Ішкі шаруашылықты ұйымдастыру



Кіріспе

1 Кәсіпорынның қызметін ұйымдастыру негіздері
1.1 Кәсіпорын қызметінің мақсаты, құрылымының түрлері
1.2 Кәсіпорында өндірісті ұйымдастыру
1.3 Өндірістің экономикалық тиімділігінің мәні және көрсеткіштері

2 «Ел.Нұр» ЖШС.нің ішкі шараушылығын ұйымдастыру және талдау
2.1 «Ел.Нұр» ЖШС.нің құрылымы және қызметіне сипаттама
2.2 «Ел.Нұр» ЖШС.нің өндірістік ресурстарының құрамын талдау
2.3 «Ел.Нұр» ЖШС.нің жалпы рентабельділігін талдау

3 Шаруашылық субъектілерде ішкі шаруашылықты ұйымдастыру мәселелері және оларды шешу жолдары
3.1 Корпорацияның қызмет ету мәселелері
3.2 Өндірістік құрылымды жетілдіру және өндіріс тиімділігін жоғарылату жолдары

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
Кез келген кәсіпкердің қазіргі жағдайдағы маңызды қасиеті - жағдайдың өзгерісіне икемділік таныту қабілеті. Ол үшін өзі таңдаған іс-әрекет саласында білікті болу, мақсатқа талпынушылық, табандылық, сәтсіздіктерге дайын болу, оқып-үйрену қабілеті және қателіктерінен қорытынды шығара алу секілді мінез-құлық ерекшеліктеріне ие болуы қажет. Бәсекелестік күреске дайын болу керек. Маркетингті дұрыс ұйымдастыра отырып, бейресми байланыстарды ұстай білуі, ал өнімді шығара бастағанда уақытында шикізат, материалдар, жартылай өңделген өнімдер, көмекші өнімдерді жеткізушілермен де, өнімді тұтынушы және тапсырма берушілермен де ресми қатынас орната алуға тиісті.
Экономиканың барлық даму кезеңінде кәсіпорын негізгі буын болып табылады. Дәл осы кәсіпорында өнім өндіріледі, жұмыскердің өндіріс құралдарымен тікелей байланысы қалыптасады. Дербес өнеркәсіптік кәсіпорын деп өндірістік-техникалық тұтастығы, ұйымдық-әкімшілік және шаруашылық дербестігі бар өндірістік бірлікті атайды. Кәсіпорын өз қызметін дербес атқарады, шығарылатын өнімді, салық пен бюджетке төленетін басқа да төлемдерді төлегеннен кейін қалған таза пайданы (кірісті) өзі пайдаланады.
Қазіргі жағдайда республикада кәсіпкерлікті қолдау мемлекеттік бағдарламасы және өзге де шаралары жүзеге асырылуда, сол себепте әр түрлі нысандағы кәсіпорындар құрылуда. Кәсіпорынның тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін, республикадағы заңмен белгіленген ұйымдық-құқықтық нысандарын, өндірістік ұйымдастырудың түрлерін білу қажет.
Кәсіпорындағы меншік нысанын таңдау да жауапты іс болып табылады және кәсіпорында қызмет жасауға тиісті шаруашылық, құқықтық ортаны, қоғамдық тәртіпті де ескеру қажет. Келесі қадам - өндірістік базаны қалыптастыру. Кәсіпкерге өндірістік және қойма жайларын, жабдық, станоктар мен құрал-сайманды сатып алуға немесе жалға алуға тура келеді, сонымен қоса шикізат, материалдар мен жартылай өңделген өнімдер, көмекші өнімдер сатып
1. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» N 234 Заңы
2. Баканов М.И., Шеремет А.Д. Теория экономического анализа. – М. Финансы и статистика, 2002. – 401 с.
3. Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау/ Оқу құралы- ө Алматы: Экономика, 2001. – 330 б.
4. Жуйриков К.К., Раимов С.Р. Корпоративные финансы. Учебник. – А.: Алматинская академия экономики и статистики, 2004. – 512 с.
5. Ковалев В.В.Финансы предприятий: Учеб.- М.: ТК Велби, 2003. – 352 с.
6. Қуатова Д.Я. Кәсіпорын экономикасы. Практикум – Алматы: Экономика, 2006. – 106 б.
7. Оразалин К.Ж. Кәсіпорын экономикасы / Оқу құралы. Алматы, ТОО «Издательство LEM», 2007. – 296 б.
8. Радостовец В.К., Омаров А.Ш. Организация финансового учета – Алматы: Экономика, 1997, 180 с.
9. Рахметов Б.А. Персоналды басқару№ - Алматы: Экономика, 2005. – 288 б.
10. Стоянова Е.С. Финансовый менеджмент. Российская практика.- М.: Перспектива, 1994 - 193с.
11. Тасмағанбетов Т. А.Басқарушылық есеп және талдау, Алматы, 2001
12. Тасмағанбетов Т. А.Басқарушылық есеп, стратегиялық жоспарлау және талдау, Алматы: «Дәуір», 2002. – 416 б.
13. Финансовый менеджмент. Учебное пособие под ред. Проф. А. Нурсеит, А.: «Экономика», 1996
14. Финансы предприятий. А.Д. Шеремет, Р.С. Сайфуллин, - М. : ИНФРА, 2002 г.
15. Финансы в управлении предприятием /Под ред. Ковалевой - М.: Финансы и статистика, 1995 - 160с.
16. Финансовый менеджмент: Учебник для вузов / Е.С.Стоянова и др.; М.: Изд-во "Перспектива", 1997. - 537с.
17. Финансы предприятий: Учеб. пособ. /Под ред. Бородиной - М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 1995 - 208с.
18. Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С. Финансы предприятий. Учебное пособие, 1999
19. Шеремет А.Д.,Сайфулин Р.С. Методика финансового анализа-М.: ИНФРА-М, 1996
20. Бегалиев М. Маркетинговые цели предприятия// Финансы Казахстана. – 2005. - №1. – С.40-41
21. Демеуов Б. Финансовая конкурентоспособность компании и пути ее повышения// Финансы Казахстана. – 2004. - №4. - С.74-80
22. Джибаева З.Влияние себестоимости продукции на формирование валового дохода предприятия// Финансы Казахстана. – 2005. - №1. - С. 37-39
23. Как стимулировать инициативу работников // Регион. – 2005. - №7. – С.26-27
24. Сатенов Б. Исторический аспект управления себестоимостью // Аль –Пари. – 2003. - №1. - С.57-59

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1 Кәсіпорынның қызметін ұйымдастыру негіздері
1.1 Кәсіпорын қызметінің мақсаты, құрылымының түрлері
1.2 Кәсіпорында өндірісті ұйымдастыру
1.3 Өндірістің экономикалық тиімділігінің мәні және көрсеткіштері

2 Ел-Нұр ЖШС-нің ішкі шараушылығын ұйымдастыру және талдау
2.1 Ел-Нұр ЖШС-нің құрылымы және қызметіне сипаттама
2.2 Ел-Нұр ЖШС-нің өндірістік ресурстарының құрамын талдау
2.3 Ел-Нұр ЖШС-нің жалпы рентабельділігін талдау

3 Шаруашылық субъектілерде ішкі шаруашылықты ұйымдастыру мәселелері және
оларды шешу жолдары
3.1 Корпорацияның қызмет ету мәселелері
3.2 Өндірістік құрылымды жетілдіру және өндіріс тиімділігін жоғарылату
жолдары

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

6

8
8
14
23

35
35
43
50

58
58

62

68
70
72

КІРІСПЕ

Кез келген кәсіпкердің қазіргі жағдайдағы маңызды қасиеті - жағдайдың
өзгерісіне икемділік таныту қабілеті. Ол үшін өзі таңдаған іс-әрекет
саласында білікті болу, мақсатқа талпынушылық, табандылық, сәтсіздіктерге
дайын болу, оқып-үйрену қабілеті және қателіктерінен қорытынды шығара алу
секілді мінез-құлық ерекшеліктеріне ие болуы қажет. Бәсекелестік күреске
дайын болу керек. Маркетингті дұрыс ұйымдастыра отырып, бейресми
байланыстарды ұстай білуі, ал өнімді шығара бастағанда уақытында шикізат,
материалдар, жартылай өңделген өнімдер, көмекші өнімдерді жеткізушілермен
де, өнімді тұтынушы және тапсырма берушілермен де ресми қатынас орната
алуға тиісті.
Экономиканың барлық даму кезеңінде кәсіпорын негізгі буын болып
табылады. Дәл осы кәсіпорында өнім өндіріледі, жұмыскердің өндіріс
құралдарымен тікелей байланысы қалыптасады. Дербес өнеркәсіптік кәсіпорын
деп өндірістік-техникалық тұтастығы, ұйымдық-әкімшілік және шаруашылық
дербестігі бар өндірістік бірлікті атайды. Кәсіпорын өз қызметін дербес
атқарады, шығарылатын өнімді, салық пен бюджетке төленетін басқа да
төлемдерді төлегеннен кейін қалған таза пайданы (кірісті) өзі пайдаланады.
Қазіргі жағдайда республикада кәсіпкерлікті қолдау мемлекеттік
бағдарламасы және өзге де шаралары жүзеге асырылуда, сол себепте әр түрлі
нысандағы кәсіпорындар құрылуда. Кәсіпорынның тиімді жұмысын қамтамасыз
ету үшін, республикадағы заңмен белгіленген ұйымдық-құқықтық нысандарын,
өндірістік ұйымдастырудың түрлерін білу қажет.
Кәсіпорындағы меншік нысанын таңдау да жауапты іс болып табылады және
кәсіпорында қызмет жасауға тиісті шаруашылық, құқықтық ортаны, қоғамдық
тәртіпті де ескеру қажет. Келесі қадам - өндірістік базаны қалыптастыру.
Кәсіпкерге өндірістік және қойма жайларын, жабдық, станоктар мен құрал-
сайманды сатып алуға немесе жалға алуға тура келеді, сонымен қоса шикізат,
материалдар мен жартылай өңделген өнімдер, көмекші өнімдер сатып алу, жұмыс
күшін тартуы қажет. Сол себепте менің дипломдық жұмысымның тақырыбы әлі де
маңызды роль алады.
Сонымен қатар, қазіргі жағдайда өндірісті, еңбекті, басқару жүйесін
ұйымдастыруда ғылыми негіздену мақсаты қойылуда.
Жоғары бәсекелестік жағдайында бір саладағы кәсіпорындар мен ұйымдар
жеке корпорацияларға бірігіп, жұмыс істейді.
Корпорациялар бірыңғай өнімді шығаратын кәсіпорындар мен ұйымдарды
біріктіріп, заңды тұлға ретінде жұмысын атқарады. Олар инвестициялық
капиталды шоғырландыруға ықпал етеді, ғылыми-техникалық дамуды қамтамасыз
етеді және өнеркәсіп деңгейіне, өнімнің техникалық деңгейінің,
бәсекеқабілеттілігінің жоғарлауына әсерін тигізеді. Корпорациялар әсіресе
жаңа өнім шыратын салалардағы кәсіпорындардың дамуын жеделдетеді.
Менің дипломдық жұмысым Ел-Нұры жауапкершілігі шектеулі серіктестік
негізінде орындалды. Бұл кәсіпорын корпорация болмағандықпен, ол
корпорацияның бөлек буыны ретінде қарастырылуы мүмкін. Осыған байланысты
дипломдық жұмыстың басты мақсаты – кәсіпорынның ішкі шаруашылық құрылымымен
танысу, өндіріс рентабельділігін анықтау және өндірістік құрылымның
тиімділігін жоғарылату шараларын ұсыну.

1 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ

1. Кәсіпорын қызметінің мақсаты, құрылымының түрлері

Кәсіпорын - экономиканың даму сатысының негізгі бір бөлігі болып
табылады. Өйткені кәсіпорындарда қоғамға қажетті өнім шығарылады және
қызметкерлер мен жұмыс құралдарының арасында байланыс орнатылады. Ер-кін
өнеркәсіп кәсіпорны дегеніміз өндірістік-техникалық, ұйымдастыру -
әкімшілік және шаруашылық еркіндігі бар өндіріс бірлігі. Кәсіпорындар
белгілі бір өндіріс өнімін шығару үшін, не болмаса жұмыс атқару үшін, әр
түрлі қызметтерді көрсету арқылы қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру және
пайда табу мақсатында құрылады.
Өндірістік жүйе ретінде кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасы болады.
Сыртқы ортаға - экономикалық саясат, құқықтық жағдай, экономикалық,
әлеуметтік, экологиялық және технологиялық жағдайлар жатады. Ішкі ортаға -
еңбек ресурстары, техника және технология, бәсекелестік, маркетинг және
т.б. жатады.
Кәсіпорынның нарықтық экономикадағы негізгі мақсаты – бәсекелесуге
қабілетті өнім шығару арқылы неғұрлым көп пайда табу және ең аз шығынмен
барынша көп пайда табу негізінде сұранысқа ие және бәсекелесуге қабілеті
бар өнім шығару.
Өнеркәсіптік кәсіпорынның функциялары мыналар:
- өндірісте және жекелей тұтынылатын өнім шығару;
- тұтынушыға өнімді жеткізу және сату;
- өнімді сатып болғаннан кейін қызметті жалғастыру;
- кәсіпорындардағы өндірісті материалдық-техникалық жабдықтау;
- кәсіпорын қызметкерлерінің еңбегін ұйымдастыру және басқару;
- кәсіпорындағы өндіріс көлемін жан-жақты дамытып, ұлғайту;
- кәсіпкерлік;
- салықтарды төлеу, мемлекеттік бюджеттің және басқа да қаржы ұйымдарының
міндетті және міндетті емес төлемдерін өтеу;
- мемлекеттік заңдарды, нормативтер мен стандарттарды орындау.
Қазіргі заманғы өндірістің басты мазмұны - өндірісті автоматтандыру
арқылы ғылыми-техникалық өзгерістер жағдайында даму.
Нарықтық экономика жағдайында өнеркәсіптік мекемені ұйымдастырудың
негізгі үш бағыты бар. Олар:
- өндірісті ғылыми ұйымдастыру;
- еңбекті ғылыми ұйымдастыру;
- басқару жүйесін ғылыми ұйымдастыру.
Өндірісті ғылыми ұйымдастыру мақсаты (ӨҒҰ) -кәсіпорында оңтайлы
техника-технологиялық жүйені құру. Бұл дегеніміз - сенімді әрі тиімді
қызмет ететін өндірістік құрал-жабдықтар мен технология, техника-
ұйымдастыру ар-қылы жұмыскерлердің өзара қатынасын реттеу.
Еңбекті ғылыми ұйымдастыру (ЕҒҰ) міндеті - қызметкерлер ұжымында
шынайы ресмилендірілген қатынастар орнату. Оған жоғары өнімділікті, тиімді
алдыңғы қатарлы еңбек ету үшін жағдай туғызатын іс-шаралар жүйесі кіреді.
Бірақ, ЕҒҰ мүмкіндіктері кәсіпорынның техника-технологиялық жағдайымен,
оның қаржылық және экономикалық қорларымен шектеледі.
Басқаруды ғылыми ұйымдастыру (БҒҰ) - бұл кәсіпорынның материалды және
адами ішкі жүйелерінің мақсаттылығын қамтамасыз ететін техникалық,
экономикалық және қоғамдық құралдар жүйесі. Ол осы жүйелердің ең жоғары
сапалық-технологиялық және экономикалық көрсеткіштеріне қол жеткізу
мақсатында өзара әрекеттесуіне жағдай туғызады. Кез келген кәсіпкерлік іс-
шаралар - бұл адамдар арасындағы өзара байланыстарын ұйымдастыру болып
табылады. Ол неғұрлым жете ойластырылып құрылса, шебер реттеліп отырған
сайын экономикалық пайда, шығындардың орнын таза пайдамен толтыруға деген
сенім солғұрлым арта түседі.
Кәсіпорындағы меншік нысанын таңдау - жауапты іс. Сол себепті мұнда өз
түсінігімен, ойымен ғана шектелуге болмайды. Кәсіпорында қызмет жасауға
тиісті шаруашылық, құқықтық ортаны, қоғамдық тәртіпті де ескеру қажет.
Келесі қадам - өндірістік базаны қалыптастыру. Кәсіпкерге өндірістік және
қойма жайларын, жабдық, станоктар мен құрал-сайманды сатып алуға немесе
жалға алуға тура келеді, сонымен қоса шикізат, материалдар мен жартылай
өңделген өнімдер, көмекші өнімдер сатып алу, жұмыс күшін тартуы қажет. Осы
жерде кәсіпорын құрал-жабдық дайындаушылармен, шикізат, материал
жеткізушілермен, делдалдық кәсіпорындармен қатынасқа түседі. Қызметкерлер
еңбек биржасында, хабарландыру арқылы және басқа да жолмен жұмысқа
қабылданады.
Маңызды кезең - қаржы-қаражат табу. Кәсіпкердің өзінің және оның
әріптестерінің жеке қаржылары істі бастау және дамыту үшін, әдетте,
жеткіліксіз болады. Қаржы кемшілігін акциялар шығару арқылы, яғни
кәсіпорынның капиталы мен таза пайдасына қатысу құқығының бір бөлігін беру
арқылы, жеке қарыздық міндеттемелермен, сондай-ақ коммерциялық банктен
несие алу арқылы толтыруға болады.
Барлық кәсіпорындар елдін заңнамасында көрсетілген белгілі ұйымдық-
құкықтық нысандарына сәйкес, алайда түріне, көлеміне немесе шаруашылық
саласына тәуелсіз қызмет ете алады. Көрсетілген нысандар кәсіпорын құруды,
қатысушылардың жауапкершілігі және құқықтық қабілеттілігін, есеп беру
тәртібі мен алынған пайдаға салық төлеуді, басқару органдарының құрылымы
мен қайта құру немесе таратуды анықтайды.
Коммерциялық ұйым болатын заңды тұлғаның негізгі мақсаты пайда табу
болып саналады, ал коммерциялық емес ұйымдар алдына мұндай мақсат қоймайды.
Кәсіпкерлік құрылымның ұйымдық-құқықтық негізгі нысандарын қарастырып
көрейік. Сот алдында жауап беретін және сотқа шағымдана ала-тын, өз атынан
жеке мүліктік емес және мүліктік құқығын жүзеге асыра алатын, сол
мүліктерді өз қалауынша қолма-қол тұрғыда басқара алатын немесе
шаруашылықты жүргізуге меншік құқығы бар ұйымдарды заңды тұлғалар деп
атайды.
Нарықтық экономикасы дамыған көптеген елдерде кәсіпкерлік қызметті
жүргізуде, капиталды тарту және пайдалануды қамтитын әр түрлі нысандары мен
тәсілдері бар. Кәсіпорын келесі нышандары: шаруашылық қызметтің түрі,
меншік нысаны, сандық көрсеткіштер, маңызы және аумақтық орналасуы, ұйымдық-
құқықтық түрлері және басқа да нышандары бойынша жіктеледі. Кәсіпорынның
жіктелуі келесі кестеде келтірілген (кесте 1).

Кесте 1 - Кәсіпорыннын жіктемесі

Жіктеу Кәсіпорынның түрлері (олардың өнімдері)
нысандары
Қызмет түрі Жеке және өндірістік мақсатта тұтыну тауарларды өндіру
Өндіріс мақсатында көрсетілетін қызметтер
Ғылыми-зерттеулер жұмысы
Тұрмыс мақсатында пайлаланатын қызметтер
Жүкті және халықты тасымалдау жұмыстары
Сауда (көтерме, бөлшек)
Байланыс қызметтері
Қаржы-несие қызметтері
Делдалдық және басқа да қызметтер
Меншік Мемлекеттік
нысаны Қоғамдық бірлестіктер
Жеке меншік
Көлемі Ірі
Орташа
Шағын
Қызметті Республикалық маңызы бар нысандар
реттеу Аймақтык маңызы бар нысандар
дең-гейі Жергілікті маңызы бар нысандар
Ұйымдық- Шаруашылық серіктестіктер мен қоғамдар
құқықтық Өндірістік кооперативтер
түрлері Мемлекеітік кәсіпорыңдар

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес коммерциялық
ұйымдар тек келесідей түрлері құрылуы мүмкін:
- шаруашылық серіктестіктер;
- акционерлік қоғамдар;
- өндірістік кооперативтер;
- мемлекеттік кәсіпорындар.
Коммерциялык емес ұйымдар заң актілерімен қаралған діни
бірлестіктерден, қоғамдық қорлардан, тұтыну кооперативтерінен, акционерлік
қоғамдардан, қоғамдық бірлестіктерден және тағы басқа ұйымдық нысандарынан
құрылуы мүмкін.
Шаруашылық серіктестіктер толық серіктестік, сенімгерлік серіктестік,
жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар
серіктестік, акционерлік қоғам нысандары бойынша кұрылуы мүмкін.
Акционерлік қоғамнан басқа шаруашылық серіктестіктердің акциялар шығаруға
құқығы жоқ.
Толық серіктестік - мұндай серіктестіктің қатысушылары толық
серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері
бойынша өздеріне тиеслі барлық мүлікпен ортақ жауапкершілікте болады.
Азамат бір ғана толық серіктестіктің қатысушысы бола алады. Толық
серіктестіктің ең төменгі жарғылық қорының мөлшері 25 айлық есептік
көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде белгіленген. 2009 жылы айлық есептік
көрсеткіштің мөлшері 1273 теңге көлемінде бекітілген.
Сенімгерлік серіктестік - серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің
бүкіл мүлкімен (толық серіктерімен) қосымша жауап беретін бір немесе одан
да көп қатысушылармен қатар, жауапкершілігі толық серіктестіктің
(салымшылардың) мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығымен шектелетін
бір немесе одан көп қатысушыларды енгізетін және серіктестіктің кәсіпкерлік
қызметті жүзеге асыруға қатыспайтын серіктестік. Сенімгерлік серіктестіктің
ең төменгі жарғылық қорының мөлшері 50 АЕК мөлшерінде белгіленген.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) - бір немесе бірнеше адам
құрған, жарғылық қоры құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске
бөлінген серіктестік. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар
оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне
байланысты залалдарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел
етеді. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің салымдарды толық қоспаған
қатысушылары оның міндетемелері бойынша әрбір қатысушының салым төлемеген
бөлігінің құны шегінде ортақ жауапты болады. ЖШС-тің ең төменгі жарғылық
қорының мөлшері 100 АЕК мөлшерінде белгіленген.
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік қатысушылары оның
міндеттемелері бойынша өздерінің жарғылық қордағы салымдарымен жауап
беретін, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда өздеріне тиесілі
мүлікпен оған өздері еселенген мөлшерде болатын салымдар арқылы жауап
беретін серіктестік.
Акционерлік қоғам - жарғылық қоры акциялардың нақты құнына тең белгілі
бір санына бөлінген серіктестік. Акционерлік қоғамның қатысушылары
(акционерлері) оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және өздеріне
тиесілі акциялар шегінде коғамның қызметіне байланысты болатын залалдар
шегуге тәуекел етеді. Акционерлiк қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі
мөлшерi – 50 000 АЕК.
Өндірістік кооператив - азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін
мүшелік негізде, олардың өз еңбегімен қатысуына және өндірістік кооператив
мүшелерінің мүліктік жарналарын (үлестерін) біріктіруіне негізделген ерікті
бірлестік. Кооператив мүшесі екіден кем болмауы тиіс. Өндірістік
кооперативтің меншігіндегі мүлік кооператив жарғысына сәйкес оның
мүшелерінің жарналарына бөлінеді. Жарна кооператив мүлкіндегі өндірістік
кооператив мүшесінің үлесі болып табылады.
Мемлекеттiк кәсiпорынның мүлкi бөлiнбейдi және оны салымдар (үлестер,
жарналар) бойынша, соның iшiнде кәсiпорын қызметкерлерiнiң арасында бөлуге
болмайды. Мемлекеттiк кәсiпорындардың фирмалық атауында оның мүлкiн
меншiктенушi көрсетiлуге тиiс. Құрылтайшы бекiткен кәсiпорынның жарғысы
оның құрылтай құжаты болып табылады.
Мемлекеттік кәсіпорындардың түрлері:
1) шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген - өз мiндеттемелерi бойынша
өзiне тиесiлi барлық мүлкiмен жауап бередi. Шаруашылық жүргiзу құқығына
негiзделген кәсiпорын мемлекеттiң мiндеттемелерi бойынша жауапты болмайды.
2) қазыналық кәсiпорынар (оралымды басқару құқығына негiзделген) - жедел
басқару құқығымен мемлекет мүлкiне ие болған кәсiпорын. Қазыналық кәсiпорын
ҚР Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның шешiмi бойынша құрылады.

1.2 Кәсіпорында өндірісті ұйымдастыру

Өндірісті ұйымдастыру түрі деп өнеркәсіптік кәсіпорынның
ұйымдастырушылық және техникалық деңгей ерекшеліктерінің кешенді
сипаттамасымен түсіндіріледі. Өндірісті ұйымдастыру түріне бірқатар
факторлар ықпал етеді: мамандану деңгейі, өндіріс ауқымы, дайындау көлемі
мен қайталануына байланысты өндірілетін көп өнім атауларының күрделілігі
мен тұрақтылығы. Өндірістің үш негізгі түрін ажыратуға болады: жеке-дара
(жекеленген), топтамалы (сериялы), жаппай.

Сурет 1 – Кәсіпорында өндірісті ұйымдастыру түрлері

Жеке-дара (жекеленген) өндіріс - өнім жекеленген немесе қайталанып
отыратын шағын тапсырыстарымен айналысатын өндіріс. Бұл ауыр машина
жасауға, кеме жасауға, бірегей станоктар мен турбиналарды өндіруге тән.
Топтамалық өндіріс - бірыңғай өнімнің кең атауларын (номенклатурасын)
ұзақ уақыт бойы қайталанып отыратын жағдайда топтамамен дайындауды
білдіреді. Топтама (серия) деп өндірісте партиялап, бір мезгілде немесе бір
ізділіктімен үздіксіз жоспарлы мезгілде қайталанып отыратын құрылысы бірдей
өнімдер қатарын шығарумен түсіндіріледі. Топтамалық өндіріске ұшақ және
мотор құрастыру зауыттары мысал бола алады. Бір кезде дайындалатын өнімнің
санына байланысты топтамалық өндірісті ұсақ, орташа және ірі топтамалы деп
атайды.
Жаппай өндіріс - бірдей өнім түрінің шектеулі атауларын көп көлемде
дайындаудың үздіксіздігі және салыстырмалы түрде ұзақ кезеңімен
сипатталады. Жаппай өндіріс мекемелеріне автомобиль, трактор зауыттарын,
ауыл шаруашылық машина жасау зауыттарын жатқызуға болады. Жаппай өндіріс -
кәсіпорындарында бір атаулы өнімнің бір немесе бірнеше түрлерін
шоғырландыруға мүмкіндік беретін, өндіріс мамандануының жоғары түрі.
Өндірісті ұйымдастырудың бұл түрінде әр түрлі өнімдер бір мезгілде және
үздіксіз шығарылып отырады. Жаппай өндірістің басты шарты - бөлшектер,
тораптар мен агрегаттар құрастыру кезінде олардың сапасын стандарттау мен
үйлестірудің жоғары деңгейінде болуы керек.
Өндірістің түрі кәсіпорын құрылымына, өндірісті тиімді ұйымдастыру
деңгейлері, шарттары мен талаптарына үлкен ықпал етеді. Мысалы, жеке-дара
өндірісте кәсіпорын құрылымында ұсталық және құйма цехтары, стандартсыз
жабдықтар мен технологиялық жабдықтандыруды даярлайтын дербес цехтары,
дайындаушы телімдері болмайды.
Топтамалы өндірісте, керісінше, кәсіпорын құрылымында әрқашан дерлік
ұста және құйма цехтары, стандартсыз жабдықтар, технологиялық
жабдықтандыру, металл өңдеу цехтары; өлшеу, химиялық, қыздыру, металтану
зертханалары; орталықтан жоспарлау, диспетчерлік қызмет және басқа да
бөлімшелер болады.
Жаппай өндірісте кең мөлшерде мамандандырылған негізгі және көмекші
өндірістер, қызмет көрсетуші шаруашылықтар мен қызметтер болуы тән.
Бөлшектер, әдетте орталықтанған түрде дайындалатын ұтымды дайындамалар-дан
жасалады. Стандартсыз жабдықтар және технологиялық жабдықтар өндірісі де
осы тәсілмен жүзеге асады. Оларды дербес құрылымдық бірлік болып табылатын
цехтар өз тұтынушыларына жеткізеді. Кәсіпорын бөлімдеріне бас конструктор,
бас технолог, бас дәнекерлеуші, бас металлург, бас энергетик, бас
механиктің, сондай-ақ өнімді стандарттау және үлестіру бөлімдерінің дербес
қызметтері кіреді.
Әрбір өнеркәсіптік мекеме өзінің қызметкерлерінің және оның отбасы
мүшелерінің қажеттерін қанағаттандыруға арналған өндірістік бөлімшелерден:
шаруашылықтарға қызмет ету цехтары мен телімдерінен, басқару, ұйымдастыру
органдарынан тұрады. Өндіріс бөлімшелері, кәсіпорынды басқару және
қызметкерлерғе қызмет көрсету ұйымдарының кешені, олардың саны, өзара
байланыс шамасы және орналасқан ауданы, жұмыскерлер саны және өндіріп
шығару қабілеті бойынша өзара қатынастары кәсіпорынның (бірлестіктің) жалпы
құрылымын құрайды.
Кәсіпорынның өндірістік бөлімшелері - цехтар, телімдер, қызмет
көрсетуші шаруашылықтар мен қызметтер (өндірістік үдеріске тікелей немесе
жанама түрде қатысатын), олардың арасындағы өзара байланыстардың барлығы
оның өндірістік құрылымын құрайды. Ол еңбек өнімділігінің деңгейін, өндіріс
шығындарын, берілген материалдық өндірістің техника-экономикалық және
экономика-географиялық деректері негізінде техника мен табиғи байлықтарды
пайдалану тиімділігін анықтайды.
Өндіріс бөлімшелеріне цехтар, телімдер мен зертханалар жатады, оларда
негізгі өнім (кәсіпорын шығаратын), жабдықтаушы өнімдер (сырттан
әкелінетін), материалдар мен жартылай өңделген өнімдер, пайдалану
үдерісінде өнімге қызмет көрсету және жөндеуге қажетті көмекші бөлшектер,
бақылау-тексерулерден, сынақтардан өтеді, технологиялық мақсатқа әр түрлі
энергияны пайдаланады. Жұмыскерлерге қызмет көрсетуші бөлімшелеріне тұрғын
үй-коммуналдық бөлімдер, олардың қызметтері, фабрика-асхана, буфеттер, бала-
бақша, санаторий, пансионаттар, демалыс үйлері, профилакторий, медициналық
санитарлық бөлімшелер, еркін спорттық қоғамдар, техникалық оқыту бөлімдері
және жұмыскер, инженер-техникалық қызметкерлер, қызметкерлердің
біліктілігін, мәдени деңгейін жоғарылатумен шұғылданатын оқу орындары
кіреді.
Кәсіпорын ішінде негізгі өндірістік құрылымдық бірлігі болып цех
саналады (цехсыз басқару құрылымды кәсіпорындарынан бөлек). Цех - жалпы
өндірістік үдерістің белгілі бір бөлігін (өндіріс кезеңін) орындайтын,
әкімшілік қатынастағы жеке буын. Цехтар толық құқылы бөлімше болып
табылады, олар өз қызметін шаруашылық есеп қағидалары негізінде жүзеге
асырады. Цехтар, әдетте, төрт топқа бөлінеді: негізгі, қосымша, көмекші,
қосалқы.
Негізгі цехта сатуға және өндіріс ішінде тұтынуға арналған өнім
дайындау операциялары өтеді. Негізгі цехтар дайындаушы, өңдеуші және
құрастырушы болып бөлінеді. Дайындау цехына құйма, ұсталық-штамптаушы,
ұсталық-престеу, кейде конструкцияларды дәнекерлеу цехтары жатады. Өңдеу
цехына - механикалық өңдеу, ағаш өңдеу, қыздыру арқылы өңдеу,
гальваникалық, бояу және бөлшекті мәнерлеп жасау цехтары; құрастыру цехына
- өнімді агрегаттық және соңғы жинау, бояу, қосалқы бөлшектер мен алмалы-
салмалы жабдықпен жабдықтау цехтары кіреді.
Көмекші цехтар негізгі цехтардың өнімін дайындауға қатыспайды, бірақ
өнім өндіруге, қызмет көрсетуге, жұмыс жасауға тікелей ықпал етеді, оларға
сайман жасайтын, стандартсыз жабдықтар, үлгілік, жөндеу, энергетикалық,
көліктік цехтар жатады. Қосымша цехтар (нан қалдықтарынан кептірілген нан -
өндіру жөніндегі цехтар) негізгі цехтардың өндірістік қалдықтарын кәдеге
жаратуға септігін тигізеді. Қосалқы цехтар негізгі материалдардан емес,
бірақ негізгі және көмекші цехтарда пайдаланатын материалдардан өнім
өндіреді.
Барлық зауыттардың құрылымдарында қойма шаруашылығы, санитарлы-
техникалық құрылғылар мен қатынасу жүйелері (электр желілері, газ және ауа
өткізіштер, жылу беру, желдету, рельсті және рельссіз көлік жолдарын
көріктендіру) белгілі бір орынды иемденеді.
Бірлестіктің (кәсіпорынның) өндірістік құрылымында конструкторлық,
технологиялық бөлімшелер, ғылыми-зерттеу институттары мен зертханалар
маңызды рөлге ие. Онда сызулар, технологиялық үдерістер құрастырылып,
зерттеу жұмыстары жүргізіледі, өнім конструкцияларын мемлекеттік
стандарттар, техникалық шарттар талаптарына толығымен сәйкестендіреді,
зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстар орындалады. Бұл бөлімшелерде
ғылымның өндіріспен бірігуі айқын көрініс табады. Цехтар құрамына негізгі
және қосымша өндірістік телімдер (учаскілер) кіреді.
Негізгі өндіріс телімдері технологиялық немесе заттық (өнімдік) қағида
бойынша құрылады. Технологиялық мамандану қағидасына сай ұйымдастырылған
телімдерде белгілі бір түрдегі технологиялық операциялар орындалады. Құйма
цехында, мысалы үшін, келесі бағыттар бойынша телімдер ұйымдастырылуы
мүмкін: орын даярлау, бұрандалар жасау, құйма қалып дайындау, дайын құйманы
өңдеу және т.б., ұсталық цехта - балғалар мен престерде соғылған
дайындамалар жасау, жоғары температурада өңдеу жүргізетін телімдер және
т.б., механикалық цехта - токарьлық, револьверлі, фрезерлі, тегістеуші,
слесарьлық және басқа да телімдер, құрастыру телімінде - өнімді бөлшектеп
және соңғы құрастыру, оның бөліктері мен тораптарын сынау, бақылау - сынақ
стансалар, бояу телімдері және т.б.
Заттық мамандану қағидасы бойынша ұйымдастырылған телімдерде жеке
операция түрлерін емес, тұтас технологиялык үдеріс жүреді, нәтижесінде осы
телім үшін дайын, аяқталған өнім алынады.
Өнеркәсіптік мекемеде өндірістік құрылымның үш түрі белгілі:
- заттық,
- технологиялық,
- аралас (заттық-технологиялық).
Заттық құрылымда кәсіпорынның негізгі цехтары, телімдері олардың
әрқайсысы белгілі бір өнімнің бір бөлігін (агрегатын, бөлшегін) немесе
белгілі бір топтағы бөлшектер дайындау нысанына сәйкес құрылады. Заттық
құрылым, негізінен ірі сериялы және жаппай өндірісті механикалық құрастыру
және құрастырма цехтарында қолданылады.
Заттық құрылымның үлкен артықшылықтары бар. Ол цехтар арасында
өндірістік байланыс түрлерін шектейді және жеңілдете түседі, бөлшектердің
қозғалу жолдарын азайтады, цехаралық және цех көлігіне кететін шығындарды
азайтады, өндірістік цикл ұзақтығын қысқартады, жұмыс сапасы үшін
қызметкерлердің жауапкершілігін арттырады. Цехтардың заттық құрылымдары
жабдықтарды технологиялык үдерістің жүру барысында орналастыруға,
өнімділігі жоғары станоктар, құралдар, штамптар мен жабдықтарды қолдануға
мүмкіндік береді. Осының барлығы, заттық кұрылым өнім шығару көлемін, еңбек
өнімділігін арттыруға, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге септігін тигізеді.
Технологиялық құрылым айқын технологиялық даралануды анықтайды.
Өндірістік құрылымның бұл түрі цехты басқаруды жеңілдетіп, адамдарды ор-
наластыруда епті әдіс табуға мүмкіндік береді, өндірістің бір өнім түрінен
екінші түріне ауысуға жеңілдік жасайды.
Аралас (заттық-технологиялық) құрылым бір зауыттың ішінде заттық және
технологиялық қағидаға сай ұйымдасқан негізгі цехтардың болуымен
сипатталады. Өндірісті бұл түрде құрудың артықшылықтары - келесілер:
цехішілік тасымалдар көлемін азайту, өнім жасауға кеткен өндірістік циклдің
ұзақтығын қысқарту, еңбек жағдайларын жақсарту, құрал-жабдықты пайдаланудың
неғұрлым жоғары деңгейі, еңбек өнімділігінің өсуі, өнімнің өзіндік құнының
төмендеуі.
Кәсіпорын өзінің іс-әрекетін жүзеге асыру үшін нақты жинақталған
экономикалық ресурстары немесе өндіріс факторлары болуы қажет. Экономикалық
ресурстар дегеніміз - тауарларды өндіру және қызмет көрсөту үшін
пайдаланылатын барлық табиғи, адамдар және адамдардың өндіретін ресурстары.
Барлық ресурстарды әр түрлі көзқарастарға сәйкес топтастыруға болады:
1.Материалдық ресурстар - жер немесе шикізат материалдары және капитал.
2. Адам ресурстары - еңбек және кәсіпкерлік қызмет, жер ұғымына жататын
барлық табиғи ресурстар: егістік жерлер, орман, пайдалы қазба, кен
орындары, су ресурстары.
Капитал немесе инвестициялың ресурстар ұғымы - тауар өндіру
және қызмет көрсету, оларды түпкілікті тұтынушыларға жеткізуге
пайдалануға арналған барлық өндірістік өндіріс құралдары (ғимараттар,
құрылыс, жабдықтар және т.б.). Өндіріс процесін және өндіріс құрал-
жабдықтарының қорлануын инвестициялау, яғни қаражат жұмсау деп атайды.
Еңбек ұғымы тауар өндіруде және қызмет көрсетудегі барлық дене және
адамдардың ақыл-ой қабілеттілігін көрсетеді.

+
+

Сурет 2 - Кәсіпорынның экономикалық ресурстарының құрылымы

Барлық экономикалық ресурстар немесе өндіріс факторлары жалпы бір
қасиетке ие: олар сирек немесе өлшеулі мөлшерде болады. Бұл қағида бойынша
қазіргі деңгейдегі экономикалық дамуда барлың қажеттіліктерді қамтамасыз
етуде ресурстардың әлі де болса кем екендігін білдіреді, егістік жерлердің,
пайдалы қазба байлықтардың, өндіріс құралдарының, жұмыс қолдарының (жұмыс
уақыты) белгілі бір шегі болады. Ресурстардың сирек кездесетіні салдарынан
өндірістің өнімі де мардымсыз болып, осыдан қоғам тауарлар мен қызмет
көрсетудің межелеген барлық мөлшөрін ала алмайды.
Өндірістің бұл факторы жер, еңбек, капитал ресурстарын бір кәсіпорында
біріктіреді. Кез келген кәсіпорынның өндірістік-экономикалық іс-әрекеті
өндірістік ресурстарды заттай және ақшалай нысаны түрінде қалыптастырудан
басталады. Көрсетілген ресурстар оларды пайдалануда қалай міндет жүктелсе,
солай уақытына қарай бір-бірімен айрықшаланады (Кесте 2).

Кесте 2 - Кәсіпорынның өндірістік ресурстары
Материалдық-заттай нысаны Ақшалай нысаны
Жұмыс күші Ауыспалы капитал
Еңбек құралы (машина, жабдықтар, Негізгі капитал
т.б.) Айналым капиталы
Еңбек заттары (шикізат, материал-Айналыс аясындағы айналым капиталы
дар, т.б.)
Дайын өнім Ақша нысанындағы айналым капиталы
Өндірістің табиғи жағдайы (жер, Негізгі капитал
табиғи байлықтар, т.б.)

Ресурстар сатылатын және сатып алынатын болғандықтан олардың бағалары
да болады. Ресурстар нарқының ерекшеліктері - ең алдымен олардың шектелуіне
қарай өндіріс көлемінің өзінің де және ресурстар ұсынысында да шектелуінің
қорытындысы болып табылады. Қоғам өндіруде мүмкіндігі болмаған жағдайда,
тауарлар мен қызмет көрсету мөлшері тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыра
алмайды. Соған байланысты ресурстар нарығын шоғырландыру қажеттілігі туады.
Экономикалық ресурстардың бағасы әр түрлі басқа рыноктарда ұсыныс пен
сұраныстың ықпалымен сәйкестендіріп үйлестіріледі. Ресурстар ұсынысы
олардың тікелей баға арасындағы байланысы мен нақтылы бар мөлшерін,
ресурстарды иеленушілердің мүдделеріне сәйкес олардың бағаларын жоғары
қоюын көрсетеді. Ал ресурстар сұранысы баға мен ұсыныс көлемінің арасындағы
қарама-қарсы байланысты көрсетеді: егер де баға көтерілсе, онда кәсіпорын
ресурстарды аз сатып алады немесе оларды арзандау басқалармен алмастырады.

Кесте 3 - Кәсіпорынның өндірістік ресурстары
Материалдық-заттай Ақшалай нысаны
нысаны
Қабылданатын Нарықтық жағдайда
есеп-қисапта
Жұмыс күші Еңбекақы қоры Ауыспалы капитал
Еңбек құралы (машина, Негізгі қорлар Негізгі капитал
жабдықтар, т.б.). Айналмалы қорлар Айналмалы капитал
Еңбек заттары (шикізат, Айналыс қорлары Айналыс қорындағы
материалдар, т.б.). Айналымдағы ақша айналым капиталы
Дайын өнім (тауарлардың (есептесу шоты, Ақша нышанындағы
қосалқы қорлары). есептесу касса) айналыс капиталы
Өндірістің табиғи жағдайы
(жер, пайдалы қазба
байлықтар, т.б.).
Ресурстар

Жарғылық капитал

Ресурстарға сұраныстың ерекшеліктері:
1. Ол дайын өнімнің сұранысқа деген туындысы (тәуелділігі) болып
табылады. Демек, біріншінің өзгеруі ең алдымен екіншісінің өзгеруіне
байланысты болады.
2. Ресурстарға сұраныс еңбек өнімділігіне тәуелді: оның дамуы экономикалық
ресурстарға деген сұраныстың серпініне байланысты, яғни орнындағы
ресурстар мен қосымша ресурстар бағаларының өзгеруі;
3. Рееурстардың туынды сұранысы көбейеді, егер де өнімге сұраныс
көбейсе, дайын өнімді шығаруда еңбек өнімділігі артса,
орнындағы ресурстардың бағасы төмендесе немесе көтерілсе, қосымша
ресурстардың бағасы төмендейді.
Бұдан туындайтыны, сұраныстың икемділігі мына төмендегі нысандарға
байланысты:
- дайын өнімге сұраныстың икемділігі: ол неғұрлым жоғары болса, соғұрлым
ресурстардың сұраныстың икемділігі де жоғары болады;
- ресурстардың алмастырылуы: оларға сұраныстың икемділігі жоғары
болса, егер де баға өскен жағдайда оларды басқа ресурстармен
алмастыруға немесе артығырақ кәміл технологияны өндіріске енгізуге
мүмкіндігі туады;
- жалпы шығындарда ресурстардың үлесі: егер де жалпы шығында
ресурстардың үлесі жоғары болса, ал ресурстарға баға өссе, онда бәрі оларға
деген сұраныстың төмендеуіне әкеп соғады. Демек, жалпы шығында
ресурстардың үлесі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым сұраныс
икемділігі де жоғары болады.
Ресурстардың шектелуіне қарамастан, олар адамдардың ықпал жасауының
арқасында алмасып отырады. Сонымен ресурстар ұсынысы заң сиректілігіне,
ресурстардың шектелуіне байланысты.

1.3 Өндірістің экономикалық тиімділігінің мәні және көрсеткіштері

Өндірістің жоғары тиімділігі жүйелі түрдегі ұлғайтылған ұдайы
өндірістің қажетті және шешуші алғы шарты болып табылады. Қоғамдық
өндірістің экономикалық тиімділігін арттырудың негізгі бағыттарын дұрыс
анықтау үшін тиімділіктің өлшемі мен көрсеткіштерін тұжырымдап алу қажет.
Өндірістің экономикалық тиімділігі ұғымына әлеуметтік тиімділік те кіреді
(қол еңбегі үлесінің төмендеуі, еңбек жағдайларын жақсарту және т.с.с).
Анықталған көлемі мен сапасы бар белгілі бір өнімді (жұмыс орындау,
қызмет көрсету) белгіленген мерзімде шығару кез келген өнеркәсіп орнының іс-
әрекетінің мақсаты болып табылады. Бірақ өндіріс көлемдерін анықтағанда бұл
өнімнің халық шаруашылығы мен жеке бастың қажеттілігімен катар оның
тиімділік деңгейінің неғұрлым жоғары болғанын қамтамасыз ету қажет.
Сондықтан өнеркәсіп орны жұмысының сапасын, ең алдымен, өндірілген өнімнің
экономикалық тиімділігін анықтау арқылы бағалаған дұрыс.
Өндіріс тиімділігі жалпы өндірістің және әрбір жеке кәсіпорынның
дамуының негізгі мақсатына жетуімен тікелей байланысты болатын нарықтық
экономиканың басты санаттарының біріне жатады.
Өндіріс тиімділігін анықтау үшін оның өлшемін, яғни мәнін ашып
көрсететін бағалаудың басты белгісін анықтаудан басталады. Өндірістің
экономикалық тиімділік өлшемінің мағынасы кәсіпорынның алдына қойылған даму
мақсаттарына сәйкес алынатын нәтижелерді барынша көбейту немесе жұмсалған
шығындарды мүмкіншілігіне қарай аз жұмсау қажеттілігінен шығады. Мұндай
мақсаттар ретінде өмір сүруді және тұрақты өсуді қамтамасыз ету,
құрылымдықты қайта құру, әлеуметтік стратегия және т.с.с. түрлері болуы
мүмкін. Осы мақсаттардың алуан түрлілігіне қарамастан ең жоғары
экономикалық нәтижелерге жету, ұзақ мерзімді даму болашағын ескере отырып,
пайданың мол көлемін табуға ұмтылу мақсаттары үстем болып табы-лады.
Осыдан өндіріс тиімділігінің негізгі сандық өлшемі ретінде жұмсалған
капиталға шаққандағы пайданың жылдық мөлшері болып табылады:
Е = П х 100 К = (Б - ӨҚ) х 100 К,
(1)
мұнда: Е - жұмсалған капиталға шаққандағы пайда мөлшері,%;
П - жылдық пайда, теңге;
К - пайда алуды қамтамасыз ететін күрделі қаржылар, теңге;
Б - өнім өндірісінің жылдық көлемі, теңге;
ӨҚ - бір жылда шығарылған өнімнің толық өзіндік құны, теңге.
Пайда мөлшерінің есептеп тапқан сандық мәндері капиталдың құрылымына,
бағалардың деңгейіне, сұраныс көлеміне және басқа да факторларға байланысты
өзгеріп отыруы мүмкін. Өндіріс тиімділігінің өлшемі ретінде жұмсалған
капиталға шаққандағы пайданың мөлшері кәсіпорынның дамуының әр түрлі
нұсқаларын салыстыру үшін және нарықпен жалғыз ғана нұсқаны таңдау үшін де
қолданылады. Қабылданған өлшеммен шығындар және нәтижелердің негізгі
сипаттамаларын көрсететін өндіріс тиімділігінің нақты көрсеткіштері
анықталады.
Экономикалық тиімділікті санмен өлшеудің қажеттілігі нәтиженің шамасын
және оған қол жеткізуге кететін шығындарды анықтауға көмектесетін
көрсеткіштер жүйесін құруды талап етеді.
Шаруашылықты жүргізудің тиімділігінің қажетті деңгейін, сонымен қатар
еңбектік, материалдық ресурстар мен негізгі өндірістік қорларды пайдалану
тиімділігіндегі өзгерістердің қорытынды бағасын беруге мүмкіндік беретін
өндірістің экономикалық тиімділігінің көрсеткіштер жүйесін жасау қажет.
Кәсіпорынның кол жеткізген тиімділік деңгейін, сонымен бірге өндіріс
нәтижелерінің өсу қарқындарын, оған кеткен шығындардың өсу қарқындарымен
салыстыруын, қарқынды факторларының есебінен нақты және өткен уақыттағы
еңбектің тұтас шығындарының жалпы үнемделуін, осындай үнемдеудің есебінен
өнімнің және пайданың өсімін анықтауға мүмкіндік беретін өндірістің
экономикалық тиімділігінің қорытынды көрсеткіштер тобын негіздеп алу керек.
Әр түрлі нұсқалардың экономикалык тиімділігі мен жалпы тиімділік
туралы ең дұрыс түсінікті өнімнің белгілі түрінің шығаруына кеткен еңбек
шығындары, яғни құн бере алады. Өндірістің экономикалық тиімділігін анықтау
үшін әр түрлі құндық көрсеткіштер қолданылады. Олардың жиынты-ғы шығындар
шамасымен қатар мүмкін болатын нәтижені көрсетеді. Өндірістік үдеріске
қатысудың сипаты мен өтеу көздері бойынша барлық шығындар ағымдағы және бір
мезгілді болып бөлінеді.
Ағымдағы шығындар өз қозғалысын әрбір өндірістік циклден бастап, сол
циклде аяқтайды, тұрақты түрде қайта жаңарып тұрады және өндіріс шығындарын
құрайды (өзіндік құн). Олар шикізатқа, материалдарға, отынға, электр
энергиясына, жұмыскерлердің еңбекақысына, негізгі қорлардың амортизациясына
кеткен шығындарды қамтиды және тұтынылған ресурстар түрінен тұрады.
Ағымдағы шығындармен салыстырғанда бір мезгілді шығындар әрқашан
негізгі және айналмалы қорларды толықтыру үшін сатып алынатын және күрделі
салымдар түрінде алдын ала қолданылған ресурстар түрінде болады. Бір
мезгілді шығындар негізгі қорларды іске қосудан көп бұрын жұмсалады, ұзақ
уақыт мерзімге қаржылық айналымынан алынып тасталынады және осы уақыт
кезінде нақты нәтиже бермейді. Оларға кіретіндер: пайдаланылып жатқан еңбек
құралдары түріндегі негізгі өндірістік қорлар, кәсіпорын қоймаларындағы
өндірістік қорлар түріндегі айналмалы қорлар, материалдық резервтер және
құрылыста келешекте керек болатын материалдар жатады. Демек, өндіріс
тиімділігінің өсуіне ағымдағы шығындарды (тұтынылып жатқан ресурстарды)
үнемдеу есебінен басқа қызмет істеп жатқан капиталды және капиталға
(қолданылған ресурстар) жұмсалған жаңа салымдарды неғұрлым жақсы пайдалану
арқылы қол да жеткізуге болады.
Жұмсалған капиталдан ең көп пайда алу кәсіпорынның ұзақ мерзімді даму
болашағын қамтамасыз ететін нарықтық іс-әрекетінің маңызды экономикалық
нәтижесі болып табылады. Пайда мен бір мезгілді шығындардың арақатынасы
өндірістің тиімділігін шын мәнінде арттырудың бастапқы негізі болып
табылады. Бірак нарық заңдарына сәйкес өндіріс тиімділігін еңбек
өнімділігімен бірдей деп қарастыруға болмайды. Ақырында экономикалық
тиімділігін еңбек өнімділігінің өсу арқасында көруге болады. Демек, еңбек
өнімділігінің деңгейі өндірістің экономикалық тиімділігінің өлшемі болып
табылады. Еңбек өнімділігі жоғары болған сайын өндіріс шығындары төмен, ал
еңбек шығындарының экономикалық тиімділігі жоғары болады.
Еңбек өнімділігі - нақты еңбек шығындарының көрсеткіші. Оны
өндірілген өнім көлемін өнеркәсіптік-өндірістік персоналдың бір жұмыскеріне
(бір жұмысшыға емес) бөлу арқылы анықталады. Экономикалық тиімділікті
күндік немесе айлық еңбек өнімділігі емес, сағаттык еңбек өнімділігі арқылы
сипатгаған дұрыс, себебі еңбек уақытының пайдаланылуына себептердің әсері
әр түрлі болғандыктан, бұл уақытта оны дәлірек анықтауға мүмкіндік туады.
Өнімді бағалаған кезде пайда болатын еңбек өнімділік деңгейінің
қателіктерін болдырмау үшін өнімді табиғи немесе шартты-еңбектік
көрсеткіштермен өлшеген дұрыс.
Материалдык өндірістің нақты салаларында еңбек өнімділігі тауарлық
өнімнің көлемі бойынша есептелінеді. Қоғамдық еңбек өнімділігінің өсу
қарқындарын салыстыру кезінде көрсеткіштердің салыстырмалы болуын
қамтамасыз ету қажет Бұл жағдайда ұлттық табысты салыстырмалы бағалар-мен
өлшеген дұрыс. Қоғамдық еңбек өнімділігінің деңгейі қоғамдық өндірістің
алдыңғы кезеңдерінде жұмсалған еңбек шығыны және шикізатта, материалдарда,
отында, энергияда, еңбек құралдарында затқа айналған еңбектің экономикалық
тиімділігінің қорытынды өлшемі болып табылады.
Өнімнің еңбек сыйымдылығы - нақты еңбек өнімділігінің көрсеткішіне
кері шама, ол материалдық өндіріс саласында шығындалған еңбек шығынының
өндірілген өнімнің жалпы көлеміне қатынасы арқылы анықталады:
ЕС = Е Q,
(2)
мұнда: ЕС - өнімнің еңбек сыйымдылығы;
Е - материалдық өндіріс саласында шығындалған еңбектің шамасы;
Q - өндірілген өнімнің жалпы көлемі (әдетте жалпы өнімнің).
Еңбектің аз шығынымен қажеттіліктерді қанағаттандырылуына себеп
болатын шығындарды тиімді деп санаған дұрыс. Ол тұтыну мен жинақтау
қорларының оңтайлы қатынасындағы өндіріске кеткен шығындарға немесе
өндірісте қолданылған ресурстарға қатысты нәтиженің мүмкін болатын жоғары
өсімін алуда өзінің санмен көрсетілген көрінісімен белгілі болады.
Бөлінуіне және бірдей тұтынушылық қасиеті бар өнімді (бірін-бірі
алмастыратын өнімдер) шығаратын өндірістің бір саласының немесе әр түрлі
салаларының шеңберінде қаржыларды пайдаланудың ең үнемді нұсқасын таңдауға
байла-нысты болады. Сала ішінде үнемді нұсқаны таңдау және салалар арасында
қаржыларды тиімді бөлу өзара тығыз байланысты.
Еңбек өнімділігі адамдардың өндірістік іс-әрекетінің нәтижелілігін
білдіреді және өнім бірлігіне шаққандағы нақты және затқа айналған еңбек
шығындарының шамасымен анықталады. Осыдан еңбек өнімділігі тек тұтынылған
ресурстардың (ағымдағы шығындардың) пайдаланылуын көрсетеді, ал өндіріс
тиімділігінің өсуі ағымдағы және бір мезгілді шығындарды қамтитын барлық
ресурстардың пайдаланылуын сипаттайды. Сонымен қатар бір мезгілді шығындар,
күрделі салымдар және капиталға жұмсалған салымдар түсініктерінің өндіріс
үдерісінде алынатын пайда есебінен осы ресурстардың өтелуінің жалпы
ережесін орындау қажеттілігін білдіретін біркелкі экономикалық мағынасы
бар.
Еңбек сыйымдылығы, материал сыйымдылығы, капитал сыйымдылығы және қор
сыйымдылығы қоғамдық өндірістің экономикалық тиімділігінің маңызды
көрсеткіштері болып табылады.
Қоғамдық өнімнің материал сыйымдылығы шикізат, материал, отын,
энергияның және басқа да еңбек құралдары шығындарының жалпы қоғамдық өнімге
қатынасымен анықталады. Сала (бірлестік, кәсіпорын) өнімінің материал
сыйымдылығы материалдық шығындардың өндірілген өнімнің жалпы көлеміне
қатынасымен анықталады:
МС = М Q,
(3)
мұнда: МС - өнімнің материал сыйымдылығының деңгейі;
М - өнім өндірісіне кеткен материалдық шығындардың жалпы ақшалай түріндегі
көлемі;
Q - өндірілген өнімнің (әдетте, жалпы өнімнің) жалпы көлемі.
Өнімнің капитал сыйымдылығы мен қор сыйымдылығының көрсеткіштері де
белгілі деңгейде өзара жақын болып келеді. Өнімнің капитал сыйымдылығы
көрсеткіші күрделі салымдар шамасының шығарылатын өнім көлемінің өсіміне
қатынасын көрсетеді:
К С =K ∆Q
(4)
мұнда: КС - өнімнің капитал сыйымдылығы;
К - күрделі салымдардың жалпы көлемі;
∆Q - шығарылған өнім көлемінің өсімі.
Капитал сыйымдылығын күрделі салымдар шамасының өндірілген ұлттык
табыс өсіміне катынасы бойынша да есептеуге болады. Өнімнің корсыйымдылығы
халық шаруашылығының негізгі өндірістік қорларының орташа құнының
өндірілген өнімнің жалпы көлеміне қатынасы ретінде анықталады:
ҚС = НҚ ∆Q,
(5)
мұнда: ҚС - өнімнің қор сыйымдылығы;
НҚ - халық шаруашылығының негізгі өндірістік қорларының орташа құны;
∆Q - өндірілген өнімнің (эдетте жалпы өнімнің) жалпы көлемі.
Қор сыйымдылығын, капитал сыйымдылығы сияқты, өндірілген ұлттық табыс
өсіміне қатынасы бойынша да есептеуге болады. Халық шаруашылығында, оның
жеке салаларында, атап айтқанда өнеркәсіпте, қор сыйымдылығы көрсеткішіне
кері болып табылатын қор қайтарымының көрсеткішін кеңінен қолданады.
Қорқайтарымы өндірілген өнім көлемінің не-гізгі өндірістік қорлардың орташа
құнына қатынасы ретінде анықталады.
Өндіріс тиімділігін көрсеткіштердің бірқатар жүйесі сипаттайды.
Көрсеткіштер жалпы және жеке болуы мүмкін, мысалы құрал-жабдық жұмысының
ауысымдылығының, өндірістік алаңдарды пайдаланудың коэффициенттері, негізгі
құрал-жабдық өнімділігінің көрсеткіштері және т.б. сияқты. Бірақ, бұл
көрсеткіштердің барлығы, олардың пайдалы болуына қарамастан, өндіріс
тиімділігін жан-жакты бағалауға, бұл мәселе бойынша әр түрлі өндірістер мен
салаларды салыстыруға, барлық нәтижесін анықтауға мүмкіндік бермейді.
Сонымен қатар, аталған көрсеткіштер өндірістің тек жеке жақтарын,
өндіріс элементтері мен ресурстарын сипаттайды, ал өнім өндірісінің
үдерісінде болса олардың бүкіл жиынтығы қатысады. Салыстырмалы
экономикалық тиімділіктің негізгі көрсеткіштеріне жататындар: меншікті
күрделі салымдар; өнімнің өзіндік құны; еңбек өнімділігі; қосымша күрделі
салымдардың өтелу мерзімі (немесе тиімділік коэффициенті).
Меншікті күрделі салымдар пайдаланып жатқан өндірістік қуат бірлігіне,
табиғи немесе құндық көріністегі дайын өнім өсімінің бірлігіне есептелген
күрделі салымдар шамасын сипаттайды. Келтірілген меншікті күрделі салым
өндіріс түрлеріне оңтайлы болып табылатын күрделі салымдар, өндірістік
қуаттар немесе өнім шығарудың жылдық көлемдеріне байланысты анықтайтын
нормативтерімен салыстырылады. Мұнда ең жаңа техника мен технологияларды,
өндірісті ұйымдастырудың ең алдыңғы қатарлы әдістерін, өндірістік
нысандарды жобалау мен құрастыру барысындағы үнемді шешімдерді қолдану
мүмкіндігі ескеріледі.
Қосымша күрделі салымдар салыстырылып жаткан нұсқалар бойынша күрделі
салымдардың айырымы ретінде анықталады.
Күрделі салымдар көлемін есептеу кезінде құрылыс, құрал-жабдықтар,
механикаландыру және автоматтандыру құралдарының құны нысандарға сәйкес
келісім бағалары бойынша анықталады.
Өнімнің өзіндік құны, осы өнім өндірісіне кеткен шығындар өндірілетін
өнімнің, демек өндірістің тиімділігін сипаттайтын жеткілікті толық
көрсеткіші деп санауға болады. Өзіндік құн өз құрамында өнімді дайындау
үдерісінде жұмсалатын шығындардың барлығын (материалдарға, амортизацияға,
еңбекақыға кететін шығындар) шоғырландырады, оны осы өнімнің тиімділігін
бағалау көрсеткіші ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, ол
өнімнің өзіндік құнын қалыптастыратын ресурстардың жеке түрлерін пайдалану
тиімділігінің деңгейін көрсететін көрсеткіштерді де ескереді. Өзіндік құнға
байланысты пайданың көлемі белгілі болады, яғни ең ақырында оған табыстылық
деңгейі де байланысты болады.
Өзіндік құнды өнім тиімділігінің деңгейін сипаттайтын көрсеткіш деп
санайтын болсақ, оның өсуі өнімнің өзіндік құнының төмендеуімен
көрсетіледі. Сонымен, дәл өзіндік құнды (және оның төмендеуін) өнеркәсіптік
өндіріс тиімділігінің ең толық көрсеткіші деп санаған дұрыс болар еді.
Әр түрлі нұсқалар бойынша шығарылған өнімнің өзіндік құн көрсеткіші
салыстырмалы болуы маңызды. Салыстырмалылықты қамтамасыз ету үшін
құрал-жабдықтарға, шикізатқа, материалдарға және басқа да материалдық шы-
ғындарға бірдей бағалар қолданылып, бірдей мамандығы бар жұмыскерлерге
бірдей еңбекақы мөлшерлерін тағайындау, өндірістің өзіндік құнында
ескерілмеген басқа да шығындарын есептеу үшін бірыңғай әдістерді қолдану
керек. Өзіндік құн көрсеткішіне бұл өндіріс түрі бойынша тікелей есеппен
саналған барлық жұмсалған шығындар енгізіледі.
Бірақ, өзіндік құн деңгейінің қалыптасуы (жаңа құрылыс жағдайында)
немесе оның төмендеуі (жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарда), әдетте, бір
мезгілді (күрделі) шығындарды ескеру қажеттілігінен іс күрделене түседі.
Бұл шығындар амортизация арқылы өзіндік құнында көрініс алады, бірақ ол көп
жағдайда кәсіпорында немесе мемлекетте өзіндік құн арқылы емес, пайда
арқылы өтеледі. Сонымен қатар халық шаруашылығына күрделі салымдар жасау
мүмкіншіліктері шектеулі болғандықтан, өндіріс тиімділігін анықтау кезінде
ағымдағы пайдалану шығындарын (өзіндік құнды) бір мезгілді күрделі
шығындармен салыстыру қажет болады, ол қазіргі уақытқа дейін көбінесе бір
өлшемге келтірілген шығындар көмегімен іске асырылады.
Нұсқалардың салыстырмалы экономикалық тиімділігін анықтау барысында
аталған негізгі көрсеткіштермен қатар жобалық шешімдердің толық талдауын
жасауға мүмкіндік беретін қосымша табиғи көрсеткіштер де қолданылады.
Мұндай көрсеткіштер ретінде өнім бірлігіне шаққандағы шикізат, материалдар,
отын, электр энергия шығындарының мөлшерлері, өнім сапасының жақсаруы,
өндіріс қуатының бір шаршы метрден алынған өнімі, құрылыс салу коэффициенті
және басқалары болуы мүмкін.
Өнеркәсіптің әрбір саласы және өндіріс түрі үшін оған тән болатын
табиғи көрсеткіштер таңдап алынуы мүмкін. Осылайша, өнеркәсіптің еңбек
сыйымдылығы саласын алсақ, мысалы көмір өнеркәсібі үшін, бір жұмыскерге
шақкандағы өнім шығару көрсеткішін қолдану маңызды болып табылады;
өндірістің отын сыйымдылығы мен энергия сыйымдылығы салалары үшін пайдалы
әрекеттің жылулық және энергетикалық коэффициенттері көрсеткіштерінің, отын
мен энергияның меншікті шығындарының мәндері аса маңызды болып табылады;
қор сыйымдылығы саласы үшін - агрегаттардың бекітілген қуатын пайдалану
көрсеткішін; материал сыйымдылығы саласы үшін - шикізат пен материалдардың
меншікті шығындары. Өнімнің сапасы, ассортимент пен номенклатураның
пайдаланылуын жақсарту, өндірістік циклдің ұзақтығы, өндірістік алаңдар мен
құрал-жабдықтарды үлестік пайдалану сияқты көрсеткіштер өндірістің барлық
салалары үшін маңызды.
Табиғи көрсеткіштердің үлкен маңыздылығына қарамастан оларды
салыстырмалы нұсқалардың тиімділігін бағалау кезінде қосымша көрсеткіш
ретінде қарастырған дұрыс. Оларды талдаудың көмекші мағынасы бар, өйткені
олар негізгі экономикалық көрсеткіштердің, атап айтқанда, өнімнің өзіндік
құны мен меншікті күрделі салымдардың дұрыстығын тексеру құралы ретінде
қызмет етеді.
Жеке жағдайларда орналасу аймағымен, өндірістік қуатымен, өндірістің
техникасымен және технологиясымен, мамандандыру деңгейімен және т.б.
ерекшеленетін кәсіпорындардың жобалық нұсқаларын басқаларымен салыстырғанда
нұсқалардың бірі екіншісіне қарағанда жақсырақ көрсеткіштерімен
ерекшеленетінін көрсетеді, дәл айтқанда, ол неғұрлым мен-шікті күрделі
салымдары аз, өзіндік құны неғұрлым төмен нұсқаларды табуға көмектеседі.
Осындай жағдайда осы нұсқаның артықшылықтары айқын көрінеді. Мұнда тек
жақсы нұсқаның көрсеткіштерін берілген өндіріс саласының отандык және
шетелдік кәсіпорындарында қол жеткізген ең жоғарғы көрсеткшітерімен
салыстыру қажет болады.
Бірақ, әдетте, осы немесе басқа нұсқада өзіндік күн неғұрлым төмен
болған сайын меншікті күрделі салымдарда солғұрлым жоғары болып келеді.
Мұндай жағдайларда берілген нұсқаға қажетті қосымша күрделі салымдарды
өнімнің өзіндік құнының төмен болу себебінен жыл сайын пайда болатын
шығындардың үнемділігімен салыстырады. Осындай салыстырулар қосымша күрделі
салымдардың өтелу мерзімін (немесе тиімділік коэффициентін) анықтау арқылы
іске асырылады.
Қосымша күрделі салымдардың өтелу мерзімі салыстырылатын нұсқалар
бойынша күрделі салымдар шамаларының айырмасы осы нұсқалар бойынша
шығаратын өнімдердің өзіндік құндарының айырмасымен қарым-қатынасын
білдіреді. Бұл көрсеткіш қосымша күрделі салымдардың өнімнің өзіндік
құнының төмендеуінен болған үнемдеудің есебінен өтелетін мерзімін
көрсетеді.
Қосымша күрделі салымдардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлік есептегі кәсіпорынның даму тарихы
Тұрғын үйді басқару және туындайтын мәселелер бұлар
Қоғамдық шаруашылық механизімі
Қаржы саясаты нарықтық экономикада әлеуметтік- экономикалық мәселелерді шешуші процесс
Менеджмент теориясы
Корпоративтік қаржылар
Аралас экономика, оның мәні және ерекшеліктері
Кәсіпорынның экономикалық ресурстары
Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық күйі
Аймақтағы ауыл шаруашылығы өндірісін мемлекеттік реттеудің теориялық жақтарын ғылыми негіздеу
Пәндер