Спид ауруы



Спид ауруына арналған 16-шы халықаралық жиын тамыздың 13-16-сы аралығында Канаданың Торенто қаласында өтті. Спидке қарсы әлемдік күрестен ширек ғасыр өткеннен кейін бұл жиын осы саладағы ең ірі халықаралық бас қосу болып есептеледі. Оған 20 мыңнан астам ғалымдар, саясаткерлер, қоғам белсенділері, тілшілер және вич вирусын жұқтырғандар қатынасады. Жиын шеңберінде 400-ден астам ғылыми отырыспен 80-нен астам білім мәжілісі өтті. Әр түрлі қырынан спид дерті ауыздықтау жолымен сақтану шаралары қаралды. Спид дененің қауіпсіздік жүйесінің ақауа синдромы дегенді білдіреді. Қауіпсіздік системасына нұқсан келгенде адам тек вич вирусы қарсысында ғана емес сонымен бірге басқа да сырқаттар алдында әлсіз болады. Адам ағзасы өзіне тарта бас салған микробтар мен вирустардың көзін құртуға шамасы келмейді. Сондықтан заман өтісімен вич вирусын жұқтырғанда ауру сырқаттарға көбірек шалдығады. Әдетте спид дертін жұқтырғаннан жылдар өткеннен кейін ерекше бір ауруға кіріп, тар болады. Осы кезде олардың спидке шалдыққаны анықталды. Сондықтан вич вирусын жұқтырған адам шынайы бір сырқатқа шалдыққан тұста немесе оның ағзасындағы қалған қауіпсізідік клеткалары белгілі межесінен төменірек болғанда осындай адам спид дертіне шалдыққан болып танылады. Спид дене әр түрлі іріңдер алдында тым төмен қорғанысқа ие болатын шынайы бір кезең шын мәнінде вич вирусын жұқтырған әр адам спид ауруына шалдыққан емес. Бірақ осы мерзімде басқаларға осы дертті жұқтыра алады. Вич вирусын жұқтырған адам дәрімен емделмесе орта есеппен он жыл бойында вич вирусы спидке қарай жылжиды. Әрине он жыл дегеніміз тек жақсы қоректенетін адамға ғана тиесілі. Дегенмен тұрмысы төмен жандар және жақсы қоректенбейтіндер әлде тезірек спидке қарай бет алып, ажал құшуы мүмкін. Спидті емдеуге өндірілген жаңа дәрімен вич вирусын жұқтырғандары үшін ұзағырақ өмір сүруге мұрсат тудыра алады. Бірақ бұл дәрілердің аса зор бағасы және кедей елдерде әркім әркімдердің қолынатимеуі аталмыш мемлекеттерді спид ауруының таралуына соқтырады.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Cпид ауруы
Спид ауруына арналған 16-шы халықаралық жиын тамыздың 13-16-сы
аралығында Канаданың Торенто қаласында өтті. Спидке қарсы әлемдік күрестен
ширек ғасыр өткеннен кейін бұл жиын осы саладағы ең ірі халықаралық бас
қосу болып есептеледі. Оған 20 мыңнан астам ғалымдар, саясаткерлер, қоғам
белсенділері, тілшілер және вич вирусын жұқтырғандар қатынасады. Жиын
шеңберінде 400-ден астам ғылыми отырыспен 80-нен астам білім мәжілісі өтті.
Әр түрлі қырынан спид дерті ауыздықтау жолымен сақтану шаралары қаралды.
Спид дененің қауіпсіздік жүйесінің ақауа синдромы дегенді білдіреді.
Қауіпсіздік системасына нұқсан келгенде адам тек вич вирусы қарсысында ғана
емес сонымен бірге басқа да сырқаттар алдында әлсіз болады. Адам ағзасы
өзіне тарта бас салған микробтар мен вирустардың көзін құртуға шамасы
келмейді. Сондықтан заман өтісімен вич вирусын жұқтырғанда ауру сырқаттарға
көбірек шалдығады. Әдетте спид дертін жұқтырғаннан жылдар өткеннен кейін
ерекше бір ауруға кіріп, тар болады. Осы кезде олардың спидке шалдыққаны
анықталды. Сондықтан вич вирусын жұқтырған адам шынайы бір сырқатқа
шалдыққан тұста немесе оның ағзасындағы қалған қауіпсізідік клеткалары
белгілі межесінен төменірек болғанда осындай адам спид дертіне шалдыққан
болып танылады. Спид дене әр түрлі іріңдер алдында тым төмен қорғанысқа ие
болатын шынайы бір кезең шын мәнінде вич вирусын жұқтырған әр адам спид
ауруына шалдыққан емес. Бірақ осы мерзімде басқаларға осы дертті жұқтыра
алады. Вич вирусын жұқтырған адам дәрімен емделмесе орта есеппен он жыл
бойында вич вирусы спидке қарай жылжиды. Әрине он жыл дегеніміз тек жақсы
қоректенетін адамға ғана тиесілі. Дегенмен тұрмысы төмен жандар және жақсы
қоректенбейтіндер әлде тезірек спидке қарай бет алып, ажал құшуы мүмкін.
Спидті емдеуге өндірілген жаңа дәрімен вич вирусын жұқтырғандары үшін
ұзағырақ өмір сүруге мұрсат тудыра алады. Бірақ бұл дәрілердің аса зор
бағасы және кедей елдерде әркім әркімдердің қолынатимеуі аталмыш
мемлекеттерді спид ауруының таралуына соқтырады. Сөйтіп қоғамдағы мақрұм
топтар спид құрбандарының басым көпшілігін құрайды. Зерттеулерге қарағанда
әйелдер, қызтекелер мен еркекшоралар, нашақорлар, эмигранттар және
түрмедегілерді басқа топтармен салыстырғанда спид ауруына шалдығу қаупі
көбірек төнеді. БҰҰ-ның спидпен күрес қызметі жағына жария болған
статистикаға сәйкес 2005-ші жылдың соңына дейін 38 миллион 600 мың адам
спид дертін жұқтырған екен. Бұл дегеніміз вич вирусының таралуы әлем
демографиясымен салыстырғанда 2001-ші жылдың басынан бері күні бүгінге
дейін тұрақталып қалды деген. Егерде мамандардың пікірінше әлемде спид
вирусын жұқтырғандар жылдамдығы тұрақтанып қалғанымен демек былтырғы жылы 4
миллион 100 мың адам вич вирусын жұқтырған және бұл ауруға шалдыққандардың
басым көбі 3-ші әлем елдерінде атап айтқанда Африка мен Азияда жасайды.
Сондықтан бұл кеселмен күрес көзге түсерліктей ұлғаюы керек. Әйтпесе дамуы
мен экономикалық өсуі спидтің індетке айналуынан туындайтын қиыншылықтар
әсерінен тоқырап қалған елдер одан әрмен әлсірей түсіп, олардың әлеуметтік
тұрақтылығына қауіп төнбекші. Юнисефке қарайтын спид алдында балаларды
қолдау орталығы 2006-шы жылғы мәліметінше 15 пен 24 жас аралығындағылар
басқа жастағыларға қарағанда спид ауруын жұқтыру қаупі алдында көбірек
тұрады. Қазіргі уақытта осы жастағы топқа кіретіндерден 10 миллионнан астам
кісі вич вирусын жұқтырған. Олардың ластануы ауру түрінде көрініс берген
немесе қазіргі кезде аурудың жасырынды сатысында тұр. Жиында жас өспірімдер
мен үлкендерді спидтен сақтандыру бағдарламасының атқарушы директоры
Риколсон былай деді: Қазіргі кезде жаңадан вич вирусын жұқтырғандардың
жартыдан астамын жастар мен жас өспірімдер құрап отыр. Сондықтан егер түзу
үйретумен спид ауруының кең таралуына немесе вич вирусын жұқтыруға кедергі
жасай алсақ, бұл ауруға шалдыққандардың санының артуына бөгет жасай аламыз.
Зерттеулер әлем елдерінің кедейлігі және даму жағынан артта қалушылығы
спидке шалдығудың артуы арасында бұл елдерде мағыналы бір байланыс бар
екенін көрсетеді. Статистика көрсетіп отырғанындай спид дертін
жұқтырғандардың 95 пайызы 3-ші әлем елдерінде тұрады. Олардың көбісі ауруды
жұқтырудан сақтану мүмкіндіктері немесе бұл ауруға шалдыққандарды емдеу
үшін тиісті дәрі-дәрмектен жұрдай болып табылады. Әрине кейбір мәдени
ғұрыптарға байланысты спид ауруы ұят саналғандықтан адамдар оны жасыруға
әрекеттенеді. Үкіметтер аурумен қатынасында ашықта анық әрекет жасамайды.
Әлемнің кейбір аумақтарында атап айтқанда Африка мен Азияда спидке
шалдыққандардың елеулі бөлігін әйелдер құрайды. Олар вирусты өз
жұбайларынан жұқтырған. Бір қызығы Үндістанның кедейлер тұратын
аймақтарымен Африканың көптеген аумақтарында спид әйелдер үшін қара дақ
болып саналады. Олар тіпті спид үшін үйден қуылып жатады. Бірақ
зерттеулерге қарағанда бұл әйелдердің спидке шалдығуларының негізгі
себепкері олардың жұбайлары болып табылады. Әлемнің көптеген аумақтарында
әйелдердің тиісті білімі болмауы олардың осы кеселге шалдығуына себепші
болып отыр. Сондықтан олардың болашақ аналар ретінде өз перзенттерін бұл
дертке жұқтырмауы үшін әйелдерге әсіресе бойжеткендерге тиісті білім беруге
мән берілу керек. Дамушы халқы санының көбін жастар құрайды. Жастар
арасында спид ауруының індетке айналу қаупі бар. Осыған байланысты спидпен
күрес жүргізетін қоғамдармен белсенді ұйымдардың ең маңызды мақсаты жастар
мен жас өспірімдерге тиісті білім беру және жетерлі деңгейде ақпараттандыру
болу керек. Шын мәнінде осы жастағылар вич вирусымен спид ауруын жұқтырудың
алдын алу жолдарын дұрыстап үйренулері тиіс. Қолайлы білім және ақпарат жас
буынмен өзге әлеуметтік таптардың өзгеруіне және денсаулық сақтауға қарай
жылжуына бастау болады. Әлемдік қоғамдастық спид ауруының кері әсеріне жан-
жақтырақ үңілу мен жалпылай білім мен спидтен сақтану тәсілдерін арттырумен
осы кеселдің тамырына балта шабу бағытында әсерлі қадамдар жасайды деп
үміттенеміз.

НАШАҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМ ҚАСІРЕТІ
 
Бір досымыздың үйіне танысы келіпті. Ауылда тұрады. Қысқа жіптің кейде
күрмеуге келмей торықтырып жататын сәттері бар. Өз әлінше кәсіпкерлікпен
айналысатын әлгі жігіт сондай кезеңге түссе керек. Ақыл сұрапты. Сұрайтыны
мынау. Ташкентте біреулер есірткі бизнесімен айналысуды ұсынған. “Әй, отқа
түсіп кетесің. Ұсталмаған күнде де бұл – қылмыстың ең үлкені. Қаншама
шаңырақтар күйреп ортасына түсті. Қарғыс аласың. Алла алдында да
жазықтысың”.
Әлгі тісін қышырлатады дейді. “Жалғыз мен бе осыны істейтін. Шымкентте
талайлар жүр ғой есірткі арқылы байып. Маған көп керек емес, бір көтеріліп
кетсем болады. Сосын өзім де айналыспаймын”.
Қысқаша әңгіменің төркіні осындай. Бұл жігіт құнамақор, жұмыртқадан жүн
қырыққандардың сортынан емес еді. Нанын өз бейнетімен тауып жүрген жан.
Аңқаулығы бар. Осынысы ғой есірткі сатушыларды емексітетін. Пайдаланғысы
келеді. Ұсталар күн туса бар ауыртпалықты осындай сорлылардың мойнына іліп,
түк көрмегендей тайып кетпек. Әрине, аузы батыр болғанымен бұл жігіт
нашақорлықтың қаншалықты дерт екендігін түсінді, райынан қайтты. Бүгінде
ауылда мал бордақылап, ет сатумен айналысып жүр.
Алайда, алаяқтардың торына түсіп жатқандар қаншама. Жуырда осы тақырыпта
және басқа мәселелер бойынша облыстық ІІД бастығы, полиция генерал-майоры
Хибратулла Досқалиевпен әңгімелескен едік. Талай қызмет өткелектерінен
өткен, оңтүстікке келгелі талай ізгі істерге мұрындық болып, бастамаларына
халықтан қолдау тапқан, сонысына қарай өзі көрінбей тұрып әлдекімдерді
айдап салушылармен қоса күрес жүргізіп жатқан генерал-майор есірткі
бизнесінде ымырасыз.
– Нашақорлық бір адамның басындағы аянышты жағдай ғана емес, бүкіл
қоғамның қасіреті, – дейді Хибратулла Ермекұлы. – Бір доза үшін өзін
өмірге әкелген аяулы анасын “ақша бермедің” деп қорқыратып бауыздап
тастаған тасжүректер де бұл өмірде кездесіп жатады. Алайда, бұл біреулер
үшін үлкен бизнес, адамдардың сүйегінің үстінде салтанат құрғысы келетіндер
көбейіп тұр.
Өкініштісі, солардың қатарында есірткімен күресуге тиісті құқық қорғау
органдарының қызметкерлері кездесіп жатқандығы қынжылтады. Полиция атына
кір келтіріп қана қоймай, адамдарды дертті қылып жүрген мұндай пасықтардан
ортамызды тазалап жатырмыз. Әмсе, оларға орын болмайды, аяусыз жазаланады.
Расында, ішкі істер департаментінде соңғы жылдары есірткімен күресіп жүріп,
өз табысы үшін шашетектен пайдаға кіріп кеткен бір топ қызметкерлер ұсталып
қамауға алынды. Ішінде мүйізі қарағайдай, күні ертең генералдық алтын
погоннан дәмелі екі полковник бар. Бүгінде түрмеде.
Егер талдауға жүгінер болсақ, 2,5 миллионнан аса халық тұратын Оңтүстік
Қазақстан облысында негізгі ірі қылмыс түрлері іріктелген. Олар есірткі
бизнесі, экстремизм, сепаратизм және террорлық күрес болып айқындалады.
Әлем жұртшылығының өзі осыған аса алаңдаулы. Шекара мен ұлттық
ерекшеліктерге бөлінбейтін осы проблемалармен күресуде бүгінде ешқандай
мемлекет “біз түбірімен жоя алдық” деп мақтана алмайды. Бірақ, жөні солай
екен деп қол қусырып отыратын кезең емес.
Иә, есірткі саудасына үлкен ақша салынғандықтан жеңіл олжаға әлі де полиция
қызметкерлерінің бел байлайтындығы кездеседі. Биылдың өзінде ішкі істер
департаменті мемлекеттік қауіпсіздік қызметі департаментімен бірігіп,
бірнеше полицейді ұстаған. Соның бірі патруль полициясының старшинасынан
героин табылып, мәшинесін тінту барысында марихуана шыққан. Осындай жағдай
Төле би ауданында да орын алған. Мұнда да героинді саудалау барысында төрт
полицей тұтқындалған.
“Погон таққан құбыжықтарға” арамызда орын жоқ, оларды су бетіне шығару
өзгелерге үлкен сабақ болды, дейді Хибратулла Досқалиев. Бүгінде адам
санасын улап, өмірден баз кештіретін кеселмен жұмыс жолға дұрыс қойылып
келеді.
Атап айтқанда, ішкі істер органдары 2007 жылдың алғашқы бес айында облыс
бойынша 230 есірткі қылмыстарын анықтаған. Оның ішінде 87 есірткі притонын
ұстау, 128 есірткі заттарын сақтау мен 4 есірткі өсімдіктерін егу фактілері
бар. Осы мерзімде 71,3 келі есірткі заттары тәркіленген. Есірткі сату
Шымкент қаласында ерекше байқалады екен. Соңғы 2-3 жыл аралығында есірткі
сатып пайда көруді он жылдан бері өздеріне кәсіп еткен азаматтардың
қылмыстық әрекеттері әшкереленіп, қазір жазаларын өтеуде. Биылғы жылдың
өзінде есірткі сатумен айналысып келе жатқан 24 “ұя” анықталып, ініне су
құйылды. Талай шаңырақты бордай тоздырып, дертке шалдықтырған қылмыскерлер
ұсталып, темір тордың ар жағына жөнелтілді.
Бұл шаралардан бөлек, есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері
тарапынан жастардың көңіл көтеру орындары мен түнгі клубтарда есірткі сату
фактілерін анықтап, оған жол бермеу мақсатында жедел-оперативтік және
профилактикалық-рейдтік шаралар үнемі жүргізілуде. Бұл бағытта біршама
қиындықтар туындағанымен, клуб басшылары жөндемге келіп қалды. Қолға түссе
оңбайтынын білетін олар жастардың бос уақытын көңілді өткізуінің басқа
қызықты тәсілдерін іздей бастады.
Есірткінің жолын тыю әкімшілік, құқық қорғау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мерездің ауруының белгілері
СПИД ауруының белгілері
Спид
АҚТҚ
Жас балардағы СПИД проблемасы тек
Жұқпалы аурулар «СПИД»
Вирустық гепатиттердің профилактикасы
СПИД ауруын тарататын тек адам ғана
Жыныс мүшелерінің жарақаттары
Спид дегеніміз не?
Пәндер