Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің түсінігі, жүйесі, мәні



Жоспар

Негізгі бөлім
1 Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің түсінігі және мәні
2 Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің жүйесі
3 Қылмысты дәрежелеу және оның маңызы
Пайдаланылған әдебиеттер
Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлмінің түсінігі және мәні
Қылмыспен күресудің бірден-бір құралы қылмыстық заң болып табылады. Қылмыстық құқық нормаларының көмегімен адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері, меншік, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделері, қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік, қоршаған орта, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығы, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделері, қылмыстық қол сұғушылықтан және бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігін қорғау міндеттері жүзеге асырылады. Ал, кең көлемде алғанда, қылмыстық құқықтың басты мақсаты - қылмыстардың алдын алу және қылмыспен күресу болып табылады.
Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін осы кодексте қылмыстық жауаптылық негіздері белгіленеді, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшін қауіпті қандай әрекеттер қылмыс болып табылатыны айқындалады, оларды жасағаны үшін жазалар мен өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары белгіленеді (ҚК 2-бабы, 2-бөлімі).
Қылмыстық құқықтың Жалпы және Ерекше бөлімі бір-бірімен тығыз байланыста және олар Қазақстан Республикасының бірыңғай саласын құрайды.
Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімі - қылмыс болып табылатын қауіпті іс-әрекеттердің белгілері мен шеңберін және оларды жасағаны үшін тағайындалатын жазалардың түрлері мен шектерін айқындайтын белгіленген қылмыстық заң нормаларының жиынтығынан тұрады.
Демек, Жалпы бөлім қылмыстық құқық институты мен қағидаларының жалпы ережелерін бекітсе, Ерекше бөлім нақты қылмыс түрлерін қарастырып, жасалынған қылмысқа қолданылатын жазаны көрсетеді.
Жалпы және Ерекше бөлімнің бірлігі олардың алға қойған мақсатында, себебі олар мемлекетті, қоғамды, адамның жеке басын қылмыстық қиянат жасаушылардан қорғайды.
Сонымен қатар қылмыстық құқықтық Ерекше бөлімнің нормалары Жалпы бөлімнің нормаларын қолдану арқылы жүзеге асырылады. Ерекше бөлімдегі нақты нормаларды қолданғанда Жалпы бөлімнің ережелері мен институттары негізгі басшылыққа алынады.
Сол сияқты жаза тағайындау барысында жазаның түрі мен мөлшерін белгілеу үщін де сот қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінің осы жағдайларға арналған тиісті нормаларына жүгінеді.
Қылмыстық құқық ғылымының Ерекше бөлімінің негізгі міндеттері -Қылмыстық заңдардың тұрақтылығын қамтамасыз ету, күші бар зандарға жүйелі түрде талдау жасап, тиімділігін арттыру болып табылады. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін дамыған өркениетті елдердің қылмыстық заңдарының ғылыми жетістіктерінің пайдалы жақтарын, олардың қылмыстық құқықтық ілімдерін терең талдап, Қазақстан Республикасы қылмыстық
заңдарымен салыстырмалы тұрғыда қарастырып, кешендік зерттеулер жүргізіп тұру қажет.
Қылмыстық іс бойынша сот әділдігін жүзеге асыру үшін қылмыстық құқық пәнінің Ерекше бөлімінің мәні зор. Қылмыстық кодекстің 3-бабында: "Қылмыс жасау, яғни осы кодексте көзделген қылмыс құрамының барлық белгілері бар әрекет қылмыстық жауаптылықтың бірден-бір негізі болып табылады",- делінген. Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімі мейлінше толық, нақты қылмыстардың түрлері мен негізгі белгілерін қамтиды. Сондықтан сот және тергеу органдарының қызметкерлері тұлғаның істеген қылмыстық іс-әөрекетінде Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде көрсетілген баптың қылмыс құрамының толық белгілерін анықтау міндетті. Қылмыстық құқық теориясында қылмыс құрамының элементтеріне сипаттама беру мына төмендегіше жүзеге асады: қылмыс объектісі және оның объективтік жағы, қылмыстың субъективтік жағы және оның субъектісі.
Қылмыс құрамының объектісіне талдау жасау барысында топтық және тікелей объектісін анықтау керек. Егер қосымша объект болса, ол да анықталуға тиіс. Қажетті жағдайда қылмыстың затын да анықтау қажет.
Қылмыс құрамының объективтік жағына талдау барысында оның мағынасы мен қажетті белгілерін анықтаумен қатар, қылмыс құрамының түрлерін де

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЕРЕКШЕ БӨЛІМІНІҢ ТҮСІНІГІ, ЖҮЙЕСІ, МӘНІ
Жоспар

Негізгі бөлім
1 Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің түсінігі және мәні
2 Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің жүйесі
3 Қылмысты дәрежелеу және оның маңызы
Пайдаланылған әдебиеттер

Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлмінің түсінігі және мәні
Қылмыспен күресудің бірден-бір құралы қылмыстық заң болып табылады.
Қылмыстық құқық нормаларының көмегімен адам мен азаматтың құқықтары,
бостандықтары мен заңды мүдделері, меншік, ұйымдардың құқықтары мен заңды
мүдделері, қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік, қоршаған орта,
Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығы,
қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделері, қылмыстық қол
сұғушылықтан және бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігін қорғау міндеттері
жүзеге асырылады. Ал, кең көлемде алғанда, қылмыстық құқықтың басты мақсаты
- қылмыстардың алдын алу және қылмыспен күресу болып табылады.
Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін осы кодексте қылмыстық жауаптылық
негіздері белгіленеді, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшін қауіпті қандай
әрекеттер қылмыс болып табылатыны айқындалады, оларды жасағаны үшін жазалар
мен өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары белгіленеді (ҚК 2-бабы, 2-
бөлімі).
Қылмыстық құқықтың Жалпы және Ерекше бөлімі бір-бірімен тығыз байланыста
және олар Қазақстан Республикасының бірыңғай саласын құрайды.
Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімі - қылмыс болып табылатын қауіпті іс-
әрекеттердің белгілері мен шеңберін және оларды жасағаны үшін
тағайындалатын жазалардың түрлері мен шектерін айқындайтын белгіленген
қылмыстық заң нормаларының жиынтығынан тұрады.
Демек, Жалпы бөлім қылмыстық құқық институты мен қағидаларының жалпы
ережелерін бекітсе, Ерекше бөлім нақты қылмыс түрлерін қарастырып,
жасалынған қылмысқа қолданылатын жазаны көрсетеді.
Жалпы және Ерекше бөлімнің бірлігі олардың алға қойған мақсатында, себебі
олар мемлекетті, қоғамды, адамның жеке басын қылмыстық қиянат жасаушылардан
қорғайды.
Сонымен қатар қылмыстық құқықтық Ерекше бөлімнің нормалары Жалпы бөлімнің
нормаларын қолдану арқылы жүзеге асырылады. Ерекше бөлімдегі нақты
нормаларды қолданғанда Жалпы бөлімнің ережелері мен институттары негізгі
басшылыққа алынады.
Сол сияқты жаза тағайындау барысында жазаның түрі мен мөлшерін белгілеу
үщін де сот қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінің осы жағдайларға арналған
тиісті нормаларына жүгінеді.
Қылмыстық құқық ғылымының Ерекше бөлімінің негізгі міндеттері -Қылмыстық
заңдардың тұрақтылығын қамтамасыз ету, күші бар зандарға жүйелі түрде
талдау жасап, тиімділігін арттыру болып табылады. Бұл міндеттерді жүзеге
асыру үшін дамыған өркениетті елдердің қылмыстық заңдарының ғылыми
жетістіктерінің пайдалы жақтарын, олардың қылмыстық құқықтық ілімдерін
терең талдап, Қазақстан Республикасы қылмыстық
заңдарымен салыстырмалы тұрғыда қарастырып, кешендік зерттеулер жүргізіп
тұру қажет.
Қылмыстық іс бойынша сот әділдігін жүзеге асыру үшін қылмыстық құқық
пәнінің Ерекше бөлімінің мәні зор. Қылмыстық кодекстің 3-бабында: "Қылмыс
жасау, яғни осы кодексте көзделген қылмыс құрамының барлық белгілері бар
әрекет қылмыстық жауаптылықтың бірден-бір негізі болып табылады",-
делінген. Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімі мейлінше толық, нақты
қылмыстардың түрлері мен негізгі белгілерін қамтиды. Сондықтан сот және
тергеу органдарының қызметкерлері тұлғаның істеген қылмыстық іс-әөрекетінде
Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде көрсетілген баптың қылмыс құрамының
толық белгілерін анықтау міндетті. Қылмыстық құқық теориясында қылмыс
құрамының элементтеріне сипаттама беру мына төмендегіше жүзеге асады:
қылмыс объектісі және оның объективтік жағы, қылмыстың субъективтік жағы
және оның субъектісі.
Қылмыс құрамының объектісіне талдау жасау барысында топтық және тікелей
объектісін анықтау керек. Егер қосымша объект болса, ол да анықталуға тиіс.
Қажетті жағдайда қылмыстың затын да анықтау қажет.
Қылмыс құрамының объективтік жағына талдау барысында оның мағынасы мен
қажетті белгілерін анықтаумен қатар, қылмыс құрамының түрлерін де анықтау
керек. Айталық, егер қылмыс құрамы материалды болса, оның объективтік
жағының қажетті үш белгісін де ашып түсіндіру қажет (қоғамға қауіпті іс-
әрекет, одан түскен зардап және олардың арасындағы себептік байланыс).
Мысалы ҚК-тің 96-бабы бойынша кісі өлтіру барысында кісі өлтіруге
бағытталған құқыққа қарсы қасақана іс-әрекет пен одан түскен кісі өлімі
және олардың арасындағы себептік байланыс. Егер занда көрсетілген қылмыс
құрамы формальды тұрғыда болса, онда оның объективтік жағының міндетті
белгісі заңда көрсетілген іс-әрекет қана болып табылады. Мысалы, ҚК-тің 130-
бабында көрсетілген қорлаудың объективтік жағы басқа адамның ар-намысы мен
қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсіту. Бұл жерде қоғамға қауіпті іс-
әрекеттен түскен зардап пен оның арасындағы себеіггік байланыс міндетті
емес. Қылмыс құрамының түрлерін анықтау, оның объективтік жағының міндетті
белгілерін анықтау ғана болып табылмайды, сонымен қатар қылмыстың аяқталу
сөтін де анықтайды. Себебі, формальды қылмыс құрамы аяқталған болып занда
көрсетілген қылмыстық іс-әрекетті жасаған уақыттан бастап (қорлау, яғни
басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсіткен
уақыттан), ал материалды қылмыс құрамы ҚК-тің Ерекше бөлімінде көрсетілген
зардаптың түскен кезінен бастап аяқталған болып саналады (қасақана
денсаулыққа ауыр зиян келтіруде — жәюірленушіге ауыр зиян түсуі міндетті).
Қылмыс құрамының субъективтік жағын талдау барысында жасалынған қылмысқа
тән кінөнің нысандары мен түрлерін, сонымен қатар кінөнің интеллектуалдық
және еркіне қарай сөттерін анықтауды қосады. ҚК-те көрсетілген қасақаналық
пен абайсыздықтың түсінігі материалды қылмыс құрамына төн. Бірақ қылмыстық
заңда формальды түрғыда жасалынатын қылмыс құрамдары кездесетін
болғандықтан, кінөлінің жасаған іс-әрекетінен түскен зардапқа байланысты
кінәнің қатысы болмайды.
Қылмыс құрамының субъектісіне сипаттама бергенде біріншіден ҚК-тің 15-
бабына сәйкес қылмыс жасаған тұлғаның жасын анықтау керек. Сонымен қатар
қылмыстық заң қылмыс жасаған тұлғаның есінің дұрыстығы мен денінің саулығын
және егерде қылмыс құрамдары арнайы субъектіні қарастыратын болса, онда
қажетті белгілерін анықтауды қажет етеді.
Нақты қылмыс құрамына талдау жасап болған соң, оның дәрежеленген
белгілеріне де көңіл аудару керек. Дәрежеленген белгілер ҚК-тің Ерекше
бөлімінің 2,3 немесе 4-ші бөліктерінде көрсетіледі.
Қажетті жағдайларға ұқсас қылмыс құрамын бір-бірінен ажырататын белгілерді
анықтау керек. Қылмыстық құқық ілімінің Ерекше бөлімі сот тәжірибесімен
тығыз байланыста. Сондықтан да тәжірибеде жіберілген қателіктер
қорытындалып, келешекте қателіктер жібермеу үшін Қазақстан Жоғарғы Соты
Пленумында қаралып, тиісті қаулылар қабылданып отырады. Сондай-ақ қылмыс
құрамының дәрежеленген белгілеріне түсініктеме беріп, оны тәжірибеде қалай
қолдану керектігі туралы түсініктеме беріп отырады.

Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің жүйесі
Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің нормалары белгілі бір тәртіппен,
бүтіндей бір жүйені құрап орналасқан.
Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің жүйесі деп — жекеленген қылмыстардың
жауаптылығын анықтайтын, тектік объектісінің белгілері бойынша
топтастырылған нормалар жиынтығын айтамыз.
Қазақстан Республикасының жаңадан шыққан Қылмыстық кодексінде қылмыстық-
құқықтық қорғау объектілерінің иерархиясы мен олардың салыстырмалы
қүндылығын бағалауда өзгерістер бар екенін атап өту керек.
Біріншіден, ҚК Ерекше бөлім жүйесінде аталған қылмыстардың орын ауыстыруы.
1959 жылғы Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімі мемлекеттік қылмыстармен
"ашылатын". Қылмыстық құқықтың демократиялық негіздерінің дамытылуы
қылмыстық заңмен қорғалатын құндылықтардың басқаша сатылануын қажет етті —
адам, қоғам, мемлекет.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің жүйесі жеке
адамға қарсы қылмыстардан — 1-тарау, отбасына және көмелетке жасы
толмағандарға қарсы қылмыстардан; 2-тарау, адамның және азаматтың
Конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстардан; 3-тарау,
бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардан; 4-тараудан
басталып, сол арқылы "мемлекеттің ең қымбат қазынасы - адам, оның өмірі,
қүқығы мен бостандығы" деген конституциялық қағиданы баянды еткен.
Екіншіден, 1959 жылғы Қаз.ССР ҚК мемлекеттік қылмыстар туралы тарауда екі
бөлімді — ерекше қауіпті мемлекеттік қылмыстар туралы және өзге де
мемлекеттік қылмыстар (барлығы 36 қылмыс құрамы) туралы бөлімдерді
біріктірген болатын. Қылмыстардың екінші тобы іс жүзінде мемлекеттің
мүдделеріңе емес, өр түрлі салалардағы (мысалы, қорғаныс қабілеті,
мемлекеттік шекаралардың қол сүғылмайтындығы, темір жол, су және өуе
көлігінің, ақша және несие жүйесінің қалыпты жүмыс істеу саласындағы)
мемлекеттік басқару негіздеріне қарсы бағытталды. Осыған байланысты "өзге
де мемлекеттік қылмыстар" жаңа Қылмыстық кодексте қылмыстық-құқықтық
қорғаудың белгілі бір объектісіне бағытталуына байланысты ҚК Ерекше
бөлімінің басқа да тарауларына өділ түрде бөліп-бөліп жіберілген. Мәселен,
бандитизм (237-бап) пен жаппай тәртіпсіздіктер (241-бап) қоғамдық
қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы тарауына, Қазақстан Республикасының
күзетілетін Мемлекетгік шекарасынан өдейі заңсыз өту үшін жауапкершіліхті
көздейтін қылмыстық-құқықтық норма (330-бап) басқару тәртібіне қарсы
қылмыскер тарауында, ал ұшудың халықаралық ережелерін бұзу туралы норма
(306-бап) көліктегі қылмыстар тарауында берілген және т.б.
Үшіншіден, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы жаңа ҚК қылмыстарға жаңа
үғым енгізілді: "Мемлекеттің Конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігінің
негіздеріне қарсы қылмыстар". Барлығы он қылмыс құрамы, олардың бесеуі
бұрын ерекше қауіпті мемлекеттік қылмыстарға жатқызылған еді, ал екі қылмыс
құрамы — жаға. Осы дәрежедегі қылмыстар құрамының күрт қысқаруына, сірә,
негізінен, бұрын өзге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«ҚР қылмыстық құқығы (жалпы бөлім)» пәні бойынша оқу – әдістемелік кешен
Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығының түсiнiгi жəне оның жүйесi мен мiндеттерi
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ НЕГІЗГІ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Қылмыстық заң, қылмыс пен жаза қылмыстық құқықтың негізгі ұғымы
Қылмыстық құқықтың бастауыш мектептері
Қылмыстық құқықтың теріс қылық түсінігі
Конституциядан қылмыстық құқық
Қылмыстық құқықтың принциптері, міндеттері
Қылмыстық заңның күші
Қылмыстық заң жүйесі, құрылымы туралы ақпарат
Пәндер