Әбу Әли ибн Сина



Мазмұны:
І. Кіріспе
Әбу Әли Ибн Синаның өмірбаяны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2
ІІ. Негізгі бөлім
а) Медецинаға қосқан үлесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
ә) Еңбек пен еңбек тәрбиесі туралы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
б) Дәрігерлік ғылымның ережесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
ІІІ. Қорытынды
Танылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
Әбу Әли ибн Сина (Abū ‘Alī al-Ḥusayn ibn ‘Abd Allāh ibn Sīnā) -ғалым, пәлсапашы, астроном, дәрігер, фармацепт. Толық аты-жөні Абу Али Хусейн ибн Абдаллах Ибн Сина, еуропалық дәстүр бойынша ол Авиценна, ал Шығыста Аш-Шайх-ар-Раис деген атпен мәлім. Ибн Сина өзінен кейін зор шығармашылық мұра қалдырып кетті: ертедегі деректерге қарасақ, ол 456 жуық еңбек жазды, бірақ бізге дейін оның 240 кітабы ғана жетті, ол еңбектер поэзия мен философиядан бастап, геология және астрономиямен аяқталып, білімнің барлық саласына арналған. Үлкен атаққа Ибн Сина дәрігер, ғалым және фармацепт ретінде ие болды. Ол бар болғаны 57 жыл өмір сүрсе де (980-1037 жылдары), оның өмірі мен дарыны осы уақытқа дейін аңызға айналып келеді.
Ибн Сина 980 жылы 16 тамызда Бұхара маңындағы Афшана ауылында дүниеге келген. Оның өзі жазған (ол оның алғашқы 30 жылын қамтиды) және оның шәкірті Джурджани жалғастырған өмірбаяны сақталған. Өзінің шыққан тегі туралы Ибн Сина былай деп жазады: «Менің әкем Балхадан, Нуха ибн Мансураның билік жасаған саманидасы кезінде Бұхараға көшіп келіп, онда төрелер кеңесінде жұмыс істеді. Оның қарамағына Бұхара өңіріндегі ауданның орталығы Хармайсананы береді. Афшанға жақын ауылдан, менің анам Ситара – жұлдызды өзіне әйел етіп алды. Онда алдымен мен, содан кейін менің інім дүниеге келді». Хусейн 5 жасқа келгенде (Ибн Синаны ата-анасы солай деп атаған), сол кездегі Шығыстың ірі орталықтарының бірі Бұхараға көшіп келеді. Баланы бастапқы мұсылман мектеп-мактабка орналастырады. Хусейн хатыб Убайдының ең кіші шәкірті болды. Өзінің сирек кездесетін қабілетімен ерекшеленді, 10 жасқа жеткенде Құранды жатқа білді, оның ана тілі парсы тілі болса да, араб тілінің грамматикасын меңгеріп алды. Өзінің үйден оқытатын мұғалімі Абу Абдаллах Натилидің жетекшілігімен ойлау туралы ғылымды, евклидтік геогметрияны, астрономияны оқи бастады. Оқудың соншалықты табысты жалғасқаны, шәкірті мұғалімнен озып, кейде оны тұйыққа тіреп қоятын.
Ибн Синаның өмірбаянындағы мынадай оқиғаны суреттейді: «Ол осыған ұқсас нәрсені естімеген, сондай талдау анықтамасын бердім. Ол маған таң қалып, менің ата-анама мені ғылымнан басқа ешнәрсемен айналыспауыма кеңес берді. Евклида кітабымен де солай болды. Мен бес-алты теореманы мұғалімнің көмегімен меңгердім, ал қалғанын өз бетіммен меңгердім. Натилидің мені оқытуға шамасы жетпеді. Мен кітаптарды өзім оқып үйрене бастадым. Осы уақытқа дейін өзі білмеген сұрақтарды, менен үйренді».
Ибн Сина жаратылыстану ғылымын, әсіресе медицинаны беріліп оқыды. Ғалым өзі жөнінде былай дейтін: «Басқа ғалымдар арасында медицинаны да үйренгенмін және теориялық оқуымды науқастарды емдеумен тәмамдағанмын. Сөйтіп, еш үзіліссіз жұмыс істеуге кірістім. Түнде оқып,
1. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010ж.
2. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет.
3. Петров Б. Д. Ибн Сина (Авиценна) М., Медицина 1980г.
4. А.В.Сагадеев «Ибн-Сина (Авиценна)»; М., «Мысль», 1980г.
5. Ю.Н. Завадовский: “Абу Али Ибн-Сина”
6. В.М. Воскобойников: “Великий врачеватель”
7. Б.Д. Петров: “Ибн-Сина (Авиценна)
8. В.А. Смирнова-Ракитина: “Повесть об Авиценне”
9. А.А. Семенов: “Абу Али Ибн-Сина (Авиценна)”
10. Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. -А., 1991.
11. 3.Алмаханова Х. Жас өспірімдерге эстетикалық тәрбие беру. /Методикалық нұсқау. А., 1990.
12. “Канон врачебной науки”. Абу Али Ибн Сина. Часть 1, Ташкент. Издательство “Фан” академии наук Республики Узбекистан, 1994. Стр. 5-12.
13. “Малая медицинская энциклопедия”. Редактор В. Х. Василенко. Т. 5. Издательство “Советская энциклопедия”. Москва, 1967. Стр. 652.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

І. Кіріспе 

Әбу Әли Ибн Синаның
өмірбаяны ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 2

ІІ. Негізгі бөлім

а) Медецинаға қосқан
үлесі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 6

ә) Еңбек пен еңбек тәрбиесі
туралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
9

б) Дәрігерлік ғылымның
ережесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 11

ІІІ. Қорытынды

Танылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

І бөлім. Кіріспе

Әбу Әли Ибн Синаның  өмірбаяны

     Әбу Әли ибн Сина (Abū ‘Alī al-Ḥusayn ibn ‘Abd Allāh ibn Sīnā)
-ғалым, пәлсапашы, астроном, дәрігер, фармацепт. Толық аты-жөні Абу Али
Хусейн ибн Абдаллах Ибн Сина, еуропалық дәстүр бойынша ол Авиценна, ал
Шығыста Аш-Шайх-ар-Раис деген атпен мәлім. Ибн Сина өзінен кейін зор
шығармашылық мұра қалдырып кетті: ертедегі деректерге қарасақ, ол 456 жуық
еңбек жазды, бірақ бізге дейін оның 240 кітабы ғана жетті, ол
еңбектер поэзия мен философиядан бастап, геология
және астрономиямен аяқталып, білімнің барлық саласына арналған. Үлкен
атаққа Ибн Сина дәрігер, ғалым және фармацепт ретін де ие болды. Ол бар
болғаны 57 жыл өмір сүрсе де (980-1037 жылдары), оның өмірі мен дарыны осы
уақытқа дейін аңызға айналып келеді.

     Ибн Сина 980 жылы 16 тамызда Бұхара маңындағы  Афшана ауылында
дүниеге келген. Оның өзі жазған (ол оның алғашқы 30 жылын  қамтиды) және
оның шәкірті Джурджани  жалғастырған өмірбаяны сақталған. Өзінің шыққан
тегі туралы Ибн Сина былай деп жазады: Менің әкем Балхадан, Нуха
ибн Мансураның билік жасаған  саманидасы кезінде Бұхараға көшіп  келіп,
онда төрелер кеңесінде жұмыс  істеді. Оның қарамағына Бұхара өңіріндегі
ауданның орталығы Хармайсананы береді. Афшанға жақын ауылдан, менің  анам
Ситара – жұлдызды өзіне әйел етіп алды. Онда алдымен мен, содан 
кейін менің інім дүниеге келді. Хусейн 5 жасқа келгенде (Ибн Синаны ата-
анасы солай деп атаған), сол  кездегі Шығыстың ірі орталықтарының бірі
Бұхараға көшіп келеді. Баланы бастапқы мұсылман мектеп-мактабка
орналастырады. Хусейн хатыб Убайдының ең кіші шәкірті  болды. Өзінің
сирек кездесетін қабілетімен  ерекшеленді, 10 жасқа жеткенде Құранды 
жатқа білді, оның ана тілі парсы  тілі болса да, араб
тілінің грамматикасын  меңгеріп алды. Өзінің үйден оқытатын мұғалімі
Абу Абдаллах Натилидің  жетекшілігімен ойлау туралы ғылымды,
евклидтік геогметрияны, астрономияны оқи бастады. Оқудың соншалықты
табысты  жалғасқаны, шәкірті мұғалімнен озып,
кейде оны тұйыққа тіреп қоятын. 
Ибн Синаның өмірбаянындағы мынадай оқиғаны суреттейді: Ол осыған ұқсас
нәрсені естімеген, сондай талдау анықтамасын бердім. Ол маған таң қалып,
менің ата-анама мені ғылымнан басқа ешнәрсемен айналыспауыма кеңес берді.
Евклида кітабымен де солай болды. Мен бес-алты теореманы мұғалімнің
көмегімен меңгердім, ал қалғанын өз бетіммен меңгердім. Натилидің мені
оқытуға шамасы жетпеді. Мен кітаптарды өзім оқып үйрене бастадым. Осы
уақытқа дейін өзі білмеген сұрақтарды, менен үйренді. 
Ибн Сина жаратылыстану ғылымын, әсіресе медицинаны беріліп оқыды. Ғалым өзі
жөнінде былай дейтін: Басқа ғалымдар арасында медицинаны да үйренгенмін
және теориялық оқуымды науқастарды емдеумен тәмамдағанмын. Сөйтіп, еш
үзіліссіз жұмыс істеуге кірістім. Түнде оқып, жазумен айналысатынмын. Ұйқы
басып кетсе, ұйқы ашатын сусыннан бір кесе ішіп, қайтадан жұмысқ
кірісетінмін. Тіпті ұйықтаған кезімде де менің миым оқыған нәрселерді
талдап жататын. Көбінесе ояу жүрген кезімде шеше алмаған кейбір нәрселердің
ұйқы барысында шешілетін байқайтынмын.

     Бірде Аристотельдің Метафизикасын  зерттей бастадым. Бұл кітапты 
қырық рет оқысам да, түсіне алмадым. Үмітім үзілгендей болды. Бір күні
базардан бір кітап сатып алдым. Ол кітап  мен қаншама оқысам да түсіне
алмаған  тақырып жөнінде жазылған Фарабидің  шығармасы еді. Кітапты алдым 
да, үйге келісімен оқуға кірістім. Сол уақытқа дейін түсіне алмаған 
Аристотельдің пікірлерін бірден ойыма  түййіп алдым да, оған өзім қатты 
қуандым. Аллаға шүкір етіп, кедейлерге садақа тараттым. 
 Содан кейін мен дәрігерлік ғылымға еліктедім, - өмірбаянында осылай
айтылды, - оған арналған кітаптарды оқи бастады. Мен аз уақыт ішінде
медицинада табысқа жеттім, сол кездегі атақты дәрігерлер менен кеңес сұрап
келе бастады. Ауруларға баратын болдым, өзімнің алған тәжірибемнің
нәтижесінде, айтып жеткізе алмайтын, маған сауықтыру қақпасы ашылды. Бұл
кезде мен он алты жаста едім. Ибн Синаның керемет дәрігер болғаны
соншалық, оған дейін ешкім дертін жаза алмаған Бұхара әмірі Нух Ибни
Мансурды емдеп шықты. Бұл үшін әмір Ибн Синаны кітапхана әкімшілігіне
тағайындады және Ибн Сина бұл жердегі кітаптың бәрін оқып бітіріп, білімін
кеңейтіп алды.

     Жас Ибн Сина сол кездегі атақты дәрігер  Абу Сахлем Масихимен танысып,
ғылыми хат жазысып тұрды, ортағасырлық Шығыстағы ғалым-энциклопедист Абу 
Райхан Бирунимен қақтығысып қалатын. 
Он жеті жасқа қараған кезде, Ибн Сина дәрігер ретінде Бұхарада үлкен атаққа
ие болып, Бұхарадағы эмир сарайына шақырылды. Нух ибн Мансур ұзақ уақыт
бойы ауырды, оны емдеген сарай маңындағы дәрігерлер оған ешнәрсемен
көмектесе алмады. Ибн Сина аз уақыт ішінде басқарушыны емдеп шығарды, ол
эмирдің жеке дәрігері болып сайланды, сарай кітапханасын пайдалануға рұқсат
алды, ол Таяу Шығыстағы ең жақсы және бай кітапхана еді. Мүмкін, дәл сол
Бұхара кітапханасында оның медицина бойынша қорытынды еңбегін жасау идеясы
туындаған шығар. Бірақ ол кезде ғалымның ойлағанының бәрі орындала
бермейтін. 

     999 жылы Бұхара қаласын қарахандықтар басып алып, мемлекет жан-жаққа
бөлініп, қала тоналып, Ибн Сина нәр алған кітапхана жанып кетеді. Басып
алушылардың қуғынымен Ибн Сина 1905 жылы Бұхара қаласын тастап, Хорезмнің
астанасы Үргенішке кетеді. Сол уақытта қалада көптеген атақты ғалымдар
тұрады: тарихшы және философ Әбу Райхан Әл Бируни, философ, дәрігер және
математик Әбу Сахл Мәсихи, Әбілхайыр Хаммар және т.б. Осы ғалымдармен
бірлесіп жұмыс істеуі Ибн Синаның білімін жетілдіруге малдандырды. Ғалымның
Хорезмде тұрған жылдары өміріндегі ең жемісті кезең болды. Осы уақытта ол
өзіне лайықты даңқ әкелген Дәрігерлік ғылымның ережесі және Емдеу
кітабы еңбектерін жаза бастайды. Дәрігерлік ғылымның ережесінің І
томында анатомияға арналған бөлім бар. Сол жайында Әбу Әли Ибн Сина Галенге
қарағанда толығырақ әрі нақтырақ баяндаған. Ал Галеннің анатомиясы -
айрықша мәнді жаңалық. Онымен Еуропа елдері 1500 жыл жуық шамасында
қолданған болатын.

     1002 жылы әкесі қайтыс болған соң,  Ибн Сина Хорезмнің астанасы 
Гурганджыға (қазір Үргеніш) көшіп  келеді. Жергілікті басқарушы шах 
сарайындағы Мамун Академиясына  пікір таластыру үшін келген 
ғалымдарға жақтау көрсетті. Ибн  Синаның соңынан Хорезмге Бируни 
мен Масихи келді. Біраз жыл  ғалымдар тыныштық тауып, ғылыммен 
шұғылдануға мүмкіндік алды.  Көрші Газна мемлекетінің сұлтаны Махмуд
басқарушы Хорезмнің бай жерін басып алғысы келді, 1008 жылы ғалымдарды оның
астанасына қоныс аударуын талап етті. Ибн Сина мен дәрігер Масихи сұлтанға
барудан бас тартып, түнде қарақұм құмы арқылы қашып кетті. Аңыз бойынша
үшінші күн жол жүріп келе жатқанда, дауылға тап болып, адасып, сусыз және
тамақсыз қалады. Масихи шөл далада өледі. Ибн Сина оны көмеді де, өзі әзер
дегенде құтылып шығады. 

     Мейірімсіз  әрі қатал билеуші Ғасни сұлтан Махмұд (998-1030)
Хорезмнің бай жерлерін өз иелігіне қосқысы келген болатын. Ол
дінді қатты ұстанатын адам болғандықтан, елдегі барлық ғылымның
ошақтарын басып тастап отырды. Осындай  билеушінің қол астында болғысы 
келмей, Ибн Сина 1010-1011 жылдары жасырын  түрде Хорезм қаласын тастап,
Хорасан  қаласына көшеді. Ғалым Гурганға келіп,
сонда Әбу Убейд Джурджанимен, өмірінің соңына дейін қасында болған ең
сенімді оқушысымен, танысады. Джурджани  Ибн Синаның сөздерінен оның
өмірбаяның жазып, ұстазы жайында нақты дерек көздерін тастап кетті.

     Гурган  қаласында Ибн Сина ғылыми жұмысы мен дәрігерлік
практикасын жалғастырады. Ол өзінің медицинаға байланысты ең негізгі 
еңбегінің Бірінші Кітабын жазуға – Дәрігерлік ғылымының еңбегін және т.б.
еңбектерін жазуға кіріседі. 1014 жылы Ибн Сина Гурган қаласын  тастпа,
кейбір уақыт Рее және Казвин қалаларында тұратын болады. Сосын 
Хамаданға қайтып оралып буддалық билеуші  Шамс ад-Дәуленің қол астына
орналасады. Осы қалада да Әбу Әли өзінің көптеген шығармаларын жазып,
“Китаб аш-шифа” (“Книга исцеления”) деген көптомдық философиялық
энциклопедиясын жазу жұмысын бастайды. 1023 жылы Исфаган қаласына көшіп,
“Китаб аш-шифа” еңбегін аяқтап, осы қалада қысқаша философиялық
энциклопедиясын Даниш-наме (Книга Знания)-ні және тағы басқа көптеген
шығармаларын жазады.

     Ибн Синаны іздеп жүрген Сұлтан Махмуд Газневи барлық қалаларға
ғалымның сыртқы түрін суреттеп адамдар жібереді. Кімде-кім данышпан
дәрігердің тұрақтаған жерін көрсетсе, үлкен сый алатын болды. Сол кезден
бастап Ибн Синаның өмірі Иранның түрлі қалаларында бітпес қаңғырумен өтті.
Ғалым Хамадан және Исфаханда өмір сүрді, онда ғылыми шығармашылықпен
айналысты, нысана қызметімен шұғылданып, сондағы эмирлердің сарай маңындағы
дәрігері болды. Ибн Сина басынан өткізген жағдайлар қиын болды. Бірнеше рет
қуғынға ұшырап, абақтыға жабылды. Үйін тонаған кезде, ғалымның көптеген
еңбектері жоғалып кетті. Кейбір жұмыстарын Ибн Сина ұзақ жол жүрген кезде,
ат үстінде отырып жазды. Өзінің күш-жігері және ғажап жадысы арқылы,
қажетті әдебиетті пайдалану мүмкіндігінен айрылса да, Ибн Сина ғылыми,
әдеби және дәрігерлік қызметін тоқтатпады. Өмірдің қиын соқпақтары
денсаулығына әсер етіп, 1037 жылы 18 маусымда қайтыс болды. Өлімнің
түйінін анықтауға талаптану, құпияны ашу, ауруды жеңіп шығу, адамдардың
өмірін жеңілдету үшін, барлық мүмкін болатын нәрселерді жасау, Ибн Синамен
алға басты, ол өзінің медицина бойынша басты еңбегі Китабуль- Канун  фит -
тыбб (Дәрігерлік ғылымның ережесі) жазып шықты. 

     Ибн Синаның 100-ден астам еңбегі бар  екені айтылады. Кейбіреулері
сол  заманда жоғалса да, ең негізгі  және бастылары бүгін қолымызда.
Еңбектерін дәстүр талабына сай араб тілінде жазған. Шығармаларының көбі
медицинаға, физикаға, астрономияға, философияға  арналған.
Үлкен энциклопедиялық  еңбегі - Аш-Шифа (шипа) және оның түсіндірмесі
болған Ан-Неджат (айығу) – ең әйгілі және дүние медицина тарихының ең
үлкен шығармаларының бірі. Батыста XIX ғасырда адам қанынан кездейсоқ 
табылған кіші қан айналысын Ибн  Сина X ғасырда-ақ білген.

     Адам  дәрігерлерінің заңдарын тәжірибе мен  бақылауларға арқау етіп
жазған Әл-Канун  фит-Тип (Емдеу заңы) атты еңбегі латыншаға  аударылып,
кейін французшаға, немісшеге, ағылшышшаға аударылып, XVI ғасырдан XIX
ғасырға дейін Батыстың бүкіл  университеттерінде оқулық ретінде 
пайдаланылған. Батыс бұл түрік  ғалымын Авиценна, шығыста Ұлықпан 
деген атпен таниды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ІІ. Негізгі бөлім

     а) Медицинаға қосқан үлесі

     Дәрігері әрі философы Әбу Әли ибн Синаның Анатомия мен физиологияға
кіріспе, Дәрігерлік ғылымның ережелері (Канон врачебной науки)
еңбектері өте құнды. Бүл еңбектерінде анатомия мен физиологияны жүйелеп,
қосымша мәліметтермен толықтырған. Кітап латын тіліне аударылып, 30-дан
астам рет кайта басылып шыққан. Өлімнің түйінін анықтауға талаптану,
құпияны ашу, ауруды жеңіп шығу, адамдардың өмірін жеңілдету үшін, барлық
мүмкін болатын нәрселерді жасау, Ибн Синамен алға басты, ол өзінің медицина
бойынша басты еңбегі Китабуль- Канун  фит - тыбб (Дәрігерлік ғылымның
ережесі) жазып шықты. 

     Медицинаға  деген қызығушылығы Ибн Синада ерте кезден оянды. 12
жасқа жетпей ол атақты дәрігер әрі философ Әбу Салаха әл-Масихидің кеңесі
бойынша медицинаны үйрене бастады.  Содан кейін мен дәрігерлік ғылымға
еліктедім, - өмірбаянында осылай айтылады, - оған арналған кітаптарды оқи
бастады. Мен аз уақыт ішінде медицинада табысқа жеттім, сол кездегі атақты
дәрігерлер менен кеңес сұрап келе бастады. Ауруларға баратын болдым,
өзімнің алған тәжірибемнің нәтижесінде, айтып жеткізе алмайтын, маған
сауықтыру қақпасы ашылды. Бұл кезде мен он алты жаста едім.

     Ибн Сина атақта Бұхар дәрігері Әбу әл-Мансұр Камаридің қолбасшылығы
астында  да медицинаны үйренген болатын. Бірақ  Камариде
оқу көпке жалғаспады. Ибн  Сина тез арада өз бетімен практикалық 
жұмыстармен айналысып, даңқты, атақты дәрігерлердің бірі болып, оны хан 
сарайына ауырып қалған Бұхар әмірін Нұха ибн Мансұрды емдеуге шақырады. 
Бұхар ханының немен ауырғаны белгісіз, бірақ Ибн Синаның емі  көмектесіп,
ол әлі Бұхарды 1 жыл  билейді.

     Бес томдық энциклопедия Дәрігерлік ғылымның ережесі Ибн Синаға
дүниежүзілік атақ әперді, медицина тарихында атағы  жайылған кітап болды.
Еңбек оның мазмұны мен дәл құрылымымен  ерекшеленді.  
Бірінші кітапта медицина теориясы жазылған. Бұл жерде шырындар туралы 
жазылған (қан, өт, лимфа) және табиғаттағы (қызу қандылық), адам денесінде
мүшенің қарапайымдылығы қысқа анатомиялық очерк беріледі – сүйектерді,
шеміршектерді, қан тамырларын, жүйкені еңбектерінде және аурулардың
бөлінуінде жүргізіледі. 

     Екінші  кітап – дәрілік қаржылардың  капиталды жинақ мәліметі туралы.
Онда 800 аса өсімдік, жануар және минералды  пайда болғандардың
емдік құрамын  және пайдалану әдісімен көрсетеді.  
Автор Орта Азияда өндірілген дәрілерді, сонымен бірге Индиядан, Қытайдан,
Грециядан, Африкадан, Жерорта теңізінің аралынан әкелгендерді жазып қояды.
Олардың көбі Еуропада Ибн Синаның шығармаларынан көпке мәлім бола бастады.
Алғаш Ибн Сина ұсынған көптеген дәрілер қазір де қолданылып жүр. 

     Үшінші  кітабындағы адам органындағы жеке аурулар, төртінші бөлімі
хирургияға, сынық пен буын тайғанды емдеуге  арналған, безгек туралы
жалпы оқуды (ауру кезіндегі дағдарысты), сонымен  қоса
жұқпалы ауруларды емдеу  жолын жазды. 

     Бесінші кітап күрделі дәрі-дәрмектердің құрамы туралы жазылды,
сонымен қатар  у және уға қарсы дәрілерді. Кейбір күрделі дәрі-дәрмектердің
құрамына, Ибн Сина жазып көрсеткендей, 37 бөлікке  дейін кіреді. Көптеген
дәрілер ертедегі дәрігердің, Еуропалық және Азиялық, нұсқаларымен берілген.
Қалғаны жаңадан  дайындалып, оны өзі байқап көрген.  
Дәрігерлік ғылымның ережесі грек, үнді және ортаазиялық медицина білімін
және тәжірибесін талдау және жүйелеуді ғана көрсеткен жоқ. Ибн Синаның
қызметі дәрігерлік тактикаға жаңаша болып енгізілді.  
Бұрын медицина ғылымына белгісіз жаңа мәліметтерді Ереженің әрбір бетінен
кездестіретін болды. Ибн Сина көрінбейтін жұқпалы аурулардың қоздырушысы
туралы ғылыми болжамды алға тартты, бұлар ауа және су арқылы тарайтын, 800
жыл өткеннен соң ғана француз Пастер ғалымның қоздырушы микроб туралы бұл
жұмбағын дәлелдеді. 
Ибн Сина тамыр туралы оқуды шығарды, оған әлі бір нәрсе қосу қиын болды.
Тамыр толқын тәріздес немесе ұршық тәріздес, екі соғу, ұзақ, дірілмен,
қысқа, аз, баяу, құмырсқаның илеуіндей болуы мүмкін. Тамыр сонымен қоса
жұмсақ, аласа, ара тәріздес, жуан, бос, қызу, күйгелек болады - деп
айтылған Ережеде.  

     Ибн Сина бірінші болып чума, холера, сары ауру туралы жазды,
олардың шығу себептерін, нышандарын талдап шықты, мұндай ауыр ауруларды,
менингит сияқты, асқазан жарасы, диабет және көптеген басқа аурулардың
емдеу әдістерін талдап қарастырды. Ол көздің бұлшық еттерінің құрылысын
анық түсіндіріп берді. Бәрі оған дейін көз фонарик тәрізді, ерекше сәуле
шығарады деп ойлайтын: бұл сәулелер затқа шағылысып, кері кетеді және
кескін береді. Ибн Сина көздің бұлағы хрусталь деген пікірді теріске
шығарды, заттың кескінделуі көз торы арқылы көрінеді.  
Дәрігерлік ғылымның ережесінде Ибн Сина ерекше назарды баланы тәрбиелеу
мен тамақтандыруға, физикалық жаттығулар мен дұрыс тамақтануға аударады.
Ибн Синаның еңбегінің соншалықты жоғары болғаны, ол Ережені жазып біткен
соң, ол дүние жүзінің барлық елдерінде медицина энциклопедиясы болды. 12
ғасырдың өзінде араб тілінен латын тіліне аударылып, көптеген қолжазбамен
тарады. 15 ғасырда кітап басып шығаруды ойлап тапқан соң, бірінші
басылымның бірі болып Ереже басылып шықты. Еуропада жиі басылып шығуы
жағынан Библиямен бәсекелесті, ал ол бар болғаны 40 рет басылып шықты. 17
ғасырдың соңына дейін Дәрігерлік ғылымның ережесі студент-дәрігерлер үшін
және Еуропада дәрігер үшін жетекші болуда, Шығыс елдерінде де негізі оқулық
болып қалды.  
Орта Азияда осыдан мың жыл бұрын өмір сүрген, ұлы ғалым, дәрігер Ибн Сина
адамның танымдық қабілетін, рухани өсуін көрсеткен, біздің заманымыздағы
ерекше тұлға болып қалады.

Әбу Әли ибн Синаның  негізгі медициналық  еңбектері:

• Дәрігерлік ғылымның ережелері (Китаб ал-Канун фи-т-тибб) - Ибн
Синаға дүниежүзілік атақ әперген 5 томдық энциклопедия, медицина
тарихында атағы жайылған кітап болды. Еңбек оның мазмұны мен дәл
құрылымымен ерекшеленді. Кітапта ғалым ауруларды кішкентай ағзаларда
жұқтыра алады деген ойға келді. Ол бірінші болып жұқпалы қышыма
ауруына көңіл бөлді, оба және тырысқақ  ауруларының айырмашылығын
анықтады және тағы да басқа ауруларды зерттеді.
• Дәрілік құралдар (Ал-Адвият ал калбия) — Хамадан қаласында болған
кезде жазылған еңбегі.Шығармада жүрек және өкпе аурулары терең
зерттелген.
• Дафъ ал-мазорр ал куллия ан ал-абдон ал инсония би-тадорик анвоъ хато
ан-тадбир еңбегі
• Шараптың пайдасы мен зияны (Сиёсат ал-бадан ва фазоил аш-шароб ва
манофиъих ва мазорих) — ғалымның ең қысқа трактаты.
• Медицина жайында дастаны (Урджуса фит-тиб).
• Тамыр жайында трактаты (Рисолайи набзийа).
• Жиһанкезге арналған шара (Фи тадбир ал-мусофирин).
• Цикория жайында трактат (Рисола фил-хиндабо).
• Рисола-йи жудия — құлақ, асқазан, тіс ауруларын емдеу жайында
жазылған.
• Сірке суы және бал жайындағы трактат (Рисола фи-с-сиканджубин) —
сірке суы мен балдың  қоспасының емдік қасиеттері мен оның дайындалу
жолдары жайында жазылған.
• Қан тамырларынан емдеу мақсатымен денеден қан алу (Рисола фил-урук
ал-мафсуда)

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ә) Еңбек пен еңбек тәрбиесі туралы

     Ибн Сина - ұлы гуманист. Ол еңбекке, еңбек етуге, еңбек тәрбиесіне
гуманистік, қоғамдық тұрғыда қарайды. Ол өзінің практикалық ісіне ақылдылық
пен ұстаздық тұрғысынан қарап, сол тұрғыда еңбек туралы былай деп тұжырым
жасайды: ''Егер қоғамдағы жұмыс-қа жарамды барлық адам түгелімен пайдалы
еңбек етсе, онда тіпті жұмысқа жарамсыз адамдарды түгелдей асырап бағуға,
болады. Ол тек еңбектің тазалығы мен халықтығын талап етеді'' - деген. Мұны
өзінің рубай-ларында атап көрсетіп кеткен. Ол өзі өмір сүрген кезең үшін -
қоғамдық пайдалы еңбек пен еңбек адамдары-ның өзара қайырымдылығы мен
мейірімділігін ұдайы ұштастырып отыратын еңбектің тәсілі мен бөлінісі
болуын уағыздады. Ол туралы еңбек заңын жасауды қажет деп санады. Осының
барлығы дұрыс ұйымдас-тырылған және әділетті құрылған қоғамда мемлекетте
пайдалы еңбекпен шұғылданбаған немесе өзінің орнын таппаған бірде-бір адам
болмауға тиіс. Ол қоғамның барлық мүшесінің белгілі бір кәсіппен
шұғылдануын талап еткен. Осы ретте ол қоғамдық және ортақ пайдалы еңбек,
қоғам үшін де жеке адам үшін де пайдалы деген ой түйеді.

     Ибн-Синаның  мемлекетке, ''жалпы'' адамзатқа ''арналған'', жеке
адамдар санасын, білімін, оқып үйрену, тәрбие алу үшін арнаулы  қаржы қор
бөлуге тиіс деген тұжырым  жасаған. Бұл қаржы халық арасынан жина-
латын алым-салықтан, мемлекеттік  меншіктерден, мекемелерден түсетін 
өніммен жиналуы керек, - деп сол  орта ғасырлық дәуірге дейін үлкен 
ұстаз екенін көрсете білді. ''Ортада'' жиналған қаржылар жұмысқа жарамай-
тын  мүгедектерге, қарттарға, ауруларға  жәрдем ретінде берілсе, ел
қорғаушы, тәртіп сақтаушы, жауынгерлерге жастарды ''тәрбиелеуші''
ұстаздарға, үйретуші адамдарға  жалақы ретінде төленуі тиіс - деген 
Ибн Синаның бұл ойы, оның үлкен  экономист екенін дәлелдейді. Адам-дардың
денсаулығы - айнала ортаға, экологияға бай-ланысты да оның айтқандарының 
зор тарихи маңызы бар. Оның ''жеке адам'' туралы тағылымдары адамның бойына
адамгершілік, еңбек, тәрбиелік қасиеттері оны ұлағатты ғалым,
ұстаз тәрбиеші қатарына қосады. Дәлірек, айтсақ, мемлекеттік  қор
''Жалпы халық игілігіне айналсын, соларға жұмсалсын - деген пікір 
мемлекеттік, жалпы халыққа бірдей білім берілсін, бірдей тең оқысын
деген пікірлермен ұштасады. Бұл  да оның ағартушылық көз-қарасын 
дәлелдейді.

Адалдық, ақылдылық, адамшылық,

Қайырымдық, мейірімді, жанашырлық.

Тәрбие, оқу, сана-білімдарлық,

Үшеуі ұлғатқа жол ашарлық.

Міне, Ибн-Сина бір адамның бойынан осыншама қасиеттің табылуын еңбек, оқу,
тәрбиеден  іздейді. Нақыл, ұстаздық, ұлғаттық өсиеттері  осы жоғарыдағы
даналықтан туындатады.

     Ибн-Сина Әл-Фарабиді ұстаз тұтқан. Фарабиді еске алу шағын және
ұстаздық пен тәлімгерлік туралы, ол былай деген: ''Тәлімгер табиғатына
өзімшілдік, қара басының қамын ойлау жат. Нағыз тәлімгер өзіне даңқ, атақ
іздемейді, керісінше, өз шәкірттерінің болашақта ұлы еңбекқор, ойшыл, ғалым
болғанын жан-жақ тәнімен қалап, сол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әбуәли ибн Сина- ғалым, пәлсапашы
Әбуәли ибн Сина
Ибн Синаның медицинаға қосқан үлесі
ӘБУ ӘЛИ ибн СИНА туралы
Ибн Синаның философиялық мұрасы
Ибн Сина философиясының батыс әлеміне ықпалы
Ибн Синадан қалған сөз
Ибн Сина және оның еңбектері
Әбу Насыр Әл-Фараби жайлы
Ислам философиясының Батыс христиан және яхуди философиясына әсері маңызды болды
Пәндер