Қазіргі қазақ комедиясының даму ерекшеліктері



І. Кіріспе
Қазақ әдебитіндегі комедияның бастау алуы
ІІ. Негізгі бөлім
а) Комедия майталмандары
ә) Қазіргі қазақ драматургтерінің шағармалары
б) Қазіргі қазақ комедиясының тақырыптары
ІІІ. Қорытынды
ХХ ғасырдағы қазақ комедиясы мен қазіргі қазақ комедиясының айырмашылығы мен ұқсастығы
Қазіргі қазақ комедиясының даму ерекшеліктері
Драматургияның бір түрі – комедия. Грек тілінен аударғанда «күлкілі, қызық ән» деген мағынаны білдіреді. Комедия – өмірдегі келеңсіз, керексіз құбылыстарды, адам бойындағы қасиетсіздікті, оспадарлықты, мінездегі сықақпен сынап, келекеге айналдыратын күрделі пьеса. [3.346]
Қазақтың тұрмысында театр мен драматургиялық элементтерді шешендік өнерден байқауға болады. Ел ішінде ойын-сауықта көркем қыздырып, асқан тапқырлықпен, табиғи дарынымен дүйім жұрттытың ішек-сілесін қатырып, күлкінің ләззатына батырып, халық арасынан жарып шыққан өнер шеберлері де болған. Ақын-драматург Ә. Тәжібаев қулар өнерін сипаттай келіп: « Бұлар кезегі келгенде домбыраға қосылып, ағыта сөйлеп кететін ақын, жылата да, күлдіре де білетін әнші...» болып келетін қабілеттерімен бірге «... Күтпеген жерден күлкі шақыратын құбылыстар жасау, лезде-ақ басқа бейнелерге айнала қалу қулар деп аталушылардың басты қарулары» -деп өз ойын түйіндейді. Қулардың күлдіргі репертуары негізінен аттары аңызға айналған Алдар көсе, Жиренше, Айдарбек, Торсықбай, Қантай, Тантай, Мауқай тағы басқалардың төңірегінде өрбіп, ақыл-айлакерлігімен қоғам тірлігіндегі әлеуметтік құбылыстарды күлкі нысанына айналдырып, жан-жануар , хайуанаттан бастап, сан қилы адамдардың естен кетпес комедиялық қимылдарын жасаған. [4.10]
Грек әдебиетінен негізі қаланған бұл жанр бойынша қазақ әдебиетінде ерекше аталатын – Бейімбет Майлин, Мұхтар Әуезов, Қалтай Мұхамеджанов. Жұмыс барысында осы драматургетердің шығармалары мен тәуелсіздік жылдарындағы драматургтердің туындыларымен салыстыра отырып, ұқсастық пен айырмашылықтарына тоқталамын. Сонымен бірге, Қазан төңкерісінен кейін жас театр өнері Қазақстанның барлық жердерінде жандана түседі. Солардың бірі– көтеріліс қарсаңында Орда қаласындағы қазақ жастаратынан құралған труппа. Труппаны төңкерістен бұрын «Малдыбай» комедиясын жазған мұғалім Меңдіханов Ишанғали басқарады. Бұл пьеса 1920 жылы Тройцкідегі қазақ жастарының сауықшылар тобының репертуарында қойылады. Комедия өзінің туған қызы Жібектен малды артық көрген Малдыбай деген байдың озбырлығы әшкереленеді. Пьесаның идеалық желісі – Малдыбай мен еті тірі кедей жігіті Сәлменнің арасындағы қақтығыс және бас бостандығы, махаббат бостандығы жолындағы Сәлменнің жеңісі, сүйген жары Жібекті қапастан алып шығуы. Азамат соғысы кезінде жас труппа халық арасында Қазақ төңкерісінің идеясын тарату үшін қызмет істейді. Сол тұстағы өмір құбылысының күнделікті тұрмысына бейімдеп, труппа жетекшісі жалшылар тұрмысынан «Үйшік-үйшік», қазақ әйелдері тұрмысынан «Байғұстар» атты шағын комедиялар жазды. Бұл комедиялар командирлер курсында оқитын қазақ жастары мен мектеп оқушыларының сахналарында, жер-жерде ұйымдастырылған драма үйірмелерінде қойылып, қолжазба күйінде Орынбор, Астрахань, Орал қалаларындағы оқушы-жастардың күшімен клубтарда қойылды. [4.20]
1. Аймауытов Ж. 5 томдық шығармалар жинағы. 3-т. – Алматы: Ғылым,1997.-240 б.
2. Әуезов сайты: www.auezov.kz
3. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: Мектеп, 1976-372 б.
4. Құндақбайұлы Б. Театр туралы толғау. Алматы: Өнер, 2006.- 320 б.+16б (жапсырма)
5. Мақпырұлы С.Адамтану өнері. Алматы: Арыс, 2009.-214 б.
6. Мұхамеджанов Қ. Таңдамалы шығармалар. Үш томдық. 2-т. Пьесалар, портреттер, өнер жайлы ойлар. – Алматы: Атамұра, 1998-320б.
7. Балғабаев С. Ең әдемі келіншек. Пьесалар. – Алматы: Атамұра, 2006-225б.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:
І. Кіріспе
Қазақ әдебитіндегі комедияның бастау алуы
ІІ. Негізгі бөлім
а) Комедия майталмандары
ә) Қазіргі қазақ драматургтерінің шағармалары
б) Қазіргі қазақ комедиясының тақырыптары
ІІІ. Қорытынды
ХХ ғасырдағы қазақ комедиясы мен қазіргі қазақ комедиясының айырмашылығы мен ұқсастығы

Қазіргі қазақ комедиясының даму ерекшеліктері
Драматургияның бір түрі - комедия. Грек тілінен аударғанда күлкілі, қызық ән деген мағынаны білдіреді. Комедия - өмірдегі келеңсіз, керексіз құбылыстарды, адам бойындағы қасиетсіздікті, оспадарлықты, мінездегі сықақпен сынап, келекеге айналдыратын күрделі пьеса. [3.346]
Қазақтың тұрмысында театр мен драматургиялық элементтерді шешендік өнерден байқауға болады. Ел ішінде ойын-сауықта көркем қыздырып, асқан тапқырлықпен, табиғи дарынымен дүйім жұрттытың ішек-сілесін қатырып, күлкінің ләззатына батырып, халық арасынан жарып шыққан өнер шеберлері де болған. Ақын-драматург Ә. Тәжібаев қулар өнерін сипаттай келіп: Бұлар кезегі келгенде домбыраға қосылып, ағыта сөйлеп кететін ақын, жылата да, күлдіре де білетін әнші... болып келетін қабілеттерімен бірге ... Күтпеген жерден күлкі шақыратын құбылыстар жасау, лезде-ақ басқа бейнелерге айнала қалу қулар деп аталушылардың басты қарулары -деп өз ойын түйіндейді. Қулардың күлдіргі репертуары негізінен аттары аңызға айналған Алдар көсе, Жиренше, Айдарбек, Торсықбай, Қантай, Тантай, Мауқай тағы басқалардың төңірегінде өрбіп, ақыл-айлакерлігімен қоғам тірлігіндегі әлеуметтік құбылыстарды күлкі нысанына айналдырып, жан-жануар , хайуанаттан бастап, сан қилы адамдардың естен кетпес комедиялық қимылдарын жасаған. [4.10]
Грек әдебиетінен негізі қаланған бұл жанр бойынша қазақ әдебиетінде ерекше аталатын - Бейімбет Майлин, Мұхтар Әуезов, Қалтай Мұхамеджанов. Жұмыс барысында осы драматургетердің шығармалары мен тәуелсіздік жылдарындағы драматургтердің туындыларымен салыстыра отырып, ұқсастық пен айырмашылықтарына тоқталамын. Сонымен бірге, Қазан төңкерісінен кейін жас театр өнері Қазақстанның барлық жердерінде жандана түседі. Солардың бірі - көтеріліс қарсаңында Орда қаласындағы қазақ жастаратынан құралған труппа. Труппаны төңкерістен бұрын Малдыбай комедиясын жазған мұғалім Меңдіханов Ишанғали басқарады. Бұл пьеса 1920 жылы Тройцкідегі қазақ жастарының сауықшылар тобының репертуарында қойылады. Комедия өзінің туған қызы Жібектен малды артық көрген Малдыбай деген байдың озбырлығы әшкереленеді. Пьесаның идеалық желісі - Малдыбай мен еті тірі кедей жігіті Сәлменнің арасындағы қақтығыс және бас бостандығы, махаббат бостандығы жолындағы Сәлменнің жеңісі, сүйген жары Жібекті қапастан алып шығуы. Азамат соғысы кезінде жас труппа халық арасында Қазақ төңкерісінің идеясын тарату үшін қызмет істейді. Сол тұстағы өмір құбылысының күнделікті тұрмысына бейімдеп, труппа жетекшісі жалшылар тұрмысынан Үйшік-үйшік, қазақ әйелдері тұрмысынан Байғұстар атты шағын комедиялар жазды. Бұл комедиялар командирлер курсында оқитын қазақ жастары мен мектеп оқушыларының сахналарында, жер-жерде ұйымдастырылған драма үйірмелерінде қойылып, қолжазба күйінде Орынбор, Астрахань, Орал қалаларындағы оқушы-жастардың күшімен клубтарда қойылды. [4.20]
Халқымыздың мәдени тарихында Бейімбет Майлин драматургиясының алатын орын ерекше. Драматург қаламынан туған көптенген пьесалар 30-жылдардағы қазақ театрының берік орын алып, сахналық өнеріміздің елеулі әсер етті.Сахнамызға комедия жанрының шығуы Б.Майлин шығармаларына тікелей байланысты. Қазақ ауылындағы ескіліктің, надандықтың сарқыншағын, келеңсіз көріністерін сатира найзасына ілетін: Шаншар молда, Ауыл мектебі, Көзілдірік, Қос қақпан, Неке қияр, Жасырын жиналыс, Келін мен шешей сияқты шағын комедия-водевильдер кезінде кәсіби сахналармен бірге көркем үйірмелердің тұрақты репертуарына айналды. Автор шығармалары көркем-өнерпаздар үйірмелеріне, сауық кештеріне арналып жазылғандығын ең алдымен олардың қысқылығынан,кейіпкер санының аздығынан және олардың киімдері мен сахна декорациясының қарапайымдылығынан аңғарылады. Бейімбет комедиясына өз заманының көрінісі, яғни сол кездегі дүмше молдалар, жалған белсенді әкімдер, сауатсыз халық арқау болды. Шаншар моладсында сөзі мен ісі арасында айтарлықтай айырмашылық бар ауыл молдасының абыройының айрандай төгілуі өз заманындағы ащы шындық. Бейімбет Майлин сол ащы шындықты күлкіге айналдыра білген. Халықтың енді сауаттанып, әйелдердің де оқуға бет алып жатқан кездегі оқиға Ауыл мектебі пьесасына негіз болған. Ал, Талтаңбайдың тәртібі пьесасындағы Талтаңбаев обрызы колхоздастыру кезінінің алғашқы жылдарында Кеңес өкіметін де, оның саясатын да түсінбей әрі өрескел бұрмалап, асыра сілтеушілікпен елге қаншама собалаң орнатқан жалған белсенділердің атқа мін де, айда шап болмысын танытатын сатиралық типтер. Талтаңбаев жалған белсенді ғана емес, әпербақан да, ол сансыз асыра сілтеу, қиянат істерімен, надандық, азғындық моралімен де жағымсыз тұлға.
Майлин шығармаларында ауыл адамдарының, кедейдің күйі басты орын алады, себебі ол автордың өзінің көріп жүрген ортасының тағдыры.
Драматургия саласында әлемдік классиктердің дәрежесінде шыңдалған туындыларды ең алғаш дүниеге әкелген - Мұхтар Әуезов. Оның комедия саласындағы Айман-Шолпан пьесасы баршаға белгілі. Айман-Шолпан - драмалық комедия. Айман-Шолпан жырының өн бойында әдемі юмор жатыр. Осы ерекшелікті терең ұққан Әуезов халық жырының материалын комедия жазу үшін сәтімен пайдаланды. Қазақтың тұңғыш музыкалық театрының шымылдығы Айман - Шолпан комедиясымен ашылды. Пьесадағы сюжет жыр сюжетінің негізінен ауытқымайды. Драматург тартысты тереңдетіп, образдарды айқындап, идеяны ұштап, жаңа бояулар, соны өрнектер қосқан. Пьесадағы 17 кейіпкердің жетеуі жырда бар, өзгелерін автор қиялы, шығармашылық мақсат тудырған. Жырдағы тартыс Маман мен Көтібардың сәнді үйге таласуынан басталса, пьесадағы тартыс Әлібек, Маман байлардың Көтібарды адам санатына қоспай, намысына тиюінен өрбиді. Жырда жоқ, драматург қиялынан туған кейіпкер - Жарас барлық күлкілі ситуациялардың бел ортасында жүреді. Комедияда Әуезовтің образ, тамаша тип жасаумен бірге, шеберліктің биік деңгейіне жеткендігін, халықтық фольклор мен классикалық дәстүрді терең үштастыра білетін жаңашыл қаламгер екендігін танытты. Халық жырында нобайы ғана көрінген персонаждар комедияда тереңдетіліп, характерлік даралық сипаттарын тапқан. Әсіресе Айман мен Шолпан образдарының ерекшеленуі драматург шеберлігін көрсетеді:
* Айман -байыпты, байсалды, ақылды;
* Шолпан - ерке, тентек, тапқыр, өткір тілді.
* Пьесада жаңа бояулармен толысқан, жан-жақты ашылған кейіпкерлердің бірі - Арыстан ақын-сері тұлғасында бой көрсетеді.
* Жарас қулықпен, тапқырлықпен ширата түсетін коллизиялардың шешілуі жеткен кезде сахнаға ақылды, ойлы ақын Арыстан шығады. Сондықтан бұл екі образ бірін-бірі толықтырып тұр. Әлібектің Айманды, Арыстанның Шолпанды алуында кездейсоқтық емес, заңдылық жатыр.
Жыр негізінен он бір буынды қара өлең, 7-8 буынды жыр өлшемінен тұрса, комедияда ақ өлең, қара сөз аралас келеді. Жырдағы жеке тіркестер, троп түрлері пьесада кеңінен пайдаланылған. Жыр мен комедия арасындағы негізгі ұқсастық - сюжет, композиция, идея деңгейіндегі пафостағы ұқсастық. Әуезов шығармашылық кемел шағына келгенде, ертеде жазған көптеген туындыларына қайтадан оралып, жаңа нұсқалар, редакциялар жасады. Осындай мақсатпен 1956 жылы автор Айман - Шолпанның екінші редакциясын жасады. Алдымен өзбек саудагері, ұлық, биші, әнші орыс әйелі секілді қосалқы кейіпкерлер көркемдік мақсат атқарып тұрмағандықтан, ықшамдау, лаконизм шарттары ескеріліп, екінші нұсқада қысқарып қалды. Стиль талаптарының негізінде қара сөз атаулы түгелдей-ақ өлеңге көшті. Комедияның 1-актісі жаңадан жазылды. Қыз көре келген жігіттер қақтығысы жырда да, алғашқы нұсқада да жоқ. Ал Шөмекей тойы 2-актіге ауысты. Жеке сценалар әр жерде орын ауыстырылған. Жантық-Балпық ақындардың айтысы арасында енді Әлібек пен Арыстан әр түрлі сөз қосып, тартысты күшейтіп, ширатып отырады. Жеке репликалар тұтасып, монологқа ұласқан мысалдар бар. Алғашқы вариантта қосалқы кейіпкер, Көтібар қасында жүретін елеусіз шал екінші нұсқада характерлік даралығы бар халық өкілінің бейнесінде көрінеді. Комедия финалында Көтібар далаға жүгіре шығып, аспанға мылтық атып, айдапаға жүгіре қашады. Дәурені етіп, күні біткен заманның өкілі жаңа толқын жастарға не қайратымен қарсы турады? Еріксіз күлкіге айналып отыр. Комедия қазақ театрының сахнасынан түспейтін классикалық шығармалардың бірі болып қалды. Сахналық шешім, актерлер ойыны жөнінде көптеген пікір жазылды. Айман-Шолпан комедиясын 1934 жылы Ж.Шанин сахнаға шығарса, соңғы қойылымдар ішінде режиссер Ә. Мәмбетовтің еңбегі ерекше.
ХХ ғасырдың екінші жартысында комедияларымен танылған драматург- Қалтай Мұхамеджанов. Оның Бөлтірік бөрік астында, Құдағи келіпті пьесалары ХХІ ғасыр сахнасынан әлі де түскен жоқ.
Бөлтірік бөрік астында комедиясына студент жастар өмірі арқау болған. Драматург жастар бейнесін мінез-қылығы, мәдениеті мен ой-арманы тұрғысынан қарама-қарсы екі топқа бөліп көрсетеді. Студенттер - Әнуар, Жәмила, еңбек адамы Бекен өзінің адалдығымен көрерменді сүйсіндірсе, ал Сапар мен Арыстан - бірі арам ниетімен, енді бірі тоғышарлық мінезімен кері эмоция тудырады. Автор Арыстанның сөйлеген сөзі, ой толғанысы мен іс-әрекетіндегі шалағайлықты күлкі , сын туғызатын ұнамсыз сипаттар ретінде көрсетеді де, оның осы болмасына автордың өзі де күледі. Оның күлкісінде зіл бар. Ал Сапарға қатысты күлкісінің салмағы ауыр, мұнда әшкереушілік сипат басым.Өйткені, Сапар - Арыстаннан, Арыстандардан әлде қайда қауіпті.
Пьесадағы тағы бір кейіпкердің тұлғасы мен іс-әрекеттері еріксіз күлкі тудырады. Қалада көлеңкеде өскен, еркетотай Марфуғаның сөзі мен ісінде, түсінік-ұғымында күлкілі жайлар баршылық. Мысалы:
Марфуға, оның күйеуі Сұңғат, курстас жолдастары Әнуар, Сапар төртеуі сөйлесіп отыр. Әңгіме Сапар мен Жәмиләнің тойы туралы.
Марфуға, Сапар молодец! И мінезі прекрасный!... Немене сендер хватит!
Әнуар, Қойдық, ханум! Бағана әкеңнің үй жағынан таныс кастрюль мен мысық жетектеп келе жатыр едің, жылы-жұмсақтан бірдеңе бар ма?
Марфуға, Бар! (Ширмаға кіріп) Ойбай, мына екеуі жеп қойыпты. (Мысықтың бейнесін алып) Әнуар, знаешь, бұл қанша тұрады.
Әнуар, Қазақ мал шаруашылығын жақсы білгенмен, мысық шаруашылығымен көп шұғылданбағаны анық. Жылқы, сиыр, ешкі қанша тұрады десең айтар едім. Мысығыңа келгенде тіл күрмеледі.
Марфуға, Ты ничего не понимаешь в искусстве! [6.45]
Автор Марфуғаның психологиясы мен кейбір әрекеттерін жалпы қала жастарына тән мінез бен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Латын тілінің тарихы және ғылымдағы маңызы туралы мәлімет
Латын және қазақ тілінің медицинадағы маңызы
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев
Латын тілінің шығу тарихы жайлы
М.Мақатаев шығармашылығы
Драмадағы тарихилық. Қазіргі қазақ комедиясы
Драмадағы тарихи тұлға.қазіргі қазақ комедиясы (конспект)
Латын тілінің тарихы және ғылымдағы маңызы туралы
Мұқағали Мақатаев туралы
Байсейітов Қанабек
Пәндер