ХIX ғ. аяғы –XX ғ. басындағы Қазақстандағы әлеуметтік-эканомикалық жағдай



МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.8

І. ХІХ Ғ. АЯҒЫ . ХХ Ғ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК.ЭКАНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9.14

1.1. ХІХғ.ХХғ Қазақстандағы патша үкіметінің отарлау саясаты ... ..9.14

1.2. Ресей патшалығының аграрлық реформасы және оның жүргізілу барысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15.24

ІІ. ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ОТАРЛАУ САЯСАТЫНА ҚАРСЫ КҮРЕСІ ... ..25.35

2.1. Жер мәселесі және қазақ интелигенциясының қоғамдық.саяси қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25.35

2.2. Жер мәселесіне қатысты көзқарастар және оның мемлекеттік думада қаралуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36.47

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...48.50

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 51.52
КІРІСПЕ
Еуразияның жүрегінде, өркениеттер тоғысында талай халықтарды тал бесігінде тербеткен ұлы даланың төсінде дүниеге келген біздің халқымыздың барша тарихы – ұлт пен ұлыс ретінде сақталып қалу жолындағы толассыз күрестерге толы тарих.
Тәуелсіздігімізді алған 16 жылдың ішінде Қазақстанның төл тарихы негізгі тақырыпқа айналғаны белгілі. Осының негізінде назардан тыс қалып келген мәселелердің шешімін табуға, бұрын біржақты баға беріліп келген, идеологиялық себептермен айтыла бермейтін жабық тақырыптарды зерттеп, ғылыми талдаудан өткізу үшін жаңа міндеттер жүктеп отыр.
Кеңестік тарихнамада қазақ даласын отарлау мәселесі көптеген, іргелі зерттеулерге арқау болса да, нақты өз бағасын ашық түрде ала алмады. Кеңес өкіметі жылдары патша өкіметінің отарлау саясатының ақиқатын ашып көрсетпек болған зертеулерге халықтар достығына зиянын тигізді деген желеумен тиым салғаны белгілі.
Қазіргі кезеңде, еліміздің тарихына жаңаша ой-пікірдің қалыптаса бастаған шағында осы мәселені жан-жақты зерттеуге мүмкіндіктер туды. Отарлық кезең тарихының толықтай зерттеліп үлгермеген, өзінің лайықты бағасын ала алмаған мәселелеріне ғылыми талдау жасауға жол ашылды. Бұл Қазақстан тарихындағы аса маңызды осы мәселені тиянақты түрде саралауға, қоғам дамуының заңдылықтары негізінде әлеуметтік құбылыстарды ұсынуға көмектеседі.
ХІХ ғасырдың ІІ-жартысы мен ХХ ғасырдың басы қазақ қоғамы үшін күреске толы кезең. Өйткені, Ресей үкіметінің қол астында болып, патша мен оның шенеуніктерінің езгісі мен тепкісін көрген қазақ халқы басқа да бұратана халықтармен қатар өз азаттығы үшін күреске шықты. Бұл кезде қазақ қоғамында ұлттың еңсесін көтеріп, патша саясатына ашық түрде қарсы шыққан қазақ интеллигенциясының қатары қалыптаса бастаған болатын.
Осы зиялы топ қазақ елін отарлық езгіден құтқарып, ұлт-азаттық жолындағы күресте көш бастаушы болды. Қазақ интеллигенттерінің бұрыннан алға қойған басты мақсаттарының бірі – жер мәселесі еді. Жер мәселесін шешуде қазақ интеллигенттері Ресей Мемлекеттік Думасын, патша үкіметінің әкімшілік органдарын пайдалануға тырысты. Зиялы қауымның осы қызметі және олардың қоғамдық-саяси көзқарастары жете көңіл бөліп, зерттеу елегінен өткізуді талап етеді. ХХғ. бас кезінде қазақтың зиялы қауымы өкілдері, қоғам қайраткерлері мен ағартушылары «Айқап» журналы мен «Қазақ», «Дала уалаятының газеті», «Алаш», «Сарыарқа», «Қазақстан» газеттерінде өз ойларын жариялап, қазақ қоғамының келешегі, қазақ шаруаларының тағдыры, жер мәселесі мен отырықшылыққа көшуге байланысты пікірталастар ұйымдастырды. Олардың сол кездегі қызметі мен көзқарасы бүгінде маңызын жойған жоқ. Соңғы кездерде зерттеушілер қазақ интеллигенциясының пайда болып, қалыптасу ерекшеліктерін, қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуында оның атқарған ролін анықтап және мұны әр сала бойынша қарастыруда. Сондықтан бүгінгі қазақ тарихнамасында ғасыр басындағы осындай көкейтесті мәселелерді шешуге тырысқан ұлттық интеллигенцияның көзқарастарын әр қырынан толықтай ашып беретін зерттеу қажет. Міне, сол себепті қарастырылып отырған тақырып арнайы ғылыми зерттеу объектісі болуға лайықты, жаңаша көзқараспен талдауда тарих ғылымындағы өзекті мәселелердің бірі деп айтуға болады.
Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңдегі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени өмірін орыс тарихшылары мен саяхатшыларының зерттеулері мен жазбаларынан, ресми құжаттарынан оқып білуге болады. Алайда, олардың барлығы отырықшылықты көздеген патша үкіметінің арнайы нұсқауымен орындалған еді. Өйткені, қазақ даласын түгелдей отарлық меншікке айналдырып, бодандықта ұстау үшін, халықтың тұрмысын, әлеуметтік өмірін, жерінің табиғи-географиялық жағдайын, мәдениеті мен тілін, дінін, жалпы психологиясын зерттеу өте қажет болды. Жалпы отарлық кезеңде жарияланған мұндай зерттеулердің құнды мәліметтері сыни талдау арқылы пайдалануға болатын маңызды дерек көзі екені даусыз. Ал қазақ интеллигенциясы өкілдерінің пайда болуы, қалыптасуы, қоғам ісіне араласуы, жер мәселесіне байланысты қызметі мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған мақалалары мен арнайы ғылыми еңбектерінен белгілі. Бұл ретте Ә.Бөкейхановтың, А.Байтұрсыновтың, Р.Мәрсековтың, Ж.Сейдалиннің, М.Дулатовтың еңбектерін айтқан жөн. Осы алаш қайраткерлерінің мақалалары саяси үгіт пен насихаттың қыр қазағына жақын, ұғынықты тілде жазылған тамаша үлгілері болды.
ХІХ ғ. аяғы – ХХ ғ. бас кезіндегі қазақ тарихына байланысты елді «отарлау», «орыстандыру», «қоныстандыру» саясатына арналған орыс зерттеушілерінің де еңбектері баршылық. Бұл зерттеулер қазақ өлкесінің Ресей қол астына енуінің, патша үкіметінің жүргізген әскери, әкімшілік-шаруашылық отарлауы, орыс шаруаларын қазақ жеріне қоныс аудартуы сияқты жолдарын ашып бере алады. 1917 ж. Жейінгі қазақ қоғамындағы жер мәселесін қарастырғанда Қоныстандыру Басқармасының жыл сайынғы Дала өлкесіндегі қоныстандыру мен санақ жүйесіне қатысты шығарып отырған арнайы есеп істері мен еңбектерінің маңызы зор.
Отаршылар казак әскерлері мен орыс шаруаларын өлкеге қоныстандыру нәтижесінде қазақ шаруалары көшпелі өмірден отырықшылыққа көшіп, егін егуді үйренді деп түсіндіруге тырысты. Патша үкіметі осындай жолмен қазақтың мәдени-әлеуметтік тұрмысы мен ауыл шаруашылығын көтердік деп алдады. Патша үкіметінің отарлау, қоыстандыру саясаты Қазан төңкерісіне дейін шығып тұрған «Вопросы колонизации» журналында жарияланған авторлардың еңбектерінде көрініс тапты.
Патша үкіметінің арнайы нұсқауымен жіберілген қазақ әскерлерінің қазақ жерін иемденуі И.Бородиннің, В.А.Остафьевтің, Н.Г.Путинцевтің, Н.В.Лебедевтің еңбектерінде, отарлау саясаты А.Кауфманның еңбегінде баян етіледі. П.Румянцевтің, К.А. Сүтеева, П.М.Головачев

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-8

І. ХІХ Ғ. АЯҒЫ – ХХ Ғ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-
ЭКАНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .9-14

1.1. ХІХғ-ХХғ Қазақстандағы патша үкіметінің отарлау
саясаты ... ..9-14

1.2. Ресей патшалығының аграрлық реформасы және оның жүргізілу
барысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15-24

ІІ. ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ОТАРЛАУ
САЯСАТЫНА ҚАРСЫ КҮРЕСІ ... ..25-35

2.1. Жер мәселесі және қазақ интелигенциясының қоғамдық-саяси
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25-35

2.2. Жер мәселесіне қатысты көзқарастар және оның мемлекеттік думада
қаралуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...36-47

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... .48-50

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .51-52

КІРІСПЕ
Еуразияның жүрегінде, өркениеттер тоғысында талай халықтарды тал
бесігінде тербеткен ұлы даланың төсінде дүниеге келген біздің халқымыздың
барша тарихы – ұлт пен ұлыс ретінде сақталып қалу жолындағы толассыз
күрестерге толы тарих.
Тәуелсіздігімізді алған 16 жылдың ішінде Қазақстанның төл тарихы
негізгі тақырыпқа айналғаны белгілі. Осының негізінде назардан тыс қалып
келген мәселелердің шешімін табуға, бұрын біржақты баға беріліп келген,
идеологиялық себептермен айтыла бермейтін жабық тақырыптарды зерттеп,
ғылыми талдаудан өткізу үшін жаңа міндеттер жүктеп отыр.
Кеңестік тарихнамада қазақ даласын отарлау мәселесі көптеген, іргелі
зерттеулерге арқау болса да, нақты өз бағасын ашық түрде ала алмады. Кеңес
өкіметі жылдары патша өкіметінің отарлау саясатының ақиқатын ашып көрсетпек
болған зертеулерге халықтар достығына зиянын тигізді деген желеумен тиым
салғаны белгілі.
Қазіргі кезеңде, еліміздің тарихына жаңаша ой-пікірдің қалыптаса
бастаған шағында осы мәселені жан-жақты зерттеуге мүмкіндіктер туды.
Отарлық кезең тарихының толықтай зерттеліп үлгермеген, өзінің лайықты
бағасын ала алмаған мәселелеріне ғылыми талдау жасауға жол ашылды. Бұл
Қазақстан тарихындағы аса маңызды осы мәселені тиянақты түрде саралауға,
қоғам дамуының заңдылықтары негізінде әлеуметтік құбылыстарды ұсынуға
көмектеседі.
ХІХ ғасырдың ІІ-жартысы мен ХХ ғасырдың басы қазақ қоғамы үшін
күреске толы кезең. Өйткені, Ресей үкіметінің қол астында болып, патша мен
оның шенеуніктерінің езгісі мен тепкісін көрген қазақ халқы басқа да
бұратана халықтармен қатар өз азаттығы үшін күреске шықты. Бұл кезде қазақ
қоғамында ұлттың еңсесін көтеріп, патша саясатына ашық түрде қарсы шыққан
қазақ интеллигенциясының қатары қалыптаса бастаған болатын.
Осы зиялы топ қазақ елін отарлық езгіден құтқарып, ұлт-азаттық
жолындағы күресте көш бастаушы болды. Қазақ интеллигенттерінің бұрыннан
алға қойған басты мақсаттарының бірі – жер мәселесі еді. Жер мәселесін
шешуде қазақ интеллигенттері Ресей Мемлекеттік Думасын, патша үкіметінің
әкімшілік органдарын пайдалануға тырысты. Зиялы қауымның осы қызметі және
олардың қоғамдық-саяси көзқарастары жете көңіл бөліп, зерттеу елегінен
өткізуді талап етеді. ХХғ. бас кезінде қазақтың зиялы қауымы өкілдері,
қоғам қайраткерлері мен ағартушылары Айқап журналы мен Қазақ, Дала
уалаятының газеті, Алаш, Сарыарқа, Қазақстан газеттерінде өз ойларын
жариялап, қазақ қоғамының келешегі, қазақ шаруаларының тағдыры, жер
мәселесі мен отырықшылыққа көшуге байланысты пікірталастар ұйымдастырды.
Олардың сол кездегі қызметі мен көзқарасы бүгінде маңызын жойған жоқ. Соңғы
кездерде зерттеушілер қазақ интеллигенциясының пайда болып, қалыптасу
ерекшеліктерін, қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени
дамуында оның атқарған ролін анықтап және мұны әр сала бойынша қарастыруда.
Сондықтан бүгінгі қазақ тарихнамасында ғасыр басындағы осындай көкейтесті
мәселелерді шешуге тырысқан ұлттық интеллигенцияның көзқарастарын әр
қырынан толықтай ашып беретін зерттеу қажет. Міне, сол себепті қарастырылып
отырған тақырып арнайы ғылыми зерттеу объектісі болуға лайықты, жаңаша
көзқараспен талдауда тарих ғылымындағы өзекті мәселелердің бірі деп айтуға
болады.
Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңдегі Қазақстанның әлеуметтік-
экономикалық, саяси және мәдени өмірін орыс тарихшылары мен саяхатшыларының
зерттеулері мен жазбаларынан, ресми құжаттарынан оқып білуге болады.
Алайда, олардың барлығы отырықшылықты көздеген патша үкіметінің арнайы
нұсқауымен орындалған еді. Өйткені, қазақ даласын түгелдей отарлық меншікке
айналдырып, бодандықта ұстау үшін, халықтың тұрмысын, әлеуметтік өмірін,
жерінің табиғи-географиялық жағдайын, мәдениеті мен тілін, дінін, жалпы
психологиясын зерттеу өте қажет болды. Жалпы отарлық кезеңде жарияланған
мұндай зерттеулердің құнды мәліметтері сыни талдау арқылы пайдалануға
болатын маңызды дерек көзі екені даусыз. Ал қазақ интеллигенциясы
өкілдерінің пайда болуы, қалыптасуы, қоғам ісіне араласуы, жер мәселесіне
байланысты қызметі мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған мақалалары мен
арнайы ғылыми еңбектерінен белгілі. Бұл ретте Ә.Бөкейхановтың,
А.Байтұрсыновтың, Р.Мәрсековтың, Ж.Сейдалиннің, М.Дулатовтың еңбектерін
айтқан жөн. Осы алаш қайраткерлерінің мақалалары саяси үгіт пен насихаттың
қыр қазағына жақын, ұғынықты тілде жазылған тамаша үлгілері болды.
ХІХ ғ. аяғы – ХХ ғ. бас кезіндегі қазақ тарихына байланысты елді
отарлау, орыстандыру, қоныстандыру саясатына арналған орыс
зерттеушілерінің де еңбектері баршылық. Бұл зерттеулер қазақ өлкесінің
Ресей қол астына енуінің, патша үкіметінің жүргізген әскери, әкімшілік-
шаруашылық отарлауы, орыс шаруаларын қазақ жеріне қоныс аудартуы сияқты
жолдарын ашып бере алады. 1917 ж. Жейінгі қазақ қоғамындағы жер мәселесін
қарастырғанда Қоныстандыру Басқармасының жыл сайынғы Дала өлкесіндегі
қоныстандыру мен санақ жүйесіне қатысты шығарып отырған арнайы есеп істері
мен еңбектерінің маңызы зор.
Отаршылар казак әскерлері мен орыс шаруаларын өлкеге қоныстандыру
нәтижесінде қазақ шаруалары көшпелі өмірден отырықшылыққа көшіп, егін егуді
үйренді деп түсіндіруге тырысты. Патша үкіметі осындай жолмен қазақтың
мәдени-әлеуметтік тұрмысы мен ауыл шаруашылығын көтердік деп алдады. Патша
үкіметінің отарлау, қоыстандыру саясаты Қазан төңкерісіне дейін шығып
тұрған Вопросы колонизации журналында жарияланған авторлардың
еңбектерінде көрініс тапты.
Патша үкіметінің арнайы нұсқауымен жіберілген қазақ әскерлерінің
қазақ жерін иемденуі И.Бородиннің, В.А.Остафьевтің, Н.Г.Путинцевтің,
Н.В.Лебедевтің еңбектерінде, отарлау саясаты А.Кауфманның еңбегінде баян
етіледі. П.Румянцевтің, К.А. Сүтеева, П.М.Головачев, Н.Коншин,
Т.Седельниковтың, А.Л.Трегубовтың, Бератовтың, М.А.Терентьевтің еңбектері
де қазақ даласын отарлау тарихына арналған. Аталған авторлар кезінде орыс
шаруаларын қазақ жеріне қоныстандыру қозғалысының нақты себептерін ашып
беруге тырысқан болатын.
1868 ж. Патша реформалары мен оның қазақ жеріне тигізген әсерін,
отарлау аппараты шенеуніктерінің жүгенсіздіктерін, жергілікті құқық
ұйымдарының заңсыздық әрекеттерін М.Н.Вяткин мен В.Федоров, А.Баймурзин өз
еңбектерінде көрсетуге тырысты.
Қазақстан жеріндегі аграрлық мәселенің зерттелуіне П.Г.Галузоның,
С.Сүндетовтың, Б.Сүлейменованың, А.Тұрсынбаевтің, В.Шахматовтың,
М.Х.Асылбековтың, С.Әсіптің, Л.Әуезованың еңбектері зор үлес қосты. Аталмыш
зерттеушілер патшалық Ресей үкіметінің қазақ даласында жүргізіп келген
аграрлық саясатын, оның қазақ халқына тигізген әсерлерін, ұлттық
интеллигенцияның экономикалық және саяси күрес барысын әр қырынан ашып
көрсетуге тырысты.
ХХ ғасырдың бас кезінде патша үкіметінің саясатына қарсы мақсаттағы
азаттық қозғалыстар тек ішкі Ресей аймағын қамтыған жоқ, сондай-ақ, патша
үкіметінің қол астындағы бұратана елдерді де шарпыды. Қазақстандағы
аграрлық қозғалыстарға ұйытқы болып, жөн сілтеп, жол көрсеткен ұлттық
интеллигенция өкілдерінің саяси мақсатын Ә.Бөкейхановтың, М.Тынышпаевтің
еңбектері айқындайды. Әсіресе, Әлихан Бөкейхановтың еңбектерінен қазақ
жерінде пайда болып, өрістеген ұлт-азаттық қозғалысының даму эволюциясын
айқын аңғаруға болады. Бүгінгі таңда осы еңбектер құндылығы жоғары
зерттеулер болып табылады. Сонымен қатар, 1923 ж. Орынборда жазылып, 1995
ж. Профессор Ә.Тәкенов пен архивист-ғалым Б.Байғалиев, жас ғалым
Г.Жүгенбаеваның құрастыруымен жарық көрген Телжан Шонанұлының Жер тағдыры
– ел тағдыры еңбегінде қазақ жерін талан-таражыға салып, сырттан жаппай
қоныстандыру саясатын жүргізіп келген патша үкіметінің заңсыз әрекеттері
нақты әшкереленген. Ол қазақ жеріндегі отарлаудың түрлерін кезеңдерге
бөліп, тигізген зиянын, осының нәтижесінде қазақ-орыс арасында туындаған
қақтығыстарды баса көрсетеді.
Бірінші орыс революциясынан кейінгі Қазақстандағы азаттық қозғалыстар
кезінде орыс пен қазақ шаруалары арасындағы жер мәселесіне байланысты
ұлттық интеллигенция өкілдерінің саяси күрес бағытын айқындауда кеңес
дәуірінде шыққан зерттеулер өз алдына бір сала. Мысалы: зерттеуші – ғалым
А.Ф.Якунин Қазақстандағы 1905-1907 жж. революция атты еңбегінде 1905-1907
жылдар аралығында Қазақстанда екі түрлі бағыттағы зиялы қауым тобының
болғанын атап өтеді. Ол буржуазиялық-ұлтшыл бағыттың өзін екіге:
батысшылдар (Ә.Бөкейханов басқарған), мұсылмандық (Б.Қаратаев
басқарған) деп бөліп, олардың патша шенеуніктеріне қарсы жүргізген күрес
барысын айқындап беруге тырысты.
Интеллигенция тақырыбы әрбір дәуір тынысы, оқиғалардың және үстем
идеологияның ықпал - әсерімен қарастырылып келгені белгілі. Ұлттық
интеллигенцияның пайда болуы мен қалыптасу тарихына және қызмет барысына
арнап кеңес ғалымдары мен шетелдік тарихшылар да, бүгінгі зерттеушілер де
біраз еңбектер жазған. Шетел ғалымдарының қазақтар жөнінде жазған
еңбектерін зерттеуші К.Есмағамбетовтың аударып, құрастырған Қазақтар шетел
әдебиетінде кітабынан оқып білуімізге болады. Шелелдік әдебиет ішінен Алаш
қайраткерлерінің өмірі мен қызметі туралы Х.Оралтайдың еңбегін атаған жөн.
Алайда кітаптағы қысқаша ғұмырнамалық очерктерде қате көп, автор Айқап
журналы мен Қазақстан газетін бағалауда жаңсақ пікірлерге ұрынған. Алаш
қозғалысына қатысты мәселелер М.Олкоттың Қазақтар атты монографиясында да
атап өтіледі. Алайда ғалым еңбегін орыс басылымдарындағы деректерге сүйеніп
жазған және көпшілігі шындыққа жанаспайды.
Қазақ даласын орыстандыру мәселесіне батыс тарихнамасы да көңіл
бөлді. Бұл мәселе бойынша 1950 жылы 8 шілдеде АҚШ-тың азаттық комитеті
тарапынан қолдау тауып, Германияның Мюнхен қаласында құрылған Кеңес
өкіметін зерттеу институты күрделі зерттеу жұмыстарын жүргізгені мәлім.
Олардың зерттеу жұмыстарының негізгі мақсаты – Ресей империясының тарихы
туралы батыс елдеріне таныс емес жәйттарды жариялау болып табылды. Шетел
зерттеушілерінің қарастырылып отырған проблемаға қатысты еңбектерінің
арасынан Дж Демконың Орыстардың Қазақстанды отарлауы (1896-1917) деген
кітабын атап өткен жөн. Алайда, еңбек орыс зерттеулері негізінде ғана
жазылып, тек статистикалық мәліметтерді келтірумен шектелген.
Тақырыптың деректік негізіне байланысты қазақ интеллигенциясының
үкімет ісіне араласып, Мемлекеттік Думаға қатысуы жөнінде (1905-1907 жж.)
орыс революциясынан кейін шыққан және кеңес дәуірі кезеңінде жарық көрген
еңбектер біршіма мағлұмат береді. Мемлекеттік Думаның стенографиялық
есептері қазақ депутаттарының жүргізген қызметіне толық мәліметтер бере
алады. І,ІІ Мемлекеттік Думаларға сайланып, мұсылман фракциясының мүшелері
болған қазақ депутаттары Ш.Қосшығұлов, А.Бірімжанов, Б.Қаратаев,
У.Алдабергеновтердің ондағы қоғамдық-саяси қызметі татар зиялысы Усалдың
Бірінші, екінші, үшінші думадағы мұсылман депутаттар және олардың атқарған
істері деген еңбегінде қарастырылды. Осы еңбекте дала депутаттарының
суреттері беріліп, олардың Дума жұмысындағы белсенді қызметі мен
кемшіліктері ашық көрсетілген.
Ұлттық интеллигенция тарихы мен қызметі 20-40 жылдары сол заман ағымымен
зерттелгені белгілі. 1930-1938 жылдардағы интеллигенция өкілдеріне қарсы
жүргізілген жаппай қудалау саясаты бұл тақырыптың зерттелуіне кедергі
келтірді. Қазақ интеллигенция өкілдерінің саяси қызметін шынайы түрде
көрсетуге тырысқан ғалымдар Т.Рыскулов пен С.Асфендияровтар үкімет
тарапынан қудалануға түсті. Т.Рыскулов пен С.Асфендияровтар үкімет
тарапынан қудалануға түсті. Т.Рыскулов қазақ интеллигенциясының пайда болуы
мен қалыптасуына зор көңіл бөліп, олардың саяси қызметін саралап көрсетуге
ұмтылса, ал қазіргі қазақ тарихы ғылымының негізін қалаушылардың бірі
С.Асфендияров қазақ интеллигенциясының пайда болуын ХІХ ғасырдың аяғына
жатқызып, олардың іс-әрекеттерін дәйекті түрде көрсетуге тырысты.
Патша үкіметінің отарлық саясатын, жер, су, тіл мәселелерін
көрсетугде қазақ зиялыларының бірі Қошмұхамет Кеменгерұлының еңбегі де
маңызды. Автор онда патша үкіметінің жерге, тілге, денге қатысты
қабылданған әділетсіз заңдарын сынға алып, осы заңдардың тигізген зардабын
нақты түрде көрсетеді.
Ұлттық интеллигенция тақырыбын зерттеу 50-60 жылдары едәуір жандана
түсті. Мысалы: Ә.Әтішев, Қ.Бисембиев, С.Зиманов, Д.Қабдиевтардың еңбектері
қазақ интеллигенттері қызметінің жекелеген қырларын зерделеуге арналып,
олардың дүниетанымдық көзқарастарын тереңірек көрсетуге тырысқан. Ал 80-
жылдардың соңына қарай қоғамдық ғылымдар саласындағы бетбұрыс отандық
тарихты жаңаша тұрғыдан зерттеуге жол ашты. Зерттеліп отырған дәуірге
байланысты Қазақстанның қоғамдық өміріне арналған М.Бурабаевтың зерттеуі,
қазақ интеллигенттеріне қатысты құнды мәліметтер берсе, С.Зиманов пен
К.Ыдырысов еңбектері көрнекті қазақ интеллигенті, Айқап журналының
редакторы М.Сералиннің қоғамдық-саяси қызметін баяндайды.
Тәуелсіз қазақстан кезеңіндегі өзгерістер Алаш қозғалысы мен Алашорда
тарихын қайта қарап, ақиқат тұрғысынан зерттеуге мүмкіндік береді. Қазақ
интеллигенциясы тарихын, Алаш партиясы мен алаш қайраткерлерін, олардың
ұлттық ерекшеліктерін айқындауда жаңа тарихи таныммен сараланған күрделі
зерттеулер басылып шықты. Бұған М.Қозыбаевтың (Ақтаңдақтар ақиқаты.А.,1992;
Тарих зердесі. 1-2 кітап. А.,1998), К.Нұрпейісовтың (Алаш һәм Алаш орда.
А.,1995), М.Қойгелдиевтің (алаш қозғалысы. А.,1995), Д.Аманжолованың (Пртия
Алаш: история и историография. Семей, 199; Казахский автономизм и Россия.
История движения Алаш. М.,1994), Ә.Пірманов пен А.Қапаеваның (Қазақ
интеллигенциясы. А.,1998), М.Құл-Мұхамедтің (Алаш ардагері Жақып ақбаев.
А., 1996; Алаш қайраткерлері: саяси-құқықтық көзқарастарының эволюциясы.
А.,1998), С.Өзбекұлының (Арыстары Алаштың: Тарихи очерктер.А.1998)
еңбектері айқын дәлел. Сондай-ақ Ж.Б.Әбілхожиннің еңбектерінде ұлттық-
демократиялық интеллигенция өкілдерінің 20-жылдары қазақтың әлеуметтік-
экономикалық өмірін зерттеуге қосқан үлесі тиісті бағасын алған.
Кеңестік тарихнамада буржуазиялық-ұлтшылдықтың көрінісі ретінде
бағаланып келген зиялы қауым өкілдері, қазақтың біртуар ұлдары
Ә.Бөкейханов, Ж.Ақбаев, М.Тынышпаевтардың саяси көзқарастарын анықтауда
белгілі тарихшы М.Қойгелдиевтің Қазақ демократиялық интеллигенциясының
1905-1907 жылдардағы қоғамдық-саяси қызметі деп аталатын докторлық
диссертациясы мол мағлұмат беріп, тың тұжырымдар жасайды. Интеллигенция
тарихында әділетсіз бағаның ақиқатын анықтап, қазақ ұл-азаттық қозғалысын
бүгінгі ғылыми және қоғамдық сұранысқа сай зерттеуде академик М.Қозыбаев
еңбектерінің орны ерекше.
90-жылдардан бері Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов,
Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Қ.Кемеңгеров және басқаларының шығармалары жарық
көрді. Бұрын аты аталмай келген Алаш қайраткерлерінің өмірі мен
творчестволық мұрасын зерттеуге Р.Сыздықова, Б.Қойшыбаев, С.Созақбаев,
Б.Байғалиев және басқалары өз үлесін қосты.
ХІХ ғ.соңы мен ХХ ғ. Басындағы Қазақстандағы жер мәселесі, қазақ
депутаттарының Ресей Мемлекеттік Думасындағы қызметі, қазақ зиялы қауымы
өкілдерінің Ресей мұсылмандық қозғалысына қатынасуы С.Малтұсыновтың,
С.Рүстемовтың кандидаттық диссертацияларында қаралған. Ғалым Ө.Озғанбаевтың
докторлық диссертациясы мен сол негізінде шыққан монографиясы Мемлекеттік
Дума мәселесін, оған қазақтардың қатысу барысын қарастырады. Соңғы жылдары
Ресей империясының отаршылдық саясаты туралы В.З.Галиевтің, Ж.Қасымбавтың,
М.Егембердиевтің, М.Мырзахметовтың, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан өңірін
отарлауда Жетісу казачествосының үлесін ашқан М.Абдировтың жұмыстарын
атауға болады.

ХІХ Ғ. АЯҒЫ – ХХ Ғ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКАНОМИКАЛЫҚ
ЖАҒДАЙ

1. Патша үкіметінің ХІХғ-ХХғ Қазақстандағы отарлау саясаты

Қазақстан жері екі ғасырдан астам Ресей империясының бодандығында
болды. Қазақ елі Ресей патшалығының құрамына енгеннен кейін, отаршыл орыс
әкімшілігі біржолата билікті қолына топтастыруға тырысты. Сол мақсатпен
1822 жылы 22 шілдеде Сібір қырғыздары туралы Жарғыны шығарып, қазақ
қоғамындағы хандық билікті жою ісіне көшті. Жарғы авторы – Ресей
империясының отарлық саясатын уағыздаушы патшалық жендет – реформатор
М.М.Сперанский еді[1]. М.М.Сперанскийдің бұл Жарғыны дайындаудағы мақсаты
Орта жүз қазақтарын басқаруды біржолата жақсарту арқылы мұндағы ел
байлығын тонап, халықты қанауды күшейтуге жағдай жасау еді. Сөйтіп, орталық
саясат шекара бойынан әрі өтіп ішкі далаға ене бастайды. 1824 жылы 20
наурызда Орынбор қазақтарын басқарудың жобасы бекітіледі[2]. Ал 1844 жылы
14 маусымда Орынбор қазақтарын басқарутуралы ереже жасалады. Бұл
әкімшілік реформаның 1824ж.реформадан көптеген ерекшеліктері болды [2].
Патша үкіметі отарлау саясатын күшейту мақсатында 1854 жылы 19 мамырда
Семей облысын басқару жөнінде жаңа ереже енгізеді. Патша үкіметі түрлі
реформалар жасады[3]. 1865 жылы патша үкіметі Қазақ даласын басқару туралы
ереженің жобасын жасау үшін Дала комиссиясын құрып, оған ішкі істер
министрлігінен, әскери министрліктерлің өкілдері мен Орынбор өлкесі, сондай-
ақ Батыс Сібірден депутаттар еніп 1865-1866 жылдары ол Сібір және Орынбор
қазақтары облыстарын және Түркістан облысын зерттеп, қазақ даласын басқару
туралы ереженің жобасын жасады[4].
Сондай-ақ 1861 жылы 19 ақпандағы Крепостнойлық құқықты жою туралы
реформа да Қазақстанды отарлауға қолайлы ең негізгі реформа есебінде
көрінді. Осы крепостнойлық құқықтың жойылуы шаруаларды жерлерінің бестен
бірінен айырды. Бұл помещиктерге қарсы күреске патшалық биліктің негізінің
әлсіреуіне де себепші болды. Сондықтан Ресей патшалығы шаруаларды шет
жерлерге қоныстандыру арқылы осы мәселені шешуге тырысты. Осы кезеңде
Қазақстан патшалы Ресейдің ең артта қалған отарланушы аймағы болды. Реформа
бойынша крепостниктік тәртіп жойылғанымен, Ресейдегі аграрлық мәселенің өз
шешімін табуы өте киынға түсті. Енді, күнкөріс үшін орыс мұжықтары басқа
жақтарға табыс іздеп кете бастады[5].
1860 жылдың өзінде Ресейдегі село тұрғындарының саны 50 млн-ға, ал
1900 жылы 86 млн-ға, яғни 72℅-ке өсті.
Ғалым Санжар Асфендиаров Ресей империясының қазақ өлкесін басқаруда
отарлау саясатының өте сорақы түрде әскерлік-феодалдық әдісін қолданғанын
айта келе, қоныс аударушылардың отарлық құрылымын әскери отарлау, қара
шекпенлілердің отарлау және 1905 жылғы революциядан кейінгі переселен
саясаты деп үш дәуірге бөледі.
Ал Қазақтардағы жер мәселесі тарихын зерттеген көрнекті ғалым Телжан
Шонанұлы қазақ жерін отарлауды екі кезеңге бөлген болатын:
1. Орысқа бағынғаннан бастап ХІХ ғ. 80-жылдарының басына дейін. Бұл
қазақтардың, әскерилердің пайдасына деп жер алу дәуірі. Екінші сөзбен
айтқанда Сары орыстың келе бастауы.
2. 80-жылдардың аяғы – 90-жылдардан бастап патша құлағанға шейін. қара
шекпенділер үшін жер алу дәуірі. Қазақтың қара орыс қаптағанда сары
орысты әкеңдей көресің деген мәтелі осы кезеңді сипаттайды [6] -дейді
Т.Шонанұлы.
Әскери отарлау саясаты Қазақстанның Ресей империясының бодандығына
енуінен басталды. Крепостнойлық қанаудан қашқан қара шаруалар (казактар)
қазақ жеріне келіп (Орал өңірі) казак-орыстардың әскери міндеткерлігін
атқарды.
Қазақстанды отарлау саясатымен патша үкіметі оны үшке бөліп, Орынбор,
Батыс Сібір және Түркістан генерал-губернаторлығы арқылы биледі. Бұл
жерлерде казак-орыстардан құрылған үш әскери топ – Батыс Қазақстанда, Орал
әскері, Арқада-Сібір әскері, Оңтүстікте – Жетісу әскері болды.
Оралдағы казак-орыс әскерінің қолында 6 миллион десятина жер болды
(3,4 десятина-1гектор). Осы Орал бойындағы казак-орыс әскрлерінің
станицалары мен поселкелерінің саны 116 еді. Ал Сібірдегі казак-орыс
әскерінің жері 5 миллион десятина болды. 11 610 484 десятинаға жетті [7].
1895 жылғы мәлімет бойынша Сібір әскерлері мүшелерінің әрқайсысына орта
есеппен шаққанда 50 десятинадан қазақ жері тиді. Ал Ақмола облысының 1894
жылғы көрсеткіші бойынша Петропавл мен Омбы уезіндегі әрбір казак-орыс
жанұяларына берілген жер мөлшері 200 десятина болды.
Жетісу казак-орыс әскерлерінің ең шұрайлы деген жері 610519 десятинаға
жетті, яғни жанбасына 2 десятинадан келді. Сөйтіп қазақтың ең құнарлы
жерлері казак әскерлерінің қалына кетті. Отаршыл казактар ешқандай
шектеусіз, өздері қалаған жерлерге жыртып егін екті. Мәселен, Жетісу
облысының 387 жандық Сегейопль станциясындағы казак-орыс әскерінің қазақ
кедейлерінен тартып алынған жерлері 117618 десятинаға жеткен, яғни әр
жанұяға 300 десятинадан келген.
Қазақ шаруалары өзжерін отаршыларға жалға беруге мәжбүр болды. Мысалы,
негізгі әскери капиталдық мөлшері 240 355 сом, ал жерді жалға беру жыл
сайын казак әскерлеріне 13 474 сом кіріс әкелді. Сонымен бірге орыс-
казактар егіндік жермен қатар мал басын да ұстады. Жетісу әскерлерінің
қолында 29 850 жылқы, 24 477 бас ірі қара мен 21 800 қой, ешкі болған. Әр
100 адамға 181 бас малдан келді. Бұл барлық казак-орыс әскерлерінің
арасындағы ең жоғарғы көрсеткіш еді.
Телжан Шонанұлы Жер тағдыры – ел тағдыры еңбегінде: Генерал
Маслокавектің 1905 жылғы есебінше: Орал атты казагында 6 446 400 десятина
жер берілген. 1894 жылғы сынақ бойынша бір казак-орысқа 45 десятинадан жер
келді. Бір бас малына 5 десятинадан жер, болмаса 4,4 десятина жақсы жер
келді [6]- деп көрсеткен еді.
1855 пен 1860 жылдар аралығында Іле өңірінде әскери отарлау саясаты
белсенді жүрді. Әскери станциялар, поселкелер салынып, олардың саны жылдан-
жылға көбейді. Казак-орыс әскерлері қазақтардың 10 млн. десятина жерін
алды. 1867 жылға қарай Сібір казак әскерлерінің 15 мыңдай тұрғыны бар 14
станциялары мен паселкелері болды.
Өздерінің отарлар саясатын одан әрі өркендету үшін Ресей патшалығы
шаруа-мұжықтарға қазақ жеріне қоныстануға мүмкіншіліктер (кеңшіліктер)
жасай бастады. Мәселен, 1859 жылы Том губерниясының қазақ жеріне шару-
аңшылардың 300-дей жанұялары келіп, казак-орыс паселкелеріне орналасты.
Үкімет жанұяға 55 сом мөлшерінде ақша, казактармен қатар бұларға да 30
десятина жерберді, 2жылға дейін алым-салықтан босатты. Міне, осындай
жағдайлар үй-күйсіз, жерсіз орыс шаруаларының жаппай қоныс аударуларына
алып келді.
Үкімет ХІХ ғ. 90 жылдарының басынан бері қарай қазақ жеріне атты казак-
орыс әскері үшін Түрлі содырлар, некесіз туғандар, ауыр, жаман
қылмыстылар, басына бостандық беріліп қуып жіберілген құлдар, әйтеуір соғыс
қызметіне жарамсыз, салық төлей алмайтындарды жіберді.
Қазақстанға россиядан қонысаудару қозғалысы жыл өткенсайын күшейе
түсті. Тек 1885-1893 жылдары Ақмола облысы жергілікті тұрғындарының 250мың
десятина жері тартылып алынып, 10 мың халқы бар 24 орыс селолары бой
көтерді. Осы жылдары бір ғана Семей облысы қазақ шаруаларының 33 мың
десятина құнарлы жерлері орыс шаруаларының есебіне көшті.
1861 жылғы крепостниктік құқықты жою Ресейдегі отарлық мәселені шеше
қойған жоқ. Бұл шаруаларды кесімді жерінен айырды. Помещиктер шаруалардың
жерін тонады. Жерсіз қалған шаруаға Ресейдің ішкі аймақтарынан қаңғып жұмыс
істеуден басқа еш нәрсе қалған жоқ. Жерінен айырылып, күйсіз қалған
шаруалар аштыққа ұрынды. Осындай жағдайда патша үкіметі шаруаларды
революциялық қозғалыстардан бұрып жіберетін бір қатар шаралар қолданды,
атап айтқанда, қоныс аудару саясатын жандандыра түсті.
Шаруалар жер іздеп Сібірге, қазақ даласына ағылды. Әсіресе, бұл толқын
1870 жылдың аяғында кеңінен қанат жайды. Орыс шаруаларының қазақ жеріне
тоқтаусыз ағылуының себептерін қазақ зиялыларының бірі Қошке Кеменгерұлы
былай деп көрсетті: Соңғы кезде үкіметтің құшағын ашып келімсектерге
жәрдем көрсетіп неше жылдай алым-шығымнан азат қылып қазақ жеріне
шегірткедей қаптауының мәні: 1) Ішкі Россиядағы қара шекпенділердің
байлардың жеріне ауыз сала бастауынан; 2) Мал баққан орыс байлары Сібірге
келіп орныға бастаған соң бұларға жұмыскер керек болды. Байлардың тілін
далада қалдырмайтын үкіметтің байлардың жұмыскері көбейсін дегендігінен; 3)
Шоқындырумақсатынан; 4) Келімсекпен қазақты жауластырып саясатқа қаратайық
дегенінен; 5) бәрінен де күшті пікір; қазақты жауынгерлерден бездіріп,
айдауына жүретін, ұрғанына көнетін халыққылу мақсатынан.
Ресейлік патша қонысаударуға тиым салса да бұл көне тоқтамады. Ерікті
шаруалар қазақ жеріне нобайлап келмеді олар аздап шөбі шұрайлы Торғай,
Ақтөбе, Қостанай облыстарына келді. Терістік Қазақтандағы Петрапавл (Қызыл
жар), Көкшетау уездеріне (бұрынғы Ақмола обл) орналасты. Олардың қанша
мөлшерде келгендігі төмендегі №1 кестеден байқалады [7].
Кесте №1.
жылдар Үй саны Адамның саны
1860-1876 30 үй 150 адам
1875-1878 237 1700
1878-1881 304 1800
1882-1884 373 2200
1885-1887 418 2500
1888-1890 2140 13 000

Алғашқы кездерде орыс шаруалары (еріктілер) қазақ жеріне тамақтану
үшін келді. Жергілікті халықтан бірнеше жылға ақшасын төлеп арендеға жер
алды. Бос кезінде қоныстанушы орыс шаруалары қазақтардан жерді арендаға
ақысыз алды. Себебі, қазақтың егін егіге еш мүмкіншілігі болмаған еді.
Екінші жылдары аренда ақысы 25-30 тиынға, ал үшінші жылдары 75 тиыннан 1
сомға дейін көтерілді.
Арендаға алған жер мерзімінің уақыты жақындағанда шаруаларға қайтадан
аренда мерзімін ұзартты және ақырындап сол ауданды өздерінің меншігіне
айналдыра бестады. Қоныстанушы шаруалардың паселкелері пайда болды. Әбден
орнығып үй-жағдайларын салып алғаннан кейін олар қоныстандыру мәселелеріне
осы жерді бекітіп беруге өтініш-арыз жазады.
Қазақстанды отарлы елге айналдыру ісіне патша үкіметі жан-жақты,
сақтықпен әзірленді. 1865 жылдарға қарай қазақ жері Ресей үкіметінің әскери
линияларыменқоршалған темір құрсауында қалды. Бұл әскери отаршылдық
кезеңінің толықтай аяқталғанын білдірді. Енді әскери отарлаудың орнын
шаруашылықпен отарлаудың кезеңі басты.
1865жылы Қазақстанға ішкі Істер министрлігі мен әскери министрліктің
өкілдерінен, сондай-ақ Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлардың
депутаттарынан құралған комиссия құрамы жіберілді. Комиссия жұмысының
негізгі мақсаты Қазақстанды басқару жөніндегі Ереженің жобасын даярлау еді.
1865 жылы, Ресейдегі реформадан кейінгі жаңа әскери әкімшілігін
аудандастыруға байланысты Батыс Сібір әскери округі құрылды. Оның құрамына
Семей және Сергиополь, Қапал, Алатау округтері мен Жетісу енді. Сол, 1865
жылы Ташкент алынғаннан кейін болашақ Сырдария облысының бүкіл
территориясымен болашақ Жетісу облысының біраз жері қараған Ташкент облысы
құрылды. Түркістан облысы үш әскери бөлімге бөлініп, Орынбор генерал-
губернаторына бағынды. 1865 жылы 6 тамызда Ресей патшасының Ташкент облысын
басқару туралы уақытша ережесі бекітілді. Комиссия жұмысының нәтижесінде
1867 жылдың 11 шілдесінде Жетісу мен Сырдария облыстарының басқару жобасы
және 1868жылы 21 қазанда Ақмола, Семей. Орал, Торғай далалық облыстарын
Уақытша басқару Ережесі қабылданып бекітілді[8].
1868жылғы Ереже қазақ шаруаларына өте ауыр тиді. Ереже бұрынғы ата-
бабадан келе жатқан заңдылықтарды бұзды. Бұл заң көшпелі қазақтарға өте
тиімсіз болды. Ал отырықшы шаруаларға көптеген мүмкіншіліктер жасалды.
Казак әскери бөлімдерінен жаңадан тартып алынған немесе бүрыннан
пайдаланып жүрген жерлері оларға Ереже бойынша заңдастырылып берілді.
Сондай-ақ, Ереженің 225 пунктінде казак әскерлерінің жерінде көшіп-қонып
жүрген қазақ тұрғындарының ақысын алуға мүмкіндік берілді. Ережеде:Сібір
әскерлеріне жер беруде көптеген артықшылықтар жасалды. 1895 жылдың
мәліметіне сүйенсек,орта есеппен алғанда жер бір адамға 50 десятинадан
келді.Сібір казак әскерлері жергілікті қазақ тұрғындарының өте
жақсы,шұрайлыдеген 5миллионға жуық жерінтартып алды.
1868 жылғы 21 қазандағы реформа бойынша Қазақстан территориясы үш
генерал-губернаторлыққа бөлінді: Түркістан, Орынбор, Батыс Сібір. Әрбір
генерал-губернаторлықтар облыстардан құрылды. Орынбор генерал-
губернаторлығына – Орал мен Торғай облыстары, Батыс Сібір генерал-
губернаторлығына – Ақмола мен Семей, Түркістан генерал-губернаторлығына –
Жетісу мен Сырдария облыстары кірді. Өз кезегінде облыстар бірнеше
уездерге, уездер болыстарға бөлінді. Генерал-губернаторлықтардың міндетіне
әскери және азаматтық биліктің ажыратылмауы –қазақдаласын жаңареформа
бойынша әкімшілік жолмен қайтақұрудың және басқарудың басты принципі болды.
1867-1868 жылғы ережелер бойынша облыс басқарушысы өз қолына полицейлік
және тәртіп орнататын билікті шоғырландырды.
1867-1868 жылдары Қазақстанда жүргізілген реформалар патша үкіметінің
отарлау саясатының маңызды бүтақтарының бірі еді. Яғни, ол өлкенің
әкімшілік құрылымы, жер мәселесі, сот жүйесі, халық ағарту, салық
саясатысынды аса маңызды салаларын қамтыған болатын. Уақытша ережеге
қолқойылған соң бір жыл өткенде Орынбор генерал-губернаторлғы Кржижановский
Бұдан әрі қазақ даласын шын мәнінде орыс жері...Бұдан былай қазақтар орыс
билігіне бағынуға мәжбүр болады деп жазады.
70-жылдардың ортасына қарай Батыс Сібірдің генерал-губернаторлығы
Казнаков қазақ жеріне толассыз ағылған орыс шаруаларының толқынына көңіл
аударды. Ол қазақ жеріне орыс шаруаларын қоныстандыру үшін арнайы комиссия
құру қажет екенін ескертті. Бұл комиссия жұмысы 4 жылға созылды.
Нәтижесінде Ақмола облысында Ақмола, Атбасар, Көкшетау және Петрапавл
аралығын байланыстыратын орыс паселкелері пайда болды. Комиссия зертеген 30
участкенің 19-ында 4 000 жаннан келген қоныстанушылар орналастырылды.
Міне, осы жағдайдан кейін өз бетінше қазақ жеріне қоныс аудару жылдан-
жылға ұлғая берді. Патша үкіметі бұл толқынды тоқтатуға тырысты. 1881
жылдыңа яғына қарай үкімет Қазақстан облыстарына шаруаларды қоныстандыру
Ережесін қабылдауға мәжбүр болады. Ереже бойынша үкімет орындарының арнай
рұқасты барларға қоныстануға мүмкіндік берілді. 1881 жылы Уақытша Ереже
шыққаннан кейін қазақ жеріне мына мөлшерде ерікті шаруа жанұяларының
қоныстануына рұқсат етілдігі төмендегі №2 кестеден көруге болады.
Кесте №2
жылдар жанұя саны
1881 15
1882 1277
1883 377
1884 550
1885 1277
1886 5490
1887 9094
1888 13 109

Үкіметтің рұқсатымен келген шаруаларға 45 десятинадан жер және де
басқадай жеңілдіктер берілді. Алайда, екі жылдан кейін, яғни 1883 ж
Қазақстанға қоныс аудару уақытша тоқтатылды.
Батыс Сібір генерал-губернаторлығы ревизиясынан кейін Ақмола
облысының әкімшілігіне қоныстанушылардың толқынын тоқтату жөнінде нұсқау
келді. Нұсқауда: 1) уезд басшыларының қатал бақылауымен Европалық Ресейден
келушілерге қоныстануға тиым салу; 2) қоныстанушы шаруаларға облыстың
жеріне өз еркімен қоныстануына жол бермеу; 3) ерікті қоныстанушыларды
белгілі тәртіппен қайтадан Ресейге қайтару.
1861ж мен 1885 жылдар аралығында Оралға 300 мыңдай шаруа-мұжықтар
қоныстанды, яғни 1 жыл ішінде 12 мыңдай. Шаруалардың өңірге ерікті түрде
қоныстануы 1885-тен 1894 жылдар аралығында 450 мың, 1 жылда 45 мыңдай, 1895-
тен 1906 жылдар аралығында 1400мың, 1 жылда 131 мыңдай, 1906 жылдан 1913
жылдар аралығында 3274 мың, 1 жылда 409 мың болған. Ал қоныстандыру
статистикасы бойынша 1885 пен 1913 жылдар аралығында Орал өңіріне 5 млн.
қара шекпенділер қоныстанды.
Ерікті шаруалардың қоныстануынан қазақ жері күннен-күнге тарыла
бастады. Бұл жердің азаюы қазақтарға көптеген қиыншылықтар әкелді. Оның
үстіне бұрын мал баққан шұрайлы, шөбі мол жерлер енді егістік жерлерге
айналды.
Жер тағдыры – тіршілік тағдыры. Халықтың бүгіні мен болашағының ең
өзекті мәселесі екендігі белгілі.
Ал ХІХ ғасырдың соңында патша үкіметінің көздеген мақсаты толықтай
жүзеге асып, отарлауға қатысты қабылданған реформалар одан әрі жүргізіле
берді.
2. Ресей патшалығының аграрлық реформасы және оның жүргізілу барысы

Патша үкіметі Қазақстандағы мақсатына негіздеп өзінің аграрлық
саясатын одан әрі жүзеге асыруға кірісті. Өлкенің барлық облыстарына
Ресейдің ішкі аймағынан шаруаларды жоспарлы түрде қоныс аударту үшін
бірнеше шаралар іске асырыла бастады. Қоныстандыру саясатының бастамасын ең
алғаш болып қолға алған Жетісу облысының билеушісі Колпаковский 1868 жылы
Жетісу өлкесіне шаруаларды уақытша қоныстандыру Ережесін қабылдады. Бұл
Ереже 1883 жылға дейін қолданды. Осы ереже бойынша қоныстанушы
келімсектерге бірнеше жеңілдіктер жасалды: әрбір қоныс аударушы ер адамға
30 десятинадан жер берілді; алым-салықтардан босатылды; 15 жылға әскерге
алынбауға рұқсат берілді; жаңа жерден үй салуға жанұяға 100 сом мөлшерінде
несие берілді. Мысалы, 1868 жылғы 21 қазанда қабылданған Уақытша Ереженің
210-статьясында Қазақтардың көшіп-қонып жүрген жерлері мемлекеттік жер
болып табылады және ол қазақтардың қоғамдық пайдалануына беріледі деп
көрсетілді[9]. Ал 1869 жылы Түркістан генерал-губернаторы К.Ф.фон Кауфман
бекіткен Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы Уақытша Ережелер облысқа
келген қоныс аударушылардың жағдайын жеңілдетуді көздеген бірсыпыра
шараларды белгіледі. Осы ережеден кейін Жетісу облысында 35 569 тұрғыны бар
63 шаруалар поселкесі пайда болды[10].
Жетісу облысының Дала генерал-губернаторлығының құрамына енуіне
байланысты 1883 жылы жергілікті әкімшілік Облыстағы отырықшы халықты жерге
орналастыру Ережесін қабылдады. Бұл заң 1885 жылы 1 мамырда бекітілді.
Ереже бойынша Шығыс түркістанға қоныс аударған шаруа-мұжықтар, ұйғыр мен
дұнғандарды орналастыру ісі қолға алынды. 1884ж Жетісу облысына 4682
дұнған, 45373 ұйғыр келеді[11]. 1897 жылғы санақ бойынша Қазақстанға 14130
дұнған мен 55 999 ұйғыр қоныстанды.
Осы қабылданған жаңа заң бұрынғы қабылданған заңдағы қоныстанушы
шаруаларға деген артықшылықтарын азайтты. Мысалы, бұрынғы 30 десятина жер
ендігі жерде 10 десятина болып қысқарды. Қоныстанушы шаруалар салықтан үш
жылға босатылды.
Жетісу облысындағы 81 жер учаскесін Колпаковский Украинадан және ішкі
Ресейдің Воронеж, сондай-ақ басқа аудандарынан қоныс аударып келген
шаруаларға берді. 1891 жылы ішкі Істер Министрі арнайы бұйрықпен Жетісуға
шаруалардың қоныс аударуына тиым салды. Бұл тежеу негізінен
қоныстанушыларға деген дайын жердің жоқтығынан, әрі жаппай ағылған
келімсектердің жергілікті халыққа өте жайсыз тиуінен еді.
1886 жылы 12 маусымда Түркістан өлкесін басқару туралы ереже
қабылданды. Бұл ереже 331 баптан тұрады. Кіріспесі біріктіріле отырып және
4 бөлімнің ішкі тараулары мен бөлімшелері қосылды. Ереже кезінде Түркістан
өлкесіне – Сырдария, ферғана, Самарқанд кірді. Түркістан өлкесі империяның
әскери министрлігінің қарамағына алынды. Бұл ереженің 9 бабы ерекше назар
аудартады. Оның кіріспесінде былай делінген – Түркістан өлкесінің көшпелі
және отырықшы халықтары, яғни ауыл тұрғындары ауылдық құқыққа, ал қалалық
тұрғындар қалалық заңдылықтармен басқарылатын болды. 1886 жылғы ереже
барлық жер мемлекеттікі деп бекіте отырып бұл қоғамдық жер жергілікті
халықтарға мерзімсіз уақытқа дейін беріледі деп бекітті.
Қоныстанудың етек жаюы патша үкіметін қатты ойландырды. Жер жәннатын
іздеп ағылған шаруалардың толқынын тоқтату мүмкін емес еді. Сондықтан да
1883 жылдан 5 жыл көлемінде әр түрлі комиссиялар құрылып, қоныстандыру
мәселесі жөнінде қызу таластар жүргізді. Қоныстандыру саясаты өз бетінше
рұқсатсыз жүрмес үшін, арнайы әкімшілікке бағынып, қоныстанушыларды үкімет
рұқсатымен, белгіленген жерге барып орналасу үшін жаңа Ереже қажет болды.
Ішкі Істер Министрі граф Толстойдың бақылауымен шаруаларды қоныстандыру
Ережесінің жобасы жасалып, патшаның бұйрығымен қабылданды. Осы қабылданған
жоба бойынша ендігі жерде қоныс аудару қатал түрде үкіметтің бақылауы
арқылы жүргізілуі тиіс деп табылды. ІІІ Александр пікірімен санаса отырып
жобаға түзетулер енгізіп, әрі қарай толықтыру үшін граф Плевенің
басшылығымен жаңа комиссия құрамы сайланды.
Комиссияның жұмысының нәтижесінде патша үкіметі 1889 жылы 1 шілдеде
Селолық адамдар мен мещандарды қазыналық жерлерге өз еріктерімен қоныс
аударту туралы және осы топтың адамдарын бұрынғы уақыттары қоныс
аударғандар қатарына жатқызу тәртібі туралы арнайы Ережені жасап бекітті.
Ережеде Том және Тобыл губерниясындағы, сондай-ақ Жетісу, Ақмола, және
Семей облыстарындағы олардың көшіп баратын нақтылай түсті. Мысалы, жан
басына 15 десятина мөлшерінде жер кесіліп берілген бұрынғы қоныс
аударғандардың мүдделері ескертілді.
Шаруаларды қазақ өлкесіне қоныс аударту көшпелі қазақтардың жерлерін
тартып алу есебінен жүргізілді. Тек 1885-1893 жж. Дейінгі аралықта Ақмола
облысының ежелгі тұрғын халқының пайдалануынан 251 779 десятина жер
тартып алынып, 10940 жан еркек халқы бар 24 қоныс аударғандар учаскелері
құрылды. Ал Семей облысында осы аралықта қазақ шаруаларының 33064 десятина
егін егетін жерлері тартып алынды.
1889 жылы 13 шілдеде Селолық адамдар мен мещандарды қазыналық
жерлерге өз еріктерімен қоныс аударту туралы заң қабылданды. Осы жылдан
бастап қазақ өлкесіне орыс шаруаларын толассыз қоныс аударуы басталды деп
айтуымызға болады. Қоныс аударушылар Ақмола облысына көптеп келе бастады.
Тек бір ғана 1890 жылы Ақмола облысына ресейдің 32 губерниясынан 15 мыңнан
аса орыс шаруалары қоныс аударса, 1891 жылы олардың саны 39 595 адамға
дейін көбейді[12]. Бұл заңның күші 1891-1892 жылдары Торғай мен Орал
облыстарына тарады. Осы заң бойынша қоныс аудару үшін арнай рұқсат талап
етілді. Әркімнің өз бетінше қоныс аударуына шек қойылды. Бірақ стихиялық
процеске айналған қоныс аударушылықты патша үкіметінің қалайда бір ретке
келтіруге тырысып баққанынан түк шықпады. 1896 жылға қарай Торғай
даласында мыңнан астам орыс поселкелері мен селолары пайда болды.
Шаруалардың қазақ жерлерін өз беттерімен басып алуы жалғаса берді.
1891 жылы 25 наурызда 1868 жылғы 21 қазандағы Уақытша Ереже
толықтырылып, Ақмола, семей, Жетісу, Орал мен Торғай облыстарын басқару
туралы ереже қабылданды. 1868 жылғы Уақытша Ережемен салыстырғанда 1891
жылғы Ережеде жайылымдық жерлерді қауым аралық бөлу тәртібі қарастырылған
жоқ. Патша үкіметі бұл процесс осы жылдың аяғына дейін толық аяқталды деп
есептеді. 1891 жылғы Уақытша Ереже бойынша қазақ жерін жалға беру
әкімшілік тарапынан қатаң бақылауға жал мәселесі қолға алынды. Жаңа
ереже бойынша қазақтар өздерінің пайдаланып келген жерлерін орыстарға 30
жылға бере алады. Жалға беру болыстық съездерде қаралғаннан кейін, облыстық
үкімет орындарының бекітуімен жүргізілді. Жалға алған жерлерге орыстар
фабрика, зауыт, сондай-ақ басқа да мекемелік орындар сала алды. Осы
толықтырылған 1891 жылғы Ереже патша үкіметінің қанау билігін нақты
жүргізген тұрақты ережелерінің біріне айналды. Ереженің 119,120-баптары
бойынша байырғы көшпенділер қонысы мемлекет меншігіне айналды. Орман,
көлдер мемлекет қарамағына көшті. Ережеде былай деп жазылды: Көшпенділер
үшін артық деп саналатын жерлер Мемлекеттік Мүлік министрлігінің қарамағына
өтеді. Басы артық жерлер мемлекет есебіне алынды. 120-баптың І-қосымшасы
қазақтарға өте ауыр тиді. Осы ереженің есебінде қазақтардан көп мөлшерде
мемлекет меншігіне жер алынды. Мысалы, 1906 жылдарға дейін Жетісу
облысындағы қазақтардың пайдаланып келген 838495 десятина жері алынған.
Көшпенді ел иемденіп жүрген жер осы ережелердің негізінде және оның
тәртіптері бойынша көшпенділердің мерзімсіз қоғамдық пайдалануына
қалдырылады [9].
1891 жылғы Заң 1868 жылғы Заңмен салыстырғанда қазақтарды көптеген
жерінен айырды, сансыз салықтар салды. Заң бойынша Қоныстандыру басқармасы
қазақтардың талап-тілектерімен, өтініштерімен санаспай жерді межелеп бөлуде
өз үлестерін тағайындады. Сондай-ақ, осы жерді межелеудің негізінде артық
деген жерлерді анықтап, сол жерлерге қоныс аударып келген шаруаларды
орналастырды.
Орыс шаруаларының легі 1891-92 жылдары астық шықпай қалып, ашаршылық
қаупі төнген сәттерде, оба індеті жайлағанда ұлғайды. Астықтың шықпауы мен
оба індетінің жайылуынан шаруалар Сібір мен Орынборға, қазақ жеріне ағылды.
Қыстың түсуіне байланысты: Қазалыға – 968 жан, Перовскіге – 989, Шымкентке
– 1534, Әулиеатаға – 1148, ташкентке – 377 жанды бөліп орналастыруға тура
келді. Барлығын қосқанда 5 213 жан,-деп көрсетті генерал-майор
М.А.Тнрентьев өзінің Орта Азияны жаулап алу тарихы еңбегінде.
Ал қазақ жеріне келіп әлі толықтай қоныстанып үлгермеген шаруалар
аштықтың әсерінен өздерінің қоныстанбақ болып алған участкелерін тастап
қалаларға ағылды. Мысалы, Омбыда 6 мыңдай, Петропавлда – 800, Ақмола мен
Атбасар қалаларында -600 –дей қоныстанушылар жиналды. Көктемнің түсуіне
қарай олардың бір бөлігі Алтай округіне, көпшілігі қайтадан Ресейге қайтты.
Негізінде, көпшілігі қайтадан осы облыстардың станциялары мен поселкелеріне
қайтып оралды.
80-90 жылдардағы жұт қазақтарға оңай тиген жоқ. 1897-1880 жылдардағы
жұт Торғай, Ақмола, Сырдария облыстарындағы 13 млн бас малдың 6 миллионын
жалмап алды. Осы оба індеттің жайылуынан, шөп азығының жетіспеуінен, сондай-
ақ қыстың қатты боранынан Семей облысында 89 мың бас мал, Ақмолада – 100
мыңнан аса, Торғайда 63 мыңдай бас мал шығынға ұшырады.
Астықтың шықпай қалуы одан сайын егіс көлемін ұлғайтуға алып келді.
Әбден ашыққан қазақтар тамақ іздеп Қатайға кетті. Жетісу облысынан 1019 үй
немесе 3675 жан Қатайға кеткен.
8 жылдың ішінде, яғни 1892 жылға дейін қоныстанушы орыс және украин
шаруаларының алған жер мөлшері 722 мың десятинаға жетті. Бұл десятина 6000
жан басына бөлінген еді. Ерікті қоныс аударушылардың саны қоныстануға жабық
деп саналған облыстарда – 24 мыңға жетті.
1891 жылы қоныстанушылар 1 117 жаннан тұратын 9 поселке, ал 1892 жылы 4 816
жан қоныстанған 13 поселке салды. Қоныстанушылардың көпшілігінің қолында
малы болмады.
Орыс шаруаларының қоныстануы Сібір темір жолы ашылғаннан кейін
күшейді. Сібір темір жолы магистралын салу ісі ХІХ ғасырдың 50-жылдары
қозғалды. Ұзақ жылдар бойы талқыланып 1891 жылы темір жол құрылысын бастау
жөнінде патша бұйрығы шықты. Ал 1892 жылдың 10 желтоқсанында Сібір темір
жолының арнайы комитеті құрылды. Осы темір жолдың салынуынан кейін өлкеде
1893 және 1894 жылдары барлық көлемі 468 539 десятина жерді қамтыған
Петропавл уезінде 23, ал Омбы уезінде 20 қоныс аударушылардың мекендері
құрылды. Қоныс аударушылардың Ақмола облысына үсті-үстіне келіп, олардың
қатары көбейе түскенін дәлелдейтін тағы бір-екі мысал келтірейік. Мысалы,
облыс көлемі бойынша, бір ғана Көкшетау уезіне 1881-1891 жылдар аралығында
16,5 мың адам қоныс аударса, ал 1891-1990 жылдар аралығында олардың саны
55,6 мыңға дейін көбейген. Демек, 19 жылдың ішінде уездегі қоныс
аударушылардың саны 39,1 мың адамға өскен[12]. Сондықтан Сібір темір
жолының салынуы патша үкіметі аграрлық саясатын жүргізудегі ең негізгі жолы
болғандығын көреміз.
Патша үкіметі 1893 жылы 24 ақпанда Сібір темір жолы аудандарында
қоныстандыру және қосымша учаскелер құру үшін Уақытша ереже қабылдады. Осы
ереже бойынша Сібір темір жолы арқылы қоныстандыру үшін арнайы комитет
құрылды. Комитет құрамында 100 мүше, яғни 81 жер өлшеуші техниктер мен 19
жер ісін жүргізушілер болды. Олар алғашында Тобыл, Том, Енисей облыстарына
жіберілді. Комиссияның зерттеу жүргізуінің нәтижесінде 1893-1895 жылдар
аралығында Семей облысынан 30 512 жанға жетерлік 78 учаске табылды.
Тобыл, Том губерниялары мен Ақмола облысының жер межелеуші
партияларының алдында мынадай мәселе тұрды: таяу арада, яғни 3-4 жылдың
ішінде темір жол бойындағы 11 млн десятинаға дейінгі жерлерді межелеу,
Ақмола облысының Петропавл, Көкшетау, Омбы уездерінің ең жақсы 2 421 503
десятина жерлерін межелеп, ол жерлеге 160 мың орыс шаруаларын қоныстандыру.
1893 жылдың аяғына қарай Ақмола облысының Петропавл уезінде 23 учаскесі
құрылды.
1896 жылы Ішкі Істер министрлігінің қарамағында Переселен аудару
басқармасы құрылды. Бұл мекемеге орыс шаруаларының Қазақстанға қоныс аудару
мәселесін реттеу мен тәртіпке келтіру міндеті жүктелді. Осыдан кейін қазақ
жеріне қоныстанушы орыс шаруаларының жан-жақтан қаптап келуі қазақ халқының
ашу-ызасын тудырды[13].
Осыған сәйкес екі жақтың да тыныштығын ойлап, шешімін табу үшін
арнайы далалық комиссиялар құрылды. Бұл комиссия комитетін статус-хатшы
Куламзин басқарып, қоныстандыру қорын қолға алды. Қазақстанда құрылған бұл
қоныстандыру қорының мақсаты халқын қанау, жерін отарлау еді. Т.Седельников
осы қоныстандыру қоры өзінің 13 жыл өмір сүру барысында қазақтардың 3,5 млн
десятина артық деген жерлерін алғанын атап көрсетті.
1897 жылдың 26-желтоқсанындағы Закаспий және Жетісу облыстарын
Түркістан генерал-губернаторлығы басқаруына беру туралы және 1899 жылдың
11- маусымындағы Ортаазиялық облыстарды азаматтық қайта құру туралы патша
Жарлықтары бойынша Жетісу облысы Түркістан өлкесіне қаралуы тиіс болды. Бұл
жарлықтарды жүзеге асыру барысындағы генерал-губернатор Духовскийдің 1899
жылдың 4- шілдесіндегі бұйрығымен Закаспий және Жетісу губернаторлары
Түркістан генерал-губернаторлығына бағынды[14].
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында патша үкімет Қазақстанға
арнайы статистикалық, экономикалық және жергілікті ғылыми, қоғамдық-
географиялық экспедициялар ұйымдастырып, шығарды. Бұл экспедициялардың
басты мақсаты – қоныстандыру саясатын одан әрі жандандыру үшін өлкедегі
егістікке жарамды жерлерді анықтап, артық деп аталған жерлерді мемлекет
қарамағына алу еді. Осы мақсатты жүзеге асыруда статистикалық комитеттер
жыл сайын арнаулы шолулар жасап, қазақтың егістік жерлеріне қатысты
мәліметтер жинақтады[15].
Қоныстандыру ісін ұйымдастырушылардың бірі, генерал-губернатор
Кауфман қоныстандыру экспедицияларына барлық облыс пен уездерге зерттеу
жүргізудің қажеті жоқ, тек қоныстандыруға жарамды жақсы жерлер, көп
аудандар ғана зерттелуі тиіс екендігін баса ескертті.
Мемлекеттік жер мүлкі департаментінің директоры И.И.Тихеев 1895 жылы
10 қарашада далалық облыстарды зерттеу бойынша экспедицияны басқару туралы
пікірді экономист Ф.А.Щербинаға жіберді. 1896 жылы 27 қаңтарда Ф.А.Щербина
далалық өлкені зерттеуге байланысты зерттеудің міндеттері жөнінде баяндама
жасады. Ф.А.Щербина зерттеу объектісінің толық игерілмегенін мәлімдей
отырып, алдымен алдын-ала зерттеп көріп қана, содан соң жұмыс
бағдарламасын, оны орындаудың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ ауылының шаруашылық жағдайы
Қызметшілерді басқару - маңызды менеджмент құршысы
“Қазақстаның қазіргі заман тарихы” пәні бойынша оқу әдістемелік кешен
Педагогикалық ғылымның институциализациясы
Жаңа экономикалық саясатқа көшу
Отаршылдық саясаты кезеңіндегі оқу ағарту ісі
XVIII ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басындағы Сыр өңірі ишандары мен пірлері және олардың ағартушылық қызметі
«Тарихнама» пәні бойынша лекция сабақтары
Қазақ жерлерінің Қазақ АКСР құрамына біріктірілуі
Қазақстанның жаңа тарихы кезеңінен XVIII-XIXғғ Қазақстанның ішкі және сырқы саясаты
Пәндер