Қызылорда облысы



Жоспары:
1.Кіріспе. Қызылорда облысының жалпы сипаттамасы
2. Негізгі бөлім. Табиғаты
А) Жер бедерінің қалыптасу тарихы
Ә) Жазықтар мен ойпаттар
3.Қорытынды. Төбелер мен қыраттар
Сыр елі Арал теңізінің бассейнінде орналасқан қазақ халқының оның ішінде Сыр елінің тарихы мен шежіресінде аса маңызды орын алады. Арал бассейні Орталық Азияның ең ірі өзендері Әмудария мен Сырдарияның сағаларын және Арал теңізін қамтиды.
Сырдария өз бастауында батысқа бағыт алады да, Ходжент қаласынан кейін солтүстік батысқа бұрылып, Ақмешіттің қалың жынысына дейін жетеді, одан әрі ағысын өзгертіп, бірнеше тармаққа ажырайды, содан соң қамысты саяз екі жайылымға айналып, Арал теңізіне құяды. Сол кездегі деректерге қарағанда өзеннің ені 90-нан 140 сажынға дейін, кейбір тұстарында одан да асып кеткен, тереңдігі үш жарым сажынға жеткен, төменгі бөлігі одан да терең болған. Суы тұщы. Маусым айындағы ағыны өте қатты, минутына 30 және 34 сажынға жетеді. Өзеннің жоғарғы жағы аса құнарлы. Арал теңізіне жақындаған сайын топырақтың түсі де өзгере түседі- құмақты, сазды, қиыршық тасты, тұзды келеді. Қосқорған тоғайынан кейін өзен арнасын қалың қамыс көмкеріп, жағасы бір тегіс жапырақты тоғайға айналады. Онда талшықты өсімдіктер көп ұшырасады. Шөптерден шөпшай, жусан, ебелек кездеседі.
Сырдың арғы-бергі жағына өту оңай, өйткені ағысы бірқалыпты. Суының молдығы жағынан Орта Азия мен Қазақстандағы екінші өзен. Жылына екі рет – көктемде және жазда мұздықтар мен қар еріген кезде тасиды.
Арал теңізі мен Орта Азия өзендерінің байлықтары жайлы деректер Рузбиханың еңбектерінде де кездеседі: «Сырдарияның Аралға дейін созылып жатқан түрлі түсті гүлдерге бөлінген сағалауларында әр түрлі қанаттылар, жабайы есектер, киіктер және басқа да жануарлар мекендейді, жел де, орман перісі де өте алмайтын қалың тоғай өседі. Сырдария өзені Түркістан қаласының арасымен бойлап ағып жатыр, Дарияның жағасында өскен зәулім ағаштар көкпен таласады»
Арал теңізі жайлы мәліметтердің жиналуы орыс ғылымының тарихымен тығыз байланысты. Арал аймағы алғаш рет арабтардың «Үлкен сызба кітабы» мен Мәскеу мемлекетінің картасынан (1672ж) толық орын алды. Онда Арал Көк Теңіз деген атпен берілген. Атап айтқанда, Хвалин теңізінен Көк теңізге дейін күншығысқа қарай 250 шақырым, ал Көк теңізден Сыр өзенінің сағасында дейін 250 шақырым, Көк теңіздің ені 60 шақырым, суы ащы деп жазылған.

Табиғаты.
Жер бедерінің қалыптасу тарихы

Облыс аумағының жер бедері ұзақ уақыт бойы жердің сыртқы және ішкі күштерінің әсер етуі нәтижесінде қалыптасқан. Жүздеген миллион жылдар бойына

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Қызылорда облысы
Жоспары:
1.Кіріспе. Қызылорда облысының жалпы сипаттамасы
2. Негізгі бөлім. Табиғаты
А) Жер бедерінің қалыптасу тарихы
Ә) Жазықтар мен ойпаттар
3.Қорытынды. Төбелер мен қыраттар

Қызылорда облысының жалпы сипаттамасы

Сыр елі Арал теңізінің бассейнінде орналасқан қазақ халқының оның
ішінде Сыр елінің тарихы мен шежіресінде аса маңызды орын алады. Арал
бассейні Орталық Азияның ең ірі өзендері Әмудария мен Сырдарияның сағаларын
және Арал теңізін қамтиды.
Сырдария өз бастауында батысқа бағыт алады да, Ходжент қаласынан кейін
солтүстік батысқа бұрылып, Ақмешіттің қалың жынысына дейін жетеді, одан әрі
ағысын өзгертіп, бірнеше тармаққа ажырайды, содан соң қамысты саяз екі
жайылымға айналып, Арал теңізіне құяды. Сол кездегі деректерге қарағанда
өзеннің ені 90-нан 140 сажынға дейін, кейбір тұстарында одан да асып
кеткен, тереңдігі үш жарым сажынға жеткен, төменгі бөлігі одан да терең
болған. Суы тұщы. Маусым айындағы ағыны өте қатты, минутына 30 және 34
сажынға жетеді. Өзеннің жоғарғы жағы аса құнарлы. Арал теңізіне жақындаған
сайын топырақтың түсі де өзгере түседі- құмақты, сазды, қиыршық тасты,
тұзды келеді. Қосқорған тоғайынан кейін өзен арнасын қалың қамыс көмкеріп,
жағасы бір тегіс жапырақты тоғайға айналады. Онда талшықты өсімдіктер көп
ұшырасады. Шөптерден шөпшай, жусан, ебелек кездеседі.
Сырдың арғы-бергі жағына өту оңай, өйткені ағысы бірқалыпты. Суының
молдығы жағынан Орта Азия мен Қазақстандағы екінші өзен. Жылына екі рет –
көктемде және жазда мұздықтар мен қар еріген кезде тасиды.
Арал теңізі мен Орта Азия өзендерінің байлықтары жайлы деректер
Рузбиханың еңбектерінде де кездеседі: Сырдарияның Аралға дейін созылып
жатқан түрлі түсті гүлдерге бөлінген сағалауларында әр түрлі қанаттылар,
жабайы есектер, киіктер және басқа да жануарлар мекендейді, жел де, орман
перісі де өте алмайтын қалың тоғай өседі. Сырдария өзені Түркістан
қаласының арасымен бойлап ағып жатыр, Дарияның жағасында өскен зәулім
ағаштар көкпен таласады
Арал теңізі жайлы мәліметтердің жиналуы орыс ғылымының тарихымен тығыз
байланысты. Арал аймағы алғаш рет арабтардың Үлкен сызба кітабы мен
Мәскеу мемлекетінің картасынан (1672ж) толық орын алды. Онда Арал Көк Теңіз
деген атпен берілген. Атап айтқанда, Хвалин теңізінен Көк теңізге дейін
күншығысқа қарай 250 шақырым, ал Көк теңізден Сыр өзенінің сағасында дейін
250 шақырым, Көк теңіздің ені 60 шақырым, суы ащы деп жазылған.

Табиғаты.
Жер бедерінің қалыптасу тарихы

Облыс аумағының жер бедері ұзақ уақыт бойы жердің сыртқы және ішкі
күштерінің әсер етуі нәтижесінде қалыптасқан. Жүздеген миллион жылдар
бойына бірнеше рет теңіз суы басып, су астында қалып отырды. Сонымен бірге,
жер бетінің көтеріліп, керісінше төмен түсу сияқты күрделі процестер жүріп
отырды. Кайназой эрасының басында облыс аумағы біржола құрлыққа айналды.
Биік жерлердегі бұзылған тау жыныстарының ойыстарға жиналуынан аккумуляттік
жазықтар пайда болды. Осы кезде теңіздің шығыстағы шекарасы шамамен
Сырдария өзенінің төменгі ағысына дейін жеткен. Неогеннің басында жер
қыртысында бірнеше дүркін қозғалыстар болды, бірақ жер бедері ешқандай
өзгерістерге ұшыраған жоқ. Батыстағы Үстірт Хазар теңізінен көтеріліп, Арал
теңізі дараланды. Сонан бері де бұл теңіз суы солтүстікке, оңтүстік-шығысқа
жайылған, кей жылдары кейін шегінген, кейде суы молайып, бір-бірімен қайта
қосылып отырған. Жазық жерлерде денудац. процестердің әсерінен саздақты,
құмдақ, әр түсті саз балшық қабаттары жиналды. Неогеннің аяғында аридтік
климат үстем болып, соған баланысты бұрынғы сирек орманның орнына шөл және
қуаң далалы өңір қалыптасты. Төрттік дәуірдің орта кезінде Әмудария
өзенінің Қарақұм құмды алқабының солтүстік бөлігімен өтуіне байланысты Арал
теңізінің суы молая түсті. Арал маңы ойпатының оңтүстік шығыс жағынан төмен
Сырдария немесе Қызылорда ойпаты басталады және ол шығыста Түркістан қаласы
тұсына дейін созылады. Арал теңізіне қарай көптеген ежелгі өзен аңғарлары
тармақталып жетеді, оларға Іңкәрдария, Жаңадария, Қуаңдария сияқты
өзендердің арналары дәлел бола алады. Сырдарияның оң жағалаулық аңғарын
Дариялықтақыр жазығы алып жатыр. Қызылқұм жазығының солтүстік шығысы ғана
Қызылорда аумағына енеді, яғни Сырдария өзенінің аңғары мен Жаңадария
өзенінің аңғары аралығы. Мұндағы тұтас құмды алқаптың біразы өсімдіктермен
бекіген.
Облыс жер бедерінің басым бөлігі тегіс, кей ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қызылорда облысы бойынша жергілікті халық денсаулығына мониторинг жасау
Қызылорда облысының халқы
Қызылорда облысы халқының әлеуметтік-демографиялық жағдайының өзекті мәселелері
Қызылорда облысы тұрғындарының денсаулығына әлеуметтік-экологиялық факторлардың әсері
Білім мен ғылымға үлес қосқан менің өлкемнің тұлғалары
Қызылорда облысындағы туризм
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ
Қызылорда облысының кейбір демографиялық жағдайларын сипаттайтын тақырыптық карталар жасау
Ауыл аумақтарының мәселелерін шешу жолдары және дамыту
Халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру жолдары (Қызылорда облысы материалдары бойынша)
Пәндер