралы сөзбен емес, сол затты бақылау арқылы
шәкірттің ойын дамыту керек - деп айта келіп, Мен өз шәкірттімнің
әрқашанда өз бетінше бақылауын, практикада өздігінен тұжырым жасауын
дамытуды – білім берудегі негізгі жетістікке жету құралы ретінде
қарастырамын, - деген болатын.
Я. А. Коменский оқытудың мақсаты ғылыми білімді меңгеру және өмірге
пайда келтіру деп біледі. Ол Ұлы дидактика Заттың не құбылыстың түп
тамырына жету, анықтау қабілетін дамыту, оны шынайы түсіну және оны
қолдана білу қажеттігін ерекше атап өтті.
Я. А. Коменскийдің белсенділік туралы осы пікірін Д. Локк одан әрі
дамытты. Ол оқу әрекетіндегі мотив пен ұмтылыс туралы сөз ете отырып,
баланы дамытудағы іздемпаздылықтың маңыздылығын атап көрсетті.
Ж. Ж. Руссо тәрбиенің мақсаты баланың шығармашылық тұлғасын көрсету
керектігін айтты. Ол алғаш рет оқу үрдісіне белсенділік, іздемпаздылық
ұғымдарын енгізеді.
Американдық психолог, педагог Джон Дьюи оқушының белсенді танымдық іс-
әрекетінің маңыздылығы айта келіп, негізгі дидактикалық мақсат білімді,
материалды беру, түсіндіру емес, ол өздерінің тәжірибесі негізінде оқыту
қажет, тума қабілеттерінің дамуына жағдай жасау қажет деген пікір айтты.
Танымдық белсенділік жөнінде Т. И. Шамова, Е. Б. Ястребова, М. И.
Махмутов, Н. А. Половникова, И. Я. Лернер, Г. Н. Кулагина, Я. А. Коменский,
А. П. Аристова құнды пікірлер айтқан.
Қазіргі таңда елімізде танымдық әрекет, танымдық белсенділік,
іздемпаздық мәселелерді өз зерттеулерінде ғалымдарымыз: Ж. А. Қараев, Т. С.
Сабыров, Р. С. Омаров, А. С. Мустояпова, А. Е. Әбілқасымова, Р. Садыкова,
Н. Д. Хмель және т. б. көтерсе, оқушылардың өз бетімен білім алу мәселелері
жөнінде А. Ғ. Қазмағамбетов, С. С. Смаилов, Ж. Т. Даулетбекова және т. б.
зерттеген.

М.И. Махмутов Танымдық белсенділік жеке адамның өз бетімен
оқуына септігін тигізетін интеллектуалды қабылет
И.Я. Половникова Танымдық белсенділік оқушының өз күшімен білімді
игеруге ұмтылысы
И.Я. Лернер Танымдық белсенділік жеке тұлғаның бітімі,
индивидтің қабылеті арқылы өзінің танымдық іс -
әрекетін ұйымдастыруды және жаңа танымдық мәселені
шешуде қолдану
Г.Н. Кулагина Мұғалімнің танымдық белсенділігі тек қажетсінуді,
іс -әрекетті жүзеге асыруды және оны ретке
келтіруді ғана біріктіретін тек кәсіптік
біліктілікті игеруге саю дұрыс емес, себебі, бұл
мұғалімнің мазмұнын тарылтады.
А.Е. Әбілқасымова Оқу әрекетінде оқу міндеттері шешіліп, мотив,
танымдық белсенділік арқылы ақпаратты қабылдандан
бастап, күрделі шығармашылық әрекеттің
қалыптасуымен анықталады.
Ж.Т. Дәулетбекова Белсенділік адамға тән қасиет ретінде рухани
қажеттілікті өтеп, субъектіде ерекше қанағат
сезімін тудырады. Белсенділіктің бағытын
анықтайтын мотив болғандықтан, оның мазмұндық жағы
баланың қажетіне барып тіреледі.
А.Ғ. Қазмағанбетов Өзіндік жұмыс – жеке тұлғаның белсенділігінің
маңызды көрсеткіші. Белсенділік ол танымдық,
құқықтық т.б. болуы мүмкін.
Я.А. Коменский Оқытуды зат туралы сөзбен емес, сол затты бақылау
арқылы шәкірттің ойын дамыту керек. Өз бетінше
бақылауын, практикада өз бетінше тұжырым жасауын
дамыту білім берудегі жетістікке жету құралы.
А.П. Аристова Танымдық белсенділікті қоршаған орта құбылыстары
мен заттарына субъектінің жаңаруы, өзгеруі
әрекетінің пайда болуы ретінде қарастырады.
Т.С. Сабыров Оқушылардың оқудағы белсенділігі дегеніміз –
оқуға қажетті білім мен дағдыны меңгеру және
оларды өмірде пайдалана білуге үйренуге оқушының
істейтін сапалы әрекеті.

1- сурет. Танымдық белсенділіктің анықтамасы берілген.

Кейбір зерттеулерде оқушылардың танымдық белсенділігін интеллектуалдық
және кәсіптік дайындыққа бағытталған үздіксіз оқу үрдісі, оқу тиімділігі
мен оқытудың ғылымилығы деңгейін оптимальдандыру ретіндегі түсіндіреді.
И. Я. Лернер іздемпаздықты белсенділіктің бір маңызды бөлігі деп санай
отырып, белсенді болмай іздемпаз бола алмайсың деген пікір айтты.
А. Е. Әбілқасымова өзінің педагогикалық зерттеулерде танымдық
іздемпаздық пен белсенділікті жеке тұлға тән жинақтық қасиеті ретінде
қарастырылады. Ол белсенділік пен іздемпаздық ұқсас категориялар емес,
сонымен бірге бұл ұғымдардың белгілері де бар (өз бетінше әрекет етуге
ұмтылушылық) екендігін айтып өтті.
Іздемпаздылық белсенділік белгілерінен тұрады. Өйткені, өмір
шығындығының белгілі бір жақты қатынаспен сипатталады. Бейнелеп айтқанда
жеке адамның белсенділігі дегеніміз серпінді іздемпаздық, ал іздемпаздық
- тұрақты белсенділік.
өзінік жұмыстарды оқушылардың танымдық белсенділіктері мен
іздемпаздығын қамтамасыз етудің негізгі шарттарының бірі ретінде
қарастыруға болады.
Ғалым педагогтар И. Я. Лернер, Р. А. Низамов, Н. А. Половникова, М. И.
Махмутов, Т. И. Шамова және т. б. өз зерттеулерінде танымдық белсенділік
әлеуметтәк мәдениет тәжірибесін игеруге және жеке қасиеттерін дамытуға
бағытталған танымдық нысан мен оқытудың дидактикалық өзара әрекеті ретінде
қарастырады. Танымдық бесенділік белсендіік ұғымына берген анықтамаларында
жеке тұлғаның оқудағы іс-әрекет жағдайына және анықтайтын педагогикалық
шарттарға көңіл бөлді.
Олардың кейбірі танымдық белсенділікті оқушылардың іс-әрекеті деп
санаса, екіншілері жеке тұлғаның ерекше қызметі деп қарастырады.
Танымдық белсенділік ұғымының мазмұнына авторлар түрліше мағына
береді. Біреулері танымдық белсенділікті шәкірттің ақыл- парасат және өз
бетінше ізденіп оқуына мүмкіндік беретін бейімділігі ретінде қарастырса,
екіншілері, танымдық белсенділіктің мәні оқушының білімді игерудегі
талпынуына дайын екендігіне, яғни қабілеті мен ұмтылысында деп біледі. Ал
үшіншілері, танымдық белсенділік ұғымын білім мен іс-әрекет тәсілдерін өз
күшімен игеруге ұмтылысынан көрініс табатын жеке тұлғаның қасиеті ретінде
айқындайды.
Жоғарыда аталған ғалымдар сияқты А. А. Дистервег оқытудың негізгі
мақсаты ақыл-ой мен қабілетті дамыту деп түсінеді. Ол жеке пәндерді оқыту
арқылы шәкіртті болашақ қызметке керекті білімдермен қаруландыруға
болатынын және соған ерекше көңіл бөлуді талап етеді.
А. А. Дистервег оқыту әдістерінің мәнін шәкірттің ақыл-ойын дамытуға
тигізетін әсеріне қарай бағалады. Ол оқыту үрдісіндегі әңгімелеуді өте
жоғары бағалады. әңгіме шәкірттің ақыл-ойын дамытады, іздемпаздыққа,
талдауға, ойлауға үйретеді деп есептеді. А. А. Дистервег оқытушының
іздемпаздығы мен белсенділігі жоғары болуы тиістігін және ол білімін үнемі
жаңартып, толықтырып отыруы керек деп есептеді.
А. А. Дистервегтің еңбектерінде алғаш рет қарастырылған оқытудың өз
бетінше ұстанымының біз үшін үлкен маңызы бар болып табылады. Оның
пікірінше, өз бетінше - өздігінен білім алуға жетелейтін өзіндік таным
еркіндігі. Сондықтан мұғалімнің негізгі мақсаты оқушының өз бетімен іс-
әрекетін дамытуға бағытталуы тиіс, солар арқылы ғана білім тереңдей түседі
деп есептейді.
XIX ғасырда танымдық белсенділік мәселесіне орыстың революционер
демократтары үлкен мән берді. Олар жан-жақты дамыған, білімді адам
тәрбиелеп шығаруда ақыл-ой тәрбиесіне ерекше көңіл бөлді.
В. Г. Белинский оқытудың индуктивті әдісіне көңіл бөлді, соның
нәтижесінде оқылатын материалды түсіну қабілеті дамиды деп есептеді.
Анализ - синтезге өту, мысалдан ережеге шығару – оқытудағы ең тиімді
жүйе, - деп жазды ол.
Революционер – демократтар білімді меңгеру және оқытудың жолдары
жөнінен де құнды пікірлер айтты. Олар оқу мен білім алу деген тек қана
білім деректерін меңгеу еместігін ескертті. Білім алу, оқу-білу, тану
жүйесі мен әдістерін меңгеру деп санады.
Мысалы, Н. Г. Чернышевский еңбектерінде оқытудағы танымдылық
белсенділіктің осындай жағына аса зор көңіл бөлінеді. Ол Егер біздің
балаларымыз шын мәнінде білімді болам десе, білімді өз бетімен игере алуы,
ізденуі керек, – деп жазды. Орыс демократтарының еңбектерінде танымдық
белсенділік ұғымы теориялық екі бағыт бойынша қарастырылады:
а) тәрбие мақсаты ретінде (тұлғаның жан-жақты және үйлесімді дамуы
оның танымдық белсенділігіне байланысты);
б) оқу үрдісін жеделдету құралы ретінде.
Мұндай байланыс, әрине, баланың ой-өрісін дамытуға мүмкіндік беретін
оқыту әдістемесін қажет етеді. Мұндай әдістемені жасауда К. Д. Ушинскийдің
қосқан үлесі зор. Ол баланың ой-өрісінің даму заңдылықтарын, қабілетін
негізге ала отырып, оқыту үрдісі оқушының білім алудағы өзіндік еңбегіне
сүйенуі керек екендігін, себебі өзіндік ойлау деңгейі олардың өз бетінше
игерген білімі арқылы дамиды деп санады. Ол оқыту үрдісінде танымдық
белсенділікке ерекше мән бере отырып, материалдың көлемін, маңыздылық
сипатын жіне оқыту әдістерін анықтауда оқушылардың ерекшеліктерін, олардың
ой-өрісінің даму деңгейң мен қабілетін қатаң есепке алуды, материалдың
біртіндеп және тізбектеліп берілуін әрдайым сақтап отыруды, баяндау
барысында анықтамалардың, қортындылардың, тұжырымдардың анық және дәл
айтылуын талап етті. Сонымен қатар К. Д. Ушинский шәкірттердің ой-өрісін
дамытудың және олардың өздігінше білім алуына мүмкіндік беретін дағдыларды
егудің маңызды құралы ретінде өзіндік жұмыстарға ерекше мән берді.
Қоғамдағы демократияландыру мен ізгілендіруге байланысты туындап
отырған басты мәселе – мектептегі білім беру ісін реформалау, оның ішінде,
білім мазмұнын компьютерлік технология негізінде қайта құру. Ал оның өзі
оқушының өз бетімен бағдарлай және дами алатын субъект дәрежесіне
көтерілуін, сонымен қатар, арнайы оқу ортасын жасауда компьютерді пайдалану
оның өзіндік танымдық іс-әрекетін қалыптастыруды талап етеді.
Аталған міндетті шешу үшін Информатика мен есептеуіш техника
негіздері пәнін өткізуде әдістемелік жүйені (мазмұн, әдіс, түр, құрал)
жасақтау қажеттілігі туындайды.
Жоғарыда аталған мәселелердің теориялық негіздері С. Л. Рубинштейн, А.
Н. Леонтьев, Д. Б. Эльконин, П. Я. Гальперин, В. В. Давыдов сияқты
психологтардың және ғалым педагогтардың М. А. Данилов, Л. В. Занков, Л. Н.
Ланда, И. Я. Лернер, Т. И. Шамова, Г. И. Щукина, Ж. А. Қараев ғылыми
еңбектерінде жан-жақты қарастырылған.
Аталған ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, біз оқушының өзіндік
танымдық іс-әрекеті деп олардың компьютерде жұмыс істеу барысында өздігінен
жоспарлау, бағдарлау, тексеру және қортынды жасау сияқты шығармашылық ойлау
қабілетін талап ететін әрекеттер тізбегін түсінеміз.
Ал білім берудегі ізгілендіру бағытында Информатика мен есептеуіш
техника негіздері пәнін оқытуда оқушылардың өзіндік танымдық іс-әрекетін
қалыптастыру мен олардың осы пәннен алған білімін тереңдетудің маңызы зор.
Бұл қазіргі кемелденген информациялық қоғамда өз бетімен білім алып,
компьютерді өз мақсатында еркін пайдалана алатын, жан-жақты дамыған жеке
тұлғаны тәрбиелеу қажеттілігінен туындап отыр.
Психологиялық және педагогикалық әдебиеттерде жеке тұлғаның
қабілетінің іс-әрекетке ұмтылысын оның белсенділігімен, тұрақтылығымен,
өзіндік сынау мен бақылау және өз-өзіне сенімділік қасиеттерімен
сипатталады. Оқушының шығармашылық және қабылдаушылық іс-әрекеттері бір-
бірімен байланысты. Қабылдаушылық іс-әрекет оқушының дамуының алғашқы
сатысы болып табылады және ол біртіндеп сатылап даму нәтижесінде
шығармашылық іс-әрекетке айналып отырады. Олай болса шығармашылық іс-
әрекеттің маңызды құрамдас бөлігі қабылдаушылық әрекет болып табылады.
Жалпы танымдық белсенділік ұғымы жөнінде ғалым педагогтардың бір
мәндік пікірі жоқ.
В. И. Лозовая әрбір көзқарасты қарастыра келе, оларға жасалған талдау
белсенділікті жеке тұлғаның сипаты деп анықтауға негіз беретінін атап
өтеді, ол адамның әрекетіне қатынасынан көрініс табады, бұл әрекет өз
бетінше әрекет етуге дайын болушылық, ұмтылушылық, оны жүзеге асыру сапасы,
алға қойылған мақсаттарға жету үшін оңтайлы жолдарды талдау. Т. И. Шамова
мен В. И. Лозоваяның белсенділіктің мәніне көзқарастарына ортақ пікірлердің
көп екенін анықтау қиын емес. В. И. Лозоваяның келтірілген түсіндірулерінде
белсенділік және тұлғаның әрекетке қатынасының сипаттамасы ретінде
айтылады. Ал әрекет пен белсенділіктің ара қатынасы қандай? – деген сұраққа
жауап қайтарылмайды.
Танымдылық белснділікті түсіндірудің түрлі нұсқаларына (оқуға
ұмтылушылықпен, білімді игеру барысында ақыл-ойды жұмылдырып, ерік-жігер
көрсетумен сипатталатын шәкірттің хал-жағдайы; білімді жігерлі түрде
игеруге дайын болушылық пен ұмтылушылық; ақыл-ой әрекеті; әрекет сапасы, т.
б.) талдау жасай келе, В. И. Лозовая олардың бәрі осы ұғымның елеулі
жақтарын толықтырады дегенге мегзейді. Бұл көзқарастарды, - деп атап өтеді
ол, жеке адамның білім алуды, қол жеткізген білімін тереңдетуді, қоғамның
рухани мәдениетін ұғынуды, өз қабілетін көрсетуді қажетсінуді танымдық
белсенділіктің қайнар көзі болып табылады деген қағида біріктіреді. В. И.
Лозоваяның қортындысымен келісе отырып, танымдық белсенділіктің жоғарыда
келтірілген көптеген түсініктемелері орынсыз екенін атап өтеміз. (мәселен,
білімді жігерлі түрде игеру деген нені білдіреді?). екінші жағынан
танымдық белсенділіктің алуан түрлі сипаты қандай да босын бір ғана
белгімен көрсетуге болмайтын ұғымның алуан қырлы сипатын айқын дәлелдейді.
Танымдық белсенділік күрделі педогогикалық құбылыс болып табылады, оның
мазмұнын тек кешенді түрде ашу арқылы ғана түсінуге болады.
Белсенділік көрсеткіштерін талдай келе, В. И. Лозовая осы мәселені
зерттеушілер көбірек ескертетін ұғымдарды бөліп көрсетеді. Танымдық
белсенділік ұғымының мазмұнына түрлі авторлардың түрліше мағына беретіні
ескерсек, бұл параметрлердің жиынтығы тым әр текті болып шығады (мұнда
ауқым да, кеңдік те, мүдде де, дайындық та, еске түсіру белсенділігі де
т.б. бар) . Тегінде, белсенділіктің бөліктеріне қарай белсенділік
деңгейлерінің түрліше сатыда болуы мүмкін деген меңзеу В.И. Лозовая
зерттеулерінде орындалған белсенділік деңгейлерін жүйелеудің неғұрлым
маңызды да қисынды нәтижесі болса керек. Белсенділік адамның әрекетке
қатынасында: өз бетінше әрекет етуге дайын болушылықта, ұмтылушылықта, алға
қойылған мақсаттарға жету үшін оңтайлы жолдарды таңдауда көрініс табатын
жеке тұлғаның сипаты ретінде айқындалады (Лозовая, 1990). Атап айтқанда,
жеке адамның әрекетке қатынасының тұрақтылығына қарай, жағдайға байланысты
белсенділік пен интергралдық белсенділікті ажырату керек. Белсенділіктің
соңғы түрі жеке адамның сапалы танымдық әрекетті берік қалыптасқан
қажетсінумен, жағдайға байланысты қажетсінуге тәуелділігі шамалы және жеке
тұлғаның бағдарлауын білдіретін осы әрекеттің күшті тұрақты мотивтерімен
сипатталады.
Т.И. Шамовтың пайымдауынша, оқушылардың танымдық белсенділігін
арттырудың құралы ретінде мыналар жатады: оқу мазмұны, оқытудың әдістері
мен ұйымдастыру формалары. Сондай – ақ, танымдық белсенділікті арттыру
құралдарының жүйесі төмендегідей талаптарға жауап беруі тиісті.
• Оқытуды ұйымдастырудың барлық кезеңдерінде оқушылардың ішкі оқу
ынтасын ояту мен дамыту;
• Оқушылардың алдына қойған іс - әрекетінің мақсатын қою мен жоспарлауды
қамтамасыз етуге бағдарлауды көтермелеу;
• Оқушылардың оқу ақпараттарын өңдеуде интелектуалды іскерлігін
қалыптастыру;
• Оқушылардың өзін - өзі бақылауы мен жөндеуі негізінде оқытуда оқу –
танымдық іс - әрекетін қамтамасыз ету.
Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мәселелеріне И.Я. Лернер
мен Г.И. Щукина және т.б. зерттеулері арналған.
Танымдық белсенділік мәселелік сұрақтың жауабын іздестіруде, өзіндік
жұмыс орындауда жүзеге асады. Оқушылардың өздерінің игерген білімі
негізінде пікір алысады, сөз жарастырып, өзара сынға дайын болады, жеке
фактілер мен бақылаулардан ой тұжырымдауға, талқылауға жетеді, өз бетінше
шешім қабылдаудың жолдарын, әдістерін қарастырады, практика барысында
алынған шешімдердің дұрыстығын тексереді.
Оқудағы танымдық белсенділікті қалыптастыру мәселелерін іс жүзінде
шешудің түрлі жолдарын бөліп көрсеткен: Т.И. Шамова, М.Н. Скаткин, Л.П.
Аристова, Г.И. Щукина, П.И. Пидкасистый, Ж.А. Қараев, Т.С. Сабыров және
т.б.
Я.А. Коменский танымдық қызығушылыққа үлкен мән беріп, оны баланың
білім меңгеруіндегі маңызды тірек деп санады.
Қызығушылықтың өзінен - өзі пайда болмайтынын, оны дамыту қажеттігін
Жан – Жак Руссо айтқан. Қызығушылықты оқу – тәрбие үрдісінің бөлінбес
бқлігі деп есептеген К.Д. Ушинский: ешбір қызығушылықсыз тек мәжбүр ету
арқылы жүргізілетін оқушы бойындағы білім алуға деген құштарлықты жойып
жібереді, - дегеніне көңіл бөлген.
Оқушылардың танымдық белсенділігі танымдық қызығушылықтан туыындайды.
Оқушыларды танымдық қызығушылықты дамыту және қалыптастыруды зерттеуде Г.И.
Щукина, Т.И. Шамова, А.И. Фридман, Я.А. Коменский, Ж.Ж. Руссо, К.Д.
Ушинский және т.б. еңбектерінің орны ерекше.
Г.И. Щукинаның пікірінше, танымдық қызығушылық оқудың ең негізгі
мотивтерінің бірі бола отырып, оның белгілі бір жағдайларға байланысты
жеке тұлғаның іс - әрекеті мен жекелеген әрекеттерінің дамуында қуатты
түрткі күшіне айналды. Сонымен, бұл жағдайлардан оқушы өздігінен
жорамалдауға, бақылауға, ізденуге мүмкіндік алатындай дәрежеге жетіп, өз
бетінше танымдық іс - әрекет жасауға мүмкіндік алады. Қызығушылықтың
бірінші түріне қоршаған ортадағы дүниенің кейбір құбылыстарын түсінуге
бағыттылған – эмпирикалық және оқиғаларды көркемдік жағынан бағалай білуге,
түсінуге талпындыратын, ұмтылдыратын эстетикалық қызығушылықтар жатады.
Қызығушылықтың екінші тобына: жеке адамдар арасында әр түрлі қатынастарды
шешуге бағытталған, әр түрлі қоғамдық ұйымдардың арақатынасын анықтауға
негізделген симпатикалық пен әлеуметтік қызығушылық жатады. Қызығушылықтың
осы аталған 4 түрі оқушылардың меңгеретін білім мазмұнын айқындайды.
Оқушылардың оқу – танымдық белсенділігі әсер ететін объективті және
субъективті факторларға мынадай жағдайлар жатады:
• Психологиялық (оқушыларды оқу танымдық қызметке тарту,
ынталандыру) аталмыш қызметке қажетті жағдайлар туғызылмайынша,
сол қызметтің өзі де болмақ емес;
• Физиологиялық (тез қалжыратушылық: қызмет түрлерін уақтылы
ауыстырып отыру қажет);
• Дидактикалық (жүйелік, ұнамды мотивтік дәйектемелер туғызу,
қызмет белсенділігін арттыру, оқушыларды мәселенің шешімін
іздестіруге тарту, өзіндік немесе өзара бақылау ұйымдастыру);
• Әлеуметтік (отбасының тұрмыс жағдайы, табиғи орта, құбырларымен
немесе ересектермен қарым-қатынасы).
Қызығушылық қай кезде болмасын педагогикалық әдебиеттерде негізгі
факторы ретінде қарастырылып келеді. Оларда қызығушылық жағымды себеп
(мотив) тудырудың негізі деп танылады, қызығушылықты қалыптастырудың
жолдары көрсетіледі: іс-әрекетке жағымды эмоция тудыру; эмоцияның танымдық
басым сипатта болуы; іс-әрекеттен туатын жағымды себепті (мотивті) көздеу.
Қызығушылықты дамыту белгілі бір болмыстағы белгісіз жағдайларға қызығудан,
оның заңдылықтарын, бір-бірімен қатынасын және өзара байланысын
айқындаудан, одан әрі қарай жалғастырудан тұрады. Ал қажеттілікті
қанағаттандыру үшін және алға қойған мақсатқа жету үшін адамда қызығушылық
пайда болады. Ол – адамның белгілі бір бағыттылығы деп жазды Ю. К.
Бабанский.
Сонымен, танымдық белсенділік мәселелерінің пайда болуы мен дамуына
талдау мынадай қортындыға әкеледі: оқыту үрдісіндегі мұғалім мен оқушының
бірлескен әрекетіндегі танымдық белсенділік идеясының пайда болуы
мектептердің тарихи даму бағыттарының түрліше болуымен байланысты.
Мектептің ғасырлар бойғы даму тарихында алдыңғы қатарлы педагогикалық ой
өкілдерінің танымдық әрекетке қатысы, әсіресе, танымдық белсенділікті
қалыптастыру идеяларын зерттеу және талдау негізінде жалпы төрт бағытты
бөліп көрсетуге болады.
Әлеуметтік - педагогикалық бағыт бойынша жазылған еңбектерді талдау
кезінде зерттеушілер баланың өзіндік даму теориясын қарастырады. Әлеуметтік
– педагогикалық бағыт Аристотель, Сократ, Платон еңбектерінде бастау алып,
Мишель Монтень, Томмас Мор, Томаззо Компанелла еңбектерінде жалғасын тапты.
Баланың белсенді және өз бетімен білім алуының маңыздылығын, білім алудағы
жетістіктері өзін-өзі тәрбиелеуде маңызды екендігін, жан-жақты жетілудің
әрі объекті, әрі субъекті екендігін жан-жақты негіздеген. Олардың
пікірінше, белсенді ойлау адамның тәжірибелік іс-әрекетінің алғашқы шарты
болып табылады. Өзіндік іс-әрекет нәтижесінде балада қанағаттану, қуаныш
сезімі оянып, білімді игеруде белсенділігі артады деген пікірде болады. Өз
бетінше әрекет ететін саналы, ойлы, сыншыл азамат тәрбиелеу талабы – жаңа
білімді игеруде өзіндік жұмыс жасап, таным өрісінің жаңа шеңберіне жету
жолын дұрыс таңдап алуы қажет деп саналады.
Дидактикалық - әдістемелік бағыт Я. А. Коменский еңбектерінен бастау
алады. Оның Ұлы дидактика еңбегінде жазылған дидактикалық ұстанымдарын
ұсына келіп, оқушылар өз бетінше істейтін белсенді іс-әрекет ұйымдастыру,
мұғалім мен оқушының әрекетін талдау мәселелерін қарастырады. Бұл бағыт И.
Г. Песталоциидің, Ж. Ж. Руссоның және т. б. еңбектерінде дами түсті.
Психологиялық – дидактикалық бағыт К. Д. Ушинский еңбектерінен бастау
алады. К. Д. Ушинский танымдық мәселесіне мән беріп, өз бетінше жұмыс –
оқытуды жетістікке жетудің бірден-бір жолы деп есептеді. Ол педагогика
ғылымында алғаш рет оқушылардың өзіндік жұмысына философиялық,
психологиялық, педагогикалық тұрғыдан талдау жасады.
Жаңашыл педагогикалық бағыт қоғам дамуының тарихи жаңа кезеңі қоғамның
барлық саласындағы уақыт тудырған күрделі өзгерістермен айқындалады.
Қоғамдағы оқу – ағарту, білім беру саласындағы өзгерістер жеке тұлғаны
қалыптастыруға, оқу үрдісіне тиімді әдіс – тәсілдерді іздестіруге, баланың
шығармашылық, рухани, дене мүмкіндіктерін дамытуға, адамгершілік пен
салауатты өмір салтын берік ұстануға бағытталады. Жаңашыл педагогикалық
бағыт бойынша Ю. К. Бабанский білім беруді оңтайландыру жүйесін ұсынса, Б.
П. Есипов пен М. А. Дагилов оқушының танымдық міндеттерін шешуде танымдылық
белсенділігін қалыптастыратын оқыту әдістерінің дидактикалық тұрғыдағы
жіктемесін жасады.
Оқушылардың танымдық белсенділік іс-әрекетін арттырудағы компьютерлік
технологияның маңызы, оқу – танымдық әрекеті, танымдық белсенділігін
арттырудың тиімді құралдарының бірі – оқушының өзіндік жұмысы жайлы Ж. А.
Қараев, М. И. Махмутов, Т. С. Сабыров, А. Е. Әбілқасымова, М. А.
Құдайқұлов, Р. С. Омарова, Р. Садыковалардың зерттеулерінде негізгі орын
алды.
Аталмыш ғалымдардың еңбектерінде білім мазмұнын айқындау, іріктеу
ұстанымдары мен критерийлерін айқындауда бүгінгі жаңа технология
мүмкіндіктері, әсіресе, оқушылардың танымдық белсенділігін компьютерлік
технология арқылы қалыптастыру мәселесі жан-жақты қамтылған.
Аталған қажеттілікті іске асыруда оқушының өз бетімен бағдарлай және
дами алатын субъект дәрежесіне келуін, сонымен бірге арнайы оқу ортасын
жасақтауда компьютерлік технологияны негізгі ядро ретінде пайдалану, оның
танымдық белсенділігін қалыптастыруды талап етеді.
Компьютерлік технология дағы ерекшелік, біздің зерттеп отырған мәселеге
байланысты жағы: оның өз бетімен, белсенділік мәселесіне көңіл бөлуде,
яғни, оөушы өзіне ұсынылған жеке оқу бағдарламасы бойынша, оның ішінде
әрекеттің мақсатты жоспары, ақпарат банкі және дидактикалық міндеттерді
шешудегі әдістемелік нұсқаулар бойынша өздігінен, белсенділікпен жұмыс
істеуі.
Дәстүрлі оқыту технологиялары оқушылардың жалпы оқуға деген ұмтылыстары
мен біліктерін қалыптастыруға бағытталған еді. Онда оқытылатын пәннің өзі
оқыту мақсаты тәрізді болатын да, ал оқушы – соған жету құраы болып
саналатын. Осының нәтижесінде көптеген оқушыларда оқуға деген оң көзқарас
қалыптаспайтын. Қазіргі жаңа қоғам түрлі мәліметтермен жұмыс істеп,
қойылған мақсатқа жету жолында алдыңғы қатарлы ақпараттық мәдениеті бар,
яғни компьютерлік технологияларды, жаңа техникалық құралдар мен тәсілдерді
пайдаланатын мамандарды керек етеді. Компьютерлік технологияның көмегімен
танымдық белсенділік пен мотивті, ойлау қабілетін дамытатын мәселелік
жүйесін қолдануға көңіл бөлеміз. Оқушылардың білім, білік және дағдылар
қалыптасуының деңгейін компьютерлік технологияның көмегімен шешуге болатын
тапсырмалар құрастыру және бағдарламалық кешендер жасау, олардың танымдық
белсенділігін қалыптастыруға, әрқайсының шығармашылық бастамасын дамытуға
себеп болды.
В. С. Ледневтің монографиясында 80-ші жылдардың басында орындалатын
жеке тұлға мәселелерін зерттеулерге талдау жасалған, сондықтан бұл жерде
оның нәтижелерін пайдаланамыз.
• В. С. Леднев жеке тұлға деген ұғым жөніндегі көзқарастардағы
ортақ жәйттерді және олардағы айырмашылықтарды бөліп көрсетеді.
Ортақ жәйттерді ол мынадай қағидалармен сипаттайды: жеке тұлға -
адам деген ұғымға қарағанда аясы тарлау ұғым;
• адам жеке тұлға болып тумайды, бірақ жеке тұлғаға айналады;
• жеке тұлға жеміс қана емес, сонымен бірге қоғамдық қатынастардың
субъектісі;
• жеке тұлға – сананың иесі ретіндегі, еңбек етуге танымдық
әрекетке қабілетті тіршілік иесі ретіндегі адам.
Көптеген авторлардың еңбектерінде жасалған талдау лар танымдық
белсенділікті арттырудың құрамы мен оның мазмұнын анықтауда ғалымдар әр
түрлі ой-пікірлер ұстайтынын көрсетеді. Біз зерттеумізде, оқушылардың өз іс-
әрекетін басқару құрылымын, оларда қалыптасатын танымдық белсенділіктің
құрамын анықтаудың негізі ретінде алдық.
Оқушылардың атнымдық белсенділігін арттыру мәселесінің сан қырлылығын
ескеріп, ғалымдардың айтқан пікірлеріне компьютерлік технологияның
көмегімен оқу үрдісін жекелеуге мүмкіндік беретін, жеке тұлға мен оқу іс-
әрекет теориясының негізгі қағидаларына сүйене отырып, біз оған мынадай
анықтама береміз:
Экономика сабағында технология көмегімен оқушылардың танымдық
белсенділігін арттыру дегеніміз оқушылардың компьютерде жұмыс істеу
барысында өздігінен жоспарлау, бағдарлау, өздігінен атқару (қажет болса
түзету, енгізу), тексеру және қортынды жасау сияқты мотивациялық –
тұлғалық, мазмұндық – амалдық және процессуалды – ерікті компоненттерінен
тұратын жеке тұлғаға тән жиынтық қасиеті.
1. Мотивациялы – тұлғалық (өзін-өзі тану; өзіне-өзі сену, дамыту;
өзінің танымдық қабілетін дамытуға және қызығушылығын
қанағаттандыруға ұмтылу);
2. Мазмұндық – амалдық (тіректік білім; жалпы дидактикалық және
арнайы дидактикалық дағдылар; білімін жетілдіру дағдысы);
3. Процессуалды – еріктік (танымдық іс-әрекет үрдісінде кездесетін
қиындықтарды жеңуге дайындық; өз бетінше жұмыс істей алу дәрежесі;
танымдық белсенділікке ұмтылыс).

Көптеген авторлардың еңбектеріне жасалған талдаулар танымдық
белсенділікті арттырудың құрамы мен оның мазмұнын анықтаудағы ғалымдар әр
түрлі ой – пікірлер ұстайтынын көрсетті. Біз зерттеулерімізде, оқушылардың
өз іс-әрекеттерін басқару құрлымын, оларда қалыптасатын танымдық
белсенділіктің құрамын анықтаудың негізі ретінде алдық.
Мотивациялық – тұлғалық компонент оұушылардың оқу үрдісінде ынталығын
қамтамасыз ететін қажеттіліктен, қызығушылықтан, іздемпаздықтан құралады.
Мазмұндық – амалдық компонент негізгі білім жүйесі мен жаңа білімді өз
бетінше жетілдіру мүмкіндігін ашатын, басты білімдер жүйесінен және оқу –
танымдылық іс-әрекеттер тәсілдерінен құралады.
Процессуалды – ерікті компонент негізін оқушыларда таным кезіндегі
кездесетін қиыншылықтарды жеңу үшін жұмсалатын ерік-жігердің болуы және оны
өзінің дербес іс-әрекетінде жүзеге асыру дайындығы құрайды.
Сонымен, танымдық белсенділікті барлық зерттеушілер жеке тұлғаның
қасиеті ретінде түсіндірді. Сондықтан жеке тұлға деген ұғымның құрылымы мен
компоненттік құралы белсенділікті арттырудың негізі болып табылады.
Біздің жүргізген зерттеулерде қатысы жоқ осы үш компонент оқу үрдісінің
барлық кезеңдерінде, диалектикалық тұрғыда, бір-бірімен өте тығыз
байланыста болатындығы анықталды.
Танымдық белсенділіктің әр компоненті өзіне тән белгілі бір қызмет
атқарады: мотивациалық – тұлғалық қызығушылықты тудырады, оқу-танымдық
белсенділікті оятады. Оқушылардың танымдық белсенділігінің мотивациялық
компонентін арттыруда проблемалық оқытудың маңызы зор. Өйткені олардың
өзара шығармашылық қарым – қатынастарын, іскерлік біліктерін, өзіндік
ізденістер көлемін көтереді. Мазмұндық – ағымдық компонент оны іске асыру
үшін негіз жасайды және жүзеге асыруға мүмкіндік береді, осы компонентінде,
әсіресе, оқушылардың рефлексті қабілеттерінің деңгейлері артады,
процессуалды – ерікті компонент оның аяқталуын қамтамасыз етеді. Әр
компонент өз қызметі арқылы оқу – танымдық белсенділіктің белгілі бір
кезеңін жүзеге асырады.
Сонымен, танымдық белсенділік оқушы үшін болашақта кәсіптік маңызы бар
және оның түсінігіне бағына отырып, алған білімдеріне, біліктері мен
дағдыларына және интелектуалдық бейімділіктеріне сүйеніп, өзгелердің
көмегінсіз кәсітік мәселелерді анықтап және оларды шешудің тиімді жолдарын
тауып, оны жүзеге асыра білумен сипатталатын және тұлғаға тән қасиет деген
тұжырым жасалады.
Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мәселесін зерттеген
ғалымдардың ғылыми зерттеулеріне сүйене отырып, біз оқушылардың танымдық
белсенділігінің төмендегідей негізгі көрсеткіштерін анықтадық. (кесте 1)

Кесте 1 – Оқушылардың танымдық белсенділігінің негізігі көрсеткіштері.
Танымдық белсенділіктің көрсеткіштері
білімге қызығушылық;
таным үдісіндегі белснділік;
оқушылардың танымдық қызметке деген сұранысы;
білімді өз бетінше алуға дайындығының болуы және оны түрлі нақты жағдайда
қолдана білуі;
жұмыстың мақсаты мен міндеттерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі сабақтарында АКТ пайдалану жолдары
Экономика сабағын оқытудағы оқушылардың белсенділігін арттырудың заманауи тәсілдермен оқыту
Жоғары оқу орындарында шетел тілін үйренудің теориялық негіздері
Бастауыш мектепте оқыту процесінде ойын технологиясын өткізу мен ұйымдастырудың маңызы мен кейбір ерекшеліктері
Ақпараттық технологияларды қолдану
Интерактивті тақтаның шығу тарихы
Биология пәнін оқыту процесі кезіндегі ақпараттық және коммуникативтік технологиялар
Арнайы пәндерді оқыту әдістемесі
Инновациялық-компьютерлік технологияны қолдану арқылы экономикалық білім берудің педагогикалық алғышарттары
Педагогикалық қызметтің визуалдық бағыттылығы
Пәндер