Ұлттық идентификациялық жүйе



ЖОСПАР

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
“Электронды үкімет” жұмысын іске асырудың маңызды стратегиялық жобалары
2.1. Ұлттық идентификациялық жүйе
2.2. Жаңа есепке алу жүйесінің артықшылықтары

2.3. ЖИН қолданылу саласы

ІІІ. Қорытынды
ЖИН алу процедурасы
Электронды Үкіметті қалыптастырудағы негізгі жобалардың бірі - ұлттық идентификациялық жүйе. Онда жеке тұлғалар және Қазақстандағы барлық заңды тұлғалар туралы ақпараттар болады. Бұл туралы мамырдың 15-і күні Мәжілістегі Үкімет сағатында Қазақстан Республикасындағы электронды Үкіметті қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөнінде баяндама жасаған ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы Асқар Жұмағалиев айтты. Оның сөзіне қарағанда осы үшін қазіргі таңда тиісті мәліметтер базасы әзірленуде. «Жеке тұлғалар және заңды тұлғалардың мәліметтер базасы туралы айтар болсақ, ілкі жобалар жүргізілді. Тұтастай алғанда ілкі жобалардың жұмысы олардың толыққанды екенін көрсетті. Ұлттық реестрлар туралы заң бекітілгеннен кейін бұл мәліметтер базасы өнеркәсіп эксплуатациясына енгізілетін болады. Және әрбір азамат оны пайдалана алады. Ал мемлекеттік органдар әрбір жеке тұлғалар және заңды тұлғалар туралы біліп отырады. Алайда жеке тұлғалар және заңды тұлғалар туралы мәліметтерді білуге кез-келген мемлекеттік қызметшіге рұқсат берілмейді»,-деді А.Жұмағалиев.
Оның айтуынша аталған мәліметтер базасын енгізу нәтижесінде жеке тұлғалар үшін бірыңғай идентификациялық нөмір ал заңды тұлғалар үшін бірыңғай бизнес нөмір енгізілетін болады. Осылайша электронды үкіметті дамытудың бірінші кезеңі аяқталады. Былтырғы жылғы “электронды үкімет” құру шаралары интернет арқылы ақпараттандыру ісін толық аяқтап, биылдан бастап интерак¬тивті кезеңді іске асыруға бағыт¬талған еді. “Электронды үкімет” дегеннің өзі орталық үкімет органдары жұмысының бағытын, атқарған шараларын, яғни барлық ақпараттарды интернет, яки ақпараттық технологияларды пай¬далану арқылы халыққа таратып отыру. Осы шараның алғышарты жә¬не заңдық негізі ретінде Парла¬мент былтыр “Ақпараттандыру туралы” және Қазақстан Респуб¬ликасының кейбір заң актілеріне осыған байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобаларын қабылдады. Үстіміздегі жылдың 11 қаңтарында Елбасы оларға қол қойып, жарияланған күнінен бастап ол заңдар күшіне енді. Осы заңда “электронды үкі¬метке” мынадай анықтама беріл¬ген: “ол – мемлекеттік органдар¬дың электрондық қызмет көрсе¬тулерді ұсыну жөніндегі жұмыс істеу тетігі”. “Электронды үкімет” үдерісін енгізу барысында былтыр Үкімет 8 қаулы қабылдады және осыған байланысты 60-тан артық ведомстволық бұйрықтар шығар¬ды. Соның ішінде 2006 жылдың 12 сәуірінде “электронды үкіметтің”

Пән: Іс жүргізу
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Тақырыбы :

Ұлттық идентификациялық жүйе

Орындаған

Орал - 2012

ЖОСПАР

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

“Электронды үкімет” жұмысын іске асырудың маңызды стратегиялық жобалары

2.1. Ұлттық идентификациялық жүйе

2.2. Жаңа есепке алу жүйесінің артықшылықтары

2.3. ЖИН қолданылу саласы

ІІІ. Қорытынды

ЖИН алу процедурасы

Электронды Үкіметті қалыптастырудағы негізгі жобалардың бірі - ұлттық
идентификациялық жүйе. Онда жеке тұлғалар және Қазақстандағы барлық заңды
тұлғалар туралы ақпараттар болады. Бұл туралы мамырдың 15-і күні
Мәжілістегі Үкімет сағатында Қазақстан Республикасындағы электронды
Үкіметті қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасын іске асыру жөнінде баяндама жасаған ақпараттандыру және
байланыс агенттігінің төрағасы Асқар Жұмағалиев айтты. Оның сөзіне
қарағанда осы үшін қазіргі таңда тиісті мәліметтер базасы әзірленуде. Жеке
тұлғалар және заңды тұлғалардың мәліметтер базасы туралы айтар болсақ, ілкі
жобалар жүргізілді. Тұтастай алғанда ілкі жобалардың жұмысы олардың
толыққанды екенін көрсетті. Ұлттық реестрлар туралы заң бекітілгеннен кейін
бұл мәліметтер базасы өнеркәсіп эксплуатациясына енгізілетін болады. Және
әрбір азамат оны пайдалана алады. Ал мемлекеттік органдар әрбір жеке
тұлғалар және заңды тұлғалар туралы біліп отырады. Алайда жеке тұлғалар
және заңды тұлғалар туралы мәліметтерді білуге кез-келген мемлекеттік
қызметшіге рұқсат берілмейді,-деді А.Жұмағалиев.
Оның айтуынша аталған мәліметтер базасын енгізу нәтижесінде жеке тұлғалар
үшін бірыңғай идентификациялық нөмір ал заңды тұлғалар үшін бірыңғай бизнес
нөмір енгізілетін болады. Осылайша электронды үкіметті дамытудың бірінші
кезеңі аяқталады. Былтырғы жылғы “электронды үкімет” құру шаралары интернет
арқылы ақпараттандыру ісін толық аяқтап, биылдан бастап интерактивті
кезеңді іске асыруға бағытталған еді. “Электронды үкімет” дегеннің өзі
орталық үкімет органдары жұмысының бағытын, атқарған шараларын, яғни барлық
ақпараттарды интернет, яки ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы
халыққа таратып отыру. Осы шараның алғышарты және заңдық негізі ретінде
Парламент былтыр “Ақпараттандыру туралы” және Қазақстан Республикасының
кейбір заң актілеріне осыған байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы заң жобаларын қабылдады. Үстіміздегі жылдың 11 қаңтарында Елбасы
оларға қол қойып, жарияланған күнінен бастап ол заңдар күшіне енді. Осы
заңда “электронды үкіметке” мынадай анықтама берілген: “ол – мемлекеттік
органдардың электрондық қызмет көрсетулерді ұсыну жөніндегі жұмыс істеу
тетігі”. “Электронды үкімет” үдерісін енгізу барысында былтыр Үкімет 8
қаулы қабылдады және осыған байланысты 60-тан артық ведомстволық бұйрықтар
шығарды. Соның ішінде 2006 жылдың 12 сәуірінде “электронды үкіметтің”
WWW.e.gov.kz атты веб-порталы іске қосылды. Заңда веб-порталға “электронды
үкіметтің” барлық электрондық қызмет көрсетулері мен электрондық ақпараттық
ресурстарына қол жеткізудің шоғырлы түйісін беретін ақпараттық жүйе деген
түсініктеме айтылған. Осы веб-порталға бүгінгі күнге дейін барлық орталық
мемлекеттік органдардан 933 ақпарат түсіп, халыққа жеткізілді. Айта кететін
жәйт, порталға түскен барлық ақпараттар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде
беріледі. 2006 жылдың соңғы статистикалық мәліметіне қарағанда, веб-
порталдың қызметін барлығы 1287 қолданушы ашыпты. Бұл орта есеппен күніне
400 адам оның қызметін пайдаланады деген сөз.
“Электронды үкіметтің” басты бағыты – ұлттық идентификациялық жүйе
жасау. “Идентификациялық нөмірлердің ұлттық тізілімі туралы” заң жобасында
бұл туралы нақты жазылған. Осы бағытты іске асыру үшін қазір “жеке
тұлғалар” және “заңды тұлғалар” атты мәліметтер базасы жасалды. АХАЖ-дың
215 бөлімшесінде тіркеу пункттері тәжірибеден өткізіліп жатыр. “Халықты
тіркеу мен құжаттандырудың” тіркеу бөлімінде (паспорт үстелдері)
бағдарламалық қамтамасыз ету шаралары жасалуда. “Мекен-жай тіркелімі”
жобасы бойынша да қазақ және орыс тілдерінде бағдарлама жасалды. Бұл –
мекен-жайлар мен олардың құрамдас бөліктері туралы мәліметтерді құруға,
жинақтауға және өңдеуге, еліміздің мекен-жай алаңын бір ізге салуға
арналған аппараттық-бағдарламалық кешен. Оның мемлекеттік мәліметтер
базасымен, соның ішінде мемлекеттік жер кадастры бойынша ақпараттық жағынан
ықпалдасуына мүмкіншілік туғызылған. Бұл істер Шығыс Қазақстан, Оңтүстік
Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Алматы, Жамбыл облыстарында сынақтан
өткізілуде. Дәл осындай әдіспен “жылжымайтын мүлік тізілімі” жобасы да
жасалып, ол Ақмола, Павлодар, Шығыс, Оңтүстік және Солтүстік Қазақстан
облыстарында сынақтан өтуде.
2006 жылдың 12 желтоқсанынан бастап барлық веб сервистерді, шлюздер
мен интрапет порталдарды ортақ алаңда кешенді тестілеу жұмыстары басталды.
2007 жылы “электронды үкімет” қызметін алу үшін еліміздің барлық аумағында
460 қолжетімді қоғамдық пукттер ашылады. Жергілікті атқарушы билік ол үшін
арнайы орындар дайындайды. Айта кететін жәйт, “электронды үкіметтің”
өңірлік бағыттары “электронды әкімдіктер” болады. Ол да қазір сынақ ретінде
бірнеше облыста қолданылды. Соның ішінде ШҚО-да жылдың аяғына дейін 110
ақпараттық және 20 интерактивті, Астанада 356 ақпаратты және 14
интерактивті, Алматыда 115 ақпаратты және 5 интерактивті қызметтер
көрсетіледі. Әрине, “электронды үкіметтің” тиімділігі халықтың оған деген
ынтасына байланысты. Ал халықты оның қызметін пайдалануға тарту үшін оқытып-
үйрету жұмыстарының да жедел жүргізілуі керек. Осыған байланысты Үкімет
былтыр арнайы қаулымен бекітілген бағдарлама қабылдады. Оған сәйкес 2007
жылы министрліктер мен ведомстволардың, әкімдіктердің халықты “электронды
үкімет” бағдарламасын қалай пайдалануды үйрету бойынша оқып-үйрену
формалары мен оның аяқталу мерзімі көрсетілген нақты сызба жасалды. Оқу
курсы 40 академиялық сағатқа (8 сағаттан 5 күн) шақталған. Бұл іске 2007
жылы 1 мың оқытушы мен жазғы каникул кездерінде информатика мамандығында
оқитын 2 мың студент тартылады деп жобаланып отыр. Сөйтіп, жылдың аяғына
дейін орталық, облыстық, аудандық жүйелерден барлығы 87 мың 700-ден астам
мемлекеттік қызметшіні оқытып, үйретпекші. Бұл іс халықты компьютерде жұмыс
істеуге үйрету курстарымен қатар жүргізіледі. Аталмыш бағдарлама бойынша
2007-2009 жылдары бюджеттік саланың қызметкерлері және жұмыссыздар
қатарынан жалпы саны 667 мыңнан астам адам компьютермен жұмыс істеуге
үйретіледі деп жоспарланып отыр. Сонымен бірге оқушылар мен студенттерді
компьютерге үйрету ісін бақылау үшін барлық оқу орындарында тестілеу
жұмыстары да жүргізілмекші.
“Электронды үкіметтің” қадамдарын қоғамдық негізде қолдап, оған
халықаралық сарапшылардың назарын аудару үшін елімізде былтыр 3 халықаралық
конференция өткізілді. Соның ішінде конференциялар 19 шілдеде “Электронды
үкіметті дамыту”, 22 қазанда “Ақпараттық қоғам “U-connect“ және 28 қарашада
“Электронды үкімет-2006”-ның бастамалары” деген атаулармен ұйымдастырылды.
Міне, қысқаша айтқанда, елімізде “электронды үкіметті” енгізудің қазіргі
қадамдары осындай. Қазіргі кезде елімізде жеке тұлғаларды есепке алудың
бірыңғай жүйесі енгізілуде. Бұған дейін елімізде мұндай жүйелердің бірнеше
түрі қолданылды. Мәселен, зейнетақы мен жәрдемақыны алушылардың есебі
Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтың мәліметтер базасында
жүргізілді. Ал салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді өндіртіп алу үшін
ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті жеке және заңды тұлғаларға арналған
өз базасын пайдаланды. ҚР Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитетімен
Жеке тұлғалардың мемлекеттік мәліметтер базасы негізінде төлқұжаттық
бақылау жүргізілді. Тиісінше, аталған мәліметтер базасымен, біздің
әрқайсымыздың үш идентификациялық нөмірлеріміз болды: СТН – салық
төлеушінің тіркеу нөмірі, ӘЖК – әлеуметтік жеке код, ID-код – азаматтың
идентификациялық коды. Сөйтіп еліміздің азаматтары бірнеше ведомстволарда
әртүрлі нөмірлермен тіркеліп тұрды. 12 сандық СТН-ды бізге салық және басқа
да міндетті төлемдерді алу үшін салық органдары берді. 16 сан мен
әріптерден тұратын ӘЖК-ты зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақыларды есептеп,
аудару үшін зейнетақы жүйесі пайдаланды. 12 саннан тұратын ID-код, жоғарыда
аталғандай, төлқұжаттың бақылау үшін қолданылды. Ендігі кезекте, әртекті
және бір-бірімен үйлеспейтін ақпараттар базасына қатысты мәселелерді шешу
және халықты есепке алудың бірыңғай жүйесін құру үшін ҚР Үкіметі 2007
жылдың 12 қаңтарында №223-111 Идентификациялық нөмірлердің ұлттық реестрі
туралы Заң жобасын қабылдады. Бұл заң 2007 жылдың 13 ақпанында күшіне
енді. Жеке тұлғалар туралы мәліметтерді тіркеудің бірыңғай жүйесіне өту
үшін осы заңмен ЖИН – жеке идентификациялық нөмір енгізілуде. ЖИН белгілі
бір жеке тұлғаға беріледі, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік түрінде қызмет
атқаратын жеке кәсіпкерге де беріледі. ЖИН-де бұрын СТН мен ӘЖК болған
барлық мәліметтер көрсетілген. Жаңа кодтың бастапқы жеті саны жеке тұлғаның
туылған күнін, айын, жылын және ғасырын, сондай-ақ жынысын көрсетеді, басқа
бес сан – жүйеге тіркеудің реттік нөмірі мен ЖИН-нің бақылау разряды болып
табылады. ЖИН негізінде электронды үкімет жобасын атқарушы Ұлттық
ақпараттық технологиялар АҚ-мен бірыңғай Жеке тұлғалар мемлекеттік
мәліметтер базасы жасалып, өнеркәсіптік қолданысқа берілді (ЖТ ММБ). Бұл
базада республикамыздың ЖИН бар 14 миллион 980 мың 167 резиденттері бар. Ол
мемлекеттік органдардың өз функцияларын атқаруына – резиденттерді тіркеу
мен оларға қызмет көрсетуге арналған, жеке тұлғалар туралы негізгі
мәліметтерді жинауға, сақтауға және ұсынуға арналған.

Жаңа есепке алу жүйесінің
артықшылықтары
Жеке тұлғаларға арналған бірыңғай мемлекеттік мәліметтер базасын құру
артық кодтарды болдырмайды және бұрынғы базалардың кемшіліктері мен
ауытқуларын жояды. Эталон болып табылатындықтан, бұл база – өмір бойы біз
туралы дұрыс және кешенді ақпаратты сақтайды. Сонымен қатар, әрине, халыққа
қатысты барлық мемлекеттік органдар мен жеке құрылымдардың өз функционалдық
міндеттерін атқаруын жеңілдетеді. Жеңілдікті біз – Қазақстанның тұрғындары
да сезінетін боламыз. Біз құжаттарды рәсімдеу мен алу кезіндегі
қиындықтардан, ведомстволық есепке алу жүйесіндегі сәйкессіздіктер сияқты
мәселелерден арыламыз. Бұл орайда, шартты жасасу немесе анықтама алу үшін
кез келген инстанцияға төлқұжатымызбен немесе жеке куәлігімізбен бірге үш
идентификатордың орнына бір ЖИН-ді ғана ұсына аламыз.
ЖИН бірегей яғни қайталанбас болып табылады. Ол адамға бір рет
беріледі: жаңа туған сәбиді АХАЖ (азаматтық хал-ахуал актісін жазу) тіркеу
кезінде немесе жеке басты куәландыратын құжатты алғашқы рет берген кезде
(ҚР азаматының жеке куәлігі жәненемесе төлқұжаты; азаматтығы жоқ тұлғаның
жеке куәлігі, ҚР-да тұруға ықтиярхат). Бізге берілген ЖИН өмір бойы
өзгертілмейді. Барлық ЖИН-дерді жеке идентификациялық нөмірлердің ұлттық
реестріне есептік тіркеуді ҚР Әділет министрлігі атқаратын болады. Сондай-
ақ құжаттарды қайта рәсімдеу тегін жүргізілетінін атап өту керек, яғни
Идентификациялық нөмірлердің ұлттық реестрі туралы Заңның 13-бабы 5-
тармағында көрсетілгендей, бюджеттік қаражат есебінен жүргізіледі. Заңның
бұл ережесі ҚР азаматтарына да, сондай-ақ шетел азаматтары мен азаматтығы
жоқ тұлғаларға да қатысты. Тегін негізде ЖИН-і бар жоғарыда аталған құжатты
қайта рәсімдеу үшін және алу үшін бұрын берілген құжаттардың тіркеуші
органдарға – ҚР Әділет министрлігінің қалалық және аудандық құжаттау және
тіркеу бөлімшелеріне өткізілуі шарт. Ал мемлекеттік баж салығын тек жеке
куәлікті немесе төлқұжатты бірінші рет алушы тұлғалар ғана төлейтін болады.
Әділет басқармасы мамандарының айтуы бойынша,  идентификациялық нөмір
толығымен енгізілгеннен кейін (13 тамыз 2010 жыл) СТН мен ӘЖК қолданыстан
шығарылады. Олардың рөлін жеке куәліктегі 12 саннан тұратын
идентификациялық нөмір атқаратын болады. Идентификациялық нөмір төрт
бөліктен тұрады. Бірінші бөліктегі алты сан азаматтың туған жылын, айын,
күнін көрсетеді. Екінші бөлігі бір саннан тұрады. Егер ол сан тақ болса,
онда құжат ер адамға тиесілі, ал жұп болса – әйел адамға. Мысалы, 1 және 2
саны ХІХ ғасырда дүниеге келген адамдарға тиесілі болса, 3 және 4 саны – ХХ
ғасырда туғандарға, ал 5 және 6 саны ХХІ ғасырда дүние есігін ашқандарға
тиесілі екен. Үшінші бөлігі келесі төрт саннан тұрады. Бұл –  жүйедегі
тіркеу реттік нөмірі. Соңғы сан – бақылау саны және ол автоматты түрде
анықталады. Идентификациялық нөмір еш қайталанбайды. Ол – саусақ іздері
сияқты дара.

ЖИН қолданылу саласы
Жеке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Электронды үкіметті» қалыптастыру және дамыту туралы
«Электронды үкіметті» қалыптастыру және дамыту
Ақпараттық технологияның құрылымы
Электронды Үкімет туралы Заң
Криминалистикалық диагностика теориясы ғылыми шешім ретінде
Байланыс желілері және олардың классификациясы
Банк қызметі және сақтандырудың ұйымдасқан құқықтық негіздері
Дәріхана деректер базасын жобалау
Ақпараттық қауіпсіздігі туралы түсінік
ҮКІМЕТТІ БАСҚАРУДЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫ ӘДІСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ
Пәндер