Салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдаудың ақпараттық жүйесін тұрғызуды негіздеу



Ж О С П А Р:

І. Кіріспе
1. Салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдаудың ақпараттық жүйесін тұрғызуды негіздеу
2. Есепке алу және талдау басқармасы болжамдардың орындалуына талдау жасайды және ауытқа динамикасын анықтайды.

ІІ. Қазақстан Республикасының салық жүйесіне сәйкес салық түрлері
Салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуі бойынша
Ақпараттық жүйені құрудың мақсаты мен тағайындалуы.
Алматы қаласы бойынша Салық Комитетінің ұйымдастырушылық құрылымы.

ІІІ. Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойлатын талаптар
3.1. Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар
3.2. Техникалық жабдықтау

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы даму кезеңі қоғамдық құрылыспен қатар экономикалық, шаруашылық және қаржылық салаларда түбегейлі өзгерістермен сипатталады. Экономикадағы және шаруашылық салалардағы зандарды және нарық заңнамаларын қолданудағы нарықтық қатынасқа көшу, нарықтық құрылымды құру мен іске асыру біздің көзқарасымыз бен ісімізді түбегейлі өзгертеді. Біз жаңа мемлекет болып қалыптасып, өзінің жоспарларын жүзеге асыру үшін қаржы қажет болады, сондықтан әрбір мемлекет сияқты Қазақстан Республикасыда салық саясатын жүргізеді.
Салық дегеніміз бюджетке төленетін міндетті төлем. Бұл төлемдерді алдын ала белгіленген мөлешерде және Қазақстан Республикасының Салық заңнамалары мен Кодексі арқылы реттеледі. Қазақстан Республикасының салық жүйесі КРСО құлдыраған кезде 1991 жылы құрылды. Бұл бізді мемлекет болып өз саясаттарымыз жүзеге асырудағы алғашқы шараларымыздың бірі болып есептелінеді. Қазақстан Республикасының салық жүйесі бірнеше элементтен тұрады. Салқы қызметі органдары салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі, сондай – ақ салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындалуына салық бақылауын жүзеге асыру жөніндегі міндеттер жүктеледі. Салық қызметі органдары уәкілетті мемлекеттік орган мен салық органдарынан тұрады. Салық органдарына аймақаралық салық комитеттері, облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық комитеттері, аудандар бойынша салық комитеттері жатады. Арнайы экономикалық аймақтар құрылған жағдайда бұл аймақтардың аумағында салық комитеттері құрылуы мүмкін. Салық органдары тиісті жоғары тұрған салық қызметі органына төменнен жоғары қарай тікелей бағынады және жергілікті атқарушы органдарға жатпайды. Уәкілетті мемлекеттік орган салық органдарына басшылық жасауды жүзеге асырады. Салық органдарының бірінші басшыларын қызметке уәкілетті мемлекеттік органның бірінші басшысы тағайындайды. Қазақстан республикасының Салық комитетінің Қаржы министрлігіне қарайды. Алматы бойынша Салық комитеті алты аудандық Салық комитетін басқарады. Қаржы министрлігінен келген барлық нұсқаулар осы Алматы қаласы бойынша Салық комитетіне келеді, ал ол нұсқауларды аудандық Салық комитеттеріне таратады. Әрбір Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес және Қазақстан Республикасының Салық Комитетінің міндеттеріне қарай мемлекеттік бюджетке салық төлеуге міндетті. Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді Қазақстан Республикасының Салық Кодексі заңдары арқылы реттеледі. Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық саясатының негізгі бағыты немесе салық саясатының басты мақсаты – салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру.
Салық жүйесі - өзнің құрамы жағынан бірнеше компоненттерден тұратын күрделі модель. Салық жүйесінің компонентерінің құрамына мынандай: қаржы қатынастары және осы қатынасты анықтайтын салықтар; салық механизмі, яғни салық салу әдістері мен жолдары; нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар; салық салуды басқару және салық қызметі органдары. Салық салудың әдістері мен жолдары, нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар, салық салуды ұйымдастыр, салық салудың негізгі принциптері және т.б. салық механизміне жатады. Біздің басты мақсатымыз салық жүйеснің механизмінің жұмысының тиімділігін арттыру. Осыған орай ЭЕМ базасында экономикалық талдауды автаматтандыру барынша объективті қажеттілік болып тұр. Ол сапалы ақпаратты қызмет процесінің қожалық іскерлігіне ЭЕМ – нің техникалық өркендеудің дамуына осы заманғы экономиканың даму айналымының артықшылықтарына негізделген.

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 84 бет
Таңдаулыға:   
Ж О С П А Р:

І. Кіріспе
1. Салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдаудың
ақпараттық жүйесін тұрғызуды негіздеу
2. Есепке алу және талдау басқармасы болжамдардың орындалуына талдау
жасайды және ауытқа динамикасын анықтайды.

ІІ. Қазақстан Республикасының салық жүйесіне сәйкес салық түрлері
Салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуі бойынша
Ақпараттық жүйені құрудың мақсаты мен тағайындалуы.
Алматы қаласы бойынша Салық Комитетінің ұйымдастырушылық құрылымы.

ІІІ. Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойлатын талаптар
3.1. Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар
3.2. Техникалық жабдықтау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы даму кезеңі қоғамдық
құрылыспен қатар экономикалық, шаруашылық және қаржылық салаларда түбегейлі
өзгерістермен сипатталады. Экономикадағы және шаруашылық салалардағы
зандарды және нарық заңнамаларын қолданудағы нарықтық қатынасқа көшу,
нарықтық құрылымды құру мен іске асыру біздің көзқарасымыз бен ісімізді
түбегейлі өзгертеді. Біз жаңа мемлекет болып қалыптасып, өзінің жоспарларын
жүзеге асыру үшін қаржы қажет болады, сондықтан әрбір мемлекет сияқты
Қазақстан Республикасыда салық саясатын жүргізеді.
Салық дегеніміз бюджетке төленетін міндетті төлем. Бұл төлемдерді алдын
ала белгіленген мөлешерде және Қазақстан Республикасының Салық заңнамалары
мен Кодексі арқылы реттеледі. Қазақстан Республикасының салық жүйесі КРСО
құлдыраған кезде 1991 жылы құрылды. Бұл бізді мемлекет болып өз
саясаттарымыз жүзеге асырудағы алғашқы шараларымыздың бірі болып
есептелінеді. Қазақстан Республикасының салық жүйесі бірнеше элементтен
тұрады. Салқы қызметі органдары салық және бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының және
мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық
және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі, сондай – ақ салық
төлеушілердің салық міндеттемелерін орындалуына салық бақылауын жүзеге
асыру жөніндегі міндеттер жүктеледі. Салық қызметі органдары уәкілетті
мемлекеттік орган мен салық органдарынан тұрады. Салық органдарына
аймақаралық салық комитеттері, облыстар, Астана және Алматы қалалары
бойынша салық комитеттері, аудандар бойынша салық комитеттері жатады.
Арнайы экономикалық аймақтар құрылған жағдайда бұл аймақтардың аумағында
салық комитеттері құрылуы мүмкін. Салық органдары тиісті жоғары тұрған
салық қызметі органына төменнен жоғары қарай тікелей бағынады және
жергілікті атқарушы органдарға жатпайды. Уәкілетті мемлекеттік орган салық
органдарына басшылық жасауды жүзеге асырады. Салық органдарының бірінші
басшыларын қызметке уәкілетті мемлекеттік органның бірінші басшысы
тағайындайды. Қазақстан республикасының Салық комитетінің Қаржы
министрлігіне қарайды. Алматы бойынша Салық комитеті алты аудандық Салық
комитетін басқарады. Қаржы министрлігінен келген барлық нұсқаулар осы
Алматы қаласы бойынша Салық комитетіне келеді, ал ол нұсқауларды аудандық
Салық комитеттеріне таратады. Әрбір Қазақстан Республикасының азаматтары
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес және Қазақстан
Республикасының Салық Комитетінің міндеттеріне қарай мемлекеттік бюджетке
салық төлеуге міндетті. Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті
төлемдерді Қазақстан Республикасының Салық Кодексі заңдары арқылы
реттеледі. Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық саясатының
негізгі бағыты немесе салық саясатының басты мақсаты – салық жүйесін құру
және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске
асыру.
Салық жүйесі - өзнің құрамы жағынан бірнеше компоненттерден тұратын
күрделі модель. Салық жүйесінің компонентерінің құрамына мынандай: қаржы
қатынастары және осы қатынасты анықтайтын салықтар; салық механизмі, яғни
салық салу әдістері мен жолдары; нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар; салық
салуды басқару және салық қызметі органдары. Салық салудың әдістері мен
жолдары, нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар, салық салуды ұйымдастыр, салық
салудың негізгі принциптері және т.б. салық механизміне жатады. Біздің
басты мақсатымыз салық жүйеснің механизмінің жұмысының тиімділігін арттыру.
Осыған орай ЭЕМ базасында экономикалық талдауды автаматтандыру барынша
объективті қажеттілік болып тұр. Ол сапалы ақпаратты қызмет процесінің
қожалық іскерлігіне ЭЕМ – нің техникалық өркендеудің дамуына осы заманғы
экономиканың даму айналымының артықшылықтарына негізделген.
Берілген жұмыстың негізгі мақсаты қаржы аналитигінің ақпараттық жүйесін
қалыптастыру болып табылады. Ол оның жұмысын жеңілдетуін қамтамасыз етіп
кәсіпорынның қаржы мүлкін талдауға мүмкіндік береді.
Берілген жұмыстың шарты мынандай: Алматы қаласы бойынша Салық комитетің
қызметімен танысу, талдау ақпаратының сараптамалық жүйесіндегі
кемшіліктерді анықтау, жаңа ақпараттық жүйені жобалау, ақпараттық жүйені
жобалауда негізгі міндеттерді айқындау.
Бұл жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың 1-бөлімінде Алматы қаласы бойынша Салық комитетініңң
сипаттамасы берілген, ұйымның негізгі атқарылатын салық және басқа да
міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдау және болжау көрсетілген
ақпараттық жүйе негізінде талдау және болжауң бөлімінің жұмыс орыны
қарастырылады, сондықтан оның, іскерлік өрісі, салық және басқа да міндетті
төлемдердіңбюджетке түсуін талдаудағы ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу
қарастырылады. Сонымен қатар, экономикалық ақпаратты сараптау жүйесін
талдау және оның кемшіліктерін айқындау, негізгі қамтамасыздандыру түрлері
мен ақпараттық жүйедегі міндеттерді көрсету, бағдарламалық құралдардың
сипаттамасы мен осы берілген комплексті сұрақтарды шешу және олардың
кемшіліктерін анықтау баяндалады.
Екінші бөлімінде ақпараттық жүйенің орындайтын комплексті есептердің
қойылымын құру көрсетілген, салық және басқа да міндетті төлемдердің
бюджетке түсуін талдау және болжаудың ақпаратты базасын ұйымдастыру
және комплексті сұрақтарды шешілу жолдары келтірілген. Бағдарламалық
жабдықтаудың құрылымы, ақпараттық жүйе құрудағы қолдану ережесі
берілген және ақпараттық жүйені пайдаланудағы ережелерді жеңіл шешуге
мүмкіндік береді.
Үшінші бөлімде АЖ жасаудағы кеткен шығынның бағасы және оның
нәтижелілігін анықтау қарастырылған, сонымен бірге нәтижені
талдау, негізгі ақпараттық өнімді таратудағы негізгі міндеттерді
қолдану, салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдау
және болжаудың комплексті есептерді шешудің технологиясын өркендетуге
ұсыныс пікір айтылған.

1. САЛЫҚ ЖӘНЕ БАСҚА ДА МІНДЕТТІ ТӨЛЕМДЕРДІҢ БЮДЖЕТКЕ ТҮСУІН ТАЛДАУДЫҢ
АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ТҰРҒЫЗУДЫ НЕГІЗДЕУ

1.1. Қазақстан Республикасының салық және салық жүйесінің сипаттамасы

Салық – мемлекеттік бюджетке заңды және тұлғалардан белгілі бір
мөлшерде түсетін міндетті төлемдер.
Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың
мемлекет пен екі арадағы мемлекет бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы
қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория. Салықтардың экономикалық
мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъетілер мен халық табысының
қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай – ақ
шаруашылық жүргізуші субъетілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін
мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді.
Салықтар мемлекет құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір
сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі,
өркендеуі қашанда болса осы салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен
бірге қалыптасады.
Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі
бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Салықтар – мемлекеттің тұрақты қаржы көзі
болып табылады.
Салықтардың мәнін толық түсіну үшін, олардың экономикалық маңызын
түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын
қызметіне тікелей қатысты.
Әрбір Қазақстан Республикасының азматтары Қазақстан Республикасының
Конституциясына сәйкес және Қазақстан Республикасының Салық Комитетінің
міндеттеріне қарай мемлекеттік бюджетке салық төлеуге міндетті. Салық және
бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді Қазақстан Республикасының
Салық Кодексі заңдары арқылы реттеледі.
Кодекс заңдары арқылы салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдерді белгілеу, енгізу және еспетеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік
қатынастарын сондай – ақ мемлеккет пен салық төлеуші арасындағы салық
міндеттемелерін орындауға байланысты қатынасты реттейді.
Қазақстан Республикасының салық заңдары Салық Кодекстен, сондай-ақ
қабылдануы осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер төлеу жөніндегі
Салық Кодексінде көзделмеген міндет ешкімге жүктелінбейді.
Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық саясатының негізгі
бағыты немесе салық саясатының басты мақсаты – салық жүйесін құру және оның
тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру.
Салық жүйесі - өзнің құрамы жағынан бірнеше компоненттерден тұратын
күрделі модель. Салық жүйесінің компонентерінің құрамына мынандай: қаржы
қатынастары және осы қатынасты анықтайтын салықтар; салық механизмі, яғни
салық салу әдістері мен жолдары; нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар; салық
салуды басқару және салық қызметі органдары. Салық салудың әдістері мен
жолдары, нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар, салық салуды ұйымдастыр, салық
салудың негізгі принциптері және т.б. салық механизміне жатады. Қандай да
болмасын бір механизмнің тетіктері немесе элементтері болады. Салық салу
механизмі де сол сияқты белгілі бір салық элементтерінен тұрады.
Салық салу механизмінің элементтері:
Субъект, объект, салық көзі, салық ставкасы, салық өлшем бірлігі, салық
оклады, салық жеңілдіктері, салық төлеу мерзімімен тәртібі, салық
төлеушінің және салық қызметі органдарының құқығы мен міндеттері, салық
төлеуін бақылау, салықтық жазалау шаралары.
Енді осы әрбір элементке қысқаша түсінік берейік.
Салық салу субъектісі – заң бойынша салық төлеу міндеті жүктелген жеке
және заңды тұлғалар.
Салық салу объектісі – табыс, мүлік еңбек ету түрі, қызмет көрсету,
ақшамен жасалатын операциялар, мүлікті басқаға беру, табиғи қорлрады
пайдалану, қосылған құн, айналым және т.б.
Мүлік пен іс - әрекеттер салық салу объектілері және салық салынуға
байланысты объектілері болып табылады, олардың болуына байланысты салық
төлеушінің салық міндеттемесі туындайды.
Салық базасы – салық салу объектісі мен салық салуға байланысты
объектінің құндық, физикалық немесе өзгеде сипаттамалары, олардың негізінде
бюджетке төленуге тиіс салық және басқа да міндетті төлемдер соммасы
айқындалады. Салық тсавкасы салық базасының өлшем бірлігіне салық
есептеулерінің шамасын білдіреді. Салық ставкасы салық базасының өлшем
бірлігіне процентпен немесе абсолютті соммамен белгіленеді.
Салық оклады – салық төлеушінің белгілі бір салық объектісінен төлейтін
салық сомасы.
Салық төлеу мерзім – салық төленетін уақыт. Осы салық Кодекстің ерекше
бөліміне сәйкес жекелеген салықтар мен басқа да міндетті төлемдерге қатысты
белгіленген уақыт кезеңі салық кезеңі деп түсініеді. Ол аяқталған соң салық
базасы айқындалады және бюджетке төленуге тиіс салық және басқа да міндетті
төлемдер соммасы есептеледі.
Басқа да міндетті төлемдер – бюджетке белгілі бір мөлшерде жүргізілетін
міндетті ақша аударымдары (алымдар, баждар, төлемақылар мен төлемдер);
Салықтар – мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі
бір мөлшерде жүргізетін қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке
төленетін міндетті ақшалай төлемдер;
Салық көзі – салық салынатын табыс.
Салық төлеуші - салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдерді төлеуші болып табылатын тұлға.
Тұлға - жеке және заңды тұға болып екіге бөлінеді. Жеке тұлға Қазақстан
Республикасының азаматы, шет мемлекеттің азаматы, азаматығы жоқ адам. Заңды
тұлға Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңдарына сәйкес
құрылған ұйым (шет елдік заңды тұлға).
Салық төлеушінің электрондық құжаты – белгіленген электрондық форматта
берілген, ол қабылданып және бірдейлігі расталғаннан кейін салық төлеушінің
элекрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат.
Салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы - электрондық цифрлық
қолтаңба құралдарынан жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның
салық төлеушіге тиесілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын
электрондық цифрлық нышандардың реттілігі.
Бағалы қағаздар – акциялар, борыштық бағалы қағаздар, туынды бағалы
қағаздар және Қазақстан Республикасының ззаңдарына сәйкес бағалы қағаздар
деп танылған мүліктік құқықтың өзге де объектілері.
Салық төлеу тәртібі – белгіленген мерзімде салықты төлеген кезде
алдымен бюджетке қандай салықтар төлеу керек екенін, яғни төлеу кезінде
белгілі бір дәйектілікті белгілейді.
Салық төлеудегі дәйектілік заң жүзінде бекітіледі де , мынандай
тәртіппен іске асырылады:
а) Бірінші кезеңде барлық мүлікке салынатын салық төленеді , содан
кейін акциздер және баж салығы ;
б) екінші кезеңде жергілікті салықтар мен алымдар;
в) үшінші кезеңде басқа салықтармен алымдар;
Салық төлеушілер мен салық қызметі органдарының құқығы мен міндеттері
салық заңдары арқылы белгіленеді және реттеледі.
Қазақстан Республикасының салық заңдарына мыналар жатады;
Қазақстан Республикасының салық қатынастарын реттейтін Қазақстан
Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығы Салық және бюджетке
төленетін басқада төленетін міндетті төлемдер туралың (Алматы, 24-сәуір,
1995 жылы);
Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің
актілері; Қазақстан Республикасы салық комитетінің нормативтік актілері.
Салықтар тікелей және жанама болып екіге бөлінеді. Тікелей салықтарға:
жеке және заңды тұлғалардың табысына салынатын салық, мүлік салығы, жер
салығы, бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларға салынатын салық, жер
қойнауынан пайдаланушылардың арнайы салығы мен төлемі, көлік құралдарына
салынатын салық және т.б. Жанама салықтарға қосылған құн салығы мен акциз,
баж салығы жатады. Жанама салықтарды сатушы емес сатып алушы, яғни тұтынушы
төлейді. Тауар немесе қызмет бағасына алдын ала салық енгізілмегендіктен,
іс жүзінде оны бюджетке сатушы аударады. 18, 20-бет
Қазақстан Республикасының салық жүйесін мемлекетпен және заңды
тұлғалар арасындағы қаржы қатынастарының жиынтығы салықтармен алымдар,
салық салу әдістері мен тәсілдері, салық заңдары мен салыққа қатысты
актілері, салық салу органдары мен салық қызметі жиынтығын құрайды.
Салық жүйесі мемлекет қаржы көздерін жақсартудың ең негізгі құралы
болумен қатар, ел экономикасын қайта құруға, өндірістің ұлғайып дамуына
және саяси - әлеуметтік шаралардың толығымен іске асуына мүмкіндік
туғызады.
Қазақстан Республикасының 1991 жылдың 25-желтоқсанында қабылданған
Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралың заңы, тәуелсіз
Қазақстанның салық жүйесін құрудың ең алғашқы бастамасы болып табылады. Бұл
еліміздің экономикасын реформалаудағы күрделі істердің бірегейі. Бұл заң
салық жүйесін құрудың басты принциптерін, алым мен салық түрлерін, олардың
бюджетке түсу тәртібін белгіліген тұңғыш тарихи құжат болып есептелінеді.
Қазақстан Республикасының салық жүйесіне сәйкес салықтар мынандай
түрлерге бөлінеді:
• корпорациялық табыс салығы.
• жеке табыс салығы.
• қосылған құн салығы.
• акциздер.
• жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнайы төлемдері.
• әлеуметтік салықтар .
• жер салығы.
• көлік құралдары салықтары.
• мүлік салығы.
Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алымдардың түрлері:
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алым.
• Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.
• Жылжымайтын мүлікке құқтарды және олармен жасалған мәмілерді
мемлекеттік тіркегені үшін алым.
• Радиоэлектрондық құралдардың және жиілігі жоғарғы құралдарды
мемлекеттік тіркегені үшін алым.
• Механикалық көлік құралдарымен тіркемелерді мемлекеттік
тіркегені үшін алым.
• Теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді мемлекеттік тіркегені
үшін алым.
• Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алым .
• Дәрі- дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алым.
• Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы
жүру алымы.
• Аукциондардан алынатын алым.
• Елтаңбалық алым.
• Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиалық
алым.
• Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік
спектірін пайдалануға рұқсат беру үшін алым.
Қазақстан Республикасының салық жүйесінің төлемдер түрлері.
• Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы.
• Жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін
төлемақы.
• Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы.
• Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы.
• Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы.
• Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы.
• Радиожиілік спектірін пайдаланғаны үшін төлемақы.
• Кеме қатынайтын су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы.
• Сыртқы ( көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы.
Мемлекеттік баж.
Мемлекеттік баж.
Кеден төлемдері:
• Кеден бажы.
• Кеден алымдары.
• Төлемақы.
• Алымдар.
Тағы айта кететін бір жайт салық алатын және салыққа иелік ететін
органдардың ерекшеліктеріне қарай салықтар жалпы мемлекеттік салықтар және
жергілікті салық болып бөлінеді.
Жалпы мемлекеттік салықтарға мыналар жатады:
• заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы;
• қосылған құнға салынатын салық;
• акциздер;
• бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салынатын салық;
• жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы салығы мен төлемдері.
Жергілікті салықтар мен алымдарға:
• жер салығы;
• заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;
• көлік құралдарына салынатын салық;
• кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды және заңды
тұлғаларды тікегені үшін алынатын алым;
• аукционда сатудан алынатын алым;
• әлеуметтік салық;
• қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы;
• су ресурстарын пайдаланғаны үшін төленетін төлемдер;
• жеке табыс салығы;
• басқа да жергілікті бюджетке түсетін салықемес төлемдер;
Менің мақсатым осы аталған жергілікті салықтар бойынша, яғни Алматы
қаласының бюджетіне түсетін салық түрлерін бюджетке түскенін есепке алу,
осы алынған нақты мәліметтер бойынша алдын – ала жасалған болжамдармен
салыстырып қорытынды шығару.
Аталған жергілікті салықтарға қысқаша тоқталып кетсек.
Жер салығы. Жер құығына ие тұлғаларға салынады. Салық салу объектісі
жер учаскелері болып табылады. Жер учаскесі салық базасы болады, ал базалық
ставкалары осы жерді пайдалану мақсаттарына қарай анықталады. Жер салығының
өлшем бірлігі шарушылықты жүргізудің нәтижесі бойынша емес, ол жердің
құнарлығына, орналасуына және сумен қамтамасыз етілуіне байланысты салық
салады. 1,107-бет
Мүлік салығы. Мүлікке құқығы бар заңды және жеке тұлғалардың мүлікті
кәсіпкерлік мақсатта падалануына және пайдалануына байланысты. Мүлік
салығын жеке тұлғалар кәсіпкерлік мақсатта пайдаланбаған жағдайда мүлік
бағасының 0,5 % - төлейді.
Көлік құралдарына салынатын салық. Қазақстан Республикасында
мемлекеттік тіркеуге жататын және есепте тұрған көлік құралдары салық салу
объектісі болып табылады. Көлік құралдарына салық салу үшін оның
двигательінің көлеміне, жүк көтергіштігіне және т.б. байланысты салынды.
Жеке табыс салығы. Салық төлеушілердің төлем көзінен салық салынатын
табыстарына: қызметкерлердің табысы, біржолғы төлемдерден алынатын табыс,
жинақтаушы зейнетақықорларынан берілетін зейнетақы төлемдері, дивиденттер,
сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыстар, степендиялар, жинақтаушы сақтандыру
шарттары бойынша табысы жатады.
Төлем көзінен салық салынатын зейнетақы төлемдеріне салық төлеушілердің
зейнетақы жинақтарынан жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын, табыс
есептеудің тиісті айына Қазақстан Республикасының заң актісімен белгіленген
айлық есептік көрсеткіш соммасына азайтылғантөлемдер жатады.
Жеке табыс салығына салынаты салық ставкасын келесі кесте түрінде
көрсетеміз.
1- кесте
Салық төлеушінің салық салынатын Ставкасы
табысы
15 еселенген жылдық есептік Салық салынатын табыс соммасынан 5
көрсеткіш үлесін
15 еселенгеннен бастап 40 еселенген 15 еселенген жылдық есептік
жылдық есептік көрсеткішке дейін көрсеткіштен салық соммасы +одан
асатын соммадан 8 үлесін
40 еселенгеннен бастап 200 еселенген40еселенген жылдық есептік
жылдық есептік көрсеткішке дейін көрсеткіштен салық соммасы+одан
асатын соммадан 13 үлесін
200 еселенгеннен бастап 600 200 еселенген жылдық есептік
еселенген жылдық есептік көрсеткішкекөрсеткіштен салық соммасы + одан
дейін асатын соммадан 15 үлесін
600 еселенген жылдық есептік 600 еселенген жылдық есептік
көрсеткіштен бастап және одан жоғарыкөрсеткіштен салық соммасы + одан
асатын соммадан 20 үлесін

Жылдық есептік көрсеткішті бір айлық көресткішті 12 айға көбейтеміз.
Жылдық есептік көрсеткіш =12 *971 тг= 11652
Қосылған құн салығы. Қосылған құн салығы тауарларды (жұмыстарды, қызмет
көрсетулерді)өндіру және олардың айналу үрдісінде қосылған, оларды өткізу
бойынша салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиісті қосылған
құн салығы сатылған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшін есептелген
қосылған құн салығының соммасы мен алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет
көрсетулер) үшін төленуге тиісті қосылған құн салығының соммасы арасындағы
айырма ретінде айқындалады. Қосылған құн салығының салық салу объектілері
болып: салық салынатын айналым және салық салынатын импорт қосылған құн
салығын салу объектілері болып табылады. 1,76-бет

1.2. Алматы қаласы бойынша Салық Комитетінің сипаттамасы

Қандай да болмасын әрбір ұйымдар жұмыс жүргізу үшін өздерінің жалпы
заңдарын шығарып сол негізінде ұйымдастырып, басқарып отырады. Сол сияқты
Салық комитетініңде өздеріне тиісті жалпы ережелері, заңдары бар. Осы
заңдарда ережелерде Салық комитетінің қызметтері мен міндеттері туралы
айтылады және де құрылымдық бөлімдерге қойылатын талаптар да айталады.
Енді, осы Салық комитетінің жалпы ережелеріне және құрылымдық ережелеріне
тоқталып кетейік.
Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің есепке алу және талдау
басқармасының жалпы ережелерін атап өтейік:
1. жалпы ережелер ұйымның біртұтастығын қамтамассыз етеді және
есепке алу және талдауң басқармасының қызмет етуін қамтамасыз
етеді.
2. Есепке алу және талдауң басқармасы Алматы қаласы бойынша Салық
комитетінің және Қазақстан республикасының Қаржы министрлігінің
Салық комитетінің құрылымдық бөлімі болып табылады.
3. Қызметін басқаруда бұл басқарма Қазақстан республикасының заңдары
мен конституциялары, Президенттің және Үкіметтің нормативтік –
құқықтық актілері, бұйрақтар, нұсқаулар, жарлықтар, ережелер
арқылы және Салық комитетінің жалпы ережелері негізінде жұмысын
жүргізеді.
4. Бұл басқарма өзінің қызметін Салық комитетінің басқа құрылымдық
бөлімдерімен бірге байланыса жұмыс жүргізеді.
5. Есепке алу және талдау басқармасы үш негізгі бөлімдерден тұрады:
• Талдау және болжау бөлімі.
• Төлемдерді есепке алу.
• Ірі салық төлеушілердің мониторингі бөлімі.

Бұл басқарманың негізгі міндеттері мен қызметтері:
• Салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуі бойынша
Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Салық Комитетінің
белгілеген есеп берулерді құру және ұсыну.
• Болжамдық көрсеткіштердің орындалуына талдау жасау және салық және
басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуінің динамикасын көлемі
және соммасы бойынша көрсету, Қазақстан Республикасының Қаржы
Министрлігінің Салық Комитеті жүргізген мемлекеттік бюджетіне және
Алматы қалалық Маслихаттың жергілікті бюджетіне кіріске алу
жөніндегі қолы.
• Салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін есепке
алуды жүргізу және ұйымдастыру.
• Мемлекеттік және аймақтақ деңгейде ірі салық төлеушілердің
электрондық мониторингін жүргізу.
• Ірі салық төлеушілер беретін мәліметтерді кешенді түрде талдау
және салықтық есеп берулермен салыстыру, бұл талдаудың мақсаты ірі
кәсіпорындарды анықтау және осыған байланысты қосымша салық салу
қоймасын жасау.
• Осы құзырлы басқарма аумағында салық және басқа да міндетті
төлемдерді қарастыратын салық заңнамалары мен заң актілерінің
орындалуына бақылау жасау.
• Салық және басқа да міндетті төлемдерді қарайтын заңнамалар мен
заң актілерінің тиімділігн анықтау және салықтық әкімшілік
тіркеулердің жүзеге асуына ұсыныстар енгізу.
• Салық қызметкерлерінің жұмыс істеу тәжірибелерін талдау отырып
Қазақстан Республикасының Салық Комитеті жұмыс тәжірибесін қорыту.
Есепке алу және талдау басқармасы болжамдардың орындалуына талдау
жасайды және ауытқа динамикасын анықтайды. Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлігінің Салық комитетінің белгілеген есеп берулер бойынша жедел және
басқа да есеп беру түрі бойынша жұмыс жасайды. Осы есеп берулерде салық
және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін соммалық және ауытқу
динамикасын көрсетеді. Алматы қаласы бойынша салық және басқа да міндетті
төлемдердің бюджетке түсу жоспарын жүргізеді орындайды. Салық және басқа да
міндетті төлемдердің бюджетке түсу жайлы мәліметтерді Қазынашылық пен
бірігіп салыстырады және алғашқы құжаттарды талдайды. Салық төлеушілердің
мониторингі есеп беру түрі бойынша аудандық Салық комитеттерінен есеп
берулерді жинайды. Салық төлеушілердің хаттарын, өтініштерін және
үндеулерін қарайды және салық заңнамаларын жасауға қатысады.
Аталған ережелер Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің Есепке алу
және талдауң басқармасының жалпы ережелері, яғни бұл басқарма үш бөлімнен
тұрады: талдау және болжау, төлемдерді есепке алу, ірі салық төлеушілердің
мониторингі бөлімдері. Біз қарастыратын бөлім талдау және болжау бөлімі
болғандықтан оған кейінірек толық тоқталамыз, қазір екі бөлімдерге қысқаша
тоқталсақ.
Есепке алу бөлімі бұл Қазақстан республикасының Қаржы министрлігінің
Салық комитетінің белгілеген нұсқаулары бойынша есеп берулерді ұсынады.
Ұйымдардың дер кезінде салы төлеуін және салық қызметкерлерінің төленген
салық соммаларын салық қоймасына уақытында енгізуіне бақылау жасап отырады.
Сонымен бұл бөлім Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің құрылымдық
бөлімдеріне методикалық көмек көрсетеді.
Ірі салық төлеушілердің мониторингі бөлімі мемлекеттік және аймақтық
деңгейде ірі салық төлеушілерге электрондық мониторинг жүргізеді және
ұйымдастырады. Қара және түсті металл саласындағы ірі кәсіпорындар жайлы
мәліметтерді жинайды, жиналған мәліметтерді Қазақстан Республикасының Қаржы
Министрлігінің Салық Комитеті тапсырады. Бұл бөлім ірі салық төлеушілерден
түскен мәліметтерді кешенді түрде қарастырып, есеп берулермен салыстырып
қосымша резервтік салық қоймасын жасау мақсатымен кәсіпорындардың жағдайын
анықтайды. Кәсіпорындаға мониторинг жүргізуді және ұйымдастыру үрдісін
ақпаратпен қамтамасыз етумен айналысады.
Ал енді болжау және талдау бөліміне келіп тоқталсақ.
Болжау және талдау бөлімінің негізгі міндеттері мен қызметтері:
• Қазақстан республикасының Қаржы министрлігінен келген болжамдық
көрсеткіштердің орындалуына талдау жасау және салық және басқа да
міндетті төлемдердің бюджетке түсуінің динамикасының көлемі мен
соммасы бойынша көрсету, Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлігінің Салық комитетінің жүргізілген мемлекеттік бюджетке
және Алматы қалалық Маслихаттың жергілікті бюджетіне кіріске алу
жөніндегі қолы.
• Салық және басқа да міндетті төлемдерді қарастыратын заңнамалар
мен заң актілерінің тиімділігін анықтау және салықтық әкімшілік
тіркеулердің жүзеге асуына ұсыныстар енгізу.
• Салық және басқа да міндетті төлемдерді қарастыратын заңнамалар
мен заң актілерінің орындалуына бақылау жасау
• Салық және басқа да міндетті төлемдер жайлы болжамдардың
орындалмау себебін анықтау.
• Салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін
қамтамасыз ететін кешенді шараларды жасау және қатысу.
• Салық төлеушілердің есеп беру және дербес шоттарына камералық
тексеру жүргізу.
• Салық және басқа да міндетті төлемдері бойынша бюджетке
түсуін, салық декларацияларын есепке алу, өңдеу, есептеу, дербес
шоттарын тексеру жайлы жұмыстың толық және уақытылы жүргізуді
қамтамасыз ету мақсатымен аудандық Салық комитетімен бірігіп
жұмыс жасау.
• Аудандық салық комитетіне методикалық және іс-тәжірибелік көмек
көрсету.
Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің ұйымдық құрылымы 1-суретте
көрсетілген.

Сурет -1. Алматы қаласы бойынша Салық Комитетінің ұйымдастырушылық
құрылымы
1.3. Ақпараттық жүйені құрудың мақсаты мен тағайындалуы

Ақпараттық жүйені құрудың мақсаты Қазақстан Республикасының Қаржы
Министрлігінің Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің жұмыс істеу жүйесін
автоматтандыру. Ақпараттық жүйені құрудағы мақсатым қазіргі кезде
индустриялды экономикадан ақпараттық экономикаға көшу үрдісі жүріп жатыр,
біздің еліміз пайдалы қазбаларға бай ел болғандықтан тауарлы-ақшалай
қатынастар едәуір дамып қалды. Осы қатынастар жүзеге асқан кезде, яғни
Қазақстан Республикасының территориясында шаруашылық әрекет еткен заңды
немесе жеке тұлғалар мемплекеттік бюджетке салық төлеуге тиіс. Бұл сала
соңғы озық технологияларды падаланса бұл жүйе жұмысының өнімділігі және
қауіпсіздігі артады, яғни бұл жүйені автоматтандыру қажет. Бұл жүйені
автоматтандыруда элементтерін, талаптарын, құжат түрлерін, объектілерін,
субъектілерін, салық ставкаларын, заңдарын және т.б. сияқты жайттарды
ескеруіміз қажет. Бұл жүйені автоматтандыруда бізге бірнеше талаптарды
орындау қажет.
Бұл талаптар мыналар:
• Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар
• Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар.
• Ұйымдастырумен жабдықтауға қойылатын талаптар
• Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар.
• Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар.

1.4. Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар

Ақпараттық ресурстарды жиынтық мәліметтер деп атайды, белгілі бір
мекеме үшін құндылықты көрсететін және материалдық ресурстар ретінде
көрсетіледі. Оларға негізгі және көмекші мәліметтер массиві жатады, сыртқы
зердесінде кіріс құжаттары жатады.

1.4.1. Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар.

Ақпараттың қолдануысыз басқару процесі мүмкін болмағандықтан,
ақпараттық жүйеде ақпаратпен жабдықтауды ұйымдастыру өте маңызды.
Ақпараттық жабдықтау (АЖ) – бұл ақпараттық жүйеде қолданатын
экономикалық ақпаратты жіктеудің және шартты белгілеудің бірыңғай жүйелері
мен құжаттардың және ақпарат массивтерінің үйлестірілген жүйелерінің
бірігуі болып табылады. Ақпараттық жабдықтаудың негізгі бағыты сақталуынан,
ақпараттың жинақталуынан, ақпараттық базаға өзгеріс енгізуден басқару
шешімдерін қабылдау үшін кіріс ақпараттарының берілуінен тұрады.
Ақпараттық жүйені ақпараттық жабдықтау өзіне жүйеде қолданатын
экономикалық ақпараттар және құжаттар сыныптама-ларын, нормативті –
анықтамалы ақпараттарды (НАА) қосады.
Ақпараттық база (АБ) – бұл ақпараттық жүйенің функционерлену кезінде
қолданылатын бір қалыпқа келтірілген ақпараттар жиынтығы. Машинадан тыс
ақпараттық база – ақпараттық жүйені жұмыс істеуде қолданатын құжаттар мен
белгілердің бірігуін бейнелеп, есептеу техникасынсыз адамға түсінікті
болатын ақпарат базасының бөлігі. Машинадан тыс ақпараттық базасына жіктеу
мен шартты белгілеу жүйелері, нормативті – анықтамалы құжаттар, жедел
ақпарат жатады. Жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері мәліметтерді бірмәнді
жазып, ақпаратты есептеу желісінің жадында тиімді іздеп және белгілеу үшін
қолданылады. Ал нормативті – анықтамалы құжаттар – шартты-тұрақты ақпарат
қатарына жатады және ұзақ уақыт бойы есеп айырысуда өзгеріссіз қолданылатын
әртүрлі тәртіптегі мөлшерлеу-лерді, мөлшерлерді және басқа да мәліметтерді
құрайды. Жедел ақпарат дегеніміз – ол субъектінің күйін осы уақыт сәтінде
бейнелей-тін, яғни бастапқы, өңделмеген ақпарат. Жедел ақпаратқа әдетте
бухгалтерлік және жедел есеп мәліметтері жатады.
Машина ішіндегі ақпарат базасы – бұл ақпараттық жүйені жұмыс істеуде
қолданылатын, машиналық тасығыштардағы мәліметтер массивінің бірігуін
бейнелейтін ақпарат қорының бөлігі. Мұндағы машиналық тасығыш – дербес
электронды есептеуіш машинаға (ДЭЕМ) ақпаратты автоматты түрде ендіруде
пайдаланылатын материалдық объект.
Ақпараттық жабдықтау
2-кесте
Элементтер Сипаттамалар
Ақпараттық технология Мәліметтер базасында негізделген
Мәліметтер базасы типі Реляциондық
Кодтау жүйесі Фасеттік жүйе
Ақпараттық қорғау АЖ-мен жұмыс істеу кезінде парольдер
жүйесі қолданылады.

1.4.2. Ұйымдастырумен жабдықтауға қойылатын талаптар

Автоматтандырылған ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істеудің негізгі
шарты ұйымдастырумен жабдықтау. Ұйымдастырумен жабдықтау дегеніміз –
ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істеуге арналған шаралардың, әдістер
мен жабдықтардың жиынтығы. Ол ақпараттық жүйені тұрғызу мен қолдануға
қатысты ең көлемді мәселелерді қарастырып және элементтердің құрамын,
байланысын, өзара әрекетін, ұйымдастыру құрылымын анықтайды, сондай-ақ жүйе
қызметін реттейтін құқықтық актілерді қамтиды.
Ақпараттық жүйені тұрғызу – ақпарат кезеңдерін зерттеуді, жобалау
шешімдері мен жобалау құжаттарын өңдейді, жүйе элементтерінің әрекеттеріне
ену ретін анықтауды қарастыратын күрделі де жұмысы көп кезең.
Ұйымдастырумен жабдықтау ақпараттық жүйенің тиімді жұмыс істеу үшін өте
қажет. Бұл дегеніміз, нақты объектіні басқарудағы экономикалық негізге
сүйенген шешімдердің сапасын және жеделдігін арттыру үшін экономикалы –
математикалық әдістер мен үлгілерді, қазіргі заманғы есептеу техникасын,
жаңа ақпараттық технологияларды қолдану өте маңызды екенін білдіреді. Жалпы
ұйымдастыру мен жабдықтаудың мақсаты жүйені тұрғызу мен әрі қарай
қолданудың ұйымдастыру – құқықтық негізін қалыптастыру. Оған ақпараттық
жүйенің функционалдық және жабдықтау бөлімдерінің ұтымды құрылымын таңдау
мен дайындауды, сондай-ақ жобалау жұмыстарының жүргізілуін, оның
ендірілуін, таңдауды анықтайтын әдістер мен жабдықтар және құжаттар жатады.
Белгілі ережелерге бағындыру құжаттары ақпараттық жүйені тұрғызудың,
жұмыс істеу мен модернизациялаудың барлық деңгейлерінде мемлекеттік басқару
ұйымдары және тапсырма беруші мен жұмысты орындаушы арасындағы өзара
қатынасты белгілі ережелерге бағындыратын құжат түрінде болып бөлінеді.
Ақпараттық жүйені өңдеу мен жұмыс істеу мақсаттары, экономикадағы нарықтық
қатынастардың әсерінен және техникалық жабдықтар жиынының сапалық және
сандық өсу қарқынынан уақыт өткен сайын, онымен ақпараттық жүйені
қолданушыларды қамтамасыз етуге байланысты тереңдетіле түсуде. Осының
барлығы ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істетудің ұйымдастыру –
құқықтық актілеріндегі және ұйымдастыру - әдістемелік шешімдеріндегі
ұйымдастырумен жабдық-тау есептерінің өзгеруіне әкеледі.
1.4.3. Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар
Техникалық жабдықтау – бұл ақпараттық жүйе жұмыс істеуді қолданылатын
техникалық жабдықтар жиынтығы. Басқарудағы ақпараттық кезең жеке
операциялардың, олардың жиынтығының орындалуы арқылы жүзеге асады.
Барлық операцияларды үш сатыға топтауға болады:
1. Ақпаратты алу.
2. Ақпаратты түрлендіру.
3. Ақпаратты тұтыну.
Бірінші саты – экономикалық объектілердегі қызмет барысында туындайтын
бастапқы ақпаратты жинауды және тіркеуді орындайтын операциялар тобын
қамтиды. Бұл операцияның мақсаты мекемелердің, кәсіпорындардың, аймақтардың
және басқалардың қызметін бейнелейтін ақпарат алу.
Екінші саты – ақпаратты түрлендіру операцияларының тобы, кеңістік және
уақыт бойынша мәндердің, түрлердің, құрылымдардың өзгеруін орындайды.
Үшінші саты – операциялар тобын және олардың бас қарушылық шешімдерді
қабылдау үшін, әрі басқарудың ақпараттық кезеңдерін жалғастыру үшін
ақпаратты тұтынудағы маңызын біріктіреді.
Басқарудың ақпараттық кезеңінің негізгі сатысына сәйкес келесі
техникалық жабдықтар қолданылады:
1. Ақпаратты жинау және тіркеу;
2. ақпаратты өткізу;
3. машиналық тасығыштарды дайындау;
4. ақпаратты өңдеу;
5. ұйымдастыру техникасы.
Ақпаратты жинау және тіркеу жабдығы бастапқы мәліметтерді тасығыштарға
тіркеуге арналған.
Ақпаратты өткізіп беретін жабдық мәліметтерді өңдеу орталықтарына және
оны қолдау орнына кеңістіктегі ығысу арқылы жеткізіп беруде қолданылады.
Машиналық тасығыштарды дайындау жабдығы, мәліметтерді машиналық
тасығыштарға, оның ішінде магниттік табақшаларға жазу үшін қажет. Қазіргі
кезеңдегі жабдықтардың ерекшелігі сол, мәліметтерді магниттік табақшаларға
жазу кезінде оны бақылауға, ашып жазуға, реттеуге болады.

Техникалық құралдар кешені
3-кесте.
Техникалық құралдар Физикалық модуль Сипаттамалары
атауы
ДЭЕМ Іntel Pentіum 4 Процессор Іntel, 2.4MHz
Зерделік сақтаушы
құрылғы 512Mb
МҚДЖ 80Gb
Монитор 19 дюймдік
Перне тақтасы 105 батырмалы
Тышқан 2 баспалы
Принтер Принтер HP LaserJet
Факс – модем Факс – модем Sony – 42S
Телефон Телефон Panasonіk

1.4.4. Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар
Программалық жабдықтау деп – техникалық жабдықтау жүйесі жұмыс істеуде
жабдықтайтын ақпараттық жүйенің қызметін жүзеге асыратын программалардың
бірігуін ұғуға болады. Ол математикалық жабдықтау негізінде құрастырылып
және оның нақты жұмыс істейтін пішіні болады. Программалық жабдықтау екі
бөлімнен тұрады: жалпы программалық жабдықтау және арнаулы программалық
жабдықтау.
Жалпы программалық жабдықтау – бұл жабдықтаудың кең көлемдегі
қолданушыларға есептелген және ақпаратты өңдеу есебінде жиі кездесетін
есептеу кезеңінің “және – немесе” шешімін ұйымдастыруға арналған
программалардың бірігуін бейнелейтін ақпараттық жүйенің программалық
жабдықтаудың бөлмі.

Операциялық жүйе – ол есептеу кезеңін тиімді ұйымдастырып және есептеу
жүйесінің қорларын (жедел жадылы процессорды, арналарды және т.б.) тиімді
тиеуді орындайды. Бұл жүйеге операциялық жүйелер мен жеке программалардың
(драйверлердің) мүмкіндігін кеңйтетін программалар жатады.
Есептеу кезеңін ұйымдастырудың тиімділігі ақпараттық жүйенің тәсілін,
оның генерациясының параметрлерін және оған тиімді қолданбалы программалар
пакетін (ҚПП) қосуды үйлесімді таңдаумен жүзеге асырады. Әдетте
программалық өнімді тұрғызу жабдығы бар болып отырған операциялық жүйеде
қамтылғанмен, бірақ қазіргі уақытта операциялық жүйеде қамтылмаған көптеген
осы заманғы программалау жабдықтары да бар. Бұл өнімдер ақпараттық
жүйелерді программалық жабдықтау өте қажет.
Сынаққа арналған программалар (тесттер) ДЭЕМ-нің жұмыс қабілетін
тексеріп, егер жөндеу қажет болса, оны анықтап, машинаның немесе жүйе
жұмысының ақауына ат қойып (диагноз), оны шектеп тоқтатады.
Арнаулы программалық жабдықтауға ҚПП мен бөлек функцияларды орындайтын
және ақпараттық жүйенің әр түрлі функционалды ішкі жүйесінің нақты
есептерін шешетін программалар кіреді. ҚПП – жалпы жүйелік және
функционалдық болып екі топқа бөлінеді. Мұндағы жалпы жүйелік қолданбалы
программалар пакеті кез-келген ақпараттық жүйеде қолданылуы мүмкін. Оны
қолданбалы программалар пакеті арқылы:
• Мәліметтерді басқаруда ;
• мәліметтерді орындаудың типтік орындалу ретін;
• деректі программалық әдістерін;
• дискретті программалар әдістерін;
• үздіксіз есептерді шешу әдістерін және басқаларды
орындайтын алгоритмдердің, әрі есептердің шешілу әдістерінің
ерекшеліктеріне қарай бөлуге болады.
Нақты объектінің ақпараттық жүйесінің арнаулы программалық жабдықтауына
функционалды ҚПП кіреді. Функционалды ҚПП деп параметрлік икемділік бар
және басқару шешімін қабылдауға қажетті ақпаратты алуға бағытталған, өзара
байланысқан программалардың бірігуі айтылады. Нақты басқару объектісінің
әрбір ақпараттық жүйесінде осы ақпараттық жүйенің қызметін жүзеге асыратын,
өзінің функционалдық ҚПП –нің жиынтығы болады. Арнаулы программалық
жабдықтауға нақты ақпараттық жүйені тұрғызудағы оның қызметін жүзеге асыру
үшін құрастырылатын жеке есептердің шешілу программалары және функционалдық
ҚПП – ң бірігуі жатады.

Программалық жабдықтау
4-кесте
Тип Атауы Мүмкіндіктері
Жалпы программалық жабдықтау
ОЖ Mіcrosoft Wіndows NT Күшті 32-битті көп
Server 4.0 есепті сенімді
серверлері ОЖ, құпиялық,
масштабталатын МББЖ-ны
қолдау.
Mіcrosoft Wіndows NT Дербес ЭЕМ үшін күшті
Workstatіon 4.0 32-битті көп есепті
MS Offіce XP сенімді серверлері ОЖ,
ЛЕЖ қолдау, құпиялылығы.
Mіcrosoft Wіndows ХР Дербес ЛЕЖ үшін күшті
professіonal 32-битті ОЖ, ЭЕМ қолдау.

Арнаулы программалық жабдықтау.
ҚПП Delphі 7 Локальді және желідегі
базалармен жұмыс
жасайтын арнайы
программалар жасау.
МББЖ Paradox 7 Локальді база Paradox 7
жұмыс жасау, кестелер
құру, жалған аттар,
драйверлер базасын
жинақтау.
Қорғау
ОЖ паролі Желіге енуді бақылайды.
МББЖ паролі МБ кестелеріне ену құқын анықтайды.
Вирусқа қарсы программа Мәліметтерге қауіп төндіретін әр түрлі вирустарға
қарсы күреседі.

1.4.5. Математикалық жабдықтау
Математикалық жабдықтау – бұл ақпаратты өңдеудің математикалық,
үлгілері мен алгоритмдерінің жиынтығы. Есепке алу және талдауң ақпараттық
жүйесі математикалық жабдықтауы белгілі бір нақты міндеттерді тиімді шешуді
қамтамассыз ету керек және осы міндеттерді шешу барысындағы дербес ЭЕМ-ң
қызметін басқарып, оның ісінің дұрыстығын бақылып отыруды қамтамассыз ету
керек.
Ақпараттық жүйені математикалық жабдықтау құрамына мыналар кіреді:
• Типтік және жасалатын әдістемелер, ақпаратты өңдеу алгоритмі;
• Мәліметтерді іздеу және сорттау алгоритмі, шығыс құжаттарын
қалыптастыру және тарату(экранға және баспаға).
Ақпараттық жүйені математикалық жабдықтаудың жалпы талаптарына мыналар
кіреді:
• Математикалық әдістер мен алгоритмдердің тиімдісін қолдану ;
• ҚПП–н көрсететін типтік әдістерді, алгоритмдерді, модель-дерді
және мүмкіндіктерді максималды қолдану;
• Қолданылған математикалық әдістер техникалық және программалық
құралдардың мүмкіндігін ескеруді, шешу уақыты мен есте сақтау
көлемі бойынша төменгі мағынаға ие болуы қажет;
• Алгоритмдерді көрсетудің барлық түрі жіберіледі: формулалы,
сызба, блок-жүйе, сөзбен сипаттау және т.б.
Математикалық жабдықтау алгоритмдері келесідей жалпы талаптарға жауап
беруі тиіс:
• ҚПП –де пайдалануға негізделген стандарттық, іздеушілік және
септеулік процедураларын максималды пайдалану;
• ақпаратты іздеудің шешімдерінің нақты мәнінің болмауы;
• өз сипаттамасында программа тілінің мүмкіндіктерін максималды
пайдалану;
• есептердің функционалдық байланысын қамтамассыз ету;
• қатысты жай блоктарға бөлшектеп байланыстыруды енгізу;
• программаның орындауы жолына бақылау енгізу;
Математикалық әдістер мен тәсілдер және олардың шешімдері берілген
нақтылықтағы шешімдердің бір мәнділігін және бірлігін қамтамассыз етуі
қажет.

Ақпараттық және программалық құралдарды бұзылудан және авторландырылған
деректерден алудан қорғау
Ақпаратты қорғау дегеніміз – мәліметтер жүйесінде сақталатын орындалған
программаларға енуді басқаруға мүмкіндік беретін әдістер мен амалдар
жиынтығы.
Ақпаратты және программалық құралдарды қорғау мақсаты – көп программалы
есептеу жүйелеріндегі ақпаратты ойланбай пайдалануды жою, мәліметтерді
пайдалануды қажетсіз орындарды анықтау және оларды жою, сондай-ақ
қателіктердің салдарын жоюда құралдарды таңдау.
Ақпаратты және программалық құралдарды қорғау жүйесі келесі сипаттарға
ие болу керек:
● қауіпсіздік – кездейсоқ және әдейіге емес бұзудан мәліметтердің
қорғанысын қамтамасыз ету, жүйе немесе сонда сақталынатын мәліметтермен
жұмыс істеуге пайдаланушының құқығын анықтауға мүмкіндік беретін әдістерді
ашу модификациясы немесе жиынтығы;
● ұқсастыру – пайдаланушыларға, техникалық құралдарға және қорғалатын
(мәліметтер элементіне, есептерге, программаларға, мәліметтер базасына)
идентификаторларды иемдету (код атауы);
● конфиденциялылық мәліметтерге берілген және олардың қорғаныс
дәрежесін анықтайтын статус;
● құпиялылық – ақпаратты жабық және қорғалуға жататын деп жариялайтын
құқығы;
● өкілеттілік – қорғалған мәліметтермен сол немесе басқа процедураларды
жүзеге асыруда пайдаланушының, терминалдың немесе басқа объектінің құқығы;
● түпнұсқалық – қойылған идентификатордың объектіге қатыстығын тексеру.
Кездейсоқ бұзылулардан ақпаратты және программалық құралдарды қорғау
жүйесі келесілерді қарастырады:
● вирустарға қарсы программалардың болуы;
● пайдаланушылар үшін сапалы құжаттаманың болуы;
● жабдықтарды жетілдірудің амалдарын пайдалану.
Ақпаратқа және программалық құралдарға санкцияланбаған енуден
сақтандыру үшін келесі бақылау шаралары қолданады:
● парольді пайдалану. Пакетте бекітілетіндер: пакетті ашу паролі,
әкімгер паролі. Бұл пакетті ашуға және нормативті – анықтамалық ақпараттың
өзгерісіне шектеу қоюды қамтамасыз ету;
• Белгілі бір директорияларға енуді шектеу;
• пайдаланғаннан кейін ақпаратты есте сақтау құрылғысынан жою;
• техникалық құралдарды және пайдаланушыларды бақылау;
• техникалық құралдардың құқықтарын анықтау (есептерді және
ақпараттық файлдарды пайдалануға келісім берілген жұмыс күндері
және сағаттары);
• техниклық құралдарды, есептерді және ақпараттық файлдардың
пайдаланушыларынан ұқсастыру;
• шектеуі пайдаланудағы ақпараттарды өңдеу кезінде техникалық
құралдардың және пайдаланушылардың жұмысын тіркеу;
• санкцияланбаған әрекеттер кезіндегі сигнализация;
• әр түрлі бағыттағы көмекші программалар (бақылау және қорғаныс
механизмі, берілетін құжаттар және т.б. құпиялық графигін
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының салық жүйесінің төлемдер түрлері
Қазақстан Республикасының салық және салық жүйесінің сипаттамасы
Салық комитетінің ақпараттық жүйесін тұрғызу
Жеке тұлғалардың мүліктеріне салынатын салық төлемдерін есепке алудың ақпараттық жүйесі
Проектілерді басқаруға арналған ақпарат жүйесін тұрғызу
Заңды тұлғалардың көліктеріне салынатын салық төлемдерін есепке алудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
Проектілерді басқарудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
Салық инспекциясының ақпараттық жүйесі
Салық комитетінің төлемдерін бақылау ақпараттық жүйесі
Салық комитетінің төлемдерін бақылаудың ақпараттық жүйесін қалыптастыру және автоматтандыру
Пәндер