Қысқа мерзімді несиелеуді ұйымдастыру



Кіріспе

1 Несиелендірудің экономикалық мәні мен мазмұны
1.1 Несиенің экономикалық мазмұны: ұғымы, функциялары
1.2 Несиенің жіктелуі
1.3 Қысқа мерзімді несиелендіруді ұйымдастырудағы шетел тәжірибесі

2 ҚР банк секторының экономиканы қысқа мерзімді несиелендіруін талдау
2.1 «АТФ Банк» АҚ Семей қаласының филиалының техникалық.экономикалық сипаттамасы
2.2. Несие қайтарымдылығын бағалау тәртібі
2.3 ҚР коммерциялық банктердің 2005.2007 жж. қысқа мерзімдегі несие саясатын талдау

3 Қазақстан Республикасында қысқа мерзімді несиелендірудің мәселелері мен даму песрпективалары
3.1 Несиелендіру процесін ұйымдастыру және дамыту мәселелері
3.2 ҚР. нда қысқа мерзімді несиелендіру процесін дамыту бағыттары

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
Қазіргі заманда несие экономиканың тірегі, экономикалық дамудың басты бір тұтқасы ретінде танылып отыр. Адамзаттық өз өрісінде несие ақшадан соң өмір шындығына қосқан, асқан тамаша жаңалығы ретінде бағаланады. Несиенің қаржы - қаражатқа деген тапшылықты жедел жоюға, сұранысты ойдағыдай канағаттандыруда ерекше маңызы бар.
Несие жүйесінің қызметінен несие катынастары туындайды. Несие қатынастарының мазмұнын несие мекемелерінде әр түрлі субъектілердің уақытша бос ақша капиталдарын шоғырландырып және оларды белгілі бір мерзімінен кейін және белгілі бір төлем ақымен қайтару үшін бөліп беру анықтайды.
Сонымен бірге несилік жүйе мемлекеттің ақша айналымын реттеп, ақша қаражаттарының экономиканың бір саласынан екінші саласына аусуын қамтамасыз ету арқылы өндірістің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
Несиелік жүйе арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айырысуы мен төлемдері жүргізіліп, сондай-ақ әр түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенімділік, кеңес беру және сол сияқты көптеген операциялар өтеді.
Несие жүйесінің маңызы мен ел экономикасындағы рөлі біраз көрсеткіштерімен: атап айтқанда; ақша салымдарыныңжалпы көлемімен, кәсіпорындар мен мекемелердің негізгі және айналмалы капиталын қалыптастырудағы банктік қарыздың үлесімен, жиынтық төлем айналымымен және тағы басқаларды сипатталады.
Несие жүйесінің өз қызметтерін орындауы барысында несиелік қатынастар туындайды. Уақытша бос акшалай қаражаттарды жинақтап, оны қайтару және ақы төлеу шартында қайта бөлуге байланысты несиелік мекемелермен әр түрлі субъектілер арасындағы экономикалық байланыстар несиелік қатынастардың мазмүнын анықтайды.
Бірақ несиелік қатынастар мазмұны тек қана ақшалай капиталды
1. «ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР 1995 жылдың 31 тамызындағы Заңы
2. «Қаржы лизингі туралы» ҚР 2000 жылдың 5 шілдесіндегі Заңы
3. «Екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздар портфелінің құрылымы жəне екінші деңгейдегі банктердің басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар туралы есептерді ұсыну нысандары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 12 сəуірдегі № 112 жəне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармаларының 2004 жылғы 12 сəуірдегі № 53 бірлескен қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 29 қаңтардағы № 16 қаулысы.
4. «Бағалы қағаздар рыногында кəсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді белгілеу, бағалы қағаздар рыногында кəсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 29 қаңтардағы № 17 қаулысы
5. 2002 жылы 3 маусымдағы Ұлттық банк Баскармасының № 213 қаулысымен бекітілген «Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциялық нормативтер туралы» ереже.
6. «Бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың пруденциялық нормативтер есептерiн беру тəртiбi туралы» Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы директораты 2000 жылғы 25 мамырдағы N 612 Қаулысыны күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 19 ақпандағы № 40 қаулысы.
7. «Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі жəне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармаларының кейбір бірлескен қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 15 наурыздағы № 43 қаулысы.
8. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 21 сəуірдегі № 142 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы № 77 қаулысы.
9. ҚР Ұлттық банкінің 23 мамыр 1997 жылғы № 218 «Банк активтері мен шартты міндеттемелерін жіктеу жэне олар бойынша ҚР екінші деңгейлі банктерді провизия есептеуі жөніндегі» ережесі, өзгертулері және толықтыруларымен бірге
10. ҚР Ұлттық банктің 2007 ж. есебі.
11. Банковское дело. Учебник. / Под ред. Сейткасымова Г.С - Алматы : Қаржы-қаражат, 1998.
12. Банковское дело /Под ред. Лаврушина О.И- М.: Финансы и кредит.
13. Банки и банковские операции /Под ред. Жукова Е.Ф - м., 1997.
14. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктердің операциялары.Оқу құралы / Жалпы редакциясын басқарған ҚН ҰҒА-ның академигі Сейтқасымов Ғ.С., 2-ші басыоым, қайта өңделген және толықтырылған. – Алматы: Издат Маркет, 2004.
15. Питер с. Роуз . Банковский менеджмент / Перевод с английского со 2-го изд.-М.: Дело, 1997.
16. Усоскин В.М. Современный коммерческий банк: управление и операции. - М.: Антидор, 1998.
17. Жакупов д. Развитие банковского кредитования // Финансы и кредит. -2004. - №1
18. Куашбаев С. , Исатаева Г.Б. Особенности анализа доходности КБ // Банки Казахстана. – 2004. - №3
19. Иванов М. «Стратегия развития рынка ценных бумаг» - Финансы Казахстана. – 1997 . - №2
20. Исабеков Б. Лизингалық операцияларды ұйымдастыру оларды жүргізу техникасы // Поиск. - №3 – 2003 ж.
21. Мухажалиева И.С. Бағалы қағаздар нарығы және оларды мемлекеттік реттеу // Вестник КазНУ Сер.: эконом. – 2004 №6
22. Нурпеисова А. Международный банковский форум «Банки России – XXI век» // Банки Казахстана – 2004. - №9
23. Нурсеит Н.А Анализ активных операций банка. // Аль Пари. – 2002. - №6.
24. Утегулов М. О Программе развития рынка ценных бумаг Р.К. на 2005-2007 г.г. // Рынок ценных бумаг Казахстана –2005 г. №1

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе 6

1 Несиелендірудің экономикалық мәні мен мазмұны 8
1.1 Несиенің экономикалық мазмұны: ұғымы, функциялары 8
1.2 Несиенің жіктелуі 15
1.3 Қысқа мерзімді несиелендіруді ұйымдастырудағы шетел
тәжірибесі 23

2 ҚР банк секторының экономиканы қысқа мерзімді несиелендіруін
талдау 28
2.1 АТФ Банк АҚ Семей қаласының филиалының
техникалық-экономикалық сипаттамасы 28
2.2. Несие қайтарымдылығын бағалау тәртібі 38
2.3 ҚР коммерциялық банктердің 2005-2007 жж. қысқа мерзімдегі
несие саясатын талдау 51

3 Қазақстан Республикасында қысқа мерзімді несиелендірудің
мәселелері мен даму песрпективалары 58
3.1 Несиелендіру процесін ұйымдастыру және дамыту мәселелері 58
3.2 ҚР- нда қысқа мерзімді несиелендіру процесін дамыту бағыттары
63

Қорытынды 68
Қолданылған әдебиеттер тізімі 70
Қосымшалар А, Ә, Б 73

   
КІРІСПЕ

Қазіргі заманда несие экономиканың тірегі, экономикалық дамудың басты
бір тұтқасы ретінде танылып отыр. Адамзаттық өз өрісінде несие ақшадан соң
өмір шындығына қосқан, асқан тамаша жаңалығы ретінде бағаланады. Несиенің
қаржы - қаражатқа деген тапшылықты жедел жоюға, сұранысты ойдағыдай
канағаттандыруда ерекше маңызы бар.
Несие жүйесінің қызметінен несие катынастары туындайды. Несие
қатынастарының мазмұнын несие мекемелерінде әр түрлі субъектілердің уақытша
бос ақша капиталдарын шоғырландырып және оларды белгілі бір мерзімінен
кейін және белгілі бір төлем ақымен қайтару үшін бөліп беру анықтайды.
Сонымен бірге несилік жүйе мемлекеттің ақша айналымын реттеп, ақша
қаражаттарының экономиканың бір саласынан екінші саласына аусуын қамтамасыз
ету арқылы өндірістің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
Несиелік жүйе арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай
есеп айырысуы мен төлемдері жүргізіліп, сондай-ақ әр түрлі несиелік,
сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенімділік, кеңес беру және сол
сияқты көптеген операциялар өтеді.
Несие жүйесінің маңызы мен ел экономикасындағы рөлі біраз
көрсеткіштерімен: атап айтқанда; ақша салымдарыныңжалпы көлемімен,
кәсіпорындар мен мекемелердің негізгі және айналмалы капиталын
қалыптастырудағы банктік қарыздың үлесімен, жиынтық төлем айналымымен және
тағы басқаларды сипатталады.
Несие жүйесінің өз қызметтерін орындауы барысында несиелік қатынастар
туындайды. Уақытша бос акшалай қаражаттарды жинақтап, оны қайтару және ақы
төлеу шартында қайта бөлуге байланысты несиелік мекемелермен әр түрлі
субъектілер арасындағы экономикалық байланыстар несиелік қатынастардың
мазмүнын анықтайды.
Бірақ несиелік қатынастар мазмұны тек қана ақшалай капиталды жинақтап,
оны заңды және жеке тұлғаларға уақытша пайдалануға берумен, ғана тұрмайды.
Несиелеу процесінде ұлғаймалы ұдайы өндірістік айналымы үшін төлем
құралдарының қосымша массасы құралады. Төлем айналымынын аса ауқымды ағыны
төлем төлеушілер мен мекемелер және соңғылары мен алушылар арасында
экономикалык қатынастарды калыптастырумен катар, несиелік қатынасар
мазмұнын толықтыра отырып, несие жүйесі аркылы өтеді.
Банктің ең көп тараған активті операциялары болып келесілер табылады:
- ссудалық;
- инвестициялық;
- депозиттік және басқа операциялар.
Ссудалық операциялар негізінен табыстың көп мөлшерімен қамтамасыз
етеді. Макроэкономикалық масштабта олар арқылы банктер іс қимылсыз
уақытында ақшалай қорлар мен өндіріс процессінін қарым-қатынасын және
тұтынуын қамтамасыз етеді.
Ссудалардың пайда болуы жеке займшылар тұтынушылықты қанағаттандырады
(өндірістік және саудалық тұтынушылық) ссуданы алуда заңды және жеке
тұлғалар бола алады, яғни олар ссуданы ұзақ мөлшерде қолдануымен және әр
түрлі несиелер қабілеттілігімен ерекшеленеді.
Бірақ, тұтынудың экономикалық мазмұнындағы ерекшелігі банк
өтімділігіне әсер етпеуі қажет, яғни берілген ссудалар өз уақытында керек.
Сол себепті бір қатар клиенттерді несилендіру процессін ұйымдастыруда ссуда
түрлерін көрсетіп, объектіні несиелендіруде дифференциялауды, берілу
механизмі және ссуданы төлеуді қайтарылу формаларына бақылауды жүргізеді.
Ссудалық операциялар сферасының банктерге таралуы, яғни бір банктің
қарыз алушысы болып басқа банк табылуын айтады. Бұл жағдайда ссудалардың
басқа банкте өтімділігін қолдауы табылады.
Осыған байланысты бұл дипломдық жұмыста Қазақстан Республикасының
несие жүйесі, оның құрылымы, функциялары, несие қайтарымдылығын бағалау
тәртібі қарастырылды және екінші деңгейдегі банктердің қысқа мерзімді
несиелендіру процесіне талдау жасалды.
1 НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ

1.1 Несиенің экономикалық мазмұны: ұғымы, функциялары

Нарықтық экономикада несие-банк жүйесі маңызды роль атқарады. Ол
арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың халықтың ақшалай есеп айырысулар мен
төлемдері жүрігізіледі, ол уақытша бос ақшалай қаражаттарды, халықтың
жинақтары мен табыстарын жұмылдырады және белсенді түрде жұмыс жасайтын
капиталға айналдырады, сондай-ақ көптеген түрлі несиелік, сақтандыру,
делдалдық, инвестициялық, сенім, кеңес беру және басқа да операцияларды
орындайды.
Өндіріске қатысты алғанда, екінші кезекте несие жүйесі оған тұрақты
және елеулі ықпал етеді. Ол бірнеше дүркін ақшалай қорлардың аукымын
кеңейтіп, өндіріс тиімділігінің өсуін колдай отырып ақшалай қаражаттардың
бір саладан екіншісіне қайта құйылуын камтамасыз етеді.
Несие жүйесінің ролі мен маңызы келесідей бірқатар көрсеткіштермен
сипатталады: несиелік жұмсалымдардың жалпы көлемі, кәсіпорындар мен
ұйымдардың негізгі және айналым капиталын қалыптастыруға банктегі
қарыздардың үлесі, жалпы төлем айналымы және т.б.
Несие жүйесінің өз қызметтерін орындауы барысында несиелік қатынастар
туындайды. Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтап, оны қайтару және ақы
төлеу шартында қайта бөлуге байланысты несиелік мекемелермен әр түрлі
субъектілер арасындағы экономикалық байланыстар несиелік қатынастардың
мазмұнын анықтайды. Бірақ несиелік қатынастар мазмұны тек қана ақшалай
капиталды жинақтап, оны заңды және жеке тұлғаларға уақытша пайдалануға
берумен, ғана тұрмайды. Несиелеу процесінде ұлғаймалы ұдайы өндірістік
айналымы үшін төлем құралдарының қосымша массасы құралады. Төлем
айналымынын аса ауқымды ағыны төлем төлеушілер мен мекемелер және соңғылары
мен алушылар арасында экономикалык қатынастарды қалыптастырумен қатар,
несиелік қатынасар мазмүнын толықтыра отырып, несие жүйесі арқылы өтеді.
Несие жүйесінің елдегі ақша айналымын реттеудегі, занды және жеке
тұлғаларға әр түрлі қызметтер көрсету барысындағы қалыптасатын экономикалық
қатынастарды да несиелік қатынастар мазмұнына жатқызуға болады.
Несиелік қатынастар екі жақты сипатқа ие және шаруашылық субъектілері
үшін де, сондай-ақ несие жүйесінің мекемелері үшін де бірдей қажет. Ақшаны
несиелік мекемелерде сақтау - несиелік ресурстарды құруды білдірсе, ал
оларды экономика және халық қажеті үшін орналастыру - несие беруді
білдіреді.
Екі жақты катынас: шаруашылық ұйымдары мен несие жүйесі, несие жүйесі
мен халық, мемлекет пен несие жүйесі, несиелік мекемелер, әр түрлі елдердін
несиелік мекемелері арасында болуы мүмкін.
Несиелік қатынас негізінен ақшалай формада несие экономикалық
категориясының қызмет етуі барысында жүзеге асырылады. Несиелік
қатынастардың сыртқы көрінісі несие формасын сипаттайды. Ол
несиелік қатынастардың мәні және ұйымдастырылуын синтездейді. Несиелік
қатынастар формасы мен мазмұны диалектикалық бірлікте болады. Несиелік
қатынастар формасы олардың мазмұнына сәйкес келіп және оның дамуын
ынталандыруы тиіс. Өндірістік қатынастардың өзгерісі несиелік қатынастар
мазмұны мен несие формасынын өзгеруіне әкеледі.
Несие екі формада болады: тауарлық және ақшалай. Тауар несиесі
коммерциялық несиенің бірінші негізін білдіреді. Шаруашылық жүргізуші
субъектілердің бір-біріне қарыз беруі барысында, аталған несие формасында
ақшалай формада қайтарылады. Өйткені, алушы субъект несие беруші тауар
несиесін алғанын куәландыратын вексельді, сондай-ақ салынған мүлік туралы
парақты немесе басқадай құжаттарды береді. Бұл тұста несиелік қатынастар
субъектілеріне - шаруашылық жүргізуші субъектісі және банк жатады. Несиелік
қатынастардың мазмұнындағы өзгерістер нәтижесінде тауар формасындағы несие
ақшалай формаға қайта ауысады. Сөйтіп, тауар формасы негізінде несиенің
ақшалай, ең бастысы банктік формасы пайда болып дамиды.
Кез келген заңды тұлға, егер де оның банктік ресми мәртебесі болмаса
банк деп аталуға тиіс емес. Банк арнайы өндіріс ретінде өнім өндіреді,
бірақ, онын пиімі материалдық өндірісте өңдірілетін өнімнен мүлде өзгеше.
Ол тек тауар ғана өндірмейді, яғни тауардың ерекше ақша түріндей, төлем
құралдарын өндіреді.
Несиелік жүйенің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеу негізінде белгілі бір
принциптер жатыр. Экономиканың жаңа жағдайында, оның нарықтық қатынастарға
өту кезеңінде оларды былайша тұжырымдауға болады: елдегі банк ісін
ұйымдастыруға мемлекеттік монополия, басқа банктік емес институттармен
үйлестіре отыра екі деңгейлі банк жүйесін құру, елдегі ақша-несие
саясатының бірлігі, несиелік мекемелер торабын барынша дамыту, оларды
қызмет көрсету орындарына жақындату, мемлекеттік валюталық монополия,
Орталык банктің автономиясы.
Банк ісіне мемлекеттік монополия ұғымы мемлекеттің банктердін құрылуы
мен жойылуын бақылауға, банктік операцияларды жүргізу тәртібі мен
ережелерін заң жүзінде бекітуге ерекше құқығы ретінде түсіндіріледі. Ұлттық
банк Қазақстан Республикасы аумағында банктерді құруға рұқсат береді және
банктер мен олардың филиалдарын тіркеу кітабын жүргізіп отырады. Рұқсат
беру кезінде Ұлттық банк жүргізілетін банктік операциялар шеңберін
белгілейді.
Нарықтык экономика ерекшеліктері банктік емес мекемелермен үйлестіре
отырып, көп деңгейлі банк жүйесінің, олардың ақша несие және делдалдык
қызметінің формалары мен түрлері бойынша көп түрлілігінің, Орталық (бірінші
деңгей) және басқа банктер (екінші деңгей) арасьшдағы функцияларды заң
жүзінде бөлудің қажеттілігін тудырады.
Қазақстан Республикасының Ұлттык банкі Қазақстан Республикасының
орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің
жоғары деңгейін құрайды.
Банк ісінің әлемдік тәжірибесі көрсетіп отырғандай, барлық елдердегі
несиелік институттардың ішінен елдің бүкіл несиелік жүйесін басқаруда басты
роль атқаратын орталық банктер бөлініп шығатын болады. Ал олардың басшылық
рөлі мемлекет берген кең ауқымды өкілеттіліктерге байланысты. Банктердің
банк функцияларын, ақша-несие эмиссиясын жүзеге асыруыда байланысты
орталык, банктер коммерциялық банктердің, яғни екінші деңгейлі банктердің
қызметіне әкімшілік бақылау мен нақты экономикалық ықпал ету құқығы
несиелік мекемелер міндетті түрде қолдануы тиіс норма шығару құқығы
бар. Коммерциялық банктер несиелік саясат жүргізуде және өз клиенттеріне
толығымен дербес әр түрлі қызметтер көрсетуде.
Нарықтық экономикада арнайы банктік емес институттар құрылмаған
жағдайда кез келген елдің несие жүйесі аяқталмай қалады. Халық салымдарын
толығымен тарту мүддесі мен өзгеріп отырған нарыктық экономика талаптарын
толық қанағаттандыру бұл институттардың құрылуын талап етеді, ал олар несие
жүйесін толықтырып, байытады, экономикадағы өзгерістерді икемді және
сезімтал ете түседі.
Мемлекет, экономикаға жетекшілік жасай отырып, Ұлттық банк арқылы
бірегей ақша-несие саясатын жүргізеді. Бұл принцип айналыстағы ақша
массасының көлемін реттеу жолымен ұлттық валютаның ішкі және сыртқы
тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, ақша-несие саясатын жалпы экономикалық
саясатты жүзеге асыру және оны әлемдік экономикаға интеграциялау саласында
республика мүдделерін корғау үшін қажет.
Несие жүйесін құрудың маңызды принципі - несиелік мекемелер торабының
барынша дамуы мен оларда барлық ақша операцияларының шоғырлануы. Соңғысын
шаруашылык буындарының бос ақша қаражаттарының банктерде сақталуы, есеп
айырысудың қолма-қолсыз жолмен жүргізілуі деп түсінуге болады.
2008 жылдың 1 қңтарына Қазақстан аумағында шамамен 34 банк орналасқан.
Бүкіл ақша айналымының несие жүйесінде жинақталуы несиелік ресурстарды
шоғырландыруға және оларды елдің халық шаруашылығына ұтымды бағыттауға
мүмкіндік береді.
Мемлекеттік валюталар монополия принципіне ерекше маңыз береді.
Қазакстан Республикасының Валюталық реттеу туралы заңында былай делінген:
Қазақстан Республикасының Президенті мен Министрлер кабинеті өз құзіреті
шегінде валюталық реттеу саласында осы заң жағдайларына қайшы келмейтін
нормативті актілерді қабылдайды.
Қазакстан Республикасының Ұлттық банкі - Қазакстан Республикасының
валютасын реттеудің негізгі органы болын табылады. Валюталық реттеу
түсінігіне нормативті актілерді жұмсап шығару, ақпарат жинау, валюталык
заңдарды сақталуын бақылау және оны бұзған тұлғаларға санкциялар қолдану
керек. Ұлттық банк валюталық реттеу функцияларын жүзеге асырады.
Бұл принцип - ел тәуелсіздігін сақтау шарттарының бірі, валюталы
резервтерді жинақгау құралы және ақша айналысын баска елдер валюталарының
ықпалынан сенімді қорғау жолы. Орталық банктің автономиясы егемен елдер
зандарымен бекітілген. Банктер жедел банктік қызметпен байланысты
шешімдерді қабылдау кезінде үкімет пен атқарушы билік органдарынан
тәуелсіз.
Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет
көрсететін және коммерциялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын
дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық,
кооперативтік және жеке банктер, банктік зандылықгарда коммерциялық банктер
деген жалпы атпен біріктіріледі.
Коммерциялық банк термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде,
банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет
көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған (міне
осынді коммерциялық банк деген атауға ие болды). Бірақ өнеркәсіптің және
басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де сфераларына қызмет
көрсете бастағандықтан да банктің коммерциялық деген атауы бастапқы
мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің іскер деген сипатын білдіреді,
оның шаруашылык агенттердің барлык жұмыс түрлеріне қызмет көрсетуі олардың
қызметтерінің саласына байланыссыз болады. Коммерциялық банктер - нарық
экономикасында қаржылық операциялар мен кызмет көрсететін несиелік
мекемелердің тобын білдіреді.
Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200-ге жуық әр алуан
өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар
коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда
өзінде пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді.
Бір операциялардан болған зиян, екінші бір операциялардан түсетін
пайда есебінен жабылады. Нарық экономикасы дамыған барлық елдердің
коммерциялық банктері несие жүйесінің негізгі операциялық буыны болып қалуы
кездейсоқтық емес. Олар өзгермелі ақша-несие нарығының жағдайына көндіретін
қабілетінің барлығын көрсете алады. Депозиттік-қарыздық операцияларды
жүзеге асыра отырып коммерциялық банктер қаржы делдалы ролін орынайды.
Банктің бұл қызметі екі жаққа да пайда әкеледі.
Салымшылар үшін өздерінің депозиттері айналыс құралы қызметі мен
өтімді активтер қызметін атқара отырып, кей жағдайда оның үстіне пайыз
әкеледі. Қарыз алушылар кейде көптеген ұсақ қарызды пайдаланады. Бұл кейде
көптеген ұсақ қарапайым клиенттердің банкке аз ғана соманы қысқа мерзімге
салғанның өзінде де мүмкін болады. Мұндай кезде коммерциялық банктер
ретінде іскерлік операциялар жүргізіп, уақытша бос акша қаражатын тарту
мүмкін емес.
Шынында да, банктер мұндай операциялардан пайда көреді. Олар
салымдарға төлейтіндеріне қарағанда, қарыз алушыларға біршама жоғары пайыз
мөлшерлемесін белгілеп табыс табады.
Жалпы коғамға көмек, олар банктен алған карыздары есбінен өздерінің
өнімдерін өндіріп, алға койған мақсатына жеткенде ғана пайданы сезінеді
(мысалға жалпы пайда нормасын 4-тен 5%-ға ұлғайтқанда). Болашақ карыз
алушыларды дұрыс таңдай отырып, олардың ішінде берілетін қарыз бойынша
жоғары пайызды төлеуге кімнің жағдайы келсе, соларға банктер ақшалай
қаражаттарын бере алады.
Осы уақытқа дейін Қазақстанда несиелер үкіметтің қажеттілігіне
(Үкіметтің үкімі бойынша) беріліп, кейіннен олар банктерге және олардың
акционерлеріне пайда әкелмек түгіл, уақытында кайтарылмай қалды. Ондай
қарыздардың ешкімге де пайдасы болған жоқ.
Коммерциялык банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әр
түрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан ақшаның сақталуын қамтамасыз
етсе, екінші жағынап өтімділікке деген клиенттің қажеттілігін
қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигацияға немесе акцияға
жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.
Банктік несие - ең қолайлы және көптеген жағдайді орны ауыстырылмайтын
қаржылық қызметтердің формасы ретінде, ол нақты қарыз алушының қажеттілігін
ескереді және олардың қарыз алу жағдайына көндігуіне мүмкіндік береді.
Қазіргі коммерциялық банктер туралы сөз қозғағанда несиелік жүйенің
басқа да буындары сияқты олардың үнемі дамып отырғандығын айта кету керек.
Яғни операциялар формасы, бәсеке әдістері, бақылау және басқару жүйелср
өзгеруде.
Коммерциялық банктердің мынадай бастапқы қызметі бар: депозиттер
қабылдау, ақшалай төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыру, несие
беру.
Коммерциялық банктердің басқа қаржы институттарынан айырмашылығы және
ерекше бір қабілеті ол ақшаны жасуы мен жоюында болып табылады. Бұл жерде
ақша деп, қолма-қол ақшалар ғана емес, сондай-ақ талап етуге деінгі
салымдар түсіндіріледі. Банктердің ақша жасау мүмкіндігі экономика үшін өте
маңызды. Ол тиімді несие жүйесін асыра отырып, экономиканың өсуіне қажетті
жағдай туғызады. Банк несиелерінің жетіспеушілігі және өте жоғары пайыз
мөлшерлемесі тұсында өндірісті кеңейту мүмкін емес. Халық шаруашылығындағы
осы сияқты іс-тәжірибелер тиімсіз, себебі бір жағынан, мынадай ірі ақша
сомасы белісіз уақытқа қозғалыссыз жататын болса, екінші жағынан, мұндай
ақшалар қажетті емес.
Коммерциялық банктер мұндай сұрақтарды шешуде маңызды роль атқарады.
Өздерінің депозиттік және несиелік операцияларының көмегімен олар уақытша
бос акша қаражаттарын жинақтайды және несие түрінде оларды бере отырып,
халык шаруашылығының кажеттілігін қанағаттандырады, яғни жаңа төлем
құралдарын жасайды.
Банктер өз қызметінде ақшаның бір бөлігін жоятыны да рас. Бұл
біріншіден, клиенттің банктегі шоттан нақты ақша алған уақытында және
екіншіден, несиені қарыз алушының шотының есебінен қайтару барысында мүмкін
болады.

1.2 Несиенің жіктелуі

Кез келген экономикалық механизм өзара байланысқаң, яғни оның
бір элементінің қозғалысы немесе өзгеруі басқаларының
қозғалуы мен өзгеруіне ықпал ететін элементтер жиынтығынан
тұрады.
Несиелік механизмнің басқа экономикалық механизмдер сияқты мынадай
құрылымдық элементтері болады: несиенің түрлері, несиелеу объектілері,
несиелеу субъектілері, несиелеу әдістері, несиелеу процессі (несиелеу
механизмі), несиелеу принциптері, несиелік төуекелді басқару.
Несиенің түрі - бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі
қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық
сақталатын көрінісі. Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы
байланыстар қалай өзгергенімен де, несиенің түрі сол күйінде сақталады.
Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер береді.
Оларды мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
а) Қарыз алушылар категорияларына қарай:
- қаржылық институттарға берілетін несиелер (мақсатты корларға, банктерге,
қаржы-несиелік мекемелеріне);
- қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер (өнеркәсіп салаларына, ауыл
шаруашылығына, саудаға, дайындау ұйымдарына, жабдықтау-сату ұйымдарына,
кооперативтерге, жеке кәсіпкерлерге).
б) Тұтыну мақсатына берілетін несиелер.
б) Мерзіміне қарай:
- қысқа мерзімді (1 жылға дейін);
- орта мерзімді (1 жылдан 3 —5 жылға дсйін);
- ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары).
в) Тағайындалуы және пайдалану сипатына қарап:
- негізгі қорларға жұмсалатын;
- айналым қаражатына жұмсалатын.
г) Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай:
- қамтамасыз етілген (кепіл-хатпен, кепілдемемен; кепілдікпен)
- сақтандырылған,
- қамтамасыз етілмеген (сенім немесе бланктікнесиесі)
ғ)Қайтарыму дәрежесіне қарай:
- стандартты несие - қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында
ешқандай күмән жоқ несиелср;
- күмәнді несиелер - қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған
және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер. Соңғы қабылданған
активтердің жіктеу ережесіне сәйкес, күмәнді несиелер ішінара
бөлінеді: 1-санатты күмәнді, 2-санатты күмәнді, 3-санатты
күмәнді, 4-санатты күмәнді, 5-санатты күмәнді.
- үмітсіз несиелер - кайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі өткен
ссудалар шотына жазылған несиелер.
д) Валютамен берілуіне қарай (ұлттық валютамен, шетел валютасында)
е) Берілу шартына қарай:
- тұтыну несиесі - бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін
және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.
- ипотекалық несие - бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді,
өндіріс ғимараттарын, жерді және т.с.с.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге
берілетін несиені білдіреді.
- овердрафт несиесі - клиенттің шотынан қаражатты шегеру, дебеттік
қалды бойынша берілетін қысқа мерзімді несиенің формасы.
- овернайт несиесі - өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге берілетін
банкаралық несиенің түрі.
- онкольдық несие - кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін
қысқа мерзімді несие.
- банкаралық несие - банктердің бір-біріне беретін несиесі.
- ломбардтық несиесі - тез іске асатын бағалы заттарды немесе бағалы
қағаздарды кепілге алып, берілетін несие;
- лизингтік несие - құрал-жабдықтарды жалға алумен байланысты берілетін
несие.
- рамбурстық несие - шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай фабрикат
және дайын өнімдерді сыртқа шыгару тәжірибесінде пайдаланылатын несие.
- сенім несиесі - банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары
клиенттерге берілетін несие.
- маусымдық несие - жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен
түсімді алу мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға араналған
несие.
- консорциалдық несие - ірі жобаларды несиелеу мақсатында банктердің
өзара қосылып беретін несиелері.
Несие құрылымы несие беруші мен қарыз алушыдан, сондай-ақ қарыз
капиталынан тұрады. Мұндағы несие беруші мен қарыз алушыларды несиелік
мәмілеге қатысушы тараптар немесе оларды несиелік қатынас субъектілері деп
атауға болады. Осы тараптардың біреуі болмаса несиелік мәміле жасалмайды.
Несие берушілерге мемлекет, банктер (орталық және коммерциялық), банк
типтес мекемелер мен қаржылық ұйымдар, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдары
да жатады. Кейбір жағдайларда, несиенің коммерциялық формада берілуіне
байланысты несие берушіге өнім өндіруші кәсіпкерлер де жатуы
мүмкін. Ал, қарыз алушыларға каражатқа деген уақытша қажеттілігі
бар кез келген заңды және жеке тұлғалар жатады.
Несиелеу объектісі - бұл несиенің пайдалану заты, яғни несиенің іске
асырылу аясы деп түсінуге болады.
Несиелеу объектісі материалды құндылықтар, өндіріс және айналыс
шығындары түріңде, сол сияқты, егер несие материалдық жағынан қамтамасыз
етілмеген жағдайда, банк алдындағы шаруашылық ұйымның міндеттемесі ретінде
де болады. Материалды қамтамасыз етілген несиелеу объектісіне өндірістік
шикізат қорларын, негізгі жене көмекші матариалдарды, жанар-май, ыдыстар,
сатып алынатын жартылай өнімдер, азықтар және басқа да материалды
құндылықтардың маусымдық жинағы және өнеркәсіптегі дайын өнімдердің және
сауда ұйымдарындағы тауарлардың маусымды қорлары жатады. Мұндай қорларды
жасау, ең бастысы, өндіріспен және өнімдерді сату процесімен тығыз
байланысты.
Несиелеу объектісіне, экспортты және импортты тауарлар мен
қызметтермен жабдыктау, экономикалық қызметке байланысты шығындар,
кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың сатып
алынатын шикізаттары, материалдары, құралдары және басқа да мүліктері,
ломбардтық операциялар, шаруашылық субъектілердің кірістері мен шығыстары
арасындағы алшақтық жатады.
Ұзақ мерзімді несиелеу объектілеріне жататындар мынадай түрлерге
бөлінеді:
- өндіріс объектілерінің қүрылысы;
- өндіріс объектілерін қайта құру, техникалық жағынан қайта қаруландыру,
кеңейту;
- техникалар, құрал-жабдықтар және көлік құралдарын сатып алу;
- жаңа өнім шығаруды ұйымдастыру;
- өндірістік емес маңызы бар объектілерді салу.
Несиелеу принциптері несиенің мәнін және қызметтерің, сондай-ақ
несиелік қатынастарды ұйымдастыру облысындағы объективті экономикалық
заңдардың талаптарын бейнелейді.
Несиелеу принциптері негізінде несиелік процесс, яғни банктік
несиелердің берілуі, пайдаланылуы және қайтарылуы жүзеге асырылады.
Несиелеу принциптеріне байланысты банктік несиелердің берілуінің басты
шарттары: несиенің мақсаты және мерзімі, олардың қаражаттар айналымы
шеңберінде қатынасу нәтижелілігі және т.б. анықталады.
Қазіргі несиелік қатынастарды ұйымдастыру принциптері екі топқа
бөлінеді:
а) топқа - жалпы экономикалық тәртіптегі принциптер:
- несиенің мақсаттылығы;
- несиенің дифференциялдығы.
ә)топқа - несиенің мәнін бейнелейтін принциптер:
- несиенің мерзімділігі;
- несиенің қайтарымдылығы;
- несиенің төлемділігі;
- несиенің қамтамасыз етілуі.
Қазіргі несиенің дифференциялдық принципінің мазмұны өзгерген десе
болады. Біріншіден, ол мерзімділік принципімен байланысады, яғни несие
уақытында қайтара алатын шаруашылық органдарына беріледі. Сондықтан да
несиелеудің дифференциациялануы тек несиелік қабілетті сипаттайтын
кәрсеткіштер негізінде ғана жүзеге асырылады. Екіншіден, бұл принцип
нееиелік келісім жасалғанға дейін және банктер несиелік ресурстарға деген
сұранысын оқып-үйрену барысында потенциалды қарыз алушылардың несиелік
қабілетін және сұралып отырған ссуданың қамтамасыз етілу сипатын және
олардын, банк үшін пайдалылығын, сондай-ақ қаражаттардың жұмсалу ұзақтығын
жетекшілікке ала отырып, бастапқы несиені орналастырғанға дейін іске
қосылады. Үшіншіден, несиелік қабілеттілігіне байланысты несиелеудің
дифференциациялануы, оның өткен жүйедегі вариантымен салыстырғанда қаталдау
болып табылады.
Мерзімділік - белгілі экономикалық категория ретіндегі мәніне
негізделген несиенің ерекше бір белгісі. Ол, яғни несие берушінің қарыз
алушыға берілген қаражаты белгілі бір уақыт ішінде келісілген тәртіпке сай
қайтарылуға тиістілігімен қорытындыланады. Осыдан келіп, несиенің
қайтарымдылық принципі туындайды.
Нееиенің қайтарылымдылығы оның экономикалық категория ретінде басқа да
тауарлы-ақшалай қатынастардын, экономикалық категорияларынан ажыратылатып
срекшелігі мен сипатталады. Қайтарылмайтын несие
болмайды. Сондықтан да, қайтарымдылық - несиенің ажырамас бөлігі болып
табылады.
Шаруашылықтың нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты несиелеудің бұл
принципіне ерекше мән берілген. Біріншідсн, оның сақталуына байланысты
ұдайы өндірістс ақшалай қаражаттармен бірқалыпты қамтамасыз етілуі тәуелді.
Екіншіден, бұл принципті сақтау коммерциялық банктердің өтімділігін
қамтамасыз ету үшін қажет. Олардың жұмысын ұйымдастыру принциптері
тартылатын несиелік ресурстардың қайтарымсыз жұмсалымдарға салынуьіна жол
бермейді. Үшіншіден, ар жекелеген қарыз алушы үшін бұл принциптің сақталуы
банктен жаңа несие алуга мүмкіңдік береді.
Несиенің төлемділігі - бұл несие беруші қарыз алушыға берілетін
қаражатты қайтару барысында бастапқы сомадан өсіп қайтарылатындығын
білдіреді. Іс жүзінде ақылылық несиені пайдаланғаны үшін төленетін сыйақы
(пайыз) түрінде беріледі.
Несиеге қойылатын сыйақы мөлшерлемесін несиенің бағасы деп те атайды.
Еркін реттелетін нарық жүйесі тұсында несие үшін сыйақы мөлшерлемесі
несиеге деген сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасады.
Қазіргі банктердің несие үшін сыйақы мөлшерлемесін белгілеуде
ескеретін басты факторларына мыналар жатады:
- орталық банктің коммерциялық банктерге беретін ссудалары
(мүдделендіру) бойынша белгіленетін сыйақысының базалық мөлшерлемесі;
- банкаралық несие бойынша орташа сыйақы мөлшерлемесі;
- өз клиенттеріне дспозиттік шоттар бойынша төлейтін орташа сыйақы мөлшері;
- банктің несиелік ресурстарының құрылымы тартылған (қаражаттар үлесі
қаншалықты жоғары болса, несие бағасы согұрлым қымбат болуға тиіс);
- несиеге деген сұраныс (сұраныс аз болса, несие бағасы да
арзан болады);
- несиенің сұралатын мерзімі мен түрі, нақтырақ айтсақ,
банк үшін оның қамтамасыз етілуіне байланысты тәуекел дәрежесі;
- еліміздегі ақша айналысының тұрақтылығы (инфляция қарқыны қаншалықты
жоғары болса, соған сәйкес несие үшін төленетін сыйақыда жоғары болуға
тиіс, себебі, инфляция жағдайындағы ақшаның құнсыздануынан банктің ресурсын
жоғалту тәуекелі артады).
Банк дамуындағы ерекше оқиғалардың бірі ретінде Алматы қаласында шағын
және орта бизнес өкілдеріне арнап Бизнесті қаржыландыру арнайы орталығының
ашылуын атап өтуге болады.
Филиалдық желілерде шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеудің
арнайы орталықтары мен бөлімдерін дамыту сату көлемін өсіруге ұйытқы
болады. Себебі, бұл орталықтар маркетингі бір бағытта болады, несие алуға
өтінішті қарау мерзімі қысқарады, осыған қатысты барлық қызметтердің
жергілікті жерге жұмылуының арқасында клиенттерге қызмет көрсетудің мерзімі
азаяды, несиелік менеджерлерді кәсіби дайындау және шыңдаудың арқасында
қызмет көрсету сапасы да жақсарады.
Банктің корпоративтік қаржыландыру саласындағы 2006 жылғы негізгі
міндеттерінің бірі - сапалы ссудалық портфельді қалыптастыру болды. Несие
менеджерлері мен сараптамалық қызметкерлердің қажырлы еңбегінің арқасында
заем алушылардың мерзімі өтіп кеткен қарыздарының көлемі салыстырмалы
тұрғыдан да, абсолюттік тұрғыдан да анағұрлым азайды. 3-ші және одан да
төмен категориялы күмәнді деп танылған активтердің үлесі анағұрлым азайды,
бұл тиісінше провизияның көлемін азайтуға да жағдай жасады.
Корпоративтік бизнестің салалар бойынша алып қарағандағы ссудалық
портфелінің құрылымы Банктің 2006 жылдағы стратегиясына сәйкес келеді.
Портфельді диверсификациялау көрсеткіштерінің бірі ретінде корпоративтік
қаржыландыру портфеліндегі өзге салалардың үлесі 3 пайыздан 13 пайызға
дейін артуын атап өтуге болады.
Корпоративтік қаржыландырудың ерекшелігі - клиенттердің барлық
қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып кәсіби мамандар лайықтап,
топтап әзірлейтін несиелік өнімдерді ұсыну. Бағасының қымбаттығына
қарамастан, дәл осындай эксклюзивтілік заем алушылар үшін құрылымдылық
қаржыландыруды тартымды ете түседі. 2006 жылы құрылымдық қаржыландырудың
көлемі біраз өсіп, корпоративтік қаржыландырудың ссудалық портфеліндегі
жалпы өсімнің жартысына жуығын құрады. Оның үстіне, бұл қаржыландыру
негізінен клиенттің сыртқы экономикалық әрекетін дамытуға бағытталды.
Жобалық қаржыландыру аясында 2006 жылы Банк клиенттердің заемға алған
қаржыны пайдалануды талап ететін түрлі жобаларын қарап көрді. Ішіндегі ең
болашағы зор жобалар несиелік сарапшылардың көмегімен толықтырылып, сәтті
түрде жүзеге асырылды. Корпоративтік қаржыландыру аясында Банк 2006 жылы
клиенттердің қаржыландырудың валютасына, кепілдік мүлікке, заем қаржыны
беру әдісіне қатысты түрлі ұсыныстарын ескере отырып олардың барлық
талаптарына жауап беретін жаңа өнімдер жасап шығарды.
Банктің бәсекеге қабілеттілігінің артқанының белгісі ретінде
Қазақстандағы банк секторының жалпы дамуы жағдайында АТФ Банк АҚ-ның банк
қызметіндегі үлесі бұрын жеткен жетістіктерін сақтап қана қоймай, қанатын
кеңге жая түскенін айтуға болады.
Банктің корпоративтік қаржыландыру саласындағы қызмет көрсету сапасы
күмән тудырмайды. Клиенттердің әрқайсысына жеке жағдай жасау, алынған
ақпарат пен қол жеткен келісімдердің құпиялығы, операцияларды жүзеге
асырудағы шапшаңдық - осының бәрі Банктің корпоративтік клиенттерге
ұсынатын қызметтерінің кешеніне жатады. Банктің жалпы табыстарының ішінде
осындай клиенттерді қаржыландырудан түсетін табыстың қомақты болуы Банк
клиенттерінің сенім артқанының және бізді таңдауға ықтиятты болғанының
айқын дәлелі.
Бұдан әрі де Банктің корпоративтік, шағын және орта бизнес мекемелерін
несиелеудегі басты міндеттері мыналар болып қала береді:
- Пайыздық және пайыздық емес табыстар тұрғысынан алып қарағанда
операциялардың жалпы орташа табыстылығын арттыру;
- өнімдерді жетілдіру және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыра түсу;
- клиенттерге қызмет көрсетуді жеделдету жолымен сату көлемін арттыру;
- портфельдің сапасын осы қалыпта қалдырып, нарықтағы үлесті арттыру;
- корпоративтік, шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеуге жауапты
қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыруға көп күш салу жоспарланған.
Сыртқы экономикалық сауда операциялары Қазақстан экономикасының бір
бөлшегі болып табылады. Осы күні АТФ Банк АҚ документарлық аккредитивтер
мен халықаралық кепілдіктерді пайдалана отырып операциялар жүргізу
саласында біраз тәжірибе жинап үлгерген. Банк Еуропаның, АҚШ-тың, Азия және
ТМД елдерінің көптеген банктерімен тығыз қарым-қатынас орнатып, олардың
сенімі кірді. Соның арқасында, АТФ Банк клиенттерге документарлық
операциялар саласында және сыртқы экономикалық келісімдерді қаржыландыруда
әріптестік орнатуды ұсынады. Сауданы қаржыландыру құралдарын қолдана
отырып, Банк клиенттерге экспорттық-импорттық операциялар барысында
коммерциялық және қаржылық тәуекелді азайтуға мүмкіндік береді.

1.3 Қысқа мерзімді несиелендіруді ұйымдастырудағы шетел тәжірибесі

Көптеген елдердегі банктік қызмет саласындағы несиелік жүйенің
дамуына байланысты банктік операцияларды әлемдік клиентура мен орындауда.
Коммерциялық банктермен жүзеге асырылатын активтік операциялардың Америка
Құрама Штаттарында және Рессиейде жүргізілу тәртібін қарастырамыз.
Қазіргі кездегі Америка Құрама Штатында 15000 коммерциялық банкі
қызмет жасауда. Бұл коммерциялық банктердің ерекшілігі – филиалсыз, яғни
банктердің бөлімшелері болмайды. Сондықтан да Америка Құрама Штатында ең
көп коммерциялық банктер болып табылады. Соңғы екі он жылдықта әсірісе,
операциялардың көлемі тез қарқында дамуда.
Америка Құрама Штатының несиелік жүйесінің екі элементтен, яғни,
банктік жүйе федералды резервтік жүйесі, елдің орталық банкінің қызметін
атқарушы, коммерциялық банктердің, инвестициялық банктерінің, жинақтаушы
банктерінің қызметтерін орындаушы, және банктік емес несиелік институттар.
Америка Құрама Штатының орталық банкінің қызметі Федералды резервтік
жүйе атқарады. Федералды резервтік жүйесінің мүшелері – Америка Құрама
Штатының кредиттік жүйесінің 70 пайыздан жоғары депозиттік салымдары бар
ірі, меншікті коммерциялық банктері табылады.
Бұл коммерциялық банктер Федералдық резервтік банктердің акционерлері
мен қызмет жасап және акционерлік пай ретінде 6 % дивидент алады. Федералды
резервтік жүйе банктерінің мүшелері Федералдық Резервтік Жүйенің біреунің
клиенті бола алады, сондай – ақ өзіне қажетті ақшалай қаражатты несиелік
жолмен ала алады. Егер сол банктен ссуданы алу барысында оның ресурстары
шектеулі болған жағдайда Федералдық Резервтік Жүйенің мүшесі үшін бұл
жағдайды болдырмауға, яғни бұл активтік операцияларды барлық федералды
резервтік жүйенің ресурстарын пайдалана отырып, клиентке беріледі.
Америка Құрама Штатының коммерциялық банктері ұзақ, орта, қысқа
мерзімді ссудаларды шағын және орта бизнеске, ірі корпорацияларға,
федералды және жергілікті үкімет органдарына береді. Сонымен қатар,
қаржылық және трассталық қызметерді орындайды. Бірақта, американдық банктер
заңдылықтарға сәйкес, бағалы қағаздар иелері бола алмайды; коммерциялық
және трасталық қызметтер арасында “қытай қабырғасы” акпараты болады, бұл
ақпарат трастық бөлімінен жеткізіліп, келесі беруіне жіберілмейді.
Американдық банктер холдингтік компаниялар арқылы өз клиентеріне
инвестициялық қызмет көрсетеді. Коммерциялық банктерге тікелей жолмен
корпоративті бағалы қағаздар мен операциялар орындау үшін тиім салынған;
электронды қызметтер және брокерлік қызметтер көрсетіледі.
Несиелік институттар арнайы салалары мен шаруашылық қызмет салаларын
несиелендіру мен айналысады. Инвестициялық қызмет банктердің маңызды бағыты
болып табылады. Инвестициялық банктер ұзақ мерзімді ссудалық капиталды
қалыптастырады және оны облигациялар мен басқа да несиелік міндеттемелерді
шығарумен және орналастыру мен өз қарыз алушыларына ұсынады. Америка Құрама
Штатының инвестициялық банктерінің классикалық типтерінің мінездемесіне тән
белгі болып , заңдылықтарына сәйкес коммерциялық банктер инвестициялық
қызмет пен айналысуына тиым салынған, тек оларға мемелекеттік және
муниципалды облигациялармен операциялар жүргізу көрсетілген.
Ал, Ресей Федерациясының коммерциялық банктерінің активтік
операцияларын жүргізуін қарастырсақ, келесідей ақпараттық мәліметтер оған
тән болып табылады.
Бүгінгі таңда Ресейдің коммерциялық банктері тартылған қаражаттарды
орналастыруда нарықтық критерияларымен, өтімділігімен, табыстылығымен және
тәуекелділігімен жетекшілік етуде.
Ресей Федерациясының коммерциялық банктерінің активтік
операцияларының экономикалық мазмұны бойынша, оларды негізгі төрт топқа
бөлуге болады:
- бос ақша қаражаттар резевтері – бұл кассадағы жеке және ақша қаражаттары,
есептік-кассадағы корреспондентік шоттар, және басқа да несиелік мекеме-
ұйымдардағы корреспондентік шоттардағы қаражаттар Бос резервтер- банктің
барлық активтері ішіндегі ең өтімдісі болып табылады. Бірақ, ережеге
сәйкес, бұл активтер табыс аз әкеледі немесе табыс мүлдем бермейді.
- несиелер мен қаражаттарды басқа несиелік ұйымдарға, сонымен бірге Ресей
банктеріне депозиттік салым түрінде орналастыру болып табылады. Банктерде
ресурстарды несиелер немесе депозиттер формасында орналастыру кезінде
қарыз алушыларға сомалары бойынша фиксациялауға талап қойылады. Банктердің
табысы осы операциялар бойынша қызмет көрсетілген , бекітілген соң
қалыптасады. Ол табыс көзі пайыз ретінде көрсетіледі.
- инвестициялар – бұл банктің бағалы қағаздарға және басқа да қаржылық
активтерге салған ресурстары шетел валютасын, қымбат металдар, сондай-ақ,
шаруашылық біріккен қызмет саласында қатысқан үлесі.
Бағалы қағаздар мен басқа да қаржылық активтерді инвестициялау
қаражаттары арқылы, коммерциялық банктер әртүрлі мақсат көздейді.
Коммерциялық банктер шетел валютасын, алтын немесе мемлекеттік бағалы
қағаздарды сатып ала отырып, банктер өз резервтік өтімділігін кеңейтеді,
яғни аталған бағалықтар банкке қажетті ақшалай қаражаттар түрінде болуы
мүмкін.
Портфельдік инвестицияларды жүзеге асыруда (акция, облигациялар, басқа
да бағалы қағаздар), коммерциялық банктер қосымша табыстар алуды
дивидендтер формасында есептейді. Мекемелерді басқаруға қатысу барысында
банктер корпорациялардың бақылау пакет акцияларын ала отырып, тікелей
өндірістік инвестицияларын жасайды.
Банктің материалдық және материалдық емес активтері жатады. Оларға
банктің жұмысы үшін қажетті , басқа біреудің құрал жабдықтары, мүліктері
кіреді. Сол себепті, банктің активтері табыстылықтары бойынша, тәуекел
деңгейі бойынша және өтімділік қарқыны бойынша топтастырылады.
Банктің активтері табыстылық деңгейіне байланысты келесілерге
бөлінеді:
- табыс әкелетін несилер, инвестициялар;
- табыс әкелмейтін бос резервтер, материалдық резервтер.
Барлық активтер тәуекел деңгейі бойынша Ресей Федерациясының бағалы
қағаздар инструкциясының №1 2001 жылдың 1 қазан, сәйкес 5 топқа
топтастырылады. Әрбір топқа сәйкес тәуекел коэффициенті қойылған, мұнда
банктің салым қаражаттары қандай мөлшерде тиімді екенін пайыздық түрде
көрсетіледі:
- Бірінші топ – тәуекелсіз 0
- Екінші топ – аз тәуекелді 10
- Үшінші топ – орта тәуекелді 20
- Төртінші топ – жоғары тәуекелді активтер 70
- Бесінші топ - өте жоғары тәуекелді активтер 100.
Бірінші топқа тәуекелден бос активтер кіреді. Олар корреспонденттік
шоттағы және Ресей Федерациясының бағалы қағаздарының резервтік шотындағы
банктің қаражаттары.
Ал екінші топқа минималды коэффициенті бар тәуекелдер – 10 %
жатқызылады. Бұл Ресей үкіметінің кепілденуімен берілген ссудалар, қымбат
металдардың бейнесін түсіріп кепілге алатын ссудалар.
Банктердің активтік операциялары ең жоғары тәуекелді деп бесінші
топтағы активтерді (100%) жатқызады. Оларға банктің клиенттеріне қысқа және
ұзақ мерзімді ссудалары, шаруашылық бойынша дебиторлық операциялар және
капиталды салымдары кіреді .
Банктік тәжірибиеде өтімділіктің ерекшеленеуі келесілер арқылы
байқалады. Жоғарғы өтімді активтер, яғни ақшалай формада немесе ақшалай
формаға тез ауысатын активтер болып табылады. Кассалық қолма қол ақшалары
бірінші кезекте резервке жатады, корреспондентік шоттардағы қалдықтар да
осы активтер қатарына кіреді. Қысқа мерзімді өтімді активтер, екінші
нарықта болатын қысқа мерзімді ссудалар мен бағалы қағаздар болып
табылады. Қиын және ауыр түрде ұйымдастырылатын активтер, екінші нарықта
дамымайтын ұзақ мерзімді ссудалар мен бағалы қағаздар. Төмен өтімді немесе
өтімділігі төмен активтер, банктің негізгі қорларына салымдар.
Коммерциялық банктердің активтік операцияларының құрылымы әртүрлі
факторларға байланысты әрдайым өзгеріп отырады.

2 ҚР БАНК СЕКТОРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАНЫ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ НЕСИЕЛЕНДІРУІН ТАЛДАУ

2.1 АТФ Банк АҚ Семей қаласының филиалының техникалық-экономикалық
сипаттамасы

2008 жылы АТФ банкке 10 жыл толды. 2 млрд-қа жуық активтері бар бұл
банк қазір Қазақстанның алдыңғы қатарлы қаржы институттарының біріне
айналды. Осыдан 10 жыл бұрын Қазақстанда 130 банк болған. Сол уақытта
олардың басым көпшілігі жабылып қалып, екі ғана банк лицензиямен жұмыс
істеді. Мемлекет тарапынан жұмыс істеуге рұқсат алған екеудің бірі осы
Алматы АТФ банк. 10 жыл бұрын оның жарғылық капиталы небәрі 110 млн. теңге
болса, қазір банк активтері  1 млрд. 830 млн. долларға жетті, ал капиталы
200 млн. доллар да, табысы 9 млн. доллардан асты. Қаржы институтының
“дамуды” алға көздеп, арнайы жасаған  жаңа бизнес стратегиясы оның
өркендеуіне жол ашты. Қазір “сенімді-өркендеу” банкі қазақстандық мықты
дамыған банктердің төрттігіне кіреді.        
АТФ банк орта және шағын бизнестің дамуына үлес қосып, тұтынушылық
несиесін дамытты, әрі еліміздігі ірі компанияларды қаржымен қамтамасыз етіп
келеді. Жылдан жылға банктің шығын деңгейі төмендеп, жаңа банктік
технологияларды енгізіп, өз аумағын кеңейтуде. Қазір Қазақстанда оның 18
бөлімшесі жұмыс істейді. Ресейлік және қырғызстандық “Энергобанкпен”
серіктес. Қаржы үйымы Еуразиялық даму банкпен қарым-қатынасын одан әрі
дамытпақ.
"АТФ банк" АҚ Қазақстан қор биржасына 13 млрд. теңгенің облигацияларын
шығармақшы. Теңгемен шығарылатын облигацияларды тіркеу процессі
жүргізілуде. Бұл - 7-10 жылдық облигациялар.
2006 жыл қорытындысы бойынша банк жеке капитал мөлшерін екі есе
арттырып, кіріс мөлшерін біршама өсірді. Қазіргі жағдаймен АТФ банкі
Қазақстан рыногында 7 процент шамасында үлес иемденіп отыр.
АТФ Банкі АҚ банкаралық нарықта өз ұстанымдарын нығайтуда. Бақылау
агенттерінің кең ауқымда жұмыс атқаруларының арқасында банк шетелдік және
ресейлік институттардың басты назарын аударды. Сарапшылардың пікірі
бойынша, АТФ Банк несие-қаржылық жүйеде сапалы қызметтері мен
сенімділігінің арқасында ең алдыңғы орынды иеленеді.
Банк жұмысының клиенттік және серіктестік саясаты бөлігіндегі басты
принциптері мен басымдықтары: ұзақ мерзімді ынтымақтастық, жеке қызмет
көрсету, жоғары кәсібилік, құпиялылық.
АТФ Банкі бүгінде нарықтың барлық саласына қатысушы, жетекші қаржылық
топқа айналды: корпоративтік және жеке тұлғалар бизнесі, сауданы
қаржыландыру, қор рыногы, несиелендіру, шағын және орта бизнесті дамыту,
лизинг, ипотека, зейнетақы қоры және т.б көптеген қызмет түрлерін қамтиды.
АТФ Банкі ақырғы жылдары бүкіл банк жүйесі сияқты тұрақты дамуда. Банк
әлі күнге дейін шағын және орта бизнеске арналған екі үздік банк ретінде
танылуда және аталған бизнес үшін “бөлшектік банк” ретінде қарастырылады.
Несие беру туралы шешім қабылдау кезінде банк жаңа басталған және әрекет
етуші бизнесті де бірдей қарастырады. Егер банктің бағалы қағаздар
нарығындағы салымдарына тоқталатын болсақ, ол орта деңгейде тұр деуге
болады және банк активтерінің 10% немесе 2 млрд. теңгіні құрайды. Бағалы
қағаздар салымдары дифференцирленген деп айтуға болады және теңгелік
активтермен қатар валюталық активтерде қарастырылған.
Баланс валютасы 2006 жылға дейін 291,6 пайызға жоғарлап, ол бүкіл ҚР
банк жүйесінде жоғарғы орынды алды, және АТФ Банк 4-ші орыннан 3-ші орынға
ие болды. АТФ Банк үлесі 8,4 пайыздан 11,8 пайызға көбейді.Банк тартқан
клиенттердің қаражаттары да көбеюде. Олардың ішінде талап етілген
клиенттер қаражаттары 19,6 пайыз алады, мерзімді депозиттер – 80,4 пайызын
құрайды.
2006 жылы баланс валютасы 359,2 млрд. теңгеден 1047,3 млрд. теңгеге
дейін жоғарылады (сурет 1).

Сурет 1 – Жылдар бойынша баланс валютасының динамикасы, мың теңге

Ал 2007 жылы баланс валютасы 62684 млн. теңгеге азайып, 984654 млн.
теңгені құрады. Мұның басты себебі, банк несиелік мекемелерден алатын
қаражаттары 155583 млн. теңгеге азайғаны, егер 2006 жылы несиелік
мекемелерден тартылған қаражаттар 449388 млн. теңгені құраса, 2007 жылы
бұл көрсеткіш 293755 млн. теңгені құрады.
Бұл жалпы Қазақстан Республикасына әсерін тигізген әлемдік кризис
салдарынан несиелік мекемелердің ссудалық портфелінің қымбаттағына
байланысты.
Заңды тұлғалардың қаражаттары клиенттер алдындағы міндеттемеледің
81,5 пайызын құрайды, жеке тұлғалар қаражаттары – 18,5 пайы.
2006 жылы қаржылық ұйымдардан тартылған қаражаттар (соның ішінде ҚР
Үкімет қаржылары) 3,5 есеге көбейді. 2006 жылдың мамырында клиенттік
төлемдердің 100 млн. АҚШ доллар көлемінде секьюритизациясы өткізілді.
2007 жылдың 31 желтоқсанына АТФ Банктің Үкімет пен ҚР Ұлттық Банкінен
алған қаражаттары 412 062 мың теңгені құрады, бұл алдыңғы жылмен
салыстырғанда 3 270 301 мың теңгеге төмен (кесте 1).
Себебі 2006 жылы Ұлттық банктің мерзімді салымдары 3 064 189 мың
теңгеге тартылды, ал 2007 жылы мұндай қаржылар құйылған жоқ.
Кесте 1 – Үкімет және ҚР Ұлттық Банк қаражаттары, мың теңге

Көрсеткіштер 2007 2006
Халықаралық қаржыландыру бағдарламалары арқылы 389270 560136
алынған Үкімет қаражаттары
Жергілікті органдар қаржылары 22792 58038
Ұлттық банктің мерзімді салымдары - 3064189
Үкімет және ҚР Ұлттық Банк қаражаттары, барлығы 412 062 3 682 363

2006 жылы жай өтелінетін акциялар бойынша акция бағасы 7,5 теңгеден
төмен түссе, онда өтеуге 266.666 жай акция жатады.
Банк тартқан қаражаттардың ішінде несиелік мекемелердің қаражаттары
маңызды орын алады. Бірақ 2007 жылы банк саласындағы қиыншылықтарға
байланысты несиелік қаражаттарды тарту қиынға түсіп отыр. Осыған байланысты
несиелік мекемелерден алынған қаражаттар 2 есе төмендеп, 2007 жылы 293 755
мың теңгені құрады (кесте 2).

Кесте 2 - Несиелік мекемелердің қаражаттары, теңге

Көрсеткіштер 2007 2006
Займдар 235090117 322120241
Мерзімді салымдар 56995120 31629144
РЕПО операциялары бойынша түсімдер 1525687 93517235
Ағымдағы шоттар 144493 122262
Өтелінетін жай акциялар - 1999995
Несиелік мекемелердің қаражаттары 293755417 449388877

Барлық акциялар теңгемен шығарылған, олардың номиналы 1 теңгеге тең.
2006 жылы акциялардың нарықтық бағасы 10,2 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағымдағы төлем қабілеттілік
Қаржылық институттарға берілетін несиелер
Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелді бағалау
Қаржылық емес агенттіктерге берілетін несие
Коммерциялық банктердің тұтынушыларды несиелеу
НЕСИЕНІ БЕРУ НЕСИЕНІ ҚАЙТАРУ
Несиелік механизмнің экономикалық мағынасы
Заңды тұлғаларды несиелеудi ұйымдастыру
Несиелік процесс және несиелеу принциптері
Қазақстандағы шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу: дамуы мен жетілдіру жолдары
Пәндер