Мәміле



МАЗМҰНЫ



Кіріспе 3

1.тарау. Мәміле туралы жалпы ережелер 5
1.1. Мәміленің түсінігі, маңызы, нысаны. .
1.2. Жарамсыз мәмілелер және жарамсыздықтың салдары. 11

2.тарау. Мәмілелерді топтастыру 15
2.1. Мәміленің түрлері. .
2.2. Мәміленің құрамы. 18

Қорытынды 22

Пайдаланылған әдебиеттер 24
Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында мәміле-азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге өзгертуге және тоқтатуға бағытталған әрекеттері деп көрсетілген.
Шаруашылық өмірде мәмілелер үлкен роль атқарады. Азаматтық құқық субъектілері күн сайын оларға сатқан тауарға, көрсетілген қызметке, орындаған жұмысқа байланысты мәмілелер жасайды. Бұл адамдарда өмір бойы жалғасады.
Осындай үлкен орынды мәмілелер кәсіпкерлер қызмет ете алады. Мәмілелердің көмегімен заңды тұлғалар өнім өндіру мен, өндірген өнімді әр түрлі транспортпен тасымалдауды т.б. ұйымдастырады. Сонымен қатар мәмілелер сыртқы сауда саласында да кеңінен қолданылады. Осыған орай мәмілелер, азаматтық айналым қатысушыларының арасындағы қатынастың негізгі құқықтық нысаны болып табылады. Осыған байланысты заң мәмілелер жарамдылығына үлкен талаптар қояды. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің мәміліге арналған тарауында оның түсінігі, түрі және нысаны мен қатар оларды жарамсыз деп тану салдарынан орын береді.
Жаңа шаруашылық жағдайларда бұрын белгісіз болған мәміле жарамсыздығының құрамдары пайда болды. Олар меншік нысанын өзгертуге, жекешелендіру жүргізгеніде жер қатынастары саласында көрінеді.
Сондықтанда соңғы кездері елімізде мәміле институтына қатысты бір қатар азаматтық заңжар қабылданды.
Мен, Қазақстан Республикасы заңдарының қазіргі даму деңгейіндегі мәміле институты тақырыбы маңызды деп есептеймін. Осыған байланысты тақырыпты ашу үшін жаңа нормативтік база, арнайы оқулықтар мен монографиялық әдебиеттер, азаматтық істерге байланысты сот практикасынан тәжрибелік құжаттар пайдаланылды.
Бұл курстық жұмыстың зерттеу объектісі болып – мәміленің пайда болуы, оның түрлері, мәміленің жарамдылығының шарттары, мәміле
1.Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (Жалпы бөлім) А.2006 ж.
2.Гражданское право Республика Казахстан. Учебник. Г.И.Тулеугалиев, К.С.Мауленов. А. 1998 г.
3.Ю.Г.Басин. Сделки. А. 1997 г.
4.И.Б.Новицкий.Сделки. Исковая давность. М.1954 г.
5.Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы.
6.Комментарий. Гражданское Кодекс Республики Казахстан. Общая част. А.1998г.
7.Эйдинова Э.Б. Сделки в судебной и нотариальной практике. М.1980г.
8.Дождев Д.В. Римское частнок право. М1996г.
9.«Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерді тіркеу туралы» Заңы.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
3

1-тарау. Мәміле туралы жалпы ережелер
5
1.1. Мәміленің түсінігі, маңызы, нысаны.
.
1.2. Жарамсыз мәмілелер және жарамсыздықтың салдары. 11

2-тарау. Мәмілелерді топтастыру
15
2.1. Мәміленің түрлері. .
2.2. Мәміленің құрамы. 18

Қорытынды 22

Пайдаланылған әдебиеттер
24

Кіріспе
Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында мәміле-азаматтар мен
заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге өзгертуге
және тоқтатуға бағытталған әрекеттері деп көрсетілген.
Шаруашылық өмірде мәмілелер үлкен роль атқарады. Азаматтық құқық
субъектілері күн сайын оларға сатқан тауарға, көрсетілген қызметке,
орындаған жұмысқа байланысты мәмілелер жасайды. Бұл адамдарда өмір бойы
жалғасады.
Осындай үлкен орынды мәмілелер кәсіпкерлер қызмет ете алады.
Мәмілелердің көмегімен заңды тұлғалар өнім өндіру мен, өндірген өнімді әр
түрлі транспортпен тасымалдауды т.б. ұйымдастырады. Сонымен қатар мәмілелер
сыртқы сауда саласында да кеңінен қолданылады. Осыған орай мәмілелер,
азаматтық айналым қатысушыларының арасындағы қатынастың негізгі құқықтық
нысаны болып табылады. Осыған байланысты заң мәмілелер жарамдылығына үлкен
талаптар қояды. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің мәміліге
арналған тарауында оның түсінігі, түрі және нысаны мен қатар оларды
жарамсыз деп тану салдарынан орын береді.
Жаңа шаруашылық жағдайларда бұрын белгісіз болған мәміле
жарамсыздығының құрамдары пайда болды. Олар меншік нысанын өзгертуге,
жекешелендіру жүргізгеніде жер қатынастары саласында көрінеді.
Сондықтанда соңғы кездері елімізде мәміле институтына қатысты бір
қатар азаматтық заңжар қабылданды.
Мен, Қазақстан Республикасы заңдарының қазіргі даму деңгейіндегі
мәміле институты тақырыбы маңызды деп есептеймін. Осыған байланысты
тақырыпты ашу үшін жаңа нормативтік база, арнайы оқулықтар мен
монографиялық әдебиеттер, азаматтық істерге байланысты сот практикасынан
тәжрибелік құжаттар пайдаланылды.
Бұл курстық жұмыстың зерттеу объектісі болып – мәміленің пайда болуы,
оның түрлері, мәміленің жарамдылығының шарттары, мәміле

жарамсыздығының салдары, болып табылады.
Азаматтық – құқықта мәміленің бірқатар белгілері бар. Бұл белгілер олардың
мәнін көрсетеді және мімілені сырттай ұқсас заңды фактілерден ажыратуға
көмектеседі. Біріншіден, мәміле – азаматтар мен заңды тұлғалардың ерікті
әрекеті. Екіншіден, азаматтық заңдар да белгіленген талаптарға сәйкес
келетін, құқыққа сай әрекет. Үшіншіден, мәміле азаматтық құқық
субъектілерімен жасалады және салдар туғызуға бағытталады.
Мәміленің мәнін тараптардың еркі және ерік білдіруі құрайды. Ерікті
әрекет болып шешім қабылдау және оны жүзеге асыру болып табылады.
Мәміленің заңды салдары ерік білдірумен байланысты.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі азаматтық құқықтық
реттеудің барлық негізгі құрамдарын реттейді.
Азаматтық Кодекс – азаматтық құқықтық қатынастарды реттейтін барлық
нормативтік құқықтық актілері негізделетін бірыңғай құқықтық фундамент
болып табылады. Сондықтан, Азаматтық Кодекс азаматтар мен заңды тұлғалардың
құқықтыры мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға
бағытталған әрекетін реттейтін басты құқықтық акт.
Дегенмен бұл қатанастың барлық бөлігін реттеу бір заңмен мүмкін
болмағандықтан Кодекспен бірге мәмілеге қатысты жекелеген қатынастарды
реттейтін бірқатар заңдар қабылданды. Олар, Жер туралы, Тұрғын үй
қатынастар туралы, Лицензиялау туралы т.б. қалыптық актілер мен заңдар.

1 – тарау. Мәміле туралы жалпы ережелер.
1.1.Мәміленің түсінігі, маңызы, нысаны.
Азаматтық құқықпен реттелетін қатынастардың көпшілігі мәмілемен
байланысты. Мәміле институтын оқып білу үшін оның түсінігін, маңызын,
нысанын және басқа заңды әрекеттерден айырмашылығын білу қажет.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 147 – бабында түсінігі
көрсетілген, азаматтыр мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтарымен
міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері.
Мәміле түсінігі азаматтық құқықтың функционалды түсініктерінің
біріне жатады. Оған түсінік беруге және мазмұнын ашуға тырысайық. Кең
мағынады мәміле – заңды факт заңи оқиға деп-салдары бар жағдай: азаматтық
құқықтық қатынастардың пайда болуы, тоқтатылуы, өзгеруі болып табылады.
Басқа заңды фактілерден айырмашылығы, мәміле әрқашан әрекет, бұл әрекет
адамдардың еркімен жасалады. Кейбір заңды факт адамдардың еркіне тәуелсіз
пайда болады. Мысалы.кейбір заңды салдар мен байланыстыратын мерзімнің
өтуі, адамның қайтыс болуы, мұраның ашылуына әкеп соғады т.б. мұндай
фактілер оқиға деп аталады.
Мәміле бұл сапалы түрде жасалатын әрекет, онда әрекет етушінің еркі
көрінеді. Осыған байланысты қатысушылардың ішкі еркімен ерік білдіруі
ажыратылады.
Белгілі-бір жағдайда ішкі еркінің және ерік білдіруінің болмауы
мәмілені жарамсыз деп тануға негіз болуы мүмкін. Мәміле белгілі бірқұқықтық
нәтижеге жету мақсатында жасалады. Мәміледе оның қатысушысы (кім екеніне
қарамастан) мемлекеттік билік өкілі ретінде емес, азаматтық құқық
субъектісі ретінде әрекет етеді.
Мәміле құқыққа сәйкес акт, осыған орай ол құқық бұзушыға жауаптылық
деп аталатын әрекеттерден ерекшеленеді. Басқаша айтқанда, мәміленің

мазмұнын құрайтын әрекетті мемлекет өз тарапынан тексеріп бағалайды.
Мемлекет осындай әрекеттерді өз мүдделеріне сәйкес немесе өз
мүдделеріне қайшы келмейді деп тануы қажет. Мәміле азаматтық қатынастарды
туғызады, өйткені, мәміле жасау нәтижесінде пайда болатын құқықтық салдар
азаматтық заңмен анықталады.
Мәміленің нысаны – заңда керсетілген нысанды сақтау мәміле
жарамдалағаның маңызды шарты болып табылады.
Мәміле жасаушы тұлғалардың еркін білдіру тәсілі бола отырып,
нысамәміленің маңызына, оған байланысты пайда болатын құқықтыр мен
міндеттердің ұзақтылығына, қатысушылардың еркін білдіруінің дәлдігі
қажеттілігіне тәуелді болады. Мәміледегі нысанның көмегі мен мәміле жасауға
бағыттал,ан ерік білдіруді бекіткен тәсін.
Мәміле жасаудың екі негізгі нысаны бар олар: ауызша және жазбаша.
Заңдар мен немесе тараптардың келісімі мен жазбаша немесе өзгеше нысан
белгіленюеген болса, олар жасалған кезде атқарылатын мәмілелердің барлығы
ауызша болуы мүмкін. Сонымен қатар, заңмен мұндай талаптар қойылмағанымен,
егер тараптар қаласа мәмілені жазбаша немесе нотариалды нысанда жасай
алады. Ауызша мәміле адамның мінез-құлқынан оның мәміле жасау еркі айқын
көрініп тұрған ретте де жасалған деп саналады. Жетон, билет немесе
әдеттегідей қабылданған өзге растайтын белгі арқылы расталған мәміле егер
өзгеше белгіленбесе, ауызша түрде жасалған болып есептеледі. (ҚРАК 151-бап
).
Сонымен ауызша нысанда мәміле жасалады егер:
а) заңдармен немесе тараптардың келісімімен ол үшін жазбаша нысан
белгіленбесе;
б) олар жасалған кезде орындалса;
в) жазбаша шартты орындау үшін орындалады және ауызша нысанда орындау
туралы тараптардың келісімі болса;
Жазбаша мәміле жай жазбаша және нотариат куәлендірілген түрде болады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 152-б сәйкес, мынадай
мәмілелер:
а) егер мәмілелердің жекелеген түрлері үшін заңдарда өзгеше арнайы
көзделмесе немесе іскерлік қызмет өрісінің әдеттегі құқықтарынын
туындамаса, мәмілелерд жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа,
кәсіпкерлік қызмет үрдісінде жүзеге асырылады;
б) мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалытындардан басқа, жүк есептік
көрсеткіштен жоғары сомаға;
в) заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген өзге де реттерде
жазбаша нысанда жасалуға тиіс.
Жазбаша нысан былай көрініс табады, мәміленің мазмұны жазбаша текст
көмегімен бекітіледі, оған тараптар не олардың тапсырмасымен өкілдері қол
қояды. Егер азамат дене кемтарлығы, науқастығы немесе сауатсыздығы
салдарынан өзі қол қоя алмаса, оның өтініші бойынша мәмілеге басқа азамат
қол қоя алады, оның қолын нотариат немесе нотариалдыдық әрекет жасау құқығы
бар лауазымды адам куәлендіреді. Мәмілені жазбаша жасау оған
қатысушылардың мүдделерін қорғауды және бухгалтерлік есептің дәл жүйесін
қамтамасыз етеді,
Соңғы жылдары тәжрибеде қол қоюдың факсимиелік көшірме пайдалану
арқылы хат алмасу кеңінен қолданылуда. Бұған заңмен рұқсат етілген.
Хат, жеделхат, телефон жазба, факс немесе субъектілерді және оларды
ерік білдірушінің мазмұнын айқындайтын өзге де құжаттар алмасу, егер
заңдармен немесе тараптардың келісімімен өзгеше белгіленбесе, жазбаша түрде
жасалған мәміле теңестіріледі.
Дегенмен, тараптардың мәміленің жазбаша нысанын сақтамауы оның
жарамсыздығына әкеліп соқтырмайды. Мәміле жарамсыз деп, егер заңда тікелей
көрсетілсе танылады. Мәміленің жай жазбаша түрін сақтамау, дау туған
жағдайда оның бар екенін дәлелдеуді қиындатады. Сыртқы эканомикалық
мәмілелер жазбаша нысанда жасалуы тиіс.

Мәмілелерді нотариальды куәландырумемлекеттік бақылаудың бір нысаны
болып табылады. Нотариальды куәлендірген мәміле жазбаша құжат түрінде
жасалады. Оны нотариус куландырады, нотариус куландырмас бұрын, оның заңға
сәйкестігін және мәміледе көрсетілген тұлғалардаң қол қойған тұлғалармен
сәйкестігін көрсетеді.
Мәміле нотариальды нысанда болып заңда көрсетілген және тараптар
келіскен жағдайда жасалады.
Бұл талапты сақтамау оның жарамсыздығына әкеп соқтырады. Егер
нотариаттың куәлендіруін талап ететін мәмілені тараптар немесе тараптардың
бірі іс жүзінде орындалған болса, ол өзінің мазмұны жағынан заңдарға қайшы
келмесе және үшінші жақтардың құқықтарын бұзбаса, сот мүддесі тараптың
арызы бойынша мәмілені жарамда деп тануға құқылы. Бұл ретте мімілені
кейіннен нотариаттың куәландыруды талап етілмейді.
Мәміле заңдармен немесе тараптардың келісімімен жазбаша (жай не
нотариалды) немесе өзге белгілі бір нысан белгіленбеген мәміле, атап
айтқанда, олар жасалған кезде атқарылатын мәмілелердің бәрі ауызша жасалуы
мүмкін. Мұндай мәміле адамның мінез-құлқына оның мәміле жасау еркі айқын
көрініп тұрған ретте де жасалған деп саналады. Жетон, билет немесе
әдеттегідей қабылдаған өзге де растайтын белгі арқылы расталған мәміле,
егер заңдарда өзгеше белгіленбесе, ауызша жасалған болып табылады.
Үндемей қалу заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген
реттерде мәміле жасауға ерік білдіру деп танылады.
Жазбаша түрде жасалған шарттты орындау үшін жасалған мәмілелер, егер
заңдарға қайшы келмесе, тараптардың келісімі бойынша ауызша жасалуы мүмкін.
Заң құжаттарында немесе тараптардың келісімімен белгіленген реттерде
жазбаша мәмілелер оларды нотариат куәландырғаннан кейін ғана жасалда
деп саналады. Мұндай тарапты сақтамау осы Кодекстің 157-бабының 3-
тармағында көзделген салдармен мәміленің жарамсыз болып қалуына әкеліп
соқтырады.
Егер нотариаттың куәландыруын талап ететін мәмілені тараптар немесе
тараптардың бірі іс жүзінде орындаған болса, ол өзінің мазмұны жағынан
заңдарға қайшы келмесе және үшінші жақтардың құқықтарын бұзбаса, сот
мүдделі тараптың арызы бойынша мәмілені жарамды деп тануға құқылы. Бұл
ретте мәмілені кейіннен нотариаттың куәландыруы талап етілмейді.
1)Мәміленің жазбаша түрі мынадай:
а) егер мәмілелердің жекелеген түрлері үшін заңдарда өзгеше арнайы
көзделмесе немесе іскерлік қызмет өрісінің әдеттегі құқықтарынан
туындамаса, мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа,
кәсіпкерлік қызмет үрдісінде жүзеге асырылатын;
б) мәмілелерде жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, жүз есептік
көрсеткіш жоғары сомаға;
в) заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген өзге де реттерде
жазбаша түрде жасалуға тиіс;
2) Егер іскерлік қызмет өрісінің әдеттегі құқықтарынан өзгеше туындамаса,
жазбаша түрде жасалған мәмілеге тараптар немесе олардың өкілдері қол қоюға
тиіс.
Егер заңдарға немесе мәмілеге қатысушылардың бірінің талартарына қайшы
келмесе, мәміле жасау кезінде қол қоюдың факсимимелік көшірме,
электрондықцифрлік қолтаңба құралдарын пайдалануға жол беріледі.
3) Екі жақты мәмілелер әрқайсысына өзін асаған тараптар қол қойған
құжаттарды алмасу арқылы жасалуы мүмкін.
Хат, жеделхат, телефонжазба, телетайпжазба, факс, электрондық құжаттар,
немесе субъектілерді және олардың ерік білдіруінің мазмұнын айқындайтын
өзге де құжаттар алмасу, егер заңдармен немесе тараптардың келісімімен
өзгеше белгіленбесе, жазбаша түрде жасалған мәмілеге теңестіріледі.
Заңдармен немесе тараптардың келісімімен қосымша тараптар белгіленуі

мүмкін, оларға мәміле нысаны, атап айтқанда, белгіленген нысанды бланкіге
жазу, мөрмен бекіту сәйкес келуге және оларды осы тараптарды орындамау
салдары кезделуге тиіс.
4) Егер азамат дене кемтарлығы, науқастығы немесе сауатсыздығы салдарынан
өзі қол қоя алмаса, оның өтініші бойынша мәмілеге басқа азамат қол қоя
алады. Соңғысының қойған қолын егер заңдарда өзгеше кезделмесе, нотариат
немесе сондай нотариалдық әрекет жасау құқығы бар басқа лауазымды адам,
мәміле жасаушының өзі қол қоя алмаған себептерді көрсете отырып,
куәландыруға тиіс.
5) Жазбаша түрде жасалған мәмілені орындаған тарап екінші тараптан оның
орындалғанын растайтын құжат талап етуге құқылы.
Мәмілілерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, ауызша
кәсіпкерлік мәмілені орындаған тараптардың да осындай құқығы бар.

1.2. Жарамсыз мәмілелер және жарамсыздықтың салдары.
1. Мәміленің нысанына, мазмұнына және қатысушыларына, сондай-ақ олардың
ерік білдіру бостандығына қойылатын талаптар бұзылған жағдайда мүдделі
адамдардың, тиісті мемлекеттік органдардың не прокурордың талабы бойынша
мәміле жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Мәміле жарамсыздығының негіздемелері, сондай-ақ оны жарамсыз деп тануды
талап етуге құқығы бар адамдардың тізбесі осы Кодексте не өзге де заң
құжаттарында белгіленеді. Мәміле жарамсыз деп танылған жағдайда тараптардың
әрқайсысы екінші тарапқа мәміле бойынша алынғанның бәрін қайтарып беруге,
ал заттай қайтарып беру мүмкін болмаған жағдайда құнын ақшалай өтеуге
міндетті. Егер мәміле қылмыстық мақсатқа жетуге бағытталып, екі тарапта
жымысқы ниет болған жағдайда олардың мәміле бойынша алғандарының немесе
алуға тиісті болғандарының бәрі соттың шешімімен немесе үкімі бойынша
тәркіленуге тиіс. Мұндай мәмілені бір тарап орындаған ретте, екінші
тараптан алынғандарының бәрі және одан мәміле бойынша бірінші тарапқа
тиесілінің бәрі тәркіленуге тиіс. Егер тараптардың ешқайсысы да орындауға
кіріспеген болса, мәміліде орындалуы көзделгеннің бәрі тәркіленуге тиіс.
Қылмыстық мақсатқа жету жөніндегі жымысқы ниет тараптардың бірінде
ғана болған жағдайда оның мәміле бойынша алғандарының бәрі екінші тарапқа
қайтарылуы тиіс, ал соңғысының алғаны не оған мәміле бойынша тиесілі
тәркіленуге тиіс.
Нақты мән-жайларды ескере отырып, сот осы ҚР Азаматтық кодексінің 157-
баптың 4-5 тармақтанында көзделген салдары, жарамсыз мәміле бойынша
алынған, не алынуға тиіс мүлікті тәркілеуге қатысты бөлігінде ішінара не
толық қолданбауға құқылы. Бұл бөлікте осы баптың 3-тармағында көзделген
салдар басталады. ҚР Азаматтық кодексінің 157- баптың 3-6 тармақтарында
көзделген салдармен қоса, сот мәміленің жарамсыз болуын туғызған
әрекеттерді жасауға кінәлі тараптан мәмілені
жарамсыз деп тануға байланысты екінші тараптың залалын оның пайдасына
өндіріп беруі мүмкін. Жарамсыз мәміле заңдық салдарға әкеліп соқтырмайды,
бұған мәміленің жарамсыздығына байланысты және ол жасаған кезден бастап
жарамсыз мәмілелер кірмейді. Мәмілені жарамсыз деп тани отырып, сот нақты
мән-жайларды ескеру арқылы оның одан әрі орындалуына тиым салумен шектеуге
құқылы.
Мәмілені жарамсыздығы салдарымен қоса мәміленің жарасыздығының
негіздеріне тоқтала кететін болсақ:
1) Қажетті лицензия алмай, не лицензияның қоданылу күшінің мерізімі
біткеннен кейін жасалған мәміле жарамсыз болады.
2) Теріс пиғылды бәсекеге мақсатын көздейтіе немесе іскерлік әдет
талаптарын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәмілені құқықтық реттеу
Мәміленің белгілерін қарастыру
Мәміле жарамдылық шарты
Мәміле туралы ұғым
Мәміле - азаматтық құқық субъектілерінің ерікті актісі
Мәмілелер
Жарамсыз мәміленің ұғымы
Мәміле ерік актісі
МӘМІЛЕ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Жарамсыз мәмілелер түсінігі
Пәндер